Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Атышулы журналист Бигелді Ғабдуллин әкімдер мен орынбасарларын, тіпті министрден мемлекеттік тапсырысты қалай бопсалағанын айтып берді деп хабарлайды КТК арнасы.
Алматылық кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов өзінің Instagram парақшасында белгілі қазақстандық продюсер Баян Есентаеваға ұқсас әйелмен түскен суретін желіге салып, оқырмандарын қызықтырып қойды деп хабарлайды nur.kz.
Шығыс күнтізбесі бойынша 2017 жыл – Тауық жылы. Мүшел есебінің оныншы жылын қызыл немесе отты қораз жылы деп те атайды. Сонымен, биылғы «оттай лаулаған» жыл баршамызға не береді? Қораздың биыл қандай мінез танытатынын baq.kz тілшісі анықтап көрді.
Соңғы уақытта желіде «қытайлық күйеу бала» тақырыбы өршіп тұр. Қазақстандық бойжеткендердің қытай ер-азаматтарымен некеге тұруына қарсы болған азаматтар тіпті Астанада кішігірім митинг өткізген болатын. Наразылық білдірушілер қытайлық жігітке тұрмысқа шығуға батылы жеткен қазақ қыздарын азаматтығынан айыру керектігін айтқан.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Айсұлтан немересі елдегі маңызды оқиғалар, елбасының жұмысы мен жемқорлық жасады деп айыпталған шенеуніктерге қатысты өз пікірін білдіріп, ел назарына ілікті. Айсұлтан халыққа несімен танымал және 26 жастағы жігіттің осы күнге дейін жеткен жетістіктерін қандай? NUR.KZ порталы осы туралы толығырақ ақпарат ұсынады.