Психология | Суицид - әлеуметтік қатер ретінде

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазіргі әлемді үрей билеп тұр. СПИД ауруына ем таба алмай басы қатқан адамзат атом бомбасын шығаруға ақылын аямай жұмсағаны анық. Ол адам қолы жасады дегенге сенбейтін әрекеттерге барып жатыр. Адамды қалыптастырған қоғам да, қоғамды құрған адам да қатыгездіктің шегіне жетті. Бір сөзбен айтқанда адамзат арыла алмайтын індет көп. Соның бірі – суицид. Суицид тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, қай кезде болмасын өзінің көкейкестілігін жоғалтқан жоқ, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы арта түсті. Менің бұл адам шошырлық мәселені алғандағы себебімнің бірі, ол – осы суицид мәселесінің біздің қасіретімізге айналып бара жатқандығында.
Суицидке ұшыраушы адамдар әдетте, рухани күйзелістен зардап шеккен және стрестік күй-жайда болған, өз мәселесін шеше алмаған адамдар тобы. Олар жиі психикалық аурудан зардап шегеді, әсіресе депрессиялық күйде ұзақ болады және болашақтан өз үмітін кешеді [7]. Суицид бүкіл әлемде өлімге алып келетін жетекші себеп болып табылады, сондықтан ол қоғамдағы өзекті мәселенің бірі деп есептелінеді. Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша, суицидтің ресми статистикасы оның нағыз санын бағаламайды.
Өзіне-өзі қол жұмсау – глобалды геополитикалық құбылыстарға қарағанда маңызсыз құбылыс болып есептелінеді. Ал шындығына келгенде ол қоғамда болып жатқан жағдайларға белгілі бір баға береді және сол қоғамның нағыз келбетін сипаттайтын құбылыс.
Адам баласы бір үмітпен өмір сүреді. Ол бір мақсат, бір арманның жолына түссе, болашақтан үміті болса ғана адамша ғұмыр кешеді. Қандай қиыншылықтар кездессе де, үмітінен көз жазбауға тырысады. Алданышы бар адам күресе де, жұбана да алады. Ал мақсат-мұратсыз адамның көрінгеннің жетегінде кететіні айтпаса да түсінікті. Ондай адамдардың баз кешіп, бағдарынан адасуы да оңай. Әлеуметтанушылардың зерттеуіне сенсек, суицид құрбандарының түгелге жуығы тіршілік қиындықтарының әртүрлі себептерінің кесірінен өледі екен. Бірақ өтпелі кезеңде кім қиыншылық көрмеді. Замана жүгі талай адамның еңсесін түсірді емес пе. Егер солардың барлығы қиыншылық көрдім деп өле берсе, қанша пенденің мерт боларын кім білсін?! Сондықтан кішкентай ауыртпалыққа шыдамай өзіне қол салғандардың көбісі психикалық ауытқуларға ұшырағандар болып табылады. Зардап шеккен адам ең алғаш өлу жайында ойлана бастағанда оның санасында сол арам ойына қарсы тұрарлық иммунитеттік түйсік тірілуі қажет. Сонымен қатар сыртқы ортадан да психикасына да әсер етіп, өлімнен бас тартқыза аларлық көмек керек. Егер олай болмаған күнде адам санасында о баста ноқаттай ғана болып енген «қара ойдың» вирусы ұлғая келе сананы толықтай меңдеп, ақыры алып тынады.
Сонымен қатар, суицидтің зерттеу пәнінің кең және жан-жақты статистикалық мәліметтерінің бар болуы Батыс әлеуметтанушыларына нағыз табысты тапсырады. Осыған қарамастан, өзіне-өзі қол жұмсауды зерттеудің маңыздылығын да ұмытпаған жөн. Өйткені, өзіне-өзі қол жұмсау санының әлеуметтік өлшемі жалпы өлім өлшемінен тұрақты тұрақтылығымен және арта түсуімен сипатталады, сондықтан оны зерттеуде ең алғашқы орынды өзіне-өзі қол жұмсаудың жалпы көрсеткіштері – қоғамда болып жатқан тоқыраулардың жауабы ретінде қарастырылады. Қоғамда болып жатқан әрқилы жағдайларды әрбір адам өзінше қабылдайды. Мен бұл жұмысымда тек объективті фактілерге және олардың қазақ қоғамына қалай әсер еткендігін, әлеуметтанушылардың мәліметтер жинағы мен олардың анализдеріне сүйене отырып жүргіземін.....
Дипломдық жұмыстар
Толық