Өркениеттің бастауы

Адамзат тарихи әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты үлкен кезеңдерге бөлінеді. Археологияда адамзат тарихы өзіндік кезеңдерге бөлінген, олар: тас ғасыры, қола және темір ғасырлары.
Алғашқы адам басқа ірі жыртқыштарға қарағанда әлсіз болды, өйткені адамның күшті тістері мен тырнақтары жоқ. Оның есесіне алғашқы Гоминидтер еңбек құралдарын жасау мен қолдану арқылы сол әлсіздіктерін білдірмеді. Алғашқы құралдар — сүйек сынықтары, өткір таяқтар, дөрекі өңделген тастар болды. Тас ең ұзақ қолданылған құрал болды, ол осыдан 2,5 млн. жылдан бұрын б.з.д. 5 мың. дейін адамзат техникасында басты орын алды. Бұл кезеңді археологтар тас ғасыры деп атап, оны екі кезеңге бөледі — Палеолит (ерте тас ғ.) және Неолит (жаңа тас ғ.). Олардың арасындағы өтпелі кезеңді Мезолит (орта т.ғ.) деп атады. Өз кезегінде палеолит те екіге бөлінеді: төменгі (б.з.д. 2 млн. — б.з.д. 40 мың) және жоғарғы (б.з.д. 40 — б.з.д. 12 мың).
Ең, көне бастапқы замандардағы адамдардың өмірі туралы түсінікке сүйене отырып, олардың тіршілігін зерттеу арқылы, олардың мекеніне, тұрақтарына қарағанда, тау үңгірлерінде сақталған қалдықтарын, яғни тастан жасалған еңбек құралдарын, тамақ қалдықтарын, жануарлардың сүйек қаңқаларын зерттеп білу қажет болды. Сондай-ақ, қоғамдық дамуда кешеуілдеп қалған қазіргі замандағы халықтардың өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де мәні зор. Ол мәліметтер ең көне замандардағы адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір қырларын тура түсінуге мүмкіндік туғызады. Дегенмен, негізгі мәліметті, бастапқы адамдық қоғамның жалпыға ортақ материалы – тастан жасалған еңбек құралдары береді.
Тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – адамзат қоғамының даму тарихын кезеңдерге бөлу. Кезеңдер – бұл қоғамдық даму барысында бірін-бірі ауыстырып отырған дәуірлерді анықтау. Дәуірлерді анықтауда, қоғамдағы негізгі – үдемелі өзгерістерді қамтамасыз ете алатын факторлар алынады.
Тарих ғылымының қалыптасу барысында, тарихшы-ғалымдар кезеңдердің бірнеше, яғни айналым теориясы (Пифагор, б.э.б. VІғ.), формациялық (К.Маркс, ХІХғ.), өркениеттік (А.Тойнби ж.б. батыс ғалымдары, ХХғ.) және басқа варианттарын ұсынды.
Өркениеттің басталу мезгілін зерттеп тануда ғылымда кең қолдау тапқан археологиялық кезеңдер. Ол еңбек құралдарын жасауда пайдаланылған материалдар және жасау техникасындағы айырмашылықтарға сүйенеді. Сөйтіп, ең көне дәуірді үш кезеңгі бөлуге болады: тас ғасыры (адамның пайда болуынан б.э.б. ІІІ мың жылдыққа дейін), қола ғасыры (б.э.б. IV мың. б.э.б. І мың жылдыққа дейін), темір ғасыры (б.э.б. І мың жылдықтан бері). ....
Рефераттар
Толық

Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтаудың әдістерін пайдаланып сыныптағы оқушылар ұжымының тәрбиелік деңгейін анықта

ХХ1 ғасыр – Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтың салмақты орынды иелену және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор.
Тәрбие жұмысының ең негізгісі- ұжымда жеке адамды тәрбиелеу, сондықтан да оқушыларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған міндеттерінің бірі.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік кызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен катынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап кала алмайды. Даму, ілгері қозғалу—ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себсбін, дамудың мүм-кіндігінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш — болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өміргс үміт артуы, адам мсн ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Болашақ үміт дүииесінде адам қажеттігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А, С. Макаренко болашақ үміт дүниесінің псдагогикалық маңызды ерекшсліктерінің бірі — баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын құруға катынасу ынтасын, қуанышты көңіл күйі мен ілгері ұмтылуын туғызады дсп есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу окушының іс-әрекетін әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Жалпы ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып келді.
А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізіг жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс.
Н.К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына үлкен мән берді.
А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму даму процесі....
Рефераттар
Толық

География | Қаратау қорығында экотуризмді дамыту

Туризм саласы дүниежүзінің жалпы ұлттық өнімінің 10/1 бөлігін құрайтынына байланысты туризмді дамыту, оның ішінде қала және табиғаттан тыс жерлерде жүрген адамдарда табиғатқа деген сағыныш кернеп, рухани және ішкі жандүниесіне қажеттілік тууына байланысты экологиялық туризмді дамыту қазіргі таңның өзекті мәселелеріне айналып отыр.
Адамдардың табиғаттан нәр алуы, оны өз ортасына насихаттауы, табиғатты қорғауға ынталандырылуы, сонымен қатар басекеге қабілетті туристік сала құру арқылы халықтар арасындағы жұмыссыздықты жою тұрақты табыс көзіне айналдыру.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік ұйымының деректері бойынша халықаралық инвестицияның 11% астамы әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сегменттері болып табылады. Халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние жүзілік табыстың 8%, қызмет көрсету секторы экспортының 7% құрайды. Туристтерден түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3 орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтардың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс-жүзінде жеткендіктен туризмнің өсуі туристтер баратын жаңа аумақтар есебінен дамитын болады. Осыған байланысты Қазақстанның әлемдік турстік рынокта өзінің лайықты орнын табуға мүмкіндігі бар. Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды. Мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйым туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына сондай-ақ мемлекеттің туризмді дамыту сайясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі. Қазіргі туризм-бұл әлемдік экономикада құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар шамамен 9 т. тас көмір немесе 15 т. мұнай немесе 2 т. жоғарғы сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша 100 мың турист қалада орташа есеппен 2 сағат болған кезінде 350000 доллор немесе адам басына 1 сағатта 17,5 доллор жұмсайды. Сөйтіп шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту ұзақ мерзімді экономикалық болашақ. Туризм жалпы алғанда мемлекеттің экономикасына 3 оң нәтиже береді. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары

Олар көбіне-көп тарих қойнауының шырғалаң шатқалдарында шырмалып, цивилизация дамуының сарабдал жолдарының түрлі себептермен тыс қалып қойды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранында жазылғандай:
«Жаралған намыстан қаһарман халықпыз
Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз».
Ол мыңжылдық тарихымен ерекшелігі және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді. Ұлы Далада, көшпелі цивилизацияның негізін құраған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте құлдырауы, тиісінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен ролінің құлдырамауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақ ата заңының аумағы кең даланың «еркіндік» қабілетінің сақталуымен «оқшау» орналасуымен түсіндіруге болады. Дегенмен де, ортағасырлық қазақ даласындағы мәдени-шаруашылық тоқыраудың белең алуы, өркендеп өскен басқа елдерден көш-құрым артта қалуы қоғам дамуына да әсерін тигізбей қоймады. Ұланбайтақ Орталық-Азия аумағы тарих сахнасының соңғы шебіне ысырылып тасталды да, ұзақ ұақыт бойына ұмыт қалды. Жат елдердің көшпелілер даласына отарлау саясатының іске асуымен байланысты қазақ қоғамы тарих бетіне қайта ене бастады. Бұл өзгерістер қазақ құқығының кейінгі тағдырында да және оған баға беруден де көрініс тапты.
Ол жоқтан бар етіп, біреулердің ойдан шығара салған қиялы болған жоқ. Сондықтан да халық арасында: «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар» деген түсінік қалыптасқан.....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы баланың іс - әрекетінің дамуы

Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері. Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын_ болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі " баланың өзінің көп уақытын ойынмеи алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Ьаланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра праволар беретінін біледі. ....
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі мезгіл пысықтауыштар

Соның ішінде мезгіл пысықтауышқа берілетін анықтама әр оқулықта әр түрлі. Көбіне бұл анықтамаларды жинақтап берсек, оның негізгі мазмұны мынаған саяды. «Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін? т.б. сұрауларға жауап беріп, мезгіл үстеулерінен, мезгіл мәнді сөздерден және тіркестерден негізгі сөз бен кейін, соң, бұрын, шейін, таман, бойы, былай, сайын, әрі, бері, қарай сияқты септеулік шылаулардың тіркесінен болған пысықтауыштың бір түрін мезгіл пысықтауыш деп атаймыз», - дейді С. Исаев [16.42].
Сондықтан біз осы күнге дейін қалыптасып, әбден тұжырымдалған қағидалардан басқа грамматикалық заңдылықтар болмайтындай ыңғайда түсінер болсақ, онда тілдің тарихи-диалектикалық дамуын жасанды түрде мойындамаған болар едік. Жоғарыда тұжырымдалған ереже негізінен мезгіл пысықтауыштың мәні, атқаратын қызметі жан-жақты ашуға талпынған.
Мезгіл пысықтауыш қимылдың, яғни белгінің мезгілін білдіреді. Бұл мезгіл қимыл болатын (ертең), болып жатқан (бүгін), болып кеткен (кеше) уақыттарға байланысты болады және қимылдың басталғанын білдіретін (қашаннан бері), созылатын уақыты түрінде (қашанға дейін) көрсетіледі дәл немесе болжалды (ертеңдері, 30-жылдары), қатысты, белгісіз (бір күндері), болымсыз түрінде көрсетіледі. Бұл мағыналық топтарына жеке-жеке тоқталамыз.

2. Мезгіл пысықтауыштың жасалу жолдары мен тұлғалары

Мезгіл пысықтауыштардың жасалу жолдары мыналар:
1. Мезгіл үстеулерден жасалады. Мысалы: Бай Жиреншенің бұрын атын естіп, бір көруге құмар болып жүр екен. (Ш.С.) Мал жазғытұры бір жұма, күзге қарай бір жұма ащылайды екен. (Ш.С.) Ертеде ол қыдырған саудагерлер қазақтан үш түйе алыпты. (Ш.С.)
2. Барыс және шығыс, жатыс септіктеріндегі зат есім мен заттанған басқа сөз таптарынан мезгіл пысықтауыш жасалады. Олар қашан? қашанға дейін? қашанға шейін? деген сұрауларға жауап береді. Мысалы: Биылғы жарыста бұл команда белестер биігінен көрінді. Кешегі әңгімеде ол ерекше мінез-құлқымен сезіктендірді. Кеңшілікте еркін отырып сөйлесерміз. Ол кеткеннен оралған жоқ. Кешеден үйде жоқ. Қараңғыда жолды әрең таптық. Көргеннен таныды. Барғасын келді.
3. Есімшелер жатыс септікте келіп мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Кейін ауылға қайтарда тап осындай сөнбейтін шам алып қайтуға серт еттім. Осы ренжумен айна қасынан кете алмай тұрғанда ту сыртымнан бақташының бишігі сарт ете түскендей болды. Келерінде Шегенді ерте кел. Кетерде сен маған ескерт. (Ғ.М.)
4. Бірқатар мезгілдік ұғымды білдіретін зат есімдер (кез, уақыт, мезет, шақ, күн т. б.) атау немесе жатыс септік формасында келіп, әрі алдына анықтауыш салып мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Сол кезде тұра келіп, біраз жер жүгіріп аласың. Бір кезде екі гранатаны құшақтай көтеріп алып, Семен қарғып сыртқа шықты. Мұндай уақыттарда кім өжет қимылдаса сол күшті. (Ғ.М.)
5. Атау, барыс, шығыс септіктегі зат есімдер есімшелерден кейін, соң, дейін, бойы, бері, сайын деген көмекші сөздермен бірігіп мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Күн бойы жол жүріп, шаршап келіп қатты ұйқыдан қатып қалыппын. Менің олақтығымнан үш күннен кейін қолға түсіп қалдық. Осы күнге дейін бағында жүретін қашанғы бала бола бересің? Ол сен келген соң кетті. (Ғ.М.)
6. Зат есім мен –а, -е, -й тұлғалы көсемшелер бастауыштық-баяндауыштық қатынаста келіп, үйірлі мезгіл пысықтауыш жасайды. Мысалы:Базаршылар ел орынға отыра қалаға кірді. Әрі артынан айқай, әрі ит қабырлаған ат құйрықты көтеріп елірген бойы оның ішіне қақпанына тұмсығы тірелгенше шапты.
7. –ғалы, -гелі формалы көсемшелер мезгіл пысықтауыш жасайды. Мысалы: Мында келгелі тек қана осы жұмыспен айналыстым. Кеткелі хабарласқан жоқ. Бұдан бұрынғы, айлар бойы созылған соғыс бейнеті ұмытылып, бүгін майданға жаңа кіргелі жатқандаймыз. (Ғ.М.) ....
Рефераттар
Толық

Технология | Массив элементтерін сұрыптау

Массив элементтерін сұрыптауда қойылатын негізгі шарт: массив элементтерін сұрыптаудың таңдалған әдісі жадыны тиімді пайдалануда болып табылады. Бұл элементтерджі ретке келтіретін орын ауыстырулар сол орындаа орындалуы керек екенін көрсетеді. Жадыны үнемдеу критерийімен шектеле отырып, мүмкін болатын әдістердің арасынан қажеттісін таңдау қажет, ол үшін алдымен әдістерді олардың үнемділігі тұрғысынан, яғни олардың жұмыс істеу уақыты бойынша топтау қажет. Тиімділіктің өлшемі ретінде: С-қажетті салыстырулар кілтінің санын және М- элементтерді алмастырулар санын аламыз. Бұл сандар сұрыпталатын n – элементтер санының негізгі мәні болып табылады. Сұрыптаудың тиімді алгоритмдері n*log n салыстыру ретін талап етеді. Алдымен, ең қарапайым әдісті қарастырайық, тура әдіс деп атайды, мұнда салыстырулар кілті n2 ретпен орындалады. Тура әдісті талдаудан бастауға мынадай себептер бар:
1. Тура әдіс көптеген сұрыптааулардың негізгі принциптерін түсіндіруге ерекше қолайлы.
2. Бұл әдістің программаларын түсіну әлдеқайда жеңіл, әрі программасы қысқа. Программаның өзі де жадыдан орын алатынын білеміз.
3. Күрделіленген әдістер көптеген операцияларды орындауды талап етеді, бұл операциялардың өздері де күрделі. Сондықтан тура әдіс кіші n үшін айтарлықтай жылдам болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Тауар (өнім) саясаты

Өнеркәсіп ортасында өнім ең "сезімтал" элемент болып келеді. Шындығына жүгінсек, көп жағдайларда кәсіпорынның ашылуына тауар (өнім) негіз болады. Нақтылап айтсақ, өнім арқасында, өніммен бірге кәсіпорын тіршілік етеді, ал кейде жұмысын тоқтатады, бұл сататын жақсы тауардың (өнім) қолда болуы жеткіліксіз, ол қажеттікке сәйкес болуы тиіс екенін (мысалы, бағасы бойынша), оған қоса оны өз ортасында жарнамалау керектігін байқамаған жағдайларда болады.
Классикалық, яғни өнеркәсіпте ескірген құлық-әрекет пен маркетинг арқылы анықталатын құлық-әрекеттің арасындағы айырмашылық дәл осында, бұл жаңа нарықтық жағдайлардан туған.
Сонымен, кәсіпорын өзінің өнімдеріне сын көзқарас тудырып, оларды қысқа, орта және ұзақ мерзімдерде тиімді басқару мүмкіндігіне ие болу үшін, үзбей талдауға салып отыруы қажет.
Демек, "тауар (өнім) - нарық" атты парды, жаңа өнімдерді енгізу үрдісін, өнімнің өміршең циклін және т.б. зерттеп білу қажет.
"Тауар — нарық" пары. Өнім, егер ол ешкімге керек болмаса, сөздің экономикалық мәнінде түкке тұрмайды. Сондықтан ол қажеттілікке сай келуі керек. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетинг жүйесіндегі тауар ассортиментің зерттеу қағидалары

Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну.
Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау.
Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар: БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», «Amer-Nielsen», BISAM, Сиар, Cessi Kazakhstan, Sange Resarch, IGM, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары. Бұл ұйымдарға қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Amer-Nielsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам болса, ал Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы – 700-800 мың $. ....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстанның таулары

Қазақстан жерінде бұл жазық Орал тауларынан Алтайға дейін (ені 200-250 км) жіңішке алапты алып жатыр. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс, яғни ылдилай береді. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі.
Жазықтың оңтүстіктегі биіктігі 200 м, солтүстігінде 100 м. Батыс Сібір жазығының, қазақстандық бөлігі палеозойдың қатпарлы-жақпарлы тұғырының үстінде жатқан палеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінділерінен тұрады. Кайнозой дәуірінде теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптасқан. Жер беті біркелкі тегіс. Өзендері сирек, сондықтан тілімделмеген. Ондаған тұйық қазаншұңқырлар ғана ұшырасады. Олардың көбін тұзды көлдер алып жатыр. Кей жерлерде биіктігі 10-15 м-ге дейін көтерілетін жалдар кездеседі. Ішкі ерек-шеліктеріне сәйкес Батыс Сібір жазығының қазақстандық бөлігі 4 ауданға бөлінеді:
1. Есілдің жазық орманды даласы,
2. Тобыл-Обағанның жазық даласы
Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі Мұғалжар тауы ғана кіреді. Тау Жаманқаланық (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы 200 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (567 м), Айрық (633 м). Тау Оралдың жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерінен мүжіліп, аласарған таулардын, қатарына жатады.
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Берсүгір ойысы бөліп жатыр.
Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфозданған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыар-қаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялық, денудациялық процестер әсер еткен. ....
Рефераттар
Толық