Әдебиет | Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу

Адамның ішкі әлемінің рахаты мен тыныштығы, былайша айтқанда, жан сақтауы өте-мөте әділет сезіміне тәуелді. Соның айғағы - әділеттілікті жанындай көріп аңсамайтын адам, көксемейтін халық болмайды. Оның осынау шоқтығын, қастерлі биігін ғұлама Шәкәрім былайша өрнектейді:
Нысап пен мейірім, әділетті,
Жаныңдай көріп жан сақта.
Ол жолда өлсек, неміз кетті,
Мақсұтқа жетпей қалсақ та.
(«Анадан алғаш туғанымда», 1929).
Әділет – қиянаттың дұшпаны. Олардың арасында өтетін талас-тартыс күллі адамзат көшінің тағдырына, тарихы мен мәдениетіне сәулесін түсіреді және небір ғажайып шедевр, классикалық туындыны дүниеге әкеледі. Күллі көркем әдебиет классиктері шығармашылығының алтын өзегі - әділет пен қиянаттың мәңгі айқасы, бітіспес майданы. Көркем әдебиеттегі деймін-ау, күнделікті өмірдегі шындық өзегі де осы тартыс емес пе.
Сонымен, әділет - жан сақтау құралының бірі, қастерлі категория. Бірақ әділеттілік туралы басқадай не білеміз, ол жайлы біліміміз толық па?
Сірә да жоқ, қазақ философиясы тұра тұрсын, әлемдік философия тарапынан да әділеттілік туралы пайымдар бір ізге түскен емес, яғни өз алдына дербес жүйелі ілім боп қалыптасты деуге әлі күнге ертерек. Себеп - феномен ұғымның күрделі табиғатында және түп тегі - генезисінің тереңдігінде десек қате бола қоймас. Төменде осы күрделі тақырыпты сөз етпекпіз. Ондағы мақсатымыз - жаңағы олқылықтың орнын толтырған данышпан біздің қазақтың Абайы екенін дәйектеуге саяды.
Біреу біледі, біреу білмейді, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңі және 45-ші сөзі хакім Абайдың сарқынды шығармалары. Алдыңғы туындысында данышпан:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп,
Және «Хақ жолы осы» деп әділетті, -
дейді. Ал, соңғыны: «Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі – неше мың жылдан бері... һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат Құдайға лайықты дегендігі» деп бастайды.
Сөйтіп, Абайдың ақтық өсиет-толғаулары қос феномен сезім: махаббат пен әділетке бағытталғанына көз жеткіземіз. Маңызды ерекшелік - хакім Абай махаббат, ғаделетті қосақтап айтады. Мұның сыры неде?
Гәп мынада: махаббат - күллі әлемге нұрын, шуағын төккен қуат, ал әділет - тұтастай ғалам құбылыстарын реттеуші құдірет. Қос феномен қосылғанда ғарыштық күрделі қатынастар ғажайып үйлесімін табады.
Міне хакім Абай махаббат, ғаделетке осы тұрғыдан келіп, жаңа аталған 45-ші қарасөзінде мынадай даналық тұжырымын жасайды: «Бұлардың (махаббат пен әділеттің) керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан Тәңірінің ісі».
«Ол – жаратқан Тәңірінің ісі» деген бір-ақ ауыз тезис бүгінгі біздер үшін аса салмақты. Осылайша Абай бізге он сегіз мың ғаламның махаббат-әділет заңымен басқарылып, реттелетінін ашықтап беріп отыр. Бұл, сөз жоқ, тек әлем ойы алыбының ғана сыбағасы. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Абайдың қара сөздері

Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі-қара сөздері. Абайдың қара сөздері-ұлы ақын сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның 6-7 үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық санына ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлері мен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918ж Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, франсуз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Барлығы 45 сөз және бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылды. «Абайды қара сөздерінің» соңғы нұсқасы Мүрсейіттің 1905, 1907 және 1910 жылдардағы қолжазбалары бойынша жаряланып келеді.
Қара сөздер Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында бұрын кеткен текстегі кемшіліктері түзетіліп, түпнұсқамен дәлдігі мүмкіндігінше қалпына келтірілген.
«Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді.
Өлең өнерін қазақ қара сөз демейді.Қара сөз проза деген мағынада айтылған.
Әдетте, адам ауызекі тілде өлеңді емес қара сөзді қолданады. Абай бұл жөнінде: «Қазаққа қара сөзге дес бермедім » - деп қара сөзді шешендік өнер мәнінде айтқан. Шаршы топқа шығып сөз айту әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Абай осындай ниетпен айтқан сөздерін қағазға жазып қалдырған. Оны өзі бірінші сөзінде былай деп түйіндеген: «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық-әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: Қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екен білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзін де қайранмын...
...Ақыры ойладым..осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, ия оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».
Қара сөз еркін ой білдіру формасы. Сірә, Абай өзінің ақындығының сол заман болсын, кейінгі заман оқырмандары болсын түсінуге қиындығын сезсе керек.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Бөгенбай батыр

Ақшаұлы Бөгенбай (1678-1175) – Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – Орта Жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен. Бөгенбай батырдың даңқты есімі кешелі-бүгінгі қалың қазақ даласын аралап, батырлық пен ерліктің рәмізіндей болып кеткелі қашан...

Батырдың атасы Әлдеуік – қазақтың атақты ханы Есім ханның атақты батырларының бірі болған. Ғұмырының дені атүстінде жортуылмен өткен. Қатағанның Тұрсын ханымен соғыстағы ерен ерлігі үшін оны Түркістанның әмірі етіп тағайындаған. Өз әкесі Әлдеуікұлы Ақша заманында дұшпанына бет қаратпаған айтулы батыр, айбынды қолбасшы сарбаздан тұратын әскерін басқарыпты. Үмбетей жыраудың: «Алатаудай Ақшадан, асып тудың Бөгенбай» деуі де, Ақшаның қандай айбынды батыр болғанын танытып тұрғандай.

Бөгенбай батырды халықтың ерекше ардақтап, ғасырлар бойы есімін аялап, есте сақтап келуі – оның ерлік, әскер басылық қазақ ауылдарына шабуылдап, мазасын алып, әбден титықтатып біткен казак-орыстармен шайқастан басталады. Жиырма сегіз жасында 30 мың қолды бастап барып, казак-орыстардыдүркіретіп қуып, Еділден әрі асырып салады. Осы кезден батап, қашан қазақ жері жоңғарлардан азат етілгенше Бөгенбай батыр аттан түспей, Қабанбай, Олжабай, Жәнібек, Малайсары секілді қазақтың аты шулы батырларымен тізе қосып, ел тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға енеді. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Бөлтірік шешеннің билік сөздері

Бөлтірік Әлменұлы (1771-1853) Жамбыл облысы, Шу ауданына қарасты Шоқпар жерінде дүниеге келген. Бөлтірік шешеннің жетінші бабасы Зорбайдың (лақап аты –Аузыүйген). Атамекені қазіргі жамбыл облысы, Талас ауданындағы Ойық аймағы, Талас өзенінің бойы екен. Оның атамекенінен ауып, Шу бойына келіп қоныс тебуінің өз тарихы бар.
Зорбайдың атасы Ойық үлкен балалары Қызылғұрт пен Кәкшегөзді үйлендірген соң-ақ еншілерін беріп, бөлек үй етіп шығарды. Қартайған шағында Ойықтың қасында кейінгі екі баласы Сәтек пен Зорбай қалады. Сәтек балалы-шағалы, шаруаға мығым екен де, Зорбай төрт ұлдың кішісі болғандықтан шаруаға айналмай, семсерілік жасайды, жүйрік ат, қыран құс, алғыр тазы ұстап, саят құрады. Көзінің тірісінде Ойық Зорбайды үйлендіріп, өзі соның қолында қалып, Сәтекке де еншіні беріп бөлек шығаруды армандайды екен. Бірақ Зорбай әкесінің бұл тілегін орындамай, жиырма беске келгенде жігітшілік құрып жүреді. Сөйтіп жүргенде Ойық дүниеден қайтады. Өлерінің алдында көпті көрген қария балаларын шақырып алып, оларға ата жолымен іс істеп, ата жолыме тіршілік етуді, кенжесі Зорбайды аяқтандырып, ел қатарына қосуды өсиет етеді.
Қызылғұрт, Көкшкгөз, Сәтек үшеуі әкенің аманатын орындап, Зорбайды үйлендіреді, салсерілікті тоқтатады. Ағайынды төртеуі бірігіп, әкелеріне ас беріп, ат шапқызады. Аға балалары Тасжүрек, Қоңыр, Селгетай сияқты бауырлары қолдап, Ойық бабаның аруағына үлкен құрмет көрсетеді. Жиын соңнда Зорбайға ата жолымен әкенің қара шаңырағын өзіне тапсыруды сұрайды. Сәтек бұған көнбейді. Егер ағалары қара шаңырақты Зорбайға алып беретін болса, онда ол өзінің елден де, жерден де кететінін ескертеді.Қара шаңырақты бермейтін болса, Зорбай да ауатынын, елден де, жерден де кететінін айтады. Қызылғұрт пен Кәкшегөз екі інісінің дауын ата жолына салып шешкенде, қара шаңырақты Сәтекте қалдырып, қара қазанды Зорбайға лайық көреді. Бұған көңілі толмаған Зорбай ағаларына өкпелейді де, бір түнде көтеріліп көшіп кетеді. Сол кеткеннен Зорбай Шу бойына келіп бір-ақ тоқтайды. Зорбайдың ұрпақтары үгін де сол Шу, Іле бойын мекендейді.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет| Бауыржан Момышұлы (1910-1982)

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | БЕЙБАРЫС СҰЛТАН

Жамақұлы Бейбарыс (1223-1277) – түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – Хорезм, Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады. Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді. Араб елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын халық романы – «Бейбарыста» оның әкесі Жамақ, шешесі әйек деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, Алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен.

Бейбарыс Дамаскінің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари деген есімге ие болды. Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады. Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи деген есімді және қабылдайды. Ол осында жүргенде крест жорығына қатысушыларға қарсы күресте Египет әскеріне қолбасшылық етеді. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Бейімбет Майлин

Бейімбет – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Хан күйеуі», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл-стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол – көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.
Бейімбет – он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол – ірілі-ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.
Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | БЕСБАЕВ МЕЙРАМБЕК ӘБІЛӘШІМҰЛЫ

Туған жері: Тараз қаласы
Туған күні: 07.11.1976ж.
Отбасы: Анасы Жібек Жолдасова. Екі қарындасы бар – Айнұр, Гүлнұр.
Білімі: Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің Қобыз сыныбын оқып бітірген. 1989 жылы Алматы қаласындағы К.Байсеитова атындағы музыкалық мектебіне ауысты. 1994-98жж. Т.Жүргенов атындағы театр адемиясының «Актер, драма, кино» факультетінен білім алды. Алғаш кэсіби жолы «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметін атқаруымен басталды. 2002-07 жж. Қазақконцертте әнші (солист) болып жұмыс істеген.
Аспабы: Домбыра
Талай арудың «тым болмаса, бір көрсек» деген арманы болған Мейрамбекке бұрылып та қарамайды. Бұл үнемі бикештердің ықыласына бөленіп, назардан тыс қалмаған сері жігітке біртүрлі қызық көрінеді. «Жұрттың бәрі өліп-өшіп жатқанда бұл неге көзінің қиығымен болса да бір қарамайды» деп қатты таң қалады.
Осы оймен бейтаныс аруға жақындап келіп, танысуға ниет білдіреді. Алайда бір-екі ауыз тілдесуден әріге бармаған Мархабат ашылып ештеңе айтпай, өз жөнімен кетіп қалады. Бір көргеннен ғашық болып қалған Мейрамбек «қайтсем де осы қыздан айырылмаймын» деп, оның құрбысынан телефонын әзер сұрап алады.
– Мен өзімді танымайтын, өнерімді емес, азамат ретінде бағалайтын қарапайым жар іздеп жүрген болатынмын. Ойда-жоқта кездестірген қиялдағы қалқаны әрең дегенде кездесуге көндіріп, мейрамханаға шақырдым. Өзімнің өмірі кешігіп жүретін әдетім бар болғандықтан, алдын ала дайындалып, қатты қобалжыдым.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916)

Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.
Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып – анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.
14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құйрығында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.
Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған.
Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ Баян-ауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады.....
Рефераттар
Толық