Әсел Сәлім | Қолдар тіл қатады

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында сәуір айының 24-ші жұлдызында ашылған «Сезіну тәсілі» деп аталатын 2-ші курс операторланының фотокөрмесінен алған әсер негізінде.

«Қолдар тіл қатады»

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы «Кино және ТВ» факультетінің 2 курс студенті - Моисеева Камиланың «Қолдар тіл қатады» деп аталатын фотосуреттер топтамасынан алған әсерім тамаша. Соншалықты жүрегі сезімтал кіп-кішкентай қыздың туындыларын көріп, ол қозғаған ауқымды тақырыптарды ой елегінен өткізбеу өнерден алыс адамның өзіне қиын болары сөзсіз. Бірақ шығарманы оқуда әркімнің өз деңгейінде сараптайтындығын ескерсек, автордың жеке ойын есту мен үшін қажет дүние болды. Еріксіз Камилаға сұрақтар қойдым. Алған жауабым да тым салмақты болды...

Моисеева Камила: Бірде менен: «неге фотокөрмен қолдар тақырыбына арналған?», деп сұрақ қойды бір жан. Мен ойланбастан «Бұл менің жаныма жақын дене мүшем», деп жауап қаттым. Менің берген жауабымның аясы тар екендігін ішім сезді. .....
Әңгімелер
Толық

Тарих өлмес тірі шежіре

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Механика – математика факультеті

Қошқарбаев Нұрбол

Елемес Толқынай

«Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білге ел».

Бүгінде Қазақстан үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған мемлекетке айналды.

Қазақстан Республикасы бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Халқымыз бұрында талай өтпелі кезеңдерді басынан өткерген.

Алдағы уақытта біздің алдымызда өткенімізден ақпарат беретін деректерімізді іздеп табу, жинау, жүйелеу, сақтау арқылы тарихымызды жазу міндеті тұр және бұл қазақ елі тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы күмәнсіз.

Қазақтың шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегінен, мәдени-рухани ахуалынан бұрын, алдымен адам туралы мағлұмат беру басты нысана болы отырады.

Шежіре ру тарихы – ұлтымыздың бір бөлшегі. Ол ата-бабаларымыздың тарихтың сонау терең қойнауындағы хал-жағдайын, мәдениеті мен тұрмысын, шаруашылықты жүргізу тәсілін, өсіп-өнуі, көрші елдермен қарым-қатынасы жайлы сыр шертеді.

Барша қазақ халқын алып бәйтерек десек, үш жүзге кіретін және кірмейтін рулар оның бұтақтары. Сондықтан өзін парасатты санайтын әрбір қазақ азаматы өніп өскен, шыққан тегін айқын білуі қажеттігінде дау жоқ.

Қазақтың дуалы ауыз ақыны Әбубәкір Кердері: «Жігітке бақытта оңай, дәулетте оңай, болса егер қабырғасы халқы оның», - деп өз заманында жырлап өткен болатын.

Тарих халықтың кешкен өмірі, пешенелі тағдырының тасқа басылған айғағы және өлмес тірі шежіресі. Қазіргі өскелең өмірімізде уақытпен шендес кеңістік үшін көзді ашып-жұмғандай ғана мезетте көкірегімізге хатталып, санамызға өшпестей із қалдырған Тәуелсіздік тарихын жазудың да өз кезегі келген секілді.

.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Перзент парызы

Тау тұлғалы, шынар болмыс заңғарлар
Деді ме ұлтқа баба жолын жалғаңдар.
Олар еңбек ортасында шынығып,
Сын сағаттың жауынгері болғандар.

(«Әкелерге арнау» өлеңінен)

1998 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетіне осы өлеңді анам Күлжәмиланың рухына арнаймын деген арнаумен «Ана туралы баллада» деген өлеңім жарық көрсе, 2001 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетінде осы өлеңді әкем Қолғанаттың рухына арнаймын деген арнаумен ел аузында айтылып жүрген әңгімені негіз етіп алынған осы «Перзент парызы» өлеңі де жарық көрген еді. Тағы да сол арнаумен ұсынылады.

.....
Әңгімелер
Толық

Бекболат Баян | Жақсы сөз жарым ырыс

Жақсы сөз жанның жылуы. Бір бірімізге жылы қабақ танытып, жақсы сөзімізді арнап жүрген қандай ғанибет. Қарыштап дамыған өркениетке ілесеміздеп осынау жақсы қасиетімізден айырылып бара жатқандаймыз. Асығыспыз... Тіпті ет жақынымызбен араласуға уақыт жоқ. Қайда асығамыз?... «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын...», «Жақсы сөз жарым ырыс», т. б. толып жатқан мақал – мәтелдерді естіп жүрміз. Жақсы сөз естіп көңіліңнің көтеріліп қалғанын өзің де байқамай қаласың. Тұнып тұрған психология! Жаз жайлау, қыс қыстау мал соңында жүріп, психология оқымаған қазақ осының бәрін қайдан білген?! Сірә, халық даналығы деген осы болар.

Мектеп қабырғасында оқып жүргенде, қабырғаларда ілініп тұрған түрлі мақал – мәтелдерді, нақыл сөздерді көріп, біріміз болмаса да, біріміз ойланып жүретін едік. «Тәрбие тал бесіктен емес пе?». Бірақ бұл өскен соң тәрбиені тоқтатып қоюға болады деген сөз емес қой. Айтқым келгені біздің ҚазҰУ - нің механика – математика факултьтетіне келгелі мен ол тәрбиені көре алмадым. Ұлы адамдардың портреттері ілініп тұр, олда тәрбие, бірақ, тәрбие көптік етпейді ғой.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, біздің факультетте және өзге де факултьеттерде, егер жоқ болса, мақал – мәтелдеріміздің және нақыл сөздеріміздің ілініп тұрғанын қалар едім. Бір жағынан тәрбие, екінші жағынан қазақы дәстүр университетіміздің ажарын аша түсер еді. Көрген көзде жазық жоқ, естіген құлаққа алтын сырға.

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Механика – математика факультеті

Бекболат Б. baian-gt@mail.ru

.....
Әңгімелер
Толық

Ізденген жетер мұратқа


Бүгінгідей жаһандану заманында білім мен ғылым қашанда бірінші орында. Мемлекетіміздің дамып, жетілуі үшін сапалы білімнің кілті ғана болашаққа жетелейді. Арман мен мақсат үндескен тұста, таңдау мен талғамның орны бір бөлек. Менің таңдауым Қазақстандағы ЖОО-ның көш басы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті болды. Басты арманым осы университеттің қабырғасында білім алып, студенттік жылдарымның қызықты күндерін өткізу еді. Аллаға шүкір! Бұл күнде арманым орындалып, өз биігіне де жетті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, кәсіби білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Университетте 15 факультет бар және 180 сала бойынша мамандар даярлайды. Менің факультетім – Филология және әлем тілдері факультеті, факультетте талай танымал, дарынды түлектер түлеп шыққан. Атап айтар болсақ: Мұхтар Әуезов, Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев, Дулат Исабеков, Нұрлан Оразалин, Тұрсынбек Кәкішев, Рымғали Нұрғали, Мәулен Балақаев, Сұлтанғали Садырбаев, Гүлнар Дусматова, Балғынбек Имашев, Мұхамеджан Тазабеков, Жанна Қуанышева т.б. Факультетіміз университет ішінде «екінші өнер ордасы» деген атақ алған. .....
Әңгімелер
Толық

ҚазҰУ мақтанышым

Балалық шақтан болашаққа жетелеп,маман иесі атану үшін,яғни білім алу мақсатымен Атырау қаласындағы Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжіне шет тілі екі шет тілі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2013-2014 жылы аяқтап, 2014-2015 оқу жылында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 1 курс студенті болып оқуға қабылдандым.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бұл мектеп бітіруші түлектің, білім нәрімен сусындаймын деген әрбір жастың білім алғысы келетін еліміздегі беделді оқу орындарының бірі. Осындай университетті таңдағаныма және оқып жатқаныма өте қуаныштымын және мақтан тұтамын.Мен Бимағамбетова Іңкар Жұмажанқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Екі шет тілі және Еуропа тілдер кафедрасында 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша білім алудамын. Университет қабырғасында үш жыл өмірімдегі ең бақытты, ең қызықты сәттер болды. Әрине қызығымен қиындығы қатар жүрді. Білім инемен құдық қазғандай демей ме? Әрбір студенттің мақсаты университет берген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жеткілікті деңгейде білім алып, өз саласының маманы болу. Қазіргі таңда Атырау қаласындағы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия мектебінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтудемін. Осы мақсатқа жетуімен жол сілтеген , өзінің ақыл-кеңесімен тек мені ғана емес біраз студентті өзінің артына жетелеген Екі шет тілі және Еуропа тілдер кафедрасы мұғалімдері мен оқытушыларына айтар алғысым шекcіз. Қазіргі таңда Атырау қаласындағы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия мектебінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтудемін.Кафедра бойынша тәжірибе жетекшісі Алиакбарова Айгерім Тілесбекқызына үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті атану – асқақ арман,зор мәртебе және үлкен бақыт.Алдағы уақытта университетті үздікке аяқтап, өз саламның жақсы маманы болсам деймін. Мен де өз оқытушыларым секілді артымнан еріп келе жатқан іні-сіңілілеріме білгенімді үйретіп, Қазақстан Республикасының білім саласында өзімнің айтарлықтай орнымды қалдырғым келеді. Сондықтан мен үшін осы оқу орнында білім алу – үлкен мақтаныш,зор қуаныш. Мәңгілікке жасай бер,өркендей бер,гүлдене бер, ҚазҰУ-ым

Бимағамбетова Іңкар Жұмажанқызы ҚазҰУ-дың 3 курс студенті .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Қалам және түлек


«Ел болып өлең жырдың тақырыбы, қауышты ауылымен ақын ұлы». Бұл бір кездегі мектеп түлегі, елдің перзенті, белгілі қаламгер, Жазушылар одағының мүшесі, ақын Сейіл Боранбаевпен Қожабақы ауылдық мәдениет Үйінің сахнасында өткен кездесу кешінің тақырыбы еді. Бұл кездесу 2000 жылы ақын Сейіл Боранбаевтың 70 жасқа толу мерейтойына байланысты өткізілген.

Белгілі ақындар Сейіл Боранбаев, Әнес Нарымбетов, Мешітбай Құттықовтар №25 мектептің бір кезгі түлектері еді. Олар мектептің алғашқы түлектерінің қатарынан саналады.

...Сейіл, Әнес, Мешітбай
жырдағы шыққан жүйріктер,
мүшесі еді Одақтың
өлеңде болған даралы.
Көкірегі толы көмбеге,
тарихшы ұстаз әрі ақын,
құрмет тұтты ортасы
Ақанжан сынды ағаны.
Асыл сөздің сырынан
шәкіртке тәлім үйреткен
Файзолладай ақындар
Болмысы болған бағалы.

.....
Әңгімелер
Толық

Отбасылық бюджет қалай басқарылады

Қоғамның ең кіші және ең маңызды бөлшегі – отбасы. Бала ертең өскенде өзіне және қоғамға қалай пайдалы бола алатындығының алғашқы тұқымы отбасыда егіледі. Осы тұқымның дұрыс егілуі үшін отбасының психологиялық, әлеуметтік жағдайымен қатар, экономикалық жағдайының да әсері зор.

Экономикалық проблемаларға келіп тірелетін көптеген жағдайлар отбасыда айтарлықтай қиындық тудырады. Бұл қиындықтардың алдын алу үшін отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетуі қажет және отбасы бюджетін дұрыс жоспарлауы керек.
Отбасы бюджетін қалай дұрыс жоспарлай аламыз?

Отбасы бюджетін дұрыс жоспарлай алу үшін әуелі отбасының табыс көздері мен мөлшерін анықтау керек. Одан кейін отбасының бір айлық кіріс-шығыс кестесін дайындау қажет. Бұл кестеде,

• Пәтер ақысы, комуналды қызметтер, азық-түлік, бар болса несие секілді міндетті төлемдер;

• Киім-кешек, отын, көмір, машинаның дөңгелегі секілді маусымдық шығындар; .....
Әңгімелер
Толық

Нұрбол Бимұрзаев | Ұлттық рух

90-шы жылдардың басында жапондық ғалымдар Түркияның білім беру жүйесін зерттеген екен. Зерттеу соңына қарай жапондық ғалымдар мен бірқатар жапондық дипломаттар сол кездегі Түркияның президенті Тургут Озал және басқа да түркі зиялылары жиналған ортада кездесіп, баяндамаларын ұсынады. Сөз арасында жапондықтар білім беру жүйесіне қатысты мынадай ой түйіндегенін айтады: "Сіздердің білім беру жүйелеріңізде ұлттық рух жоқ екен!" дейді. Тургут Озал таң қалады: «Мұны қалай түсінеміз?» дегенінде жапондар сөзін былай жалғайды: «Біз Жапонияда мектеп табалдырығын аттаған балаларымызға ұлттық рух екпесін жасаймыз. .....
Әңгімелер
Толық

Нұрбол Бимұрзаев | Ұлттық бірлік

Елдің тұғырлы, ғұмырлы болуының басты жетекші күші – ұлттық бірлік. Ел ішінде тыныштық, ынтымақ билеуі үшін бәрінен бұрын елдің ұлттық бүтіндігі қамтамасыз етілуі және елді құрайтын адамдар, ұлттар, түрлі топтар арасында түсіністік пен ара-қатынастың, тіпті тілектестіктің болуы қажет. Елді қалыптастыратын факторлардың маңызды элементтері сенім, отан, тарих, байрақ, бірлік, татулық ішінде өмір сүру қалауы. Міне осылар ынтымақ, бақ-берекенің ортақ кілті. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ көп мемлекеттер сыртқы күштердің емес, ішкі алауыздықтың, іштегі сатқындар, дұшпандар тарапынан ыдыратылған. Қазіргі заманда да мұның мысалдары көп. Бұл қауіп әркез төніп тұр. Ұлттық жоспары, ұлттық мақсаттары болмаған елдер (саяси, экономикалық, мәдени) сілкіністер кезінде үлкен жарақаттарға тап болады. Үлкен мақсаттары, асқақ армандары болмаған мемлекет дамымайды, қатардағы қарапайым елдердің бірі болып жүре береді. Темірқазық жұлдызына жете алмаймыз, бірақ оған қарап бағытымызды белгілейміз. Ұлттық және рухани құндылықтарымыз, ұлттық бірлік және ұлттық мақсаттарымыз елдің тұтастығын нығайтушы рухани күш. Ұлттық мақсаттар (ұзақ-орта-қысқа мерзімді) ретінде жоспарлануы керек. Бұл орайда Елбасымыздың атқарып жатқаны еңбегі зор. «Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «Қазақстан – 2050», секілді жоспарлары осы жолда жемісін беруде. Сондай-ақ ұлттық бірлік пен ұлттық мақсаттарды уағыздауда және іске асыруда тек саясаткерлер емес, зиялы қауым, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жалпы халық бір ауыздан ат салысуы қажет. .....
Әңгімелер
Толық