👈 қаріп өлшемі 👉

Таңсұлу Алдабергенқызы - ƏЙЕЛ – ƏЛЕМ


Таңсұлу Алдабергенқызы

ƏЙЕЛ – ƏЛЕМ

УДК 329 (574)

ББК 66. 74 (5 Қаз)

А 40

 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі

Ақпарат жəне мұрағат комитеті

«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

Алдабергенқызы Таңсұлу

А 40Əйел Əлем / Таңсұлу Алдабергенқызы. – Алматы: «Қазы-

ғұрт» баспасы, 2012. – 304 бет.

ISBN 9965-22-385-8

 Халқымыздың сан ғасырлық тарихында орын алған азапты жолда- рында ер-азаматтармен бірдей білек сыбана күресе білген асыл ана- ларымыз аз болмаған.

 Қолдарыңызға тигелі отырған танымал журналист Таңсұлу Алда- бергенқызының алғашқы жинағының аты айтып тұрғанындай, сол аналарымыздың бүгінгі жалғасы – Тəуелсіздік тұсында да мəдениетіміз бен əдебиетімізде, қоғамның түрлі салаларында қызмет жасаған аза- маттар мен қыз-келіншектер өмірі жайлы болмақ.

УДК 329 (574)

ББК 66.74 (5 Қаз)

ISBN 9965-22-385-8

© Алдабергенқызы Т., 2012

© «Қазығұрт» баспасы», 2012

ҚАЛАМЫНДА ЖЫЛУ, ЖАЗУЫНДА ШУАҚ БАР

 Журналистикаға мөлдір лиризммен келген Таңсұлу Алдабергенқызының əр мақаласын оқыған сайын бейжай қалмайтыным рас. Нысанасына алған тақырыбы сан алу- ан болғанмен өзіміз өмір сүріп отырған қоғамның кескін- келбетін көреміз оның жазғандарынан. Сырласу, сұхбат, тал- дау ма, қалайда көркемдіктің бір нышаны жатады астарында. Бұған ішкі сарайының тазалығы, сұлулық атаулыға іңкəрлігі, сезімталдығы əсер ететін тəрізді. «Мынау асығыстау, ұятсыздау ғасырға сіз секілді қазақтың ұяңдығы мен қарапайымдылығын сақтаған қараторы қыздары керек-ақ» деп қолтаңба бер- ген Оралхан Бөкейдің мұны дереу түсінгені қандай ғажап! Міне, осындай ізеттік, ұяңдық, ізгілік Таңсұлу таңдаған жанр түрлерінің салмағын арттырып тұр. Назарларыңызға ұсынылған кітап «Əйел – Əлем» деп бекер аталмаса ке- рек, өйткені оның аясына сыймайтын жайт кемде-кем. Əйел

– ұлы ұғым, тұнған тылсым екенін жинақтың өн бойынан аңғарасың. Автор кейіпкерлерінің əрекетінен заман – қоғам – адам атты үштіктің толыққанды бейнесі айқындалып, тіршілік соқпағының тарам-тарам ізіне ұласады. Жер, көкте жоқты іздемейді, өресі жетпегенге қол созбайды, Оралхан ағасы айтқандай қарапайымдылығы, яғни өмір көріністерін бүкпесіз, шынайы беруге талпынысы оқырман көкейін дөп басады.

 Бірінші бөлімде қазақтың белгілі əйелдерімен жүргізген сұхбаттары топтастырылған. Шетінен жақсы, жайсаңдар. Аса көрнекті сөз зергерлері Сəбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин шаңырағындағы Мəриям, Зейнел апаларымыз- бен сөйлесіп қалғаны қандай сəттілік деп ойлайсың. Уақыт өткен сайын мұндай сұхбаттардың бағасы биіктей беретіні өз-өзінен түсінікті ғой. Фарида Бекжанқызының Қалтай Мұхамеджанов, Нəсіп апайдың Жұмекен Нəжімеденов туралы үзік сырларын жеткізуі көп жайттан хабар бер-

гендей. Лəйлə Ғалымжанова, Хабиба Елебекова, Шолпан Жандарбекова, Гүлфайрус Исмайлова, Зəмзəгүл Шəріпова, Бижамал Рамазанова, Ғайникен Бибатырова, Əлия Бейсенова, Кəмила Құдабаева, Сауық Жақан, Майра Ілиясова, Гүлмəрия Барманбекова, Зəуреш Есбергенқызы, Ғазиза Əбдінəбиева, Тойған Ізімова жəне басқаларының өмір жолдары тұтастай тарихи кезеңнің мазмұнын құрағандай. Белгілі тұлғалардың белгісіз қырларымен таныстырады, емін-еркін сырласады. Бір-біріне ұқсамайтын түрлі тағдыр арқылы қазақ əйелінің, əсіресе өнердегі жанкештілігін нəзіктікпен жеткізіп, сұхбат иелерін толғандырған жайттар оқырманын да түрлі ойға жетелейді.

 Кітаптың екінші бөлімінің кейіпкерлері Кəукен Кенжетаев, Еркеғали Рахмадиев, Қалмұқан Исабаев, Дулат Исабеков, Бақытжан Момышұлы, Қасым Жəкібаев, Мұзафар Əлімбаев, Сейіт Кенжеахметов, Үмбетбай Уайдин, несін айтасыз, мұндай кісілермен əңгімелесудің өзі ғанибет емес пе?! Тыңдай қалсаң, ақтарылған шежіре, тосын мəлімет, қызық дерек. «...Баяғы Отырардағы жоғалып кеткен кітапханадағыдай қыруар еңбекті – Қалтайдың кітапханасынан табуға болар ма еді» – деп сүйсінеді əйгілі композитор Е. Рахмадиев досы Қалтай Мұхамеджанов туралы. «Театрға келмей тұрған кезде біз сияқты жастарға Күлəшті көру – арман болатын» дейді Кəукен Кенжетаев. Ертіс-Қарағанды каналы құрылысы басталмай тұрып, болашақ арна бойымен 500 шақырымды жаяу жүріп өткен, Абай есімін Берлин көшесіне бергізуге атсалысқан Қалмұқан Исабаев, аңызға айналған əкесінің əрбір сөзіне, сөйлемінің түп-төркініне зерттеу жүргізуге кіріскен Бақытжан Момышұлы, ұнтақ жеп өскен ұрпақтың өкілі, театр, кино саңлағы Қасым Жəкібаев, сөз маржанын тереңнен теріп, таспадай өрген Мұзафар Əлімбаев, ұлттық салт-дəстүріміздің энциклопедиясын жасаған Сейіт Кенжеахметов, қас-қабағы да, қаламы да əдепке, имандылық, адамгершілікке тұнған сатирик жазушы, ұстаз Үмбетбай Уайдиннің қадір-қасиеті автор сауалдарына берген жауап-

тары арқылы одан əрі арта түскен. Титтей жалықтырмайды, қызығушылық тудырып, тұңғиығына тарта баулиды. Бұл мате- риалдары еліміздің рухани байлығын еселеген ерен тұлғаларға арналуымен аса құнды, өмірі – өнеге жандардың ой-пікірлері дəл мезгілінде тасқа басылып қалғанына не жетсін. Таңсұлу Алдабергенқызының сыр-сұхбаттарының осы тұрғыда бүгінгі күннің ғана емес, келешектің сұранысын да ақтайтыны анық.

 Тілші көзі əрдайым қырағы. Айналасындағы жамандық, жақсылықтың ешқайсысы назарынан тыс қалмайды. Ірілі- ұсақты өзекжарды мəселелер де кітаптың екінші бөліміне арқау болыпты.

 Жинақтың көркемдік жүгін еселеп тұрған соңғы бөлімінде Таңсұлудың əңгімелері мен мөлтек сырлары топтастырылыпты. Мұнда автор қолтаңбасы айшықты, тілі жатық, сезімі сергек. Боямасыз өмір шындығы еріксіз баурайды. Үлкен проблема- лар қамтылған шағын əңгімелерін тебіренбей оқу мүмкін емес. Адам тағдырының сан алуан қыры автордың сезінуі, түйсінуі арқылы жетеді жүрекке. Артық тəптіштеу де, ұзақ-ырғау оқиға да жоқ, бірақ өзгенің мұң, өкініш, қуаныш, сағыныштарына малтыққан кейіпкерлерінің үнсіз əрекеттері соңына шейін қызықтыра жетелейді. Туындыларының көркемдігін міне, осы тұстан дəлірек айқындайсың, үнсіздіктегі үндерді мег- зеп отырып, күнделіктен ақтарылған сырлар осы ойымды толықтырып тұрғандай. Қым-қуыт тірліктің саналы жан ке- шер мұндай көріністері бəрімізге ортақ, ішкі дүниеңді байыта сергілтеді, сергітеді. «Шараптың қызуы», «Ағатай, анамды... алдап əкетіңізші!», «Сергелдең сезім», «Көгілдір махаббат»,

«Асылым ең...», «Үш тал гүл», «Мен, сен жəне жаңбыр...»,

«Əйел махаббаты», «Саудагер келіншектің сыры» Емеурін, ишара штрихтар ана мен қызының, күйеуі мен əйелінің арақатынасын соншалықты нанымды жеткізеді тартымды оқылады.

 Талай жылғы еңбегін жүйелеп, оқырманға ұсынып отырған Таңсұлу Алдабергенқызының бұл кітабын ертерек күткен

едім. Қаламында жылу, жазуында шуақ бар, кез келген туын- дысы жанға жайлы əсер етеді. Қазақ əйелінің болмысын өз мүмкіндігінің деңгейінде мейлінше табиғи бейнелеуге бейім. Мұңы, соры, қуанышы, үміті, күдігі, өкініші, рахаты, бақыты қатар жарысқан ару, ана, əжелер, ата, ағалар, іні, қарындастар

– Таңсұлудың кейіпкерлері өзімізге жақын, əбден таныс, күнде көріп жүрген жандар. Сондықтан да «Əйел – əлемнің» оқырманы көп болатынына сенеміз.

Мағира ҚОЖАХМЕТОВА

жазушы, Халықаралық «Алаш»

əдеби сыйлығының лауреаты,

«Балбұлақ», «Дертке дауа»

басылымдарының бас редакторы,

түрлі жобалар авторы

I БӨЛІМ

Жұмақ ананың аяғының астында

ҰЛАҒАТҚА ҰЛАСҚАН ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ

 Жазушы Ғабиден Мұстафин кім еді? Оның азаматтық бол- мысын, рухани келбетін бүгінгі ұрпақ қалай таниды? Қазір көзқарастар заманы. Өзімізге мұрнымызды шүйіріп қарайтын психология басым сипат алып тұрған тұста, əсіресе, осы қасиетпен ауыра бастаған ендігі толқын жастардың алабұртқан көңілін өзімізге тарту үшін оларға Ғабиден Мұстафин туралы не айтуымыз керек? Жазушының шығармашылығына қайта үңілу, қайта таныту – əдебиетшілердің қасиетті міндеті бол- са, біз қаламгердің адами қасиеттеріне, өмірдегі қарапайым тірлігіне оның отбасы мүшелерінің көзімен үңілген едік.

 Сонымен, алғашқы сұрағымызды жазушының 90-нан асып отырған бəйбішесі Зейнел апайға бағыттадық.

– Ғабиден ағаның сүйікті асы, Сізге жиі қайталайтын сөзі қандай еді?

 – Жарты ғасырдан астам жұбымыз жазылмай, жарасты ғұмыр кешкен Ғабемнің аяулы бейнесі көзден кетсе де, көңілден əсте ұмытылмақ емес. Мінезі салмақты, болмысы бөлек, са- бырдан жаралғандай жан еді. Оған Октябрь революциясынан кейінгі талайлы тағдыры, соғыс зардабынан келген алапат кесір ең алдымен денсаулығына қаншалықты нұқсан келтірсе де, соның бəрін сабыры, төзімі жеңгендей еді. 60 жыл бойы бір ғана бүйрегімен ғұмыр кешкен Ғабеңнің қастерлейтіні ұлттық тағам болды. Бүйрегіне байланысты ащы тұзды тамақты көп қаламайтын. Сондықтан да, үнемі оның ұнаған тамағын дайын- дайтынбыз. Өте жақсы көретіндіктен жаз бойы үйден қауын- қарбыз, жыл бойы алма-алмұрт үзілмейтін. Бəкене бəкісімен алманың сыртын тазалап жегенді жақсы көруші еді.

 Ол өте балажан, кісіге қайырымды, қамқор болды. Көзге көрінген үш баласын жанындай жақсы көрді. Баласынбай олардың айтқан пікірлерін тыңдап, санасып отыратын. Əсіресе, Жанарға «мына тамақта қандай витаминдер бар, жесем бе, же- месем бе екен» дейтін күліп. Жөніне қарай тəкаппар да, та- лапшыл болды. Ең жақсы көріп, қатты риза болған сəттерінде

«біздің Зейне, бəйбіше, біздің академик», – деп нұрланып сала

беретін. Осы сөзді еш жасандылықсыз шын көңілімен айтатын. Көңілі кіршіксіз, жүрегі баладай таза еді.

– Киімді Сіз таңдаушы ма едіңіз?

 – Қымбат киімге аса əуес емес еді. Бірақ əдемі жүріп, таза киінуді ұнатты. Əсіресе, киімнің ыңғайлы, жүріп-тұрғанға қолайлы болуын көп айтатын. Шетелдік емес, өзіміздің дүниелерді бағалаушы еді. Жібек көйлек, тік жаға, кейде жағасы кестеленген киім кисе, өзінше тəкаппарланып, мəз- майрам болып қалатыны да есімде. Көзге оқшау көрінгенді, елден ерекшеленгенді жаны сүймейтін. Галстук дегенді жи- налыс, ресми орындарға барғанда болмаса, таға бермейтін. Кез келген нəрсенің қымбат-арзанына қарамай, жарасамды болғанын айтып, балаларды да қарапайымдылыққа тəрбиеледі. Өз талғамымен киінді. Жазды күндері айналасы ашық аяқкиім мен төбесі ашық баскиім киетін.

– Шығармаларын жазғанда күй таңдаушы ма еді? Бос уақытында немен шұғылданады?

 – Ғабең халық əуендерін қатты құрметтеді. Құрманғазы, Тəттімбет, Мұхит, Динаның шығармаларын, Күлəш, Құрманбек, Ришат пен Мүсілім, Бибігүлдер салған əннің өте құмар тыңдаушысы болды. Үйде сол күйтабақтар əлі де сақтаулы. Ал, бір дүние жазар алдында əлденеге мазасызданған адам сияқты екі иығын қозғап қойып, шапанын қайта-қайта қымтап, көп ой- ланып, көп толғанады. Ол кейде тамақ ішіп отырғанда да, ол өз кейіпкерлерімен бірге «жүретінін» байқайтынбыз. Балалары: «па- пам бізді ұмытты» деп күлетін. Сондықтан да көшеде келе жатып, ойға шомғаны сонша ешкімді көрмей, көзге ілмейтін. Көптеген таныстары бұл мінезін түсінбей ренжіп те жүрді. Кездескенде ай- тып, түсінісіп жататын. Бос уақыты, тіпті де болған емес. Арагідік жазудан тыныс алған сəттерінде Абайдың əндерін жаймен қойып, өзі есік алдында артық-ауыс дүниелерді жинап, талдарды кесіп, күтіп, алма жинаумен шұғылданатын.

– Қандай адамдармен араласқанды ұнатушы еді? Кісінің қандай қасиетін жоғары бағалады?

 – Соңғы 20-25 жыл бойына біз Қарғалыда тұрдық қой. Сонда «Алматы» санаторийінде республикамыздың əр түкпі-

рінен келіп демалып жатқандар сəлем беруге жиі келетін-ді. Тіпті танымайтындар да. Ал, өзіне жақын, əңгіме-қалжыңы жарасқан – Мұқаң, Ғабең, Əбділда, Ілияс, Еркеғали, Жұбан, Сапарғали, Серік жəне Əлия Қирабаевтар үйіміздің жиі қонағы болып, аралас-құралас болған жандар. Жас жазушы-ақындар да үйге жиі келетін. Асқар Сүлейменов, Мұхтар Шаханов, Ахат Жақсыбаевтар үнемі жағдайын сұрасып, келіп-кетіп жүрді.

 Жас болса тоқсаннан асты. Кейбірінің аты аталмай жат- са, ренжімес деп ойлаймын. Көп нəрсені ұмытып та қалдым, қарағым.

– Көзге ыстық көрінетін тұтынған заттары бар ма?

 – Əрине, бар. Өз қолымен жасаған сүйеніш таяқтары, орындығы, ойнаған картасы, кішкентай радиоқабылдағышы, əдемі қыран құстың бейнесі сол күйі тұр ғой. Жатқан орны, жұмыс үстелі, отырған орындығы, өзі таңдап алған жиһаздары, бəрі-бəрі Ғабемнің көзіндей ыстық. Қазір дүкен сөрелерінде самсап тұрған əдемі шетелдік үй жиһаздары қызықтырса да, балаларына əкесінің көзіндей болған əлгі дүниелерден артық мүлік жоқ.

 Аяулы анамызға алтынға да бергісіз, ештеңеге де айыр- бастай алмайтын нұрлы күндерін сағындырып, одан сайын елжіреткісі келді ме, əңгімені қызы Жанар жалғастырды.

– Əкеңіздің ерекше қасиетін айтыңызшы?

  •  Мен əкемнің өте қарапайым, мейірімді, əділ де кең- пейілділігін ерекше айтар едім.

Көпшіл, елдің қызметіне, жас ерекшелігіне қарамайтын.

  •  Бала тəрбиесіне қалай қараушы еді? Мамандық таңда- уыңызға көмегі болды ма?
  •  Ол бізді еңбекке баулыды. Еңбекқор адамдарға құрметпен қарауға үйретті. Тек білімді, еңбекқор адам ғана өз деңгейінде бақытты, салтанатты ғұмыр кешетінін құлағымызға құйып өсірді. Анам екеуінің бір-біріне деген құрметі, асыл сезімдері, аялай білуі – біз үшін бұдан артық өмір мектебі болған жоқ. Біреудің сыртынан бірдеңе айтып не болмаса біреуге ренжігенін көрген емеспін. Ешқашан өрескел мінез, оғаш қылық байқатпайтын.

 Бір сəт есімнен кетпейді. Мұхтар аға Əуезов, мамам үшеуі ұзақ уақыт ақылдасты. Сонда медицина, жалпы жаратылыстану ғылымы жөнінде маған көп əңгімелер айтқан. Осы бір əңгіменің аса қызықты əрі маңызды болғаны соншалық, қазір ойлап отыр- сам, сол күні менің болашақ тағдырымды да шешкен екен. Мен қазір сол əңгіменің жемісін көріп жүрген жанмын. Бүгін де өмірде адасып, жолы болмай жүрген жандарды көрсем, соларға менің əкемдей бір қамқоршы болмаған ғой деп ойлаймын.

 Осы сəт əңгімеге жазушының ұлы Қайрат Мұстафин ара- ласты.

– Əкеңіздің мұражайы туралы не айтасыз? Егер жасақ- талып жатса, мұрағаттары жетер ме еді?

 – Əкемнің бізге қалдырған мол мұрасы – өмірінің соңғы жыл- дарын өткізген Қарғалы поселкесіндегі мекен-жайы. Онда өзі жинаған сан алуан кітаптары, дос-жарандарымен жазысқан хат- тары, оқырман көңілінен шыққан шығармалары, алақанының табы қалған заттары тұр. Өзімнің жеке қорымда атамнан бастап, əкемнің мың жарымнан астам əр жылдары түскен суреттері, яғни отбасылық бес-алты альбомы бар. Əсіресе, əкемнің сексен жылдығы мен ақтық сапарға аттандырар сəттегі суреттерінің өзі бірнеше альбомнан тұрады. Ол альбомдар əкемнің айтуымен тек менде ғана емес, он бестен асатын немере-шөберелеріне де арнап, бөлек-бөлек жасалынған. Бұл суреттер əкеміздің жарқын бейнесінің көшірмесі сияқты қымбат дүниелер. Егер қаладан қашық демесе, осы үйдің мұражай болуына біз қарсы болмас едік. Бұл іске елеп-ескеріп, Жазушылар одағы мұрындық болып, үкімет тарапынан көмек жасалынып жатса, неге құптамасқа?!

 ТҮЙІН: Жазушы жөніндегі əріптесінің, отбасы мүшелерінің не қарапайым оқырманының қайсысының да болсын əңгі- месіне байыппен зер салып, тобықтай түйін түйер болсақ, қарапайымдылық деген ұғымға табан тірер едіңіз. Оның өмірі қарапайымдылықтан тұрған екен. Шынында да оның өнер мен өмірдегі қарапайым тіршілігі тал бойыңызға бір қоңыр əуен, қоңыр саз құйғандай əсер қалдырады. Ол сəт сайын Сізге, бəрімізге қарапайымдылық қағидасынан дəріс оқыған данаға ұқсап бара жатқандай көрінер еді.

Мəриям МҰҚАНКЕЛIНI:

ТАҒДЫРЫМА РИЗАМЫН

 Бiраздан ойда жүрген шаруа – Мəриям апайымның көңiл күйiн, денсаулығын сұрап қайту едi. Оның сəтi өзiнiң туған күнi түстi. Мəриям Мұқанкелiнi –халқымыздың бiртуар саңлақ жазушысы, сөз зергерi Сəбит Мұқановтың қара шаңырағының қазiргi иесi, бiраз жылдардан берi өзiм бiлетiн, жақсы көретiн сыйлас апайларымның бiрi едi.

 Қарап отырсам, бақытты ұрпақ екенмiн. Кешегi өмiрден өткен сырбаз-сыршыл Сырағаңның (Сырбай Мəуленов) бəйбiшесi Күлжамал, СССР жəне Қазақстан Республикасының Халық артисi, профессор Шолпан апай- лармен (Жандарбекова) он бес-жиырма жылдай сыйлас, сырлас араласыппын. Сол Күлжамал апамыз арқылы Мəриям апаймен танысып, талай əңгiмелерiн тыңдап, ба- тасын алғаныма да қаншама жыл өттi десеңшi!

 Əкемiз Сəбиттiң үйiне музей қызметкерi, тағы бiр сый- лас келiншек Гүлнəр Құдабаевамен бардым. Кiре берiстегi кең жарық бөлме – залда аппақ болып Ақ анам – Мəриям күлiп қарсы алды. Жүзiне қарап, бүгiнгi күннiң сəттi басталғанына қуандым.

 – Ой, айналайын, сарықарын бəйбiше бол деп бата берiп едiм талдырмаш келiншек кезiңде. Тура бəйбiше боп қалыпсың, жақсылықтарың ұзағынан сүйiндiрсiн,– деп бетiмнен сүйдi.

 Бiраз жыл көрiспедiк, жасы болса жүзге таяп қалды, ұмытып та қалған болар деген күдiгiмнiң тас-талқанын шығарды. Өзiмнен-өзiм əлгi ойыма ыңғайсыздана бастадым, апайдың күтiмi, жарасымды киiмi, ширақ сөздерi көңiлiмдi көншiтiп та- стады.–Өзiңдi көрiп қайран Күлекем есiме түстi ғой. Ол кеткелi көңiлден қуаныш көштi, қатарластарыңның аман болғаны да адамға күш екен,– деп бетiн бiр сипап өттi.

 – Күлжамалдың барында ылғи ақын-жазушылардың жесiрлерi, басы мен болып жиi бас қосушы едiк. Өзiңнiң бiр жазғаның да бар ғой, «Жесiрлер шəйi» деп, iшке жиналған

мұң-шерiмiздi бiр күлiп, бiр жылап отырып, ұзақ сырласушы едiк. Оның менен көп кiшiлiгi болса да, үнемi хабарласып, ақылдасып жүретiн. «Əй, Мəке, бүгiн театрға барамыз, жи- нал немесе пəленшенiң туған күнi, келiп алып кетемiн» деп бiр жаққа баратын болсақ таңертеңнен ескертiп қоятын-ды. Жаратқанның мұнысына да шүкiр, дегенмен ел мен елдi, ауыл мен ауылды байланыстырып, хат-хабар алып тұратын осын- дай ақылман бəйбiшелердiң де соңы сол Күлекеңдер екен ғой. Сонымен кеттi қызық бiткеннiң бəрi...

 Дайындап келген сұрақтар жайына қалып, бiз əңгiменiң көңiл сергiтетiн жағына көштiк.

– Мəриям апай, ертең туған күнiңiз, Сəбит аға не сыйлық жасаушы едi?

  •  Туған күн дегендi де қолдан жасадық қой, бiз туған кез солай болды ма, құжатқа өте салақ бопты ғой халқымыз. Кейiн метркесiз-ақ жаздырып алдық. Ол кiсi жетiм өскендiкi ме, үнемi балаларымен, қыздарымен ақылдасып отыратын. Қыздар кiшкентай кездерiнде əкесiнiң менен жасырып алған сыйлықтарын айтып қойып, қыран күлкiге батушы едiк. Сондағысы гауһар тастары бар алтын сақина-бiлезiктер. Сəбең əу бастан əйелдiң жақсы киiнiп, жарқыратып алқа, жүзiктерiн тағып əдемi болып жүргенiн жақсы көрушi едi. Əсiресе, ашық- шашықтан гөрi етек-жеңi ұзын, киiмдердi ұнататын. Өзi де кеңқолтық мол пiшiлген дүниелер киетiн. Дүкен аралауға жаны қас едi. Бəрiн өзiң бiлесiң ғой деп отыратын, сондықтан дайын киiм алуға өзiм баратынмын. Ол кезде үкiметтiң ар- найы дүкендерiне бекiтiлiп қойғанбыз. Ал кейде тапсырыспен киiм тiктiре қалсам, айналып-толғанып, бетiнен сүйiп балаша өбектеп: «Мiне, дайын көлiкпен барасың да қайтасың, өлшеп қана алады» деп, жалынып-жалбарынып апарушы едiм. Одан гөрi қалам мен қағазды шимайлауды жақсы көрдi. Еңбекқор едi, жарықтық. Балажан едi, мейрiмдi болатын. Екеумiз бiр шəй деспей ғұмыр кештiк. Өзiме сатып алған көйлектердi де қонаққа бармай тұрып, өзi бiрiншi көретiн. «О, қандай мол жарасамды, түсi де жақсы екен, өңi де жақсы екен», – деп ба- лаша мəз болатын-ды. «Əйелдерде сəндi киiмдер мол болғаны

жақсы. Еркектерге бiр-екi костюм-шалбар болса, бес-алты жейдесi болса жарайды» дейдi.

    •  Немене жалаңаш жүресiңдер ме?–деп күлушi едiм. – Мен де кием, сен де киiнесiң, – деп сатып əкелген киiмдердi қарап шығып:
    •  Əй, Мəке, сен осы менiң размерiмдi қалай бiлесiң, дəп-дəл ғой мынауың, – дейтiн кəдiмгiдей таңырқап.
    •  Осы уақытқа дейiн сенiң талғам-талабыңды, дене-бiтiмiңдi бiлмей не бiтiрiп жүрмiн,–дейтiнмiн. – Өте еңбекқор едi. Қағаз- қаламын қасынан тастаған емес. Осы жетпiске толғанда ғой деймiн, демалысқа кететiн болдық та:
    •  Сəбе, сен ендi берерiңдi берген адамсың, өзiң үшiн бiр де- малыс болсын, мен сөмкеңе қағаз-қалам салмаймын,– дедiм. Қиналыңқырап барып басын изедi. Содан ұшып кеттiк, Мəскеу түбiнде жазушылардың демалыс орны бар. Орналастық. Серуендеп, кино-концерт көрiп бiр жұмадай уақыт өттi. Байқаймын, тықыршып əрең жүр. Аузы жыбырлап, күбiрлеп қояды. Бiр күнi түнде оянып кеткен екенмiн. Бөлмеге болар- болмас шамның жарығы түсiп тұр. Ұйқылы-ояу жатып аса мəн бере қоймадым. Бiрақ сергек едiм, көзiмдi ашып қарасам, төсегiнде Сəбең жоқ. Дыбысымды бiлдiрмей, жан-жағыма жайлап қарай бастадым. Сөйтсем... жұқа шəлiм бар едi, соны көлегейлеп үстел үстiндегi шамның жарығымен жазып отыр. Ойын бұзғым келмедi. Ертеңiне түк болмағандай таңертеңгi астан соң, серуендеп жүрмiз.
    •  Кеше жаңадан кiсiлер түстi ғой деймiн, бiраз уақытқа дейiн шамның сəулесi түсiп тұрды. Түскi аста көрермiз, кiмдер екен, – деп алаңсыз əңгiме бастадым.

 Сəбең алғашында үндемей қалды да, артынан селкiлдей күлдi.

    • Əй, Мəке, нағыз қусың-ау, – дейдi. Балаша мəз.
    • Ой-бүй, жазған-ау, қу боп неғылдым, көргенiмдi айтқаным ғой..
    •  Əй-əй-əй, қусың, сен бəрiн бiлгенсiң. Мен ғой түнде қолым қышып жұмыс iстеген,– дейдi жаутаң-жаутаң қарап, Сол жолы «Төрт тағанды» жазып қайтты. Осындай да жағдайлар болған.

 – Өте сыйластықта ғұмыр кештiк дедiңiз, жазушылар елдiң, халықтың адамы деп жатамыз. Қызғанған кезiңiз болды ма?

  •  Ойбай, қызғанбағанда. Неге қызғанбайын, маңдайы жарқыраған ондай кiсiнi қызғанбағанда кiмдi қызғанамын. Ол өзi менiң қызғаншақ екенiмдi бiлетiн. Бiлетiн де ешкiмге жоламай, менiң көңiлiме күдiк ұялатпауға тырысатын-ды. Қайда барса да қасынан қалдырмайтын. Сəбемнiң арқасында көрмеген жерiм, бармаған елiм жоқ. Менi қайдан қызғансын, жанып тұрған кезiм, ешкiмге қарайтын шамам да жоқ, Сəбеңдей азаматтың жарымын, ешкiмдi менсiнбеймiн. Дүниеде қол жетпейтiн тек қана өзiмнiң Сəбитiм. Ол өзi əзiл-қалжыңға, бос сөзге аса үйiр емес, томаға-тұйықтау, адал, əдiл жан болды. Сосын Ғабит, Ғабидендер менi қылжақ қылатын.
  •  Ой, малбағар, жайыңа жүр, тып-тыныш қана, бетi жыл- тырағандардың соңынан сұқтанбай, – деймiн ғой.
  •  Ойбай, мынаған жолауға болмайды,ей, бұл бiрдеңенi бүлдiрер, – деп күлетiн мырс-мырс етiп.

 Аппақ ақ көбiктi жұмсақ қар жауып тұрған бiр күнi бəрiмiз қонаққа бара жаттық. Қар қалың-ақ түскен екен. Əңгiмелерi мен, Сəбеңнiң болса да қыңқ демейтiн əдетiн бiледi де, менi жағалайды ғой баяғы. Сосын жанына жəймен бардым да, аяғынан шалып қалып едiм, бейқам келе жатқан əлгiлер етпеттерiнен түскенi. Ал кеп күл... «Ойбай, Сəбе, Мəкең қандай күштi-ей, екеумiздi екi жаққа сұлатты ғой» деп ер-азаматтар əбден күлсiн. Мендегi қайдағы күш, ондай қимылды күтпеген өздерi ғой.

 Шынында да сол кез бiр қимас дəурен екен ғой, жыл өткен, уақыт өткен сайын есiңе түседi. Сəбеңнiң арқасында тұстас ақын-жазушылардың еркесiне айналған сол бiр жылдар көзден кетсе де, көкiректе сайрап тұр. Əуезовтен, қадiрлi Мұқаңнан бастап сыйлап тұрушы едi. Сəкен қандай едi, бет бiткеннiң сұлуы, ол кiсiнiң де алдынан өтiп, не жүзiне тура қарамай, «сiз- бiз» десiп өттiк. Қандай сырбаз, сұлу, шешен едi. Ақбоз аты- на мiнiп шыға келгенде, баяғы сал-серiлерден бiрде кем емес, сымбатты. Талай дəмдес болдық. Сəбең сол кiсiнiң үйiнде

тұрып, рабфактi бiтiрдi, əкемiздей қабылдадық. Сыйладық. Гүлбаһраммен сырлас, дос болдық. Сəбеңнiң қасында жатыр. Барған сайын тəттi, сəттi күндер еске түседi.

– Əшекей бұйымдарыңыз көп бола тұра, құлағыңызды теспегенiңiз қалай?

  •  Əкемнің тiлегi солай болыпты. Төрт жасымда əкеден жетiм қалдым. Əкемнiң анасы Зейнептiң тəрбиесiнiң арқасында адам қатарына қосылдық қой. Жалғыздың жалғызы болдым ғой, қайтсiн, барын аузыма тосып, əкесiз, анасыз дегiзбей, қатарымнан кем етпей өсiрдi. Содан екi-үш жасым болар, құлағыма сырға салайын деп, уқалап жұқартып отырғанын көрген əкем:
  •  Апа, қайдағы пəленi қайдан шығардың, баланың жанын ауыртып, салмай-ақ қойшы, сол сырғаңды, апа, теспешi,– деп шырылдап қоя берiптi. Əжем жарықтық жалғыз баласының сол тiлегiн бертiн келе құлағыма құйып қойған болуы керек, мен де сол тiлектi аттап кете алмадым, қарағым. Тiптi сырға туралы, əшекей-бұйым туралы ойлай қалсам, əкемнiң бейнесi көлбеңдейдi де тұрады көз алдымда. Есiмдi бiлiп келе жатқанда анам тұрмысқа шығып кеттi де, Зейнептiң құшағында қала бердiм...

 Зейнеп əжем келбеттi, əдемi, тау халқына ұқсайтын қыр мұрынды, ұзын бойлы келiстi кiсi едi. Сəбең керемет жақсы көрдi, өзi де жетiм өскен адам ғой, ананың мейiрiмiне қанбай өскендiкi ме, қасымыздан бiр елi қалдырмай, қайда көшсек те бiрге жүрдi. «Шеше, шеше» деп бəйек боп жататын-ды. 1936 жылы қайтыс болғанда да өз қолымен жерледi, осы

«Саяхаттың» орнында зират болатын, соған қойған. Кейiн сол зираттар бұзылып, орнына автобекет салынатынын естiгенде, үйге қатты күйзелiп келдi.

– Мəриям, ана шешейдiң сүйегiн алуымыз керек, зират бұзылады екен, – дедi.

– Ой-бүй-ау, оған бере ме екен?–дедiм мен де есiм шығып.

 Содан горкомға барып, рұқсат алып, əлгi кiсiнiң сүйегiн қаздырып, арнайы адамдармен бiрге қазiргi Райымбек бабамыздың бойына жатқызды. Кейiн əжемнiң басына белгi қойдырып, үлкен сауапты iс жасап едi. Аяғым жүрген кез-

ге дейiн Зейнептiң басына барып құран оқып тұрдым, қазiр қыздарым барып тұрады. Сол кiсiнiң аялы алақанының арқасында, жоқты-барды сездiрмей тоқшылықта өсiргенiнiң арқасында Сəбеңе қосылып едiм, одан жаман болғам жоқ. Сəбеңдi маған, менi Сəбеңе жолықтырған тағдырыма мың сан тəубе жасап отырамын...

 Мəриям апайдың аппақ жүзiне болар-болмас дiрiл пайда болды. Алқынбай екi сағаттан астам сөйлеп отырған ол кiсiнi шаршатып алмайын деген оймен, əңгiме арасында əзiлдесiп те аламыз. Бiрнеше рет суретке түсiрiп алдық. Сонда апай «тұра тұр, қарағым, бет-жүзiмдi жөндеп алайын, менде қайбiр келбет қалды дейсiң» дегенi.

– Бет-жүз демекшi, əдемi қалпыңызды қалай сақтап қалдыңыз? Ұзақ жасауға астың да көмегi болуы керек, əйел ретiнде сүйсiнiп дайындайтын асыңыз не? – деп сұрадық.

 – Ей, айналайын-ай, сұлулықтың, көркемдiктiң ауылы алыс қалды ғой. Сол жастық дегеннiң өзi сұлулық деген емес пе, жас келген сайын қайдағы сақтап қалу, əйтеуiр қыртыс-қыртыс боп отырмайын деймiн де, анда-санда бетiмдi əлi де күтетiнiм бар. Бұл ендi бiр жағы өзiм үшiн, сосын төңiрегiңдегiлерге құбыжықтай көрiнбеу үшiн жасалатын тiрлiк қой.

– Əкемiзбен шетелдерде көп болдыңыз, жас кезiңiзде қай елдiң бояуын қолданушы едiңiз?

  •  Сəбеңнiң арқасында көрмеген ел-жерiм қалмады. Онда да бетiме ұнамды, терiме ұқсас, үйлесетiн бояу ғана алатын- мын. Көбiне құрбыларыма сыйлыққа таратып жiберемiн де, əжемнiң үйреткен баяғы өзiмнiң айналайын ақ айранымнан артығын көре алмаушы едiм. Шашым қандай едi, сол шаш қой Сəбеңнiң көзiне түскен. Қап-қалың, жiбектей ұзын бұрымды қазiр көзге түсiре бермейсiң. Шашымды да сол ақпен жуып, бетi-қолымды да бiр мезгiл айранға шылап, терiмдi нəрлендiру осы күнге дейiн қалмай келе жатқан əдет. Ал, ендi анда-мұнда болмаса бетiме опа, ернiме бояу жаққан əйел емеспiн. Бiздiң кезiмiзде судың да таза, ауаның да таза кезi ғой, таза ауамен серуендегендi жаным қалайтын.

 Сүйген асымды ғана уақыт талғамай сүйсiне пiсiрiп, асықпай-аптықпай жəймен бабымен iшкендi ұнаттым. Əйел бо- лып ет бүлдiрiп алған кезiм жоқ. Жылқының етiн кейбiреулер қап-қара қатырып алады ғой, мен сақтаған ет үнемi сол күйiнде тұратын. Соғымнан соғымға дейiн бүлдiрмей сақтаушы едiм. Жолға көп шығамыз. Сəбеңнiң бiр əдетi жолаушылап жүрiп сырттан тамақ iшпеушi едi. Сондықтан қазы-қарта, жал- жаямды молдау пiсiрiп, тоңазытып, тiптi шайға қосатын кiлегейiмдi де бiрге ала жүретiнмiн. Есiмнен кетпейтiн сондай жолсапардың бiрi Азияда теңiз үстiнде теплоходта Сəбеңнiң 60 жылдығын тойлағанымыз. Құдай-ау, үш жүздей адам бар ғой деймiн, сонда дастарқанды үйден əзiрлеп əкеткен аспен-ақ тол- тырып, елдiң əбден риза болғаны бар.

 Жаңа айттым ғой, арманы жоқ Сəбитiмнiң, оны маған, менi оған жолықтырған тағдырға ризамын. Екi жетiм боп қосылып едiк, Құдайға шүкiр өстiк-өндiк. Бермедi емес, Жаратқан ием төрт ұл, екi қыз бердi. Амал жоқ, ұлдарым да кеттi. Немере қызым мен үш қызым бағып-қағып отырған жай бар. Тағдырыма өкпем жоқ. Сəбит көрмеген жүздi көрсеткелi отырған, бұл ұзақ жас деген де Жаратқанның пендесiне қиған дəулетi екен. Аяулы Сəбитiм, алтын Сəбитiмнен осылай ажырасқаным бол- маса, осы балалардың алдында қасына барсам деген ғана тiлек. Əңгiме ауанын тағы да өзгертуге тура келдi. Жасы болса жүзге таяп, жақсыға жақсы жар болған, көптi де көрген, көп те жасаған анамызды бiз де көбiне көңiлдi əңгiмеге тартып

отырғанымыз да түсiнiктi болар.

– Мəриям апай, осы қазақтың батыр ұлы Баукең Сiзден қаймығыпты дейдi, рас па?

Ақ апамның жүзiне күлкi үйiрiлiп сала бердi.

 – Е, ол қаймыққаны емес, сыйлағаны ғой. Баукең қандай едi, кездейсоқ кiсi жанына жолай бермейтiн сұсты, қатал көретiн. Серi едi өзi. Қонаққа барсақ бiздiң қасымызға жайғасатын-ды. Сонда ұнатпайтын кiсi отырса, мұрты жыбырлап, тынышы кететiн. Соны байқаймын да, «Əй, тыныш отыр, немене жы- бырлап кеттiң?» десем, «Мəке, қойдым, қойдым» дейдi. Өте жақсы сыйластықта болдық. Бiрауыз артық не қарсы сөйлеп

көрген емес. «Құдайдан қорықпаймын, Мəриямнан қорқамын» дейтiн.

  •  Тек, Алла сақтай гөр, айта көрме, – дейтiнмiн. Солай қарағым, сыйласқан сыйлылардың бəрi кеттi. Мықты денсаулық болса, жақсылықтың бəрiн көредi екен кiсi, Алла тағалам денсаулық берсiн деп тiле.

– Сiз өзiңiз айтқандай, жаныңыз қалағандай, Сəбиттей қазақтың жары болып тарихта қаласыз. Ол кiсiнiң атын- да көше, мектеп, музей бар. Кiтаптары жаңарып шығып жатыр, артында мына шаруасы қалды-ау дегендей бұйымтайыңыз жоқ па?

  •  Айтар сыным, өкпем де жоқ. Қанағат дегендi өз басым өте жақсы көретiн кiсiмiн. Жасым болса келiп қалды, уақыт деген өз дегенiн жасайды, бойдан күш-қуат кете бастады, сонда осы жасқа келiп «маған, маған» деп сұрайтындай не басыма күн ту- сын?! Сұраншақтық, сұғанақтық табиғатыма жат нəрсе едi, со- лай боп өмiрден өтсем арман жоқ. Даңғарадай үйiм бар, əрине, Сəбитiмнiң ошағы. Жақында қала басшысының тапсырмасы- мен орынбасары телефон шалып, жағдайымды сұратыпты. Риза болып қалдым. Жоқтықты көрдiк, аш-жалаңаш болдық... барды да, байлықты да көрген, тойған адаммын. Ел сияқты бұйымтай айтсам, осы ел азаматтары қолымды қақпас едi, де- генмен бес-он сом үшiн абыройымды төгер жайым жоқ. Алла риза болсын, хал-жайымды сұрағандарға менен дұғай сəлем дерсiң. Аман екен, балапандарының қамқорлығымен Құдай қаласа төбесi көрiнген жүзге жетсем деген бiр бұйымтайы бар екен дерсiң, – деп езу тартып қойды апай.

 – Сəбең жақсы кiсiлердiң шапағатын көп көрдi дедiңiз, өзi де талайға жақсылықтың жарығын түсiрдi емес пе?..

  •  Дұрыс айтасың. Əсiресе, алғаш үй болып қалыптаса бастаған шағымызда бiздiң үйге студент жастар көп келетiн. Дастарқанымды ендi жинай бастасам, тағы бiреуi кiрiп келе жататын. Бəйек болып дəм əзiрлеп, шығарып салуға əрең үлгеретiнмiн. Олар келген күн бiз үшiн мейрамнан кем емес тəрiздi. Сол тұстағы студенттер арасында «қарындарың ашса Сəбеңдiкiне барыңдар, тамаққа тойғызып, ақшасын са-

лып бередi» деген əзiл болса да шындыққа айналған сөз бар. Əсiресе... бiр күнi осындай жастарды шығарып салып, ендi түскi асқа келетiн Сəбеңе ас дайындап жатқанмын. Есiктiң қоңырауы қайта сыңғырлай жөнелдi. Сағатқа қарасам, əлi ерте, Сəбең емес. Ашсам, қолтығында қыстырып алған дəптерi бар бiр қара бала тұр.

    • Сəбит Мұқановтың үйi ме? – деп сұрайды.
    •  Иə, иə, кiре ғой, – деп iшке енгiздiм. Сəбең келдi. Таныстық. Ғабдолла деген қарапайым шаруаның баласы – Мəлiк екен. Қазақ фольклорының тұңғыш өкiлдерiнiң бiрегейi, ғалым. Кеңестер Одағының Батыры Мəлiк Ғабдуллинмен осы- лай басталған таныстық, кейiн туған баламыздай болып, əкелi- балалыдай ғұмыр кештiк.

 Мүмкiн, Мəлік өлмегенде Сəбең де өлмес пе едi деп ойлай- мын кейде, кiм бiлсiн? Өйткенi, Мəлiктiң қазасынан кейiн ес жия алмай қойды Сəбең. Күндiз-түнi егiлетiн-дi. Қабырғасы қайысып кеттi, белi бүгiлiп кеттi. Не керек, содан кейiн көп ұзамай, үш айдан соң өзi де кеттi ғой iзiнен. Артынан ерген iнiге, бiрге тумаса да туғандай қабылдаған Мəлiкке деген, оның жазғандарына, атқарған тiрлiгiне көңiлi өсiп жүретiн де,

«əй, осы баланың отбасындағы көңiл-күйi дұрыс болса, бұдан да жақсы дүниелер жасар едi-ау», – деп сырттай өкiнiп, жаны ашып отыратын...

 Талайларға инабатты келiн, жақсы жеңге, жетiмдерге көзқарасы мен қабағы түзу, асылдың сынығы Ақ апам– Мəрияммен болған əңгiме, тағы да көңiлсiздеу аяқталды. Өмiр болған соң, оның үстiне көппен сыйлас, тығыз аралас болған соң, онсыз тiрлiк те болмайтынын ол кiсi де, бiз де амалсыз мойындағандаймыз. Қазақ əдебиетi мен мəдениетiнiң ауыр жүгiн сүйреген қазақтың қайыспас қара шалына адал жар, ба- лапандарына мейiрiмдi ана болған осынау Ақ апаммен əңгiме шынымды айтсам, өте əсерлi болды. Қағаз бетiне түспегенi, түсiре алмайтын кейбiр жақтары қаншама... Мүмкiн кезiнде олар да айтылар...

 Қоғамның бүгiнгi келбетi, адамзаттың болашағы жөнiндегi керемет пəлсафаға толы ойлары менi керемет толғандырды.

«Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнiн» айтар болсақ, бетiмен кеткен бойжеткен мен бозбалаға ата-ананың салқынқандылығы, тiршiлiк қамы деп ақшаның соңында кеткен ата-аналардың балаға бөлер уақытын көңiл көтеруге аямауы, уақтында асын дайындап, жатқызып-тұрғызып отырған ананың мейiрiмiн толық сезiнбеген ұрпақтың болашағына алаңдауы ақылман ана- мызбен болған əңгiмеде тыс қала алмады. «Əйтеуiр, артының қайырын берсiн, осыншама бай қазақ əдебиетi, соны маңдай тер, саналы ойымен жасаған əкелердiң еңбегi қайтар кез алыс еместiгiн, қазақтың май тамызар майда қоңыр тiлi өлмесе керек-тi» деген əдемi сөзiмен əдемi əңгiмемiздi аяқтадық.

«БҰЛ БОСАҒАҒА КЕЛГЕНІМЕ

74 ЖЫЛ БОЛДЫ», – ДЕЙДІ КӨКЕН АНАМЫЗ ЫСҚАҚБАЙҚЫЗЫ ҮМБЕТОВА

 Алматы – Ташкент күрежолынан Ұзынағаш селосына қарай бұрылғанымызда, күн де ұясына қызара бөртіп еніп бара жат- ты. Шыңына көз ілеспейтін Алатау сілемдерін бетке алып біз мінген көлік Аққайнар ауылына беттеді. Қаланың шуынан қашып демалатын-ақ жер екен. Таудан ескен қоңыр жел ептеп бойды алып, денеміз сəл-пəл тоңазығандай болды. Қаракестек ауылының тұсынан өте бергенімізде бір топ сəйгүлік мінген ауыл жігіттері қатарласа шауып өтті. Айнала тым-тырыс. Көкпеңбек. Тал-теректің басы ғана баяу тербеліп əдемі бір əуенге елітіп тұрғандай. Əлгіндегі көрініс көз алдымыздан бұл-бұл ұшып артта қала берді.

  •  Əй, Данияр, əлгі жерден жылдамдықты басыңқырап, аялдаңқырап өтпедің бе, əдемі бір əлемді лезде жоғалтып жібердің-ау...

 Менің ойымды көліктің алдыңғы қатарында отырған Нұрланның даусы бөліп-ақ жібергені.

    • Иə, қап-ай болды біздің де сөзіміз.

 Шіркін, табиғаттың кеңдігі ғой, еліміздің қай түкпіріне барсақ та өзіндік ерекшелігі, сұлулығы көз тартады. Дегенмен, Алматы облысының шын мəнінде Жер жəннаты екенін, сол бір тылсым сұлулықты күнде көріп, сезініп жүргенімізге іштей тəубамызды айтып, əркім өз ойымен болып кеттік білем, үнсіздік орнады.

 Жанымдағы «Ерке-Нұр» журналының редакторы Фарида ханым да тəтті бір сезім құшағына енгендей. Оның не ойлап, нендей мұңға батып кеткенін де жаныммен түсінетіндеймін.

«Қайран, Айекем, артта қалғандарды біраз уақыт мұңға бөлеп кете бардың-ау» деп ойладым мен де кеше ғана жол апатынан қаза болған осы басылымның басшысы Айсұлу Сарбозқызын тағы да еске алып. Анасының соңынан бір елі қалмай бойжет- се де жас балаша еріп жүретін көзінің ағы мен қарасы қызы мен күйеубаласын да бірге ала кеткені жанымызды жұмбақ бір əлемге сүйрегендей күй кешіп біз қалдық.

Тағдыр ғой...

 Иə, тағдыр-талайы солай болғаны да, ана құрсағында жатқанда-ақ маңдайымызға жазылғаннан қашып құтыла алмайтынымызға тағы да көз жеткізгендей, өмір бар жерде өлімнің қатар жүретініне мойынсұнғандаймыз.

 Ананың құрсағы демекші, осы сапарымыз жайлы Фаридадан естігенімде, іштей бір жақсы ырымға балап, қуанғаным да рас. Қоғам жəне мемлекет қайраткері, өзіміз сырттай тілеулес болып жүретін облыс басшысы Серік ағатай Əбікенұлының анасы жайлы мақала жазып беруімізді өтініп, жолға шыққан бетіміз еді.

 Жері, елі үшін аттан түспей қызмет етіп келе жатқан азамат- ты өмірге əкелген шүйкедей кемпір есік алдында бізді еркелей қарсы алды.

    •  Қараң қалғыр бүгін күні бойы ішім бүріп ауырып, есеңгіреп отырғаным,– деді көзіндегі көзілдірігінің үстінен бізге елжірей қарап. Осы бір отырысы пəленбай жыл бұрын о дүниеге аттанып кеткен біздің де шүйкедей кемпірімізді есімізге салғандай, жүрегіміз жылып сала бердік. Аппақ жаулығына малынып отырған мейірімді кемпірдің құшағына бас қойып

ағыл-тегіл жылағым келгені... Тұла-бойымызға тарап бара жатқан сағыныш атты селді сабырға шақырып, еңкейіп барып шешеміздің маңдайынан сүйдік. Ол кісі де құшағына қысып барып емірене сүйді де, əлгі сөзін қайталады.

– Апа, əкімнің анасы болған соң ба, жоқ əлде жасыңыздан осындай ерке болдыңыз ба?– деп күлдім маңдайына түскен жаулығын жөндеп жатып.

 – Е, жоға да, жасымнан осындай «қағынған» кемпірмін,– деп балаша күлді де, ол кісі бізді үйге бастады.

– Апа, батыр да, ақын да Анадан туады. Қанша құрсақ көтердіңіз?

  •  Қарағым, Құдайдың бергені болар, шалым он тоғыз, мен он алты жаста бас қостық. Қырық жасыма дейін он төрт перзент сүйдік. Үш ұлым шалыммен бірге кетіп қалды. Аллаға шүкір, қалғандарына қанағат, солардың амандығын тілеп отырған жайым бар. Солардан тараған қырық шақты немерем бар, алды қырыққа келіп қалды. Шөберелерім бар. Осылардың алдында тілеуін тілеп қарайып отырмын ғой. Мынаған жақсам болды, əйтеуір,– деп қарсы отырған келіні Гүлнəрді көрсетіп қойды.
  •  Апа, келініңіз жақсы ма, жоқ келініңіздің шайы жақсы ма?– дедік ол кісінің əңгіме ыңғайына жығылып.
  •  Өзі де, шайы де жақсы. Жалпы, естеріңде болсын, ұлдан гөрі келінмен дұрыс болған жақсы. Құрсағыңнан шыққан немең ешқайда кетпейді, ал үрім-бұтағыңды өсіріп отырған келіннің қабағы дұрыс болғаны жақсы тегінде. – Үшінші ұлым Ғабитімнің келіншегі Гүлнəр осы, жиырма бес жыл- дан асып барады, осының қолындамын. Шүкіршілік, 74 жыл болды осы босағаға келгеніме, ыстық-суығым өткен ошағым ғой. Қай қызға, қай ұлдың үйіне барсам да, осыған, осы шаңыраққа асығып тұрамын. Қара шалымнан қалған қара шаңырақтың иесі Аяным бар. Атасының кенжесі. Екеуінің рұқсатымен шалымыз екеуміздің атымызға көшіріп алғанбыз.

Əңгімеге келіні Гүлнəр араласты.

  •  Атам керемет сауатты, биік, ірі кісі болды. Балажан-тын. Ұлымыз дүниеге келгенде: «Қанша ұл-қыз өмірге əкелсек те,

бірде-біреуі менің атыма жазылмапты-ау, осы Аянды өзімнің көзім тірісінде өз атыма аударып алайын» – деп ықыласы ауды. Қалай қарсы боларсың, келістік. Сөйтіп, басқа қайын əпке, қайнағаларымнан жолы үлкен болып, осы əулеттің кенжесі са- налады. Міне, өзі де келді, – деді есік жаққа қарап.

 Шынында да бой десе бой, түрі-басы келіскен бозбала сəлемдесе енді. Аянды айналып-толғанып отырған шешемізге қайта бұрылдық.

– Апа, бір балаңыздың қоғам, мемлекет қайраткері екенін білеміз. Көпшілікпен, қара халықпен жұмыс істеу оңай шаруа емес, біреуге ұнасы, біреулері қызметіне сын ай- тып жатыр. Ұлыңызды сондай сəттерде қалай қолдайсыз, қорғайсыз?

 – Балама «Көп тілеуі көл» деген, қарағым, еліңнің, халқыңның үддесінен шыға біл, таза бол , адал бол, асып-таспа бірқалыпта бол, сонда ғана жағасың,– деп үнемі құлағына құйып отыра- мын. Байдың да, кедейдің де, бастықтың да, қарапайым кісінің де кеудесіндегісі бір шыбын жан. Барар жері де бір. Тегі момын, кісі ақысына сүзілмейтін, қанағатшыл. Төбесін аман көргеніме қуанамын. Аман болсын қарақтарым. Балаларыма ризамын, бірде біреуі əбес қылықтарын көрсетпейді, теріс мінезден ада. Шылым шекпейді, ішімдікке жандары қас. Серігім кішкентай кезінен ерекше болды. Əскерден келгенде əжептəуір бойшаңдау еді, қызмет деген де жанды жеп қояды ғой деймін, шөгіп кетті. Ешкімнің ала жібін аттама, мүмкіндігің болса елге бер деп тəрбиеледік. Кешегі Қызылағаш оқиғасы тұсында баламмен бірге қайғырып, қабырғам қайысты. Табиғаттың тылсым мінезі жетерлік, апат айтып келмейді деген осы да. Құдайға шүкір, ар- тынан дұрысталды ғой. Қашан да сабырлылық, қанағатшылдық адам баласын қандай қиындықтан болса да алып шығады. Халыққа сабыр берсін!

 Шалым да ақылды, сабырлы кісі болды. Екеуміз 55 жыл бірге тұрдық. Көпшіл, балажан. Ол да, мен де ата-анадан жалғыз болдық. Ата-енем тау-тасты аралап жүріп, Құдайдан сұрап алған жалғызы. Менің жалғыз бауырым болып еді. Əкем марқұм: «Ұлым көкте жүреді, ал жерде қызымның ба-

ласын бағып біз отырамыз» деп армандап жүріп, əскери ұшқыш болыпты да, 1944 жылы қаза болып кетті. Нұрман Туғанбаев деген қазақтан шыққан тұңғыш əскери ұшқыш бо- латын. Артында ұрпақ та қалмады, қайран бауырым із-түссіз жоғалды. Балаларым жүгріп жүріп қай қалада жерленгенін тапты-ау, амал не, жер қашық, сыртынан атын атап Құран бағыштағаным болмаса қолымнан не келеді. Жалғыздық де- ген адам баласының басына бермесін, айналайындар, өте қиын жағдай ғой. Сондықтан болар, осы бр үрейлі сөзден қорықтық па, шалымыз екеуміз баладан қашпадық. Өз төбесіне барып жатқанына 15 жыл толды. Ұрпағына бас-көз болып артында мен қалдым.

 Шалым қызметкер болды. Совхоз директоры, партия ұйымының жетекшісі, бас зоотехник болды. Сөзшең, əңгімешіл, зор адам болатын-ды. Тату-тəтті ғұмыр кештік. Амандық бол- са, биыл желтоқсан айында 90-ға толамын.

– Апа, өте жас көрінесіз. Жақсы жасаудың сыры неде, тамақ талғап жейсіз бе?

 – Өскен-өнген əулетпіз. Қыз ұзатып, келін түсірген деген- дей, жалпы адам баласының айнымалы мінезін жақтырмаймын. Кімге болса да бірдей болу керек, төрт келінім бар, құдаларым да текті азаматтар.Күйеу бала, келін деп бөлмей, бірдей ықылас- пейіл танытып, көпшіл болсаң, Жаратқан да адамның пейіліне береді дейді ғой. Артық ішкен астың да сұрауы бар. Обал- сауапты білген де жөн, тамақты қалауымша ішемін, артық емес, əрине. Ал, көп жасау дегеніңіз, бір Алланың қолындағы тірлік, тəубə, ұрпағым аман болсын. Осы жасыма дейін бір адаммен бет жыртысып, ұрысып көрген кісі емеспін. Ер-азаматтың да кірген-шыққанын аңдып, қайда барды, қайдан келді дегенді білмеппін. «Ер-азамат түздің адамы» деген қағиданы берік, биік ұстанған ұрпақпыз ғой.

– Төрт келін деп қалдыңыз, өзіңіз таңдап, құда түсіп алған келініңіз бар ма?

 – Мұхиттың əйелі – Анарды балам əскерден келерінде алты ай бұрын үйге түсіріп алдым. «Апа, балаңыз ұнатпаса қайтеміз» дейді, «əй, əдрем қалғыр, менен асып қайда барады» дегем, жа-

ман болған жоқ. Мына жағы Андреевка, ар жағы Махамбетке дейін құдалыққа барып келдім ғой. Серіктің келіншегін де он алты жасында түсіргем, өсті-өнді. Жекжат болған жерлерім де өскен-өнген адамдар.

 Байлық ешкімге серік болған емес. Жер басып тірі жүргенге ештеңе жетпейді.

– Шалыңыздың құрдастары бар ма, келіп тұратын шы- ғар?

 – Балам əкесінің атынан мешіт салдырған. Көзі тірілері келіп бата жасап, əңгіме-дүкен құрып тұрады. Одан артық қолдан не келер. Төбедей болған төрем беткейде ұрпағының амандығын тілеп, мəңгілік ұйқыда. «Мен де келермін, бұйыртқан бір күні» деп басына барған сайын қалжыңдасам. Ондай кезде Серіктен бастап балаларым қорқып кетеді. «Əлі рұқсат жоқ сізге» дейді зəрелері қалмай... Бұйрық келсе, алды-артыңа қарамайтыныңды іштей сезінсе де, қимайды ғой...

 Аппақ Ана сəл-пəл мұң басқандай үнсіз қалды. Пер- зенттерінің жанын жаралап айтқан сөзін салмақтап отыр- ғаны байқалады. Ананың жүрегіндей нəзік, Ананың ма- хаббатындай таза, мейіріміндей сезім жоқ шығар бұл пəниде, қатыгездік пен қаталдыққа жол бермейтін, дүниені əдемі əуенімен əлдилеп келе жатқан осындай кейуана Аналарымыздың арамызда аман жүргені қандай күш, қуат береді десеңізші?!

 Қазақ, əдетте, ата тегіне, қанына қарап мақтанса да, ана құрсағын, ана жатырын да үнемі ескеріп отырған. Əсіресе, тектілікті ана құрсағынан іздеген. Қазақтың қанына сіңген осындай қағидаға сүйенер болсақ, осынау шүйкедей ғана қазақтың қара кемпірінің құрсағы, шын мəнінде, алтын екенін мойындамауға болмас. Алтын асықтай ұл-қыздарының алды бүгінде бір əулеттің ғана емес, бүкіл бір қазақ қоғамының кəдесіне қызмет етіп келе жатса, неге ғана ол ананың мейірімінен, махаббатынан айналмасқа?!

 Айналайын Əз-Ана, ақ жаулығың Алатаудың аппақ шыңдарын елестетіп, алдымызда жүре бер деген перзенттік тілек жүрегімізді жаулап Алматыны бетке алдық...

АҚТОҚТЫДАН – БҮБІХАНҒА ДЕЙІН...

 Бірнеше күн жүріп, Шолпан апайдың рұқсатын алдым-ау. Онда да спектакльден кейін кездесуге келістік. «Отыз ұлың болғанша» пьесасындағы сақау да ерке Бүбіхан-Шолпанның журналистерге қоятын талабы да осы екен – ең бірінші спектакльді көріп, сахнадағы бейнесімен танысу.

 «Іштен шыққан шұбар жылан» демекші, жан-тəніңмен орындайтын бейнеңді кез келген пенде тоқмейілсіп қабылдауы мүмкін: жақсы шығардым деп. Сондықтан да өз көзіңмен көргенге ештеңе жетпейді», – деді ол кісі.

 Спектакль де бітті. Мəдина-Мадоннаны еске алу кешінен кейінгі көңіл-күйіміз, сахнадағы өнердің тағы бір кешінен аз- дап сергігендей. Кездесу ертеңге қалды. Дегенмен, əңгімеміздің тақырыбын есіне салып үлгердік.

 Айтылған мекен-жайға жетіп, есік алдында ептеп дем алғандай сəл кідірдім. Жүрегі құрғыр дүрс-дүрс. Енді ше, қазақ өнеріндегі аты аңызға айналған, алғаш опера жəне ба- лет театрының ірге тасын қалаушылардың бірі де бірегейі Құрманбек Жандарбековтің қара шаңырағының босағасында тұрсам. «Денсаулығы құрғыр да болмай жүр» деген Шолпан апайдың даусы құлағыма тұрып алды. Мүмкін, бүгін де сəті түспесе ше, деген үрей де жоқ емес.

 Есікті баласы ашты. Ішкі бөлмеден «кіре бер» дегенді естідім. Сөйткенше қолында бір бума қағазы бар өзі де шықты.

  •  Əңгімеміз қазақ əйелдері жөнінде болса дегеннен кейін, ұйқым бөлініп, қайдағы-жайдағы еске түскені, – деді ол кісі. Шаршап тұрса да даусынан реніш байқалмайды. – Өмірде де, өнерде өзім араласқан, шығармашылық, жеке отбасылық қарым-қатынаста болған қыз-келіншектер еске түскені, – деп бір қайырды Шолпан апай.
  •  Иə, əуелгі ойымызда осы болатын. «Қаракөзден» басқа əдебиеттегі қыз-келіншектердің бəрінің образын жасаған, бір ғана Мұхтар Əуезовтің 14 персонажын бейнелеген, өнерде өзіндік қолтаңбасы бар Шолпан апайды елі, театр сүйер қауым онсыз да біледі. Ақылман ана, адал жар, бүгінде елге айтар

өзіндік өрнегі бар Жандарбекованы АНА, ƏЙЕЛ ретіндегі ой- толғанысын бөлісу еді. Құрманбектей біртуар талант иесінің аяулысы болған кісінің көргені мен білгені, өзі кейіпкер боп ен- ген аналар бейнесіндегі байқаған-түйгені – бізді қызықтырған дүниеде де осы.

 – Шынында да «Қаракөзден» басқа əдебиеттегі қыз- келіншектердің образын жасадым. Қаракөздіойнамағансебебім де болды. Өзімнің актриса ретіндегі көтерген, көгерген бейнем

– Ақтоқтының тағдыры, басынан өткізген азабы мен тозағы ұқсас трагедиялық бейне болғандықтан, ауырлау соғатын бол- ды. Өзім де, Құрекең де аса ынталана қоймадық. Бір Мұхаңның өзінен 14 бейнені ойнадым. Ол бірі жақсы уақыт еді ғой. Жақсы болатыны – жас едік. Албырт, таза едік. Қазір заман өзгерді. Адам да өзгерді. Көрермен де, қойылатын шығарма да жаңарды. Əсіресе, соңғы алты-жеті жылда театр репертуары жаңаша си- пат алып, классикалық дүниелер азая бастап еді. Енді жаңа басшылық қайта қолға алып жатыр. Əдебиеттің жаңарып, өсіп отыруы заңдылық. Дегенмен, классикалық шығармалардың орны тым бөлек қой. Онда ұлттық болмыс-бітім, бояуы қанық тəрбие-тəлім жатады. Мəселен, көркем шығармаларда бұрын қыздың кең маңдайы, аппақ білегі, саусақтары, шиедей қып- қызыл ерні, жүріс-тұрысын суреттеу арқылы тəрбиенің қалыптасқан бір үрдісі қоса жүретін. Біз де, театр сахнасына тұңғыш шыққандар сол сұлуды, ақылды аруларды бейнелеу арқылы образға кіруге, солар сияқты жүріп-тұруға ұмтылу арқылы бой түзейтінбіз. Образға ғана еніп қоймай, солардың бойындағы қасиеттерге бой үйрететінбіз. Он сегіз жастағы кезім. Еліктеп, үйренуге құштар кез. Алғаш «Ақтоқтыны» шығарарда тамаққа тəбетті тежеп, дене бітімімізді қалыпта ұстау үшін, сахнаға шығар алдында бір шикі жұмыртқа, жар- ты сухари мен бір стакан жылы суды ішуді əдетке айналдыр- дым. Сондықтан да Хадиша екеуміз сахнада жиырма жылдай жас қыздардың рөлін ұстап тұрдық. Қырықтан асқанда ғана келіншктерді, елуге жақындағанда əйел, аналар бейнесіне ауыса бастадық. Біздің кезіміздегі драматургтер мен қоюшы режиссерлер ұлттық болмысты, сананы, əдет-ғұрыпты жақсы

білетін-ді. Сол кездегі кез-келген қойылымда қыздарымз ер- кектермен қалай сөйлеу керек, ер-азаматар алдында өзін қалай ұстау керек екенін, бақырайып бетке тіке қарамай, биязы бо- луды үйрететін бірден-бір құрал болғаны тарихтан да белгілі құбылыс. Əрине, əр заманның оқиғасы да əрқилы.

– Сіз сахнада тек қазақ əйелі ғана емес, батыстың, оның ішінде орыс жазушыларының да шығармаларын сомдап жүрсіз. Сахнадағы əйелдердің бойындағы айырмашылық туралы айта кетсеңіз?

  •  Əрине, айырмашылық болады. Батыстың, мысалы, Шек- спирдің, орыс классиктері – Чеховтың, Гогольдің, Грибое- довтың, Островскийдің кейіпкерлері – қазақ əйелдеріне мүлдем ұқсамайды. Оларда еркіндік басым, өздерін ерлермен тең дəрежеде ұстауда өте еркін.
  •  Ондай еркіндік қазақ қыздары бізде де болған. Бірақ ол еркіндікті олардың басына түскен тағдыр ауыртпалығы əкелген. Яғни, сол қоғамдағы салмақ мəжбүр етеді. «Ақан серідегі» жаны нəзік, биязы Ақтоқтылар кейін Хазірет Ақанды елден қуып, сүймеген Жармұханға күйеуге береміз деп шеш- кенде, Ақтоқты ашынғаннан Хазіретке қарсы шығып, өз тағдыры үшін ашық күреседі. Батылданады. Бойдағы ұятты ке- неген ашу-ызаға жеңдіреді. Жанына батса, арына кір келтірер жағдайда өз ары, тəні, жеке басы үшін бел буған қайратты қыздар, əрине баршылық. Бірақ, соған жеткенге дейінгі жағдай əбден шаршатып, қалжыратып, барып жеңіске жеткені үлкен ақылдықпен қоса төзімділікті де паш етеді. Бəріне бірдей бұқпантайламай, өз басына түскен тағдыр тəлкегінен шығатын да жол таба білген.

– Сахнада бір-біріне қарама-қайшы рөлдер болды ма?

 – Болды. Қалтай Мұхамеджановтың «Жат еліндегі» Еваброер деген неміс əйелін айтуға болады. Сондай-ақ «Бөлтірік бөрік астында» Марфұға сол кездегі жаңаша киінетін, орысша- қазақша сөйлейтін, өмірге деген көзқарасы жеңілдеу, жүріс- тұрысы да бұрынғыларға ұқсамайтын, тағдыры да бөлек қыз. Мұхамеджанов шығармаларында жалпы, трагедия мен сатира қатар өрілген. Бірінен ойындағысын бүкпесіз ашық айта ала-

тын, неміс əйеліне тəн өткірлік байқалса, бірінен болмысын еркелік арқылы жеткізетін еркіндік көрінеді. Ал Гогольдің

«Ревизорындағы» Анна Андреевна да мінезді еркін əйел. Қаланы басқаратын күйеуіне сенген, молшылықты сүйетін, өзінше толған, тойған əйел. Бұл да мен сомдаған кейіпкерлеріме қарама-қайшы образдардың бірі. Сахнадағы жүріс-тұрысы, сөйлеуі мəнері бөлек, өмірге көзқарастары əртүрлі əйелдер бұлар.

– Өнердегі емес, өмірдегі құрбыларыңызға бұрылсақ...

 Əйелдердің өнердегі тағдырынан гөрі, өзім біраз араласқан қазақтың маңдайалды қызметкер əйелдері туралы айтайын. Көбі о дүниелік боп кетті. Сəбираны, Рахияны, Раушанды, кешегі қимас құрбы, өнерге бірге келген Бикендердің орны əрине бөлек. Солардың, солар сияқты алып өнер адамдарының арқасында, мүмкін біз, қатарға қосылған шығармыз. Адам анасын, сосын ұстазын ұмытпау керек. Жақсылық жасаған адамды ұмытпау керек. Жастың ұлғаюына байланысты бо- лар, кейде ауруханаға жиі жататын кездер болады. Сондай бір кезде қазақтың маңдайына біткен ғалым қыздарының бірі ғалым, академик, профессор Лəйлə Базановамен бір палатаға түсіп қалдым. Кез-келген сырқаттың жанға бататыны шындық. Дегенмен, емдеуші дəрігермен бірге бөлмелестердің ықыласы да шипа ондайда. Екеуміз мəдениет, өнер, театр хақында пікірлестік. Ауруханада кездесуімізді ыңғайсыз қабылдасақ та, іштей екеуміз де қуандық.

 Шолпан-ау, екеуміз де тезірек жазылатын болдық. Білемін ғой сені, білемін. Сонау Ақтоқтыңнан кешегі «Шығыстағы бір бейбақ» деген жапон пьесасын жақсы шығардың ғой, – деп риза боп қалды.

 Қазақ əйелдерінің ішіндегі ғылымға, мемлекеттік қызмет- шілердің бірі де бірегейі Лəйлə ханыммен таныстық осы- лай басталған еді. Тек қызмет емес, тұрмыста да аяулы ана екенін ұл-қыздарының бойынан көріп мен де ол кісіні жылы қабылдадым. Интелигенцияның театрға өте аз келетін кезі, Лəйлəнің бойынан байқағаным: өнер тақырыбындағы сауат- ты əңгімелері, классикалық шығармалар төңірегіндегі ашық

пікірі қызықтырды. «Ақан сері-Ақтоқты», «Қозы-Көрпеш- Баян сұлу» «Қобыланды», «Еңлік-Кебекті» бірнеше қайтара көргенін айтты. Əсіресе, «Шығыстағы бір бейбақтағы» он жасар қыздың алпысқа дейінгі өмірін бейнелеуім қатты əсер еткенін сүйсіне айтты. «Бүкіл бір ғұмыр ғой бұл» деді тамса- нып. Мені ғана емес, Қалибек, Серке, Елубай, Шəкеңді, Сəбира мен Рахияны, Хадиша мен Хабибаларды аузынан тастамай, үнемі айтып отыратын.

 Балжан Бөлтірікова да зиялы ортадан шыққан қазақ қыздарының бірі. Совминнің мəдениет жөніндегі орынба- сары болғандықтан, əңгімеміз тіпті жарасымды еді. Көбіне опера, балет төңірегінде сыр қозғаймыз. Заң бойынша, Станиславскийдің заңы бойынша, артист залға, көрерменге қарамауы керек. Дегенмен, залдың бірінші қатарынан мен Балжанды жиі көретінмін. Қазақи болмысқа жақын таза ойнай- ды деп ол да жоғарыда аттары аталғандарды үнемі айтатын. Біздің Құрекең ол кезде опера жəне балет театрының көркемдік жетекшісі еді. Ол кісі қойған «Біржан-Сара», «Қыз-Жібек» Сталиндік сыйлықтың лауреаты болғанын, оған Құрекеңнің еңбегі сіңгенін айтып өтті. Арасында əзілдеп қоямыз.

– Шолпан, Құрекеңе неше жасыңда тұрмысқа шықтың,

– деп сұрады бірде.

– Он сегізімде, – дедім.

Ой-бұй, жиырма жас үлкен екен ғой, – деді күліп.

 Білмеймін. Қап-қара қою шашты артқа қайырған, мойнында көбелек галстук, қара костюм, аяқта лакталған қара туфли. Аса таяғы тық-тық деп келіп жүріп, əйтеуір қолына түсірді ғой деп қоямын. Екеуміз күлеміз.

 Зəуре Омарова – театрдағы кəсіподақ ұйымын басқарған кезімде, қызмет бабымен танысып, ұзақ сыйластыққа ұласқан тағы бір аяулы жан. Үйдің қат кезі. Демалуға жолдаманың тапшы кезі. Зəуре ол кезде халықты əлеуметтік қорғау министрлігінде істейтін. Мені көргеннен: – Иə, Шолпан, тағы не сұрап келдің дейді амандықтан соң. Шаруамды айта жөнелемін. Келсе қолынан, келмесе кімге, қайда бару керек екенін айтады. Осы күнгі Ленин даңғылының бойындағы артистер тұратын үй сол

кезде Зəуренің сілтемесімен барып, Балжанның арқасында жеткен олжа.

 Лəйла Ғалымжанова да шығармашылық байланыс жасау арқылы танысқан қазақтың оқымысты, қайраткер қыздарының бірі. Киностудияның председателі болып тұрған кезінде көптеген ақыл-кеңесін тыңдадық. Сол жолмен жүрдік те. Ол кісімен əр əңгімеден кейін маған «осы өнер туралы Тоқпанов көп біле ме, əлде Ғалымжанова көп біле ме екен» деген ой келетін- ді. Өте білгір, шешен əйел. Əрбір қойылымдағы кейіпкерден бастап, ойнаған актерлерге баға беріп қана қоймай, сын пікірлерін ортаға салып отыратын. Ыдырысты, Нұрмаханды көп айтып, ерекше бағалайтын. Кейіннен Мəдениет министрі болды. Өнерге терең түсінетін, өзін өте қарапайым ұстайтын ақылман, ұлтжанды, өнержанды басшы керек екеніне көз жеткізген жылдар еді ол.

 Ғазиза Жұбанова – менің өнердегі үлкен ұстазым сияқты. Асқар Тоқпанов пен Рəбиға Қалабаева деген профессор апайы- мыз консерваторияда сабақ беруге шақырып болған соң, көмекші болуға келістім. Екі жыл үйреніп, үшінші жылы жеке класс алғанмын. Бірінші жылы – Асанəлілер, екінші жылы – Торғындарды Асекеңе ассистент боп жүріп шығардық. Содан бір күні Ғазиза Ахметқызы:

 – Əй, Шолпан, сенің жоғары білімің жоқ екен ғой. Мұның болмайды. Студенттерді жинап үйреткенше, өзіңді-өзің қинайтын уақыт жетті. Оқы, сырттай болса да оқы, – деді. Консерваториядағы танылып қалған əртіс-ұстаздарды атақ- сыйлыққа ұсынатын кезде, менің қағаздарымды көрген ғой. Сөйтіп, өзім алғаш класс алған жылы, ректорымның айтқаны бар, Құрекеңмен ақылдасып, сырттай ұлттық бөлімге түстім. Ойламаған жерден жанашыр басшы, ақылшы дос тапқандай есім шығып жүріп, төрт жылдың қалай өткенін де білмей қалдым. Өзіммен қатар бітірген класымдағы 18 студентімді ертіп, тұңғыш Талдықорған облыстық театрын ашып едік. Бикен Римова атындағы сол театрда Алмахандар əлі сахнада жүр. Сонда деймін-ау Ғазизаның басшы ретіндегі адалдығы, ақылдылығы есіме түссе, ішім жылиды.

 Шабал Бейсекова – өнерде де, өмірде де жақын болған құрбым, сырласым еді. Он сегіз жасымызда өнерге қатар келдік. Көрші тұрдық. Жастықтың қызығы, өнердің қызуын қатар жүріп сезіндік. Ол операда, мен акемтеатрда сахнаның ыстық-суығын таттық. Оның даусы ерекше болатын. Өте əдемі дауыс, Шабалдың даусын қазіргі Нұржамалдың даусына ұқсатып, кейде керемет күй кешемін. Халқымыздың өнеріне еңбек сіңірген азамат Кəукенге жақсы жар, қыздарына аяулы ана бола білген. Əйел, Ана ретіндегі тəлім-тəрбиесіне Қəукеннің қуыршақтай таза жүретіні куə. Қыздары əкелерін аялап-ақ отыр. Осының бəрі ананың ақ сүтімен тараған, үйренген өнеге емес деп кім айтар?!

 Құрекең кетіп қалған қиын кездерде де жаныма желеу болған, балаларыма əкесі кетсе де, көзкөрген қимас жан болған сыйластығымыз əлі де үзіле қойған жоқ. Құрекең өте жақсы көруші еді. Əсіресе, Күлəш «кішкентайым» деп еркелететін- ді. Қараторы, орта бойлы сүйкімді Шабал-Жібек тыңдаушы жүрегінде мəңгі қалған бейне ғой. Менің бір өкінішім – Шабалды соңғы сапарға шығаратын сəтте, өмірдегі қимас жан- мен қоштасу ауырлығынан жүрек сыздап, жедел жəрдеммен ауруханаға түсіп қалдым.

 Шолпан апай жүрек түсін бір сипап өтті де, терең күрсінді. Өзінен ғөрі жоғарыдағы жақсыларды көбірек сөз етіп отырып, кештің қалай батқанын білмей қалыппыз.

 – Өмірімдегі, шығармашылық ғұмырымдағы қимас та аяу- лы жандарды тағы бір еске алып, əсіресе, жастық шаққа сая- хат жасағандай жеңілдеп қалдым. Тіпті ауырып жүргенім де ұмытылғандай. Рақмет, айналайын, – деді жүзінен ризашылық байқатқан Шолпан апай шығарып салып тұрып.

 КСРО халық артисі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, бүгінде сексенге келіп, оның бақандай ал- пыс екі жылын өнерге жұмсаған, əлі де театр шымылдығынан шықпай, хал-қадірінше халыққа қызмет етіп келе жатқан көркем тұлғаның аузынан шыққан сөзге біз де мəз болыстық.

 Алматының, əсем Алматының əсем көшелерінің – өнердегі алпауыттардың бірі Төлебаев көшесінің бойымен жаяу тартып

келеміз. Дала көктемнің күніндей жып-жылы. Шолпан апаймен болған əңгіме де жып-жылы қалпында көкірегімізде күмбірлеп жатыр. Сахнадағы, қасиетті акемтеатрының сахнасындағы даусы мен отбасындағы мейірімді үнін ойша салыстырамыз. Мұңды Ақтоқтыдан басталған думанды өнер жарысы сақау да ерке Бүбіханға («Отыз ұлың болғанша») дейінгі əйелдер бейнесі көз алдымызда көлбеңдейді. Күн жып-жылы...

ХАБИБА ЕЛЕБЕКОВА

 Кез-келген нəрсеге қанағатшыл көңiлмен, бар ынта- ықыласымен бейiм келетiн қарапайым халқымыздың көнекөз қарияларына қарап тəубаға келесiң! Бұрындары тау халықтары ғана ұзақ жасайды деген қалыптасқан ұғымға бiздiң халықтың да ептеп енуi бiртүрлi қанымызды тасытып, бойға қуаныш сый- ласа, ойға да жетелейтiнi анық. Сексен мен жүздiң арасындағы талай аналарымызбен дəмдес болып жүрiп, солардың бойындағы қазақи əдет-ғұрыпты, ер-азаматына деген шексiз құрмет пен балаларына деген мөлдiр махаббат таңдандырып, мүмкiн Алла тағаланың ұзақ ғұмыр сыйлауы да осы бiр адалдықтың, тазалықтың жемiсi шығар деген ойға жетелегенi де рас.

 Өнер мен өмiрдi, тiршiлiктiң сан жетпейтiн қилы қиындығына мойымай, ер-азаматымен бiрдей тарих беттерiнде қалып бара жатқан осындай аяулы аналарымыздың бiрi – Хабиба апайға қарап отырып, бiр əдемi ойдың жетегiнде кеткенiмдi несiне жасырайын.

 Хабиба ЕЛЕБЕКОВА! Иə, қазақтың бiртуар жезтаңдай əншi Жүсiпбек Елебековке адал жар болған, балапандарына мейiрiмдi ана болған осынау кейуананың жүзiне қарап оты- рып, өткен өмiрдiң, азды-көптi сахналаған бейнелерiнiң аппақ жүзiне салып кеткен қым-қиғаш iздерiне қызығып қарайсың.

Қай қазақтың əйелi ерiнiң алдына түсiп қызмет қуып не бол- маса атақ-даңққа қызыққан? Ж-оқ, мейлi ол керемет да- рынды, елден асқан қабiлеттi болсын, бiрақ отбасы, ошақ қасында бəрiнен де ерiнiң, ұрпағының алдында қарапайым ғана мейiрiмдi ана екенiн естен шығарушы ма едi?! Танымал актрисаның əңгiмесiнен де осыны ұқтық, аңғардық... Өнер, те- атр жайлы емес, осы уақытқа дейiн өмiрден көргенi, тұрмысқа жақынырақ, тiршiлiктен алыстап кетпейтiндей ашық-жарқын əңгiмеге қарай бет бұрғанды тəуiр көрген сияқтымыз...

 – Театр сахнасында – 73 жыл! Ал Мұхтар Əуезов театры- на – 80, сонда осы өнер шаңырағының тарихы менiң тарихым десем артық кетпейтiн сияқтымын. Олай деуге, мүмкiн хақым да жоқ, өйткенi менiң алдымда да қандай марқасқалар болған, халыққа қызмет еткен, сосын... тағдырдың жазуымен өмiрден өткен. Жалпы, мен Жаратқаннан кейiн əруақтарға қатты та- бынатын жанмын. “Өлi риза болмай тiрi байымайды”. Оның үстiне мен олардың көзiн көрдiм. Көрiп қана қойғам жоқ, етене араластым. Мұхаң (Əуезов), Ғабеңдер, Шəкен, Қаллекилермен пiкiрлес, сырлас болдық. Мiне, өнердiң күшi, өнердiң құдiретi осы! Аннан-мыннан шарқ ұрып iздейтiн бақыт дегеннiң өзi де мен үшiн осы. Бiреуге бақыт, бəлкiм, қызмет, бақ-дəулет болар. Менiң бақытым– өнерде үлкен төңкерiс жасамасам да, сахна- да жүрген кездерiм, сол қазақ өнерiн жер-көкке сыйғызбай, аласұра жанкештi ғұмыр кешкен, қазақтың өнерiн би бола ма, əн мен күйi бола ма, көкiректерiне сыйғыза алмай өмiрден кеткен кешегi Серағаңдардың табанының iзi қалған сахнада жүргенiмнiң өзi мен үшiн керемет атақ, бақ. Серағаң демекшi, осы театрдың майталманы, қара нары Серке Қожамқұловты ойға алған сайын бiр келеңсiз оқиға есiме түсе бередi. Серағаңның 110 жылдығына орай қыздары келiп театр бас- шыларымен ақылдасса керек, “театрдың 80 жылдығымен қоса атап өтемiз” деген жауаппен қайтады. Бiрақ той кезiнде ауызға да алынбады, атаусыз қалды... Марқұм Шолпан Құрманбектiң 100 жылдығына алаңдап өмiрден өттi. Оңтүстiк өңiрi Шымкент қаласында əжептəуiр аталып өттi-ақ. Астана қаласында өтiп жатқан жиынға екi қызы да шақырылып барыпты-ақ, бiрақ

сахнаға жас бала жетектеген бiр əйел мен немере болып келетiн оңтүстiкте бiр əртiс бар едi сол, тағы бiр жiгiт шығыпты. “Құрманбектiң ет жақындары” деген ғой, ал кiндiгiнен тараған екi қызы далада қалса керек!.. Немере деп отырғандары жалғыз ұлы Болаттың өзбек қызынан туған баласы, орынды шығар...

 Мен мұны неге айтып отырмын, қазақ өнерi деп, ешқандай бiлiмсiз, табиғи дарынмен болашаққа жеткiзген, өлтiрiп-өшiрiп алмай ұрпағына аманат етiп тапсырып кеткен сол шалдардың ұрпағын бiреу бiлсе, бiреу танымайды да. Бiз сияқты, мен сияқты көзкөргендер кетсе, тiптi ұмытылады ғой... Осындай əдiлетсiздiктердi көрiп жүрегiм қан жылап қалатын сəттер де болады.

 Бiзде бар-жоғы 7 шал, сол қасиеттi жетi санының қадiр- қасиетiн əлi де бiле алмай келемiз-ау, əдемi əсем қаламыздан соларға бiр мұражай бұйырмады-ау деп ойлаймын жатып алып.

 Хабиба апайдың жанарына келiп қалған жасты көрiп, бiз де үнсiз қалдық. Жүрiс-тұрысына, əңгiмесiне қарап тоқсаннан асқан деуге қимасақ та, көңiл ауанын көңiлдi оқиғаларға бұрмақ оймен, жас кезiнде, Жүсекеңмен алғаш жүздескен шағы тура- лы сұрауға тура келдi.

Актриса емес пе, ол кiсi де лезде көңiлденiп сала бердi. Болса гүлсiз,

Бұлбұл үнсiз

Үнсiз бұлбұл жəй бiр құс, Үнсiз өмiр.

Сөнген көмiр

Үнсiз жүрек бос қуыс...

 Мағжан ақын осылай демей ме, ақынның бұлбұл құсы сай- рауы үшiн гүл болуы, əдемi нулы тоғайы болуы керек. Ондай əдемiлiк, сұлулық болмаса құсыңыз сайрамайды. Сосын Əбдiлда ақынның:

Келшi, сəулем бiр болайық, Егiз гүлдей ырғалайық.

Қос жұлдыздай бiр жанайық, Бiрге ұшайық қанат жайып... Өтсiн жылдар, мейлi өтсiн,

Бiр қартаяр мезгiл жетсiн, Тек жүректен от кетпесiн,

 Махаббатын кемiтпесiн,– дегенi сияқты, егер махаббатың таза болса, бiрiңдi-бiрiң шын сүйiп, шын құрметтесең адамның жолындағы қиыншылықтар түк те емес. Артыңда таза махаб- бат тұр сенiң. Байлыққа да пендеңiз солай қараса, байлық де- ген сүйiспеншiлiктiң қасында не тəйiрi?! Бiр-бiрiңдi шексiз сүю, ұнату адам жанын, тəнiн ғана рахатқа бөлемей, ғұмырын мəндi-сəндi етедi. Жеке бастың лəззатын, қуанышын ойлау жақсылыққа апармайтын жол. Адам бiр отбасы болғаннан кейiн жолдасыңның жайын сен ойлап, сенiң жайыңды ол ойлауы керек! Жай ойлап қана қоймай таза махаббатпен ой- лау, жанашырлық көзбен қарау қажет. Сондықтан шығар, əкең екеумiз бала тəрбиесiне де, үй шаруасында да бəлендей қиындық көрген жоқпыз.

– Жүсекең керемет əншi, сымбатты кiсi болды, қызғанған тұстарыңыз болды ма?

 – Ондай нəрселер, əрине, болмады емес, болды ғой. Бiрақ құпия болып қала бергенi дұрыс шығар. Бəрiбiр ол менiкi, мен сонiкi болып өмiрден өтiп барамыз, жүректе жатқан сыр сол үңгiрiнде жата бергенi де дұрыс шығар. Сен ерiңнiң жолын- да ғұмырыңды сарп етiп, соның қас-қабағына қарап, өлердей жақсы көрiп, одан басқа жер бетiнде еркек жоқтай алаңдамай өмiр сүрсең, ол да дəл солай болуы керек. Ерiң ондай болмаса, əйелге одан өткен ауырлық, тiптi бақытсыздық жоқ.

... Тек жүректен от кетпесiн,

 Махаббатын кемiтпесiн,– деп Əбекең айтпақшы, махаб- бат адалдығы, тазалығы, ерлi-зайыптының ынтызар-ықыласы бiрдей болғанда ғана ол отбасы бақытты. Ал əйел, тiптi, бақытты!

 Ер-азаматтар көбiне көрсеқызар, шыдамсыз халық. Ал, əйелдер ондайда шыдамды келедi. Тұрмыстағы қиындық болсын, тiптi ұят та болса айтайық, төсек мəселесi болсын əйелдер ( бəрi деп айтуға болмас) бiрақ көпшiлiгi шыдам- ды, төзiмдiлiк танытады. Бiз, əйелдер ерiмiздiң абыройын, оның жанының ауырмауын, жанына жара салмауды ойлап

отырамыз. Ал, ер-азаматтар ол жағына көбiне көз жұмып қарайды. Сол сияқты, Жүсекең екеумiз де қолтықтасып барған талай той-домалақта: “неге əйелiмен келдi екендi” көздерiмен ұқтырған сылаң келiншектер кездеспедi емес, кездестi. Өзара күбiр-күбiр... жалтақ-жалтақ етiп көздерiмен iшiп-жеп, ретi келсе əзiл-қалжыңмен түйреп өткен кештер болды-ау! Домбырасының үкiсi үлбiреп,кеңiрдектен шыққан əдемi əуенмен бiрге тербелiп отырған сəттерi талайлардың көзқуанышына, ал мен көзқұртына айналғанымызды кейiннен бiлiп жүрмiз ғой. Ол кезде жаспыз, анандай жезкөмей əншiнiң жарымыз, балаларының анасымыз... тiптi қызғануды да бiлмеппiз ғой.

– Дегенмен, қазақ əйелдерi ұстамды, сабырлы келедi емес пе?..

 – Ол жағы тағы бар, осы өмiрiмде аз көргенiм, аз түйгенiм жоқ. Оның үстiне, екi бiрдей өнер адамы бiр ошақтың басында, бiр шаңырақтың астында ғұмыр кешсе, тiптi оңай дүние емес.

...Əйелiң сенi сүйсе, Сен де оны сүй...

 Мұндай тазалық, сүйiспеншiлiк ердiң ерiнде ғана болады. Ал, өзiн-өзi еркегiнiң жолында құрбан етуге дайын əйелдер болған, бар. Мысалы, Ғабеңнiң Хусниi қалай сүйдi, қалай жағдайын жасады, жас балаша мəпеледi, солай өмiрден өттi. Өзiн-өзi ұмытып, соның ойлағаны оңынан болса екен деп өмiрден озды... Сол сияқты Кəукеннiң Шабалы, Асанəлiнiң Майрасы да сондай ақылды, сабырлы, өз азаматын өз ғұмырынан биiк көрген, көрiп қана қоймай оны Жаратқанның алдында дəлелдеп кеткен жарлар...

 Ой, несiн айтасың, қарағым, не бiр керемет кездер өттi ғой бастан, өнер адамы сонысымен де бақытты, сонысымен де қымбат, сонысымен де ерекше! Тоқсанның екеуiндемiн, осы ғұмырымда талай қуаныштардың, өнер қуанышының, сол сахнаға деген кəусар махаббаттардың куəсi болдым. Бiрдi ай- тып бiрге кетiп жатсам айып етпе, бүгiн өзi керемет толқып отырмын. Көптен берi дəл осылай ашылып сөйлемеп едiм, сен менi бiр толқытып, бiр күлдiрiп, бiр жылатып отырсың...

 Хабиба апай аппақ ақ жiбек орамалымен көзiн əлсiз дiрiлдеген саусақтарының ұшымен сүртiп қойды.

  •  Жақында “Əн қанатында” деген ертеректе түскен кино- фильмдi көрдiм. Сонда Майра болып – Торғын, Исаны – Əнуар Молдабеков ойнапты. Бұрын да көргем, бiрақ дəл осы жол- ғыдай қабылдай алмаппын. Ойпырмай, Əнуардай əншi жоқ екен-ау, көзi қандай, от-ау, от! Көзiнiң жанарында фильмнiң тарихы, ненi айтқысы келгенi, бəрi-бəрi ... Сайрап тұр-ау, сай- рап тұр. Не деген қабiлет, не деген талант! Əнуардай сүйкiмдi, талантты əртiс жоқ шығар.

 Кешегi əке-аналарының iзiнен ерген, бойындағы барын халқына сарп етiп бере алмаған шексiз талант иесi осын- дай жас əртiстер де кеттi-ау арамыздан! Тағдырдың жа- зуы солай, бiрақ Алла тағала қанша ғұмыр берсе соның бəрiн халықтың игiлiгiне, өнерiне жанын сала еңбек еткен Əнуардай азаматтар аз емес... Қартайған сайын көз жасың дайын тұрады екен, көңiлшек болып барамын. Қимайсың! Қимайтын сəттер көп...

 Хабиба апаймен əңгiме əр салада өрбiгенiмен, сахнаға ай- налып соқпасқа тағы болмайды. Көбiне ана образын сомдаған актрисаға қандай арманы барын сұрадық.

  •  Арман дегенде, Жүсекеңнiң артында қалған Дариғасы, Ахан, Бiржан, Естайлардың əулетiнен жалғыз еркек кiндiк Шəкенiм өсiп келедi. Бiлiмдi азамат, бiлдей қызметкер, сол жалғыз болмаса екен, үрiм-бұтағы көп болса екен деп тiлеймiн. Бiр барғанымда жұмыс үстелiнiң үстiнен “Қазақ халқының 100 шешенi” деген кiтапты көзiм шалып, iштей керемет қуандым. Немере қыздарым, Құдайға шүкiр баршылық, бiрақ осы бiр жұдырықтай жүректiң орны тiптi бөлек болып тұр. Соның үйленгенi, үбiрлi-шүбiрлi болғанын көрсем...

 Содан кейiнгi бiр арман, осы уақытқа дейiн жүзден астам рөлде ойнадым, үш кiтабым жарық көрдi. Тəуба, дегенмен “Ғасыр қасiретi” деген бiр дүнием бар, соны өзiм əңгiмелеп отырып, тыңдарманға ұсынсам деген ниетпен “Қазақстан” телеарнасына берiп едiм, кешiгiңкiреп жатыр. Онда кешегi ашаршылық, соғыс қасiретi, полигон тұсы, одан қала бердi

желтоқсан оқиғасы, бəрi-бəрiн қамтыған өзiмше тебiренiп оты- рып шыққан дүние едi, сол оқырманға жетсе...

 Иə, адамда арман таусылған ба?! Болған үстiнен бола түссе, байыған үстiне баий түссем дейтiн бүгiнгi қомағай заманда ала бергенше бойымдағыны болашаққа берiп кетсем дейтiн мұндай арманның дəл бүгiн болмаса де орындалатынына сенiмдi ой- мен актрисамен қоштасуға тура келдi. Қолымды сипап тұрып: “Қалтайдың iзiнен ергендерге сəлем айт, бақытты болсын” дегенiн əрiптестерге жеткiзгенше асықтық...

ЛƏЙЛƏ ҒАЛЫМЖАНОВА

 Есiктi сұңғақ бойлы аққұба əйел ашып, жылы амандасты. Iздегенiмiз де осы кiсi едi. Мəдениеттi. Көркем. Қазақ əйелiнiң, оның iшiнде қоғамға, елiмiзге еңбегi сiңген бiлiмдi де байып- ты басшы қазақ əйелiнiң өте ақылды, көрген-бiлгенi, оқыған- тоқығаны, жоғары мəртебелi орындарда қызмет атқарғаны жəне аса ұқыпты болғаны тəкаппар жүрiс-тұрысынан-ақ көзге ұрып тұрғандай.

 Ендi болмаса, қайта шығып кетердей жанталасқан бiз өзiмiздi асығыс таныстырып өттiк. Асығып-аптығудың да өзiндiк себебi бар едi. Лəйлə Ғалиқызы алғаш телефон шалғанымызда:

 – Қарағым, дайын сұрақпен келмесең, сексен бес жылғы ғұмырнамамды тəптiштеп айтып отыратын уақтым да, жағдайым да жоқ. Жағдайды көңiл-күй, ал көңiл-күйдi ауа райы билейдi бiздiң жасымызда, – дегенi бар.

 Ол телефондағы əңгiме. Бүгiн мүлдем басқаша. Көңiлдi. Алматының не қыс, не көктем екенi белгiсiз жаймашуақ бiр жылы күнi де жымысқы сығырайып төбеден болар-болмас жылжи бастаған кезi.

  •  Өзiңді даусыңа қарап жас журналистердiң бiрi ме десем, салмақты тəжiрибең бар сияқты. Əй, бəрiбiр баласыңдар ғой... Үнiң жылы екен, – деп күле жүрiп жазу үстелiне бастады.

 ... Ата-анадан ертерек қалған, мейiрiмiне қана алмай арман- да өскен ұрпақтың бiрiмiн. Əкем бұрынырақ кетсе керек. Ал он үш жасымда анам көз жұмыпты. Бiрақ сол жасқа дейiнгi анамның үнi əлi күнге құлағымда десем сенерсiз. Əсiресе, сол кездегi аналардың аузынан шығатын “ұят боладысы” менiң шешемнiң керемет сөзi едi. “Айналаңды жинап, шашыңды тарап қой, əкең келе жатыр, ұят болады” дейтiн марқұм. Осы бiр-ақ ауыз сөз, “ұят боладысымен-ақ” өмiрбақилық тəрбиенi қаныма, жаныма сiңiре алған анам, мен ойлаймын өте ақылды жан болуы керек. Одан кейiнгi жылы сөздер, қызмет бабындағы мақтаулар, билiктiң буы, шынымды айтсам, тiршiлiктiң бүкiл қызығы мен шыжығы осы бiр-ақ ауыз сөзге татымайды да! Сондықтан əке-шешеден көрген бiр мүшел жасқа жетер-жет- пес тəрбием менiң ғұмырыма жалау болды, туым болды десем де қателеспеймiн жəне артық айтқандық емес. Кейiн өз балала- рым мен немерелерiмдi де осы сөздi айтып тəрбиеледiм. Ұяты жоқ адам, ол – ендi адам емес қой.

 Олардан кейiнгi тəлiм-тəрбием анамның сiңлiсiнiң мой- нына жүктелдi. Ол заманның талабы солай болды, орысша оқыдық, орысша тəрбиеге ұрындық. Оған өкiнуге де болмай- ды. Елiмiздiң тəуелсiздiгiнiң, егемендiгiнiң орны, əрине, бөлек. Тарихи өрлеу, жаңару десек те, кеңес дəуiрiн мүлдем тарихтан сызып тастайтындай да жөнiмiз жоқ. Ең бастысы халықтың тегiн бiлiм алуы, бүлдiршiндерiмiздiң балабақшаларда тəрбиеленуi, тiптi жоғары оқу орындарында стипендия алып қабiлеттi жастарымыздың бiлiмдiлiгiн арттыруы, тiптi кеңестiң құзырында болғанымыз болмаса, мəдениетiмiз бен өнерiмiздiң дамуы... Мен мұның бəрiне топырақ шаша алмас едiм.

– Лəйлə Ғалиқызы, Сiз мемлекет жəне қоғам қай- раткерiсiз. Республикамыздың өсiп-өркендеуiне, əсiресе, мəдениетiне сiңiрген еңбегiңiз ел есiнде. Мəдениет пен өнердi айтып қалдыңыз. Өзiңiз iргесiн қалаған, қалыптастырған, басқарған мəдениетке бүгiнгi көзқарасыңыз? Егер салы-

стырмалы түрде қарасақ, бүгiнгi тəуелсiздiк, бүгiнгi өнер, мəдениеттi қалай бағалар едiңiз?

 – Ол кездегi тарихшы, əдебиетшiлер туралы бiлсем де айтпай-ақ қояйын. Ал, мəдениет төңiрегiндегiлер туралы əңгiме басқа. Жазушы, əртiстер мен əншi-күйшiлер жайлы неге айтпасқа, мен сол ортадан шықтым, өстiм, өндiм. Қазақтың та- рихын, əдебиет, саясатын да оқыдық, бiлдiк. Бiрақ мəдениетiмен өстiк. Халық əндерi мен күйлерiн естiп, құлағының құрышы қанып, бесiкте тербелмеген бiрде-бiр ұрпақ өкiлi жоқ. Бəрiмiз бесiк жырымен өстiк. Жыладық. Жұбандық. Жаттап өстiк. Бұл анық! Ал, сол халық əн-күйлерiн насихаттаушылар, яғни орын- даушылар өте-мөте сыйлы болды. Оларға деген тыңдарманның ықылас-пейiлi де ерекше, құмарта, елiте тыңдадық. Халықтың өз салт-дəстүрiн, ынта-инабатын, тəлiм-тəрбиесiн бiз солардан көрдiк, үлгi тұттық. Сахнадағы ғана емес, өмiрдегi, қарапайым тiршiлiгiндегi жүрiс-тұрысы, сөйлеу мəнерi, өздерiне табыну- шылар, қолдаушылар арасындағы өздерiн ұстаулары, бəрi-бəрi маңғаз, тəкаппар, тазалықтың символындай көрiнетiн-дi.

 Драма, опера театрлары болсын, əртiстер сонысымен сыйлы едi. Əсiресе, ұлттық бояуы басым əн-күйлерге деген сұраныс тiптi, ерекше-тiн. Ал, бүгiнде... Шыны керек, қарын аштыратын тұстары көп. Айтылып та, жазылып та жатыр, дегенмен тағы да айту керек, мына жөн-жосықсыз батыстың арсын-гүрсiн му- зыкасы, одан қала бердi не эстрада емес, не басқа емес, өзге түгiл өздерi де ұқпайтын жеңiл əуендер... Тiптi қай арнаны ашып қалсаң да, кешiрiңiз, жартылай жалаңаш... анайы қимыл- қозғалыс. Құдай-ау, кешегi Қаллекилер iргесiн қалыптастырған қазақи əзiл-қалжың да бүгiнде терiсi айналып жеңiл мазақ- күлкiге бой алдырды. Арасында бiрен-саран ғана болмаса, кiшiгiрiм əзiл отаулары да анайы сөз тiркестерiне, жеңiл күлкiге əуес. Кейбiреулер тiптi оның орындап жатқан комедиясына, сөзiне емес, түп-төркiнiне тереңдемей, көрерменге жеткiзiп тұрған сыйықтарына күлiп отырғандарымен де шаруалары жоқ. Ұлттық бояу, үрдiс атымен жоқ. Кемшiлiгiн мысқылдай көрсетiп қана, елiн тəрбиелеген кешегi сатириктердiң бүгiнгi iзбасарлары да көрермен санасының, талғамының өзгергендiгiн

сылтауратып, келсiн-келмесiн, қабылдасын қабылдамасын ел алдына ұсына беретiн болды. Сосын жазғыштар көбейдi. Жеңiл. Тым жеңiл. Бiр сөзбен айтар болсақ, арзан, арсыз күлкiлер де- сек, бəзбiреулердiң көңiлiне тиерi сөзсiз. Бiрақ “айтылған сөз атылған оқ”, қайтып алар жағдай да жоқ.

 Жаңа сiз талай мəдениеттiң маңайында жүргендердi атадыңыз. Шын мəнiнде, олар өз еңбектерiмен, қабiлетi мен та- ланттарымен қоғам талабына, көрермен талғамына дөп келген өнер адамдары едi. Зейнеткерлiкке шыққаныма да отыз жылға таяп қалды, бəлкiм кейiнгiлердi бiлмейтiн шығармын. Бiрақ көпшiлiк жерлерде көп бола қоймасам да, күнделiктi жаңалық- хабарларды үзбей оқып, теледидар көруге уақыт жетедi ғой. Өнерде төңкерiс жасап жатқандар,əй, қайдам жоқ-ау, жоқ.

 Қызметтiң əсерi, тəрбиенiң күштiлiгi ме, менiң тұстастарым кiтапқұмар болдық. Оқып қана қоймадық, оны жинадық та. Сондай бай кiтапханамды керегiмдi алып қалдым да, неме- реме сыйладым. Ал қазiр кiтап оқылмайды. Баяғыда менiң ұлым 5-6 сыныпта оқып жүргенде Əуезовтің “Абай жолын” оқып шықты. Сондағы əкесi екеумiздiң қуанғанымызды көрсеңiз. Жақын-жуықтың, жолдастардың бəрiне телефон ша- лып, сүйiншi сұрап, мақтанып дегендей мəре-сəре болғанбыз. Ол кезде, империяның тұсында бiзге барлық сала бойын- ша орыс халқы үлгi болды ғой. Орыстың əдебиетi, орыстың мəдениетi, орыстың саясаты үстемдiк құрды. Соның өзiнде бiз қазақ мəдениетi үшiн, фольклорымыз бен музыкамызды сақтап қалдық. Ал, қазiр елiмiз тəуелсiздiкке қол жеткен тұста, керiсiнше, ұлттық бояудан ауытқып, басқаға елiктеу, əрине жаныңды ауыртатын мəселе. Өз ұлтымызды өзiмiз бөтенсiп, өзiмiздiң тегiмiздi айтуға қорқып жүрiп те, халқымыздың өнерiн сақтап қалдық. Қазiр мен қазақпын деп, қазақ екенiмiзге мақтана алатын жағдайда отырып көп мəселелерде бұқпайлап жатамыз. Қай салада болсын, бүгiнде мүмкiндiк мол, еркiндiк берiлдi. Бiрақ əлi де күш-қуатымызды өзге елдiң болар болмас дүниесiне қызығып, елiктеп жүрген тiрлiгiмiзге жүрек сыздай- ды. Бүкiл мүмкiндiк қолда бола тұра, əлi жайбарақаттық басым. Неге кино саласы дамымады, кенже қалды деп жатамыз.

Дұрыс кино түсiру үшiн сценарий авторы, режиссерi шындықты бейнелеу керек қой, ал айтуға болмады. Бiрен-саран тарихи киноленталар баршылық, сол қоғамға сай жаңашыл болуы үшiн мiндеттi түрде сценарист не болмаса басты рөл ұлы орыс халқының өкiлi болуы керек болды. Оларсыз, олар араласпаған бiрде-бiр көркем шығарма жарыққа шықпаушы едi. Қазақта небiр бiлiктi, бiртуар кинорежиссерлер болды, бiрақ бiреуге тəуелдi, соның айтқанын ғана жасауға iшкi ерiк-жiгерлерi жiбермедi ғой деп ойлаймын. Шəкен Аймановтың бiрен- саран дүниелерi шығып жатты, өйткенi ол басқа ұлттардың өкiлдерiмен өте тығыз байланыста болды. Сол сияқты Абдолла Қарсақбаев кiмнен кем едi! Оның таланты, көрегендiгi артық болмаса, ешкiмнен кем емес-тiн. Дегенмен, қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, үкiметтiк тұрғыдан демеу болмай, кез кел- ген ұлттың өнерi дамымайтынын баса айту да керек.

– Лəйлə Ғалиқызы, сөзiңiздi бөлгенiме айып етпеңiз, сол тұстағы мəдениетке Қонаевтың көзқарасы туралы сұрақ бар едi. Жалпы, қазақ мəдениетiнiң жанашырлары Iлияс Омаров, Жұмабек Тəшенов, Өзбекəлi Жəнiбеков сынды азаматтар жайлы не айтасыз?

 – Мiне, осы жағына ауысқалы жатыр едiм өзiм де. Өнерге, қазақ өнерiне, мəдениетiне ерекше көңiл бөлген кiсi, ол – Дiнмұхамед Ахметұлы едi. Өзi де аса мəдениеттi, парасатты едi ғой. “Бiз келемiз, кетемiз. Ал өнер, мəдениет қайраткерлерiнiң аты өшпейдi, өлмейдi. Өйткенi ол өнер – халықтың қазынасы ғой. Зауыт-фабриканы екi жылда, зəулiм қаланы төрт-бес жылда тұрғызуға болады. Ал өнер, халықтық өнер жылдар, ғасырлар бойы қалыптасады, өседi, өркендейдi, дамиды” дейтiн.

 Қолдады, үнемi назарда ұстады деген не сөз, ол, əрине материалдық жағдайды түзеу деген сөз ғой. Өздерiңiз бiлесiздер, ол кезде кеңестiк дəуір, бəрiн Мəскеу шешедi. Кiмдi қызметке алу керек, алынса оған қаншалықты дəрежеде айлық тағайындалуы керек, мұның бəрi Мəскеуде, мемлекеттiк жоспарлау комитетiнде шешiледi. Одақтық болғандықтан республикалық кiрiстiң үстiнен түскен қаржының бiр бөлшегi елде қалатын-ды. Оның үстiне Мəдениет министрлiгiнiң көмек

қоры деген болды да, кейбiр жағдайларда соны жасырын бөлiп қоятынбыз. Сонда Димаш аға Ахметұлы айтатын: “Өзiң дербес ақша жаза бер, сенiң үстiңнен арыз түседi, бiрақ бiрдеңе етiп қорғармыз” дейтiн. Ол кiсiнiң Орталық Комитетте абырой- беделi мықты болды. Айтқанындай-ақ тексерiстен-тексерiс, кейде айқай-шуға ұласып жататын. Əсiресе, Мəскеуде оқып жатқан қазақтың жастарына сондай ақшалардан аямаушы едiм.Сол сияқты, өнер адамдарына да сылтауратып көбiрек сыйақылар берiп отыруды да қыруар шаруасы бола тұра бақылап отырушы едi. Өз халқын риясыз шексiз сүйгенi сон- ша осындай шаруаларға келгенде аса қағілез танытатын. Ал жоғарыдан қабақ түзу болған соң, бiз де ебiн тауып, əсiресе өнер адамдарына қатты көңiл бөлiндi.

 Бiздiң қаржы министрi Ким деген азамат болды, соның ал- дына барып шығу, қабылдауына кiру, бұл ендi , мен үшiн өте ауыр азап едi. Бөлiнген қаржы неге жетсiн, ақша сұраймыз баяғы, театр, кинотеатрлардан басқа клубтар мен кiтапханалар, бəрi министрлiкке қарайды ғой. Сонда “ балабақшада ботқа жетпей жатқанда автоклубқа қайдағы ақша”, – деп үнемi қарсылық танытады. Сөйтiп жүргенде, кəрiс театрының жағдайы туралы əңгiме естiсе керек, бiр барғанда “бiлесiз бе, кəрiс театрының жағдайы мəз емес екен ғой, Одақ бойынша жалғыз театр, соған көңiл бөлiңiзшi”, – деп аяқ астынан əңгiме қозғасын. Маған да керегi осы сөз. Ол кезде кəрiс, ұйғыр те- атрлары көшпелi болған. Орынбасарларыммен ақылдаса оты- рып, оларға не қажеттiң бəрiн тiзiп, екi-үш күннен кейiн-ақ алдына апарып тастадым. Көзi тас төбесiне шыққан Ким мыр- за “тек кəрiстерге ғана жағдай жасайық” дей алмады, екi те- атрды да тұрақты орын тауып, орналастыруға рұқсат алдық. Республикалық музыкалы драма театры болып топтасып, штаттарын, жалақыларын белгiлеп, айлап-жылдап үй көрмей, көшiп-қонып жүретiн артистердiң үлкен проблемасын бiз осы- лай шешiп бергенбiз. Қыста қыстауда, жаз жайлауда алты-жетi айлап жүретiн шопан-малшыларға кино, концерт көрсететiн жылжымалы автоклубтар да сол жылдары ұйымдастырылды. Оның iшiнде арнайы киноқондырғылар, шағын кiтапханасы

болады. Аудан орталықтарында мəдени-ағарту училищелер де ашылып жатты. Кейiн бiзге қарап, сауда министрлiгi де автодүкендер шығара бастады. Қырғыздар да ұйымдастырып едi, ұзаққа созылмады. Өйткенi, бiздiң қолдаушы, арқа сүйеушiмiз мықты едi. Қонаевтың iшке де, сыртқы əлемге де беделi керемет болды. Өзi СССР Орталық Комитетi Саяси бюросының мүшесi. Сондықтан да болар, басқа республика- лармен салыстырғанда бiзде СССР Халық əртiстерi жəне сол сияқты мəртебелi сыйлықтар көп берiлетiн-дi. Соның бəрiнде де басы-қасында, əрине, Дiнмұхамед Қонаев тұрды.

 Ал, Iлияс Омаров өте мəдениеттi, бiртоға кiсi едi. Менен кейiн Мəдениет министрi болды. Екi жыл орынбасар, алты жыл министр болған мен, Министрлер Советiнiң мəдениет бөлiмiне бастық болып келдiм. Əрине, мен үшiн ол қызметтен кету жоғарылау емес едi, дегенмен менiң орныма Омаровтай азаматтың барғанына iштей қуандым. Бiрақ денсаулығына бай- ланысты екi жылдай ғана отырды.

 Жұмабай Тəшеновтi Совминнiң председателi болғанын бiлгенмен, жақсы тани қоймаймын. Бiрақ ол кiсiмен тығыз байланыста болған адамдардың аузынан естiгенiм, осы оңтүстiк облыстардың аймақтық бөлiнiске түсер тұсында көп еңбегi сiңген жалғыз қазақ деп еститiнмiн. Шыншыл, турашыл, бiрбеткей, тəкаппар, намысқой. Ол кезде iшкi-сыртқы саясат жасырын, жария бола бермейдi. Дегенмен осындай “ерлiгiнiң” арқасында көп ұзамай-ақ қызметпен қоштасқан көрiнедi. Өзбекəлi, Жəнiбековтiң өнер үшiн жасаған бiраз еңбегi ел есiнде ғой. Ол үнемi айтылып та, жазылып та жатыр. Ерекше, жаратылысы бөлек жан едi.

– Сiз қызмет атқарған тұста мемлекеттiк билiкте қыз- келiншектер санаулы-ақ болды. Ал қазiр мүлдем басқаша, министр, департамент басшыларын былай қойғанда, халық қалаулылары арасында да қазақ қыздары жеткiлiктi. Бұл қоғамға əлде əйелдерге деген көзқарастың өзгеруi ме? Гендерлiк саясатқа қалай қарайсыз? Жалпы, белсендi əйел кiм?

– Өз басым теледидарда бас режиссер болып жүрген же-

рiмнен министрлiкке келдiм. Сол өзi бiздiң ғана емес, Орталық Комитеттiң өзiнде iскер əйелдерге көңiл бөлiнiп, Бүкiлодақтық қозғалыстың басталған тұсы болатын. Сол лекпен қызметке тағайындалдық та кеттiк. Алғашында əжептəуiр жазумен айна- лысып жүрген кезiм, басында қарсылық танытып-ақ бақтым. Марқұм Мұхтар аға Əуезов менiң əке-шешемнiң көзiн көрген, жазғандарыма қабағы түзу сыйлас азамат едi. “Қызметтен бас тартпа, əлi жассың, жазуға үлгересiң, саған министрлiктi тек қана ер-азаматтар басқарады деп кiм айтты”, – деп салған жер- ден қолдау көрсеттi. Затым əйел екенiн, үй шаруасы, күйеу, екi бала бар, күнделiктi шаруамды тындырып жүре бергiм келген. Жолдасыммен ақылдаса келе, орынбасары болып келiстiм ғой. Содан екi жылдай отырып, 1959-1967 жылдар аралығында министр болдым. Одан кейiн Совминде бөлiм бастығы, одан Мемлекеттiк кино комитетiне орынбасар бо- лып бiр жарым жыл отырдым да, төрт жыл председателi болып жүрiп, сол жерден зейнеткерлiкке шықтым. Мұны неге айтып отырмын, осы жылдар iшiнде түйгенiм, əйел қанша мықты, көреген, ұйымдастырушылығы сұмдық болса да, ол – ана, ол

  • жар. Қайта жолдасымның ауыл шаруашылығы институтында сабақ бергенi, оның балаларға көбiрек көңiл бөлуге мүмкiндiгi болғаны, менi алаңсыз қызмет атқаруыма көп септiгiн тигiздi. Сол жылдарда қолымнан келiп тұрса да, бiрде-бiр рет шетелге барып демалып, қыдыру дегендi бiлмеппiн. Бiлмедiм емес-ау, жылына бiр-ақ рет берiлетiн еңбек демалысымды балаларым- мен өткiзiп, солардың жанында болғанды қалайтынмын. Ары кетсе, мына Ыстықкөлге ғана баратынбыз. Сексеннен асқан жа- сымда менiң түйгенiм де, ұққаным да, əйел кез келген мəселенi эмоциямен тез шешуге тырысамыз да, ал ер-азаматтар көбiне ұзағырақ толғанып, байыптап, əбден иiн қандырып барып, салқынқанды түрде шешетiнi. Менiң ақылшым болған меди- цина институтында сабақ беретiн əпкем айтушы едi: кез келген жоғары оқу орындарында қыздар өте жақсы оқиды, ұқыпты, лекцияларда да қалмай қатысып алғырлық танытқанымен, бiтiргеннен кейiн бəрiбiр жiгiттер мықты маман болып қалыптасатынын тəжiрибеден көрiп те, бiлiп те жүрмiн. Бұл

жерде қыздардың тұрмысқа шығатыны, сəбилi болатынын, со- сын қызмет атқарған күнде де тек қана сол шеңберде қалып қоятынын айтса керек. Ал ер-азаматтар жан-жақты. Ол сая- саткер. Ол əдебиетшi, ол тарихшы да. Министр де жəне отба- сын асыраушы да. Сөйтiп жүрiп, өзiн-өзi күтуге де, демалуға да уақыт табады. Сондықтан да, қазiргi əйел басшыға, əйел депутатқа, əйел министрге ешқандай қарсылық жоқ. Бiрақ, бiз əйелдер қызметпен емес, өзiмiзден тараған əулетпен, ұрпақпен ғана əйел екенiмiздi естен шығаруға болмас...

 Сол сияқты, гендерлiк саясат та өте күрделi мəселе. Ер- азаматтар тұрғанда бəрiбiр əйелдiң жолы жiңiшке, нəзiк. Өкiнiшке орай, көбiне солармен жағаласамыз деп дөрекiлiкке де ұрынып жататынымыз өкiнiштi.

– Үй қызметшiсi дегенге қалай қарайсыз?

 – Əлгiндей қызметте жүргенде өз басымда да қызметшiм болды. Жиi ауыстырмадым. Бүгiнгiлер туралы мынаны айтқым келедi: жаңа қазақтар үй шаруасына араластыратын қызметшiнi де бейшара пенде сияқты қабылдамаса екен. Бiр танысымның үйiнде жасы егде тартқан бiр əйел бар. Үйiне қарайды, бала тəрбиесiне көмектеседi. Сол үйдiң төрт жасар баласы əлгiге күн көрсетпейдi екен. “Мама, ол кеше сен жоқта сөйттi, мына жерде сүртпедi, тамақты дұрыс құймады” сияқтылар, сонда деймiн-ау, ол ұрпақтың санасында “ол бiздiң үйдiң құлы, қалай болса солай жұмсау керек” деген ұғым тұр ғой. Бұл не деген сұмдық! Мұндай жағдайда əлеуеттi ұрпақ тəрбиелеу мүмкiн емес, кiм болса ол болсын, үлкендi үлкен, кiшiнi кiшi деп бiлмейтiн мейiрiмсiз буын осылай тəрбиеленедi.

– Бос уақтыңызда немен шұғылданасыз? Отбасыңыз туралы айтсаңыз...

 – Жетi жыл болды, жолдасым қайтыс болды. Екi баладан бес немере, төрт шөбере сүйiп отырмын. Оларға үнемi қайталаудан жалықпайтын бiр ғана сөзiм бар: қанша шалдығып, жұмыстан шаршап келсең де он-он бес минут болса да балаңды бауырыңа қысып, құшақтап жат. Ол көкiрегiңнiң ыстығын, жүрегiңнiң дүрсiлiн сезiнiп өссiн! Ата-ана мейiрiмiн сезiнiп өскен, көкiрегiнiң иiсiн бойына сiңiрiп өскен ұрпақ мейiрiмдi,

қайырымды болады! Мың жерден бастық болсаң да, сен ең бiрiншi əкесiң, анасың!

 Үнемi немерелерiме телефон шалғанда: “шөберелерiме үлкен əжеден сəлем айт, ол сендердi сағыныпты, шақырып жатыр, келiп кетiңдер дегендi айтыңдар”, – деймiн. Тiлдерi тəттi, қылықты. Сөйлегенде əдемi бiр əуен естiп тұрғандай əсерге бөленемiн. Сөйтем де терең ойға берiлемiн. Ойпырмай, қазақтың тiлiндей, екi тiстiң арасынан сызылып шыққандағы үнiндей керемет əуен жоқ шығар. Не деген əсем, кербез, құлаққа сондай жағымды дыбысты тек қазақтан ғана табуға бо- лады. Былдырлаған тiлдерi сүйсiндiредi. Немереден де шөбере, тiптi, тəттi болады екен, соларға қарап iштей тағдырыма тəубе жасаймын. Бұлар барда, ұрпақ барда қазақтың тiлi, қазақтың əн-күйi, қазақтың əдемi салт-дəстүрiнiң ғұмыры жалғаса беретiнiне өз басым кəмiл сенемiн...

 Өткен ғасырдың мəдениет министрi Лəйлə Ғалымжановадан қандай арманы барын сұрағанымызда, “ең бастысы елдiң, халқымның, ұрпағымның тыныштығы. Мейiрiмiнен гөрi қатыгездiгi басымдау мына заманда жанның тыныштығына ештеңе жетпейдi. Сондақтан да ел аман, жұрт тыныш болсын. Өсiп келе жатқан ұрпақтың жүректi, адал, əдiл болғанын қалар едiм” деген жауап алдық. Ойға батқан аппақ жүзiне қарап отырып, бiз ол кiсiнiң əлi де айтар ойлары мен толғаныстары, өз қатарластары жайлы қызықты оқиғалар мен деректердiң барлығына шүбə келтiрмедiк. Əңгiменi аса байыпты айта- тын, өзiне ғана жарасатын əдемi бiр күлкiсiмен жанымызды баураған ақ жаулықты анамыздың алдынан мейiрлене шықтық. “Жаратқан ғұмыр берiп жатса, тағы да жолығармыз, аман болыңдар” дегенiн аппақ көңiлден шыққан ақ батасындай қабылдадық...

ЗƏМЗƏГҮЛ ШƏРIПОВА:

ӨМIРIМДI САХНАСЫЗ ЕЛЕСТЕТЕ АЛМАЙМЫН

 Ол бала болып қуыршақпен ойнамады. Əткеншек теуiп, сары даланың сарғалдақтарын термедi. Ол,тiптi, ата- ананың аялы алақанында еркелеп, көл-көсiр мейiрiмiне шөлi де қанбаған, бақытты балалық шағы сұрапыл соғыспен қатар келген ұрпақтың бiрi. Бiрақ...

Ол ес бiлiп, етек жапқалы Жаратқанның бағасыз сыйы

келбеттi, ажарлы, қазақи қоңыр үнге бай көркем боп өстi. Өте зерек, салмақты. Оның бойындағы осы ерекше қабiлетi тарих беттерiнде қалдырды. Əсiресе, сонау соғыстан кейiнгi жылдардағы радиоинцинировка, радиоəңгiмелер, жалпы сол кездердегi қазақ радиосынан тарайтын кез келген хабарда сыңғырлаған үнi көпшiлiкке етене таныс. Оқу, тыңдаушыға жеткiзу мəнерi кез-келген жазушының қолынан шыққан шала, бiр қайнауы жетпеген дүние болса да, шиыршық атып, таза үнмен оқылған сəтте түрленiп сала беретiн.

 Ол өнерге өлердей ғашық болған, əлi де сол қалпы. Сексенге иек артып отырса да, «сырлы аяқтың сыры кет- се де, сыны кетпеген» орнықты сөзi, сонау алыста қалған жастық шаққа деген сағынышы тостағандай көздерiне мөлдiр тамшылар iркiп, дауысындағы болар-болмас дiрiл бəрi жарасып-ақ тұр.

 Бiз əңгiме еткелi отырған Қазақстанның Халық əртiсi Зəмзəгүл апай ШƏРIПОВА:

 – Сенiмен əңгiменi, «Жастық шақты сағыну, жастық шақта ойнаған рөлдерiмдi сағыну» деп атайық, – дедi жарқылдай.

Бiз бас изеп келiстiк.

 Бiрде қазаққа мəшһүр Асағаң (Асанəлi Əшiмов) «Өнер дегеннiң құдiретi шеккiз ғой. Сол шексiздiктiң құдiретi болар, акемтеатрындағы өлермен өнерсүйгiштер ұзақ жасайды» – дегенi бар-тын. Зəмзəгүл апайдың орындығынан ұшып кете жаздаған отырысына қарап, ол кiсiнi сексенге келiп қалдыға қимадық.

«... өнердi сүйдiм алдымен»,

 Кейiн сүйдiм жарды мен, – деп өзi жазғандай, бүкiл ғұмырын өнерсiз, сахнасыз елестету қиын екенiн əр сөзi сайын қайталап отырған ол кiсiге iштей сүйсiндiк. Өнердiң буы əлi басылмаған, сахнаны отбасы, ошақ қасынан биiк ұстаған осы- нау жылдарға деген сағынышы кеудесiне өксiк боп келiп-кетiп отырған қалпына қарап қызықтық. Кез келген шығармадан үзiндi, арагiдiк өз жүрегiн жарып шыққан өлеңдерiн оқып, бiр əдемi күй кештiк.

 – Мен өзi соңғы жылдары осындай əңгiме-кездесулерден қашып жүретiн болдым. Өйткенi, денсаулық та жарамайды, – деп алды арасында.

 Актрисаның жүзiн болмашы мұң торлағандай, тамағын да қайта-қайта жұтынып қояды.

– О, не дегенiңiз, əңгiме əлi бастала қойған жоқ қой, – деп күлдiк бiз де.

 – Балалық шағым қиындау тұспен қатаркелдi. Ол ендi жалғыз менiң қайғым, жалғыз менiң тағдырыма жазылған талайым емес едi, менiң тұстастарымның бəрi де ол ауыртпашылықтан қашып кете алмадық. Оның үстiне мен анасыз өстiм. Əкем де көп ұзамай сол ауылдағы жесiр əйелмен көңiл қосты да, менi Үкiмет тəрбиесiне өткiздi. Интернаттың қайбiр жетiскен тамағы бар дейсiң, бiрде тоқ, бiрде аш. Ең бастысы жалаңаш емеспiз. Өзiм осы бiр жоқшылыққа, таршылыққа ерегiскендей аса алғыр, зерек болыппын.

 Сол кездерi елдiң еңсесiн көтерiп, рухани күш беруге насихат жұмыстары аса белсендi жүргiзiлетiн-дi. Көшпелi спектакльдер- мен дала театрлары ел-елдi, ауыл-ауылды аралап, көңiл көтеруге, халықтың рухани өресiн өсiруге қызмет ететiн. Осындай бiр са- парда Күлəш, атақты қазақтың бұлбұл əншiсi «Қыз Жiбекпен» келдi. Тыңдауға құлақ керек, түйсiк керек. Бала жүрегiмiз лүпiлдеп, əншiнiң алды-артына шығып, əбден есiмiз кеттi. Əсiресе, менде мүлде ес жоқ. Əнi қандай, сəнi қандай, əншiге ғашық болып қалдым. Сол арқылы өнерге, сахнаға құмарлығым оянды. Мектептегi көркемөнерпаздар үйiрмесiне қатысамын, əн айтам, өлең оқимын, концерттер жүргiзе бастадым. Сөйтiп жүргенде Əуезовтiң «Сын сағатта» пьесасындағы Рəштi сах-

наладым. Керемет қошемет көрсетiлiп жатыр. Қуанышымда шек жоқ, бiттi, актриса болдым деп жүрмiн ғой баяғы. Қазiр ойлап отырсам, менiң өнердегi өмiрiм Мұқаң шығармаларынан басталған екен.

– Алматыға, мəдени ортаға қай жылдары келдiңiз?

  •  Жетi жылдықты бiтiрiп, мүмкiндiгi барлар аудан орта- лығынан оқуын жалғастыруды ойлап жүргенде, менiң есiл- дертiм Алматы болды да тұрды. Осы бiр арман жетелеп келiп, байланыс техникумынан бiр-ақ шықтық. Бiр күнi кино актерлерiн дайындайтын оқу орны туралы естiдiк. Ұмытып барады екенмiн, қасымда ағайындас құрбым бар. Салып ұрып сонда келдiк. Мəскеулiк аты-шулы мұғалiмдер дəрiс бередi екен. Жетекшiлерiнiң бiрi – Асқар Тоқпанов болып шықты. Сұрастыра келе, бiздiң он жылдықты бiтiрмегенiмiз, жасымыз толмағаны кедергi болды. Ол кезде 13-14-тер шамасындамын.
  •  Қайдағы өнер, қайдағы театр... Барыңдар, оқуларыңды оқыңдар,– деп есiктен кiргiзбейдi де.
  •  Ағатай, бiздi бiрiншi тыңдап көрiңiзшi,– деп мен етiм тiрi, пысықтау болдым, дiгерлеп қоймаймын. Есiктi қайта ашты да:
  •  Ал, келе қойшы, тыңдасақ тыңдап көрейiк,– дедi. Үзiлiс кезiнде iшi пысып отырса керек.

 Мен бар өнерiмдi салып жатырмын, əн де айттым, өлең де оқыдым. Өзiм жаттап алған шығармалардан үзiндi де оқыдым. Əйтеуiр, аузымда тыным жоқ. Тоқтамадым. Тоқтасам, қуып жiберетiндей, осы есiктен шыққым жоқ. Сəл саябырсыған сəтте көзiм түсiп кетiп едi, күлiмсiреген қалыпта риза болып отыр екен.

  •  Жарайды, сен қал, сенi əртiс ғып шығарамыз, –деп менi алып қалды.

 Сонымен кино-актриса деген диплом алып шықтым да, киностудияға қалдырды. Дубляж жасағанымыз болмаса, жыл бойы кино түспедi. Барып-келiп жүрдiк. Күлпан Ахметованың күйеуi Сатыбалдин деген ақын болатын, сол кiсi: «Сенiң даусың жақсы, филармонияға түсiп оқып алсаңшы» деп үгiттеп, Бақытжан Байқадамовқа жiбердi.

 Филармонияға түсiп, Байқадамовтың хорында тағы бiр жы- лым өттi. Жеке əн айтып, концерттер де жүргiзбедiм. Осылай

жүргенде радиодан диктор болуға ұсыныс түстi де, сонда ор- наластым.

– Сонымен... театрға əлi жақындар емеспiн дейсiз ғой...

 – Иə, радиода төрт-бес жыл жұмыс iстедiм. Бiрақ, өнерге жолымды ашқан осы радиодағы жылдар едi. Өйткенi, ол кез- де эфирден жазушылар, ақындар келiп өз шығармаларын оқитын не болмаса оқытатын Бiрде Рахия апай келдi. Осылай басталған таныстық, жетелеп жүрiп менi сахнаға жеткiздi- ау əйтеуiр. Театрда Əсiмжанов деген режиссер болды, ол кiсi де менi қолдап жүретiн. «Ғалиябануды» қойды да, мен

  • Ғалияны, Қуат Əбусейiтов – Халелдi ойнады. Осы спек- такльмен Татарстанға барып қайттық. Сөйтiп 1952 жылдан бастап спектакльдерге қатыса бастадым да, басыңды қатырып қайтейiн, небiр кедергiлерге соқтығып жүрiп, «Порт Артур» драмасындағы жапон қызын, Əбiшевтiң «Күншiлдiктесiнде» тағдыры қиындау жас келiншектiң рөлдерiн ойнадым. Ол кезде пьесаны қабылдауға Əуезовтен бастап жазушы-драматургi бар, көркемдiк совет қабылдап алатын.

 Зəмзəгүл апайдың жүзi əлдебiр қуанышты жағдайды еске түсiргендей, бал-бұл жайнап, қозғалақтап кеттi.

– Есiңiзге жағымды бiр сəт түстi-ау, – деп бiз де ынтыға түстiк.

 – Жағымды болғанда қандай. Сол бiр сəт əлi кезге дейiн көз ал- дымда қалды. Қуансам да, көңiл күйiм түссе де сол бiр минуттық сəт жебейдi, көтередi. «Бұл Зəмзəм емес, Кəусар болды». Бұл – ұлы жазушы Мұқаңның, иə, Мұхтар Əуезовтің аузынан шыққан сөз. Сөз емес, мақтау, риясыз ризашылық. Мен арқылы, менiң шығарған рөлiм арқылы қазақ өнерiне ризашылығы, қазақтың қара сөзiне, қазақтың қоңыр үнiмен əрленген əңгiмесiне, пье- сасына ризашылығы. Төбем көкке бiр-ақ елi жетпедi. Ұштым, көкке самғадым. Осы бiр ауыз жылы сөз менi өмiр бойы көтерiп келедi. Əлi күнге дейiн театр босағасын аттағанда, театр сах- насымен əр кеш сайын қоштасқанда менiң жадымда тұрады. Өнердегi бағымды ашқан да осы жалғыз ауыз сөз болды.

«Айман-Шолпанда» – Айманды, «Абайда» – Қарлығашты, кейiн Құрманбек Жандарбеков «Қаракөздi» қоятын болды да, Рахия апай Бөрiжанды ойнады. Сахнаға, елдiң назарына жiбермей

тұрып үстел басындағы тыңдау аса тартысты, қызықты өтедi ол кезде. Əрқайсымыз өзiмiзге бекiтiлген рөлдi оқып жатырмыз. Бiткеннен кейiн олар өзара талдайды да, бiздi сыртқа шығарып жiбередi. Осындай бiр сəтте Рахия апай:

 – Əй, сен Əуезовке қатты ұнадың, қара да тұр Қаракөз боласың – дедi менi құшақтап.

 Бiрақ белгiсiз себептермен осы пьеса қойылмады да, кейiн 1963 жылы ғана сахналанды. Ол кезде, əрине, Мұқаң көрмедi. Одан киностудиялар шақыра бастады, танымал бола бастаған кезiм. Шəкеннiң бiрнеше киносына түстiм. «Дала қызына» түсуiм де қызық. Бұл рөлге басында Хадиша апай бекiтiлiп қойыпты да, бiз жай эпизодтық көрiнiстерде жүрдiк. Бiр күнi менi басты рөлге таңдапты. Хадиша апай анау-мынау артық сөзi жоқ, баладай аңқау кiсi ғой. Үндемей жүрiп киiмдерiн дай- ындап қойыпты. Кейiн айтады: «Мен киiм тiктiрiп, қашан кино- ны бастаймыз, қашан шақырады деп күтiп жүрсем, «Зəмзəгүл Шəрiпова түсетiн болды» деп отыр» – деп күледi. Қызғану де- ген атымен жоқ, басқа бiреу болса, «басында неге айтасыңдар, əуре ғып» деп бiраз шулатар едi. Таза өнерге жаны ауыратын, жаны ашитындар арасында қызғаныш деген болмаса керек-тi.

 Содан Мəскеуге онкүндiкке баратын болдық. Кинодағы рөлдерiм де баршылық. Бiрақ Ақтоқтының орны бөлек. Шолпан апай мен Шəкен, екiншi тобында – Ыдырыс екеумiз-тiн. Кейiн Қалекең, Ыдырыс мылқауды ойнады да, мен Мусинмен пар- тнер болдым. Киноға үлкен баға берiлдi. Мəскеулiк бұқаралық ақпарат құралдарында тыным жоқ, мақтауға кенде емеспiн. Содан Ақтоқтының да кезегi келдi, бiрiншi күнгi Шолпан апайға ел риза, құшақ-құшақ гүл... Мен шығатын күнi əлгi апайым киетiн киiмiмдi бермейдi. Ал кеп жыла, жалын... жоқ, ешкiмге көнер емес. «Екi күнде де өзiм ойнаймын, бермеймiн» – дейдi. Дəл сол күнгiдей көз жасым төгiлмеген шығар, күңiренiп кеттiм, күйiп кеттiм. Өмiрiмдегi, өнерiмдегi ең асыл бейне сол

– Ақтоқты, кiшкентай кезiмнен арман болған Ақтоқты осылай жер соқтырып кеттi. Содан ары қарай «Дала қызымен» Ригага кинофестивальға кеттiк. Осы сапардан келгенiмде, Республикаға еңбек сiңiрген артист атағы күтiп алды. Одан кейiн Құрмет белгiсi

орденiн алдым, Шолпан апайым да елмен бiрге елпiлдеп келiп құттықтап жатыр. Алғаш өнер сыйлығын алып жатқанда кiмге өкпе артарсың, құшақтасып, сүйiсiп жатырмын. Кейiн марқұм Шолпан апаймен сырлас, сыйлас, пiкiрлес болып кеттiм...

 «Бiз осы жерде тұрамыз», «Өмiр жолы» кинокартиналарын- да, одан кейiн Болат Шəрiповтiң «Заман-ай» (Сəкен Жүнiсов) фильмiне түстiм. Театрда бүкiл классикалық шығармаларда, əсiресе өзiм жан-тəнiммен жақын көретiн «Қаракөздi» он жылдай жалғыз ойнадым. Осы рөлiм үшiн «Халық артисi» атағын алдым. Жүзден аса рөлдерде iзiм бар, қазiр «Отыз ұлың болғаншада» ылғи кəрi артистер ойнаймыз. Жас ұлғайған соң жастарға орын беру өмiрдiң заңы.

... Өмiрдiң əсемдiгiн бiле алмаппын жасымда, Жақсы достар болып едi қасымда.

Жалғыз қалдың, қартайдың да,

Кəрiлiк

сен де басынба.

Басынып жатыр денсаулық Тыныштық жоқ бiрауық.

Қимасақ та өмiрдi,

 Кетемiз ғой , солқауiп, – деп көңiлдiң бiр сəттегi күйзелiстерiн қағазға түсiрiп, ермек етемiн.

 ... Қартайған соң сахна қашты менен, Шамаңның жеткен жерi осы деген... Сыртында сахнаның қалдым-ау деп,

 Күйiнiп, қапаланып, қайғы шегем...–деп бiрде күлiп, бiр жылап ғұмыр кешiп жатырмын. Алла тағаламның мұнысына да мың тəубе.

... Жүзден астам рөл жасап, сахнаға өмiр бердiм, Қайғы-қасiрет, махаббат сезiмдерiн.

Көп iздедiм, тынбастан ерiнбедiм, Образын түрлi адамның жасаймын деп, Қатыгез, қиындықтың бəрiн көрдiм.

Бiттi бəрi, Болдым кəрi,

Кəрiлiктен кеттi ғой беттiң əрi...

– Беттiң əрi демекшi, Зəмзəгүл апай əлi де көркемсiз.

Осы қалпыңызды қалай сақтадыңыз?

 – Негiзi беттiң жаратылысы түзу. Жас кезде адам, тiптi, түзу болмаса да əдемi ғой. Үйренген əдет бойынша сылап-сипап жүремiз, дегенмен əжiм деген...

– Өз уақтымен түскен əжiм де əдемi көрiнедi емес пе?

  •  Əрине, ол мiндеттi түрде. Қанша күтiмде болғанмен уақыт өз дегенiн алады. Жетпiстiң ортасынан асып бара жатқан ғұмырымда қимылдың, дене қимылының, үзбей жасайтын дене шынықтыру жаттығуларының пайдасы керемет екенiн айтқым келедi.

Осы жерде тағы да өлең дəптерiн ақтара бастады.

  •  Адам баласы өмiр бойы ғашық болуға, бiреуге сүйкiмдi болуға тырысып бағады ғой. Осы бiр сезiм өлмесiн, ол өлген жерде пендеңiз де қуарып, керексiз бiр əлемге айналып кетедi. Ендi ғашықтық туралы жазған бiр өлеңiмдi тыңда:

Сырттай сүйем бiр адамды, Өзi еңбекқор, өзi ақылды.

«Жасыл баққа барайық» деп, Бүгiн менi шақырды.

– Бардыңыз ба?

– Жоқ, бармадым, сырымды да жаймадым.

  •  Ол кiсi бар ма? Бұл өлең құпия болмаса қай шамада жазылды?

–Бар, əрине, тiрi. Елуге келiп қалған кез ғой деймiн.

  • Ал, өзiңiзге ғашық болғандар да жететiн шығар?

 – Е-е, қарағым, «ғашықпын, сүйiп қалдым» деушiлер көп болды ғой. Бiрақ ол кезде өзi əдемi, өнер десе өлермен мен байғұстың оларға бөлер уақытым да тапшы едi. Көңiл де, уақыт та жетпедi ғой деймiн. Оның үстiне оларға да менiң ма- хаббатым емес, атақ-абыройым қажет болғанын iштей болса да сезетiнмiн. Сосын да қашқақтадым, үрiктiм.

Өттi сонау жақсы бiр кезiм менiң, Ғашық болып аһ ұрып көз iлмедiм, Көз iлмедiм, тағы да сенi iздедiм, Сенi iздедi лаулаған сезiмдерiм...

 Бiз театр үйiнен шығып, Абай даңғылының бойымен бiраз серуендеп, қимай қоштастық. Бiраз жер жүрiп барып, артыма бұрылғанда көргенiм: басында аппақ қалпағы, үстiнде аппақ тығыз тоқылған жамылғысының етегi желбiреп, қолындағы аппақ сөмкесiн қолтығына қыса ұстаған қазақтың аппақ қызы бүгiнгi аппақ анасы – Зəмзəгүл аяғын тəкаппар басып кетiп бара жатты. Қонышы ұзын, сəндi етiгiнiң өкшесi жерге тық-тық етiп, алыстаған сайын өнердегi iзiм де осындай, көрерменiмнiң көңiлiнде өшпес iз қалдырған дегендi ұқтырғандай əсерде болдық.

 Өнердiң, қазақ өнерiнiң, қазақ театры сахнасының сəнiне айналған осындай аналар керуенi көтерген жүгiнiң ауырлығына мойымай, алысқа, со-нау алысқа кетсе деген жақсы бiр тiлек көкейде қалып қойды...

БИЖАМАЛ РАМАЗАНОВА

 Газетiмiздiң жаңа жылдық жаңалықтарының – «Ардагер» атты жаңа айдардың ашылуы. Аты айтып тұрғандай-ақ, қоғамдағы өзiндiк орны бар, елiмiздiң экономикалық жəне əлеуметтiк өмiрiнде есiмдерi ерекше аталатын еңбегi сiңген қайраткер ер-азаматтар мен қазақ қыздарының өмiр жолда- ры, қызмет еткен жылдары, жалпы қоғамдағы алар орнын сөз етпекпiз. Ал, қазақтың қайраткер ұлдарымен бiрдей еңбек етiп, елiне елеулi қазақ қыздары да аз еместiгiн өздерiңiз де жақсы бiлесiздер, оқырман.

Олай болса, осындай бiртуар асыл қыздарымыздың бiрi

– Бижамал Рамазанова жайлы айдардың алғашқы сыр- сұхбатын ұсынғанды жөн көрдiк.

 Бижамал Рамазанова! Осы бiр есiм бала кезiмiзден жадымыз- да жатталып қалған, сонау жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Советi президиумының республикалық басылымдарда жарияланып жататын қаулы-қарарлары арқылы етене таныс. Үкiметтiң құнды қағаздарының бəрiнде осы бiр қазақтың қайраткер қызының қолтаңбасы мəңгiлiк тарих беттерiнде қалды. Сонау алпысыншы жылдардың ортасына дейiнгi уақыт аралығында

тапжылмай қызмет еткен Жоғарғы Советi президиумының хат- шысы талай ел ағаларымен қызметтес болған, ел тағдырына, жер тағдырына байланысты көкейкестi мəселелер төңiрегiнде қаншама тер төгiп, аса қажеттi құжаттардың өз қолынан өткенi жайлы бiр сəт ой жүгiртiп алды да, əңгiменi өз отбасы, ата-ана- сы жөнiнде бастап кеттi...

 «Əкем марқұм ең аяғы шеге қақса да, ат ерттесе де қалдырмаушы едi. Соның бəрi еңбекке ерте араласса, жалғыз тұяғының бiр қажеттiлiкке жараса деген ниетiнен туған бо- лар, сiрə. Бiрақ, одан мен жаман болған жоқ сияқтымын». Өзi туралы аса мақтау сөздi жақтыра бермейтiн сабырлы да салмақты кешегi Жоғарғы Советтiң хатшысы қызметiн атқарған қайраткер қазақ қызының бойында қызметпен бiрге қалыптасқан байсалдылықты көру онша қиын емес тəрiздi. Адам бойында туа бiттi қасиеттермен қатар, бертiн ел қоғам, қызмет бабымен бiрге қалыптасатын өсу, есею жылдарындағы санаға таралатын жақсы жоралғы, қасиеттер болады дегенге бəлкiм, бiреу сенеп, бiреу сенбес.

 Бижамал апайдың бойында осындай бiр бекзаттық, тəкаппарлықты байқасақ та, осындай тектiлiк бар жерде аса мейiрбан, қайырымдылықтың да қатар сiңгенiн көру де қиынға соқпас едi. Бiз оны көпшiлiкпен тығыз жұмыс iстеген талай жылғы озық тəжiрибесiнен, əйел-аналық мейiрiмiнен, кез келген шаруаны қайырымды шешуге тырысатын бiрбеткейлiгiнен деп түсiндiк.

Қайда барсам да ата-анам бiрге көштi.

 – Балалық шақ дейтiндей, бiзде бақытты, алаңсыз балалық шақ болған жоқ, – деп бастады ол кiсi əңгiмесiн. Бiздер – əрине, ХХ ғасырдың бастапқы кезiндегi ұрпақтардың бiрiмiз. Сондықтан да басымыздан кешкен қиыншылықтар да аз болмады. Ең бiрiншi көзiмiздi ашқаннан ашаршылық жылдарын көрдiк. Есiмiздi емiс- емiс бiле бiр жерден бiр жерге көшiп-қонып, босып жүрген елдiң нəпақа соңында жүргенiн ептеп iшiмiз сезетiн. Бала болсақ та таудың жабайы жуасын тамақ еткен, содан жан сақтаған талай жұртты көз көрдi, құлақ естiдi. Одан кейiнгi менiң тұстастарым отыз жетiнiң нəубəтiн көрген ұрпақпыз. Өз отбасымызға түлен ти-

ген жоқ, бiрақ «бүгiн анадай болып жатыр, ертең мынадай болады екен», «бiр түнде алып кетiптi» дегенге де құлағымыз үйрендi. Ол да өтiп ендi ес жиып,бас көтере бастағанда Ұлы Отан соғысы бұрқ ете қалды. Онда мен небəрi он төрт жаста едiм. Сонда балалық шақ, жастық шақ дегеннiң бəрi бiз үшiн қайнаған өмiр, тынымсыз еңбек деген сөз.

 Əкем Есiркепұлы Рамазан орысша, арабша сауатты, көзi ашық кiсi болды. Көп балалы отбасында дүниеге келсе де, ақ пен қызылдың соғысында 1922-26 жылдары Ақсу ауданының Қызылағаш өңiрiнде бауырларынан айырылып, тұл болып қалады. Өзiнiң айтуынша, Қапалда қызметте жүрiп, аман қалса керек.

 Өзi ата-анадан жалғыз болды, мен де оның жалғыз тұяғы едiм. Қасынан бiр елi қалдырмайтын-ды. Шалғы да шалдым, орақ та ордым, шеге де қағып, ат та ерттедiм. Аттың құлағында ойнайтын-ды марқұм, мен де ат жалында өстiм десем артық емес. Өздерi жасы ұлғайған кездерiнде өмiрге келсем керек, со- дан да болар, өмiр бақи елiм-жұртым, ата-бабам қалды демедi, мен қайда барсам да бiрге көшiп жүрдi.

 1942 жылы Түрген педучилищесiнiң қысқа мерзiмдi мұғалiмдiк курсын оқып, бiтiрдiм де, қызметтi Шанқанай орта мектебiнен бастадым. Он бес, он алтыдағы кезiм, жолдама- мен Қоғалы аудандық оқу бөлiмi Қаракемерге жiбердi. Сонда мен аттылы, əке-шешем жаяу-жалпылай, жүктерiн көк есекке тиеп алып алғаш менiмен бiрге көшiп келдiк. Өзi жалғыз, оның үстiне ер балада емес, нəзiк қыз болған соң ба, аса мейiрiмдi, ба- лажан едi. Екеуi де тоқсанға жетер-жетпес шағында қолымнан мəңгiлiк сапарға жол тартты ғой. Өмiр бақи ата-анамнан, əсiресе əкемнен дарыған еңбексүйгiштiк, табандылық, қолға алған iстi дегенiне жеткiзбей қоймайтын қайсарлылық мiнезiме өзiм де iштей сүйсiнемiн. Бетiне қарап отырған жалғызым деп ештеңе iстетпей, бейiмдемей барын аузыма тығып отырса не болар едiм. Осы өмiрiмде нендей жақсылық қолымнан келдi, кiмге қандай көмегiм тидi, не болмаса тiлiм тидi дегенде, жер- ге қарайтын жағдай кездеспептi. Соған шүкiршiлiк жасаймын да, əкем алдында мəңгi перзенттiк борышымды ақтағандай жеңiлдеп қаламын.

Қызметке келер жолдар...

 Содан Қаракемер мектебiнде мұғалiм болып жүрiп, қоғамдық жұмыстарға белсене араластым. Комсомолға өттiм. Газет шығарамыз, үгiт-насихат жұмыстарымен ел-елдi ара- лаймыз. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейiн тек қана бiр қиял, бiр арман, ол – Женiс. Электр желiсi жоқ, шамға құяр майдың өзi тапшы, ондайда адамнан қулық артылған ба, қойдың құйрық майын пайдаланамыз. Қыста қар тоқтатамыз, көктемде əр соқаның соңында бiр-бiр баладан, олардың соңынан бiр- бiр мұғалiм жүргенiмiз тырбаңдап. Əжелер жүн түтiп, жiп иiредi, бiз оқушылармен бiрге шұлық, көбiне соғыстағы май- дангерлерге қолғап тоқимыз. Оның арасында еңсесi түскен елдiң көңiл күйiн, демалысын бақылап, түрлi концерттер мен көркемөнерпаздар үйiрмелерiмен жұмыс тағы бар.

 Сөйтiп жүрiп комсомол ұйымының хатшысы болдым, тек мектеп оқушылары ғана емес, колхоз жəне оқытушылары бар, 70-80 мүшесi бар үлкен ұйымды басқардым. Аудандық комсомол комитетiнiң мүшесiмiн. Сөйтiп жүргенде 1945 жылы облыстық оқу бөлiмi мен облыстық комсомол комитетiнен телеграмма келдi. Содан баяғы көк есекке жүктi артып алып, «Талдықорған қайдасың» деп тартып отырдық. Ол кезде тəртiп өте күштi, со- сын шақырған қызметтен бас тарту деген тiптi өлiммен тең. Обком комсомолға ревкомиссияның мүшесi етiп сайлады да, мектеп бөлiмiне нұсқаушы етiп қабылдады. Ол кез алыс аудан- дармен телеграмма-хаттармен жұмыс жүргiзiлетiн кез ғой, маған осындай бiр құжат дайындау тапсырылды. Өзiмше орысша да бiлетiн сияқты едiм, əлгi жерде абдырадым да қалдым. Сол кез- ден бастап, менiң өмiрлiк тəжiрибеме республикамыздың екi ата газеты «Казправда» мен «Социалистiк Қазақстанды» салысты- рып отырып оқу айнымайтын əдiсiме айналды. Алғаш қолыма алған кiтабым «Похождение Насреддина» болды. Түсiнiп оқуға тырыстым, аудармашыдан сұрайтынмын. Əйтпесе, жаттап алатынмын. Бiрер жылдан кейiн Қаратал аудандық комсомол комитетiнiң хатшысы етiп сайлады. Ат басын, көш басын солай қарай бұрдық. Сонда жүргенде мен алғаш рет үкiмет награда- сын алдым. Небəрi жиырма бiр жаста кеудеме «Еңбек Қызыл

Ту» орденiн тақтым. Бұл Ленин орденiнен кейiнгi аса үлкен ор- ден саналатын. Тағуға ұялып жүрдiм. Партия мен комсомол егiз, бiртұтас салаға ғой. Аудандық партия комитетiмен тығыз байла- ныстамыз, секретары тəжiрибесi мол, мейiрiмдi Сейтiм Қаскеев деген кiсi болды, өзi депутат. Сол кiсiден үйренгенiм көп болды. Өмiр мектебi деген осы. Жалғыз өскен, кəрi ата-анасы, ақыл-кеңес сұрайтын не əпке не аға-бауыры жоқ менiң өмiр мектебiм осылай қалыптасты. Өмiр мені сондықтан да екi қарап, бiр шұқуға, аса сақ болуға, тиянақты болуға үйреттi. Оған ата-анамнан дарыған қабiлеттiлiгiм мол болса да, менiң тағы бiр сүйенерiм, ол – АБАЙ болды. Қай сəтте де, қандай көңiл күй əуенiнен де үнемi менi АБАЙ құтқарып келедi. Сонау 1948 жылдағы алғашқы кiтабынан бастап, күнiне болмаса да,

аптасына парақтап, өзiме күш-қуат аламын, есеп беремiн.

 Соғыстан кейiн халықтың əл-ауқаты, тұрмысы жақсара бас- тады. Əйелдердi де көпшiлiк-қоғамдық қызметке тарта баста- ды. Жер-жерлерде əйелдер кеңестерi құрылды. Талдықорған облыстық атқару комитетi мен қалалық кеңесте жұмыс атқарып жүрдiм де, Алматы облысына обком хатшы болып сайландым. Партия мен комсомол комитеттерiнде, жергiлiктi атқару орган- дарында жүрiп жинақтаған тəжiрибем менi ҚССР-нiң Жоғарғы Советтен бiр-ақ шығарды. Бiр ғана аудан, қала облыс емес, рес- публика деңгейiнде жұмыс жауапкершiлiгi де күшейе түстi, əрине. Жоғарғы Советте хатшы болып ұзақ жылдар қызмет атқардым. Ол жердiң бiр ерекшелiгi – қағаздардың бəрi екi тiлде

жүрдi де, менiң қазақ тiлiн таза бiлетiнiм көп пайдасын тигiздi.

 Əңгiменi үзгiмiз келмесе де, тiл мəселесi аузы бiтпеген жараға айналғаны сонша, осы жерде бiр сұрақтың ыңғайы келiп қалды.

 – Қазақ тiлiн бе, жоқ əлде орыс тiлiн бiлгенiңiз көп пайда болды ма? Өйткенi, сен жауап бересiң. Ең бiрiншi жауапты хатшының қолы, сондықтан қанша парақ, қанша баспа табақ болса да, оқуын тексеруiң қажет. Қадағалап оқисың, əсiресе заң терминдерi өте ауыр, қиын. Бiр сөздiң өзiнде бiрнеше си- ноним бар. Ондай сəттерде Кеңесбаев ағамыз бен Рабиға апай сияқты тiл мамандарымен ақылдасып, кеңесiп отыратынмын.

 Жоғарғы Советтiң ұжымында жетпiс-сексен адам ғана бол- ды, бiрақ 350 депутаты бар, республика бойынша көпбалалы аналардың наградалары сол жерден тарайтын болғандықтан, осыған қатысты мекемелердiң бəрi Жоғарғы Советтiң құзырында. Дайындалған құжаттар Мəскеуден сүзгiден өтетiн. Қазақтың менталитетiне қатысты кейбiр құжаттар тiптi өтпей қалып та жататын-ды. Мəселен, бүкiл Советтер одағы бойын- ша кəмелетке толғаннан кейiн ғана тұрмыс құру керек деген- ге, шығыстың халқына аса келiңкiремейтiнi айтылды, бiрақ өтпедi. Айтыс-тартыс тудырып жататын осындай тiрлiктерге келгенде де, елдiң мүддесi, болашағы үшiн ақылдасып, келiсiп қызмет атқаруға тура келдi.

 Ал тiл саясатына келетiн болсақ, бұл жерде мынаған аса мұқият болғанымыз жөн. Ол – ұрпақтар ауысуымен тығыз байла- нысты құбылыс дер едiм. Мəселен, бiз тұстардың барлығы дерлiк таза қазақи тəлiм-тəрбиенiң шекпенiнен шыққандар. Ал бiздiң балаларымыз орыс мектебiн бiтiргендер, яғни тiлдерi орысша шыққандар. Неге дейсiз ғой, менiң замандастарым өз ана тiлiн таза бiлсе де, орысшаға шорқақ болды да, қызмет барысында, жоғары оқу орындарында көп кедергiлерге кезiктi. Сондықтан өз балаларымызды осы саясатты ұстанып, орыс мектебiнде оқыттық. Ол жасырын емес,кез келген қазақ отбасында құрығанда бiр бала орыс тiлдi болып өстi. Сол бiздiң ұрпақтан тараған ата-аналардың қазiр өз ұлтына, өз тiлiне жат болып, өгейсiп қалуы, мiне, осы ұрпақтар ауысуында жатыр. Бəрi намысшыл, елiн-жерiн сүйедi- ақ, бiрақ сезiмдерiн жеткiзуге дүрдəмал тiл жетпей жатады. Ал одан кейiнгi немере ұрпақ қайтадан ана тiлiндегi мектептерге бара бастады. Бiрақ, бiр өкiнiштiсi, үйiнде ата-анасы оқу-сызуына жəрдемдесе алмайды. Өйткенi ойлау орысша, тiл жоқ, əдеби- көркем тiл жоқ. Сөйтiп, балаларының жағдайына, ата-анасының жағдайларына қарап көптеген азаматтар немерелерiн қайтадан орыс мектебiне беруге мəжбүр.

 Қазақ тiлi ешқашан өлмейдi. Өсiп келе жатқан жаңа толқын тiлдi өлтiрмейдi, өшiрмейдi. Оның үстiне сырттан келiп жатқан қандастарымыз да ұлттық сана-сезiмi, бояуы, салт-дəстүрiн жоғалтпай шоғыр-шоғыр болып көшiп келiп жатыр. Қытай,

Монғолиядағы айтпағанның өзiнде, Ресейдегi отандастары- мыз ұлттық менталитетiн қатаң ұстанғанын көзiмiз көрiп отыр. Сондықтан да уақыт бiр орында тоқтап қалмайтыны сияқты, өте келе бəрi орнын толтырады. Ұрпақ алмасу, жалғасу деген, мiне, осы.

 Бұл мəселеде менiң келiспейтiн бiр ғана жайым бар. Бiзден əлдеқайда мəдениеттi деп айтамыз ғой, бiрақ бiздiң мəдениетiмiз басқалардан кем емес, дегенмен өркениетке ұмтылу деген жалпы ұғымға келiсе қоймаймын. Жапонияны алыңыз, неге олар 12 жасқа дейiн балаларын тек өз тiлiде оқытады. Неге, өз тiлiнде, мiне, барлық гəп осында. Сондықтан қазiр үш тiл деп жатырмыз, орыс тiлiн көшеде онсыз да үйренедi, үйдегi тiл де орысша, өйткенi олардың ата-анасының өзi əлi толық үйренiп болған жоқ. Осы жағын қатаңдау ойласа, шығыс халықтарынан үлгi-өнеге алсақ артық болмас едi.

 Өз басым ағылшын тiлiне де талпыныс жасадым. Өйткенi, он үш жыл Қазақтың Азия-Африка елдерiмен ынтымақтастық комитетiн басқардым. Менiң алдыма бұл қоғамды Мұхтар Əуезов, ол кiсiден кейiн Төлеген Тəжiбаев деген азаматтар басқарған. Он бес республика iшiндегi жалғыз əйел мен болдым.

– Сондықтан қажеттiлiк болған жерде адам бəрiне де үйренедi дейсiз ғой?..

– Əлбетте.

– Қазақ əйелдерi қызметтен гөрi үйдегi тiрлiктi бiрiншi орынға қояды ғой. Бұл ретте не айтар едiңiз?

 – Ол бiздiң өзiмiздi Жаратушы алдындағы мiндет, парызы- мыз iспеттi. Жолдасым Шапағат Отан соғысының майдангерi, бұрынғы комсомол, партия қызметкерi. Екеуiмiзге тағдыр өмiр бақи бiр есiктен кiрiп, бiр есiктен шығуды жазыпты. Өмiр жолымыз, еңбек жолымыз бiрге қалыптасты, сондықтан бiр- бiрiмiздi түсiну қиы емес. Ал түсiнiстiк, сыйластық, адалдық бар жерде, тiрлiк кешу де аса қиын болмас. Екiншi жағынан, ата-анам қолымызда болды дедiм ғой, ас-су əзiрлеу, балалардың тəрбиесi де шешем марқұмның мойнында болды.

 Жалпы өз басым əйелге тəн тiрлiкке де бейiммiн. Қонақ та шақырып, қонаққа да барып, жас болдық бəрiне де үлгерiп жа-

татынмын. Əсiресе, киiм-кешек тiгуге əуес болдым. Сенсеңiз, осы күнге дейiн төсек жабдықтарын сатып алмаймын. Метрлеп алып қоямын да, шетінен жаңалап тігіп отырамын. Ал əйел тігінші болса, киім-кешек те кір болмайды. Қарны тоқ, кимідері таза еркек те тыныш қой.

– Қызметші, бала тəрбиелеуші ұстайтындарға көзқара- сыңыз...

 – Қолдамаймын. Бала күтуші, үй шаруасындағы қызметкер, ас дайындаушы дегенге мүлдем қарсымын. Бала қашанда ата- ананың сөйлеу мəнері түгілі, жүріс-тұрысымен де тəрбиеленеді. Қарап өседі, көріп өседі. Ал біреу тəрбиелеген бала – бөтен бала. Ол əке-шешесінің ықыласын, тіпті реніш-күйінішін, қуанышын көрмеген бала қолғабыс етуге ниеттенiп тұрады емес пе?! Сондықтан, баланың өз ата-анасының тəрбиесiнде болғаны абзал.

 Өз басым Салиқа Оңғарбаева деген озат сауыншы болды, сол кiсiнi пiр тұттым. Сол кiсiнiң сөйлеу мəнерi, жүрген жүрiсi, маңайындағыларға қарым-қатынасы, отағасына деген iлтипаты

– бəрi-бəрi күнi бүгiнге дейiн көз алдымда. Анамнан кейiнгi жақсы қасиеттерiм сол кiсiнiң көлбеңдеген көлеңкесiнен дарыған тəрiздi.

– Бұрымды қыз болған сияқтысыз…

 – Иə, бұрымды қыз болғаным рас. Шашымды екi өрiм етiп қатты өрiп тастайтынмын. Табиғатынан бұйралау болды да, ол жағынан қиындық тудырған жоқ. Ал, айнаға қарамайтын əйел болмас. Бiрақ əйел болып сырға тағып, сақина салуға да əуестенбеппiн ғой. Бiр қызық жағдай болды, Индияға де- легация басқарып баратын болдым да, сонда «мұныңыз қалай Шығысқа бара жатырсыз, сiздi де Шығыс əйелi деп қарайды ғой, не қолыңызда, не мойныңызда жоқ» деген соң, тiптi бiр таныс əйелден сұрап жүзiктерiн тағып кеткенiм бар.

 Ол бiр ендi жоқтықтан емес, табиғатымнан сырттың ша- руасына бейiм болып өскендiктен, тiптi мəн бермегендiктен де болар. Ал, жалпы сұлулықты, тазалықты жаным жақсы көредi. Өзiмдi-өзiм күтуге шама бар. Қазiр, өзiң көрiп отырғандай, қалалық Ардагерлер кеңесiнде қызметтемiн.

Өзiмiз қатарлылардың мұң-мұқтажын, бар-жоғын түгендеуге тырысып, қолымыздан келгенше əлi де қоғамға пайдамыз тисе екен деп жүрген жай бар.

 Бижамал апайдың «бiз қатарластар көп емес, тегiн демалыс орындары мен санаторийлерге жолдамалар ұйымдастырылса, өйткенi жастары егде тартқанда қай жолсапарға шыға қояды дейсiң, бармайды да ғой, бiрақ көңiлдерi өсiп қалар едi» деген пiкiрi көкейде сайрап бiз кеттiк. Есiктен шықпай жатып шырыл- дап қоя берген қара телефонның ар жағындағы қарлығыңқы дау- ыс бiздiң де санамызда жаңғырып қалған қарт ата-аналарымыз- ды есiмiзге бiр түсiрiп өткендей. Қайран, ардақты елдiң ардагер ұлдары! Бiр кездерi сылаңдаған бойжеткен, серi көңiлдi бозбала болды дегенге бiр түрлi сенгiң келмейдi-ақ. Бiрақ, өмiр өз дегенiн, тағдыр өз аларын алған соң, бейшара күй кешiп қаларымызды, қолда барда жақсылықты соларға жасасақ өзiмiз де ертең сондай сыйды талап етер едiк деген бiр жымысқы ой санамызды орап, көктемнiң алғашқы жаңбырына бетiмiздi тосып жүрiп кеттiк.

FАЙНИКЕН БИБАТЫРОВА

 Ол кiсiге қарап отырып, қазақтың қыздарының əдемi, көркемдiгiмен қоса өте қарапайымдылығына тағы да таң ғаласың. Елжiреп тұратын бауырмалдығын айтсаңызшы. Елiмiздiң мəдениетi мен ғылымына зор еңбегi сiңген қазақ қызының аппақ жүзiн торлаған мұңның сыры көп кешiкпей- ақ ашылды... Ауыр қазаға ұшыраған бiр жолдастарының асы- на қатысып, небiр нұрлы күндердегi бiрге болған шақтарды өткен уақытпен еске алудың қаншалықты қиын, жан ауыртар сəт екенiн сезiнген сайын адам бойы ауыр тартып, көңiлсiздiк билейтiн пендəуи көңiл күйiн бiз де терең түсiндiк. Түсiндiк те кешiрiм сұрап, мүмкiн болса келесi күнге келудi өтiне сұрап едiк, ол кiсi: «Қайта сенiмен əңгiмеден кейiн серпiлетiн сияқтымын»

  • дедi, болмашы жымиып. Қазақ қоғамына елеулi үлес қосып

келе жатқан Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Бiлiм жəне ғылым министрлiгi Ғалымдар үйiнiң директоры Ғайникен Айдарханқызымен əңгiме осылай өрбiдi... Əңгiмелескен сай- ын өзiмiз сырттай қайратты да жiгерлi, бiрбеткей iскер қазақ қызы деп қабылдайтын осы бiр сұлу да кербез əйелдiң жара- тылысы тым нəзiк, сағыныш пен мұңға, қуаныш пен қайғыға қабырғасы қайысатын қарапайым ғана пенде екенi одан сайын ынтықтыра түскендей.

Сөз басы

 – Бiздiң қазақ өзiндiк педагогикасы, пəлсафасы, этнотəрбиесi ерекше халық қой, – деп бастады апай əңгiмесiн. – Мен мұны жаңалық аштым деп айтып отырған жоқпын. Бұл пiкiрiм кез келген таза қазақи үрдiспен тiрлiк кешiп келе жатқан əрбiр отбасындағы тəрбиеден көрiнетiн көрiнiс. Əсiресе, ана сүтiмен дарыған жақсы бiр қасиетiмiздiң бiрi мейiрiмдiлiк, бауырмалдық қой. Өз басым осы бiр қасиетi үшiн халқымды, елiмдi шексiз жақсы көремiн. Талай қырғын-сүргiннен, тағдыр- талайынан аман алып келе жатқан да осы қасиетiмiз.

 Мен қазақтың көпбалалы қарапайым ғана отбасында дүниеге келiппiн. Əке-шешемнiң тұңғышы болдым. Ал қазақ отбасында тұңғыштың жауапкершiлiгi, жүгi өте ауыр екенi аян. Қазiр ғой «тұңғыш» дегендерiңiз – жалқау, ерке шолжаң. Бiздiң замандастар, артынан ерген көштiң бəрiн құтты орны- на қондырғанша, сол өзiңнiң соңыңнан ерген көштiң қайда, қалай орналасуына əке-шешеден гөрi бiз жауапты болып өскенiмiздi менiң тұстастарымның кез келгенi мойындайды. Бiз – мейiрiмдi ұрпақпыз! Өз бауырларына ерекше қарым- қатынаспен қарап, тəрбиесiне алаңдаған жауапты ұрпақпыз! Жүрегiндегi мейiрiм жүзiне шығып тұрған иманды ұрпақпыз! Бiз – қоғамдық жұмыстағы қатаң тəртiптi отбасындағы қатал тəрбиемен ұштастыра қабылдаған ұрпақпыз!

 Бүгiнгi ас менi қатты толқытты. Жүректегi сағынышты қозғаған, қанды толқытқан бiр күн болды. Өзiмнен кейiнгi сiңлiм күйеуiнен кейiн қыршындай баласынан айырылып

қалып едi, кезектен тыс демалыс алып сонда баруға, қасында болып əбден мауқымды басып келуге кетiп барамын.

 Қазақ – данышпан халық қой: «қайғы қайғыны қозғайды» дегендi қалай тап басып айтқан десеңшi!

Қазақтың тəлiм-тəрбиесi ешкiмге ұқсамайды

 Сынаптай сырғанап өтiп жатқан уақыт емес пе «жастықтың мiнiп тұлпарын» деп жүргенде бiр күнi зейнеткер бола қалдық. Əр уақыттың өзiндiк əдемiлiгi, өзiндiк қызығы бар. Егер орныңды дұрыс тапсаң, ойыңды ашық айтып, өзiңдi лайықты ұстай бiлсең қызметтен де, өмiрден де сыйсыз өтпейсiң, ешкiмнен кем болмайсың.

 Менiң ең үлкен бақытым – екi ғасырдың да куəсi болғаным. ХХ ғасырда өсiп-өнiп, тоғыз жыл комсомолда, одан қалған ғұмырымның бəрiн партиялық, қоғамдық жұмыстарда бол- дым. Сондықтан да ХХ ғасырды мақтан етемiн де, ХХI ғасырға рақмет айтамын. Сөйтемiн де, екi ғасырдың куəсi бо- луды маңдайыма жазған тағдырыма мың шүкiр, тəубе деймiн. Еткен еңбегiмiз де жоқ емес. Оның бағасын, əрине, ел бередi. Бiз қоғам алдындағы мiндетiмiздi атқара бiлдiк, сол қызмет арқылы халқымызға перзенттiк борышымызды ақтадық десем, əбден болады. Өйткенi, жетпiстен асқан шағымда əлде де сол халықтың жоғын жоқтап, барын түгендеп отырған жайым бар. Ал сол екi ғасырда екi қоғам болды ғой. Өз басым, «ойбай, партия мынадай едi, комсомол мұндай болған» деген пiкiрдi жиi құлағым шалады, бiрақ мен келiспеймiн. Мұқан Төлебаев өгiз арбамен пианино апарып, «Бiржан-Сараны» жазған кiшкентай ғана ауылда туыппын. Жетiсудың жетi өзенiнiң бiрi – Лепсiнiң бойында. «Көкжие» деген ауыл, осы өзен бойы қалың тоғай. Жиделi тоғай болатын. Балалық шағымыз соғыс жылдарын- да, яғни таршылық пен жоқшылықтан қашып құтыла алмай- тын кезеңде өттi. Күнi бойы жиде теремiз, етегiмiзге толтырып əкелген жиденi анамыз марқұм бiресе суға қайнатып, кептiрiп қақ жасайды, жартысын сағыз ғып шайнаймыз. Құмның iшiнде

кiшкентай ғана тайымызға мiнiп, мал бағып, тiрлiк еттiк.

 Əкем Айдархан мен шешем Ажархан ауыл сыйлаған, қадiрлi кiсiлер болды. Соғысқа бармады, өйткенi соғыс басталғанда елдегi еркеккiндiк əскерге алынып жатқанда «Сен коммуниссiң, елдiң тыныштығын сақта, бас-көз бол» деген тапсырма алған бiраз азамат милиция формасын киiп, ауыл-аймақта еңбектi ұйымдастыруға қалған ғой. Содан милицияның қызы, балала- ры болдық та, тəрбие де, талап та қатал болды. Оның үстiне анам көргендi, көкiрегi ояу, шала сауатты кiсi болса да, бiздi мүмкiндiгiнше бiлiмге баулуды ерте мақсат еткен жан едi. «Қыз Жiбек», «Қамар сұлу», «Қобыланды батыр» сияқты этнотари- хи жырларды үнемi оқып беретiн. Оқығандағы мақамы, əуездi үнi керемет болғаны сонша, əлi күнге құлағымның түбiнен сол бiр аяулы қарлығыңқы үн кетпейдi... Ал, əкем өте мəдениеттi, парасатты кiсi болды. «Үлкен кiсiлердiң алдынан кесекөлденең өтпе, танысаң да танымасаң да, амандас, сұраса жөнiңдi айт» деп отыратын-ды. Қазақтың ешкiмге ұқсамайтын этнопеда- гогикасын қатаң ұстанушы едi. Одан берi талай ел аралап, жұртпен араласып келе жатсам да, дəл сондай тəрбие желiсiн ешкiмнен көрмедiм десем артық айтқандық емес.

Қонаев ұлттың ұлы перзентi ғой

 СОНЫМЕН, отбасындағы тəлiм-тəрбие, iлiмге, бiлiмге де- ген құштарлық ауылда қалуға мұрша бермедi. Оның үстiне өзiм де етi тiрi, пысықай болсам керек. Ауылда, ауданда комсо- мол жұмысын атқарып жүрген ұйымдастырушылық қабiлетiм орталықтан бiр-ақ шығарды. Көк тiреп тұрған көке жоқ, ши- еттей бала-шаға, əке-шешеде қауқар жоқ. Осының бəрiн ой- лай келе, жоқ, тiршiлiктi бастау керек, бастау үшiн бiлiм керек екенiн iштей түйсiндiк те, ауылдан аттанып кете бардық қой.

 Қойшы, əйтеуiр, сатылап-сатылап жүрiп, елiмiздiң бiр туар перзентi Димекеңнiң алдынан бiр-ақ шықтық. Ол тұста қыз- келiншектердiң билiкке араласпаған кезi. Ақмолада Фарида Хамитова деген хатшыны ғана естимiн.

 «Өзiңдi комсомолдан жақсы бiлемiн, менiңше сенен үлкен қоғам қайраткерi шығады» деп, Жамбыл облыстық партия комитетiне хатшылыққа бекiттi де жiбердi. Қабылдауына

Мəскеуде Орталық комитет жанындағы академияда оқып жүрген жерiмнен шақырылдым. Кең, жарық кабинетiнiң ана басы мен мына басына жету қандай қиын едi, оның үстiне есiктен төрге дейiн үндемей жүру тағы ыңғайсыз. Өзiм нəп- нəзiк, аяқта бiз өкше туфли. Сасқанымнан, «Димаш Ахметұлы, кабинетiңiз қандай үлкен, Сiзге жете алар емеспiн», – деппiн. Ондай қарапайым, кiшiпейiл, ондай парасатты адамды өз басым көрмедiм. Сонда орнынан күлiмсiреп тұрып маған қарсы жүрдi.

«Мен онда Статенин жолдасқа айтайын (iс жүргiзушiсi болған), Галя Бибатыроваға менiң кабинетiм ұнамады, не кiшiрейт, не басқаша жаса дейiн», – деп күлдi. Толқып, абыржып келе жатқанымның бəрi ұмытылды. «Ұлы адамдар өте қарапайым болады» дегенге қалай сенбессiң!

 Одан кейiн де талай рет кездестiк, кездескен сайын «ком- сомолкам менiң» деп арқамнан қағып қоятын. Елуге толған кезiмде ғой, «Димаш Ахметұлы, қашанғы комсомол болып жүре беремiн, елуге келдiм ғой», – дедiм. Сонда ашыла бiр күлiп, баяғы өзiнiң «сен əлi өсетiн баласың» дегенiн есiне алып, талай рет ұсыныс жасаса да, Жамбыл облысының обком секретары Бектұрғановтың: «Ойбай, ондай идеолог қайдан та- бамын» деп жiбермей қойғанын айтты. Басқалардың еңбегiн жоққа шығарып, даттамаймын, қоғамда əркiмнiң өз орны, өз төрi бар, əрине. Дегенмен, ол кiсiдей қазаққа еңбегi сiңген қайраткердi кездестiрмедiм. Осы жасыма дейiн көрмедiм, бiрақ қазақ деген ұлы халық қой, мүмкiн бiр замандарда туылар. Бiрақ ХХ ғасырда мен бiлетiн Қонаевтай қазақ жоқ! Шынын айту керек, таза патриот, елiн, жерiн шексiз сүйген, бүкiл сана- сезiмiн, ақыл-парасатын аямаған ұлы кемеңгер, қайраткер екенiн iштей бəрiмiз де мойындаймыз.

 Сол отырғаннан обком хатшысы болып табаны күректей он үш жыл отырдым. Жетiсуда туып-өскенiм болмаса, Жамбыл облысы маған өте ыстық болатыны да содан шығар. Елiмде қазiр ет жақыннан ешкiм қалмады десем де болады. Бiрақ əкем атында көше бар, сол көшенiң тұрғындары үшiн жылда барып, сый-сияпат жасап, Құран бағыштап қайтамын. Ел iшi береке ғой, барын дастарқанға салып жайыла күтiп жатады. Əйтеуiр

əкем марқұмның аруағы риза болса екен деп мен де барымды арқалап, əр үйге сыйлық жасаймын. Оларға бiр ғана бұйымтай айтып кетемiн, əкем атындағы көше таза болса екен, күл- қоқысқа батпаса екен дегендi қайта-қайта айта бергiм келедi... Ал Жамбыл облысы жаныма жақынырақ, осы өңiрде өстiм, жетiлдiм, қызметте төселдiм, тəжiрибе жинадым. Адалдықтан аттаған жоқпын, ешкiмге жасаған қиянатым да жоқ. Кеңес дəуiрiнiң дəуiрлеп тұрған кезi, мен де дəуiрледiм. Сол заман- дарда дүниеге келген Ғайникендердiң саны оннан асады, алды тұрмысқа шығып та үлгердi. Жақсылықтарынан əлi күнге дейiн қалмаймын, хабар жетсе баруға, батамды беруге, аянбаймын. Қонақжайлылығына көңiлiм де, көзiм де тойып қайтамын...

 Бүгiнде ел қоғам қайраткерi, мемлекет қайраткерi деп қабылдап жатса, ол да Қонаевтай ел басшысының арқасы дер едiм. Бiрақ, кедергiлерге қарамай, елiнiң мəдениетiн, экономи- касы, ғылым-бiлiмiн жетiлдiруде, кадр дайындауда ол кiсiдей көреген, талғамы мен талабы күштi қайраткерлер аз-ау, аз.

 Михаил Есеналиев, Өзбекəлi Жəнiбековтер нағыз азаматтар едi

 Елiмiздiң тарихына, мəдени тарихына үңiлер болсам, Димекеңдей адал қызмет еткен тағы бiр тұлғалардың келбетi санада көлбеңдерi сөзсiз. Əсiресе, қазақ халқының мəдени мұралары, тарихи ескерткiштерi, мəдени ошақтары – театрлар туралы əңгiме бола қалса, осы бiр қос азаматтың есiмдерi еске оралады. Халқымыздың алғыр перзентi, алғашқы комсомол Ғани Мұратбаевтың ескерткiшiн жасатқан да, атын тарихқа қайта жаңғырта алып келген азамат та осы – Өзбекəлi. Қаны қазақ бо- лып қайнаған жан. Шынын айту керек, елiмiздiң оңтүстiк аймағы қаншыл, қазақтың салт-дəстүрiн, əдет-ғұрпын терең сезiнетiн, санада үнемi жаңғыртып отыратын өлке. Оңтүстiк андай-мын- дай дегендi жиi айтамыз, қазекең бiрiн бiрi жамандамаса iшi жа- рылып кетуi əбден мүмкiн. Жақсылық жағымызды айтып қанша мақтансақ та, осындай кемшiн тұстарымыз да жетерлiк.

 Үнемi ой үстiнде, қолынан қаламсабы түспейтiн. Сырт көзге суық, сұсты, қатал көрiнгенiмен, жан дүниесi өте нəзiк

жаратылған азамат едi. Тағдырыма риза болатыным, қазақтың маңдайына бақ болып туылған осындай жұлдызды азаматта- рымен қызметтес болғаным. Есенəлиев те, Жəнiбеков те орта бойлы болғанымен, ойы, сана-сезiмi аса жоғары, жаратылысы бөлек едi. Ресейде туып-өссе де, қанына тартып туған Михаил дарынды, қабiлеттi, сауатты, ал Өзбекəлi сонысымен қоса ұйымдастырушылық қабiлетi ерекше басшы болды. Айтқанынан қайтпайтын, бiрбеткей, өжет. Наурыз мерекесiн тiрiлту үшiн қаншама есiктен бетi қайтса да, дiни ұғымдағы мейрам деген сансыз қарсылықтарға төтеп беру тек Өзбекəлiнiң ғана қолынан келетiн тiрлiк. Орталық комитетке жазып жүрiп, əйтеуiр қазақ күнтiзбесiне енгiзiп кеттi, жарықтық! Ал, қазiргi Қостанай об- лысы, бұрынғы Торғайға сiңiрген еңбегi, төккен терi ауызбен ай- тып жеткiзе алмайтын тiрлiк. Сол өңiрде өмiрге келген тұңғыш музыка театры, əн-би ансамбльдерi, ондағы ұлттық бояуға тұнып тұрған ұлттық киiмдер, əшекейлердi былай қойғанда, тарихи мұражайлардың қайта жабдықталып, жаңаруы, жасаған баға жетпес еңбегi əлi күнге ел есiнде. Көзi тiрi сол кездегi об- лыс басшылары кездескен сайын оның талапшылдығын, талғампаздығын жыр ғып айтады. Тiптi қолына қазық-балғасын ұстап, жердi қадамдап өлшеп, қай жерде театр үйi, қай жерде бақ отырғызылуы керектiгiне дейiн белгiлеп өзiнiң жүруi қазiргi креслода отырып, телефонмен шаруа шешетiн басшыларға үлгi- өнеге дер едiм. Ондайлар шаруаны шешсе жақсы ғой, бiрi-бiрiне сiлтеп, кiсiнi таусылмайтын əуреге салады емес пе?! Солар осын- дай азаматтардың тiрлiгiнен тəлiм алса, бүгiнгiдей молшылық заманда ненi болса да жарып шығуға болар едi. Бiрақ... қайдан болсын, əркiм өз басын күйттеген, қарнының тойғанын ғана ой- лайтын заманға тап болдық қой. «Қазақреставрация» деген ұйым ашып, қалай болса солай жұмыс iстеп келген, əбден тозығы жеткен мұражайлар мен кiтапханаларға өз қолынан жан бiтiрiп едi. Кiм не десе де, соны көрген, азаматтың маңдай тер, еңбегiн көрген бiз, мiне, тiрiмiз, сондықтан оны айту парызымыз. Орасан сол еңбектiң атағына жармасып жүргендер де көп, бiрақ таза еңбек Өзбекəлiнiкi дер едiм. Сөйткен, қазақ мəдени тарихына орасан зор еңбек сiңiрген Өзекеңдердiң аты айтыла бермейтiнi,

мерейтойлары үнсiз ғана өткенi тарихымызға қара күйе жағу екенiн бүгiндерi ешкiм санасына сыйғыза алмай келедi...

Қайран, Ғабеңдер...

 Осы бiр кезеңде, əсiресе, Жамбыл облысында жүргенде қазақтың талай сыйлы азаматтарымен дəмдес, табақтас бол- дым. Олардың iшiнде суретшi, өнер, қоғам қайраткерлерi, ақын-жазушылармен де етене араластым. Өйткенi, сол тұстарда Жамбылда атақты «Алатау» триосының дүрiлдеп тұрған кезi. Мен қызметке келгенде киiмдерi де, мекемелерi де жұпыны ғана топ екен. Осы күнi атағы жер жарып тұрған Алтынбектi шақырып, жаңадан ғана отбасын құрған кезi екен, облыс орталығынан екi бөлмелi пəтер бергiзiп, осы ансамбльге жетекшi етiп қойдым. Алғашында жетекшi болғысы келмей, бiраз қиқаңдап жүрген, ол кезде пəтер мəселесiнiң күйiп тұрған кезi, содан тез келiстi. Ол ансамбльмен шетелдердiң бiразында болдық. Сонда Қазақстандай алып елдiң кiшкентай ғана бiр облысында осындай талантты, қабiлеттi, дарын- ды əншiлер бар екенiне қайран қалып, қол соқпаған ел жоқ шығар. Шiркiн, өнер адамдарымен қызметтес болған, аралас-құралас болған қандай қызық, көңiлдi.

 Əсiресе, Ғабеңнiң (Ғабит Мүсiреповтың) «Ғайникеш, Мойынқұмға қарақұйрық келдi ме?» – деп телефон шалаты- ны, содан сəн-салтанатымен келiп, дем алып, серуен құрып қайтатын кездерi əлi күнге ұмытылмайды. Соңғы кездерi жана- ры талып, көзi онша көрмей жүрдi. Соған қарамай ол кiсiге шай құятын келiншектiң де əдемi болғанын қарастырамыз. Əйтпесе, ашуланып кетiп қалуы мүмкiн. Кезектi сапарында əдемi бiр кеш ұйымдастырылды, Мойынқұмның кербез бишiлерi би би- леп, əншiлерi таңға дейiн əн салды. Сонда: «Ай, Ғайникеш, осындай бiрiнен бiрi өткен сұлуларды қайдан жинағансың?»

– дедi. «Ойбай, Ғабе, көзiм көрмейдi дейсiз, алыстан олардың сұлу екенiн қайдан бiлiп қойдыңыз?», деп əзiл-шыны аралас қалжыңдаймын ғой. «Сұлулықты көру үшiн көз емес, түйсiк ке- рек қой», – дедi ол кiсi ағынан жарылып. – Алыстан көрмесем де, олардың мың бұралып, мына бiр əуенге елiтiп, елжiреп билеп жүргенiн сезiп отырмын». Жанарына келiп қалған мөп-мөлдiр

тамшылар аппақ жүзiн жуып кеткенi. Өз халқының өнерiн, биi мен күйiн шексiз сүйген, адамның жаны елжiреп тыңдағаны қандай ғажап! Мойнын болмашы ғана бұрып, маңайына көз та- стауы өзiне керемет жарасушы едi. Аппақ қол орамалынан əдемi бiр əтiрдiң иiсi танау жарып, қалтасынан алып қайта-қайта жана- рын сүрткiлейдi. Қандай тəкаппар, кербез, келiстi кiсi десеңiзшi! Үстi-басы мұнтаздай тап-таза, шалбарының қыры ұзақ тұру үшiн одеколонмен үтiктетедi екен. Не деген серiлiк десеңшi?! Əлденеге əсерленген кезiнде көзiне кəдiмгiдей мөлт-мөлт етiп жас келетiн. Не деген нəзiктiк, тазалық, сұлулық деп таңғалушы едiк. Туған халқының əдебиетiне қомақты үлес қосып қана қоймай, оны жанымен сүюi, құштар болуы, өнерiне елжiреп, көзiне жас алуы қандай тосын құбылыс, көрiнiс. Осындай ұлы адамдары бар, əдебиетiне, өнерiне жаны ашитын, жүрегi ауы- ратын қайраткерлерi болған, əлi де бар халқымыз бiр кездерi Ғалымдар үйiн құртып жiберудi, қалталыларға сатып жiберудi де ойластырғанын ойласам, төбе шашым тiк тұрады.

 Партия қызметiнен кейiн «уһ» деп бiр дем алуды ойлап жүргенiмде, осы Ғалымдар үйiне қызметке шақырылдым. Таласқа түсiп, көкпардай ары тарт та берi тарт болып тұрған кезi, қып-қызыл тартысқа келiп түстiм. Менiң алдымда Сұлтанғазин директор болған. Бұл 24 ақпан 1991жыл болатын. Алғашқы жылдары аяқтан тiк тұрып кету оңай болмады. Бюджеттен бөлiнген шамалы қаржысымен қабылдап алдым, бiрақ əбден тозығы жеткен ғимарат, сықырлаған еден, есiк-терезелер... Оның бəрiн ретке келтiрiп, ендi жұмыс бастай бергенде нарық келдi... «Өз күндерiңдi өздерiң көрiңдердiң» құрбанына айналдық та кеттiк. Бес қабатты үлкен ғимараттың үлкен, кiшi залы, жоғарыда қыстық бағы тағы бар. Қаражат жоқ, сондай керемет үлкен ғимаратты ұстап тұру қиынға соққан кезде, осы əлсiздiгiмiздi пайдаланып əлдебiр қалталы бiреулер сатып алуға ұмтылып жатты. Бармаған есiк пен тесiк қалмады десем болады. Димекеңнiң көзi ғой, қазақтың академиктерi, ғалымдары бар, неге Ғалымдар үйi болмауы керек? Қай мемлекетке барсаңыз да делегацияның мiндеттi түрде Ғалымдар үйiне бас сұғудан ба- стайды. «Құдай-ау, ол жерде Сəтбаевтан бастап небiр қазақтың

зиялыларының iзi жатыр, аруақтан қорықсақ неттi» деймiн ғой баяғы. Өмiрi естiмеген небiр ғайбат сөздердi де естiдiм. Бiр ми- нистр сiңлiмнiң: «Апай, причем здесь аруаки, продадим, там бу- дут республиканский финансовый центр», – деген сөзiнен соң жүрегiм тоқтап қала жаздады. Мен де қатты кеттiм, сол айқастың соңы Ғалымдар үйiнiң аман қалуымен шешiлдi. Содан берi де он жетi жыл болыпты, демалысқа кеткiм-ақ келедi. Бiрақ соншама күрестен қалған жер, көңiлге қимас, көзге ыстық, əйтеуiр бiлекте күш, жүректе қан жүрiп тұрғанда елдiң бiр жағына ықтасын бо- лып отырған жайымыз бар.

 Иə, əрине, Ғалымдар үйi керек! Қаншама əдебиет, өнер қай- раткерлерi кешегi нарықтың алқымнан алып тұрған күндерiнiң өзiнде өз оқырмандарымен, тыңдаушыларымен осы бiр ғимаратта бас қосып тұрды. Небiр шығармашылық кештер мен жылы жүздесулер ұйымдастырылды. Əлi күнге халықтың игiлiгiне ай- налып отырған бұл отау кешегi өмiрден өткен ұлылардың тұяғы

– бүгiнгi ардақты ардагерлерiмiздiң жиi кездесiп, сұхбат құратын бiрден-бiр ұлық орын десе де сыйымды.

 Ал осы əсем де салтанатты ғимараттың шашауына шаң жу- ытпай, берекесiн кiргiзiп отырған қазақтың маңдайы жарқыраған Ғайникендей асыл қызы десек те орынды мақтау болары сөзсiз.

 Халқымыздың ардагер аруларының көш басында келе жатқан қарапайым да бауырмал басшының жүзiне сүйсiне қарап, отбасына, өзiне iштей ұзақ ғұмыр тiлеп қоштастық.

ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ «БОТАКӨЗІ»

Қазақстанның халық суретшісі Гүлфайрус Исмайыловамен əңгіме

Əдетте Жаңа жылды, тіпті, қарсыз қарсы алып жата- тын əсем қала Алматы биыл желтоқсан айының алғашқы күнінен-ақ аппақ ақ мамық көрпеге оранып алды. Қалың-ақ. Оңтүстіктің жылымық ауарайына қалыптасып қалған қала жұртшылығы əу баста əбіржіп-ақ қалғаны да рас. Дегенмен,

жыл мезгілдерінің қай-қайсысы да өз атына заты лайық, қалыпты болғанына не жетсін?!

 Күннің лезде «жоғалып» көк аспанды тұтастай бір түске бөлеген ауа райының бұлыңғыр кейпі Гүлфайрус апайдың да өмірінің көлеңкелі жақтарын есіне салып өткендей əлі де əдемі жанары суланып барып басылды.

 – Кеше ғана екінші көзіме операция жасатып шықтым. Адам деген өте-мөте сезімталмыз ғой, дəрігердің алдынан аман шыға қоймаспын деген қорқыныш бойымды билеп, аласапыран күй кешіп едім. Құдайға шүкір, отбасыма аман-есен оралдым, қарағым. Соңғы жылдары жақындарымнан көп айырылдым. Оның үстіне ажал деген де жасарып кетті, кім білсін, адамдардың пəндəуи пиғылдары өзгерді ме деп те қорқамын,– деді ол кісі те- резеден Алатаудың ақбас шыңдарына алыстан көз тастап.

– Жо-жоқ, ажарыңыз баяғы бала күніміздегі көріністі қайталағандай əсердеміз, – дедік біз қазақтың талантты қызының көңіл ауанына жығылып.

 Иə, қазақта талантты қыздар аса көп болмаған, қазір де со- лай. Елбасымыздың билік басына қыз-келіншектерді көптеп тартып, ұлтымыздың анасына деген құрметіне көңіл бөліп келе жатқаны көңілге демеу. Талантты қыздар, дарынды қазақ қыздарының ішінде шоқтығы биік, қазақ өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар, əсіресе, қылқалам мен қазақ мəдениетінің те- атр саласына да ерен еңбек сіңірген Гүлфайрус Исмайловамен əңгіме дəл осылай басталды.

 – Қандай дерт болса да уайымсыз, жайбарақат өтпейді ғой. Көптеген таныстарым мақтауын жеткізген соң, қазақстандық украин қызы, қалалық орталық емхананың білгір дəрігері Лариса Николайчукті іздеп барып едім. «Уақытын өткізіп алыпсыз» деп басын шайқағанда қорқып кеттім. «Жастау кезіңізде жасату керек еді» деді тағы да. Шыны керек, басым- ды «өлімге» байлағандай болып келістім. Операцияға кеткен 15 минут жылжымай-ақ қойғаны... Ішімнен Жаратқанға жалба- рынып, дұға оқи бердім, оқи бердім...

Операция біткеннен кейін дəрігер Лариса Николаевна

«қалайсыз, екінші көзге жасаймыз ба, жоқ əлде ойланып қалдыңыз

ба?» дегенде ойланбастан «жасайсыз» деппін. Шынында да, бір Алладан болатын бұйрық екенін сезініп тұрсаң да, дəрігерлердің алды кез келген пендеге қорқыныш ұялататыны анық. Қолы жеңіл, мейірімді дəрігерге түссең жақсы, кім біледі, адамға адамның сенімі жоғалып бара жатқандай ма?

 Өмір бойғы қағазға үңілу дегеніңіздің зардабы енді шығып жатыр ғой. Көзімді ашқаннан еңбек етіп келемін. Туған əкем қыз тудың деп тастап кеткеннен кейін анам екінші рет тұрмысқа шыққан. Өгей əкемнен бес бала туды, үлкені мен болған соң, отбасындағы ауыртпалықтан қашып құтыла алмайсың. Оның үстіне, өгей əкем Мансұр керемет ақылды, мейірімді əке бола білді. Соңымнан ерген бауырларыма мен де сондай қарым-қатынас жасадым. Əлі күнге дейін солардың ба- рына да, жоғына да алаңдап отырамын. Əкем марқұм дəрігер боласың дейтін, ал мен суретке жақындау болдым. Біздің балалық шағымыз соғыспен қатар келді де, балалықтың бал дəмін басқаларға қарағанда аз таттық. Одан гөрі төңірегіміздегі жақындарымыздың көз жасының кермек дəмін тереңірек сезініп, қабағын бағып өскен ұрпақпыз. Соғыстағы əкеме хат жазып, үйдегі, елдегі амандық-жаңалық дегеніңізді хат соңына сурет арқылы жеткіземін. Бала қиял десек те, логи- кам мықты болса керек, қағаз бетіне өрнектелген көріністерді көріп, өзіме өзім риза болатынмын. Əкем қазақтың батыр ұлы Бауыржанмен бір полкта болған адам. Тіпті парторгы болған. Бір күні менің жазған хаттарыма, ондағы суреттерге назары ауған батыр: «Біздің қазақ қыздарына жұмбақ əлем ғой, жақсы суретші шығады екен қызыңыздан», – деп ойланып қалыпты.

 Бірақ өнердегі жолым кинодан басталды. Арман қуып Мəскеуге аттандық. Сонда жүргенде Донской «Аласталған Алитет» атты көркем фильмге түсуге шақырды. Шынымды айтсам, тағдырыма да, өмірімдегі сəттіліктердің бəрі осы кинодан басталды десем де болады. Суретші болсам деген бала қиялға енді киноөнері келіп қосылғаны, шын мəнінде, мықты бетбұрыс болды. Аты-жөні құлағыма əкем арқылы сіңіп қалған қазақтың батыр ұлы Бауыржанмен сол жылдары жолықтым. «Кинода не бар, сен суретші болуға тиіссің» деген-

де, суретшіге керек құрал-саймандарға ақша жетпегендіктен киноға түсіп жүргенімді айттым. Ойланып қалған Баукең кейін Петербордағы Репин атындағы көркемөнер институтында оқып жүргенімде үзбей ақша салып тұрды. Сол қамқорлығын əлі күнге ішім жылып еске алып отырамын.

– Момышұлы ғана емес, сіздің шығармашылық ғұмырыңызда қазақтың талай игі жақсыларының əсері болғанын білеміз...

 – Əсіресе, «Қыз Жібек» көркемфильмін түсірер кезде де ол кісінің көмегі тигенін қалай ұмытармын. Режиссері Сұлтан аға Қожықов фильмнің бас суретшісіне ұсыныс білдірген кезде та- лай азаматтар қарсы болды. «Немене бір қазақтың жігіті жоқ па» деген əңгімелерге де нүкте қойған Момышұлы. «Гулфайрустың шығармашылығын кішкентайынан білемін, декорациясы түгілі киімдерін де сеніп тапсыруға əбден лайық», – деп есікті тарс жауып шығып кеткенде, іштегілер демдерін ала алмай отырып қалғаны əлі көз алдымда. Жатқан жері жайлы, иманды болғыр, бір кездері ешкімге, тіпті туған əкесіне керек болмай қалған мен сияқты қарапайым ғана қазақ қызына көзқарасы ерекше болғаны əлі күнге жаныма жылылық ұялатады. «Қазір керек болмасаң да болашақта талайлар сені іздейтін болады», – деп арқамнан қаққаны қанат бітіргендей жігерлендіретін-ді. Сөйтіп əжемнің аузынан естіген, құлағыма сіңіп қалған ғашықтық жыры арман- нан шындыққа айналып сала берді. Фильмнің бас суретшісі ғана емес, тіпті Жібектің анасы Айкөзді ойнап шықтым ғой. Сұлтанға суретін ғана жасап берейін дегем, ойлана келіп Жібектің анасын ұсынды. Қарсы болдым. Өйткені, «он жасар балам бар, ауыр тиеді, шаршаймын» дедім. «Онсыз да күндіз-түні түсіру алаңында жүресің, шаршамайсың, үлгересің» деді. Тəп-тəуір образ. Бірақ фильм біткенге дейін өзіміздің де сау-тамтығымыз қалмаған шығар. Əр көштегі қыз-келіншектердің киімінен басқа көштің сəн-салтанатын жасау дегеніңіз, түйе дегеннің өзі ебедейсіз жа- нуар ғой, құрал-саймандарымызды өлшеп-жіктегенше орнынан атып тұрып, тіпті кейде айдалаға қаша жөнеледі. Қолымызда ине-жіп қала береміз. Отыра қалып жылаймыз. Қасымда жал- дап алған көмекші бірен-саран жас қыздар, олардың да амал-

дары таусылады. Тіпті шөл далада бір жұтым суға зар болған күндеріміз де болды. Көш деген шұбалаңқы, қаншама түйеге артылған дүние-мүлікке соншама көз майымызды құрттық. Дегенмен, жасаған істің қорытындысы нəтижелі болса, кез кел- ген қиындықты ұмыттыратыны ақиқат. Кейіннен Тбилисиде өткен фестивальде «Қыз Жібек» ерекше безендірілуі жағынан бас жүлдені иеленді. Бүгінде қазақ өнерінің көшбасында «Қыз Жібек» те өз орны бар, көрерменін жалықтырмайтын ғұмырлы туындылардың біріне айналды. Қазақи салт-дəстүрге бай, халқымыздың елдігі мен ерлігін қатар насихаттайтын, ұрпақтан ұрпаққа берер тəлім-тəрбиесі, өнегесі мол шығарма. Жарты ғасырға жуық экраннан түспей келе жатқан бұл шығарманың əлі де талай ұрпақ сүйсіне тамашалайтын болады.

 Одан кейінгі бүкіл ғұмырым Абай атындағы Опера жəне ба- лет театрында бас суретші болып қызмет атқарған жылдарым, шын мəнінде, қазақ өнерінің марқасқаларының арасында өтті. Əсіресе, шешемнің жақын құрбысы, қазақтың күміс көмей əншісі, сұлу да кербез Күлəш Байсейітовадан алған тағылым- тəрбием тіпті басқа əңгіме. Анам Қайырнесе Күлəшпен бірге оқыған, тұрмысқа шығып балалы болды да, əнші бола ал- мады. Əнді əдемі салатын, сымбатты, сұлу болған. Шараны, əсіресе Күлəшті мен де, нағашы əжем де керемет жақсы көруші едік. Жиі көреміз ғой, үйге келеді, анам екеуінің əңгімелері бітпейді-ау. Сылқылдап күліп, əзілдері жарасып, сырласып- сыйласып өтті өмірден. Арасында мені əңгіме етіп қоятын,

«суретші емес, əнші болсаң қайтеді» дейтін анам да өзінің ар- маны болған сахнада мені жүрсе екен дей ме, əйтеуір күн ұзақ сыбырласып жүргені. Оның орындауындағы спектакльдерде мені қасына ертіп алып əжем театрдан шықпайтын. Билет те алмаймыз, қызметкерлер кіретін жақтан кіріп-шығып жүре беретін. Ол кісілердің сахнадағы жүріс-тұрысы, сөйлеу мəнері, қызметтестерімен қарым-қатынасы, əсіресе, əн салған тұстағы балбұл жанған жүздері неткен керемет десеңші?! Нағыз өнер деп туып, өнер деп кеткен таланттар ғой. Маған Күлəштің еңбегі аз сіңген жоқ. Ақыл-кеңесін, өнер, сахна мəдениеті жөнінде небір тəрбиелік мəні зор əңгімелер айтып беретін-ді. Менің шашым

ұзын, бұрымым білектей еді. Сонда гастрольге шыққан сайын небір əдемі шашқа тағатын қызылды-жасылды ленталар əкеліп беретін. Мен мəзбін. Мəскеуде талай опера театрына да ертіп барды. Орыстың Барысова деген атақты опера əншісіне ертіп апарып, даусымды да тыңдатты. Сонда ол: «Мына суретшілер училищесін бітіргеннен кейін маған кел, сенің даусың жақсы, əнші боласың» деді. Ол мені Күлəштің қызы екен деп қалса ке- рек. «Жоқ, менің жақын құрбымның қызы, менің де қызым ғой» деп əдемі бір жымиып, маған елжірей қарағаны əлі де көз ал- дымнан кете қойған жоқ. Біз «Ботакөзге» түсіп жүргенде қайтыс болды ғой. Итбайды Қанабек ағамыз ойнайтын-ды, өте ауыр қайғыны бастан кешірдік. Күлəш дүниеден өткендегі Қанабектің күйзелісі, көз жасы...

 Қазақтың танымал суретшісі, аңыз суретшісі Əбілхан Қастеевпен əкем Жаркентте балалар үйінде бірге өскен. Екеуі керемет дос-жолдас болды. Əкем майданда болған жылда- ры ол кісінің де қамқорлығын көп көрдік. Туған қызындай жақсы көруші еді. Кейіннен бойжетіп, оқу бітірген кезде де Сидоркинге тұрмысқа шығамын дегенде де жалғыз қолдаған адам сол кісі болған. «Орыс болсын, орман болсын, ең бастысы азамат болсын, жақсы жігіт сияқты» деген.

– Ол кісіні еркелетіпЖанатайдепатағанында құлағымыз шалған? Алғашқы танысқан кездеріңіз, тұрмыс құруға ниет білдірген кезін есіңізге түсіріп көрелікші?

 – Рас, менен бір курс төмен оқыған Евгений Қазақстанға соңымнан іздеп келіп үйлендік. Студенттік кездің бір қызығы – өнер ошақтарын аралау, ондағы жүріп жатқан спектакльдерден құр қалмау еді ғой. Алғашқы кездері Ленинградты аралау, ондағы аттары аңызға айналған мұражайларды, тіпті оның ғажайып Ақ түнін қызықтау деген қаншалықта арман болғанын бүгінде айта алмаймын да. Сабақтан босай қалсақ қаланың сондай тарихи жерлеріне саяхат жасауға ұмтылатынбыз. Жанымдағы қыздар көбі жергілікті ұлт өкілдері болды да, оларға аса таңсық дүние емес еді. Ал жалғыз аралауға қорқамын. Бөтен, үлкен қалада жалғыздан жалғыз жүрексінесің. Осындай бір сəтте асханада ұзын бойлы орыс жігіті өзінен-өзі келіп: «Сіз бүгін кешке бос-

сыз ба, ол кезде Исаакиев соборы əлі ашылмаған-тын, соған бір таныстарым арқылы кірейін деп едім, бірге барасыз ба?» деген- де, шынымды айтсам, қуанып кеттім. Ол кезде мен екінші, ал ол бірінші курсқа енді түскен беті екен. Бардық. Оның танысы бізге шай қойып, сый-сияпат көрсетіп жатты. Ал менің қуанышым тіпті бөлек. Содан бірге аралайтын болдық. Балмұздақ жейміз, кофе ішеміз. Көрген-білгендеріміз жайлы пікірлесеміз, таласа- мыз. Осы бір жігітпен тағдыр қосамын деп мүлдем ойламаған едім. Курстаспыз, доспыз. Бөтен ой жоқ. Қаладағы көптеген музей-үйлерді, кинотеатрларды көрдік. Ой-өрісі өте биік, талғамы бөлек жігіт екен, аса мəдениетті. Əсіресе, діни дəстүрлі мерекелер кезінде опера əншілерінің біріккен концерттерін та- машалау керемет! Ал мен əнші боламын деп екі жыл дайындық курсын, одан кейін екі жыл консерваторияда оқығаным бар, əн салғанды ұнататынмын. Солай жүріп мені ұнатып қалса керек, төртінші курста жүргенде «сенсіз тұра алмаймын, оқуыңды бітір де, Ленинградта қал, келесі жылы мен бітіремін» деді. Мен келіспедім. «Елге барамын, бауырларым жас, анама көмектесуім керек» дегенді сылтау етемін ғой баяғы. Қарсылық білдіріп алып, ол кеткен соң ұйықтай алсамшы?! Дос деп жүріп өзімнің де жақсы көре бастағанымды сонда сездім. Соңымнан жүгіріп, сөз айтқан бірде-бір жігітке дəл осылай жаным ауырмаған сияқты. Біраз уақыт өткен соң ол тағы да: «Мен Мəскеуден бітіретін шығармын, сені көріп жүріп, бұлай жүре алмаймын, əсіресе, сенің амандаспай өте шығатының жүрегіме ауыр тиеді» дейді. Сонымен мен бітіріп кеттім де, ол соңымнан Қазақстанға іздеп келді ғой. Əке-шешесі де жақсы кісілер еді. Əсіресе, май- данда болған, соғысқа қатысқан əкесі менің əкеммен сыйлас жолдас болып кетті. Алғашында қарсы болған əкем кейіннен

«Махаббаттың ұлты болмайды екен ғой» деп риза болатын.

 «Маған тимесең Неваға батып өлемін», – деп өлердей ғашық болған ол өле-өлгенше қазақ халқына адал қызмет етті ғой деп ойлаймын. Қазақтың қасиетті қара шалдарының бірі Əбілхан аға Қастеев: «Қазақ қызын ғана емес, менің ұлтымды жан-тəнімен сүйген «Жанатай» ғой бұл», – деп жақсы көргені де, оның суретші ретінде шығармашылығын да ерекше қадір тұтқаны рас.

 Басқа ұлтқа тұрмысқа шығу деген, қазақ қызына, оның ішінде мен сияқты қарапайым ғана қызына бетке түскен шіркеудей болғаны да рас еді. Бірақ, Женясыз өткен ғұмырымды көз ал- дыма елестетер болсам, егер мен оған тұрмысқа шықпасам, дəл осындай атақ-абыройға жетер ме едім, əлде жетпес пе едім де- ген де ой қылаң береді. Неге дейсіз ғой, өйткені, қазақ əйелінің таңның атысы, күннің батысы қолынан қазан емес, қаламы түспей ғұмыр кешу дегеніңізді елестетіп көріңізші? Бұл жер- де қазаны оттан түспеген, бауырында баласы, отағасының қас-қабағын бақылап, ағайын-туыс, келімді-кетімді қонағын аялай білетін қазақ əйелінен өзімді алшақпын дей алмай- мын. Дегенмен, Жаратқан Ием табиғатымды сəл-пəл дарын- қабілеті ерекше тағдыр сыйлаған екен, оны бойда сақтамай қазақ өнеріне бейімдеген екен, жазмыштан озмыш жоқ! Ал, менің осындай өзгешелігімді бағалап-танып, соған мүмкіндік жасау Женяның ғана қолынан келді. Үйдегі тірлікке ер-əйел демедік, театрдан кейін шеберхана күтіп тұрды. Оның тірлігіне мен, менің шығармашылығыма ол кедергі жасамадық. Əбілхан ағамызданбастапталайлардыңкітаптарындаЖеняның қолтаңбасы қалды. Тиянақты, ойлы суретші еді. Елу үш жа- сында өмірден өтті. Əкесі екеуміздің жолымызды қуған жалғыз ұлымыз бар. Ол да өз ортасы, өз көрермені бар жақсы суретші. Қазақтың жезтаңдай бұлбұлы Бибігүл Ахметқызы жақсы құрбым. Түйдей жастымыз. Өмір бақи көрші тұрдық. Сырымыз да, жырымыз да бір. Балалардың бəрі көз алдымызда өсті. Мейрамкүл үйде де, театрда да өз қызымдай болып өсіп еді, ғұмыры қысқа болды. Бибіге ғана емес, қыздың қазасы маған да оңай тиген жоқ. Талантты еді. Қазақ опера өнері ойсырап қалды. Менің талай спектакльдерімде ауырып қалған əншілерді

ауыстырып, орындап жүрді.

– Əуезовпен де жақсы сыйластықта болдыңыз...

 – Əуезовтің қызы Лəйламен таныс болдым да, Женя оқуын бітіріп келген соң ол кісіге бардық. Əлде өзі шақырды ма, қазір есімде жоқ, жұмыс орнында бізді қабылдап, салған суреттерімізбен танысып, «бірге жұмыс істейміз» деп шығарып салды. Отбасын жаңа құрған жас семья үшін ол кезде тұрақты

жұмыс табу дегеніңіз жарты байлықпен тең. Оның үстіне, қазақ əдебиетінің ақсақалдары саналатын Мұхаңмен шығармашылық байланыста болу тіпті абырой еді. Қамқорлығын аяған жоқ. Талай кітаптарының көркемдік жағын безендіруде, суреттеріне Женяның көмегі болды.

 Ал, Сəбеңнің шығармашылығы мен үшін бір төбе. «Мен кітабымды жақсы көрмеймін, Ботакөзімді жақсы көремін» деп қалжыңдайтын. «Ботакөзді» ойнағанымда, шын мəнінде, мақтанғаным емес, көпшілік бұл туындыны менің жанарыма арнап жазылғандай қабылдады. Сəбеңнің өзі де «саған, сенің көзіңе арнап тағы бір шығарма жазып жатырмын, оны да сен ойнайсың» дейтін-ді.

– Театрда бас суретші болып жүріп талай актрисалардың суретін де салғаныңызды білеміз?

 – Иə, суретші болу өмірлік мақсатым болған соң, мен өмір бақи, тіпті əлі күнге дейін қылқаламымды қолымнан тастаған емеспін. Отбасылық шаруа болсын, театр болсын күніне бір рет шеберханамда рахаттанып отырып қағаз бетін шимайлау ес білгеннен əдетке айналған дағды ғой. Шеберханам мен үшін жұмақтың төрі десем, артық айтқандық болар ма, дегенмен, анадайдан бояуы танауыңды қытықтайтын, небір сиқырды иісі мен мұндалайтын кішкентай ғана құстың ұясындай шеберхана кез келген қалам ұстаған суретшінің құтты мекені.

 Рас, айтасыз, мен көптеген актрисаның суретін салдым. Күлəштің, Шараның, əсіресе, Ғабеңнің Ақтоқтысы – Шолпан Жандарбекованың портреті өзімнің ғана емес, тамашалаған талайлардың көзқуанышына айналғаны ақиқат. Айналайын Шолпан екеуміз тату-тəтті көрші болдық. Қандай əдемі! Қайта- ланбайтын актриса! Дина Нұрпейісованың портреті де өзім жақсы бағалайтын дүниелерім, бұлар көптеген шетелдерді де аралады.

– Екі бірдей өнер адамының, оның ішінде суретшінің бір отбасында ғұмыр кешкені қалай екен?

 – Женя жайлы сөз болғанда айттым ғой, ол менің шығармашылығыма менен де ғөрі жаны ауырған, жанашырлық білдірген азамат. Кейде сырттан келгенде: « Гульфайрус, бүгін бір қазақтың қызын көрдім, керемет сұлу екен! Нағыз саған ке-

рек фигура!», – деп қуанып келуші еді. Кейде: « Қазақ қызы сен ғана ма десем, Қазақстанда сұлулар өте көп екен ғой» деп əзілдеп отыратын. Сөйтіп, мен оған, ол маған кейіпкер таңдаушы едік... Женяның «Алдар Көсесін» көргенде Кəукен

«мені де дəл осылай қашан полотноға түсірер екенсің» деп қатты қызыққан. Көп дүниелері жасалынбай қалды...

 Кішкентай кезімде нағашы əжемнің тəрбиесінде өстім дедім ғой. Бала болып ойнамайды екенмін, бір бұрышта отырып алып қағаздан көз алмаймын. «Əй, мынаның көзінен көз қалмайтын болды ғой» деп əжем менің оң қолымды байлап қояды екен. Сонда бұлқынып-бұлқынып шешіп аламын, ал шеше алмасам сол қолыммен де сурет сыза береді екенмін. Сурет – менің бесіктен ана сүтімен бойыма сіңген арман! Сондықтан, ғұмырыма өте ри- замын. Сөзімнің басында Баукеңнің əкем керек қылмай тастап кеткенін айтып жылағанымда: «Қазір ешкімге керек болмасаң, өскенде керек боласың» деп жұбатқанын жиі есіме аламын. Аламын да іштей тəубе деймін, бүгінде халқым, туған қазақ халқым аты-затымды жақсы біледі. Сыйлайды, құрметтейді! Еңбегімді бағалайды. Одан артық қандай бақыт керек?! Ал, қазір сол жылдардың қалай жылжып өте шыққанын да байқамай қалыппыз. Жас болса сексеннен асып барады. Жанардың жайын жаңа айттым, екі көзіме де операция жасаттым. Құдайға шүкір, табанымның астын көріп, жер басып жүргеніміз де бір бақыт. Одан кейінгі бақыт Бибімен ыстық бауырсақ, қоңыр шай үстінде шертілетін əңгіме-дүкен...

 Қазақтың маңдайына біткен көркемөнер иесі суретші қазақ қызының – бүгінде ел анасы ретінде аса сыйлы Гулфайрус апайдың көзі тағы да сонау Алатаудың ақбас шыңдарына ба- рып шағылысқан сəтінен тез арылтқымыз келгендей əзілге сүйене тағы да сұрақ қойдық.

– «Сыры кетсе де сыны кетпеген» дегенді айтқан қазақ халқының талантты да сұлу қызысыз. Сізге ғашық болғандар көп болған шығар деп ойлаймын?

 – Ой, несін айтасың. Студент кезімде де талай қазақ жігіттері ғашық болды ғой. Əсіресе, басқа ұлттың жігітіне тұрмысқа шыққаныма талайлар «тісін қайрап» жолыққанда

қыршаңқы сөздерімен іліп, өздерінің ғашықтық сезімдерінің басқа бір жек көрушілікке айналып кеткенін ептеп сездіріп те жүрді. Небір талантты, бүгінде есімдері ел есінде жүрген азаматтар да сөз салған. Бірақ менің көңілім ешқайсысына бұрылмады.

– Сіз екі қоғамда өмір сүріп келесіз. Тəуелсіз елдің көркемөнеріне көңіліңіз тола ма?

 – Тəубе! Балалық шақта көрген жоқшылық пен қиын- шылықтың орны толған бүгінгі күнімізге іштей шүкіршілік жа- сап отырамын. Ал, өнер қай қоғамда да өз жүгін арқалап келеді. Өйткені, ол ешкімге тəуелді емес. Жеке меншік. Елімізде экономикалық дағдарыс дедік, қайта құру дедік, десек те небір көркем туындыларымыз шетелдерде жеке авторлық бол- сын, біріккен-ұйымдасқан болсын суретшілер өз көрмелерін ұйымдастырып келеді. Дүниежүзі мойындаған қазақстандық суретшілер санаулы болса да бар. Олардың түсін түстеп, атап жатпай-ақ қояйын, бірі аталып бірі аталмай қалса, көңілдері қалып жүрер, қартайғанның белгісі болар, есіме түсіре алар емеспін. Дегенмен, қазақ бар жерде оның тілі, діні бар жер- де сөз өнері, көркемөнері өлмек емес. Ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыратынына, жалғасып отыратынына өз басым кəміл сенемін! Иə, ол кісінің қолынан шыққан қабырғадағы автопортрет- терге көз сала отырып, қылқалам шеберінің түрлі бояу сіңген əдемі саусақтарына қызыға қарадық. Кезінде «тал бойында бір мін жоқ» деп ақындар жырлайтын сұлу да сымбатты қазақ қызының сексеннің сеңгіріне шықса да көркемдіктің қалпын бұзбай, өзі де сөзі де салмақты мына кейпіне неге қызықпасқа?! Қоштасарда айтқан мына сөзі: «Айналайын, сенімен əңгіме жүрегімдегі талайлар салған жараның аузын тырнап өткендей өмірдегі өкініштер мен сағынышқа айналып кеткен жақсы сəттерге саяхат жасап əдемі бір күй кештім. Келіп тұр, бізге амандасу міндеттерің ғой», – деп маңдайымыздан иіскеп шығарып салғаны жанымызды тербетіп кете бардық. Мұрныма

бояудан да күшті, адам айтып жеткізгіссіз бір əлем иіс келді.

 Ол ақ жаулығы желмен жарысып желбіреген Əз-Ананың мейірімге толы жұпары екенін толқи отырып мойындайсың...

ҚАЗАҚ ƏЙЕЛIНIҢ ОРНЫ – ӨНЕРДЕ

Жазушы-журналист Мағира ҚОЖАХМЕТОВАМЕН сырласу

Осы бiр жазушыны көрген сайын, əңгiмелескен сай- ын ол кiсiнiң мына өмiрге құштарлығы, ғашықтығы, адамдардың бiр-бiрiне деген сүйiспеншiлiгi мен сыйластығы туралы талғам-толғаныстары үнемi қайран қалдырады. Өз халқының болашағына жанымен, бүкiл болмыс-бiтiмiмен алаңдаушылық бiлдiре отырып, елiнiң болашағы – жастар туралы, олардың əбес қылықтарына жаны ауыратыны соншалық, оларға тəлiм-тəрбие берудегi тындырып жүрген азапты жолы таңдандырады. Не деген күш-қуат, не деген ер- азаматтарға ғана тəн қажырлылық шүйкедей ғана жазушы əйелдiң қай жерiнен ағылып жатыр екен?! Үнемi асығыс, үнемi жұмысбасты осы бiр сезiмтал қазақ қызын бұл жолы тағы бiр қырынан танығандай болдым. Ол жақсы əншi де екен. Қазақтың халық əнi «Қарғашты» үзiлдiре шырқағанда ерiксiз көңiлге мұң ұялайды. Бəсе, дейсiң сондайда, бəсе соншалықты жаны неге нəзiк, секемшiл, таза десең, осындай да өнерi бар екен ғой...

 Бiздiң қолымызға түскен жазушының «Жападан-жалғыз» өткен ғасырдың əр жылдарында жазылған кiтабын көзiмiзге жас алып отырып оқып шықтық.

 Мағира Қожахметованың соңғы жылдары шығармаларын оқып, зерттеу үстiндемiн десем, мүмкiн бiреу күлер, бiреу сүйсiнер. Ал сол сүйсiнгендер «жоқтау-жылауды» да, бəлкiм, дұрыс қабылдар. Өйткенi, қазiргiдей қатыгездеу қоғамның қаталдау оқырманы кiтап оқуды, ғашықтық, махаббат туралы жыр-дастан оқуды ұмытқалы қашан!.. Осындайда өзiмдi бақытты, шексiз бақытты ұрпақпын деуге, тiптi ауыз толтырып айқайлауға құқым бар. Бiздер кезiнде Мағира, Шəрбану, Камилаларды, Төлен, Сайын, Дулаттарды, Фариза мен Шахановтың «Танакөзiн» оқып, жаттап өстiк қой. Сол шығармалардағы кейiпкерлердi өзiмiздей қабылдадық. Өзiмiз де солай ғашық болып, солай сүюге тырыстық. Жiгiттер Ербол болуға, бiз, қыздар Меңтай болуды

армандадық. Арамыздан талай Төлеген мен Жiбектер шықты. Осы бiр əдемi ойдың желiсiмен жазушы-журналист Мағира Қожахметованың да сол албырт жастығы iспеттес, жиырма мен қырық бестiң арасында жазылып, тiптi ешбiр жерде жарық та көрмеген дүниелерiне бiрге саяхат жасайық, оқушым!

– Мереке құтты болсын, Мағира апай. Əңгiмемiз Аналар мейрамы күнi, оның үстiне жастық дəуренге саяхат болғандықтан қызықты болуға тиiс...

 – Əрине, қыз-келiншектердiң мейрамы – көктемнiң алғашқы мейрамы. Қыстың ызғары əлi кете қоймаса да, елдiң жүзiнен бiр жылылық сезiлгендей бүгiн.

 Қазiр республика бойынша журналист қазақ қыздарының аса талантты құрамы қалыптасқан, соның ең мықты көрiнiсi

«Түркiстан» газетiнде. Мұндағы əрбiр тiлшi қыздың қайталанбас орны бар. Бiр-бiрiне ұқсамайтын қолтаңбасына, тапқырлықпен ұштасып жатқан жаңалықтарына iштей қуанамын. Жалпы, менiң өзiм де түсiнбейтiн бiр қасиетiм, ол – өзiм жасамаған, тiптi жасай да алмайтын кейбiр тiрлiкке тəуекел етiп барып жататындарға таниын,танымайын iштей шексiз қуанып жүремiн. Проза жазатын қазақ қыздары өлгенi, тiрiсi бар, саусақпен санаса, оннан аспайды екен. Əрбiр жазу- шы (ақын, журналистер емес) қазақ əйелiне ұлттық сирек тұлға ретiнде қараймын. Қалам ұстаған қыз-келiншектердiң қай кезде де тағдыры оңай болмаған ғой. Сондықтан журналистиканың ауыр жүгiн мойымай, нəп-нəзiк мойындарымен сүйреп келе жатқан сiңлiлерiмдi газеттi пайдаланып құттықтау жолдаймын. Жазу барысында бiр мезгiлде əрi аң, əрi аңшысың... Қақпан құрғаның мен қақпанға түскенiң бiрдей.

– Мағира апай, алдымда жатқан «Жападан-жалғыз» кiтабыңыз ертеде жазылған дүниелер екен. Неге жария- ланбады, мүмкiндiк болмады ма?

 – Мүмкiндiк болды ғой, бiрақ сол дүниелерге қайта соғуды ойламаппын. Ал соңғы жылдары Мəриям Хакiмжанованың үш томдық жинағы жарық көрмейiнше, өзiмнiң шығармашылығыма құлқым да болған жоқ. Өйткенi ол Мəриям апайдың өзiме ама- наты едi. Қазақ қашанда аманат жолында құрбан болған халық.

Бiраз жылдарым осы үш томдықпен кеттi. Оның үстiне дарынды, дарынсызы бар замандас əрiптестерiмнiң он бес-жиырма томдық шығармалар жинақтарын көргенiмде, бiртүрлi ыңғайсызданамын. Қазiргi көп қабатты салынып жатқан сапасыз құрылыс, сырты жылт-жылт, бiрақ адамды iшiне тартпайтын толып кеткен супер- маркеттердей əсер етедi мұндай кiтаптар.

 Əу бастан қаламым мораль-адамгершiлiк тақырыбына бейiм болды. Ол кезде очерк-мақаланың өзiн əңгiме сияқты жазатынбыз, Тұңғыш жарияланған əңгiмем Оралхан Бөкейдiң көмегiмен «Шамның жарығы» «Жұлдыз» журналына шықты. Ал мына кiтапқа енген шығармаларым да сол жыл- дары жазылған. Заман ағымы солай болды ма, əйтеуiр сол кезеңдерде ауыл жiгiттерiнiң көбi қыз алып қашып сотталып жататын-ды. Өз басым талай тəлкекке түскен тағдырлармен бетпе-бет келдiм. Сонда ойлайтынмын, Құдай-ау, адамдарға не боп кеткен, бiр-бiрiне iшкi сезiмдерiн жеткiзiп, аңсарын бiлдiрiп, сөзбен жеткiзе алмаған сезiмiн дүлей күшке салатыны несi? Неге ғана қатыгездiкке барады екен, қазақтың əп-əдемi қыз-жiгiттерi өз тағдырларына неге немқұрайды қарайды де- ген сан сұрақтар мазалайтын. Жалпы қарым-қатынастың iшкi мəдениетi деген қай қоғамда да болсын артық етпейдi. Осы бiр үндестiк жетпеген жерде дөрекiлiк, адам жанын ауыртатын анайы қылықтар осыдан келiп шығатыны менiң қалам ұстаған алғашқы жылдарымнан-ақ көңiлiме мықтап орнықты.

 Қазiр өзiмнiң шығармашылығыма көз тастасам, мен негiзiнен көркем шығарманы қырыққа дейiн ғана жазыппын да, одан кейiн тек танымдық-зерттеушiлiк жағына көп қалам тербеппiн. Жоғарыдағы мазалаған ойларды ескерсек, бұл да менiң саналы түрде барған тақырыбым. Жазушы өзiнiң өмiр сүрген ортасының демiн сезiнуi қажет деген қағида да осындайда айтылған,бəлкiм. Қазiр мен ойлаймын, баяғы қырыққа дейiнгi дүниелердi жазбас едiм. Неге? Жазуға шындап кiрiссем, керемет повесть, роман жа- зар едiм. Бiрақ, қазiргi заманғы оқырманға ол мүлдем керек емес. Бұрынғыдай бес жүз беттiк романды ешкiм де оқымайды. Ал бiзде сол баяғы қатып қалған үрдiс, сүреңсiз, жаттанды. Сондықтан мен, жалпы өзiмiздiң бүгiнгi оқырман талғамына əсер етейiн деп,

сол өзiме дейiнгi жоқ нəрсенi жасағым келедi. Ол əдебиетте бола ма, жоқ өнерде бола ма, бүгiнгi қоғамға не керек? Неге мұқтаж, интеллектуальды деңгейде не əсер етуi мүмкiн? Адамның құпиясы, адамдар өзiне-өзi көмектессе, егер ерiк-жiгерiң мықты болса, нендей шиеленiстi болсын шеше алатынына адамдардың саналы түрде сенуi, неге бейшара тiрлiк кешуiмiз керек деген- дей адам баласының түсiнiп болмайтын əрқилы тағдырлары соңғы жылдардағы шығармаларымның арқауы. Осы ретте «Түс- саяхаттар» деген екi том дайын тұр. «Жападан-жалғыздың» жалғасы ретiнде «Жұлдыздарды қалай шақырасыз?» деп атала- тын екiншi кiтабым да баспаға дайын. Бұл да ертеде жазылған дүниелер. Жалпы, мен өз кейiпкерлерiммен бала жастан бiрге келемiн. Мəселен, Аяны он үш жасымнан жаза бастадым. Əрине, күнделiктерiме.

 Ая – мылқау қыз. Бiрақ тұла бойы тұнған музыка, əуен. Негiзi қоғамдағы таланттың орны ғой. Адамның, талантты адамның iшкi сезiмi, арпалысы, iшкi күш-қуаттың тағдыры бұл. Қазақтың қай заманда да қасiретiне айналған ер-азаматтардың iшiмдiкке үйiрлiгi, құмарлығы, жiгерсiздiгi қаршадай қыздың неке суда туып, суда өлетiн, жойқын күштiң,озбырлықтың құрбанына айналған тағдыры жалғыз Аяның ғана емес, бүкiл қазақ қызының тағдыры деп қарасақ та болар.

 Қай заманда да адам неғұрлым терең, талантты бол- са, солғұрлым өмiр сүруi де қиын ғой. Сосын қазақтың қыздарының iшкi сезiм иiрiмдерiнiң байлығы, ұстамдылығы, абыройы аяққа тапталып жатса да, сол азаматтың тепкiсiне шыдас берер төзiмдiлiгi кейде мифологиялық, мүлдем жайдақ сияқты. Бiрақ өзiме ұнайды. Қазiргi көзқараспен зерделесем, бұл дүниелердiң кез келгенiнен кемшiлiк табар едiм. Соны көруге құлықты да болмадым.

– Жаңа бiр сөзiңiзде күнделiк деп қалдыңыз...

 – Күнделiк жазу бiр жақсы əдет. Ол бiр көңiл күйге байла- нысты жазылатын құпия сырлар ғой.

– Оларды жинақтауға қалайсыз?

 – Əзiрге ойда жоқ. Жаңа айттым ғой, əркездегi көңiл күйге байланысты деп. Мүмкiн əлдекiмдер туралы қатты айтылған,

ойлаған тұстарым болуы əбден мүмкiн. Бiздiң бүгiнгi мен- талитет оны ұға, түсiне бермейдi. Өкпелейдi, ренiш туады. Сондықтан асығыс жоқ. Артық жерлерi өте көп.

– Бiз неге осы жасқаншақтықты, көңiлге қарауды қоймаймыз? Егер ол əрiптестерiңiз жөнiнде айтылған артық пiкiрлер болса, түсiнiстiкпен қарауға болмас па, неге о дүниелiк болғаннан кейiн айтылуы керек?

 – Ойыңды түсiндiм. Тiптi мен ойлағандай бəлендей өкпе- лейтiн тұстары болмауы да мүмкiн. Бiрақ, əдебиет пен өнердегi бақталастық, көреалмаушылық, озғандардың аяғынан шалу- шылық деген нəрсе өмiр бақи iлесiп келе жатқанын жас та болса бiлесiңдер. Менiң əрiптестерiмнiң жеке шығармашылық тұрғыдан айтар уəждерi жоқ. Бiрақ, соңғы кездерi «патриот» атанайын деп емес, өз бетiмше газет-журнал шығарып, өз бетiмше егер тынды- ра алып жатсам,əрине, балалармен жұмыс iстеуiм əлдекiмдерге жай бiр белсендiлiк сияқты көрiнетiн тəрiздi. Осындай қаңқу сөздер естiген тұстағы өкпе-наз қаттырақ айтылып кетуi мүмкiн ғой. Кейде өмiрден түңiлiп кетер сəттерде ондай əңгiменi анам да айтып қояды. «Осы шаруаларға басыңды қатырып қайтесiң, таза шығармашылықпен айналыссаңшы» дейтiнi бар кейде. Ал мен қол қусырып отыра алмаймын. Үнемi уақыт жетпей жүредi. Осы отырғанда да сенiмен сөйлесiп отырып, бүгiнгi жоспарларым ойымды сан бұзып отыр. Осыны айтсам, кейбiр қатарластарым

«қияли» деп күледi. Қатарластар дейтiн бүгiнде қатарымыз да си- реп барады. Бiр-бiрiмiздi жоғалту арамызды жақындата түсе ме десем, одан сайын алшақтап бара жатқан сияқты. Сондықтан да, балалар үшiн жұмыс iстеу менiң ең жаным қалайтын шаруа.

– Шынында да, жазғандарыңызды оқып отырып, құпия, жұмбақ əлемдер жөнiнде көп толғанады екен адам. Əсiресе, түс туралы, егер алыстан сыйласатын бiреулердiң кейде қатарынан үш-төрт күн түсiңнен шықпайтыны болады...

 – Түс көрiп, жору – адамның өзiне-өзi көмектесу деп ұғыну керек. Кез келген түсте бiр ескерту болады. Түс көру дегеннiң өзi Жаратқанмен жалғыз байланыс. Бүкiл сүрелердiң өзi түс арқылы, аян арқылы енген ғой. Сондықтан ол Жаратушы мен пенденiң арасындағы жалғыз талшық. Егер бiр кiсi жиi енсе,

оған сенiң қажеттiлiгiң, көмегiңе мұқтаждық. Авторы өзiң болғандықтан, түстi жори да бiлу керек. Қазiр мен балалардың көрген түстерiн қағаз бетiне түсiруге үйретiп жүрмiн. Журналдың жас оқырмандарынан хат та көп келедi, оларға осындай адам жаратылысының құпияларын түсiне түсу үшiн осындай тап- сырмалар берiп жатамын. Яғни психологиялық тəрбиелеуге ұмтылудамын. Өйткенi, қазiр масқара болғанда, жаһандану жүрiп жатыр ғой. Теледидар, кино арқылы бiзге мықтап енiп алды. Ендi бiздiң қазақ сол жаһанданудан адамзатқа тəн емес қасиеттер мен əдеттердi сiңiре бастадық. Кейде қазақшаға аударылған кинолар- ды арагiдiк болса да қараймын. Сонда не көрсетедi дейсiз ғой, бiр- бiрiне ессiз ғашық болған еркектер, не болмаса шешесiне өлердей ғашық болған жас жiгiттiң кейiн оның қызына құмарлығы, əйтпесе əкесi мен баласының бiр қызға ғашық болуы... Небiр ке- ремет кинолар аудармаға зəру, ал əлгiндей арзанқол дүниелердiң жолы болғыш. Неге? Түк тəрбиелiк мəнi жоқ, арзан ойды, сезiмдi насихаттайтын кинолар неге қазаққа тез жетедi? Өйткенi, бiздiң жастардың психологиясы да соларды тез қабылдауға бейiм.

 Қазақта əженiң немереге, атаның қызына емiрене елжiреп жақсы көретiнiн жеткiзетiн əдемi емеурiн, ыммен ұғысқан жақсы дəстүрi қайда барады? Жақсы көрудi жеткiзе бiлудiң өзi үлкен тəрбиелiк құрал болған емес пе?!

 Ендiгi арман қазақтың үлкендi сыйлау, ата-ананы қадiрлеу, бала мен келiнге қалай қарым-қатынас жасау, мiне, осыны бiз басқалардың əдетiмен айырбастамауымыз керек. Осы салт- дəстүрiмiздi мейлi ғылыми түрде болсын, тəжiрибесiмен келiстiре отырып жазайық, əйтеуiр гуманистiк талап-талғамымызды өзiмiзге қайтаруымыз қажет. Салт-дəстүрiмiзге этнографиялық түрде қарамау керек. Оны қайтадан қанымызға сiңiруiмiз керек. Əйтпесе, ендi бiр он-он бес жылда ұлдарымыз қыз, қыздарымыз жаратылысқа қарсы тұрмасына кiм кепiл?! Ол үшiн əлгiндей кино- ларды құрту керек. Қазақтың миына кiрмейттiн, сiңбейтiн мұндай дүниелер əу бастағы нəзiктiк, ұлттық менталитетiмiздiң көзге көрiнбейтiн сыпайы сыйластығын, имандылығын тiрiлтуiмiз бəрiмiздiң мiндетiмiз болуы шарт. Дүниежүзiлiк мəдениет пен өнерден мұнсыз мақұрым қаламыз десек, корей, жапон, тiптi

қытай өнерiнде алар тəрбие басым. Олардың мəдениетiнде, өнерiнде, музыкасында бiзге жақын бiр ибалық бар.

 Жазудағы мақсат та сол – жастарды жаманнан жиренiп, жақсыдан өнеге алуға бүгiнгi тiрлiктiң шамасы жетсе деймiз ғой. Əйтпесе жазудың, əдебиеттiң де күнi кетiп бара жатыр. Жазушының күнi күн емес, сыртымыздан ел күледi; ана жазу- шы үй сұрапты, мына жазушы мəшине сұрап мiнiптi, ананың облыс мерейтойын өткiзбей қойыпты деген сыпсың сөз жаныңды жегiдей жейдi-ақ. Жаңағы саусақпен санарлық про- заик қыздардың да сұғанақтығы жоқ, ешкiмнен ештеңе сұрап жатқанын иə естiп, иə көрмеппiн. Атаққұмарлықтары жоқ, сыйлықтан да дəметпейдi екен. Өз басым осы уақытқа дейiн мерейтой түгiлi, туған күн тойлап көрмеппiн.

– Осы əңгiменi сыртыңыздан жиi естимiз...

 – Егер өз басымды ойласам, талай шаруа тындыруға болады екен. Шынымды айтсам, кейде шаршап кетемiн. Бiрақ үйренiп қалған тiрлiк, қол қусырып отыруға дəт жiбермейдi. Биыл жүгiрiп жүрiп журнамен тендерге қатыстық, шамалы қаржы бөлiндi. Əйтпесе, осы уақытқа дейiн өз күшiмiзбен, кiшкентай оқырмандарымның желеуiмен шығып келдiк. Құдайға шүкiр деймiз, қазақтың қара домалақ балалары үшiн iстеп жатқан тiрлiгiме өкiнерiм жоқ. Қазақтың əрбiр баласы менiң де ба- лам тəрiздi. Өйткенi, мен өмiр бақи iшкi қырсық-қыңырлық, жалқаулық, енжарлық, қарама-қайшылығымнан азаттық алуға жанталасып келе жатқан адаммын. Осы адами, əйели қасиетiмнен ұрпаққа сəл-пəл болса да тəрбие бере алсам, өмiрден босқа өтпегенiм де. Iшiм сезедi, тiрлiгiм жас жеткiншектерге ұнайтынын күн сайын келiп жатқан хаттарынан-ақ байқаймын, жемiссiз емес.

«Құрметтi Мағира апай! Журналды дайындап-жасайтын өздерiң сияқты балалар» деген сөздерiңiз əрбiр баланы белсендi болуға шақырып тұрғандай əсер етедi» деген сияқты жып-жылы хаттар жиi аламын. Бұдан артық жұмыстың нəтижесi бола ма, айтшы?

 Ал əйелдердiң, қазақ əйелдерiнiң орны – өнерде. Өнер деп отырғаным да, отбасы, ошақ қасындағы бала тəрбиесiне қатысты өнер. Қазақ əйелiнiң өзi тəрбиенiң ордасы, ошағы емес пе?! Мiнбеге құштар, құмар болмау керек.

ҚАЗАҚ РАДИОСЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҮНІ,

ДЕЙДІ ДИКТОР-ДОЦЕНТ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН

ƏРТІСІ САУЫҚ ЖАҚАН

Қазақ халқының сан мыңдаған тарихы, мəдениеті мен өнерінің бір саласы – Қазақ радиосы да ғасырлық мол асыл мұраға ие. Дəлірегінде, ие ғана емес, ұлтымыздың тəлім- тəрбиесінде, ұлағатты əдет-ғұрпында да тəрбие құралына айналған мəдени сала. Тəуелсіздігіміздің мерейлі тойынан кейін іле-шала қазақ үні – Қазақ радиосының торқалы тойы аталып өтті. Құпияға толы сыр сандықтың Алтын қорының сырлы да шерлі шежіресі де мол.

 Құпиялылығы да сонда, атам заманнан қазақ өнерінің алғашқы қарлығаштарының үнін естігіңіз кел- се, сыр сандықтың кілтін бұрай салыңыз, ар жағынан мəдениетіміздің мəңгілік музыкасын, дəстүрлі өнеріміздің салиқалы да сапалы тарихы алдыңыздан ашылары сөзсіз. Сон-нау тарихқа терең бойламай-ақ, сол саңлақтардың жүзін көріп, сөзін естіп өскен, бүгінде Қазақ радиосының асыл ардагерлеріне айналған, есімін естіген ел елең ете түсетін сүйкімді де сүйікті қазақ қыздарының бірі Сауық ЖАҚАНОВАНЫ торқалы той алдында əңгімеге тартуды жөн санадық.

 – Əңгімемізді ертеректе бірге қызмет атқарған, радионың ыстық-суығында бірге болған əріптестерімнен бастайын. Өйткені, ғасырлық ғұмыр кешкен осынау жылдардың өзі та- рих қойнауына жақындаған сайын сағымға айналып, сағыныш болып қалатыны бар ғой. Біразы мəңгілікке о дүниелік болып кетсе де, бейнелері тұстастарының көңілінен кете қойған жоқ. Ал, Қазақ радиосы арқылы нəзік те сырлы үндері мыңдаған тыңдармандарының жадында сақталуы, тіпті, бақыт емес пе?! Тек Қазақ радиосында ғана емес, еңбек жолын жергілікті аудан, облыс төңірегінен бастап келген, телерадионың тілін, мəдениетін жақсы меңгерген Қазақ радиосының құрдасы

Сара Омарқожаева, Жаңыл Аяпбергенова-Біржанова, Асыл Рахымжанова, Раиса Аманбаева, Зияда Бекетова, Гүлжан Қайыржанова, Шолпан Байғабылова, Аманжан Серіков, Болат Біжібаев, Шолпан Ахметова, Бүркіт Бекмағамбетов, Ұлжан Сағындықова, Мұрат Оспанов, Құрманғазы Дінасылов халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, бүгінде ардагерлердің көш басында келе жатқандар. Олардың қатарында Мина Сейітова, Шəрипа Бейсекеева, Мəмбет Сержанов, Хатира Əзімбаева, Мырзабек Қуатбеков, Жəнел Асқарова, Марат Тоғатаев, Болат Масин, Айман Ақшалова, Омархан Қалмұрзаев, Əмір Жұмабековтер ортамызда орны ойсырап тұрған керім азамат- тар. Кейінгі толқын ішінде Аманжан Серіков, Болат Жұбаев, Райса Аманбаева, Нұргүл Қайыржановалар сол ұзын-сонар көшті жалғастырып келе жатқан қыз-жігіттер. Мен тек дик- торларды ғана айтып отырмын. Ал, Əнуарбек Байжанбаевпен бірге қатар отырып, эфирге шығу дегеніңіз бақыттың бақыты. Ол кісі жайлы əңгіме мəңгілік дастанға айналғалы қашан?!

– Сауық Мəсіғұтқызы, өткенді еске алу да бір ғанибет. Дегенмен, ақпарат құралдары ішінде радионың өзіне тəн ерекшелігі бар ғой, əңгімені осы жағына қарай бұрсақ?

 – Дұрыс айтасың. Радио – дыбыстау, сөйлеу арқылы хабар тарататын құдіретті, тіпті сиқырлы құрал деуге болады. Ол

  • жаңалық жаршысы, ол – өмір тынысының жүрек соғысы, мəдениет-тұрмыс, ол – əдебиет, өнер, əн-музыка, ол – өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы, ол – ғылым, білім, тіпті саясат, ең алды- мен ол – мемлекет. Міне, радио осылардың бəрін ауа арқылы дүние жүзіне сенімді шыншыл дауыспен таратушы Алла тағаланың адамзат баласына берген бірден-бір өлшеусіз сыйы. Осыншалық жүкті 90 жыл бойы Қазақ радиосы ойдағыдай атқарып келеді.

 Менің радиодағы қызметімнің басталуы 1966 жылдан, Мина Сеитова апамыздың қамқорлығынан басталды. Пысық, қайсар қазақ қызы ұзақ жылдар дикторлар бөлімін басқарды. Тəулік бойы 17 диктор – 9 қазақ, 8 орыс жəне бір-бірден кəріс, ұйғыр, неміс дикторы болатын. Түрлі жанрдағы мəтіндерді оқытып, дауыс ерекшелігі, дикциясына қарап, үнінің

ашықтығына, дыбыстың анық шығуына қарап таңдайтын. Ал, Əнуардек Байжанбаевтың дауыс ырғағы кез келген қазақтың жүрегінде күмбірлеуші еді. Онымен қатар отырып хабар оқу дикторлық мектептің ең бір шыңы болды. Талант – Алладан дейміз, ол рас. Əнекең табиғатынан өте сезімтал, жан дүниесі рухани бай, мінезі мен ақыл-парасаты келіскен, дарыны мен қабілеті үйлескен ерекше жаратылған жан еді. Бүгінгі тілмен айтар болсақ, радионың жұлдызы еді. Радио тыңдаушы халық Байжанбаев оқыған хабарлардың авторы барлығын білгісі де келмейтін. «Əнуарбек Байжанбаевтың өзі солай деп жатыр ғой» деп имандай иланып отыратын-ды. Боямасыз адал, шын көңілден шыққан əуез, жағымды үн, ішкі сезім байлығы, бəрі- бəрі жиналып келіп, радиодан əуезді саз бөлініп тұратынын бəріміз мойындаушы едік, тəнті болушы едік. Менің де біп бақытым – Əнекеңе еліктеп, тілдің мағынасына қарай қандай ырғақ, дауысты көтеру мен төмендету, баяулату мен шапшаңдатуды, кідірістер мен тыныс белгілерін сездіруді дау- ыспен, дыбыспен меңгеруді үйрендім.

 Қазіргідей емес, ол кездері дикторлар күні-түні, сенбі- жексенбі, тіпті мереке күндерінде де жұмыста жүретінбіз. Алаңнан парадтар кезінде репортаждар жүргізу, үкімет қаулы- қарарларын, басшылардың баяндамаларын, ұрандар оқу да дикторлардың құзырында, тіпті тікелей эфир студиясы тек дикторлар кіре алатын жабық есік еді. Ал, бүгін ше? Бүгін дик- тор мамандығы жоқ, радиожурналистердің жұмысы күрделене түсті. Журналистер мəтінін жазады, оны компьютерде тереді, өздері монтаждайды, музыканы да өздері таңдап, өздері оқиды. Техника алға шыққан заманда журналистер де жаңаша жұмыс үлгісіне көшті. Бұл жаңалануды кейде құп көрмейтін жағдайлар да кездесіп қалатыны жасырын емес. Радиохабарды таратушы хабарды оқып қана шықпай, маржан тіліміздің əуезділігін, əдемілігін, олардың артикулияциясы, дикциясы, да- уыс тембрі, ауызекі тілінің заңдылықтарын сақтап оқу, ырғақ- интонациясы, дауыс эмоциясы, актерлік шеберлікті меңгеру, хабар оқу барысындағы дем алысы, психологиялық, логикалық кідірістер сияқты толып жатқан өзіне ғана тəн ерекшеліктерді

сақтау керек. Яғни, бір өзі бірнеше мамандықты қатар алып оты- ру деген жүк жүктеледі. Бүгінгі ақпарат құралдары маман-кадр дайындауда осындай қасиеттеріне байланысты Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінде жаңадан «Сөйлеу тех- никасы» атты пəн қосып, мен сол сабақтан лекция оқимын.

 Радиоэфирінің жұмысы оңай емес. Əсіресе, бүгінгі Тəуелсіз Қазақстанның эфирі сапалы, салиқалы, тəрбиелік мəні зор, айтқанына сендіре алатын, жауапкершілігі үлкен на- сихат құралы екенін ұмытпауымыз керек. Еңбегі көзге көріне бермейтін жұмбақ сандықтың атқарар қызметі, жүгі ауыр-ақ.

    •  «Көзге көрінбейтін» демекші, Қазақ радиосының та- рихымен есімдері бірге аталатын талай марқасқа диктор- лар үйіп-төгіп сыйлыққа батып жатпаса да, халық жадын- да қалатыны бір бақыт деп өзіңіз жиі айтасыз?

 – Жақында «Қазақстаннан» Мəдениет бағдарламасында 55 минуттық «Жүздесу» хабарына шақырылдым. Өте əдемі бір кездесу болды. Жалпы, өмір сүру, жақсы өмір сүру үшін адам баласының алдында үлкен бағдаршам болуы қажет. Мен де өмірге келген соң оң-солымды танып, есейе бастағанда осы Қазақ радиосынан Зəмзəгүл апамыздың даусына ғашық бол- дым. Теледидардың енді шығып жатқан кезі. Ал, радиоңыз республикамыздың кез келген ауыл селоларында саңғырлап тұратын-ды. Мейлі, ол совхоз орталығы не болмаса он шақты ғана отбасы тұратын кішкентай ауыл болсын, үйдің бір бұрышынан əуезді əн мен көркем шығармалардан үзінділер, тіпті балаларға арналған түрлі хабарларды тыңдай алатынсың. Сонда түннің бір уағына дейін əдемі əуезге толы бірінен-бірі өткен қоңыр дауысты дикторларды көз алдымызға елестетіп, армандап өстік. Əсіресе, менің Зəмзəгүл Шəріповаға деген сүйіспеншілігім ерекше бол- ды. Бала болсам да дауыс мəнерінен-ақ ол кісінің хабар оқыған кездегі отырысы, қимылы санамда сайрап тұратын. Хабарды жеткізушінің мықтылығы да сонда ғой, тыңдап отырып өзің де сол ырғаққа тербеліп, əсем бір əуенге елтіп билеп отырғандай сезінесің. Үнінен бет-бейнесіндегі құбылысты танып, кішкентай ғана қобдишадан шығып жатқан жанға жайлы дыбыс ырғағына мен де қосылып отыратынды шығардым.

 Осындай арман жетелеп Алматыға келдім ғой. Одан кейінгі жылдарым тіпті, керемет. Қазақ радиосының патша- лары – Байжанбаевтармен қоян-қолтық жүріп қызмет жасау, тау тұлғалы Мұқағалилардың жүріс-тұрыстары қандай ғажап! Əсіресе, олардың аузынан өзің жайлы жақсы пікір есту деген сұмдық қой!?

 Осынау тоқсан жылдың ішінде əйгілі диктор Əнуарбек Байжанбаев, осы биыл редактор Алтын Иманбаева ғана, бірі Халық артисі, бірі Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер атағын алыпты. Таяуда ақын, телерадио журналист Дүйсенбек Қанатбаевтың қайтыс болғанына жыл толып, үлкен дастарқан басында қарапайым ғана бір зейнеткер: ес білгелі Қазақ радио- сы серігі болғанын, көп тыңдайтынын, бұрынғыларды былай қойғанда Дүйсенбектің хабарларын тұщына тыңдайтынын айта келіп, «Алтын қорда» сақталған осындай құнды радиоха- барларды неге мемлекеттік сыйлықтарға ұсынбайтынымызды жеткізді. Ал, шын мəнінде осындай дүниелер жоқ емес қой. Өз басымды айтып отырғаным жоқ, мен Халық артисі болмасам да, қайраткер болмасам да, радио тыңдайтын қарапайым халық на- зарында жүрген азаматшамын. Оның ішінде 1995 жылы «Еңбек сіңірген артист» деген атақты радиодан мен, ал теледидардан Ласкер Сейітов пен Рабиға Аманжолова үшеуміз алғанбыз. Мəселе, тіпті атақта да емес, дегенмен, жасап жатқан, өзіңнің халқың үшін жасап жатқан тірлігін ешкім де міндетсінбесе ке- рек, дегенмен, сол қым-қуат тірліктің нəтижесін де көргені жа- ман болмас еді ғой.

 Жалғыз мерейтойда ғана емес, мемлекетіміздің басқа да айтулы күндерінде радио, теледидар еңбектерлерін, əсіресе, оның ардагерлерін ұмытпай елеп-ескеріп жүрсе, нұр үстіне нұр емес пе?! Бұл пікірімді торқалы тойы дүрілдеп өткен Қазақ үні – Қазақ радиосының мерейтойы үстіндегі назы деп қабылдарсыздар.

 Иə, шын мəнінде Қазақ үні – Қазақ радиосының қазақ халқы үшін жасап келе жатқан қызметі бір ғана əңгімемен бітпек емес. Олай болса, əріптестерімізді тойларымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

ТЕЛЕДИДАРҒА ЖАН-ЖYРЕГIМДI БЕРДIМ, – ДЕЙДI

Белгiлi тележурналист Гүлмəрия Барманбекова

 ОЛ – мергендiк спортымен айналысқан тұңғыш қазақ қыздарының бiрi.

 ОЛ – қазақ тiлiнде спорт тақырыбында эфирге шыққан тұңғыш қазақ қызы.

 ОЛ – тұтынушы тақырыбын тұңғыш қозғаған республикадағы «САПА» телебағдарламасының авторы əрi жүргiзушiсi.

 ОЛ – ең алдымен шығармашылықты қоса алып, тыңдарман мен көрермен көңiлiнде жүрген журналист қана емес, əдемi əже, аяулы жар, АНА...

Иə, бiз əңгiме еткелi отырған Гүлмəрия осындай жан.

 Осы бiр шынашақтай ғана жанның сөйлеу мəдениетi мен кербез жүрiс-тұрысына қарап iштей қызықтық. Қызығы мен шыжығы қатар жүретiн шығармашылық топтағы кез кел- ген əйел-журналистердiң қолынан қаламы мен ожауы түспей жүрiп-ақ қыруар шаруа тындырумен бiрге өз болмысын да салауатты өмiр салтына бейiмдеп сақтай алатынына өз ба- сым, шынымды айтсам, қуандым, құптадым да. Сырттай тiлектес болып жүрген онымен əңгiменi қызмет хикаялары- нан бастағанды жөн көрдiм. Өйткенi, ғұмырының саналы жылдарын қазақ тележурналистикасына арнап келе жатқан замандасымыздың бұл тақырыпта айтары да мол екенiн iшiмiз сезедi. Сондықтан да көптен көңiлде жүрген кейiпкер- əрiптеспен əңгiме оның шығармашылығынан басталып кеттi.

– Əңгiменi өзiңiз ұзақ жылдар қызмет атқарған «Қазақ- стан» телеарнасы жайлы, жалпы журналистика жайынан бастасақ?

  •  Алпысыншы жылдардың аяғында Жамбылдағы педагогикалық училищенi үздiк бiтiрiп, Қазақ университетiнiң журналистика факультетiне жолдамамен келiп түстiм. Белгiлi телекомментатор Совет Мазғұтов бiрiншi курстан бастап-ақ, қабiлетiмдi байқады ма, жүргiзушiлiкке бейiмдедi. Университет

бiтiрген соң, бiр жылдай Қазақ радиосында жүрдiм де, 1980 жылдан бастап Қазақ теледидарының спортредакциясынаспорт жүргiзушiсi болып қызметке орналастым. Спорт комментато- ры бола жүрiп, талай бүкiлодақтық чемпионаттардан тiкелей репортаждар дайындап, гимнастшылар Сəуле Барлыбаева, Қарлығаш Қалиева, альпинист Зəуреш Айтмұқанова сияқты қазақтың спортшы қыздары жайлы «Жарыс жолында» атты очерктер жинағымды жарыққа шығардым.

– Əсiресе, өзiңiз жүргiзген авторлық «Сапа» теле- бағдарламасы əлi күнге ел аузында...

 – Қазақ теледидарында қызмет ете жүрiп, денсаулық, қоғамдық-саяси, əлеуметтiк тақырыптарға қомақты хабар- лар əзiрледiм. 1995 жылы тұтынушы тақырыбын қозғаған республикадағы тұңғыш «Сапа» авторлық бағдарлама дүниеге келдi. Тұтынушы деген ұғымның өзi ел санасына ендi-ендi сiңе бастаған кез. Теледидар үшiн мүлдем тың тақырып едi. Телеэкрандағы «Тамаша», «Айтыс», «Қымызхана» бағдар- ламалары сияқты «Сапаның» да ғұмыры ұзақ болды. Он жыл бойына көрерменнiң көзайымына айналды.

 Бағдарламаның дүниеге келуiнiң өзi бiр қызық. Сол жылы (1995 ж) Стамбұлда өткен «Əлем жəне нарықтық эконо- мика» деген тақырыптағы семинарға iссапармен бардым. Телеоператор екеумiз түрiк базарының көрiнiстерiн түсiрiп келе жатқанбыз. Кенет бiр сөздердi тоқтаусыз қайталаған жас баланың шырылдаған даусы естiлдi. Құжынаған халықтан көрiнбейдi. Бiрақ даусы құлақ жаратындай. Солай қарай ұмтылдық. Шамамен 6-7 жасар ер бала екi көзiн тарс жұмып алған, қолында ерлердiң iш киiмi... «Мынандай iшкиiм жалғанда жоқ. Киген де арманда, кимеген де арманда. Бағасы су тегiн», – деп отыр деп аударды тiлмаш.

Мен жағамды ұстадым. Ол кезде бiздiң елде бiрен-саран

«жанынан түңiлгендер» болмаса, сауда дегеннiң не екенi қалың көпшiлiктiң қаперiне кiрiп шықпайтын. «Спекуляция» деп на- мыс көретiн.

– Түк таппағандай балаға дамбал сатқызғаны несi екен?

дедiм тiлмашқа.

  •  «Ходовой» тауар! Пайдалы, күнiне кем дегенде 50 доллар табады,– дедi ол орысша-қазақша араластырып.

Мен дереу есептей қойдым, он күнде 500, ал отыз күнде

1500 доллар!

 Елге оралғаннан кейiн де əлгi баланың дауысы көпке дейiн құлағымнан кетпей қойды. Көп кешiкпей маған да ел аузына iлiге қоймаған, «қаны жерге тимейтiн» өзектi əрi көрермендерге «ходовой», бəсекелестердi жер қаптыратындай, тақырып өзгешелiгiмен «шыңғыра айқайлап тұрған» хабар ой- лап табуға тура келдi. Жаңа келген басшылар редакторларды

«арқаларынан басып» iрiктеп, циклды хабарларға тендер жари- ялап жатқан. Əрiптестерiмнiң арасынан менiң идеямды түсiнiп, қолдау көрсететiн редактор таппай, бiраз бұрын зейнетке шыққан, маман ретiнде өзiм пiр тұтатын Фируза Перзадаеваға барып ақылдастым. Ол ризашылығын бiлдiрiп, жиған-терген мол тəжiрибесiн ортаға салып, бағыт-бағдар бердi.

 Нарықты да, бəсекелестiктi де қалыптастыратын, экономика- ны қозғалысқа түсiретiн күш тұтынушы екендiгiн қоғамның өзi мойындап үлгермеген шақ. Ал, «тұтынушы құқы» деген аты- мен жат құбылыс болатын. Аталмыш тақырып басқа бұқаралық ақпарат құралдарының бiрiнiң қаперiне кiрiп-шыққан емес.

 Мiне, осы тақырыпқа жоба жасап, тендерге тапсырдым. Есiмде, 12 адамнан құралған комиссия бiр ауыз сұрақ қоймастан, жобаны қабылдап, қала бердi, бiр аптадан соң, 1995 жылдың 19 қарашасы күнi жаңа жоба эфирге шықты. Алты жылдан кейiн

«САПА» менiмен бiрге «Алматы» телеарнасына ауысты. Өкiнiшке қарай, он жыл эфирден түспей келген хабар жаңа басшылар келiп, оның форматының өзгертiлуiне байланысты тоқтатылды. Құрылым жаңарып, арна концепциясы түбегейлi өзгергесiн, iрi көлемдi хабарлардың бəрi жаңа стандартқа сай болмай қалған едi. Ал, тақырып өзектiлiгiн əлi жоғалтқан жоқ. Мысалы, осы күнi

«Қазақстан» телеарнасында дайындалатын «Халық бақылауы» хабары «САПА» -ның заңды жалғасы деп айтуға əбден болады. Мазмұны сол қалпы да формасы ғана аздап өзгертiлген. Əттең, дəп бүгiнгiдей техника сол кездерi қолымызға түссе ғой... Тау төңкерер ме едiк... Көп идеялар басқа келедi...

 «Алматы» телеарнасында бес жылдай қызмет iстедiм. Сол жерде жүргенiмде елiмiздегi iскер əйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сəрсенбаева «Businesswomen.kz» деген журналдың қазақша нұсқасына редактор болуға ұсыныс жа- сап, телеарнамен қоштасуға тура келдi. Сосын «Сұлтан» де- ген журнал шығардық та, сол жерден зейнеткерлiкке шықтым. Қазiр үйде, немерелерiме бас-көз болып, арасында жеке шығармашылығыммен айналысып дегендей, демалу дегеннiң не екенiн жаныммен сезiнiп, тiрлiк кешiп жатқан жайым бар. Шүкiршiлiк, ( тiл-аузым тасқа, ғұмырлы болсын) жалғыз ұлым бар, жағдайымды жасап отырған сол. Қызымыз – Рауанамыздың ғұмыры қысқа болды, Алла тағалам өзi бердi, өзi алды. Бiрақ бiр өкiнiштiсi, артында тұяқ қалмады. Екi бiрдей немерем анасымен бiрге жол апатынан қаза тапты... Ауыр қасiреттi көтере алмай иiлiп кетер жағдайымды сезген ұлым: «Өмiр бақи қызмет iстедiңiз, зейнетке шыққан күннен бастап əкем екеуiңнiң жағдайыңды өзiм жасаймын, демал, сергi, жазмышқа амал жоқ» деп жұбатты. Содан барып еңсе көтерiлгендей.

– Өмiрден ерте озған танымал тележурналист Бейбiт Құсанбековтiң Сiздi «Қазақ теледидарының Еңлiкгүлi» деп бағалағанын өзiңiздi танитындар жақсы бiледi...

 – Қазақ теледидарының өзi 1958 жылы өмiрге келдi ғой. Соның алғашқы 30-40 жылдық дəуiрiнде тележурналистердiң тұрақты толқыны қалыптасып келдi. Осы күнгiдей бiрi келiп, бiрi кетiп са- пырылысып жатқан емес. Мысалы, бiздер өзiмiздiң алдымыздағы Сұлтан Оразалин, Қажы Қорғанов, Ғұсман Игiсiнов сынды ше- шен де шебер телекомментаторларды пiр тұтып өстiк. Лəскер Сейiтов пен Мəриям Айымбетова экранға шыққанда аузымыз- ды ашып, көзiмiздi жұмып тыңдайтынбыз. Солардан үлгi алуға тырысатынбыз. Ал, Бейбiт мен қатарлы толқынға қарап түзелдi, шыңдалды. Содан болар осындай баға бергенi. Бiздiң заманымыз- да бағаны көрерменнiң өзi қалыптастыратын.

– 30 жылға тарта уақыт теледидар саласында қызмет еттiңiз. Теледидар сiзге не бердi, сiз оған не бердiңiз?

 – Мен теледидарға жан-жүрегiмдi бердiм. Риясыз сүйдiм. Ал оның маған бергенi одан да мол. Биiк мiнберден парасатты

ой толғауға үйреттi. Қоғамға иненiң жасуындай болса да пай- дасын тигiзетiн, елiн, жерiн, ұлтын, тiлiн, дiлiн құрметтейтiн тұлға қатарына тəрбиеледi. Өмiр сүру мəдениетiне баулыды.

 Қоғамның қай саласында, қандай тiрлiк атқарып жүрсек те, əйел-қайраткерлердiң отбасы, ошақ қасындағы, бала тəрбиесiндегi мiндетi ұшан-теңiз екенiн тағы бiр еске түсiре отырып, əңгiме əуенiн де осы жаққа бұрдық.

– Жолдасыңыз, отбасыңыз жайлы айтсаңыз...

 – Кенжебек те шығармашылық жолда жүрген елге танымал суретшi. Өнер адамы, бiр-бiрiмiздiң алғашқы сыншымыз да өзiмiз... Менiң жазғанымды ол, оның салғанын мен жаратпай жататынбыз. Ұл мен келiн жеке кəсiпкерлiкпен айналысады. Алуа деген немерем өсiп келедi. Сенбi, жексенбi күндерi атасы екеумiздiң құзырымызда болады. Тақпақ жаттап, əн саламыз, ертегi айтамыз, əйтеуiр демалыс күндерiмiздiң қызығына ай- налады.

– Ал, қалған бес күнде ше?

 – Қалған уақытта белгiлi бiр күн тəртiбi қалыптасқан. Əр сағатымды жүйелеу – ата қанымен, ана сүтiмен дарыған қасиет. Теледидарда өткен жылдарым көркем дүниелерден алшақтатып жiбердi десем, өкпе артқандық емес шығар. Бұл сала жылдамдықты, жедел ұйымдастырушылықты та- лап ететiн орын ғой. Көркем шығарма жазуға уақыт болмай- ды. Өткенде белгiлi жазушы Мағира Қожахметова бiр жазған дүниелерiмдi оқып көрiп: «Сенiң iшiңде бiлдей бiр жазушы тұншығып жатыр. Өзiңе-өзiң обал жасама, ендi сен прозамен айналыс» деп нұсқау бергенде ойланып қалғаным бар. Өмiрде жан сарайыңды риясыз шарлап, жол сiлтейтiн адамның бар болғаны қандай бақыт десеңiзшi!

Таңертең мiндеттi түрде жетi-сегiз шақырым жаяу жүру

  • бұрыннан қалыптасқан əдетiм. Достық даңғылымен қатарласа таудан құлап ағатын кiшi Алматы өзенiнiң бойымен Айнабұлаққа дейiн барып қайтамын. Менi əсем Алатаудың қарлы шыңдары қатты қызықтырады. Мергендiктен гөрi альпинистiк спортты таңдауым керек едi. Ауылда өскен қыз ол кезде альпинизм дегеннiң не екенiн бiлдi ғой деймiсiз.

Соның есесiн осы күнi қайтарғандаймын. Өзiм секiлдi «го- рамандармен» бiрге тау кезiп, сонау Көкжайлауға дейiн се- руендеп қайтатын да əдетiмiз бар. Мұндай демалыстың ра- хатын ешбiр сөзбен айтып жеткiзу мүмкiн емес. Бiр жасап қаласың. Кенжекең шығармашылық адамы болғандықтан ба, жаны тым нəзiк. Бабын табу керек. Отбасының жанға жай- лы аураға бөленгенiн қалаймын. Сəл босасам компьютерге отырып, ойға келген жақсы бiр дүниелердi терiп қоямын. Одан қала берсе, қазiр ақсақалдық жасқа да келiп қалдық, той-томалақ, туған-туыс, дос-жарандардың арасында жиi болуға тырысамыз. Əнге құмармын. Керемет талантым бол- маса да, өзiмше жақын-жуықтың тойларында əн шырқайтын да əдетiм бар.

– Мергендiк спортты таңдадым деп қалдыңыз...

 – Иə, спортқа кiшкентайымнан жақын болдым. Он бес жа- сымнан бастап түпкiлiктi айналыстым. Мылтық атудан СССР спорт шеберлiгiне кандидаттыққа дейiн жеттiм. Тұрмысқа шыққан соң қалды ғой.

– Сiзге қарап отырып, белгiлi бiр ақын ағамыздың əдемi бiр келiншекке ұзақ қарап отырып: «Осы сұлу келiншектер неге баланы аз табады екен» деп өкiнгенiне куə болғаным есiме түсiп отырғаны...

 – Ойыңды түсiндiм. Заман солай болды ма, əйтеуiр, менiң тұстастарымның басым көпшiлiгiнде бiр ұл, бiр қыз туып қоя салу стандартқа айналып едi ғой. Жұмысбасты болдық, пəтерде жүрдiк дегендей. Осының өзi жай сылтау ма деп те ойлаймын кейде. 70-80 жылдардың басты «сыздауығы» басқада болған сияқты. Кеңес дəуiрiнiң жымысқы саясатының салқыны ма екен, сол кездегi естияр деген үлкендерiмiздiң өзi «үйсiз-күйсiз жүрiп, жылда бала туу неңдi алған» дегендей əңгiмелер айтып жататын. Үлкен қаладағы күнкөрiстiң азабынан өз балаларын жеңiлдеткен түрi болса керек... Жас болдық, қызметтiң қызығы болды, бала тəрбиелеуден гөрi, қызу тiрлiктiң буы жеңдi, кейiн өкiнетiнiмiздi ойлап та жатпадық. Жалпы, баланы көп табудың денсаулыққа да пайдалы екенi ол кезде бүгiнгiдей ашық- жарқын айтылмайтын-ды. Тiптi көп бала түгiлi, полигамия

мəселесi де жоғары жақтағылардың пiкiр таласын тудырған жоқ па? Қырғызстанда көп əйел алу туралы заң қабылданып кете жаздап барып, бiр дауыс жетпей тоқтап қалды. Бiзде де əңгiме қозғалып, «онда бiз де көп күйеуге шығатын боламыз» деп əйел жолдастар өре түрегелгесiн, ер-азаматтарымыз тырп ете алмай қалды. Алайда əңгiме бұл мəселеге қай қырынан келуде болып тұрған жоқ па. Əйел мен еркектiң о бастағы жаратылысы қайсысына қандай мiндет жүктейдi, соны жете ұғынсақ қой. Африкада əлi күнге дейiн бiр жабайы тайпа бар көрiнедi, бес-алты ағайынды еркек бiр əйел алады. Осы жайды бiзге көшiрiңiз де, не боларын көзiңiзге елестетiп көрiңiзшi... Мұндағыларды Африка тайпасымен салыстыруға болмайды. Қай баласын қай күйеуiнен туғанын бiле алмай анасы дал, тегi белгiсiз балалардың да берекесi бес бидай болмасына кепiлдiк жоқ. Отбасынан береке кеткесiн, қоғам қай оңып жариды.

    • Əңгiмемiз ендi қызып келе жатқан сияқты?!

 – Көп əйел алу туралы сөз болса, Мұхаммед (ғ.а.с.) Пай- ғамбарымыз жайлы айтылып жатады. Тоғыз, ендi бiр де- ректерде алты əйел алған деседi. Ол, ендi əйелқұмарлықтан емес екенiн түйсiгi бар пендеңiз жақсы бiлуi керек. Мысалы, Айшаны ғана қыздай алған, қалғандарын жесiрлiктен, ауыртпашылықтан құтқару үшiн, асыраушысы ниетiнде ғана алған. Өзiнiң махаббатын осылай бөлiсу арқылы iзгiлiктiң, қамқорлықтың, мейрiмдiлiктiң қандай болатынын ұқтырған. Қазiргi заман азаматтарының бұған ой-өрiсi, сана-сезiмi, пай- ым-парасаты дайын емес. Əлеуметтiк тұрмыстық жағдайы да көтермейдi. «Бiр тоқты жаратсам, бiр тал жусанды артық жа- ратамын» деген Алла Тағаланың бұйрығына кiм сенедi дерсiз. Əрi-берiден кейiн миығынан мырс етедi.

– Өзiңiз бұл мəселенi журналист ретiнде көтерiп көр- генiңiз бар ма?

 – Осыдан бiрнеше күн бұрын Сұлтан Сартаев ағамызбен кездесiп қалдым. Амандық-саулықтан соң ол кiсi бiрден:

«Гүлмəрия, үйдегi iнiшекке ұрпақ өрбiтуге рұқсат бердiң бе?»

  • деп сұрады. Алғашында сұрақтың мəнiн түсiнiңкiремей сасыңқырап қалдым да, лезде осыдан үш-төрт жыл бұрын

болған əңгiме-сұхбатым есiме түстi. Сонда мен: «Аға, ұрпақ өрбiту мəселесiне келгенде бейберекет өмiр сүрiп жатқан аза- маттар мен азаматшалар баршылық. Қоғамның осы дертiн көрсек те көрмегендей болып отырғаннан гөрi, осы бiр мəселенi неге заңдастырмасқа. Мəселен өзiңiз секiлдi асыл ағаларымыздан неге көптеп ұрпақ өрбiтпеске?», – деп сұрақ қойғанмын. «Айналайын, мына сөзiңдi бiздiң үйдегi жеңгең естiмесiн. Оған мен де, ол да, қоғам да дайын емес. Маған жеңгеңнен басқа ешкiмнiң керегi де жоқ», – дедi де ағамыз: « Өзiң қалай, үйдегi iнiшекке рұқсат етер ме едiң», – деп қарсы сұрақ қойған. Ендi мiне, заманымыздың өресi биiк заңгерi арада бiраз уақыт өткенiне қарамай, осы бiр əңгiменi еске салып тұр. Кезiнде мəселенi қысқа қайырып қана тоқтатып тастағанымен, жанды жараның бетiн тырнаған дəп сол сауалдың бiрнеше жыл өтсе де, көкейiнен кетпей жүргенi ғой. Кейiпкерiн ұзақ уақыт толғандырып жүретiндей сұрақтар қоя бiлу де журналистiк шеберлiктiң бiр қыры болар-ау. Сонда мен заңгер ағамыздың жауабынан құдай қосқан қосағына деген махаббатын ешкiммен бөлiскiсi келмейтiндiгiн, сезiмге, қарым-қатынасқа адалдығын аңғарғам. Бұл ендi бүгiнгi күннiң заңдылығы! Шынайы махаб- баты мен пəк сезiмiн iзгiлiкке, парасаттылыққа жеңдiрiп бəрiне бiрдей қарау, бəрiне бiрдей қамқор болу тек пайғамбарымыздың ғана қолынан келетiнiн ұғынғандай болғам. Ал елдiң бəрi пайғамбар емес қой.

    •  Көп əкеден туған балалар тегiн ажырата алмай əлекке түседi деп өзiңiз айтып отырсыз. Ал бəйбiше мен тоқалдан туған балалардың балдай тəттi өмiр сүрерiне кепiлдiгiңiз бар ма? Əлде тəрбиеге аса көңiл бөлiнген жағдайда бұл мəселенi реттеуге бола ма?

 – Əрине. Ол үшiн əу бастағы тəрбие ер балалар ұрпақ өрбiту, ал қыздарымыздың тiкелей мiндетi бала туу, оны тəрбиелеу екенiн кiшкентайынан құлақтарына құйып, сiңiру керек. Тегi бiр балалардың қарым-қатынасын табиғаттың өзi реттейдi. Бұл ендi əйелдiң сана-сезiмiне, ер-азаматтың парасатына да байла- нысты. Менiң Сырғатай деген жеңгем перзент көтере алмай- тынына көзi жеткеннен кейiн балалар үйiнен он үш жастағы

қызды тəрбиелеп, кəмелеттiк жасқа жеткен соң күйеуiне қосқан. Күлтаннан дүниеге келген 7-8 балалардың бəрi үлкен шешенiң тəрбиесiнде болды да, сол кiсiнi «ана» деп өстi. Соғыстан кейiнгi жылдар елдiң бiрде тоқ, бiрде аш заманы. Соның өзiнде менiкi-сенiкi деп бөлмей, қанағатшылдықпен қарын тойғызып, кеңпейiлдiлiк танытып, ұрпақ қамын бəрiнен де биiк қоя бiлген ақылман аналарымыз баршылық. Ер-азаматтың əлеуметтiк жағдайы көтермесе де, «Жаманнан жарты қасық ас қалғанша, жақсыдан тұқым қалсын» деген халықтық сананы қастерлеп, пендешiлiктен жоғары тұрған. Қызғаншақтық, iштарлық, күншiлдiкке жол бермеуге тырысқан. Артында қалар саналы ұрпақ үшiн «Кең болсаң, кем болмайсың» деген даналықты ғұмырлық ұстанымына ұран еткен.

– Сонымен, Сұлтан Сартаев ағамыздың кейiнгi кезде- суiнде өзiңiзге қойған сауалына не деп жауап бергенiңiздi айтпадыңыз ғой.

  •  Не дейiн. Қоғамдағы шындықты бүкпесiз жеткiзiп əдеттенген мiнезiме басып: «Iнiшегiңiзге баяғыда рұқсатымды бергенмiн. Бiрақ өзi менi сенен басқа ешкiм асырай алмайды деп жүр ғой» дедiм. Осы айтқандарымның дəп бiздiң үйдегi iнiшегiне қатысы болмаса да, ағамыз менiң ненi меңзеп тұрғанымды түсiндi, лəм-мим деп аузын ашқан жоқ.

Бiраз уақытқа созылған əңгiме-сұхбаттың соңында Гү- лекеңе Қазақ теледидары қайтадан қызметке шақырса, не дер едiңiз деген сұрақты қойдық.

  •  Жо-о-қ,– дедi Гүлмəрия басын шайқап. – Бармас едiм. Бiрiншiден, мүмкiн болса, демалғанға ештеңе жетпейдi екен. Екiншiден, креативтiк көзқарастағы жас мамандар жаңа техно- логияны жақсы меңгергенiмен, тəжiрибелi ұрпақтың өмiрден жиған-тергенiн ұтымды пайдалана алу даналығын меңгере алған жоқ. Үлкендi сыйлап қастерлеу дегеннiң не екенiн өздерi қартайғанда бiр-ақ сезiнерi өкiнiштi-ақ. Теолог ғалымдардың айтуынша, космостық өлшеммен алғанда адамның ғұмыры көбелектiң ғұмырындай өте қысқа көрiнедi. «Масатыдай құлпырған қайран жастық, қазан ұрмай, қар жаумай солады екен» деп жырлаған халқымыз не деген ақылды едi десеңiзшi.

Жалғанды жалпағынан басып, төрткүл дүниенiң түгел түңдiгiн түруге тырысқанымен, осы бiр адами пəлсапаның тереңiне бойлауды мiндет санамайтындарға қарап отырып қарның ашады. Бұл тенденция тек тележурналистикаға ғана емес, қоғамның кез келген саласына тəн. «Қарнымның ашқанына емес, қадiрiмнiң қашқанына қиналамын» демей ме. Жастарға өкпе артайын деп отырған жоқпын. Жалпы бүгiнгi қоғамда менменшiлдiк, бойкөкiректiк, өзiмшiлдiк көбiрек көрiнiс тауып бара жатқанынан сескенемiн. Үлкеннiң ақыл-кеңесiн керек етпе- ген жерде, қадiрiңдi қашырмай ғана жөнiңдi тапқаның əлдеқайда абыройлы тiрлiк дер едiм. Оның үстiне, сүрiнiп-қабынып тiршiлiк кешетiндей, бiр күндiк нəпақа үшiн бiр жылдық ғұмырыңды сарп етiп, жастармен жағаласып-жармасатындай менде қажеттiлiк те жоқ. Құдайға шүкiр, көйлек көк, қарын тоқ. Ұлым айтпақшы, ендiгi жерде тек өзiм үшiн, өзiмнiң жан рахатым үшiн ғана өмiр сүруiм керек деп шештiм.

«ЕҢ СҰЛУ ƏЙЕЛМЕН» СҰХБАТ

немесе қызыл көйлек киген қызды іздеген күндерге шегініс

 Пендеңіздің қиялының жүйріктігі... шексіз-ау, шексіз. Қуаныштан, тіпті сағыныштан... кейде тіпті мұңға ба- тар кездеріңізде де ойдың тұңғиығынан шыға алмай, ай, арпалысасың-ау. Ала-құйын тербеген жаныңды қайда қоярыңды білмей, сағыныш, əлде мұң ұялаған тұла-бойыңдағы осынау бір сезімдітізгіндей алмай, жаныңды жұбатар жақсы бір əуеннің ырғағымен əудем жер жүріп-ақ кетесің. Осындай бір сəттерден арыла сала жүрегіңе жақын, аурасы əдемі жан- дарды іздейтін сəттерің де жиі болады.

 Өскен, балалық бал дəуренің өткен қасиетті Сарыарқаны, оның ішінде көмірлі өңірді ойға алған сайын, топырақтары

торқа болғыр əке-шешем, олардың көздерін көргендер де азай- ып бара жатқаны жаныңа батса да, көз алдыңнан көлбеңдеп, кəдімгі кинолентасындай зырылдай жөнеледі... Одан қала бер- се бауырлар... тіпті жастығыңның қызығы мен шыжығы бірге өткен құрбылар, бүгінде алды елуді еңсеріп қалған қариялар ауылына бет түзеген керуен-көш көз алдымнан қимас бір із қалдырғандай күй кешесің.

 Сарыарқа! Еліміздің орталық аумағында орналасқан осынау көрікті Арқа төсінде Ақсу-Аюлы деген қиялымнан кетпейтін қасиетті ауыл бар. Бозала таңнан ел-жұртымды жергілікті ради- одан сыңғырлаған даусыммен оятып, бүгінде сексеннен асып, данагөй ақылмандар жасына жетіп отырған аудандық газетте тілші қыз атанған дəурен, ол енді, əрине, көкіректен кетер ме?! Тілші демекші, осы бір қиял-ғажайып шығармашылық ор- таны шексіз сүйіп, журналист болсам деген арман да сол Арқа төсінде танылған əдемі бір жазушының дүниелерін оқыған сай- ын өзіне тартып, іздеп жүріп оқитын, арман арқалап Алматыға келген жылдарымда да қызыл көйлек киген қыз көрсем, жан дүниемде əлгі жазушыға деген махаббат одан сайын лаулай

түсетін-ді.

 Оқуға да түстік. Журналист те атандық. Арада біраз жыл- дар отбасы, ошақ қасында өтіп жатты. Бірде... Төле би мен Бейбітшілік көшесінің қиылысынан өзіме таныс бейне жарқ ете қалды!

 Қазақта алты жүзден аса жазушы болса, солардың ішінде прозаик қазақ қыздары саусақпен санаулы ғана. Аттарын атап, түстерін түстемей-ақ, өз оқырмандары бар сол əдемі келіншектердің бірі – біз əңгіме еткелі отырған Кəмила Құдабаева, шын мəнінде жаны қалай сұлу бол- са, шығармашылығы да сондай сұлу, əдемі,көркем. Бүгінде арамызда шығармашылық байланыс орнап, сыйлас-сырлас құрбыдай болып жарасқалы біздің байқағанымыз, ол əдемі жар, ақылман ана, батағөй əже. Өзің айрықша сыйлайтын, жақсы көретін осы бір жазушымен бүгін сыр-сұхбат жүргізудің сəті түскендей. Олай болса, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Валентин Пикуль атындағы Халықаралық

əдеби сыйлықтың лауреаты, республикалық «Аружан» атты қоғамдық əйелдер журналы бас редакторының орынбасары – Кəмкеңнің өзін тыңдасақ.

«Қызыл көйлекті қыз» повесі қалай жазылды?

 – Кəмке, кез-келген шығармашылық адамының туған жер, өскен ортасы жайлы əңгіме қозғау дəстүрімен мен де сізді Сарыарқаға жетелегім келеді. Сіз жер жəннаты Жетісудың тумасы болғаныңызбен, көп жылдарының, шығармашылық жылдарыңыз Арқа жерінде қалыптасты десек, келісетін боларсыз?

 – Ол рас, « келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» дегендей, Арқа төріндегі көмірлі Қарағанды облысында аттай он алты еңбек етіппін. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң, біздің кезіміздегі тəртіп бойынша, Орталық Комитеттің жолда- масымен Қарағанды облыстық газетіне келдім. Газеттің редак- торы Бейсек Исабеков аға жылы қабылдады, əдеби қызметкер етіп тағайындады, кейін де өз баласындай қамқор болып отырды. «Жақсы үйге түскен келін – келін, жаман үйге түскен келін – келсап» демей ме, мен жақсы ортаға түстім, редакци- яда тəжірибесі мол журналистер: Масхұд Халиоллин, Ораз Сағынаев, Рымқұл Сүлейменов, Сайлаухан Нəкенов сынды аза- маттар бар екен. Мен олардан көп нəрсе үйрендім, журналистік шеберлікті шыңдау мектебінен өттім деуге болады.

 Одан кейін Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетінде бірнеше жыл насихат бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істегенде редакция басшылары Ұзақбай Төлеуов, Сабыр Сауытбаев сынды мамандардан үлкен тəлім-тəрбие алдым. Ұзекең сыйлағаны болар, маған «үлкен қыз» деп сөйлейтін. Бір жолы газеттің түнгі кезегінде отырғанмын. Облыстық баспаханалардың қуаты қазіргідей емес, компьютер деген де түске кірмеген уақыт, беттерді көз майың тауысып түні бойы оқимыз, техника бұзылып, не сынып қалса, таңға дейін жүреміз. Сөйтіп түнде жұмыс істеп отырғанда Ұзекең редакцияға келіп, мені жəне қасымда отырған балаларымды көріп:

  •  Қап, үлкен қызды түнгі кезекке қоймаңдар деп айтып едім, бұл қалай болғаны,– деп маған жаны ашып жатыр.
  •  Бір адамымыз – іссапарда, екіншісінің баласы ауырып қалыпты, амалсыздан осы аптада Кəмкеңді екінші рет кезекке қойдық,– деп жауапты хатшы ақтала сөйледі..

 Қызметте, өмірде өзіме жасалған мұндай қамқорлықтарды қалай ұмытарсың?!

– «Қызыл көйлекті қыз» повесі қалай жазылды? Сондағы кейіпкерлер ойдан шығарылған ба, əлде өмірде бар адамдар ма?

  •  Жастық шақ ұмытылмайды дейтін болсақ, біздің жастық шағымыз – студенттік кездеріміз ғой. Шынын айтсам, «Қызыл көйлек киген қызды» ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың əңгімелері мен повестері қатты ұнағандықтан, сол ұлы су- реткерге сəл болса да еліктеп жаздым, атын да Шықаңның

«Қызыл орамалды шырайлым» деген шығармасының атына ұқсастырып қойған едім. Бұл повесімде ойдан шығарылған бірде-бір кейіпкер жоқ, бəрі өмірденалынған қыз-жігттер. Біздің студенттік жатақханада үйден келген посылкаларын ешкіммен бөліспей, шабаданын кереуетінің астына тығып қойып, тəтті тағамдарын біз ұйықтаған кезде жейтін қыз болған. Болашақ мамандығы жайлы ойланудан гөрі, ертелі-кеш жігіттерге қайтсек ұнаймыз деген мəселемен ми қатыратын құрбылар да бар-ды... Бір кезде солар туралы жазғым келді. Əрине, жастық пен махаббат – егіз дүние. Жастық шақта қыздар да, жігіттер де тек махаббат іздеумен болады. Бірақ алдымен мамандық алуды, білімді кекеңйтуді, ғылымға ұмтылуды, пайым-пара- сат іздеуді көбіміз ойлай бермейміз. Көздеген мақсатым – осы мəселені оқушыға жеткізу еді. Орыс халқында: «сокол гибнет от печали, куры гибнут от любви» деген сөз бар. Бұл қыздарға махаббаттың керегі жоқ деген нəрсе емес. Бірақ өмір тек қана күйіп-жанудан тұра ма? Махаббат дегенің де өмір бойы лапыл- дап тұратын, қолдан жағып қойған «мəңгілік алау» сияқты де- уге де келмейді... Қыздар осы тұрғыдан ойланса деген əркетім ғой. Бұл бүгінгі жастарға да керек мəселе тəрізді.

Адамның аты көп жазғанымен шықпайды

 – Алматыға оралған сəтіңіз, жалпы алғаш қалаға кел- ген сəт сізге қалай əсер етті?

 – Алматыны алғаш рет оқуға түсуге келгенде көрді. Армандаымның тоғысқан жері болғандықтан өзіме ерек- ше ыстық. Басқа бірде-бір қалаға айырбастағың келмейтін əсер бұл. Арықтарын бойлап сылдырап аққан сулары, алма ағаштарының шешек атып алалулаған гүлдері, таудан соққан самалы, аппақ қардан сəлде ораған шыңдары ұмытылмайтын сурет, қайталанбайтын сұлулық. Қазір қаламыз бұрынғыдан да ажарлана түсті.

 Əсіресе жаңа жол айрықтарын түнде тамашалағанды жақсы көремін. Аспандағы жарық жұлдыздардың бəрі жанымызға көшіп келгендей, нұрын шашып жақыннан жарқырап тұрғандары қандай керемет десеңізші. Жалпы, түнгі Алматы

– ғажап дүние.

 Алматының есте қаларлығы тағы бір үлкен оқиғамен бай- ланысты. Өмірлік жар таңдау, отбасын құру осы жерден ба- сталды. Біздің үйдегі Тұрымжан ағаңыз да Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі. Заң факультетін үздік бітірді. Балқаш, Қаражал қалаларында судья, Теміртауда прокурор қызметін атқарды. Алматыға оралғанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде 15 жыл құқық қорғау органдарында заңдылықтың сақталуына жауап беретін заң бөлімінде тиянақты жұмыс істеді, одан ары Тəуелсіз еліміздің Бас прокурорының аға кеңесшісі бол- ды. Юстиция полковнигі. Кейінгі тоғыз жылда университет студенттеріне сабақ беріп келеді.

 Екеуміздің отбасын құрғанымызға да елу жылға таяп қалыпты. Үйленерден бұрын қыз бен жігіт болып кездесіп, алысырақ кетсек хат жазысып тұрдық. Сондағы оның бір хаты əлі есімде: сен жай ғана қабілетті емессің, сен таланттысың, деп маған ең бірінші қатты сенген адамның бірі де ағаң еді... Осыдан бірер күн бұрын, таңғы шай үстінде, Алматыға алғаш келгеніміз жайлы əңгіме шығып қалды. Мен əзілдеп:

– Мен Алматыға келмесем, сен басқа біреуге үйленіп,

бүгінгідей менің мерейтойымды өткізуге дайындаламын деп шала бүлінбей, тып-тыныш отыруың мүмкін еді!.– деймін. Ағаң бұл сөздерге рахаттанып, екеуміз əбден күлдік. «Бұл енді тағыр» деп сəлден соң сабамызға түстік. Ағаң шайын ішіп, біраз уақыт үнсіз ойланып отырды да:

  •  Сен қайда болсаң да, кімге шықсаң да – бəрібір жақсы əйел болар едің!..– деп мен мүлде күтпеген сөздерді айтқанын қайтерсің!
  •  Шын айтасың ба? Кім білсін, бірақ мұның қызық нəрсе болды,– деп қайта күлейін. «Ұялған тек тұрмас» деп жатады ғой, бірақ ішімнен, əрине, ағаңа қатты риза болдым. Бүйтіп мойындау да əркімнің қолынан келе бермейді ғой.

Ұлы адамдардың өмірін көбірек оқуға ұмтыламын

 – Сіз аз жазасыз, бірақ өте терең, тіпті жазушыға тəн қиял қуып, оқиға қуып кетпей, дүниелеріңіз философиялық талғаммен жазылады. Себеп?

 – Бұл өте жақсы сұрақ əрі менің шығармашылығыма өз тарапыңнан берілген жоғары баға деп қабылдаймын. Кітапты көп оқитын адам ретіндегі жеке пікіріңе қуанып та қалдым. Рас, мен аз жазамын. Бəлкім, ол көп ойланатынымнан да шығар. Газетте жүргенде де мақала дегендердің өзін де сұрыптап, си- рек жазатынмын. Өзіме əсер еткен, ұнаған жəне білетін дүниені жазғым келеді. Əр оқыған адамға пайдасы болу жағын да естен шығармаймын. Əйтеуір, атым шықсын деп жаза бермеймін. Адамның аты көп жазғанымен шықпайды емес пе...

 Жəне өзім ұлы адамдардың өмірін көбірек оқуға ұмтыламын. Сондай-ақ философтардың, дала данышпандарының өмірлерін біліп, айтқан өсиеттерін ұққым келеді. Поэзияны ұнатамын. Таяуда ескі дəптерлерімнің бірін ақтарып отырсам, 1973 жылы қараша айында «Мəдениет жəне тұрмыс» журналында жарық көрген ақын Мендекеш Сатыбалдиевтің бр өлеңін жазып алып- пын. Төрт шумақ өлең. Соның екі шумағын келтіре кетейін:

... Аш қарынның тоқ болмағы – сəл нəрсе, Қорғасынның оқ болмағы – сəл нəрсе.

Қақпан жатыр қамсыздықтың түбінде, Адамның да жоқ болмағы – сəл нəрсе... Ой, адамдар, ой жүгіртіп осыған, Қамықсаңдар,

Қамығуға қосылам!

Күллі əлемнің ойлағанда тағдырын,

 Сəл нəрседен жаңылудан шошынам!– деп жырлайды ақын. Қазір ол журнал да жоқ. Ақын да дүниеден озып кетті. Бірақ сөзі қалды. Терең философиясы қалды. Қамсыз жүрме, ойлана- тын бол, жер бетіндегі бүкіл адамзаттың тағдыры бір ғой деп отыр емес пе... «Сынықтан басқаның бəрі жұғады, сынықтың да сыздағаны жұғады» дегендей, маған да мықтылардан бір

əсерлер жұғысты болған шығар. Лайым солай болғай.

– Əдемісіз, сіздің кітапханаңыздан белгілі қаламгер ағамыздың қолтаңбасындағы: «Əдемілігіңізден айни көр- меңіз!» деген пікір өте дəл жазылған екен...

 – Сен «Ағалардың алақаны» кітабына қолтаңба жазып қалдырған Сафуан аға туралы айтып тұрсың ғой. Бұл бір өзгеше кездесу болды. Менің «Ең сұлу əйел» атты кітабым енді шыққан 1990 жыл болатын. Бізді «Алматы» санаториіне оқушы жұртшылықпен кездесуге шақырды. Баспадан бірнеше адам бардық, сол арада кітабымызды сату ұйымдастырылған екен. Ол кезде əдебиетті насихаттаудың, кітапты сатудың осын- дай түрлері бар болатын. Санаториде Сафуан аға да демалып жатыр екен. Ол кісі менің кітабымды алды, маған өз кітабын қолтаңбасымен сыйға тартты. Аз сөзге көп мағына сыйғызатын сырбаз жазушылардың бірі еді ғой Сафуан аға. Университетке алғаш оқуға түскен жылдары қолымызға тиген Сафуан ағаның Инеш қыз туралы кітабы, сол сұлу, ерке студент қызының бейнесі күні бүгінге дейін кө алдымда...

Қала Əкіміне ризашылығымды білдіремін

Бос уақытта немен шұғылданасыз?

 – Қол босаса, кітап оқимын, газет-журналдарды үзбей қараймын. Əйелдерге байланысты жаңалықтарды іздеймін,

себебі өзім əйелдер журналында қызмет етіп отырмын ғой. Үлкен немерем Əлішер Мəскеудің Ломоносов атындағы университетінің магистратурасын бітіріп жатыр. Күні кеше диплом жұмысымды үздік бағаға қорғадым деп бізді қуантты. Оның өміріне де, тынығуына, денсаулығына көңіл бөліп оты- ру қажет. Ал кішкене немерем Айдана – Ілияс Есенберлин атындағы гимназияның 10 сыныбында оқиды. Соның мектебіне барам, олар өткізетін əртүрлі кештерге қатысамын. Айданам биыл француз тілінен өткен қалалық олимпиадада бірінші орын алып, республикалық олимпиадаға жолдама алған-ды. Содан Ақтауда өткен бүкіл республиканың озат оқушылары іріктелген, əртүрлі пəндерді қамтыған Олимпиадаға қатысып, қола медальға ие болып қайтты. Таяуда оларды Республика Сарайында қаламыздың əкімі Есімов мырза құттықтап, омырауға тағатын алтын белгімен марапаттады... Осы сəтті пай- даланып, жас ұрпақтың жақсы білім алуына, жалпы ғылым-біім, денсаулық, қаланың экономикасы мен əлеуметтік мəселелеріне зор көңіл бөліп, өзі бас болып көптеген қалалық шараларға қатысып жүрген үшін айдай Алматымыздың əкімі Ахметжан Смағұлұлына шын жүректен ризалығымды білдіремін. Себебі менің Айданам сол кездесуден қанша əсер алып, қуанып келді десеңізші! Ал бала қуанса, біздер – аналар бақытқа бөленеміз деген сөз емес пе. Шынында жұмыс істеген адамда бос уақыт деген бола бермейді. Қызметтен сəл қол тисе, қонақ шақыратынымыз да бар. Құдайға шүкір, үлкендеріміз бар, абы- сын-ажындарымыз, келін-кепшіктеріміз, құда-құдағиларымыз дегендей... Бəріне лайықты сый-сияпат көрсету, салт-дəстүрді жалғастыру лəзім. Балаларымызға, келіндерімізге мұның бəрін эстафета ұсынғандай ғып «өткізіп» беруіміз керек. Тəрбие де- ген – құр сөз емес, ол кəдімгі тіршілік, күнбе-күнгі тəуір еңбек,

«қазанға салмағанды – қасықпен іздеме» деп жатады емес пе.

– Адам бойындағы қандай қасиетті бағалайсыз?

 – Меніңше, ең күшті қасиет – намысты болу. Ата- бабаларымыз намысының күштілігімен елін қорғап, жерін қорғап қалған. «Ақыреттің азабынан дүниенің намысы күшті» деген сөзді естідім. Бұл тегін айтылмаса керек...

 Кəмкеңмен əңгіме таусылар емес. Əншейінде тұра қалып, ұзақ-сонар əңгіменің қызығына түсетін біз, бүгін тіпті, əдемі бір қызық та ұзақ жолсапарға шыққандай, еске алар жақсы сəттерді ойша сүзіп өткендейміз...

– Əйел – сұлулық! Сұлулық – сезім! Ал, сезім, əрине, – Махаббат! Олай болса, сұлу əйелдің аузынан күні бойы осы бір құдіретті сезім жайлы естмедік қой,– деп күлдім əңгіме соңында.

 – Əрине,– деп күлді Кəмкең де. – Махаббаттың құдірет екені ақиқат! Дегенмен, сол сұрақты жылы жауып қойып, бала-шағаның амандығын тілеп, тыныш қана отырмаймыз ба, бізге сол жарасар... Махаббатта неміз бар?!– дегенде, екеуміз қосыла күлдік.

« ...МҮМКІН «ƏНШІ МАЙРА АУЫЛЫ» БОЛАР, БІРАҚ ЖЕТІМДЕР ҮЙІ ДЕП АТАМАЙМЫН...

 – дейді дəстүрлі əндердің орындаушысы, Қазақстанға еңбек сіңірген артисі Майра Ілиясова тағы бір қайырымдылық шараны қолға алар тұста.

 Шынымды айтсам, Майраның соңғы кездері демалыс концерттерімен бірге талай қайырымдылық шараларды қатар жүргізіп келе жатқанына сырттай қуанып жүруші едім. Қазақ қыздарының қайсарлығы туралы ойға ала қалсақ, өнер емес қоғамның басқа бір саласында қызмет етіп жүргендер ауызға бірінші алынары сөзсіз. Ал, өнер, қазақ өнерінің тарихында мəңгілік өзінің көркем көшін бастап келе жатқан осынау əншімен əңгіме барысында табиғатынан алғыр, қайсарлығына да көз жеткізіп, тіпті қуандық. Оның бойындағы кісіге деген мейірімділік, бауырмалдық, əріптестеріне деген тілектері, жас əншілерге,

таланттыларға деген шексіз ілтипаты, тіпті өзінің талан- ты мен қабілетін бүгінде сирек кездесетін осындай ада- ми қасиеттері одан сайын ажарландырып тұрғандай күй кештік.

 – Майра, сіз белгілі əншісіз. Бірақ соңғы кездері сізді өзгеше қырыңыздан көріп жүрміз. Мұның сыры неде бол- ды екен?

 – Сахнада жүргеніме отыз жылдай болып қалды ғой. Оның үстіне ұстаздықты қатар алып келе жатырмын, «Майра» баста- уыш əн айту продюсерлік орталығы бар. Ал адам есейе келе өмірден түйгендерін артынан ергендерге үйретуге саналы түрде барып, ұрпақтар жалғастығын жолға қойып отыруы заңдылық. Осындай ойлардан бірнеше бағдарлама-жоспар қатар келді де, əуелі «Жан анам» жобасын қолға алдым.

 «Жан анам» дегенде, мен ана мейірімін аз көрген қыздардың бірімін. Үш жасымда анам қайтыс болыпты. Менің есімде еміс-еміс қана бейнесі қалғаны болмаса, өзін де, даусын да білмеймін. Бірақ сұңғақ бойлы қараторы, керемет əн салады екен. Оны өзімнен үлкен əпкемнен еститінмін. «Түрі де саған ұқсайтын, əдемі əн салушы еді» деп үнемі айтып отыратын. Аса шебер, ісмер кісі болса керек. Асты да дəмді дайындайтын, сабырлы, ақылды болған деседі. Үшінші мүшелінде өмірден қайтады, бірақ жеті-сегіз баланы өмірге əкелген. Менен кейін де екі перзент өмірге келген екен, шетінеп кетіпті. Сол ұрпақтан қалған төртеудің кенжесі менмін. Есейе келе, жетінші сыныпта жүргенде əкемізден айырылдық. Əкем марқұм «менің Майрам керемет əнші болады» деп үнемі мақтаныш сезіммен, үмітпен айтып отыратын. Расында да бес жасымнан əн салдым. Тыңдап отырғандар түгел көрсін дей ме екенмін, аяғымның астына орындық қойып алады екенмін. Ата-ананың мейірімі мен ма- хаббатына тоймай қалған соң, олардың алдындағы перзенттік борышымды қалай, қайтіп өтесем екен деген ой қай кезде де көңіл түкпірінен кеткен емес. Дəл бүгінге дейін осы бір балалық арман-мақсат осындай бір жобалардың өмірге келуіне түрткі болғандай. Өзімнің анамның ғана емес, бүкіл Жер бетіне тіршілік нəрін сеуіп келе жатқан аналарға арнап «Жан анамды»

тыңдармандарға ұсындым. Биыл алтыншы рет Республика са- райында əн сүйер қауыммен қауышты. Нəтижесі жаман емес, халық жақсы қабылдады.

– Не көп концерт көп. Сол көптің ортасында өз жобаларыңыздың өзгеше болуы үшін не істейсіз?

 – Жоқ, əр кезеңнің əндері, оны халыққа жеткізуші орын- даушылары болады. Жəне олар əннің табиғатына, тарихына, орындалу шеберлігіне қарай əртүрлі болып келеді. Сол сияқты тыңдаушылары да əрқилы. Қазақта ақын көп. Сол көп ақынның жырларының бəрі демей-ақ қояйық, көбісі аналарымызға арналған. Ақынның адуынды өткір жырларына сазды əсерлі əуен жазған сазгерлеріміз де, Құдайға шүкір, баршылық. Олай болса, жобалар бір-бірін қайталаудан алыс.

– «Жан анам» жобаңызда қоларбаға таңылған мүгедек баланың тағдырына араша болғаныңызды көрдік. Ананың көзінен тамған жасқа сарай теңселіп кетті десек, əсірелеу болып шығар, дегенмен жанымыз күйзелді. Ананың жа- нын Ана түсінеді. Дегенмен, осындай қайырымдылық шара концерт барысында ғана ойыңызға келді ме, əлде...

 – Бірде, «Жан анамның» үшінші концертіне дайындалып жүріп, теледидарда «Аялы алақан» бағдарламасынан жиыр- ма жасар, он саусағы жоқ баланың анасының көмегіне ғана сүйенген шарасыз халін көріп, жүрегім сыздады. Дəретханаға да сүйемелдеп бара жатқан анасының жанарындағы мұңды көріп одан сайын жандүнием күйзелді. «Менің баламның əр саусағы екі жарым евро тұрады, көмектесіңіздер, егер екі-үш саусақ болса, алпамсадай азаматым құрығанда шалбарының түймесін сала алатын жағдайға жетер еді. Өзім де денсаулығым жоқ, өліп қалсам балама кім қарайды»,– деп экраннан бота- дай боздаған анасының даусы көпке дейін құлағымнан кетпей қойды. Телеарнаға хабарласып: «Маған осы баланы беріңдер, өзім көмектесейін», – деп мекен-жайын сұрап алдым. Кезекті концертке анасы екеуін шақырдым. Арасында əлгі теледидар- дан өзім көрген сюжет көрсетілді. Залдағыларға «Егер мына жандарыңызда отырған балаға көмек көрсеткілеріңіз келсе, мына жəшіктерге мүмкіндіктеріңізге қарай қаражат жинайық»,

  • дедім де, залға үш жерге жəшік қойдым. Сонда біздің қандастарымыздың мейірімділігіне таңқалдым, жəшікке қарай ағылған халық... 5 мың доллар жиналыпты, мен өз қалтамнан 2 мың, Мақпал 500 доллар берді де, 7500 доллар ақшаны баланың анасына тапсырдық. Бір жылдан кейін əлгі Қуандық баламыз қолына операция жасатып қана қоймай, астында су жаңа мəшине, əп-əдемі келіншегімен бірге концертке келіп, келесі бір балаға жəшікке ақша тастап жатқанын көріп, біздің де мерейіміз өсіп қалды. Бұл жолы екі бүйрегі семіп, Қытайда екі жарым жыл төсек тартып жатып қалған он жасар кішкентай қызға көмектескіміз келген, 6 мың доллар жинап бердік. Кəсіпкерлерге үміт арттық, 50 мың доллар керек екен, аннан-мыннан қаржы жиналды-ау, бірақ үлгере алмадық, бүлдіршін қайтыс болып кетті. Одан кейін семейлік бүлдіршін– күнделікті уыс-уыс дəрімен ғана қалт- құлт етіп отырған Мақсат деген балаға көмектестік. Осы жолғы

«Жан анамда» шөп жинап жүрген комбайнға екі аяғын шайна- тып алған Нұргелді деген балаға жəрдемдестік. Көзінің оты бар, болашақта тіс дəрігері болғысы келетінін айтып, жанып тұрған бала. Протез салса да аяғының сүйегі өсе береді. Сондықтан жиырма бес жасқа дейін екі-үш ай сайын сүйекке операция жа- сап отыру керек екен, ол дегеніңіз қыруар ақша ғой. Бұл жолы 4 мың доллар жинап бердік. Өз басым компьютер сыйлағым келіп еді, бар екен. Алғыр ойлы, компьютердің құлағында ой- найды. Жасып отырған жоқ,өмірге құштарлығында шек жоқ, қайсар.Содан бері осындай қайырымдық шараға көп көңіл бөле бастадым. Төрт сəбиге көмек көрсеттік. «Жан анамның» негізгі мақсаты да осы.

    •  Қазақ эстрадасындағы жас жігіттердің қайғылы жағдайлардан көз жұмуына да бейжай қарай алмадыңыз. Бауыржанның, Нəбидің, Русланның аналарының көзіндегі мұңды бүкіл қазақ еліне көрсете білгеніңізге де куə болдық...
  •  Иə, бұл бір қайғылы жағдай болды. Қазақ эстрадасының нағыз жұлдыздары болатын-ақ жігіттер еді. Жасындай болып келді де, жарқ етіп жоқ болды. Руслан мені туған анасындай сыйлайтын, мен де туған баламдай керемет жақсы көрдім. Алматыдағы мамамсыз дейтін-ді. Жап-жас азаматтарды өткен

шақпен еске алудың өзі сондай ауыр маған, қыршын кетті ғой. Үнемі жанымда болды, «Сағындырған əндер-айдың» бірінші концертін өзі жүргізді, сценарийін де өзі жасады. Қуанғанда да, ренжіген сəттерінде де маған жүгіріп келетін. «Қазақстанның» бас продюсері Алтынбек (Рахметов) екеуі керемет дос болды.

 Қайтқандарына бір жыл толып қалды ғой. Ананың қайғысы орны толмас қайғы. Сол балапандарын жоқтап, көз жастары көл болған аналарға: «Е, балаларымыз аз ғұмыр кешсе де ел есінде қалатындай саналы ғұмыр сүрген екен ғой, ұмытпайтын халқы бар екен» деген демеу болсын деген мақсаттан туған шара болды... Концертке шақырып, тыңдармандарға орындарынан тұрғызып көрсетіп, сый-сияпат жасап, көңілдерін сəл-пəл бол- са да көтерейік деген ниет. Қазақ айтады ғой: «Көңіл көңілден су ішеді» деп, ол қасірет бізді де бей-жай қалдырмағанын білдірейік деген ой ғой. Нəби мен Бауыржан да қандай аза- маттар еді?! «Жазмыштан озмыш жоқ» дегенді де сол қазекең айтқан. Өнерде де, өмірде де туған анасындай жанына жақын тартқандықтан, өнер десе жанып тұрған Русландай азаматтарды еске алу, тіпті менің ғана емес, кез келген қазақ өнерін сүйген азаматтың парызы десе де артық болмас. Бүгінде қатыгездеу қоғам болып тұр ғой, қалтасындағы қаржысына мастанып, жеке бір барлықтың-байлықтың қызығынан басқа қызық жоқ деп са- найтын мейірімсіз ұрпақ көбейген заман. Өзіңіз де білесіз, ата- анасын қарттар үйіне тапсырған, анасы мен қызы, ағасы мен қарындасы араласпай қалған жағдайлар айналамызда көп-ақ. Қарттар үйі мен балалар үйінің тұрақты тұрғындарының 80 пай- ызы өзіміздің бауырларымыз екенін көріп те, біліп те жүрміз. Ал, мұндай қайырымдылық шаралары өмір мен өлімнің арасының тым-тым жақын екенін еске түсіріп қана қоймай, бір-бірімізді тірлігімізде сыйлай білуге, қанымызда бар бауырмалдықты қандай жағдайда да сақтауға тырысайық дегенді меңзейді. Өйткені, өмірдің өзі қуаныш пен қайғыдан тұратынын түйсігі бар пеңде жанымен түсінуге тиіс.

    •  «Сағындырған əндер» жобасы да «Сағыныштан» ерек- шелеу шығыпты. Əншілерді топтау арқылы халықтың ру- хани дүниесіне жаңаша қарағыңыз келе ме?
  •  «Жан анамға» бес жыл толған кезде мен ретро əндерге көштім. Алғашында əртүрлі «Сағынтқан əндер», «Сағынтқан əнің», «Қазағымның əндері-ай», «Халық əні– халық қазынасы» сияқты айдар таққымыз келіп, содан «Сағындырған əндерге» тоқтадым. Мұның бəріне ой салып, ойтүрткі болған «Ел» продюсерлік орталығының жақсы төрт жобасы бар: «Əн мен əнші», «Інжу-маржан», «Сағыныш» атты əн кештерінеарналған. Өте жақсы жоба. Бұл екі жобаның аттары ұқсас болғанмен, екеуі екі бөлек дүние. Бірақ, мақсат ортақ: екеуі де еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін уілдеп, гуілдеп, сызылта сала- тын, ел есінде мəңгі сақталған, ұрпақтан ұрпаққа сол күйі еш өзгеріссіз жетіп, жалғасып келе жатқан шығармалар. Кезекті кеш ұйымдастырылды. Кеш өте жақсы өтті. Бірақ, белгілі бір топ қана əндер орындайды. Белгілі танымал əншілер, бас-аяғы жиырмаға жуық. Көбі жастар. Өз басым сол ретро əндерден сусындап қана қоймай, мөлдір бұлағынан қанып су ішкен адаммын. Ата-анам да сол əндермен өсті. Қай композитордың кез келген əнін айта аламын. Қазақ əндерінің күміс көмей əншілері Бибігүл апамыздан бастап, киелі сахнаға енді ғана шығып жүрген жас толқынмен бірігіп неге əн орындамасқа де- ген ой санаға кіріп алған соң, оны жүзеге асырмауға болмады. Əн өнеріне бейімі бар, талаптанып жүрген кез келген жас əнші өздерінің алдындағы танымал əншілермен бірігіп əн айтуды армандамаушы ма еді?! Алғашқы екі жарым сағатқа созылған кеште 65 əнші қатысып, 32 əн орындалып, кештің көшін Бибігүл Ахметқызы өзінің шəкірті Толқынмен əн айтып баста- ды. Нұрғали ағамен бірге əн салсам деп армандаған бірнеше тенор балаларды сахнаға шығардық, Розамен, Мақпалмен бірге сахнада əн айтуды армандайтын жас əншілер көп қой, ұрпақтар жалғастығы деген де осы. Оның үстіне аға буын, орта, кіші буын өкілдерімен бірігіп əн айтудың пайдасы да көп. Бүгінгі жастардың көбі əн текстерін, əуенін бұзып айтатыны жасырын емес. Жаңа заманның ағымымен əндерді орындай- мыз деп əуенді батыстық бір сарынға бұрмалап жатады. Оның үстіне қалай, қайтіп орындаумен қатар сахна мəдениетіне де үйренеді. Бұл жобаны халық жақсы қабылдады. Біздің де

белгілі тыңдармандарымыз қалыптасты, қатары көбейді. Тіпті, бір жоба аздық ететін болды да, кейінгі екі жоба тіпті, халықтың сұранысымен жүзеге асты десек те болғандай. Содан кейін біз мүмкіндігінше сапалы дүние жасауға тырыстық. Тапқан- таянғанымызды сол жобаның келесі концертіне дайындыққа жұмсаймыз. Сондықтан да «Сағындырған əндер-ай» алдыңғы орындағы, халық өте жақсы қабылдаған жоба болды. Ал, үшінші жоба ретінде «Жұлдызға 77 сұрақ» деп шағын бағдарлама алып едім, əлі шикілеу көрінді. Мүмкін, басқаша бір қырынан келу, əлде телешоу сияқты ұйымдастыру керек пе еді, ойланып қалдым. Уақыт көрсетеді. Ал, енді «Алтын дом- быра» атты ауқымды жоба дəстүрлі əндерге арналған. Осындай ниеттен «Алтын домбыра» дүниеге келді. Сөйтіп, өнер кешіне құрметпен шақырылған Астанадан Қайрат Байбосынов, Оралдан Хатимолла,Түркістаннан Қажыбек Бекбосынов, қызылордалық Алмас Алматов, семейлік Гүлдана Ноғайбаева, атыраулық Қайрат Кəкімов, алматылық Сəуле Жанпейісова, Айгүл Қосанова, Ерлан Рысқалилар қатысып, тыңдарманның көз қуанышына айналды. Тірі дауыспен айтар əнді, оның үстіне домбыраны сағынған халық екі жарым сағатқа жуық тапжыл- май отырып, риза болып тарасты. Залда инешаншыр орын қалмады десем, мақтанғандық емес. Біраз уақытқа дейін жер- жерден ризашылығын білдіріп, рахмет айтқан халықтың са- нында шек болмады. Тек, бір қиналғаным, ұйымдастырушылық шара дегеніңіз жаныңызды жеп қоятын тірлік. Сондықтан шаршағаным білінді. Майраның əні «Майраны» айтқанда тіпті тамағым кеуіп, даусым жөндеп шықпады ғой деймін, өзіме ұнамадым. Ең басты мəселе – залды толтыру, билет сатылуын қадағалау. Бұл орындалмады ма, еңбегіңнің бəрі құмға сіңгені дей бер. Менің жобаларымды ел мақтайды, ал шын мəнінде оның бəрі маған оңайға соғып жатқан жоқ. Бұл ретте, маған үлкен демеу болып, көмек көрсетіп келе жатқан «Қазақстан» телерадио корпорациясына рақметім шексіз. Менің барлық бағдарламам бойынша жүрген концерттерімді тегін түсіріп, телеэкраннан республикамызға көрсетіп келе жатыр. Осы жолы он күн қатарынан «Алтын домбыраны» тегін жарна-

малап берді. Қазақ радиосы да тегін жарнамалады. Осындай ірі ақпарат құралдары үнемі бір жағымнан демеп жатқанына қуанамын. Қалалық əкімдік, сондай-ақ, депутат-кəсіпкер Нұртай Сабильянов мырзаның көмегін де айтпасқа болмас.

«Жалғыздың үні шықпас» дегендей, əрине, менің жалғыз өзім бұларсыз не тындыра алар едім, Алладан қайтсын. Ешкім де біреу үшін емес, ортақ қазына, қазақтың ортақ мəдениеті мен өнеріне қызмет етіп жатқанымызды түсінетін осындай ұжым, азаматтардың арқасында аяғымыздан тік тұрып келеміз. Егер Өнер академиясын бітірмегенде не режиссер, не журналист бо- лар едім деп қиялдап қоятын кездерім де болады.

 Мен кез келген тірлікке ойланып-толғанып кірісетін, əбден толғағы жеткен соң ғана жүзеге асыратын, шынымды айтсам ұзақ «толғататын» адаммын. Ойды жүзеге асырғаннан кейін де, ұзақ уақыт келесі дүниелерге ойша сапар шегіп жүремін деп біраз идеяларымнан айырылып та қалатын жағдайларым бар.

 Бес ай болды «Сақ» этнотобын құрып жұмыс жасап жатыр- мын. Жалпы, ойға алған мақсатты дер кезінде ештеңеге қарамай, алаңдамай өз бетіңше тірлік жасап, жүзеге асырып жіберу ке- рек екен. Сəл кешіктің бе, қайталау сияқты қабылданады. Аты тарихи ат болған соң, тіпті киімдерімізден де сол заманғы сəн үлгілерін көрсетуге тырыстық. Сəнгерлермен де жұмыс жақсы жүріп жатыр. Тұмар ханшайымның киім үлгілерін көрсетіп, жалпы сақ заманына сапар шекпекпіз. Сосын жоғарыда айтқанымдай, жеке студия аштым, бұл да ұзақ жылдардан ар- ман болған тірлік еді. Бірақ мұның бəрі қиындықсыз болмайтын дүние, өйткені қыруар қаржы қажет. Ал қаржы табу, үнемдеп жеткізу дегеніңіздің əбден қажытатыны тағы бар. Мұның бəрін жинап қойғанда, өзіміздің ұлттық бояуы қанық, мəңгі өлмейтін қазақ əндерін насихаттауға деген махаббат бəрін де жеңіп тұр. Республикалық байқауларда жүлделі орындар алған жастарды шақырдық. Өйткені, облыс көлемінен аса алмай, на- сихатталуы жетпей жатқан таланттар қаншама? «Алтын дом- бырада» да Жүсіпбек Елебеков, Əміре Қашаубаев, Ғарифолла Құрманғалиев, Кенен Əзірбаев, Дəнеш Рақышов атындағы байқауларда бас жүлдеге ие болған əншілерді көпшілік жақсы

біле бермейді ғой, өйткені, ол концерттер теледидардан толық көрсетілмейді де. Міне, соларды көпшілікпен бір-екілі табыстырдық. Болашақта бəрін де қамтысақ па деген ой бар.

    •  Осы шаралардың бəріне, құпия болмаса, қаржыны қайдан тауып жатырсыз? Əнші Майра байып кетіпті дегенді жиі естиміз...

 – «Сағындырған əндер-айға» белгілі бір азамат көмектескен, алғашқы концерт болған соң елдің көңілінен шықсын, дұрыс болсын деп залға да, жарыққа да жоғары деңгейде қаржы төлегенбіз. Ал, негізгі демеушілерім – халықтың өзі. Қазақта байшыкеш жігіттер көп болғанымен, өнерге, қазақ сахнасы- на, мəдениетіне жаны ашитындар жоқтың қасы. «Алтын дом- быраны» қоятын шығармын, шаршадым, басқа-басқа емес, қаржы мəселесі шаршатты деп ойлағанмын. Қазақтың ме- ценат жігіттерінің бірі Нұртай Сабильянов уəде беріп отыр, сондықтан «Алтын домбырамен» қоштаспайтын сияқтымыз.

 «Жақсы сөз жарым ырыс» демекші, əлгі «байып кетіпті» деген сыбыс болса да жүрекке жылы естіледі екен. Мүмкін, концертті жиі өткізіп тұрғандықтан айтылған болар, ал кон- церт өткізіп байиды деген тіпті бос сөз. Оны ұйымдастырып жүргендер жақсы біледі. Мен үшін ең бастысы, ұйымдастырған шараның өзін-өзі ақтауы ғана. Ал енді артылып жатқан жағдайда киім үлгілері мен сапа жағына жұмсар едім. Сондықтан тағы да айтқым келеді, менің демеушілерім – тыңдармандарым. Қолдаушым да, жебеушім де – халық! Халық аман болса, қазақ əндері де өміршең!

– Осы күні билетті қолдан үстемелеп сатушыларды тоқтауға болмай ма?

 – Ол енді айтыла-айтыла жауыр болған мəселе. Тоқтамайды, оны тоқтатса тек сарай əкімшілігі ғана тоқтатуы мүмкін. Менің ойымша, бұл «жең ұшынан жалғасқан» тірлік. Ең сорақысы өткізе алмағандарын концерт басталатын кезде қайтадан кассаға өткізіп тастайды екен.

 Бұрын теміржол бойында да осындай тəртіпсіздіктер болды да, қазір тыйылды ғой. Қолға алса нендей жағдайды да рет- теуге болады, тек құнттамаймыз. Мамыр айында Республика

сарайында күрделі жөндеу жұмыстары жүреді де, екі жылға жабылады. Осы аралықта басқа залдарға ауысамыз, мүмкін жағдай басқаша болатын шығар.

– Қазіргі қазақ эстрадасында ортақ бір байланыс жоқ сияқты, əншілерге ортақ ұйым, ортақ мекеме керек-ау. Бұған қалай қарайсыз?

 – Шын мəнінде, біртұтастық, бірауыздылық, ұйымшылдық жоқ. Бізде театр қоғамы бар, композиторлар қоғамы бар, жазу- шылар одағы бар, неге əншілер қоғамын құрмаймыз деп айтып жүрміз.Зейнетке шығып кеткендерге қамқорлық жасап, аға буын əншілерге өзімізге ішінара көмек көрсетіп, бір жағынан сауапты іс жасап, қажетін өтеп отырсақ болмас па? Біздің елімізде тек спортшыларға ғана аса көңіл бөлінеді де, жүлделі орын алып келсе тіпті, бір-екі бөлмелі пəтер беріп жатады да, өнер адамдары үнемі сырт қалып қояды. Қаламыздың түкпір- түкпірінде пəтер жалдап жүрген жас əншілеріміз қаншама? Егер əншілер қоғамы болса, солардың жоғын жоқтап, барын қадағалап отырар едік. Тағы бір жаныңды ауыртатын мəселе,

«Ұлытаудай» əлемге əйгілі топты өмірге əкелген, қазақтың термесін алғаш эстрадамен орындаған Қыдырəлі Болмановтың ешқандай атағы жоқ. Талайдан елді тамсандырып келе жатқан Сəуле Жанпейісованың өзі осы таяуда ғана алды. Ал осылар- дан кейін, қаншама жыл кейін сахнаға шыққандар атақ алып, еңбек сіңірген əншілер атануда. Егер əншілер қоғамы болса, өз рет-ретімен ұсынылып, бағаларына қарай сый-сияпатын, атағын алып жатар еді ғой. Біздің алдымыздағы толқын, кейінгі буын, одан жас буынның басын біріктіріп ақылдастар алқасын құрып, тиянақты жұмыс жасауға болады, əрине.

 Ал қазірше шашырап жүргеніміз рас. Қазақ эстрадасы мен Қазақстан эстрадасы болып жүргеніміз де рас. Одан да « шала» қазақ эстрадасы мен «таза» қазақ эстрадасы деген жөн болар еді. Қазақша таза əн айта алмайтын, шала қазақтар өздеріне Қазақстан эстрадасы деп айдар тағып алған тəрізді. Оның ішінде аты-жөні белгілі, танымал бірен-саран əншілеріміз де бар, сол «шалалықты» мəдениеттің асқан түрі санап, өздеріне риза. «Сағындырған əндер-айда» осындай бөліну болма-

сын деп, «Перцы», «Кеш–Ю», «Мечта», «Орда», «Ринго»,

«ВиаНегри» топтары шақырылды. Сондықтан одақ құру ту- ралы ойды жүзеге асыру керек, бір бастасақ біраз шаруа тындыруға болар еді.

– Майра, сіздің бос уақтыңыздың жоқ екенін жақсы білеміз. Дегенмен, босай қалсаңыз немен шұғылданасыз?

 – Бір жасқа толып қалған Сұлтан-Əлі атты немерем бар. Аптаның жексенбісі қандай кезек күттірмес тірлік болса да тоқтайды. Балапаныммен қала аралаймын, қызым мен күйеу баламды ертіп тауға серуендеймін. Бүкіл шаршағанымды сол ғана ұмыттыра алады. Сосын кітапқұмармын.

– Сізді əнші ретінде, продюсер ретінде жақсы таныл- дыңыз. Ұстаздығыңыз тағы бар. «Жан анам» атты қоғамдық-қайырымдылық қор да құрыпсыз. Дегенмен, неге жалғыз бала тудыңыз?

 – Жанды ауыртатын сұрақ. Осы сұрақ алдымнан жиі шығады. Бірақ мен сұраққа ашық жауап беремін. Өмірімдегі үлкен бір қателігім де осы болды. Ол кезде пəтер мəселесі қиын, өзім студентпін, жолдасымның жалақысы аз. Балалар бақшасына орналастыру қиямет. Жетектеп жүріп сабаққа апа- ратынмын. Осының бəрі жүрекке тиіп қалды ма, пəтер алған соң деп жүргенде, менің атағым да біраз жерге барып қалды. Ел біле бастаған кезде шетелден-шетел асқан өнерсапарлары бас- талып кетті. Танымал бола бастаған соң, шақыру да көбейеді. Қойшы əйтеуір, қартаймайтындай жүре беріппіз ғой. Араға он үш жыл салып көтерген сəбиім шетінеп кетті.

 Қазір өзімнің əнші қыздарыма жиі айтатын болдым. Қыз баланың өмірге келгеннен кейінгі ең негізгі мақсат-мүддесі, ол

– асыл жар, ардақты ана болу, дүниеге ұрпақ əкелу. Ол мейлі кім болса да, əнші бола ма, қандай мамандық иесі болса да, алдында осы бір мақсатты жүзеге асыру міндеті тұру керек.

 Қызым бойжетіп, бойтүзей бастағаннан осындай бір қағидаларды құлағына құйып келемін. Тұрмысқа шыққаннан соң жұмыстан да шықты. Құдай бергенінше, нəрестелі болғанын қалаймын. Менің қателігімді қайталамаса екен деп тілеймін. Барым-байлығым Тоғжаным аман болсын!

 Осы бір олқылықтың орнын толтыру мақсатымен «Жан анам» деген қор аштым. Қордың тірлігі жақсы жүріп, жолға қойылса, көздері мөлдіреп жетімханада өсіп жатқан 15 бала- ны үкіметтің рұқсатымен алып, асырап, соларға мейірімді ана болғым келеді. Оны балалар үйі немесе жетімдер үйі деп атағым келмейді. Ол мүмкін «Қуаныш» үйі не болмаса «Əнші Майра ауылы» бола ма, қалай атайтынымды білмеймін, бірақ балалардың жүрегіне, көңіліне кірбің ұялатпайтын əдемі бір отау құрмақпын. Жазда гастрольдік жоспарланған жолсапарла- рым бар, күзге салым осы бір шараны қолға алсам деген үлкен ниет үстіндемін. Менің ол балаларым əрі өнерлі, білімді, шы- мыр да мықты болып шығатындай салауатты өмір сүретін бо- лады. Саны бар, сапасы жоқ балалар үйі емес, төрт құбыласы түгел, бар отбасында өсіп жатқан сəбилермен бірдей өмір сүретін балалар үйін құрып, кəмелеттік жасқа жеткізгім келеді.

ҒАЗИЗА ƏБДIНƏБИЕВА:

ӨНЕРГЕ КЕЛСЕҢ, ЖАРҚ ЕТIП ЖАНА БIЛ

 Кейде дидарласқың келген кейбiр кiсiмен əңгiмелесудiң сəтi түспей, ұзағырақ жүрiп алатының бар. Ғазиза апай да бiраздан берi ойда жүрген. Əсiресе, тоқсаныншы жылда- ры өнер əлемiне жақсы жол сала келген телесериалдарда Əбдiнəбиеваның ерекше қолтаңбасы бар екенiн өнер сүйер қауым ешқашан ұмытпас. Актрисаны жақсы бiлетiндер əлi күнге «тетя Роза» деп атайтынын да талай құлағымыз шалып қалғаны бар.

 Ол кiсiнiң бiзге ұнаған айрықша бiр қасиетi – өзiнен гөрi өзгелер: əрiптестерi, қатарлас-сахналастары жайлы көбiрек айтқанды жақсы көретiнi ерiксiз тəнтi еттi. Жаны жақсы адамдар əрқашан осындай ғой.

 Қазақстанның еңбек сiңiрген артисi, «Құрмет» орденiнiң иегерi Ғазиза Əбдiнəбиеваны сырттай жақсы бiлгенiмiзбен, бұрын-соңды шүйiркелесiп көрмеген актрисамыз едi. Кабинетiне кiргенiмiзде диванның үстiнде жатқан юбканы қолына алып иiскелеп қойды да:

 – Бiлесiң бе, мына юбка Сəбира апамның юбкасы, қасиетiңнен айналайын, өзiне ұқсап мол пiшiлгенiнің де пайдасын тигiзiп жатыр, – деп риясыз күлiп алды да əңгiмесiн жалғастырып кеттi. – Академиялық театрға ауысып келгендегi менiң бiр ұтқаным да осы болды-ау деп ойлаймын. Сəбира апам ойнаған спектакльдерде ойнай бастағаным, сол шығармаларда ол кiсi киген мына киiмдерiнiң менiң қолыма түскенi, бəрi де тегiн емес. Сəбира апамның юбкасы театрда менен басқа ешкiмге шақ келмейдi. Əлi күнге құлағымыздан даусы кетпейтiн ерекше дарын иесi. Сəбира Майқанованы еске алуға арналған биылғы

«Театр көктемiнде» сол кiсi ойнаған спектакльдер арасынан бас жүлденi жеңiп алып, жазда Анталияда дем алып келдiм. Бұл да болса «Жақсының шарапаты» болар.

 Ал, қазiр ұлттық бояуы қанық «Айналайын, немерем» атты телесериалға түсiп жүр едiм. Көрермен жақсы қабылдаған

«Ағайындылардан» есiмi жақсы таныс Ақан Сатаевтың басшылығымен түсiрiлiп жатыр. Иманжүздi, бiлiмдi əрi өте қарапайым жiгiт. Олай дейтiнiм, рөлде ойнап жүрген кез келген артистiң жағдайына қарай жұмыс жоспарлайды екен. Сосын, шығармадағы кейiпкердiң қысқа да нұсқа характерiн бiр жапырақ қағазға жазып қолыңа бередi, сол талаптан шығуың керек. Бұл жұмысты ұйымдастыра бiлудегi жақсы үлгi ғой, өзiме ұнады.

 Жалпы, өз басым қаншама киноға түсiп жүрсем де, театрдағы жұмысыма кедергi келген, не болмаса сұранып көрген жан емеспiн. «Перекресток» не «Саранчада» да бiрде-бiр рет театрдағы репетициядан қалып көрмеппiн. Киноға шақырған топқа осындай мiндеттеме қоямын. Келiседi. Қашанда театр сахнасы мен үшiн бəрiнен биiк.Осы жолы да жұмыс солай жүрiп жатыр. Түсiрiлiм таңғы сегiзден басталады.

Жастар театрында жиырма бес жылдай еңбек еттiм. Содан

кейiн төрiнде талай марқасқалардың iзi қалған, киелi шаңырақ

  • Əуезов театрына келдiм. «Жыртық үйдiң құдайы бар» деген- дей, əсiресе, Майқановадай ерекше дарын иесiнiң мол пiшiлген киiмдерi менiң алдымнан құт болып шықты. Сəбира апай- ды киiндiрген Əсия деген қыз бар. Жылына бiр рет апайдың киiмдерiн маған берiп қояды. Тозыңқырап қалған бiр етiгiн жөндетiп қойдым. Бiр етiгiн киiп жүрмiн. Мына юбканы да та- залатып, жыртылған жерлерiн өңдетiп, арасында маңдайыма басып тəбəрiктей тəу етiп қоямын. Толғанай-Сəбираның киiмдерi маған ғана шақ етiп тiгiлгендей. Соған бақыттымын. Жазушы Дулат Исабеков Сəбира апама арнап пьеса жазған. Сол

«Мұрагерi» 1978 жылдары жазылған дүние ғой, ол кiсi өмiрден өткен соң тоқтап қалған екен, мен келгеннен кейiн сахнаға қайта шықты. Оразхан Кенебаев қайта қойды. Қазақстанның еңбек сiңiрген артисi Бақыт Жанғалиева екеумiз ойнадық. Сəбира апайға ұқсамасақ та кейбiр тұстарда дауыс мəнерiне, сахнадағы жүрiс-тұрысына елiктеп қоямыз.

 Содан кейiн спектакльде режиссердiң, қатар ойнайтын актерлердiң көзқарастары, жылы қарым-қатынастарына көп нəрсе байланысты.

    •  Жастар театрында ұзақ жыл еңбек еттiм дедiңiз. Өнердегi сол алғашқы қадамыңыз жайлы əңгiме өрбiтсек...

 – Ол ендi тарихы тереңде жатқан, екiншi курста оқып жүргеннен-ақ табанымның ыстығы қалған сахна – жастар те- атры ғой. Өнер деген өзi адамға күш беретiн, желпiндiретiн, көңiлiңдi көтеретiн қасиеттi сала емес пе? Студенттердiң бəрi массовкаға қатысамыз. Əрi мамандығымызға бейiмделемiз, əрi бiр сомнан ақша төлейдi, соған мəзбiз. Сахнада əрi-берi жүгiремiз де жүремiз. Бiр күнi «неге мен жүгiре беруiм ке- рек» деп, жүгiрiп өткен топтан бөлiнiп, сахнада жан-жағыма жалтақтап қарап қалып қойдым да, сəлден кейiн соңдарынан тұра жүгiрдiм. Залда қарап отырған режиссер: «мына қыз кiм, маған шақырыңдаршы»,– дедi орысша. Өзiм бiрауыз орысша бiлмеймiн, түсiнбеймiн де. Қасымдағылар да аң-таң. Сөйтсем, əлгi қимылым ұнаса керек, «репетициядан қалмай, келiп жүрсiн» дептi. Содан театрдан шықпайтын болдым. Сөйтiп

жүрiп спектакльдегi жанама рөлдермен қатар, жеке бейнелерге қол жеттi. Үшiншi курста жүргенде «Махаббат неге оянбады?» деген спектакльде ойнадым. Бұл менiң алғашқы жасаған жеке образым.

 80-шi жылдары Арал жаққа гастрольде жүрiп, қиырдағы бiр ауылда бiр үйге тоқтадық. Мұғалiмдер отбасы екен. Сонда əлгi үй иелерi сол спектакльде танысқанын айтып, мыжылып қалған ескi билеттерiн көрсетiп, мəре-сəре болып қалдық. Менiң де жастау кезiм, əлгi билеттi, спектакльдiң программа- сын не болмаса əлгi жас жұбайлардың аты-жөндерiн жазып алмағаныма қазiр қатты өкiнемiн.

 Жастар театры болғаннан кейiн жас қыз-келiншектердiң рөлiн ойнап жүрiп, алғаш Əкiм Таразидiң «Жақсы кiсi» спектаклiнде Балзия деген ананың рөлiн ойнадым. Жанат Хаджиев қойды. «Алдымызда апаларымыз бар ғой» десем,

«қашанғы қыз болып жүре бересiң, саған бетбұрыс жасау ке- рек» дедi.

 Талай режиссерлармен қызметтес болдым. Болат Атабаев- тың қаталдығы, Əубəкiр Рахимовтың iскерлiгi риза етсе, ондағы қызметтес, сахналас болған актер-актрисалардың өнерiне қалай сүйсiнбессiң!? Күлəй Мұратəлиева деген ак- трисамыз болды, қос жанары шарасынан шығып кете жаздап сахнаның төрiнде отырғанда бiр керемет! Бибiза Құланбаева ше, аңыраған үнiн сол бойы қолдана алмадық та. Мəкiл Құланбаевтардың отбасы ғой, сондықтан да сахналастарымның əрқайсысының шығармашылық ғұмырымдағы əсерi мейлiнше мол. Мариям Жақсымбетова деген күн дидарлы актриса болды. Оның қайталанбайтын сұлулығы əлi күнге оны бiлетiндердiң жүрегiнде. Ақмаңдайлының өзi, сахнаға шыға келгенде төңiрегiне сəуле шашып, зал нұрланып кетер едi. Кейде ойлай- мын, солар жайлы қағазға түсiрейiншi деп, бiрақ қол тимейдi. Солардың жалғыз көзi Қасым аға қалды, бүгiнде ол да елеусiз. Сексен жылдығын атап өте ме, өтпей ме, белгiсiз...

 Жастар театры – менiң жастық шағым, өмiрiмдегi ең бiр қимас кезеңдерiм өткен жер. Ұлылардың iзi – Жəкiбаев Қасым ағамнан басқа ешкiм қалмады, жүректi ауыртпайын деп көп

бас сұға бермеймiн. «Гамлеттi» Алтынбектей ойнаған ешкiм жоқ шығар. Əмина апам қандай керемет! Осылар жайлы тiптi кейде ауызға да алынбай жатады, iшiң ашиды-ақ. Өмiрiмнiң ең бiр қимас шақтары, бақытты кезеңдерi сол театрда өттi. Гүлжамал Қазақбаеваның бiр жақсы қасиетi бар, ол үнемi қойын дəптерiне жазып жүредi.

– Сiзден бiр байқағаным, өзiңiзден гөрi өзгелер жайында айтқанды ұнатады екенсiз. Бұл жақсы қасиет-ау...

  •  Қазақ айтады ғой, «Илегенiң бiр терiнiң пұшпағы» деп. Өнер деген үлкен бiр қасиеттi шаңырақтың астында, көрермендердiң қуанышына бөленiп жүргеннен кейiн, сол талғамы терең көпшiлiкке ұсынатын ортақ дүниелер үшiн тер төккен қайран аға-апаларымыздың жүрiп өткен бүкiл ғұмырлары үлгi-өнеге ғой. Ал өзiмнен кейiнгiлердiң бəрi сый- лап тұрса, өнерiңдi бағалап тұрса, бiлмегенiн сұрап тұрса, əрине, ақыл-кеңесiң жетiп жатса, бiрлесе жұмыс iстегенге не жетсiн. Театрда бiр бөлмеде «тұратын» Данагүл, Гүлшаттар маған дейiн де көрерменi қалыптасқан актрисалар. Бiздiң алдымыздағы толқын, тiптi керемет. Марқұм Шолпан апай Жандарбекова, Хадиша Бөкеева, Елебекова Хабиба апайлар ше? Шəрiпова Фарида апамның өнерi түгiлi, сахнадағы жүрiс- тұрыстарына əлi күнге ғашық болып келемiз. Сөйлеу мəнерi, дауысы, құлаққа жағымды үнi, кербез жүрiсiнен əлi күнге таймаған сұлу! Кейiпкерлерiмен бiрiгiп, тұтасып кететiн рөлдерi қандай! Əлгi кейiпкерлерiнiң образына кiрiгiп кеткендерi сон- ша, сөздерiн жаттап алғандары сонша, өз сөздерiмен толығып- толысып əдемi бiр иiрiмге түсiп алған. Өнердегi қара шалдар- ды айтпағанның өзiнде Сəбира, Бикен, Əмина апайлар, шын мəнiнде қайталанбайтын тұлғалар ғой.

 «Бiржан салдың» түсiрiлiмi кезiнде Хабиба апаймен Бурабайда он екi күндi бiрге өткiздiм. Əңгiмешiл-ақ. Таңды таңға ұрып əңгiме-дүкен құрамыз. Жiгiттерге əн салғызады. Сонда бiз кəдiмгiдей шаршап қаламыз, ал ол кiсi өзiн соншалықты сергек ұстайды. Тiптi қай жылы, қай күнi қандай спектакльдiң премьерасы қалай жүрдi, бəрiн жатқа айтады. Есте сақтау қабiлетiне таңғалдық.

 Сонау, тоқсаныншы жылдардың басында, тоқырауға ұшыраған заманда бiраз талантты азаматтарымыз театрмен қоштасып, күнкөрiс қамымен қызмет ауыстырып жатты. Бертiнде де бiраз қыз-жiгiттер, əсiресе, жiгiттер кетiп қалды. Дегенмен де, бүгiнде театрда əр толқынның өзiнше жас шама- ларына қарай қалыптасқан шығармашылық топтары бар. Қазақ өнерiн қалыптастырған, iргесiн қалаған небiр дарынды актер- лер жайлы күн-түн əңгiмелеуге болар едi, əрине...

 Бiз актрисаның əлденеге алаңдап, «Қазақфильмге» түсi- рiлiмге асығып отырғанын сездiк те, сұрағымызды теле- сериалдарға бұрдық.

– Өзiңiз тоқырау деп қалдыңыз, ал сол жылдары елiмiздiң төл туындылар қатары ұзын-сонар телесериал- дармен толықты. Бұл таза өнерге жата ма, əлде өмiрiмiзге күнкөрiс қамымен енген жаңалық па?

 – Əрине, өнер! Бұл тоқырау жылдарындағы халықтың əл- ауқатының төмендеп, елiмiздiң экономикасы ақсап тұрған өлiара кезеңде, халықтың көңiл күйiн басқа бiр жақсы нышандарға бөлу мақсатында ұйымдастырылған шаралар.

«Перекресток» орыс тiлiнде болғанымен, менталитетi таза қазақша жоба. Қазақи тəрбие, ата-əже, немере, келiн, күйеу бала орыс тiлдерiнде «сайрағанымен» тiрлiктерi, тек қалада өтiп жатқан оқиғалар дегенiңiз болмаса, таза қазақи тiршiлiк.

«Ағайындыларды» қалай төл туындымыз демеске, өйткенi, қазақтың ұлттық тəлiм-тəрбиесi, үрдiсi аңқып жатқан жоқ па?! Қазақтың қаны тасып жатыр, ағайындылардың бiр-бiрiне мейiрiмi, бауырмалдығы былай тұрсын, көршiлерiне дейiн қазақи ауылдың ғана емес, қалалықтардың да тiрлiгiне жақын əрi таза төл туындыларымыздан бiрде кем емес. Əңгiмелерi былай тұрсын, үй-жай, қора-қопсықтарына дейiн қазақтың тiрлiгi емес деп көрiңiзшi? Экранға көз салғаннан жүрегiң жы- лып сала бередi. Теледидардың да мүмкiндiгi мол.

 Қазiр «Айналайын, немерем» түсiрiлiп жатыр. Гүлжамал Қазақбаева, Бекжан Тұрыс, Кəдiрбек Елеусiзов жəне мен.

– Бүгiнде актер-əншiлер тойшыл деген пiкiрге қалай қарайсыз?

  •  Қай заманда да əншi-актерлер сал-серi болған. Оның үстiне, тойхана ма, театр ма, халықтың алдының бəрi сахна ғой. Той иелерiнiң өзi соны мəртебе санайтын жағдайға жеттi, «пəленшенiң тойында анау əншi болыпты» дегеннiң өзiне марқаятын қазақтар баршылық. Сондықтан мен үшiн əбестiгi жоқ.

– Сiздi комедияда да, трагедияда көрiп жүрмiз. Жа- ныңызға қай жанр жақын?

 – Мен негiзi трагикомедияны жақын көремiн. Жылап отырып күлiп, күлiп отырып ағыл-тегiл жылау дегенiңiз, жан дүниеңiздiң жаңаруы ғой. Бiрақ, өкiнiшке қарай, бұл жанр көп жазыла бермейдi, шығармалар жоқ болған соң қойылмайды. Өте сирек. Əрине,

«Ана-Жер-Ана», «Қаракөздiң» орны бөлек. Əркiм өзiнiң жаны- на жақын шығарма жазады ғой, өмiрге əкелген əр перзентiңнiң тағдыры да əрқилы болатыны сияқты, шығармашылық ғұмыр да дəл солай. Өз басым Сұлтанəлiнiң көркем дүниелерiн, əсiресе, арнау шығармаларын жақсы көремiн, жаныммен қабылдаймын. Таза сезiмге құрылған шығарма қай заманда да шынайы болмақ. Балғабаев сияқты драматургтер театрмен байланысын үзбесе, те- атр репертуарына жаны ашып, атсалысып тұрса, артистердiң де шабытына шабыт қосылар едi. Қазақ əдебиетiнде құнды дүниелер жеткiлiктi-ақ. Дегенмен, тiршiлiктен алыстап кетпейтiн сезiм, шынайы бауырмалдық, махаббат, өмiр жайлы туындылардың халыққа көптеп ұсынылуы қажет-ақ. Жалпы, өнер адамдары қос тағдырлы ғой, өз ғұмырың, сахнадағы ғұмырың. Тiптi, кейде екi жүрек бар сияқты деп ойлаймын.

– Əңгiмеңiзге қарағанда, театрда да, өмiрде де бақытты сияқтысыз. Өнер адамының бақыты неде?

– Əрине, қыз баланың өмiргекелгеннен кейiнгi негiзгi мiндетi

  • тұрмыс құрып, сəби сүю ғой. Тiршiлiктегi сəттiлiктердiң бəрi отбасынан бастау алатыны белгiлi. Өз ошағында бақытты адам қызметте де жолы болғыш, айы оңынан туып тұрады. Бұл жағынан менiң маңдайымның бағы бар актрисамын. Жолдасым да, ата-енем де өнерге жандары ауырып тұратын, түсiнетiн жандар болып кездестi. Ал балаларымды өзiмнiң кəсiбiме баулуға жүрексiндiм. Тiптi, сенсеңiз, бiрде-бiр рет театрға алып келмеппiн. Кейде бұл қылығыма өкiнемiн де, өйткенi, бойында

өнерге деген ынта-ықыласы бар адам өте əсершiл, адам жанын тез ұғатын, мейiрiмдi болып өседi. Ер балалар болған соң солай ұстанған болуым керек, кəсiптерi жаман емес. Дегенмен, кей- де бойларынан жылт ете қалған жасудай əсерлi қылық көрсем,

«əй, осыдан актер шығар ма едi» деп қалатыным бар. Өнердiң жолы өте ауыр екенiн сезiнгендiктен де, өнерге келдiң екен жарқ етiп, жарық жұлдыздай жануың керек деп ойлаймын. Ал жолың болмады екен, басқа кəсiп iзде. Ер-азаматтың отбасының тiрегi, асыраушысы екенiн ескерiп кейде ұлдарымның басқа мамандықты қалағандарына тəубе деймiн. Актер танымал бо- луы керек, барған, жүрген жерлерiнде бiреулердiң танып-бiлiп жатқанын жаның қалап тұрады...

 Өнер адамдарын ел бiлiп, халық танып жатқанымен де, еңбектiң еленiп жатқаны да жаныңа жылылық сыйлай- тыны ақиқат екенiне көз жеткiзгендей болдық. Өнердiң үш тармағында да өзiндiк қолтаңбасы қалыптасқан актрисаны Алматының жоғары жағында орналасқан

«Қазақфильм» ғимаратына дейiн шығарып салып тұрып, өнердегi өмiрiнiң ұзақ болуын тiледiк...

СЕН МЕНІҢ ӨМІР ГҮЛІМСІҢ...

 «...Ол маған бар асылын сыйлады. Керемет сұлулығын қиды. Ғажап əнін тəрк етті. Өз ғұмырын арнады. Жанұяма алтын босаға болып бекіді. Бақыттың, барлықтың қазынасы болды. Ырыздығымның молдығын, байлығын тасытты. Мақтан тұтар ұл, көзге көрік қыз əкелді дүниеге. Балдай тəтті немерелер өрбітті маңайыма. Бағымды, сағымды көтерді. Мерей-беделімді өсірді. Асқақ етті. Шамама лайық аспандатты. Адамдық адал қасиетімді тəрбиелеуге тырысты. Парасатымды биіктетуге күш салды. Жамандығымды жа- сырды. Жақсылығымды асырды...»

 Бұл, қазақ сөз өнері, қазақ журналистика саласын- да жүрген кез келген əріптестер ұлағатты ұстаз деп қабылдайтын, сүрген ғұмыры, жасаған игі тірліктеріне көз тоятын асыл ағамыз Əбілфайыз Ыдырысовтың

«Таңшолпан» романының алғысөзінен алынған тіркестер. Ер-азаматтың бақыты да сол əйелге, тағдыры жұптасқан қосағына байланысты екені көп ретте айтыла бермейтіні тағы бар. Дегенмен, сол ер-азаматымыздың тасының өр- ге өрлеуі, өмірде де, қызметте де жолының болуы осы отбасындағы, ошақ қасындағы жарына байланысты екені айдан анық. Əбілфайыз аға мен ол кісінің жұбайы Заря тəтейді білетіндер «Бүгінгі күннің қыз Жібек пен Төлегені» деседі. Бір-бірінің қадір-қасиетін білетін, білген үстіне сүйе түсетін, сыйлай түсетін бақытты жұптар, міне, соңынан ерген жас ұрпаққа осындай тəлім-тəрбиеге ұмсындыратын əдемі сөздер қалдырса керек. Өз əулетіне ғана емес, осындай ойлы, ұстамды махаббаттары арқылы төңірегіне де шуақ шашып келе жатқан осы бір келісті көркем жұппен əңгіме-сұхбат құру, əрине, əсерлі болары сөзсіз. Алматының əсем кештерінің бірінде, Əбілфайыз ағаның жарты ғасырдан артық қосағы болған сұлу да кербез Заря тəтеміздің құрт қосқан ыстық сор-

пасын ішіп отырып əңгіме, тіпті, қыза түсті.

  •  1993 жылдың сəуір айы менің бақытты ғұмырымдағы көлеңкесі қалың, көлегей жағы басымдау күндер болып енді. Əбекең төсек тартып жатып қалды. Мен: «Ей, тағдыр, өте бақытты ғұмыр сыйлап едің, енді жарты жолда не болғаным, азаматымнан айыра көрме» ,– деп егілдім күндіз-түні...

Заря апайдың əдемі жүзіне лезде мұң ұялап шыға келді. Жанарына келіп қалған мөлдір тамшыларды көрген Əбілфайыз аға əңгіме арнасын лезде бұрып жіберді.

  •  Шынымды айтсам, таңылып жатқан төсектен осы тəтелеріңнің сызылта салған əні тұрғызды. Оны естіп-біліп жүрген де шығарсыңдар, бұл кісі керемет əнші ғой... Əн сұрасақ қайтеді, – деп бізге жымия қараған ол кісінің жүзінен жарын сол бір жанына батқан ауыр күндердің елесінен арылтқысы келіп отырғанын аңғару қиын емес еді.

 Мейірімді, жүрегі де жаны да нəзік Заря тəтей де тез жина- ла қойды да:

 – Мен онда үнтаспаға жазылған, Ерланым жаздырып бер- ген əндерді жаймен қосып қояйын, – деп орнынан сырбаз көтерілді.

 Əн! Қазақтың махаббат, қиссаларындағы аңызға бергісіз ессіз ғашықтық! Тұла бойыңды елжіретіп, алпыс екі тамырыңа қан жүгірткен осындай құдіретті сезімге толы қазақтың халық əндері-ай, шіркін! Əн бар да оны орындау- шы бар, əрине. Бұл ретте, үнтаспаға əлсіз ғана ыңылдап қосылып отырған осы бір сүйікті жардың аппақ жүзіне қарап, əлі де əлгі бір əңгіме-естелік əсерінен арыла алмай отырғанын сезіндік. «Еңліктің қоштасу əні» бізді əдемі бір күйге бөледі. Халық əні «Жалғыз арша» ше? Тыңдайтын құлақ қана емес, үлкен жүрек керек əндер ғой бұлар. Ақан серінің «Қараторғайы» ше! Ойпырмай дейсің, сөзі қандай, əуені қандай! Жаныңды рахат бір сезімге бөлейді...

 Біздің де əнге тербеліп, əлдебір сағыныш-сезімге алда- нып қалғанымызды байқаған Заря тəтей əңгімесін қайта жалғастырып əкетті:

 – Емханада жатқанда аяқ жағына қосымша төсек қойдырып, қасында жаттым. Дəрігерлер: «Өзіңіздің де қан қысымыңыз көтеріліп тұр, үйіңізге барып, дем алыңыз» дейді, бармай- мын. Сол жатқаннан екі ай жатып, аман-есен үйге де келдік-ау. Отбасына келген соң тіпті көңілденіп, бала-шағасының ортасына қайта түсіп, өмірге қайта келгендей көңіл орнына түсті-ау!

 Қуанышы мен қайғысы қатар жүретін ғұмырға не өкпе айтарсың?! Құдайға шүкір, бұл күнде бəрі де артта қалды. Сабағын беріп, əлі күнге университетте қызметін жалғастырып отыр. Қолынан қаламы түскен жоқ.

 1997 жылы ұлы Мұхтар Əуезовтің 100 жылдығы қар- саңында ауырып жатып, түсінде ғұлама жазушыны көріпті.

«Елдің бəрі мен жайлы жазып жатыр, сен неге үнсізсің. Жанымда жүрген шəкіртім едің, жаныңдағы жолдастарың да жақсы еді» депті.

Түсін айтқан сəтте ішімнен тəубе жасап, қатты қуандым.

Қазақтың Мұхтары «тұр орныңнан, қаламыңды ал қолыңа» деп тұр ғой, жазылып кетеді екен, қолына қаламын қайта ұстайды екен деп қуанып, білдірмей егіліп жылап жүрмін. Есікке алаңдап, менің көңіл күйімді бақылап қана жататын Əбекеңе білдіргім-ақ келмейді. Ыңылдап əн айтамын. Ағаларыңның жаңа айтып жатқаны сол ғой...

 Əлгі түстен кейін-ақ Əбекең ширай түсті. Қолынан қаламы түспеді. Жүзіне де шырай кіріп, сырқатын ұмыта бастады. Оған, əрине, мен де шексіз қуандым. Сол шабытпен «Таңшолпан» шықты. «Сыр мен шындық» жазылды. «Мұхтар Əуезовке іңкəрлік» деп аталатын 9 новелладан тұратын кітабы шықты. Əбекеңнің шəкірттерінің бəрі жақсы, дегенмен айналайын Мұхтар балам (Құл-Мұхамед)ағаларың ауырып жатқан жылда- ры көп демеу жасады. Дүниеде жаның қиналған кездегі жылы лебіздер, қарым-қатынастан асқан ештеңе жоқ. Мұхтардың сол тұстағы əрбір шалған қоңырауы, амандық сұрап елпілдеген бала көңілі мерейімізді өсірді.

 – Ағамыздың сізді қалай жақсы көретінін, сыйлайтынын білеміз. Ал, Ерлан балаңыз анасын қалай еркелетеді екен?

  •  Балам сұлулықты жаны жақсы көреді. Сондықтан бо- лар, менің үнемі жақсы киініп, əдемі, жинақы жүргеніме көзі үйренеген.
  •  Анасы дегенде Ерланның құрметі шексіз. Көңілінен де, көзінен де таса еткісі келмейді, – деп əңгімеге Əбілфайыз ағаның өзі араласты.

 – Сізді ұстаз ретінде жақсы көреміз, сыйлаймыз. Бүгінгі əңгіме тізгінін махаббат, отбасы жайына ауыстырсақ...

Біздің сұрағымызды Заря тəтей:

  •  О, маған ағаларың бір көргеннен ғашық болған, – деп бөліп жіберді. – Маған алғашқы жазған открыткасында «мы- нау дала гүлі, сен менің өмір гүлімсің» деген сөздері мені де бейжай қалдыра алмады. Ол кезде жастар бір-біріне открытка сыйлаушы еді ғой. Сол ғұмыр бойы бойтұмарым болды.
  •  Иə, онысы рас! Бұл 1953-54 жылдар болатын. Таяуда сол бойтұмарын жоғалтып алып, үйде кішігірім « азамат соғысы» бас- талып кете жаздады, – деп күлді Əбекең жарқылдай. – Абырой

болғанда, тез табылды. Біздің осы уақытқа дейінгі жұптасқан ғұмырымыз талай айтылып та, жазылып та жүр. «Таңшолпанда» да бүге-шігесіне дейін айтылған. Төрт томдық жинақтың бірінші томы қалай танысқанымызға, қалай қосылған жылдарымыз, екінші томда жас жұбайлық ғұмырымыз айтылған..

 Университетті бітірген жылымыз, пəтерде тұрамыз. Ізтай Мəмбетов деген ақынмен бірге тұрдым. Жігітпіз, жар сүйгіміз келеді. Ахметбек Дəуренбеков деген кластас, өзі журналист жолдасым болды. Топтасып жүреміз. Ол кезде жастар театрға көп баратын. Газет-журналға бұрқыратып мақала жазамыз, қаламақы қалтада. Балалар үйінің тəрбиесін көрген, аштық пен тоқтықтың, барлық пен жоқтықтың қадірін біліп өскендіктен, қаражат үнемдеуді де білемін. Қызға аса жоламай, қашқақтай жүрген кезіміз. Сондықтан, өз басым алғаш ұнатқан, алғаш сүйген қызым да осы тəтелерің деп сендіре аламын.

 «Қыз Жібек» операсы жүріп жатқан. Қанша көрсең де көргің келе береді. Тəтелеріңді де алғаш театрда көрдім. Қап-қара шашы төгілген, көзі мойылдай əдемі қыз жүректі дір еткізді. Ылғи бұрымды қыздар. Сол көргеннен бір жылға дейін жоғалтып алып, бір тойда қайта тауып алдым. Сондағы қуанғаным-ай, міне, содан бері біргеміз. Сол кеште сызылтып əн салды, мен де құралақан емеспін.

– Жалпы, əйел махаббаты, əйел сезімінен асқан құдіретті сезім жоқ шығар...

 – Жастық шақта болмады емес, сөз айтқан жігіттер бол- ды. Дегенмен, Əбекең өте салмақты, сабырлылығымен мені өзіне ғашық етті. Бізді танитындардың Қыз Жібек пен Төлеген дейтіні рас. Немерелеріміз де Қыз Жібек деп, Төлеген деп келе- междеп еркелетеді, – деп күлді Заря тəтей. Жаратқан сезімнің суығанынан сақтасын! Ерлі-зайыптылардың арасында сезім шынайы болғанда, сыйластық таза болғанда, адалдық болғанда ғана ғұмырлы, тұрмысы сəнді болмақ. Ер-азаматтың мойнын- да отбасының салмағынан басқа, қызметтегі жауапкершілік жүгі ауырлау болады. Ол жүкті жеңілдетуге, табысты болуы- на үйдегі отанасының да үлес-салмағы бірдей болуы керек. Бала тəрбиесі сияқты ер-азаматыңыз да үнемі қамқорлықты,

мейірімді тілеп отырады. Азаматын перзентіндей мəпелеген асыл аналарымыз аз болмаған ғой. Бір-бірін қолдап-қолпаштап өмір кешкеннен артық қандай бақыт керек. Бұл жағынан, Құдайға шүкір, ағаларыңыз екеуміз бақыттымыз! Отбасының берекесі де, мерекесі де – əйелде!

 Əйел махаббатынан, əйел сүйіспеншілігінен, оның ессіз ғашықтығынан асқан сезім де, сыр да жоқ. Ал, ол сырды, сол бір жұмбақ та құпия сезіміңді, өзіңді сүйгенге арнауың, ол енді бақыттың бақыты дер едім. Ерлі-зайыптылардың арасындағы тазалық,сүйіспеншілік, ол енді, тəлім-тəрбиенің бастауы. Ұрпағың ата-ананың арасындағы қарым-қатынасқа қарап бой түзейді, ой түзейді. Сондықтан үлкен махаббаттан алар үлгі- өнеге де мықты, күшті болмақ!

 Иə, əйелдің жанын əйел ғана түсінеді, оның жан дүниесіндегі буырқанған тəтті сезімді сезіну, ғашықтығын сезіну, оның сағынышын, мұңын түсіну, бірге қуанып, бірге мұңаю үшін де парасатты азаматқа жолығу кез келген пендеңізге бұйыра бермейтін тағдыр екенін де мойындауымыз керек. Қолда барда қадірін білмей, бір сəттік сезім шарапатына бөленіп, жарының жанын жаралап, əрі-сəрі күй кешіп адасып жүрген жандарға үлгі боларлық əңгіме нүктесін қойғымыз келмей, біз де əдемі бір сезіммен сыртқа шықтық..

ТАЛАНТ ПЕН ТАҒЫЛЫМ

Қазақтың алғашқы кəсiби режиссерлерiнiң бiрi Зəуреш Есбергенқызы жайлы эссе

 Шынымды айтсам, мен Сiз туралы тiптi бiлмейдi екем. Керiсiнше, Сiздi сыйлайтын, өнерiңiздi бағалайтын осы бiр жазушыны керемет жақсы бiлемiн жəне риясыз жақсы көремiн. Осынау заманды қаншалықты қатыгез,

мейiрiмсiз деп қабылдасақ та, қалың топтың арасынан дəл осы кiсiдей бiреуге шын жаны ашитын, қолынан келсе жақсылығын аямайтын, тiптi тағдырдың қандай соқпағына түсiп кеткен пендеңiз болса да iздеп жүретiн, ол жайлы дұрыс пiкiрлер қалыптастыруға ұмтылатын осындай, дəл Мағира апайдай адамды осы уақытқа дейiнгi ғұмырымда кездестiрмеппiн. Иə, мен бiлетiн жа- зушы Мағира Қожахметова үнемi адамзатқа iзгiлiк ойлап жүретiн, əсiресе, қазақ қыздарының қоғамдағы орны мен қызметiне аса жаны ауырып, солардың жоғын жоқтап, ба- рын асыра көрсеткiсi келiп тұратын жан.

 Жан апа, мен де Сiздi сол кiсi арқылы бұрыннан бiлетiн, танитын сияқты əсерде жүрмiн. Өзiңiздiң өнерге, қазақ өнерiне, оның iшiнде театр өнерiне қосып келе жатқан қыруар еңбегiңiздi сол кiсi арқылы саралап, қабылдағандай болдым.

 Сахна деген киелi де қасиеттi өнер төрiнiң əдемi ханшайы- мы болғаныңызды да жазушы аузынан естiп, елiмiздiң екi қиырында тiрлiк кешiп келе жатқан қос құрбының бiр-бiрiне деген сыйластығы, жанашырлығы, тiптi, жарасымды қарым- қатынастарыңызға iштей риза болдым. Егер мынау жұмыр жердiң бетiндегi тiршiлiк иелерiнiң бəрi дəл сiздердей ағынан жарыла тiлеулес бола алар болса, бiлмеймiн, онда дүние тек жақсылықтан тербелiп тұрар ма едi?!

 «Ол мықты əншi, талғамды режиссер, кербез актриса едi, бiрақ тым-тым қарапайымдылығы жеңiп кетедi». Бұл жазушы құрбыңыздың сөзi.

Егер Сiздiң М.Əуезовтің «Түнгi сарынын», С.Жүнiсовтiң

«Жапандағы жалғыз үйiн», Ə.Əбiшевтiң «Белгiсiз батыр», З.Қабдоловтың «Сөнбейтiн от», М.Горькийдiң «Соңғылар», Н.Хикметтiң «Елеусiз қалған есiл ер», бурят драматургы Қ.Шагжиннiң «Сандықтан шыққан шайтан», башқұрт драма- тургы М.Кəрiмнiң «Тау қызы» сияқты мазмұнды да күрделi спектакльдердi сахналағаныңызды бiлмесем, бұл пiкiрге қосылар едiм.

Егер Сiздiң «Қара қыпшақ Қобыландыда» – Қарлығаны,

«Айман-Шолпанда»Теңгенi,«Оптимистiктрагедия-

да» – комиссарды, «Жекпе-жекте» – əйел бейнелерiн шебер сомдағаныңызды бiлмесем, бұл пiкiрге қосылар едiм.

 Егер Сiздiң батыстың əн-серiлерiнiң əндерiн, əсiресе, Досаттың «Жамалын», Жылгелдi, Əдiл, Шолтаман, Өскiнбай секiлдi маңғыстаулық сал-серiлердiң, негiзiнен халық жəне халық композиторларының əндерiн орындаушы, насихаттаушы ретiнде бiлмесем, «Жадау көк», «Еркем-ай», «Қара қаншық»,

«Жылой», К.Күмiсбековтiң «Менiң далам», Ш.Қалдыаяқовтың

«Сыған серенадасын», Е.Хасанғалиевтiң «Асыл арманын» құлақ құрышын қандыра орындайтыныңызды сезбесем, тағы да құрбы пiкiрiмен келiспеуге болар ма едi?!

 Жоқ, Сiз қарапайым ғана тiрлiк кешпепсiз. Жаратқанның бойыңызға ата күшi, ана сүтiмен берген мол қасиеттердi Сiз тек бiр ғана өнер саласына сарқыпкелесiз. Ал, бұл қарапайымдылық па екен? Жо-жоқ, бұл жерде Сiздiң барға қанағатшылдығыңыз, жоқты iздеп сарылып таусылмайтыныңыз, ненi болса да өнерден күтiп, бойыңыздағыны өнердiң осы үш тармағына да қалай болса солай жұмсап келе жатқаныңыз, əрине, үлкен ерлiкпен тең дер едiк. Дегенмен, жазушы Мағираның осы- нау қиын да қызық өнер жолындағы Сiз секiлдi талант- ты, қабiлеттi, тума дарын иесiнiң осы күнге дейiн жарқ етiп жұлдыздай жарқырамай, елiмiздiң батыс өңiрiнен аса алмай, өзiнiң лайықты бағасына жете алмай келе жатқан ұзақ жылғы ғұмырыңызды аяған түрi, жаны ауырғаны екенiн де жанымыз- бен түсiнiп, жүрегiмiзбен қабылдадық.

 Əйтпесе, Құрманғазы атындағы консерваторияның режиссу- ра факультетiн, республикалық эстрада студиясының əн-вокаль факультетiн бiтiрiп, сонау 1964 жылдан тапжылмай осы салада еңбек ету, ол еңбектi бəлсiнбей, мiндетсiнбей халыққа қызмет ету деп санау тек Сiз сияқты қайсар қыздардың ғана қолынан келетiн тiрлiк. Режиссерлiк дипломды Жамбыл облыстық теа- трында М.Байжиевтiң «Əке тағдыры» спектаклiнен қорғаған, бүгiнде елiмiздегi акемтеатрының директоры болып отырған бiрге оқыған курстасыңыз Есмұқан аға Обаевпен А.П.Чеховтың

«Ваня ағайында» серiктес болып, сахнаға шығу, сол тұстағы, яғни алпысыншы жылдардың басындағы көрермен есiнде

əлi сақтаулы. Одан берi қарай жетпiсiншi жылдардың басын- да қазақ мəдениетi мен өнерiнде өзiндiк қолтаңбасы қалған мемлекет жəне қоғам қайраткерi марқұм Өзбекəлi ағамыз Жəнiбековпен бiрге Торғайдағы облыстық музыкалық драма театрының негiзiн қалаушылар қатарында да Сiздiң есiмiңiз ел есiнде, əлi ұмытыла қойған жоқ. Ұмытылмайды да! Өйткенi, бұл өнер ошақтарының бəрi тарих қойнауына сiңiп кеткелi қай заман, ал тарихты ешкiм де, ешқашан сызып тастай алмайды емес пе?!

 Жан апа, бəлкiм менiң бұл пiкiрлерiммен келiспессiз, мүмкiн менiң қаламым асыра сiлтеп жiбердi деп те сөгерсiз. Бiрақ...

 Ақтау қаласындағы Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында ұзақ жылдағы қызметiңiздi, Маңғыстау топырағынан шыққан тұңғыш кəсiби режиссер, актриса, əншi Зəуреш ЕСБЕРГЕНДI, шын мəнiнде, өнерсүйер қауым бiзден де жақсы бiлетiнiн, бiлiп қана қоймай Сiздiң өнердегi жолыңыздың əрбiр сəттi де сəтсiз кезеңдерiне жанда- ры ауыратындардың қатарына менi де қосып қойыңыз дегендi ғана айтқымыз келедi.

БАЛАДАН «БАҚСЫҒА» ДЕЙIН...

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы Несiпкүл ОМАРБЕКОВАМЕН əңгiме-сұхбат

 Сiздi ойлаған сайын менi бiр сағыныш керуенi сонау, сексенiншi жылдарға сүйрейдi...

 Иə, алғаш студент атанған 79 жылдың күзi. Алматыдай əсем қаланың белдi де беделдi жоғары оқу орнының студентiмiз. Сабақтан қол босай қалса, театрдан шықпаймыз.

 Бiрде сүйкiмдi құрбым Шырай Жамбыл облыстық қазақ драма театры келiп жатқанын, онда туған əпкесi Сiздiң де бар екенiңiздi айтып, жинала бастадық.

 Дүниежүзi мойындаған Шыңғыс Айтматовтың «Бетпе- бет« спектаклiнде Сiз аңғал да перiште сəби рөлiн ойнадыңыз. Алған əсерiмiз керемет.

Сонымен...

 Өзiңiз жақсы бiлесiз, Сiздiң туған сiңлiңiз Шырай екеумiз өте жақын құрбы болдық. Одан кейiн де талай Сiз қатысқан спектакльдердi, тiптi, Таразға барып та көрiп жүрдiк. Сiздiң теп- тегiс аппақ маңдайыңызға əрең-əрең сыйып тұрған тостағандай көзiңiз, əдемi танауыңыз, тiптi шабыттанып сөйлеген сөйлеу мəнерiңiз де, сылқылдай күлген күлкiңiз, сахнадағы кербез де керiм жүрiсiңiз сол сəттерде менi болашаққа сапар шектiрiп, жанымдағы жан құрбымның толысқан шағын көз алдыма əкелетiнмiн. Өйткенi, ол жылдарда Сiз небəрi отызда ғанасыз. Ал бiз тiптi жиырмаға жетер-жетпес жастамыз. Одан кейiнгi тағдыр жолы бiздi азапты да қайғылы кездерде жолықтырды. Сiз мейiрiмдi сiңлiңiзден, ал бiз сүйкiмдi құрбымызды жоқтап қала бердiк...

 Содан кейiнгi ұзақ жылдардан соң Сiзбен екiншi рет кездесiп отырмын. Əрине, көз алдымда мүлдем басқа көрiнiс, шексiз сағыныш кеулеген кеудемдi бiр мазасыздық басып отырғандай күй кештiм. Сiздiң мойныңыздан қыса құшақтап ағыл-тегiл жылаған он-он бес минут уақыт ғасырларға жетелеп кеткендей көз алдымнан жылдар жылжып, күндер зуылдағандай. Сосын бiр күлдiк, қайтадан көз жасымызға ерiк бердiк...

 Əдемi кездесудiң соңы осынау мақалаға жол салды. Ұзақ жылдар көрiспесек те, Сiздiң сахнадағы өмiрiңiз, өнердегi ғұмырыңыздан шет қала алмағанымды бiлемiн. Сондықтан да, осынау сағынышқа толы кездесу қағаз бетiне дəл сол күйiнде түскенiн қаладым. Өйткенi, Сiз қазақ өнерiн насихаттап қана қоймай, бүгiнде елiмiз түгiлi, шетелдерге де қазақтың ұлттық өнерiн, сол өнердi жасаушыларды мойындата алған кемелдi шағыңыздасыз.

 Бүгiнгi əңгiме арқауына айналып отырған Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы, Қазақстан Мəдениет қайраткерi Несiпкүл ОМАРБЕКОВА маған осындай жағынан да аса қадiрлi əпке саналады.

 – Иə, сендер онда баласыңдар. Сонда да менiң қуанышым- ды, сахнадағы қуанышымды бөлiсе алатын сезiмталсыңдар. Бiр-бiрiңе өте мейiрiмдi болдыңдар. Сол мейiрiм, тiптi екi жақтың да бауырларын бауырындай сыйласып, араласып ке- туге жетеледi ғой. Ол жылдар да артта қалды. «Орнында бар оңалар» дегендей, артынан ерген балаларының амандығын сырттай тiлеп, тiлеулес болудан басқа не амал бар?

 Бала демекшi, өз басым қырықтың бел ортасынан асқанға дейiн тек балалар бейнесiн жасадым ғой. Есiңде шығар, сахнада өмiр бақи бала болып кеткен өнер саңлақтары да жоқ емес тарихымызда. Ал, қазақтың өте бай əдеби шығармаларында аңғал да аңқау, арамдықты бiлмейтiн таза балалар бейнесi мiндеттi түрде кездеседi. Зорлық пен зомбылық, мейiрiм мен қатыгездiк қатар жүретiн қай заманда да жазылған көркем шығармалардағы балалар бейнесiн сом- дау оңайға соқпайтынын бiреу бiлсе, бiреу бiлмес. Өйткенi, сол ересектер секiлдi олар да болып жатқан оқиғалардан тыс қала алмайды ғой.

 1971 жылдың қаңтар айының 5- жұлдызында қазақ өнерiнiң ақсақалы Асқар Тоқпанов қызметке қабылдады. «Мына бала бiзге керек бала» деп аса жылы iлтипат-ықылас бiлдiрген-дi. Сөйтсем, жалпы өнерде жасөспiрiмдердi бейнелейтiн актерлар қажет дегенi екен ғой. Бiр жылдан соң ол кiсi Алматыға ауы- сып кетiп қалды. Басында Абай атындағы облыстық драма те- атры едi, кейiн облыстық қазақ драма театры болып аталамыз. Қырық жылдан астам уақыт осы театр қабырғасында, сахна- сында келе жатырмын. Бiр кезеңдер болды, театр залын толты- ра алмаған, тiптi актер-актрисалардың басқа бiр кəсiптермен айналысып кеткен кездерi болды. Басшылар да жиi ауысып жатқан күндер де болды. Ал ондай аласапыран сəттерде, əрине, тоқырау сөзсiз болады. Көппен бiрге менiң де қабырғама қатта батты. Өйткенi, сахнада сенi ғана бақылап, қадағалап отырған ешкiм болмады. Əркiм өз бетiнше əзiрленуге тырысты. Бiреуге өкпе айтып, ренжуге де болмайтын тiрлiк кештiк. Қазiр қалыпта түстiк. Дегенмен, бүгiнде де театр репертуарында «Ана- Жер- Ана», «Бетпе-бет» секiлдi дүниелер жоқ. Мұндай серпiлiс

болмаған соң, мен армандайтындай бейне де есiңе оралмайды екен. Қолдағы барымен базар болдық.

 Осы уақытқа дейiнгi мен сомдаған жасөспiрiмдер кiшкентай болса да жүректерiне мұң ұялаған, мына тiршiлiктiң iшкi психологиялық иiрiмдерiнен шыға алмайтындай күйлерi де бол- ды. Тiптi трагедиялық образды балалар да баршылық. Қандай жағдайдағы бала болса да менiң оң жамбасыма келiп тұрған кейiпкерлер едi. Ал, өмiрде өте кiрпияз, талғампаз адаммын.

– Атап өтсеңiз?

 – Шыңғыс Айтматовтың «Бетпе-бетiнде» Кiшкентай де- ген баланы, Дулат Исабековтың «Кiшкентай ауылында» он төрт жасар Перизатты ойнадым. Əсiресе, осы екi бала-об- раз менiң жан дүниеме өте жақын, сезiмталдығы, өмiрге көзқарастары жағынан өз бойымдағыны көргендей əсермен ойнап шықтым. Басқа көптеген кейiпкерлерiмнен гөрi осы екеуi өте ыстық. Одан кейiн Бақтияр Əбiлдаевтың «Айша- Бибiсiнде» Мəни ханымды ойнадым. Қытай ханшайымы, бiр ай Мəскеуде бiлiмiн жетiлдiретiн институтта оқып, тəжiрибе алмасып келдiк те, Шекспирдiң «Корол Лирiн» бiр институтқа барып қойдық та, мен Лирдiң кенже қызы Корделияны ой- надым. Мен ол кезде қырықтан асқан кезiм. Сонда Ресейдегi бiздiң кураторымыз,мəскеулiк режиссер Михаил Ежевейцин маған ұзақ қарап: мына кiсiнiң ойнау қабiлетiнiң шеберлiгiне лайықтап, шама-шарқына қарап ол кенже қызды он үш жасар етiп шығарамын,– дедi. Лайықты бағамды бердi.

 Өнердi сүймесек, өнермен ауырмасақ ғұмырымызды арна- мас едiк қой. Қазақ өнерiнiң бiр пұшпағын илеп жүрiп жатқан жайымыз бар. Сахнадан кетсек тiрлiк тоқтап қалатын сияқты... Ал қанша қабiлеттi, дарынды болсаң да сенiң ар жағыңда отағасы, отбасы, бала-шаға тұратыны тағы бар. Солардың тiрлiгiне араласа жүрiп, уақыттың қалай өте шыққанын да

аңғармай қалыппыз.

– Сiздiң «Бақсы« атты көркемфильмге түскенiңiзден де ха- бардармыз. Уақыт демекшi, шын мəнiнде киноға кеш келдiңiз ғой.

– Сөйтiп , сахнадағы «балалығым» алпысқа қараған шағымда

«Бақсыға» ұласты да кеттi. Рас айтасың, тым кеш, ал кеш болса да сол фильм менiң өмiрiме үлкен өзгерiс, тiптi бетбұрыс жа- сады десем, сенер ме едiң. Өнердегi ғана емес, шын мəнiнде өмiрiме, iшкi жан дүниеме əдемi бiр бұлқыныс ендi. Облыстың шап-шағын əдемi бiр сахнасынан Айға, аспанға–көкжиекке лақтырып жiбергендей əсерде жүрмiн десем, артық айтқандық емес. Мүмкiн, бұл кинотуынды əлдебiреулерге ұнар, ұнамас, халық өзi қалай қабылдаса да өз еркi ғой. Дегенмен, режиссер Гүлшат Омарова мен сценарийiн бiрге жазған əрi продюсерi Сергей Бодров түсiрген «Бақсының», яғни Айдайдың өмiрiме жақсы өзгерiс ала келгенiн жасырмауға қақым бар шығар. Фильм Алматы облысы Үңгiртас ауылында тұратын протатип Би-Фатима əжемiздiң қасында үш күн, үш түн түнеп жатып, одан төрт ай бойы түсiрiлiм алаңдарында кеткен уақытыма өкiнбеймiн. Ал, жалпы бақсылық қазақ халқының дəстүрiнде бар ырым-жырымдар атауларының бiрi болған. Қанымызда бар қасиеттiң бiрi деп те айтуға болар.

 Өнерде байқау болғанмен, бəсекелестiк, бақастық болмауы ке- рек деп ойлаушы едiм. Мұндай қақтығыстар да болды. Дегенмен, өзiмдi өте салқынқандылыққа жеңдiрiп, осы уақытқа дейiн iшiмде томаға тұйық қалыппен ғұмыр кешiп келе жатырмын. Өз басым əлдебiреулерге көзтүрткi болатындай керемет басты рөлдерде ойнауға талаптанған да, ұмтылған да жоқпын. Сондықтан өнердiң алдында, сахналастарым алдында арым таза.

 Киноға шақырған да мəскеулiк «Еурази» жасөспiрiмдер компаниясы. Оның алдында Əмина Өмiрзақова жайлы деректі фильм түсiремiз деп, театрға келiп кеткен-дi. Өзiме сенiмсiздеу болдым, өйткенi, өнердiң серiлерi шоғырланған Алматыдан таба алмай қалып па екен деп ойладым да қойдым. Ал, киноға түсудi армандамайтын актер-актриса болмайтын шығар. Жас та кетiп бара жатыр. Сонда түсiрiп жүрген жiгiт: «Сiз құдай бұйыртса осы күзде жұлдыз болғалы тұрсыз« дегенi. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген күлiп алдық та, мəз болып қала бердiк. Бұл жылдың басы болатын. Бiрнеше ай өткен соң «тезiрек театрға жетiңiз, кинодан кiсiлер келiп тұр», – деп хабарласты. Шынымды айтсам, аяғым тартпай əрең ұялғаннан бардым.

Менен басқаларды түсiрiп болып, далада күтiп тұр екен. Өнер институтында сабақ беретiн Əнуар Райбаев деген жiгiт екен. Басында Əмина апайға түседi екенмiн деп қалдым. Сөйтсем, жоқ, сiз басқа «Бақсы« деген киноға түсесiз дейдi.

  •  Ой бай, бақсы кемпiр түгiлi мен əлi күнге дейiн сахнада кемпiр болып көрмеген адаммын, – деп без-без етiппiн.
  •  Ештеңе етпейдi, мына бiр-екi көрiнiстi қағаздан оқып берiңiзшi, – деп ол тұр.

 Театрдың алдындағы көкте отыра қалдық та оқып шықтық. Бiр апта өттi ме, жоқ па, шақыру келiп тұр. Үйдегiлермен, əрiптестерiммен ақылдасып едiм, олар «бар, бар» деп қоймады. Солай келiскенмiн. Студияға жүрексiнiп кiрсем, небiр бақсылар толып жүр. Əлем-жəлем киiнген,бiрiнiң қолында домбыра, қобыз, баян ұстаған түрлi-түрлi бақсылар... Көптеген түсiрiлiмдерден кейiн маған тоқтап, бекiттi.

 Маған киноға түскендегi ең қиналған кезiм шашымды кесетiн тұс болды. Елуден кейiн, сахнадағы «бала кейiптен»

«əйел-ана» кейiпке көшiп шаш өсiрiп жүргенмiн, əжептəуiр өсiп қалған шашым үшiн күрес басталды да кеттi. Тырысып отырып алдым. Бiрақ келiсiмшартқа қол қойылып кеткеннен кейiн түсiрiлiм алаңында бəрiбiр олармен келiспеске бол- мады. Қан қысымым көтерiлiп кеттi. Топтағылардың естерi шығып кеттi. Шаштың кесiрiнен қасымда дəрiгерiмiз бiрге жүрдi ғой. Түстен кейiн «Əулиеағаш« деген қасиеттi жерге ба- рып, шырақшы кiсiнiң батасын алып, Құран оқытып, түсiрiлу рəсiмiн жасадық. Кейiннен бəрi естерiне алып күлiп, менiң таза қазақи қылығымды айтып мəз болып жүрдi.

 Шыны керек, маған киноға түсу оңай болған жоқ. Қиналдым. Актриса ретiнде емес, жарқылдаған камераның алдында бəрiбiр бiр беймазалық бойыңды билейдi екен. Кейбiр жай көрiнiстердiң өзiнен шатасып, дегбiрiм қашқан сəттер де болды. Бiрақ тез бейiмделiп, образға тез ендiм. Оның үстiне Гүлшат Голландияда тұрады екен, көптеген көрiнiстерде қазақи ұғымдарға өзiм де түсiнiк беруiме тура келдi. Ол ұсыныстарым продюсер мен режиссердiң көңiлiнен шықты. Өйткенi, мүмкiндiгiнше халыққа түсiнiктi болуы үшiн менiң де үлесiм бар ғой, сондықтан да кейбiр

тұстарда жылап та алған кездерiм болды. Бiрақ келiсiмге тез келудiң, бəрiмiздiң көздегенiмiз бiр мақсат болғандықтан келiсiп пiшiлген дүние жарыққа шықты. Ал дайын дүниенi көрген кезде қатты қуандым.

– Өкiнiш-ренiш ұмытылды дейсiз ғой...

 – Негiзi бұл кино Түркiстан қаласында Иассауиде түсi- рiлмекшi болған. Бiрақ жөндеу жұмыстары жүрiп жатты да, Бұқараға барып түсiрiлген ғой. Соған ғана өкiндiм, өзiмiзде түсiрiлгенде мүлдем басқаша болар ма едi деген бiр ой көңiлде қалып қойды. «Əттеген-айым» осы болды. Ал, актриса, басты кейiпкердi ойнаудағы қабiлет-қарымыма, жеткiзе алғаныма ки- нодан кейiнгi мақтау сөздер, жылы пiкiрлер қуантты.

 «Ең үздiк əйел образы», «Ең үздiк образ» үшiн Ресей, Чехословакия жəне Австралия сияқты iрi мемлекеттерден сыйлықтар алдым. Кейiн 1998 жылдың желтоқсан айында Дубайда өткен халықаралық кинофестивалiне барған сапарым- да да өте риза болып қайттым. Ондағы кездесулерден алған əсерiм ерекше болды. Елге оралған кезде көптеген таныста- рыма «Қырық жыл театрдан көрмеген жақсылықты қырық күнде кинодан көрдiм» деп айттым. Пендешiлiкке салынып артық кетсем, Жаратушым кешiрсiн, ал шын мəнiнде солай болғаны ақиқат! Сол шетел сапарларындағы маған көрсетiлген құрмет, бiздiң халықтық өнерге, елiмiзге деген көзқарас, iлтипатты көргенде қуаныштан көзiме жас келдi. Алматыдағы көрсетiлiмде де жақсы қабылданды. Киногер Сергей Əзiмовті бiрiншi көруiм, сол кiсiнiң өзi: «Бiлесiз бе, сiз қазақ өнерiндегi əйелдер галереясына жаңа бiр əйел образын енгiздiңiз» деп құттықтады.

 Кинода талап та қатал екен. Əрбiр минуттың есептеулi. Уақыттың қадiрiн сезiндiм. Тiптi режиссер Гүлшат Омарованың қазақ мəдениетi мен өнерiнiң жанашыры болған Iлияс Омаровтың немересi екенiн бiлгенде, «алтынның сынығымен» бiрге жұмыс iстегенiме шексiз қуандым. Тектiнiң ұрпағы екенiн, өзiнiң туған халқының өнерiне атсалысып жүрген қаршадай ғана қазақтың қара қызының қайсарлығына таңғалдым. Риза болдым. Қазақ қыздарының қабiлеттi, сауатты, талантты екенiнде дау жоқ, əрине.

– Биыл Тəуелсiздiгiмiздiң жиырма жылдығы аталып өтпекшi. Тəуелсiз елдiң тəуелсiз өнерiне көзқарасыңыз?

 – Өнерде бəсекелестiк болғанмен, тəуелдiлiк болмауға тиiс. Өнер халықтыкi. Өнер, ол – менiң тағдырым! Ал тағдыр де- ген бiр пендеңiздiң бүкiл бiр ғұмыры дейтiн болсақ, ол жолда қуаныш пен қайғы, бiрде жарық, бiрде көлеңкесi қалың болуы əбден мүмкiн.

 Көркем өнерде, бəлкiм ескi көзқарас деушiлер табылар, де- генмен, жүректi селт еткiзер дүниелер жоқ. Атыс-шабыс, қан- жоса, əкесi баласын, баласы анасын өлтiрiп, «рахат« өмiр кешiп жатқан шетелдiк туындылар басым. Бұл менiң жеке пiкiрiм деп қабылдарсыз, Ар жағына бармай-ақ, Əзағаңдар, Əзiрбайжан Мəмбетов, Маман Байсеркенов сияқты мықты режиссерлер жетпей жатқан тəрiздi.

– Сонда сiздiңше, əдеби көркем дүниелер бар, театрлан- дырылуға шама жетпей жатыр деп ойлайсыз ба?

 – Əрине, қазақ əдебиетi өте бай, құнды да шежiрелi ту- ындылар баршылық. Ал мықтылар азайып бара жатыр. Мұқағали, Төлегендер, Əуезов пен Мүсiреповтер бүгiнде көздерi жоқ болғанмен, басқаны қайдам, өз басым қиналған сəттерiмде солардың шығармаларын оқимын. Оқимын да, қайта «тiрiлгендей« боламын. Аттары аталмай қалса айып ет- пес, дəл осындай қаламгерлердiң сахнаға сұранып тұрғандары қаншама?! Дегенмен, үмiт үзуге тағы болмайды.

– Соңғы жылдарда сахнаға аз шығасыз-ау деймiн...

 – Иə, сол кинодан кейiн Сəкен Жүнiсовтiң «Қысылғаннан қыз болдым» туындысында Сəбира деген рөл тидi. Сахнаға көп шықпасам да, бос уақытым тек қана өнерге, өнер туындылары- на арналады.

– Əйел затына өнердiң көшiнде жүру аса оңай шаруа емес. Дегенмен, жолдасыңыз Асан мен қызыңыз Перизат та осы салада жүр емес пе?

  •  Иə, жолдасым Асанмен талай жылдарым бiр сахнада өттi. Перизат болса да бишi, «Қазақконцерт« бiрлестiгiнiң беделдi бишiсi. Басында қарсы болмап едiм, қазiр жылдар өткен сайын өкiнген кездерiм де болады. Өйткенi, бишi болу үшiн үнемi бiр

қалыпта, түзу де сымбатты болу заңдылық. Қызымды өнерге байлап қойғандай сезiнемiн. Бiрақ мың бұралып билейтiн

«Алтынайын», «Айша Бибiсiн» көргенде масаттанып-ақ қаламыз. Өнер жолы қаншалықты қиын болса, соншалықты қызық та!

«ТІРЕГІМ – НАРҚОБЫЗЫМ» , –

дейді Қазақ кинематографистерінің

«Құлагер-2009» байқауында

«Келін» киносындағы ене рөлі үшін «Жылдың ең үздік əйел рөлі» сыйлығының иегері Тұрахан Садықова

 Биылғы қыс ақбас Алатау түгілі, əсем Алматының өзін аппақ қалың көрпеге орап тастады. Сарыарқаның қытымыр аязы солтүстіктен оңтүстікке баяу көшкендей. Қала тұрғындарын əжептəуір əбігерге түсірген ақпанның ызғары менің есіме балалық шағымды түсіргендей, əдемі бір күй кешіп келе жатып барар жерімізге де жетіп қалыппыз.

 Талғар ауданының Тұздыбастау кентінен өткеннен кейін жолдың сол жағында орналасқан шағын ауыл тым-тырыс, ал- дымыздан шəуілдей шыққан күшіктерден басқа жөн сұрайтын тірі пенде көрінбейді. Мүмкін, жұмыста болар. Іздегеніміз – Құрманғазы көшесінде тұратын актриса Тұрахан Садықова апайымыз. Ақпан айының 27 жұлдызында қаламыздағы «Кино үйінде» 70 жылдығын атап өткелі отырған актриса тым ширақ, тың көрінді бізге.

 – Қаланың у-шуынан қашып, өзімнің туып-өскен жерім Қарасазға табиғаты қатты ұқсас осы жерге қоныстанып жа- тырмыз,– деп есік алдынан жайраңдай қарсы алған актри- са Талғар тауының жоталарына алыстан аңсары ауа қарады. Шамалы күнде жетпіске толатын ана-актрисаның ойына қимас сағымға айналған балалық шағы, өскен ортасы түскені анық.

Жасаураған көзін əдемі барқыт халатының жеңімен жеңіл си- пап өткен ол бізді үйге бастады.

 Қоңыр ғана тірлік кешіп отырған қоңырқай үйдің табалдырығын аттай бере біздің де санамыздан туған босағаға деген сағыныш жылт етіп барып, жүрегімізді сыз- датып өтті. Пеш түбінде пысылдап жатқан ала мысыққа дейін ауылдағы берекелі де бейғам тірлікті көз алдымыздан өткізе төр бөлмеге жайғастық. Жайғастық та жан-жағымызға көз сала бастадық. Төрде орналасқан күй сандықтың үстіндегі қоңыр қобыз əлгі əсерімізді одан сайын лапыл- датып жібергендей денемізді жып-жылы леп шарпып өтті. Жоғары жағында актрисаның үлкейтілген портреті, түрлі кездесулердегі белгілі шетел актерлерімен түскен суреттері қатар-қатар ілініпті.

  •  Иə, қайран Қалекеңнің іргесін мықтап қалап кеткен газетіненбіз деңдер. Сондай саңлақтарды қара жер қайыспай көтеріп жатыр-ау, жарықтықтар, қазақ өнері үшін өмірге келіп, сол өнерді насихаттау жолында шейіт болғандар... Имандары салауат болсын, – деген кейіпкеріміз біздің қасымызға жайғасты да, жүзімізге ұзақ қарады. Сонда ғана байқадық, бір кездері мөлдіреп тұратын тостағандай қос жанарының оты əлі де сөне қоймапты. Тіпті тіке қарауға батылымыз жетпеді.

– Тұрахан апай, алғаш хабарласқанымызда, менен де танымал актрисалар бар ғой деп едіңіз, шын мəнінде Сізді

«Келінге» дейін білмегеніміз рас. Өнерге қалай келдіңіз, əңгімені осыдан бастасақ?

 – Оның рас. Осы уақытқа дейін белгісіздеу, елеусіздеу бо- лып келгенім жасырын емес. Мені танытқан жаңа өзің айтқан кино болды. Ол туралы əңгіме кейінірек. Ал өнерге келуім, ол бір ғажап əрекет.

 Балалық шағында адам еліктегіш, қиялшыл, арманшыл болады ғой. Мен де кішкентайымнан əн-жырға құмар бо- лып өстім. Нарынқол ауданының табиғаты керім Қарасазда өмірге келіп, көзді ашқаннан таудың көз тартар шыңдарына, оның етегіндегі ағыл-тегіл мөлдір суына құмар болып өстім. Қасиетіңнен айналайын Райымбек бабамның тікелей

шөбересімін. Əкем еңгезердей алып кісі болды. Анам марқұм да келбетті, жүзінен күлкі емес, əн төгілген кісі еді. Қыз бо- лып бой түзегенге дейін ат арқасынан түскен емеспін. Атқа жайдақ мініп, аң аулағанды жаным жақсы көрді. Көз алдыңда көлбеңдеген көкала, сарыжазық далада əн салмай көріңіз?!.. Желмен жарысқан астыңда жүйрік ат, делебеңді қоздырып, тіпті жүрегің əн салады.

 Аудандық халық театрын басқара жүріп қазақ халқының əдеби шығармаларының талайын сахналадық. Ол спектакль- дермен ауыл-ауылды аралап, қалалық-облыстық өнер байқау- ларына қатыстық. Жеңімпаз атандық. Осындай өнерсапар- ларының бірінде көзге ерекше түссем керек, сол кездегі мəдениет министрі Лəйла Ғалымжанованың қолынан об- лыстық байқаудың лауреаты деген бірінші диплом алдым. Аудандық атқару комитетінде екі жыл қатарынан депу- тат болып, қоғамдық жұмыстарды да қатар алып жүрдім. Бірақ өнерге деген құштарлығым қайта жетелеп келген мен Алматы өнер студиясына оқуға түсе алмадым. Бірақ бойдағы батылдық министрдің қабылдауына кіргізіп, басталғанына жарты жыл өтіп кетсе де оқуға қабылдандым. Актерлікті өте жақсы бітіргеніммен, өнерде көптеген тосқауылдар сахнаға шығуға жібермей жүрді. Жамбыл облысында бірнеше жыл, одан Алматыға қайтып келу... Кез келген маманның өз діттеген мақсат-мұраты бар екенін ескерсек, біздің саланың да шығар биігі – Əуезов атындағы акедемтеатры ғой. Осы театрдың сахнасына жету мен үшін қиямет-қайым болды. Алғашында Əмина Өмірзақова апам сияқты бəзбіреулерге менің де тана- уым ұнамады. Қойшы, əйтеуір батылдығыммен Дінмұхамед Ахметұлына дейін бардым...

 Содан бері қырық жыл болды, Құдайға шүкір, талай өнер саңлақтарының көзін көріп, өнерлеріне тəнті болып жүріп, біреулерге үйретіп, біреулерден үйреніп келе жатқан жайым бар.

– Өнер жолы өте ауыр жол дейтініміз де сондықтан бо- лар, дегенмен неге, кім кедергі болғанын айта аласыз ба?

 – Қазір ойлап отырсам, бірбеткейлігімнен көп таяқ жеген сияқтымын. Ана сүтімен дарыған адалдық, шыншылдық əркез

алдымды орап, кейбіреулерге ұнамаса керек. Сол жылдары қазақ сахна өнерінің төлтуындыларының бірі де бірегейі –

«Ана-Жер-Ананың» сахналанып жатқан кезі. Толғанайдың мо- нологын керемет дайындадым. Сəбира Майқанова мен Фарида Шəріповалар сахналайтын-ды. Менің ерекше дайындалғаным ұнамай қалды да, шеттетілдім. Кейін қайта емтихан тапсырғанымда, сахна өнерінің дүлділі Серке Қожамқұловтың:

«Міне, қандай дауыс, қазақи дауыс, таза ұлттық үн, қоспасыз осындай тазалық керек сахнаға. Театрда таза қазақ тілі жоқ. Мойындаңдар», – деп риза болғаны бар.

– Сіз сомдаған кейіпкерлерге тоқталсақ?

 – Иə, қырық жылдан астам өмірімді театр сахнасына бердім. Керемет басты рөлдер болмаса да, біраз шығармаларда қолтаңбам қалды. «Кетбұғыдағы» қобызшы шалды сомдадым.

«Қарагөздегі» Ақбаланы ойнадым. Сахнаға аз шығатыным

  • жалғыз «Қамар сұлуда» ғана ойнаймын. Соңғы он жылда ешқандай рөл берілмеді. Жастарды көтеру керек дейтін шығар, дегенмен біздің де жастығымыз осы сахнада өткенін кейде елеп, ескере бермейміз. Мен ойнаған кез келген спектакльде небір таланттыларыңыз екінші составқа түсіп қалатын-ды. Өмір бақи өнеріне ғашық болған, жаныма жақын тұтқан бір ғана актри- са болды. Ол – Рахима Қойшыбаева. Жақсы көрдім. Еліктедім. Асқар Тоқпанов маған «Əлішер Новаида» Энега деген Əлішердің дос əйелін бергенде: «Мынау, Рахия ғой, Рахия Қойшыбаева ғой» дегені бар. Ол өтірік айта алмайтын азамат еді ғой. Соған сондай бақытты сезініп жүрдім. Өйткені, алғаш Алматыға кел- генде Рахия апайдың «Менің əкем кім?» деген спектакльдегі рөлін көргенім бар. Содан сол кісіге ғашық болдым. Сосын Əмина Өмірзақованы керемет жақсы көрдім. Кешегі Серағалар, Өмірзақтар, Жантөриндер, Шолпан кеткен соң, Фарида кеткен соң Зəмзəгүл апайдың өзі анда-санда төбе көрсеткені болмаса, келмейді. Сендер жассыңдар, баяғыда Раушан Əуезбаева деген актриса болған, о, шіркін дүние-ай, өмірден бір атақ та ала ал- май кетті, солар кеткен соң, Ыдырыс аға кеткен соң, Тоқпанов кеткен соң театр ұсақталып кеткендей көрінеді маған. Бұл менің жеке пікірім, аяқ-қолым сау, денсаулығым мықты, дəл

қазір қандай рөл берсе де алып шығар едім. Бірақ, амал не, он- дай мүмкіндік жоқ. Ашпын, бүгінде өнерге ашпын... Мені ұстап тұрған – кино. Францияның мықты Шлендер деген режиссерінің бір киносына түстім. «Оскар» сыйлығының лауреаты. Шалқып ойнадым. Экрандағы еркіндік дегенді жаныммен сезіндім. Германияның Кельмер деген талантты режиссерінің бір киносы- на шақырылдым. Көрсетіле басталды. Ресейдің бірнеше кино- сында қобызбен шықтым. Ал, сахнада жоқпын. Болат Атабаевтың көптеген шығармаларында ойнадым. Режиссер ретінде керемет азамат. Оның жолында да көптеген тосқауылдар болды. Кетіп тынды. Шаршамайтын, ешкімді алаламайтын адами қасиеттерін сыйлаймын. Одан кейін қобызды сахнада алғаш рет Асанəлі Əшімов «Амангелдіні» қойғанда пайдаланды. Өнердің майын тамыздым дегендердің көбі қобыздың қадір-қасиетін əлі күнге сезіне алмай келеді. Ал қазақ театрының сахнасын қобызсыз, домбырасыз көзге елестетіп көріңізші?!

    •  Əңгімемізді киноға қарай бұрсақ?.. Бұқаралық ақпа- рат құралдарында қызу пікірталас тудырған «Келінде» сіз енесі болдыңыз?

Өнерге «мылқау» көзбен қарадыңыз...

 – Бұл қазақ өнерінде бұрын-соңды болмаған мылқау ки- нолента. Көз алдыңда өтіп жатқан оқиғаларға тек көзбен, жүрекпен қарап, қабылдайсың. Осы үнсіздікті мен Болат Атабаевтың «Шағала» спектаклінде екі сағат бойы үнсіз ойнап шықтым. Сахнада үнсіз отырып жан дүниемдегі болып жатқан оқиғаларды сырттағы көрермендермен үнсіз ғана сырласамын. Əр орнымнан тұрған эпизодта халықтың қол шапалақтап құрмет көрсеткені үлкен түсінушілік емей немене?! Сондықтан ол қасиет менің бойымда ертеректе болды. Əр актердің көтеретін жүгі болуы керек екенін жан жүрегіммен сезінсем де, өзімде соншалықты ауыр жүктің барын сезбеппін. Сөзбен жеткізе ал- майтын иірімдерін жүректен жүрекке жеткіздім деп ойлаймын. Əрине, қоғамдық пікірмен санаспауға болмас. Дегенмен, ада- ми қоғамнан алыс, пəндəуи пиғылдардан ада, шабандық айла- тəсілдердің заманы – VII-VIII ғасырдағы тірлік қой. Бұл жерде жезөкшелік, бүгінгі жаһандану дəуіріндегі арсыздық, ұятсыздық

көзқарас түкке де қажет емес. Яғни, ислам дəуіріне дейінгі кезең. Егер фильмнің басынан көрген болсаңыздар «Алтай, біздің дəуіріміздің II ғасыры» деген жазуы бар. Киноның режиссері Ермек Тұрсынов өте талантты бала. Аңшымен кемпірдің тай- таласатын тұсы бар. Сонда «сен менімен тайталасатындай кім едің» дегенді көз жанарымен, сұсты жүзімен білдіреді. Осы тұсты ұстап қалған Ермек: «Апа, қазақша, түрікше демей-ақ, осы тұсты үнсіз жасау керек сияқты» деген пікірінен соң, кино- мыз түгелдей сөзсіз, тілсіз, ымырамен берілді. Менің ғана емес, бүкіл артистердің қабілеті жетті, төзімі жетті.

 Бұл – ұрпақ мəселесімен тығыз байланысты. Ененің бүкіл арманы ұрпақ өлтірмеу ғана. Бақташы өлгеннен кейін қаршадай балаға телуі немесе аңшының əрекеті, бəрі айна- лып келгенде бір шарананы аңсаудан туып жатқан оқиғалар. Жалпы, «Келіндегі» келінді жезөкше көрудің керегі жоқ. Ол сол замандағы əрбір əйелдің басынан өткен оқиға. Өзі сүйген аңшы жігітімен бақытты ғұмыр кешуге мүмкіндігі болмаған. Біреулер қазақтың салт-дəстүріне жат қылықтарды суреттеген масқара фильм десе де, бұл менің жаныма жақын кейіпкер бол- ды. Жанымды салып ойнағаным да сондықтан болар, мен де бір перзентке зар болып жүріп, жалғыз тұяққа əрең жеткем...

 Тұрахан апай əлдене есіне түскендей орнынан жыл- дам тұрды да есікке беттеді. Біз осынау шүйкедей ғана сары кемпірдің соңынан қарап ойға баттық. Мəселе, ол дүниенің жағымды-жағымсыздығында емес, жаныңды жаралар ауыр да ыңғайсыз қимылдарды тілсіз, ыммен қалай ғана жарылып кетпей бейнеледі екен. Бұл кісінің де тағдырдан ала алмаған сыбағасы болды ғой деген бір ойлардың жетегінде отырғанда актрисаның өзі де қайта кірді.

 – Əлгінде жалғыз тұяқ дедім ғой , жалғыз құлыным Азама- тым таңғы асын ішпей кетіп қалды ма деп шықсам, көлігін шұқылап жатыр екен, – деді болар-болмас жымиып. Өнерде де, өмірде де тағдырым оңай болмады. Қазақ азаматтарының түбіне жеткен маскүнемдік бір кездері біздің де отбасымыздың ойранын шығарған. Сол күйіктен ұлым Жомартты жоғалттым да, біраз жылдар жалғыздықтан жапа шектім. Сөйтіп, бір

кешіріп, бір өкпелеп жүргенде тағдыр маған осы бір жапырақ шарананы тарту етті. Соның қабағына кірбің түспесін деген ниетпен ғұмыр кешіп келемін, қарағым, – деген діріл аралас үні тамағынан жас аралас ырғақпен шыққандай болды бізге.

– Жаныма жақындығы бар дегеніңіз сондықтан екен ғой...

 – Қоғамдық пікір əртүрлі болғанмен, дүниежүзі өнер сын- шыларының көзқарасы бірдей екенін де жасыруға болмай- ды. Өйткені, осы фильм 14 мемлекетте көрсетілді. Қаншама кинофестивальдеріне қатысты. 400 кинодан 40 киноға өттік те, одан тоғыз фильмге түстік. Одан бестікке өтейін деп тұрғанда осындай жаңсақ пікірлердің кесірінен,тіпті «Оскар» сыйлығына ұсынылып барып тұрып, табалдырығынан қайттық. Өйткені, сол тұста Қанат Саудабаев бастаған делегация сонда жүрді. Мен ойлаймын, осылардан бір шикілік шықты ма деп. Өйткені, осы рөлім үшін Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылғанымда мені хатшы Саудабаев тізімнен сызып тастапты. Шындықты айтпасам тұра алмайтын мінезім бар, оны бір кездескенде өзіне де айтқанмын.

 Дегенмен, бұл фильммен талай елге жолым түсті. Сонда байқағаным, американдықтар болсын, Канада, Солтүстік Корея жұртшылығы болсын өте жақсы қабылдады. Жүздесулерде

«бұл біздің де тарихымызға, тағдырымызға жақын екен» деген пікірлердіжиіестідік.Басқасынайтпағанныңөзіндеəмеңгерліктің тұсауынан шыға алмай қалған шығыс халқының қаншама ару- лары жайлы аңыз-дастандар бар. Ал осы аңыздарыңыздың өзі болған оқиға, нанымды тағдырлар. Сол сияқты «Келіннің» де бір замандарда күні оңынан туып, жақсы жақтары да айтылар. Ол өлмейтін туынды. Ондағы ене – Ұмай ана. Ол аспанға табынған, Бөрі анаға табынған. Кімнен болса одан болсын, бірақ ұрпақ керек. Бақсылық дəуірдің көрінісі, аңшыны жүздеген жылдар жатқан таудағы қалың қардың астында өлтіруі, одан кейін қатал ене келінін де өлтірейін деп жатқанда құрсағындағының бүлк ете қалғанын көріп, райынан қайтатыны... Халықтық тəрбиеден де жоғары тұрған ұрпақ мəселесі деп қабылдау керек. Көкке, отқа табынған, қолдан жасап алған кеш келген нəрсеге табынған за- манда қайдағы жезөкшелік, дін атаулының жоқ кезі. Сондықтан да осындай көзқараспен қарау қажет.

– Тұрахан апай, күй сандықта ойнап, қобыз тартады екенсіз...

 – Қобыздың атасы – Қорқыт жарықтық қой. Бұрын əуелетіп əн салғаныммен, осы бір қасиет бертін қонды маған. Содан бері жалғыз мұңдасым, сырласым болды. Көңіл күйдің ауанын өзгертетін де осы қобызым. Бірде құлағыма мұңлы бір əуенмен бірге «ұста қолыңа, тарт қобызды» деген үн келді. Таңғалып оян- дым. Содан бір ой маза бермей жүрді де, ақыры қолыма қобыз ұстадым ғой. Сейілхан Құсанов деген сазгердің жұбайы Раушан Нұрпейісова деген ұстазыма айттым. «Əй, сен елуге келдің ғой, қайдағы оқу» деп əбден күлсін. Бетімнен қайтпадым. Содан қобызшы бір қызды қосып Ахмет Жұбановтың вальсін прима қобызбен үйретті. Содан емтихан тапсырғанда консерваторияның Мұхитов деген профессоры таң ғалып, басын шайқады. Сөйтіп, елуден асқанда Чайковский атындағы музыка училищесіне түсіп, он алты бала түсіп едік, домбырадан біреу, ал қобыз класын мен ғана бітіріп шықтым. Қылқобыз, прима қобыз жəне нарқобыз де- ген түрлері бар. Менің қолымдағы нарқобыз. Қазір Қорқыттың еш жерде орындалмаған «Тəңір» күйін нотаға түсіріп жатырмын.

«Өлмейтін өнер» деген пьеса жаздым, қаражат қолбайлау болып жатып қалды. Қайда барса Қорқыттың көрі деген аңызда ажал- дан қашып жүрген Қорқытты ұстазы Арыстан-баб: «Қайт, Сырға қайт, қобызыңды тарт!». Сонда қобызын тартқанда артынан қуған ажал да, қорқыныш та ғайып болып: «Е,е, бұл өмірде тек өнер ғана өлмейді екен ғой», – деп мойындаған күй атасы Қорқыт жайлы əңгіме əлі күнге ел арасында жиі айтылады. Сол сияқты менің де сүйенерім – Азаматым болса, тірегім нарқобызым. Бұл екеуінсіз ғұмырымды елестете алмаймын...

 Иə, Тұрахан апайдың əңгімесі біздің де көңілімізге талай ой салды. Өнердің құдіреті, əсіресе қазақтың қоңыр домбы- расы мен сырлы да мұңлы қобызы ел тарихынан талай-талай аңыз-жырларды ғасырлардан ғасырға жеткізіп келе жатқаны, тұтас қазақ халқының тарихымен бірге жасап келе жатқаны да сондықтан болар деп түйдік.

 Біз əуезді бір əңгіменің əсерінен актриса апамыздың басқа да адам психологиясын, психикасын зерттеп келе жатқаны,

халқымыздың қанында бар бақсылық, яғни тəуіптік-емшілік қасиеті жайлы əңгімені кейінге қалдыруды жөн санадық. Газеттің фототілшісі Еркін екеуміз жаяулатып Алматы-Талғар күрежолының бойына жеткенде аппақ қар қайта ұшқындай бастады...

ӨЗ ҰЛТЫНА ӨЗГЕНІ ҒАШЫҚ ЕТКЕН ӨЗАҒАҢ...

 Алпысыншы-жетпісінші жылдардағы сахна саңлақтарының бірі де бірегейі болған танымал биші Тойған

Ізімова осылай дейді.

– Тойған Оспанқызы, бізде ұлттық би өнеріне жүйелі түрде дайындайтын мектеп бар ма?

 – Сахнаға кəсіпқойлық деңгейде дайындайтын мектеп екеу-ақ. Оның бірі А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі

– 10 жастан бастап сегіз жыл оқытады. Олардың оқуы негізінен əлемдік классикалық биге бағытталған, яғни классикалық би əртістерін дайындайды. Екіншісі – біздің Ж.Елеубеков атындағы колледж. Өздеріңіз білетін боларсыздар, алпыс бесінші жыл- дары Ілияс Омаров деген үлкен ағамыз мəдениетті басқарып отырған кезде, көркемөнер жанрынан дəріс беретін Гүлжаһан Ғалиева деген халық əртісі апамыз болған. Осы кісілердің тікелей басшылығымен «Қазақконцерт» жанынан екі жылдық студия болып ашылған-ды. Ол кезде мұндай студия бүкіл Одақта – Мəскеуде, сосын Рига қаласында ғана болатын. Үшінші эстрадалық цирк колледжі болып осы Алматыда ашылды. Ал, бəріміздің жастық шағымыз өткен «Гүлдер» тұңғыш эстрада ансамблі еді. Мəдениетті басқарып отырған кісілердің ықпалы зор болды ма, ол идеологияның керемет кезі еді ғой. Сондықтан да қазіргі астанамызда «Армандастар», Торғай облысы құрылған

кезде «Торғай əуендері», «Шертер», Қарағандыда «Гəкку»сияқты əр облыс орталығында ашыла бастады. Жоғарыдағы училище- де классикалық үлгіде дайындайтын болса, колледж ұлттық, халықтық үлгіде, яғни қазақ биіне көбірек көңіл бөлеміз. Себебі,

3 жылда өзіміздің балаларды кəдімгі кəсіпқойлық деңгейде үлкен-үлкен ансамбльдерге дайындауымыз керек қой.

– Алматы хореография училищесінің атын иеленген Селезнев кім? Көршілес өзбек ағайындардың Тамара хану- мы сияқты, біздің Шара апамыздың аты неге берілмеген?

  •  Бұл оқу орны алғаш өнер мектебі болып ашылғанда, басы- қасында Александр Селезнев болған деседі. Еңбегі сіңген бо- луы керек. Солай аталады ғой. Кезінде біраз даулы мəселеге де айналған. Бірте-бірте ұмытылды. Ал, Шара апамыз 1991 жылы қайтыс болғаннан кейін келесі жылы алғаш рет осы училище Қазақбиінің Ш.Жиенқұловаатындағыреспубликалықбайқауын өткіздік. 1992 жылдың сəуір айы болатын. Ұйымдастырған бишінің шəкірті, оқушысы Ғайникамал Бейсенова апамыз. Сол байқау кезінде жоғары жақтан келгендер, бұл өнер жарысын екі жылда бір өткізіп тұруды айтқан. Содан жұртқа белгілі нарықтық экономика басталды да, қаржыға келіп тірелген соң бəрі қалды. Соны, енді биыл Батыс Қазақстан университетін басқарып отырған Дəмитов деген ағамыз қайта жаңғыртты. Универсиеттің хореография кафедрасының меңгерушісі Айгүл Құлбекованың ұйымдастыруымен байқау Оралда өтті. Республикамыздың түкпір-түкпірінен 400-дей адам қатысып, 104 би қойылды. Комиссияның төрағасы, елге танымал аза- мат Болат Аюханов бастап, көптеген талантарымыздың биін тамашаладық. Əсіресе, кафедраның «Назерке» ансамблі ерек- ше көзге түсті. Олар «Қара жорға» күйіне қойылған би əртүрлі: шапшаң, желе жортыс, қатты шабыстан қайта жай ырғаққа көшетін құбылмалы биді қойды. Сондай-ақ, Тойбекова деген қыздың биі көз алдымызға операдағы «Половецкие пляскиді» алып келді. Киімі, өзін-өзі басқаруы – қазақтың кең даласын елестетті. Топтық жəне жеке орындаушылар байқауында қазақ биін оқудың, оқыту əдісін жаңаша, басқаша сипат алғанын көрдік. Көрдік те қуандық. Бұрын əр жерде əрқалай қойылып

жүрген би қазір əдістемелік бағдарлама бойынша үйретілетініне сүйсіндік. Қазақ биінің деңгейі өте жоғары екенін, жүйелі түрде оқытылатынын осы байқау дəлелдеп-ақ берді.

– Қазақ мəдениеті мен өнері туралы сөз қозғала қалса, өнер жанашырларының есіне марқұм Өзбекəлі ағамыз Жəнібековтің есімі түсетіні несі екен?

 – Иə, ол рас. Өзағаңның еңбегі ерекше. Біздің алдымыздағы өнер өкілдерінің айтуы бойынша, Ілияс аға Омаров та осын- дай кісі болған екен. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын, жүрегі ауырып, жаны сыздайтын кісі болыпты. Өзағаң – менің өнердегі ең қимас дос, жанашыр аға, тіпті сахналас серігім бол- ды десем артық айтқандық емес. Өйткені, қызмет басты екеніне қарамай, əр бидің дайындығына өзі қатысатын. Жиырма жыл- дан астам уақыт қызметтес болдым. Мəскеулік Голушкевич пен Өзағаңның тығыз шығармашылық байланысының арқасында

«Алтынай» би ансамблі дүниеге келген. Ол екі жылдан кейін мемлекеттік мəртебе алды. Бұл атақ кез келген өнер ұжымына оңайлықпен беріле бермейтін-ді. Орталықтың билігі үстем кездің өзінде жаңағы Голушкевичтермен иық тіресіп, қатарласа жүріп, қазақтың тарихын, өнерін сонау «Қобыландыдан» бастап, Жыр- Жырауға дейін өзінің ықыласы арқылы басқа жұртқа үйретті. Өз халқын, өнерін сүю арқылы, өзге ұлт өкілін сол өнерге ғашық етті. «Бақсы ойыны», «Қазақ биінің грамматикасы», «Қазақтың

5 биі» атты кітаптар жазған Ольга Всеволодовна қайтыс болғанда, Өзағаң қатты өкінді. «Əттеген-ай, бес-он жыл өмір сүргенде, қазақ биі туралы тағы да бірнеше кітап шығарар еді» деп өкінді. Біз таңғалғанбыз. Енді Өзағаң еске түскенде, бізді де осы өкініш билейді. Жалпы, қазақ биі емес, қазақ өнеріне, оның ішінде ұлттық өнерге жаны ерекше ауыратын ол кісі де ерте- рек кетіп қалды. Өмірі ешкімге жекіп, ашуланып сөйлемейтін. Қимылымызды түзеу арқылы, өзімізді тəртіпке салып отыратын. Биді ғана қойып қоймай, бишінің киіміне де өзі араласу- шы еді. Ұлттық киімге ерекше көңіл бөлетін. Киім үлгілерін мұражайлардан іздейтін. «Алтынайды» толық киіндірген, киім үлгілерін сызып, тіккізгенде де өзі басы-қасында жүрді. Əйтеуір, ол кісінің көлігінде не тақия, не сəукеле, не шапан

қоса жүретін. Сол киімдерді бидің құрылысына, би үстіндегі көңіл күйге байланысты таңдағанда қуанатынбыз. Сондықтан да «Бастау», «Сайыс», «Киіз басу», «Шалқыма» билерінің киім үлгісі қазақтың бекзат болмысын елестетпейді деп көрші?!

–Училищені бітірген кəсіпқой биші ғана қазақтың ұлттық биін билеуге тиіс деген пікір де бар...

  •  Бұл қате болжам. Сондай пікір естігенде, қарным ашып қалады. Ол да орыстілді өзіміздің азаматтардың қалып- тастырғаны, олардың ойынша, тек Мəскеуде ғана жоғары деңгейде білім алуға болатын сияқты. Қазақтың биін, шаш- бауын, сырғасы мен алқасын, жалпы ұлттық биін шетел бізге дейін-ақ таныған. Талантты адамға Мəскеу ешқашан өлшем бола алмайды. Халқымыз тойшыл, жыршы халық бола тұра биі болмаған дегенді ақылға сыйдырып көріңіз.

– «Гүлдердің» гүлі болған Гүлжан (Талпақова) заман- дасыңыз қайда?

 – Жаңа айттым ғой, біздің бүкіл жастық шағымыз «Гүлдерде» өтті. Сол жылдары Гүлжанмен біраз қызметтес болдым. Ол бір тұла бойы тұнған дарын еді. Табиғаттың берген сұлулығы оны би əлемінде тіпті құлпыртып жіберетін. Сахнада қалықтап жүрісі керемет сəнді еді. Кейде ойлаймын, сол кісі сахнадан тым ерте- рек кетіп қалды-ау. Тағы да Өзағаң еске түседі, «мүмкіндіктерің болса, денсаулық көтерсе елуге дейін сахнадан түспеңдер» дейтін-ді. Заман өзгерді. Кейде зорлықпен шығарылады, сахнаға шығармай қойса, кетпегенде қайтесің. Бидің өзі өте нəзік, бір сəтте қателесуді көтермейді. Сондықтан да болар, Шара апамыз- дан кейін сахнада ұзақ жүрген жан болмады.

– Өзіңіздің соңыңыздан ергендер туралы не пікір айтар едіңіз? Өнердегі бақталастық дегенді қалай түсінесіз?

 – Өнерде алалық болмайды. Өнердегі бақталастық – та- лантты, талантсыздар аралас жерде, топтасқан ортада болатын дүние. Ал мен бапкері мықты, ақылшысы көреген өкілмін. Жеке шықтым. Жеке өстім. Өз еңбегімнің арқасында жеттім, егер бір жақсылыққа жеткен болсам. Ал, шəкірт дайындауға келсек, өте жаспын деп ойлаймын. (Күледі). Биді бір балаға қою үшін қаншама педагог тер төгеді. Классикалық би, сахналық би,

тарихи-тұрмыстық би, шығыс биі, жаңа ырғақты би үлгілері, бəрі бөлек-бөлек сабақ. Өнерде дайындық, қалыптасу бірдей жағдайда өтеді. Ол бір киелі де ортақ дүние. Оған кім қалай ба- рады, қандай бедел жинайды, ол əркімнің өз бағы. Сондықтан да «Алтынай», «Салтанат», «Гүлдердің» бишілері осы оқу орнының түлектері болғандықтан, шəкірттерім де солар деп ой- лаймын. Халықаралық «Шабыт» байқауының жүлдегері Диана Қасымжанованы жеке айтуыма да болады. Мен барымды үйретіп жатырмын. Ал, қайсысы жұлқынып шығып, дара шабады, ол əр шəкірттің өзіне байланысты. Дегенмен, кейінгі кездері сах- на да, өнер де саудаға түсіп кетті ме деп қорқамын. Даңғазалық басым. Небір талантты қыздар үлкен концерттерден көріне бермейді. Өнер адамдарының арасында да басқаша бір психоло- гия қалыптасты. Мəселен, Шұғыла өзіндік мектебі бар, талантты қыз. Алғаш осы бала шыға бастағанда ел арасында бұрын-соңды қазақ биі қойылмағандай, тарихы болмағандай сыңар пікірлер айтылып жатты. Ондай жансақ пікірлерді абайлап айтқан жөн. Сауатты айтылуы керек. Əйтпесе, сандалудың қажеті жоқ. Қандай халық болмасын өлең-жыры, биі қатар дамыған. Қазақ халқында тіпті бірнеше түрі болған. Тарихтан хабары жоқ адамның өзі де той-томалақта ырғақсыз əн салып отырған бірде-бір жан болмай- тынын түсінер. Ал би дегеніміз қимыл ғой. Олай болса, əн сал- майтын, сол əннің ырғағы тербемейтін сезімсіз жан көрдіңіз бе?! Қазақты əнсіз, жырсыз елестету мүмкін емес, тіпті де.

 Сол сияқты, Перизат Омарбекова деген жас талантты қыз бар. Сол қызды неге сахнадан көрмейміз? Неге концерттерге қатыспайды! Перизат қандай сұлу, сымбатты қыз. Бой да, ой да келіскен. Сахнаның көркі-ақ. Бірақ, концерттер онсыз өтеді. Өйткені, олардың сүйреушісі жоқ. Кез келген қазақ биін қойса, алып-ақ кетер таланттар аз емес. Іздеушілер жоқ. Сахнадан алыстап, бойдағы барды жалпылама шəкірттер дайындауға жұмсап жүрген бізде не көмек болсын!? Таланттар баршылық, жағдайлары жоқ. Мен айтар едім, өнерді уақытқа, қаржыға тəуелділіктен сақтауға ұмтылу керек. Əйтпесе, өкініш өзекті өртер кезге тап болармыз...

Əңгімеңізге рақмет!

АҚЫННЫҢ ҒАШЫҚТЫҚ ХАТЫ

Əдебиет майданындағы, оның ішінде жыр сүйер қауымға есімі таныс Жұмекен ақын Нəжімеденов тірі болса 65 жасқа толар еді.

 «Орнында бар оңалар» демекші, сол қара шаңырақтың киесі, иесі боп отырған Нəсіп апаймен əңгімелесудің сəті түскендей. Жаңа басылымның табиғаты, бағыт- бағдарын айтып, мүмкін болса ақынның бозбала шағы туралы білгіміз келетінін айттық.

 – Бар ғой, алғашқы өлеңдері, маған жазған хаттары түгел сақтаулы. Бірақ оны жариялауға бере бермеймін, өзім де естелік –сыр жазсам ба деген ойым бар, денсаулық көтеріп шашам келсе,– деді ол кісі көзіне жас алып. Мен одан сайын қызыға түстім. Екі сағатқа созылған қызықты əңгімеден кейін ғана ақын жары келіскен сыңай танытты.

– Алғаш көрген кезіңіз?

 – Ол кезде Гурьев облысы, Теңіз ауданында Қаржау деген ауыл бар-тын. Бастауыш класты өз ауылымызда оқимыз да, жоғары класты Қошалақ деген жерге əр ауылдан оқушылар жиналады. Ел арасыела жоғарғы, төменгі ауыл деп аталаып кеткен кішігірім ауылдар көп-ақ. Жұмкекен Қыр балаларымен бізден бір жыл бұрын келіп осы мектепте оқып жүр екен. Алғашқы қоңырау деген атымен жоқ, оқушыларды аулаға жиып алып, тізім бойынша түгендейді д, кім түске дейін, кім түстен кейін оқиды, соны айтады. Осы жиында қап-қара қалың шашты, ол кезде солдаттардың киетін матадан костюм кию– сəнге айналған, жылтыр түймеден омырауы көрінбейтін, жуан галстук байлаған ақын жігітті тұңғыш көрдім. Бірақ ауыл арасы жақын болғандықтан, оның үстіне көрші тұрған Жібек деген құрбым Жұмекеннің немере қарындасы боп келеді. Сырттай бір-бірімізге мақтап жүреді екен, сондықтан атына қанықпын. Оқушылар саны қазіргідей көп емес. Сондықтан ба, əйтеуір өте татумыз. Көркемөнерпаздар үйірмесінен, əдеби кештердің белсенді мүшесіміз, радиоузелден оқушылардың концерттері

беріліп тұрады үзіліс сайын.

 Жұмекен – өте өнерпаз еді. Өлең оқитын, домбырамен əн салатын, күй тартқанда ерекше боп кететін. Əсіресе, скрипкамен

«Бұлбұл» күйін тартқанда оқушылар түгіл, мұғалімдеріміз ұйып тыңдаушы еді. Мен мəнермен өлең оқитынмын. Бақыт, Назым деген сырлас құрбыларым болды. Бірде Нəбидолла деген бала Бақыттың құлағына сыбырлап, маған қарағыштай береді. Ол Жұмекеннің класында оқиды. Сөйтсем Жұмекеннің хаты екен, алғашқы ғашықтық хаты. Бұрын-соңды ондай хат алмағам, оның үстіне өзі өлең жазатын ақын жігіттен алғаным... Қайта-қайта оқимын, көріп қалатын сияқты. Содан бастап небір жырға, сырға толы хаттар ағылды. Үшеуміз жабылып оқимыз, Назымның қара сырмен сырланған кішкентай сандығы

бар, хаттарды соған жасырамыз.

– Қай жылдары?

 – Бұл 1953-54 оқу жылдары. Мына суретке сол жылы түскенбіз.

– Қай жылы үйлендіңіздер?

  •  1957 жылы қосылдық. Құдайға шүкір, жаман ғұмыр кешпедік. Ұлдары мен қыздары, немерелері өсіп келеді. Өзі өлердей жақсы көретін қазақ халқына мұра – өлеңдері қалды артында. Ертерек кетіп қалғаны болмаса...

 Ақын жары сүйген жарға деген махаббаты, сағынышын көз жасы арқылы шғарып, босаңсып алды.

  •  Кейде күнделікті тірліктен шаршаңқырап қажыңқыраған сəттерде осы ғұмыр-намаға уақыт бөлемін.

– Ғашық-намаға деген дұрысырақ болар,– дедік біз ол кісіні көңілдендіре түскіміз келіп.

 – Иə,– деді ол кісі болмас жымиған күйі. – Мына бір хатын оқып, өткенде ағыл-тегіл жылап алдым. Махаббаттан есіміз шығып жүріп, ол кезде нендей жауап жазғаным, əрине, есте жоқ. Дегенмен, бір хатымда «жазысқан хаттарды сақтауға тырысайық, керек болады, ойлан» деп жазған болуым керек.

 Мүмкін, ағаларыңның ертерек кететінін, аз ғана ғұмырында осындай бағасыз байлығын – өлеңдерінің, жырларының, хаттарының ғана ғұмыры ұзақ болатынын құрғыр жүрек сезді ме екен.. Маған онсыз өмір сүру өте қиын болды. Үлкен

жүректі, сыршыл жүректі ақын-жарды жоғалту жеңіл болған жоқ. Ал балаларыма, оқырмандарына, яғни іздеушілеріне қарап шүкіршілік етемін.

– «Қыз бен Жігітке» алғысөз, тілегіңіз болсын, бұйымтайымыз – ақынның бір жыры мен хатын жариялауға рұқсат берсеңіз?

 – Қайдам, бір жағынан ыңғайсыздау сияқты, мейлі жастарға пəлендей ой түйгізіп жатса, қажетіне жарар болса берейін.

Рахметімізді айтып, редакцияға жеткенше асықтық...

СҮЙЕРІМ!

 Аруым! Сізге деген махаббат жалыны күннен күнге өршуде... Абай айтады: «Махаббатсыз дүние бос,

 Хайуанға оны қосыңдар»,– дейді. Қысқасы, махаббатсыз, сүйіспеншілігі жоқ жəне ешқандай жылы жүректілік жоқ адамды, адам деп қараудан гөрі айуан қатарына қосу– орындырақ екенін қазақ халқының кемеңгері көре білді, өсиет етіп айта білді. Олай болса, біздің жүректерге кінə артуға болмайды. Аздап ертерек тыпырлағаны үшін шамалап өкпелеуге болар да еді...

 «Игіліктің ерте,кеші жоқ»– дейді қазақ. Бұған қарағанда жақсылыққа, бақытқа, өмірге талпынған адамды ешкім айыптамайтын тəрізді. (Оқушылық тұрғыдан қарағанда:

«Сүйіспеншілікті оқып жүрген кезден бастап қамдауға болады»

  • деп айтпайды).

 Сүйіктім! Сіздің көрген түстеріңіз мен туралы өзіңіздің ой қорытындыңыздан шұғыл ғажап емес. Үйткені түс – адамның көңіл-күйінен аулақ кетпек емес. Мысалы: біз қайғыланып жатқанда даман түс, ал шаттанып жатсаң жақсы түс көріп, оны келешегімізге жорып оңып қаламыз. Бірақ Сіздің түсіңізге мəн бермеуге, «əншейін ғой» деп қарауға болмайды. Мүмкін, менің бақытты, қызғылықты өмір сүруіме кім шек қоя алады?!

 Бұдан былай кейбір туысқандарыңа, шын дос құрбы, құрдас жеңгелеріңе білдіре беруіңе менің қарсылығым жоқ. ( Менің

алдамшы емес екенімді таныған шығарсың). Осы сырды А.Бақыт біле ме? Қашықтан хабарласу туралы не ойлайсыз?

 Сіздің хаттарыңызды мен алғашында сақтықпен жыртып жүр едім. Соңғы кезде өзім сақтауға ұйғардым.(Көпшілігі қолымда).

Ж.К.

Басқа айтар сыр болса айтарсыз. 27.Ү. 53 ж.

 Сіз маған «Жазылған хаттың керегі болады, ойлан!» депсіз ғой. Мен оның керегін білмеймін.

 Ескерткіш ретінде хатты тұтасымен, өлеңдерді блокнотқа жазып сақтап жүрмін .Керегі туралы өзің айт».

РЕДАКЦИЯДАН: қараша айының соңғы сенбісі ақынның туған күні. Бүгінгі қыз-ұлдары – оқырмандарына еш жерде жарияланбаған, тек Нəсіп апайға жолданған ғашықтық хатын жариялай отырып, ақын аруағының алдында басымызды иеміз.

ФАРИДА БЕКЖАНҚЫЗЫ:

ҚАЛЕКЕҢ ҚАЛЖЫҢ СЫЙЛАЙТЫН

    •  Қалағаңсыз да бір жылды артта тастадыңыз. Осы ғұмырыңызда өмір туралы жиған-тергеніңізді мереке күні сыр ғып ашпас па екенсіз?

 – Өмірдің өзі шындықтан ғана туады. Əсіресе, сүйіспеншілік, махаббат мəселесіне келгенде бұл ойымыз ажарлана түссе керек. Шынайы сезім– көлгірсуді қажет етпейді. Өтірік, сыпсың сөздерге бой алдырмайды. Адалдық пен мейірімділік махаббаттың мықты мірегі қашанда. Қалекеңмен қалай танысып, қалай отау құрғанымыз жөнінде, осыдан біраз жыл бұрын республикалық газеттердің бірінде көлемді мақала шықты. Оны қайталамай-ақ қояйын. Қайталанған сөз, пікір қайта-қайта ысытылған тамақ сияқты нəрін де, дəмін де жоғалтады.

 Өмір бар да өлім бар. Осы бір қағиданы қатал болса да мойындайсың. Жаныңда жүрген жақсы кісілерді жоғалтқанда жаның ауырып, жүрегің езіледі. Көз жасыңды көл етіп отырып та тағдырға мойынсұнасың. Басқа түскен кез-келген ауыртпалықты, оның ішінде қазаны шүкіршілікпен көтеру керек екені шариғатта да қадап айтылған ғой. Дегенмен, жер ортасы жасқа келгенде азаматыңнан айырылу кімге болса да жеңіл болмаса керек-ті.

 Міне, мен де Қалағаңсыз өткен 300- таңымды қарсы алып отырмын. Оны жоғалту қаншалықты ауыр болса да, менімен бірге қайғырып, бірге езілген елін көріп, жақын-жуық, жора- жолдасты көріп, шүкір еттім.

 Əрине, өзі жазушы, драматург болса, жазғандары əлдекімдерге түрпідей тиіп жатса, ол жазудың азабы да болмай қойған жоқ-ты. Оны көзі қарақты оқырман өзі де біледі, мен қайталамайын.

    • Қалағаң бұл мерекеде Сізге не сыйлаушы еді?
  •  Қалекең – өте көпшіл, қолы да, көңілі де ашық кісі болды. Тіпті ешкімнің көңілін қалдырған, тілі тиген емес десем,

күпірлік болмас. Балапанша бабын тауып, келімді-кетімді кісілеріне үнемі ашық қабақ танытып, мен де мəпелелуші едім. Мереке күндері бала-шағасын жинап алып, мол дастарханның басында емен-жарқын əңгімесін айтып, қалжыңымен мəре- сəре болып отыратынбыз. Балалардың айқайы– маған əдемі əуен, музыка ғой деп отырушы еді жарықтық.

 Əйел қанша ақылды, көрікті болғанымен, ер-азаматсыз ондай сұлулық түкке тұрғысыз дер едім. Көктемнің əдемі мейрамында қыз-келіндерімді құттықтай отырып, ер- азаматтың қадірін біліңдер, біз солармен бүтін, сол кісілермен бақыттымыз дегім келеді. Дүниенің тұтқасын ұстап тұрған небір азаматтар үйдегі берекесіз, отбасындағы ынтымақсыз ешқашан елге сыйлы болмақ емес. Осыны ескерген ана, əйел азаматтың қалқасында отырып-ақ, өзінің дегенін істете алады. Ал керісінше небір салиқалы азаматтардың шайпау əйелдің мінезінен берекесі кетіп, отбасында да, қызметінде де абыройын айрандай төккен жағдайлар да болған.

 Құдайға шүкір, басқа басқа Қалекеңнің орны тым бөлек екен. Осынау өзі де, тілі де өткір, бірақ отбасында өте мейірімді, адал Қалтайға қосқан тағдырыма мың мəрте шүкіршілік етемін. Өзімнің шыққан тегімнің тектілігімен Қалекеңнің парасаттылығы қосылғанда, тіпті бақытты өмір сүрдім. Ол менің айнам еді. Адал жар, тірегім болды. Кейде пендешілікке, əйелдікке бой алдырған кездерімде сабырға шақырып, сөзімді, өзімді жөнге салып отыратын сəттері де аз болмайтын. Бір сəт ашуланайын десең, ондайға жібермейтін. Ашуды ақылға жеңдіріп, əйтпесе күлкіге айналдырып отырушы еді, оғланым! Не сыйлаушы еді Қалекең?! Күлкінің көмбесі, қазынасына айналған Қалекеңнің қашанда қалжыңы дайын еді ғой. Қалжың

сыйлайтын-ды...

ІІ БӨЛІМ

Ер - әйелдің пірі

ҰНТАҚ ЖЕП ӨСКЕН ҰРПАҚ ӨКІЛІМІЗ, –

ДЕЙДІ ҚАСЫМ АҒА ЖƏКІБАЕВ

Осынау қазақтың шынашақтай ғана сары шалымен əңгімелесу біраздан ойда бар-тын. Көргені мен түйгені мол, қазақ мəдениеті мен өнерінің ауыр жүгін бір кісідей- ақ иығына артып келе жатқан Қасым ақсақалдың, шы- нында да, айтары аз емес. Бауырмал ақсақал ақжарылқап əңгімені бірден бастап-ақ кеткені.

  •  Əрине, екеуі де қиын өнер болғандықтан кино мен сахнаны бөле-жарған емеспін. Бөле алмаймын да. Екеуінің де өзіндік артықшылығы, ерекшелігі бар, тіпті, əдіс-тəсілі де мүлдем бөлек болғанымен, айналып келгенде қазақтың қасиетті қазынасы ғой.

 Сахнада жүрген өнер адамына, артистерге Белинский баяғыда айтқан екен: « венцом исскуство является драма» деп. Бұл дегеніңіз, меніңше, ұлы кинолардың бəрін артистер жа- сайды, өнердің кез келген түрін жасайтын драманың артистері ғана деген ұғымды білдіреді.Сол – дұрыс пікір. Мəселен, ұлы кинолардың бəрі артистердің еңбегіне байланысты ғой.

  • Сахнаны сағынасыз ба?

 – Əрине, сағынамын! Мен он сегіз жасымда, 1948 жылы төрт жылдық театр-көркем сурет училищесін бітіргенмін. Актер, ре- жиссер жəне суретшілер дайындайтын училище болатын, кейін суретшілер Гоголь атындағы өнер ордасы болып бөлініп кетті. Желтоқсанның 12 жұлдызында, Құдай бұйыртса, 81-ге тола- мын. Осы жылдарымның ең қымбат елу жылын театрда өткіздім. Он жылдай «Қазақфильмде» жұмыс істеп, басты рөлі, жанама рөлдері бар біраз киноларға түстім. 1984-94 жылдары Досқан Жолжақсынов директор болып келгенде, өзінің шақыруымен Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар театрына келдім. Өнердегі, əсіресе, кино өнеріндегі қызметімнің бағаланбай жүргені жанына батса керек, жағдайымды жасауға тырысты. Еткен еңбегімнің жемісі шығар, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі едім, Қазақстанның Халық артисі деген құрметті атаққа ие болдым.

  •  2005 жылдан бері денсаулығыма байланысты жұмысқа жарамай қалдым. Əсіресе, жүрекпен ойнауға болмайды ғой, екінші жүрек талмасы ауырлау болды. Таетрға Досқаннан кейін Теменов деген жігіт келді. Отты жігіт екен, сөзден сөз туады ғой, айтып кетейін, талантты əрі пысық жігіт екен. Жас артистерге театр маңынан жатақхана салдырды, спорт залы, бильярд залы бар, аз уақыттың өзінде əжептəуір жұмыс тын- дырды.

– Сізді үнемі жастардың рөлінде көреміз...

 – Иə, ол баяғыда ғой. Мен сізге айтайын, қырық жасқа дейін жасөспірімдердің рөлін ойнадым. Менің тұстастарымның маңдайына жазылған ауырлықтар, əсіресе балалық шақтары соғыс жылдарына тұспа-тұс келген сормаңдайлардың бірімін ғой. Наталья Сац Қарағандыдағы лагерьде екен. Қазір орыстың балалар театры сол кісінің атымен аталады. Менің шығармашылық ғұмырымда ол кісінің алар орны ерекше, сондықтан марқұм орнынан бір аунап түссін, айтуға тура келіп тұр. «Чио-Чио сан» операсын қоятын болды да, басты рөлді қазақтың Күлəші (Бəйсейітова) ойнамақшы болады. Екінші құрамында Ольга Ким деген кəріс келіншек бар. Сонда Күлəшті тұңғыш көрдім, тұңғыш рет тыңдадым. Керемет! Кім қояды дегенде, əйтеуір, Натальяға тоқталады. Оның əкесі Мəскеуде МХАТ театрында музыка бөлімінің меңгерушісі болған, Ақ патшаның уағында большевиктер төңкеріске дай- ындалып жатқанда Бауманды үйіне жасырған, большевиктер- ге болысқан кісілігі бар азамат екен. Содан Орталық комитет Мəскеуден Сацты шақыртып алады. Ол кезде бəрі Мəскеу арқылы шешілетін заман ғой. Сөйтіп «Чио-Чио санды» қояды, бір ариясын, əлгі оркестр ямасы дейді ғой, басын салбыра- тып жатып орындайтын жері бар. «Чио-Чио сан» операсының бас кейіпкері аяғы ауыр болғандықтан, жаттығу кезінде бес-алты жасар баланы арқасына байлап қойып жаттыққан деседі. Екіқабат əйелдің ішіндегі баласын осылай қорғаған, қандай əдіс десеңізші! Опера керемет сəтті шығады. Сацтың күйеуі Рязанов деген 37-ші жылдары министр болған екен, ұсталып кетіп қайтпай қалған. Осы операдан кейін Натальяға

Ресейге еңбек сіңірген актриса деген атағын қайтарып беріп, ол Қазақстанға келеді де, 1945 жылы 7 қараша күні Алматыда Жасөспірімдер мен балалар театрын, ал келесі жылы, яғни 1946 жылы қазақ труппасын ашады.Ол кезде бір кеңсе, бір бастық дегендей орталықтандырылған театр деп аталады.

 Бірін айтып біріне кетіп отырмын ғой, айналып келген- де, Алланың берген дарыны болмаса болмайды ғой. Қабілет- қарымымен қатар, қандай да шығармашылық адамының қолында мықты қаруы болуы керек. Суретшінің қолында қылқаламы бар, натурасы бар, яғни аң-құс болсын, тірі пенде болсын сала- тын дүниесі бар, соны салады. Ал композитордың музыкалық аспабы бар, нотасы бар, сонымен жазады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, мүсіншінің де өз өнімі өзінде, ал бізде, драманың артистерінде өзі ғана. Бұл – жеке пікірім.

 Режиссердің көмегімен сахналанған шығарма арқылы сіз бен біздің рухани араласуымыз, сахна мен залдың арасындағы қарым-қатынас, үйлесімділік қалыптастыруға ұмтылыс жүреді. Содан кейін «сквазной действие» деген болады. Спектакльдегі автордың айтайын деген идеясы. Пьесаңыз əдеби шығарма ғой, ал спектакль мүлдем басқа.Оның үстіне, əдеби тіл шұбарланған заман болды. Шынын айту керек, қазір артистер- ге құрал –оқитын кітап жоқ! Қазақта талай режиссерлар болды, Маман Байсеркенов, марқұм Асқар Тоқпанов, солардың өзі мен сияқты орысша-қазақша оқитын. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының өзінде орысша-қазақша.Тіл шұбарланған жер- де сөз-сөйлем құрылысының да бұзылуы заңдылық. Күнделікті қолданыстағы емес, көркем əдебиеттің, көркем дүниенің бүлінуі,ол сахнаның ғана емес, қалың қазақтың соры.

 Маман Байсеркеновтың жазған бір кітабы қолыма түсті, оқыдым. Жарыққа шыққан кітаптың соңында қандай оқулықтар пайдаланылған тізімдегі өнертанушылардың бірде- біреуін танымаймын. Өзім кітапқұмармын, көп оқыдым, əлі де оқимын. Тіпті пікірлерін қолданған адамдар түгілі, əлгі кітапты түсінсем бұйырмасын. Сахнада 40-50 жыл жүріп мен ұқпаған шығарманы, бүгінгі ұрпақ қайдан ұқсын?! Бұл мəселені көп болып ойлануымыз керек.

 Мектепті бітірерде, сегізінші сыныптан кейін онжылдықты бітірумен қатар, кəсіби сала бойынша мамандық алып шықтық... Сонда бір жолдасым осы өнер жолын таңдайық деді, жатақханасы бар, стипендиясы бар екен, соған қызықтық. Маған сонда мұғалімдер таңғалыпты, біреуі ғана қазақ, Сыдықов де- ген драма театрдан.Қалғандарының бəрі орыстар, «образно» сөйле, суреттеп сөйле дейді. Шаляпин деген орыс халқының дарынды артисі болды. Сол Михайл Александрович Чеховтың

«Гамлет», «Хлестаковты» да, тіпті комедия-драма, кез кел- ген жанрда ойнағандарын көріп, таңғалған екен. Ол Антон Павлович Чеховтың туған немересі болған. Тілсіз, сөйлемсіз, мылқау кинолардың уағында Еуропаға барып киноға түскен. Кезінде ол туралы Моров деген жазушы «Трагедия художника» деген кітап та жазды.

– Əлгінде Күлəштің көзін көрдім, операсын тыңдадым дедіңіз. Жақсылармен жүрген күндер еске жиі түсетін шығар?

  •  Қазақтың талай режиссерлерімен жұмыс істедім. Оның арасында еврейдің Барн деген жақсы режиссері болды, Барукаев деген осетин де болды. Асқар Тоқпанов біріккен театрдың көркемдік жағын басқарды. Орыстың мықты режиссерлерін бағындыратын.

 Шəкен Аймановтың киноларына түскенім жоқ, шығар- маларын бағалайтын режиссерім. Театрға жиі келеді, үнемі жалғыз емес, шұбырып нөкерлерімен жүретін-ді. Амандасып жүреміз. Талантты. Жүріс-тұрысының өзі бөлекше. Жаратылысы бөлек адамдар ғой. Бір күні келгенде

«Сценарий жаздым» деді. Мұхтар Əуезовтің «Абай» рома- нынан. Жас Абайды Алтынбек Кенжеков өте жақсы ойна- ды. Құнанбайды Бəйділда Қалтаев деген артист жандырды. Оның Абайды ойнағысы келіп еді, бірақ Шəкен аға осылай шешті. Маған Дəркенбайды берді. Ой бүй, талайдың қолы жете алмаған, Өмірзақтар қанжығасына байлаған Дəркенбай əділдікпен алысып жүрген жалғыз кедей, төңірегімнің бəрі бай-шонжарлармен алысып, жағаласып жүретін сом рөлді бергеніне əуелде тосылыңқырап қалсам да, Шəкеннің сенімі

үлкен күш-қуат бергендей, бойымды əлдебір шабыт кернеп шыға келдім.

– Сенің əртістігің жаман емес, даусың да мықты, ал енді Абайдың əкесін ойнайтын актердің даусы күшті екен, басасың ба? – деді.

  •  Басамын, – дедім. Оның даусында, орысша айтқанда, металл жоқ, мүлдем аз.Менің даусым зор, күшті-ақ. Оның үстіне соғыс жылдарында оқыдым дедім ғой, сонда еврейлер- ден сабақ алдым. Ол кездері операның əншілері сияқты драма артистеріне де дауыс қоятын-ды. Сонда кəдімгідей аптасы- на үш рет театрдан келіп, дауыс ырғағын қалыптастыратын тұрақты сабақ жүретін. Жоғары, орта жəне төменгі немесе кеңірдектен шығатын бөлік деп бөлінеді. Мен мақтанғаным емес, осы үш буында да өте жоғары деңгейде сөйлей алатын- мын. Ал қазір сахна артистері түгіл əншілерге де ондай талап қойыла бермейді. Тынысымның кеңдігі сондай, менің бір алған демім қағаздың жарты беттік сөзі, демде оқып немесе дем ал- май айтып шыға аламын. Тағы сыдыртып емес, бабымен таза, ашық, анық айтып шығатынмын. Даусым зор, диапозоны кең болғанымен, бойым аласа, қазақша айтқанда қортық дейді ғой. Сондықтан да қырық жасқа дейін жасөспірімдерді ойнадым.

 Сөйтіп, Шəкен ағай сенім білдіріп, тіпті Дəркенбай-мені өзі киіндірді. Спектакль біткен соң:

  •  Қасым жаман ойнаған жоқ, маған ұнады,– деді. Ол кісінің аузынан мұндай мақтау сөз есту дегеніңіз, сұмдық мəртебе ғой.

– Сізге қол жетпес арман болған рөліңіз бар ма?

 – Актер болған соң, əрине, неге болмасын?! Менің қабілетім де, дарыным да жететін образдар болды ғой. Орта біліммен-ақ шамам да жетер еді. Ойымда талайлары болды, қазір айтсам біреулер миығынан күліп жүрер, атамай-ақ қояйын. Бір ғана кемшілігім, ой озық болғанымен бойымның қысқалығы, шыны керек, көп кедергі болды.

– Сізге арнап жазылған шығармалар да бар. Əсіресе,

«Түркістанның» іргесін қалаған жазушы-драматург Қала- ғаң, Қалтай Мұхамеджановтың өзіңізге арнаған пьесала- рын білеміз...

  •  Иə, жазушы Сəкен Жүніс қазақтың біртуар режиссері Əзірбайжан Мəмбетов екеуміздің балалық шағымызға ар- нап «Жаралы күндер» деген соғыс жылдарындағы балалар тағдырын сахналады. Ал Қалтай жазушылығымен қатар азаматтығы да жоғары қаламгер еді. «Қуырдақ дайын», «Өзіме де сол керек», «Бөлтірік бөрік астында» деген шығармаларын арнады.Өзі де үнемі келіп қатысып отыратын-ды. Сонда əр спектакльден кейін:
  •  Сахнаға Жəкібаев шыққанда менің қаным көтеріледі, – дейтін. Сонда менімен қоса «ойнап шыққандай» болады ғой деймін, риза көңілін білдіргені, əр спектакль сайын жалықпай сол сөзін қайталайтын.

 Қасым аға əлдебір қимас күндердің шуағына шомылып отырып, «басшыларыңа айта бар, газетке қызметке келіп-кетіп жатқан жаңа толқын журналистерге Қалтайдың шығармаларын насихаттап отырсын» деген сəлемді айтуды тапсырды.

Сізді көрермендеріңіз «Жансебіл», «Қан мен тер»,

«Қызғыш құс» кинолары арқылы да жақсы біледі. Əсіресе,

«Жансебілдегі» «тағдырыңыз» өте аянышты. Аяқ-қолы сау адамның мүгедек арбасына таңылып отыруы деген сұмдық шығар...

 Қасым аға кеңкілдеп күліп алды. Киноны түсіру бары- сындағы қызықты оқиғалар есіне түссе керек. Көз алдымыз- да бір шөкімдей болып отырған қазақ өнерінің қара жорғасы əңгіме сайын биіктеп бара жатқандай. Сəлден соң əңгімесін əрі қарай жалғастырды.

 – Негізі киноға кешірек түстім. Ұсыныстар болып жатты, ең алғашқы кинолардың бірі «Біз Жетісуданбыз» деген киноға да шақырылып едім, жолым болмады. Сағатбек деген жас бала түсті. Ал, киноның нанымды, жақсы шығуы көбіне операторға байланысты ғой. Əбділда Қастеев түсірді, атақты Қастеевтің баласы. Арбаның астына екі аяғымды тығып байлап тастаған. Арбадан шалқалап құлайтын жерім бар, сұмдық көрініс. Жазушы Жүсіпбек Қорғасбек пен режиссері марқұм Аяған Шəжімбай та талантты жігіттер ғой. Аяған қаншыл, намыс- шыл азамат еді. Ол кеңес дəуірінің өзінде «халық жаулары»

жайлы деректі фильмдер түсірген, көркем фильмнің де бағына туған дарынды режиссер еді. Жазушының шығармасында кейіпкер тап-таза шолақ емес, жартылай мүгедек болса керек. Бірақ маған қойылған талап əлгіндей, екі қол, екі аяғы да жоқ. Театрда болса таласып-тартысуға, ақыл-кеңес айтуға, пікір қосуға болады. Ал кинода тек қоюшы режиссердің айтқанына бағынуың керек.

 Талай əңгіме болып жүрсе де қайталап айтайын, Аяған сценарийді ресейлік талантты киноактрисаны іздеп барып береді, ал Нина Мордюкова өзіне ұнаса да, белорустық құрбысы Галина Макарованы ұсынады. Сол кездің өзінде жетпіске таяп қалған кезі, бұл қалай болар екен деп іштей ойланып та қалдым. Содан дайындық, түсіру басталды да кетті.

 Бірде түсіру алаңында ары-бері өткен пойыздың артынан жүгіре-жүгіре шаршап, дем алдық. Күннің қайнаған ыстығы, ары-бері жүгіргеннен ол да, мен де діңкелеп отырмыз. Терлеп кеттім де, басымдағы тақиямды алшы деп едім, ол тақияны алдыма қоя салды. Бір кезде жанымыздан өтіп бара жатқан жеті-сегіз жасар қызы бар келіншек тақияма тиын тастады. Сөйтсем, бас киімім шалқалап қалған екен. Содан жетегіндегі қызы анасының құлағына бірдеңе деп сыбырлап, кері бұрылды да, қайтадан 3 сом тастап жөніне кетті. Сонда ойладым, менің мына кейпім таза қайыршыға ұқсағаны, шын мəнінде образдың шынайы шығып жатқан ғой деген ой келді. Содан сенімдірек болғаны киноның сəтті түсірілімімен аяқталды ғой...

Қасым аға, сіздің ғұмырыңыз бізге аңыз сияқты.

Тағдырыңыз жайлы кітап жазу ойда жоқ па?

 Балконнан сыртқа көз салып отырған қарияның көңіліне сəл-пəл кірбің түсіріп алғанымызды іштей ұқсақ та, көңілдегі сұрақ ауыздан шығып кетті...

 «Е,е, қарағым, менің тағдырымды адам баласына бермей-ақ қойсын, ешкімге тілемейтін, аса ауыр ғұмыр кештім мен» деп барып қайтадан үнсіз қалған дана ақсақалдың жанарына келіп қалған мөп-мөлдір тамшы- ны көрмесек те, жанымызбен сезіндік. Жүрегіміз сыз- дап қоя берді. Тəуелсіздікке қол жеткізер тұстағы қазақ

халқының тарихындағы Желтоқсан оқиғасының зардабы бұл отбасын да айналып өтпегенінен хабардар басымыз, əдемі бір əсерін мұңға айналдырып жібергенімізге тағы да қиналдық. Дегенмен, көпті көрген, жақсылармен табақтас, дəмдес болған, өнердің қызық-шыжығын татқан ақылман қарияның сабасына тез түскені бізді де ауыр ойдан алып шықты.

 – Менің тағдырымды дос түгіл дұшпаныма бермесе екен деп өмірден өтемін, қарағым. Алла тағаланың маңдайыңа жазылғанынан көрмей кетпейді екенсің. Тағдыр қатал жазала- ды мені, оны тəптіштеп айтып, жазып жанды ауыртқаннан не пайда?!

 Кітапты шабан оқысам да, көп оқимын, əсіресе тари- хи дүниелер ұнайды.Ал, кітап жазу деген сəнге айналған за- ман болды ғой, біраз танымал жазушылар ұсыныс та жасап еді, келіспедім. Кезінде Оспанхан Əубəкіров та ұсыныс жа- сап еді, көрші болдық. Өнердегі ғұмырымды көрермендерім жақсы біледі, ал жеке өмірім, ол менің жеке қазынам. Мүмкін жақсылығынан, қуанышынан көрген қиындық-азабым көп те болар, дегенмен, ол жеке тағдыр ғой, адам тағдыры! Жаманды- жақсылы өнер адамының тағдыры! Көзім тірі кезімде ол бағасыз қазынаға ешкімді жолатпаймын, ал... күнделікті күйбең тірліктен туған ойларды қағазға түсіріп жүру деген де жақсы қасиет. Газеттерден Асанəлінің күнделігін оқып отыра- мын. Ол азамат та қазақ халқының тəңірі берген мақтанышы ғой. Пікірлері көңілге қонады.

– Бір сұрақты қойсам, көңіл күйіңіз бұзылып қалар ма екен, дегенмен сексен жылдығыңыз неге республика көлемінде аталып өтпеді?

 – Өйткені, мен жоғарыда айтқанымдай, ұлы актер де, да- нышпан актер де емеспін. Мен тек қана өз кəсібімнің, өз қабілет-қарымымның, өз ісімнің маманымын. Оны ешкім тар- тып ала алмайды.

 Өнердегі еңбегімді өзінше бағалап, сыйлап, «осы шалдың еңбегі зор еді-ау, бағаланбай қалды-ау», – деп жанұшырып атақ əперген Досқан балама рақмет. Республика көлемінде шалқып

аталып өтпесе де, ұжымымен бірге келіп құттықтап, азын- аулақ сый-сияпат жасаған театрдың қазіргі басшылығына да ризамын. Жастар хал-жағдайымды телефоннан болса да сұрап, хабарласып тұрады. Одан артық не бақыт, қандай тағдыр керек дейсің?..

 81-ге толамын деп отырмын ғой, мына жарық дүниеде көрген-білгенің бір күнгідей болмайды. Осы киноның арқасында Таймувский Моловод деген бар, Солтүстік мұзды мұхит, сонда болдым. Талай киносаңлақтарымен бірге киноға түстім...

– Ұзақ жасаудың, əдемі қартаюдың сыры неде деп ойлай- сыз? Сіз сексеннен астым десеңіз де, біз баяғы сахнадағы өзіміз көрген Қасым ағатаймен əңгімелескендейміз...

 – О-о, ол алысқа кеткен заманмен тең.Əйтпесе, ұнтақ жеп өскен ұрпақ өкіліміз.Ашаршылықтан соғысқа ұласқан балалық шақ... Əр ұлттың өзіндік ерекшелігі бар, ас-тағамдары бар. Осы қырғыздар «қазақтар жылына бір центнер қыл жейді» дейді екен. Шіркін-ай, сонда ет жегіштер өздері болғаны ғой! Сонда немене қазақ соқыр ма екен, соқыр екеш соқыр да қыл- қыбырды аузынан алып тастап жейді ғой. Өз басым тəбетім тартқан дəмнен қалыс қалмаймын. Дегенмен, жас ұлғайған сайын əр нəрсенің де шегі, шеті болатыны ақиқат.

Мəдениеттің майын ішіп, өнердің əдемі өрісін кеңейткен, кино мен сахна өнерін қыздың қос бұрымындай көркем өрген қазақтың қайсар шалы – Қасым аға Жəкібаевпен арадағы əңгіме осылай өрбіді...

КƏУКЕН КЕНЖЕТАЕВ:

КҮЛƏШТІ САҒЫНУ

Күлəш, Шара, Қанабек, Құрманбек, Манарбектердің өмірі

  • қазақ театр өнерінің тарихы десе болады. Талай айтылып та, жазылып та жүр. Əлі де таусылар емес. Айтқанымыздан айтпағанымыз, жазғаннан жазбағанымыз көп. Кезінде айта да, жаза да алмадық. Тарихтағы ақтаңдақтар «бұл қазақтың кере- мет қызы» деуден шошындырды да, үріктік. Дегенмен, уақыт өте келе тарихтың шындыққа толы беттері де айқара ашылды. Олар жыл өткен сайын жаңғыра беретін, ұрпақтар өзгерген сайын жаңара беретін өнердің ақиқаттары деуге болады. Əйтпесе, кəсіби мамандығы жоқ, қолында дипломы жоқ бола тұра, табиғаттың берген сыйы – тұла бойлары тұнған өнер, та- лант ананың ақ сүтімен, туған елдің қасиетті топырағымен да- рымады деуге келмес.

 Осы бір қасиет, өнерге деген алабөтен құштарлық –Күлəшті (ол кезде кез келгенге бұйыра бермейтін) Кеңестер одағының Халық əртісі деген абыройлы атаққа жеткізді. Сахнадағы Күлəш, актриса Күлəш көркем-ақ еді. Оның көркемдігі бойындағы асқан таланты мен көрерменге деген, көрерменнің оған деген ықылас- пейілі болатын. Жаны сұлу. Өнері сұлу. Ал, қазақи ажар, көріктілігінен Шара əпкеміз тіпті бөлек-тін. Ол Күлəштан да сұлу еді. Екеуі де сахнаның көркі болды. Еркесі болды. Бірінсіз-бірі аталмайтын. Қатар жүрді. Киім киістері, сəн үлгілері де бірдей, бір шебердің қолынан шыққандай жа- расымды киінетін.

 Театрға келмей тұрған кезде, біз сияқты жастарға Күлəшті көру – арман болатын. Сыртынан көріп мəзбіз. Елуінші жыл- дары театрға келгеннен кейін, менің бағыма қарай Күлəшпен бүкіл Кеңестер одағын түгел араладым. Бибігүлмен де көп са- парлас болдым. Кейде екеуін ойша салыстырамын. Күлəштің өнердегі бақыты Бибігүлде де бар. Алла тағаланың үйіп-төгіп бере салған сұлулығы сахнаға шығып, аппақ тістерін көрсете жымиып, тізерлеп иілгені – залдағы елдің көз қуанышына ай-

налып, ду еткізеді. Тіпті, одан кейін əн салмай-ақ келіп, қайта шығып кетсе де риза жұрт.

 Əнші көп. Қазақ əу бастан өнерліге бай халық. Бірақ, əр əншіні қабылдау əрқилы. Күлəшта адамды өзіне тартып тұратын өнерден де бөлек бір қасиет болды. Көп сапарлас болдым дедім ғой. Бірде Қарағандыда тұратын əпкем мен жез- дем шақырған соң, Күлəшті ертіп бардым. Сондағы жиналған халықты көрсеңіз, жездемнің кішкентай ғана қараша үйі түгіл, ауласына сыймай кетті. Күлекеңді көру үшін. Соғыстан кейінгі тозығы жеткен, жұпыны киінген ауыл адамдарының ортасында өзі де, киімі де келіскен Күлəш. Марқұм Байғали ( Досымжанов) екеуміз анадайдан сырттан бақылап тұрмыз. Киімдері жұпыны болса да, өзіне деген, өнерге деген жыртық, көнетоз киімнің ар жағынан бетке ұрып тұрған ықылас-пейілді танып, риза болған əнші, кербез Күлəш қызу əңгімеден бал-бұл жанып отырды.

  •  Əй, Кəукен, – дейді Байғали, – қарашы Күлəшті, сен екеуміз ғой, олай отыра алмас едік.
  •  Иə, иə, сұрақтарына ғана жауап беріп, олай емен-жарқын отыра алмаймыз-ау, – деп мен де іштей мақұлдап қоямын. Біз қанша күн болсақ, бүкіл ауыл-аймақ сонша күн Күлəшқа тыныштық бермеді.

 Міне, Күлəштің сүйкімділігімен қоса, көрерменге, өз тыңдаушысына деген дипломатиялық қарым-қатынасы да ерекше еді. Оның бойындағы қарапайымдылыққа таңдана қарайтынбыз. Көрген кісіні өзіне тартып тұратын.

 Күлəшті іздеу, Күлəшті жазу – өте игілікті іс. «Күлəш неге ары қарай оқымады» дейсің. Оның оқуға қабілеті де, мүмкіндігі де болған. Өнерде басқа ел сезіне бермейтін бір өтпелі, көшкінді кезең болады. Онсыз да тамылжып тұрған табиғи да- уысты ар-бері ретке келтіріп,бұрап жатуды қолайсыз санады ма, жасы да кедергі болған болар, бəлкім, Қанабек қарсы бол- маса да, онша оқуға ынталана қоймады. Еуропалық ретке кел- ген дауыспен əн салатындар аз болмаған ол кезде де. Мүмкін, оқымағаны да дұрыс болған шығар деп те ойлаймын кейде. Өйткені, қалтадағы дипломнан да құдіретті көмейден шыққан өзіндік уыз үні бар ғой. Консерваторияға түсіп, оны бітіремін

дегенше, ол дауысты сақтай алар ма еді, алмас па еді?! Қазіргі əншілерді сол кездегі Күлəштің даусымен салыстырсаңыз, əрине, оқып, ысылған, орындаудың неше түрлі технологиясы жағынан əлдеқайда биік əншілер аз емес. Тіпті, даусы жағынан Күлəштан да керемет болуы мүмкін. Ал, оқу-тоқусыз, ананың ақ сүтімен дарыған, үйретіп-тəрбиелеуді қажетсінбейтін, тұла бойы тұнған талант ешкімнің жетелеуіне бағындырмайтын алпауыт күш сияқты. Осындай қасиет Шарада да болған. Балеттің не екенін білмей-ақ, сахнада бидің классикалық түрін қалыптастырды емес пе?! Бұл да дəл Күлəш сықылды. Оны да билетіп тұрған бап. Ол өнер құдіреті! Өнерге деген құштарлық, ынтық көңілдің құдіреті!

АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК:

ҰЛТТЫҢ ҰЛТ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЫ –

МƏДЕНИ МҰРАСЫНАН

 “...Егер, əрбір халықтың тарихтағы орны жалпы адамзат мəдениетінің дамуына қосқан рухани үлесімен өлшенер болса, онда қазақ халқының ұялмай бетке ұстары музыкалық мұрасы болса керек...”

 Белгілі жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбектің осы сөзі ұлт- тық музыка өнеріміздің асыл мұратын айқындап бергендей.

 Ұлттық өнердің қыр-сырын дүниəуи ілімдермен сабақ- тастыра сөйлегенде абыз күйшідей тебіреніс күйін кешетін Ахаң бүгінгі ой-толғаныстарында сан салалы өнеріміздің əр тұсын көктей шола келе, музыкамыздың байтақ əлемі турасында байыпты əңгімелеген еді.

  •  Əңгімені ұлттық өнердің табиғатынан бастар болсақ, нағыз өнер қашан да, қай кезде де тек қана ұлттық болып дүниеге келеді.Əсіресе, ұлттық төл тумаларды айтқанда, қазақ халқының музыкалық мəдениеті өзінің терең тарихымен, философиялық бай мазмұнымен айрықша, айқын көрініс таба- ды. Бұл тұрғыдан келгенде, руханияттың: сөз өнері, қол өнері, өзіміз сөз еткелі отырған саз өнері бар. Өз басым осылардан саз өнерін (музыка) ерекше бөле-жара бағалаймын. Бізден кем түспейтін сөз өнерін тудырған елдерді жоққа шығаруға болмас. Бірақ əлемде эпикалық туындылар тудырған елдер санаулы- ақ. Байырғы батыстағы, шығысымыздағы елдердің музыка мəдениеті тарихына үңілер болсаңыз, эпикалық шығармалар тудырған, поэзияны тудырған сол санаулы елдердің бірі қазақ болғанына көз жеткізу қиын емес. Мүйізі қарағайдай көршілеріміздің көбінде эпос атымен жоқ. Шығысымыздағы Қытайда, оңтүстігіміздегі араб-парсы елдерінде қол өнерінің ғажайып үлгілері бар, əрине. Дегенмен, əдемі иірімдері мен нəзік өрнектерінің жұмбаққа толы сырларын ешкім де қайталай алмайтын қазақ өнеріне тең келмес.

Қазақ халқының музыкалық мəдениетіне қатысты ең бір

байырғы дерек көздері археологиялық айғақтар болып та- былса, сол əлемге əйгілі рухты археологиялық олжалардың ішінде бүгінде қазақтар тұтынып жүрген, сахнаға алып шығып жүрген қобыз, домбыра, сазсырнай, үскірік, қоңырау сын- ды аспаптардың болуы, қазақ руханият əлемінің тым арыдан басталатынын көрсетеді.Олардың алғашқы нұсқалары біздің жыл санауымызға салсақ, ІV-V ғасырлармен тұспа-тұс келеді. Бір ғажабы, сол кезде жасалған алғашқы нұсқалары қанша уақыт өтсе де, көп өзгерместен сақталғаны. Бұл деген сөз, ұлы дала көшпенділерінің мыңдаған жылдар аясында шыңдалған ғажайып мəдениетінің кіндік жұрттағы мұрагері – қазақтар болғанын көрсетеді. Тарихи тамырластығын тарих қойнауында жоғалтып алмауы түбі бір түркі жұртына аян.

 Сондай үлкен мұралардың бірі – Аттилаға байланысты жыр. Қазақ даласындағы Батысқа қарай жол бастаған атақты қолбасшы ғой. Жорық шептерінде үнемі қобыз тыңдайтын болған. Жорықтан оралғанда екі қатар болып сəнді киінген қыздар қарсы алып, шығарып салып отырған. Демалыс кештерінде ерекше эпикалық жырлардың айтылатыны, сол жырды тыңдаушылардың бірі қайғырып, өткен өміріне қимастықпен қараса, екіншісі ерекше тебіреніс күй кешкен. Сол сияқты қыпшақтардың “Кодекс Куманикус” (1303) атты кітабы негізінен қыпшақ тілін насихаттауға арналған. Бірақ, музыка зерттеушісі Б.Г. Ерзакович осы еңбектегі əннің түп- тамырын зерттей келе, қазақтардың музыкалық тілінің кейбір элементтерін тауып, байырғы “Ақсақ құлан» күйінің жəне кейінгі “Елім-ай” тарихи əнінің əуендік құлақкүйімен астасып жатқанын айтады.

 Мұны айтып отырған себебіміз, сол əуенде де біздің музыкалық аспаптарымызға табиғаты жағынан ұқсас аспап- тарының болуы. Өйткені, мұның себебін қазақ халқының бірыңғай өзімен тектес түркі халықтарымен шекараласып, түркі əлемінің кіндік мекенінде болуынан да, көшпелі өмір салтының тұрақтылығынан да іздеу керек.

 Енді осы музыкалық мəдениетімізде ерекше орын алатын əн-күй өнерінің өзіндік жанрлық ерекшеліктеріне тоқталсақ,

мынаны айтуға болады. Күй дегеніміз – шексіз музыкалық дүние. Тағы да ғылыми деректерге зер салар болсақ, қазақ даласындағы мəдени-рухани дəстүріндегі күйдің алар орны тым ерекше екенін мойындайсың.

 Қазіргі түркі халықтарының біразына ортақ Қорқыт (ІХ ғ.), Кетбұғы (ХІІ-Х ғ.ғ.), Сары Салтық (ХІІІ-ХІV ғ. ғ.), Қазтуған (ХҮ ғ.) сияқты тарихи тұлғалардың музыкалық мұрасын бүгінге жеткізе алған бірден-бір халық – қазақтар болып отыр. Мəселен, Қорқыттың күйлері қазақтан басқа бірде-бір ұлтта сақталмаған. Қорқыттың бүгінге жеткен 10-нан астам күйі бар. Олар нотаға түсіп, үнтаспаларға жазылып, қобызшылардың репертуарларынан берік орын алған. Қорқыт күйлерінің тек қазақ арасында сақталып қалуының өзіндік тарихи себептері бар. Біріншіден, Қорқыт шыққан оғыздардың кіндік жұрты қазақ даласы еді. Екіншіден, қазақтардың ХХ ғасырға дейін көшпелі өмір салтта болуы иісі түркілік дəстүр мен ділдің (менталитеттің) таза сақталуына себепші болды. Үшіншіден, көшпелі өмір салты ислам дінінің дендеп орнығуына дес бермеді, ХІХ-ХХ ғасырларға дейін бұрынғы Тəңірлік наным- сенім үстем болып, Тəңірдің жердегі өкілі деп есептелетін бақсылардың ел ішіндегі беделі елеулі болды. Ал, бақсыны Тəңірмен тілдестіретін аспабы – қобыз еді. Сөз жоқ, қобыз шалған кез келген бақсы тек қана бақсы сарындарын сарнату- мен шектелмей, олар өздеріне ұлы ұстаз санаған Қорқыттың күйлерін де аңыратып тартқан. Сонымен қатар, дəстүрлі му- зыканы сақтап қалуға, біздегі авторлық музыканың молдығы да əсер еткендігімен де мақтануымызға болады. Мысалы, ҮІІІ ғасырдан 20-ға тарта қобызға арналған күй болса, ХІ- ХІІ ғасырдан жеткен «Ақсақ құлан» күйінің қазір онға тар- та варианты бар. Асанқайғыдан, Қазтуғаннан, тіпті берідегі Байжігіттен 30-ға тарта күй жетті. Ол күйлерді өзінің ата-ба- баларынан үйреніп, бүгінге жеткізген Талас Əсемқұлов деген азамат. Тіпті, Абылай ханның онға тарта күйлері ел құлағында. Ұлы хандарымыздың кезінде мол мұрасын дəріптемек түгілі, аттарын атауға тыйым салған кезеңді де бастан кештік...

Қазақ халқы өзінің əуендік интонациясын ғана, қасиетін

ғана даралап қойған жоқ, сонымен қатар көркем өнер ретінде де дамыды, өсті. Оған айғақ – Құрманғазы, Дəулеткерей, Қазанғап, Тəттімбет, Дайрабай сынды айтып тауыса алмайтын асыл мұралар. Əн өнерімізден Ақан, Біржан, Естай сияқты ірі тұлғалар жарып шықты. ХХ ғасырдың екінші жартысында академик Ахмет Жұбановтың көрегендігінің арқасында қазақ мəдениетін өркендету жолында, өнер ошақтарын ашуда мол еңбек сіңірді. Ол қазақтың 10 мыңға тарта əн-күйлерін жи- нап, нотаға түсірді. Соның нəтижесінде, күй жанрынан мол мұра қалыптасты. Осыншалық бай мұрамыздың ең көп қоры домбырамен, қобыз, сыбызғы, сазсырнай, жетіген, шаңқобыз, месқобыздарда орындалады. Əн де сол аспаптарға қосыла береді. Кеңес үкіметінің кезінде еуропалық əуендік-саздық ерекшеліктері сəнге айналды да, бізде күй фольклорлық жанр болып қалды. Ал, таза ғылыми-зерттеу əдістемелік тұрғысынан келсек, нағыз мəдениет, əсіресе, рухани мəдениет тек қана ұлттық-этникалық төлтумалықта көрініс табады. Жəне сол төлтума қасиетін тұғыр ете отырып қана дамиды, шыңдалады. Əңгімелеп отырған ұлттық өнеріміздің тарихын сөз ет- кенде, міндетті түрде бүгіні назардан тыс қалмауы керек- ті. Осы ретте көңілге кірбің түсірер жайттар баршылық. Баршылық емес-ау, толып жатыр. Басқа елдің мəдени-рухани құндылықтарына жалаң еліктеу өзінен-өзі қайталау болып шығады дедік. Өкінішке орай, бізде БАҚ-тың, əсіресе радио- теледидардағы бейбастақтық қазақ музыкасын шала-жансар күйге түсіріп келеді. Соңғы бес-алты жылда қазақ əн өнерінің классиктері Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиевтардың дидарын көрмейтін болдық. Оларды көрмеген, естімеген, санасына сіңірмеген қаулап өсіп келе жатқан ұрпақ тағдыры ешкімді ойландырар түрі жоқ. Демек, қазақ радио-теледидары біздің ұлттың жадын өшіруге көбірек қызмет етіп келеді. Түн ортасынан ауғанда ғана ұлттық музыка- дан концерт беруден асқан қорлық бар ма? Бұл қорлыққа қалай шыдарсың, төріңде тұрған теледидарыңды сындыра алмайсың. Мұндай қорлыққа ара түсетін үкіметіміз, біздің министрлігіміз болуы керек! Ал, олардың «сен тимесең мен тимен бадырақ

көз» деп үн-түнсіз отыруы айналып келгенде, астындағы крес- лосынан айрылып қалмаудың амалы сияқты.

 Ұлттың ұлттық мəдениеті ұрпақтың жадынан өшіп барады. Қазақ музыкасы Қазақстандағы телеарналардың 80-90 пайызын қамтуы қажет. Ал, қалған 10 пайызы əлем музыкасын таныс- тыру деңгейінде ғана көрсетілуі керек. Əлем музыкасы, оның ішінде американдық жеңіл ырғаққа құралған шоу-бизнес зама- ны өршіп тұр. Өз ата-бабасын түгендей алмайтын ұрпағымыз сол өнер жұлдыздарының аты-жөндері мен шығармаларын жақсы біледі.

 Осы орайда, айрықша қадап айтатын нəрсе, мынау коммерциялық «КТК», «Рахат», «Шаһар» сынды арналардағы журналистер, əсіресе музыкалық бағдарламаларды ұйым- дастырушылар əлгі музыкаға соншалықты ынтық болса, өз ата-анасына, балаларына тыңдатсын. Бірақ қазақ халқының ұрпағына, рухани тамырына балта шаппасын! Бұл – қиянаттың қиянаты. Бұл – біздің адамдық құқымызға қол сұғу, біздің үкіметіміздің, Парламентіміздің, тиісті билік орындарының біздің соншалықты тапталған рухымызға немкетті қарауы. Бұдан артық не айтуға болады. Қайнайды қаның...

 Журналист ретінде, халқымның рухани-мəдениетінің жа- нашыры ретінде жан-жүрегім шырылдап айтарым осы. Қазақ музыкасының өткені мен бүгінгі туралы айтарымыз осы. Айта беретін, таусылмайтын, шегі жоқ тақырып дер болсақ, күн тəртібінен бір сəт түспейтін маңызды мəселе де осы. Өйткені, онда халықтың болашағы, үміт-сенімі жатыр. Ұлтты қалыптастыруда, ұлтты ұлт етуде, ұлттың ұлттық рухын көрсетуде музыкалық мəдениетіміздің, киелі мəдениетіміздің ықпалы ерекше екенінестен шығармасақ керек. Осы проблемаға назар аударып, газет бұрышынан орын беріп, шырылдап жазып жүргендеріңізді көзім шалып қалады, соған ризашылығымды білдіремін.

СЕЙIТ КЕНЖЕАХМЕТОВ

Со-нау Торғайда жатқан сатирик-жазушы Сейiт аға- мен телефон арқылы хабарласқанымызда, көңiл күйi- нiң əлденеге алаңдаулы екенiн аңғардық. Ол кiсi от- басында жайлы, шығармашылығында мол мүмкiндiк жасаған əулет анасының ептеп сырқаттанып қалғанын, соған көңiл алаң, жүрек күптi болып жүргенiн айтты. Сырбаз сатирикке асыл жар, балаларына ақылман ана болған тəтемiзге амандық тiлеп, дайындаған сұрақтарымызға жазбаша болса да асықпай жауап беруiн өтiнген едiк. Əңгiме, əрине, əдебиет, тiл, тəрбие жайлы болған соң, қаламы жүйрiк жазушы оқырман, əсiресе,«Түркiстанның» оқырмандарымен жүздесуге тез келiстi. Олай болса, жазушыны тыңдасақ...

    •  Сейiт аға, əңгiмемiздi бүгiнгi əдебиет, мəдениет жайы- нан бастасақ... Тəуелсiздiк алғалы да жиырма жылға жуықтапты, осы жылдар iшiндегi тəуелсiз елдiң тəуелсiз əдебиетi туралы ойыңыз?

 – Бүгiнгi əдебиет пен мəдениет туралы тек жазушылар ғана емес, бүкiл зиялы қауым мен оқырмандар да үлкен ой үстiнде. Неге десеңiз, өз тiзгiнiн өзi ұстаған ел есебiнде бiздiң аталған саламыз əсiресе, алғашқы 6-7 жыл iшiнде бəрi де құлдырады. Жүздеген кiтапхана жабылды. Ондағы кiтаптар далада ша- шылып жатты. Сол əдебиеттi жасайтын жазушыларымыз тек өзiнiң ғана емес, қажетсiз, құнсыз дүние есебiнде қалған əлемдiк классикалық шығармаларын көргенде мүлдем абды- рап қалды. Сөйтiп кiтаптың құны, жазушының беделi əбден төмендедi. Мұндай жағдайда не жазылушы едi, əйтеуiр жеңiл

  • желпi бiрдемелер жазылған болды. Оның өзi басылмайды. Бiрсыпыра жазушылар ақшалы бiреулердiң естелiгiн немесе солардың өздерiн көтермелеп, көлемiн қалыңдатып кiтап жа- зып берiп, күнiн көрдi. Турасын айтқанда, жазушылар ешкiмге керексiз болып қалды. Жазушылар одағы да, баспалар да бұрынғы абырой – беделiнен айырылып, қаражатсыз отырды.

Қысқасы жазушылар үшiн қиын кезең туды. Жазу емес, қалай өмiр сүру жайлы ғана ойлайтын болды.

    •  Осы кезде өзiңiз қандай күйде болдыңыз? Қалай күн көрдiңiз?

 – Мен жасымнан қиындықпен, еңбекпен өскен адаммын. Мəдениетке де, əдебиетке де, қол өнерiне де, суретшi, құрылыс iсiне де бейiм едiм.

 Алғашқы қиындық кезiнде жоғары оқу орнында əдебиет, мəдениет тарихынан лекция оқыдым. Ол кезде ұлттық мəдениет пен этнография мəселесi аз зерттелген едi. Ал мен бұл iстi ерте қолға алып, жинақтағанмын. 1993 жылдан бастап менiң этнографиялық бiрнеше жинақтарым: “Жетi қазына”, “Қазақ халқының əдет-ғұрыптары” атты кiтаптарым жыл сай- ын басылып тұрды. Жəне оған қаламақы да алып тұрдым.

– Сөз басындағы əдебиет жайына қайта оралсақ.

 – Сол тұралаған əдебиет əлi де оңып тұрған жоқ. Рас, аз- дап қаламақы бөлiндi, кiтаптарымыз да шыға бастады. Бiрақ оның бəрi мардымсыз. Жазушы еңбегiн алып тоймайды. Оқырман оқып тоймайды. Бұрын, осыдан 30-40 жыл бұрын бiр кiтабымыз шықса, ол бiздi бiрнеше жыл асырауға жететiн едi. Рас, қазiр белгiлi қаламгерлерiмiздiң 5-10 томдық таңдамалары шығарылып жатыр. Бiрақ тиражы əрi кетсе 1-2 мың дана ғана. Бұл басқаны қойғанда кiтапханаларға жетпейдi, не оқырмандарға жетпейдi. Оқырмандар қолына тимеген кiтапты бар деп айту қиын.

 Мен өз басым əдебиет жоқ деп айта алмаймын. Халық бар жер- де əдебиет бар. Оқырман қауым бар. Бiрақ оқырман қауымның негiзi – əлi де сол аға буын өкiлдерiмiзде тұр. Əдебиеттi iздейтiн де, пiкiр айтатын да солар. Қазiр көпшiлiк: “жастар кiтап оқымайды” дегендi көп айтады. Халық жай айтпайды, мен оған толық қосыламын. Жастардың көбi кiтапқа қарамайды. Бұл жазушы, ақын жоқ деген сөз емес. Е.Ашықбаев, Иран-Ғайып, С.Ақсұңқарұлы, Т.Ахметжан, Адай Сабыр, М.Қожахметова, С.Тұрғынбеков шығармалары қандай. Кəкiмбек, Ғаббастар əлi сiлтеп келедi. М.Мағауин, Г.Бельгер шығармаларын жұрт iздеп оқиды. Осы жерде тағы да ашына айтатын бiр сөздiң ретi келiп

тұр. Жазушылардың еңбегi еленiп, мемлекет қамқорлыққа алып жатыр ма? Билiктiң 5-6 жазушыны жарылқағаны жазушы қауымын көтерiп тастағаны емес. Керiсiнше, бiздiң мемлекетiмiз өткен жылы əдебиетiмiздi тұқыртып, жазушылардың беделiн тағы да қатты түсiрдi. Н.Айтұлы, С.Ақсұңқарұлы сияқты бəйгеден озып келген тамаша ақындарымызды тобықтан қағып құлатты. Оларға Мемлекеттiк сыйлық берiлмедi. Жазушылар қауымы жерге қарап қалды. Өздерiңiз айтыңыздаршы, қазақ əдебиетiнiң тарихында Мемлекеттiк сыйлық берiлмей қалған кез болды ма? Болған жоқ. Тiптi бiздiң қаламгерлер Лениндiк, Мемлекеттiк, əлемдiк беделдi сыйлықтар алған жоқ па?! Қазақ əдебиетiнiң беделi жоғары емес пе едi!

 Ал, егемендiк алған кезде мынадай ұялатын жайға тап болдық. Бұл аталған 1- 2 ақын ғана емес, М.Əуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсiрепов бастаған салиқалы қазақ əдебиетiнiң шекесiне тиген соққы болды. Бұл сөзiм билiкке жақпас, бiрақ ақиқатты айту менiң азаматтық парызым. Бəрiн айт та бiрiн айт, ең қиыны кiтаптардың жетiспеушiлiгi жазушыларымыздың еңбегiнiң бағаланбауы халқымызды рухани аштыққа ұшыратуда. Тағы да айтамын əдебиетiмiзге мемлекеттiк қамқорлық бол- май, кiтаптар мен газет-журналдарымыздың тиражы өспей, арамшөптей қаптап кеткен зиянды-зиянсыз орыс əдебиеттерi азаймай, өз тiлiмiз өркендемей, iлгерi баса алмаймыз.

– Дегенмен, соңғы 5-6 жыл iшiнде сiздiң “Қазақ халқының салт-түрлерi”, “Қазақ халқының тұрмысы мен мəдениетi”, “Қазақтың дархан дастарқаны” деген аса құнды кiтаптарыңыз 5-10 мың данамен жəне бiрнеше рет қайта басылды ғой.

 – Бұл кiтаптардың жөнi басқа. Өйткенi бұл тағылымы мен танымдық еңбектерiм халықтың талабы мен талғамына сəйкес келдi. Ең бастысы шетелдерге қазақ мəдениетiн та- нытатын бiрден-бiр танымдық еңбек болып, қазақ, ағылшын, орыс тiлдерiнде басылды. Мəртебелi жерлерде сый-сияпат есебiнде тарады. Қазiр əлемнiң 50-ге жуық елiне тарап кетсе де, өз елiмнiң мектептерi мен кiтапханаларына əлi де жетпей отырғанына қиналамын.

– Сiздi сонау Кеңес дəуiрiнiң өзiнде қазақ тiлi, өз ана тiлi үшiн аз ғана белсендi топтың бел ортасында жүрiп, қазақ мектептерiнiң тағдырына да атсалысқаныңыз, бүгiнде аңызға, тарихқа айналғандай...

 – Кеңес дəуiрi тұсында бiздiң халқымыздың тiлi ғана емес, мəдениетi де барынша тоқырады халықтың рухы төмендеп, ұлттық болмысы да өзгерiске ұшырады. 1989 жылдан бастап тiлiмiз туралы сөз қозғала бастады. Сəтiн салғанда тəуелсiздiк алып, жер-жерде, облыс, республикада “Қазақ тiлi” қоғамдары құрылып, олар белсендi жұмыс iстедi. Мен 1991 жылы Торғай облыстық “Қазақ тiлi” қоғамының төрағасы болып сайлан- дым. 1992 жылы Алматыда қоғамның Халықаралық құрылтай съезiнде Ахаң мен Жахаңның əруағы қолдап, менi сөзге бiрiншi шығарды. Мен, барлық шын сөзiмдi, ащы пiкiрлерiмдi осында ашық сөйлеп, ашына айттым. “Бас кеспек болса да, тiл кеспек жоқ” дедiм. Съезд делегаттары маған қатты қолдау көрсетiп, дүркiрете қол соғып, дем берiп отырды. Үзiлiсте Республика Президентi Н.Назарбаев əдейi келiп, қолымды алып, маған зор ризалық сезiмiн бiлдiрдi.

 Қоғам барлық жерде жақсы жұмыс iстедi. Торғайоблысының, Арқалық қаласында көптеген жаңа қазақ мектептерi ашылды. Оларға лайықтап сөздiктер, кiтапшалар шығардық. Арқалық педагогикалық институтында қазақ тiлi мамандарын даярлай- тын 2 жылдық курс ашылды. Өз басым Арқалық қаласынан ұлт мəдениетi мен тiлiн тереңдетiп оқытатын арнайы жеке мектеп, ашып онда он шақты мұғалiм жұмыс iстеп, жалақы алды. Бұл кез – жұмыс жоқ, еңбекақы жоқ ауыр кезең болатын. Тiл мəселесi өте ауыр əрi қиын едi. Арқалық қалалық кеңесiнiң сессиясында “Восточный” деген көшенiң атын – А.Байтұрсыновтың атына өзгерту қанша дау болды десеңiзшi! Əсiресе, осында өнiп- өсiп тойынған басқа ұлттардың ана тiлiмiзге деген табанды əрi ар- сыз қарсылығы жүректi сыздатты. Бiз бұл жерде өз тiлiмiздiң күшi арқылы ғана жеңiп жүрдiк. Ақыры сол жылдары ашылған орта мектептер, бала-бақшалардың көпшiлiгi жабылып, халық iргесi сөгiлiп, еңбек далаға кеттi. Сол кездегi ашылған ғажайып мектептер мен балабақшалардың қазiр орны да қалмаған.

– Бүгiнде зиялы қауымды “зиянды қауым” санайтын- дар, жалпы сын айтушылар көбейдi. Ақын-жазушыларды пiр тұтқан халық едiк, əсiресе, бүгiнгi əдебиетшi – жастар, оқырман болсын, Кеңес дəуiрiне шошына, сыни көзқарас қалыптастырған. Бұл пiкiрге қалай қарайсыз?

 – Мұның себебi де жоқ емес. Бiздiң зиялы қауым өкiлдерi басылып қалған. Күресте жалтақ. Мен Астана қаласында

6 жылдан астам уақыт тұрғанымда кейбiр ғалымдар мен ақын-жазушылардың жалтақтығын, өз басы мен өз жайын ғана күйттейтiн күйкi тiрлiгiн көрiп, таңғалдым. Мен олар- мен бұрын сырттай ғана араласқаным болмаса, iштей көрген емес едiм. Өзiм бiлетiн зиялы қауым өкiлдерiнiң кейбiрi атақ, мансап, сыйлық үшiн барын салатын пенде болып шықты. Зиялы қауымның сөзiнiң билiкке өтпеуi, еңбектерiнiң жарық көрмеуi, тұрмыстық жағдайының төмендеуi де жасырын емес. Халықтың да зиялы қауымды ұмыта бастағаны сол себептi бо- лар. Дегенмен, аталған қауым мұндай жағдайда рухы мен намы- сын төмендетпей Желтоқсандағы Жұбан мен Сафуан ағалардай атой салуы керек-ақ едi! Кешегi Ахмет, Əлихан, Мiржақып əкелерiмiз жеңiлсе де, жеңiске бергiсiз iз қалдырып кеттi ғой. Қайсыбiрiн айтасың, басшылықтан қолдау таппайтындығын сезген жандар тiлiн тiстеп қалды.

 Иə, мен Кеңес дəуiрiнде өстiм. Шын сөзiм, бiз сияқты соғыста өлген əкесiз жетiмдердi жеткiздi, оқытты, тəрбие бердi. Соның арқасында мен көптiң бiрi ғана емес жазушы бол- дым. Жəне өзiме лайық жұмыс iстедiм. Халықтың əл-ауқаты да жақсы болды. Ең бастысы əр адамға жұмыс болды бұл Кеңес кезеңiнiң жақсы жағы. Бiрақ коммунистiк саясаттың бiздiң халықтың дiнi мен болмысына үнемi жоспарлы түрде балта шауып отырды. Жүрсе аяғына, сөйлесе тiлiне тұсау салды. Қазақтық рух, салт-дəстүр, ұлттық ерекшелiк мүлде жойылып бара жатты. Тiлiмiз тəлкекке түстi. Қазақ азаматтарының өресi қанша биiк болса да, өз биiгiне көтерiле алмады, көпшiлiгi əдейi қуғындалды. Былайша айтқанда бағы да, тiлi де бай- ланды. 1928 жылғы тəркiлеу, 1931-1933 алапат аштық, 1937 жылғы жаппай жəне жазықсыз репрессия, тағы басқа зорлық,

зомбылық табы əлi де ел есiнде. Осындай қырғында менiң ата- бабам да қырғын тапты. 1922 жылғы жұт пен аштықта бабам өлдi. 1932 жылы атам өлдi. 1942 жылғы қырғында өз əкем өлдi. Бұл бiр менiң ғана қасiретiм емес

 Демек, Кеңес кезеңiне шошып қараудың толық дəлелi бар. Сондықтан ол заманды аңсаудың қажетi жоқ. Оның басқа да зиянды əрекеттерi жеткiлiктi. Ол кез əлеуметтiк-тұрмыстық жағдайы жақсы болғанмен қазақ сияқты халықтарды түбi құрдымға жiберетiн қоғам болатын. Белгiлi қазақ ғалымы М.Арын: “Кеңестiк дəуiрдiң ғұмыры ұзақ болғанда, қаскөйлiк əрекет жүзеге асып, дəстүрдiң мүлдем жоқ болып кетуi де ықтимал едi. Онда тiл де жоқ болатын едi. Ал тiл мен дəстүрдiң жоқ болуы дегенiң ұлттың жоқ болуына əкелiп соқтырады”, – деп жазды. Шын сөз.

– Сiздi, əсiресе, жазушылықпен қатар, қазақтың тұр- мыстық салт-дəстүрiне деген көзқарасыңыз, тiптi жанашырлығыңыз дегенiмiз дұрысырақ болар, ерек- ше қаламгер деп танимыз. Бүгiнде тиiп-қашып болса да, той-томалақтарда болмаса, əлi де бұл тақырыпта ауыз толтырып мақтана алар жағдай қалыптасқан жоқ. Сол салт-дəстүрдiң өзiн тəрбие тəрiздi отбасы, ошақ қасынан бастаған жөн-ау ...

 – Халқын сүйген адам, салтын да сүюге тиiс. Мен халық- шыл жəне өз халқымды барынша сүйетiн адаммын. Менi кейбiреулер “ұлтшыл” дейдi. Менi Кеңес кезiнде де солай дейтiн. Мен оған ренжiмеймiн. Халқын сүйген адам ұлтшыл болмай тұра алмайды. “Ұлтшыл” деген сөз анығына келген- де “халқын сүйетiн адам” деген сөз. Мен де солардың бiрiмiн. Таза қазақы ауылда, таза халық тəрбиесiн алып өстiм. Əке көрмесем де əкемдi көргендер мен қазыналы қарттар кеңесiн алып, үлгiсiн көрдiм. Есейген соң халық тəрбиесi мен оның əдеп, əдет, салт -дəстүрлерiнiң жəне оның үлгiлерiн, тəлiмдерiн жазып отыруды əдетке айналдырдым. Ұзын сөздiң қысқасы бiр өзiм салт-дəстүрлердiң 430-дан астам түрiн жаздым. Оның сыртында ырым, тыйым, қағида, жөн-жосықтарын жəне жинақтадым. Не керек қазақ тұрмысы мен мəдениетiне, ұлттық

болмысына қатысы бар дүниелердi жастай жинай бердiм. Бұған мəлiмет берген көпшiлiктiң де, өзiмнiң араб, латын жа- зуларын бiлгенiмнiң де өте зор пайдасы тидi. Алғашында бұл дүниелерiм басылмады. Оған жасыған, мойыған жоқпын. 1990 жылдан бастап газет-журнал беттерiне үздiксiз жария- лана бастады. Оны алғаш “Ана тiлi” газетi жариялады. Қазiр Республикалық газет-журналдарға менiң осы еңбектерiмдi жарияламаған баспасөз жоқ шығар. Жақау Дəуренбеков, Серiк Əбдiрайымовтар жеке кiтабымды шығарып бердi.

 Көп сөз не керек, 2004 жылдан бастап жоғарыда аталған 3 кiтабым “Алматыкiтап” баспасынан (Э.Баталова) жыл сай- ын жарық көрдi. Оның сыртында “Ана тiлi” баспасынан (Ж.Дəуренбеков) “Жетi қазына” атты 3 кiтаптан тұратын еңбегiм 6-7 рет қайта басылды. Мұның бəрi менiң аз еңбегiмнiң жанғаны деп есептеймiн. Əңгiме, өлеңдерiм, ғылыми- танымдық жинақтарымды қосқанда 27 жинақ шығардым.

 Қазiр, “Елiмiзде тарихымыз, тiлiмiз, салт-дəстүрiмiздi өркендетейiк!” деген ұранды сөздер көп-ақ. Бiрақ сол салт- дəстүрiмiздi қалай жетiлдiремiз, кейiнгi жастарға қалай үйретемiз. Бұл жөнiнде нəтижелi iс жоқ, тек көпiрме сөз. Наурыз мерекесiнде ұлттық киiм киiп, киiз үй тiгемiз, дастарқанға қойдың басы мен арақ қоямыз. Мұны ұйымдастырушылар өздерiнше ұлт дəстүрiн насихаттадық деп бөседi. Қазiр ұлт мəдениетi туралы сөйлейтiн “бiлгiштер” тiптi көп. Олардың қымыздың 40 түрi бар деп соғатындары да бар. Авторы да жоқ, қай баспадан шыққаны да белгiсiз “Қазақ ырымдары”, “Түс көру”, “Салт-дəстүр” сияқты дүмбiлез, сауатсыз кiтаптар көбейiп кеттi.

 Салт-дəстүрiмiздi балабақшада, мектептерде, оқу орын- дарында оқыту ешкiмнiң ойына келмейдi. Мен бұрын осы iстерге бағдарлама жасап мектепте, жоғары оқу орында- рында (Арқалық мемлекеттiк педагогикалық институтында, Астана гуманитарлық колледжiнде т.б) оқытқан болатын- мын. Дегенмен жалғыз қаздың да, жалғыз қазақтың да үнi шықпайтыны белгiлi ғой. Бiр қуанатыным мұғалiмдер, ата-ана- лар, тəрбиешiлер, жастар менiң кiтаптарымды iздеп жүрiп ала-

ды, өзiме де жолығады, алыстағылар хат жазады, шақырады. Бұл менiң еңбегiмнiң халық қажетiне толық жарағаны ғой. Демек мен бақытты жазушымын. Түбiнде менiң салт-дəстүр жөнiндегi еңбектерiмдi туған халқым тəрбие iсiнде жүзеге асы- ратынына менiң еш күмəнiм жоқ. Олай болса, тəрбие отбасы, ошақ қасынан бастау алуы қажет. Мен де, менiң замандаста- рым да тəрбиенi солай алған.

 Əр халықтың өзiнде, тарихында ұлт салт-дəстүрiнiң ортасы мен қызметiнiң орны өте жоғары. Оны ештеңемен теңеуге де айырбастауға да болмайды. “Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгiсi”, – дейде ба- тыр Бауыржан Момышұлы. Не iстейсiң қазiр өз ұлтын сый- ламайтын, салт-дəстүрден ада қазақтар өте көп, иə, өте көп. Маскүнем еркек, əйел, жартылай жалаңаш қыз-келiншек, бетiмен кеткен жас.... өзiң қорқасың. Астанада “Отырар кiтапханасының” бiр қызметкер əйелi өз баласының сынып- тасынан жоғарғы қабаттан ұлын шақырып берудi өтiнгенде, анау бала ақысына 20 теңге ақша сұраған. Ең сорақысы Парламентте ерлер екi əйел алу туралы мəселе көтергенде, депутат əйел: “Егер еркек екi əйел, алатын болса, онда мен де бiрнеше күйеуге тиемiн” дептi. Бұл бойында қазақ ұяты, қазақ қаны жоқ адамның сөзi ғой. Осындайлар қалай Парламентте отырады? Е, бiз не iстемей, не көрмей жүрмiз. “Өлiмнен ұят күштi” дейтiн едi. Шамасы сол ұят та кетiп барады-ау деймiн кейбiр адамдар бойынан.

– Əдебиеттегi, өнердегi “жиендiкпен” (плагиаттық)

жүздескен, кездескен кезiңiз болды ма?

 – Менiң “жанды” жерiмнен тидi бұл сұрақ. 2008 жылы менiң шығармаларымды ұрлағандардың саны 44-ке жет- кен едi. Жақында Ж. Серiкбай деген 45-шi “жиенiм” табыл- ды. Ол менiң “Халық ауа райын қалай болжаған?” деген еңбегiмдi сол қалпымен республикалық газетке көшiрiптi. Мұндай “жиендерiмнiң” iшiнде мектеп мұғалiмдерiнен бас- тап профессорларға дейiн бар. Өкiнiштiсi сол, олар еш шiмiрiкпестен, анығы ұялмастан менiң салт-дəстүрлер туралы үтiр, нүктесiне дейiн еш өзгерiссiз көшiрiп еңбектерiмдi өз аты-

мен жариялаған. Тағы да айтамын, менiң дүниелерiмдi қанша рет пайдаланса да, авторын көрсетсе оларға алғыстан басқа айтарым болмас едi. Өйткенi мен бұл дүниелердi халық үшiн жаздым. Бiр қуанатыным менiң осы жазғандарым халыққа ке- рек екен, пайдалы екен. Мен соған сүйсiнемiн.

 Осы iс жөнiнде авторлар қоғамы (М.Сқақбаев) көптеген ұрылардысотқа бердi. Жеңiп те шықтық, бiрақ осы iстi қарайтын соттар бiрнеше рет əдiлетсiздiк көрсеттi. Соның бiр мысалын ғана айтайын, менiң 48 еңбегiмдi өз кiтабына пайдаланған, ғалымсымақ iсiн қараған Астана қаласының Алматы аудандық соты Диқанбаев өз шешiмiнде: “С.Кенжеахметұлының 1 шығармасын 48 рет пайдаланған” деп үкiм шығарып, 1 ғана еңбегiме өтемақы алып бердi. “Мұныңыз қалай?” дегенiмде, ол: “Мен сотпын, үкiмдi шығардым, жоғары жаққа арыздана берiңiз” дедi. Мұны Астана қалалық соты да бекiтiп жiбердi. Ау, қанша бiлiмсiз болса да бiр кiтапқа бiр шығарманы 48 рет пайдаланды дегенге бала да сенбейдi ғой. Бiрақ егемендi ел соттары соған сенетiн көрiнедi.

 “Ұрылар” мен “жиендерiм” əлi де жеткiлiктi. Олармен алды- мен соттасып, сот соңынан боқтасып, боқтасып болған соң боқ басып жүруден ендi шаршадым əрi жиiркендiм. Осының бəрi ар-ұяттың азайғандығы, бiлiм мен ғылымның арзандағаны, заңды əдiлеттiң кеткендiгi ме деп қорқамын-ау, қорқамын.

– Сiздiң əйгiлi Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Амангелдi, Əлiби туған жерде туып-өскенiңiздi бiлемiз. Торғайдағы сол жердiң қазiргi жайы қалай?

 – Рас, ұлылар туған өлкенiң ұланымын. Торғайым – менiң пiрiм. Мiржақып əкемiзбен бiр ауылда, бiр Қызбелде, бiр Сарықопада тудым. Оған мақтанамын. 70 жылдық өмiрiмнiң 60 жылы осы Торғай даласында өттi. Туған жерiмнiң өскенi де, өркендеуi де, құлағаны да, құлдырағаны да көз алдымда өттi ғой. Барлық шығармаларым осы Торғай жерiнде жазылды. Торғай облысы екiншi жабылған кезде 3 ай қыс жылусыз, отын- сыз, жарықсыз, сусыз тас үйде отырдым. Амалымның жоғынан балаларым арнайы үй салып, 2002 жылы Астанаға қоныс аудар- дым. Еуразия Ұлттық университетiнiң “Отырар кiтапханасы”

ғылыми-зерттеу орталығында жұмыс iстедiм. Сол кездегi уни- верситет ректоры М.Жолдасбеков пен кiтапхана директоры жа- зушы Т.Жұртбай маған айрықша қамқорлық жасады. Ондағы бiрге iстеген 7-тен астам қыз-жiгiттерге шексiз ризамын.

 Торғайға жылына 4-5 рет келемiн. Алғашқы жылдары жағдай өте ауыр болғанын бүкiл Қазақстан бiледi. Бiр емес үш микроаудан ұлпатанымен құлап, қирап жоқ болды. Жұрт жұмыссыз, мыңдаған халық ерiксiз қоныс аударды. Еткен еңбек, төккен тер көз алдымда бордай тозып жатты. Қаладағы 75 мың адамның жартысынан астамы көшiп кеттi. Дайын үйдi құлатып, құрылыс материалдарын Астана, Қостанай, басқа да қалаларға əкетiп, ептiлер үй салып алды.

 Бұл үрдiс 10 жылға созылды. Уақыт өттi. Бiрақ 1916 жылы Санкт-Петербургтағы ақ патшаға қарсы найзамен шыққан халықтың өр рухы сөнбептi. 1844 жылы Кенесары хан арқа тұтқан елдiң жiгерi жасымапты. Абылай ханның айбарлы серiгi Шақшақ Жəнiбектiң қайраты қайтпаған екен. Жастардың жалыны сөнбеген екен. Дүние түгенделер, құлаған үй тұрғызылар, жоғалған мал табылар. Бəрiнен де өшпеген жiгер, сөнбеген жүрек оты бар елге ештеңе жетпейдi. Мен соңғы бiр- екi жылда осыны көрдiм. Достарым мен замандастарым, қимас жерлестерiм менi елге шақырды. Осы жылдың мамыр айында елге оралдым. Өзiм он төрт жыл жұмыс iстеген Арқалық ин- ституты, оның ректоры профессор Ж.Шаймарданов бастаған бұрынғы əрiптестерiм, достарым құшағын айқара ашты. Кең пейiл, жайлы орын, жақсы жұмыс ұсынды. Бiр сөзбен айтқанда туған Торғайыма оралдым. Астанадағы əсем үйiмдi балалары- ма, жақсы жұмысымды да қалдырдым. Маған үй де, жұмыс та табылады. Торғай елi менсiз өмiр сүре алады. Ал мен Торғайсыз өмiр сүре алмайтынымды бұрын да айтқанмын.

– Əдебиетте қай сала, қай тақырып кемшiн жазылады деп ойлайсыз?

 – Қазiргi жастарда патриоттық сезiм мүлде аз. Бəрi де басқа ұлттың, анығы орыстың тəрбиесi, үлгiсiмен өсiп қалыптасқан. Өз халқына, тiлiне, дəстүрiне менсiнбей қарайды. Өз ұрпағың өз елiн, жұртын сүймесе бұдан артық қасiрет жоқ! Ондай

ұлтта болашақ та жоқ. Олай болса, бiзге патриоттық, елдi сүйе бiлуге баулитын көркем дүниелер керек. Бiз аға буын батыр- лар жырын, ертегiлердi, ерлiк дастандарды көп оқыдық жəне Қобыланды, Ер Тарғындай батыр болсақ деп өстiк қой. Қазiр қарап тұрсақ халық батырларының ерлiгiн өзiне үлгi ететiн жас ұрпақ ауылдарда əлi аздап бар, қалада жоқ. Қазiргi та- рихи тақырыптарда жазылған оқулықтар мен əдебиеттердiң өзi жүзге, руға бөлiнетiн болыпты. Өткен тарихтағы ерлiк оқиғаларда, Отан қорғау iсiнде жүз, ру, тайпа дегендер болмаған. Елiмiз дұшпандарын солай жеңген.

– Өзiңiз ойлаған, Құдай қуат берсе осы жағынан ой толғасам, қалам тербесем деген дүниелер бар ма? Алдағы шығармашылық жоспарыңыз жайлы бiрер ауыз əңгiмелесеңiз?

 – Өкiнiшке орай бiзде адам рухын түсiрiп, жiгерiн жасы- татын оқиғалар көп. Бұл əсiресе халық айтып жүргенiндей полиция, қаржы полициясы жағында көп орын алады. Мұны кез келген газет бетiнен, əр ауданнан кездестiрiп жүрмiз. Қостанай облысының Арқалық қаласының қаржы полициясы (бастығы А. Əлмағанбетов) өздерi заңсыз iс қозғаған Ж.К де- ген азаматтың туысы А.Əуезханов уақытша пайдалануға бер- ген жеңiл машинасын тəркiлеп алып кетiп, 4 айдан берi иесiне қайтармай отыр. Машинаның заңды иесiнiң құжаты да бар. Заңды бетке түкiрген бұл əдiлетсiз əрекет қазақтың “Күштiнiң к-i. диiрмен тартады” деген ерсi мақалына толық сəйкес келедi. Мұндай жолсыз iстердi сол қазақ “ит те сүйектi к– не қарап жұтады” деп сөзбен сойған. Заңды белден басқандар қазақтың мақалына түкiргенi бар ма?! Бұл əрекет баяғы 1937 жылғы қуғын-сүргiндi қайта əкелгендей əсер етедi. “Шаш ал десе, бас алатындардың” дəл осындай “белсендiлiгi” əр жер- де күн сайын кездесiп отырғанын баспасөздер жиi жазып жүр. Құдайдан қорықпайтын, елден ұялмайтын, заңды күлкiге айналдырған күш құрылымдарының жеке адамдарының күнi мен өмiрi ұзаққа бара қоймас. “Қиянат қияметке кетпейдi” де- ген аталарымыздың аталы сөзi бар. Қазiр, осы тақырып менi қатты толғандырып жүр.

 Иə, өзiм ойлаған, Құдай қуат берсе, қалам тербесем деген ой əр қаламгерде болады ғой. Əдебиет ақсақалы Ғабит: “Əдебиет кəсiп емес, өнер” деген. Мен негiзiнен сықақшы жазушымын ғой. 2008 жылы таңдамалы сықақ өлеңдерiм мен мысалдарым- ды шығардым. (Нұр-Астана баспасы). Ендi таңдамалы əзiл, сықақ əңгiмелерiмдi (30 баспа табақтай) əзiрледiм. Қазiр жаңа əңгiмелер жазып жатырмын. Этнографиялық əңгiмелерiм тағы бар. Қазақтың тəрбиелiк салт-дəстүрлерiн мектептер мен оқу орындары, балабақшалар үшiн методикалық нұсқау ретiнде шығармақпын. Ал, ұлт болмысы жөнiнде, оның қағидалары мен жөн-жосықтарын əлi де толықтыра, жалғастыра беремiн. Ол таусылмайтын қазына деп есептеймiн.

 Маған қазақтың салт энциклопедиясын жазу тапсырылды. Мұны аяқтап та қалдым. Сəтi келсе Қытай елiнен де кiтаптарым басылып келiп қалар.

– Аға, сөз соңында “демократияға” қатысты бiрер ауыз ой қозғай кетсеңiз?

 – Демократия туралы елiмiзде əртүрлi пiкiр бар. Бiрақ бiзде ол əлi пiсiп-жетiлмеген. Əркiм аузына келгендi айтып: “Бұл демократия”, – дейдi, ендi бiреулер ойына келгендi iстеп “бұл да демократия”, – деп жүр. Демократия негiзiнен мемлекетiмiз əбден нығайып, заң əбден күш алғанда, халық осы жол мен тəртiптi толық игергенде ғана толық орнайды.

МҰЗАФАР ƏЛIМБАЕВ

 Алпыс жылдан астам сөз маржанын тереңнен терiп, тас- падай өрiп, сан ұрпақты рухани кəусармен сусындата бiлген қабырғалы қаламгер, ақын, жазушы, қоғам қайраткерi қазақтың Мұзағасы атанған Мұзафар Əлiмбаев ағамыз да бүгiнде баба жасына жеткен халқымыздың ардақты ақсақалы болып отыр.

 Осы аяулы ақсақалымыздың 87 жасқа толар мерейтойы қарсаңында (29 қазан) «Түркiстан» газетiнiң тiлшiсi мен «Ел- шежiре» қоғамдық қорының операторы ол кiсiнiң отбасында бо- лып əңгiмелесiп, жеке мұрағат қорымен танысып қайтқан едi.

– Мұзаға, əңгiмемiздi бүгiнгi əдебиет, мəдениет жайынан бастасақ. Тəуелсiздiк алғалы жиырма жылға жуықтапты, осы жылдар iшiндегi тəуелсiз елдiң тəуелсiз əдебиетi тура- лы ойыңыз. Қазақтың тiлi, əдеби тiлi жайлы пiкiрiңiз?

 – Бүгiнгi əдебиетiмiз жайлы салиқалы, салмақты пi- кiр айту маған бүгiн аса қиын, себебi көптен жүрек дiм- кəсiне ұшырағандықтан замандас қаламгерлердiң қалам қайратын қалтқысыз қадағалап отыруға дəрменiм жетпейдi. Бұрынырақтағыдай елеулi деген туындыларды босатпай бас са- лып, қолма-қол оқу, саралау қайда?! Шамам жеткенше қолыма түскенiнен ынтыға сүзетiнiм, əрине, поэзиялық шығармалар.

 Поэзиямыз, иншалла, абыройсыз емес, туған халқымыздың бүгiнгi арман-аңсарын, көңiл күйiн əжептəуiр əдемi жырлап келе жатқан сияқты. Прозада тарихи тақырыпты зерттей зерде- леу басымдау көрiнедi.

 Кеңес дəуiрiне кекiрейе қарайтындармен келiсу қиын. Сол кезеңде де қазақ халқы тарих төрiнен ойып тұрып орын алар орасан табыстарға ие болды емес пе?! Бұл шындықты ешкiм де мансұқтай алмас. Рас, өз тiзгiнiмiз өзiмiзге тимеген, бодандық заман кештiк... Мəдениеттен, ғылым-бiлiмнен жұрдай едiк, бəрiн де аға халықтан үйрендiк деп шiмiрiкпестен шындықты бұрмалаған «сабаздар» да табылды. «Орыс тiлiн бiлмесең, өмiр сүруiң қияметтей қиын болады», – деп балаларымызды жап- пай дерлiк орыс мектебiне бердiк. 700-дей қазақ мектебiмiз

жабылып қалды... Балаңды орыс мектебiне бермесең, ұлтшыл атанып, коммунист партиясы қатарынан шығу – дағдыға ай- налды. Мен де балаларымды амалсыздан ана тiлi мектебiнде оқыта алмадым... Үйде үйбике екеумiз бас болып ана тiлiнде сөйлегендiктен үш ұлым да қазақ тiлiн жаман бiлмейдi, немерелерiм де аталар тiлiнде сөйлеуге ынталы. Немерелер қате сөйлесе, белгiлi атауды түсiнбей қолданса, ересектер та- бан астында түсiндiрiп отыруға тиiс.

 Қазақы салт-дəстүр, əдет-ғұрып жаппай үрдiске айналмаса да, көбiнесе сақталуда деп есептеймiн. Ұлттық тəрбиенi сөз етсек, үйiнде бiрыңғай орысша шүлдiрлейтiн «жаңа қазақтар» тосқауыл боп отырғанын несiн жасырамыз. Ал, жалпы алғанда қазақ тiлiне деген ықылас күшейiп келедi деп ойлауға бола- ды. Бұл мəселе жөнiнде баспасөз бетiнде беделдi тұлғалар аз сөйлеп жатқан жоқ. Ана тiлiмiздiң көркемдiк қасиеттерiн, əуездiлiгiн, бейнелiлiгiн, өрнектiлiгiн жан-жақты зерттей, аша түсiп, үгiт-насихатымызды үдете түсуге тиiстiмiз. Мұны оқымыстылар да, журналистер де, жазушылар да жiгерлене үздiксiз көтеруге борышты. Бұл насихатқа радио да, теледи- дар да толассыз, бiлек сыбана бiлiктiлiкпен атсалысса құба- құп, нұр үстiне нұр! Кiтаптардағы, газет-журнал беттерiндегi сөздердi жаңсақ қолданыстарды батыл сынау тəжiрибесi тереңдей түссе екен. Өзге түгiлi тiптi тiл мамандарының өздерi де жазғандарында сөздердi бұрып қолданатыны қынжылтады- ақ. Басқаларға не жорық, «Ана тiлi» газетi, ондағы қаламгерлер тiлдегi салақтықты қырағы сақшыдай қалт жiбермей, əдiл сы- нап отырса екен деген тiлек айтқымыз келедi. Қазақ тiлi жа- нашырлары осыған жаппай белсене кiрiссе, лексика тазалығы кiршiксiз болар едi. Баспасөз беттерiнде бүкiл халықтық мүдделердi ерлерше қорғауға, елiмiздiң ақсақалдарынан бас- тап, жасөспiрiмдерiне дейiн тарта бiлейiк, осыған жасы- нан қызықтыра үйретейiк. Ұлттық намысты ту ғып көтеру қандастарымызға тəн қасиет болуға тиiс! Соған баршаның көзiн жеткiзе бiлсек, ғанибет.

 Оқысақ та, қызмет атқарсақ та, түрлi жарыстарға қатыссақ та, тек ұлттық намыс тұрғысынан қарайық. Бұл ұлтшылдық

емес, ұлтжандылық! Ұлтшылдық өзге ұлттың намысын аяққа таптасам дегендiк. Шындап келгенде, ұлтшылдық – бұл делқұлылық, тентектiк, озбырлық. Ұлтшылдықтың жолын кесу, тосқауыл қою – бəрiмiздiң интернационалдық парызы- мыз. Орысқа да, қазаққа да, ұйғырға, татарға да... Баршаға осы- лай деуден талмайық.

– Əдебиеттегi, өнердегi «жиендiкпен» (плагиаттық) жүздескен кезiңiз болды ма? Көптеген жырларыңызға əндер жазылды, бүгiнгi əн текстерiнде қазақшылықтан басқашалау үрдiс басым дегенге қалай қарайсыз?

 – Əдебиетте, өнерде «жиендiк» деген əрқашан бой көрсететiн мiнез. Маған жас талапкер кезiмнiң өзiнде де жиендiк жасаушы- лар болды. Мен қазақ радиосынан жаңа өлеңдерiмдi оқыдым. Сол туындыда «долларыңнан» , «долбарыңнан» деген ұйқастар бар едi. Арада алты күн өтпей жатып-ақ бiр ақынсымақ солар- ды пайдасына асырып, қажетiне жаратып, өлең жаза қойыпты, сонысын газетке бастырды да. Бұл жылдарда менiң жаңа афоризмдерiмдi бiтеудей немесе «өңдеп» өзiнiкi деп жариялау- шылар да аз ұшыраспады. Солармен соттасып жатуға арым шыдамайды, мұршам да жоқ. Дегенмен де баспасөз беттерiнде де, радио мен теледидарда насихаттауды аяусыз əшкерелеудi үздiксiз үрдiске айналдырса iзгiлiк деп танылары хақ.

 Əн-өлеңдер жайында кезiнде мен талай-талай зерттемелер жаздым. Бүгiн де жазғым келiп кетедi. Оған құлық болғанмен қуат қайда?!

 «Ақмаңдайлым», «Ақсұңқарым», «Маралдым» сияқты шынайы халықтық əн боп шырқалған əн-өлеңдердей туын- дыларды тап бүгiн жазу қолымнан келмес едi. Əн-өлеңдердi мен екi жолмен жаздым. Бiрде дайын əнге сазгердiң тап- сырмасымен, бiрде өзiмнiң құштарлығыммен өлең туды- рып, сазгерге əн жаздырдым. Олардың ырғақтамасы мен ұйқаснамасы əр алуан. Мəселен, «Ақсұңқарым» əнiнiң қайырмасы 15 тармақ яғни 15 жолдық өлең. Əн-өлеңдерiмдi жеке жинақ етiп бастырудың сəтi түскен екен. Басылым

«Ақмаңдайлым» деп аталып, 1984 жылы «Өнер» баспасы- нан шықты. Одан кейiн жаңалаған жоқпын.

 Алғашқы тырнақалды өлеңiмдi он төрт жасымда анамды жоқтап, 1937 жылдың көктемiнде шығарған екенмiн.

«... Өкiнем ерте өмiрден өткенiңе, Көре алмай қызығымды кеткенiңе. Өзгелер өз баласын еркелетсе,

 Жетiмдiк сүйегiме жетпедi ме?!» – деп көзiме жас толып отырып, ауызша айтқан ащы зарым осы болыпты. Жалпы, аналардың асыл тағылымына арналған өлең-жырларым бiрқыдыру шығар-ау...

Ал, қазiр ше?..Əнiн де, өлеңiн де өзi жазып, өзi шырқайтын

«əмбебаптар» төбе көрсетедi. Бiржан салдар көбейсе құба-құп қой... Əттең олай емес! Солардың əн-өлеңдерi газет-журнал- дарда жарияланғанын оқып, қарның ашады... Редактордың талғамсыздығына қайран қаласың. Өлең мəтiнiнде елдi елең еткiзер ерекшелiк, жамағатқа «Па, шiркiн!» дегiзерлiк жаңалығы жоқ, тым құрыса ежелден-ақ белгiлi ойды өзiнше бейнелеп жатса бiр сəрi-ау. О да қарасын көрсетпеген. Көкжасық, көпiрме сөздер ғана. Аты бар əншiлерiмiздiң сондай сөлсiз сөздi əндердi қалай ғана таңдап алғанына түсiнбейсiң. Жастардың талғамын бұзатынын ескермегендерi қалай?! Қай газеттен ұшыратқаным қазiр есiмде жоқ, əйтеуiр мынандай əн- өлең мəтiнiн оқығаным бар:

«... Қанша жылдар өттi, Өзiңдi көрмегелi Өзгермептi сол нəзiк үнiң Сағымнан нұр жамылған,

Басыма қонған құсым менiң, Қадiрлiм, қиналасың

Несiне ойланасың Көңiлiң құздай күңiренiп Жолымыз екi тарау Тағдырға бар ма амал

Тiршiлiгiм өзгерер өмiр...»

 Иə, сiз осынау сөздер үйiндiсiнен не ұқтыңыз? Мəн-мазмұны мынау екен деп тəптiштей аласыз ба? Өлеңде ұйқас деген бо- лушы едi ғой. «Көңiлiң құздай күңiренiп» сияқты метафора-

лы теңеуi қандай əдемi?! Əттең, бүкiл мəтiн осындай өрнектен құралса ғой. Бұл сырын айтып отырған бұрынғы ғашығы ма, əлде бейтарап бiреу ме?

Жұмбақтай бұлдыр, Тұмандай күңгiрт...

 Сазына қанша елтiсе де, санасы самалалы пенде ынтызар көңiлмен осы əндi шырқар ма едi? Əй, қайдам?! Əн мəтiнi тыңдарманды бейжай қалдырмай, сезiмiне от беруi керек емес пе?! Iңкəрлiк ғашықтар лебiзiнiң өзегi болушы едi ғой. Əттең, оны таппадым-ау. Өкiнтетiн əн мəтiндерi тым көбейiп кеттi. Жасық өлеңдердiң жолын кесудi көп болып, қол ұстаса ойла- суымыз қажет-ау!

 Бiреулердiң есептеуiнше, менiң əн-өлеңдерiмнiң саны үш жүз елудей екен. Ұлы композитор, талайлы талант Ахмет Жұбановтан бастап, Латиф Хамиди, Нұрғиса Тiлендиев, Бақытжан Байқадамов, Сыдық Мұхамеджанов, Əбiлахат Еспаев, Əсет Бейсеуов, Шəмшi Қалдаяқов, Ескендiр Хасанғалиев, Садық Кəрiмбаев, Құдыс Қожамьяров, Ибрагим Нүсiпбаев, Өмiрбек Байдiлдаев, Ғалымжан Тамендаров, Дəнеш Рақышев, Мыңжасар Маңғытаев, Қапан Мусин, Борис Ерзакович, Ғазиза Жұбанова, Дүнгенбай Ботбаев, Iлия Жақанов, Тiлеубай Ыбыраев, Жоламан Тұрсынбаев, Мəкəлiм Қойшыбаев, Ақан Қасымов, Кенжебек Күмiсбеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Рахпан Байқоңыровтардың əнiне алуан тақырыпта əн-өлеңдер жазыппын... Үлкендер, ата-аналар, əсiресе, мұғалiмдер мен тəрбиешiлер жас баланың – қыздың, ұлдың қабiлетiн, нендей еңбекке, өнерге бейiм екенiн анықтап бiлу шарт. Палуан, күресушi баланы əншi боласың деп күштеу қиянат жасаумен бiрдей, болашақ азаматтың бақ-талайын бай- лау боп шығады. Бүлдiршiндi түрлi мамандарға, өнерпаздарға, психологтарға көрсетiп алу керектiгiн естен шығармаған абзал. Жас жеткiншектi жақсы, дұрыс жолға салуды ересектер бейнет, машақат санай көрмесiн. Бұлай iздену – халық болашағының қамы екенiн ұмытпайық.

 Бала тəрбиелеудегi басты тұлға – ата-ана. Екеуi неғұрлым бiлiктi, парасатты болса, ұл-қыздары, ұрпағы соғұрлым

тапқыр ойлы, талапты да талантты болады. Бала тəрбиесiн балабақшаға, мектепке, институтқа итере салып, ырду-думанға бой ұру – күнəһарлықпен тең.

– Бала тəрбиесi демекшi, Мұзаға, балалық шағыңызға сапарлап көрсек...

 – Қайран балалық – ессiз даналық десе дегендей-ақ. Əкемнiң үйi екi қабатты үш бөлме болатын. Бөренеден қиылған. Үстiңгi қабаты екi бөлме, асты жертөле. Сол үй Шарбақты ауданындағы Маралды темiржол станциясында əлi тұр. Сол ая- дай үйде сығысып жатамыз. Əкем, шешем, үш ұл бала. Қонақ келсе, төрiмiз сонiкi. Төсекке жатқан соң мен ылғи да қонаққа қолқа салып, ертегi айтқызатынмын. Ол кездегi қазақтың ауыз əдебиетi қазынасына бəрi мəттақам, əңгiме айтқыш. Бұрын естiгенiмнен бастаса, «басқасын айтыңызшы» деп қонақтың iшкi қазынасын ақтартқызатынмын. Ал осы күнгi үлкендер кiшкентайларға көсiлтiп аңыз-əңгiме, ертегiлер айта ала ма? ай, аз-ау, аз!

 Соғыс майданынан соң басым аман оралып едiм, таңдап жар сүйiп, үш ұл өсiрдiм, алты немере қызығын көрiп келемiн. Таяуда ғана шөбере көрдiм. Осының бəрi бақыт деп аталса ке- рек! Тағдырыма тəнтiмiн дейтiнiм содан.

 Мен мағзұммын яғни молданың-мұғалiмнiң баласымын. Əкем Айтмағамбет Əлiмбайұлы Жұманов Уфа қаласында жоғары дəрежелi дiни мектептi-ғалияны бiтiрген. Содан Ма- ралдыға келiп мектеп ашып, мұғалiм болған. Баянаул қазағы Маралдыға кiрме. Кiрме бола тұра атырапқа бiлiмдарлығымен, əдiлдiгiмен аты жайылған, Айтеке деп аталған сыйлы кiсi. Мұса, Зұфар атты екi ұлдың əкесi. Мұса Керекудегi орыс мектебiн үздiк бiтiрген жылы он сегiз жасында өкпе ауруы- нан (туберкулезден) қайтыс болды. Зұфар Айтмағамбетов республикаға белгiлi журналист, аға газет «Социалистiк Қазақстан» редакциясында бөлiм меңгерушiсi болып қызмет iстеген. «Ауыл шаруашылығы» баспасында бас редактор қызметтерiн атқарған.

 Мен екi ағамның арқасында төрт жасымда арабша əлiппенi үйренiп, төте жазуды танып, кiтап оқыған бала-

мын. Ғұмыр бойы кiтап құмарлығымның бастауы сонда жатыр. Сегiз жасымда əкемнен, он төрт жасымда анадан жетiм қалдым. Таршылық таяғы астында өстiм. Жоқшылық дегеннiң де жұғымсыз дəмiн таттым. Бiрақ тағдырыма риза болатыным, Мұхтар Əуезов, Сəбит Мұқанов, Ғабит Мүсiрепов сияқты ұлылардың бауырында, жүрек жылуына бөленiп, өнерпаздық мектебiнен өттiм. Қасiретiн қаптатқан, тақсiретiн тасқындатқан болмысымның есесiне өнер атты (творчество) қуанышқа кенелттi.

– Кiтапханаңызда қанша кiтап қоры бар?

 – Он мыңдай кiтап бар. Соның iшiнде дүниежүзi əдебиетiнiң 200 томдық кiтапхана, 100 томдық балалар кiтапханасы бар. Əсiресе, мұрағат сөздiктер көп. Анықтама қажет болғанда, қалалық кiтапханаға барғыштап уақытымды кетiрмейтiнмiн, бəрi үйден табылады.

 Құдайға шүкiр, ұлдар өз алдына отау болып, шаңырақ көтергенде де, мол етiп кiтапқорын сыйладым. Үшеуiне еншiлегеннен қалғандары ғой, мыналар...

 Жалпы, ертеден санамызға сiңген əдет, кiтап көп оқимын. Қолым боста құмарта парақтайтыным – «Кыргыз тилинин түшүндүрмə сөздүгу». Өз тiлiмiздiң өресiн көтеруге себi тиедi. Көкектiң ұрғашысын қырғыз тiлiнде «сейнек» дейдi екен. Осы атауды ана тiлiмiзде неге пайдаланбасқа? Бiр-бiрiне ешқандай жақындығы жоқ жандарды бауырластарымыз «қайнаса қаны қосылмаған» дейдi. Тапқырлықтың нағыз өзi. «Қараңғы халыққа кəпiр де молда». Дөп айтылған ғой. Қалмақтар сонау жаугершiлiк заманды «Бұрыт» деп атаған. «Тiлiңе тiсiң куə болсын» (Мақал). «Қапалы» дегендi «қападар» деуi де құлаққа жағымды. Түркiтiлдес əдебиетiн тынымсыз оқып тұрудың қыруар пайдасы бар.

– Алдағы жұмыс жоспарыңыз жайлы да естiгiмiз келедi.

Мұзаға, соңғы кездерi немен айналысасыз?

  •  Эпикалық полотно тудыру қарияның қолы емес екен. Қабырғасы қаланып, күмбезi көтерiлген бiр дүнием бар. Ол

«Зерденiң зерi» деп аталатын ғұмырнамалық поэма. Соны кемелдендiре беру – ендiгi ермегiм, қолайлы төсекте жатып

алып ауызша афоризмдер шығару. Бұған күндiз де, түнде де толас болмаса керек.

 Осыдан екi-үш күн бұрын қазақтың сұңғыла мақтаны академигi Iсмет Кеңесбаевтың «Қазақ фразеологиясының түсiндiрме сөздiгiн» бiр айдан астам асықпай қарап шыққанымды күнделiгiме жазып қойыппын. Ана тiлiмiздiң ырғын байлығына кенелгiсi келген ынтызардың қолынан түспес рухани қазынасы дерлiк кiтап! Бiр томдық 1977 жылы жарық көрiптi. Сол құнды кiтап қайталанып басылса, кiдiрiссiз əрi мол таралыммен баспадан шықса, қазақ тiлi жанашырла- ры қандай қанағаттанар едi. Мəдениет жəне ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммедтiң құлағына алтын сырға... Түркология əлемiндегi шоқтықты ғұламаның асқан кiшiпейiлдiгiн айқындай түсетiн қолтаңбасын ( əсте өзiмнiң бiр мақтанып қалуым үшiн емес) осы сұхбат iшiнде келтiре кетсек артық болмас: «Ардақты ана тiлiмiздiң құнарлы да шүйгiн саласы

– тиянақты сөз тiркестерiн тiрнектеп жинап, инемен құдық қазған есебi, қырық жыл бойы iстелген еңбегiмнiң нəтижесi – осы Сөздiгiмдi мəшһүр ақын, үлкен журналист, əйгiлi публи- цист, сөз көркi мен парқын жете бiлген даңқты, жақсы дос iнiм Мұзафардың əдiл сынына арнаймын. Автор Iсмет Кеңесбаев (қолы) 22.06. 77.»

Азанда оянып, төсектен тұрарда мен:

– «Туған жер! Сенiң нəрiң – Менiң қаным.

Дүниеде сенiң барың

Менiң бағым!» – деймiн. Күнде қайталаймын.

 Ата-бабалар дəстүрi шырағын шың басына шығарып, əспеттеп жүрген ақсақалдарды көргенде, ескi сөздерiн естiгенде бiр жасап қаласың... Алайда жасамыстың бəрi сұңғыла емес. Алпыстан асса да, профессор басымен дастарқан төрiнде жиналғандар көзiнше бата бере алмаған бозымдарды көрiп, та- лай рет жерге қарадым. Содан мен əр тұста бата өлеңдер жазып, оқырмандарға ұсынып жүремiн. Бiр мəрте баталар кiтапшасын да бастырып шығардым.

Өлең-баталарымнан:

Еңбегiң жана берсiн, Ел əдiл баға берсiн! Көш көлiктi болсын, Дос серiктi болсын. Жан ерiктi болсын, Жар көрiктi болсын. Ер беделдi болсын, Зер бедерлi болсын. Жер құнарлы болсын, Дөң шынарлы болсын. Ас кенеулi болсын, Жас елеулi болсын.

Тау өрiстi болсын, Бау жемiстi болсын.

Жыр намысты болсын, Жыл табысты болсын. Əулет түбiрлi болсын, Ұрпақ ғұмырлы болсын. Ұлың ұғымды болсын, Қызың жұғымды болсын. Жастар қанатты болсын, Қарттар санатты болсын.

Əз арманмен ағыңдар, Жылдарыңыз көп болғай. Махаббатпен жалындар, Думаныңыз көп болғай. Атасына тартатын, Ұлдарыңыз көп болғай. Шешесiнен артатын, Қыздарыңыз көп болғай.

Абыройлы, арлы бол, Алғырлардың алды бол. Туған елден аяма,

Қолыңдағы барды бөл, Əумин!

– Жазған-сызғандарыңызды көшiрiп, көмектесетiн хатшыңыз бар ма? Немереңiз Ая жөнiнде жиi айтып қалдыңыз?

 – Мен қалам ұстағалы берi газет пен журналдардың қай- қайсысына да жаңа шығармамды ұсынып, жариялатып келемiн. Редакция қызметкерлерi құрақ ұшып амандасып, қол алысып жатады. Құдайға шүкiр, жазған-сызғандарымның жарияланбағаны жоқ шығар. Дегенмен, соңғы кездерi жазылған афоризмдерiм əжептəуiр жиналып қалды. Мұндайда айтпай кетпесем болмас, əсiресе, газет-журналдардың iшiнен

«Алматы Ақшамы» осы туындыларымды үзбей жариялап келедi. Бұл газет басшылығы да, қызметкерлерi де авторлармен қалай жұмыс iстеудi жақсы жолға қойып алған.

 Ал Ая туралы, тұңғыш немере ғой, жөнi де, өзi де, сөзi де бөлек бала ғой. Бұл сұрағыңа өлеңмен жауап берсем, қайтедi.

Мың ұлға ауыспайтын асыл балам, Бiр өзiң секiлдiсiң жасыл ғалам.

Ата деп алғаш менi атандырған,

Сол күнi жаңарғандай жаһан нұрдан.

Алдыңнан ақ күн тусын қашанда да, Өнерiң өрлей түссiн ашар алда.

Тiлеймiз ұзақ ғұмыр, шалқар бақыт, Анаңдай мейiрленсiн дархан уақыт.

 Ая қазiр Алматыдағы анимация студиясында сценарист боп қызмет iстейдi.

 Ал, хатшым жоқ, жазғандарымды үстел басында қақшиып отырып, күнi бойы қағазға қадалудан қалғалы қашан дедiм ғой. Төсегiмде жатып-ақ, ойға оралғандарды түртiп қоя беремiн. Уақыттың қай мезгiлiне де қарайтын, күй таңдайтын шама жоқтықтан, қағазға түскен дүние бiр керекке жарар деп, тiгiндiсiн жинаймын. Əр мүшелдiң өзiнiң айтулы оңтайлы, үйреншiктi дағдысы болады екен. Бұл сезiм де жылдардың ұқтырғаны!

– Мұзаға, бүгiнгi Қазақ мемлекетi, Қазақ елi, Қазақ

қоғамының болашағы жайлы сөзiңiзбен əңгiме-дүкенiмiздi аяқтасақ...

  •  Елбасының елге жасаған ерен жақсылықтарының ең игiлiктiлерiнiң бiрi – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл туған Қазақстанның, қазақ елiнiң өз түлектерiне арнаған шы- найы қамқорлығы. Талабы таудай жасөспiрiмдерге Жердiң озық жоғары оқу орындарында бiлiм алуға жол ашылды. Жастарымыз дүниежүзiнiң 30 елiнiң 630-дан астам жетекшi жоғары оқу орындарында бiлiм алуларына мүмкiндiктерi бар. Бұл деген, əрине, қазақ баласының болашағының қандай екенiне айтпаса да көз жеткiзу деген сөз.

 Қазақстан деп аталатын дербес ел, тəуелсiз мемлекет атанғанымызға жиырма жылдай болыпты. Соның куəгерi жасаған тағдырыма шын жүректен тəнтiмiн. Осындай алып елдiң тұтастығын сақтауда, əлемдегi абыройын арттыру- да көреген басшының бiлiктiлiгiн айтпасқа тағы болмайды. Қазақ жерi мен елi, тiлi мен дiнi, салмақтылығы мен татулығы бiртұтас қалыпқа құйылғанына сене отырып, болашағымыздың бағдары адастырмасын деп тiлейiк.

 Иə, тағдырыма демекшi, осынау данышпан қариялармен əңгiме-сұхбат құрып, дəмдес-сырлас болуды бұйыртқаны үшiн бiздiң де болмысымызға дəн риза ұрпақ екенiмiз еске тағы да түстi. Бiрнеше сағаттар жалықтырмай əңгiме айтқан Мұзағаңа қарап отырып, қолымызға қалам ұстатқан тағдыр сыйына iштей шүкiршiлiк жасадық. Қазақтың мəдениетi мен əдебиетiне маңдай терлерiн сiңiрген небiр жақсылар мен жайсаңдардың өздерiнен, өздерi болмаса оларға адал жар бола бiлген ақылманды бəйбiшелерiнен алған сыр-сұхбаттарым көңiлiме тоқтық ұялатып, марқайған күйде қала көшелерiмен жүрiп келемiз...

ҚАЛМҰҚАН ИСАБАЕВ

Шынашақтай ғана қазақтың осы бiр қара шалы көп сөйлей бермейтiн, үнемi ой үстiнде жүретiн, жай ғана жүрiп қана қоймай, үндемей-ақ талай шаруаның басын қайырғанын үнемi сырт көз сөз етiп отырады. Қазақ əдебиетi мен мəдениетiне қалдырып келе жатқан, тек сол саланың ғана емес, қазақ деген ұлттың ұлы дүниелерiнде де қолтаңбасы барлығын бүгiнгi көзiқарақты жұрты бiледi де. Бiлiп қана қоймай сырттай сүйсiне əңгiмелейдi. Менiң бiр ағам Қалағаңның қазақилығын, отбасындағы тəрбиелiлiгiн, өзiнiң инабатты тiрлiгiнде қонақжайлылығын, ол қонақты жұбайы екеуi ғана құрақ ұшпай перзенттерiнiң де құшақ жайып қарсы алуы, айта берсек керемет үлгi-өнегесi бөлек отбасы екендiгiн үнемi айтып отырады. Осындай жақсы ағалары туралы соңынан ерген ұрпақ өкiлдерi бағалап жатса, əрине, ол мына тiршiлiкте пендеңiздiң бақытты ғұмыр кешкенi де.

 Тағы бiр танымал жазушы ағамыз Ахат Жақсыбай Қалағаң жайлы айтқан мына бiр əңгiмесiн де сұхбат арасында дəл сол күйiнде оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдiк. Олай болса, ағалар жайлы ағаларымызды тыңдасақ...

 – Қалекең – Қалмұқан Исабаев жоқты iздеп, үнемi жаңалық ашып жүретiн секiлдi. Адамның ойына келмейтiн əлдебiр то- сын əрекеттердi ойлап тауып, соны жүзеге асырғанша тыным көрмейтiнiне талай рет куə болғанымыз бар. Ертiс-Қарағанды ка- налы құрылысы басталмай тұрып, болашақ канал арнасы бойы- мен 500 шақырым жердi жаяу жүрiп өткенiн бiлемiз. Жазушылар қауымы үшiн бұл өзiнше бiр жаңалық болды. Кейiн ол Ертiс- Қарағанды каналы туралы трилогия жазғанда өмiрлiк деректердi iрiктеп, мол дайындықпен кiрiскен едi. Көз көрген, құлақ естiген оқиға-тартыстарды шығармаға арқау еткенде сондағы 500 шақырымдық жаяу жүрiстiң пайдасы тиген болар.

 Өткендi тiрiлтiп, лайықты орнын əйгiлеу Қалекеңе бұйырған, табиғатына тəн қасиет тəрiздi. Өзi ойға алып, өзi соның iзiне түсiп, қашан бiр iс шығарғанша өзiне де, өзгеге де маза бер-

мей, ұзақ жылдар бойына тынымсыз iзденетiнiн қайтерсiз. Бiр ғана мысал. Екiбастұз көмiр кенiн Қосым Пiшенбаев деген баянауылдық қазақ ашты деген сөз бар. Ал бұған дəлел қайсы? “Екiбастұз көмiр кенiн Қосым Пiшенбаев ашты” деген-

ге күманданушылар көп болды. Осы мəселенiң шындығын дəлелдеуге Қалекең бел шешiп кiрiсiп, нақты дəлелдер табуға тырысты. Нəтижесiнде Верхотурлық 1 гильдиялық көпес-тау- кен кəсiпкерi Александр Бенардакидiң 1867 жылдың 21 мау- сымында жазған хатында (заявка) сол жылдың 12 маусым күнi Екiбастұз көлiнiң шығысындағы “Қарабидайық” деген жерде Қосым Пiшенбаев бастаған баянауылдық 5 қазақ көмiр кенiн ашқаны баяндалған. Осы бұлтартпас дəлелдi Қалекең Киевтен тауып, жария етiп, елге жайды. Баспасөз бетiнде Қосым Пiшенбаетың Екiбастұз кенiне тiкелей қатысты екенiне көз жеткiзу үшiн əлденеше мақалалар жазды. Қоғамдық пiкiр қалыптастырып, Екiбастұз кенiн Пiшенбаев ашқанын күмəн келтiрушiлерге мойындатып, талассыз пiкiрге айналдырды. Қалекең мұнымен тынбады. Ендi Екiбастұз қаласында Қосым Пiшенбаевқа ескерткiш қою керек деген мəселенi көтерiп, та- лай есiктi ашып, талай басшының алдына дəлелдерiн жайып са- лып, дегенiнен қайтпай, ойлағаны орындалғанша айтумен, жа- зумен болды. Ақырында, қуанышқа орай, Екiбастұз қаласының орталық көшелерiнiң бiрiнде биiк тұғырдың үстiнде қазақы шапан, бөркiмен, ұзына бойымен тұрған Қосым Пiшенбаевтың биiк ескерткiшi орнатылды. Бұған қоса осы қаладағы ұзын көшелердiң бiрi – Пiшенбаев көшесi аталды.

 “Бұл да бiр бiткен iс болды” дегендей, Қалекең ескерткiштiң ашылу салтанатында сөз сөйлеп, елдiң алғысына бөлендi. Ұмыт бола жаздаған Қосым Пiшенбаевты биiк тұғырға тұрғызып, қазақ ұлтының мəртебесiн көтердi.

 Осындай мəселелерде Қалекеңде тыным жоқ. Кезектi бiр iстi ойлап тауып, жүзеге асырудың жолдарын iздеп, тағы да жүзеге асыруға кiрiседi. Соның бiрi – Германиядағы бiр кездерi

  • соғыстан кейiн өзi комендант болған Ильменау қаласынан төрт шақырым жердегi Габелбахта немiстiң ұлы ақыны Гетенiң мұражайына 1979 жылы Абайдың “Қараңғы түнде тау

қалқып” аудармасын табыс етедi. Гетеден Лермонтов, одан Абай аударған осы бiр екi шумақ өлеңдi гранит тасқа жазды- рып, өзi көтерiп апарып, мұражайдың қабырғасына iлгiзiп, Абайға арналған шағын мүйiс аштырып, қазақтың домбыра- сын қойғызып қайтқанда Қалекең тағы да “Бұл да бiр бiткен iс болды” деп, iштей масайраған шығар.

 Қалекеңнiң қозғауымен, кiрiсуiмен Алматыда, Астанада, Семейде жəне Қарағанды облысындағы Абай қаласында Гетеге көшенiң аты берiлдi. Мұнда арғы бiр есеп бар едi. Гетеге Қазақстанда төрт қалада көше атауы берiлдi. Қазақтың ұлы Абайына Германияның Берлин қаласында неге көше аты берiлмеске?! Қалекең осы мəселенi көтерiп, жоғарғы орындарға қозғау салып, ақылдасып-кеңесу, ұйымдастыру шаралары нəтижесiнде, 2000 жылы Берлинде Абайдың аты- на көше берiлдi. Көшенiң ашылу салтанатына қатынасу үшiн Қалекең Берлинге барып қайтты.

 Қалекеңнiң елдiктi танытатын, жоғалғанды тауып, жария ететiн мұндай бастамалары жетерлiк. Қайсыбiрiн айтсақ та ұзақ əңгiменiң тақырыбы сияқты.

 Жақында Қалекеңнiң үйiне барып əңгiмелесiп отырып, сөз арасында;

  •  Қалеке, қазiргi күнде Сiздi нендей мəселе мазалап жүр?– деп сұрадым.

 Қалекең ойланып қалды. Күрсiнiп қойды. Өзiмше ой- лаймын, қашанда ойлаған iстi жүзеге асыру, бiрден қолдай кету оңайға түспесе керек. Мұндайда кедергiлер көп бола- ды. Бiреулерге барасың, бiреулерге хат жазасың, бiреулерден өтiнесiң. Сарылып жауап күтесiң. Болмаған соң қайтадан маза- лап, еске салып, дəлелдейсiң. Бұның бəрi Қалекең үшiн таңсық нəрсе емес, талай бастан кешкен, төзiмiн тауыспай, сан рет қайтадан кiрiскен.

 Мiне, осындай жанашыр қаламгер iнiлерiнiң ыстық ықыласынан кейiн бiз де Қалмұқан аға Исабаевтың көңiл күйiн, жағдайын бiлу мақсатымен, бүгiнде үлкен бiр əулетке айналған отбасына ат басын тiредiк.

  • Үлкен рақмет! Жағдай осы. Уақытымен серуен, мезгiлiмен

ас iшiп, тостақ босату, жаман емеспiз,– деп күле қарсы алған жазушы ағамыз iркiлместен əңгiмесiн жалғай бердi. – Не болса да көппен көрген ұлы той болады. Қазақта жақсы мəтел бар осындай, ол өзi кез келгендi тiзгiндей алатын, тоқтата алатын мəтел. Қазекең ондайға шебер ғой. Жұрт көргеннiң бəрiн бiз де көрiп жүрмiз.Аш емеспiз, ол ендi бiр ғана шаңырақтың астындағы тiрлiк. Əлемдi алатын болсақ, азаттық, егемендiк алып тыныс кеңiдi. Ауа жұту еркiндiгi пайда болғандай болды. Мұның бəрi сырттан сенiң өмiрiңдi жасап, бақылап отыратын сырт көздiң жоқтығын көрсетедi.

 Өз басыма келсем, сексеннiң бел ортасына да жетiп қалыппын. Табиғат та қызық құрылған ғой, сенiң күндерiңнiң аяқталып келе жатқанын аса уайым-қайғыға салындырмау үшiн соңыңнан ұрпақты өсiрiп келе жатыр. Соларға қарап тұрып, тəубə дейсiң, шүкiршiлiк жасайсың. Ақырын ермек қылып бiрдеңелердi жазған, сызған боласың.Күнделiктi ойды қағазға түсiрiп үйренген əдет қалатын емес. Қарап отырсам, осы жасымның жартысынан көбi қағаз ақтарып, архивтерде өтiптi. Сол табаны күректей қырық жыл – 40 баспа табақ роман болып алдымнан шықты. Бұған өкiнуге бола ма?! Əрине, жоқ! Егер өмiрге қайта келiп, қайта тiрлiк кеше бастауға мүмкiндiк туар болса, тағы да дəл осы жолды қалар едiм. Өйткенi, мен не нəрсенi жазсам да, сол оқиғаның бел ортасында жүрiп, түн демей, күн демей араласып, көзбен көрiп, қолмен ұстап жазған адаммын. Бүгiнгi дүниелерге кейде көңiл толмай жата- ды, неге? Өйткенi, кейiпкердiң бəрi ауылдан шығады, қалаға келедi... Оқиды, қолдан келсiн-келмесiн қызметте қалады. Одан кейiнгiсiнiң бəрi қияли дүниеге айналып жүре бередi. Ол да керек шығар. Дегенмен, ақиқатсыз дүние толыққанды шығарма емес. Бүгiнгi оқырман да басқаша, талғам-таразыға көңiл бөле бермейдi. Сондықтан кiтапқұмарлар азайып кеттi. Менiң бұл ойыммен келiспейтiндер баршылық. Жазу бар да, еңбектену, iздену бар. Осы екеуi қиылысқан жағдайда ғана дұрыс дүние туады. Тiлi бұралаң, жаһандануға жақындаймыз деп жүрiп, тiлдi де, шығарманы да сүрең жолға салып алғандар жетедi. Мен кезiнде, Германияда жүрген кезiмнен “Комендант”

деген роман жаздым. Бiрақ сол дүние оқырман қолына жетпедi. 1964 жылдың көктемiнде өртеп жiбердi. Көз көрдi, баспаға бермеймiн, жарияламаймын деген акт жасалды, қол қойылды. Демократия, жариялылық деп жатамыз, қоғамдағы өзгерiстер, заңсыздықтар сол кезде-ақ қағазға түскен екен.Амал жоқ, өртелдi.

– Қолжазбалар қалған болар?

 – Қалыпты. Бертiн келе 1998 жылы қайтадан шықты. Сол аты- мен жарияланды. Қазiр ондай органдар жоқ, шығармашылық еркiндiк пайда болды. Бiрақ белгiлi бiр тақырыптан ауытқымау керек. Қалай да жазар дүниең ой елегiнен, сүзгiден өтiп, əбден иi қанып барып жарыққа шығуы керек қой! Өз басым бұл жағынан мақтана аламын. Тағы бiр мысал, ауыл шаруашылығы жөнiнде дүние жазғым келiп жүрдi де, ойланбастан комбайншы- лар курсында оқып, екi жаз қатарынан егiн орағына қатысып, шөпшiлер мен пiшеншiлердiң тыныс-тiршiлiгiн бақылап жүрiп, “Комбайн” деген пьеса жазып шықтым. 1982 жылы жазылды. Қойылды. Тiптi, Мəдениет министрлiгiнiң сыйлығын алды. Сол сияқты, қырық жыл бойы архив ақтарғанымның жемiсi, “Шоң би” деген романым да осындай еңбектiң жемiсi. Наполеонды жеңген Александр-1 патша 1822 жылы қазақ үшiн ең соңғы уставын жазған. Қазақ өмiрiн белгiлеп отыратын, қазақ өмiрiн жылжытып отыратын. Соны бұздырған Шоң би қазақтан шыққан тұңғыш хан болған. Бiзде, əдебиетте Құнанбай жай- лы “қарадан шыққан хан” деген сөз бар ғой. Яғни, Шыңғыс хан ұрпақтарынан ғана емес, нағыз сұлтан осы кiсi болғанын iзденiп жүрiп, деректi дəлелдермен жазып шықтым. Қасқайып отырып уставты бұздырған Шоң би жайлауын күтуге Сiбiр губернаторынан əскер шақыртып алады екен. Он-он бес ка- зак орыстар, оларды бiр сотник офицер басқарып келедi екен. Губернатордың əлгi сотникке “əр он күн сайын сұлтанның төңiрегiндегi оқиғалар жайлы хабарлап, рапорт жазып тұр!” деген жасырын бұйрығы да бар екен. Фамилиясы əртүрлi, Давыдов, Махонин, Лебедов, Усов дейдi, толып жатқан рапорт- тар архивте əлi күнге сақтаулы. Бiр қызығы, бидi əрқайсысы əртүрлi сипаттаған. Бiрi: “сары, көзi қысыңқы” деп жазса, ендi

бiрi: “толық, бiрнеше жiгiт атқа көтерiп отырғызатын-ды” деп сипаттайды. Осыларды оқи, зерттей отырып, мен романыма Шоң бидiң портретiн өзiм салдым.

Қазiр ше?

 Жақында бiр жас жазушымен əңгiмелесiп отырып, осы ойымды айттым. Ол, əрине, келiспедi. Мен айтам ғой: “Əй, сен еңбекқор жазушысың, қабiлет-қарымын мықты, бiрақ не жазарыңды бiлмейсiң. Бар ана түрмедегi өзiң сияқты жап-жас жiгiттердiң арасында бiрер ай болып, олардың психологиясын зерттеп, тiрлiгiн бақылап, жан дүниесiне үңiлiп келшi, сенен қандай шығарма туар екен” деймiн. Сондағы əлгiнiң жауабын тыңдаңыз: “Ой, аға, ол жақтағы, тордың ар жағындағы тiрлiк белгiлi емес пе, фантазияң мықты болса, бармай-ақ жазып шығуға болар едi”. Бұған не дейсiң, дауласа алмайсың, өз ойы- нан қайтпайды. Ал, бұл əдiсте менен озған, мендей еңбек еткен жазушы, əй, қайдам, жоқ-ау. Жаңа жоғарыда айтқан екi жазу- шы iнiм айтқандай, шын мəнiнде шығармашылыққа да, көркем дүниеге де, шырайлы қазақ тiлiне де мендей жанын салған қазағыңыз көп емес.

    •  Тiл демекшi, шынында да тəрбие отбасынан бастала- ды деймiз, сонау тiлге, дiнге қарсылық жүрiп жатқан Кеңес дəуiрiнiң өзiнде Сiздiң қазақ тiлiне, қазақ мектептерiне жасаған еңбектерiңiз де ел аузында...
  •  Оның дұрыс, бұл орайда көптеген ағаларым мен тұс- тастарыма өкпелi қазақпын. Адам өзi не нəрсенi бағалы, құнды десе, соны ұрпаққа, өзiнiң тiкелей ұрпағына қалдыруға ты- рысады ғой. Ал, менiң ағаларымның көбi балаларына өз ана тiлдерiнде тəрбие бермегенi белгiлi. Сол кездегi қазақ зиялы- лары аса көп болмаса да, белгiлi бiр топтың тiл мəселесiне келгенде кiбiртiк танытқаны қаншама ұрпаққа залалын тигiздi. Соның салдарынан кезiнде қаламызда қазақ мектептерi жабы- лып қалды.

 Тұңғыш қызымыз Баян жетiге толғанда мектепке, қазақ мектебiне берейiк десек, бүкiл қалада бiрде-бiр мектеп жоқ. Амалсыздан орыс мектебiне тапсырдық та, осы мəселенi қозғауға ниеттендiк. Содан бiраз азаматтар, 1967 жылы бiр-бiр

баладан жетелеп жүрiп, Əбу ақсақал немересiн, Қадыр Мырза Əлi, Бəкiр Тəжiбаев, Мырзатай Жолдасбеков, тағы бiраз азамат- тар бар, №40-шi мектептен қазақ сыныбын аштырдық. Сөйтiп жылдан жылға қазақша сыныптың балалары көбейдi де, ендi мектеп ғимараты тарлық жасады да, жаңа мектептiң құрылысы жүре бастады. Осы күнгi № 12-шi мектептiң тарихы осылай қалыптасты. Одан кейiнгi бiр шаруа – кадр мəселесi болды. Сол кездегi республикалық, облыстық, аудандық оқу жүйесiндегi орыстiлдi қазақтар кезiнде мектеп ашуға қарсы болса да, кейiн тамыр-таныстықпен орналасқан мұғалiмдер ұжымымен күрес басталды да кеттi. Бiреуiнiң əйелi, бiреудiң қарындасы не қызы

– бiрауыз қазақша бiлмейтiндер балаларымызға қалай бiлiм бермек? Халқымыздың баға жетпес ұлттық үрдiске толы салт- дəстүрiн, өнегесiн қалай қалыптастырмақ? Үзiлiс кезiндегi əңгiме түгiл, оқу орнында жиналыстар əлгiлердiң ықпалымен орыс тiлiнде өтетiн болыпты. Осы Мырзатай бастап (ата- аналарға олармен ұстасу қиын болса да) кейбiр мұғалiмдердi қызметiнен қуып та шықтық. Тiптi қазақ мектебiнде сабақ беремiз деп құлшынып жүргендердiң өз балалары орыс мектебiнде оқиды екен. Байқасақ, балаларымызға қазақи тəрбие беремiз деп емес, нан табу үшiн ғана жүргендер. Осы бiр қиын кезеңде Рабиқа Нұртазина директор болып келдi. Ұйымдастырушылық қабiлетi күштi, бiлiмдi. Өз шаруасына өте қабiлеттi, iскер əйел жұмысын дөңгелетiп-ақ əкеттi де, көзiмiз ашылды. Дау-дамай да тынды. Сөйтiп, өмiрге əкелген бес бала- мыз да осы мектептi бiтiрдi. Қазiр ешкiмнен де кем емес.

– Сiз қызмет бабымен, анығырағында, əскери қызметпен бiраз жылдарыңызды шетелдерде өткiздiңiз. Сөйте жүре туған тiлiңiзге жанашырлығыңыз ерекше, мүмкiн осы жылдардың да əсерi бар ма?

 – Бүгiнде бiраз азаматтар өздерiн шетелде тұрып келгендiктен тiлдерi шорқақ, шұбалаңқы болып кеткенiн айтып қалады. Мен айтар едiм, көп нəрсе керенаулықтан. Ар жағында жiгерi жоқ, ұлттық үрдiске тəрбиелейiн деген ниетi жоқтар ғана солай дейдi. Бiрде белгiлi бiр азаматтың үйi қонаққа шақырды. Бардық. Қалалықтарда дастарқанға отырмас бұрын бөлмелерiн

аралатып, не болмаса жұмыс бөлмесiн көрсететiн үрдiс бар ғой. Кiтапханасы өте бай екен. Бiрақ бiрде-бiр қазақша кiтап қанша iздесем де көзiме шалынбады. Қаным басыма шауып, кетуге асықтым.

  • Ой, Қалеке, қайда барасыз? – деп жатыр үй иелерi.
  •  Қазақтың рухы жоқ үйде отыра алмаушы едiм,– дедiм де шығып жүре бердiм...

 Кейде тiлге байланысты орта, қоршаған ортасының əсерi де- ген сөздi жиi естiп қаламын. Ол – далбаса сөз. Қаның, жаның, жүрегiң қазақпын деп соғып тұрса ешкiмнiң қауқары жет- пес. Өзiңнiң тiлiңдi, дiлiңдi, салт-дəстүрiңдi ұмыту – тек қана сыртқы ортаның əсерi емес. Өз басым белгiлi бiр дəрежеде араласатын ортамыз басқа тiлдiлер деген сынық сылтаумен өз ана тiлiне мəн бергiсi келмейтiндерге қарсымын. Менiң талай жылым, өзiң айтпақшы, шетелдерде өттi. Он екi жыл əскерде болдым. Əскери тiл – орыс тiлi екенiне қарамай, өз ана тiлiмдi ұмытпақ түгiлi, шығармаларымның барлығы дерлiк таза қазақ тiлiнде жазылды. Қазақ тiлiнде жазылған екен деп ешкiм кiтабымды баспай қойған жоқ. Тiптi, бiрнеше елдiң тiлiне ау- дарылды да.

 Жалпы, тiл мəселесiнде дəрменсiздiк танытуға болмай- ды. Даңғаза айқайға iлесiп, мiнберлерде қазақ тiлiнiң жырты- сын жыртып, ал отбасында сықпыты əлгiндей болса, одан не қайыр, не үмiт?! Ана тiлi, қазақи тəрбие отбасынан басталуға тиiс. “Өз ана тiлiңнiң алдына басқа тiлдердi шығарма!” – деп балаларымның, немерелерiмнiң де құлақтарына əлi күнге құйып отырамыз.

 Ұлттың бiрiншi белгiсi өз тiлi болуы керек. Өз жерi, өз мемлекетi, осы үшеуi болған халық қана бiртұтас ел екенiн, ұлт екенiн айғақтайды. Мен қазақ тiлiнен ешқашан ақау жiбермеген адаммын.

– Екiбастұз хикаясы туралы өз аузыңыздан естiсек...

  •  1960-70 жылдары Екiбастұздың аты керемет шыға баста- ды. Өзiмiз түгiл, Сiбiрдiң жарты қаласына электр, отын энер- гиясын таратып, сол сұмдық құбылысты Павлодар облысының сол кездегi секретарлары мұндай байлықты,яғни кен орнын

қарапайым қазақ ашты деуге ауыздары бармады. Қимады. Ал, Қосым Пiшенбаев деген геолог туралы емiс-емiс əңгiмелер құлаққа жетiп жатыр. Содан бiлек сыбана кiрiстiм де кеттiм. Обкомның насихат жөнiндегi секретары Екiбастұз көмiрiн Бородин деген айдауда жүрген бiр инженер тапты дегендi мақұлдап, сол кiсiнiң атына көше бергiзiп те қойыпты. Содан, қазақша айтқанда, iзiне шам алып түстiм ғой. Сонау Киевтiң орталық архивiнен барып, деректi мəлiметтер жинадым. Тiптi, Қосым жүрген жерлер, бағыттар, ашқан кен орнын бұлжытпай көрсеткен картаға дейiн табылды. Соның бəрiн жинап, реттеп əкелiп секретардың алдына тастадым ғой.

    • Что ты хочешь теперь? – дейдi.
    •  Бородиннiң көшесiнен тақтасын алып, Қосымның ескерт- кiшiн қоясыз, – деймiн мен де тықақтап.
    •  Жо-жоқ, ол көше де, тақта да алынбайды, композитор Бородин болып қала бередi, – деп бажырайды.
    • Георгий Алексеевич, егер сiздiң осы сөзiңiздi осы қалпында

“Крокодилге” жазып жiберсем, не болады? – дедiм.

 Жынданып кете жаздады. Содан не керек, жағаласып, тар- тысып жүрiп Бородиндi жiбердiк те, көшенiң аты да, тақтасы да алынды. Содан кейiн-ақ Қосым жайлы аудандық, облыстық газеттерге батылдау жаза бастадық. Не керек, 1994 жылы Қосымның 150 жылдығына орай Екiбастұз қаласынан ойып тұрып биiк ескерткiшi орнатылды.

– Ол кезде, Кеңес дəуiрiнде ондай мəселелер халықтар ұлтараздығына, татулығына керi əсерi тиедi деп қорық- падыңыз ба?

 – Шындық үшiн қашан да, қай заманда да, қай ортада да күресуге болады. Менде нақты дəлелдi деректер болды, несiне қорқайын. Архивте 14-шi қор бар, осы кен iздеушiлердiң фон- ды. Көп көмектестi, орыс көпестерi келедi екен де, ақша берiп Қосымға кен iздетедi екен, ол табады. Ал нəтижесiнде атағы солардiкi болып шыға келедi. Осындай деректер алдымнан шыға бердi, шыға бердi. Тiптi Қосымның кен iздеген жолдары, кен бұрылыстары, тiптi Қосымның шахтасы деп белгiленген ескi карта сызбасына дейiн таптым ғой. Бұл ол кездегi

ұлтшыл шенеунiктердiң бұлжытпас дəлелi, дəйегi болды да, қарсыласуға мүмкiндiктерi де қалмаған едi.

– Еуропаны қорғаған он қазақ жайлы да өзiңiзден естiсек...

 – Иə, ол да ұзақ əңгiме ендi. Берлиндi қорғауға бара жатқан Италия жерiнде фашистiң бiр топ ротасы, шамамен 150 сол- дат бiр көпiрдiң бойында он қазақтан құралған барлаушы- лар отрядына кездескен ғой. Сөйтiп, Берлинге көмекке бара жатқандардың жолын бөгеп, бiрнеше күн бойы қырғын шайқас болған. Соңында, он-ақ қазақ жауынгерi бəрiн жайратып, өздерi де опат болған. Бұл, ендi сұмдық қой, 150 адамға он қазақ!

 Маған жолыққанда бiрде-бiрiнiң фамилиясы қазақ емес екен, соларды төрт-бес жылдың iшiнде қазақша аты-жөндерiн тауып, сол көпiрдiң бойына соларға мəңгi ескерткiш орна- ту туралы мəселе тағы да алдымнан шыға келдi. Қазақтар Еуропаны жаудан азат етуде тек көптiң бiрi ғана емес, нағыз ерлiк көрсеткен жауынгер халық болғанын дəлелдеу, əрине, оңай болған жоқ. Тағы да жол, тағы да архив, тағы да айтыс- тартыс... қарсылық.. қойшы əйтеуiр, аты-жөндерi тасқа жазы- лып, үлкен жолдың бойына ескерткiш қойдырып тындым.

– Аты-жөндерi неге орыс болып кеттi екен?

 – 1941-42 жылдары тұтқынға түскенде, бəрiн орыс əскер- лерi деп солай толтырып жiберген ғой. Қашқаны қашып барып қайтадан қосылып, жете алмағандары қалған. Бiр шаруаны тындырдым деп елге жетсем, бiраз қарсылықтар алдымнан тағы да шықты. Орталық Комитеттен неге жоғары жақ арала- спай, жеке тындырып жүрсiз дегендей əңгiмелер де шықты, егер үкiмет жағы араласса, бiреу бiреуге сiлтеп ол нəтиже бе- рер ме едi, бермес пе едi, кiм бiлсiн?

 Бұл мəселенiң соңына түсiп жүргенiм, Еуропада ұзақ жыл қызмет iстеген адаммын. Соғысқа бардым,соғыс психоло- гиясын бiлемiн, тiптi əр елдiң əскерлерiнiң психологиясын, тəртiп-талабын бiлемiн, құрылымын бiлемiн. Сосын Еуропа елдерiмен, мемлекеттерiмен өзара қарым-қатынасын бiлемiн. Осындай мүмкiндiгiм бола тұра, қалай қарап отырайын. Əйтеуiр, кеудеңде жаның, ар-намысың болғандықтан жоқтан

бар жасауға емес, ар жағында ақиқаттың ауылы алыс емес екенiне көз жеткен соң несiне алаңдайын.

– Ертiс-Қарағанды каналының Сəтбаевтың атымен аталуына да Сiздiң ықпалыңыз бар деп естiдiк. Жалпы, Қаныш ағаға туысқандық жақындығыңыз ба, əлде...

  •  Оның рас, Сəтбайдың қызынан туғанбыз, Сəтбаевтарға жиен болып келемiн, анам жағынан. Туыстық, қандық жағын былай қойғанда, Қаныш үлкен ғалым Алашқа ортақ азамат. Ал, каналға келсек, онда мен табаны күректей он бес жыл жұмыс iстедiм. Кəдiмгi жұмысшылардың бел ортасында жүрдiм, қара жұмыстың, қарапайым жұмысшының образына кiрейiн, шығарма жазу ойда болған, сондай мақсатпен барып, бiраз жылым ен далада, каналдың жағасында өттi. Арқаның аязына қарамай, пана тұтар ағашы да жоқ Сарыарқаның ми қайнатар ыстығына қарамай, күндiз-түнi еңбек еттiм. Қызық қой, өңiм түгiл түсiме енбеген гидрология, геология деген салаларды тез түсiнiп, меңгеру мен үшiн түкке тұрмады. Инженерлермен айқаса жүрiп, жəй ғана олардың өмiрiн зерттеу үшiн ғана емес, жанымды салып еңбектендiм. Ол кезде Мəскеуге қараймыз, құрылысты да солар жүргiзген.

 1970 жылы Лениннiң 100 жылдығы болды ғой. Сонда Қарағанды обкомының бiр секретары каналға куратор бол- ды. Наурыз айының бас жағында “Молодежный” деген жер- ге келiп, активтiң жиналысын өткiздi. Қаныш Сəтбаевтың Орталық Қазақстанды суландыру жөнiндегi барлық еңбектерiн жинап кiтап шығарғанмын, бұл канал мəселесi де Сəтбаевтың идеясынан туған шаруа, сондықтан канал сол кiсiнiң атымен аталуы керек, сұранып-ақ тұр. Менiң де бар арманым осы. Жиналыс ауаны басқа жаққа бұрылды да кеттi, зал жым-жырт. Бiттi, ешкiм сөйлейтiн түрi жоқ. Не болса да, ойымды жеткiзiп қалайын дедiм де, мiнберге көтерiлдiм. “О, каналский писа- тель” деп таныстырды.

  •  Белогор каналы Ленин атында, Москва каналы Ленин атында, Волга-Дон, 1930 жылы салынған Үлкен Фергана ка- налы, Кiшi Фергана, Қарақұм каналы Ленин атында, деп тiзiп- тiзiп келдiм де, ал ендi бiз мына каналды да ұлы көсем атына

берсек, мұнымыз мазақ болмай ма?– дедiм жан-жағыма батыл қарай бастап.

 Жұрт тым-тырыс. Үнсiздiктi куратордың өзi бұзды: əлi каналдың 20 процентi бiткен жоқ, уақыт бар, ойлануға деп тарасты. Жұмсақ бiткен жиналыстың соңғы нəтижесi, ғалым атымен аталуымен тынды ғой.

 Роман да жазылды. Құрылысты жүргiзген Бас басқарма құрылысшылардың қатарында еңбегiмдi бағалап, “Еңбек Қызыл Ту” орденiмен марапаттады. Мұның да хикаясы осы- лай, қарағым.

 Қалмұқан ағамен болған əңгiмеден түйгенiм: қазақтың бiреуге сүйсiнсе “шынашақтай болып” деген əдемi сөзi дəл осы бiр қазақтың шынашақтай ғана болып, үндемей-ақ тынды- рымды ғұмыр кешiп келе жатқан қара шалдарына бағытталған болар. Кейiнгi бiр кездерi Алматының құбылмалы ауа рай- ына байланысты мазасы болыңқырамай жүрген қайраткер жазушының шаршаңқы жүзiне қарап, айтып шығуға, жазып шығуға оп-онай қаншама шаруалары салған əжiм сызықтарына қарап iштей сүйсiндiк. Елiне, халқына саналы, туған тiлiн пiр тұтар ұрпақ ғана емес, не болмаса қалың оқырманына тек қана ақиқатты оқиғаларға құрылған роман-кiтаптар ғана емес, осындай сырт көзге елене бермейтiн, тiптi “көрмес түйенi де көрмес” дегендей, кейбiр даңғаза ойлылар ойға да алғысы келмейтiн жоғарыдағы тiрлiктерi бүгiнгi өзiне демеу, жаны- на рухани азық болып келе жатқанын ашып айтпаса да, жан- дүниемiзбен ұғындық. Ал, шынашақтай ғана қазақтың қара шалынан өрбiген ұрпақтың тындырар шаруасы, халқына етер қызметi, ол ендi, тiптi бөлек əңгiме...

ЕРКЕҒАЛИ РАХМАДИЕВ:

ҚАЛТАЙДЫҢ КІТАПХАНАСЫ

 Бұрынғы Совминнің ауруханасына наурыздың 8-нен кейін, кезекті ем алу үшін барсам, Қалекең де жатыр екен. Өмірінің соңғы жылдарында жамбасы сынып, аяғынан біраз қиналды ғой. Бір-екі жас кішілігім болса да, қалжыңдаса беретінбіз. Əдеттегіндей, аурухана төсегінде де біраз əңгіменің басын шалдық.

 Мен 26 наурыз күні шығатын болдым да, қоштасып шығуға Қалекеңнің палатасына бардым. Екеуміз тағы да біраз қауқылдастық. Əрине, ара-тұра əзіл-қалжыңға да бой алдырып қоямыз. «Сəті түссе, Мəскеуге жүргелі жатырмын» деді. Сол баяғы жамандыққа қимайтын патша көңіл-ай десеңші! Осы бір ыстық сəттің аяулы ағамен болған соңғы жүздесу екенін сезсемші деймін-ау. Бірақ «Мəскеуге барған қазақ зиялыла- ры аман қайтпаушы еді» деген сұмдық ой санамнан жүгіріп өткенін несіне жасырайын. Əйтсе де Қалекеңмен жақсы тілеумен қоштасқан едік.

 Қалекеңді дəл қай күні, қай жылдан білетінімді есіме түсіре алмай отырмын. Бірге жүргенде ондай жағдайларды, мына орыс халқы сияқты күнделік жазбаған соң, біле бермейміз. Қазақ көбіне зердесіне-жадысына сенген халық, ондайға əдеттенбеген ғой. Барлығын көкірегіне тоқып, есте сақтау қабілетіне сенген.

 Қателеспесем, онымен «Бөлтірік бөрік астында» комедия- сы алғаш қойылғанда, Əуезов театрында кездестік қой деймін. Тəшкеннен оқуын бітіріп келген кезі ме екен, əлде оқып, бітіріп жұмыс істеп жүрді ме, ол жағы нақты есімде жоқ. Əйтеуір, қазақ драматургиясына жаңаша бір серпіліс ала келгені есімде. Ол – театр сахнасында эпостық туындылардан басқа дүние жоққа тəн кезең еді.

 «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қобыланды», жалпы, ауыз əдебиетіндегі батырлар жыры негізінде дайындалған туындылар болмаса,

авторлық шығармалар аз қойылатын-ды. Сондай тапшылық тұсында өркениетті елдердің драматургиясына тəн сипатпен, тілі қазақша, айтар ойы, мысқыл-мазағы, қалжыңы қазақша, өзінше ізденістен туған тұңғыш дүние еді бұл. Біздің де өнерге енді талпынып, анда-санда атымыз аталғанына балаша қуанып жүрген кезіміз болатын.

 Қалекеңді ең бір жақсы біліп, жақын жүрген тұсымыз – 1959 жылдың аяғы. Мен ол кезде Жамбыл атындағы филармонияда көркемдік жетекші едім. Мəскеуден консерватория бітіріп кел- ген бетім. Мұқан Төлебаев осы қызметке шақырды. Мен атто- нымды ала қаштым.

 – Мұқан аға, қалай жетекші болам, онда қазақтың ылғи өнер жұлдыздары – Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Жамал Омарова, Шара Жиенқұлова, Нұрсұлу Тапалова, дом- бырашылар – Қали Жантілеу, Лұқпан Мұхитов, қобызшылар

  • Жаппас Қаламбаев, Дəулет Мықтыбаевтар сияқты танымал əртістерге жетекшілік жасауға, шынында да, жүрегім дауала- майды. 400 адамдай үлкен өнер ұжымын қалай басқармақпын,
  • дедім. Жаспын деймін ғой баяғы.

 Ол кезде қазақ музыка өнерінің опера жəне филармония секілді екі-ақ өнер ошағы бар. Əйтеуір, Мұқан аға көндірді.\

  •  Министрдің Қосынов Бектембай деген орынбасары бар. Соған барып кел, – деді. Ол шымыр ғана келген, сөзі жинақы, ширақ кісі екен. Амандық-саулық жоқ:
  •  Əй, сен немене қаршадай боп филармонияға жетекші болғың келе ме? – деп дүрсе қоя берді.
  •  Ондай ойым жоқ! Мұқан аға сізге бар деген соң келдім, онда кетейін, – деп бұрыла беріп едім, күлді. Сосын «мінезің шалт қой, сірə, сенен бірдеңе шығар»,– деді.

 Мен Қалтайды айтайын деп, өзімді айтып отырған жоқпын. Қалтай сол уақытта Мəдениет министрлігінде репертуарлық коллегияның Бас редакторы еді. Аралас-құраласымыз осылай қызмет арқылы басталған-тын.

 Министр Əмір Канафин деген азамат болатын. Қазіргідей емес, ол кезде жалға алсаң да, сатып алам десең де пəтер беруді партия шешіп, партияның дегені болатын заман ғой. Енді отау

құрғанбыз. Тұңғышымыз бар. Əр үйдің босағасында жүреміз. Пəтер жалдайын десең, қожайындар балалы отбасыларға жолай бермейді. Жақындатпайды. Оның үстіне бір немересін ертіп, елден шешем келіп жатқан. Отбасында 4-5 жанбыз. Содан бəйбішеміз екеуміз филармонияның ауласында келіп-кетіп жататын əртістерге деп салынған қонақүй сияқты үш бөлмелі үйге орналасып алдық. Суық, ызғарлы, сыз болса да сонда тұрдық. Сөйтіп жүргенде, үй салынып жатыр екен деген сыбыс естілді. Қалтай екеуміз де тізімде бар болып шықтық. Пəтер мəселесі ұшынып тұрған кез дедім ғой. Ашынған ел бітіңкіреп қалған үй болса, бұзып-жарып кіріп алатын əдет тағы бар. Ол кездегі заң бойынша жұма күні кіріп алып, сенбі, жексебі екі күн түнеп қалса, прокурор шығара алмайды. Содан біз де шо- шынып қалғанбыз, əлгі үйімізді күзетеміз. Кешкі тамақты ішіп аламыз да, Қалекең екеуміз түнгі «күзетке» кетеміз. Жаспыз. Əңгімеміз жарасып, кейде бəйбішелер пісіріп берген анау- мынауға қоса бір жартымызды ала шығамыз. Түн соншалықты ұзақ болса да, əңгімеміз бітпейтін. Сөйтіп жүріп, 60-жылдың ақпанында пəтер алдық.

 1961 жылы Мəдениет министрлігінің Өнер істері жөніндегі (қазіргі департамент) бас басқармасының бастығы болып бекітілдім. Бұл жылдары бір-бірімізбен тіпті жақын араласып кеттік. Жұмысқа бірге барамыз, бірге қайтамыз. Менің астым- да бір жаман көк «Победа» бар.

Қалекең:

    • Əй, Ереке, үйге мінгесе кетейік, – дейді.
    •  Қалеке, қожалығың ұстап тұр-ау, əйтпесе мынау тұрған жерге жаяу да барар едің ғой. Амал жоқ, енді, көлік болған соң мінбеске болмайды, – деп күлемін. Қалжыңсыз жүрмейтін едік. Бірде ертеңгілік жұмысқа шығар кезде мен:
    • Қалеке, тұра тұрыңызшы, мен кофе ішіп алайын, – деппін.
    • Жарайды, кофеңді іше бер, – деген де қойған.

 Көзіме айтпайды, жаманды-жақсылы бастық деген атым бар. Артынан естідім, мені қылжақ ететін көрінеді. «Ерекеңдікі дұрыс қой. Өмір бақи Балқаштың бойында қамыстың үлпек басын үгітіп кофе ғып ішіп өскен емес пе, қайтсін» – деп

күлдіреді екен жұртты. Орнымен, өз жайымен айтылған мұндай қалжыңды қалай қабылдамассың!

 1978-80-жылдары Қалекеңмен бірігіп, опера жаза бастадым. 1981 жылы театрда «Тың тынысы» операсы қойылды. «СССР- дің құрылғанына 60 жыл» деп аталатын Бүкілодақтық байқауда опера бірінші сыйлық алып, бұл жеңіс Қалтай екеуімізді тіпті жақындастырып жіберді. Қомақты ақшалай сыйлық та алдық. Бұл операның жазылу тарихы да қызық.

 Мəскеуде Малеевка деген жазушылардың, Руза атты композиторлардың жеке-жеке салынған көп бөлмелі шығармашылық саяжай іспетті үйі болды. Сонда жаттым. Бір айдан соң Қалтайды шақырдым. Келді. Күтіп алдым. Орналасты. Сазды мəнерлеп, үзілдіріп жазу үшін шыдамдылық, төзім керек. Ырғағы келсе, сөзі артық көрініп, сөзі ретке келсе, музыканың мəнері бұзылып, əбден қиналасың. Екеулейміз. Мен таңғы 6-да тұрамын да, сағат 9-да берілетін ертеңгі асқа дейін, тапжылмай жұмыс істеймін. Ал, Қалекеңді сол кезде, қазақша айтқанда «тепкілеп» жүріп, əрең оятып аламын. Тамақтан соң ақылдасамыз да, тапсырмаларымызды алып, бөлмемізге тарай- мыз. Кейде, «əй, арыстаным-ау, миыңды тынықтырсаңшы бір сəт», – дейді есіктен сығалап. Серуенге шығамыз. Баяғы əдемі əңгіме, əдемі əзіл.

  •  Өлғаири, теғаири, өтежаири, ғаирифул, – деп бастайды көңілді сəттерінде. Мен де қосыламын. Ол біліп, мағынасын түсініп айтады. Ал, мен жай ыңылдаймын. Сөйтсем, ол Құранның бір аяттары екен. Талай рет айтты, тілім икемге келмейді, түсіне де алмай қойдым. Екі ай жатып, елге бірге қайттық. Опера сəтсіз болмады. Жоғарыда айттым ғой, сыйлық та алдық.

Бірде Қалекең:

  •  Əй, Ереке, осыған бірдеңе жетпей тұр, – деді ойланып. Елең ете қалдым. Операда Қалтайдың кинода істейтінін пай- даланып, кинохроника əзірледік. 1954 жылы Қазақстанға тың игеру үшін бүкіл Кеңестер одағынан комсомол-жастар ағылып келген-ді. Сол көріністі енгізіп, комбайнмен астық тасып жатқан кезді, қоймаға құйып жатқан жерін (кинода – колцова-

ние дейді) яғни, бір көріністі қайталау арқылы астықты мил- лион пұтқа жеткізуге болады екен. Əртістердің бірін Сібірден, Ленинградтан, Оралдан, Мəскеуденбіз деген ұрандар ұстатып, сахнаны айналдырып өткіземіз. Брежнев пен Қонаевтың тыңгерлерді театрдан шығарып салғанын басты план етіп, не керек, операны экранға да дайындап, керемет бір дүние жинақтадық.

 Қалтайдың шығармашылық жолда да ешкімге жоламай, идеясын алып қашатын əлдебіреулер сияқты емес, өнердегі, өмірдегі адалдығын баса айтқым келіп отыр. Халықтық өнерді өз дүниесіндей, ортақ деп ұғынатын тамаша қасиетінің бір ғана мысалы еді бұл. Тіпті, Шыңғыс Төрекұлының (Айтматов) жазушылық қабілетіне дау жоқ, əрине. Ал, оны драматургияға, үлкен өнерге, сахна өнеріне алып келген де осы – Қалекең-тін.

Қайран, Қалтай! Өрелі азамат, адал дос!

 Қалекеңнің қазақ əдебиеті мен мəдениетіне бергені көп, еңбегі орасан. Дегенмен, берері де əлі аз емес еді. Тəуелсіздігіміз енді қолға тигенде, осындай тұлғалардың өмірден өтіп кеткені өкінішті-ақ.

 Қалтай керемет кітапқұмар болды. Таңғалатыным – екі қатар етіп жиналған кітап сөресіндегі қай кітап қай қатарда, кімнің кітабы екеніне дейін жатқа білетін. Пəленінші қатардағы түгенінші кітап деп отыратын. Бірнеше мың кітап: арабша, парысша, орысша, қазақшаның араб əрпіндегі, латын əрпіндегі кітаптар – оның өмір бақи жинаған мол байлығына, қазынасына айналды. Үйімді де осы кітаптарым үшін кеңейттім, əйтпесе, бəйбішеміз екеумізге бəрібір емес пе» деп күлетін-ді.

 Менің ойым айтады: бір қазақтың қолында қалса, баяғы Отырардағы жоғалып кеткен кітапханадағыдай қыруар еңбекті

    • Қалтайдың кітапханасынан табуға болар ма еді? Сондай-ақ, Мысырдағы Александровка кітапханасындағы отқа оранған мол дүниені Қалтайдың жұмыс бөлмесіндегі кітаптар есіме түсіретін. Ол кітапты жинап, əдемі дүние етіп қою үшін емес, əр қатардағы əрбір кітапты алыстан атап, дəл табатын жəне сол дүниелердің бəрінің түгел санасына сақтап,есінде қалуы мені

қайран қалдыратын. Оның осы қасиетіне өмір бойы сүйсініп келемін.

 Қалекең биыл 75-ке келер еді. Құдайға шүкір деп, 80 жа- сын, 90 жасын тойлап, одан кейін 100-ге келмей өлмеймін деп жүргендер де бар. Бірақ, Аллатағала пендесін шыр етіп жарық дүниеге əкелерде, кетер уақытын да маңдайына жазады дейді ғой.

 Тағдырдың жазуына не шара?! Үлкен оқымысты, асқан дана Қалтайдың əзіл айтқысы кеп тұратын жайдары, жайсаң жүзін көрмегелі де бір жыл?!...

Уақыт дегенді қойсаңшы, ұшқыр-ақ!

YМБЕТБАЙ УАЙДИН

Бiз кiтап оқып өскен, сол тұстағы ақын-жазушылардың кез келген шығармаларынан тiптi жатқа оқып, санамызға түйiп, өзiмiздi-өзiмiз сол өмiрден алынған шынайы дүниелердегi кейiпкерлерге қарап тəрбиеленген ұрпақ екенiмiздi мақтан етуге толық құқылымыз. Қазiргiдей ақпараттық технологияның əбден жетiлген заманында ой-жүйемiздi, са- намызды жаһанданудың шектеуiне жеңдiрген, мəдениет пен əдебиеттiң шежiрелi бiр топ өкiлдерiнiң бүгiнгi момақан тiрлiгi үнемi ойдан да, көңiлден де кетпейдi. Сондықтан да, жылдың басынан берi газетiмiзде “Ардагер” айдарымен қоғамның əр саласындағы, оның iшiнде мəдениет пен əдебиетке ерiнбей тер төккен, шығармашылықтың азабы мен шыжығына шыжғырылған қайраткерлер жайлы ай сайын үзбей берiп келемiз.

 Шығармашылығында əдептiлiкке баулып, тəрбиелiк тəлiм қалыптастырып, мораль-адамгершiлiк жайлы, əсi- ресе əдеп əлемiн кеңiнен насихаттайттын белгiлi қалам- гер-ұстаз, сатирик-жазушы Үмбетбай Уайдинмен болған əңгiме де осы бағытта болмақ.

 – Үмбетбай аға, əңгiмемiздi бүгiнгi əдебиет, мəдениет жайынан бастасақ... Тəуелсiздiк алғалы да жиырма жылға жуықтапты, осы жылдар iшiнде тəуелсiз елдiң тəуелсiз əдебиетi туралы ойыңыз?

 – Бұл сауал-сұраққа, бұл қаратпа сөзге мен оқта-текте қайырылып кетiп жүрмiн. Тағы да алдымнан шықты. Өзiмдi де, өзгенi де қайталамай, дұрысы бұрынғы айтқан, жазғандарымды толықтырайын. Барды көрмейтiн, барды бағаламайтын, “жоқты” жоқтауға айналдырып, зарлай беретiн бiр жаман əдет тауып алған сияқтымыз. Олай деуiме себеп, қазiр көптеген ауыз: “жоққа” толып кеттi. “Сатира жоқ”, “сын жоқ”, “драма- тург жоқ”, “драматургия жоқ”... Солай ма? Бұған жұрт не дейдi, баспасөз не дейдi?

Бұл не қараң қалған əдебиет, мəдениет сонда? Бар мен

жоқтың дəлелi қайда? Дүниенi елең еткiзетiндей, жалт қарататындай əдебиет, мəдениет өнiмi жоқ десек бiр сəрi, тып- типыл ету не сұмдық!

 Мəдениет! Сiздердiң газетте Жанұзақ Əкiмнiң “Қазiргi қазақ мəдениетi қандай?” (16.07.2009) деп аталатын кө- лемдi мақаласын сүйсiнiп оқыдым. Мақалада мəдениет жайы теориялық тұрғыдан жақсы талданған. Көп мəселе қамтылған. Жаңағы “тып-типылға” жап-жақсы жауап берген. Ой-көзқарасымызда ұқсастық байқалды. Қайталамау үшiн мақаланың кiшкене практикалық жағынан келейiн.

 Мəдениет – екiбастан, жалпы есiм. Оның ең кiшкентай əңгiмесi – əр жағдайда аузымыздан жиi шығатын кəдiмгi театрдағы “киiм iлгiш”. Ең үлкен əңгiмесi – “Мəдени мұра” бағдарламасы. Бұл бағдарламаны Уақыт, Тəуелсiздiк алып келдi. Айта берсек, ауа жайылып кетемiз, бiрер дерекке кiдiрейiн. Уақыттың қолымен, адамның қолымен бабаларымыздың қаншама мазар-кесенелерi бүлiншiлiкке ұшырады. Естуiмiзше, адамдар мазар-кесенелердi бұзып, кесегiнен монша салыпты, құлыптастарды құлатып алып диiрмен жасапты. Əне, сондай заман болған. Ұшақ қонатын алаңқай жасау үшiн қорымның үстiмен трактор, бульдозер жүргiзгендi 1985 жылы көзiмiзбен көрдiк. Тəуелсiздiк немесе “Мəдени мұра” бағдарламасы сол сұмдықтарды түзетiп жатыр. Бұл бардың əңгiмесi ме, жоқтың əңгiмесi ме?

 Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының Жаңақұрылыс елдi мекенiнде “Жаныс тамы” деп аталатын мавзолей бар (Бұл елдi мекен қазiр “Жаныс би ауылы” деп аталады). Мавзолей Х1Х ғасырдың белгiсi. “Қабырғасының төменгi бөлiгi 8 қырлы, жоғары бөлiгi сағанаға ұқсас. 8 жəне 41 қырлы барабан шеңберi түрiнде қаланған. Күмбезi пирамида тəрiздес сатылап қаланып аяқталған” (“Ақтөбе энциклопедиясы”). Сол мавзолей құлаудың аз-ақ алдында. Оны қалпына келтiру жайында əңгiме болғалы қай заман?! Одан берi қаншама уақыт өттi. Менiң өзiм де баспасөз бетiнде бiрнеше рет сөйледiм. Дегенмен, ақыр түбi қайыр, биыл қолға алына бастады. Тəуелсiздiктiң арқасы. Бардың əңгiмесi.

 Мəдениет! Жүрiс-тұрыс мəдениетi, сөз мəдениетi, дастарқан мəдениетi, айта берсек əлi қаншама? Сөз мəдениетi демекшi, той дастарқаны басындағы сөз боранын еске түсiрiп көрейiкшi. “Екi жас бақытты болсын!”, “Ата-анасына мейiрiмдi болсын!”, “Дендерi сау болып, еңбекте табысты, жора-жолдастарының арасында абыройлы болсын!”. Осылай кете бередi, кете бередi. Шын қуаныштың сөзi, шын қуаныштың көз жасы қайда? Бақыт үлкен сөз. “Бақытты болыңдар!” – жақсы тiлек. Алайда, бақыт-бақыт деп айта бергеннен адам бақытты бола қала ма? Балалар мен жастардың тiлек сөздерi де жаттанды: “Ашық аспан, мөлдiр махаббат, зор денсаулық тiлеймiн!”.

 Кешiрiм сұрай бiлемiз бе? Аяққа жығылу дегендi қалай түсiнемiз? Сəлем ете бiлемiз бе? Сəлем демекшi, екi жастың үйлену тойындағы жаңа түскен келiнге сəлем еткiзу ерсiлiктерi де барған сайын өршiп барады. Жақында ауылдық жерде болған бiр үйлену тойына қатыстық, Той басқарушы жас келiнге аруақтардан бастап, бесiктегi балаға шейiн сəлем еткiздi. Сəлем сайын кемi екi жүз, бес жүз теңгеден ақша. Үзiлiс кезiнде той басқарушыға:

  •  Iнiм, сəлемнен құр қалған тағы кiм бар? – деп едiм. Ол қып-қызыл боп кеттi.
  •  Ой, аға, осы қиын болды. Той иелерi тiзiм бередi. Бiреуi ұмыт қалса болды, шаң-шұң дауыс, қап-қара өкпе.
  • Түсiндiм, айналайын.

 Мəдениетке байланысты “бар” мен “жоқтың” бiр əңгiмесi осы.

 Мəдениет – əдеп атаулының жиынтығы. Өткен жылы “Ана тiлi” баспасынан менiң “Əдеп əлемi” деп аталатын кiтабым жарық көрдi. Əдебиет, мəдениеттегi “бар” мен “жоқты” шама- шарқымша сол еңбегiмде бiршама қамтыған болдым. Жəне əдеп əлемiн сана, парасат, iзет, тəрбие, инабат, Отаншылдық сезiм, намыс тұрғысынан дəлелдеуге тырыстым.

– Сiздi сонау Кеңес дəуiрiнiң өзiнде қазақ тiлi, өз ана тiлi үшiн аз ғана белсендi топтың бел ортасында жүрiп, қазақ мектептерiнiң тағдырына да атсалысқаныңыз бүгiнде аңызға, тарихқа айналғандай...

  •  Тiл, ана тiлi əр ұлт өкiлiнiң жанды жерi. Бұл мəселе қазақ халқының перзентi – менiң де жанды жерiм. “Мұндай қоғамды қорғамай, мұндай қоғамды қолдамай болмайды” деп, кезiнде өткен қоғамды мақтап өшiргеннiң бiрi өзiм. Өйткенi, ол қоғамда да жақсы сөз,жақсы заң, жақсы идеялар болды. Ал, ендi ана тiлi жайына келсем, халыққа, халықтың тiлiне адалдық принципiн ұстандым. Балаларым қазақ мектебiнде оқыды. Немерелерiм де қазақ мектебiне барды. Əрине, бала- ларды қазақша оқыту мақтаныш емес, парыз! Өткен қоғамда да қазақ тiлiн қорғадым, сөйледiм, жаздым. Оқта-текте Шона ағамыздың қасынан табылдым. Онда тұрған пəлендей аңыз ештеме жоқ. “Iз” деп аталатын кiтапта (Көпен Əмiр-Бек) менiң “Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан мұра” деп аталатын мақалама орын берiлген. Кеңес қоғамы тұсында сол мақала баспа бетiнде көп шырғалаңмен жарық көрдi. Шыбын жан шыңғырды.

 Бұл мəселеге келгенде қазiрде де үрейлi үрейiм жоқ емес. Бас тақырыбы татар ғұламасы Шагабуддин Маржанидың сөзiмен басталатын мақала ( “Өзiңнiң ана тiлiн ұқпай барып, орыс тiлiн үйренген адамдардан жақсылық күтiп пе едiңiздер? Жақсылық күтпеңiздер”) өмiрдегi түрлi жағдайлардан туған үрейiм жайында едi. Соны айтайын.

 “Самал” мөлтекаудандарын қақ жарып, əл-Фараби даңғылын кесiп өтiп, Қажымұқан атындағы көшеге барып тiрелетiн бiр рахат көше бар. Адамдардың тынығып, жүрiп-тұруына онда жақсы жағдай жасалған. Кейде жалғыз, кейде үй-iшiммен мен де, көбiне кешке қарай сол маңда демаламын. Құданың құдiретi, сонда аңғарғаным, олай-былай қаншама қазақтар өтедi – iлу де бiреуi болмаса, барлығы дерлiк орысша сөйлеп бара жатады. Бала-шағаларымен жүрген, бесiк-арба итергендердiң ауызда- рынан құлағымызға тиетiн сөздерi: “аташка”, “Даулет”, “деду- ля”, “бабуля”, “маа-а-мм”, Анара, Жанара, Айдоса, Муратик, Булатик, Мариаша, Саулеша, айналашка т.б. Қарап отырып күйiнесiң, құлазисың, күбiрлейсiң: “бұ не боп кеткенбiз?”, “бұ қайда барамыз?”

 Қала мектептерiнiң аулаларында да шүлдiр-шүлдiр... Бұл сауал-сұрақтар аяғында үрейге барып тiреледi.

 Тiл дегенiмiз – ұлт, ұлт дегенiмiз – тiл. Тiлге қауiп, екiбастан, ұлтқа қауiп қой. Ендеше, бiздiң ұлтымыздың жойылып кетуiне қауiп бар ма? Жаңағы шүлдiр-шүлдiр асқына берсе, əрине, бар! Дəлелiмiз:

 “... 1926 жылы халық санағы бойынша Кеңестер одағында 194 ұлт болса, соңғы санақта тек 101-i қалғаны белгiлi. Басқаша айтқанда жыл сайын 1-2 ұлттың көзi жойылып, аты өшiп отырған” ( Ғарай Сағымбай: “Қазақтың тiлi нелiктен құлдырап барады?”. “Түркiстан”, 14-20 шiлде, 1999 ж.).

 Глобализация келе жатыр. Тiлдiң бiр тажалы сол дегендей де əңгiме бар. Ғалым Сапарғалиевтiң жазуына, айтуына қарағанда, қазiргi уақытта дүниежүзiнде 4 мың тiл бар көрiнедi. Ал, əр екi жылда 4 тiл жоғалып отыратынға ұқсайды. Сарапшылардың болжамына сенсек, осы ғасырда 5-ақ тiл қалады екен. Ал, ке- рек болса! Үрей-қаупiмiзге негiз бар ма? Бар! Бұл тығырықтан шығар жол қайсы? Мəжбүрлiк! Халықты демократия аясында мəжбүрлiкке даярлау. Халықтың бойын, ой-санасын бiрте-бiрте мəжбүрлiкке үйрету. Кеңес қоғамы тұсында орысша бiлмесең, орысша оқымасаң нан тауып жей алмайсың дегеннен орыс- ша оқуға мəжбүрлiк туындады. Əдемi сөз, қызыл сөз насиха- тынан нəтиже шамалы, көбiсi жалған. Қазақ тiлiн қорғайтын немесе глобализацияны iшке көп өткiзбейтiн бiзде бiр “қытай қақпасы” бар. Ол бiздiң Ұлы даламыз, ауыл, ұлттың саны! Соңғы кезде ауылға көңiл бөлiнiп жатқанға ұқсайды. Иншалла, ұзағынан болғай!

– Бүгiнде зиялы қауымды “зиянды қауым” санайтын- дар, жалпы сын айтушылар көбейдi. Ақын-жазушыларды пiр тұтқан халық едiк, əсiресе бүгiнгi əдебиетшi-жастар, оқырман болсын Кеңес дəуiрiне шошына, сыни көзқарас қалыптасқан. Бұл пiкiрге қалай қарайсыз?

 – Əлгiнде кiшкене кiдiрдiм ғой: Кеңес қоғамына бай- ланысты бiр жақты пiкiрге немесе бəрiне қап-қара күйе жағуға қосылмаймын. Ол қоғамда да тəуiр үйде, жаман үйде тұрдық. Ол қоғамда да болмашы нəрсеге мəз болып қуандық, күлдiк, күрсiндiк, жыладық. Ол қоғамда да əн салдық. Еңбек бағаланды, əдебиет бағаланды, бағаланбады. Ашаршылық,

жаппай қуғын-сүргiн (репрессия) сол қоғамда болған апат, қасiрет. Ана тiлi тағдырына да осы апат тұрғысынан қараған əдiлдiк болар. Шошынса шошынатындай сұмдықтар. Бүгiнгi əдебиетшi-жастар, жас оқырман ол қоғамда өмiр сүрген жоқ. Мойындарына қызыл галстук тағып октябрят, пионер болған жоқ. Комсомолға, партияға өткен жоқ. “Əкемiз де – Ленин, анамыз да – Ленин” деп тақылдап өлең айтқан жоқ. Сондықтан өткен қоғамға осқырынып қарайтын, барлық сұмдықтарға сендер кiнəлiсiңдер дегендей зиялы қауымға “зиянды қауым” деп келемеждейтiндерге бiр жағынан бiлместiк деп түсiнiстiкпен қарасақ, екiншi жағынан уəж ай- татын да реттер бар.

 Бетке айту бар да, бет жырту, сақалдан алу бар. Айтпағымыз, айта бiлейiк, əдептен озбайық деген ғана. Əйтпесе, бұл ауаға тез тарайтын құс тұмауы, шошқа тұмауынан да қауiптi ви- рус! Зиялы демекшi, зиялы сөзi не мағына бередi, зиялы адам қандай адам? Бұл мəселелер қазiр көп айтылып, жазылып та жүр. Зиялылар жоқ дейтiндер де бар. Болмай қайда кетсiн?!

– Салт-дəстүрдiң өзiн тəрбие тəрiздi отбасы-ошақ қасы- нан бастаған жөн-ау...

– Солай, не нəрсе де əуелi əркiмнiң өзiнен, өз отбасынан.

Отбасы ойраны ше, ол да.

 Бiздiң халқымызда бұрын ерлi-зайыптылар ажырасу, неке бұзу дегендi бiлген бе? Бүгiнде екiнiң бiрi... Екiнiң бiрi болмаса да қазiр ажырасу тым көбейiп кеттi. “Аяқтанды ма, тұрмысқа шықты ма?” – деп бала-шағасын сұрай бастасақ, қазiр бiраз жора-жолдастың назары төмен. Ол үшiн оларды кiнəлауға, əңгiме қылуға, айыптауға болмайды. Ондай жағдайда басты себеп ұлттық-халықтық салт-дəстүр заңының əлсiреуiнен “Дүниеде не жаман?” деген сауал-сұраққа халық даналығы қалай жауап берген? “Қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман”! Демек, дəстүр заңы қыздың төркiнiне қайтып келуiн өлiм санаған. Қазiр ол өкiнiшке орай үйреншiктi жағдайға айналып кеттi. Ерсi болмай қалды.

 Ұрпақ тəрбиесiне, əсiресе қыз бала тəрбиесiне бұрын халқымыз, екiбастан аса қатты мəн берген. “Қызға қырық

үйден –тыю, бiр үйден – жыю” десе, бұл ұлтттық-халықтық салт-дəстүр мен тəлiм-тəрбие ережесiнiң iшiнде қыз бала тəрбиесiне деген қаншалықты жауапкершiлiктiң мықтылығын ұстанғандық! Үрдiс-өнеге! Қыз ұзатыларда: “барған жерiңе сыйлы бол, не көрсең де Құдай қосқан қосағыңмен, жан- жарыңмен, жан-жағыңмен бiрге көр. Тастай бат, судай сiң!”

– деп баянды өмiр сүрудi қатты ескертiп, қадап айтса мұның арғы жағында не жатыр? Намыс, төркiн жұрттың намысы!

 Ерлi-зайыптылардың ажырасуы, некенiң бұзылуы не- месе талақ ету бұрында да болған. Бiрақ, ол некен-саяқ, си- рек кездесетiн-дi. Қазiргi отбасы ойранының себебi көп. Бiр себебi, мiнез қайшылығынан, əркiм өздерiнiкiн дəлелдеп, бiрiнiң бiлместiгiн бiрi кешiрмей ерегiсiп, өрши түседi. Дулат Исабековше айтқанда: “жұп құрғанға дейiнгi екi жастың əңгiмелерi: “я тебя люблю!” Жұп құрғаннан кейiнгi əңгiмелерi: “я тебя убью!” Одан қала берсе, “мои родители”, немесе “твои родители...”

 Кеңес қоғамы əйелдердiң мəртебесiн көтердi. Солмəртебенiң екiншi жағы: партия ұйымының жиналыстарында, бюрода əйел хатшылар енгезердей ер-азаматтарды қақшитып түрегелтiп қойып, сұқ саусағын шошайтып мəселесiн қарады. Ал, қай за- манда қай əйел ер-азаматтың мəселесiн қараған? Мейлi ол кiм болса да, əйел қашанда ер-азаматының ар-намысын өзiнен биiк ұстауға тырысқан, ұстаған да. Қазiргi кейбiр отбасы ойранының бiр себебiн де осыдан iздеу қажет-ақ. Ұлттық-халықтық дəстүр заңының моралi қалай дейдi? “Əйел- əйбат, əке-айбат”. Ұлттық психологиялық, салт-дəстүр заңы тұрғысынан ата-ана бала үшiн идеал! Қазiр ше? Бала əкеден қаймықпайды. Əкесiнен темекi сұрап тартқан баланы да көрдiк! Сондықтан да, бүгiнгi жастар тəрбиесi, əсiресе қыз бала тəрбиесi ұшығып, жарасы алынуға жақын тұрған мəселе. Ол кез келген пендеңiздiң жан- ды жүрегiне тиетiн, үнемi, күнделiктi көңiл аударып отыратын ұшықты мəселе.

 Ұлттың тiлiн, дiнiн, салт-дəстүрiн бiз тiлiмiздi сақтап қалумен ғана шектеп жатамыз, ал сол тiлiмiздiң, ана тiлiмiздiң болашағы, тағдыры бiздiң қаракөз қыз-қарындастарымызға

тiкелей байланысты екенiн сезiнуiмiз керек. Бүгiнгi аш- жалаңаш қоғамда иманды, ибалы əйел-аналардың тағдыры ұлттың келешегiне кесiрi мол батпан екенiн, ол сордан айыры- лу тiптi қиынға соғарын əлi де жан дүниемiзбен сезiне алмай келе жатырмыз ба деген де қорқыныш жоқ емес...

– Əдебиеттегi, өнердегi “жиендiкпен” (плагиаттық) жүздескен кезiңiз болды ма? Бүгiнде сатиралық əзiлкеш отаулар көбейдi, анайы қалжыңбастар саны да артып тұрған мынау “ұятсыздау” қоғамдағы сатираға көңiлiңiз тола ма?

 – Адам адамды, халық халықты қайталайды. Қайталау атаулының бəрiн ұрлық (плагиат) санау – қате пiкiр. “Ит үредi, керуен көшедi” яғни “Собака лает, караван идет”. Қазақта да бар, орыста да бар. Ананы да, мынаны да ұрлықшы санап, кей- де бiреулер бiреулердiң обалына қалып жатады.

 Ұрлық, ұрлықшы жоқ емес, бар. Өзiме келсем, тоналған кездерiм де бар. Ұстап бергендер де болды. Өттi. Кеттi. Олардың аты-жөндерiн айтуды ыңғайсыз санаймын. Бiр жаны- ма бататыны бiрлi-жарым өлең жолдарымды, афоризмдерiмдi бiрнеше жерде бiраз адамның аузынан құлағым шалды. Авторы қасында отыр, айтпайды. Бiр басылымда “Терминнiң бəрi – сөз, сөздiң бəрi – термин емес” деген тақырыпқа көзiм түстi. Менiкi! Ондайда “менiкi” деуiм де дұрыс емес шығар деп қаласың, өйткенi əңгiменiң басында айтқанымыздай, адам- ды адам қайталайды ғой.

 Ал, сатира – тəрбие құралы. Сатирада, əсiресе, сахналық сатирада сiз айтқан ұятсыз сөздер жиi ұшырасады. Менiң хатпен сөйлесетiн əдетiм бар. Құлаққа ерсi, тұрпайы естiлетiн сөздерден тазару жайын бiрер сахнагер iнi- қарындастарыма хатпен ескертiп қоямын. Рақмет, бəрi де бас изедi. Бiр сахнагер сахнада “ кəрi қыз”, “отырып қалған қыздар”, – деп тұрып алды. Қатты ашуым келдi. “Екеу болу бақытын күткен қыздарымыз, аруларымыз” десе болмай ма? Əркiмнiң жұқа жерi бар. “Кəрi қыз”, отырып қалған қыз” да олардың жұқа жерi емес пе? Тағдыры! Халық, “отырған қыз орнын табар” деп жұмсартпай ма, неге ойланбай сөйлеймiз?

Екеу болу, жұп құру бақытын алдан күткен аруларымызды сайқымазаққа айналдыруға қандай қақымыз бар? “Ұятсыз күлкiден” шығып кеттi ғой, сондықтан да орнымен айтылған əзiл-қалжың тек қана көңiл көтеру емес, жан сергiтетiн ем- шара болса игi!

– Əдебиетте қай сала, қай тақырып кемшiн жазылады деп ойлайсыз?

 – Қазiргi заман, қазiргi уақыт мiнезiн, проблемаларын көтерген, ел тамсанып айтып жүретiндей кесек туындыларды еске түсiре алмаймын. Қателессем қаламдас-əрiптестерiмнен кешiрiм сұраймын. Фантастика көзге аз түседi. Журналистикада очерк, фельетон, памфлет жанрлары “почти” көрiнбей кеттi.

– Өзiнiз ойлаған, Құдай қуат берсе осы жағынан ой толғасам, қалам тербесем деген дүниелер бар ма? Алдағы шығармашылық жоспарыңыз жайлы бiрер ауыз əңгiмелесеңiз?

 – Том-том болмаса да кiтаптарым там-тұмдап шығып жатыр. Шығармашылық ой-жоспар баршылық. Сатирасы, ғылымы, басқасы бар – уақытын, сəтiн күтiп үйде бiраз қолжазба үюлi тұр. Жан дүниесi таза, адамға адал, көп қитұрқыны бiлмейтiн, бiрақ жалғандыққа, өтiрiк сөзге, өтiрiк күлкiге шыдамай- тын, бет-аузын бұзып, барған жерiн кейде астан-кестен етiп қайтатын бiр сатиралық образды қашағаныма көп уақыт бол- ды. Көлденең көп шаруа киiп-жарып кетiп, соны ұзатып алдым.

– Аға, сөз соңында демократияға қатысты бiрер ауыз ой қозғай кетсеңiз. Жалпы, бүгiнгi қазақ мемлекетi, қазақ қоғамы туралы көзқарасыңыз?

 – Авторының аты-жөнi жадымда қалмады: адамзат ойлап тапқан бiр құндылық – демократия, бiрақ оның өзi шала деген- ге ұқсас жолдар бiр əдебиеттен көзiме түсiп едi. Осы пiкiрдiң жағындамын. Демократияны жоғары билiкпен ғана шектей беремiз. Демократияны бостандық, еркiндiк мағынасында түсiнсек, бетiмен кету, ауа жайылып кету, ауызға келгендi ата- лау демократия ма? Елдi қазiр сектанттар жайлап, басқа шығып барады. Бұл не? Демократия! “Құдықтың сыртындағының бəрi ақылды”. Бұл да демократияның əңгiмесi.

 Қазақ мемлекетi, қазақ қоғамы жайлы əңгiме де, айна- лып келгенде, халқымыздың салт-дəстүр, тəлiм-тəрбие, тiлi мен дiнiнен айналып кете алмайтын түйiнi жоқ ұзақ-сонар əңгiме болса керек. Бүгiнгi əңгiмеде оның бəрiн қамти алдық, алмадық оны бiр түйiндеп қойсақ. Оқырманға айтарымыз да, жеткiзерлерiңiз де көп болсын.

 Иə, қай заманда, қай қоғамда болсын, ұлттың жоғын жоқтап, барын жұртшылыққа жария ететiн қолына қалам ұстағандар екенiн мойындар болсақ, онда бұл тақырыптың нүктесi қойылмасы ақиқат. Халқымыздың тағдыры, болашағы бей- жай қалдырмайтын, үнемi жазғандарынан өз туған халқының жазу мəдениетi ғана емес, сөйлеу мəдениетiне аса көңiл бөлiп, əдептен əдемi иiрiм iздеп жүретiн бүгiнгi əңгiменiң кейiпкерi Умбетбай ағаға қарап, шын мəнiндегi аса мəдениеттi қазақты тағы бiр көргендей шаттандық. Кəрiге де, жасқа да аса iзетпен қарайтын, сабырлы-байыпты жүрiс-тұрысының өзi үлгi ұстаздың бойынан қазақи тəрбиенiң тəлiмi аңқып тұрғандай. Көптеген жылдар бойы ғылым мен жазушылықты қатар алып келе жатқан ұлағатты ұстаздың журналистикаға бейiмi бар қабiлеттi жастарды тəрбиелеу жолында шығармашылық табыс тiлей отырып, қоштастық...

НҰРҒАЛИ НҮСIПЖАНОВ

Ол кiсiнi бiз бiлгелi қашан! Сонау балалық шағымызда əнi əлдилеп өсiрген əншi ағамыздың бiздi таңғалдыратыны, қашан көрсең де өзгермейтiн, үнемi бiр қалыптағы жүрiс- тұрысы, тiптi ептеп сызылған маңдайдағы əжiм сызықтары болмаса қартаймайтындығы. Бойын тiк ұстайтын, аяғын тəкаппарлана басатын кəдiгi əншiнiң осы бiр сырын бiлмек ой бiраздан мазалаған-ды. Қазiргi қорлық-зорлықпен нан табатын, байитын қайырымсыздау қоғамда, байиыған үстiне байи түссем екен дейтiн тойымсыздау қоғамда үнемi өзiнiң сабырлы кейпiнен айнымайтын ол кiсiге қарап қызығасың, қуанасың. Қазақстан Республикасының Халық əртiсi, Мемлекеттiк жəне Қазақстан Ленин ком- сомолы сыйлықтарының лауреаты, Қырғыздың Абылас Малдыбаев атындағы халықаралық сыйлықтың ла- уреаты, Өзбекстанның өнерге еңбек сiңiрген мəдениет қызметкерi Нұрғали НҮСIПЖАНҰЛЫМЕН əңгiме де осы- лай басталды.

 – Нұрғали аға, Сiздiң шығармашылық өмiрiңiз, жетiс- тiктерiңiз тыңдарман, көрермендерiңiздiң көз алдында. Осынша құрметке бөлене жүрiп, сахнада да, өмiрде де бiр өзгермейсiз, шынында да бiз бiлгелi осы бiр қалыптасыз, бет-əлпетте, тiптi жүрiс-тұрыста да бiр өзгерiс жоқ сияқты...

 – Рақмет! Дегенмен, уақыттың еншiсiндегi нəрсе ғой, қанша қартаймаймын десең де уақыт өз дегенiн iстейдi, керегiн алады емес пе?! Сосын ел алдындағы жауапкершiлiкке де байланыс- ты. Халықтың көз алдында жүрген соң, қампиған қарын мен iркiлдеген семiздiктi емес, өнерiңмен қоса өзiңдi көрсетуiң тағы керек шығар. Тамақты талғап жеп, үнемi қозғалыста жүрген кiсiге де артық салмақ жабыспаса керек. Бұл бiр ғана жағы. Ол менiң түсiнiгiмде қанымызға сiңген сабырлылық, ұстамдылық, тiптi үлкендердiң ақ батасы болар. Өйткенi бiз қатарластар үлкендi үлкендей, кiшiнi кiшiдей сыйлай бiлетiн, иманы жүзiнен төгiлiп тұратын тəрбиелi ортаның түлектерiмiз,

Бұл бiзден кейiнгiлерге топырақ шашу немесе арына тию емес, əр ұрпақтың өзiндiк бiр ерекшелiгi, ұстанымы бөлек болатынын өмiрдiң өзi-ақ көрсетiп келедi емес пе?! Одан кейiн адамның тегiне, қанына, табиғатына да көп байланысты. Атақ даңққа мастанып, елдiң қошеметiн көрмей жатып, еңбегi сiңбей жа- тып, жалына жал байлап шыға келетiндер арамызда жоқ емес. Өз буына өздерi семiрiп, кiсi танымастай жағдайға жететiндер де баршылық. Осы жасымызға дейiн ешкiмнiң көмегiне зəру болмай, өз еңбегiммен келе жатқаныма тəубе деймiн. Бiреуден бiрнəрсе сұрап, не қызмет бабын отбасымның қажетiне бұрып ешбiр басшының мазасын алып көрмеппiн. Ал бүгiнде заман тiптi бөлек, ондай сұранымпаздарды билiк басындағылар да, қызмет бабындағы басшылар да жарата бермейдi. Ешкiмнiң алдын орамай, сыбағасына ұмтылмай бiр жолмен, таза жол- мен жүргенге не жетсiн! Бiз осыны ұстандық. Той-томалаққа бармай-ақ, əлдебiреулердiң жекеменшiк əншiсiне айналмай-ақ, халықпен, халық өнерiмен өстiк, өркендедiк!

– Нұраға, осы жерде Сiз орындайтын əндер табиғаты халықтық сарынға бай, бүгiнгi арсын-гүрсiн той əуендерiне келмейдi ғой деген пiкiр туындауы əбден мүмкiн, кейбiр əншi iнi-қарындастарыңызды ренжiтiп алмайық...

 – Жоқ! Əн, өнер қашанда халық игiлiгi, өзiнiң төл туындысы. Рас, менiң шығармашылығым халыққа жақынырақ. Дегенмен эстрадалық əуендер де баршылық қой. Тойға бармайды емеспiз, барамыз, бiрақ той үстiнде əн салу, бiз үшiн, əсiресе, өзiм үшiн үйренбеген, үйрене алмайтын, құптай алмайтын жағдай. Бұл, ендi менiң жеке пiкiрiм, өмiрлiк ұстанымым. Ол үшін менi ешкiм де сөге алмаса керек. Əншi ғана, өнер адамы ғана емес, жалпы кез келген пендеңiз өзiнiң жаратылысына сай, көзге де, құлаққа да оғаш əрекеттен таза болғаны абзал дер едiм. Ал бұл қасиет шығармашылық адамдар үшiн тiптi қатаңдай ұстанатын ұстаным болса деймiн. Əншiлердiң тойға қатысуы бүгiнгi жаңа қазақтар үшiн бəсекеге айналғалы қашан! Кейiнгi жастардың арасынан небiр көмейлi əншiлердi көп iздемей-ақ табуға бо- лады. Небiр талантты жастар бар, сахнада елдiң құлағының құрышын қандырып, елдiң сүйкiмiне айналғандарды əлгiндей

бəсекенiң қазанына апарып шыжғырып жүрген де өзiмiздiң қазекем. “Пəленшенiң тойында пəлен əншi əн салдының” мақтанышқа айналғаны сонша, өзiмiздi қойып, шетелден шақырушылар да осы қазақи мақтаншақтықтың кесiрi екенi даусыз. Абай айтпақшы, бекер мал шашпақтың керi, осы! Ақша жүрген жер қашанда бəсеке, сосын таза еместiгi тағы бар. Таңдауын, талғамын халық өзi-ақ талғап алар.

 Осы уақытқа дейiн, сонау алпысыншы жылдардан берi қарай Қазақ радиосының “Алтын қорында” IО6 автордың З50-ден астам əндерiн орындаппын. Олардың iшiнде халық əндерiмен қатар орыс, украин, ауған, монғол, шведтiң халық əндерi бар. “Алқоңыр”, “Япурай”, “Дедiмай-ау” сияқты қазақтың халық əндерi мерейiңдi өсiретiн, шабытыңа шалқар шабыт беретiн, əуенiне сөзi сай керемет дүниелер ғой. Жаңа Қазақ радиосын- да жазылған дедiм ғой, сол бiр замандарда шығармашылықтың таза болуына көркемдiк кеңестiң тигiзер пайдасы мол болды. Бiрнеше адамнан тұратын онда сазгер де, əншi мен ақыныңыз да болды, керемет бiр топ жаңа туынды болсын, бұрын жазылған дүние болсын, эфирге жiберер алдында сұрыптап, саралап, əбден иi қанғанда ғана халық игiлiгiне ұсынылып жататын. Сол бiр əдемi дəстүр қалғалы қашан, əркiм өзiнше тiрлiк кешiп кеткен тұсаусыз бiр заман болды. Қоғамның басқа салалары сияқты емес, мəдениеттi, əдебиеттi, өнердi бетiмен жiберуге болмайды. Мəдениет пен өнер жүгенсiз жер- де дұрыс қоғам да қалыптаспаса керек. “Өнер алды қызыл тiлдi” айтқан қазақ, өнерсiз ұрпақ тiлсiз, дiлсiз,тiптi дiнсiз бо- лып қалыптасуы мүмкiн екенiн анау заманда-ақ зарлап айтып кеткен жоқ па? Бүгiнде қоғамда қып-қызыл тартысқа, былайша айтқанда көкпарға айналып отырған ана тiлiмiздiң ақсауын да осы бiр кемшiлiгiмiзден iздеу қажет. Басқа басқа, теледидардан балаларға арналған қазақша мультфильмдердi бақылаңызшы, шынын айту керек, жүйесiз, мақсатсыз. Қазақтың мiнген көлiгi не ат екенi, не есек екенi белгiсiз, сүмiрейген бiр құбыжық дерсiң. Кейiпкерiңiздiң өзi не сөзi, не жүрiсi қиқы- жиқы бiрдеңе. Балаларға ұсынылған басқа ұлттардың ит-құсы да, тышқан-мысығы да атылып тұр. Ширақ. Балаларымызға

тұшымды фильм түгiл, əлгiнiң экрандағы сөзi мен iсiне ере- сек өзiң түсiнбейсiң... Қазақи тəлiм-тəрбиесi анық, көруге көз ұялмайтын туындылар бiрен саран ғана. Ал, концерттiк бағдарламаларды айтудың өзi ұят. Бүгiнде кез келген əндi табиғатына келсiн келмесiн бiр топ жалаңаш бишiлерсiз көзге елестете алмайсыз. Айналайындар-ау, сахнаның киесiнен қорықсақ неттi, көпшiлiктiң көзiнен қаймықсақ қайтедi?! Жартылай жалаңаштық, сахнадағы ұятсыздық қайдан ендi?! Əжептəуiр əннiң сиқын бұзу, тайраңдау бүгiнде үйреншiктi өнерге айналды, қол шапалақтап отыра беретiн безбүйрек көрермен қалыптасты. Халықтық дəстүрлi əндер орындап жүрген, салт-дəстүрлiк қалыптан ұзамаған, бүгiнгi эстрадаға бой ұрған, дендеген заманда да өзiндiк қолтаңбасы бар кейбiр топтардың да кейде əдептен асқанын көргенде көңiлдi кiрбiң шалады. Дегенмен, қанша батыстың əумесер əуенiне елiктесек те, халық өнерiн, дəстүрлi өнерiн жойып жiбере алмаймыз ғой, оның бəрi уақытша жын ойнақ. Бiрақ бiр жүйелiлiк жетiспейдi. Бiз тыңдаушыларымыздың көңiлiнде жатталып, өзiмiздiң ша- мамызды белгiлеп алған, қалыптасқан əншiмiз.

– Заманына қарай адамы, талғампаз қанағатшыл қазақтың орнын жаңа қазақтар басты ғой... Ал өнер де ортаға, қоғамға қарай бейiмделген тəрiздi ме, қалай?

 – Əңгiмемiздiң басында айтқанымыздай, бүгiнде əрбiр шенеунiктiң бiр-бiр серi, əншiлерi қоса жүретiнi жасырын емес. Белгiлi бiр топқа ғана қызмет ететiндердi де шыққыр көзiмiз көрiп жүр. Дегенмен, өнердiң құдiретi, өнердiң қасиетi ешқашан бəсеңдемейдi, жоғалмайды. Халық өзi-ақ iздеп та- бады өнерпазын, сарайда болсын, сахнада болсын, жоқ, той- ханаларда болсын, бiрақ тыңдарманы, қол соғарлары сол қарабайыр халық қой. Былай қарап отырсаңыз, жеке шақырып əн салдырса да, тойда билетсе де, өнер халықтыкi. Мəселе, бұл жерде əншiде де емес, сол халыққа ұсынылып отырған əннiң мазмұнында, өнегесiнде дер едiм. Əнiн де, сөзiн де, тiптi орындаушысы да өзi талғамсыз шығармалар көбеймесе деген тiлек қой. Атам заманнан өзiнiң тумысын өзгертпей, ұрпақтан ұрпаққа сəн салтанатымен жеткен əн өнерiмiздi ақсатпай, бiз

де болашаққа жеткiзсек, бiзден кейiнгiлер де боямасыз, табиғи қалпында ұстанса деген тiлек қана бiздiкi. Заман өзгерсiн, жаңарсын, тұрмыс өзгерiп, жақсарсын, пендеңiздiң де жан дүниесi заманына қарай сана-сезiмi тұрақтанса, оған тек қана халықтық өнердiң əсерi ерекше болатынын сезiнсе де- ген ниет. Заманына қарай адамы дегеннен шығады, баяғының байлары сияқты бiр қауым елдi асырап, ауыл-аймақтың берекесiн келтiре отырып сал-серiлерiмен, əншi-күйшiлерiмен қосарлана жүрсе бүгiнгi жаңа қазақтарға, жаңа байларға неге мақтанбасқа! Қазақтың бiр байы бүкiл бiр ауылды асыраған, жетiм жесiрiн жылатпаған, жұмыссыздық болмаған ғой. Бiр жағында соғыс жүрiп жатса да, жесiр деген болмаған, бала тəрбиесiз қалмаған. Егер жаңағы жаңа қазақтар осылай бiр- бiрiне мейiрiммен қарап, қамқор бола бiлсе, бүгiнгiдей қарттар мен балалар үйi көбеймес едi ғой дейсiң. Əйтпесе, жекеменшiк əншiлерi барларға бұлай сұқтана қарамас едiк, “байдың малын байғұс қызғаныпты” танытпас едiк,

– Нұраға, бұл пiкiрлерiңiз талайлардың ойында жүрген сауал десе де болар. Айдарымыз “АРДАГЕР” болғандықтан, өзiңiз пiр тұтқан, ерекше сыйлайтын азаматтардың iшiнен Димаш əкемiздi (Қонаевты) жиi айтасыз. Сыйлас аға-iнi болып араласа жүре, Сiзден той-томалақта əн сұраған кезi болды ма?

 – Жоқ, Димекеңмен өнер адамы, əншi ретiнде емес, бiр ет жақын аға-iнi сияқты араластық. Əрине, түрлi жағдайдағы кездесулер болды, бiрақ “ал ендi əнiңдi айт, айт та қайт” деген өтiнiш те, бұйрық та болған емес. Елдiң, жердiң тарихы, ауыл адамдарының тағдыры, жастар болашағы жайлы тағылымы мол əңгiмелер ғана айтылатын.

 Ол кiсiмен алғаш рет Құрманғазы оркестрiнде партия ұйымының жететкшiсi болып жүргендежолықтым. “Ойпырмай, Нұрғали өнермен бiрге мынандай партиялық жұмыстың басын қалай бiрiктiрiп жүрсiң? Шығармашылығыңа кедергi емес пе, қалай үлгересiң?” – деп сүйсiнiп, қамқорлық танытқаны бар. Ол кiсiнiң iшi-бауырыма кiрiп, өзiне тарта сөйлегенi бiздi қаншама жыл аға iнi болып сыйласуымызға жол ашты. Менiң

өнердегi өмiрiме алаңдаушылық бiлдiрiп, шығармашылығыма жаны ауырғаны, кез келген пенденi толқытары сөзсiз. Оның үстiне мемлекеттiк қаншама шаруалары бола тұра, қарапайым ғана əншiге көңiл бөлуi, соған уақыт тауып əңгiме-дүкен құруы, қандай қарапайымдылық, көрегендiк десеңiзшi! Маған ғана емес, жалпы өнер ұжымдарына көзқарасы ерекше едi. Ол кезде шетелдерге, облыс орталықтарына концерттiк бағдарламалармен жиi шығу, қазiргiдей қаржыға байланысты тұсауланған жоқ. Оны айту парыз! Сондай iссапарлар кезiнде шетелдiк ағайындар Димаш ағамызды жиi сұрап, сəлем жолдап жатады. Тiптi iзiмiзден iздеп келiп, ол кiсiге жолықтыруымды өтiнген талай қандастарымызды өз басым ертiп те барғанмын. Сонда кең дастарқан басындағы жолығысуларда тарихи зерделi əңгiмелерге құлақ құрышын қандырушы едiк...

 Бiрде екеумiз оңаша қалған сəтте маған таңғалып жүргенiн айтты. Мен қай кезде не iстеп қойғанымды, нендей əбестiк жасағанымды ойлап сасып қалайын. “Сенi бiлгелi бiраз уақыт болыпты, бiрақ өз басыңның не болмаса отбасыңның шаруа- сын айтып бұйымтайлап көрмепсiң”, – дедi сəл жымиған қалпы. “Көке, Қазақстанның болашағы үшiн, экономикасын көтерiп, қаншама қала салынды. Ауылдың өзi қаламен тең дəрежеге жетiп қалған жағдайы бар. Ал сол игiлiктiң ертеңгi күнi ұрпақтарымыз қызығын көредi, игiлiгiне пайдаланады, оның iшiнде менiң де əулетiм бар емес пе, сол жетедi” – дедiм. Ол ойланып қалды. Қалың қою қастарының арасы сəл пəл дiрiлдеп, жанарын алысқа, сонау қар басқан Алатауға елжiрей қарап тұрып қалды. Ал мен болсам, сондай үлкен басымен, республикадан тыс қаншама қыруар тiрлiгi бола тұра, сондай ойға келiп жүргенiне таңғалдым, сүйсiндiм.

– Нұраға, тағы бiр азамат туралы айтпай кетсек бол- мас...

 – Əрине, Нұрағамыз, Нұрғиса Тiлендиевтей азаматтар жүз жылда бiр туылады ғой. “Саржайлау”, “Елiм менiң”, “Ақ əже” сияқты əндерiн орындай жүрiп, шығармашылық тығыз бай- ланыста болдық. Ол заман шын мəнiнде, өнердi құрметтеген, пiр тұтқан заман болды. Қазiр жеке өнер адамдарының

гастрольдiк шығындары шырқаған заманда сол тұстардағы өнер ұжымдары iргесi сөгiлмей, iссапарларға топ тобымен шығуы соның айғағы. Жеке концерт беру үшiн сарайдың, егер теледидарға түсу керек болса, оның шығыны, билет өткiзу сияқты толып жатқан ұсақ-түйек болып көрiнгенiмен, қаншама жүйкеңдi тоздыратын тiрлiк. Ал ол кезде ондай шаруаға бас қатырмайтынбыз. Ұсыныстар, сұраныстар түсiп жататын. “Отырар сазын” Нұрғисасыз елестету мүмкiн емес сияқты едi, амал жоқ, оған да құлақ пен көз үйрендi. Өнер дегеннiң баламасы тəрiздi көрiнедi маған. Қалақтай ғана қара шалдың бойындағы құдiрет... өнерге деген құштарлық, ғашықтықты көрген бiз де бақыттымыз. Əсiресе, бiр орнында тұра алмай теңселiп қазақтың күйiн бүкiл оркестрмен дирижерлiк жасап тұрған бейнесi талай тыңдарманының жүрегiнде болса керек. Сондай дарынды, халқының өнерiне барын салып, төгiлдiрiп кеткен ағалар iзiн басып бiз де келемiз...

 Нұрғали Нүсiпжанұлымен болған əңгiме осылай ардагер ағалары туралы естелiгiмен жалғаса бердi, жалғаса бердi. Өзi жаңа ғана қалақтай деп отырған Нұрағаларының iзiн басып, өнерде өшпес қолтаңбасы бар əншiге қарап отырып, бiз де

«шынашақтай болған тұлғадан ұлы дауыстар, əуендер қалай ғана жарып жiбермей ұстап тұрады екен, не деген қоңыр үн...» деп iштей тамсандық.

 Жер жəннаты Жетiсу топырағында дүниеге келiп, Алматы Мемлекеттiк консерваториясының əн факультетiнде жетi жыл оқып, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттiк академиялық Опера жəне балет театрында шығармашылық қызмет атқарған күмiс көмей əншiнiң одан кейiнгi жиырма жылдан астам уақыты атақты Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттiк академиялық ұлт-аспаптар оркестрiнде жалғасады. Қазақ телевизиясы мен радио хабарларын тарататын Мемлекеттiк комитетiндегi (1966-1976) жылдарын нағыз шығармашылығының өрлеу, өркендеу жылдары деп санайды əншiнiң өзi де риза көңiлмен. Ал, “Қазақконцерт” жанынан ашқан “Жазира” аспаптық ансамблiнде жүрiп, талай жастарды тəрбиелеп шыққанын да оқырман қауым өзi-ақ iшi сезер деп ойлаймыз.

БАҚЫТЖАН МОМЫШҰЛЫ:

ƏЛI КҮНГЕ БАУКЕҢНIҢ БАЛАСЫ БОП ЖҮРМIН...

Аты аңызға айналған батырларға қазақ халқы кен- де болмағаны тарихтан белгiлi. Дегенмен, қазақтың Бауыржаны бiреу ғана. Бүгiнде батырдың 100 жылдығына байланысты шаралар елiмiздiң əр облыс, аудан көлемiнде басталып та кеттi.

 Бiз батыр Бауыржан Момышұлына туған баласы Бақытжан Момышұлының тұрғысынан үңiлудi жөн көрдiк. Қара шаңы- рағына жүрексiне кiрiп, ондағы мамыражай қоңыр қазақи тiрлiкке көңiлiмiз толып, батыр ұрпағы өсiп-өнiп отырған ошақтан марқайып шықтық.

– Бақытжан аға, Қазақстанда биылғы жыл – Момышұлының 100 жылдығы, яғни Сiздiң əулеттiң жылы ғой. Үкiмет не деп жатыр?

 – Əңгiменi сəлемнен бастайық. Газет оқырмандарын тарихқа енiп жатқан Барыс жылымен құттықтаймын. Əр қазақтың от- басына береке-бiрлiк, елiмiзге тыныштық тiлейiк.

 Бiз үшiн, əрине, бұл жыл ерекше жыл, əкемiздiң жүзжылдығы аталып өтетiн жыл. Дайындық бұдан үш- төрт жыл бұрын-ақ басталып кеткен. Сол кездегi əкiм Серiк Үмбетовтiң қолдауымен Жамбыл облыстық əкiмшiлiгi жа- нынан ғылыми орталық құрылды. Оны басқарған өзiмiздiң ағамыз, академик Мекемтас Мырзахметов деген азамат. Солар əкемiздiң шығармаларын, хаттарын, лекцияларын, 30 томдық энциклопедиялық анықтама кiтабын шығармақшы. Содан кейiн «Өнер» баспасы фотосурет альбом шығарды, 15 томдық шығармалары да оқырман қолына тиiп қалар деп отырмыз.

 Үкiмет тарапынан да бiраз қозғалыстар болып жатыр. Өкiнiшке орай, анық бекiтiлген жоқ қой деймiн, өйткенi қағазға түсiрiлген жоба-жоспарын əкелiп көрсеткен, бiрақ көңiлге онша қонбады. Ой-ұсыныстарымызды қостық, оны қабылдай ма, қабылдамай ма, жоғары жақ өздерi бiледi. Бiрақ əке аруағы алдында қарыз болып қалмайық деген оймен еп- теп ұсыныстар енгiздiк, кiм бiлсiн, бекiтiлiп қалар. Ал, жалпы

ондағы iс-шаралар мектептердегi кездесулер сияқты, жоғары оқу орындарындағы жүздесулер, айтыс, мерекелiк концерт- тер ғана екен. Республика көлемiнде өтетiндей ауыз толтырып айтарлық ештеңе де көре алмадым.

 Əкем – əскери адам. Ол кiсi артына өшпейтiн, өлмейтiн əскери ғылым қалдырған кiсi. Жасалған жоба-сценарийден əскери ештеңе көзге түспедi.

 Көп жылдан берi қарай елдiң де, қоғамдық ұйымдардың да өтiнiп сұрап жүргенi əкемнiң атында офицерлiк орден жасал- са деген ұсынысын қостық. Өйткенi, егемендiк алғалы 18 жыл болды, осы он сегiз жылдың iшiнде əкем тəуелсiз Қазақстанның бiр жапырақ қағазына не наградасына ие болған жоқ. Көпшiлiк қателеседi, кейде «Халық қаһарманы» деп жазып жатады. Ол атақты əкем алған жоқ. Тiптi, кешегi үкiмет басшысына ұсынылатын мерекелiк шараның жобасында да осылай ата- лыпты. Бiз қаһармандық сұрамаймыз да, тiптi қазiргi кезде бұл атақ дəрiгер, саудагер, кəсiпкер, əртiстерге де берiлiп жатыр. Кейде, бұл атақтың əкеме керегi де жоқ деп ойлаймын.

 Мен əскери шендегiлерге офицерлiк орден тағайындалса дегендi сұрадым. Сосын бiреу бiлсе, бiреу бiлмейдi, əкемнiң алғашқы мамандығы финансист-банкир болған. Бұл кiсi Ленинградтың финакадемиясын бiтiрген. Қазiргi «ТұранƏлем» банкiсi ол кезде «Промстрой» деп аталған. Осы банктiң негiзiнде «ТұранƏлемнiң» 80 жылдық мерейтойындағы

«Алғашқы қазақ банкирлерi» деген тiзiмде əкем екiншi болып тұр. Академияны бiтiрiп келгеннен кейiн осы банкте жұмыс iстеп, аз уақытта қызметi жоғарылап, алған мақтау қағаздары мен сыйақыларының түбiртектерiне дейiн банк архивiнде сақталыпты.

 Осыдан кейiн маған тағы бiр ой түстi: “неге ескерткiш мо- нета шығармасқа деген?”. Əкемнiң жүз жылдығы қайталана бермейдi ғой, осы бiр ұрымтал тұста осы тiрлiк те жүзеге асып кетсе деп ойлаймын. Содан кейiн тағы бiр таңғалдырғаны, мынау Шымкент, Алматы қалаларындағы өткiзiлетiн ша- ралар тiптi жоқтың қасы. Ал шын мəнiнде, əкем – Жамбыл мен Шымкентке ортақ перзент. Əкемнiң туған ауылы ол кез-

де Жамбыл облысына қараған. Түлкiбас, Сайрам Жуалыға қараған. Кейiн облыс аумағы қағазға түскенде Жуалы Жамбыл облысына кеттi де, əкемнiң ата-бабаларының, туыстарының 11 ауылы Түлкiбаста қалып қояды да, ал 5 ауыл бергi Жуалыда қалады. Сондықтан туған жер дегенде екi облысқа ортақ перзент деп тұрғаным сол. Көнекөз қариялар бұл туралы жақсы бiледi, əкемдi өз тумасы деп есептейдi. Бiрақ жобада Шымкент, яғни Оңтүстiк Қазақстан облысы мүлдем жоқ. Ең бiр сорақысы, Үкiмет басшысы Кəрiм Мəсiмовке дайындалған жобада “Кеңес Одағының батыры”, “Қазақстанның Халық қаһарманы” деп тұр. Айналайындар-ау, сонда Президент аппа- ратында отырғандар, жобаны жасағандар əкемнiң бұл атақты ресми түрде алмағанынан бейхабар болғаны ма?!

 Əн айтып, мерекелiк концерт, айтыс, кездесулермен шек- телмей, ғылыми конференциялар өтсiн, жыл бойы əскери бөлiмдерде əкемнiң жазып кеткен, артына қалдырған үлгi- өнегесiнен үздiксiз оқулар неге өткiзбеске?!

 Əкемнiң атындағы №131 мектеп мұндай шараларды үнемi ұйымдастырып жатады. Жақында №17 мектептегi өткен жиынға Зейнеп апаларың қатысып келдi. Ал, жоғары оқу орындарының көпшiлiгi ақылы болғандықтан, əйтеуiр ақшасын төлеп, диплом алса ғана болды, əлгiндей шаралар ұйымдастырыла бермейдi. Оқу орындарындағы əскери оқулардың барлығында əкемнiң отансүйгiштiгi, əскери патриоттық үрдiсi тереңдеп жүргiзiлсе, əншейiн даңғазалықтың түк те қажетi жоқ. Елдiң, қазақтың елдiгiне сын, өйткенi, қазақ үшiн, сол қазақтың ұлан-ғайыр кең даласын, жерiн сүйiп өткен əкемдей қазақ батырлары жоқ емес, тарихтан оларды сызып тастауға болмас, дегенмен, соңғы жүз жылда туған қазақтың Бауыржаны бiреу ғана.

 Бауыржан мен қазақ – егiз ұғым деп қабылдау керек! Өйткенi, қазақ əкемдi бөлген жоқ, ал əкем қазақты бөлген жоқ. Сондықтан да бiздiң шаңырақтың ғана емес, бұл елдiң, бүтiн қазақтың тойы болуға тиiс. Елдiң рухын, жастарымыздың патриоттық сезiмiн оятатын той болуы керек.

 Тағы айта кететiн нəрсе, 1991 жылы Қарамановтың премьер-министр кезiнде, сол кiсiнiң қолы қойылған

қаулыда Алматы қаласында əкеме ескерткiш орнатуға қаулы шығарған. Сол қаулы əлi күнге жүзеге асқан жоқ. Өткен жолы Панфилов паркiне қоямыз дедi де, комиссия құрылып, бiздi шақырып, макетiн қарағанбыз. Көңiлiм тол- мады, образ жоқ, жансыз. Содан кейiн Момышұлы көшесi мен Райымбек даңғылының қиылысқан жерiне аллея ашып, тағы бiр орын дайындалды. Əуезов ауданының сол кездегi əкiмi Əдiл Несiпбаев деген азамат бауырымыз дайында- ды. Бiрақ ескерткiш қойылмады. Бұл жер қаланың сыр- ты деп кейбiреулер рұқсат етпеген бе, түсiнiксiз жағдайда қалып қойды. Қайта қалаға кiреберiстегi, əдемi-ақ жер едi. Бiрақ бiздiң пiкiрiмiзбен санасып, шынын айту керек, сұрап жатқан адам жоқ. Менi тыңдар құлақ болса, мына паркке қоюға қарсымыз. Бiрiншiден, бұл паркте Отан қорғағандарға арналған Мəңгiлiк алау бар, монумент тұр. Екiншiден, бiр жағында ауған соғысының батырларына арналған ескерткiш, үшiншiден, батыр қалаларға арналған тас ескерткiштер тұр. Əр мемлекеттiң президенттерiне арналған ескерткiштер тағы тұр. Содан кейiн 28-панфиловшыларға арналған ескерткiштер де тұр, бiр жағында Панфиловтың ескерткiшi жəне бар. Қысылып-қымтырылып тұрған үш зеңбiрек, оның бəрiн былай қойғанда шiркеу тұр. Содан кейiн ол жерде қазақтың керемет азаматтары Кəрiпжанов, Бөрiбаевтың зи- раттары бар. Ал əкемнiң ескерткiшiн екi зеңбiректiң орта- сына қоймақшы екен. Төменгi жағы көкбазар. Ескерткiшке гүл қоямыз дейтiндердiң көлiгi түгiл, өздерi де сыймайтын алақандай жер, тiптi қисынсыз.

 Комиссияға шақырылғанымда осы ойларымды айт- тым. Өкiнiшке орай, менсiз де шешiлiп қойған мəселе екен, көзбояу үшiн шақырылғандай болып қалдым. Ескерткiштiң өзi де қолапайсыз, тек шошайған папахасынан танымасаң, тiптi келмейдi. Əкемнiң бас киiм киюiнде де аңғарған адамға, сырт көзге бiлiнбейтiн бiр ерекшелiк бар. Ол кiсi бас киiмiнiң төбесi əдемi болып тұруы үшiн төбесiн жiппен жиырып киетiн. Образ жоқ. Осы жүзжылдық ұрымтал тұс, мұнан қалып қойса, Бауыржанға ескерткiш мүлдем қойылмай кететiн де шығар де-

ген қорқыныш та жоқ емес. Өйткенi, сонау 1991 жылдан берi қанша рет қаулы шықса да орындалмай, жүзеге аспай бедер- ленген қағаздар бедiрейген күйi қалып келедi. «Халық бармай- ды» деген сылтау ғана. Қаланың шетiндегi аудан тұрғындары халық емес пе? Əкеме бас иiп, гүл қойғысы келгендер, қаланың қай шетi болса да тауып барады.

 Қала қонақтары болсын, жергiлiктi халық болсын бала- немерелерiмен барып серуендеп тұратын орнықты кең жерге қойылса деген ой ғой. Панфиловты ұстазы деп екеуiн парктiң екi жағына қоямыз деген ойлары дұрыс та шығар. Дегенмен, əкемнiң де ешкiмге қыстырылмай-қысылмай өзi-өз болып жарқырап тұратын орны бар ғой.

 Бауыржан жеке тұлға болуға тиiс. Астанадағы ескерткiштi орнатқанда Бөрiбай Жексембин өзi бiрге жүрiп, менi жиi- жиi шақырып, тынымсыз еңбек еттi. Нəтиже жаман болған жоқ. Ақылдасып-кеңесiп шешкен дүние қашанда ұнамды болады. Кез келген пендеңiздiң ата-анасының бет-бейнесiн, оның жүзiндегi əрбiр ерекшелiкке дейiн елестете алатыны сияқты, мен де əкемнiң мiнез-құлқының өзгерiсiне дейiн оның жүзiнен, көзiнен аңғаратынмын. Қабағындағы, əсiресе екi қастың арасындағы сызығына дейiн көз алдымда. Тiптi, əлгi ескерткiштiң тым табиғи, жанды шығуы да осы менiң көз алдымдағы суретпен, əке суретiмен сəйкес келгенiнен болар. Сондықтан да болар, ескерткiш көңiлiмнен шықты.

 Əкемнiң өзiндiк ерекшелiктерi көп-ақ. Бас киiмнiң өзiн ерекше киетiнiн айттым ғой. Ал ендi адамгершiлiк жағынан, заң жағынан да мен жалғыз мұрагерiмiн, ұрпағымын. Сондықтан ол кiсiге байланысты кез келген тiрлiк менсiз бiтпеуi керек. Ел-жұрттың бiлетiнiндей, мұны растайтын, тiптi, қағазым да бар. Содан кейiнгi бiр ескеретiн мəселе, ол

  • орнатылатын ескерткiшке ұзын-сонар сөз жазбай, қысқа да нұсқа болуы шарт. Мəселен «Даңқты қолбасшы Б.Момышұлы» деп жоғары жағынан жұлдызын орнатса. Ал Жуалыдағы ескерткiште Қазақстанның Халық қаһарманы деп жазулы тұр. Əлдебiреулердiң сауатсыздығынан бүткiл елдi шатастыруға бола ма? Қайталап айтуға тура келедi, республикамызда

Елбасының ғана жарлығымен тағайындалатын бұл жоғары атақ ол кiсiде жоқ, болған емес. Саяси қате ғой, кейбiр ақпарат құралдарында да осылай жазылып жатады.

 Менiң ойымша, қазақтың Бауыржаны қандай құрметке, қандай атаққа болса да əбден лайық. Бiрақ солай екен деп он- дай жауапты атақты жапсыра беруге тағы болмайды ғой.

    •  Момышұлы туралы естелiк жазушылар көп. Өзiңiз жаңа ғана айтқандай, баспасөз беттерiнде əкеңiздiң бүкiл архивi Мекемтас Мырзахметовтың қолында екен де- ген сыбыс та бар... Осы жарияланымдарда қаншалықты шындық бар?

 – Уақыт жылжып, жылдар өткен сайын əкемнiң көзiн көргендер қатары да сиреп барады. Сондықтан естелiк айтушылардың өзi де азайды. Ал азды-көптi сырлас, сыйлас болғандар, бiрге қатар жүргендердiң естелiк айтуы заңдылық! Қазақтың батыр ұлының жанында жүрiп, көзбе-көз əңгiмесiн тыңдап сырласқандар, мүмкiн кейде əсiрелеп артық-ауыс ай- тылып та, жазылуы да даусыз. Ондай кезде пəлендей сын, өкпе айтуға жоқпын.

 Əкем қайтып оралса, бəлкiм, олардың бет-жүзiне қарамас едi. Амал жоқ, өлгендер қайтып келмейдi. Ондай сəттерде Зейнеп жеңгелерiң екеумiз өзара сырласамыз да қоямыз.

 Бiз бiр қалыпқа түсiп қалған адамбыз. Өйткенi, сол кiсiнiң қара шаңырағын ұстап отырған адамбыз, таза қазақша айтқанда

– шырақшымыз. Сондықтан бiзге қадалатын көз де, сөз де көп екенiн де бiлемiз. Əкем айтатын: «Атақты адамдар үнемi ныса- нада тұрады. Былайғы адамдарға сол қажет пе, қажет емес пе, нысанаға оқ атуға дайын тұрады. Өйткенi, атақпен бiрге азап жүредi» дейтiн. Соны бiз қазiр басымыздан өткiзiп жүрмiз. Ендi, мына 100 жылдыққа байланысты, мерейтойға байланысты ша- раларды жүзеге асыруда ұйымдастырушылар көбейiп жатыр. Оған,əрине, өздерiңiз бiлесiздер, қыруар қаржы жұмсалатыны бар ғой. Ал ақша жүрген жер қашанда даулы-дамайлы. Талай рет осындай жағдайлардан бармақ тiстеген кезiмiз де болған.

 Кейiнгi кезде, соңғы екi-үш жылдың iшiнде баспасөз беттерiнде, радиодан Мекем аға (Мекемтас Мырзахметов)

əкемнiң бүкiл архивiн өмiр бойы жинап-терген, ендi сол кiсiнiң қолындағы дүниелер 45 том болып жинақталып жатыр екен дегендi мен де естiдiм.

 Рас, Мекем ағамен əкем өте жақын, қандас əрi рухани бау- ыры болған. Өзгеге айтпаған сырларын сол кiсiмен бөлiскен. Сырлас iнiсi. Өз басым да ол кiсiнi өте қадiрлеймiн, сыйлай- мын. Əкем кеткелi менiң де мұңдасым, сырласым, құрдасымдай iздеп тұрамын. Бұл Мекем ағаның аузынан шыққан сөз емес, ал журналистердiң мұндай деректi қайдан алатынын бiлмеймiн. Жалпы, кез келген дүниенi жазу үшiн əбден зерттеп, зерделеп, байыптап жазу керек шығар.

 Əкем көзiнiң тiрiсiнде-ақ архивiнiң бiр бөлiгiн Орталық мұрағатқа тапсырған. Ал оның да шын мəнiндегi иесi мен. Өйткенi, артында қалған бүкiл жазбаның иесi заңды түрде менмiн ғой. Сол мұрағаттан əкем жайлы бiлгiсi келетiндер ал- дымен менiң рұқсатымды алады. Тəртiп солай.

 Одан кейiнгi əкем сенiм артып кеткенi – Зейнеп. Келiнiнiң əу бастан қағазға, қаламға бейiмдiлiгiн сезген болар, жарыққа шыққан, шықпаған, кеңес дəуiрiндегi тiлге, ұлттық құндылықтарға байланысты ашық айтуға болмайтын көп дүниелерiнiң иесi, осы жеңгелерiң.

 Облыс əкiмi Серiк Үмбетовтiң қолдауымен əкiмшiлiк жа- нынан ашылған орталық осы дүниелердiң басын бiрiктiрiп, жинақтап отыз томдық шығаруы керек едi, материалдардың көптiгi сонша, 45 том дайындалды.

 Академиялық томдарын шығару үшiн көп жұмыс атқарып жатқан Мекем аға. Сөйтiп, бiз қолдағы барымызды бердiк. Аға жоспарын жасап, Секең қолдап, мəслихат депутаттары бекiтiп, жоғары жақтан рұқсат алынды. Бұл тек кiтап шығару үшiн емес, əкемнiң барлық жазған-сызғанын жинап, ғылыми жүйеге келтiру үшiн үкiмет бес жылға 25 миллион ақша бөлiптi. Бiр-екi жыл Зейнеп пен Ержан да осы орталық үшiн жұмыс iстедi. Орысшасын ұлымыз Ержан, арабшасы мен қазақшасын Зейнеп дайындап берiп отырды. Ал ол орталық қызметкерлерi кəдiмгiдей жалақы алып жұмыс iстедi. Оларға əкемнiң аруағы риза болсын дегеннен артық не айтуға болады.

 Əкемнiң бүкiл архивiн бiз тегiн бердiк. Ал, ендi сол орталық əкемнiң Мəскеудегi лекция оқыған генштабтағы лекцияларын сұрағанда, олар бiр бөлiгiн пəленбай миллион қаржыға сатты. Қалғанын берген жоқ, ол əлi құпиясы шешiлмеген деген сыл- таумен бермептi.

 Осы жерде ойлап қараңызшы, егер бiз, əкемнiң атын- даңқын пайдаланғымыз келсе, даңққұмар, байлыққұмар болсақ, үн-түнсiз саудаласып отырар едiк. Бiзге ең басты- сы, əкемiздiң архивi қымбат, оның əр жерде шашылмай бiр орталыққа жинақталғаны ғана керек. Мекем аға да, ол кiсiнiң қарамағындағы қызметкерлер де бiзден алған дайын өнiммен жұмыс iстедi. Бiрен-саран кiсiлердiң «жан-жақтан тiрнектеп жинадық» дегенiн өз құлағыммен естiдiм де, олардың бiреуiнiң аузынан деректердi қара шаңырағынан алдық деген сөз шықпағанына iштей ренжiп те қалдым...

– Осындай кереғар пiкiрлерге Мекемтас аға неге қарсы пiкiрiн бiлдiрмейдi?

 – Оны бiлмеймiн, айтса айтып жүрген шығар. Өз басы- ма, сөзден гөрi əкемнiң жазған-сызғаны əр жерде шашылмай тезiрек жинақталғаны керек. Басында 30 томдық дегенi 45 томдық болып шығайын деп жатқаны көңiлге демеу. Дегенмен, олардың еңбегiн де жоққа шығаруға болмас, қыруар жұмыс атқарды. Рас, Мекемтас ағаға да əкем бiраз шежiресiн, əкесiнiң Құранын, тағы бiраз қолжазбаларын берiп кеткен. Ал Зейнепке табыстағаны үйде сақтаулы. Қайткен күнде де үйдегi жағдайда мұндай құнды дүниелердi өз қалпында сақтау өте қиын екен. Бiрқалыпты ауа емес қой, бiрде жылы, ыстық, бiрде суық деген- дей, ал мұрағатта басқаша ғой. Оның үстiне мезгiлiмен дəрiленiп тұрады. Көптен берi өзектi өртеп жүрген бiр мəселе бар. Ол айты- ла-айтыла əбден жауыр болды десе де болады, осы дүниелердi ұқыптап бiрiктiретiн əкемнiң жеке мұражайы туралы. Ол кiсiнiң пайдаланған кiтаптары, қолжазбалары, тiптi күнделiктi тiрлiкте қолданған заттарына дейiн сақтаулы. Мүштiгiнен ба- стап жастық, жамылған көрпесiне дейiн мына жеңгелерiң көзiнiң қарашығындай сақтап отыр. Алғаш Зейнеп келiн болып түскенде сыйлаған кiр жуатын мəшинасына дейiн тұр.

 Бiз Зейнеп екеумiз де жас емеспiз, денсаулық деген де мəз емес. Бiзден кейiн балалар ұқсата ала ма, алмай ма деген күдiк те жан ауыртып қояды. Сондықтан осылардың бəрiн бiр жер- ге орналастырып, мүмкiн болса Орталық мұрағаттан үлкен бiр бөлме бұйырса деп ойлаймыз. Кiм бiлсiн, əлi тыныштық. Жуалы ауданында 100 жылдыққа байланысты музей жабдықталмақшы болған. Ол кезде Жексембин əкiм болатын, бiз ақылдасып,

«Егер үлкенiрек ғимарат болса, қолдағы əрбiр заттың тари- хын жазып, көрнектi етiп тапсырсақ» дегенбiз. Бiрақ бұл мемлекеттiк каталогқа енуi керек те, туристер мен арнайы iздейтiндей əрi демалыс орны болуы керек деп ойлағанбыз. Өйткенi, қазiр ауданда музей бар, оның 80 пайызын Зейнеп өз қолымен жасақтап берген. Шағын ғана, оның үстiне ауылдың шетiне орналасқандықтан кiрiп-шығып жатқандар жоқтың қасы. Есiгi үнемi жабық. Ал, мұрағат деген өлi болмауы ке- рек, ол үнемi жұмыс iстеп тұратын, кездесулер, ғылыми кон- ференциялар ұйымдастырылып жататын көпшiлiк орын болуы керек қой. Əсiресе, жастар үлгi-өнеге алатын мəдени-ағарту жұмыстары жүргiзiлетiн орын болуы шарт.

 Əкемнiң ғұмырының көп уақыты Алматыда өттi. Көпшiлiктiң ойында, “өзiнiң тұрған үйi ше?” деген сұрақ тууы мүмкiн. Əкемнiң кейiнгi əйелiмен тұрған үй мына моншаның жанында едi, ол сатылып кеттi. Мен туылған үй бұзылып кеттi. Ал мына үйде əкем тұрған жоқ. Көзiмiздi жұмып кiрiсiп кетейiк десек, осындай қолайсыздықтар қолбайлау болу- да. Панфиловшыларға арналған музейде, №131 мектепте, Жуалыда, Тараздағы музейлерде бiр-бiр бұрыштары бар ғой. Осылардың бəрiн бiрiктiрсе, əжептəуiр көрме-музейге көпшiлiк жиi бас сұғар едi. Жеке мұрағатқа, əрине, қаржы да көп кетерi сөзсiз. Дегенмен, бiр жүйеге келтiру тек əулеттiң ғана емес, болашақтың бағыт-бағдарламасы болар едi, келешекке керек болар едi деген үмiт қана. Ал, Жуалыдағы музей дағдарысқа байланысты тоқтап тұр, салынбайтын болды.

 Азға қанағат етiп, қарапайым ғана тiрлiк кешу, бұл – бiздiң отбасымыздың позициясы. Адалдық, кiсiге қиянат жасамау, сұғанақ болмау, кiсiге алақан жаймау, бұл – əкемнен қалған

мұра. Сондықтан осы уақытқа дейiн əке атын пайдаланып, есiк қағып көрмеппiн. Ендiгi жерде де салым суға кетпегенiн қалаймын.

– Əңгiме отбасына қарай бұрылды ғой, аға, немересi Момышұлы-3 жайлы сұрағымыз келiп отыр. Мамандығы кiм, батырдың ұрпақтары немен шұғылданады?

 – Ержан Ұлттық университеттiң журналистикафакультетiн бiтiрген. «Лениншiл жаста», «Ұланда» бiраз жылдар қызмет iстедi. Қайта құру басталған тұста «Кəусар бұлақ» деген баспа ашып, кəсiпкерлiкпен айналыса бастап едi. Өкiнiшке орай, бұл бала жаңа заманға лайық нарыққа енiп кете ал- мады. Кейбiр бiрге жүрген азаматтарынан бетi қайтып, басы тасқа тигендей болған соң, екiншi жоғары оқу орнына түстi де, қазiр сол Алматы Энергетика университетiнде аға оқытушы. Шығармашылық адамға, əсiресе Ержан сияқты екi тiлде еркiн жазатын адамға бизнес-кəсiпкерлiк деген қол емес екенiн дер кезiнде түсiндi-ау деймiн. «Қазақша жазсам шешесi, орысша жазсам əкесi жазып бердi» дейтiн болды-ау деп қысылып жүрiп, жазғандарын аса жариялата бермейдi, əрi аудармамен де айналысты.

 Екi немеремiз бар. Үлкенi Нұрсұлтан 5-сыныпта, Құдайдың құдiретi, əкемнен аумайды. Атжақтылығы, тiптi екi қасының ортасындағы екi сызығына дейiн, қабағын түйгенi, кiсiнiң бетiне тiк қарағанда көзiңдi тайдырып əкетесiң. Көп сөзге жоқ, тұйықтау болып өсiп келедi. Бабасына ұқсаған тағы бiр қасиетi, есепке жүйрiк, шапшаң. Физика-математика мектебiнде оқып жатыр. Сабағы өте жақсы. Əкемнiң туған күнiнен екi күн бұрын өмiрге келдi де, Зейнеп ырымдап бабасының туған күнiнде шiлдехана жасады. Мiнезi де бабасынан аумайды. Бес жасар Мадиярымыз əжесi Зейнептен аумайды. Күлуi де, жылауы да тез. Тез сөйлейдi. Құдайға шүкiр, отбасымызбен қазақшамыз, басқадай болуы мүмкiн де емес.

 (Бақытжан аға күлiп алды да, көзiнiң екi ұясына келiп қалған мөп-мөлдiр тамшыларды бiзге көрсеткiсi келмей, орамалымен сүргiштей бердi... Ұрпақтар жалғастығы, əулет қуанышы сөз болған тұста кез келген пендеңiздiң жаны толқитыны даусыз.

Немерелерiне байланысты бiр əңгiменiң ұшы шығып тұрғанын сезiп, бiз де үнсiз қалдық.)

  •  Бiрде екi-үш күн көрмей, балаларды сағынып Ержандыкiне бардық, – деп əңгiмесiн қайта жалғастырды. – Олар да жаңалықтарын айтып қауқылдасып жатырмыз. Тағы да аса са- бырлы, бала болса да өзiн байыпты ұстап отырған Сұлтанға қарап:
  •  Алтыным менiң, жаным, өте ақылды азамат болады, – деп емiренiп жатсам, əкесiне қарап иегiмен менi меңзеп: – Папа, папаңның не айтқанын естiп ал! – дейдi. Əлгi жерде Зейнеп екеумiз əбден мəз болайық.

– Бақытжан аға, қазақта «Батыр жүз жылда туады» де- ген жақсы сөз бар. Мiне, жүз жыл да өттi. Батыр туатын орта қандай болмақ? Қанына, тегiне байланысты болар, бəлкiм. Əсiресе, тəуелсiздiкке қол жеткелi кез келген пендеңiз ата- бабаларынан батыр, көсем iздеу дағдыға айналғандай. Бұл қазақи дарақылық, даңғазалық емес пе?

 – Бұл, шын мəнiнде үрдiс болып кеттi. Бiр аңыз есiме түсiп отырғаны: кiшкентай мысық жолбарыстың суретiн көрсетiп

«Мынау менiң атам» дептi. Осының керi келген заман бол- ды. Құдайға шүкiр, қазақта батыр да, ақын да жетедi. Бiрақ кез келген жерден батыр iздеп, оны жекешелендiрiп «мы- нау бiздiкi» деп бөлiп алу, бұл халықты бiрiктiре қоймайды. Пəленше атасына ескерткiш қойыпты, шежiре жазыпты, мен неге бəйгеге ат қоспаймын деген бəсекелестiк iшiнара болса да жүрiп жатыр. Тiптi жасырын да емес, белең алып кеттi. Жалған намыстың жетегiнде жүру жақсылықтың нышаны емес. Шындап келгенде, қазақ деген халық, қазақтың батыр- лары тұтас қазақтың қамын ойлап, мұң-мұқтажын көксеген, сондықтан бiлегiнiң күшiмен, найзасының ұшымен, қылышының жүзiмен ортақ жердi, елдi қорғаған. Ондай ортақ батырлар Қабанбай, Бөгенбай, Ағыбай, Райымбектер iшкi емес, сыртқы жаумен жауласқан. Бөлiнбеген, халықтың бiртұтастығы үшiн күрескен, қан төккен. Сондықтан да ұрпақтан-ұрпаққа даңқтары жетiп жатыр. Бүгiнгi ұрпақ со- лар салған сара жолмен жүруi, ерлiктерiмен сусындауы,

ұлтжандылығынан тəрбие-өнеге алуға тиiспiз. «Бөлiнгендi

бөрi жейдiнiң» керi келiп жатыр ғой...

 Ал менiң əкемнен қолға мықтап ұстап қалатын əскери ғылым қалып отыр. Тiптi Кеңес Одағы Батырларының арасында əкем сияқты мұндай мол əскери ғылым қалдырған кiсi кемде-кем. Ал бiздiң елiмiзде тiптi жоқ. Əкемнiң артында қалған əскери ғылымы бiздiң бүкiл əскерилердi тəрбиелеуге жетедi. Өкiнiшке орай, əлгi қазақ айтады ғой,

“Артқы айылдың батқанын, Иесi емес, ат бiлер.

Азаматтың қадiрiн,

 Ағайын емес, жат бiлер”, – дегендей, неге Израильде, Кубада, Түркиядағы кадеттерде əкемнiң əскери ережелерiнен лекциялар жүрiп, емтихандар тапсырады. Бұл, шындық! Ал бiзде ше?!

 Ал бiзде əкемнiң соғыс тактикаларын, Отан қорғау техно- логиясынан лекция жүрген əскери бөлiмшелердi бiлмеймiн, осы уақытқа дейiн естiген де жоқпын. Дайын тұрған ғылыми лекциялар болса да, əскери тəртiп пен мақсат-мүддесiн қалыптастыратын тəрбие құралы, оқу құралы бола тұра, ешкiмге қажет емес.

 Қазақстанның Халық қаһарманы, ауған соғысының баты- ры Бақытжан Ертаев екi сөзiнiң бiрiнде Момышұлына елiктеп ержеткенiн, осы уақытқа дейiн əскери жолда қандай жетiстiкке жетсе, соның бəрi менiң əкемнiң арқасы екенiн жалықпай ай- тып отырады. Қай жақтан келсе де ең алдымен əкемнiң зираты- на барып мiнəжат етiп, сосын үйге, қара шаңыраққа келiп Құран оқып шығады. Ал қазiргi жастарымызда осындай пiр тұтатын, елiктеп, үлгi-өнеге алатын батыр тұлға бар деп айта алмас едiм. Қазiргi жастардың бəрi кəсiпкер, қаржыгер болсам дейдi. Олай болса, ортаның өзi, қоғамның өзi ұрпақты тəрбиелеп жа- тыр. Əлде жанбағыстың жарапазаны десек те дұрыс болар. Бiр көңiл бөлетiн нəрсе, жастардың көбi кiтапқа қарай, рухани дүниеге, имандылыққа қарай көш басын бұрғанын да жасыр- мауымыз керек, қолдауымыз керек. Рухани дүниесiз мүмкiн емес екенiн түсiнген жайымыз бар. Дегенмен, бiрiншi орында

бай болу тенденциясы өршiп тұрғаны да жасырын емес. Ешкiм де жақсы тұрмыс, жайлы қызмет, барлық-байлыққа қарсы емес. Бiрақ тек осы мақсатты ғана көздеу, ол ендi жақсылыққа апармайды... Сондықтан да батырды да, қаржыгердi де, шын мəнiнде қоғам, орта тəрбиелеуi мүмкiн. Ал əу бастағы қандағы намысшылдық, ерлiк, бiлiмдiлiк, ол ендi атаның күшi, ананың сүтiмен даритынын түйсiгi бар пендеңiз мойындауы керек.

– Жастар тəрбиесi жайлы дегенде, еске Момышұлы атындағы əскери училище түседi, олармен қарым- қатынастарыңыз қалай?

 – Бұрын Ким Серiкбаев, Əбiрев деген азаматтар басқарып тұрған кезде ол мектеп бiздiң екiншi үйiмiз секiлдi едi. Өйткенi, олар бiзбен үнемi қарым-қатынаста болды. Əкемнiң туған күнiнде, балалар ант қабылдап оқуға түскенде, бiтiрген кездерiнде бiз отбасымызбен шақырылатынбыз. Неге екенiн бiлмеймiн, кейiнгi директор бiзге осы күнге дейiн тiптi сəлем берген азамат емес. Ал өз басым бала емеспiн, батырдың ба- ласы екенмiн деп тiрлiктерiне қалай араласасың. Өркөкiрек те емеспiн, бiрақ жасы кiшi əрi əкем атындағы оқу орнын басқарып отыр, мен қара шаңырақты ұстап отырмын, кiшiлiк көрсету оның iсi едi деп ойлап қоямын.

– Əке мен бала арасындағы қарым-қатынас оңай емес. Бауыржан атамызбен араларыңызда келiспеушiлiк əлде түсiнiстiк басым болды ма? Əдебиетте өз орныңыз бар қаламгерсiз, əке тасасында қалып қойдым деп ойламайсыз ба?

  •  Мен Алматының асфальтында туғанмын. Кеңес үкiметi кезiнде елдегi идеология солай болды, қалада жалғыз қазақ мектебi бар, оның өзiне алыс-жақын аудан-ауылдардан кел- ген малшы-шопандардың балалары қабылданады. Сөйтiп орыс мектебiнде оқыдық. Сонда əкем демалысқа келгенде тек қана қазақ тiлiнде сөйлейдi. Шала-пұла жауап беремiн. Бiрде шешеме:
  •  Өзiң «Лениншiл жаста» жұмыс iстейсiң. Мынау орыс бо- лып кетпеу үшiн сондағы ауылдан келiп оқып, жұмыс iстеп жатқан жас тiлшiлердi, пəтерде жүрген журналистердi қасыңда

тұрғыз! – дейдi ғой. Содан бiздiң үйден кiсi арылмайтын бол- ды. Əсiресе, Кəкiмжан Қазыбаев, Қайдолла Тiлемiсов, Саттар Бөлтекбаев сынды ағаларым, одан кейiн Камал аға Смайыловтар менiң таза қазақи тəрбие алуыма септiгi тиген азаматтар. Менiң өмiрiмдегi үш жұлдызым, осы үш ағам, жоғарыда атта- ры аталған азаматтар, олар менiң əкемнiң пагонындағы жұлдыз емес, менiң өмiрiмдегi жұлдыздарым болғанын мақтанышпен айтып отырамын. Олар үйде жүрген соң, қазақтың тiлi, əуенi құлағыма сiңедi ғой. Тiлiмдi қазақшаға бұрған осы кiсiлер. Ал мектепте жүргенде жазғы демалыс сайын менiң жолдас- тарым (Əбдiлда Тəжiбаевтың, Ғабит Мүсiреповтың, Ғабиден Мұстафиннiң, Қаныш Сəтбаевтың т.б. балалары) Балтық, Қара теңiзге кетiп жатқанда, менi жай пласкард вагонмен əкем ауылға қуады. Жеткенше жылап барамын. Əкеме ызам келедi, батырдың баласы, жалғыз ұлы бола тұра жүрiсiмдi қарашы, деймiн ғой ызаланып. Намыстанамын, үш ай ауылда шаң-шаң болып, сабақ басталар кезде қалаға келемiн. Қазiр көзi тiрi жеңгелерiм қошқарға мiнiп шабатынымды, қойлардың ара- сында шаршап ұйықтап қалатынымды əлi күнге еске салып, қалжыңдап отырады.

 Ауылдың аты – ауыл, берекелi, ауасы қандай, сонда əкем туған жерiнен тамыры үзiлмесiн, топырағына аунап өссiн, жердiң қадiр-қасиетiн сезiнсiн деген оймен жiбередi екен ғой. Ақсудың мөлдiр суынан iшiп, шомылып санасына ұлттық күш- жiгер құйып өссiн деген, ағайынмен ара жiбi үзiлмесiн деген екен ғой. Оны кейiн жас ұлғайған сайын түсiне түседi екенсiң. Жасыратын не бар, арагiдiк сəл кесiлдi, бiрақ əлi үзiлген жоқ.

 Ол кiсiге бекер-ақ өкпелейдi екенмiн. Сол бала күннен қалған əдетiм, əлi күнге қарынға салған қолдың майын, ып- ыстық табаға пiсiрiлген нанын жақсы көремiн, аңсап тұрамын. Соның арқасында өзiм тұстастарымның, жолдастарымның iшiнде ең қарапайым, қазақи болып қалған мен ғана. Шы- ғармаларымды орыс тiлiнде жазамын, ал бiрақ кейiпкерлерiм

– қазақтар, шығармаларымда қазақтың салт-дəстүрi, қазақтың қоңырқай тiрлiгi, бəрi өзiмiздiң қазақи ортадан алынған кейiпкерлер, ойдан емес, өмiрде барлар ғана, айталық қоғам-

дағы қолдан жасалған пiкiрлерге онша көңiл бөлмеймiн. Қағазға басқа тiлде түссе де, түпкi мақсат өз ана тiлiмде сай- райды. Оның үстiне мен қала баласы бола тұра, Зейнептей дала қызына үйленгенiм, қосақ болғаным да шығармашылығымда көп көмегiн тигiздi.

 Əкем содан кейiн болар, Ержанды қазақ балабақшасына ор- наластыруда бұрын-соңды ешкiмнiң алдына бармаған, басын имеген кiсi жанын салып-ақ бақты. Одан кейiн қазақ мектебiн алтын медальмен бiтiрiп, университеттi де қазақша оқыды.

 Ал əкемнiң көлеңкесiнде қалғанның өзi үлкен бақыт қой. Əкем: «Я приговорен к славе, ты обречен быть сыном» дегенi əлi құлағымда қалғаны сонша, мiне 70-ке келiп қалсам да, Құдайға шүкiр, əлi Баукеңнiң баласы болып жүрмiн. Əңгiме барысында айтып кеткенiмдей, ешқашан əкемiздiң атын пай- даланып, қазақтың батыр ұлы, қазақтың Бауыржаны деген атқа өз тарапымыздан кiр жұқтырмай, шаң жуытпай, қолымыздан келгенше əке аруағын сыйлауға, қанымызға сiңген тəрбиелiк өнеге-өсиетiн өзiмiзден өрбiгендерге ұран етiп табыстауға бар- мыз.

 Менiң əкем жайлы үш кiтабым шықты. «Восхождение к отцу» деген алғашқы кiтапты жазып шықтым да, қолжазбам ұнамады. Қайта-қайта қарадым, тiптi басқаша жазып шықтым. Бұл кез кеңестiк идеологияның тұсы, сонда да көңiлiм толма- ды. Қайта жазылған дүниенi қарағанымда, бұл тiптi əкеге та- быну емес, баспалдақ, шағын ғана қадам екен. Бұл тақырыпқа əлi дайын емес екенiмдi ұқтым. Бiрақ жиырмадан астам кiтап, одан да көп аудармаларым бар. Кiтаптарымның iшiнде мiндеттi түрде əкем жүредi. Əлi күнге дейiн жазып отырғанымда жел- кемде қарап тұрған сияқты сезiнемiн. Редакторым тəрiздi, артық-ауыс кеткен жерлерiмде түзеп: «əй, мына жерде iрiленiп барасың, саябырсы немесе ұсақталып кеттiң ғой» деп тұратын сияқты.

 «Во имя отцада» тек əкем жайлы емес, əкемнiң тұстастары, қарым-қатынаста болған сыйластары, қатарластары арқылы əке образын жасауға тырыстым. Одан кейiн «Сыновья вели- кого волканың» кейiпкерлерi де қазақтың марғасқа ұлдары.

Əкемдi көбiне өте қатал, сұсты, бiрбеткей, алдына келген кiсiге дөрекiлеу, мiнездi деп көбiрек айтылып жатады, ол кiсiнiң айтқан əрбiр сөзiнiң астарында өсиет, өнеге жатқанына мəн берiлмейтiн сияқты. Мəселен, «Дарвин маймылдан, ал мен бөрiден жаралдым» дейдi. Көрдiңiз бе, Дарвин ғылымын түкке алғыссыз етiп тастайды. Мұндай афоризмдер ол кiсiде көп кездеседi. Сондықтан кейiнгi кездерi əкемнiң сыртқы келбетi, мiнез қайшылықтарына емес, əрбiр сөзiне, сөйлемiнiң түп- төркiнiне зерттеу жүргiзiп жүрмiн. Əсiресе, рухани, тəн, жан, мəңгiлiк, рух жайлы жазғандары, əкемнiң тiршiлiк, табиғат, бақи туралы көзқарастарын-пiкiрлерiн зерделеп, зерттеп жа- тырмын.

 Əкем жайлы қанша жазсам да, зерттесем де, ұшы-қиырына жетер емеспiн. Ол кiсiнiң əке ретiнде, азамат ретiнде əлi ашылмаған беттерi баршылық.

 Ал ес бiлiп, етек жапқалы ондай түсiнiспеушiлiк болмады емес, болды. Өмiр-тiршiлiк болған соң, бiр-бiрiмiзге қырын қараған кездерiмiз де болған. «Батыр аңғал, аңқау келедi» дейдi, мүмкiн əкемнiң батырлығына, батылдығына қызыққан болар, жiгiтшiлiк жасаған кездерi де болды. Ондай да, əрине, ренжiдiм. Бiрақ жылдар өте санам сабасына түскендей, əкемнiң қазақ деген халықтың алақанында жүрген кездерi, ерлiк пен елдiктiң туын көтерiп жүрiп ондай «еркелiк» жасағаны да өмiрдiң заңдылығы болар деген тоқтамға келемiн...

 Иə, Бақытжан ағаның өзi айтпақшы, жетпiске келiп қалса да “əлi күнге əкемнiң, Баукеңнiң баласы бо- лып келемiн” дегенiндей, ол кiсiнiң балалар əлемi, жас жеткiншектерге арналған керемет дүниелерi де шығармашылығының бiр ауыр жүгiн көтерiп тұрғандай. Орыс тiлiнде жазса да, кез келген шығармасынан қазақтың ұлылығы, даналығы салтанат құрып тұратын жазушы Момышұлы-2: «Мен əлi баламын» («Я еще ребе- нок») деп бiздi əдемi қалжыңмен шығарып салды...

ƏЙЕЛ – ƏДЕБИЕТТЕ ДЕ ƏЙЕЛ

Белгілі жазушы Қуандық Түменбай мырзамен осы тақырыптағы ой-сырын бөлістік.

 – Қуаңдық аға, біздің əдебиетіміз бай. Оның ішінде əсіресе, əйел-аналардың образын жасауда əдебиетіміздің көкжиегі ешкімнен кем емес, кейде асып түсіп те жатады. Əйел образын сомдауда Ғабит Мүсіреповтің орны ерекше. Осы туралы ой өрбітсек...

 – Əйел образы дегенде, əрине Ғабең еске түседі. Хрестоматияға енген ана туралы əңгімелері мен «Үлпан» ро- маны оң бүйірімізде. Əңгімені сəл əріден бастасақ деймін. Кызыл сұңқар жазушы Максим Горькийде «Макар Чудра» деген əңгіме бар. Классика. Махаббаттың биік шың екендігі, өрлік пен тəкаппарлықтың трагедияға ұласқан көрінісі. Осы

«Макар Чудраны» біздің бір курстас жігіт жатқа айтатын. ЖенПИ-дің қыздарының алдында қара сөзді төгілдіргенде түсінген қыздың бəрі толқитын. Кейіннен таңқала жүріп, оның тəрбиелік мəніне терең бойлайтын. Мəселен, Раданың Забарды сүйіп тұрып «Аяғыма жығыл» деуі – тəкаппарлық, ал Забардың оған қанжар жұмсап, махаббатты жұлдыздай жыпырлаған қан түйіршіктеріне айналдыруы – еркектік мінез- құлық. Біздің кыздар өмірде тəкаппарлықты басқаша түсінеді, Институт бітіру өзімен терезесі тең жігіт табу, тең жігіттің өзін астамшылықпен арзанға жұмсау, «сенің аулыңа барып тұра ал- маймын» деп асқақтау, сөйтіп жүріп жігітінен айрылып қалған талай қыздарды көрдік. Солар арзан ақыл, таяз тəкаппарлыққа салынбаса, бүгінде маздап жанған ошағы, Отанын қорғаған перзенті болар еді. Жақында елуге толған бір кəрі сұлу жалғызбасты боп мерейтойын өткізіп тұрып: «Осының бəріне өзім кінəлімін», – деді. Мойындағанға не жетсін. Ораз төгілдірген «Макар Чудрадан» кейін өмірге деген көзқарасын өзгерткен талай қыздарды көрдік.

– Десек те, Ғабеңнің əйел туралы əнгімелерінің орны бөлек қой...

  • Ғабең Ғабең ғой. Əйел – сезімнің құлы. «Əйел дегеніміз
    • əйел» деп Антон Чехов біліп айтқан болар. Əуелі Əуезовтің

«Каралы сұлуы» мен «Кінəмшіл бойжеткеніне» тоқталайыкшы. Əйел жанының жыланша ыскырынған ыстық сезіміне осы əңгімелерді оқи отырып терең бойлайсыз.

 Əуезов əйелдің ең мықты да ең осал нəсіл екенін ұлы шеберлікпен суреттейді. Қаралы алты жылды бастан өткерген Каракөз əйел басындағы ағаштай катты, жібектей жұмсақ жесірлік дегеннің не екенін өз көңіл-күйімен паш етеді. «Сол жылдардың ішінде көлденең қараған көз қаншалық қадалса да, Қаракөздің сыртына шыққан не əлсіздік, не кобалжуды көре алған жоқ. Бірақ, сол уақыттарда Қаракөз көрген азапты білсе еді жұрт!..» деген жолдарды окығанда «Қайран біздің аналар арды ойлаған» деген Мүқағали жыры қабат еске түседі. 1925 жылы жазылған əңгімені оқи отырып, 41-жылғы келіншектерді

    • қазіргі таяқ сүйенген аналарымыздың бел буынған келіншек кезін көз алдымызға əкелер едік.

 Əйел жеңіп шықты, ол сарғайып жол күтіп жүріп жеңіске жетті. Əуезовтің «Қаралы сұлуы» 25-жылы жазылғанмен жас жесірлердің қазақ əдебиетіндегі полотносы секілді. «Кінəмшіл бойжеткенде» де əйел жанының сірілігі көзге ұрады. Тіршілік күндерінің көбін кінəлаумен өткізген əйел өзіндік «менін» нəпсіден биік қояды, ол өзінің тіршілікке қажеттігін сауыттағы уды колына ұстап тұрып түсінеді. Удың алдында Адам қайраты жеңіске жетеді. «Сөніп-жану», «Ескілік» көлеңкесінде, жал- пы ұлы Əуезовтің 20-30-жылдардағы жазған дүниелерінде дала қасіреті көзге оттай басылады. Оқығандардың белгісіз болашағы, жылкы баққаңдардың бас жарылған барымта трагедиясы, осылардың бəрінде де əйел бейнесі суырылып алда жүреді. Бұлардың ең басында күні бір Құдайға караған он үштегі қорғансыз Ғазиза бастаған үш мұңлық – үш əйел. Олар да даладағы Адам-тағылардың жемтігіне айналады. Дала трагедиясының астарын əйел тағдырымен əдіптеген ұлы туын- ды осы «Қорғансыздың күні».

– Ұлы Əуезовтен кейін?

 – Сəбит Мұқановтың «Ботагөзін» оқыған бала күнімізде мұз үстінде жігіттің қолынан ұстап конькимен зыр қағып

сырғанаған қызды көз алдымызға əкеліп, ішіміз шымырлап жақсы көрдік.

– Осы заман əйелдерінің бейнесіне келсек...

 – Кəмшат Дөненбаева, Ұлбала Алтайбаевалардың еңбектегі коммунистік биік бейнелері бесенеден белгілі. Енді сөз ба- сында айткан Ғабеңе токталайық. Өмірде болған айтулы əйел-аналарды көркем шығармаға арқау ету – əдебиет үрдісі. Мəселен, Сəкенді ұстап алып кеткен сəтте жұбайы Гүлбаһрам тірсегіне түскен қара шашын қиып алып, отқа тастапты. Осыны

«Сəкен сүйген сүлулар» сериясына көркем дүние етіп кіргізсе. Ал,Ғабеңнің Ұлпаны өмірде болған тұлға. Ғабең осы тұрғыда əлгі үрдістің үдесінен шығып тұр. «Ұлпан» – бүгін үлкеннің де, кішінің де жүрегінде. Ұлтуған еркекшоралау өскен, сүйіп тұрып өзгенің бақыты үшін өз бақытын тəрк еткен əйел. Бұл бүгінгі «тəуелсіз тоқал» боп жүрген келіншектерге сабақ. Өзгенің шаңырағын ортасына түсіру үшін емес, өзі сүйген адамының шанырақ бақыты үшін ет жүрегі езіле күйзелген Ұлтуған – нағыз əйелдің «еркегі». Оның жүрегі де Ұлпанның жүрегіндей үлкен, өзі үшін емес, өзге үшін көбірек лүпідейді.

 Ал, Салтанат пəк те нəзік, дойыр боп жаратылған пендеге деген махаббатын сол нəзік жүрекке сыйғыза білген. Бұлар – қатыгез махаббаттың кейіпкерлері. Шұғаның тағдыры да көз алдыңа көлеңдейді. Екі бейне де жетпісінші жылдардағы соц- реализм əдебиетінің үлкен табысы. Екі əңгіме бойынша ки- нофильм түсірілді. Екі шығарма да саясатқа карай бұрмалан- ды. «Ұлтуған» арқылы Арал тағдыры, жүдеп-жадаған теңіз жағалауы көрсетілсе, «Гауһартаста» – атаның ақ таяғына ие бо- лып қалу дəстүрі, шұбартаулықтардың бастамасын колдау бар. Ол шынайылығымен жұрттын жүрегін баурады. «Бота- гөзді» 50-60-жылдары құдалықта қоржын басына салатын болыпты. Кітапты бір-біріне қимаған құдалар реніші де осы «Ботагөзден» басталған дейді. Əдебиетке деген ыкылас

осындай-ак болар...

 Сосын Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» бəріміздің жүрегімізді жаулады. «Макар Чудрада» қос ғашық бірін-бірі көріп тұрып, тəкаппарлықпен өлімге қиса, бұлар бір-бірімен

көрісе алмай амалсыз ажалға мойынсұнады. Ғашықтық дерті ажал боп жеткен Шұғаның бейнесінде жасандылық жоқ.

«Шұға десе Шұға еді-ау!» деп аһ ұрған əңгімені баяндаушы да, шығармаға қатысушы кейіпкерлер де қаламгер шеберлігін үнсіз бас изеп мойындап тұрғандай. Ал уақыт сахнасына əйел белсенді боп шыға бастаған кездердегі Биағаң шеберлігіне тағы да тəнтіміз. «Раушан коммунист» пен «Күлтай болыс» – осындай шығармалар. Дос пен қасты басына таяқ тигенде ғана айырған коммунист Раушанның күйеуі тектестер қазір де ара- мызда жүр. Бірақ, ол кездің белсенділері Раушан мен Күлтай барлық уақытта күйеуінің көңіліне қарап, қанша белсенді болғанмен, осы шығармаларда біздің ұлттық менталитетіміз көзге ұрып тұрады. Ал осы екеуіне қарама-қарсы бейшара бей- не – Күлпаш. 20-жылдардағы жұттың трагедиялық панорама- сы əдебиетімізде тағы да əйел тағдыры арқылы бейнеленеді. Баласы мен ерін аштықтан құтқару үшін саналы түрде екінші ерге шықкан Күлпаш: «Əттең кедейлік, əттең аштык, – деп опынады.

Қоғамымыздың басынан не өтпеді, əйел не көрмеді.

«Мақтым ренжімесе, басқа байға тидің деп ашуланбаса, ескі тұрмысқа кайта қайту да ойында жоқ емес» еді. Аштық тура- лы қаншама деректі, көркем шығармалар жазылды, бірақ осы алты бет əңгіме алапат аштықпен тапталған ер намысын қабат көз алдыңа тартады. Шаңырағын сақтау үшін неке салтынан аттаған Күлпаш ескі үйіне қайтып келе жатып: «Қарағым-ай, етті көргенде не дер

 «Əйел тұрмай, еркек оянбайды» деген халық даналығы эпи- граф етіп қойылыпты. Демек, əйел – қозғаушы күш екендігі шығарманың лейтмотивіне айналған. Ұлпан «бет-аузына кісі тура қарай алмайтын қара шұбар Есенейдің Мона-Лизасы бол- ды. Сүйіктісіне, ақылгөйіне айналды. Ұлпанның ақылымен малды боп қалған кедей-кепшік оны «екінші Есеней» десе, сөз зергері Ғабит Мүсірепов: «Ұлпан байғұстың бұдан кейінгі он жыл өмірі еркек шыдай алмас, əйел ғана шыдар азапта өтіп жатыр» деп суреттесе, əйел қайткенде де еркек шіркіндерден төзімді екендігіне көзіміз жеткендей. Ұлпан да Ғабеңнің өлімді

жеңген əйел-аналарының санатынан орын алып тұр. Жазушы Адам Мекебаев «Өкпек желдің пəрмені» («ҚƏ», 45) атты мақаласында бір көмескі көріністің жаркыратып бетін ашады:

«Осы бір қазақ прозасында алғаш экзистенциализмнің ны- шанын байқататын ғажайып шығарманы («Ұлпан» романын айтып отыр) сыншыларымыз дұрыс талдап түсіндіріп берген- де əлем əдебиетінің қатарына қосу үшін көтермелеуге əбден жарайтын-ды. Бірақ шындығы былай тұрсын «Ғабит Мүсірепов тағы бір тамаша туындысымен əйелдер образының галереясын толықтырды» деген сияқты жаттанды пікірден əрі аса алған жоқ» дейді. Ғабеңді қандай сырбаз деп естісек, шау тартқан шағында да əйел жанының мөлдірлігін майдан қыл суырғандай етіп суреттеуі кімді де болса таңғалдырады. Мүсіреповтің шығармашылық биік эстетикасы жаны қартаймай өткен да- рын дегенді ауызға салады. Ол – əйел жанының қалтарысын түк қалдырмай көрсете білетін шебер ұста. Мұндай ұсталар тек туа бітеді.

– Басқа да сақа қаламгерлер шығармаларындағы əйелдер образы туралы не айтар едіңіз?

 – Кемелденген социализм қоғамында «мен əйелмін!» деп суырылып шыққан екі əйел бейнесін білемін. Бұның бірі – Сайын Мұратбековтің Ұлтуғаны да, бірі – Дулат Исабековтің Салтанаты. Екеуін де оқырман жақсы қабылдады, екеуі де есте қалды.

– Қуандық аға, өзіңіз де əңгіме, хикаяттарынызда əйел

«мəселесіне» көп қалам тартқаныныз белгілі. «Біздің мекемедегі махаббат маусымы» хикаятыңызды жастар аузынан тастамай айтып жүреді. «Інген жетелеген шал» əңгіменізді оқыған бір келіншектің «соғыстың кезіндегі сорлы əйелдер-ай!» – деп күрсінгенін көрдім...

 – Бұл хикаятка негізінен шенеуніктік кеңседегі өмір ар- қау болды. Такырыбы – саясат, махаббат – саясаттың қапталындағы «фон» ғана. Карамзиннің ашық теңізде бəрін өлімнен құткарған бір кішкентай қызы секілді қатып-семген кеңсенің өңіне қан жүгірткен кейіпкер сол Гүлбаршын еді. Дулат ағамның «Мынау қазақтың «Служебный романы» ғой»

деген жымиысының астарыңда біраз сыр жатыр-ау деп ойла- дым. Ал «Інген жетелеген шалда» күйеуі соғысқа кеткен жеңгесі мен əбден бойжетіп отырған қайын сіңлісінің ілінісіп қала бер- ген көңіл-күйін байқаған ақсақал-əкенің екі ұрғашыны ауыл шетіне шығарып, түйеге мінгізіп қыдыртуы – көргенділік əрі өмір тəжірибесі, біреудің жан-жарасын жеңілдету үшін өзінің ар-ұятын белге түю секілді көрінеді. Қиын сəттердің бəрінде де көргенді ата-аналар жас əйел жанының бабын ақылмен таба білген. Əсіресе, соғыс жылдарында.

 Оқырманға «Егемен Қазакстанға» шықкан «Диуананың қызы» көбірек ұнаса, өзіме «Əйелдің арманы мен мұңы» атты əңгіме ұнайды. Некесіз туған ұлының тексіздігін жүрек калтасына жасырып, жанұшырған Ана бəріне шыдап, бетіне күйе жаққандардың ешкайсысынан айылын жыймаса, өзінің өмірдегі басты айыбын Отан қорғап, теңін табар ұлының бетіне шіркеу ғып түсірмеу – Ананың бар арманы. Мұңы – адамдардың еншісінде. Жалпы, əдебиеттегі əйел мен махаббат туралы айтқанда «Теңізден соққан дымқыл жел теңіз толқындары мен жағалаудағы жапырақтарды алысқа алып кетіп жатыр» деп басталған «Макар Чудраның» алғашқы жолы, курстас Ораздың тебірене шыққан қоңыр даусы құлағыма естіледі.

Əңгімеңізге рахмет!

«ҚҰС ҚАЙТАРУДАН» СОҢ...

 Қазақтың дəстүрлi өнерi – күйшiлiк туралы əңгiме қозғағанда Əбдулхамит РАЙЫМБЕРГЕНОВ есiмi де ерекше аталады.

 Күнi кеше ғана М.Əуезов атындағы академиялық дра- ма театрында Қазанғаптың «Құс қайтару» күйiмен аттас шығармашылық кешi өткен күйшiнi осы кеш соңында бiрауыз əңгiме тартқан едiк.

 – Əбеке, бiздiң естуiмізше, өнерсүйер қауым өзiңiзбен осындай сахнада он тоғыз жылдан кейiн қауышып отырған көрiнедi. Мерейтой үстiндегi осы қуанышыңыз құтты болсын!

 – Рақмет! Алла тағаланың бойыма осындай күш-қуат берiп, оны өнер деген қасиеттi салаға жұмсауыма мүмкiндiк жасап, тiршiлiк сыйлағанына мың да бiр тəубе деймiн. Өнер деген де бiр бақыт құсы сияқты, қонатын адамға ғана қонады. Əу бастан өнер қонған қазақтың баласы болғаныма шексiз бақыттымын. Ауыл баласы – дала баласы ғой. Сайын даланы гуiлге ызылдаған желдiң өтiнде, сол сиқырлы желдiң ыңылынан бiр ғажайып əуендi iздеп өскен дала баласымын. Үйдiң қай бұрышынан шықсаң да алдыңды орай жөнелетiн аңызақ желдiң əуенi құлағымыздың құрышын қандырып өскен ұрпақпыз ғой. Бойымдағы барымды ана сүтiмен дарыған қасиет десем де, əлгiндей дала сыбызғыларының үнi кiшкентайымнан тербеп ержеттiм. Сондықтан болар, Құрманғазы, Тəттiмбет, Қазанғап, Диналар ойнаған қасиеттi қара домбыраның тиегiне саусағым тигенде ерекше шабыт- танамын. Күйдiң сиқыры əлі жұмбақ маған. Осы салада небiр тынымсыз еңбек етiп келе жатсам да, кез келген күйдi орындау барысында ұшы-қиыры жоқ шексiздiк жолығады да тұрады. Одан бетер өзiне ынтықтырып, санамды қызығушылық билейдi. Күйдi орындау бар да, оны түйсiну

бiр бөлек əңгiме ғой. Қарап отырсаңыз, əрбiр күй – аңыз, дастан... шертерiде айтары да сан тарау.

 Алғаш рет консерваторияны бiтiрер жылы осындай өнерге деген ынтызарлық менi беймəлiм бiр əлемге сүйредi де тұрады. Жаспыз, баста идея жетедi. Тек қана iске асыра бiлу керек. Онсыз да қала тiршiлiгiне енiп кете алмай келе жатқан қазақ мектептерiнiң жоқ кезi. Бiрен-саран, тiптi дəлiрегiнде екеу-ақ болды. Консерваторияны бiтiрiп, институтта жүрген кезiм. 1984-85 жылдар. Жалпы бiлiм беретiн мектепте таза өнер класы неге ашпасқа деген ой келдi. Сөйтiп жүргенде əйгiлi 86-шы жыл келiп қалды да, өнерге, өзiңнiң тума өнерiңе таза жанашырлық көрер көзге бұрмаланып, ұлтшыл деген атпен мектептен қуылдым. Бұрын мектеп жасындағы балаларға өнердiң тарихынан хабардар болсын деген ниетiм, осыдан кейiн шын мəнiнде ұлттық патриотизмге айналып шыға келдi. Халқымыздың шынайы өнерi неге ұрпаққа үйретiлмеуi тиiс, неге ата-баба өсиетiнен тыс қалуы керек, қойшы əйтеуiр, сана- ны мазалаған талай сұрақтар күнiз-түнi есiмдi алды. Осылай бас қатып жүргенде №159-мектепке Аягүл Төреқызы қызметке шақырды. Қазақ мəдениетi мен өнерiне деген қамқорлық, тiптi қазақ тiлiне деген сұраныстың мүлдем ойға алынбақ түгiлi, аздаған бас көтерер азаматтардың қудалауға түсуi ол кiсiнiң де жанын ауыртып жүрсе керек. Қазақ мектептерi жоқтың қас. Дегенмен ел балаларын қазақша оқытуға көше бастаған кез. Əр сыныпта 35-40 баладан. Өнерге қабiлетi бар ма жоқ па бөлмей жаппай домбыра үйрету алғашқыда өте қиын бол- ды. Өйткенi, оң мен солын ендi-ендi танып келе жатқан жас бала домбыраға қаламын салып, не болмаса тиегiн үзiп де- гендей ойнап отырытын-ды. Бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң сабағына қатысып, ақылдасып, кеңесiп жүргiзуге тура келдi. Психологияны, балалар психологиясын, педагогиканы қайта қарауға тура келдi. Шетел тəжирибелерiне сүйендiм. Сол үшiн Прибалтикаға барып, жүздеген бала қатысатын хорла- рын тыңдап, үйрендiм.

Қай жерде қандай дəстүр бар, үйрететiн əдiстемелер

жинақтаумен, зерттеумен болдым. Аяғымыз жеткен елдердiң дəстүрлi музыкаларын тыңдап, үйренiп, зерделеп бiраз жыл- дар өттi. Сөйтiп «Мұрагер» атты тұрақты бағдарлама дүниеге келдi, оқулықтар шықты, методикалық əдiстемелер жарық көрдi де, министрлiктен бекiдi. Тек домбыра үйрену емес, сонымен қатар көне аңыз-күйлерден бастадым. «Қасқыр»,

«Ақсақ құлан», «Нар мiнген», «Ботасын iздеген боз iнген»,

«Қос мүйiздi Ескендiр» сияқты аңыз-күйлердi тарта бастадық. Бұл – домбыраны сөйлете отырып, үйрену əдiсi. Содан кейiн Құрманғазы, Тəттiмбет, Диналар, Ақан серi, Бiржан салдарға түсiп, оның өзiнде қиындатпай, тұмыс-салт жырларын лекция сияқты емес, қызықтыра отырып оқу-əдiстемелiк тəсiлмен үйрендiк. Айтыс дəстүрiн өздiгiнен өлең шығаруға пайдалану арқылы он бiр буында өлең құрайтын жыраулық дəстүрлерге көше бастадық. Бiртiндеп Еуропа музыкаларын тыңдаймыз, үйренемiз. Жалпы, ойым өзiнiң дəстүрiн, мəдениетiн, қара домбырасын, терме жырларын, əнiн бiлу, бiлiп өсу кез келген пенденiң мiндетi. Мейлi, ол музыкант болмай-ақ қойсын, сол өнер арқылы өз тарихын, мəдениетiн бiлiп, түйсiнiп өссе де- ген ой мақсатқа айналған. Өнердi сүйген адамның қай салада жүрсе де, көкiрегi ояу, ашық болады.

– «Өнер алды – қызыл тiл» демекшi, осындай мақсат қойған сексенiншi жылдардың өзiнде, Сiздi болашаққа тiл мəселесi қатты ойландырған-ау, өйткенi, өнердiң өзi – тiл ғой...

 – Өз басым өнердi, əсiресе музыканы тiлден бөле алмай- мын. Өйткенi, музыка тiлi – ортақ тiл. Қанша ортақ дегенмен де, сол халықтың өзiне, өзiнiң туған тiлiне тəн екенi тағы да жасырын емес. Мəселен, бiз неге тағы да қытайдың, жапонның музыкасын қызығып тыңдағанмен, өз ұлттық əуендердей ра- хат сезiмге бөлене алмаймыз. Əуенi құлаққа қанша қонымды, жағымды болғанмен, мəселе түйсiнуде, түйсiнуде екенi анық. Ал домбыраңыз «Аман бол шешем», «Қайран шешем» деп безiлдей жөнелгенде сөйлеп тұрған сияқты əсер аламыз, түсiнемiз. Сондықтан да тiл мен музыканы егiз ұғым десек

те, əр халықтың түйсiну, ұғыну үшiн тiлi бiрiншi орында тұратыны белгiлi шарт.

 Қазiр ойлап отырсам, ұлттық тəрбиенiң жоғалып, ұлттық үрдiстерiмiздiң тарихтан мүлдем сызылып қала жаздаған, ұлттық патриотизмнiң жарасынан қан тамған бiр қиын жыл екен. Əркiмнiң iшiнде өнерге, тiлге деген жанашырлығы бол- ды, бiрақ ашықтан-ашық əңгiмеге зауқы жоқ. Туған халқыңа деген алаңдаушылығын арандатушылық сияқты керi əсер, керi пiкiр сияқты. Амал жоқ, үнсiз ғана, тып-тыныш iс жүргiзе беруге тура келдi. Жылдар жылжып тоқсаныншы жыл да тарих қойнауына ендi. Бабалар аңсаған тəуелсiздiк туы да алыстан желбiреп, белгi бергендей. Елдiң еңсесi де көтерiлiп қалғандай. Кеуденi кернеген ашу-ызаны жиып қойып, осы бiр мақсатқа таза бетбұрыс жасауға бел будым. Мектептегi жұмысқа қосымша теледидар арқылы республикамыздың түкпiр-түкпiрiндегi балаларға домбыра үйрететiн кезеңге де жеттiк. Менiң қуанғаным, Ақтөбе, Көкшетау өңiрлерiнде түсiруге барған сапарларымызда 700-800, тiптi кейбiр аудан- дарда мың балаға дейiн эфир арқылы ғана домбыра үйренген болып шықты. Студиядағы жиырма бала ғана емес, экран ал- дында мыңдаған қазақтың қара домалақтары ұлттық аспабы- мызды үйренгенi одан сайын жiгерлендiрiп, желпiнтiп таста- ды. Өйткенi қазақтың қара домбырасын үйренген баланың санасында өзiнiң туған халқының тiлiне, дiлiне деген де ма- хаббаты ерекше болып өсетiнi белгiлi.

– Шынында да, сол жылдары тiлге насихаттың керегi де жоқ болды емес пе? Қазақ тiлiнiң, қазақтың айтыс өнерiнiң майын тамызған Надежда апамызды айтпағанның өзiнде, өнердегi орыстың үш Татьянасы халық əндерiн қалай орындаушы едi?..

 – Өнер мəселесiнде, əсiресе, тiл мəселесiнде қажеттiлiк, мiндеттi түрде қажеттiлiк туғызу керек. Қарапайым ғана мысал, неге қазiр «ағылшын тiлiн үйрен» демей-ақ көбiмiз ағылшын тiлiн үйренiп жатырмыз. Əуелi ақша төлеп, iздеп жүрiп, тiптi үйге шақырып үйренемiз. Өйткенi, оған

қоғамда қажеттiлiк бар. Сол сияқты қазақ тiлiне де осын- дай мəжбүрлiк енгiзу қажет. Егер кез келген билiк орнына, яғни мемлекеттiк басшылық орынға қазақ тiлiн бiлмейтiн адам отырса, ол орынды босатуға тиіс деген бұйрық бол- са, мемлекеттiк тiлге сұраныс көбейер едi Оған пəлендей каржының да керегi жоқ, тек заң жүзiнде белгiленсе, ешкiм ешкiмге жалынбай-ақ шаруа реттелер едi. Мiндеттесе ғана орындалар едi. Қазақ тiлiн бiлмесең болашағың бұлыңғыр деген психологияны мықтап үстанғанда ғана елдiң санасы- на сiлкiнiс тудыра аламыз.

 Бiзде қазақ мектептерi туралы сұраншақ, ақша жинағыш деген жансақ бiржақты пiкiр қалыптасқан. Ал негiзiнен қалай болғанда да, қазақ мектептерiнiң оқушылары өзге ұлт өкiлдерiндей емес, кiшiге мейiрiмдi, үлкеннiң алдын кеспейтiн ұлттық тəрбиенiң нышаны бар орта. Қайткенде де айырмашылық көзге ұрып тұрады. Əрине, көретiн көз болса ғана, кемшiлiктi тiзе бергеннен гөрi жақсы жақтарды көп əңгiме ету керек сиякты. Адам құқығын қорғауға көп мəн берiлуi керек. Бiзде адамнан гөрi көне ескерткiштерге қамқорлық ерекше. Ол, əрине, тарихи шежiре, оны қорғау қажет, келешек ұрпаққа жеткiзу керек. Ал мына жапон елiнде керемет бiр саясат бар, ол – адамды қорғау. Ескерткiш ретiнде үстерiндегi түтынып жүрген киiмдерiн, үстанып жүрген қалам-қағаздарын, колөнер, жазу, сурет салатын, ұлттық дəстүрлерiне қатысты адамдарды мемлекет өз қарауына ала- ды. Яғни, сол адамның қай салаға бейiмдiлiгiне қарай, баска проблемаларға мойын бұрғызбай, тек сол салаға күш-жiгерiн жұмсауына, соны өсiрiп, өркендетуге жағдай жасалынған. Оның қолынан шыққан өнiм тек сол мемлекеттiң ғана тұтыну үшiн өздерi ғана сатып алу дəстүрi бар. Бiзде мүлдем басқаша, əркiм нарықтық экономика деп, əр саланың басын бiр ша- лып, ақының да, мүсiншiнiң де асаба болған, екiнiң бiрi əншi болған заман туды. Олай етуге болмайды ғой, ұстазсың ба, шəкiртiңдi дайында, барыңды оқушыға жұмса. Дұрыс, қазақ халқы əу бастан ақынжанды, əншi-күйшi болған. Бiрақ дəл

бүгiнгiдей былық ешқандай қоғамда болмаған. Кəсiпкерiң де, өнер адамы да қаржыға зəру. Қай салада бол сын, қай тiрлiгiң болсын келiп қаржыға тiреледi.

 Франция, Испания, Америка, Жапонияға болсын, əйтеуiр жылына бiр-екi мемлекетке барып, концерт берiп қайтамыз. Олар менiң Алматыдан, үйiмнен шыққаннан бастап, қайтып үйге оралғанға дейiнгi аралықтағы бүкiл қажеттiлiгiмдi өтейдi. Тiптi қаражат түгiлi, барғанда зал тола ма, жоқ па – ештеңеге бас қатырудың керегi жоқ. Менiң дискiлерiмнiң өзi осы шетелдерде шықты. Ал бiзде ше? Мен кешегi концертiмдi, 19 жылдан соң, сонау 1988 жылдан кейiн өткiзiп отырғаным. Өйткенi бiзде жарнамадан бастап, жалға алу, билет өткiзу, ең аяғы бұқаралық ақпарат көздерiне-теледидарға жазудың өзi қиямет-қайым. Шығын шаш тектен екенiн айтпағанның өзiнде, қаншама жүйке тамырларыңды қиясың. Шаршайсың. Өнерден лəззат алудың орнына көрерменің де, өзің де баз кешіп кететіндей жағдай. Ал, шетелдіктер біздің өнерімізді зерделеп, зерттеп, келешекте сол ұлттық мұраларымызды өзімізге пəленбай қаржыға қайта сататын кез туады десең, сенерсіз. Олардың қазақ өнеріне, қазақтың қара домбырасына ықыластары ерекше.

– Шетелге көп шығасыз, қазақтың ұлттық өнерiне, табиғатына ұқсас елдер бар ма?

 – Шынымды айтсам, салыстырып көрмеппiн. Бiрақ Францияға барғанымда, залдың толып отырғанын көрiп, бiр жарым-екi сағат бойы тапжылмай күй тыңдағандары қатты таңғалдырғаны бар. Бұл құбылыстың сырын сұрағанымда,

«Сiздердiң музыкаларыңызда архаизм бар, шындық бар, концерттен шыққанда соншалықты тазарып шығамыз» де- ген жауап алдым. Францияның Париж қаласында Дүниежүзi халықтарының музыкалық аспаптарын сақтайтын орталық бар.Онда адам түгiл қай музыканың жан-жануарларға, аң- құстарға қандай əсер ететiнiне дейiн тексерiп, зерттейдi. Əр музыканы ойнатады да, сосын тоңазытқышқа салып, қандай композитордың шығармасынан қандай тазалық,

христаль шығатынын тексередi. Адамның 70-80 пайызы судан тұрады десек, сол музыканың адам ағзасына тигiзер психикалық əсерiн осындай жолмен анықтайды. Шынында да кейбiр рок концерттерден кейiн байқасаңыз, у да шу халық, темекi түгiл нашақорлыққа салынып, не iстеп не қойғанын байқамай жатады. Оны теледидар арқылы күнде көрiп те жүрмiз.

– Музыка тiлi – ортақ дедiк, дегенмен шетелдiктердiң қабылдауы қалай?

 – Олар бiрiншiден, барар алдында бүкiл бағдарламаны өздерi жасап шығады. Ол концертте орындалатын əрбiр күйдiң, əрбiр шығарманың тарихын, нендей сыр айтқысы келетiнiн, бүге-шүігесiне дейiн сұрап, сол арқылы үлкен бағдарлама жасайды. Концерт жүрiп жатқанда залда элек- тронды титр арқылы да бiлiп, оқып отырады.

– Мектептiң бүгiнгi жағдайы туралы да бiрер сөз айтып кетсеңiз?

  •  Бұрын Ə.Қашаубаев атындағы «Көкiл» музыка мектебi болсақ, соңғы екi жылда жалпы бiлiм беретiн мектеп- ке айналдық. Бiрақ мiндеттi түрде домбыра тереңдетiлiп оқытылады. Сонымен қатар, ағылшын, парсы тiлдерi, дүниежүзiлiк би сабағы дейсiз бе, əйтеуiр бала жан-жақты болып өседi. Бiр қызығы, оқушылардың өнерге соншалықты жақын бола тұра, математикаға қабiлеттерi өте керемет. Соған орай математика-физика мектебiне айналдық.

 Құдайға шүкiр, республикамыздың жоғары оку орын- дарының бəрiнде бiздiң шəкiрттерiмiз баршылық. «Көкiл- дiң» ыкпалымен ашылған республика бойынша 51 мектебiмiз тағы бар. Балқаш, Талдықорған, Павлодар, Арал, Қызылорда, Ақтөбе, Орал облыстарының аудан, ауылдарында 3000-нан астам қазақтың қара домалақ балалары домбыраға, қазақ өнерiне ден қойған. Бұл ретте айта кету керек, бiздiң тыныс- тiршiлiгiмiзге бiр кiсiдей атсалысып келе жатқан дүниежүзiлiк

«Аға Хан» қорының көмегiн, қолпаштауын айтпай кетуге болмас. Өз елiмiзде жүрiп көре алмаған қамқорлықты жа-

сап отырғанын жасыра алмаймыз. Əлгi мектептерден жылда мүғалiмдер Алматыда бас қосып, тəжiрибе алмасып, пiкiр алысып, кездесулер ұйымдастырып тұрамыз. Өзiм де жиi ба- рып, бақылау жүргiзiп қайтамын.

 Менiң мақсатым, əу бастан бала тəрбиесiне бесiктен белі шықпай жатып ұлттық көзқараспен қарауға, сол арқылы төл өнерiмiздi, туған тiлiмiздi бойына дарытуға, өнер дегенiмiз тазалық, адалдық дейтiн болсақ, сол қасиетпен баланы жастан сусындатуға бiр тамшы болса да үлес қосу едi. Сол жолда пе- дагогика мен психологияны, одан қала берсе өзiмнiң қалаған өнер жолымды қатар алып жүрсем, сол жолда еңбек етсем де- ген мақсат...

ІІІ БӨЛІМ

Қыз сағыныш

ШАРАПТЫҢ ҚЫЗУЫ

 Өз ойынан өзі шошып кетті. Қайда, неге асығып келеді? Оны ойлап та жатпады. Жан дүниесін əлем-жəлем күйге түсірген телефондағы таныс дауыс əлі құлағында тұрғандай.

 Осы бір жүрегін шырмауықша шырмап алған арам ойдың қалай басталғанын есіне түсіргісі келді. «Анадан ала да туады,құла да туады» дегендей, туған қайынағасына деген кекшіл көңілден басталып еді-ау...

 Иə... Ішкені алдында, ішпегені артында молшылық жерден осы шаңыраққа келін боп түскенде он сегізден сəл-ақ асқан шағы еді. Ата-енесі төңірегіне ақылдылығымен қоса байлығы да асып тұрған кісілер екен. «Кенжем қолымда болады» демеді, дүрілдеген тойдан соң қалаға аттандырды. Сұлу да сымбатты Бекен өнер институтының соңғы курсында болатын.

 Тұңғыштары мектепке барар жылы араға жыл салып атасы мен енесі қайтыс болды да, тірнектеп жинаған мал-мүлкін са- тып, қайынағасы да қалаға көшіп келді.

 Жастықтың, махаббаттың қызығымен жүрген бұлар ол кезде пəтер түгіл, күнделікті жолдастарымен бөліп ішкен сүтсіз қара шайларына мəз болатын. Дипломдары қолдарына тиген жылы екінші ұлдары дүниеге келді. Оның қызығымен жүріп тағы да бірнеше ай өтті. Қазақтың танымал өнер жұлдызы диплом жетекшісі болған Бекен бұл кезде театрға бекітіліп, жұмыс істей бастаған. Республикадағы қазақтілді басылымдар оның талантты өнері, болашағы туралы мақалаларды үзбей жариялап жатты.

 Күнде жиын, күнде той... Оған пəтер иесі орыс кемпірі Галина Владимировнаның да еті үйренген.

 Осындай қонақтан кейін дастарқан жинаумен жүріп, үйге қайынағасы Мəкеннің кіргенін де байқамай қалыпты. Қасында ылғи екі елі қалмай жүретін бизнесмен жолдасы.

 – Немене, тағы да кісі күткенсіңдер ме? – деді қайынағасы кекесін үнмен. – Өздері тойшыл-ақ, одан да ақшаларыңды жи- нап үй алу жағын ойламайсыңдар ма?

 «Қайдағы ақша, жұмысқа енді тұрып жатыр ғой» дегісі келді, демеді.

 Қаталдау болғанмен, қайынағасы жиі келіп, хабарласып тұратын. Қасында үнемі əлгісі. Аты – Сағит екен.

  •  Келінің келісті келіншек, – деген сөзін құлағы шалды бірде.
  •  Ұл туғыш өзі жұдырықтай болып,– деген қайынағасының сөзі төбесінен қос қолдап қойып қалғандай əсер етті.
  • Бірақ əйелді байлық пен барлық қана көріктендіреді, –

дегенін түсіне алмады.

 Шай құйып отырып олар жаққа қарамауға тырысты. Қараса болды жылап жіберетіндей қорықты. Шынында да ештеме ойламайды екенбіз ғой. Əйелі, екі қызымен кең сарайдай екі қабатты үйде тұрып жатқан қайынағасы неге көмектеспейді екен? Он жыл пəтерден пəтерге көшіп келе жатқан өзінің күйеуін тұңғыш рет жек көрді. Соңынан ерген жалғыз бауыры- на, ел біліп, халқы танып қалған інісіне мейірленбейтін қатыгез қайынағасын да біртүрлі жек көре бастады. Кешке спектакль- ден шаршап келіп, аһылап-уһілеп жататын күйеуін ойлады. Əйелін қойшы, екі ұлы үшін неге тірлік жасамасқа? Ынжық дейін десе келмейді, еті тірі, пысық-ақ сияқты.

 Сөйтіп жүріп қайынағасына қас қылғандай үшінші ұлы дүниеге келді. Неге екенін кім білсін, əйтеуір абысыны мен қайынағасы құтты болсын айтып та келмеді...

***

 Үлкендерін мектепке шығарып салып, кішкене демалайын деп жата бергені сол еді, есік қоңырауы безілдей жөнелгені.

  • Бұл кім?
  • Мен ғой, ағаң Сағит.

Қасында қайынағасы да бар шығар деп көңілсіз есік ашты. Жалғыз екен. Қолында бір бума гүлі бар.

  •  Өй, өзің қандай əдемі боп кеткенсің, – деп бетінен сүйді. Өзінің асығыс екенін, мүмкін болса суық су ішіп кететінін айтты. Жүгіріп барып су əкеп берді. Осы кезде бесіктегі нəресте шар ете қалды. Есі шыққан келіншек ба- ласына жүгірді.
    •  Мынау кішкентайға көрімдігім–деді үстел үстіне ақша тастаған Сағит шығып бара жатып.

 Баласын уатып, есік жабуға шыққанда үстел үстінде жатқан шетелдің екі көк қағазын көріп шошып кетті. Біресе төсектің астына, біресе киімдердің арасына тыққыштап, есі кеткен. Аядай бөлмеде екі жапырақ қағаз тығар жер табылар-ау, мына кеудесіне сыймай дүрсілдеген жүрегін қайда қояр?!

Бірнеше күннен кейін телефон шалған Сағитқа:

    •  Ағатай, ақшаңызды алып кетіңіз, ондай көп ақша ала ал- маймын, – деді.
    • Ол саған емес, ана танауы пысылдап жатқан жаманға, –

деді ағасы.

    • Жоқ, сонда да. Бекенге не деймін, ол ренжиді.
    • Қызық екенсің, оған айтпай, өзің жұмсауға болмай ма?

 Ыза болған бұл телефонды тастай салды. Пəленбай жыл тұрып не киіп, не қойып жүрсің, мына жатақты қашан үйге ауыстырамыз деген ой келмейтін алаңсыз Бекенді осылай тұңғыш рет алдады. Бір күндік ішіп-жемге мəз болған ойсыз бір пендеге санап, аяп та кетті.

 Осылай-осылай басталған қатынас шынында да келіншекті белгісіз бір бағытқа жетелеп бара жатқандай. Енді,міне сол кісімен кездесуге асығып келеді. Орталық дүкен алдында күтіп тұрған оны көргенде жүрегі алқымына тірелді.

    •  Сенің жұмысқа тұрғаныңды атап өтейікші деп едім,–бол- ды оның сөзі.

***

 Екеуі үстелді жайнатып жіберді. Қуырылған балық, тауық дейсің бе, əртүрлі жеміс шырындары. Үстеліне жайған аппақ скатерть пен жиегі алтындалған фужерге шампан құйылды. Осы уақытқа дейін талай қуаныштар, өксікке толы талай қиындықтар өткенін еске түсіріп өтті.

    •  Осы күнді қанша жыл күттім десеңші, – деді қасына жақындап отырған Сағит. Саусағындағы алтын жүзігі жарқ етіп, қолын тізесіне қойды. Келіншектің тұла бойы дірілдеп кетті.
  •  Ой, Бағилаш-ау, сен тоңып отырсың ғой, күштірегінен ішейікші. Бүгін күн де салқындау екен.

 Шынында да далада жауын құйып тұр екен. «Не істегелі отырсың?» дегендей, тұнжыр аспан көз жасын төгіп тұр. Мұның да жылағысы келді...

***

Ертеңінде телефон даусынан шошып оянды.

  •  Бəке,– деген дауысты естіп қоя салды. Ұяттан өртеніп бара жатқан өз денесіне ие бола алар емес. Жүгіріп барып суық сумен шайынды.

Телефон қайта безілдей жөнелді.

  • Кешегі адресте жолығайық..

Оның даусы да жарықшықтанып шыққандай.

  •  Жо-жоқ, бармаймын. Бітті, ешкімді көргім келмейді. Телефонды қоя сала диванға сылқ етіп отыра кетті. Қанша уақыт отырғаны есінде жоқ. Бірақ уақыт өтер емес, өзі маза- сызданып, əлдекімді күтіп жүргендей күй кешті. Үнсіз тұрған телефонға əлсін-əлсін қарай береді.
  • Мен осында отырмын,– болды ар жақтағы дауыс.
  • Бармай-ақ қояйын, керегі жоқ,– деді бұл.
  • Келші, əңгімелесейік...

***

 Төртінші қабаттағы таныс есіктің қоңырауын басқалы жатқанда іштен кілттің сылдыры естілді.

  •  Алақандай көзім есіктің кішкентай əйнегіне жабысып қала жаздады,– деп күле қарсы алды ол.

 Неге екенін өзі де білмейді, əлдене айтып еркелеп құшақтағысы келді. Бірақ өз ойынан өзі ұялып, беті ду ете қалғаны.

  •  Аяғыңды шешпе,– деп туфлиін қайта кигізді. – Тоңып қалыпсың ғой, бүгін де ауа райы салқындау.

Қолын үнсіз қысып, көзінен, шашынан иіскеп қойды.

  •  Бірдеңе сұрайын ба, – деді сосын жалынғандай кейіпте. Үп-үлкен кісінің бұлай момақан бола қалғаны күлкісін келтірді.
    • Кешегі туралы не ойладың?
    •  Ештеңе, бəрі де шараптың қызуы ғой. Тұңғыш рет ішкенім, тұңғыш рет...
    • Білем, білем, інішекті де... тұңғыш рет... демексің ғой.
    • Иə.
    •  Бүгін шарап араластырмай, түнді өз еркімізбен өткізсек қайтеді?
    • Болмаймын. Бола алмаймын!
    • Боласың! Боламыз! Екеуі бірдей күліп жіберді.

***

 Өң мен түстің, əлде аспан мен жердің ортасында жүр. Жаны ғана емес, бүкіл болмысы, тəні аңсап жатты сол сəтті. Қайтадан өмірге келіп, осынау құпия əлемнің есігін енді ғана ашқалы жатқан бейкүнə бойжеткен сияқты. Қайтсем көңілінен шығамын деп жатқан оның əдемі сөздері, аймалауы есінен тандырғандай. Тұрмысқа шыққалы мұндай сəт бастан кешпедім десе, күпірлік болар. Дегенмен, біраз жылдар төсек лəззатын міндеті ғана санайтын күйеуіне деген реніш бас көтерді. Ешкім айтып та, жазып та жеткізе алмайтын, тек өзі ғана басынан ке- шер рахат дүние өз тылсымына тартып бара жатты...

***

    •  Төлқұжатыңды алып шық, – деді ертеңіне телефон шалған ол. – Мен саған үлкен сыйлық жасағым келіп тұр.

 Мəшинеге отырып Орталық тұрғын үй жөніндегі мекеменің ауласына келгенде де ештеме түсіне қоймаған. Сөйтсе... өздерін ыстық табыстырған қала ортасындағы екі бөлмелі пəтерін сыйлағалы жүр екен. Ат-тонын ала қашты.

    •  Білесің бе, егде тартып, ел ағасы елуден асқанда жан дүниемді жасартып, ішкі жан сарайымды өзіңнің тəтті қылығыңмен толтырған саған сыйламағанда кімге сыйлай- ын. Тек қолымды қақпай, қалай, немен өтер екенмін деп бас қатырмашы.

Байлығы ашылып-шашылып, кім көрінгенге сый-сияпат

жасап жүретін жан дегенде жалғыз бауыры жасамаған жақсылық... Тек қана арамдыққа ғана апарар шайтанның ісі деп өзін кінəлап жүрген тосын жағдайдың соңы осылай болар деп əсте ойламаған-ды. Жоқ бұлай ете алмайды. Есеңгіреп қалғаны сонша, қайда кетіп бара жатқаны да есіне кіріп шықпады. Есін жиғанда ғана өзіне таныс үйдің алдына келіп тоқтапты.

  •  Міне, кілт. Өз қолыңмен ашшы, – деп қиылды ол. Қолын қалай созғаны,есік ашып қалай кіргені тағы да есінен адастырғандай. Мұның бəрі тəтті бір түс секілді.
  •  Бұл біздің алғашқы офисіміз, – деді тоңазытқышты ашып жатып. Сонда ғана есін жиып үлгерген, өзі айтпақшы не үшін, қалай деп бас қатырғысы келмеген келіншек сыртынан келіп мойнына асылған күйі солқылдап жылап жіберді. Адам баласының, оның ішінде əйел затының көңілі бұзылса, жан дүниесі езіліп, қайдағы-жайдағы есіне түсіп, берекесі кететіні несі екен? Əке-шешесінің өзіне арнап жиған мүлкінен түк та- тырмай қойған адуын жеңгенің қылығы, жолдас дейтін жол- дасы да жоқ кісікиік жалғыз қайынағасына, үндемес күйеуіне өкпесі, əйелдік намысы саудаланғандай болған қазіргі күйі, бəрі-бəрі өксікпен шығып, тазаратындай ұзақ жылады.
  •  Болдың ба, болсаң мені тыңда. Қызық қусам, тек бір ғана сəттік нəпсіге тояттайтын болсам, маған қыз-келіншек табылар еді. Бірақ сен мен үшін ерекше жансың. Мəселе, сенің баспанаң жоқтықта емес, шалқып, толып-тасып отырсаң да осындай бір сыйлық жасар едім. Қаласаң енді кездеспей-ақ қоялық, өзіңе қамқоршы бола алатын, кез келген еркелігіңді, назыңды көтере алатын мені ұмытпасаң болғаны.

Ол темекі тұтатып, үнсіз отырып қалды.

***

 Бір аптадан соң көшіп алды. «Ол неғылған үй, неге тегін тұрамыз, документі дұрыс үй ме?», – деп бір ауыз сұрамаған Бекенге бір жағы аңқаулығына қынжылса, екінші жағына қуанды. Қызмет бабымен шетелге жиі кететін Сағит ағасының үйі деген соң, мүмкін сұрамаған да болар. Орны-орнымен қойылған арзандау болса да дүниелері кəдімгідей-ақ жара-

сып қалды. Мұның асықпай ойлануын күтті ме, жоқ, жұмысы солай болды ма, Сағит ағасы түрік еліне ұзақ іссапарға кетіп қалыпты.

 ... Қызыл телефон безілдей жөнелгенде еріне келіп трубка- сын көтерген келіншекке «Бүгін түнде Алматыда боламыз» де- ген «ағасының» даусы анық естілді.

    •  Ертең түсте үйде күтемін. Сағындық қой, əбден,– деді келіншек қуанышын жасыра алмай.

 Үйге сыймай барады. Алып-ұшқан жүрегі, бір ысып, бір тоңған балғын денесі əлдекімнің алақанын сағынатын сықылды...

ҮШ ТАЛ ГҮЛ

НЕМЕСЕ МЫЛҚАУ ЖІГІТТІҢ МАХАББАТЫ

 Ауылға барамыз дегелі балалар көңілді-ақ. Күйеуінің де көңілі көтеріңкі. Олай болмай қайтсін,туған ауылға, өскен жерге деген ыстық махаббаты бойын шарпып, өңіне күлкі ара- лас қуаныш нышаны қызғылтым бояумен лезде жүгіріп өтті. Əсіресе, мидай даланың қып-қызыл шоқтай боп жанып жата- тын қызғалдақтарын айтқанда кішкентайынан гүлқұмар қызы елең ете қалды.

    •  Папа, – дейді ол, – барғаннан кейін дəу атамның мəшинасымен даладан гүл теруге шығамыз ба?
    • Əрине, көлге де барамыз, гүлге де барамыз.

 Жолдасымның осы сəттегі тұла бойын шарпып өткен үлкен сағыныш менің есіме мүлде басқа оқиғаны салғандай еді. Неге екенін қайдам, əйтеуір ауыл жақ туралы ойласам, сол бір бейкүнə жан көз алдымнан көлбең қағып, ұзақ уақыт жаным-

ды қоярға жер таппай қиналамын. Жүрегімде аяныш сезім бой көтеріп, балаң жігітті мүшкіл халге түсірген тағдырына талай рет жылап отырып қарғыс айттым.

 Бұл жігіттің кезінде ауылдас жақсы ағамыздың жақсы бір шығармасына мықты кейіпкер болғанын да кейін естідім.

 Жан-жаққа жүгіріп жүріп, сол кітапты тапқанымда шексіз қуансам да, оқи отырып, мың сан жұлдыздар сияқты мына тірлікте мыңдаған тағдырлар болатынына күйіне, жанарыма жас толғаны да бар.

 ... Келін болып басқа босағаны аттаған алғашқы жылым. Бөтен жер, бөгде кісілер. Табиғатынан сөзшең келетін ауылдық жердің тұрғындарынан қаймыққаным ба, əйтеуір есік ал- дынан бір қадам ұзап шықпаймын.Жер ошақтағы қазанға бабына келе пісірілген бауырсақты да, сексеуілдің шоғына бұрқылдай қайнаған жез самаурынның түйенің қою сүтін қатқан күрең шайға да еркін қол соза алмай, сызылып жүрген кезім. Туғалы ондай тірлік кешпеген біздей келіндердің тез арада от тұтатып, шай қайнатуының өзі ақыр заман көрінеді. Бірде есік алдындағы самаурынның көк ала түтініне тұншыға көзім жасқа толып, от тұтата алмай əуре-сарсаңға түсейін. Не істерімді білмей, сасқалақтап тұрсам үй бұрышынан біреу сығалап тұрған сияқты көрінеді. Алғашында ойнап жүрген ба- лалар болар деп мəн бере қоймадым. Сөйткенімше болған жоқ басында малақайы, үстіне қыстық тон киген, аяғына үлкен бір гəлош іле салған бір бала дəл қасыма келіп қалғанда шошып кеттім.Өзінің жүрісі де қызық көрінді. Төбеден шақырайып күн тесіп тұрғанда «мынасы несі» деп ойладым. Қолымдағы шымшуырды жұлып алды да, самаурынның ішінде бықсып жатқан сексеуілдерді алып-алып тастады. Сосын түбін түртіп жіберді де, əлгілерге ыдыста тұрған майдан сеуіп, от тұтатты. Ағашты бір-бірлеп самаурынғасалды. Кернейін жапты. Өз ісіне риза болған кейіппен менің бетіме ыржия бір күліп, екі аяғын аттарша тепсініп алды да, шаңдатып жүгіре жөнелді. Аң-таң боп мен қалдым. Кешке жақын аузынан айналайыны түспейтін апама айтып едім:

    •  Е, айналайын-ай, ол бір пақыр бала ғой. Кішкентайында көзінен от ұшқындап тұратын, əуелден-ақ дала баласы еді ғой, байғұс.Шешесі екі кештің арасында айқайлап іздепжүруші еді, марқұм.Сөйтсе үсті-басы шаң-тозаң, топырақ болып өзі бір кезде оралатын-ды. Қойнын алқызыл гүлдерге толтырып қайтатын. Анасы марқұм:
    •  Абысын-ау, осы баламды қайтсем екен, кезбе боп барады. Тіпті осының кейде үйде қонып шыққанын да білмей қалам. Далаға құмар-ақ,– дейтін-ді.
    •  Е-е, ойын баласы емес пе, тəйірі, – деуші едім мен. Марқұм шеше жүрегі əлденені сезгендей, ақыры мынадай аянышты халге душар болды. Сол баяғы əдетімен гүл теріп кетіп, оны іздеген бір адам болмаған. Үшінші күні əрең дегенде тапты ғой. Сонда маңайының бəрі қызыл ала гүлдер... ұйықтап жатыр дейді сабазың. Екі түн далада қонған жасы онға тола қоймаған жасөспірімде не зəре болсын, тілі байланды да қалды. Емші- домшылар үстінен құйын өткен, бірдеңе-сірдеңе деп қойды ғой ақыры.

 Апамның осы сөзінен кейін көпке дейін ұйықтай алмағанмын.

    •  Мама, естідің ғой, папам бізді гүл теруге, көлге шомылуға алып барамыз деді,– деп қызым жұлқыламаса, білмеймін қанша уақыт отыратынымды.

 Сонымен, ертеңіне оңтүстікті бетке алып, жүрдеу пойыздың ішінде кетіп бара жаттық. Жүзімде қуаныш, көңілімде тағы да сол бейне. «Далаға, гүлге жаны жастайынан құмар-тын» де- ген ене сөзі құлағымнан кетпей қойды. Мына жұмыр жерде талай тағдыр соқпағына түсіп, шаршаса да, қажыса да ғашық жүректің лүпілі бір сəт басылар ма, шіркін?! Өмірге ғашық жандардың жүрегі не деген үлкен, мықты еді. Бəлкім, сол Сəнімнің жүрегінде де осындай төзімділік, осындай өмірге деген құштарлық, сүйіспеншілік болмаса... ол əлі күнге дейін далада гүл теріп жүрер ме еді?!

 Жамбыл қаласына келгеннен кейін ауылға қарай тағы да автобусқа отырдық. Шіркін, даланың сол сəттегі кейпін тіл ай- тып жеткізе алмас еді. Көк майса қызғалдақ дегендеріңіз жел-

мен тербеліп, сонадайдан көз тартады. Сайын даланың төсіне көз жібере отырып, мен тағы да Сəнімді ойладым.Біз бұл жаққа келмегелі бес жылдай болып қалыпты. Содан бері қаншама өзгеріс жаңалық болған шығар. Биыл, ұмытпасам, ол он сегіз- он тоғызда болар. Өйткені мен осы ауылға келін боп түскенде ол он екі-он үштегі бала-тұғын.

 Құдайым-ау, – деп ойладым іштей, неткен азапты жыл- дар, бақытсыз күндер еді. Жан-жүрегін сыздатып уыз жа- рар алғашқы махаббат дəуірі екен-ау. Мүмкін, жүрекжарды сезімін сол бір бейкүнə бойжеткенге жеткізе алмай жүрген бо- луы да. Жоқ... əлде мына тірліктен адамдар арасындағы əдемі сүйіспеншіліктен мүлдем бейхабар ма екен?! Ұзыннан-ұзын созылып жатқан үлкен жолдың үстінде келе жатып, тұңғыш рет кең де жомарт далаға кінəлай қарадым.Өзін өлердей сүйген, шүйгін шөбіне аунап, гүлдерін аймалаған сол бір баласына неге ғана мейірімділік танытпады екен, неге?..

 Жолаушылар автобусы Байқадам селосына келіп тоқтап, енді шамалы уақытта үйге жететінімізді ойлағанда, жүрегім кеудемнен шығып кетердей дүрсілдеп қоя берді.Ауылға кіреберіс жол бұрылысында Тəкі тал деп аталатын ұзындығы бес-алты шақырымдай көкпеңбек талдар шоғыры бар. Ертеде Тəкі деген кісінің қолынан егілген бір топ тал бүгінде тамаша жансаяға айналған деседі.Кішкентай ғана ауылға ерекше сəн беріп тұрғандай.Сол жерден өте бергенде жолдасым еңкейіп құлағыма сыбырлады:

  • Əне, Сəнім кетіп барады.
  •  Кəне, – дедім, даусым тым қатты шығып кетіпті. Адам бойымен пара-пар жүгері алқабының арасынан малақайлы бір адам кетіп барады.

 Үйге жетіп мəре-сəре боп қалдық. Көптен немерелерін көрмеген ата-енем айналып-толғанып жатыр. Жолдасымның кенже қарындасы Жазираға қарап отырып, уақыт шіркіннің жүйріктігіне қайран қалдым. Бой түзеп қыз болып қалыпты. Үй ішінен де қыз баланың бойжетіп қалғанын аңғаруға бола- ды. Бəрі өз орнында, жып-жинақы. Қолымды жууға сыртқа шыққанымда шаңдатып келе жатқан Сəнімді көрдім. Қолында

бір құшақ қызғалдақ. Əкелері базардан келгендей көшенің бүкіл баласы соның алдынан жүгіріп шықты. Мен дереу төргі бөлмеге кірдім де, терезенің пердесін түріп қарадым. Ойы да, өзі де ересектеніп қалыпты. Бергі қапталындағы балаға бұрыла бергенде жүзіне көзім түсті.Дөңгелек жүзді, қыр мұрын, жазық маңдай, қазақтың бір баласы осындай-ақ болар деп ойладым мен.

Бөлмеге кірген жолдасыма :

    • Қыз балаларға бір-бір талдан берді де, ұлдарға бермей тұр,
  • дедім.
    • Жігіт қой, – деді ол салмақты.Содан кейін:
    •  Сен өзің əбден қияли болып кетерсің, ондайды қой. Əркімге олай езіле берсең, ауылда талай-талай қиын тағдырларға жолығасың. Əлі қайда, бір айға дейін Сəнімнің неше түрлі қылықтарын көрерсің, – деді.

–Жылағым келіп тұр... Даусым дірілдеп шықты.

 Ауылда күнде той, күнде қонақ. Алматыдан демалысқа келді деп бір күні көкеміз, бір күні тəтеміз, əйтеуір бүгін жолдастарымызға да жеттік-ау. Сыныптастарының көбісін сту- дент кезімізден білемін.

 Бір күні кешке бір жолдасымыздың үйінен қайтып келе жатып, жолда Сəнімге кездестік. Жүгіріп келіп қолымыздан алды.Үстінде ескі солдат киімі.Төс қалтасында əдеттегіндей үш тал гүл. Қатарласып біраз жүрді де, бір кез екі қолын екі жаққа кезек сермеп-сермеп қалды да, шаңдата жөнелді. Сол бойы көшенің оң жағындағы ең шеткі көк қақпалы биік үйдің қасына келіп бір-ақ тоқтады.Ол үй совхоздың белді кісілерінің бірінен-бірі өткен əдемі қыздары бар кісінің үйі екен.

 Ертеңінде тағы да терезе алдында тұр едім, бір құшақ гүл көтеріп өтті.Есік алдына жүгіріп шықтым да, артынан қарап тұрдым.Шаңдатқан күйі көк қақпаға барып тірелді.Біраз тұрды да жолға шықты.Сосын қолындағы гүлдерін шашып тастап, аяғындағы керзі етігімен жанышты-ай кеп.Сөйтті де əлдеқандай бір əуенді ыңылдап, бері қарай жүрді. Сəл жүріп келіп тоқтап, кейін қарай жүгірді.Жүгіріп барып жерден əлдебір гүлін қолына алып, кеудесіне қысты.Бағанадан қарап

тұрған менің шамам осыған ғана жеткендей, солқылдап жы- лап жібердім.Ал Сəнім болса, қалтасына салған гүлін қолымен сыртынан ұстап, жерде жатқан гүлдерге мөлие қарап қалыпты. Не ойлап тұр екен дедім мен. Қаншама шақырым жер жүріп, даланың хош иіс гүлдерінтеріп келгенде көк қақпадан күлімдеп жүгіре шықпаған жас аруды, мүмкін оған өмір бақи сыйлай алмайтынын сезініп,жазықсыз жұлынғанымен тұрмай, жа- ныштап тепкілеген гүлдерді аяды ма, екен?! Əйтеуір, сол сəт есін жинапалғаны анық. Əйтпесе ол неге сол кеткеннен кетіп қалмай, гүлдерге қайтып оралды?Қайткенмен де жүрек жылы- тар көрініс...

 Бүгін ауылда тағы да той.Жастар тойы. Межелі уақытта той да басталып кетті.Асаба да сөзі өткір,тілі жақсы жігіт екен. Шарапсыз тойдың сəнін кіргізіп, əн мен күйге жүрек тербетіп ала жөнелді.Бір уақ жастар жағы би билей бастады. Орамал тастау ойыны басталған кезде тəртібі бойынша дөңгеленіп тұра қалдық. Менің алдымдағы қатарда тұрған орта бой- лы, аққұбажас қыздың тасаланып, əлдекімненжасырынған сыңайын байқап қалдым. Арт жаққа қайта-қайта қарайлай берген соң, мен де жаймен бұрылыпқарадым. О, тоба, дəл желке тұсымда Сəнім тұр.Қолында əдеттегіндей тағы да гүл. Үш тал қызғалдақ шам жарығымен алқызылданып, батар күнніңалқызыл жалынындай болып көрінді.Бойым тітіркеніп кетті.Жақыннан қарағандыкі ме,оның көзі қараңғылықта жанған бір шоқ тəрізді. Қып-қызыл ма, əйтеуір от екені анық. Менің де оған қарағанымды байқаған бойжеткен қызарып кетті білем, бетінің екі ұшындапайда болған кішкене шұңқырын анық көрдім. Жоқ, күлгендей ме,иə күліп тұр екен. «Неге алмайсың» –дедім мен өзімсіне.

 «Сосын, ізімнен қалмай қоя ма деп қорқамын». Үні нəзік болса да, даусы дірілдей шықты.Қасымда тұрған Гүлжан Сендер айтып жүрген көк қақпалы үйдің қызы» деп сыбырла- ды. Қуанып кеттім.Тағы да сөйлескім келді.

  •  Сенің үйіңнің жанына күнде бір құшақ гүл апарып та- стайды.
  • Білемін
    • Атың кім?
    • Гүлден
    •  Айналайын, Гүлден, енді ұсынса қолын қайтарма, алшы,– дедім. Даусым жалынышты шықты білем, ол менің бетіме жылы жымия қарады.– Онсыз да жарымжан адамды... жарай ма, ал,– дедім мен тағы да.

 Одан кейін біз өз жолдастарымызбен болып кеттік те, мен ол туралы ұмыта бастадым. Неше түрлі ойындар ұйымдастырылып, той таң алдында тарқады. Біз үйге қайтып келе жаттық. Алдымызда бір топ қыз-жігіткетіп бара жатыр екен.Көзім алдыңғы топқа түсті. Гүлден, қасындаұзын бойлы жігіт. Қыздың қолындағы үш тал гүл көзіме оттай басылды. Сəнімнің гүлі. Ақыры алған екен ғой. Ауыл балаларының ара- сынан Сəнімді көре алмадым. Мүмкін, көптен бері бере алмай жүрген гүлін сыйлаған соң, жаны жай тауып барып қалың ұйқыға кеткен болар... Алғаны қандай жақсы болды, айналай- ын, мейірімді бала екен. Он сегіз жастағы балаң жігіттің арманы орындалды-ау, көп қызы бар көк қақпалы үйдің бір аңсаған күні де бүгін болар, бəлкім қызына көңілі құлаған

жігіттің көңілі жайланған болар-ау.

 Менің де бойым жеңілдеп сала берді. Бəлкім, сол бір сəттік қуанышқа өзімнің түрткі болғаныма, тіл-аузы байланып жүрегінің жылылығын да, ренішін де, қуанышын да алақандай бадырайған көзінен ұғындыруға тырысатын бозбала көңілін дөп басқаныма қуанатын сияқтымын.

 Содан кейін Сəнім көпке дейін гүл теруге бармай қойды. Үйінің сыртында көк қақпаны бақылап отырады да қояды. Мен де одан көз алмаймын. Тағдырдың осындай талқысына түскен жандардың сезімдері де, жан тебіренісі де бөлекше болатыны рас-ау деймін. «Ізімнен қалмай қоя мадеп қорқамын» деген қыз қорқынышын да балажүрек сезбейді ғой деймісің. «Ондай əдепсізің мен емес, маған сенің бір ғана рет қолымды қақпай, гүл сыйлауға мүмкіндік жасағаның, гүлімді алғаның да өмір бақи жетеді». Оның момақан оты- рысы осыны аңғартқандай болды.

Кетуге жақындаған сайын Сəнім тағдыры қиялымды сан

орап,бір əдемі əсерде жүрдім. Əйтеуір, содан бері ол маған көңілді сияқты көрінді.

 Ауыл-елмен қош айтысып, біз де жолға шықтық. Ауылдың ажары – Тəкітал маңынан өте бергенімізде, шоқ талдың арасынанбіреу жүгіріп шықты. Қолындағы үш тал қызғалдағынан-ақ Сəнім екенін таныдым. Үш тал гүлін кеудесіне қысқан күйі жымиып күліп тұр. Осы тұрысына сүйсінген қалыппен, жан-жүрегім езіле өксідім. Ақыл-есі дұрыс кейбір замандастардың сана-сезіміне құрт түсіп, арамзалықпен күн кешіп жүргенінен сенің мына таза қалпың мың сан рет бақыттырақ шығар, бəлкім... Əйтеуір мылқау тірлік кешіп жүрсең де, сенің жаның таза, арамдық дегенді білмейсің. Гүлді де, қызды да шексіз шынайы сүйесің, алдамайсың, арбамайсың...

Көзімнен ыстық моншақтар еріксіз төгілді...

МЕН. СЕН ЖƏНЕ ЖАҢБЫР...

( Келіншек күнделігіндегі мұңлы сырлар )

 Жаңбыр əлі жауып тұр.Ақ жауын. Терезеге тырс-тырс тама- ды да, лезде жайылып кетеді. Менің есіме тағы да сен түстің. Неге екенін қайдам соңғы күндері есімнен мүлде шықпай қойдың. Көргім келеді...

 Сағыныш дегеннің өзі елес боп көрінетін сияқты маған. Кім білген?! Кейде өзіңді сол сағымданған елес арасынан көргендей болам. Өзіңмен бірге өткізген қызықты сəттерімді сағынам. Ол кезде өзіңе деген сағынышым мына себелеген ақ жауын тамшыла- рындай көздерімнен ып-ыстық жас болып төгіледі. Мұндай сəтте еріксіз бір ғажап қиялдың құндағында тербелемін.

 Есіңде болар, екеуміз дəл осындай ақ жауын астында та- нысып едік қой. Аялдамада өзге ешкім жоқ. Мен бейне сенен

пана іздегендей қасыңа келіп отыра кеттім. Сіркірей жауған ақ жаңбырдың соңы нөсерге ұласты. Мен үнсіз əлі отырмын. Жаңбыр басылар емес. Сағатыма əлсін-əлсін қарап қоямын. Осы кезде иығыңдағы сөмкеңнен қап-қара қолшатырды алдың да маған:

    • Жүріңіз, мен сізді шығарып салайын, – дедің сыпайы ғана.

Қолшатырың бола тұра неге отырғаныңды түсінбедім.

    • Жо-жоқ, рахмет, – дедім басымды шайқап.
    • Уақыт ұтқыңыз келмей ме?– дедің тағы да жымиып.

Сонда ғана жүзіңе тіке қарадым. Жүрегім шым ете түсті.

    •  Ренжімесеңіз, таныс болайық, – деп қолыңды ұсынып, атыңды атадың. Мен де есімімді атап қолымды ілгері соза бердім.

 Сен осыдан кейін-ақ маған жиі кездесе бердің. Тып-тыныш жүрген жан дүнием сені көргенде аласапыран күйге түсетін.

 Бірде ұзақ қыдырдық. Тағы да көк аспан көгеріп, көк жүзін тілгілей найзағай ойнай бастады. Бағанадан үнсіз келе жатқан сенің бір сəтте жүзіңде қуаныш ойнап, көңілденіп кеттің.

    •  Міне, бір тамшы жаңбыр, тағы да жаңбыр, – дедің дауыс- тап.
    • Мен жаңбырдан, əсіресе найзағайдан қорқамын, – дедім.

Сен күлдің-ай кеп. Күлгенің қандай жарасымды еді.

    •  Білесің бе, жаңбыр – нұр! Нұр ғой бұл, нұр! Біздің бала махаббатымызға шашу!

Осыны айттың да мені өзіңе қыса түстің.

    • Танысқанымызға небəрі... мүмкін емес... əлі...

 Аузымды алақаныңмен баса қойдың. Көз алдыма сенімен танысқаннан кейінгі кездерім, өзіңді аласұра іздеген күндерім келді. Сенің сөйлеген сөздерің, жүріс-тұрысың, бəрі-бəрі үйлесімді көрінеді. Мені ұнатып қалғаныңды алғашқы ақ жа- уын астында-ақ сезсем де, өзімді салмақты ұстауға тырыс- тым. Егер ұшқалақ болсаң жарты жыл емес, жарты күнде-ақ ойыңды ақтарып сап қарап тұратын едің-ау. Ішкі ойым осы- лай дейді. Бірақ тілім байланып қалғандай ештеңе дей алар емеспін. Саған қарасам, көзіңнен əлдебір жалынышты жалын шашырап телміре қарап қалыпсың. Осы бір тұрысыңнан-ақ

шынайлықты, адалдықты сезінгендей болдым. Несін жасырай- ын, сен де маған ұнайтынсың. Көңіліме ұялаған əлдеқандай белгісіз бейнеге ұқсатқандай болам сені...

Далада жаңбыр жауып тұр...

***

 Есіңде ме, сол бір көктем. Көгілдір көктемнің сол бір тамылжыған түні. Жұлдыздары, мыңдаған шоқ жұлдыздары төбеде күлімдей қарап, қараңғылыққа мүлгіген жұмыр жерге аппақ сəулесін шашқан айлы түні есіңде ме?..

 Əрине, есіңде! Сол бір күн, сол бір сəт тіпті екеуміздің жүрегімізден өшпек емес. Естисің бе, мен де, сен де ұмыта ал- маймыз. Неге дейсің ғой, сұрамашы!Таңданған кейіпте тесіле ұзақ қарауың мүмкін, бірақ сен олай сұрауға тиіс емессің. Көктемнің махаббат қуанышына толы ұзақ та қысқа түндері, оның күн көзін ала бере тамшылай жауатын ақ жаңбыры ше?!

 Сезесің, бəрін де сезінесің!Тек осынау ақ жаңбырдың астында суға малшынып, жапырақтарынан мөлдір тамшы- лар аяусыз сорғалаған биік тəкаппар бəйтеректі паналай тұрып қалған екі бейне елес беріп өтері анық. Көктемім-ау менің, сен менің тұп-тұнық сезімдерімді əдемі жыр жолда- рында əсерлі шумақтармен өрмесем де, керемет жырлар- ды сүйіп оқитынымды білесің ғой. Міне, қазір де қолымда белгілі ақынның жыр кітабы. Ақтарып отырып, мына бір шумақтарға қайта-қайта көңілім бұзыла бергені несі? Жоқ, шынымен еке, мен шынымен-ақ сон-нау оралмасқа кет- кен балғын балалығымды, тұңғыш рет жүрек дір еткізер алғашқы тұп-тұнық мөлдір махаббатымды сағынғаным ба, жоқ əлде...Қаншама жылдар, қаншама көктем өтсе де, менің сол бір алаңсыз қалпымды ұмыттыра алмағаны ғой. Алаңсыз қалпымды емес-ау, сені, естисің бе, СЕНІ.

***

Жаңбыр жауып тұр. Тағы да жауын.

  •  Сен неге жаңбырдан, найзағайдан қорқасың, бірақ жаңбырлы күнді асыға күтетінің қалай? – дедің бірде.
    •  Қорқатыным рас, бірақ жаңбырдың жиі жауғаны керемет емес пе. Өзің ойлашы, адамның күйбең тірлік шаршатқан көңілі түгіл, мына шаң-шаңы шығып, кебірсіп, ағараңдап жатқан не болмаса енді ғана қылтиып шығып келе жатқан көкмай саларға да су керек қой, керек. Олар да шөлдейді емес пе?! Ал жау- ын жауса бəрі-бəрі, барлық тірлік жаңарады. Тынығады.
    •  Десең де, сен аспан бұлттанған сайын көздерің күліп, аса бір қуанышты сəт кешетінің, кейде жаныңда мен отырсам да əлдебір ой құшағына еніп, мүлдем есссіз қиялға шомуың мені қатты ойландырады. Сені қайдам,мен сені алғаш көргеннен бастап-ақ құлай сүйдім. Ақыры арманыма жеттім де...
    •  Мен де бақыттымын, – дедім. Бірақ көңілімнен шықпайтын сол бір жапырақ хат жолдары көз алдымнан тізбектеліп өтіп жатты.

 «Сенің бетіңнен қайтпайтыныңды білгеннен кейін, менің бар арманым – сенің бақытты болуың еді. Менсіз өміріңді күйбең тірлікке санасам да (өзімше ғой), еріксіз егіле оты- рып бақыт тіледім саған. Бірақ, сен, есіңде болсын, мына көгілдір көктем, оның себелеген тынымсыз жаңбыры тұрғанда ешуақытта да, ешқашан да ұмытуға тиісті емессің... Ұйқысыз түндеріңде, жағдайсыз түстеріңде мені кездестіріп, мазаң кетсе де мойындамауға тырысып бағасың-ау. Ол сенің қаныңа сіңген əдетің еді ғой. Сен менің ерке қырсығым едің. Мені сүймесең де, сенің бұлтты күнді асыға күтіп, долы аспанның көз жасына шомылғанды жақсы көретініңе қуанам... Өйткені, онда менің саған деген алғашқы тұнық махаббатымның мөлдір тамшыла- ры да бар екенін сезсең ғой...»

 Иə, жаңбыр жауып тұр.Осынау көктем сайын өзіңді іздемесем де, есіме жиі аламын... Онсыз да қиындау мына тірлікте өзіңе тілеулес жер бетінде бір жанның өмір сүріп жатқанына не жетсін!?

 Қызықпыз-ау, əйтеуір. Жаңбырлы күнді сағынам. Тезірек ақ жауын жауса екен...

ЕРТЕГІМ МЕНІҢ...

  • ҚЫЗ-САҒЫНЫШ

 Онымен танысқаныма шамалы-ақ уақыт өтті. Бірақ бұрыннан, тіпті өмір бақи танитын адамдай қабылдадым. Көргім келіп тұрады. Жақсы көріп қалған сияқтымын.

 Ессіз десем күлерсіз. Бірақ мен оны таза, əдемі қалпынан ойша болса да бұзғым келмейді. Өзіңнің көңіліңе ұнайтын нəрсенің ешқандай кемшілігі болмайтыны сияқты күй кешем. Оның бойында кемшілік түгіл, ұнамсыз қасиеттері де болуы əбден мүмкін ғой. Ал мен оны көргім келмейді. Тіпті іздемек түгілі ойлағым да жоқ.

 Ғашық боп, сүйіп қалдым деп те айтпай-ақ қояйын, бірақ жақсы көріп кеттім. Оның қолымды ыстық алақанымен жы- лытып, ұзақ сипалағанын қалаймын. Қысып-қысып сүйсе екен деймін...

 Сөйтем де, оның да, өзімнің де төзімділігіме қызығам. Осыншама екеуара сүйіспеншілік бола тұра, əлі күнге адалдықтан аттаған емеспіз.

 Алматының қысқа таңын қол ұстасып жүріп атырсам деймін. Түн қаншалықты суық болса да, онымен қыдырудан қашпас едім. Жүре берсем, жүре берсем...

 Өзімді-өзім түсінбей қалдым. Ерекше күйге түсем ойла- сам. Керемет қиял-ғажайып ертегінің кейіпкері секілдімін. Ертегімнің əдемі аяқталғанын қалаймын.Тіпті, бітпесе екен...

***

 Мен ОНЫ ұзақ күттім. Уақыттан ұтылсам да көрмей кеткім жоқ. Неге? Неге екенін өзім де білмеймін, тіпті сұраудың өзі де ыңғайсыздау.

 Жыладым. Ұзақ жыладым.Менің көз жасыма тұрмайтын пенде болса да, əйтеуір онымен əдемі кештерім өткенін ойла- сам, ет жүрегім елжіреп кетеді. Əдемі кеш дегенімді түсінбей қаларсыз, небəрі бірер сағат қол ұстасып қыдырғаным. Оның əдемі қалжыңы, күлкісі, анда-санда байқамағансып өзіне

қысып қоюы. Басқа түк те емес, шын сөзім. Жарасымды ортақ əңгіме тапқан екеуміз əрнені айтып уақыттың қалай кеш болғанын білмей қалыппыз. Бірақ кеткім жоқ, сөйлесіп тұра бергім келеді.

 Оралмасқа кеткен жастық шағымдай кетуге қимай тұрмын. Со-нау он жеті мен он сегіздің арасында ой-қиялмен шарлап кеткен көңілімді бұзғым келмейді. Көңіл көкжиегіне тұнып қалған сол бір қимас сəттерім қиялыма қанат бітіргендей.

«Қайран жиырма бестің» де қадірін сездірген, арманымды, ақ арман-аққуымды ұшырып алып қондыра алмай баз кешіп жүргенде қайта кездескен ОҒАН неге риза болмайын. Қол бұлғап қалған жастығыма қайта оралғандай əдемі қалпымнан айнығым келмейді.

 ОНЫмен қоштасып кетіп қалсам, мына əдемі əсерден де ажырап қалатындаймын. Балалығымды, біресе жас- тығымды еске түсіріп, ойша сапарлас болған ОҒАН, ҚЫЗ- САҒЫНЫШҚА деген алғысымда шек жоқ.Жабыққан, тарыққан сəттерімде үнемі сапарлас болуға шақырамын СЕНІ, ҚЫЗ-САҒЫНЫШ!..

  • АҚСУДЫ АҢСАУ

 Айнала аппақ мамық. Жұп-жұмсақ болғанымен де, Жер-Ана бойын суық шалмасын дегендей қымтап, түгел оранып алған сыңайлы. Бағана басына ілінген электр шамдары əудем жерге дейін күміс қармен шағылысып, жарық сəуле түсіріп тұр.

 Аяқ астында ақ моншақтай шашылып жатқан мөлдір сəтті басуға қимайсың. Шіркін-ай, Арқаның қысына ештеңе жетпейді ғой. Ақ бораны ысқырып, уһілей бораған қарын кере- мет сағынып қалыппын. Үй-үй арасында сүрмесі бар тракторлар үйіп тастаған омбы қарға көміліп, ішек-сілеміз қатқанша күліп рахаттана сырғанаушы едік-ау. Қос атқа жегілген шанамен екі ауылдың арасында дамыл таппаушы едік. Кейде қабыршақтана қатып жататын Ақсудың мұз астында жылымықтана ағып жатқан жеріне сирағымыз да түсіп кетуші еді.

 Бала кезім. Алғырт та аңғал бала кезім. Наурыз айының орта шені. Бірде класс жетекшіміз:

  •  Балалар, екі-үш күнге сабақтан боссыңдар, қатты жау- ын-шашын болатын көрінеді. Тоқсан басынан бері өткендерді қайталаңдар, – деп үйге қайтарып жіберді.

 Үйге жеткенше жүгірдім. Анда-санда ауыл сыртындағы асау Ақсуға құлақ түремін. Əншейінде ұзақ-сонар əнге басып гүрілдеп жататын ол үнсіз.Ақсу əлгіндегі апай айтқан дүлейден қорқып жатқандай сезілді маған. Қазір мен барып анамның құшағына тығылам, ал «оны кім қорғайды екен» деген бала қиял жүрегімді шымырлатып қоя берді.

Қора маңында мал жайғап жүрген əкеме:

  •  Көке, көке, – дедім де жылап жібердім. Қапелімде не болғанын ұқпай қалған ол аңырап тұрып қалды.
  •  Құлыным-ау, не болды? Əкесі-ау, неғып тұрсың, – деген анамның даусын естіп одан сайын өрши түстім.
  •  Жүре ғой, ботам, ауырып келдің бе, неге ерте келдің сабақтан? Əкем ет жүрегі елжіреп, сөйлеп келеді.

Мен мектептен не үшін ерте кеткенімді айттым.

  • Енді неге жылайсың?
  •  Найзағай ойнап, қатты жауын болса, Ақсу қалай...Тағы да кемсеңдей бастадым.
  •  Ой, қоңыр қозым-ау, қайта сенің тентек өзеніңнің арнасы кеңейіп жақсы боп қалады, балам, – деді əке-шешем қосыла күліп.

 Қатты қобалжығаннан болар, біраздан соң ұйықтап кетіппін. Бір кезде көзімді ашсам бөлмеде жарық жоқ. Нөсер басылған болса керек, сыртта тырс-тырс дыбыс қана естіледі. Терезені тоқылдақ сияқты анда-санда ұрғылай жөнеледі.

 Сол түні Ақсу өзені қандай күй кешсе, мен де сондай күйде болғаным анық. Күндіз-түні күркірей жауған нөсер екі-үш күн емес, бір жетіге созылды...