Бағдарламалау | Турбо Паскальдың графикалық мүмкіндіктері

КІРІСПЕ
Қазіргі дербес компьютерлердің графикалық информацияларды енгізу, шығару және өңдеуге арналған техникалық құрылғылары бар. Графикалық информацияны енгізу үшін — сканер, ал шығару үшін дисплей экраны және плоттер пайдаланылады.
Стандартты Паскальдың графикалық информациямен жұмыс істейтін командалары жоқ.
Турбо Паскаль жүйесінде графикалық информациялармен жұмыс істеу үшін GRAPH.TPU модулі пайдаланылады. Бұл модульде графикалық процедуралар мен функциялардың программасы машиналық тілде жазылған.
Турбо Паскаль графикасын, көбінесе, псевдо - графика деп атайды, өйткені тілдің өзінде графикалық командалары келтірілмеген. GRAPH модулінде графикалық информацияларды дисплей экранына шығаруға және өңдеуге арналған командаларды сүйемелдейтін типтер, тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар мен функциялар сипатталады.
Graph модулі IBM — типтес дербес компьютерлердің графикалық адаптерлерімен жұмыс жасауға есептелінген, графикалық процедуралар мен функциялардың, тұрақтылардың, айнымалылар мен типтердің қуатты кітапханасы болып табылады. Turbo Pascal ортасын қолданатын Паскаль тілінде программалауда Graph модулінің 132 тұрақтысы, 7 қосымша типі, 2 айнымалысы, 57 процедурасы мен 22 функциялары пайдаланады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Мәліметтер базасындағы Футбол командалары

КІРІСПЕ
Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді .....
Курстық жұмыстар
Толық