👈 қаріп өлшемі 👉

Мұхиттар және мұхиттар


Мен оқығанды ұнатамын!

Мен оқығанды

ұнатамын!

4

ДЕҢГЕЙ

Балаларға жылдам əрі дұрыс оқуды қалай үйретуге болады? Олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қандай кітап таңдау керектігін білесіз бе? Бұл сұрақтарға балаларға арналған

«Мен оқығанды ұнатамын!» бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптар сериясы көмектесе алады. Бұл серия 64 кітаптан тұрады, онда балалардың жас ерекшеліктерін жəне қызығушылықтарын ескере отырып əзірленген жəне құрастырылған материалдар бар.

Серия 4 деңгейге бөлінген:

«Оқып үйренемін» (5–6 жас), 16 кітап

«Оқи аламын» (6–7 жас), 16 кітап

«Өзім оқимын» (7–8 жас), 16 кітап

«Жақсы оқимын» (8–9 жас), 16 кітап

Алуан түрлі тақырыптар кішкентай оқырмандарды интеллектуалдық тұрғыдан дамытып, қоршаған əлемді тануға мүмкіндік береді.

Балалардың жасына сəйкес блокта ұсынылған тақырыптар:

«Жануарлар», «Жер Ғаламшары»,

«Ғылым жəне өнертабыстар», «Тарих»

Бұл тақырыптардың əрқайсысында таңғажайыптар мен ең қызықты дегендердің барлығы ұсынылған. Балдырғандарыңыз осы əсем жəне пайдалы кітаптарды рахаттана оқитын болады!

Материктер жəне мұхиттар

Continents_cover.indd 121.10.11 18:30

Материктер жəне мұхиттар

Мəскеу

«Махаон» 2011

Жердің жоғарғы қабығын жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігі құрайды. Бұл қабық литосфера деп аталады. Ол үстінде материк- тер орналасқан үлкен тақталардан құралған.

Материктер немесе континенттер мен арал- дар Жер бетінің үштен бірін алып жатыр. Біздің ғаламшардың үштен екісін су басып жатыр.

Мұхиттар – континенттерді бөлетін судың ора- сан массалары. Теңіздер, шығанақтар мен қойнаулар – құрлыққа кіріңкі мұхиттардың бөлігі.

Материктер

Жер құрлығы алты материктен: Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Афри-

ка, Австралия жəне Антарктидадан турады. Жер жүзінің бөліктері дегеніміз – жақын орналасқан аралдары бірге алынған материктер. Жер жүзінің алты бөлігін: Еуропа, Азия, Африка, Ав- стралия, Америка (Оңтүстік жəне Солтүстік), Антарктиданы ерекшелейді.

Ғалымдар 200 миллион жыл бұрын Жерде Пан- гея алып материгі болған деп болжай-

ды. Сосын ол жеке бөліктерге бөлініп, алшақ тай отырып, қазіргі материктердің сұлбасына енген.

Материктердің ығуы қазір де жалғасуда.

6

Еуропа

Еуропа – Еуразия материгінің бөлігі. Азиямен табиғи шекарасы – Орал таулары. Еуропадағы табиғи жағ- дайлар бірдей емес. Оның оңтүстік бөлігі жылы Жерорта теңізінің суларымен шайылса, солтүстік бөлігі Солтүстік поляр шеңберінің ар жағына жайылған. Еуропаның аумағында дүниедегі ең кішкентай жəне ең үлкен мемлекет – Ватикан мен Ресей орналасқан.

Париж, Франция

Францияның астанасы Париж - Еуропаның сұлу қалаларының бірі. Эйфель мұнарасы - дүниенің əйгілі əсем ғимараттарының бірі.

 Париж ФРАНЦИЯ

7

Футболшы- лар

РЕСЕЙ

Мəскеу

Ватикан

Украин бишісі

8

Нью-Йорк

Нью-Йорк – АҚШ-тың ең ірі қаласы. Бұл іскерлік жəне сауда орталығы. Еркіндік мүсіні мен көк тіреген үйлер – АҚШ-тың белгісі.

Еркіндік мүсіні

Көк тіреген үйлер

Солтүстік Америка

Бейсбол – АҚШ-тағы ең танымал

спорт ойыны.

Солтүстік Американың аумағына – Канада, АҚШ, Мексика жəне Жердегі ең үлкен арал – Данияға тиесілі Гренландия кіреді. Екі американдық материкті біріктіретін уықтай мойнақта жеті кішкентай ел орналасқан.

9

КАНАДА

Канаданың солтүстігінде осы аймақтардың байырғы тұрғын- дары – инуиттер өмір сүреді.

АҚШ

МЕКСИКА

Нью-Йорк

Солтүстік Американың басты тау тізбектері – шығыс жаға- лаудағы Жар- тасты таулар жəне Аппалач- тар – батыс жағалауда орналасқан.

10

Оңтүстік Америка

Оңтүстік Америка - өзінің көлемі бойынша төртінші континент. Батыс жағалауды бой- лап, Жердегі ең ұзын тау тізбегі – Андтар со- зылып жатыр. Материктің солтүстік-шығысын ылғал тропик ормандар алып жатыр. Оңтүстік Американың аумағында 12 ел орналасқан.

Рио-де-Жанейро, Бразилия

Бразилияның ірі қалаларының бірі Рио-де-Жанейрода əсерлі костюмді мереке – карнавалдар жыл сайын өткізіледі.

Дүниедегі ұзындығы жағынан екінші болатын Амазонка Перудың аумағындағы Андтан бас- талып, Оңтүстік Америка арқылы Атлант мұхитына құяды.

11

БРАЗИЛИЯ

ПЕРУ

Рио-де-Жанейро

Атлант мұхиты

Лама- лар

Перуды

кечуа үндістері мекендейді.

12

Азия

Азия бүкіл құрлықтың үштен бірінен астам жер алады. Ол Арктикадан экваторға дейін жайы- лып жатыр. Азияда Жер тұрғындарының басым көпшілігі өмір сүреді, бірақ

кейбір аудандарында, мысалы, тундраның тұрғындары

аз, ал кей жерде, мəселен, күн күйдіріп жіберген шөлдер мен Гималай тауларында тіпті жоқ.

Велорикшалар

Индонезияда осындай так- си велосипедтер адам-

дар мен жүктерді та- сымалдайды. Көлік- тің бұл түрі ауаны

ластамайды.

Азияның ландшафтары алуан түрлігімен таң қалдырады. Еңді терең ойпаңдар – Байкал көлі мен Өлі теңіз, тропик ормандар мен шөлдер, далалар мен тундра – осының бəрі Азияда орналасқан. Жердегі ең биік таулары – Гималайлар да осында.

13

РЕСЕЙ

ҚЫТАЙ

ҮНДІСТАН

Гонконг

Гонконгтағы автобус

Үнді пілдері

ИНДОНЕЗИЯ

14

Африка

Африканың табиғаты алуан түрлі. Солтүстік жағалауы – бай жəне құнарлы өлке.Оның артынан Сахара шөлі жайы- лып жатыр. Сахарадан оңтүстікке қарай

– ылғал тропик ормандар белдеуі бар. Оның оңтүстігін антилопалардың та- бындары құрлықтың ең үлкен жануа-

ры – пілдермен бірге жайылып жүрген са- ванналар орын тепкен. Африкада 53 ел орналасқан.

Жабайы табиғат

Адамдар Африкаға пілдер, арыстандар, сусиырлар, зебралар мен мүйізтұмсықтар тəрізді жабайы жан- уарларды көру үшін келеді.

Дүниедегі ең үлкен өзен – Ніл – Шығыс Африка- ның тауларынан бастау алып, солтүстікке, Африканың жартысы арқылы, Жер- орта теңізіне барып қуялды.

15

Габоннан келген бетперде

Сахара шөлі

ЕГИПЕТ

КЕНИЯ

ГАБОН

Кенияның тұрғыны

16

Жұмақ құсы

Жаңа Гвинея

Үлкен Тосқауыл кедертасы

АВСТРАЛИЯ

Улуру

Австралия

Австралия – ең кішкентай материк. Ол жан- жағынан аралдары шашылған мұхитпен қоршалған. Австралияда тек сол жерді ғана мекендейтін жануарлар көп, мысалы коала аюы, кенгуру, поссум, жұмақ құсы, үйректұмсық.

17

Бұл континентті ХVII ғасырдың басына дейін ша- мамен 40 000 жыл бұрын Оңтүстік-Шығыс Азия- дан осында келген аборигендердің тайпалары ғана мекендеген.

Тынық мұхит аралдарының балықшылары

 Бұл қызық

Австралияның солтүстік- шығыс жағалауын бой- лай дүниедегі ең ұзын маржан кедертасы - Үлкен Тосқауыл кедерта- сы созылып жатыр. Ол тіпті Айдан да көрінеді.

Улуру

Ыстық шөлдің қақ ортасында дүниедегі ең үлкен – қызыл түсті алып тұтас тау асқақтайды. Абориген- дер осы жартасты қасиетті деп санайды.

18

Альбатрос

Бұл қызық

1983 жылғы қыста ресейлік

«Восток» ғылыми станция- сында Жердегі ең төмен температура тіркелді: -89◦С.

Антарктика

Антарктика – Антарктида материгі мен көптеген аралдардан құралады. Антарктида – тек суық қана емес, сонымен қатар, ғаламшардың ең желді ауданы. Оңтүстік полюстегі мұзға құрсалған материк. Жазда жағалауын бойлап мұздар алып кесек – мұзтау болып сынып бөлінеді.

19

АНТАРКТИДА

Антарктида-

да тұрақты ешкім тұрмайды. Ол жер- ге дүниенің əр түрлі елдерінен ғалымдар уақытша келеді. Олар бірегей тірі табиғатын, материктің құрылымы мен ауа- райы жағдайларын зерттейді.

Ғылыми станция

Пингвин- дер

20

Тынық мұхиты

Тынық мұхиты – барлық мұхиттардың ішіндегі ең үлкені жəне тереңі. Ол Жер бетінің үштен бірін алып жатыр. Тынық мұхитта көптеген аралдар бар.

Тынық мұхит – ең қауіпті судың бірі. Дауыл, жел мен теңіз дауылдарының саны жағынан Солтүстік Мұзды мұхитты басып

Мариан ойысы

озады. Тынық мұхиттың жануарлар əлемі

өте бай. Аралдардың тұрғындарын балық шаруашылығы азықпен жəне

жұмыспен қамтамасыз етеді.

Ақ акула

Ақ акула ең қауіпті жəне қанішер жыртқыштардың бірі болып есептеледі.

21

отты сақина

 Бұл қызық

Дүниежүзілік мұхиттың ең терең нүктесі - Ма- риан ойысы – Тынық мұхиттың батыс бөлі- гінде орналасқан.

ТЫНЫҚ МҰХИТЫ

Тынық мұхитты жиектеген əрекеттегі жа- нартаулар жолағын отты сақина деп атай- ды. Ол жерде қиратушы жерсілкінулер

мен жанартаулардың атқылауы жиі болып тұрады.

Атлант мұхиты

Атлант мұхиты – шамасы жағынан Тынық мұхитынан кейін екіншісі жəне ең жасы. Баты- сында Американың, шығысында – Африка мен Еуропаның жағасын шаяды. Атлант мұхитының қайраңынан мұнай мен газдың бай қорлары та- былды.

Мұхит түбімен солтүстіктен оңтүстікке қарай Орта-Атлант жотасы созылып жатыр – Жер бетіндегі ең ұзын тау тізбегі су қалыңы астында жасырылған. Исландия аралы мен Азор аралдары осы жотаның шыңдары.

23

Орта- Атлант жотасы

АТЛАНТ МҰХИТЫ

Бұл қызық

Орта-Атлант жотасын бойлаған жарылым созылып жатыр, одан теңіз түбінің ажы- рамасы жүзеге асады, соның нəтижесінде мұхит жылына шамамен 2,5 см кеңейеді.

24

Жойылған додо

Мадагаскарға жақын жерде

орналасқан кішкентай арал - АФРИКАДАҒЫ

Маврикий мемлекетінің елтаңбасында XVII ға- сырдың аяғында жойылып кеткен додо дронт құсы бейнеленген.

АФРИКА

Мадагаскар аралы

Маврикий аралы

Үнді мұхиты

Үнді мұхиты – мөлшері жағынан үшінші болатын Жердің мұхиты. Үнді мұхитының теңіздеріне көп сулы ірі өзендер: Ганг, Инд, Тигр жəне Евфрат, Замбези мен Лимпопо келіп құяды. Мұхиттың батыс бөлігінде дүниедегі көлемі бойынша төр- тінші болатын – Мадагаскар аралы орналасқан.

25

ҮНДІСТАН

ҮНДІ МҰХИТЫ

Бұл қызық

Үнді мұхитының жағалауларын балықтың 4000 түрі мекендейді, олардың көпшілігі басқа ешбір жерде кездеспейді.

АВСТРАЛИЯ

Барлық мұхиттардағы ағыстардың бағыттары жыл он екі ай тұрақты болады. Үнді мұхитының солтүстігінде олар жылына екі мəрте өздерінің бағытын өзгертеді. Қыста муссондардың ықпалымен олар батысқа, Африкаға бағыт- талса, ал жазда – шығысқа, Үндістанға бағытталады.

26

Солтүстік Мұзды мұхит

Барлық мұхиттардың ішіндегі Солтүстік Мұзды мұхит – ең кішкентайы жəне

ең тайызы. Жылдың басым бөлігі бойы мұз жамылады. Осы суық суларда итбалықтар, морждар жəне науандардың əрқилы түрлері өздерін жақсы сезінеді.

Гренландтық үйлер

Мына кішкентай ауылда Аркти-каның байырғы тұрғындары – инуиттер өмір сүреді.

СОЛТҮСТІК АМЕРИКА

Еуропалық саяхатшылар XVI ғасырдағы Азияға баратын жаңа сауда жолын іздеу кезінде аркти- калық теңіздерді зерттей бастады. Ағылшын теңізшілері Канаданың солтүстік шекара-

сын бойлайтын өткелді картаға енгізді, ал голландықтар Сібір жағалауын бойлай жүзіп өтті.

27

Ғылыми- зерттеу кемесі

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

ГРЕНЛАНДИЯ

АЗИЯ

ЕВРОПА

ИСЛАНДИЯ

Морж

Ғарыштан қарағанда

Ғарыш серіктері жер бетінің суреттерін ұдайы жасайды. Ғарыштан алынған суреттерден кон- тиненттер мен мұхиттар, сонымен қатар Жерді қымтаған бұлттар көрінеді. Суреттерді зерделей отырып, ғалымдар ауа-райын болжай алады.

Солтүстік Америка

Еуропа

Солтүстік Америка

Ойлан!

Мына елдер қай материктерде орналасқан?

ҚЫТАЙ ПЕРУ КАНАДА БРАЗИЛИЯ ҮНДІСТАН КЕНИЯ

АВСТРАЛИЯ АҚШ АРГЕНТИНА РЕСЕЙ ИНДОНЕЗИЯ ГАБОН

Сөздікше

Аборигендер – бұрыннан бері тұрып жатқан қандай да бір аумақтың немесе елдің байырғы тұрғындары.

Ағыс – мұхиттағы судың бағытталған қозғалысы.

Қайраң – материктің суасты шетінен түзілген теңіз түбінің жағаға жақын бөлігі.

Ландшафт – жер бетінің пішіні.

Маржан кедертасы – өте кішкентай жануарлар –

маржандардың қаңқаларынан түзілген қырқа.

Муссондар – өз бағытын мерзім сайын өзгертіп оты- ратын Оңтүстік Азияның желдері. Қыста муссондар өзімен қуаңшылық əкеліп, солтүстіктен соғады. Жаз- да өз бағыттарын өзгертіп, жаңбыр шақырып, мұхит жағынан соғады.

Саванна – қуаң тропиктердегі жалғыз өскен ағаштары мен талдары бар, шөп өсетін кең кеңістіктер.

Солтүстік поляр шеңбері – Жер бетіндегі шартты сызық. Жазғы күн тоқырауында (21 немесе 22 мау- сымда) осы сызықтан солтүстікке Күн батпайды, ал қысқы күн тоқырауында (21 немесе 22 желтоқсанда) – шықпайды.

Тундра – мəңгі тоң аймағындағы полюске жақын жерлердегі ормансыз кеңістіктер, əдетте батпақ, тасты жəне ұсақ өсімдіктер: мүктер, қыналар, тапал талдар өседі.

Ылғал тропик орманы (жыңғыл) – жаңбыр жиі жауа- тын тропикте орналасқан қалың орман. Бұл ормандар жануарлар мен өсімдіктердің түр-түріне бай.

УДК 372.416.2

ББК 74.200.585.00

М33

«Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің Тіл комитеті

«Мемлекеттік тілді жəне Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды».

Бастауш сынып жасындағы балаларға Для старшего дошкольного возраста

МАТЕРИКТЕР ЖƏНЕ МҰХИТТЕР

Авторы Роберт Коуп

CONTINENTS

Copyright © 2008 Weldon Owen Pty Ltd Conceived and produced by Weldon Owen Pty Ltd 61 Victoria Street, McMahons Point

Sydney, NSW 2060, Australia

Все права защищены. All rights reserved.

© Перевод на казахский язык. ТОО «Книжный полюс», 2011

© ООО «Издательская Группа «Азбука-Аттикус», 2011 Machaon®

ISBN 978-5-389-03065-7 (каз.)

ISBN 978-5-389-00429-0 (русск.)

ISBN 978-1-74089-674-0 (авс.)

ООО «Издательская Группа «Азбука-Аттикус» —

обладатель товарного знака Machaon

119334, Москва, 5-й Донской проезд, д. 15, стр. 4

Тел. (495) 933-76-00, факс (495) 933-76-19

E-mail: sales@atticus-group.ru; info@azbooka-m.ru www.azbooka.ru; www.atticus-group.ru

Қазақ тіліне аударған: Марал Жұмағалиева, редакторы: Мақпал Тажмағамбетова Баспагерден алынған эксклюзивті құқықтардың иесі «Кітап ұйық»ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 1, тел: (727) 2735906, 2735907

Суретімен 24 бет

Басуға 2011ж. қазан қол қойылды Формат 70х100 1/16 ,жылтыр қағаз Шартты баспа табағы 1,93

Таралымы 11000 дана, тапсырыс №

«№ 2 Офсетті баспа фабрикасы» ААҚ-да басылған

141800, Мəскеу облысы, Дмитров қаласы, Московская көшесі, 3.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:





Жаңалықтар:
» Әнші Роза Әлқожа қызына су жаңа көлік сыйлады (видео) 16.09.2022
» Қазақстанда еңбекке қабілетті 9 млн адам тегін курстардан өте алады 16.09.2022
» 2023 жылдан бастап жұмыстан шығып қалғандарға төленетін жәрдемақы өседі 08.09.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы