👈 қаріп өлшемі 👉

ШЫНАШАҚ ертегі - Гриммдер Ағайынды


аза стан Республикасы Мәдениет министрлігініц Тіл комитеті

«Мемлекеттік тілді және аза стан хал ыныц бас а да тілдерін дамыту» багдарламасы бойынша шыгарылды

 Ертеде Мерлин атты сиқыршы өмір сүріпті. Ол келбетін қалауын- ша өзгертіп, кез келген нәрсеге айнала алады екен. Бір күні Мерлин қайыршы кейпіне еніп, сапарға шығады. Жер-жерді аралап жүріп, жолдан шаруаның үйін көріп тоқтайды. Отын кесуші мен оның әйелі оны жылы қабақпен қарсы алып, дастарқан жаяды. Үй иелерінің қо- нақжайлылығына Мерлин риза болады.

 Шаруа әйелінің жабырқау көңіл-күйін байқаған Мерлин одан:

– Неге көңілсізсің? – деп сұрайды.

2

Әйелдің жанары жасқа толып:

 – Баламыз жоқ, әкесінің шынашағындай ғана ұлым болса өмірдегі ең бақытты әйел болар едім,

  • дейді.

 Мерлин қайырымды әйелге көмектескісі келіп, оның арманын орындайды. Әйел жүкті болып, жеті айдан соң дүниеге нәресте әкеледі. Сәбидің бойы шынашақтай ғана болып туылған соң, оның атын Шынашақ деп қояды.

3

4

 Жылдар өтеді, бірақ баланың бойы өспейді. Титімдей ғана Шынашақ аласа бойына қарамай, парасатты, ақылды әрі пысық болады. Бір күні отыншы орманға ағаш кесіп келу үшін жиналады.

  •  Ат жеккен арбамды орманға кім әкеліп берер екен? – дейді.
  • Әке, мен бармын ғой, – дейді әкесіне Шынашақ .
  •  Балам-ау, сен оны қалай әкелмексің? – деп сұрайды әкесі.
  •  Егер анам атқа арбаны жегіп берсе, мен аттың құлағын- да отырып алып, оған жол көрсетемін, – деп жауап береді Шынашақ.

 Отын кесуші келісіп, үйден шығып кетеді. Орманға бара- тын уақыт болғанда, анасы атты арбаға жегіп, Шынашақты аттың құлағының түбіне отырғызады. Шынашақ «Шу, шу!»

– деп еді, ат үйреншікті жолымен орманға қарай бет алады.

5

 Ат көшенің бұрылысынан бұрылғанда, Шынашақ оған: «Шу, жануар, шу!» деп тағы да айқайлады. Сол маңда жүрген екі адам бұған қатты таңырқайды:

    •  Мына қызықты қара, жегілген ат кетіп бара жатыр. Айдаушысы айқайлап отыр, бірақ өзі көзге көрінбейді, – дейді біреуі.
    • Бұның не ғажап екенін сырттай бақылап көрейік, – дейді екіншісі. Сөйтіп, екеуі ат жегілген арбаның артынан ілеседі. Ат орманда жүрген

Шынашақтың әкесінің жанына келіп тоқтайды.

6

 Отын кесуші ұлын аттың құлағынан түсіріп, сабан үстіне отырғызады. Ат жегілген арбаның артынан ілесіп келе жатқан адамдар Шынашақты көріп:

      •  Мына баланы үлкен қалаға апарып, елге көрсететін болсақ, көп ақша табар едік, – дейді.

Сөйтіп, екеуі Шынашақтың әкесіне келіп:

      • Мына кішкентай адамды бізге сатыңызшы, – деп қиылады.
      •  Жоқ, о не дегендеріңіз? Қалай ғана мен өзімнің сүйікті ұлымды сатамын, – дейді әкесі.

7

 Бұның бәрін естіп тұрған Шынашақ, әкесінің иығына өрмелеп шығып, оның құлағына:

 – Әке, мені сатып жібер. Еш уайымдама, көп кешікпей мен жол тауып, кері келемін, – деп сыбырлайды.

 «Не болар екен, байқап көрейінші» деп әкесі Шынашақты қомақты ақшаға сатып жібереді. Бейтаныс адамдар Шынашақтан қайда отырғысы

келетінін сұрайды. Шынашақ:

– Қалпағыңның жиегіне отырғыза сал, – деп жауап береді.

8

 Бейтаныс адамдардың бірі Шынашақты қалпағының жиегіне отырғызып алып, ұзақ жүреді. Ымырт түскенде олар үйлеріне жақындайды.

  • Енді мені ана жерге қойыңдар, – дейді сол кезде Шынашақ.

 Бейтаныс адам қалпағын жерге қояды. Шынашақ қалпақтың жиегінен се- кіріп түседі. Бейтаныс адам көзін ала бере, аяғының ұшымен ақырын басып, өсіп тұрған шымның арасына кіріп кетеді. Ол жерден өзі көрген тышқанның ініне сырғып түседі де:

  •  Қайырлы түн, мырзалар, үйлеріңе менсіз бара беріңдер! – деп мысқылдап күледі.

9

 Бейтаныс адамдар ұзын сырық әкеліп, тышқанның інін түрткілейді. Сырық- тарына ештеңе ілінбейді. Себебі, Шынашақ тереңірек кетіп қалған болатын. Сөй- тіп, екеуі ымырт үйірілгенше сол жерден кетпей, Шынашақты шығарып аламыз деп әуреленеді. Қараңғы түскенде өкініштен өзектері өртеніп, үйлеріне қайтады.

 Шынашақ өзін сатып алған адамдар кеткен соң іннен шығады. Сол жерден ол ұлу қабыршығын тауып алады. «Осының ішінде аман-есен түнеп шығармын» деп, жайғасып отырады.

 Біраздан соң Шынашақ ұлудың қабыршығында жатып, екі адамның өзара сөйлескен даусын естиді.

  • Бай пастордың* алтындары мен күмістеріне қалай қол жеткізсек екен, – дейді олардың бірі екіншісіне.

10*Пастор шіркеу yызметшісі (кyтуші).

Сол кезде Шынашақ:

  • Мен сендерге көмектесе аламын! – деп айғайлайды оларға.
  • Астапыралла, бұл немене? Мен бір дауыс естідім, – дейді бір ұры үрейленіп. Шынашақ оларға:
  •  Егер мені өздеріңмен бірге ертіп жүрсеңдер, сендерге көмектесемін, – деп, айтқанын тағы да қайталайды.

Ұрылар қабыршақтың астында жатқан бойы кішкентай баланы көріп, өздерімен бірге алып жүруге келіседі.

11

    •  Мен пастордың үйіне кіріп, сендерге қалаған заттарыңды алып беремін, – дейді Шынашақ оларға.

Пастордың үйіне жеткен кезде, Шынашақ ішке еңбектеп кіріп кетеді де:

    • Не қалайсыңдар, барлық затты сыртқа шығарайын ба? – деп айғайлайды. Ұрылар қорқып кетіп:
    • Ақырын сөйле, елдің бәрін оятасың, – дейді.

 Шынашақ оларды түсінбеген сыңай танытып, қайтадан айғайлайды. Келесі бөлмеде ұйықтап жатқан қызметші әйел айғайлаған дауыстан оянып кетеді. Ол не болып жатқанын біле алмай, тың тыңдап біраз отырады.

12

 Ұрылар қорыққандарынан қаша жөнеледі. Бірақ, «Мына сілімтік бізді келе- междейін деген екен» деп, жарты жолдан кері қайтады.

  •  Ей, бала, сабырлы болсай, айғайлай бергенше бізге бір нәрсе алып шық, – дейді екеуі қайта оралып.
  •  Алақандарыңды ашыңдар, мен сендерге бәрін алып беремін, – деп, Шынашақ қайтадан айғай салады.

 Төсегінің басында дауысқа құлағын түріп отырған қызметші әйел бұл жолы Шынашақтың сөздерін анық естиді. Орнынан атып тұрып, есікке жүгіреді.

13

 Ұрылар арттарынан итпен қуып келе жатқандай қаша жөне- леді. Қызметші әйел қараңғыда ештеңе көре алмағандықтан, шам жағып, бұрыш-бұрышты қарап шығады, бірақ Шынашақ- ты көре алмайды.

14

Шынашақ қамбаға кетіп қалған еді. Қызметші әйел

«Ұйқылы-ояу жатып түс көрген шығармын» деп ойлап, қайтадан төсегіне жатады.

 Шынашақ қамба ішіндегі пішеннің үстіне өрмелеп шығады. «Мына жер ұйықтауға ыңғайлы екен. Ертеңге дейін осы жерде демалып, әке-шешеме қайтайын» деп ойлап, ұйықтауға жатады.

Өмірдің машақаты мен сыны таусылмайды ғой.

Шынашақты алда әлі көп нәрсе күтіп тұр еді.

 Қызметші әйел сиырларға шөп салу үшін таңсәріден оянады.

15

 Ол алдын ала дайындап қойған пішенін алу үшін бірден қамбаға кіреді. Алайда, тыныш қана ұйықтап жатқан құйттай Шынашақты

көрмейді. Ал Шынашақ қатып ұйықтап жатқан еді. Айналасында не болып жатқанын сезбейді де. Ол тек:

    •  Аухау, аухау, әукешім! Менің әукешіме кім пішен береді екен? – деп, си- ырын еркелете сөйлеген қызметші әйелдің дауысынан, сиырдың аузына кіріп

бара жатқанда бір-ақ оянады.

16

«Құдайым-ау, мен сыртылдаған қай диірменнің ішіне түсіп кет- кенмін?» дейді Шынашақ ұйқысын аша алмай. Соңынан мән- жайды түсініп, сиырдың аузында мүшеленіп кетпеуін ойлас- тырады. Сөйтіп, ол шайналған пішенмен бірге сиырдың асқазанына түседі. Қап-қараңғы. «Асқазанда терезені де, терезеден түсетін күн сәулесін де ұмытуға тура келеді» деп

ойлайды Шынашақ.

17

 Үстіне шайналған шөп түскен сайын Шынашақ жайсыз күй кешеді. Асқазандағы орын да барған сайын кішірейе түседі. Жаны қысылған

Шынашақ:

    • Маған жем бермеңдер, маған жем бермеңдер! – деп айғайға басады.

 Сиыр сауып отырған қызметші әйел дауысты естіп, жан-жағына алақтап қарайды, бірақ ешкімді көрмейді. Оған бұл дауыс түнде естіген дауысқа ұқсас сияқты болып көрінеді. Қорыққаннан астындағы орындығы құлап, сауып отырған сүтін төгіп алады.

18

Ол қожайынына жүгіріп барып:

    •  Пастор, құдайдың құдіреті шығар, сиыр сөйлеп жатыр, – дейді апты- ғып.
    •  Не дейді? Есіңнен адасқан шығарсың, – деп, Пастор не болып жатқанын өз көзімен көру үшін сиыр қораға келеді. Ол есіктен кіре сала, Шынашақ:
    • Маған жем бермеңдер! – деп, тағы да айғайлайды.

 Пастордың үрейі ұшады. «Малдың ішіне жын кіріп кетті» деп ойлап, сиырды сойдырады. Шынашақ жатқан сиырдың асқазанын қоқыс үйетін жарға лақтырып жібереді.

19

20

 Шынашаққа өте қиын болды, дегенмен отырған орны кеңейіп, жаны кіріп қалады. Бала қарыннан ба-

сын енді қылтитып шығара бергенде, сол жерді айналшықтап жүрген бір аш қасқыр қарынды қылғыта салады.

Шынашақтың сонда да салы суға кетпейді.

  •  Қасқыр қымбаттым, саған қай жерден керемет мерекелік ас мәзірін таба алатыныңды айта аламын, – деп айғайлайды.

Аш қасқыр:

  • Ол қай жер? Айт тез! – деп, дауысы қарлыға сұрайды.
  •  Мен бір ауқатты шаруаны білемін. Оның ас үйінде тәтті тоқаш, майлы ет, шұжық және тағы да басқа толып жатқан дәмді жылы-жұмсақ бар. Ал ас үйге жасырын тесік арқылы кіре аласың, – деп, Шынашақ қасқырға өз үйі орналас- қан жерді сиппаттап береді.

 Қасқыр Шынашақ тұратын үйге келіп, қас қарайған шақта тесіктен қысы- лысып ас үйге кіреді. Тәбеті тартқан астың бәрін жеп, әбден тояды. Енді кері

қайтайын десе, қампиған қарны тесікке сыймай қалады.

21

 Сол кезде қасқырдың ішіндегі Шынашақ айғайлай бастайды.

    • Өтінемін, тыныш жат, – деп жалынады оған қасқыр.
    •  «Неге тынышталады екенмін? Сен тамақ ішкің келді, іштің, енді мен де ойымдағыны істеймін, – дейді де, бар даусымен қатты айғайлап.

 Осы мезетте Шынашақтың әке-шешесі оянып, ас үйде жүрген қасқырды көреді. Сөйтіп, үйдің есігін бекітіп қойып, әкесі балтаға, шешесі шалғыға жүгіреді.

22

 – Егер қасқыр мен балтамен ұрғанда өлмесе, сен шалғымен кесек- кесек қылып шауып таста, – дейді күйеуі әйеліне.

Шынашақ әке-шешесінің даусын естіп:

– Әке, мен қасқырдың ішіндемін! – деп айғайлайды.

 «Баламыз қайтып келді» деп, отын кесуші мен әйелі шүкіршілік етеді. Әйел қолындағы шалғыны орнына қояды. Отын кесуші қасқырды балтамен бір ұрғанда-ақ ол серейіп, өліп қалады. Әкесі қасқырдың денесін боршалап, Шынашақты аман-есен шығарып алады.

23

  • Балам, сені ойлап сары уайымға баттық, – дейді әкесі.
  • Иә, әке, тіршіліктің көзін қайта көргеніме тәуба, – дейді Шынашақ та.

 Әке-шешесі ұлдарының қайда болғанын білгілері келеді. Сонда Шынашақ оларға:

  •  Ой, қайда болмадым десейші, тышқанның інінде, сиырдың асқазанын- да, қасқырдың құрсағында болдым. Енді сендердің қастарыңда боламын. Ешқайда кетпеймін, – дейді.

– Біз де сені енді ешқайда жібермейміз, – деп, әке-шешесі Шынашақты құшақтап, құшырлана сүйеді.

24

Әріптерден сөз ра.

25

Сөздердегі дауысты дыбыстарды тап.

  • Тауық
  • Машина
  • Мысық
  • Үйрек
  • Тышқан
  • Кит
  • Қалпақ
  • Қалам
  • Жұлдыз
  • Сиыр

26

Yлгіні пайдаланып,

Шынаша тыц суретін өз бетіцше салып көр.

27

Шынаша орманда жалFыз ж р.

ОFан йіне дейін жеткізетін жолды көрсетіп жібер.

28

29

Сәйкес көлецкелерді тап.

12345

aəбвг

30

31

Шынаша а

төмендегі сөйлемдердіц айсысы д рыс,

айсысы д рыс емес рыс) екенін ажыратуFа көмектес.

  • Ертеде Марат атты си ыршы өмір с ріпті.
  • Мерлин айырымды әйелге көмектескісі келіп, оныц арманын орындайды.
  • Әйел ж кті болып, жеті айдан соц д ниеге алпамсадай бір л әкеледі.
  • Нәресте кішкентай болып туылFан соц, оныц атын Барма деп ояды.
  • Шынаша нәзік, ор а , бос болып өседі.
  • Әкесі Шынаша ты бейтаныс адамдарFа он сиырFа айырбастап жібереді.
  • Шынаша амба ішіндегі ж герініц

стіне өрмелеп шыFады.

32


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы