Өнер – таусылмас азық, жоғалмас байлық Мақсатым: * Қазақ ұлттық ою - өрнектері туралы жалпы мағлұматтар жинау. * Қазақ ұлттық ою - өрнектің тарихын зерттеп білу. * Қазақ ұлттық ою - өрнектердің мән - мағынасын білу. * Қазақ ұлттық ою - өрнектерді ұрпақтарға жеткізу. * Қазақ ұлттық ою - өрнек шеберлерімен танысу. Міндетім: * Отаныма, өз еліме адал қызмет ету. * Болашақта қазақ ұлттық ою - өрнектерін танытып білу. * Балаларға қазақ ұлттық ою - өрнектердің тәрбиелік мәнін түсіндіру. .....
Кіріспе Қазақ әдебиетіндегі мифтің мән мағынасын ашу арқылы ата- бабаларымыздың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, әдет-ғұрпындағы, мәдениетіндегі толып жатқан құндылықтарын танып- білуімізге болады. Олардың білімнің, ғылымның , мәдениеттің, өркениеттің дамып жетілген уақыттағы жазба әдебиетімізге қосқан үлесінің молдығын сол шығармаларды оқып, шығарма бойындағы мифтер тамырына терең бойлап қана көз жеткізуімізге болады. Қазақ әдебиетінде ауыз әдебиеті үлгілерін көркем шығармаларда қолдану жаңа әдеби әдістерді өмірге әкелді. Бұл тек шығарманың көркемдік-эстетикалық әсерін ғана емес, оның танымдық құдыретін, символдық мәнін, сол кездегі өмірлік құндылықтарды жан-жақты тануға мүмкіндік береді. Сол себепті әдебиттегі көркемдік таным жетістіктерінің бір үшін осы миф, аңыздардан қарастыру өзекті мәселе.....
Қазақ әдебиетіндегі мифтің мән мағынасын ашу арқылы ата- бабаларымыздың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, әдет-ғұрпындағы, мәдениетіндегі толып жатқан құндылықтарын танып- білуімізге болады. Олардың білімнің, ғылымның , мәдениеттің, өркениеттің дамып жетілген уақыттағы жазба әдебиетімізге қосқан үлесінің молдығын сол шығармаларды оқып, шығарма бойындағы мифтер тамырына терең бойлап қана көз жеткізуімізге болады. Қазақ әдебиетінде ауыз әдебиеті үлгілерін көркем шығармаларда қолдану жаңа әдеби әдістерді өмірге әкелді. Бұл тек шығарманың көркемдік-эстетикалық әсерін ғана емес, оның танымдық құдыретін, символдық мәнін, сол кездегі өмірлік құндылықтарды жан-жақты тануға мүмкіндік береді. Сол себепті әдебиттегі көркемдік таным жетістіктерінің бір үшін осы миф, аңыздардан қарастыру өзекті мәселе. Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі қазақ әдебиттану ғылымында соңғы кездері мифтер мен аңыздардың көркемдік қызметіне жан-жақты талдау жасалынып, ғылыми тұрғыдан зерттеліне бастады. Белгілі зерттеушілер: М.Әуезов./1/ ,З. Қабдолов /2/ , С. Қирабаев /3/ , Т. Кәкішов /4/ , Р. Бердібаев /5 /, Ш. Елеукенов /6/ , Ж. Дәдебаев /7/ , З. Бисенғали /8/ , Б. Майтанов /9/, А. Жақсылықовтар /10/ аңыздар мен мифтердің көркем шығармалардағы көркемдік қызметіне жан-жақты тоқталып қарастырды. Сонымен қатар А. А. Мәуленовтың /11/, Ж. Аймұхамбетованың /12/ , А.Н. Ғалиевалардың /13/ кандиттатық диссертацияларында бұл тақырыптар жаңа қырынан танылып, біршама еңбектер негізінде жазылғандықтан соны ой-тоқтамдарға толы десек болады. Қазіргі қазақ әдебиетінде Ә. Кекілбаев /14/, М. Мағауин /15/, О. Бөкеев /16, 17, 18/, С. Жүнісов /19/ , Д. Досжанов /20/, А. Алтай /21 / өз шығармашылықтарында аңыздық-мифтік желілер негізінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Әлем әдебитінен бастау алған мифтік шығармашылық шығарманың көркемдік құндылықтарын ерекше бір реалистік тұрғыда суреттеп – шығарманың танымдық қаситетін арттыра түсті. Бұл еңбекте Ш. Уәлиханов /22/, Г. Е. Мелетинский /23/ , В. Пропп /24/ , В. Еремина /25/, М. Бахтин /26/,С. Қасқабасов /27/, С. Қондыбаевтардың /28/ еңбектеріндегі теориялық тұжырымдары арқылы бұрын зерттеу нысанына айналмаған көркемдік шешімі мен образ сомдаудағы ықпалы, тынымдық белгісін арттырудағы әдеби-эстетикалық қызметін ғылыми негізде дәлелдеуге тырыса мыз. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазіргі қазақ прозасындағы мифтік шығармашылықтың атқаратын көркемдік аясын ашу арқылы қазақ әдебиетіндегі мифологизмнің орнын бағдарлау. Мифопоэтика туралы теориялық зерттеу еңбектерін басшылыққа ала отырып, жазушы шығармашылығындағы мифологизмнің көркемдік-идеялық қолданысына назар аударту жұмыстың басты мақсаты болып табылады.Осы мақсатқа сәйкес мынандай міндеттер басшылыққа алынады: ....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі Қай тілде болмасын болымдылық мағына және оған керісінше айтылатын болымсыздық мағына барлық сөз табына тән ортақ грамматикалық категория. Тілде кез келген сөздер әрі болымды, әрі болымсыз мағынада қолданылады, яғни болымды мағынада айтылса, міндетті түрде оның болымсыз мағынасы бар деп есептелінеді. Есім сөздерде болымсыздықты білдіретін белгілі бір грамматикалық көрсеткіштер жоқ. Олардың болымсыздық формасы емес, жоқ көмекшілерінің тіркесуі арқылы ғана беріледі. Мысалы, ағаш – ағаш емес, ақ – ақ емес, екеу – екеу емес, мен – мен емес. Етістіктің болымсыздықты білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіші бар. Бірақ солай бола тұра болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрессивтік те сипаты, оның берілу жолдары да ерекше көңіл бөлетін тілдік құбылыс. Сондықтан бұл мәселе жан-жақты қарастырылуы қажет. Жұмыстың мақсаты: Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау. Жұмыстың міндеттері: – етістіктің болымсыз мағынасы және оның берілу жолдарымен танысу; – эмоция, экспрессия ұғымына түсінік беру; – көркем шығарма тіліндегі болымсыз мағынаның экспрессивтілігін білдіретін тәсілдерді анықтау және оларды топтастырып, түрлеріне жеке-жеке тоқталу.....
Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді. Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. Сондықтан бұндай жағдайларды қалыптастыру негізінен ата-аналарға, ағарту жұмыстарын ұйымдастырушыларға, педагогтарға байланыстыі. Яғни, баланың болашақтағы мінез-құлқы оның сәби кезінен бастап тіршілік ортасына байланысты болады. ....
Мектептің міндеті – оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардын өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс; - оқушыларды ұйымдастыру, басқара білу дағдыларына дағдыландыру. Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі белсенділерін дайындау. Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері, әсіресе, аяқтары тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады. Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді, созылмалы, әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.....
КІРІСПЕ Жұмыстың өзектілігі Сөзжасамдық жұп дегеніміз сөзжасамдық ұядағы себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты кейбір ғалымдар сөзжасам жүйесінің негізгі бірлігі ретінде қарастырады, сөзжасамдық ұяның, сатының, тізбектің бірлігі ретінде қарастырады. Бірқатар ғалымдар, атап айтсақ, А.И.Моисеев, Л.К.Жаналина, т.б. өздерінің еңбектерінде сөзжасам жүйесінің негізгі бірлігі ретінде сөзжасамдық жұпты көрсетеді. А.И.Моисеев ғылыми еңбектерінде «основная единица словообразования происходит в пределах словообразовательных пар; почти все ... явления словообразования можно обнаружить в этих пределах: производное слово, производящее слово, средство и способ словообразования, словообразовательное значение; а словообразовательные гнезда и типы сводимы к словообразовательной паре, т.е. могут быть равны ей ... словообразовательные в миниатюре» - деген ой тұжырым жасайды. Ал, ғалым Л.К.Жаналина өзінің ғылыми еңбектерінде сөзжасамдық жұпты сөзжасамның негізгі бірлігі деп танып, оған мынадай сипаттама береді: Словообразовательной парой называется объединение мотивированного слова на основе отношения формально-семантической выводимости, т.е. словообразовательной ммотивации, с мотивирующим. Именно словообразова-тельная пара является основной единицей словообразовательной системы, так как она отвечает всем требованиям языковой единицы. Сомнение сожет вызвать ее элементарность. Осы мәндес тұжырымды З.Бейсембайқызының «Қазақ тілін модуль негізінде оқыту» деген еңбегінен кездестіруге болады. Онда: «Негізгі сөзжасамдық құбылыстардың бәрі осы сөзжасамдық қосақтан тарайды. Сондықтан, сөзжасамдық қосақты «шағын сөзжасам» деп те атайды. Осыған орай, сөзжасамдық талдаудың да негізгі единицасы – сөзжасамдық қосақ болып табылады» - делінген. А.Салқынбай «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты еңбегінде сөзжасамдық жұпқа мынадай анықтама береді: «Сөзжасамдық жұп – сөзжасамдық ұяның ең кіші бірлігі. Сөзжасамдық жұпта екі ғана мүше қатысады. Себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты құраушы тұлғалар өзара ұғымдық, тұлғалық және мағыналық байланыста болады» /1, 119/. Б.Есімсейітов «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектердің құрылысын синхронды тұрғыдан сипатау» деген еңбегінде сөзжасамдық жұпты: «Сөзжасамдық тізбектегі синтагматикалық қатынас негізінде сөзжасамдық жұп жасалады. Сөзжасамдық жұп – негіз сөз бен одан жасалған туынды сөзден тұратын екі құрамды сөзжасамдық құбылыс» - деп түсіндіреді. Яғни ғалымның еңбегінде сөзжасамдық жұп сөзжасамдық тізбектің құрылымдық бірлігі ретінде қарастырылады. Сөзжасамдық жұп өз алдына жеке зерттеу нысаны ретінде қаралмаған, десек те кейбір еңбектерде сөзжасамдық жұпқа анықтамалар беріліп, сипаттама жасалған. Бұл ретте Н.О.Оралбаеваның, А.Салқынбайдың, Б.Есімсейітовтың, З.Бейсембайқызының еңбектері мен мақалаларын көрсетуге болады. Сөзжасамдық жұп негізінен сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық тізбек мәселелеріне арналған еңбектерінде сөз болады. Бұл еңбектерде сөзжасамдық жұп сөзжасамдық ұя, тарам, тізбектердің қарапайым бірлігі ретінде қарастырылады....
К І Р І С П Е Грамматика теориясына қатысты өзекті мәселенің бірі – болымдылық-болымсыздық проблемасы. Тілдің лексикасы мен грамматикасын терең бойлаған лингвистикалық болымдылық-болымсыздық - көне де, көп қырлы, қарымды тілдік құбылыс. Тіл білімі ғылымының қазіргі кезеңдегі даму, кемелденуі тұрғысынан немесе оның тарихи дамуы жағынан қарастырсақ да, болымдылық-болымсыздық мәселесі үнемі зерттеушілер назарында болғанын көреміз. Болымдылық-болымсыздық категориясы түрлі ғылым салаларының – логика, философия, психология және т.б. ортақ зерттеу объектісі болғаны белгілі. Сол себепті ол ғылымдардың тарихи қалыптасу жағдайлары, олардың даму бағыт-бағдарлары тілдік болымдылық-болымсыздық мәселесі мен ойлау категорияларының, пайымдау сипатының арақатынасын, ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтауға өз ықпалын сөзсіз тигізді. Жалпы тіл білімінде, түркітану ғылымдарында бұл мәселе төңірегінде жасалған арнайы зерттеулер, айтылған пікірлер, ойлар біршама. Қазақ тіл білімінде де аталған мәселе жайлы ғылыми зерттеулер бар. Бірақ мұнда болымдылық-болымсыздық мәселесі бірде орыс тілі фактісімен салыстырылса, бірде оның берілу тәсілдері сөз болады. Болымдылық-болымсыздықтың тілдік табиғатын қазіргі тіл білімінің даму бағыттарына сай талдасақ, оны шын мәніндегі логика-грамматикалық негізі бар күрделі тілдік құбылыс деп тануымызға жол ашылады деп ойлаймын. Бұл жұмыста болымдылық-болымсыздық мәселесі лексикалық болымдылық-болымсыздық және грамматикалық болымдылық-болымсыздық деп ғылыми тұрғыдан топтастырылып, олардың жасалу жолдары мен сөз таптарына қатысы сөз болады. Сондай-ақ болымсыз мағына беруге қатынасатын тілдік көрсеткіштер қызметтік және семантикалық өріс негізінде форма мен мазмұнның сәйкестігі тұрғысынан қарастырылады. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БОЛЫМДЫЛЫҚ-БОЛЫМСЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздықтың зерттелуі жайына тоқталмас бұрын, мәселенің түркологияда зерттелуін сөз етелік. Болымдылық-болымсыздық мәселесі түркі тілдерінде де күрделі проблемалардың біріне саналады (1, 5). Бұған ғалымдар ертеден-ақ назар аударған. Біз қарастырып отырған мәселе туралы мәліметті, алдымен, түркі тілдерінің грамматикаларынан кездестіруге болады. Түркі тілдері грамматикаларының етістікке, сын есім, есімдікке арналған бөлімдеріне, «бар», «жоқ» сөздерінің қолданылуына арналған және синтаксис тарауларында қатысты жерлерде болымсыздық жайлы деректер сөз етіледі. Мұнда етістіктің болымсыз түріне көп көңіл бөлінеді. Авторлардың басым көпшілігі оның жасалу жолы ретінде –ма, -ме жұрнағын көрсетеді (2, 102).....
Қырық өтірік — қазақтың халық әңгімелерінің ішіндегі ең бір көпке мәлім түрі. Бұл әңгімені ерте күндерден бері қарай, халықтың кәрі-жасы түгел біледі деуге болады.
Мұнда қырық деген сан жай ғана өтіріктің көптігін көрсеткен мөлшер сан. Шынында, осы басылған әңгіменің қара сөзбен айтылған түрін алсақ та, өлеңмен айтылғанын алсақ та, қырық қана өтірік боп тоқтамайды. Қайта қырықтан сонағұрлым көп болады.
Бұл әңгімелердің өзгешелігі, бағасы неменеде? Өзгешелігі, халықтың тапқырлық, жүйріктік сияқты өнерді сүйгендігін білдіреді. Халық фантазиясының тереңдік, жүйріктігіне айғақ болады. Ол фантазия өмірде барды ғана сөз қылмайды. Өмірде болса екен дегенді де сөз қылады. Кейде, тіпті, өмірде болуына мүмкін емес нәрсені де қиыстырып, шын етіп көрсетеді. Мынау өтіріктердің көбі сондай еркін, ұшқыр, өткір фантазияның тудырған әңгімелері және құр болмасты айтқан шылғи өтірік қана емес. Бұнда адам ақылының ізденгіш, шарлағыш серпіні де білінеді. Сонда жанды-жансыз табиғатты өзіне өзгеше түрде құл еткісі келген адамның әр алуан жорамалы байқалады. Мысалы, "құрықты қайық еттім, пышақты күрек еттім" дегені, "қарға міндім", "инелікке мініп, түлкі қудым" дейтіні, "түлкіге жүгімді арттым" дегені — барлығы да сол, жанды-жансыз табиғатты "дегеніме көндірсем" деген қиялдан туады. "Аспанда құстай ұшсам, суда балықтай жүзсем, алты айлықты алты-ақ аттасам" дегеннің бәрі бұрынғы заманда қиял ғана еді. Ондай қолда жоқ өнер жайын ертегі ғана баян етуші еді. Кейін, бүгін соның бәрі қол жеткен табыс боп отыр. Мына қырық өтіріктегі сөздің бәрі өмірде қаз-қалпында іске асады деп ешкім де айтпайды. Бірақ сонымен катар, осы әңгімелердің негізінде де көп мән бар. Адамның бар табиғат жайындағы фантазиясы білінеді. Бірақ бұл айтылғандар әзірше шындықтан алыс. Болды деуге ерсі. Сондықтан болмасты болды деп, қисынсызды қиыстырып айтқанына қарап еріксіз күлесің. .....