Міржақып Дулатұлы | Кит

Бір түрлі жәндіктер бар, өзі балық секілді су ішінде тұрып, тірі бала тауып, емшегін емізіп өсіретін, сондай жәндіктердің ең үлкені - кит.
Оның ұзын бойы он құлаштан он төрт құлашқа шейін, кеудесі ұзын бойына қарағанда бегірек жуан. Басы кеудесінің жартысындай, тебесі жалпақ, үстінде томпайып жабылып, ашылып тұрған екі тесік бар. Дем алғанда аузына су толса, суды әлгі тесіктерінен аспанға шырылдатып атып жібереді.

Басының екі жағында екі көзі бар, сиырдың көзінен үлкен емес. Басының зорлығына қарағанда көзі жоқ секілді көрінеді. Тісі болмайды, орнына екі езуіне мүйіздей қара нәрсе бітеді. Терісінің қалындығы екі елідей болады, оның астындағы майы сондай қалың. Бір киттен екі-үш жүз пұттай май түседі. Жемі уақ балық, шаян, көржер болады.

Ұрғашы киттің қарнының астында екі кішкене емшегі бар. Жаңа тапқан баласының ұзындығы бір құлаш шамасындай болады. Кит үлкен түпсіз терең теңіздерде жүреді. Суда жүзетін балықтікі секілді құйрығы бар. Бауырының астында қанаттары бар. Киттің еті жеуге жарамайды. Киттің майы мен тіс орнына біткен нәрсесі үшін аулаушылар көп болады. Әрбір киттің тіс орнына шыққан мүйіздей нәрсесі жүзден болып, әрбіреуінің ұзындығы үш құлаштай болады. Тілінің үлкендігі алты қанат үйдің орнынан үлкен болмаса кіші шықпас, қазақтың «жандыда балық үлкен, жансызда қамыс үлкен» деп жүргені осы кит болса керек.

.....
Әңгімелер
Толық

Міржақып Дулатұлы | Бұғы

Петербордан жоғары Архангельский деген губерне бар. Соның көп жері сазды болып, шөп шықпайды, мүк шығады. Онда самоиед деген жұрттың күн көретіні бұғының бір түрлі тұқымы. Ол бұғының мүйізі тармақ-тармақ, жалпақ болады. Үлкендігі тайдай, жүні қара бурыл, жасаған сайын ағара-ағара, ақырында ақ боз болып кетеді. Еркегі жыл сайын мүйізін тастайды. Ұрғашысының да мүйізі болады, бірақ еркегінікінен кішірек. Баласын отыз жұмадай көтеріп, май айының ортасында табады.

Оттайтұғыны манағы мүк. Бұғының қол тумасы да болады. Ондағы жұрт сүтін ішіп, етін жеп, терісін киіп және терісінен үйлерін де жауып алады. Әйелдері тарамысынан жіп иіріп киім тігеді. Қанынан дәрі істейді. Шанасына жегіп жүреді. Бұғының тұяғы қарға батпайды. Жеңіл басып, қалың қардың үстімен иесінің тілеген жеріне жеткізеді. Бұғысы мыңға жеткен самоиед бай есебіне кіреді.

.....
Әңгімелер
Толық

Міржақып Дулатұлы | Күлмеңіздер кәріге


Бір кісінің екі баласы болыпты. Бір мезгілде көршілері оған айтады: «Сенің балаларың бір кемпірді мазақ қылды, балаларыңды тыйып қой!» - деп.

Әкесі балаларына ұрсады, балалар да мұнан былай кісіге күлмеске уәде береді. Біраз күн өткен соң балалар әкесіне берген уәдесін ұмытып, бір бишара шалды тағы да келемеж қылыпты. Мұны әкесі естіп, балаларын шақырып алып айтады: «Балалар, мен енді мұнан артық өмір сүргім келмейді, менің өлгім келеді, егер өлмей қартайғанша тұрсам, сендер секілді бір ақымақ балалар анау күнгі шал мен кемпірге күлгендерің секілді, маған да күлер деп қорқамын».

Балалары ұялғаннан қызарып, не қыларға білмей, сонан кейін кәрі кісілерге күлуді тіпті қойыпты.

.....
Әңгімелер
Толық

Міржақып Дулатұлы | Қыс


Декабрь жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.

Орман қарайған, ішінде құстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз.

Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.

Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес. Мақал: Қыс қысыл, жаз жазыл.

.....
Әңгімелер
Толық

Міржақып Дулатұлы | Оқу

Жүніс сегіз жаста еді. Ол оқи да, жаза да білмеуші еді. «Мені мектепке жібер» деп мазасын ала берген соң әкесі бір күні мектепке алып
барады. Мұғалім жаңа келген жас баланы тиісті орынға отырғызып, аты-жөнін сұрап, дәптеріне жазып алды. Сол күннен былай Жүніс қолтығына кітаптарын қысып, бір күн де сабақтан қалмай, мектепке барып жүрді. Ақырында біздің Жүніс, оқу, жазу, есеп үйреніп, оқымысты болды. Мақал: Бір оқырманға екі оқымағанды береді. Сонда да айырбастамайды.
Әңгімелер
Толық

Міржақып Дулатұлы (Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі)

Міржақып, неге отырсың қалам тартпай,
Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай.
Шамаңды кәдәри хал* көрсетсеңші,
Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай.
He файда бір орыннан қозғалмайтын,
Тазармас қарасу да жатқан.....
Өлеңдер
Толық