Қазақ халқының ең бір ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, дана ойшыл,халқымызды әлемге әйгілі еткен философ, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне, міне, 175 жыл толып отыр.Небәрі 58 жыл ғұмыр кешсе де, ұзақ ізденістері арқылы халқымызға тәлім-тәрбие беретін, адамның рухын көтеріп, санасын ашатын шығармалары – бүкіл халықтың тарихи мұрасы. Ол – лирик, ол- ақын, ол – эпик... Жинақтап айтар болсақ, сегіз қырлы, бір сырлы аса ірі тұлға. Абай есімі – алға қарай ұмтылу мен әлеуметтік әділдіктің символы. Бұл оның әр ісі мен шығармасынан көрінеді.
«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» ... Исі қазақтың афоризміне, ұлттың ұранына айналған сөз тіркесі. Қазақтың болмысын, мінезін, бәрін өлеңмен өрген ақын, ұлт жанашыры, қайраткер Жұбан Молдағалиев пен нағыз қазақ есімі егіз іспетті. «Мен туралы дастан да сен туралы, менше көрсең, менше ойлап ертеніңді», қазақты Жұбанаша сүю Жұбанаша ойлау – талайдың арманы. «Пәк сәбимен бесікте уілдеген, дәуірлермен құрдаспын данамын мен»... Сәби Жұбанды бесігінде тербеткен Ақ Жайығы ақынды табиғи талант, адами ер, қарым-қабілеттен кенде қылмаған. Осыдан....
Орта ғасырлық мәдениет пен ғылымның аса көрнекті өкілі Қожа Ахмет Иассауи болып табылады. Ол исламдағы сопылық бағыттың негізін салушы, ойшыл әрі ақын ретінде бүкіл түркі әлеміне мәшһүр болды. А. Иасауидің ең басты еңбегі «Диуани хикмет» (Ақыл кітабы) деп аталады. Қожа Ахмет Иасауи түрлі мәліметтер бойынша 75 жыл, 85 жыл, 125 жыл, 133 жыл өмір сүрген. Оның тек қайтыс болған жылы ғана нақты белгілі - 1166 жыл. Толық аты-жөні: Құл Қожа Ахмет....
Кеңдік. Биіктік. Тереңдік. Осынау бір-бірінен ажырамас үш ұғым арқылы Абай жырындағы, Абай сөзіндегі ұлылықты ұғып, ұрпаққа ашып айтамын, не биікке шығамын, не тереңге бойлаймын деген адамның өзі жоғары шықса, басы айналары, төмен түссе, тұңшығары анық. Өйткені, Абай рухы аспандай асқақ, қара жердей қасиетті, ақын ойы қазақтың кең байтақ даласындай барлық құпия сырын ішке түйіп жатыр. Абайдың бір өзі – тұтас әлем және көрінгенге ашыла бермейтін, қалтарысы көп жұмбақ әлем, зерттелмеген мұхит, игерілмеген ғарыш. Абай және Мен. Абай – ұлы, кемеңгер....
Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін күш. Елбасымыздың осы мақаласын оқу барысында мынандай ой түйдім. Оның айтуы бойынша рухани жаңғыру – ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы зерделі де ақылды ұрпақ тәрбиелеуге тиіс. Ол үшін біз білімге терең зер салып, жан-жақты дамуымыз қажет. Біз дамыған 30 елдің құрамына кіру үшін алдымызға ...
Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде...
Тіл – қатынас құралы. Адам тыңдаушыға өз ойын емін–еркін жеткізіп, сондай–ақ тіл арқылы байланыс құрып, бұл қоғамда ілгері жылжу үшін белгілі бір ел болып, мәңгі өмір сүру мақсатында пайдаланылатын тіл – адамның дене мүшелерінің ішіндегі ең қажеттісі. Себебі, «Тілі өлген ел–тірі өлген ел».
Бүкіл әлемдегі елдерді алып қарайтын болсақ, әр елдің өзіне тән тілі, діні, салт–дәстүрі бар. Осы және тағы да басқа факторлар арқылы бір мемлекет өзге елдерден ерекшеленіп, әлем картасынан жеке қамтитын аумағын қалыптастырады. Дамыған елдердің қатарына кіріп немесе ғасырдан– ғасырға тарихи құндылығымызды жоғалтпай өрбу, қандай да болса мемлекеттің мақсаты. М.Әуезовтың «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» демекші «Тіл мәртебесі–ел мәртебесі».
Қазағым ойшыл, керемет халық қой. Өмірдегі кез келген жағдай, шешімін табар–таппас іске ақыл қосып, көмек сілтейтіндей өзінің оймақтай болса да ойлы мақал–мәтелдерін өз ұрпағына асыл рухани азық қорын мұра еткен. Ана дегенде толқымайтын теңіз, туламайтын жүрек болмайды деп көркем жазсақ, тіл дегенде бірден ойыма келетіні, жаныма жылу сыйлайтыны, ұлттық рухымды көтеретіні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңіндегі тілге арналған мына өлең шумақтары:
Жер бетінде жаңалық,жетістіктер білімге байланысты. Кез-келген мемлекеттің өркендеп,өсуі де білім нәтижесі. Өзінің бойындағы білім-тәлім нәрімен алдындағы жас өрендерді сусындатушы,ұлылардың ұлықты да адами қасиеттерін болашақ ұрпақ бойына сіңіруші зиялы тұлғалардың бірі де, бірегейі — Мұғалім. Шәкірттерін алдағы өмір жолының қилы-қиын кезеңдеріне дайындаушы, әсерлі әдістерімен олардың шеберлігін шыңдаушы да мұғалім.
Болмаса егер мұғалім,
Білмес те еді көпшілік
Бүкіл әлем,жер жүзін
Ұшпас та еді ғарышқа
Тоқтар менен Гагарин.
Сондықтан болар, қай елде болмасын ең көп маман, басты тұлға мұғалім. Десемде, әр адам мен әр маман секілді,әр мұғалімнің де өзіндік ерекшелігі бар.Білім-біліктілігі мен әдіскерлік әсері,еңбекқорлығы мен ұйымдастыру қабілеті,адамсүйгіштік те ұлтжандылық , ғибраты,қоғамдық істегі белсенділігі секілді қасиеттері алуан қилы......
“Мәңгілік Ел” болу ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы еді. Тәуелсіз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету біздің ұрпақтың басты мақсатына, ұлттық ұранымызға, ұлттық идеямызға айналды. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық!
Н. Ә. Назарбаев
Қазақ - қайсар халық.Бүгінде сол батылдығы мен қажымас қайратының арқасында Алланың үлкен сыйы “ Тәуелсіздікке” қол жеткізіп отыр.Бұл үлкен бақыт, әрине мәңгілікке жалғассын деп тілейміз.Десе де бұл күрес қазақ халқы үшін оңай болған жоқ Ата-бабамыздың ары мен зарының арқасында, сүйектен өткізер саптаулы сөзінің арқасында осы жеңістің дәмін таттық. Қазіргі таңда осындай баға жетпес байлығымызға жиырма сегіз жыл толып отыр.
Азат күн туды, қырандай еркін самғаған, Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған. Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы, Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған! Бұл күнді күтіп батырлар жанын қиысты. Бостандық алып күмбірлеп кетті күй ішкі. Ержүрек ұлы, қайсар қыздары бар қазақ, Мәңгілік азат халық болуға тиісті! Ақ Орда тігіп, Астана қылған қаласын, Тарихын танып, ардақтап жатқан бабасын, Барша әлем білген бөрі-жүректі баласын, Қиналмай өтер алдынан шықса дара сын, Көк туың мәңгі желбірей берсін көгіңде, Айбарлы менің асыл Алашым!.....
Табиғат сүтін сан ғасыр бойы арда еміп, бұлықсып ерке өскен қазақ халқының тарлан тарихындағы ұлы құбылыс-хакім Абай. Қайырлы сөз ұққанның жүрегіне нұр құя білетін майталман ақын-қазақ халқының бағытынан айнымас тұсбағары,түзу қалам-қисайған, өткір қалам-мүжілген дүрбелең дәуірлерде надандық бұлтын сейілткен сөнбес жарық күні. Ақын болмысын халық санасында мәңгілік жаңғыртатын қаламынан туған қуатты жырлары ғана емес, қаламгер турасында жазылған зерделі сөз бен ұлы шығармалары деп білемін. Өлең сөздің патшасын қиыннан қиыстырған ұлы ақынға ой теңізі терең Торайғырдың Сұлтанмахмұты да:
\Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге,-деп ақбейіл шумақтарын арнаған. Жыр сүлейі Сұлтанмахмұттың «Ер Тарғын», «Қобыландыны» оқып байқа, Абайды оқы, таңырқа басыңды шайқа,-деп өскелең ұрпақты Абайдың жыр жайлауына беттетуі тегін емес-ті. Шынында Абай әлемі оқыған сайын көкірек көзіңді ашып, кеудеңді хикметке бөлейтін түпсіз мұхит, шексіз ғалам. Жыр алыбы Жамбыл «Ақындардың Пайғамбары» деп баға берген ойшыл ақын-халқымыздың ғасырлық идеалы. Оның іші алтын, сырты күміс өр өлеңдері мен қастерлі қара сөздері қай кезеңде де құнын жоймаған. Қазаққа қара сөзге дес бермеген ақын: «Сендер кетсеңдер де, мен біржола кетпеймін. Сендер бүгініңмен, мен алдағы келешекпен өмір сүрдім. Ол күндері артқа қалдырған ісім мен сөзім мені қайта тірілтер»,-деген екен. Дана Абайымыздың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындадық. Себебі, ұлы ақын шығармаларында жеке тұлға мен қоғамды толғандыратын барша сұрақтың жауабы бар. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған талапты жанның Абай шығармаларынан сусындағанда адамшылықтың асыл қасиеттері, білім-ғылым, махаббат, салт-жоралғы, заң тұрғысынан алса да шөлі қанары анық. Асылы, Абай өлеңдері халқымыздың бойына тас кенеше жабысқан адамзатты бұзатұғын жалқаулық, көрсеқызарлық, дүниеқоңыздық, күндестік, өтірікші, мақтаншақтың сынды мінездерді түзетуші. Бүгінде елімізде білімге ұмтылыс болғанымен, қазақтың Абай көріп, сынаған жасанды жаны қаншалықты өзгерді? .....