Жанайқай

 Жанайқай

Гүлдана БЕКБОЛАТ

(күнделік парақтарынан)

Сәлеметсің бе, күнделік! Әдеттегідей.. сенің әппақ беттеріңе ішімде бұлқынып жатқан алапат әлемімнің бейнесін сызу үшін қаламымды қолыма қапсыра ұстап алдым. Айтайын бүгін не дертпен келдім. Жақсы көру.. иә-иә, жан жүрегіңмен сүю бақытының азаптары жайлы шер тарқатам. Көп көріп жүріп сүйікті ету емес, бір қарап ес кету.

...Мен де сенбейтін сезім болған. Солай болып қала берсе ғой, жәй-күйім дәл бүгінгідей болмас па еді.? Неге дейтін шығар иә, кім болса да? Күнделік! Ендеше мен көз моншағыммен сырымды жазайын, ал сен кіршіксіз көркіңе түртіп ала бер, бұлжытпай.

Сүйікті адамды пәк көңілменен сүю үшін оның көз әлеміндегі тұңғиыққа бір сәт қана сүңгіп, аз уақыт жанарына жанарыңды түйістірудің өзі жетіп, артылып жатыр. Рас айтам. Мен кешіп жүрген күй осы!.

.. Бір-ақ сәт қана.. дәрменім жетіп сырлы сұлулығына жанар бердім де - өз-өзіммен жүрегімнің әміршісіне айналдырдым, көңіл-күйімнің жалғыз себепкеріне, көмейіме тұнған асыл сөздерден туындайтын титтей жырларымның кейіпкері де - сол! Жүрегімнің төрінен орын да беріп қойғам, әрдайым амандығы алаңдататын қиялымдағы ғажабым да - сол жан! Өзіне жалғыз-ақ рет қарауыма мүмкіндік беріп, бүтін бір өмірімдей көретін ардақтым боп шыға келді..

Бақытты жан ба? Әлде, сезім білдіруді "ар" көретін ұяң қыздың сағынып жылаған сайын жанарынан атқылайтын мөлдір моншақтың тууына себепші болып, бір жанның күнәсін өзі сезбей арқалап жүрген бейбақ па!? Сүюге тұрарлық жан болып, әйтеуір бір жанның болса да түнде түстерінде, ояу сәттерде ойы мен қиялында жүретін, шынайы сағымға айналған ханзада болғаны шығар.?! Мүмкін өзін аңсайтын біреудің барын білмейтін, сезбейтін шынымен де жанашырлық көзбен қарарлықтай жан ба екен? Әй, ұқпаймын-ау осыны.! Не білем, жазайын ба: жабыққан сәтте, ыстық дидарын көргім келіп зарыққан кезде, сағынған сәттерде алақаны кеп жасымды сүртер, үнін есіттіріп жұбатар ма еді деген ойлар келгенде осынша өзгеріске тап болмас едім деп өзегім өртеніп, іші-бауырым күйіп жылауды білем; тым болмағанда, бір қала өмірін кешіп жатырмыз, аузымызда бір судың дәмі, айналамызда екеумізде де бір көрініс екендігі жайында өзімді жұбатар келте ойлар туса шынайы сүйсініп күлімдеп, әдемі езу тартып қоюды білем...

...Күнделік! Сенің қазір әр парақ беттеріңе тырс-тырс тамып жатқан жастарым - жан әлемімнің сағыныштан өсіп жатқан сүйкімсіз азаптарына шыдай алмай жатқандығымның дәлелі, сезіміме тұншығып отырғандығымның көрінісі.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?