Фотоэффект заңдары

1887 жылы Генрих Герц жарықтың әсерінен кез келген дененің бетінен электрондардың шығуы мүмкін екенін ашты. Бұл құбылысты фотоэлектрлік эффект, немесе фотоэффект деп атайды, ал фотоэффект нәтижесінде босатылған электрондар фотоэлектрондар деп аталады.

Фотоэффект заңдары
Зерттеулердің анықтауынша:
• Фотоэлектрлік токтың күші оны тудыратын электромагниттік сәулеленудің қуатына пропорционал.
• Фотоэлектрондарды максималды кинетикалық энергиясы түскен жарықтың түскен жиілігіне пропорционалды өседі және жарық қуатына тәуелді емес.
• Егер жарықтың жиілігі алынған дене үшін белгілі бір жиіліктен төмен болса (фотоэффектінің қызыл шекарасы), фотоэффект байқалмайды.
Осы тәжірибелік нәтижелерді фотоэффект заңдары дейді.
Фотоэффект заңдары электромагниттік сәулеленудің зат электрондарымен әсерлесу механизміне ешбір түрде сәйкес бола алмайды.
Электромагниттік сәулелену зат бетіне түскенде, заттың үстінгі қабатындағы электрондардың бәрі бірдей мәжбүрленген тербелісті бастау керек. Оң зарядталған атом ядросы тартылысынан босау үшін қажетті энергиясы біраз уақыт болған соң ғана жиып алады. Сонымен фототоктың пайда болуы жарықтандыру басталған мезеттен біраз кешігуі керек. Тәжірибеде фототоктың ешкандай кешігуі байқалмайды.
Классикалық теория бұған қоса фотоэффектінің қызыл шекарасы болуы және фотоэлектрондардың сәулелену қуатынан, яғни электромагниттік толқынның өріс амплитудасының тәуелсіздігін түсіндіре алады.

Электромагниттік толқынның (жарықтың) элементар бөлшегі- фотон (грекше phos, photas- жарық). Фотон зарядсыз (нейтрал) бөлшек. Ол вакуумде c=3·10м/с жылдамдықпен тарайды. Оның энергиясы (ε) жиілігімен (ν) анықталады: ε=hν/c, оның тыныштықтағы массасы m=0. Фотон электромагниттік әсерлесуді тасымалдайтын бөлшек. Зарядталған бөлшектердің фотондарды шығаруы немесе сіңіруі барлық электромагниттік процестердің негізі болып табылады. Фотон туралы ұғым кванттық теория мен салыстырмалы теорияның даму барысында пайда болды. 1905 жылы А.Эйнштейн фотоэффект құбылысының заңдылықтарын түсіндіру үшін 1900 жылы неміс физигі М.Планк ашқан жарық кванттары туралы ұғымды пайдаланды. Жарықтың фотондардан (кванттардан) тұратындығы люминесценциялық құбылыстар мен фотохимиялық реакциялар арқылы дәлелденді. “Фотон” терминін ғылымға 1929 жылы америка ғалымы Г.Льюис енгізді. Фотон бозондарға жатады. Оның меншікті импульс моментінің (спинінің) қозғалыс бағытына проекциялары S=±1. ....
Рефераттар
Толық

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРКЕТИНГТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН МАҢЫЗЫ

Маркетинг – іскерлік, кәсіпкерлік,
тапқырлық, дарындылық икемділік,
сезімталдық және білімділік мектебі.

Адамзат тіршілігіндегі әрбір жаңа кезеңнің өзіне тән жетістігі мен мұқтажы болады. Өркениет деңгейіне қарай өсе түскен өмірлік қажеттілік өндіру мен тұтыну арасындағы оралымдылыққа қол жеткізуді алға тартады. Осы талапты жүзеге асыру өмірге маркетингті алып келіп отыр.
Біздегі өтпелі дәуір деп аталып жүрген нарықтық экономикаға көшу кезеңі маркетингке үлкен жаңалық енгізеді деген сенім бар. Өйткені ғасырлар бойы жинақталған нарықтық экономика саласындағы тәжірибеге, қуатты экономикалық әлеуметке, жоғары дәрежедегі бизнестік білім мен психологиялық дайындыққа сүйенген маркетингті біздің жағдайымызға бейімдеудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Ал менің курстық жұмысыма арқау болып отырған халықаралық маркетинг туралы айта кету қажет.
Халықаралық маркетинг дегеніміз – фирма мен ұйымдардың сыртқы немес әлемдік нарықтағы қызмет. Халықаралық маркетингтің ерекше формасы ретінде трансұлттық компаниялардың кез келеген бір елдің нарығына ену қызметіне мегамаркетинг әрекет етеді.
Міне тәуелсіздік алғанымызға он бес жылдай уақыт болды. Қазақстан Президентінің биылғы жылғы Жолдауында біздің мемлекетіміздің қандай өнеркәсіп салаларын дамыта отырып ДСҰ-ға (дүниежізілік сауда ұйымына) кіретініміз және халықаралық экономикалық қатынастарда маркетингтің алатын рөлі біздер үшін ұлғая түспек. Осы тұрғыдан алғанда бұл тақырыпты терең түсініп, оны пайымдап келешекте қолдануға біздер дайын болуымыз керек.
Мысалы, Жапония екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қауырт өсу жолына түскен кезде Министрлер кабинеті арнайы 25-жылдық жоспар жасап шетелдердегі нарықтарды жіті бақылап және соған жауап қата отырып әлемдегі экономикалық күш – қуаты жөнінен АҚШ-тан кейінгі ірі державаға айналды. Осындай кезеңді ГФР-да бастан кешірді. Яғни, халықаралық маркетингті ұғынудың маңызызор екні осы мысалдардан – ақ байқалып отыр емес пе?
Біздер мән беріп отырған халықаралық маркетинг тақырыбы біздің еңсесін жаңа тіктеп, қанатын енді жайып келе жатқан еліміз үшін өте өзекті мәселе. Біздердің құрдастарымыз жапон, корей, елдеріндегі студенттер де осы салаға зор мән беріп келешекте біздің сауда – экономикалық бәсекелестеріміз болады. Сондықтан осынау өскелең заманда еліміздегі саяси тұрақтылықты баянды ете отырып, еліміздің экономикалық ахуалын өркендету жолында біздер ешкімнен ұтылмауға мейлінше күш сала отырып осындай маңызды экономикалық білім көздеріне ден қоюымыз қажет ....
Рефераттар
Толық

Тұтынушының таңдау теориясы

Сұранымның негізін адамның тұтыну қабілеттілігі құрайды. Алдыменен бұл қалыпты өмір сүру жағдайымен қызмет етуді қолдау қажеттілігі. Тұтынушінің іс-әрекеті оның тұтынуының қалай қолданбануында материалдық игіліктер (тауар) мен қызмет көрсету қандай пайда әкелетіндігіне байланысты. Тауар пайдалылығы – адамдардың қандай да болмасын тұтынысын қанағаттандыру қабілеттілігі.
Сондықтан тұтынушының болатын сипатына, әдетіне, талғамына, көңіл-күйі мен хал-жағдайына байланысты. Тауар пайдалылығы – жалпы және шекті пайдалылық болып жіктеледі.
Жалпы пайдалылық – адамдардың белгілі тауар мен қызмет жасау жиынтық бірлігін тұтынуға қанағаттануы. Шекті пайдалылық – қосымша пайдалылық, себебі тұтынушы тауар мен қызмет жасауға бір қосымша бірліктен алып тұрады. «Шекті пайдалылық» термині алғашқы рет 1883 жылы австрия экономисі Ф. Визер (1851-1926ж.ж.) ендірді. ХІХ-шы ғасырдың басында ірі экономистер: Г.Госсен, К.Менгер, У.Джевонс (1835-1882 ж.ж.), Л.Вальрас, Р.Аллен, Дж. Хикс және В.В.Сулицкий шекті пайдалылық теориясын жасады. Алайда, бұл теория әр бір нақты тұтынушының іс-әрекетін айтып бере алмайды, бірақ көптеген тұтынушы мен «орташа» тұтынушының жалпы іс-әрекетінің тенденциясын байқап білуге ықпал жасайды.
Қоғамдық пайдалылық тұтыну көлемнің өсуіне байланысты өсу тенденциясына ие болса, шекті пайдалылық және онымен қоса жалпы сұраным төмендеу қасиетіне ие, егер де ұсыным өссе. Бұл заңдылық «шекті пайдалықтың төмендеу заңы» деп аталады. Шекті пайдалылық теориясының негізіне «Госсен заңының» бірінші және екінші түрлері бастау болады. Бұл заң неміс экономисі Герман Генрих Госсеннің (1810-1858ж.ж.Қ атымен аталған. Осы «заңның» негізінде Госсен субъекті іс-әрекетінің рациональды ережесін сүреттеп, өзінің шаруашылық қызметінен максимальды пайда табуға ұмтылатындығын көрсетті. Бірінші заңға сай, тұтынудаң іс барысында тола түсуі заттың пайдалылығын төмендетіп, игіліктер қоры ұлғая түседі. Игіліктер қоры көп болса, пайдалылық төмен болады. Демек, әрбір келесі игіліктер бірлігінің бағалылығы төмендейді. Бұл занның мән-жайы көрнекті түрде 1 суретте көрсетілген.....
Рефераттар
Толық

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Рухани жаңғырудың жарқын жолы туралы тәрбие сағат

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру туралы шығарма

Тақырыбы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
Оқушының қабілеті Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға.
Тәрбие сағаттар
Толық

Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы!

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі.
Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты .....
Шығармалар
Толық

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін.

Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар .....
Шығармалар
Толық

Тапқыр қоян (видео)

Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып:

— Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты.

Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе.....
Ертегілер
Толық

Месяц рамадан 2017. Расписание уразы и время намазов на 2017 г. хиджри 1438

Толық