Көк мөлдір аспанды мекенім! Көгіңнен сенің қайтқанда қаздар қаңқылдап, шарқ ұрып іздеп саялы дария, салқын бақ; көгілдір жанарлы көлдерді аңсаған құстардың қиқуларынан қалушы ем мен де зар тыңдап. Жанарымда бір от....
Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім. Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген. Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ.....