Жанайқай

(күнделік парақтарынан)

Сәлеметсің бе, күнделік! Әдеттегідей.. сенің әппақ беттеріңе ішімде бұлқынып жатқан алапат әлемімнің бейнесін сызу үшін қаламымды қолыма қапсыра ұстап алдым. Айтайын бүгін не дертпен келдім. Жақсы көру.. иә-иә, жан жүрегіңмен сүю бақытының азаптары жайлы шер тарқатам. Көп көріп жүріп сүйікті ету емес, бір қарап ес кету.

...Мен де сенбейтін сезім болған. Солай болып қала берсе ғой, жәй-күйім дәл бүгінгідей болмас па еді.? Неге дейтін шығар иә, кім болса да? Күнделік! Ендеше мен көз моншағыммен сырымды жазайын, ал сен кіршіксіз көркіңе түртіп ала бер, бұлжытпай.

Сүйікті адамды пәк көңілменен сүю үшін оның көз әлеміндегі тұңғиыққа бір сәт қана сүңгіп, аз уақыт жанарына жанарыңды түйістірудің өзі жетіп, артылып жатыр. Рас айтам. Мен кешіп жүрген күй осы!.

.. Бір-ақ сәт қана.. дәрменім жетіп сырлы сұлулығына жанар бердім де - өз-өзіммен жүрегімнің әміршісіне айналдырдым, көңіл-күйімнің жалғыз себепкеріне, көмейіме тұнған асыл сөздерден туындайтын титтей жырларымның кейіпкері де - сол! Жүрегімнің төрінен орын да беріп қойғам, әрдайым амандығы алаңдататын қиялымдағы ғажабым да - сол жан! Өзіне жалғыз-ақ рет қарауыма мүмкіндік беріп, бүтін бір өмірімдей көретін ардақтым боп шыға келді.......
Эсселер
Толық

Айналайын

Жақында ғана «Аналайын» сөзінің мағынасын білдім. Сол сәтте өмірімде үлкен өзгеріс енгендей күй кештім. Осы уақытқа дейін бұл сөзді сан мәрте естісем де, назар аудармағаныма өкіндім. Марқұм болған әжем шашымды сипай «айналайын, құлыным менің» деп емешегі езіле қоңыр көздерімен елжірей қарағанда, мектеп кезінде жақсы бағамен қуана кіргенде, «ақылыңнан айналайын, ботам» деп айтқан анамның қуанышты жүзін көргенде, «айналайын, қара қызым менің» деп басымнан құшырлана иіскеп, еркелеткен әкемнің мойнына асылғанда – бұл сөзде тек еркелету ғана емес, соншама мейірім бар екенін білмеппін. Ал, бұл күні осы сөзді естуге құмар болып алдым. Үлкендердің сөз соңында «айналайын» деп бата берер ме екен, анам мен әкем де бұрынғыша «айналайынымен» еркелетер ме екен, мүмкін досым маған осы бір сөзді айтып, төбемді көкке бір жеткізер деп елеңдеп отырамын.

Демек, құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиер сөзде тек ерекше мән-мағына ғана емес, ананың мейірлі алақаны да, әженің жағымды үні де, әкенің адастырмас ақылы да, атаның мейірімге толы көздері де, ағаның, әпкенің өз бауырына деген ерекше ықыласы да, жалпы үйдің үлкенінің балаға деген шексіз махаббаты бар екендігіне көзім жетті.

Бұрынырақтарда үйдің үлкендері ауруға шалдыққан жастарды аман алып қалу үшін, өздерін құрбандыққа атаған. Ол үшін ауырған адамды үйдің ортасына жатқызып, өздері үш рет айналып, есікке келгенде «айналайын» деп дауыстайды екен. Осыдан кейін ауырған адам жазылып, әлгі айналған кісі ауруға шалдығады немесе қайтыс болып кетеді дейді. Тағы бір оқығанымда көне түркілердің осы дағдысымен атақты Бабыр өзінің қанынан жаралған ұлы Құмайын ауырғанда оны үш рет айналып, мықты денсаулығына қарамастан қайтыс болыпты деседі. Содан қалса керек сөз қадірін түсіне білетін қазақ халқы балаларына «айналайын» деп еміренеді екен. Онысы «сенің жолыңда менің жаным құрбан» дегені ғой. Әй, менің жүрегі кең, дана халқым-ай........
Эсселер
Толық

Əкем бай болсын демеңіз, бар болсын деңіз

Есімде... Қараша айының 8-ші жұлдызы, жо-жоқ жұлдызды күн емес мен үшін...қарашаның қара суық желіндей ызғарлы.
Таң. Күзгі қара суықтан мені анамның құшағы ғана құтқаратын. Тəп-тəтті ұйқыда жатырмын. Анамның жып-жылы құшағында. Сол бір жылулық пен тəтті ұйқыны суыт хабар бұзғандай.

Əкемнің о дүниелік болғаны туралы... Небəрі 5 жаста болсам да бəрін түсініп жатырмын. Бəрін түс секілді қабылдадым ба, бала көңіл еш нəрсені алаңдар емес. Сабырлы қалпымды бұзбастан мүмкін өтірік шығар, түс көріп жатқан болармын деген үмітпен тысқа шықтым. Үстімде анам кигізген қызыл көйлек (əлі есімде). Расымен де, жаңа ғана мүлгіген тыныштық бұзылған.
Үйге аяңдап қайта кірдім, кірдім де анамды іздей бастадым. Кішкене ғана пештің жанында анам отыр екен. Жанарындағы жасты байқамау мүмкін емес еді.

- Мама жыламашы...

- Жыламаймын қызым...

Бітті... Əрі қарай арамызда диалог болды ма, болмады ма білмеймін... Есімде қалғаны мені көрші үйге апарып тастағаны ғана... Баламын ғой, ол оқиғаға мүлде сенбедім бе, сенуге қорықтым ба, əйтеуір көзіме жас алмаппын... Əлде ащы ақиқатқа сенгім келмеді ме екен? Білмеймін... Тым ауыр жағдай. .....
Эсселер
Толық

Бір күнде-бір жақсылық жасайық

Адамды тұрар адам қып,
Ақжүрек пен адалдық.

«Адам болған соң біреуге зорлық-зомбылықтан,әділетсіз арам пиғылдан,зиянды да кесірлі іс-әрекеттерден тиылуға бейім,ұстамды болса ғой. . . » деп Шәкәрім ақын айтқандай, адам баласының әр күні тек жақсылық жасаудан тұрса. Онда бүгінгідей дамыған қоғамның әр азаматы бай да қуатты өмір сүріп, олардың болашақ пен ұрпағына деген сенімі де еш алаңсыздыққа құрылар еді. Адамның ең асыл қасиеті-жақсылық. Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Жақсылық пен игілікті іс жасау-үлкен адамгершіліктің белгісі. Бір күнде –бір жақсылық қаншама қайырымды істерге жетелері сөзсіз! Бір күнде бір жақсылық жасалса, адамның адамға деген құрметі артып, жас буын көргенін жасап, қалыптасқан дағдыдан күнделікті жақсылық жасау деген тамаша әдет пайда болар еді. Адам әрбір атқан таңынан бастап,батар күнге дейін жақсылық жасаудан тайынбау керек. Адам жақсылық жасау үшін жанашыр, адал және ақылды жалпы айтқанда,бойында ізгі қасиеттер болу керек. Ақылды болса,адамға рухани жағынанда мол көмек берері сөзсіз.

Қайырымдылық жасасаң артынан екі есе қайырымы болады деген сөздің астарынында да тамаша мән бар. Жақсы адамдардың мол табысқа, әр күні бақытты болуы осы жақсылықтарының да қайырымы бар шығар бәлкім.....
Эсселер
Толық

Туған жер айналдым сенен

 Туған жер алтын бесік, асыл анам.Әлемнің жеті кереметінен де асып түсерлік кіндік қаным тамған Қазақстаным-мына менің сәби жүрегімнен ойып тұрып орын алған.Өзге елде мекен етіп жатқан қандастарыма арман болған елімнің қадірін мен жақсы түсінемін.Сол үшін де қадірлеймін..жақсы көремін..

Шыр етіп дүние есігін ашқан кезде туған жер деген ұғымды мен бірден түсіне қойғам жоқ.Еліңді сүй деп те ешкім құлағыма құя қоймады.Тарихтың қойнауынан сыр шерте жүріп рухани бай әрі қайырымды халқы бар Отанымның құндылығын ұға бастадым.Өз отанымды сүюді үйрендім.Өз елін менсінбей қарайтын бауырларымды мен түсінбеймін.Туған жеріміз кеше ғана есін жиып,аяққа тұрса да АҚШ пен Қытайдан кем түспейді!Дарынды ,кемел ұрпақ керек болса небір вундеркинд балалар өз елімізде бар.Ресейдің кең байтақ жерін айтсаңыз, Қазақстанның пайдалы қазбаларын сөзге тиек етемін.Біздің елдің байлығына Ресей тең бола алады ма? Швейцариядың табиғатын айтсаңыз, Көкшетауға билет сатып әперейін!Бурабайдың сұлулығын көріп,өз еліңізге қалай тамсанбас екенсіз?Әлем әдебиетін ауыз толтыра мақтамас бұрын «Абай жолын» оқып шығуыңызды сұрар едім.

Бабалардан қалған асыл мұраның,Сәтпаев ашып кеткен мол қазынаның байбына жете қоймаған ұрпаққа Елбасымыз бастаған «Рухани Жаңғыру» мен «Мәдени мұра» бір серпіліс әкелгендей болды.Бұл жобалар шын мәнінде жастардың ізденуіне жол ашты.Осы жолда Отанын жақсы тани түскен жандар сөзсіз өз елінің патриоты атанды...... 

Эсселер
Толық

Абай шығармашылығындағы бүгінгі қазақ

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Абай Құнанбаев

Абай – қараңғы қазақ көгіне нұрын шашқан дана дария. Ақиық жан өзінің өнегелі өлеңдерінде халқымыздың тұрмыс – тіршілігімен сабақтасып келе жатқан кертартпа мінездеріне тоқтау салып, жастардың жарқын болашағына үлкен үміт артады. Жүрегінің түбіне терең бойлауға шақырған дара тұлға байырғы жұртымыздың көзге көрінерлік кемшіліктерін қара сөздерінің адуынды күшімен жаза білді. Сол сарқылмас мол мұраның толқыны бүгінгі жаңа заманның жағалауына келіп, алыс айға талпынған жас жүректерді бұрыс жолдың бағытына мойын бұрмай, даналардың жолымен жүруге үгіттейді.

Бүгінде Абай армандаған жас буындардың бейнесі қалай қалыптасып келеді? Қазіргі таңның жарқын мақсатын болашақпен байланыстыратын ХХІ ғасырдың өрендері өресі кең бабаларымыздың дала төсіне сіңген үні мен жаһандану жаңғырығының арасында қайсысының айтар ойына құлақ түрерін білмей адасып жүр. Шартарапты шарқ ұрған шағаладай арпалысқа түсіп жүрген жастар әлемдік даму жолын ұлттық дәстүрлерімізбен сабақтастыру үшін не істеуі керек? Бұл сұрақтың жауабын махаббатты ғадауатпен майдандастырған ақынның «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінің терең толғанысты шумақтарынан табуымызға болады.

Керек іс бозбалаға – талаптылық,

Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.

Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп,

Сыртқа пысық келеді, көзге сынық,.....
Шығармалар
Толық

Сен туралы айтпауға хақым бар ма?

Туған жер деген кезде көз алдыма ең бірінші туған өлкем "Қайыңды" елес береді. Асқар тау, жасыл орман, мөлдір бұлақсыз-ақ осы бір ауыл сәл жырақтасам өзіне тартып, сағындырып тұрады. Туған жер әр тасымен де, тамшы суымен де, күн қақтаған топырағымен де ыстық болатыны да содан болар?! Балалық шақтың бал күні өткен, тәтті күндердің естеліктері сақталған, арманымның асқар шыңына қадам бастаған ауыл ыстық болмаған да ше?
Мұхит та емес, теңіз де емес, көл де емес
Ойыл-өзен!
Терең де емес, енді емес,
Көктем келіп, мұз жарылып жатқанда,
Сол бір кезден көз алдыма келді елес-деп, осы ауылдың түлегі, ақын Ертай Ашықбаевтың жырына арқау болған Ойыл өзенінің оң жақ бүйірінде орналасқан, қырға шықсаң шашыраңқы орналасқан жүз үйдің арқа-жоңы анық көрінетін ауыл, сол – Қайыңды. Біздің Қайыңды! Менің Қайыңдым! Менің жұмақ мекенім...

Жүйіткіп өткен жүрдек пойыздай зымырап өте шыққан алаңсыз балалық шағым осы ауылдың шаңы бұрқыраған көшелерімен, есіп аққан толқыны бұйра-бұйра Ойыл өзенінің жағасында өтті. Аспанмен таласар биік-биік таулары болмаса да, арқасын қыста қар жауып әсемдейтін, баурайы көктемде қызылды-сарылы әсем гүлге оранып тәтті иіс сыйлайтын, жазда күн қақтайтын қыраттары мен үшін әсте асқар таудан кем емес. Асық атып, асыр салып жүріп-ақ осы ауылға ғашық болғам. Бетімнен сүйіп өткен самалы желіне, даланың жұпарын аңқытқан ақ жауынына ғашық болғам. Жаздың аптаған ыстығын, қыстың сұрапыл боранын елемей, жазы бауға, қысы тауға жетелеген ауыл маған асқақ арман, шым шабыт, қайтпайтын қайрат сыйлады. .....
Эсселер
Толық

Хакім Абай

Даналық,ақындық,шеберлік деген ұғымдарды естісем,көз алдыма Абай деген ұлы тұлға келе қалады.Талантымен талайды таңқалдырған тарланым-Абайым...Осынша мақтауға,осынша мадаққа ие болған қасиетті қаламгерім сіздей болу - мен үшін ең биік арман.Әр түрлі ғылымыды меңгеріп, «Хакім Абай» атанған ,поэзияда,музыкада өшпес-өлмес шығармалар қалдырған данышпан да бір өзіңіз...Қазақ елінің мәдениеті мен әдебиетін қалыптастыруда ойып тұрып орын алатын өзіндік асыл тұлғамыз – сіз.Сізді білмейтін адам кемде – кем болар.Шынайы жүрегіңізден шыққан ,бояуы қанық туындыларыңыз оқырманның жүрегінің төрінен орын тапқан.Шығармаларын оқыған кезде ой теңізінде жүргендей шабыттана жүзіп ,құстай қалықтап ұшырып әкететіні өз алдына бір бөлек.Сыншылдық пен шыншылдықты кейінгі ұрпаққа қалай әсерлі етіп дәріптеген .Хакім Абайдың толғамаған,жырламаған тақырыбы жоқ шығар,бәлкім...Мұхтар ағамыздың «Хакім Абай» туралы айтқан «қазақтың бас ақыны» деген қанатты сөзіне қосылмай болмайды.Кейінгілерге бас бола білген,қаламын сілтеп,ақындықтың атына мінген өршіл ұрпаққа жол көрсеткен Абайым,әр ісіңе тәнтімін......
Эсселер
Толық

Неліктен ҮІІІ-ХІІ ғғ. ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» деп атайды? (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы
Сабақ тақырыбы: Неліктен ҮІІІ-ХІІ ғғ. ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» деп атайды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.1 тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау
6.2.2.4 Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау
6.2.3.1 Шығыс ойшылдары жетістіктерінің маңызын түсіндіру
7.2.1.1 қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау
Сабақ мақсаттары: Шығыс ойшылдардың жетістіктерінің маңызын түсіндіре білу ......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? 3-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүнеижүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Қайта өрлеу дәуірі
Сабақ тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.3 - Антикалық мәдениетпен байланыс орнату арқылы Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері) сипаттау;
6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;
Сабақ мақсаттары: • Ренессанс мәдениетін сипаттау;
• Ортағасырлық мәдениетпен (бейнелеу өнері, мүсін) салыстыру;
• Гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау; ......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық