Информатика | Ақпаратты қоғам инттернетті толық игеріп болды ма

Біз қаласақ та, қаламасақ та әлемдік жаһандану үрдісін бастан кешудеміз. Жаһандануды алға жылжытатын басты күштердің бірі ақпараттық-байланыстық төңкеріс болып табылады.
«Ақпараттық қоғам» идеясы алғаш рет өткен ғасырдағы 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында бірқатар ғалымдардың, атап айтқанда, Д.Белл мен О.Тоффлердің зерттеулерінде көрініс тапты. Олар адамзат өркениеті аграрлық және индустриялық даму кезеңдерінен кейін жаңа ақпараттық кезеңге қадам басады деп есептеген. Ақпараттық қоғамның тұжырымдамасын зерттеушілер «технологиялық жаңашылдықтар түбегейлі мәдени және әлеуметтік өзгерістер туғызады, әлем мүлдем өзгеше болады» деген дәйек келтіреді. Зерттеушілер атап өткендей, «жаһандық ақпараттық қоғам» термині ең алдымен саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік тұрғыдан алғанда, ақпарат пен білімнің рөлі үздіксіз артып отыруына байланысты дамитын аса ауқымды біркелкілендірілген ақпарат индустриясы деген ұғымнан тұрады. Бұл құбылыс жаһандық компьютер желілерінің, бірінші кезекте интернеттің пайда болуымен тығыз байланысты. Осылардың дүниеге келуі және бүкіл әлемде басталып кеткен нарықты ырықтандыру нәтижесінде, коммуникациялық қызмет түрлерінің арзандауы ақпараттық саланың күрт дамуының және оның әлеуметтік рөлі арта түсуінің негізгі екі факторы болып табылады.

Жалпы, жаһанданудың дүниеге келуіне жағдай жасаған себептердің бірі ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың күрт өркендеуі мен ғаламшарлық желілер құру болатын. Аса ауқымды желілерді асыра пайдалану жағдайында неғұрлым дамыған елдердің тарапынан дамуы кенжелеп қалған елдерге қатысты мәдени басқыншылықтың жаңа түрлері пайда болуда. Мысалы, қазір электронды желілерде, негізінен, әлемдегі 6 мың тілдің тек 12-сі ғана қолданылады. «Сандық алшақтық» та қазіргі жағдайды шыншылдықпен сипаттап отыр, әлем халқының 80 пайызының телекоммуникацияға қол жеткізуі шектеулі, шамамен 860 миллион адам сауатсыз, 2 миллиард адам электр қуатын пайдалана алмайды. Әлем халқының басым бөлігі әлі де болса аса ауқымды коммуникациялық желілерден қол үзіп қалған. Әлем халқының бай елдерде тұратын бестен бір бөлігі әлемдік табыстың 86 пайызын пайдаланады және интернетті қолданушылардың 93 пайызын құрайды. Екінші жақтан, әлем халқының бестен бірін құрайтын кедейлер әлемдік табыстың 1 пайызын ғана пайдаланады және интернетке қосылғандардың 0,2 пайызын ғана құрайды екен.....
Рефераттар
Толық

Информатика | Ақпаратты қорғау мен оның құпиялық стратегиясы

Есептегіш техникада қауіпсіздік ұғымы өте кең мағынада. Ол компьютер жұмысының сенімділігін де, құнды мәліметтердің сақталуын да, ақпараттың өкілеттілігі жоқ адамдардың өзгеріс енгізуінен қорғауын да, электронды байланыспен хат жазысу құпиясын сақтауды да меңзейді. Ақпарат қауіпсіздігінің қаупі ретінде ақпараттың жойылуына, тұтастығына нұқсан келуге, құпиялық немесе ақпараттың қол жеткізуге болатындығына әкеліп соқтыруы ықтимал оқиға, процесс немесе құбылыс түсініледі. Компьютерлік жүйелердегі ақпараттың қауіпсіздігіне төнетін қатердің көпшілігі екі жікке бөлінеді: кездейсоқ және қасақана қатер төндіру.
Әлбетте, барлық өркениетті елдерде азаматтардың қауіпсіздік сақшысы ретінде заңдар тұр, бірақ есептегіш техника саласында құқық қолданатын іс-тәжірибе әзірге дамымаған, ал заң шығарушы процесс технология дамуына ілесе алмайды, сондықтан компьютерлік жүйе жұмысының сенімділігі көбіне өзін-өзі қорғау шараларына сүйенеді.
Ақпаратты рұқсат етілмей (рұқсат берілмеген, тыйым салынған, символдық) қол жетуден қорғау мәселесі жергілікті, әсіресе, ғаламдық компьютерлік желінің кеңінен таралуымен байланысты елеулі түрде шиеленісті.
Ақпаратты қорғау иесі үшін бағалы ақпаратты жоғалту (жою) немесе жаңғыртып, жетілдіру (қасақана бұрмалау), тарап кету (жариялау) ықтималдығын азайту үшін қажет.
Ақпарат пен оның құпиялығын онлайндық немесе автономды жұмыс режиміндегі қорғау стратегиясы сайып келгенде біреу: ақпаратты бақылау. Сіз ақпараттың сақталу орнын, оған қол жеткізуді шектеу мен оның тұтастығын сақтауды бақылауыңыз керек. Негізгі стратегияларды атап көрсетейік.....
Рефераттар
Толық

Информатика | Ақпараттық технологиялар

Күні кеше ғана таңдаулылар ортасында талқыланатын «Ақпараттық технологиялар» ұғымы бүгінгі күні ауқымды көлемдегі құбылыс.
Ақпаратты өңдеу жүйелерін «демократизациялау» көптеген, мәліметтер технологиясы негіздерін «фольклорлық » әдіспен оқитын, яғни аталған пән бойынша кем дегенде жүйелік құжаттарды оқумен қиналмайтын дилетанттар клавиатурасына әкеп соқтырды.
Немқұрайды қараудың тағы бір себебі бар. Интеллектуалдық терроризм деп аталатын түсінік бар, яғни кейбіреулерді математикадан, иформатикадан, программа құрудан «нөл» деп кіналау.
Ең алдымен ЭЕМ дер өндірістін автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндік береді. Оның үстінде сол технология көмегімен ЭЕМ дермен басқарылатын жаңа машина, құрал сайман және құрылғлар жасалынады. Осылардың негізінде ХХІ ғасырдың басында есептеу машиналары «Адамсыз» жұмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты болашақтың фабрикаларында қолмен істелетін жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегімен жаңа бұйым жасау істерін жобалау ғана болып табылады....
Рефераттар
Толық

География | АҚСУ ЖАБАҒАЛЫ ТАРИХЫ

Қорықтар – бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағына шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы-географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол себепті де қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз « табиғат лабораториясы » деп те атап жүр. Өйткені, мұнда ұзақ жылдар бойына табиғат комплекстерін табиғи жағдайда ғылыми терең зерттеу, « табиғат жылнамаларын » жүргізу сияқты алуан түрлі жұмыстар жүзеге асырылады. Қорықтарда тек саны азайып, жойлып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар, өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады. Міне, сондықтан да болашақ ұрпаққа табиғат байлықтарын кемеліне келтіре көркейген қалпында табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше.
Анықтамасы бойынша қорық - назар салып бақылау және зерттеу құралы. Оны ұйымдастырған алғашқы жылдардан бастап онда ҚР ҒА зоология институты мен ҚАЗМУ мамандары ғылыми жұмыстар жүргізуде. «Қорғалжын қорығының құстары» атты монография –осы бір қызық аймақтың көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі. Осыдан басқа мұнда үлкен ағартушылық жұмыстары да жүргізілуде. 1978 жылы экскурсиялық қызмет бөлімі құрылған болатын, оның қызметкерлері мерзімді басылымдарда 200 мақалалар басылған, 600-ге жуық лекциялар, әңгімелер өткізілген. Қорық табиғаты мұражайының қонақтары-Қорғалжын және астана мектептерінің оқушылары. Мұражайда дала және көлді жерлердің фаунасы мен флорасын бейнелейтін бай экспонаттар коллекциясы жиналған. Табиғаттың керемет бұрышы туралы бірнеше ғылыми-деректі фильмдер түсірілген. ....
Рефераттар
Толық

География | Ақсу Жабағылы қорығы

Кең –байтақ республикамызда қорықтардың аздығы кімді болса да ойландырмай қоймайды.Қазақстанда ұйымдастырылған Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931), Барсакелмес (1939), наурызым (1959), Қорғалжын (1958) және Марқакөл (1976), Үстірт (1984), Батыс Алтай (1992)., Алакөл (1998), Қаратау (2002) қорықтары табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отыр.
Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемдерін және оған іргелес жатқан Өгем жоталарын қамтыған Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы 1926 жылы 14 маусымда ұйымдастырылған. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь-Шань тауының өзіндік ерекшелігі бар табиғат ландшафтыларын- табиғат кешендерін сақтап қалу еді. Бастапқыда қорық аумағының ауданы-30 мың га шамасында болса, қазір оның алып жатқан жер көлемі-85,4 мың га. Ақсу-Жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстан обылысының оңтүстік –шығыс бөлігінде, яғни Жамбыл облысымен, көршілес Қырғызстан және Өзбекстан республикаларының шекараларымен түйісетін жерде орналасқан. Бұл қорықтың негізгі аумағынан басқа, жалғасып жатқан екі филиалы- Әулие сай және Қарабастау палеонтологиялық қорықша- -лары бар. Мұнда осыдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтары шоғырланған. Әулие сай Қошқарата өзені аңғарының сол жақ жағалауында орналасқан. Ал 125 га аумақты қамтыған қарабастау бөлігі Қаратаудың Боралдай жотасында орналасқан.
Ақсу-Жабағылы қорығының басым бөлігі 1000-4000 метрлік биіктік аралығын қамтиды. Мұнда табиғат белдеулері биіктік бойынша таралған. Шөлейт дала, ұсақ шоқылы дала, аршалы-шабындықты дала,субальпі мен альпі шалғындығы және мәңгі мұздықты белдемдер кезектесіп, табиғатың түрліше көрінісін береді.Аталған белдемдердің табиғат жағдайларына байланысты ол жерлерге өсетін өсімдіктер әлемі де сан алуан. Мысалы:Ақсу-Жабағылы қорығының аумағында жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің шамамен 1400 түрі өседі. Соның ішінде сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62 түрі кездеседі. Талас терегі, тал мен қайық, шетен мен үйеңкі, жабайы алма мен долана, мойыл мен регель алмұрт сияқты ағаштар мен бұталар тау беткейлерінде, өзен аңғарларында орамнды алқап құрайды. Ал тамаша аршалы ормандар үлесіне қорық жерінің 30 % -ы тиеді. Ормандар арасы мен жазықтарда әсем гүлдер мен көк майса шалғындар жасыл кілем сияқты қалың өскен. Жасыл желекке оранған бұл өлке жануарлар дүниесіне де өте бай. Мұнда құстардың 240, сүтқоректілердің 43, бауырмен жорғалаушылардың 9, қосмекенділер- -дің 2 түрі және балықтың 4 түрі тіршілік етеді. Ал омыртқасыз жануарлар дүниесі өзінің түрі жағынан өте бай. Қорық жерін мекендейтін жануарлардың ішінде кәсіптік маңызы бар – арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа сияқты аңдар өздерін еркін сезінеді.Жемтігін аңдыған жыртқыштар- барыс, аю, түлкі, борсықтар қорықтан жайлы қоныс тапқан. Әсіресе өте сиреп кеткен бүркіт, жұмақторғай өсіп-өнуі үшінқорық аумағы өте қолайлы.....
Рефераттар
Толық

Ботаника | Ақуыз органикалық дүниенің материалдық негізі

Ақуыз молекуласының ашылу тарихы. Я. Беккори 1736 жылы тұңғыш рет бидай ұнынан желімтіктелген ақуыз алды. Бірақ ақуыздың құрамы тек жүз жылдан кейін ғана басқа ғалымдардың тәжірибелері негізінде анықталды. Оны анықтау үшін жасалған алғашқы қадам ақуызды ыдырату болды. Егер ақуызды күшті қышқылмен (тұз қышқылымен) араластыра отырып қыздырса, ол өте кішкене бөлшектерге ыдырайды. Бұл бөлшектерді мұқият зерттегенде олардың құрамында карбоксил (СООН) тобының қышқылдық және амин (МНг) тобының негіздік қасиет көрсететіндігі дәлелдеңді. Кейіннен осы топтарды аминқышқылдары деп атады. Ақуыз молекуласының құрамына кіретін аминқышқылдарының саны - 20, олар молекуласының құрылымы жөнінен әр текті болып келеді.
Мәселен, 1806 жылы Р. Воклен мен К. Робике ақуыздын ыдырауынан пайда болған аминқышқылын аспарагус өсімдігінің сөлінен бөліп алып, оған аспарагин деген ат берді.
1820 жылы француз ғалымы А. Браконно ақуызды ыдырату арқылы аминқышқылы - глицинді алды, осыдан кейін аминқышқылдарын жүйелі түрде зерттеу басталды. Ең соңғы жиырмасыншы аминқышқылы - треонин 1935 жылы фибрин ақуызының құрамынан алынған болатын. Сөйтіп, ақуыз құрамына кіретін 20 түрлі аминқышкылын ашуға 130 жыл уақыт кетті.
Ақуыздық құрылысы. Биополимерлердің ішіндегі мөлшері мең маңызы жөнінен ерекше орын алатыны ақуыз молекуласы. Ақуыз макромолекулаға жатады.
Ақуыз молекуласы органикалық заттардың ішіндегі алыбы екенін мына сандардан көруге болады. Мысалы, органикалық зат этил спиртінің молекулалық массасы - 60, ал жұмыртқа ақуызы - альбуминдікі - 36000, гемоглобиндікі (қанның қызыл түйіршіктері) - 152000. Ақуыз молекуласының алып болуы занды да, себебі оны құруға мыңдаған атомдардан тұратын мономерлер қатысады. Ақуыз полимері мономерлерінің рөлін аминқышқылдары атқарады.
Ақуыз химиялық құрамы жөнінен гетерополимерлерге (грекше. "hetezos"-әр түрлі) жатады.
Табиғатта 200-ден астам аминқышқылдарының түрлері бар. Ақуыз молекуласының құрамына кірмейтіндері зат алмасудың нәтижесінде реакция аралық қосылыстар түрінде пайда болып, кейбір ерекше бактериялар үшін қоректік зат ретінде жұмсалады.
Ақуыз молекуласының құрамына кіретін аминқышқылдарының ерекшелігі неде? Басқа аминқышқылдары неліктен ақуыз молекуласының құрамына кірмейді деген заңды сұрақ еріксіз туады. Бұл сұрақтардың жауабы мынадай мағлұматтар негізінде түсіндіріледі. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | АҚШ тарпынан социалистік Кубаға көрсетіліген қысым және КСРО көмегі

Тарихқа көз жүгіртсек, бүкіл дүниежүзін дүр сілкіндірген елеулі оқиғалардың бірі-Кариб дағдарысы. Бұл дағдарыс « Қырға қабақ соғысының» шиеленісуінің нәтижесінде, яғни 1962 ж қазан айының 2-ші жартысында пайда болды.
Не бары 13 күннің ішінде бүкіл әлемді Ядролық апатқа әкеле жаздады. Әлемнің алып державалары: АҚШ, КСРО және Куба үкіметтері алғаш рет «Ядролық тұйыкка» тірелді, бірақ уақытында дағдарыс жағдайды жоюға барлық күштерін салып, халқаралық мәселелерді әскери емес, дипломатиялық жолмен шешу керек екеніне көздері жетті. Сонымен қатар, дағдарыс сабқтарынан әлемдегі оқиғаларға деген ыңғайларына жаңа, маңызды үлес қосып, сабақ болды десек , асырып кетпейміз.
Сонымен қатар, 1962 ж материалдар халықтан мұқиятты түрде жасырылған, тек қайта құру кезеңінен кейін біртіндеп ашыла бастады, бірақ бұл жағдайдың өзі, толығымен көзімізді ашқан жоқ та, бүкіл ақиқатты түсінүге мүмкіндік бере алмайды, өйткені бүгінге шейін негізгі документалдық фактілер мүлде құпиялы түрде жатыр, және осы дағдарыс жайындағы әдебиет толықи емес.
Дегенмен, осы тақырыпка қызығушылықтың, ізденістің арқасында біз, сол кездегі АҚШ пен КСРО-ң ұстанған саясаттарын түсінуге мүмкіндік алдық..
Осы жүмыстың мақсаты: АҚШ пен КСРО арасындағы дағдарыстың басты себептерін көрсету. Олардың әскери-саяси қарсыластары миллиондаған күнәсіз адамдардың өміріне қауіп төндіргеніне елді сендіру және осы екі державаның жасаған қателіктерін басқа елдер жасау үшін, сабақ ретінде түсіндіру.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Ақша түсінігі

Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.
Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.
Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде – Ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, қызметі, оның түрлері және де ақша айналысының заңдары туралы айта кетемін.
Екінші бөлім – Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы. Толығырақ айтқанда, ақша реформалары, ҚР ұлттық валютасы - теңге , теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу және Қазақстанның карточка жүйесі. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Ақша несие саясаты мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншікке иелігіне өтті.
Экономикадағы өзгерістердің оң нәтижелерімен қатар кері нәтижелері де болып отырды. Яғни ұлттық экономиканың құрылымдарындағы ірі диспропорциялар, шаруашылық байланыстардың тоқтауы, инфляция, “көлеңкелі экономика” масштабының өсуі т. б.
Қазіргі экономисттердің көпшілігі ақша - несие саясатын үкіметтің шамадан тыс үстеміне және дербес индивидумдардың шаруашылық дербестігінің азаюына тудырмайтын демократиялық қоғамдағы ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу құралы деп қарайды.
Ақша - несие саясатының ең ақырғы мақсаты бағалардың тұрақтылығын, толық жұмыс бастылықты және ВНП-ның нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Ақша - несие саясатының негізінде жалпы экономиканың хал-ахуалына ақшалардың және ақша - несие саясатының әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатады.
Монетарлық саясаттың бағыттары мен тактикалық мақсаттары ұлттық экономиканың күй-жағдайымен анықталады. Тәуелсіздік алуынан кейін Қазақстан Республикасы өзіне инфляциясы өсіп бара жатқан, құлдыраған экономиканы мұраға алды. Бұдан былай бұл процестер тек әрі қарай күшейді. Қазіргі кезде Ұлттық банктің жігерінің арқасында, сауатты ақша-несие саясатын жүргізуінің арқасында жағдай тұрақтандырылған болатын.
Біздің өмірімізге, Қазақстанның жаңа тарихына қарап біз ақша-несие саясатын зерттеудің өзектілігіне көзімізді жеткізе аламыз. Қазақстанның ақша-несие саясаты, табиғи америкалық, ағылшын немесе қандай болмасын басқа да монетарлық саясатын жүргізуші нарықтық экономикасы дамыған елдердегідей болуы мүмкін емес, демек бұл тақырып тағы ұзақ зерттеуді талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы жеткілікті толық өңделген, бірақ ол қазақстандық экономика реалияларына бейімделуге мұқтаж екені анық. Осы өзектілік себептен, біз осы тақырыпты таңдадық.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ақша-несие саясаты тақырыбын толық ашып көрсету болып табылады. Негізгі мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді ашып көрсету алға қойылған:
- ақша-несие саясатының теориялық ілімдерінің негізін қарастыру;
- ақша-несие саясатының мәнін, механизмдерін, элементтерін қарастыру;
- ақша-несие саясатын қолданғанда пайдаланатын құралдарды қарастыру;
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері ақша-несие саясатын талдау;
- қазіргі уақыттағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі прблемаларды қарастыру;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің алға қойылған бағыттарын қарастыру; ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Ақшаның пайда болуы мәні және қызметтері Осы күнгі ақша

Ақша- жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық бйланысты қамтамасыз етеді.Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды.Сөйтіп құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі-ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішні және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақща түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені металл (әсіресе, алтын, күиіс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды....
Рефераттар
Толық