Зулайды менің өмірім

Өмір... Сірә, өмір жайлы толғанбаған, сырлы қаламымен жырламаған ақын-жазушы дүниеде жоқ шығар. Талай ғасырдан бері «дүние қалай пайда болды, адам қалай жаратылды, өмірдің мәні неде?» деген сұрақтар адамзатты мазалағаны даусыз. Ол туралы философтар, ғалымдар, саясаткерлер бір-бірінен ерекшеленетін тұжырымдар келтірген. Менде өзімнің өмірге көзқарасымды, өмірдің мәні неде екенін айта кетейін.

Ештеңені ойламай, алаңсыз, уайымсыз күн кешіп жүрген балалық шағым. Әжемнің ертегісін тыңдап, атамның ақылын есте сақтап, әкеме еліктеп, анама еркелеп, бауырларыма қамқор болып жүрген бақытты кезім. Ауылдың таза ауасын жұтып, достарыммен ойнап, өрістен қайтқан малдарды тамашалап, күннің ыстығына қарамай қызық қуып кететін шаттыққа толы балалық шағым. Қолыма гүл алып мектептің табалдырығын аттаған қорқыныш пен қызыққа толы сәт, сыныптастарыммен жарысып, мұғалімнің тәлімін алып, білім қуған кез. Бәрі өткеннің еншісінде. Қайта айналып келмейді. Өйткені, бұл өмір. Ал, «өмір» деген не? Біріншіден, тоқтаусыз зымырап жатқан алтын уақыт. Екіншіден, күнделікті күйбең тіршілік. Үшіншіден, отбасы, мектеп, жұмысты ойлап өтіп жатқан күнің... Сіздің өміріңіз қалай өтуде? Осы жасыңызға дейін істеген істеріңіз, уақытыңызды қалай жұмсап жатқаныңыз жайлы ойланасыз ба?

Адам адам болып жаратылғаннан бері біраз уақыт өтті. Сол уақыт аралығында адамзат соғыс, жұт, табиғи апат және басқа да қиыншылықтарды басынан өткізді. Өз қолдарымен жасалған әрекет қаншама. Осыдан кім қандай пайда көрді? Олар үшін өмірдің мәні неде?

Адамдардың армандары, мақсаттары, қалаулары әр түрлі болады. Біреуі – бай болсам, менің атымды дүниежүзі білсе екен, екіншісі – адамдарға қалай көмек көрсетсем, оларды таза жолға түсірсем екен десе, үшіншісі – тек бір сәттік ләзатты іздеп, ойын-сауықтан қуаныш табады. Олар үшін өмірдің мәні осылар. Және өздерінің арман-мақсаттарына жеткеннен кейін риза болып, қанағаттанбайды. Не себепті? Сіз сол жайында ойланып көрдіңіз бе?.....
Эсселер
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы