Ақпараттық жүйе | Кітап қорын есепке алу және өңдеу процесіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың алатын орны

Кітапхананы пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, олардың ақпараттық қажеттілігіне жедел және кәсіби деңгейде жауап беру, дәстүрдегі және жаңа қызмет түрлерін пайдалана отырып, халықтың білім алуына, мәдени және рухани жаңғыруына ықпалдық ету-кітапханашының басты міндеттері. Жаңа технологияны, ақпаратты жеткізудің жаңа түрлерін енгізу халық арасына ықпалын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Жыл көлемінде электрондық өкіметті қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасын, «Мәдени мұра» бағдарламасын, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауын жүзеге асыруға кітапханалар зор үлестерін қосуда.
Кітап қорын есепке алу және оны өңдеу - халықаралық кітапханалық ынтымақтастықта ең маңызды мәселелер болып көтеріліп келеді.
Кітапхана қорын есептеу және өңдеу мәселелерімен көптеген Ресейлік кітапханатанушылар шұғылданып келеді. Бағалы да мәнді тәжірибелер Л.Б.Хавкинаның, А. В. Кленованың, Ю. В. Григорьеваның құралдарында көрсетілген. Бұл мамандар кітапхана қорын есептеу жеке-жеке түрлерінен бастап, жаңа заман талабына сай, жаңа технологиялардың көмегі арқылы бұл сұрақтың күрделі шешімдерін іздей бастады.
Жаңа ғасырлық ғаламдық талаптары Қазақстан Республикасының көптеген кітапханаларының алдына жаңа ауқымды мақсаттар мен тапсырмалар қойылды. Бұл өңделіп жатқан стратегия қазіргі қоғамның құрылуы мен дамуындағы гуманитарлық және өркениетті бағыттардың өркендеуіне әкеледі.....
Курстық жұмыстар
Толық