Сатиралық ертегі: Көлдің күйгенін көрген адам

Бір күні бір жаққа барам деп, атқа мініп, ен далада жалғыз өзім келе жатыр едім, бір мезгілде бір нәрсе, «Бақ» еткендей дыбыс естілді. Жан-жағыма қарадым, еш нәрсе көрінбеді. Тағы жүріп келем, тағы «Бақ» етті. Қарадым, дәнеме жоқ. Және жүріп келем, тағы «Бақ» етті. Тоқтап тұрып, бұл немене, анықтап байқайын деп, жан-жағыма айнала қарадым. Еш нәрсе көрінбеді, сонан соң ойладым – құстың дауысы ма деп жоғары, аспанға қарасам, жүк артып, тізілген түйе көшкен ел, үй, Алла-ай, аспанмен ел көшеді екен-ау, – деп ойлап, ауған жүкті әлді өңкей бозбалалар түзетем деп, басқанына «Бақ» еткен түйенің дауысы екен. Сонда білдім – тағы ойладым: әкем айтып отырушы еді-ау, әуеде өзіміздей ел болады деп. Сонда әкеме осы кәрі кісі не боса, соны айтады, басып жүретін жері жоқ, қалай жүре алады деп, нанбаушы едім. Ел болатыны шын екен ғой деп келемін.......
Ертегілер
Толық

Дұрыс шешім – үлкен өмірге нақты қадам

Әрбір адам қандай да бір іс үшін дүниеге келеді. Олай дейтін себебім, кез-келген пенде армандап, өз мақсаттарын құра алғанда ғана адам болып саналады. Ендеше, қабылданған дұрыс шешімдер – адамның бүкіл өмірінің алғышарты, іргетасы және болашағының нұсқаушысы.

Адам – қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Яғни, қоғамның дамуы адамға тікелей байланысты. Ал, әрбір адам өзінің өмір сүріп отырған қоғамына, бір пайдасын тигізіп, оны дамытуға міндетті болып табылады. Сондықтан, адам өз жолын дұрыс таңдай білуі қажет. Себебі, кез-келген адамның өз ұстанымы, таңдауы – өмірлік жемісі әрі еліне қосқан үлесі. Бірақ, адам өзінің икемділігіне, қабілеттілігіне қарай өмір сүруі тиіс. Егер, өмірлік ұстаным адам жанына жақын болмаса, одан еш пайда шықпайды. Өз қалауымен еңбектеніп, өз ортасын таба алған адам ғана, жанына қуаныш сыйлай алады. Оған дәлел, Әл-Фараби атамыз: «Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз, даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз», - деп, адамның өз ортасындағы бедел биігі мен қалаған ісіне деген сүйіспеншілігі, ынтасы болса, аз уақыттың ішінде заманның бірден – бір бақуатты әрі бақытты кісісі болатынын айтқысы келді. Сол себепті, дұрыс шешім қабылдап, өзіне не керек екендігін таңдай білген адам ғана саналы ғұмыр иесі әрі нағыз адам болып саналады. Кімде – кім бала кезінен дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдау өмірдің сара жолы екенін білсе, сол адам ештеңеден тайсалмай, қаһармандық жасауға қабілетті деп ойлаймын. Олай дейтін себебім, біздің ауылда жұмыссыз екі қолын қоярға жер таппай жүрген кісілер баршылық.......
Эсселер
Толық

Адам

Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер.

Мақал-мәтелдер
Толық

Құқық | Қоғам құқық және жеке адам


Адам құқының даму эволюциясы мемлекет және құқықтың пайда болуымен бірге дамып, сапалы құндылықтар деңгейіне көтерілді. Уақыт адам құқықтарының асқақтауына, тиімді қорғалуына өзінің ықпалын тигізуде. Олай дейтін себебіміз адамзат тарихы, оның прогрессивтік саяси-құқықтық идеялары адам құқықтары қай заманда болмасын қастерлеу қажеттілігін үлкен, маңызы зор проблема етіп ұсынады. Себебі адам жаратылыстың ең саналы, ең нәзік, ең күшті ажырамас бөлігі. Сондықтан адам құқықтарын қорғаудан, асқақтатудан, аяққа таптаудан адамзат өркениетінің қандай бағытта дамитынын болжауға болады.
Құл иеленуші мемлекеттерде адам құқықтары ашық, заң жүзінде теңсіздік аясында қалыптасып, құл иеленушілердің құлдар құқықтарын аяққа таптауға, басып-жаншуға тікелей жол ашты. Құлдар заң нормаларында құқықтың субъектісі емес, объектісі, яғни зат, мүлік ретінде танылды.
Рим заңгерлері «Құл сөйлейтін құрал» деген қағиданы өмірдің барлық саласында қолданды. Теңсіздік, құл болу туа біткен қасиет ретінде танылды.
Феодалдық мемлекеттерде адам құқықтары басқаша көзқараспен бағаланды. Құл иеленуші мемлекеттердегі адам құқықтарының жағдайларына қарағанда біршама прогресс болғанымен феодалдардың шаруаларға деген үстемдігі олардың құқықтарын аяққа таптаулары басқа сипатқа ұласты. Феодализм қалыптастырған құқық жүйе король, дворян, герцог, князь сияқты аз ғана топтардың құқықтарын асқақтатты, шаруалар тек сол феодал¬дардың қол астындағы адамдары болып саналды. Феодалдық құқық «жұдырық құқы», күштілердің ашық түрде теңсіздікті мойындатуы.
Адам құқықтарының теңдіқ идеясына көтерілуі буржуазиялық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты. Буржуазия идеологтері абсолюттік монархияда аяққа тапталған адам құқық¬тарын асқақтатып, теңдік, бостандық идеясын адам құқықтарының іргетасы ретінде жариялады.
Буржуазиялық қатынастар дамып келе жатқан Англияда 1679 жылы «Хабеас корпус акт», «Құқық туралы билль» (1688) сияқ¬ты құқықтық құжаттарда адам құқықтары теңдік мағанада мойындады. Кейінірек, АҚШ-тың (1787) және Ұлы француз революциясының «Адам және азамат құқықтары декларациясында» (1789) асқан даналықпен адам құқықтарын туа біткен, ен қастері құндылық ретінде жариялады, «адам» және «азамат» ұғымдары енгізілді. «Барлық адамдар туғаннан еркін және тең құқылы. Қоғамдық айырмашылықтар жалпы пайда негізінде болады», — деп атап көрсетілді декларацияда. ....
Рефераттар
Толық

МӘҢГІ ӨМІР СҮРУГЕ ҚАДАМ

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен қалалық балалар емханасында «Ана, әке және мен – салауатты жанұя!» мәдени шарасы 1 маусым балаларды қорғау күніне арналып, медицина қызметкерлері балалары және емханаға қаралуға келген балалардың қатысуымен өткізілді.
Шараның мақсаты: ата-ананың өз баласын тәрбиелеудегі салауаттылықтың орын алуы, өмірге деген көзқарастың мәдениетін қалыптастыру, салауаттылық арқылы денсаулықты сақтау, күшейту.
Ата-ана мен балалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасты жетілдіру. Бұл шараға балалар ата-аналарымен бірге қатысты.
«Ақбота» балалар үйінің балалары өздерінің дайындаған концерттік бағдарламасымен салауаттылық пен денсаулықты сақтауға бағытталған К.Чуковскийдің «Мойдодырь» ертегісінен көрініс көрсетілді.
Қатысқан ата-аналар мен балаларға ақпараттық-оқыту материалдары таратылып, сыйлықтар ұсынылды. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Жеке адам туралы тусінік

Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлын морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі,сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды; бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы-мұның бәрі мидың дамуына алып келеді. Адамның морфологиясыныц өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, коллективтік өмір сүруінің материалдың бірлігі, негізі десе де болады.
Адам биоәлеументтіктің бірлігі ретінде туады.Демек ол дүниеге келгенде толық қалыптасқаан анатомия-физиялогиялық жүйе түрінде келмейді; ол әлеуметтік жағдай барысында қалыптасады.
Сонымен,адам дегеніміз биологиялық,психикалық және әлеуметтік сапалардыың біртұтас бірлігі болып табылады. Олар екі қасиеттен: табиғи және әлеументтік, тұқымқуалаушылық және өмірде меңгерілетін қасиеттерден қалыптасады. Алайда жеке адам биологиялық, психикалық және әлеуметтік жақтардың жасай арфиметикалық қосындысы емес,олардың табиғи бірлігі екенін білу керек.
Қоғамдық ғылымдардың да,сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, «жеке адам» , «даралық» түсініктері кеңінеп қолданылады.Соның өзінде олар ие бір мағынада алынады да, не бір-біріне қарама-қарсы қойылады.Мұның алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір .
Адам туралы түсінік түпкі және тектік, бастапқы түсінік «адам» болуға тиіс. Адам-бұл, ең алдымен,Нomo Sapuens түріндегі сүтқоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі.Басқа жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар,ягни ол сыртқы ортаның мәнін де,өз жаратылысын да танып біледі және осыған орай парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды.Адам биологияльқ тек ретінде негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылатын.....
Курстық жұмыстар
Толық

Нұрбол Бимұрзаев | Идеалдар және адам

Идеал – соған қарай ұмтылатын, сол бағытта еңбек ететін, жетуді қалайтын үлкен мақсат, мұрат деген мағыналарды білдіретін ұғым. Күніміздегі керіде қалған қоғамдардың ең үлкен кемшілігі идеалсыздық. Адам мен қоғам идеалдарымен ерекшеленеді. Идеалдар адам өмірінде әрі мақсат, әрі дамуы үшін қозғаушы күш есебінде. Мақсаты белгілі болмаған қоғам кері қалуға бейім болмақ. 10 жыл ілгерісін жоспарламаған ел тоқыраудың, бодандыққа ұшыраудың алдын алмаған болады. Ал мұндай кесапат жағдайдан құтылу үшін не істеу керек? Ұлттық құндылықтарына бекем, тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, отанын сүйетін, іші де бүтін, сырты да бүтін қоғам болуға ұмтылу керек. Адамдарға өмірдегі рөлдерін және жауапкершіліктерін үйрету, саулықты сана қалыптастыру керек. Санасыз адамның идеалы сапасыз болары анық. Кім екендігін, қайда, қашан және қандай ахуалда екендігін білмейтін адам келешегі үшін мақсат белгілей ала ма? Әрине жоқ. Алдымен өз мүмкіндіктерімізді, сипаттарымызды және ахуалымызды бағалауымыз керек. Қолдағы мүмкіндіктеріміз қандай, не істей аламыз дегендей пайда мен зиян есеп-қисаптарын қалыптастыру керек. Кейін аяғымызды жерге бекем басып, мақсатымызға қарай бағыт аламыз.

Дамыған мәдениеттердің 20-30 тіпті 100 жылдық ұзақ мерзімді жоспарлары, мақсаттары, идеалдары бар. Және бұл идеалдар өз мүмкіндіктері мен шектеулеріне қарай даярланады. Шектеудің мөлшері болуы тиіс. 7 жастағы балаға тригонометрия үйретілмейтіні секілді, 18 жастағы студентке рационал сандары түсіндіру орынсыз болады. Потенцияалымызды кинетикаға айналдыру тұрғысында жетістікке жеткен сайын кейінгі мақсатымыз потенциалымызды арттыру, идеалдарымызды және мәдениетімізді үлкейту болады. Ал потенциалымызды арттыру үрдісі қалай болмақ? Еңбектеген сәбиді мысалға алайық, біршама уақыт бір қалыпта еңбектеп, уақыты келгенде аяққа тұруды тәжірбие етіп, жүруді үйренеді. Міне осындай сәтте сәбидің мысалындай потенциалымызды арттырамыз. 0-100 дәрежедегі су сияқты, 100 дәрежеге жеткенімізде бұрқырап қайнаймыз. Атқарылатын әдіс қарапайым. Еңбекқор боламыз. Оқимыз, оқыған сайын жазамыз. Аламыз, алған сайын сатамыз. Бірлік, ынтымақ ішінде әрекет етеміз. Сондай сәт келеді, он жыл бұрын 100 зиялысы бар аймақта мыңдаған зиялылар шығып потенциалды арттыру әрекетіміз, сәбидің жүруі, судың қайнауы секілді көрініс табады.

Адам тұрақты түрде дамуға, өзгеруге, ашық жаратылған болмыс. Жер беті адамның табиғатын жақсы білетін жаман ниетті империялисттерге толы. Идеалист болмастан жетістікке жете алған бірде-бір көзқарас, доктрина жоқ. Біздің білуіміз және орындауымыз қажетті нәрсе идиалдарымызды ұлттық санада қалыптастыру және шетелдік азғындықтарға еліктемеу. Жоғарыда атап өткеніміздей кім екенімізді, қайда, қашан және қандай ахуалда екенімізді біле отырып ұлттық және тарихи санада әрекет етуіміз қажет. Біз кімбіз? Біз тамыры мұсылмандық және түркілікпен ұштасқан 21 ғасырдың жастарымыз. Мақсаттарымыз, кім екенімізге қарай пішін алады. Көпшілігіміз түп тамырынан ажыраған, бытыраңқы халдеміз. Сыртымыз жылтырағанымен, ішкі дүниеміз ұлттық руханиятымыздан ажырап, әр түрлі бұзық пікірлердің шырмауына түсіп, батыстың азғын әдеттерін сіңірген халде және уақыттамыз. Не істеуіміз керек? Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста демекші, бәріміз жеке өзімізді білімді, еңбекқор, ұлттық саналы жеке тұлға ретінде жетілдіруіміз қажет. Мақаламызды елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен түйіндейік:

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»

.....
Әңгімелер
Толық

Мұқан Иманжанов | Адам туралы аңыз

«Адам — ардақты ат».

Максим Горький

1

— Шіркін, мен ақын болсам! Адам жанын, адам жүрегін, адамның ұлылығын терең сезімді тербете жырлар едім, достым! Адам бойындағы ерлік пен ізгілікті мадақтауға не жетеді!

— Біз сені үй салуды ғана үйренген қарапайым инженер ме десек, өзің үлкен романтик екенсің ғой, Бәкен,— деді құрылыс бастығы Петров, өткір қара көзімен алысты шолып, тотыққан қара торы бетінде қанатты ойдың елесі ойнаған жас инженерді арқаға қағып.

— Қалжың өз алдына, Николай Иванович. Көз салыңызшы төңірекке. Зәулім үй, сәулетті қала алақаныңыздың аясында тұрған жоқ па! Осыдан екі жыл бұрын сіз бен біз қайда кездесіп едік. Есіңізде ме, бірінші рет қол алысып төңірекке көз салғанда, қаусаған қаланы, бұзылған үйлерді, жалын жалап кеткен құр қабырғаларды көрмеп пе едік. Менің бір жолдасым: «Біздің еліміз ерлердің елі, әр күніміз — ұлы жорық» деуші еді. Өмірдегі қарапайым адамдардың ерлік ісін көргенде, осы сөз есіме түседі. Біздің өмірдің әр минутты бір дастан сияқты. Мынау үйдің әр кірпішінде дауыстап айтылмаған терең сыр жатқандай көрінеді маған... .....
Әңгімелер
Толық