Экономика | Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері

Кіріспе
Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржылық емес ұйымдар

КІРІСПЕ
Кәсiпорын экономиканың негiзгi буыны ретiнде меншік нысандары мен шаруашылық жүргiзудiн әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезiнде жұмыс iстейдi.
Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң нәтижелерiне әкеп соғады.
Меншiк нысандарына қарай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қорларын қалыптастырудың ерекшелiктерi болады. Мысалы, өндiрiстiк кәсiпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебiнен құрылады; меншіктi көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелерi; бағалы қағаздар шығарудан тусетiн қаражаттар; мемлекеттiк кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздерi қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерiнiң үлестiк жарналарының қаражаттары. Практикада көбiнесе меншiктiң аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздерi бойынша оларды құрудың аралас нысандары көздеседi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны

Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы – қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын.
Қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің, қайта бөлудің экономикалық тетігі және ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды талап етеді.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржылық бақылауды ұйымдастыру

Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы – қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын.
Қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің, қайта бөлудің экономикалық тетігі және ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды талап етеді.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қаржылық бақылаудың болу экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарпынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттелмегенде шындыққа айналады.Қаржылық бақылау ақша нысанында жүргізілетін экономикадағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде тиімді жұмыс атқаратын функция. Қаржылық бақылау туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде қаржылық бақылаудың рөлін арттыру тиімді шара болмақ»-деп атап өткен. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекеттік қызмет | Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды іс жүзіне асыратын органдардың қызметінің құқықтық негіздері

Кіріспе
Бітіру жұмысымда қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі, қоғамдағы орны, маңызы мен мақсаты қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жөүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың маңызы өте зор екендігі белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистің құрамына жатады.
Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын қызметтердің рөлін төмендету сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік органдары) терминінің пайдаланылуы жаңағы көзқарастарға негіз болып отыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Жылқының еті 17 ауруға ем

Қазақ халқы төрт түліктің төресі деп төбесіне көтеретін жылқының қасиетін тауысып айту мүмкін емес. Ата-бабамыз еті мен сүті шипа жануарды бағалай білген.

Қазірде қазақ қана емес, көп ауруға ем саналатын жылқы етін дамыған Еуропа елдері де мойындап отыр. Шетелдік зерттеуші-дәрігерлер еттің ішіндегі ең пайдалысы – жылқының еті екендігін, жылқы майының адам организмінде ешқашан тұнбаға түспейтіндігін зерттеп білді. Олар жылқы етінің 17 түрлі ауруға ем болатындығын мойындады.

Жылқы етінің ең басты қасиеті- жүрек, қан тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, буын сүйектерінің сырқырауына, ішкі ағзаның дұрыс жұмыс жасауына тигізер әсері мол. Ағза жасушаларын жаңартып отыратын қасиеті де дәлелденген. Ал бұл дегеніңіз қартаймаудың басты қағидас......
Кеңестер
Толық

Ынтымағы жарасқан Ақмаяға 80 жыл

Кіріспе
Мен, Ақмая ауылында туып өстім. Осы ауылдағы Ақмая орта мектебінің 4 «Б» - сыныбында оқимын. Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім қажет деп ойлаймын.. Бұл менің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамым. Ауыл – ата - бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекені. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы. Ауыл қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған батыр - бабаларымыз қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәңгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ғана ұлттық пердесін сақтай алады деп ойлаймыз.
Керемет ақын Мұқағали Мақатаев:
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды. – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосады. Міне осындай туған жерге деген менің ауылым жайлы тереңірек білуге баулыды. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Экономика | Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік

Шаруашылық жасаушы субъект үшін өсуінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқаша субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.
Менің курстық жұмысым осы жалгерлік есебіне негізделген, соның ішінде қаржыландырылған жал есебі.
Жұмыстың мақсаты:
Қаржыландырылған жал есебінің мазмұны мен мақсатын, оның қолданылуын ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына жету барысында белгілі бір міндеттер қарастырылады:
1. Жал есебінің маңызы мен мазмұны
2. Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік
3. Қаржыландырылған жал есебін қолдану
Жұмыс барысында қолданылатын негізгі ұғымдардың анықтамалары:
Жалдау – бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.
Жалға беруші – жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруде меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алады.
Жалгер – бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Заңды және жеке тұлғалар, біріккен кәсіпорындар, шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жалгер болуы мүмкін. ....
Курстық жұмыстар
Толық