Сапарғали Бегалин «Есеннің кірпісі» (3 сынып, I токсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Есеннің кірпісі. Сапарғали Бегалин «Есеннің кірпісі»
Оқу мақсаты: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу;
3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: шығарма тақырыбын анықтай алады;
Көптеген оқушылар: шығарманың негізгі ойын анықтайды.
Кейбір оқушылар: көркем шығарманы басқа үлгі нұсқамен салыстыра алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Сапарға шығу (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы: Сапарға шығу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1.5.1 Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді.
2.3.3.1 Өз бетінше мәтінге жоспар құрады, тақырып қояды.
Сабақ мақсаттары: Сапарға шығу үшін жоспар құрып үйрену......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әдеби емес кітаптарды сапарға барумен ТВ бағдарламаларымен салыстыру (2 сынып, IV тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Табиғат пен қоршаған орта»
Сабақтың тақырыбы: Әдеби емес кітаптарды сапарға барумен ТВ бағдарламаларымен салыстыру
Оқу мақсаты: 2.1.7.1 Мәтіндегі өзгерістерді (дауыс ырғағы, дауыс қарқыны, мәнері, екпіні, т.б.) ескере отырып, тыңдалған материалдың негізгі бөліктерін анықтайды
2.1.1.1 Өзгелердің әңгімесін тыңдайды және - өзінің келісетінін, келіспейтінін білдіреді.
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. ТВ бағдарламасын көре отырып, әдеби емес кітаптардағы мәтінмен салыстырып, шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Туған жерге жыр-сапар

Тасыр қоғам ілмей мені қаперге,
Мен көбеңсіп жүрмін мынау жат елде.
Тұсауымды сенде кестім ең алғаш,
О,туған жер, сенсің анам, әкем де!

Сағынышқа саған деген ұмсынып,
Ойланамын, барсам ба деп құлшынып.
Дәруіштей күйге салып қойды ғой,
Қаладағы мынау....

Өлеңдер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Сол бір сапар

Жаз. Біріншіні бітіріп, демалысқа шыққанбыз. Ауданнан жарлық кепті: колхозаралық пионер лагері ашылады. Соған сабақты жақсы оқитын үш бала жібересіңдер. Әрқайсысы өзімен бірге бір пұт үн, бір серке (немесе қой) ала келуі керек. Бұл оның бір aй бойына ішіп-жейтін азығы болады дейді.

Аудан айтты — ауыл үшін заң. Колхоз басшылары мен бізді оқытатын мұғаліміміз абыр-сабыр қам істей бастайды. Қазіргідей емес, артельдің сіңіріне сүрінген кезі. Лагерьге баратын үш бала оңай табылғанмен үш пұт үн, үш серке оңай табыла қоймайды.

Осы барсын, осы барсын деп, арқадан басып таңдаған үш оқушының біреуі мен екем. Қалғаны Ахмет, Садық деген балалар. Жастарымыз шамалас.

Қазіргідей дыр еткізіп жөнелетін машина ол кезде жоқ. Колхозда ат арбаның өзі жетіспейді. Дегенмен колхоз бізді лагерьге жеткізіп салуға бір арбасын береді. Арба айдаушы Базарбай дейтін мінезі күйгелектеу, өзіміздің жамағайын.

Сонымен, аудан айтқан жағдайларды түгел жасап алып, лагерь қайдасың деп жолға шықтық.

Лагерьге бала жіберу ол кезде ел салтына енбеген. Лагерь ол не зат? Онда барған балалар не істейді? Бұны біз түгілі, ата - аналарымыз да жөнді білмейді. Әйтеуір сабақты жақсы оқитын балалар барады деген сөзге қарап, жаман болмаса керек деп топшылайды.

Лагерьдің қандай болатынын кезбен көріп білгенше, біз асығудамыз.

Лагерьдің ашылған жері Құмтекей деп аталатын жазық дала. Бұл арадан елу шақырым шамасы. Арбаға жегілген арық ат бір күнде алып бара алмайды. Ара қонып, ертең жетеміз деген жоспармен шығып келеміз. .....
Әңгімелер
Толық

Рахмет Өтесінов | Аяқталмаған сапар

Жаңа өзен қаласынан таңғы салқынмен шыққанбыз. Күн күйдіріп, сары аңыз тартқан бұйрығыңды, жусанды қу даланы тіліп өтіп, алысқа тартқан тақтайдай тегіс асфальт үстінде «Волга» машинасымен зулап келеміз. Қасымда Өзен, мұнай кәсіпшілік басқармасының бас инженері Стремский мен №1 кәсіпшіліктің аға геологы Проденко бар. Бағытымыз Шевченко қаласы, мақсатымыз күн қызбай тұрып, Шевченкоға жетіп, Министрлік Бас басқармасы басшыларының қатысуымен сағат 10-да басталатын үлкен техникалық жиналысқа қатысып, кешкі салқынмен кейін оралу. Көңіліміз көтеріңкі. Әншейінде көп сөйлемейтін Проценко да сөзге жиі араласып келеді. Денеңді шыжытқан ыссыдан, көз аштырмай, дем алдырмай дамылсыз соғып тұратын аңызақтан ығыр болған адамдарға мынау аз уақыт таңғы салқын самал мен теп-тегіс асфальт жол кең тыныс бергендей, еріксіз көңілді шалқытады.

— Шіркін біздің Маңғыстаудың, осы түнгі, таңғы салқыны ай! — деп рахаттанады Проценко.

— Иә күндіз қанша қиын болғанымен кешкі самалдан ертеңгі сәскеге дейін тамаша-ақ! — деп қостайды Стремский – Оңай олжа емес, біздің Маңғыстау... .....
Әңгімелер
Толық