Мемлекеттік рәміздер

Іс – әрекет бөлімдері
Педагогтің іс – әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту

Арайланып таң атты
Алтын сәуле тартты
Жарқырайды қаламыз
Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң, балар,
Қайырлы таң, қонақтар

Бәрі бірге қайталап амандасады.
Ізденістер.
Ұйымдастыру. 1. Мемлекеттік рәміздердің мән - мағынасын әңгімелеп беру.
Қазақстанның Республикасының рәміздеріне: Ту, Елтаңба, Әнұран жатады
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тудың көгілдір түсті болуы - бұл әлемнің, ашық аспанның түсі......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Дидактикалық ойындар

«Тілдік дидактикалық ойындардың ұйымдастырып өткізудің маңызы»
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алды. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы ұғысады, бірінен - бірі ептілікті үйренеді. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай олардың мінез - құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым - қатынастарымен танысады.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез - келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын – дегеніміз не? Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Жасыл шырша жанында

Мақсаты:
Білімділік: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл - күй ортасын ұйымдастыру.
Дамытушылық: Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру.
Тәрбиелеу: Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.

Балалар көңілді әуен ырғағымен әсем безендірілген залға келіп кіреді.
Жүргізуші:
- Құрметті ата - аналар, балалар және әріптестер! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл сіздерге табыс, молшылық, жақсылық, қуаныш әкелсін!
Тәрбиелеп өсіріп отырған ұл - қыздарыңыздың дені сау, үлкен азамат болып өсе беруіне тілектеспіз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық