ШОШАҚАЙ ШЕЛПЕК ертегі
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті
«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды
2
Пішені піскен далада, мал басы толық қорада бір ескі үй болыпты. Бұл үйде балалары жоқ шал мен кемпір өмір сүреді екен. Күн ұзаққа шал шалғында жүріп келсе, кемпір күлше пісіріп, тоқаш таратуды ермек етіпті. Бір күні ол тәтті шелпек пісіруге бел буып, дүкеннен арнайы қамыр сатып алыпты.
3
Үстел үстіне ұн сеуіп, қамырды қойғаны сол, бір қызық ойдың келгені! Іске кіріскен кемпір қамырды жайып жіберіп, адам қалпындағы шелпек жасайды. Қиялына қанат біткендей, шелпек балаға шоколадты көкірекше кигізіп, домалақ кәмпиттерден түйме тағады.
4
Көз орнында қарақат тұр, шие қосылған шекерді қыздырып, ауызын шығарады. Шел- пек балаға қартаң әйел қамырдан қалпақ істеп, бәтеңке байлауды да ұмытпаған екен. Соңынан пешке салып, ойға батқан ол, өз ба- ласы болғанын армандап кетеді.
5
Шағын үйдің үздіксіз жұмысы көп. Әрі қарай тірлігіне кіріскен әйел әндетіп жүр. Ал күйеуі пештен шыққан хош иіске тамсанып, тәтті тартуды тағатсыз күтіп отырып, әйеліне ыдыс жууға көмектеседі.
Бір кезде кемпір пешті ашып, піскен шелпекті шығарады. Сол-ақ екен, Шелпек балаға жан бітіпті!
6
Қарақат көздерін қағып- қағып, көңілдене күлген ол, кемпірдің қолынан қарғып түсіп, қаша жөнеледі!
7
Кемпірменшалсоңынанжүгіреді.«Тоқта!Әй, тоқтасаңшы! Әйтпесе, сені жеп қояды!» деп айқайлаған
кемпірді тыңдайтын емес.
– Сендер мені ешқашан ұстай алмайсыңдар! – деп мақтанған Шелпек кете барады.
8
Кенет оның алдынан сиыр шыға ке- леді. Тәтті иісті сезген сиыр тәбеттене қарап:
- Тоқташы, Шелпек бала, – депті. – Иісің қандай керемет, өзің сондай тәтті шығарсың? Сені жегім келеді!
Сонда Шелпек шегініп:
- Жоқ! Жоқ! Жоқ! Кемпір қалды кемсеңдеп, шал да маған жетпеді.
Жемейсіңдер сендер тек, жеткізбеймін өйткені! – деп қаша жөнеледі.
- Ұстаймын, қазір! – деп ашуланған сиыр соңынан қуады. Тек жете алатын емес.
9
10
Мақтаншақ Шелпек жүгіріп келе жатыр, келе жатыр, бір кезде алдынан ат шығады.
- Шелпек, Шелпек! Тоқта! Сенің дәміңді көргім келеді! – дейді ол. Ал Шелпек болса, әндетіп былай дейді:
- Жоқ! Жоқ! Жоқ! Жей алмайсың сен мені, жеткізбеймін өйткені!
Шал мен кемпір, сиыр да, қалды артта!
Ат соңынан қуып жете алмайды.
11
Шелпек бала қуғандардың бәріне жеткізбей қа- шып кете барыпты. Әбден шаршаған ол орманға кіріп, үлкен ағаштың көлеңкесіне жайғасады. Өзінің тапқырлығы мен жүйріктігіне шексіз
риза, ешкімнің ұстай алмағанына мәз болады. Демалып жатқаны сол екен, ағаш бұтағына қарға келіп қонады.
Қарға Шелпектің тәтті түйме- леріне қадала қарап тұр. Бір кезде жегісікеліп,Шелпектіңжанына қонады.
12
Сол-ақ екен, ұйқыдағы тәтті бала оянып кетеді.
– Жаңа піскен сияқтысың ғой. Сені жегім келіп
тұр! – деп қарға тап берген- де, шошыған Шелпек тұра қашады.
Қанша жүгіргенін кім біл- сін, әйтеуір алдынан енді әтеш шығады.
– Ку-ка-ре-ку! Түскі ас та келіп жетіпті ғой! Мен сені жеймін! – деп дәмеленеді ол да.
13
– Кемпір, шал, сиыр, ат, қарға – барлығы да қалды артта. Жей алмайсың сен мені, жеткізбеймін өйткені! Қанша қусаң да қуа бер, бәрібір жете алмайсың!– деп тағы қашады.
Әтеш қанша қуса да, Шелпек оған да өзін ұстатпай кетеді. Енді қараса, Шелпектің жолын
тосып торай тұр екен.
14
– Мен сені жеймін! – дейді торай дегбірі кетіп.
Шелпек ширақ қимылдап, қашқан бойда былай деп әндетеді:
– Кемпір мен шал, сиыр да, ат пен әтеш, торай да, жей алмады тек мені, жеткізбеймін өйткені!
Торай тұра жүгіргенмен, Шелпек жеткізбей кетеді.
15
ҚашыпкележатыпШелпекастықбасатын машиналартұрғансарайғакіріпкетеді.Бұр- қырағандәмніңиісімашиналардыңтәбетін ашады. Олар да Шелпекті ұстап алмақ болады, бірақ бала ұстатпай қаша жөнеледі.
16
Соңынан асыға-аптыға жүрген машиналар біріне-бірі соқтығысып, нәтижесінде сарай ішінде қалып қояды. Шелпек бала оларға
дауыстап:
– Жете алмайсыңдар маған, ең тез әрі ең жылдам Шелпек бала – мен
болам! – деп әндетеді.
17
Шелпек бала сол жүгірген қалпы тоқтамай, көгалда шөп шауып жүрген газон шапқыштар- дың маңына жетеді. Тәтті иісті тез таныған
олар да Шелпектің соңына түседі.
– Тоқта, Шелпек! Біз сені жегіміз келеді!
– деп айқайлайды.
Бірақ Шелпек шегініп, шатта- на күліп, желдей есіп жүгіре
жөнеледі.
18
- Кемпір қалды кемсеңдеп, шал да маған жетпеді. Сиырдан да қаштым, аттан да қаштым, қарғадан да қаштым, әтештен де қаштым, машиналардан да қаш- тым! Газон шапқыштар сендерден, оңай қашып кетем мен! – деп сақ-сақ күліп, кете барады.
Газон шапқыштар соңынан қуғанымен, расында жете алмайды.
Шелпек бала барлығынан қашып құтылып, өзін ең тәсілқой әріжүйріксезінеді.Бойынмақтанышкернегенолауылдан алыстағанда, алдынан түлкі шығады.
Тәттінандыбайқапқалғантүлкіоның соңына түседі. Ал Шелпек ұстатпай келеді. Тым қатты жүгірген Шелпек әндеткенін де қоятын емес. «Жей алмайсың сен мені, ұстатпаймын өйткені!» деп түлкінің қытығына тиіп барады.
19
Сілесі қатқан түлкі енді қулыққа басқан сияқты.
- Шелпек, тоқташы! Осы сен неге қашып бара жатырсың?
Мен сені жегім де, тіпті ұстағым да келмейді, – дейді ол.
Шелпек жүрісін баяулатады. Көңілі орнына түскендей, енді ол асықпай өзенге қарай бет алады. Өзін жемек болып артына түскен қуғыншылардан алысқа қашуды көздейді. Осылай ол су жағасына келіп жетеді.
Енді не істерін білмей тұр. Өзі судан қорқады, жүзу білмейді, бірақ
өзеннің арғы жағына өтуі керек!
20
- Сен маған көмектесе аласың ба? – дейді шарасы таусылған Шелпек түлкіге қарап.
- Әрине, көмектесемін! Мен қасыңда тек саған көмектесу үшін жүрмін ғой! – депті түлкі қулана.
- Кел, құйрығымнан ұстап, арқама мін. Мен сені өзеннен өткізіп жіберейін, – деп түлкі сөзін жалғастырады.
21
Шелпек түлкінің құйрығымен өрмелей жоғары көтеріледі. Сөйтіп, баланы арқасына мінгізіп алғантүлкіөзенгетүсіп,келесіжағалауға қарай кете барады. Жағадан біраз ұзағанда:
- Сен тым ауыр екенсің! Белім ауырып барады, кішкене жоғары отыршы, – дейді түлкі.
Шелпек алдыға қарай жылжып отыра-
ды. Өзеннің орта тұсына келгенде Шелпектің аяғы су болады. Сол-ақ екен, түлкі оған:
- Ештеңе етпейді, мойныма отыр! – дейді.
22
Біраз жүрген соң түлкінің мазасы қашады.
- Шелпек, Шелпек! Мына жер терең екен, су мойныма дейін жетіп қалды!
Мұрныма отыр, әйтпесе суға түсіп кетерсің! – дейді байбалам салып.
Шелпек қорқып кетеді. Жылдам қимылдап түлкінің тұмсығына барып отырады.
- Шелпек, бағанағы әніңді маған енді айтып берші! Қазір құлағым жақсы естиді, – дейді түлкі қулана.
Шелпек ән айтады.
23
- Жүйрікпін мен тәсілқой, осы менің әнім ғой! Жей алмайды тек мені, жеткізбеймін өйткені! – дейді мақтанып.
Араны ашылған түлкі:
- Ал мен жеймін! – деп, Шелпекті бас салады.
Осыкездетепе-теңдігінжоғалтқанШелпексуға түсіп, жоқ болады. Сөйтіп, Шелпек шошақайлығының арқасында өзенге ағып кетіп, ал асыққан түлкі қанша талпынса да, тәтті Шелпектің дәмін татып көре алмаған екен.
24
Шоша ай Шелпек ашып кеткенде кемпір
андай сезімде болды? Сәйкес келетін эмоцияны көрсет.
25
Әр айсысыныц көлецкелерін тап.
12345
aəбвг
26
27
Ертегіге атысы жо кейіпкерлерді тап.
алFаны нешеу?
28
А улар нешеу?
29
Ш | О | Ш | А | Қ | А | Й | В | Ы | Ф |
О | Ш | Т | Ш | Е | Л | П | Е | К | Т |
Ш | Е | Ь | Ғ | Ұ | Ү | Х | Э | Ж | Ю |
А | Л | Б | I | Е | Ө | E | Ғ | T | О |
Қ | П | Ю | Ш | О | Ш | А | Қ | А | Й |
А | Е | Ə | Ш | Е | Л | П | Е | К | А |
Й | К | І | M | Ң | С | H | E | Y | Ғ |
Ү | Қ | У | Ю | И | Т | Ь | Ы | Ф | Я |
Кестеде «Шоша ай Шелпек» сөзі неше рет айталанFан?
Жауабын берілген шаршыFа жаз.
30
31
Әжейдіц шоша ай Шелпекті
уып жетуіне көмектес. Жолды көрсет.
32
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?