Әдебиет | ҒАБИДЕН МҰСТАФИН

Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше – ертеңгіні жаздым. Жазушы, алдымен, өз дәуірінің жаршысы. Мен өз бойымдағы бүкіл дарыным мен күш-қуатымды… халық мүддесіне қалтқысыз, алаңсыз бағыштаған жазушымын. Менің творчествомның өзегі, арқауы, негізі жаңа заман, жаңа адам.

Ғабиден Мұстафин.
Ғабиден Мұстафин мұрасы - 20-40 жылдардағы Қазақстанның көркемдік шежіресі. Жазушы шығармаларынан ескен шындық - дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын көресіз. Ғабиден Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады. Олар жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел- жұртының арман-тілегі, мүдде-мақсатының орындалуына аянбай ат салысты – азаматтық тұғырдан түспеді. Өз заманымен тығыз байланысып, күш-қуатын уақыт алдындағы борышты өтеуге арнау, өз замандасына аянбай қызмет ету, еңбек адамының ой-арманын, баянды ісін мадақтай жырлау, белсенді кұрескер биігінен таймау -- Ғабиден Мұстафиннің рухани келбеті.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Ахмет Яссауи

Ахмет Яссауи- түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнекті ақыны, есімі ислам әлеміне машһур болған ойшыл қайраткері. Ол мұсылман қауымының дәстүрлі қағидаларын жырлаған сопылық әдебиеттің түркі халықтары арасындағы мейлінше танымал, ірі өкілдерінің бірі болды. Ахмет Яссауи кезінде “жахрия” (экстаз) немесе “Яссауия” деп аталып кеткен сопылық-мистикалық ағымның негізін қалады.
Ахмет Яссауи Испиджаб (Сайрам) қаласында туылған. Ақынның туылған жылы белгісіз, ал 1166 жылы қайтыс болған. Ер жете келе Түркістан (ол кезінде Яссы деп аталған) қаласына келіп тұрады. Сол кезде атақты Арыстан Баб және Жүсүп Хамадани деген шайықтардан тәлім-тәрбие алған. Бұхарада оқыған. Сосын оқымысты адам, сопы ретінде Яссы қаласына қайтып келеді.
“Диуани хикмат” ( “Даналық кітабы” ) – түркі тілді халықтардың ХІІ ғасырдан сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады. Бұл өлеңдер жинағы қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені Яссауи хикматтарының тілін ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті совет ғалымы А.Қ.Боровковтың пікірі бойынша “Даналық кітабы” оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған. Ақын Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі ұлан-ғайыр өлкеде көшіп-қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті болатындай ауыз-екі сөйлеу тілінде жырлағаны дау тудырмайды. Бірақ бертін келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін қосып жіберген сияқты.
Бұл өлеңдер жинағының алғашқы түп нұсқасы сақталмаған. Ең ескі
нұсқасы XV -ғасырдың орта кезінде араб емлесімен көшірілген. “Даналық кітабы” Қазан (1887 және 1901 ж.), Стамбул ( 1901 ж.), Ташкент (1902 және 1911 ж.) баспаларынан бірнеше рет жеке-жеке кітап болып басылып шығады.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Ахмет Жұбанов

Aлпысыншы жылдарғы Алматы. Жасыл мәуеге малынған маужыр қала. Соғыс кезінде азды кем тұрып, дәмін татып, көзі жұмылғанша тамсана мадақтап өткен ақын Владимир Луговской тауып айтқандай – “Город вещих снов”. Жайраңдаған жайдарман ортадағы жадыра думаннан соң жайлы төсекте жатып, таң алдында тамсана көрген тамаша түстей жайсаң шаһар. Күн сайын түс ауа ағыл-тегіл құйып өтетін ақ нөсерден кейін күміс бауыр жапырақтарын жарқ-жұрқ жалтылдатып, жамыраса сыбдырласқан ақ балтыр қайыңдар арасында мың сан періште бір-бірімен үздіге сыбырласып тұрғандай. Мұзарт құздардан мөлтеңдей құлап, көше сайын мөлдірей шапқыласқан меруерт моншақ тау суын жағалап, қырық сан қызыр серуендеп жүргендей. Аттаған сайын амалсыз кідіріп, бас киіміңді қалай жұ­лып алғаныңды білмейсің. Өйткені, қарсы алдыңнан ол кездегі исі қазақтың бәрі де: “Шіркін-ай, бір көрсем-ау?” – деп жүретін аты әйгілілердің біреуімен қалай да ұшырасып қаласың.

Ол кездегі сондай жаппай аңсарымызды аударатын жайсаңдарымыздың бірі Ахмет Қуанұлы Жұбанов еді. Көзқарақты қазақтың қай-қайсысы да ғылым десе – Қаныш Сәтбаевты, әдебиет десе – Мұхтар Әуезовті, батырлық десе — Бауыржан Момышұлын еске алатын. Ал саз өнері дегенде көз алдына төбесіндегі туырылып тұрған тұнық ауада әуелей самғап жүрген әдемі әуенді қармап алғысы келгендей, салалы саусақтарының арасындағы ақ сүйір сиқыр таяқшасын ойнақшыта сермелеп, көк бурыл бұйра шашы желді күнгі толқындай дудырап Ахаң, Ахмет Жұбанов, тұра қалатын. Ол лекция оқиды, дирижерлік етеді дейтін жерге тайлы-таяғымыз қалмай тегіс ағылатынбыз. Қырау көмген қылаң шашына лайық киім киісі, тіп-тік еңсесі мен шалқақ басына лайық жүріс-тұрысы, кеңірдегіне күш салмай, естір құлаққа ғана еншілеп, ерінінің ұшымен емескілеу тіл қататын биязы дауысы – бәрі-бәрі терең парасат пен биік талғамнан тағылым танытқандай. Қол созым жерде тұрып, ұшар шыңның басынан тіл қатқандай. Көз жетпестей алыс, қол жетпестей биік көрінетін. Сондай қиялыңмен ғана аймалай алатындай арман тұлғамен көзі мен көзің, сөзі мен сөзің тоғысатындай жерден бетпе-бет жүздесіп, емен-жарқын тілдесе қоямын деп кім ойлаған?!.

Қайран жастық албырттық-ай! Өз жүрегің өз кеудеңе симай, өрекписің де жүресің. Қараптан қарап тілің қышиды. Дүниенің барлық кетік-кемшіні баяғыдан бері сені күтіп жатқандай. Сен айтсаң, бәрі де өзгеріліп, жөнге басып кете қоятындай. Университет бітірмей жатып, “Қазақ әдебиетінде” қазақ фильмдерін сынап “Ниет пен нәтиже” дейтін мақала жазып киногерлерді, “Лениншіл жаста” Алматы архитектурасын сынап “Телмірген терезелер, қағанақ қабырғалар” деген мақала жариялатып, сәулетшілерді бөрі тигендей бөрліктіріп дәндеп алған басым “Күйдің де күйін ойлайық!” деп дабыл қағайын. Редакция телефондары тағы да безгек тигендей безілдей жөнелсін... Біреуін көтеріп қалып ем, көзім атыздай болды: “Бұл — “Лениншіл жас па? “Иә”. “Әбіш бар ма екен?” “Тыңдап тұр”. “Бұл — Ахмет Жұбанов қой”. “Саламатсыз ба, Ахмет Қуанұлы?!” “Қалқам, мақалаңды оқып жатырмыз. Кафедра отырысында талқыламақпыз. Ертең сағат он бірде, консерваторияда. Қолыңыз тисе, қатысқаныңызды қалаймыз”. Мә, саған безгелдек! Қуанғанымды да, қобалжығанымды да білмеймін.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ТІЛШІ

ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптеген көшіп келуі жергілікті халықтың тілін, мәдениетін елдігін сақтап қалу мәселесін күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та құриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді қолға алу керек деп ойлайды Ахмет.Осы ойын іске асыруға кіріседі. Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастайды. Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұратын болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын , олардың қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем алады.Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері- Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерің айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі әсерін тигізеді.
Ағартушылық жолға түсіп, «қайтсем,халқыма пайдамды тигізем, қалай көзім ашам, ұйқысынан қалай оятам» деген мақсат Ахметті әдебиетке алып келеді. Ол әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен өлеңдер шығарады, И.А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте күрделі, әрі өнімді болған. Оның қоғамдық ой-пікірлері 1913 жылы 2-ші ақпанда шыға бастады, өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінде жариялана бастайды. Ол «Қазақ» газетінде патша үкіметі орындарынын құлағына жақпайтын мақалалар да жариялап отырған. Ол үшін талай рет ақшалай айып салынып, Ахмет түрмеге жабылған. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Аркадий Гайдардың шығармашылығы

Курск облысының Льгов қалашығында 1904 жылдың 9 қаңтарында Аркадий Голиков – яғни, болашақ жазушы Аркадий Петрович Гайдар дүниеге келген. Гайдардың әкесі Петр Исидорович халық мұғалімі болған. Льговта сол шақта қант рафинадының зауыты жұмыс істеген. Осы зауыт жұмысшыларына арналып кішкене мектеп салынған. Петр Исидорович сол мектепте қызмет атқарған. Аркадий және оның қарындастарының балалық шағы осы қант зауытының айналасында өтті.
Жазушының анасы, Наталья Аркадьевна, офицер қызы болған. Ол отбасынан жақсы тәрбие алып, Киев гимназиясын жақсыға тәмамдаған.
Үленген күндерінің алғашқы жылдары анасы Наталья Аркадьевна Петр Исидорович қызмет еткен мектепте дәріс берген. Ол ерте кезден балаларына өлеңдер оқып, ауыз әдебиетінен хабардар қылған.
Әкесінің алдында жазушы оқу сауатын өте ерте ашқандығымен қарыздар.
Кітаптар Аркадийдің алдында ол білмеген ғажайып әлемді ашты. Кітап арқылы ол ешқашан қыс болмайтын жерлер, шексіз мұхиттар туралы танып білді. 1913 жылы Аркадий тоғыз жасқа толғанда оны дайындық училищесіне оқуға берген. Ар бір жыл өткен соң Арзамдық реальныйға берген. Сол жылы бірінші дүниежүзілік соғыс басталды.
Алғашқы күндері-ақ Аркадийдің әкесін соғысқа әкеткен. Бірақ майданнан, әкесінен хаттар келіп тұрды.
Соғыс басталғаннан кейін оқу барысы біраз бәсеңдеді. Бірақ оның ең сүйікті оқытушысы Николай Николаевич Соколов (лақап аты - Галка) болған. Соколов қала бойынша ең сауатты кісі болып, көп саяхаттап, бірнеше тіл білген. Аркадийдің мектептегі өлеңмен жазған шығармасын оқып, оның нашар жазылғанын байқаса да Голиковты үйіне шақырып, өз кітапханасын пайдалануға рұқсат беріп, оқыған шағырмаларды талқылағанды, әңгімелегенді сүйген. Голиковтың 4-сыныптағы күнделігінен сүйікті авторларының тізімін көріге болады. Мұнда Пушкин, Гоголь, Толстой, Гончаров, Писарев, Шекспир, Жюль Верн, Марк Твен, т.б. бар.
Соколовтың секіріңкіреп жүретін жүрісінен балалар оны ойнап, Галка деп атап кеткендігінен Николай Николаевич өзінің «Мектеп» повесінде Гайдар болып аталады.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Ата бабаларымыздан қалған асыл қазына

Қазақ тарихының , қазақ жазба тарихының түп тамыры қадым замандарға барып тіреледі. Дәуіріне сай дамыған мәдениеті , төл жазуы болған бабаларымыз ілкі орта ғасырлардың өзінде мәнгі өлмес мұралар жасады. Оған мысал бола алатын «Орхон-Енисей жазбалары». Ғылымда «Орхон-Енисей жазулары» аталатын , түркі тайпаларының байырғы қоныс мекендерінде көне руна жазуымен тасқа қашалып қалдырылған бұл тамаша ескерткіштер қазір адамзат мәдениетінің даму тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі саналады. Сонымен қатар сол заманнан бүгінге шейін көптеген ескерткіштер , кесенелер , құлпытастар , зираттар, тенгелер және тағы сол сияқты материялдық мәдениеттер белгілі.Осындай ғажайып мұраның аркасында біз өз тарихымызды , тегімізді біліп отырмыз.

Қазақ халқы мәдениетінің тарихи тамыры өте тереңде. Ортағасырлық Қазақстан аумағын аралаған әр түрлі елдер саяхатшылары түрік, қытай, араб, парсы, грек тілдерінде тарихи және географиялық деректер жазып қалдырған. Ортағасырлық Тараз, Талхиз, Отырар, Кедер, Құлан, Жамукент қалаларын, Бөріжар, Бобров, Зевакин қорғандарын қазғанда көптеген бағалы археологиялық олжалар табылды. Осынау жазба және заттай деректер орта ғасырлардағы Қазақстан халқының экономикалық және мәдени тұрмыс-тіршілігіне шолу жасауға мүмкіндік береді. Орта ғасырларда Қазақстанда отырықшы, қалалық, көшпелі және далалық мәдениет өркендеді.
Қазақстан аумағында құрылған Батыс Түрік қағанаты, одан кейінгі Түркеш және Қарлұқ, Оғыз мемлекеттері, кейінгі Қарахандықтар иелігі әр түрлі этностық салт - дәстүрлерімен ортақ мәдениетке өз үлесін қосты. Көшпелі және отырықшы ел өмірін зерттеу мәдениетті өзара байланыста және бірін-бірі байыта отырып дамыту, дүниежүзілік прогрестің басты бағыты екенін көрсетті. Жалпы көшпенділер әлемі әр түрлі сипатта болғанымен де оны біріктіретін нәрсе мәдениет пен шаруашылықты жүргізудің ортақ тұрпаттылығы. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | АРЫС ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ҚАЛАСЫ

Осынау атаның жырын, ананың әлдиін ұрпақтан ұрпаққа аманаттып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан Обласаның батысында, ұзіндіғі Шымкенттен Қызылдың Құмына дейінгі, ені Қаратаудан Сарыағашқа дейінгі құс қанаты талатын байтақ атапты кезінде Арыс ауданы бауырына басып жатқанын екінің бірі, әсіресе жастар жағы біле бермейді. Тқос дария – Арыс пен Сыр ананың тел емген қабырғалы қалың тағдыры қазақ деген көне де жаңа жұрттың тағдыры мен қамшы таспасындай өзектес.
Арыстықтар ежелден қалыптасып бүгінге жалғасқан және ертеңге ұласатын ата-бабалар мен аға үрпақтың елдік, еңбек және ерлік дәстүрлеріне адалдық таныта отырып, мақтана да біледі.
Арыстықтар ұлтымыз үшін қасиетті де киелі. «Арыс» атты кұтты мекенде өмір сүргендерін, өмір сүріп жатқандарын және жақын-алыс болашақтарда да өмір сүре беретіндерін мақтаныш етеді.
Арыс стансасы, Арыс темір жол торабы, Арыс қаласы, Арыс ауданы, Арыс өзені, Арыс елі...
Арыстықтар «Ұлтымыз барыс болсын десек, ұл-қызымыз арыс болсын» деп мақалдайды.
Арыс елі қашаннан - намыстың елі.
Арыстықтар еліміз тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден өзінің төл тарихын түгелдеуге кірісті. Бұл бағытта көптеген игі шаралар жүзеге асырылды. Ең алдымен қалалық мұрағат пен қалалық мұражай кұрылып, олардың тарихымызға қатысты материалдар жинақтауына жағдай жасалды. Оның алғашқы қарлығаштары-Арыс қаласы әкімшілігінің демеушілігімен Алматы қаласындағы «Мұраттас» ғылыміл-зерттеу және баға орталығы шығарған «Арыс өңірінің тарихы» (авторы Мәдіахмет Аяпүлы) кітабы мен Арыс қаласының қырық бес жылдығына арналған «Арыс-Орталық Азия қақпасы» атты түрлі-түсті суретті кітапша (авторы Әбдімәлік Ағыбай) болды. Екеуі де 2001 жылы жарық көрді.
Кітаптың алғашқы тарауында Арыс өңірінің, мұның ішінде Арыс ауданының тарихына қысқаша шолу жасағанды мақұл көріп отырмыз. Тарихи деректерге қарағанда, Арыс өңірінде, мұның ішінде Арыс ауданы аумағында патшалық Ресей өкіметінің «Далалық ереже» (1881 жыл) Заңына сәйкес бірнеше болыстық болғаны белгілі....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Арыстанбаб кесенесі

Діни туризм - діни аңыздар бойынша Ахмет Ясауидің алғашқы ұстазы, әулие есімі Отырар, Сайрам, Яссы өңіріндегі сопылардың және сонымен қатар Отырар өңіріндегі әулиеге Орта Азиялық елдерден және тағы басқа ұлттардан саяхатқа, мәдени орындарға келеді. Бұл әулиеге келушілер зиярат етушілер бейсенбі сайын Арыстанбаб қонақ үйіне түнеп ғибадат етеді.
Сопылық ілімнің аса көрнекті өкілдерінің бірі С.Бақырғани: «Бабтардың бабы Қорасанда, сансыз бабтар Үндістанда, бабтардың бас-баба Арыслан» деп жырлаған.
Қазақ бақсылары да: «Түркістан түмен баб, сіздерден медет тілеймін, Сайрамдағы сансыз баб, Отырардағы отыз баб, ең үлкені - Арыстанбаб, сіздерден медет тілеймін» деп әулиелерден демеу сұраған.
«Арыстанбаб» - орталық мешіт болған. Мұсылмандардың аллаға ғибадат етуіне арналған ғимарат. Бұл ғимаратқа басқа да ұлт өкілдері және Орта Азия елдерінен саяхаттауға туризм орталығын дамытуға зиярет етуге келеді. «Арыстанбаб» мешітінде намаз оқитын зал, ислам тарихы мен өнегесінен дәріс беретін және арабша хат танитын бөлмелер бар. Онда сонымен қатар сүндетке отырғызу, неке қиғызу рәсімдері тағы басқа діни дәстүрлер орындалады.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Арқаның дәстүрлі ән мектебі

Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс-салтымен, наным-сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады. Көне заманнан келе жатқан ән-күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал-мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй,-деген.
Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуанилар, бақсылар, жыршылар, сал-серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той-томалақ, түрлі ойын-сауық отырыстардың көркі болды. Ақын әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый-құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз әңгімеге айналып ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа жетті.
Ән сезімнің кейбір кезеңдерін сыртқа шығару да адамның табиғи құралының бірі болды. Халық әндерінің тартымды келетіні, жүрегіңе қона қалатыны, олардың баста өнер қуу мақсатында шықпай, табиғилық жағының басым болуында. Осы күнге дейін музыкалық тәжірибесі мол құлағымыздың өзі, жаңа шығарманы тыңдап отырғанда, бейтаныс әуен теңізі ішінен халық әнінің тақырыбы естіле қалса біраз уақыттан бері көрмеген, кездеспеген бір досыңның төбесі көрінгендей болады. Өйткені сол ән тақырыбы есіңе сан алуан оқиғаларды түсіреді. Өйткені ол ән көркемөнер жасаймын деген алдын ала сызылған жоспар бойынша шыққан емес, өмірдің, табиғаттың өз туындысы. Халық әндерінің үлкен қазына екендігі де сол қасиетінде, сол әндерде халық өмірінің сәулесі болуында.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Алғашқы шығарылған қазақ газеттерінің тарихы

Кез келген әдебиет бір күннің төңірегінде өрбитін немесе белгілі бір тарихи кезеңнің оқиғасын баяндайтын тар ұғымды дүние емес. Мәдениеті бай елдердің әдебиеті де қаз тұрып, қалыптасқанша қоғамның дамуы секілді толып жатқан өзгерістерді қорытындылай келіп, алдымен өз халқының, кейін жалпы адамзаттың ортақ игілігіне айналды. Бұл заңды құбылыс.
Тамырын тереңнен тартқан тарихымен қоса мәдениеті өркендеген қазақ халқы басында өткерген ұлы оқиғалар мен әлеуметтік жолдарымен ауыз әдебиеті эпостық жырлар, тарихи аңыз әңгімелер арқылы ұрпақтан –ұрпаққа жеткізді. Алғашқы газет журналдар да басылды. Кейінірек осының барлығы кітап болып жарық көрді.
Тарихи-мәдени, әдеби дүниелерін кезінде қағаз бетіне түсіріп отырмаған қазақ халқының тасқа басылып, хатқа түскен ескерткіштерінің ішіндегі революциядан бұрынғы газет -журналдарда басылған нұсқаларының алар орны ерекше. Олардан рухани мұралардың бай көріністерімен қатар туған әдебиетіміздің тарихын жете білуге және оны халық тарихымен біртұтас зерттеумізге де мүмкіндік береді. [3]
Қазақ баспасөзі XIX- ғасырдың екінші жартысында, яғни Қазақстанның Россияға қосылуының нәтижесінде пайда болды. Оның даму тарихы әлі толық зерттеліп, бір жүйеге келтірілген жоқ. [9]
Бұл саладағы ең алғашқы сөз, бізге белгілі дерек бойынша 1925 жылы айтылған екен. Осы жылы жазғы тұрым Ташкентте «Ақжол» газетінің ұйымдастырумен жалпы қазақстандық баспасөз тілшілерінің съезі өткізілген. Съезде Байтасұлы «Қазақ баспасөзінің тарихы туралы» деген тақырыпта баяндама жасаған. ....
Рефераттар
Толық