Жер асты суларының пайда болуын бірінші болып талаптанғандар көне грек философтары- Платон мен Аристотель. Платон жер асты сулары теңіздің тұзды суларының есесінен түзіледі деп болжады. Оның топшылауынша тау жыныстарының қуыстарын бойлай қозғалған теңіз суы өзінің тұзынан арылып тазарады да жер бетіне тұщы бұлақтар түрінде шығады. Аристотель жер асты суларының тау жыныстарының қуыстарындағы суық ауаның қоюлануы нәтижесінде пайда болады деп санады.
Римдік Марк Витрувий Полий жер асты сулары жаңбыр мен қар суларының топыраққа сіңуі есесінен түзіледі деп болжады. Кейінірек жер асты сулары су буларының аса үлкен тереңдікте қоюлануынан немесе жер бетіндегі сулардың тау жыныстарына сіңіп төмен қозғалуынан пайда болғандығы жөніндегі түсініктер басымырақ айтылып жүрді. 1902 жылы австралиялық геолог Э. Зюсс жер суларының магмалық жолмен жаралғаны жөніндегі теорияны ұсынды.....
Күнді айналып жүрген 9 планетаның біреуі Жер - барлық адамдардың «үйі» болып саналады және солай болып қала бермек. Әуелде салқын және борпылдақ жер қойнауындағы заттар бірнеше миллиөн атмосфераға жететін салмақтан жаншылып, бірте-бірте нығыздалып және ондағы радиоактивті элементтерден бөлінген жылудан қызып, біртіндеп үлкейіп осы күнгі қалыпқа келді. Жер қойнауы қызуына байланысты ондағы заттар балқып, бір-бірімен араласып, қүрамы мен үлес салмағы аздар «қалқып» жоғары қабатқа көтеріліп, үлес салмағы ауырлап төмен түсіп орта қабатқа жиналған. Сөйтіп жер шарының ортасында радиусы 3500 км шамасында ете тығыз орасан зор жердің ядросы (өзегі) пайда болған. Оның салмағы жер шарының 34 процентін құрайды. Ядроны айнала қоршап жатқан, радиусы 2900 км. шамасындағы қабаты Мантия деп атайды. Ғалымдардың болжауы бойынша мантия крем-ний, темір және магний тотықтарынан тұрады. Жер шарының сыртқы қабатының жер қыртысы (литосфера) деп аталады. Оның радиусы 15-18 км-ден 80 км дейін болады. Жердің осы қабаты адамдар пайдаланып жүрген барлық минералды байлықтар сақталған «қойма» болып есептеледі. ....
Муссондар.Теңіздер мен мұқиттар жағалауындағы аудандарда температураның жылдық өзгеруі болады. Сондай-ақ ол циркуляция мен аналогиялық бризды тудырады, бірақ жылдық периодпен. Муссон дегеніміз- бризға қарағанда үлкенірек аумақтағы циркуляция. Муссондар келесі себептерден туындайды: жаздың күні континент оны қоршап жатқан теңіз бен мұқитқа қарағанда өте қатты қыза бастайды; осыған байланысты континентте төмен қысым пайда боладыастыңғы ауа мұқиттан континентке қарай ұмтылады, ал жоғарыда керісінше континенттен оны қоршап тұрған мұқитқа қарай беттейді. Бұл желдер теңіздік муссондар деп аталады. Қыста континент теңіз бетінен қарағанда әлдеқайда суықтау; оларда қысымның жоғарылау аймағы пайда болады. Осыған орай астыңғы қабаттағы ауа континенттен мұқитқа қарай бағытталады. Бұл желдер материктік муссондар деп аталады. Күшті муссондарды Азияның оңтүстік жағалауларында, Үнді мұқитында және Арабия теңіздерінде байқауға болады. Яғни жазда муссондардың бағыты оңтүстіктен батысқа қарай, ал қыста солтүстіктен шығысқа қарай болады. Азияның шығыс жағалауларында муссондар байқалады. Қыста солтүстік батыс материктік сұрапыл желдер соғады; жазда оңтүстік шығыстық және оңтүстік теңіздік ылғал желдер соғады. Бұл желдер шығыс өлкесінің климатына әсер етеді. ....
Адамның психикалық дамуының әлеуметтік сабақтастығын түсіну, даму процесін тек білім мен дағдыларды жай жинақтауға әкеліп саюға болады дегенді білдірмейді. Адамның психикалық дамуының әлеуметтік табиғатын ескеру бұл процестің күрделілігі мен сан қырлылығын түсінуге мүмкіндік береді, өйткені осылай қарастырғанда ғана даму қайсыбір жекеленген функциялардың жетілуі немесе сан жағынан көбеюі түрінде емес, адамның бүтіндей дамуы, яғни жеке адамның дамуы ретінде көрінеді. Оқыту мазмұны және психикалық, даму. Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді іс-әрекет әдістерін күрделендіруден тұрады.Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер, ең алдымен совет психологтары, оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі езгертуге бола-тынын дәлелдеп берді. Көптеген зерттеулерде (Л, А. Венгер, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов) оқыту мазмұнына арнайы құралдарды (сенсорлық дамудағы форма, түс эталондары, математиканы оқытудағы түрлі үлгілер мен схемалар өлшемі) енгізу ақыл-ой дамуының мүлдем өзгермейтін және абсолюттік деп есептелген сатыларында принципті өзгеріс туғызатынын көрсететін деректер алынды. Мысалы, Швейцария психологы Ж. Пиаже өзі жүргізген зерттеулер негізінде жеті-сегіз жасқа дейінгі балалар есеп амалдарын толық, мағынасында қолдана алмайды деді. Пиаже сипаттаған «санның сақталынбауы» деген феномен көпке мәлім. Оны мынадай тәжірибеден көруге болады. Біркелкі екі ыдысқа тең мөлшерде су құяды. Одан кейін бала бір ыдыстағы судың басқа жіңішке биік ыдысқа ауыстырылып құйылғанын көреді. Судың көтерілу деңгейіне қарай болжамдап бала су көбейді дейді. Алайда совет психологтарының зерттеулері көрсеткендей өлшем амалдарын пайдалануды үйреткен жағдайда мұндай феномен бес жасар балалар арасында да болмайды екен. Пиаженің есебі бойынша 11 —12 жасқа қарай ғана дамиды деген логикалык операциялардың, егер оларды орындаудың арнаулы құралдарын енгізсе, мектепке дейінгі жаста да мүмкін екендігі анықталды. Мысалы, алты-жеті жасар балаларға заттарды арнаулы белгілері бойынша біріктіру үшін эталон-үлгі қолдануды үйреткен жағдайда, бұл балалардың жіктеу операциясының механизмі мен даму сатыларын елеулі өзгеріске түсірді. Зерттеулерден алынған деректер төменгі класс, тіпті кейде мектеп жасына дейінгі балалардың оқу пәндерінің ғылыми мазмұнын меңгере алатынын дәлелдеп отыр. ....
Кеміс балалар немесе аномалды балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрлішс ауытқулары бар және жаллы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномалды дегеніміз -ол апоmolоs грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны көрсетеді. Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе - бүл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулыктардағы тақырыптарды окуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткеиі оның психикалық даму цроцессі қалыпты жағдайда өтті. Сондықтанда, кеміс балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады. Кеміс балалардың негізгі категорияларына жататындар: 1. есту қызметі бүзылған балалар (керең немесс саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); 2. көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін); 3. сөйлеу қабілеті бұзылған - логопаттар; 4. интеллект немесе ақыл-ой, сана-сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы тежелгендер); 5.психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті түрде бұзылған (соқыр мылқаулар, естімейтін, көрмейтін, ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін, ақыл-ойы жетілмеген және т.б.); 6.тірек-қимыл аппаратыныд қызметі бүзылған; 7. нсихопатиялық түрде жүріс-тұрысы, мінез-қүлығы бұзылған балалар жатады. Кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру - күрделі әлеуметтік және педагогикалық моселе болып отыр. Кеміс балалар - күрделі және әртүрлі мінезді топқа жатады. Егерде кейбір кемістіктер толыгымен жойылса, басқалары тек жартылай түзетіледі, ал кейбіреуі тек компенсациялынады, яғни жартылай өтеледі. Әртүрлі кемістіктердің дамуы балалардың әлеуметтік қоғаммен араласуына және еңбекті тануьша әсерін шгізеді. Кеміс балалардың білім деңгейі әртүрлі, біреулері қарапайым білім берүді тез менгереді, ал басқа біреулері, керісінше, мүмкіншіліктері шексіз болады. Мінезінің өзгерүі де оқушылардьщ арнайы мектептерде оқуына, еңбекке араласуьша кері әсерін іигізеді. Кейбір оқушылар арнайы мектепте жоғары мамандықты меңгерсе, біреулсрінің меңгеру қабілеті төмен болады және олардың өмірі мен еңбегі ерекше арнайы үйымдастыруды талап етеді. Медицииалық және психологиялық ғылымдардың дамуы кеміс балалардың даму ерекшеліктерін түсінуге себебін тигізеді. Кемістіктерді және олардың себептерін жіктеуге әрекеттер жасалады.....
Табиғаттың сырына үңілген сайын, қоршаған орта туралы неғұрлым көбірек білген сайын, олардың ғажаптығы бізді бұрынғыдан да таңдандыра, тамсандыра түседі. Қоғамдағы адамның мәнін ашуға көмектесетін ұғымдар бар. Олардың негізгілеріне даралык, жеке адам (индивид), тұлға ұғымдары жатады. Даралықтың сипаты. Даралық (лат. indivituum — бөлінбейтін) деп абсолютті қайталанбайтын, кеңестіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетінде ғана өмір сүретін, кез келген өзге "даралықтан" мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз. Бұл қағида адамдарға да қатысты. Бірін-бірі барлық жағынан толық қайталайтын, бірі екіншісінен айнымайтын адамдар да болмайды. Тіпті егіздердің өздері бір-біріне ұқсас болып көрінгенімен, ата-анасы немесе достары оларды оңай ажырата алады. Даралық қарастырылып отырған дербес өмір сүруші организмнің ата тегінен иеленген және даму жолында қабылданған қасиеттерінін өзінше үйлесіл келген,, өзіне тән нышандарын сипаттайды. Даралық — генотиптік және фенотиптік ерекшеліктерден көрінетін онтогенездің нәтижесі. Психологияда даралық проблемасы, ең алдымен, жеке адамның тұтас мінездемесімен — оның барлық қасиеттерінің, ойларының, сезімдерінің, еркінің, құлшынысының, зауқының, қажеттіліктерінің, уәждерінің, мүдделерінің, көңіл ауанының, мұңының, әрекетінің, қылықтарының, әдеттерінің, икемділіктерінің, қабілеттерінің т.б. ерекшеліктерінің төлтума көптүрлілігімен байланысты қойылады. Осылардың нақты қабысып келуі әрекет үстіндегі "Мен"-нің бірегей тұтас құрылымын түзеді. Осыған байланысты даралық қарастырылып отырған адамға тән белгілердің жиынтығы ретінде сипатталады. Даралану адамның қарым-қатынас кезіндегі тәртібі арқылы, сол сияқты олардың іс-әрекет үстінде қабілеттерін керсетуі арқылы жүзеге асырылады.....
Басқа: “чепец” таңғышы ыңғайлы және берік болып саналады, ол бинт жолағы арқылы төменгі жақ астына бекітіледі. Бинтті әрбір ораған сайын тік ленталардан асыра тастау арқылы (ұзындығы шамамен–1м ) оны біртіндеп барған сайын тік ете отырып, басты толық жапқанша орайды. Осындан кейін бинтті тік лентаға бекітіледі. Лента ұштарын иек астына бант түрінде байлайды, бұл бүкіл таңғыштың беріктігін қаматамасыз етеді. 2. Қолға: саусаққа орама таңғыш салу білезік аумағында біркелкі айнала жүрістен басталады (1), содан кейін бинтті қолдың сырты арқылы қиғаштап бас бармаққа әкеледі (2). Осы жерде сипральды айналыммен саусақ түрінне дейін бинттеледі (3,4,5,6,7). Қолдың сырты арқылы (8) бинт білезікке апарылып осы жерде бекітіледі (9). Осындай таңғыш барлық саусаққа салынуы мүмкін, ол қолғапқа ұқсайды. Қол басына әдепті сегіздік түріндегі таңғыш салынады. Білек пен бүгілген шынтаққа таңғыш орамал иілме түрінде салады, тік бұрышта бүгілген шынтаққа (шынтақ буынының ауруы немесе зауымдануы) “тасбақа” типті (ұштасатын немесе алшақтайтын) таңғыш салады, ол тізе аумағына салынатын таңғыш сияқты. 3. Кеудеге: Орама таңғыш салынады. Бинттен 1,5м бөлік кесіп алып, бір ұшы арқада, ал бір ұшы кеудеге салбырап тұратындай етіп сау білеккке қояды, семестр түріндегі ұшынан әжептәуір төмен айнала жүріспен бинтті бекітеді, осыдан кейін төменнен жоғарыға орамалы айнала жүріс арқылы барлық кеуде клеткасын қолтық астына дейін орайды және осы жерде айнала жүріспен бекітеді. Бинттің бос салбырап тұрған бөлігін (1) оң иықтан ары тастап, арқада салбырап тұрған ұшымен байлайды. 4. Ішке: іштің жоғарғы бөлігі үшін жоғарғы жақтан бинттің кәдімгі орама таңғышы қолданады. Іштің орамалы таңғышының жамбас таңғышымен біріктіруден тұрады.....
Демография – бұл халық туралы ғылым. Ал демографиялық саясат деп мемлекеттік тұрғыдан қоғамның ең өміршең және бастапқы қажет тіршілігін, атап айтқанда – халықтың өсіп-өнуі мен сақталып дамуын, өлім-жітімі мен көші-қонын және мекен-жайға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін, маңызды аталмыш «бес таған» айналасын реттеуге арналған шара мен іс-әрекеттердің біртұтас жүйесін айтамыз. Бүгінгі күннің аса күрделі мәселелерінің бірі- Қазақстанның өзіндік дербес демографиялық саясаты біздерге не үшіе соншама қажет? Не үшін оған ұлттық қауіпсіздікте бірінші басымдылық беріліп отыр? Себебі, Қазақстан ұлысының негізгі ұлты ретінде қазақ халқының жан-жақты даму бағдарламасын қабылдап, көп ұлтты республикамызда ұлтаралық қатынастарды жақсарту мен сауықтыру мәселесін мемлекеттік саясат деңгейіне көтергенде ғана болашаққа толық сеніммен қарай аламыз. «Мың өліп, мың тірілген қазақ» халқы басынан талай демографиялық апаттарды өткерді. Елдігіміздің шырқын өткенде отаршылдар нағыз демографиялық зобалаң жолдармен бұзып келгені баршаға аян. Қазақ хандығы құрылғаннан бастап, көрші, әсіресе, Жоңғар, Қытай, Ресей, Қоқан, Хорезм мемлекеттерінің шабуылына талай ұшырап, көптеген жерімізге қоса халқымыздан да айырылдық.Зұлматты геноцидтің басталуы қаншама тереңде жатса, оның зардабы да соншама ұзақ сақталуда. Бұл санымызға, тілімізге, егемендігімізге, дінімізге, санамызға, ділімізге, мәдениетімізге, экономикамызға, өркениетімізге, менталитетімізге тікелей әсер еткендігі сөзсіз анық. Енді тым алысқа бармай-ақ, аңсаған тәуелсіздігімізді алғаннан бергі еліміздегі демографиялық өзгерістерге назар аударсақ. Кеңес Одағының ыдырауы мен еліміздің көптен күткен тәуелсіздігін алуы барысындағы өтпелі кезеңде біз күрделі демографиялық өзгерістер мен жаңа көші-қон толқындарына куә болдық. Бұл кезеңдегі демографиялық үрдістердің негізгі ерекшелігі- өлім-жітімнің көбеюі, бала туудың кемуі, яғни, табиғи өсімнің құлдырауы салдарынан халықтың жалпы санының азаюы.Бұған қоса республикамыздан алыс-жақын жерлерге ауып кетіп жатқан көші-қон толқындарының өрістеуі де халық санын төмендетіп жіберді. ....
Терапевтік маңызды шаралардың бірі — дәрі-дәр-мекпен емдеу. Мейіркеш сол бөлімшенің жұмысы үшін қажетті дәрі-дәрмектерді дұрыс жаздырып алып, олар-ды сақтауды дәрілерді дер кезінде сырқатқа үлестіруі және олармен емдеу әдістерін білуі тиіс. Дәріні тек ме-йіркеш таратады және сырқат адамдар тек мейіркеш кө-зінше ішуі тиіс. Бұл жұмысты кіші медициналық қызмет-керлерге немесе сырқаттың өзіне сеніп тапсыруға үзілді* кесілді тиым салынады.
ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖАЗДЫРЫП АЛУ .Дәріханадан дәрілерді жаздырып алып, оларды бел-меде сақтау тым маңызды да жауапты іс. Рецепті жазу кезіндегі зейін қоймаушылық әсіресе қатты әсер ететін және улы заттарды жазып беруде қате жіберу, сырқатқа орны толмасзиян келтіруі мүмкін. Мейіркеш дәрі-дәрмек заттарын дүрыс ұстап тұтынудың ережелерін барынша игеруі тиіс. Дәрілерді күнделікті жазып алдыру қажет. Дәрігер-лік аралап шығу кезінде қатысқан мейіркеш дәрігердің барлық белгілеулерін мұқият жазып алуы тиіс. Аралап шыққаннан кейін мейіркеш ауру тарихынан барлық бел-гіленген дәрі-дәрмектерді арнайы қағазға және рецеп-туралық дәптерге жазып алады, ол дәптер немесе қағаз екіге белінген: оның біреуін дәріханаға дәрі-дәрмек да-ярлауға жібереді, ал екіншісін белімшеде бақылау үшін алып қалады. Қатты әсер ететін және улы дәрі-дәрмек-тер белек дәптерге жазылады, онда сырқаттың аты-жө-ні, ауру тарихының нөмірі, күні, ампула саны жазылып, мейіркеш қолын қояды. Бөлімшенің барлық рецептурасы аға мейіркешке келіп туседі. Ол өз кезегінде рецептің дұрыс жазылғандығын тексереді де, оны белім меңгеру-шісіне апарып тексертеді, қол койғызады, міне, содан кейін барып дәріхана оны даярлауға кіріседі. Ірі ауру-ханаларда дәрі-дәрмекті белімшелсрге апаратын арна-йы көлік бөлінген. Мейіркеш дәріханадан дәрі-дормск қабылдау кезінде дәріхана тізіміндегі жазуларды рецептуралық дәптерде-гі жазылғандармен салыстырып, дәрі-дәрмектін, мөлше-рін, сыртқы түрін текссреді де содан соң барлық дәрі-лерді арнайы шкафқа жабады. Мөлшерінде қандай да бір ауытқу немесе дәріпі даярлауда кемшілік кездессе, мейіркеш бұл жөніиде бөлімше бастығына жедел хабар-лап, ол препаратты дәріханаға қайтарады. Дәріханадан дәрі-дәрмек заттары қолдануға дайын күйінде келіп түседі. Дәрінің сыртқы орауын ауыстыру-ға, сұйық дәріні бір шыпыдан екіншісіне құюға, ұнтақ дәрілерді немесе түймедақты бір пакетке қосуға, ұнтақ дәріден ерітінді жасауға мейіркештің құхы жоқ, сыртын-да жазуы жоқ дәріні сақтауға рүқсат етілмейді. Дәрі-дәрмекпен шұғылданғанда мейіряеш аса үқыпты және абай болуы тиіс. Сырқатты дәрімен емдемес бұрын, дәрі оралған сыртқы қағазын мұқият оқып шығуы тиіс. ....
Дәнекер ұлпа (Textus connectives, лат. Textus – ұлпа және connectives – дәнекерлік) – жануарлар организмінің барлық мүшелері құрамына кіретін , демде ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы мезенхимадан дамып, организмның ішкі ортасын құрайды. Олар эпителидің астын төсейді. Сонымен қатар органдардың қабығын түзіп организмдегі ұлпалардың қабатын толтырып отырады. Организмдегі барлық органдар мен ұлпалардың клеткалары дәнекер ұлпасы арқылы қоректенеді. Дәнекер ұлпасы ішкі зат алмасуын жүзеге асыратын ұлпа болып саналады. Сондықтан ол қан мен бірге тропикалық және қорғаныштық маңызы бар бір тұтас жүйе құрайды. Органдардың қабығында бұл ұлпа механикалық қызмет атқарады. Дәнекер ұлпасының бірнеше түрлері ажыратылады: 1. Ритикулярлық ұлпа 2. Борпылдақ дәнекер ұлпа 3. Тығыз дәнекер ұлпасы. Дәнекер ұлпасы күрделі құрылым оның құрамында ұрықтың мезенхимасынан дамитын түрлі клеткалар, клеткалардың өлі өнімдері болып саналатын талшықтардың бірнеше типтері және гиалурон қышқылынан, хондротиннен, хондроитинсульфаттан және кератинсульфаттан тұратын сұйық немесе қоймалжың, аморфтық матрикс болады. Бұл ұлпалардың құрылысының аралық затардың құрылысына және әр түрлі талшықтар мен олардың орналасу тәртібіне байланысты болады. Аралық заттар - әр түрлі талшықтар мен аморфты заттардан тұрады. Талшықтардың үш түрі болады. 1. Коллагенді 2. Эластикалық 3. Ретикулярлы болып бөлінеді. Дәнекер ұлпасын құрайтын клеткалар, әдетте, бір-бірінен қашық орналасады. Дәнекер ұлпасының клеткалары: 1. Фибробласт 2. Гистиоциттер 3. Майлы клеткалар 4. Пигментті клеткалар 5. Қанның клеткалары Борпылдақ дәнекер ұлпа. Дәнекер ұлпасының бұл түрі адам мен сүтқоректілердің организмінде кең тараған. Борпылдақ дәнекер ұлпа терінің астында жатады. Органдардың, ұлпалардың және клеткалардың арасын толтырып тұрады. Борпылдақ дәнекер ұлпада түрлі бағытта тәртіпсіз орналасқан, коллогендік және эластиндік талшықтар болады. Олардың арасында клеткалар орналасады. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткалары: фибробластар, гистиоциттер, адвентициялық клеткалар, толық клеткалар, май және пигментті клеткалар. Сонымен бірге қанның клеткалары да кездеседі – лимфоциттер, плазмоциттер және макрофагтар. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткааралық заты талшықтар мен аморфты затан тұрады.....