Дінтану | Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің әлеуметтік портреті

ХІХ – шы ғасырдың ортасынан бастап батыс ықпалымен мұсылман мемлекеттерірің әлеуметтік және экономикалық өмірінде, рухани танымдарында болып жатырған өзгерістер күшейе түсті. Біртіндеп әлемде ғылыми техникалық революциямен басталған жаһандану процессі мұсылман елдеріне де жетті.
Ислам дінінің Еуропаға таралуымен мұсылман әлемінің батыспен бара – бара тығыз қатынаста бола бастауы, батысқа жұмысшы күшінің, ал шығысқа инвестицияның ағылуы, туризмның дамуы, екі әлемде өзара сыртқы миграцияның күшеюі, т.т. процесстер – батысты шығысқа, ал шығысты батысқа жеделдете аша бастады. Азия мен Африкада көп колонияларынан айрылса да батыс елдері осы жерлерде өз тілімен мәдени құндылықтарын тастап кетті.
Бірақ қазіргі шығыстың толығымен батыстық стандартқа өтпеуінің және жаһандану процесінің бұл аймақта өте баяу жүруінің бірден – бір себебі – Ислам діні мен құндылықтары болып отыр. Әйтседе футурологтардың айтуынша болашақтағы батыс пен шығыстың интеграциясымен шығыстың секуляризациясы қайтарылымсыз процесс. Модернизация процессінің идеологтарының айтуы бойынша мұсылман әлемі батыс өркениетінің эволюциясын қайталауы тиіс, яғни лаицизм (зайырлы мемлекет) жолына түсіп, елдің барлық институттары толық секуляризация поцессіне ұшырауы тиіс. Өйткені қазірдің өзінде – ақ шығыстағы Ислам мемлекеттерінде батыс әсерімен жаңа ұрпақ тәрбиеленуде, ал ұрпақ келбеті – болашақтың келбеті екенін ұмытпауымыз керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Кәсіби оқыту | Жалпы білім беретін мектептерде жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру


Қазіргі уақытта, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмысын үйлестіру үшін тәжірибе ретінде қалаларда, аудандарда кәсіптік бағдар беру орталықтарын құру қайта қолға алынып отыр.
Сонымен, алдағы уақытта халық шаруашылығының мамандар жөніндегі қажеттерін, өндірістік оқудың материалдық базасының мүмкіндіктерін, қалалық және ауылдық мектептердің мүмкіндіктерін ескере отрырып, мектеп оқушыларын еңбекке баулудың профильдерін, оқушылардың қоғамдық пайдалы және өнімді еңбегін өз дәрежесінде ұйымдастыру, олардың мақсаты,мазмұнды болуын, сөйтіп, жалпы білім беретін орта мектеп түлектерін дер кезінде еңбекке орналастыру тәрізді жауапты міндеттер тұр.
Қазіргі кезде саны бар сапасы жоқ оқу орындары да көбейіп білім сапасын төмендетіп жіберді. Сонымен қатар мектепті он екі жылдыққа көшіру мәселесі көптеп қолға алынып жатыр. Сол үшінде мектеп қабырғасынан жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарына мықтап көңіл бөлуді қажет етеді. Әрбір оқушы мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтың маман болып жатса ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Суицид - әлеуметтік қатер ретінде

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазіргі әлемді үрей билеп тұр. СПИД ауруына ем таба алмай басы қатқан адамзат атом бомбасын шығаруға ақылын аямай жұмсағаны анық. Ол адам қолы жасады дегенге сенбейтін әрекеттерге барып жатыр. Адамды қалыптастырған қоғам да, қоғамды құрған адам да қатыгездіктің шегіне жетті. Бір сөзбен айтқанда адамзат арыла алмайтын індет көп. Соның бірі – суицид. Суицид тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, қай кезде болмасын өзінің көкейкестілігін жоғалтқан жоқ, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы арта түсті. Менің бұл адам шошырлық мәселені алғандағы себебімнің бірі, ол – осы суицид мәселесінің біздің қасіретімізге айналып бара жатқандығында.
Суицидке ұшыраушы адамдар әдетте, рухани күйзелістен зардап шеккен және стрестік күй-жайда болған, өз мәселесін шеше алмаған адамдар тобы. Олар жиі психикалық аурудан зардап шегеді, әсіресе депрессиялық күйде ұзақ болады және болашақтан өз үмітін кешеді [7]. Суицид бүкіл әлемде өлімге алып келетін жетекші себеп болып табылады, сондықтан ол қоғамдағы өзекті мәселенің бірі деп есептелінеді. Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша, суицидтің ресми статистикасы оның нағыз санын бағаламайды.
Өзіне-өзі қол жұмсау – глобалды геополитикалық құбылыстарға қарағанда маңызсыз құбылыс болып есептелінеді. Ал шындығына келгенде ол қоғамда болып жатқан жағдайларға белгілі бір баға береді және сол қоғамның нағыз келбетін сипаттайтын құбылыс.
Адам баласы бір үмітпен өмір сүреді. Ол бір мақсат, бір арманның жолына түссе, болашақтан үміті болса ғана адамша ғұмыр кешеді. Қандай қиыншылықтар кездессе де, үмітінен көз жазбауға тырысады. Алданышы бар адам күресе де, жұбана да алады. Ал мақсат-мұратсыз адамның көрінгеннің жетегінде кететіні айтпаса да түсінікті. Ондай адамдардың баз кешіп, бағдарынан адасуы да оңай. Әлеуметтанушылардың зерттеуіне сенсек, суицид құрбандарының түгелге жуығы тіршілік қиындықтарының әртүрлі себептерінің кесірінен өледі екен. Бірақ өтпелі кезеңде кім қиыншылық көрмеді. Замана жүгі талай адамның еңсесін түсірді емес пе. Егер солардың барлығы қиыншылық көрдім деп өле берсе, қанша пенденің мерт боларын кім білсін?! Сондықтан кішкентай ауыртпалыққа шыдамай өзіне қол салғандардың көбісі психикалық ауытқуларға ұшырағандар болып табылады. Зардап шеккен адам ең алғаш өлу жайында ойлана бастағанда оның санасында сол арам ойына қарсы тұрарлық иммунитеттік түйсік тірілуі қажет. Сонымен қатар сыртқы ортадан да психикасына да әсер етіп, өлімнен бас тартқыза аларлық көмек керек. Егер олай болмаған күнде адам санасында о баста ноқаттай ғана болып енген «қара ойдың» вирусы ұлғая келе сананы толықтай меңдеп, ақыры алып тынады.
Сонымен қатар, суицидтің зерттеу пәнінің кең және жан-жақты статистикалық мәліметтерінің бар болуы Батыс әлеуметтанушыларына нағыз табысты тапсырады. Осыған қарамастан, өзіне-өзі қол жұмсауды зерттеудің маңыздылығын да ұмытпаған жөн. Өйткені, өзіне-өзі қол жұмсау санының әлеуметтік өлшемі жалпы өлім өлшемінен тұрақты тұрақтылығымен және арта түсуімен сипатталады, сондықтан оны зерттеуде ең алғашқы орынды өзіне-өзі қол жұмсаудың жалпы көрсеткіштері – қоғамда болып жатқан тоқыраулардың жауабы ретінде қарастырылады. Қоғамда болып жатқан әрқилы жағдайларды әрбір адам өзінше қабылдайды. Мен бұл жұмысымда тек объективті фактілерге және олардың қазақ қоғамына қалай әсер еткендігін, әлеуметтанушылардың мәліметтер жинағы мен олардың анализдеріне сүйене отырып жүргіземін.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Бастауыш сынып оқушыларының тұлға ретінде қалыптасуына темпераменттің ықпалы

КІРІСПЕ
Еліміздің егемендік алуына байланысты, халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі асыл мұраларын елеп-екшеп, бүгінгі таңдағы оқу-тәрбие үрдісіне ендіру – келелі де, кешенді іске айналды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030»стратегиялық жолдауында еліміздің болашақ ұрпағы инновациялық, ақпараттық технологияларды меңгеруге лайық зерек те білімді, бәсекелестікке қабілетті болуы керек екендігін баса айтып көрсеткен. 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасы да шығармашылық тұлғаны қалыптастыруды дағдыға алу қажеттілігін мақсат етіп отыр. Ал, «жалпыға білім беру» моделі «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген. Әр балаға таңдау бойынша білім беру барысында, ол баланың бойындағы тума қасиеттерімен санасу дәл қазіргі таңда ерекше орын алады деп санаймыз.
Тума қасиеттердің бірі – темперамент, ол жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі. Әрбір ата-ана және мұғалім осы жеке өзгешелікпен, яғни баланың темпераментімен санаса біліп тәрбие жұмысын жүргізіп отырса, онда әр баланың жан-жақты дамыған, белсенді шығармашылық тұлға болып қалыптасуы анық.
Әрине келешектің иесі – жастар, сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Ақыл – жастан, асыл – тастан демекші, еліміздің ертеңі жастардың қолында. Елбасымыздың өз сөзімен айтқанда: «Жастар ертеңгі жарқын болашақты армандап қана қоймай, оны өз қолдарымен жасауға да белсене қатысулары тиіс». Себебі, қазіргі таңда бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды, бүкіл әлемдік проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, халық ағарту және мәдениет проблемалары, денсаулық сақтау және т.б. сол сияқты мәселелер. Адамзат болашағы аталған ауқымды проблемалармен тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан, мектеп оқушыларының, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының менталитетін, адамгершілігін, творчестволық қабілетін қалыптастыру, дамыту қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Осы мәселені кеңінен қарастыруға баланың бойындағы тума қасиеттердің бірі-темперамент ерекше орын алады деп жоғарыда айтып кеттік. Ендеше, 25-ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырып келе жатқан темперамент проблемасының тарихына қысқаша тоқтап өтейік.
Темпераменттің төрт типі жайлы теорияларын тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ, олар: гуморалды, конституционалды және нейрофизиологиялық теориялар деп бөлінеді. Гуморалды теория темпераментті адам бойндағы сұйықтармен байланыстырған (лат.humor-сұйық).Бұл теорияның негізін қалаған ежелгі грек дәрігері-Гиппокарт(б.э.д.Үғ.).Оның тұжырымы бойнша,адамдар төрт «дене шырындарының»(сұйықтарының)-қан, өт, запыран, шырыш-өзара қатынасымен ажыратылады.Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален(б.э.д.ІІғ.)алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады.Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик. Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигзді. Мәселен,И.Кант гуморалды теорияны негізге ала отырып темпераментті адамның сезімімен және әрекетімен байланыстырады(сангвиник-көңілді көтеріңкі адам; меланхолик-тұйық; холерик-әрекетшіл, белсенді, ұстамсыз;флегматик-ұстамды, мізбақбас ). Ал отандас ғалым П.Ф.Лесгафт болса темпераментті қанайналым жүйесінің ерекшелігімен және зат алмасу процесінің жылдамдығымен байланыстырып қарастырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Білім беретін мектеп оқушыларының тұлғалық және танымдық дамуы

КlРlСПЕ.
Тақырыптың көкейкестілігі.
Бүгiнгi таңда бiлiмнiң мемлекеттiк стандартына сәйкес республика мектептерiне бiлiм беру мен тәрбиенiң мазмұнын туындауда. Оның басты себебi республика өзiнiң тәуелсiздiгiне ие болған жағдайда экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшелiктерiн ескерте отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу iсiн қайта құрудың аса қажеттiгi пайда болды. Оның үстіне, өтпелi кезеңдегi нарық қыспағынан жұмыссыздықтың етек алуы, рухани жұтаңшылыққа Ұшыраған әрбiр отбасның экономикалық ауыр хал-ахуалы тәрбие мәселесiне керi әсерін тигiзiп отырғанын да ескермеуге болмайды. Ата-аналар күн көрiс қамымен базар жағалап немесе жұмыс iздеп, бала тәрбиесiне көңiл бөлмеуде, ал ол оқушы жастардың қараусыз қалуын туғызды. Бұл 11-13 жастар жеткiншектердi шылым шегуге, iшiмдiкпен, нашақорлықпен, жезөкшелiкпен айналысуға, ұрлық iстеуге, т.б. қылмыстық әрекеттерге топтасуға, қатiгездiкке итермелеуде. Сонымен бiрге мекетепке қоғамға пайдалы iстердiң бәсеңдеуi оқушылардың бiлiмге, өнерге деген қызығушылығын төмендеттi, сондай-ақ мектептердегi оқу-тәрбие iсiнде етек алған формалистiк көзқарас, тәрбие жұмысын бiр мерзiмге жүргiзiлетiн науқанға айналдыру, оқу бағдарламасын, жоспарының және оқулықтардың бiр сарындылығы, оқыту мен тәрбиелеу әдiстерiн қолдануда жыныстық және жеке басқа тән дербестiк ерекшелiктерге көңiл аудармау, балаларға тек бедел арқылы ықпал етуге негiзделген әкiмшiлiк, әмiр етушiлiк сияқты келеңсiз жағдайлар тұлғаны еркiндiгiнен айырды. Ол оқушылардың бойында тәрбие мәселесiне керi көзқарас туғызды. Сондықтан оқушылардың көпшiлiгi жеке басының ерекшелiктерi мен икемдiлiктерiн дамытуға мектеп мүмкiндiк бермейдi деп санайды.
Әр оқушының қызығушылығын бiлмегендiктен және олардың психологиялық ерекшелiгiн ескертiп отырмағандықтан, көп жерде оқушылардың ата-аналары мен мұғалiмдер арасында түсінiспеушiлiк жағдайлар жиi кездеседi. Осының бәрi тәрбие жұмысының үстірт жүргiзiлуiне әкелiп соқтыруда. Оған жол беру тұлғаның дербес ерекшелiктерiне қалай болса солай қараудан, оқушылардың өзiн-өзi тәрбиелеудегi iшкi мүмкiндiктерiн ескермеуден, олардың қабiлеттерiн әлеуметтiк жағдаймен байланыстырмау салдарынан туындап отыр.
Соңғы жылдары оқыту мен тәрбие мәелесiне қатар жарыспалы үрдiс немесе тәрбиенi оқытуға қосымша деп қарау, олардың өзара байланысын ескермеу, жалпы бiлiмнiң базалық сынарларын дұрыс таңай бiлмеу, бiлiмдi iзгiленруде тәрбиелiк мүмкiндiктiң толық ескерiлмеуi, этникалық мәдени бiлiмнiң дүниежүзілiк мәдениетпен байланыста қарастырылмауы сияқты терiс көзқарастар байқауда. Тәрбие iсiнде отбасымен, балабақшамен, бастауыш және орта мектептермен кәсiптiк-техникалық училищелермен тұрақты сабақтық байланыс сақталынбай қалды. Оқу орындарындағы, мектепке дейнгi және мектептен тыс мекемелердегi, баспасөздегi, теле-радио хабарлардағы және қоғамдық ұйымдардағы тәрбие жұмысын орталықтандырудың жеткiлiксiз екенi байқалады. Тәрбие жұмысының сапасыздығының тағы бiр себебi – олардың ғылыми негiздерi дәрежесiнiң төмендiгiнен болып отыр. Педагогика ғылымы көп ретте жеке тұлғанның дамуын өмірге сәйкессiз тұрғыда қарастырып келдi. Ғылыми зерттеу жұмысындағы өмірден алшақтық, адам туралы басқа ғылымдардың, әсiресе, биологияның, медицинаның психологияның жетiстiктерiн ескермеудiң салдарынан тәрбиеге бiр жақты қараушылық мектеп тәжiрибесiнен орын алып келдi.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Тарих | Абылайдын алғашқы суреті туралы ізденістер

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы айтулы тұлғаларды оймен шолып шығудың өзі қазіргі ұрпақтың көкірегіне мақтаныш сезімін ұялатады. Ел тарихында аты алтын әріппен жазылған сондай киелі есімдердің бірі ғана емес, бірегейі Абылайхан екенін санасы оянған әрбір қазақ баласы білетіндей болды.
Сонау ХҮІІІ ғасырда басынан бағы ұшып, мемлекет ретінде, тіпті этнос ретінде жер бетінде сақталып қалу –қалмауы тарих таразысына түскен «ұрпақ үшін, ел үшін, құтты мекен жер үшін» қан төгіп, жан беріскен кезеңде қазақтың бағына суырылып шығып, қол бастаған Абылай сұлтанның зор азаматтық тұлғасы бізге әрқашан қымбат.
Қазақтың ұлы ханы Абылайдың өмірі мен қызметіне байланысты қисса-дастандардан бастап, замандастары айтып кеткен, кейінгі ұрпақтарының жазып қалдырған жәдігерлері аз емес. Тіпті еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жазылған еңбектердің өзі бірталай. Оларда Абылай ханның жастық шағы, жау түсіріп, батыр болғаны, ел билеп, салиқалы-салмақты ішкі-сыртқы саясат жүргізгені көптеген еңбектерге арқау болды. Шоқан Уәлиханов жазып кеткендей, Абылай есімі ерекше қасиеттерімен, тіпті, табиғаттан тыс құдіретті құбылыстармен байланыстыра айтылады. Кезінде орыс, қытай жылнамашыларының, зерттеушілерінің берген бағасы өзінше бір төбе.....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Адамның жеке басын тексеріп қарау кедендік бақылаудың ерекше нысандары ретінде


Адамның жеке басын тексеріп қарау, кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп санауға негіз болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
Адамның жеке басын тексеріп қарау, жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің арнайы ережесі қабылданған. Аталған ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес әзірленген және оны жүргізудің тәртібін және тіркеу нысанын айқындайды...
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылар ретінде

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының субъектілері дегеніміз –нақты азаматтық іске қатысушы және сол іс бойынша белгілі процессуалдық статуста иеленуші тұлғалар.
Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілеріне ҚР азаматтары заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдастырушы және мемлекет кіреді.
АІЖК-ң субъектілерін 4 топқа бөлеміз:
1. Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар және іске қатысушыларға: сот, сот мәжілісінің хатшысы, сот приставы, сот орындаушысы кіреді.
2. Іске қатысушы тұлғалар: АІЖК 44-бабы. Оған: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекет ұйымдары, ерекше өндіріс бойынша арызданушылар, 56 және 57 баптар бойынша арызданушы жекелеген азаматтар.
3. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар.
4. Соттағы өкілдер.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық заттық көрінісі ретінде

Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Ал өз кезегінде қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Экономикадағы ақша қорлары негізінен орталықтандырылған, яғни, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қорлардың негізінде жинақталған ақша қорлары болса, ал орталықтандырылмаған ақша қорлары бұл қызмет етуші кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорлары болып табылады. Ал ақша қорларының қалыптасуы ақша қаражаттарының қорларының қалыптасуының негізінде пайда болады. Осы жинақталған ақша қоралы қаржы қатынастарын іске асырудың негізі болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын «Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі қаржы саласы мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорларының үздіксіз қалыптасып отыруын, осы қорларды қалыптастырудағы ақша қаражаттар қорларының тиімді қалыптасуын қамтамасыз етудің маңыздылығын, еліміздегі бүгінгі таңдағы негізгі қорлар мен ақша қаражаттарының қорлары негізінде жұмылдырылатын қаржы қатынастарының ерекшелігі туралы тоқталу болып табылады.
Жұмысты орындаудағы алдыма қойған негізгі мақсатым: ақша қаражаттарының қорларының қаржыны қалыптастырудағы орнын анықтау және еліміздің ұлттық қорының құрылу барысы мен экономикадағы қызметтеріне тоқталу болып табылады...
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Алкоголизм және девиация мәселелері әлеуметтік проблема ретінде

Әлеуметтік проблема – бұл әрекет субъектісінің, яғни жеке тұлға немесе әлеуметтік топтың әрекеттері мен оның нәтижелері арасындағы сәйкессіздікке байланысты туындаған әлеуметтік қайшылықтар. Мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті құралдардың жоқтығы немесе жетіспеушілігіне байланысты туындаған бұл сәйкессіздіктер субъектінің әрекетіндегі әлеуметтік сұраныстардың қанағаттанбауына әкеп соғады.
Әлеуметтік проблемалар, олардың пайда болуы, жиілігі қоғамның даму кезеңінде орын алған нақтылы - тарихи жағдайларға байланысты болады. Оларға: қоғамдық қатынастардың гуманизациялану дәрежесі мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы мүмкін қордың ауқымы; қажеттіліктердің әртүрлі түрлерінің даму дәрежесі мен оны халықтың түсіну деңгейі, қажеттіліктерді тепе – теңдікте ұстау шаралары және оларды қанағаттандыру; еліміздегі тұрғындардың санаттары мен әртүрлі топтарының өмірлік жағдайын жіктеу жатады. Жаңа жағдайларға бейімделуге мүмкіндігін анықтайтын халықтың тұрмысындағы жедел өзгерістер; халықтың әлеуметтік және аймақтық жұмылдырудағы қарқындылығы; осы қоғамда қабылданған әлеуметтік проблемаларды шешудің тәсілдері; адамдардың тұрмыс жағдайына қанағаттылық дәрежесіне әсер ететін объективтік және субъективтік факторларының ара қатынасы; ұлттық – мәдени дәстүрлер сияқты жағдайларда қазіргі кезде көкейкесті болып отыр.
Осыдан – ақ, қоғамдағы кез – келген әлеуметтік проблемаларды талдағанда олардың нақты – тарихи жағдайын қаншалықты ескеру керектігі көрініп тұр. Қоғамның дамуындағы саяси және экононмикалық аспектілеріндегі кез – келген қайта бағдарлау әлеуметтік проблемалардың пайда болуы мен қалыптасуымен тығыз байланыста болады.
Қазақстандық қоғамның жоспарлы экономикадан нарықтыққа көшуі, тоталитарлық жүйеден жариялыққа көшуі жаңа әлеуметтік проблемалардың пайда болып, ескілерінің өрши түсуіне әкеп соқты. Олардың көбі объективтік сипатта болғанымен, субъективтік факторларға барынша әсер етеді. Еліміздің экономикалық, саяси, әскери, ғылыми және шығармашылық элиталарының өкілдеріне сауалнамалар жүргізу нәтижесінде, олардың ойынша, қазақстандық қоғамды 2010 жылға дейін мынадай проблемалар толғандырады екен: жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық, нашақорлық, жезөкшелік сияқты проблемалар.....
Курстық жұмыстар
Толық