Биология | Балапанды өсіру

1 Кіріспе
Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешениің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан – жақта көрсеткіштерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты – құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа, ет, мамық) пайдалану.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынандай мәселелерді шешу қажет: бірнеше бағыттағы құс шаруашылықтары мен фермаларын мамандандыру, шаруашылықтарды пайдалы технологияға ауыстыруды, құсты инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал - жабдықтары бар құсханалардың жаңа түрін салу, құсты және құс клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау, құсты клеткалық батареяда ұстағандағы сұрыптау және өңдіру жұмыстарын ұйымдастыру. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Балапан торғай

Қолында аша ағашы бар сұр кепкалы бала жақындай түссе де, балапан торғай бейқам отыра берді. Тек аяғының дәл астындағы шарбақ ағаш сақ ете түскенде, ол селт етіп, шошып қалды. Жантас екінші рет атып үлгіргенше, балапан торғай жөндалбаса ұша жөнелді.

Балапан торғай алыс шырқап ұша алмайтын еді. Кешенің ар жақ бетіндегі бір шоқ талға талып, әрең жетіп қонды. Жүрен кеудесіне сыймай дүрс-дүрс соқты.

Әккі Жантас ентелеп тағы жетті. Рогаткасын жүгіріп келе жатқан бойда оқтап алды да, қалт тұра қалып және атты. Тас бұл жолы зу етіп, балапанның төбесін жалап кетті. Ол көзін жыпылық еткізіп, бұға қалды.

Балапан торғай ұша жөнелді...

Жантас балапан торғайдың қыр соңынан қалмады, ауылды шыр айналдырып қуа берді. Өкпесі өшіп, әлсіреген балапанда көтеріліп ұшуға енді хал де қалмады.

Үрейі ұшқан балапан жүнін үрпитіп, дуалға жабыса түсті. Әлсіз аяқтары сырғанақтап, сүріне құлап «Аяшы!» Атпашы!» деп жалынғандай шыр-шыр етті. Бірақ без бүйрек Жантас оған құлақ аспады. Қол созым жерде тұрып атқылай бастады.

Кенет Жантастың арт жағынан:

— Әй, о немене? — деген дауыс саңқ ете қалды. Жалт қараса, Қожа жүгіріп келеді екен. Жантас балапанды тездетіп тағы бір атып жіберді. Егер осы атқаны да тимесе, онда бас салып, Қожадан бұрын оны ұстап алмақ......
Әңгімелер
Толық

Бүркіттің балапаны

Ертеде бір асқан мерген болыпты. Атқан оғынан жүгірген аң, ұшқан құс құтылмайды екен. Аңшы үстіне өзі атқан аңдардың терісін жамылып жүріпті. Сондықтан өзінің түр-түсі де алыстан қарағанда аң сияқты боп көрінеді екен.
Бір күні мерген биік тауды сағалап келе жатса, иір мүйізі шаңырақтай иіліп, қожыр-қожыр жартастың үстінде тұрған құлжаға көзі түседі. Басқа арқарлар арғы беттегі шалғында жайылып жүреді. Мерген құлжаны атпақ болып, бір жалпақ тастың үстіне шығып, садағын кезей бергенде, өзін бір алып құс аспанға көтеріп ала жөнеледі. Мерген не де болса қапы қалмайын деп, алысып бағады. Бірақ қанша бұлқынса да онысынан ешбір пайда болмайды. Құрсаудай бүрген шымыр шеңгел қаңбақтай домалатып, қалықтап кете барады.......
Ертегілер
Толық

Көк кептер балапаны

Бір көк кептер ұяға екі балапан салыпты, бұл екі балапан қанат, құйрығы жетіліп, ұшар мезгілі келгенде, біреуі-біреуіне айтыпты:

– Әй, шырақ, енді біздің қанат, құйрығымыз жетілді, ұшып дүниені кезіп, сауық қылып келелік, – дейді. Сонда біреуі (інісі):

– Қой, аға, тамашаны, сауықты қоялық, әркімнің үйренген жері жақсы, ешқайда кетпей-ақ қоялық, – депті. Ағасы:

– Жоқ, сен бармайтын......
Ертегілер
Толық

Әбділда Тәжібаев (Балапандар жыры)

Қақтық қанат балапандай
Жасыл дала көк торғында.
Қызыл шешек дамыл алмай
Қол бұлғайды кел деп мұнда,
Қақтық қанат балапандай
Гүлден гүлге, нұрдан нұрға.
Әнші бұлбұл дамыл......
Өлеңдер
Толық