Жағасында шалғын да, гүл де ырғалып, Жатқан бұлақ ақпайды тым бір қалып. Бүлк-бүлк қайнап толқиды, бұлтсыз түнде Құшағында жұлдыздар сыңғыр қағып. Тыныштықта тұнжырап тұрды ізгі аймақ, Сұлу сурет мойныңды бұрғызбайды-ақ, Көздің жауын алады жарқ-жұрқ етіп, Жұмбақ толқын ішінде жұлдыз қайнап.......
Шаштарына сәуле түскен күмістен, Әділетті жақтағанда — үні үстем. Мүмкін оның, бірнеше күн үй көрмей Жүруі де қызметпен, жұмыспен. Ол өмірден талай жұмбақ сырды ұқты, Сақтамайды көңіліне кір, дақты. Кім болсаң да, жүрегіңе зер салып, Кім болсаң да, бетке айтады шындықты.......
[quote]Саяда бұлбұл тұрса сайрап әнге, Ұйытып жан-жануар күллі әлемге, «Көк - көк» деп таста отырған тау көкегі, Мақтанды ұялмастан жалғыз әнге. К ө к е к: Ау, бұлбұл, көрінсеңші, үнің өшкір, Дүниеден жасырынып күнің өткір! Күн-түні көз ілмейсің қақсап босқа, Гүл құсап үш күн жайнап мүрдем кеткір! Б ұ л б ұ л: Мақтаншақ, тәкаппарсың, көкек есер, Қарғысың маған айтқан тасты тесер, Әуелеп аспанға айтқан жалғыз әнді, Шақырып өз атыңды жүрсің бекер.......[quote]
Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға Қас үлектен туған қайтіп Қара нар керек біздің бұл іске. Қабырғасын қаусатып, Бір - біріндеп сөксе де, ....
Даланың күнге күйіп, аптап өткен үстінен Бұлт шықты қаптап көктен. Қуанды шаруалар «я, Құдайлап!», Жерді бір суарар деп қурап кеткен. Жауар деп тұрды халық үміт етіп .....
Бір күні бұлбұл құсты есек көрді, Қасына сөз айтпаққа жақын келді: «Сыртыңнан сайрағыш деп жұрт мақтайды, Тыңдайын, достым, біраз сайра, - деді. - .....