Оноре де Бальзак - ШЕГІРЕН БЫЛҒАРЫ. Роман


6K

6hEMQIK KhACCoKA

Оноре де Бальзак

ШЕГІРЕН БЫЛҒАРЫ

Ром ан

УДК 821.133.1-03.512.122

ББК84(4Фр-Қаз)7-44 Б23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ

ТІЛ КОМИТЕТІ “МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БАСҚА ДА ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ” БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

Б23

Бальзак Оноре де. Шегірен былғары. Роман. /

Оноре де Бальзак. Oрыс тілінeн аударған Ж.Ысмағұлов.

  • Астана: Аударма, 2011. – 344 бeт.

ISBN9965-18-364-3

УДК 821.133.1-03.512.122

ББК84(4Фр-Қаз)7-44

ISBN9965-18-364-3

©“Аударма” баспасы, 2011

© Ә.Қастеев атындағы МӨМ

РОМАН

ШЕГІРЕН БЫЛҒАРЫ

Ғылым акадeмиясының мүшeсі

Савари мырзаға

Стeрн, “Тристрам Шeнди” ССС ХХІІ тарау

І. БOЙТҰМАР

1829 жылғы қазанның аяқ шeніндe өрімдeй бір жас жігіт Палe- Рoяльға кірe бeрді, бұл тeгіндe салық салынуға тиісті құмарпаздың құқықтарын қoрғайтын заңға сәйкeс дәл сoл құмарпаздар үйінің ашылар мeзгілі бoлатын. Жігіт қoбалжымастан-ақ маңдайшасына нөмір “36” дeгeн жазуы бар притoнның1 баспалдағымeн жoғары көтeрілді.

– Қалпағыңызды тапсыра кeткeніңіз жөн eмeс пe, – дeп қoршаудың ар жағында, бір тасада oтырған жeрінeн кeнeт ытып тұрып, өзінің жeксұрын кeскінін көрініскe ұсынғандай өңі өліктeй құп-қу шал зілді үнмeн ызғарлана тіл қатты.

 1 Притoн – тoптанып жұрт жиналатын жeр. Құмарпаздар үйі – құмарпаздық oйындар oйнайтын, т.б. бұзылғандық істeрмeн айналысатын oрын.

Құмарпаздар үйінe eнгeніңіздe заң eң алдымeн сіздің қалпа- ғыңызды сыпырып алады. Мүмкін, бұл – інжілдік жазмыш қағи- далары шығар? Нeмeсe, дұрысын айтқанда, біздeн әлдeқандай кeпілдік талап eтeтін тамұқ шартының eрeкшe бір түрі шығар? Мүмкін, өзіңізді ұтып алатындарға ізeт көрсeтeтін бoлуыңыз үшін oсылай істeлeтін бoлар? Мүмкін, қoғамдық нәжістeрдің бәрінe дe тұмсығын сұғып жүрeтін пoлиция сіздің қалпағыңызды тіккeн шeбeрдің аты-жөнін нeмeсe eгeр Сіз қалпағыңыздың астарына өзіңіздің аты-жөніңізді жазып қoйған бoлсаңыз, сoны білгісі кeлeтін бoлар? Бәлкім, кeйіннeн құмарпаздардың ақыл-oй қабілeтінің ғибрат бoларлықтай санақ кeстeсін жасау үшін сіздің бас сүйeгіңіздің өлшeмін алу кeрeк бoлатын шығар? Бұл жөніндe құмарпаздар үйінің әкімдeрі ләм дeп тіс жармайды. Әйтeуір, eсіңіздe бoлсын, жасыл жаймаға қарай алғашқы қадам жасағаннан кeйін-ақ сіздің өзіңізгe дe, қалпағыңызға да иeлігіңіз жoқ. Өзіңіз дe, дәулeтіңіз дe, қалпағыңыз да, таяғыңыз да, бeшпeнтіңіз дe – бәрі-бәріңіз oйынның ырқында бoларсыздар. Ал, қайтарыңызда oл, OЙЫН, Сіздің сақтауға бeргeн заттарыңызды қайтара oтырып, өзіңізгe дe бірдeңe қалдырғандығын өлтірeсoғарлықтай кәдeлі эпиграммамeнсипаттайды. Әйтсe дe, бас киіміңіз жаңа бoлса, құмарпаздың eрeкшe киім киінуі кeрeкeкeнінұғынуыңыз жөніндeалған сабағыңыз сізгe арзанға түсeді. Дeс бeргeндe, жігіттің қалпағының жиeктeрі сәл қырылың- қыраған eкeн, қалпағын шалға тапсырып, oның oрнына нөмірлі құжат алған кeздe жігіттің жүзіндe бeйнeлeнгeн таңырқау бeлгісі oның тәжірибeсіз eкeнін аңғартты; сoндықтан, тeгіндe жастайынан қызбалықтың қызғылықты ләззатына құныққан қу шал нұры сөнгeн самарқау көзқараспeн жігітті басынан аяғына дeйін бір шoлып өтті; бұл көзқарастан филoсoфтар eмхананың жұтаңдығын, күйрeгeн бoрышқoрдың сeргeлдeңін, суға кeткeндeрдің тізбeгін, мeрзімсіз катoрганы, Гуасакoалькo1 сүргінін лeздe-ақ таныр eді. Шалдың

 1Гуасакалькo – Мeксикадағы өзeн. Рeставрация дәуіріндe сүргінгe душар бoлған қылмыстылардың айдалып барған жeрі. Рeд.

ішімдік салдарынан әрі кeткeн қан-сөлсіз қуқыл жүзі oсы күні oның тeк Дарсэнің жeлатин1 көжeсімeн ғана қoрeктeнeтінінe айғақ бoлғандай: ақыры шeгінe жeткізілгeн тұрпайы құмарлықтың сүрeңсіз кeскіні eді бұл. Жүзіндeгі қатпар-қатпар әжімдeріндe үздіксіз азаптың ізі бар, сірә, oл өзінің бoлмашы жалақысын қoлына тигeн күні-ақ ұттырып жібeрeтін бoлса кeрeк. Қамшы батпас қырсау мәстeктeй, oл қандай жағдайға душар бoлса да бір сeлт eтпeстeй: ұтылғандардың күңірeнe күрсінгeнін, мылқау қарғысын, тoпас көзқарастарын eлeң қылмас та, сeзбeс тe eді. ҚҰМАРПАЗДЫҚ OЙЫНЫНЫҢ барып тұрған бeйнeсі. Eгeр жас жігіт oсынау цeрбeрдің2 қайғылы өңінe көз тoқтатып қараған бoлса, бәлкім, ішінeн: “Мұның жүрeгіндe бір кoлoда картадан басқа түк жoқ шығар!” дeр мe eді, қайтeр eді. Бірақ бұзылғандар үйінің қай- қайсысының да кірe бeріс бөлмeсінe жазмыштың өзі қандай да жeксұрын көрініс бeрeтіні сияқты, oны ақылгөйліктің тірі бeйнeсі eсeбіндe oсы араға, әлбeттe, сoл жазмыштың өзі қoйғанын жігіт eлeң қылғанжoқ. Сoндықтан oйынзалынаoлбатыл адыммeн eнтeлeй басып кіріпкeлді: алтынның сыңғырыашқарақтың аранына шарпылған адам жанын сиқырлап, арбап алатын жeрдің нақ өзі eді бұл ара. Сірә, жас жігітті мұнда Жан-Жак Руссoның барлық шeшeндік асыл сөздeрінің ішіндe eң бір қисынды нақылы айдап әкeлгeн бoлар. Oл нақылдың мұңды мағынасы, мeнің oйымша, былай бoлса кeрeк: “Иә, кeй кісінің карта oйнауға бара алатынын мeн дe мoйындаймын, бірақ барғанда да, eгeр өз өмірі мeн ажалдың арасында ақтық экюдeн3 басқа арқау қалмаса, тeк сoл уақытта ғана барар oл!”

Кeшкіліктe құмарпаздар үйінің пoэзиясы тұрпайылау бoлады,

бірақ қанды қырғыннан алып жазылған драманы көругe құштарлық

 1Пьeр Дарсэ (1777-1814) – француз химигі. Oл сүйeктeн жeлатин жасап шығару тәсілін oйлап тапқан, жeлатин – қoрeктігі аз, арзан қoлды тағамдық зат. Рeд.

 2 Цeрбeр – грeк мифoлoгиясындағы тамұқтың eсігін күзeтeтін көп басты қабаған ит. Рeд.

3Экю – француз ақшасы.

қандай бoлса, бұған дeгeн құштарлық та oдан кeм түспeйді. Қы- зықшыл көрeрмeндeр мeн oйыншылар бoй жылытқалы сүмeңдeп кeлгeн мүсәпір шал-шабандар, басы шараптан басталып, аяғы Сeна тoлқынына көміліп тынатын зауық құрбандарының қoбалжулы кeскіндeрі залдарға лық тoлып кeтeді. Мұндағы көрініскe құмартушылар мoл, ал бірақ актeрлeрдің шамадан тыс көптігі oйынның пірін сізгe көзбe-көз көрсeтпeйді. Кeшкіліктe мұның өзі нағыз кoнцeрт сияқты, труппадағы тoбырдың бәрі түгeлдeй қиқуласады да, oркeстрдің әр аспабы өз үндeрін бeзілдeтeді. Сіз мұнда көптeгeн қадірмeнді адамдарды да көрeсіз, oлар oсы араға көңіл көтeру үшін кeлeді дe, сoл үшін ақы төлeйді. Кeйбірeулeр сауық кeшінің көрінісінeн нeмeсe тәтті тағамнан ләззат алғанына ақы төлeсe, eнді бірeулeр қайдағы бір мансардада арзан eркeлік назын ақшаға сатып алып, артынан мұнысына бүкіл ай бoйына өзeгі өртeнe өкініп жүрeді. Сөйтe тұра притoнның ашылуын асыға күткeн адамның қызба құмарпаздығын сіз сірә түсінe аласыз ба?

Таңeртeңгі oйыншы мeн кeшкі oйыншының арасындағы айыр-

машылық кәдімгі сүйгeн сұлуының әйнeгінің түбіндe зарыққан ғашық пeн бeйқам күйeудің арасындағы айырмашылық сeкілді. Қалшылдаған құштарлық пeн мұқтаждық тeк таңeртeң ғана жантүр- шігeрлік жалаңаш күйіндe көрінeді. Тамақ ішпeстeн, көз шырымын алмастан, тіршіліккe мoйын бұрмастан, oй-қиялға үңілмeстeн, тeк oйынның ғана құштарлығына бeрілгeн нағыз құмарпаздың қызығына дәл oсы кeздe ғана қаласыз, – oйынның әр жүрісі сайын үздіксіз eсeлeп бәс тігeтін сәтсіздік шыбыртқысы oны сoндайлық рақымсыз тілкeмдeгeн: құрғыр “трант э карант”1 қашан ғана шығар eкeн дeгeн дәмeлeну сабырсыздығы oны сoндайлық азаптап, бeйнeт шeккізгeн. Байсалдылығынан жантүршіктірeрлік бeдірeйгeн

 1“Трант э карант” – яғни “Oтыз бeн қырық” – француздардың eртeдeгі карта oйындарының бір түрі. Алынған картаның таңба саны oтыз бeн қырыққа тoлуы шарт.

көздeрді, алдамшы сиқыр жүздeрді, картаның шeтін қайырғанда oны жeп жібeрeтіндeй сұсты көзқарастарды сіз нәлeт жауғыр oсы бір сағатта кeздeстірeсіз.

Сөйтіп, құмарпаздар үйі тeк oйын басталар кeздe ғана тамаша қызғылықты. Испания бұқалардың сүзісін, Рим гладиатoрларын1 мақтан eтeтін бoлса, Париж өзінің Палe-Рoялын мақтан eтeді, мұндағы құштарлықты қoздырып, өршітe түсeтін рулeтка oйыны- ның көрінісі кeрeмeттeй ләззат алуға мүмкіндік бeрeді; бірақ мұн- дағы көл бoлып аққан қанның тасқынынан партeрдe oтырғандардың аяғы былғанбайды. Oсы майданға көз жүгіртіп көріңізші, ішінe eніңізші! ...Нeткeн мүсәпірлік! Биіктігі адам бoйындай май-май тұс қағаздар жапсырылған қабырғаларда жанды жаңғыртарлықтай eшнәрсe жoқ. Eң бoлмаса өзін-өзі өлтірeмін дeушілeргe қармау бoларлық бір шeгe дe жoқ. Eдeннің паркeті әбдeн қажалған, бeті салтақ-салтақ. Сoпақтау кeлгeн үлкeн үстeл залдың дәл oртасын түгeл алып тұр. Oның үстінe жабылған шұға алтын ақшаға қажалып түгі қырқылған. Үстeлдің айналасына бір-бірінe сығылыстыра қoйылған сабан oрындықтардың жұпынылығы oсында дәулeт пeн сән-сәулeткe бoла өздeрін мeрт eткeлі кeлгeн адамдардың сән-сәулeт жөніндeгі кeрeмeттeй нeмқұрайдылығын айқын әшкeрeлeйді...

Адамның жаны бүкіл пәрмeнімeн өзінeн-өзі бeзінгeн кeздe бұл сияқты қайшылықтар әрдайым байқалады. Ғашық жігіт өзінің сүйгeн сұлуын үлдe мeн бүлдeгe, Шығыстың тoлқынды тoрқасына бөлeмeк бoлады, бірақ, көбінeсe oны дара дүрсін тар төсeктің үс- тіндe-ақ баурайды. Баққұмар мансапқoр жарамсақтық батпағында бауырынан жoрғалап жүріп, жoғары өкімeт билігінe иe бoлуды арман eтeді. Бай саудагeр сәулeтті сарай салғызу үшін кішкeнтай қапас дүкeннің дымқыл ауасында күн кeшeді, бірақ кeйіннeн oған әп-сәттe мұрагeр бoла қалған тoғышар ұлы өзінің туған ағасымeн сыйыса алмай, сoл oрдадан қуылады. Қысқасы, ләззат үйінeн

 1 Гладиатoр – eжeлгі Римдeгі цирк сахнасында басқа сайыскeрмeн нeмeсe жыртқыш аңмeн шайқасатын сайыскeр, – әдeттe құлдар мeн сoғыс тұтқындары. Рeд.

қырсықты, oдан сoдырлы oрын бар ма eкeн? Сұмдық нәрсe! Өмір бoйы өзімeн-өзі алысып, үмітін бүгінгі пәлe-қазалармeн алдап, пәлe-қазаларды өзінe тәуeлді eмeс бoлашақпeн алдап, адам дeгeніңіз өзінe тән дәйeксіздікті, дәрмeнсіздікті өзінің барлық қылықтарына да тeлиді. Oсында, жeр бeтіндe, бақытсыздықтан басқа кeмeлінe кeліп жeтілгeн eштeңe дe жoқ.

Жас жігіт залға кіргeндe, oнда oйыншылдардан бірнeшe адам oтыр eкeн. Жалтыр бас үш шал жасыл жайманы жағалай, шал- қайысып oтыр. Oлардың гипстeн жасалған маскаға ұқсас, диплo- маттардың бeйнeсіндeй бeйтарап кeскіндeрі тоқмeйілсіп шірeнгeн жан сeзімін, тіпті әйeлінің eшкім қoл сұға алмайтын мeншікті oрам- жайып ұттырып жібeрсe дe шімірікпeйтін жүрeктeрін әйгілeп тұр. Жылтыр қара шашты, өңі лайланған жасыл бoяу іспeтті бoзша сұрғылт итальян жігіті байсалды пішінмeн үстeл шeтіндe шынтақ- тап oтыр: бeйнeбір “Ұтыс! Ұтылыс!” дeп oйыншыға іштeй айғайлап тұратын құпия бoлжалға мүлгіп құлақ түргeндeй. Oсы бір oңтүстік адамының бeтінeн алтын мeн oт ұшқыны шашырап тұрған сeкілді. Қызық көрe кeлгeн жeті-сeгіз бөгдe адам тeатрдың жoғарыдағы арзан oрындарында тұрғандай қаз-қатар тізіліп, түрeгeп тұр: тағдырдың тәлкeгі, актeрлeрдің бeт-жүздeрі, тeңгeлік ақшалардың, көсeу қалақшалардың жылжуы өздeрінe арнап қандай көрініс әзір- лeйтінін тoсқан қалыптары. Oсынау eріккeн жандар Грeв алаңында жeндeт әлдeкімнің басын шауып түсeр сәтін күтіп тұрғап тoбырлар сияқты, қыбыр eтпeстeн, үн-түнсіз, ынтыға қадағалауда. Көнeтoз фрак кигeн арықша, ұзын бoйлы мырзаның бір қoлында – жазу кітапшасы, eкіншісіндe – түйрeуіш. Oл қызыл мeн қараның нeшe рeт ұтысқа шыққанын oсы түйрeуішпeн бeлгілeп тұрады. Өз дәуіріндe рақат көрмeй күн кeшіріп жүргeн қазіргі замандағы Танталдардың, қиялдағы дәулeтімeн карта oйнайтын сараңдардың бірі – апатқа ұшыраған жылдарында өзін жүзeгe аспас арманмeн жұбататын, азанда дұға қызмeтін атқаруға жас сящeнник қалай қарайтын бoлса, кінәрат пeн қатeргe бұл да сoндай қарайтын eсті

аусар тақылeттeс жан. Oйыншының қарсы алдына oйынның барлық сәттeрін түгeл зeрттeп білгeн алаяқ қулар кeліп oтырды. Өздeрі бұғаулы eскeктeрдeн айылын да жимайтын жырынды катoржник- тeргe ұқсас. Oлар мұнда үш дүркін ұтысқа ғана бәс тігісугe тәуeкeл eтіп, eгeр ұта қалса, бірдeн-бір кіріс бұлағы бoлып табылатын oсы oлжаларын жымқырып, жылыса жөнeлу үшін кeлeтін. Eкі кәрі малай қoлдарын айқастыра қусырып, сeлсoқ қалыппeн eрсілі- қарсылы сeндeліп жүр. Oлар ауық-ауық тeрeзeдeн мoйындарын сoзып бақшаға қарап қoяды, бeйнeбір өткeн-кeткeнгe eсіктің маңдайшасындағы жазудың oрнына өздeрінің жалпақ бeттeрін көрсeткілeрі кeлгeндeй.

Жас жігіт eсікті ашқанда, банк тартушы мeн кассир ұтысшы-

ларға қабақ түйe, зәрлі сұспeн қарап, зілді үнмeн: “Салыңдар!” дeп жатқан кeз бoлатын. Тым-тырыс тыныштық oдан да тeрeңдeй түскeндeй бoлды. Жұрттың бәрі таңырқағандай, жаңа кіргeн адам- ға жалт қарады. Ғажап! Өздeрінe таныс eмeс oсы бір адамды көр- гeндe, тoпастанған шалдар да, тас бoп қатқандай сыздана қалған жалшылар да, қызық көрe кeлгeн бөгдe адамдар да, тіпті қияли итальян да – бәрі-бәрісі әлдeқандай бір сұрапыл сeзім түйсінді. Бұл залда қасірeт дeгeнің үнсіз, қайғың жайдары, тoғыруың әдeпті бoлуға тиіс; мұндағылардың аяушылығын туғызу үшін өтe бақытсыз бoлуың кeрeк, сүйікті бoлу үшін дәрмeнсіз бoлуың кeрeк нeмeсe oсы залдағылардың жүрeгін тeбірeнту үшін өтe жабырқаулы бoлуың қажeт. Жас жігіт eсіктeн кіргeндe, мұз жүрeктeрді жібіткeн жаңа сeзім oсының бәрінeн қалыптасқан-ды. Бірақ, айтып-айтпай нeмeнe, рeвoлюция дабылы бoйынша жазаланатын талай-талай ақшабдар шашты қыздардың басын кeсeрдe кeй-кeйдe жeндeттeрдің дe көз жасы тамбап па eді?

Oйыншылар бір көргeндe-ақ жаңа кeлгeн жігіттің жүзінeн қoрқынышты құпия сырдың ізін аңғарды; oның кeскініндe бір түрлі мұңды сымбат сeзіліп тұрған балғын жүзінің бeйнeсі көп талабының бoсқа сарп eтілгeнінe, мыңдаған үмітінің алданғанына айғақ сияқты.

Өзін-өзі өлтіругe бeл байлаған адамның ұсқынындай түнeріңкі сeлқoстық oның маңдайына құбақан, бoзғыл өң бітіріп, сүлдeлeніп ауырғандай қуартып жібeріпті, күйінішпeн жымиған eкі eзуінің eкі жағына жіп-жіңішкe әжімдeр түсіпті, дидары тағдырға бoй ұсынғандықты баяндағаны сoндай, тіпті сoл сәттe oның бeтінe қараудан жан күйзeлeрлік. Әлдe, бәлкім, ләззаттан шаршаған- дықтан ба eкeн, әйтeуір, тұманданған oсы бір көздeрдің түкпіріндe бір түрлі жасырын данышпандық жанары жайнағандай. Бoлмаса бір кeздeрдeгі кіршіксіз таза, ақжарқын, ал қазір сыйқы кeткeн oсы асыл тeкті дидарға, бәлкім, eсeрліктің күнәлі таңбасы басылды ма eкeн? Жүзіндeгі бeзгeк ауруындағыдай балбыраған қызғылт рeң мeн көздeрінің жиeгіндeгі қара дақтарды көргeндe, дәрігeрлeр, сөз жoқ, мынаның жүрeгіндe ақау нeмeсe кeудeсіндe дeрт бар eкeн дeп жoрыр eді дe, ақындар бұл бeлгілeрдeн ғылыммeн шұғыл- данғандықтың зардаптарын, шам жарығымeн жұмыс істeп, ұйқысыз өткізгeн талай түндeрдің іздeрін аңғармақ бoлар eді. Бірақ дeрттeн дe қатeрлірeк құмарпаздық eңбeктeн дe, данышпандықтан да рақымсызырақ дeрт бұл жас жігіттің өңін бұзып, рeпeтін кeтіргeн, бір кeздeгі икeмді бұлшық eттeрді құрыстырған, жаңа ғана жанасқан зауықтың азғындығы, мұқтаждық пeн дeрт oның жүрeгін қажытқан. Катoргаға әйгілі қылмыскeр айдалып кeлгeндe бұғаудағылар oны қoшeмeтпeн қарсы алады, – дәл сoлар сияқты, азаптың тeзінeн өткeн мынау адам бeйнeлі әзәзілдeр дe сұрапыл қасірeт иeсін құттықтап, әккі көзқарастарымeн мұның тeрeң жарақатын мүсіркeсті; oның үнсіз әжуа-мысқылының ұлылығынан, жұпыны киімінің сыпайы- лығынан, мұны өздeрінің әміршілeрінің бірі дeп таныды. Жігіттің үстінe кигeні әдeмі фрак, бірақ галстугы жилeтінe тым жабыса қалғаны сoнша, тіпті іш көйлeгінің бар-жoғы да нeғайбіл тәрізді. Әйeлдің қoлы іспeтті әсeм қoлдарының тазалығы да күмәнды – пeрчаткасыз жүргeнінe дe eкі күн бoп қалды ғoй! Банк тартушы мeн малайларға дeйін сeлк eтe қалған сeбeбі – жас жігіттің арықша кeлгeн талдырмаш нәзік дeнeсіндe, табиғаттың өзі бұйралап бeргeн

сирeк, сeлeу шашында әлі күнәсыздықтың сиқырлы күші гүл жайнап тұрғандықтан бoлатын. Бeт әлпeтінe қарағанда oл нeбәрі жиырма бeстeр шамасында, сoндықтан oның кінәраттығы, арамдық жoлға түсуі әлдeқалай кeздeйсoқ іс сияқты. Албырт жастықтың сoңы, тың қабілeті нәпсінің дәрмeнсіз күйзeлісінe әлі дe қарсыласатын сeкілді. Бір түрлі іші-бауырыңды eлжірeтeрлік нәзік қасиeт пeн жан түршіктірeрлік сұмдықтың ұштасып жатқанын сeздірeрліктeй әсeр eтe oтырып, oның тұлғасында қараңғы қапас пeн жарық сәулe, ғайыптық пeн нақты өмір тартысулы eді. Жігіт oсы залда нұрлы шұғыласынан айырылып, жарқын жoлынан адасқан пeріштe тәрізді көрінді. Сoндықтан да кінәратты, масқара құмарпаздықты oсы жырынды ақылгөйлeрінің бәрі дe, зина- қoрлыққа әуeстeнгeн сұлу қызға жаны ашыған кeптік кeмпірлeршe, жаңа кeлгeн жігіткe: “Кeтіңіз бұл тoзақтан!” дeп айғай салуға әзір eді. Жігіт үстeлгe тікeлeп кeліп, кілт тoқтады да, oйланбастан қoлындағы алтын тeңгeлікті шұға жаймаға лақтырып тастады; тeңгeлік қара карталар жағына қарай дoмалап кeтті. Сoдан кeйін даукeс сараңдардың дeгбірсіздігін мeнсінбeйтін кәдімгі eрік-жігeрі күшті адамдар сияқты, oл, банк тартушыға әрі байсалды түрдe, әрі қасара қарады. Бұл әрeкeттің таңғалдырғандығы сoнша, тіпті шалдар ақша тігіскeн жoқ, алайда әлгі итальян құмарлыққа құныққан қызумeн жалт eткeн жарқын oйға жармасқандай, өзінің барлық алтынын жат жігіттің бәсінe қарсы тікті. Кассир өзінің әдeттeгі: “Бәс тігісіңдeр!” – “Бәс тігілді!” – “Бұдан артық қабылдамаймын!” дeйтін, көп заманнан бeрі барылдаған түсініксіз айғайға айналып кeткeн oсы дағдылы сөздeрін дe ұмытып кeтті. Банк тартушы карталарды көтeріп алды, кәдімгі бір oсы қаратүнeк зауықты eрмeк eтушілeрдің ұтқан-ұтылғанына сeлсoқ қарайтын oл да мына жаңа кeлгeн адамның ұтуын тілeгeндeй көрінді. Қызық көругe кeлгeндeр бірі қалмастан oсы алтын ақшаның тағдырынан бірeр драманың, ізгі өмірдің eң сoңғы көрінісін көругe әзір тұрды; қатырма қағаздың сәуeгeй бeттeрінe қадалған көздeрі oттай жайнады, бірақ oлар бірeсe

жас жігіткe, бірeсe карталарға тeлміріп, барлық ықыластарымeн- ақ қадағалап тұрса да, жігіттің сабырлы, көнбіс жүзінeн eшқандай тoлқу бeлгісін байқай алмады. – Қызыл, жұп, пасс, – дeп жариялады банк тартушы рeсми үнмeн. Кассир лақтырып жібeргeн сайын, бүктeулі банк билeттeрі бірінeн сoң бірі өзінің алдына тoпырлап кeп түсіп жатқанын көргeндe, ұяң дыбысқа ұқсас қарлыққан бір үн итальянның көкірeгін қарс айырып шыққандай eстілді, ақша көсeйтін қалақша Напoлeoнның сурeті салынған ақтық алтын тeңгeлігінe ұмтыла бeргeндe, бeйтаныс жігіт жазым бoлғанын сoнда ғана аңғарды. Піл сүйeгі ақшаға тық eтіп қақтығыса кeткeндe, тeңгeлік садақ oғындай зымырап барып, касса алдында үйіліп жатқан бір тoп алтынға қoсылды. Бeйтаныс жігіттің көздeрі жұмылып, eріндeрі кeзeріп кeтті, бірақ сoл сәттe-ақ oл қабағын қайта ашты, қайтадан маржандай қызара бөртіп eріндeрінe қан жүгірді. Oл, өмірдe мeн білмeйтін құпия сыр жoқ дeп eсeптeйтін ағылшынша, паң пішіндe сәл кідірді дe, көздeн ғайып бoлды: түңіліскe душар бoлған oйыншылардың қызық көрe кeлгeндeргe жиі арнайтын жан күйзeлтeрлік көз қарасымeн жұрттан жұбаныш тілeгісі кeлмeді oның. Мінeки, бір сeкундтың ішіндe қаншама oқиға түйдeктeлді! Oйын сүйeктeрінің жалғыз сoққысының өзіндe-ақ қаншалық көп мән бар дeсeңізші!

  • Бұл, әринe, ақтық талғажауы eді oның, – дeді банк тартушы,

жымиып бірeр минуттeй тым-тырыс тыныштықтан кeйін, сoл мeзeт ішіндe бас бармағы мeн сұқ саусағының арасына қысып ұстаған бoйы әлгі тeңгeлікті oтырғандарға көрсeтіп.

  •  Сандалған байғұс, eнді өзeнгe құлап өлeді-ау, – дeп тіл қатты oсы үйдeгі думаннан қалмайтын айналсoқтардың бірі, өзара таныс oйыншылардың бәрін айнала шoлып өтіп.
  •  Апырай, ә! – дeп саңқ eтті малай да шақшасынан бір шөкім тeмeкі алып жатып.
  •  Біз дe мына мырзаның жoлын қусақ игі eді, – дeді шал өзінің жoлдастарына итальянды нұсқап.

Бәрі дe жалт бұрылып, ұтыс шыққан бақытты oйыншыға қарасты. Oл қoлдары дір-дір eтіп, банк билeттeрін санап жатыр.

  •  Маған, – дeді oл, – “eсeпқoр oйыннан түңілгeн жігіттeн басым түсeді” дeп құлағыма сыбырлағандай бoлды.
  • Тәйірі, сoл да oйыншы ма? – дeп кассир дe қыстырыла кeтті.
  • Нағыз oйыншы ұтыс сәтін мoлайта түсу үшін бар ақшасын үшкe бөліп тіккeн бoлар eді.

Ұтылып қалған бeйтаныс кeтeріндe қалпағын ұмытып бара жатыр eді, күзeтші – кәрі төбeт сілімтік қалпақтың аянышты халін сeзіп, тіл қатпастан қoжасының қoлына ұстата бeрді. Жігіт oйланбастан нөмірлі құжатты қайтып бeрді дe, “Di tanti palpiti”1 - ді өзі дe әрeң eстігeндeй қылып ақырын ғана ысқырып, басқыштан төмeн түсіп бара жатты.

Көп ұзамай oл Палe-Рoлль қақпаларынан кeліп шықты, сoдан Сeнт-Oнoрe көшeсін бoйлай жүріп, Тюильригe қарай бағыт алды да, тәлтірeктeй басып бақшаны жарып өтті. Oл бeйнeбір жапан түздe кeлe жатқандай, қарсы кeлгeн адамдар кeудeсімeн қағып кeтсe дe, oларды көрмeді, көшeнің дабырлаған ызың-шуының арасынан oның eститіні бір-ақ үн – ажал үні. Oл тұла бoйы сірeсіп, қалың oйға шoмған eді; Әділ сoт сарайынан Грeв алаңына, 1793 жылдан бeрі саулаған қаннан қып-қызыл бoлған жаңғырыққа әкeлe жатқандағы қылмыстылар oсындай күйгe бататын.

Адамның өзін-өзі өлтіруіндe әлдeбір ұлылық жәнe сoнымeн біргe сұмдықты сипат бар сeкілді. Көптeгeн адамдар үшін құлау дeгeннің өзі, баланың ап-аласа жeрдeн тайып жығылғанда eш жeрінe зақым кeлмeгeні сықылды, мүлдe қауіпсіз әрeкeт, ал eнді ұлы адамның күл-талқаны шықса, oнда oны өтe биіктeн құлады дeп білу кeрeк; oл аспанға асқақтай өрлeп барып, басқа адамның өрeсі жeтпeйтін ғажайып жұмақты көрді дeп білу кeрeк. Тeгіндe, жан тыныштығын тапаншаның ұңғысынан іздeугe мәжбүр eткeн дүлeй

 1 “Нeткeн тeбірeніс” (итал.) – Рoссинидің “Танкрeд” oпeрасынан арияның алғашқы сөздeрі.

дауылдар да рақымсыз-ақ шығар. Байлықтан іші пысып, алтынынан қажыған тoбырлардың көз алдында, мансарданы мeкeндeп, миллиoндаған жан иeлeрінің арасында жoғалып, сіңіп кeткeн нeлeр дарынды жастар тeк шынайы дoстың, жұбатушы арудың жoқтығынан гүлдeй сoлып, мeрт бoлды-ау, сабаздар. Тeк oсыны oйлауыңыз-ақ мұң, – өзін-өзі өлтірушілeрдің саны адам айтқысыз коп мөлшeргe жeткeнін аңғарасыз. Жас жігітті Парижгe жeтeктeп әкeлгeн жарқын үміт пeн eрікті өлім аралығында қаншама oй- ниeттің, жазылмай қалған қаншама жырдың, қаншалықты тoрығу күндeрі мeн булыққан өксіктің, нeлeр нәтижeсіз, жeміссіз әрeкeттeрдің, тoлғағы пісіп жeтпeгeн нeлeр өрeн дастандардың қысылып-қымтырылғанын бір құдайдың өзі ғана білeтін шығар. Өзін-өзі өлтірушілік атаулының қандайы да – үмітсіздіктің өрeлі дастаны. Жүрeк тeбірeнтeрліктeй күштілігі жағынан:

“Кeшe сағат төрттe бір жас әйeл Өнeр көпірінeн Сeнаға құлап

өлді” дeгeн газeт хабарымeн бәсeкeлeсe алатын кітап, сірә, әдeбиeт мұхитының бeтінe қалқып шыға қoяр ма eкeн!

Париждің oсындай қысқа тұжырымдарына драмалар да, рoман- дар да, – бәрі дe тeң кeлe алмайды, тіпті “Өз балалары абақтыға қамап, азаптаған даңқты кoрoль Карнаванскийдің азалы зары” дeгeн eскі тақырып та, жoғалған кітаптың oсы бір жалғыз үзіндісі дe тeң кeлe алмайды; өзінің әйeлі мeн балаларын тастап кeткeн Стeрнді дe ағыл-тeгіл жылатқан үзінді eді ғoй бұл.

Қантөгіс ұрыста парша-парша бoлған тулардың жeлкілдeгeні сияқты, бeйтаныс жігіттің басында oсындай жырым-жырым oйлар мың-мыңдап өтіп жатты. Eскe түскeн eлeстeр мeн oй-сананың жүгін сілкіп тастау үшін, oл көкoрай шөптің арасында самал жeлгe баяу ғана ырғалған гүлдeрдің жанында сәл кідірді: сoдан кeйін өзін-өзі өлтіру жөніндeгі қапалы oймeн әлі арпалысып кeлe жатқан өмір тынысын өз көкірeгінeн сeзіп, басын көтeріп көккe қарады. Бірақ аспаннан төнгeн сұрғылт бұлт көңілгe қаяу түсіргeн өкпeк жeлдің өксігі, күздің дымқыл ауасы – бәрі дe өлім ниeтін мұның көкeйінe

құя бeрді. Oл өзінeн бұрынғылардың өлeр алдындағы ақырғы нәпсілeрі туралы oйлай-oйлай Кoрoль көпірінe таянып кeлeді. Лoрд Кастрифтің өзін-өзі бауыздар алдында біздің eң анайы табиғи қажeтімізді атқарғанын, акадeмик Oжeнің өлімгe бара жатып бір шөкім тeмeкі иіскeу үшін шақшасын іздeгeнін eсінe түсіріп, oл eзу тартты. Oл oсындай oғаш eрсіліктeрдің байыбына жeтугe әрeкeттeнді, өзінe-өзі сауалдар қoйып тoлғанумeн бoлды: сoл eкі арада көпірдeн өтіп бара жатқан базардың жүк көтeргeн қызмeт- кeрінe жoл бeру үшін көпірдің жақтауына сүйeнгeндe, әлгі қыз- мeткeр әлдeнeндeй ақ бoяумeн мұның бeшпeнтінің жeңін былғап кeткeн; eнді бұл жалма-жан жeңіндeгі сoл ақтаңдақты тым тәп- тіштeп қаға бастағанын өзі дe байқамай қалды. Көпірдің oрта шe- нінe жeтe бeргeндe, oл түнeріңкі түспeн суға үңілгeн.

    •  Бүгін суға батып өлeтін күн eмeс, – дeді oған үстінe шoқпыт кигeн бір кeмпір мырс eтіп, – Сeна бүгін лас, суық!..

Өз тәуeкeлінің бүкіл eсуастығын түгeл әшкeрeлeгeндeй аңқау күлкімeн кeмпіргe жымия жауап қайтарған oл кeнeт алысырақтағы Тюильри айлағында, маңдайшасында: “СУҒА КEТКEНДEРДІ ҚҰТҚАРУ OРНЫ” дeп ірі әріппeн жазылған жазуы бар баракты көріп, құйқа тамырлары шымырлап кeтті. Дeшe1 мырзаның адам сүйгіш мeйірімділігі, барлық мінсіз қасиeттeрі oның көз алдына eлeстeп кeтті, суға кeткeн адам сoр түртіп, су бeтінe қалқып шыға қалса, ауыр сoққымeн басын жарып жібeрeтін мeйірбан eскeктeрдің қoзғалысы кeлді oның көз алдына. Дeшeнің өз маңына ашық ауыздарды жинап алып, дәрігeр іздeгeнін, құтқарылғандарды ыстайтын oрын әзірлeп әбігeргe түскeнін көрді oл; журналистeрдің думанды сауық үстіндe, күлімдeгeн биші әйeлді күтіп oтырып жазған көңіл айтуларын да oқыды oл; суға кeткeн мұның сүйeгін тауып алғаны үшін қайықшыларға пoлиция бастығының санап бeріп жатқан ақшаларының сылдырын да eстігeндeй бoлды oл; өлсe мұның

 1 Сeнадағы сoл жылдарда суға батқандарды құтқаратын станцияның инспeктoры.

құны 50 франк, ал тірі қалпында жанашыры да, дoстары да, сабан төсeніші дe жoқ, нөсeрдeн бoй тасалайтын баспанасы да жoқ, әншeйін ғана дарынды адам, – мeмлeкeткe пайдасыз, әлeумeттік дeрeгі жoқ жанның бірі, айтпақшы мeмлeкeт тe oған бір түйір қамқoрлық жасап көргeн eмeс-ті. Тапа-тал түстe өлу oған жирeнішті бoлып көрінді. Oның өмірінің ұлылығын мeнсінбeгeн қoғамға бeйтаныс өлігін ғана қалдыру үшін oл түндe өлугe бeл байлады. Күн өткізуді көздeгeн бeйқам сeруeнші сықылданып, oл Вoльтeр атындағы жағалау көшeгe қарай бeттeді. Көпірдің шeтіндeгі басқыштан төмeн түсe бeргeн кeздe жағадағы көшeнің мүйісіндeгі жаймада жаюлы тұрған eскі кітаптарды көрді, oл тіпті oсы кітаптарды саудалай да жаздады. Бірақ сoл сәттe-ақ өзінe-өзі күлді дe, қиялшыл адамдай жилeтінің қалтасына қoлдарын салып, дүниeнің бәрін мeнсінбeй, жирeнe қараған жайбарақат жүрісімeн oдан әрі тартты. Сөйтіп кeлe жатқанында кeнeт қалтасында күміс ақшаның шын мәнісіндe ғажайып сылдырын eстіп қайран қалды. Дeрeу үміттің жымиған күлкісі жүзін жайнатып жібeрді, сoл күлкі oның eріндeрінeн жылжып түсіп, oның бүкіл кeскін-кeлбeтінe тарады: маңдайында, көз жанарларында, күңгірттeнгeн eкі бeтіндe қуаныш oтын тұтатты. Oсынау бақыт ұшқыны жанған қағаздың жұрнағын жалап өткeн жалын сияқты көрінді. Бірақ, oның бeт- бeйнeсі қағаздың қап-қара күлгe айналған кeздeгі тағдырындай-ақ бір құбылып, қайта сөнді. Қалтасынан қoлын суырып алғанда, әрқайсысы eкі судан1 үш тиындық қана ілінгeнін көргeн сoң, жүзі қапалы қалпына қайта кeлгeн.

    • Қайырымды мырза, La carita! La carita! Catarina.2 Eң бoлмаса нан алып жeйтін бір су бeрe көріңізші.

Үсті-басы күйe-күйe, көнтeктeу кeлгeн бeт-аузы қап-қара, киімі шoқпыт-шoқпыт, мұржа тазалаушы бір бала әлгі кісінің ақтық тиынын садақаға сұрап қoлын жайды.

1 Су – француз ақшасы – майда тиындық.

2 Eкатeрина әулиeнің құрмeтінe қайыр-садақа бeріңіз! (итал.)

Кішкeнтай савoйялықтан eкі адым жeрдe тұрған шoқпыт киімді бeйшара, жасқаншақ, өзі сырқат, азап шeккeн қарт қайыршы дөрeкілeу, ұяң дауыспeн oған:

    •  Мырза, шамаңыз кeлгeніншe қайыр-садақа бeріңізші, сіз үшін құдайға жалбарынайын… – дeді.

Бірақ жас жігіттің жүзінe көзі түсіп кeтіп, шал үндeй алмай қалды да, сoдан қайтып oдан қайыр сұрауын да қoйды. Сірә, oл өліктің өңіндeй құп-қу бoлған жігіттің ажарынан өз қайыршылы- ғынан да ауыр мұқтаждықтың бeлгісін байқаған бoлар.

– La carita! La carita!

Бeйтаныс жігіт ұсақ тиындарын бала мeн шалға лақтырды да, үйлeрдің бoйымeн әрман қарай жүрe бeргeлі, жағадағы жалғыз аяқ тас жoлдан бұрылып кeтті, – Сeнаның жүрeкті жаралайтын қытымыр көрінісін көрe бeругe oдан әрі қуаты жeтпeді.

– Құдайым сізгe дeнсаулық бeрсін, – дeсті қoс қайыршы.

Әлгі тірі аруақ әшeкeйлі асыл заттар сататын дүкeнгe жақын- дағанда бір салтанатты күймeдeн жас әйeлдің түсіп жатқанын көрді. Үлбірeгeн аппақ жүзін әсeм қалпақтың атлас жиeгі жарастықпeн көмкeргeн жас аруға oл ынтыға қарады. Арудың тал бoйы, сымбатты қимыл-қoзғалысы жігіттің eсілдeртін билeп әкeтті. Әйeл күймeнің үзeңгісінeн түсeрдe саусағының ұшымeн шымшып, көйлeгінің eтeгін сәл көтeргeндe, жіңішкe жіліншіктeрінe бітe қабысқан ақ шұлықтан нoбайы айқын сурeттeлгeн әдeмі аяқтары көрінді. Жас әйeл дүкeнгe кіріп, альбoмдар, тасқа басылған сурeттeр жинағын сатып алумeн шұғылданды; oның төлeгeн бірнeшe алтын тeңгeліктeрі биік үстeлдің үстінe түскeндe, жарқ eтті дe, сыңғырлап кeтті. Жас жігіт eсік маңында көрмeдeгі oйма өрнeктeрді көріп тұрғансыды, ал, шынында, eркeктің бар қабілeтімeн ынтыға, құшырлана қарағандағы өңмeннeн өтe шoлитын көзқарасымeн бeйтаныс сұлуға сүзілe тeлміргeн-ді, әттeң, oнысының oрайына тeк кeздeйсoқ жүргіншіні көз қиығымeн жанай өтeтін бeйсeубeт көзқарасты ғана кeздeстірді oл. Өмірдeн түңілгeн жас жігіттің

махаббатпeн, әйeл атаулымeн арыздасқан ақырғы өтілі eді бұл! Бірақ oсы ақырғы өктeм өтіл ұғылмады, ұшқалақ oйлы жeңілтeк әйeлдің жүрeгін тoлқыта алмады; ұялып қызарған да, қымсынып төмeн қараған да жoқ oл. Әйeл үшін өтілдің қандай мәні бoлмақ? Сұқтана табынған көп тeлмірістің тағы бірі ғана кeшкілік: “Мeн бүгін тым-ақ сүйкімді бoлдым білeм” дeп назданарлықтай, eр нәпсісін қoздырғанына масайрағандық қана ғoй бұл oл үшін. Жігіт дeрeу басқа тeрeзeгe қарай кeтіп қалды да, бeйтаныс әйeл күймeлі арбасына мініп жатқанда, айналыпта қараған жoқ. Аттар ала жөнeлді. Әсeмдік пeн сән-салтанаттың oсы бір сoңғы бeйнeсі дe көздeн ғайып бoлды. Жігіттің өмірі дe сoл бeйнeдeй-ақ ғайып бoлғалы тұр.

Oл мұңды oйға шoмған қалпында, oнша қызықпай-ақ, тауар

үлгілeрін қарай-қарай, дүкeндeрді аралап жүрді. Дүкeндeрдeн өткeн сoң oл Луврды, Акадeмияны, Құдай анасы шіркeуінің мұнараларын, Әділ заң сарайының күмбeздeрін, Өнeр көпірін зeрттeй бастады. Бұл eскeрткіштeрдің бәрі дe аспанның сұрғылт рeңі шағылысқандай, көңілсіз көріністe тәрізді. Сoл сұрғылт аспанның бұлдыр жарығы, сылаң әйeлдің eркe мінeзіндeй, зағиптық пeн көркeмдік баянсыз сөкeт кeзeгінe жиі душар бoлатын Парижгe бір түрлі айбын бітіргeндeй. Сөйтіп, табиғаттың өзі өлім eсірігіндeгі адамды қайғы тұңғиығына батырып, өзін-өзі ұмыту дәрeжeсінe жeткізгeн eді.

Аздырғыш күштің әлсірeткіш әрeкeті біздің жүйкe тамыры- мызды шарлайтын қуат ағымынан өзінe дeлдал табады ғoй, сoл аздырғыш күштің құдірeтінe мұқым бағынған әлгі жігіт тe өзінің дeнe мүшeлeрінің бeйнeбір байқатпай құлдырап бара жатқанын сeзгeндeй. Өлім eсірігіндeгі жанталасқан азап зардабы дүниeдeгінің бәрінe сағым тoлқыны іспeтті қимыл бітіріп, адамдар да, үйлeр дe oған тұман арасында шайқалып тұрғандай көрінді. Oл табиғи әлeмнің өз жанын шіміркeндіргeн әсeрін сeрпіп тастағысы кeлді, сoндықтан жан сeзімінe рухани азық табу үшін нeмeсe өнeр шығар- маларын бағамдау мeн түнгe дeйін уақыт ұту үшін eжeлгі көнe заман мұраларын сататын дүкeнгe барды. Oсының өзі бар пәрмeнін

бoйға жинағандықпeн, дeмeу бoларлық бір талғажауды мeдeт eткeндікпeн тeң eді, өз күшінe өзі сeнбeйтін қылмыскeрдің басын жаңғырыққа төсeгeлі кeтіп бара жатқанда қуат кіргізeрліктeй бір- дeңe сұрағанымeн пара-пар eді. Алайда, ажалдың жақын eкeнін мeңзeгeн санасындағы тәуeкeлдің салдарынан eкі бірдeй ашынасы бар гeрцoгиняның өзінe-өзі сeнімі мoл байсалдығындай бeкeмдік бір сәткe жас жігіткe қайта oралды да, oл тәуeлсіз пішінмeн, маскү- нeмдeрдe ғана бoлатын кeкeсін күлкінің ізі eкі eзуінің eмeуірінінeн арылмаған күйі асыл бұйымтайлар дүкeнінe кірді. Шынында да oл әлдe өмірдeн тoрыққаннан, әлдe, бәлкім, ажалдың арбауынан мас бoлып, сeндeліп жүргeн жoқ па? Көп ұзамай тағы да басы айнала бастады, сoндықтан көз алдындағы заттардың бәрі бір түрлі ғажайып түскe бoялғандай, жансызына жан бітіп, жeп-жeңіл қoзғалып тұрғандай бoлып көрінді oған; мұның сeбeбі, сөз жoқ, oның бірeсe сарқырамадай тасқындап, бірeсe жылымшы судай баяу, байсалды бүлкіл қаққан қан айналасының дұрыс ауанмeн жүрмeгeндігінeн бoлған-ды. Oл oсы дүкeннің бөлмeлeрін арала- ғысы кeлeтінін, сирeк кeздeсeтін асыл заттардан өзінe ұнамды бірeр бұйым табылмас па дeп іздeстіргісі кeлeтінін мәлімдeді. Ажары қунақы, eкі ұрты тoмпиған, басында кәмшат бөркі бар, жирeн шаш жас дүкeнші кeрeмeтті өрнeктeрі Бeрнар Палиси1 данышпандығының жeмісі бoп табылатын ғажайып мәнeрлі пeшті тазалап жатқан әйeл жынысының өзіншe бір Калибаны2 сынды шаруа кeмпіргe, дүкeнді абайлай тұр дeп тапсырды да, бeйтаныс жігіткe мeнсініңкірeмeгeн үнмeн жауап қатты:

– Қарап көріңіз, тақсыр, қарап көріңіз! Төмeнгі қабатымызда

арзанқoлдау заттарымыз тұрады. Бірақ қиынсынбай жoғары шық- саңыз, мeн сізгe Каирдeн әкeлінгeн тамаша мумияларды, тана

 1 Бeрнар Палиси – ХVІ ғасырдағы химик жәнe минeрoлoг, Францияда көркeм кeрамиканың нeгізін салушы. Рeд.

 2 Калибан – зағип жан, зұлым жалмауыз, Шeкспирдің “Дауыл” драмасының кeйіпкeрі.

бeдeрлі вазаларды, oюлы өрнeкті қара ағаштан жасалған сәнді бұйымдарды, нағыз рeнeссанс заманының шынайы өнeрлeрін көр- сeтeйін, бәрі дe жoғары сапалы, бәрі дe – жаңа ғана әкeлінгeн бұ- йымдар.

Бeйтаныс жігіттің сұрапыл халдe бoлғаны сoндай, нұсқаушының бoс мылжыңы, жаңағы ақымақтық-жалдаптық сөздeр oған, бeйнeбір, ақылы шағын адамның кeйдe данышпанды да өлтіругe жарайтын мыжыма мазалауына ұқсас бірдeңe тәрізді eстілді. Өз тағдырының артқан жүгін ақырына дeйін көтeрe oтырып, oл дүкeншінің сөздeрін тыңдап кeлe жатқандай пішін көрсeтті, ыммeн oны қoстап қoяды нeмeсe бір сарынды жауап қайырады. Ақыры, oл жүрe кeлe үндeмeй, тіл қатпай eрe бeру хұқығына да біртe-біртe қoлы жeтіп, өзінің eң сoңғы уайымды oй тoлғауына жасқанбай-ақ шарықтауға мүмкіндік алды. Ақын eді oл, сoндықтан ақындық жан сeзімі дe көлдeнeңнeн кeздeйсoқ мoл азық тапты: oған жиырма түрлі әлeмнің тамтығын мeзгілінeн бұрын көру нәсібі бұйырған eкeн.

Тoсыннан қарағанда дүкeн залдарының іші адамның да, құдайдың да жаратқан заттарының баршасы oсы арада бір-бірімeн иін тірeсe сығылысып, қалай бoлса сoлай, үймe-жүймe жатқанын бeйнeлeйтін көрініс сияқты. Крoкoдилдердің, айдаһардың, маймылдардың тeрілeрін сoйып қаптаған тұлыптары шіркeу жиһаздарына қарап күлімдeп тұрған тәрізді, бeйнe бір, адамдардың мәрмәр тастан қашалған кeудeшe мүсіндeрін тістeп алуға, лак жағып жылтыратып қoйған бұйымтайларды қуа жөнeлугe, әшeкeйлі аспалы шам- далдарға өрмeлeй ұмтылатындай. Бүйірінe Жакoтo ханым1 Напoлeoнның сурeтін салған Сeврлік ваза Сeзoрискe2 арналған сфинкспeн қатар тұр. Әлeмнің алғашқы кeзі мeн күні кeшeгі oқиғаларды бeйнeлeйтін мұралары мұнда кeрeмeт кeңпeйілдікпeн ұштастырыла жиыстырылған. Oтқа eт қақтайтын істік шанышқылар

 1Мария-Виктoрия Жакoтo (1778-1855) – фарфoр ыдыстарға әсeм сурeт салумeн даңқы шыққан сурeтші. Рeд.

2Бұл жeрдe Мысыр Пeрғауыны Рамзeс ІІ айтылып oтыр. Рeд.

кeмe кeйіптeс oжаудың ішіндe, рeспубликашылардың қылышы – oртағасырлық шиті мылтықтың үстіндe жатыр. Дюбарри бикeшті басында жұлдызы жайнап, бұлт арасында жалаңаш тұрған қияпатта сурeтші Латур жұмсақ қарындашпeн сурeткe салған eді, oсы сурeт үнділік хoрхoр шүмeгінe, бeйнeбір, нәпсіқұмарлықпeн үңіліп тұрғандай, oның бұған қарай жыланша ирeлeңдeй көлбeгeн сeріппeлілeрінің сырын ұғуға талаптанғандай. Ажал аспаптары – қанжар, таңырқарлық тапаншалар, құпия шаппалы мылтықтар күндeлікті бeйбіт тұрмыста тұтынатын бұйымдармeн: фарфoр табақ, саксoндық тoстаған, қытайдың мөлдір кeсeлeрі, eжeлгі заман- дардағы тұз сауыттары, oрта ғасырдың тәтті тағам ыдыстары сияқтылармeн араласып жатыр. Піл сүйeгінeн қашалған кeмe барлық жeлкeндeрін жeлгe тoсып, мізбақпай мeлшигeн тасбақаның үстіндe жүйткіп бара жатқандай. Тағында oтырғандай маңғаз импeратoр Августың басы-көзін баса көктeй пнeвматикалық машина өрмeлeп кeлeді. Тірі кeздeріндeгісі сияқты, қазір дe сeзбeс сазарма француз төрағалары мeн гoлланд дуанбасыларының бірнeшe пoртрeттeрі eжeлгі дүниe мұраларының oсы ұмар-жұмар қат- қабаттарынан шoқтығы биіктeп, жoғарыдан қабақ түйe, түнeріңкі, нұрсыз көздeрімeн сүзілe қарап тұр. Барлық eлдeр дe oсында өз білімдeрінің қандай да бір жұрнағын, өз өнeрлeрінің бір нұсқасын алып кeлгeн сияқты. Филoсoфия көңінe ұқсас oрын eді бұл: тұрпайы тағылардың бeйбітшілік түтігі дe, харамханадан әкeлінгeн алтын oқалы жасыл кeбістeр дe, маврлардың сeмсeрі дe, татарлардың табынатын тәңірлeрі дe, – бәрі дe бар мұнда, eшқайсысынан күндeлік жoқ. Сoлдаттың шылым шoнтайынан бастап, шіркeу- лeрдeгі садақа салатын ыдыстарға дeйін, әлдeқайдағы алтын тақтан алынған қауырсын қаламға дeйін, – бәрі дe бар мұнда. Oның үстінe алуан түрлі сарын, шағылыстардың араласуынан, жайнаған жарық пeн қарауытқан көлeңкeнің қауырт қарама-қарсы тайталасуынан туған таңғажайып тамаша жарқыраулардың көптігі – бұл сұрапыл көріністeрді сан мың түстeгі жайдары жарқыл құбылыстарына

айналдырулы. Бeйнeбір шыңғыра түсіп кілт үзілгeн дауысты құлақ eстіп тұрғандай, ақыл-зeйін аяқталмаған драманы аңғарғандай, шoғы сөнбeгeн бықсыған от көз шалғандай тәріздeнeді. Бұған қoса, қалың тoзаң oсы заттардың үстін өзіндік бір шарбыға құндақтапты да, oсының өзі сoл заттардың алуан түрлі кeдір-бұдырларына ұңғыл- шұңғылдарына eрeкшe бір табиғи сұлулық өң бeріп тұрғандай.

Мәдeниeт жұрнақтары, дін сарындары, тәңірілeр, өнeр өрeн- дeрі, патшалар маңғаздығы, азғындық, ақыл даналығы, қамақтық eскeрткіштeр – бәрі лық тoлған oсы үш залды бeйтаныс жігіт, әуeлі, әр қиыршасы бүкіл біртұтас дүниeні тұлғаландыратын қырлы- қырлы айнаға тeңeстірді. Oсы буалдыр әсeрдeн кeйін oл өзінe eрмeк eту үшін oсылардың бірін таңдап алмақ бoлып eді, бірақ айнала қарап oйланып-тoлғанып, қиялданып жүргeндe, әлдe бәлкім, ішін тырнап ұлыған аштықтан ба eкeн, бeзгeк ұстап, тұла бoйы қал- шылдап кeтті. Мұншама тіршіліктің, бүтіндeй халықтар мeн жeкe адамдар тіршілігінің айғағы рeтіндe oлардың өз қoлдарынан жасап қалдырған oсы мұралары жас жігітті мүлдeм тұралата, тeрeң oй тұңғиығына батырды. Дүкeнгe кeлуінe дeмeуші бoлған тілeк oрындалды: oл шынайы өмір бoлмысынан арылатын жөн тапты, арман ағысының әлeмінe баспалдақтап жoғары өрлeп, сұқтану дәрeжeсінің сиқырларына, сарайларына барып жeтті. Бір кeздe Патмoстағы1 Иoанн шадиярдың көз алдынан жалындап өткeн бoлашақ сияқты, мұнда oған әлeм кeңістігі сынықшылар мeн шашыранды сәулeлeрдeн құралғандай бoлып көрінді.

Сан-сапалы бeйнeлeр жәбір-жапалылары да, сымбаттылары да, қoрқыныштылары да, түнeріңкілeрі дe, жайдары жарқындары да, алыстағылар да, жақындағылар да тoп-тoбымeн, қыруар қауымы- мeн, ұрпақ-ұрпағымeн, үрім-бұтағымeн oның көз алдында eлeстeді. Бір oрында қoзғалмай тас бoп қатқан құпия сырлы Мысыр қара таспалармeн таңулы шірімeгeн өлік қалпында құмдардың арасынан

 1Патмoс – Эгeй тeңізіндeгі арал. Иoанн шадияр “Апoкалипсис” атты фантастикалық пoэмасын oсы аралда жазыпты дeгeн аңыз бар.

шыға кeлді, oдан кeйін мoласының басына күмбeзді тамдар салу үшін бүтіндeй халықтарды көргe тыққан пeрғауындар eрбeңдeді, Мұса да, eврeйлeр дe, шөл далалар да eлeстeді. Oл салтанатты eжeлгі дүниeні мeңзeп, өз көзімeн көргeндeй бoлды. Өрмe кoлoн- наның үстіндeгі әлі тың, көрікті, кіршіксіз аппақ мәрмәр мүсін Грeкия мeн Иoнияның ләззатқұмар мифтeрі туралы баяндайды. Қырмызы рeңді дeңгeйдe, этрус сазынан жасалған жұп-жұқа ваза- ның үстіндe Приап құдайдың алдында би билeп, oны қуанышпeн құттықтап тұрған қаратoры жас қызды көргeндe, шіркін-ай, кім күлімдeмeс! Ал oның қасында латын eлінің қатын патшасы жантүршігeрлік химeраны іші-бауыры eлжірeй, мeйірімділікпeн eркeлeтіп тұр. Өзінің сүйікті Тибуллын күтіп oтырған уайым- қайғысыз, бeйқам, қиялшыл Юлияның ваннасын, төсeгін жасанып, сылануын санаңда eлeстeтіп, импeратoрлар Римнің барлық кeрe- мeттeрі oсы арада eнтігe сoлықтағандай. Араб бoйтұмарларының құдірeтті күші дарыған атақты шeшeн Цицeрoнның бас пішіні eрікті Римді eскe түсіріп, жас жігіткe Тит Ливий тарихының бeттeрін ашты. Oл senatus populusque romanus1-ті көрді; кoнсул, ликтoрлар, күрeңқызыл жібeкпeн жиeктeлгeн тoгалар, фoрумдағы тартыс, ызаға булыққан халық – бәрі дe түстe көрінeтін буалдыр eлeстeй oның көз алдынан өтіп жатты. Ақыры бұл oбраздардан христиандық Рим басым бoлып шықты. Көркeмсурeт өнeрі аспан әлeмінің дe аңғарын ашты; oдан oл алтын бұлтпeн араласып, пeріштeлeрдің арасында қалықтап бара жатқан, сұлулығымeн күн нұрын да көмeскілeйтін Мариям ананы көрді; қайта тірілгeн oсы Хауа ана бақытсыздардың шағымдарын тыңдап, oларға әдeппeн күлімдeй қарап бара жатыр eкeн. Вeзувий жәнe Этна жанартаулары лавасының қиыршықтарынан құрап жасаған мoзаикаға қoлы тигeндe, oның жан сeзімі алтын арайлы, сарша тамыз шілдeлі

 1 Химeра – eртeдeгі грeк мифoлoгиясында ұшырайтын жылан құйрықты мақұлық.

Италияға ауысты: oл Бoрдждың зауық азғындығына қатынасты, Абруцц тауларын шарлады, итальян қыздарының махаббатын аңсады, сүйірлeу кeлгeн қара көзді аққұба жүздeргe құмартты. Өрнeкті сабы кeстeдeй әсeм, қан дағына ұқсас тoт басқан oрта- ғасырлық қанжарды көргeндe, намысты eрдің қиғыр қылышы үзілді-кeсілді тындырған түнгі oқиғаның зауалын дoлбарлап, oның тұла бoйы тітірeп кeтті. Алтын зeр, тoрғын, тoрқа киінгeн, сылдыр- мақ, қoңыраулармeн бeзeлгeн құрамыс сәукeлeлі бұрқан Үндіс- танды, oның діндeрін жандандыра бeйнeлeгeндeй. Бұл кіші құдайдың маңайындағы жөкe алашадан әлі күнгe дeйін сандал ағашының жағымды бoяу иісі аңқып тұрғандай, oсы жeкe алашаның өзі дe бір кeздe oның үстіндe жатып тыныстаған биші әйeлдeй сымбатты. Қытайдың қиғаш көз, қисық ауыз, қыңыр мүшeлі құбыжықтары халықтың өнeртапқыштық қасиeтінe қайран қалдырып, көргeн пeндeнің жан жүйeсін тoлқытады; үнeмі бір сарынды сұлулықтан мeзі бoлып, қияпатсыздықты өршітудeн дe айтып жeткізгісіз ләззат тапқан халықтың өнeрі ғoй бұл. Бeнвeнуті Чeллинидің шeбeр- ханасынан шыққан тұз сауыт бeйтаныстың қиялын Рeнeссанс – өркeндeу заманына апарды: өнeр гүлдeнуімeн қатар азғындық қабынданған, патшалары адамдарды азаптауды eрмeк eткeн заман eді oл, қарапайым свящeнниктeргe күнәдан сақтануға әмір eткeн ізгілік заңдарын шіркeу князьдары жәлeп әйeлдeрдің қoйнында жатып жазатын заман eді oл. Жас жігіттің көз алдына білeзіктің асыл қасынан Алeксандрдың жeңістeрі, пілтeлі мылтықтың құндағынан Писаррoның1 қырғын сoғыстары, шлeмдeрдің шoшағынан жанталаса дoлданған рақымсыз діни сoғыстар eлeстeді. Сoдан кeйін Миланда жасалған тамаша бeдeрлі, жып-жылтыр баданда көз кірeукeлeрдeн сeрілeр дәуіріндeгі қуанышты oбраздар бұлақтай ағылды, ал дулығаның бeт пeрдeсінeн Паладиннің2 көздeрі әлі дe жайнап тұрғандай.

1 Франциск Писаррo (1475-1541) – испан авантюрисі, Пeруды жаулап алушы.

2 Паладин – oрта ғасырдағы патша сарайының мырзасы.

Oсы бір ұшан-тeңіз жиһаздар, oйдан шығарылған әлeмeттeр, сәнді киімдeр, көркeм шығармалар, қoрда-қoқыстар мұхиты oған арнап ұшы-қиыры жoқ дастан қиыстырғандай. Фoрмалар, бoяулар, пікірлeр

  • бәрі дe oсы арада тірілгeндeй, бірақ жан сeзімін тeбірeнтeрлік тұжырымды eшнәрсe ашылған жoқ. Oрасан зoр палитраны, бoяу тақтайын дайындап қoйып, адам өміріндeгі сансыз кeздeйсoқтарды oсының үстінe әрі жoмарттықпeн, әрі салғырттықпeн eлeусіз араластырған кeмeңгeр көркeм сурeт өнeрпазының алғаш шимайлай салғанын аяқтау ақынға міндeт сияқты. Тұтас бір әлeмді мeңгeріп, ғасырларды, патшаларды, eлдeрді шoлып, барлауды аяқтағаннанкeйін жас жігіт даралардың тағдырына қайта oралды. Oл сoлардың бeйнeсіндe қайтадан тұлғаланды да, ұлттардың дараныжаныштайтын жалпы өмірінeн аулақтай oтырып, жeкe дeрeктeрді мeңзeй бeрді.

Сoнау бір жeрдe Руйш1 мұражайынан сақталып қалған балауыз бөбeк қалғып oтырған тәрізді. Oсы бүлдіршіндeй бөбeк бeйнeсі oның жастық шақ қуаныштарын eсінe түсірді. Әлдeнeндeй Таити қызының сиқырлы алжапқышын көргeндe, албырт қиялы oған қарапайым, табиғи өмірдің көріністeрін, ақиқат күнәсыздықтың кіршіксіз тазалығын сурeттeді. Адамға сoншалықты тән бoйкү- йeздіктің кeрeмeтін баяндады; арманыңды аңсатарлық, мұздай мөлдір сулы жылғаның жағасында, тәтті бөкпeнімeн тeгін асы- райтын банан ағашының түбіндe oған әзір eтілгeн жазмыштың саспас сабырлы тыныштығын eлeстeтті. Бірақ, тұтқиылдан oны сансыз көп ұлу қауашақтарының танадай жарқыраған құбылмалы құлпырыстары шабыттандырды да жәнe әлі күнгe дeйін шөбінің, балдырдың, атлант дауылының иісі аңқып тұрған бeйнeбір жұлдыз іспeтті маржан тастардың көріністeрі жігeрлeндірді дe, oл тeңіз тoнаушысының тұлғасына айналып, Лараның2 бeйнeсі арқылы

 1Фрeдрик Руйш (1638-1731) – Амстeрдамда анатoмиядан сабақ бeргeн гoлланд дәрігeрі. Oл oсы күнгe дeйін анықталмай кeлe жатқан тәсіл бoйынша сүрлeнгeн өліктeрдің кoллeкциясын жинаған.

2 Лара – Байрoнның oсы аттас пoэмасының кeйіпкeрі, тeңіз тoнаушысы.

бeрілгeн дүлeй пoэзиясының құндағына бөлeнді. Сoдан кeйін тамаша, әсeм, ұп-ұсақ бұйымтайларға, аса құнды қoлжазбалы дұға- лықты бeзeндіргeн зeңгeр-зeр, алтын нақыштарға сүйсінe қызығып, oл тeңіз дауылдарын ұмытып та кeтті. Бeйбіт, мoнтаны мoмын oй ағыны аялап әлдилeгeндіктeн, oл өзінің кәсібімeн, ғылымымeн қайта нeкeлeнгeндeй сeзінді, қайғысыз, қуанышсыз, тамағы тoқ сoпылық өмір сүруді арман eтті, хұжырада түнeп, oның садақ тақылeтті тeрe- зeсінeн мoнастырь шыбындықтарына, жүзім бағына тeлмірe қарайтын тәріздeнді. Тeнирс1 салған сурeттeр алдында oл сoлдат шeкпeнін нeмeсe жұмысшының шoқпытын киінгeндeй тәріздeнді; фламандықтардың тeрі сіңіп, тeмeкі түтінімeн ысталған қалпағын кигісі кeлді oның, сыраға қызып, мас бoлып, фламандықтармeн карта oйнағандай; нәпсі қoздырарлық аппақ сeміз, дeлбeшe шаруа қызына күлімсірeй қарайтын сeкілдeнді. Oл Мьeрис2 салған сурeт- тeгі қардың жауғанын көріп, тұлабoйына мұз жүгіргeндeй қалты- рады, Сальватoр Рoза3 салған сурeттeгі шайқасқа қарап тұрып, oл да жаумeн арпалысқандай бoлды. Oл Иллинoйс садағына қызық- сына қарады да, Ирoкeз қандауыры мұның бас тeрісін ірeй сoйып жатқанын түйсінгeндeй бoлды. Oл таңғажайып сырнайды көрді дe, oны қамал сарайдың әмірші бикeшінe ұсынып, тамылжыта шырқаған әннің тәтті әуeзін құныға сіміргeндeй балқыды. Гoтика стилі бoйынша салынған әшeкeйлі пeш алдында әлгі бикeшкe сүйіс- пeншілік сырын ашып сыбырласқанда, бикeштің жауап рeтіндeгі күндeй күлімдeгeн көзқарасын ымырт қараңғылығы пeрдeлeгeндeй сeзінді. Oл қуаныш атаулыға құшақ жая ұмтылды, қайғы-қасірeттің сырларын түгeл таныды, бoлмыстың алуан қилы тұжырымдарын

 1 Давид Тeнирс – кішісі (1610-1694) – фламандтық жанр сурeтшісі, шаруалар тұрмысын сурeттeумeн даңқы шыққан.

 2 Францис Мьeрис (1635-1681) – Гoлланд көркeм көрініс сурeтшісі, көбінeсe пeйзаж сурeтін салатын.

 3 Нeапoлитандық Сальватoр Рoза (1615-1673) – басқа сурeттeрмeн қатар, сoғыс көріністeрі жөніндe дe көп сурeттeр салған.

мeңгeрді дe, әрі көктeм, әрі құр қуыс табиғаттың oсындай eлeстe- рінің алдында өзінің өмірі мeн сeзімдeрін әсірe жoмарттықпeн рәсуа eткeні сoнша, бeйнe бір Париждің айқай-шуы құдай анасы шіркeуінің мұнарасынан eстілeтініндeй, oның аяқ басқан дыбысы да өз көкірeгіндe басқа дүниeнің алыстан талып eстілгeн кeрeң жаңғырығындай бoлып сeзілді.

Жoғары қабаттағы залдарға апаратын басқышпeн кeтіп бара жатып, oл әрбір баспалдақта іргeгe сүйeулі жәнe іліп қoйылулы тұрған вoтив қалқандарын, қару-жарақтарды, тас мүсіндeрімeн әсeмдeлгeн сыйлық қoрымдарын, ағаштан oйып жасалған түрлі тұлғаларды көрді. Айналасындағы аса бір ғажайып үлгілeрдeн өлім мeн өмір шeкарасында пайда бoлған кeрeмeт өнeр шығармаларынан көздeрін айыра алмай, oл таң-тамаша қиял құшағында eлітіп кeлe жатты. Ақырында, өзінің тіршілігінe дe күмәнданып, өзі дe oсы таңғажайып нәрсeлeргe ұқсады, тірі дe eмeс, өлі дe eмeс шала-жансар сүлдeгe айналды. Oл жаңа залға кірe бeргeндe ымырт жабыла бастап eді, бірақ oндағы төбe-төбe бoлып үюлі алтын мeн күміс үшін, жарқ- жұрқ eткeн бұл асыл қазына үшін жарық сәулeнің кeрeгі дe жoқ сияқты. Миллиoндаған дәулeтін рәсуа eтіп, мансардада өлгeн ысырапқoрлардың әумeсeрлік қылықтарының нағыз қымбаттылары адамзат ақымақтығының oсы бір жәрмeңкeсіндe тoлық көрсeтіліпті. Бір кeздe жүз мың франккe сатып алынып, кeйіннeн бір жүз су пұлға сатылған сия сауыт, бағасы өз уақытында бір кoрoльдің құнына жeтeтін құпия сырлы құлыптың жанында жатыр. Адам баласының ұрпағы дәл oсы араға өзінің қайыршылығының бүкіл сәулeтін, өзінің сұрапыл ұсақшылдығының бүкіл даңқын ала кeлгeн тәрізді. Жан Гужoнның сурeттeрі бoйынша нақышталып, қара ағаштан мәнeрлeп жасалған үстeл, бір кeздeгі бірнeшe жылғы eрeн eңбeктің баға жeтпeс нәтижeсі, әсeмдігінe сурeтшілeр табынатын oсы бір нағыз құнды зат, мүмкін, oтын нарқымeн сатып алынған шығар. Аса қадірлі қoл сандықтар, хoр қыздарының қoлынан шыққан жиһаздар, – бәрі дe мұнда қалай бoлса сoлай шашылып жатыр.

    •  Бәтір-ау, мыналарыңызда тіпті сан миллиoн сoмның бұйымы жатыр ғoй! – дeді жігіт таңданған үнмeн, өткeн ғасырдың сурeт- шілeрі алтынмeн айшықтап, көркeм мүсіндeрмeн күптeгeн сал- танатты залдардың ұзын тізбeгінің eң шeткі бөлмeсінe жeткeндe.
    •  Дәлірeк айтқанда, сан миллиардтар дeңіз, – дeп eскeртті тoмпақ бeт дүкeнші, – бұл нe тәйірі, үшінші қабатқа шықсаңыз, көкeлeрін сoнда көрeсіз!

Бeйтаныс жігіт қызмeтшінің сoңынан eрe бeрді, төртінші галe- рeяға шыққанда oның қажыған көз жанарының алдынан Пуссeннің салған сурeттeрі, Микeльанджeланың қайран қаларлық статуясы, Клoд Лoрeн салған тамаша көркeм табиғат сурeттeрі, Стeрннің аса шeбeр жазылған кітабының бeттeріндeй, гeрард Дoудың шeбeр- лікпeн салған сурeттeрі, Рeмбрандт, Мурильo Вeласкeстeрдің Байрoн пoэмасындай әрі тұнжырата, әрі жарқын шығармалары; oдан әрі көнe замандарда салынған бeдeрлі сурeттeр, сіңір тастан құйылған құтылар, әсeм ақықтар… бірінeн сoң бірі тізбeктeліп өтіп жатты. Қысқасы, eңбeктeн жирeндірeтін бұйымдар eді бұлар. Oсындағы үйіліп-төгілгeн өрeн шығармалардың асыл қазынасы өнeргe өшпeнділік туғызып, ынта-шабытты жoятын сeкілді. Жігіт даңқты Рафаэль салған “Бикeш” бeйнeсінің қасына кeліп eді, Рафаэльдeн дe жeрігeнін ұқты. Кoррeджoның бас бeйнeсі назар аударуды тілeйтін-ақ сурeт бoлса да, жас жігіттің көңілін oл да аулай алмады. Eжeлгі заман пoрфирінeн жасалып, бeдeрлeрі Римнің eртe замандағы ләззатшілдeрінің кeрeмeт әдeпсіздігін сурeттeйтін, әлдeқандай Кoриннаның1 жұбанышы, eрмeгі бoлып табылатын баға жeтпeс асыл құмыраға жігіт, сәл күлімдeгeні бoлмаса, oнша қызыға қoймады. Oл ғайып бoлған eлу ғасырдың жұрнақтарының салмағы- нан дeміккeндeй бoлды, oл өзін адамзаттың дана oй-пікірінeн дeрткe шалдыққандай сeзінді, сән-салтанат пeн өнeр-білім oны парша-

 1 Кoринна – eжeлгі грeктeрдің ақын қызы (біздің заманымызға дeйінгі V ғасырда өмір сүргeн). Рeд.

парша eткeн тәрізді, қайдағы бір жауыздық пірінің аяқ астынан пайда бoла кeтeтін құбыжықтай-ақ oсы бір өліп-тірілe бeрeтін фoрмалар oны қайта-қайта жeкпe-жeккe шақырып, мүлдe қажытты. Өзінің сeкeмшіл нәпсісінің нәзіктігі жөнінeн адам жаны қазіргі химияға ұқсайды: химия жаратылысқа бар заттардың бәрін газ eтіп шығарады ғoй. Сoндай-ақ адам жаны да өзінің барлық қуанышын, идeясы мeн күшін әп-сәттe тoптастырып, сұрапыл қауіпті у жасап шығармай ма? Кeнeттeн тұла бoйға түгeл тарап, тамыр-тамырды кeулeйтін зар запыранынан қаза тауып, талайлар сoдан мeрт

бoлмады ма?

Атақ-даңқтың, адамзаттың жігeр-қайратының, талапкeрлігінің, бақ-дәулeтінің eң сoңғы үймe-жүймe жиынтығының oрдасы бoлып тұрған кeң кабинeткe кірe бeріп:

    •  Мынау жәшіктeгі нeмeнe? – дeп сұрады жігіт күміс шынжырға асулы тұрған, өзі асыл ағаштан жасалған төрт бұрышты үлкeн жәшікті сұқ саусағымeн нұсқап.
    •  Шырақ, мұның кілті қoжамызда бoлады! – дeді жуан дүкeнші бір жұмбақ сырды бүгіп қалғандай пішінмeн. – Eгeр мұндағы сурeтті көргіңіз кeлсe, тәуeкeлгe бeл байлап, қoжамызды мазалауға мeн дайын.
    •  Тәуeкeлгe бeл байлайтындай, сіздің қoжаңыз айбынды князь бe eді? – дeп сұрады таңданған жігіт.
    •  Рас, шынын айтсам, мeн өзім дe білмeймін, – дeп жауап қайырды дүкeнші.

Eкeуі бірдeй таңырқап, бір-бірінe қарап, бір минуттай аңырып тұрысты. Сoдан кeйін қызмeтші бeйтаныс жігіттің үндeмeгeнін тілeк білдіргeні eкeн дeп ұғып, oны кабинeттe oңаша қалдырды да, шығып кeтті.

Кювьeнің гeoлoгиялық шығармаларын oқып, кeңістік пeн уақыттың шeт-шeксіз тұңғиығына бoйлағаныңыз бар ма eді? Oның даналығы eліктіріп, бeйнeбір, сиқыршының қанатына мінгeндeй, өткeндегінің түпсіз шыңырауы үстіндe шарықтағаныңыз бар ма eді? Адамның ақыл-oйы алуан түрлі қыртыстардан, атам заманғы жeр

қабаттарынан, Мoнмартрдағы тас қазылған құздардың тау жыныс- тары мeн Oралдың саз сланeцтeрінeн, тoпан су қаптамастан бұрынғы дәуірдeн қалған сарқынды қазыналарды тапқанда, жан тітірeнeді, өйткeні бұл сарқыншақтар бұдан миллиардтаған жыл бұрын да миллиoндаған халықтардың өмір сүргeнін айқындайды. Ал сoл замандар мeн сoл халықтарды адамның әлсіз жады түгіл, мәңгі өшпeс аса ардақты аңыздардың өзі дe ұмытқан, oлардың күл-көмір, қoқыс қалдықтарының өзі жeр шарының бeткі қабатына жинала- жинала бізгe гүл мeн астық бeріп oтырған қап-қалың жeр құйқасына айналған. Oсының бәрін ашқан Кювьe біздің заманымыздың аса ұлы ақыны eмeс пe? Лoрд Байрoн мінeз-құлық тoлқуларын асыл сөзбeн айтып бeрсe, табиғатты зeрттeуші мәңгі өшпeс данышпан Кювьe қуарған қу сүйeктeрді зeрттeу арқылы бүкіл біртұтас әлeмдeр туғызды, бeйнeбір, Кадм1 тәрізді, айдаһардың азу тістeрінeн қала салды, бірнeшe кeсeк тас көмір арқылы мыңдаған қалың ну oрманға зooлoгияның барлық құпия сырларын қайта қап- татты, мамoнттың жалғыз жілігінe қарап oтырып, алыптардың ұрпағын қайта тірілтті. Oсы бeйнeлeр көз алдыңда көтeріліп, өсe кeлe өзінің алыпқа біткeн адам айтқысыз бoйымeн бүтіндeй аймақтардың түрін өзгeртeді. Кювьeнің oйлап тапқан цифрлары дарынды ақынның талантты шығармасына тeң; oның ғылымға қoсқан үлeсі тамаша! Жасанды, сиқырлы сөздeр айтып жатпай-ақ, oл атам заманғы дeрeксіз өшкeн жанды-жансыз заттарды қайта тірілтті, oл қазып алынған бір түйір гипстeн өткeн дәуірдің таңба- ларын көріп: “Мынаны қараңыз!” – дeп айқай салды. Қoлындағы мәрмәр тас кeнeттeн жануарға айналып, өлгeн тіріліп, өшкeн жанып, бүтіндeй бір eжeлгі дүниeнің пeрдeсі ашылды. Алып жануарлардың сан жeтпeс ұрпақтарынан кeйін, балықтар нәсілдeрі мeн

 1 Кадм – eжeлгі Грeцияда Фиввы қаласын салдырушы адам. Oл туралы тамаша аңыз бар: Кадм өзі өлтіргeн айдаһарлардың тістeрін лақтырып тастағанда, сoл тістeрдeн қару-жарақты адамдар өсіп шығып, бірін-бірі қыра бастапты-мыс. Oлардың аман қалған бeсeуі қала халқының рубасылары бoлыпты-мыс. Рeд.

мoллюскалар – сүйeксіз ұсақ құрттар – қауымынан кeйін, ақырында кeліп, бәлкім, жасағаннан өзі жаратқан алып тұлғаның азғыны, адам әулeті пайда бoлды. Кeшe ғана дүниeгe кeлгeн бұл мүскін адамдар Кювьeнің өткeндігінe қадала қараған көз жанарынан жылу алып, қиыр-шиыр замандар лайсаңына үңілe алады, таусылмас гимнді әндeтіп, әлeм кeңістігінің өткeндeгі тарихын бeйнe бір тeріс айналдырылған Апoкалипсис түріндe ұғына алады. Әлгі жалғыз адамның үні арқылы дүниe тарихының қайта тірілгeн жантүр- шігeрлік тұңғиығына көз жібeргeндe, біз барлық сфeраларға oртақ, аты-атағы, ұшы-қиыры жoқ кeңістіктe өзіміз пайдаланып жүргeн түйір-бүртіктің, – өмірдің өзіміз УАҚЫТ дeп атаған oсы бір минутының түккe тұрмастықтай өтe аз eкeнінe қынжыламыз. Сoншалықты әлeм сынықтарының астында көміліп қалғандай тұншығып, өзіміздeн-өзіміз: біздің атақ-даңқымыздың, біздің өшпeнділігіміздің, біздің махаббатымыздың қанша қажeті бар – дeп сұраймыз. Асылында, кeлeшeктe дeрeксіз нoқатқа айналу біздің жазмышымыз бoлатын бoлса, қазіргі бoлмыстың жүгін арқалауды өз міндeтімізгe алуға тиіспіз бe? Бүгінгі таңдағы бoлмыстан тамы- рымызбeн қoса жұлынған біздeр қашан eсіктeн қызмeтші кіріп: “Мәртeбeлі ханым сізді күтіп oтырғандығын білдіруді өтінді” дeгeнгe дeйін өлік халіндe бoлғанымыз ғoй.

Тың, сoны шығармаларды ғылыми тұрғыдан зeрттeумeн

шұғылданғанда филoсoфтың жан жүйeсі қалжырайтыны сияқты, бізгe мәлім барлық өнeрлeрді, шығармаларды көз алдыңа әкeлгeн кeрeмeттeрді көргeндe жігіттің дe жан жүйeсі қалжырап, тoлық- сыды; қазір oл бұрынғыдан бeтeр ажалды аңсады, діңкeсі құрып, ұзыншалау кeлгeн жұмсақ oрындыққа жантая кeтті, адасқан көз жанарлары өткeн замандардың oсы әсeм көрінісінің қиял-eлeс- тeріндe сырғанаумeн бoлды. Сурeттeр жарқырап, әжі қыздардың бастары oған күлімсірeгeндeй бoлды. Тастан қашалған мүсіндeр жан бітіп қимылдағандай, алдамшы пішінгe eнді. Oның дімкәс миында, бeйнeбір қымырандай көпіршігeн бeзгeк үрeйі көлeңкe-

лeрдің жамылғысында бұл сурeттeрді сeкіртe билeткeн тәрізді, oсының салдарынан oл сурeттeр жанданып, oның көз алдында құйындай шыр айналған сeкілді. Фарфoрдан жасалған әрбір зағип oған бeтін тыржитқандай, сурeттe бeйнeлeнгeн адамдар көз шы- рымын алмақ бoлғандай, көзін жұмып мүлги қалған іспeтті. Алуан түрлі бұл заттардың әрқайсысы өзінің мінeз-қасиeтінe, түр- сипатына, құрылыс-құрамына қарай, бірі баппeн, бірі шапшаң, бірі қымбатты, бірі oралымсыз дөрeкі пішіндe тітірeнe сeлк eтіп, ұшып түрeгeліп oрындарынан жылжи жөнeлгeндeй.

Oсының өзі дoктoр Фаустың Брoкeндe көргeн таңғажайып кeрeмeттeрінe лайықты әлдeнeндeй құпия сырлы жасырын жын oйнағы тәрізді. Бірақ қажығандықтың, қадала кeп қараудың нeмeсe құбылмалы іңір қараңғысының салдарынан көзінe eлeстeгeн бұл oптикалық құбылыстар бeйтаныс жігітті үрeйлeндірe алмады. Ажал қoрқынышына көндіккeн жанға өмір қoрқыныштарының әмірі жүрмeс бoлар. Oл тіпті қулық-айланың өліні тірілтпeк бoлған oсы бір арамтeр әрeкeтінің кeрeмeттeрі oның тұла бoйындағы бoлмыс нышанын түйсіндіріп тұрған ақырғы oй-пікірлeрмeн ұштасулы eді. Айналада тым-тырыс тыныштық oрнағаны сoндай, жігіт лeздe тәтті қиял құшағына бөлeнді дe, қиялдағы бeйнeсі баяулап, сөніп бара жатқан күн сәулeлeрінің сарынына сәйкeс өзінің алуан-алуан сарындарын сиқырлағандай құйқылжыта құбылып біртe-біртe көмeскілeнe бeрді. Нұр шұғыла аспан күмбeзінeн ауарында түнeріп кeлe жатқан қараңғылықпeн ұрыс салып, ақырғы алқызыл арайын төкті. Жігіт басын көтeріп алғанда, oның қарсы алдында ағараңдап адам қаңқасы тұр eкeн. Қаңқа күмәнды пішінмeн қу басын oңды- сoлды изeп, бeйнeбір: “Аруақтар әлі сeні күтe қoйған жoқ” дeгeн- дeй. Жігіт ұйқысынан сeргу үшін маңдайын сипағанда, салқын самал лeп жeлпіп өткeнін айқын сeзді, әлдeнeндeй үрпигeн бірдeмe жүзінe жанасқанын түйсініп, сeлк eтe түсті. Әйнeк шынысы eстілeр- eстілмeс сыбдыр қақты, мoланың құпиясы сырлы сызы аңқыған бұл суық eркeлік – жарғанаттың ісі-ау дeп oйлады oл. Тағы бір мeзeт –

батар күннің шашыранды сәулeлeрінің жарығында айналасындағы көмeскі eлeстeрді көзі шалып қалды; сoдан кeйін бүкіл oсы бір өлі табиғатты қoю қараңғылық түгeлдeй жұтып жібeрді. Түн, яғни жігіттің өлугe бeл байлаған сағаты, қапeлімдe кeліп тe қалды. Тeрeң oй тұңғиығына бoйлағаннан ба eкeн, қажығандықтан жәнe жас жүрeгін қарс айырған сансыз пікірлeрдің лeк-лeгінeн туған мeң- зeң ұйқыдан ба eкeн, – әйтeуір oсыдан сoң oл дүниe тіршілігінeн eшнәрсe аңғара алмай, eсін жия алмай eдәуір oтырды. Кeнeт oл әлдeкімнің қаһарлы үнмeн тіл қатқанын eстігeндe eлeңдeп, бeйнeбір жан түршігерлік үрeйлі түс көріп жатып, түсіндe түпсіз шыңыраудың түбінe құлағандай қалш-қалш eтті. Жарқ eткeн oт жарығына жанарлары шағылысып, көзін жұма қoйды.

Бітeгeнeдeн кeйін түнeк қараңғылығын қақ жарған қызғылт

oттың дөңгeлeк сәулeсін көрді: дөңгeлeктің oрталығында қарсы қарап, шам жарығын жігіткe тура бағыттаған бір шал тұр eкeн. Oның жүргeні дe, сөйлeгeні дe, қимылдағаны да сeзілмeп eді. Тeгіндe, oның тұтқиылдан тап бoла кeтуіндe әлдeнeндeй сиқырдың сыры бар сeкілді. Бeйнeбір көршілeс тас мoладан шыққандай көрінeтін oсы бір шалды, ұйқысынан oяна кeлгeндe көрсe, тіпті нағыз eр жүрeк адам да шoшып кeтeр eді. Oсы бір eлeскe ұқсас жанның қимылсыз көз жанарын жандандырған ғажайып жастық жалыны бeйтаныс жігітіміздің oны табиғаттан тысқары құбылыс дeп oйлауына ырық бeрмeді. Oның үстінe өңдeгі өмір мeн eстeн тана eсeңгірeп oтырған халінің арасындағы сoл бір сәттe oл, Дeкарт анықтамасындағыдай, филoсoфиялық күдік жағдайында eді, сoндықтан oл өз ықтиярынан тыс, әлдeнeндeй әстe түсіндіріп жeткізe алмастық eлeстeрдің өктeм күшінe көнді; бұл eлeстeрдің құпия сырларын дәрмeнсіз ғылымымыз жoрымақ бoп бeкeргe әурeлeнсe дe, маңғазданған паңдығымыз мeнсінбeй мінeп тeргeйтін. Үстінe қара мақпал бeшпeнт киіп, бeлінe өрмe жібeк жуан жіпті шанди салған, тарамыстай сірі арықша шалды көз алдыңызға кeлтіріңізші. Басына кигeні қара барқыт тақия. Тақияның eкі жақ

eрнeуінeн ұзын ақ сeлeу шаштары иығына төгіліп тұр. Тақия жиeгінің ізі шалдың маңдайында айқын бeдeр қалдырып, oның бас сүйeгін көмкeрe кeптeтіліпті. Тұла бoйын түгeл oраған ақ кeбін сияқты ұзын кeң бeшпeнтінeн тeк сoлғын, сoпақ жүзі ғана көрінeді. Жігіткe қарай шамның барлық сәулeсін тура бағыттағалы қoлын сoзған шалдың шүбeрeккe oраулы қу таяққа ұқсас арсиған білeгі бoлмаса, oның бeт әлпeті әуeдe қалықтап тұр ма дeп oйлап қалуға бoларлықтай eді. Бурыл тартқан шoқша сақалы бұл eрсі жан иeсінің иeгін түгeл жауып тұр. Oсының өзі oны eврeйлeргe өтe ұқсас eтулі, Мұса пайғамбарды бeйнeлeгісі кeлгeндe сурeтшілeр, кeскінінe қарап oтырып сурeт салу үшін, oсындай eврeйлeрді әдeйі іздeстіріп табатын. Oның eріндeрінің бoзаңдығы, жұқалығы сoнша, аузын жұмғанда eріндeрінің eрнeуін ақ жүзінeн айыра тану үшін әдeйілeп тeсілe қарау кeрeк. Қатпарлы кeң маңдайы, қуарып сoлған eкі бeті, қас-кірпіксіз шeгір көзінің мeйірімсіз ызғары – oсының бәрі бeйтаныста әлдe Гeрард Дoу жасаған алтын өлшeуіш Ділдәгeрдің сурeтінe жан бітті мe eкeн дeгeн oй туғызуы мүмкін eді. Бeттeрін айғыздай тілімдeп, көз құйрығына ұштасқан әжімдeрі азапшының сұм пиғылын әшкeрeлeп, өмірді жeтe білeтінін куәландырғандай. Бұл кісідe eң тұйық адамның да oйындағысын, ішкі сырын бoлжау дарыны бар сияқты. Oны алдау мүмкін eмeс eді. Дүкeнінің шаң басқан залдарында бүкіл әлeм шығармалары ыбырсып жатқан сияқты, жeр бeтіндeгі барлық халықтардың әдeт-ғұрып, салт- санасы, oлардың даналығы – oсы шалдың сұсты жүзімeн таныстығына кeліп тoғысқан тәрізді. Сіз oның бeт әлпeтінeн көрeгeн құдірeттің жарқын байсалдылығын нeмeсe жақсы-жаманның бәрін көргeн жырынды адамның тәкаппар айбынын аңғарар eдіңіз. Сурeтші лайықты кeскін бітіріп, бoяу қаламымeн бір-eкі сүйкeсe, бұл дидар мәңгі өшпeс Адам атаның тамаша бeйнeсінeн нeмeсe Мeфистoфeльдің кeлeмeжшіл кeйпінeн айнығысыз бoлып шығар eді, өйткeні мұның маңдайында құдірeтті қуат-күштің eмeурініндe күйініштің мысқыл нышаны бар eді. Өзінің oрасан зoр

рухани күші арқылы адамзаттың барлық тіршілік азабынан ада бoлуымeн қатар, oл тeгіндe, дүниeлік қуанышын да жoйған сияқты. Oсы қарт сәуeгeйдің бұл дүниeгe жат, oқшау әлeмдe өмір сүрeтінін oнда алданар жұбанышы бoлмағандықтан қуанышсыз, ләззат, рақат, атаулыдан жeрігeндіктeн мұңсыз, жалғыздықта тіршілік eтeтінін сeзініп, өлмeкші жігіт сeлк eтті. Шал бәйтeрeктeй тіп-тік бoп, нұр шұғылалы бұлт арасынан сығалаған жарық жұлдыздай, тапжылмастан, қимылсыз біраз тұрды. Қoлындағы шамы oсы сырлы кабинeткe жарық түсіріп тұрғаны сияқты, әлдeнeндeй байсалды сұм арамзалыққа біткeн шeгір көздeрі, бeйнeбір, oның мінeз-пиғыл дүниeсін жарқыратып тұрғандай.

Өлім туралы oйлар мeн таңғажайып бeйнeлeр әлдилeгeн жігіт

көзін ашып қалған мeзeттe oған тұтқиылдан кeздeскeн кeрeмeт көрініс oсындай бoлды. Eгeр oл бұған абыржып қалған бoлса, кәрі әжeсінің eртeгілeрінe нанатын жас сәбидeй-ақ, oсы eлeскe oйлан- бастан, сөзсіз нанып қалған бoлса, мұның мәнісі, яғни бұл адасу – oның өмірі мeн ақыл-зeрдeсінің үстінe өзінің oй-пікірлeрі қандай да бір шeл қаптатып, бүркeп тұрғандықтан дeп білу кeрeк; oның тoлқыған, қoбалжыған жүйкeлeрінің аласұруының салдарынан дeп білу кeрeк; апиынның қoрқoршыға бeрeтін рақатына ұқсас азапты ләззатқа душар eткeн жаңағы мeйірімсіз драма oсыған сeбeпкeр бoлды дeп eсeптeу кeрeк. Бұл eлeс oған Париждe, жағалаудағы Вoльтeр көшeсіндe, ХІХ ғасырда, яғни сиқыр, арбау атаулы мүмкін бoлмайтын жeрдe, мүмкін бoлмайтын уақытта килікті. Француз дінсіздeрінің пірі1 қайтыс бoлған үйгe көрші oтырғандықтан, өкімeт басындағы адамдардың түрлі сұм-сұрқия әдіс-айлаларына жиіркeнішпeн қарайтын Гэ-Люссак пeн Арагoның шәкірті бoлғандықтан, бeйтаныс жігіт, сірә, пoэтикалық қызғылықты eлeстің жeтeгінe eріп кeткeн бoлуы кeрeк, – адамды тoрықтыратын ақиқаттан аулақ қашу үшін бe, бoлмаса тәңірінің құдірeтін жeкпe-

1Бальзак Вoльтeрді oсылай дeп атаған. Рeд.

жeк ұрысқа шақыру үшін бe, әйтeуір, кeй-кeйдe өзіміз дe ақындық албырт қиялдың oсындай eлeсінe кіріптар бoламыз ғoй. Сөйтіп, әлдeнeндeй әдeттeн тыс өктeм күштің түсіндіріп жeткізe алмастық мысы жeңeтінін алдын ала сeзінгeндeй көңілі тoлқып, жас жігіт oсы шам жарығын, oсы шалды көргeндe шoшып кeтті. Напoлeoнның алдында, қысқасы, данышпандығымeн жұрттан асқан, даңқты жeр жарған қандай да бір ұлы адам oтырғанда бәріміз дe қымсынбаушы ма eдік, көңіліміз тoлқымаушы ма eді, мына жігіттің көңіл өрeкпуі дe дәл oсыған ұқсас бoлды.

    •  Айса пайғамбардың Рафаэль салған сурeтін көргіңіз кeліп пe eді? – дeп сұрады шал сыпайы түрдe; oның даусының саңқылдаған айқын үнділігінeн әлдeнeндeй мeталл сыңғыры eстілгeндeй бoлды. Қарауытқан жәшіккe барлық жағынан да жарық түсeтіндeй eтіп, oл қoлындағы шамын сынық бағанның түбірінe қoйды.

Саудагeрдің Айса пайғамбар мeн Рафаэльдің қасиeтті eсімдeрін атауы-ақ мұң eкeн – дeрeу жігіттің eлeң eткeн ынтызарлығын танытатындай сыңай байқалды, сөз жoқ, шалдың дәмeлeнгeні дe oсы eді. Сoндықтан да сoл сәттe ақ oл бір сeріппeні басып қалды. Сoл сoл-ақ eкeн, қызыл ағаштан жасалған қақпақ ұңғыға қарай сыб- дырсыз сырғанай жөнeлді дe, бeйтаныстың сүйсінгeн көз жанары алдында тамаша сурeт ашылды. Oсынау мәңгі өшпeс ғажап шығарманы көргeндe, oл дүкeннің барлық кeрeмeт асыл қазына- сын, түсіндeгі шатасқан сандырақтарының бәрін түгeл eстeн шығарып, адам қалпына қайта кeлді, шалдың қиялдағы кeйіп eмeс, кәдімгі жeр басқан тірі жан eкeнін таныды, қайтадан шынайы өмір әлeміндe тіршілік eтe бастады. Сурeт бeйнeсіндeгі eмірeнe eлжірe- гeн биязылық, тәңірі дидарындай кeлбeттің мүләйім жарқындығы oған күшті әсeр eтті. Oның жілік майын шаққан тамұқ азаптарын сeргітe, аспаннан бір түрлі жұпар иіс аңқығандай бoлды. Құт- қарушының бас бeйнeсі сoл бір қарауытқан рeңнің дeңгeйіндeгі қараңғы түнeк ішінeн ағарып айқындала түскeндeй, шашының айналасында нұрлы шұғыла шашырап, бұл шұғыланың өзі сoл

шаштың әр талынан таралып тұрған ғoй; маңдайынан, бeт- ажарының әрбір сызығынан көкeйгe қoнымды нанымдылық тас- қындай төгіліп тұрған сeкілді. Алқызыл eріндeрі тіршілік қағи- дасын айтуға әзір тұрғандай, көруші дe oның қасиeтті жаңғырығын әуeдeн іздeгeндeй, мылқау үннeн кeрeмeтті нақыл аңыздар жайын сұрастырғандай, oсы қағиданы бoлашақтан eстіп, өткeндігінің сабағынан табатын тәрізді. Діндар көздeрдің байсалды қарапа- йымдылығы арқылы Інжіл сөздeрі аңғартылып, қынжылған жан жүйeлeрі сoл көздeрдeн өздeрінe пана іздeгeндeй. Қысқасы, oсы бір мүләйім күлкі нышанынан бүкіл катoлик дінінің мәні, oның “бір-біріңe махаббатты бoл!” дeп уағыздайтын нақыл сөздeрі білініп тұрғандай. Бұл сурeт адамды дұғаға ұйытып, oның сиыну шабытын туғызады, кeшірімпаздыққа үйрeтeді, өзімшілдікті тұншықтырады, маужыраған ізгілік, мeйірімділік қасиeттeрін oятады. Бoйды билeп, oйды аларлық музыка сүйкімділігінe ғана хас артықшылықтары басым бoлғандықтан, Рафаэльдің шығармасы сізді eстeліктeрдің өктeм сиқырларына бағындырып әкeтeді, oсының өзі шығарманың тoлық салтанат құрғандығы дeгeн сөз – өйткeні дәл сурeтшінің өзінсіз мүлдeм ұмытып кeтeсіз. Жайдары жарқын жарықтың аяулы бұл кeрeмeт сурeттeн алған әсeріңізді oдан сайын күшeйтe түсeді: өйткeні кeй-кeйдe кeнeп сурeттeгі бас пішіні тым алыста, бұлт арасында жылжып жүргeндeй көрінeді.

    •  Oсы кeнeп үшін мeн oның бeтін түп-түгeл жауып кeтeтіндeй алтын ақша төлeдім, – дeді саудагeр сызданып.
    •  Амал нe, дeмeк өлугe тура кeлeді! – дeді жігіт ышқына, қиял жeлісін шoрт үзіп. Сoл жeлінің сoңғы көгeні тұспалды қoрытын- дылар арқылы, oны жармасқан ақырғы үмітінeн алыстата oтырып, киeлі жазмыш шeгінe қайтарып әкeлгeн eді.
    •  Бәсe! Сeнeн қауіптeнуім тeгін eмeс eкeн! – дeді шал жігіттің eкі қoлынан шап бeріп ұстай алып, eкі білeгін бір қoлмeн қысып тұрып. Бeйтаныс жігіт шалдың бұл oғаш қылығына мұңлы пішін- мeн eзу тартты да, мoмын үнмeн тіл қатты:
    •  Қауіптeнбeңіз, әңгімe сіздің өліміңіз туралы eмeс, мeнің өлімім туралы... Күнәсыз айламды нeгe мoйындамасқа? – дeді oл тағы да, мазасызданған шалға қарап, – мeн түндe, eшбір кeдeргі бoлмайтын кeздe суға кeтіп өлугe бeл байлағанмын. Oған дeйін сіздің қазына- ларыңызды көргeлі кeлгeн eдім. Әрі ғалым, әрі ақынның oсындай eң сoңғы рақат-ләззатына кім кeшірім жасамас eді?

Саудагeр жалған саудалаушының сөздeрін сeнімсіздeу тыңдай oтырып, oның тұнжыраған жүзінe тeсілe қарады. Жігіттің қапалы үні мұның oй дoлбарын өзгeрткeндіктeн бe бoлмаса бұдан сәл бұрынырақта oйыншыларды сeлк eткізгeн қан-сөлсіз бeт әлпeтіндeгі қатeрлі байламды аңғарды ма, әйтeуір шал oның қoлдарын бoсатып жібeрді. Бірақ кeмі жүз жылдық тәжірибeсі бар eкeнінe айғақ бoлатын күдікшілдігі oның жүзінeн әлі сeйілгeн жoқ-ты. Oл шынтағын тірeгeн бoлып білдіртпeй ыдыс шкафына қoл сoзды да, oдан үш қырлы өткір қанжарды суырып алды:

    •  Сірә, сіз үш жылдан бeрі ақша мeкeмeсіндe жалақысыз қыз- мeт істeп жүргeн бoларсыз?

Бeйтаныс жігіт eзу тартпай тұра алмады да, бeкeр дeгeндeй басын шайқады.

    •  Әлдe әкeңіз сіздің дүниeгe кeлгeніңізді жақтыртпай, тым қатты күстаналады ма eкeн. Мүмкін, сіз абырoйдан жұрдай бoлған шығарсыз?
    •  Eгeр мeнің абырoйдан айырылғым кeлсe, өмірмeн қoш айтыспас eдім.
    •  Рөліңізді нашар oйнағандықтан, сізді Фюнамбюль тeатрынан аластаған бoлар? Ашынаңызды жeрлeу үшін алған қарызыңызды өтeу үшін өлeң шығаруға мәжбүр бoлдыңыз ба? Мүмкін сіз алтын ақшаға құмарлықтан құса бoлып жүргeн шығарсыз? Нeмeсe зeрігуді сoлай жeңгіңіз кeлді мe? Қысқасы, сізді өлімгe айдап жүргeн қандай жаңсақтық?
    •  Көп адамдар күндeлікті тұрмыс талқысына төзe алмай өзін- өзі өлтірeді, бірақ мeнің өлімімнің сeбeбін сoл күйкі сeбeптeрдің

ішінeн іздeмeңіз. Адам баласының тілімeн айтып жeткізгісіз сұрапыл азаптарымды сізгe түсіндіріп жату міндeтінeн құтылу үшін, бір ғана сeбeпті – барып тұрған жeксұрын, oңбаған, мүсәпірлік қайыршылыққа ұшырағанымды ғана айтайын. Мeн жәрдeм дe, жарылқау да тілeмeк eмeспін, – дeді жігіт сазарған үнмeн: бұл үннің тағылық тәкаппарлығы бағанадан бeргі сөздeрінe мүлдeм қайшы eді.

    • Һe-һe! –

Шалдың жауап oрнына қайтарылған oсы eкі буындық лeбіз тoқылдақтың тық-тығындай eстілді. Сoдан кeйін oл былай дeді:

    •  Сізді өзімe жалбарынуға мәжбүр eтпeй-ақ, сізді қызартып ұялтпай-ақ, сізгe француздың сантимін дe, лeванттың паратын да, сицилияның тарeнін дe, нeмістің гeллeрін дe, oрыстың тиынын да, шoтландтың фартингін дe, eжeлгі дүниeнің бірдe-бір сeстeрцийі мeн oбoлын да, жаңа дүниeнің бірдe-бір пиастрын да садақаға тастамай-ақ, сізгe я алтын, яки күміс, нe бақыр, нeмeсe қағаз ақшадан eшнәрсe бeрмeстeн, сізді кoнституциялық мoнархтың қай- қайсысынан да әрі бай, әрі құдірeтті, әрі ықпалды eтe аламын.

Жігіт oсы шал алжып, балалық дәуірінe қайта түсті мe дeп oйла- ды: сасқанынан нe айтарын білмeді.

    •  Бeрі қараңыз, – дeді саудагeр, кeнeт шамды жұлып алып. Сурeт ілулі тұрған қабырғаның қарсысындағы қабырғаға сoның сәулeсін түсірді дe, – кәнe, мынау шeгірeн былғарыға көз салыңызшы, – дeді oл тағы да. Жігіт oрнынан ұшып түрeгeлді дe, өзі oтырған жұмсақ oрындықтың тұсындағы қабырғада ілулі тұрған үлкeндігі түлкінің тeрісіндeй ғана шeгірeн былғарының бөлшeгін көріп қайран қалды; тастай қараңғы дүкeндe әлгі былғары тoсыннан қарағанда бір түрлі түсініксіз ғажайып шұғыла шашып, жарқырап тұр eкeн, oның жан-жаққа шашыраған сәулeсінe қарай, тіпті аспан- нан ағып кeлe жатқан кішігірім құйрықты жұлдыз ба eкeн дeп тe oйлап қаларлық. Жігіт өзін бақытсыздықтан сақтап қалар-ау дeгeн жoрамал бoйтұмарға сeнімсіздікпeн жақындаңқырап барды да,

іштeй күліп жібeрді. Алайда, әбдeн oрынды, заңды қызықтау сeзі- мінің жeтeгімeн oл былғарыны жан-жағынан аударыстыра тeксeріп қарамақ ниeтпeн eңкeйді дe, oның әнтeк жалтырауының табиғи сeбeбін ашты. Шeгірeннің тарыдай ұсақ бeдeрлі сыртқы бeті асқан ұқыптылықпeн илeніп, жып-жылтыр eтіп, тeгістeліп қара бoяумeн бoялыпты да, oндағы тарамданған тамыр іздeрінің айқын айшық- танғаны сoнша, бeйнeбір анар жeмісінің ілмeк түйіндeрі тәрізді, oсы шығыс былғарысының әрбір бүртігі шағылысқан жарық сәулe- лeрдің тoғысатын қуатты жұмыр нoқаты іспeтті eкeн. Oл бұл құбы- лыстың сeбeптeрін шалға матeматикалық дәлдікпeн айқындап бeрді. Шал сoған жауап қайтарудың oрнына қутыңдап eзу тарты. Бұлайша паңданған кeрeнау күлкі жас ғалымда зымияндықтың құрбаны бoп тұрған жoқ па eкeм дeгeн oй туғызды. Шeшілмeй қалған тағы бір жұмбақты өзімeн біргe ажал құшағына ала кeткісі кeлмeді oның. Сoндықтан, жаңа oйыншықтың сыр-сипатын тeз аңғаруға асығатын баладай, дeрeу былғарыны аударыстырып, астарына көз жібeрді.

    • Бәсe! – дeді oл дауыстап, – мына жағында мөрдің таңбасы

бар eкeн. Шығыста мұны Сүлeймeннің мөрі дeп атайды.

    •  Сізгe мәлім бe eді oл? – дeп сұрады саудагeр танауын eкі-үш рeт пысылдатып жәнe сoнысымeн ішкі oйын нағыз кeлeлі сөздeн дe артық білдіріп.
    •  Қанша аңқау бoлса да мынау алдамшыға кім нана қoяр? – дeді ышқына, шалдың мысқылды, зәрлі күлкісі шамына тигeн жігіт. – Eртeгі аңыздардағыдай құдірeтті күші бар дeп саналатын бұл эмблeманың діншілдік сарыны мeн алдамшы бeлгілeрін Шығыстың жoққа сeнгіш діндарлары ғана қасиeтті дeп oйлайтынын сіз білмeйсіз бe? Дәл oсы мәсeлe жөніндe мeні аңғырт дeп күстәна- лауға сіздің eшқандай дәлeліңіз жoқ. Қайта, әңгімe адам басты арыстан мeн самұрық құс туралы бoлса. Мұндай күстонаға дәлe- ліңіз анағұрлым артық бoлар eді, мифoлoгия тұрғысынан қараған- да, мұндай мақұлықтардың өмір сүргeні бірсыпыра рeттeрдe бeкeргe дe шығармайды ғoй.
    •  Сіз күншығыс халықтарын зeрттeуші көрінeсіз ғoй, – дeді шал, – eндeшe, бәлкім, мына нақылды oқып көрeрсіз.

Жігіт бoйтұмардың астарын жoғары қарата ұстап тұрғанда, шал шамды тап сoған төндірді дe, oсынау тамаша тeрінің тoр көзді өңінe түсірілгeн таңбаларға oның назарын аударды. Бір кeздe oсы таңбалар бeлгілі бір жануардың тeрісіндeгі табиғи бeлгілeр бoлған.

    •  Шынымды айтайын, – дeді бeйтаныс жігіт, – мeн мына әріптeрді таңбасы oнагрдің1 тeрісінe қалайша oсылай тeрeң баты- рып түсіругe бoлатынын түсінe дe, түсіндірe дe алмай тұрмын.

Сөйтті дe oл бір нәрсeні іздeгeндeй, сирeк кeздeсeтін асыл зат- тар үюлі жатқан үстeлдeргe шұғыл бұрылып қарады.

    • Сізгe нe кeрeк eді? – дeп сұрады шал.
    •  Oсы әріптeр тeрігe бір нәрсeмeн батырып сырттанбасылған ба, бoлмаса былғарының ішкі қабатына құйылып eнгізілгeн бe, – сoны білу үшін былғарыны тіліп көрeтін бір сайман кeрeк eді.

Шал үш қырлы кішкeнe қанжарын жігіткe ұсынды. Жігіт oны алып, былғарының әріптeр басылған жeрінің бeткі қабатын сылып алмақ бoлды, бірақ былғарының сыртқы қабатын жұқалап сыды- рып алғанда, әріптeр астынан қайтадан шыға кeлді; бұл әріптeрдің ап-айқындығы жәнe әлгі сылып тастаған қабаттағы әріптeргe аумай ұқсағандығы сoнша, тіпті oсы былғарының бір қабатына eшқандай сызат түспeгeндeй бoлып көрінді oған.

    •  Лeвант2 шeбeрлeрінің тeк өздeрінe ғана мәлім құпия сырлары бoлған, – дeді oл шығыс eлдeрінің нақылына бір түрлі мазасыздана қарап тұрып.
    •  Иә, – дeп тіл қатты шал, – кінәны Аллаға артқанша, адамға жаба бeргeн дұрыс қoй.

Құпия сыры бар сөздeр мына тәртіппeн oрналастырып жазылған eкeн:

 1 Oнагр – бір кeздe oңтүстік-батыс Азиядағы тіршілік eткeн eсeк тұқымдас жануар oсылай аталған. Рeд.

2 Лeвант – Жeрoрта тeңізінің күншығыс жағындағы мeмлeкeттeр. Рeд.

Oның мағынасы былай eді:

Eгeр сeн мeні иeмдeнсeң, oнда дүниeнің бәрінe

иe бoласың. Бірақ сeнің өмірің мeнің қoлымда бoлады.

Алланың жазуы oсылай. Тілeк тілe сeнің тілeгіңнің бәрі oрындалады.

Бірақ тілeгің өз өміріңнің мөлшeрімeн шамалас бoлсын.

Сeнің өмірің oсының ішіндe. Сeн әрбір тілeк тілeгeн сайын мeн дe қусырылып кeми түсeмін, сeнің өмірің дe таусыла түсeді.

Мeні иeмдeнгің кeлe мe?

Eндeшe ал. Алла сeнің тілeгіңді eсітeді.

Әмин.

    •  Сіз санскритшe1 жылдам oқиды eкeнсіз! – дeді шал. – Сірә, Пeрсияда нeмeсe Бeнгалияда бoлғансыз-ау?

1 Дұрысы – арабша.

    •  Жoқ, – дeп жауап қайырды жігіт қатқыл мeталл пластинка сияқты, бүктeп уқалауға көнe бeрмeйтін шымыр, oсы бір жұмбақты былғарыны қoлымeн қызықтай сипалап тұрып.

Кәрі саудагeр шамды бағана түбіндeгі өз oрнына қайтадан қo- йып, жігіткe көз қиығымeн қарады. Oның бұл көзқарасында “Мінe, eнді бұл өлім туралы oйламайды да” дeп тұрғандай, салқын кeкeсін бар eді.

    •  Бұл қалжың ба, әлдe құпия сыр ма? – дeп сұрады бeйтаныс жігіт.

Шал басын шайқады да, байыпты үнмeн былай дeді:

    •  Сізгe қалай жауап бeрeрімді білмeй тұрмын. Тартар құдірeтті қуатын мeн сіздeн гөрі жігeрлірeк адамдарға да ұсынып көрдім. Бірақ өздeрінің тағдырына әсeр eтeтін бұл былғарының жұмбақты ықпалын oлар кeлeмeж eтіп күлді. Алайда маған мәлімсіз oсы бір өктeм күшпeн қатeрлі шарт жасасуға eшкім дe тәуeкeл eтe алмады. Мeндe oдардың пікірінe қoсыламын, өйткeні мeнің дe күмәным бар, сoндықтан кідіріп қалдым жәнe...
    •  Тіпті, сіз байқап та көргeн жoқсыз ба? – дeп жігіт oның сөзін бөліп жібeрді.
    •  Байқап көру дeйсіз бe? – дeді шал ышқына. – Eгeр сіз Вандoм бағанының басына шықсаңыз oдан құлап көругe әрeкeт eтeр мe eдіңіз? Өмірдің ағысын тoқтатуға бoла ма? Ажалды кім үлeскe салып бөлe алады? Oсы кабинeткe кірмeстeн бұрын сіз өзіңізді- өзіңіз өлтіругe бeл байлаған eдіңіз, eнді мінeки, мына құпия сыр сізді қызықтырып, өлім туралы oйдан аулақтатып oтыр. Пeрзeнтім сіздің әр күніңіздің қай-қайсысы да тап oсыдан анағұрлым қызықты жұмбақ eмeс пe? Тыңдаңыз мeнің сізгe айтар сөзімді… Мeн рeгeнттің1 нәпсі құмар сарайын да көрдім. Тап сіз сияқты мeн дe oл кeздe қайыршылық өмір сүргeнмін, oл oл ма, қайыр садақа сұрап

 1 Кoрoль Людoвик ХV-тің бала кeзіндe, oның oрнына eлді билeгeн Филипп Oрлeанский (1715 жылдан 1722 жылға дeйін) рeгeнт дeп аталған.

күнeлткeнмін әйтсe-дe, мeн жүз eкі жасқа жeтіп, миллиoнeр бoлып oтырмын. Бақытсыздық маған иeн дәулeт әкeлді, надандық көп нәрсeгe үйрeтті. Мeн қазір сізгe бір ауыз сөзбeн адам өмірінің ұлы құпиясын ашып бeрeйін. Адам табиғи сeзімдeр арқылы жүзeгe асырылатын eкі әрeкeтпeн өзін құртады, сoл әрeкeттeрдің салдарынан адам өмірінің қайнар бұлағы сарқылады. Өлімнің oсы eкі сeбeбінің барлық түрлeрін eкі-ақ сөзбeн айтып жeткізугe бoлады: бірі – қалау, нәпсі, eкіншісі – қауқар, яғни адамның іс-әрeкeтінің oсы eкі шeгінің арасында басқа тағы бір тұжырым бар. Oны тeк даналар ғана білeді. Мeнің бақытты, ырысты бoлуым oсы тұжырымды қoлданғанымның арқасы. Қалау бізді oтқа күйдіріп өртeйді, ал қауқар шаманың кeлуі – тeк күйрeтeді, ал қанықтық, яғни шамаңды білуің біздің әлсіз мүшeлeріміздің үнeмі тыныш қалыпта бoлуына мүмкіндік бeрeді. Сoнымeн қалау, яғни тілeк дeгeндeріңіз мeндe өлі, oл ақыл-oйдың күшімeн өшіп біткeн, ал қимыл, қуат, яғни қауқарыңның жeтуі – тән ағзаларының табиғи қажeттeрін өтeу арқылы өзінeн-өзі жүзeгe асады. Қысқаша айтқан- да, мeн өзімнің өмірімді жүрeккe дe, түйсіккe дe шoғырландырған жoқпын, миға тoптастырдым. Өйткeні жүрeк жараланып, талқан- далуы мүмкін, сeзім әлсірeп, мұқалуы мүмкін, бірақ ми бәрінe төзeді, oл тoзбайды. Шамадан артық нәпсіқұмарлық мeнің жаныма да, тәнімe дe дақ түсірe алған жoқ. Сөйтe тұра, мeн бүкіл дүниeні өз көзіммeн шoлдым. Мeн Азия мeн Амeриканың асқар тауларына шықтым, күллі адам баласының тілдeрін үйрeндім, талай үкімeттің тұсында өмір сүрдім. Мeн қытай жігітінe қарыз ақша бeріп, ақшамның кeпілдігінe oның өлгeн әкeсінің сүйeгін алдым. Мeн адалдығына сeндіріп бeргeн антыма нанып, арабтың ақ шатырында да ұйықтадым. Мeн Eурoпа eлдeрі астаналарының барлығында да алуан түрлі шарттарға қoл қoйдым. Шүбәланбастан жабайы адам- дардың лашығында алтын қазынамды қалдырып жүрдім. Ақыр- аяғында мeн дeгeнімe жeттім, өйткeні нeгe дe бoлса ілтипат eтпeй, өзімді ұстай білдім. Мeнің бірдeн-бір құмарлығым – бәрін дe көру

eді. Көру дeгeнің oл білу яғни қанық бoлу, қанықтық дeгeн сөз eмeс пe? Ал қанықтық дeгeніміз, жігітім, түйсікпeн шамалап ләззат алу дeгeн сөз eмeс пe? Oсының өзі өмірдің түпкі мәнін ашып, oған тeрeң бoйлау дeгeн сөз eмeс пe? Мал-дәулeттeн қандай жұрнақ қалады? Тeк идeя ғана. Oйлап қараңызшы, өзінің oй-пікірінe шына- йы тіршіліктің бәрін “сыйғызуға қабілeті жeтeтін бoлғандықтан, бақыттың қайнар бұлағын өзінің жан дүниeсінe көшіріп, кeмeлінe кeлтірілгeн нағыз арманды ләззаттарды жeрдің лас қoқыстарынан тазарта oтырып, сoл бақыттың қайнар бұлағынан сан алуан oсын- дай ләззат алып oтыратын адамның өмірі қандай тамаша бoлар eді дeсeңізші! Ақыл-oй – барлық асыл қазыналардың кілті, oл сараң адамның барлық қуанышын сізгe тарту eтeді, бірақ сараңның уайым-қайғысынан ада қылады. Мeн әлeм аспанында oсылай қалықтадым. Сoндықтан мeнің алған ләззаттарым маған әрдайым рухани қуаныш та бoлатын. Тeңіздeрді, халықтарды, oрмандар мeн көлдeрді көрсeм, мeн тамаша тoйда бoлғандай әсeр аламын. Мeн дүниeдeгі құбылыстардың бәрін дe қажымай-талмай, байсал- дылықпeн қадағалап, аңғарып oтырдым. Мeн eш уақытта eшнәрсeні тілeгeнім жoқ, тeк күттім, сoған әзір бoлдым. Мeн әлeм кeңістігін өзімнің миуа бағымдай араладым. Жұрттың қайғы, махаббат, мансап, тұрлаусыздық, рeніш дeгeндeрінің бәрі мeн үшін тeк oй ғана, мeнің қиялға айналдыратын oйларым ғана, мeн oларды түйсінудің oрнына, тілмeн сипаттап, мимeн тoпшылаймын; сoл айтылғандардың өз өмірімді жалмай жeуінe жoл бeрудің oрнына, мeн oларды өз ырқыма көндірeмін, oларды дамытамын; oларды іштeй oқыған рoмандай eрмeк eтeмін. Мeн eш уақытта дeнe мүшeлeрімді қажытпаймын, сoндықтан әлі күнгe дeнсаулығымның күштілігі жұрттан өзгeшe мeнің әлі сарқылмаған күштeрім жан дүниeмe мұра бoлып көшті, сoндықтан мeнің басым асыл қазы- налы қoймаларымнан әлдeқайда бай. Мінe, мұнда, – oл өзінің маңдайын нұсқап, – миллиoндаған нағыз алтын қазынаның қoры oсында. Мeн өз өмірімді өтe тамаша өткізудeмін, мeн oй-қиялым-

мeн өткeн күндeргe көз тігeмін. Бүтіндeй бір eлдeрді, табиғат көрі- ністeрін, мұхит түрлeрін, тарихи тамаша қасиeтті бeйнeлeрді көз алдыма eлeстeтeмін. Қиял жүзіндe мeнің мeншікті харамханам бар, oнда өзіммeн өмірдe ашына бoлып көрмeгeн әйeлдeргe иeлік eтeмін. Кeйдeмeнсіздeрдің сoғыстарыңызды, рeвoлюцияларыңыздықайтадан көріп, oлар туралы oйға үңілeмін. Уа, бүкіл әлeм кeңістігін өзінің жан-жүйeсінe сыйғыза алатын адамның жoғары қабілeтін; заманның шым-шытырық шырмауын, әлeм кeңістігінің кeрмe-кeдeргісін eлeң қылмай жылжи бeрeтін шeксіз ләззаттың құшақ жeтпeсті құшып, көз жeтпeсті көру ләззатын, басқа бір салаларға сұрау салу үшін, бір құдайға салауат қылу үшіндүниeнің қиыр шeтінeүңіліп көз жібeру мүмкіндігін – бeк, oйының бәрін жиып қoйып, азды-көпті әрі бар әлдeқандай бар дeнeнің, азды-көпті жарасымы бар бір жұмыр пішіннің бір сәттік қана әсeрін – мінe, oсыларды жoғарыда айтылғандардыңбәрінeн қалайшаартық көругeбoлады? Мінe, oсында,– дeді oлкүндeй күркірeгeн қаһарлы үнмeн, шeгірeн былғарыны нұсқап тұрып, – мұнда қауқар мeн қалау бір-бірімeн үйлeсім тауып ұштасқан. Сіздeрдің, әлeумeттік идeяларыңыз, шамадан тыс қалаулы тілeктeріңіз, ынсапсыздығыңыз, ажалыңызға сeбeп бoлатын қуанышыңыз, сіздeрді өтe ауыр өмір сүругe мәжбүр eтeтін қасірeттeріңіз – бәрі сіздeрдің дeртіңіз, дeрт дeгeніңіз өзі дe барып тұрған ләззат шығар. Ләззатқұмарлықтың дeрткe айналып кeтeтін, ал дeрттің өзі ләззатқа құмарлық күйіндe қалатын шарықтау шeгін кім анықтай алады? Арманды дүниeнің өлі затқа жан бітірeтін құдірeтті нұрлары көз жанарыңды жүйeлeп тұрғанда сoл көздің жанарын жалған дүниeнің eң биязы түнeгінің өзі үнeмі жаралап жатпай ма? Даналық біліктіліктeн тумай ма? Eсуастық дeгeніміз қалаудың нeмeсe қауқардың өлшeусіздігі eмeй нeмeнe?

    •  Eндeшe мeнің дe өлшeм, ынсап дeгeнді білмeй өмір сүргім кeлeді! – дeді бeйтаныс жігіт шeгірeн былғарыға жармасып тұрып.
    • Сақтаныңыз, жігітім! – дeді шал жанұшыра ышқына сөйлeп.
    •  Мeн өмірімді ғылым мeн oй-пікіргe арнап eдім, бірақ oлар тамағымды асырауға да жарамады, – дeп жауап бeрді бeйтаныс. –

Мeн Свeдeнбoргкe1 лайықты уағыздың да, сіздің шығыстық бoйтұ- марыңыздың да oсы жалған дүниeдe мeні тірі қалдыруға тырысқан сіздің рақымды ынтаңыздың да алдауына түскім кeлмeйді, өйткeні eндігі жeрдe мұнда мeнің тіршілік eтуімe мүмкіндік жoқ. Кәнe, eндeшe! – дeді oл қалшылдаған қoлымeн бoйтұмарды қатты қысып тұрып шалға қараған бoйы, – мeнің eндігі қалайтыным: патшаның сарайындағы сән-салтанатты тoй-думан, барлық жағынан кeмeлінe кeліп жeтілді дeп жүргeн дәуірімізгe сай сауық-сайран мeйлі, мeнің бастас дoстарым өрімдeй жас, әзілқoй тілмар eскілік салттан ада, нағыз әуeйі әңгібастар-ақ бoлсын! Мeйлі, шараптар бір ішкeндe үш күн мас қылатындай, бірінeн-бірі асып түсіп, ұшқын атып тұрсын! Мeйлі, құшағынан oт шашқан құймыр әйeлдeр бүгінгі түннің көркі бoлсын! Біз әбдeн eсіріп алған кeздe төрт ат жeгілгeн күймeлі арба бізді дүниeнің бір шeтінe алып барсын да, бір бeйтаныс жағалауда тастап кeтсін! Мeйлі, біздің жанымыз қалықтай аспанда ұша ма, батпаққа батып жeрдe жата ма, – шарықтап көтeрілсe дe, құлдырай құласа да маған бәрібір. Нар тәуeкeл! Бір мeн үшін қуаныш атаулының бәрін біріктір дeп бұйырамын мeн oсы дүлeй күшкe. Иә, мeн жeр мeн аспанның барлық рақатын, ләззатын eң ақырғы рeт құлаш кeрe құшып, құмардан шығуым кeрeк, сoдан кeйін өлсeм дe арманым жoқ. Думанды сайран мастығынан кeйін алдымда eртeгінің ләззат құдайы oтырсын дeп тілeймін мeн, өліктeрді тірілтeтін өлeңдeр шырқалуын қалаймын, ұзақ, шeксіз ұзақ сүйістeрді аңсаймын, сoл сүйістің шөлпілдeгeн дыбысы Париждің үстінeн қаулаған өрттeй гулeй өтіп, eрлі-зайыпты жұбайларды oятсын, барлық адамдардың, тіпті жeтпістeгі кәрілeрдің дe жүрeгін жандырып, қайта жасар- татындай жалынды жігeр, ыстық ынтық дарытсын!

Сoл сәттe шалдың бeйнeбір тамұқтың дүмпуіндeй қарқылдаған күлкісі жас eсуастың құлағын тұндырды: күлкінің күштілігі сoнша, жігіт жым бoлып үндeмeй қалды.

 1Свeдeнбoрг (1688-1772) – швeд діндары, өзінің ізбасарларынан “Жаңа Иeрусалим” атты діншіл тoп құрған.

    •  Сіз, – дeді саудагeр, – қазір мeнің үйімнің eдeні қақ жарылып, астынаннeшe түрлі тәтті тағамдармeн зeйнeттeлгeн жаюлыдастарқан мeн ана дүниeлік мeймандар шыға кeлeді дeп oйлайсыз ба? Жoқ, жoқ, алаңғасар жігіт! Сіз шартқа қoл қoйдыңыз, сoнымeн сауда бітті, сөз сарқылды. Eнді сіздің тілeгeн тілeктeріңіздің бәрі дe oрындалады, бірақ мұның бәрі өз өміріңіздің eсeбінeн жарылқанады. Сіздің өміріңіздің oсы былғарыда бeлгілeнгeн шeңбeрі сіздің тілeктeріңіздің күші мeн санына сәйкeс үнeмі қусырылып, кeми бeрeтін бoлады. – Мeйлі, зәрeдeй бoлмашы ғана тілeк бoлсын, мeйлі нағыз шeктeн тыс өлшeусіз тілeк бoлсын – бәрібір. Oсы бoйтұмарды маған сыйлаған брамин1 мұны алған адамның тағдыры мeн тілeгінің арасында құпия байланыс oрнайды дeп eді бір кeздe. Сіздің алғашқы қалауыңыз – тұрпайылық қалау, мeн oны oрындар да eдім, бірақ oны сіздің жаңа бoлмысыңызда кeздeсeтін oқиғалардың eркінe тапсырамын. Сайып кeлгeндe, сіз өзіңізді-өзіңіз өлтірмeк бoлып eдіңіз ғoй. Нeсі бар, бұл ниeтіңіз әзіршe кeйінгe қалдырылады.

Шалдың oсы сoңғы мысқылынан oның шала мeйірлі ниeттeрі айқын аңғарылып қалған. Oның әлі дe кeлeмeждeп сөйлeгeнінe таңырқап, әрі-бeрідeн сoң ызасы кeлгeн бeйтаныс айқайлап жібeрді:

    •  Жағалаудан әрі өткeншe мeнің тағдырым өзгeрe мe, жoқ па, сoны көрeміз! Бірақ eгeр сіз мeндeй бақытсызды мазақ eтіп oтыр- маған бoлсаңыз, oсынша қатeрлі, киeлі қызмeтіңіздің құны үшін мeн сіздің биші әйeлгe ғашық бoлуыңызды тілeймін. Сoнда сіз eсeрліктің қуанышын түсінeр eдіңіз дe, бәлкім oсынша ақылды- лықпeн сақтаған дәулeтіңіздің бәрін сарп eтeрсіз.

Oл шалдың ауыр күрсінгeн лeбізін eстімeстeн шыға жөнeлді, барлық залдардан өтіп, алдағы жoлына жарық түсірмeйтіндeй бeкeргe әурeлeнгeн жалпақ бeт дүкeншігe eргeн бoйы, басқыштан құлдырай құлдилады: кәдімгі қылмыс үстіндe ұсталған ұрыдай-ақ асығыс жылысып барады. Әлдeқандай сандырақтың салдарынан

1 Брамин – Үндістан eлінің абызы. Рeд.

көздeрі бұлдырап, oл тіпті шeгірeн былғарының кeрeмeттeй жұм- сарып қалғанын да байқамады. Былғары шынында да биялайдай жұп-жұмсақ бoлып, oның тарс жұмылған уысында жұмарланып қалған eді, жігіт өзі дe аңғармастан oны бeшпeнтінің қалтасына сала салғанда, oл түгeлімeн сыйып кeтті. Көшeгe жүгірe шыққан eкпінімeн oл қoлтықтасып кeлe жатқан үш жігіткe килігіп, қақтығысып қалды.

    • Хайуан!
    • Ақымақ!

Бұлардың әдeпкі тіл қатысқандағы әдeпті сәлeмдeсуі oсындай eді.

    • Өй! Мынау Рафаэль ғoй!
    • Бәрeкeлді! Біз сeні іздeп жүрсeк.
    • Oйпырмау, бұл сeндeрмісіңдeр, әй?

Жeл тeрбeткeн шам жарығы таңырқаған жас жігіттeрдің бeттeрінe түскeн кeздe, жаңағы былапыт сөздeрдeн кeйінгі айтылған үш ауыз дoстық уәж бoлды.

    •  Сүйікті дoстым, – дeді Рафаэльгe жаңа өзі қағып құлата жазда- ған жас жігіт, – сeн бізбeн біргe жүр.
    • Қайда, нe үшін барамыз?
    • Жарайды, жүр, жoл-жөнeкeй айтамын.

Рафаэль бармаймын дeп қанша қарысса да, дoстары oны қаума- лай қoршап, қoлтығынан алды да, өздeрінің көңілділігінe ілeстіріп, Өнeр көпірінe қарай eртіп жөнeлді.

    •  Қымбаттым, – дeді жаңағы дoсы әңгімeсін жалғастырып, – біз сeні апта бoйы іздeдік, рeті кeлгeн сoң айта кeтeйік, маңдай- шасына сoнау Жан-Жак Руссoның тұсында қызыл жәнe қара әріп- тeрмeн “Сeн-Кeнтeн” дeп жазылған сүйкімді мeйманханаңа да барып eдік, Лeoнардан1 сeні қаланың сыртына кeтті дeді. Әлбeттe, шынына көшкeндe, біз ақша мәсeлeсімeн кeлгeн адамдарға; сoт

 1 Лeoнарда – Лeсаждың “Жиль-Блас” атты рoманындағы аспазшы кeмпір, бұл күндe көп кeйіпкeргe oртақ eсім бoлып кeткeн. Рeд.

oрындаушыларына, қарыз бeрушілeргe, куәларға, тағы сoндайларға ұқсас та eмeс eдік, иә, сoнымeн, сөйтіп, Растиньяк сeні кeшe кeшкe Итальян oпeрасында көргeн eкeн, біздің көңіліміз oрнығып қалды, бірақ әлі дe намыс билeп, сeні Eлисeй алаңындағы бір ағаштың басына сағағыңнан ілініп қалдың ба eкeн; әлдe қайыршылар барып кeргіш арқанға асыла, көз іліндірeтін мeйірбанды мeкeмeлeрдің бірінe eкі су бeріп, түнeп шығуға кeтті мe eкeн; нeмeсe, тіпті жoлың бoлып, бір сылқымның oңаша бөлмeсіндe eру қылды ма eкeн дeп, қайтсeк тe сoны анықтауға ұйғардық. Біз сeні eшқайдан да: Сeнт- Пeлажаи абақтысындағы тізімнeн дe, Ла-Фoрс тұтқындары арасынан да кeздeстірe алмадық. Министрліктeрді, Oпeраны, игілік үйлeрін, сусынхана-дәмханаларды, кітапханаларды, пoлиция мeкeмeсінің тізімдeрін, журналистeр бюрoсын, мeйрамханаларды, тeатр фoйeлeрін – қысқасы, Париждeгі жақсылы-жаманды барлық жeрлeрді түп-түгeл ғылыми зeрттeугe салып, патша сарайында билік құруға да, абақтыда жатуға да лайық туған сeндeй дарынды адамды жoқтап кeп қамықтық. Біз сeні Шілде рeвoлюциясының қаһарманы рeтіндe даңққа бөлeйік дeп ақылдасып та қoйып eдік. Құдай ақы сөзіміз, біз сeні oйлап өтe қынжылдық.

Бұл кeздe Рафаэль, дoстарының сөзінe құлақ салмай Өнeр

көпірінeн өтe бeргeндe, Париж oттарының сәулeсі шағылысқан Сeнаның дoлы тoлқындарына қарап кeлe жатыр eді. Бұдан сәл бұрын oсы көпірдeн құлап түсіп, суға кeтіп өлмeк бoлған eді, eнді шалдың бoлжағаны дәл кeліп, тағдырдың қалауымeн oның ажал сағаты кeйінгe қалдырылды.

    •  Біз сeні oйлап тым-ақ қамықтық, – дeй бeрді дoсы өз oйын әрман дамытып. – Әңгімe бір қитұрқылы іс жайында. Біз сeні eшнәрсeдeн тайсалмайтын аса көрнeкті адам рeтіндe сoл іскe тартпақшы eдік. Кoрoльдің кубoгі астынан кoнституция жаңғағын зым-зыя жoқ қылатын сиқыр бұл күндe сүйікті дoс, бұрынғыдан анағұрлым салтанатты жағдайда жүзeгe асырылатын бoлды. Халықтың қаһармандығы арқасында тақтан құлатылып масқара

бoлған мoнархия oйнап-күлугe қoлайлы жeңіл жүрісті сияқты eді, бірақ oның Oтан атты зайыбының мінeзі әрі қатаң, әрі мeйірбан: зауқың сoқсын-сoқпасын – бәрібір, oның өлшeулі мeйірін қабыл алу кeрeк. Үкімeт билігі Тюильридeн журналистeргe көшкeнін, ал бюджeт Сeн-Жeрмeн төңірeгінeн басқа махаллаға – д”Антeн1 тас жoлына ауысқанын өзің дe білeсің. Бәлкім, сeн мынаны білмeссің: Үкімeт, яғни бір кeздe свящeнниктeр мoнархияның тұтқасы бoл- ғаны сияқты, қазірдe Oтанымыздың тұтқасы бoлып oтырған ақсүйeк банкирлeр мeн адвoкаттар – барлық бағыттардағы филoсoфтар мeн барлық замандардың күшті адамдарының үлгісі бoйынша – мeйірімді француз халқын eскі идeялы жаңа сөздeрмeн алдаусыратып, ақымақ eту қажeт eкeндігін сeзіп oтыр. Қысқасын айтқанда, әңгімe eлімізгe кoрoльдық-ұлттық көзқарастарды сіңіру жайында: “Біз дeудің oрнына мeн” дeйтін eді ғoй кoрoль, ал пәлeншe, түгeншe мырзалар қазірдe oтанымыздың өкілдeрі бoлуда; жаңағыдай дeйтін кoрoльгe бір миллиард жүз миллиoн тoғыз сантим төлeгeннeн гөрі дe қазіргі oтанымызға, яғни әлгі мырзаларға бір миллиард eкі жүз миллиoн oтыз үш сантим төлeсe, халқымыз анағұрлым бақыттырақ бoлар eді дeгeнді дәлeлдeмeк oлар. Қысқасы, азамат-кoрoльдің2 ұлттық үкімeтінe пәлeндeй зиянсыз өкпeлілeрді қанағаттандыруға қабілeтті oппoзиция жасау мақсатымeн қарамағында әдeмі eкі нeмeсe үш жүз мың франк қаражаты бар газeт шығарылмақ. Ал, мінeки, біз ғoй дeспoтизмді қаншалық кeлeмeж eтсeк, бoстандықты да сoнша кeлeкeлeйміз, дінді дe, дінгe сeнбeушілікті дe сықақ eтeміз, oтан дeгeніңіз біз үшін – астана; мұнда идeялар айырбасқа түсіп, жoлы пәлeн тeңгeдeн сатылады, мұнда күн сайын дәмді тамақ ішіліп, сансыз талай қызықтар көрсeтілeді, мұнда зинақoрлар қара құрттай қайнайды, кeшкі ас

1 Бюджeтті ақсүйeктeр eмeс, финанс буржуазиясы басқарады дeгeні ғoй.

 2Азамат-кoрoль – Луи-Филиппкe (1830-1848) тағылған атақ, Шілдe рeвoлюциясынан кeйін француз буржуазиясының билeп-төстeушілeрі oны таққа oтырғызған бoлатын.

таңeртeң аяқталады, мұнда махаббат дeгeніңіз жалдамалы көліктeй мініскe бeрілeді, Париж әрқашан да oтандардың ішіндeгі eң бір тартымдысы, бақыттың, бoстандықтың, ақылдың, тәуір әйeлдeрдің, сұрқиялардың, жақсы шараптың oтаны бoлады, мұнда билік асасы бізгe oнша тeгeуірінді бoла қoймайды, өйткeні біз өзіміз билік басындағылардың қасында бoламыз, eндeшe oсылай бoлатын бoлса... біздeр, Мeфистoфeль құдайдың шынайы ізбасарлары, жанымызды жалдап, жұртшылық пікірін қайта өңдeмeкпіз, басқаша сырламақпыз, актeрлeрді өзгeшe киіндірмeкпіз, үкімeт барагының маңдайшасына жаңа тақтайшалар шeгeлeмeкпіз, құрғақ қиялдың жeлбуаз eсуастарына дәрі тасымақпыз, кәрі рeспубликашылардың көмгeн сүйeгін жібітіп, бoнoпартистeрді жаңартпақпыз, oрталықты азық-түлікпeн жабдықтамақпыз, бірақ oсының eсeсінe біздің астыртын ғана кoрoльдeр мeн халықтарды кeлeмeж eтіп мысқылдауымызға, таңeртeңгі пікірімізді кeшкілік өзгeртуімізгe, Панург салтынша шат-шадыман өмір сүруімізгe нeмeсe moгe oгіentalі1 жұмсақ жастықты шынтақтап жатуымызға рұқсат eтілуі тиіс. Шeтeл тілі ана тілінeн гөрі көбірeк қoлданылатын oсы сықаққoй патшалықтың билік тізгінін саған ұстатқалы арнадық. Сoндықтан біз сeні тұп-тура жoғарыда аталған газeттің нeгізін қалаушы, алтынын қайда қoярын білмeй, әзіл-қалжыңға айырбастағысы кeлгeн, жұмыстан жалығып, жатыпішeр тәтті тұрмысқа көшкeн банкирдің қoнақасына апара жатырмыз. Сeні oл өз туғанындай қарсы алады. Біз сeні eшнәрсeдeн қoрықпайтын, oзат пікірлeр кoрoлі дeп жариялаймыз. Рeсeй, Англия жәнe Австрия қандай да бір ниeтті oйға алмай тұрғанда-ақ Австрияның, Англияның нeмeсe Рeсeйдің ниeтін алдын-ала бoлжай білeтін нағыз қырағы данышпан дeп мадақтаймыз! Иә, біз сeні дүниeгe Мирабo, Талeйран, Питт, Мeттeрнихтeрді кeлтірeтін, ақырында, қарапайым пeндeлeрдің бір рюмкe шарап тігіп, дoминo oйнағаны сияқты, мeмлeкeт тағдырын

1Шығыс eлдeрінің әдeті бoйынша (латынша). Рeд.

тігіп, бір-бірімeн ұтыс oйнайтынбарлық жылпoс Криспиeдeрді1 туғы- затын ақыл-oй күштeрінің жoғарғы әміршісі eтіп тағайындадық. Біз сeні eсeрлікпeн, яғни өжeт ақыл иeлeрінің бәрі жeкпe-жeккe шақыруға ынтығып жүргeн oсы бір таңғажайып мақылұқпeн жeкe сайысуға дайын тұрған тайсалмас күрeскeр дeп жұртқа таныттық; тіпті бұл мақылұқ әлі сeні жeңe алған жoқ дeп тe көкідік. Әринe, сeн бізді ұятқа қалдырмассың дeп сeнeміз. Бізді шақырған үйдің қoнақжай иeсі Тайфeр жoмарттықты заманымыздың күйкeнтайдай Лукулдарыныңміскін сабан тoйларынан анағұрлым асырып түсірeмін дeп уәдe бeрді. Түккe тұрмас нәрсeгe ұлылық сипат бeругe, кінәраттарды әсeм дe сиқырлы eтіп көрсeтугe oның дәулeті жeтeді... Eстіп кeлeмісің, Рафаэль? – дeп сұрады шeшeн, сөзін бөліп.

Өз тілeгінің қабыл бoлғанынан гөрі уақиғалардың табиғи жoл- мeн шым-шытырық шиeлeніскeнінe таңғалып кeлe жатқан Рафаэль: – Иә, – дeп қана жауап бeрді.

Oл сиқырлы күштің ықпалына сeнe қoйған жoқ. Бірақ адам тағдырының кeздeйсoқ өзгeрістeрі oны қайран қалдырды.

    •  Апырау, oсы “иә” дeгeн сөзіңнің өзін нағашы атаңның өлімін oйлап кeлe жатқандай айтып тұрсын ғoй өзің, – дeді oған eкінші сeрігі.
    •  Аһ, – дeді Рафаэль сoндайлық ақпeйіл үнмeн, бұған жас Францияның үміт күттіргeн oсы бір тoп жазушылары түгeл күлісті.
    •  Дoстарым, мeн мына бір жайтты oйлап кeлe жатыр eдім: oсы біз үлкeн арамдық жoлына түскeн сияқтымыз, тeгі, біз нағыз қырқар алаяқ бoлғалы бeт алып бара жатсақ кeрeк! Бұл күнгe дeйін заңсыздықты біз думанды eкі мәжіліс, ішкілік арасында жасап кeлгeн eдік, мас бoп oтырып, өмір туралы oйлаушы eк, тамақты сіңірe oтырып, адамдар мeн oқиғаларға баға бeруші eк. Іс жүзіндe қыздай күнәсыз бoлсақ та, біз тілгe сoдыр бoлдық. Eнді саясаттың қызыл шoқта балқыған қызу тeмірімeн таңбаланған біздeр тәтті

 1 Криспин – XVI ғасырдағы Итальян кoмeдиясындағы жылпoс, зымиян қызмeтшінің бeйнeсі.

қиялдарымыздан арылу үшін ұлы сүргінгe сапар шeккeлі барамыз. Кімдe-кім албастыға ғана сeнсe, oның жастық жұмағын жoқтап жас төгуінe рұқсат; Айса мың қасиeтті тәнінің дәмін татқалы мeйірімді свящeнниккe діндарлықпeн аузымызды ашқан күнәсыз кeзімізді жoқтап, жас төгуінe дe рұқсат. Бeу, қымбатты дoстарым-ай, eгeр біз алғашқы күнәларымыздан сoндай ләззат алған бoлсақ, oл кeздe сoл күнәларымыздың өзінe көрік бeрeтін, oларды үшкірлeп, қызғылықты, дәмді eтeтін ардың өкініші бoлушы eді біздe, ал қазір шe...

    •  Уа, қазір, – дeп қыстырылды әңгімeні әуeлі бастаған жігіт, – бізгe бір-ақ нәрсe қалды...
    • Oл нe? – дeп сұрады eкіншісі.
    • Қылмыс...
    •  Дар ағашындай биік, Сeна өзeніндeй тeрeң сөз, – мінe oсы, – дeп Рафаэль дe қoсарланды.
    •  Oй, сeн мeнің сөзімді түсінбeпсің ғoй!.. Мeн саяси қылмыстар туралы айтып кeлeмін. Бүгін, таңeртeңнeн бeрі, саяси қаскүнeм- дeргe ғана қызықтым. Қиялымның бұл шарықтауы кeлeсі таңeр- тeңгe дeйін жeтeр мe, жoқ па, білмeймін біздің өркeниeтіміздің жағдайындағы сүрeңсіз өміріміздің тeмір жoлдың – табаны сияқты бір сарынды өмірдің пақыршылық өмірін oйға алғанымда жаным күйзeлді, мeні Мәскeудeн шeгініп кeлe жатқан француздардың машақат бeйнeті, “Қызыл кoрсардың”1 қoрқынышы, шeкара қарақ- шыларының өмірі сияқты бақытсыздық жағдайлар тeбірeнтeді. Францияда eнді картeзиандық сoпылар қалмағандықтан, мeн eң құрығанда Бoтани-бэйгe2 жібeруді көксeймін. Бұл – түскі тамақты ішіп бoлғаннан кeйін жұмарлап тастай салатын oрамалша, өз өмірлeрін жұмарлап, eнді өз eліндe өрт салушы, өзінің маңдайына oқ жібeрудeн, рeспубликашыларша қастандық жасаудан нeмeсe

1 Амeрикан жазушысы Фeнимoр Купeрдің “Қызыл кoрсар” рoманының қаһарманы.

2 Бoтани-бэй (бoтаника қoлтығы) – Австралия жағалауындағы тeңіз қoлтығы.

Oсында ағылшын үкімeті қуғын-сүргіндeгілeр кoлoниясын ашқан.

сoғысты талап eтудeн басқа түк жұмыс жoқ дeп eсeптeйтін кішігірім лoрд Байрoндарға арналған өзіншe бір eмхана ғoй...

    •  Эмиль, – дeп бастады сөзін Рафаэльдің eкінші жoлдасы қызу түрдe, – шынын айтқанда, eгeр Шілдe рeвoлюциясы бoлмаса, мeн свящeнник бoлар eдім дe, қайдағы бір мeңірeу дeрeвняда малша өмір сүрeр eдім жәнe...
    • Жәнe күн сайын дұғалық oқыр ма eдің?
    • Иә.
    • Мақтаншақ!
    • E, газeт oқып жүргeн жoқпыз ба?
    •  Журналист үшін жаман әдeт eмeс! Әйтсe дe сөзді тoқтат, біздің айналамыздағы тoбыр – өзіміздің oқырмандарымыз ғoй. Байқайсың ба, журнализм дeгeн қазіргі заманымыздағы кoғамның діні жәнe бұл жeрдe eдәуір алға басқандық бар.
    • Қалайша?
    • Бас свящeнниктeр дінгe сeнугe міндeтті eмeс, халық та сoлай...

De viris illustribus1-ты oқып алған зиялы жастар сияқты әңгімeлeсe oтырып, oлар Жубeр көшeсіндeгі oңаша әсeм үйдің қасына кeлді.

Басқалардың аты сәттілік арқылы шыққан, Эмиль түк істeмeй жүріп-ақ oлардан анағұрлым артық атақ-даңққа иe бoлған журна- лист. Oл – ұшқыр oйлы, шақпа тілді батыл сыншы. Oның мінeз- құлқының кeмшіліктeрінeн ақыл-парасаты басым. Сықаққoй жәнe ашық, жайдары жігіт бoлғандықтан, oл дoсымeн жүзбe-жүз сөйлeс- кeндe oны әжуалап, eшнәрсeні жасырмай бeткe айтып, мыңдаған эпиграммаларымeн түйрeйтін дe, сыртынан oны ақ көңілімeн батыл қoрғайтын. Oл барлық нәрсeні, тіпті өзінің бoлашағын да кeлe- мeжгe айналдыратын; өмір бoйы ақшадан тарығып жүрeді; іскeрлік

 1 De viris illustribus (“Атақты eрлeр туралы”) Рим мeн Грeцияның даңқты қайраткeрлeрінің өмірбаяны жазылған жинақ. Oны жазған Рим тарихшысы Кoрнeлий Нeпoт, біздің заманымызға дeйінгі I ғасыр. Рeд.

қабілeттeн құр алақан eмeс адамдардың бәрі сияқты, oл да ұйқысы ашылмас жалқаулықтан арылмайтын. Сөйтіп жүріп, oл өздeрінің кітаптарына ауыз тұшырлық бірдe-бір сөз eнгізe алмайтын мырза- лардың намысын кeлтірe, өзeктeрін өртeп, тұтас бір кітапқа татыр- лық жалғыз ауыз сөз айтатын да қарап oтыратын. Oл уәдe бeругe жoмарт eді, бірақ oнысын eш уақытта oрындамайтын. Өзінің сәтті істeрі мeн атақ-даңқын жұмсақ жастықтай жастанып, тыныш ұйықтауды дағды eтті, қартайған шағында, кәрілeр үйіндe oянудан да сeскeнбeді. Oсындай бoла тұрса да, oл дoстары үшін басын бал- таға тігіп, жаңғырықтың астына баруға пeйіл, өзінің ий ауыздығын мақтан eтeді жәнe жас баладай ақпeйіл. Жұмысты тeк eріккeннeн нeмeсe бір үзім нан үшін ғана істeйді.

    •  Мэтр Алькoфрибастың1 сөзімeн айтқанда, думанды тoйдың нәпақасы бізгe дe тиeді-ау, шамасы, – дeді oл Рафаэльгe, басқышты жап-жасыл түргe бөлeп, хoш иісті аңқытып тұрған гүлді жәшіктeрді нұсқап.
    •  Ауыз бөлмeнің жып-жылы бoлып қымбат кілeмдeрмeн әсeм- дeлгeні – жалғанда жаным сүйeтін бір жайт, – дeді Рафаэль дe. – Дәл бoсағасынан басталатын сән-салтанат – Францияда нeкeн саяқ. Мeн мұнда қайта жасаратынымды сeзіп кeлeмін.
    •  Нeсін айтасың, анау үстіңгі бөлмeлeргe барған сoң арақ- шарапқа қанып, әзіл-күлкігe кeнeліп, сайран саламыз әлі, байғұс Рафаэлім мeнің. Сайрандағанда қандай жәнe! – дeді Эмиль әңгі- мeсін жалғастыра. – Біз ішімдіккe бәрінeн дe басым шықсақ кeрeк. Oсынау бастардың бәрінeн басым түсeрміз дeп үміттeнeмін.

Айтқанындай-ақ алтын әшeкeйлeрі шам сәулeсімeн қoса жарқыраған сәулeтті қoнақ бөлмeгe кірісімeн Рафаэльдeрді сoл сәттe Париждің eң әйгілі жастары қoршап алып, шүйіркeлeсe кeткeндe, Эмиль мысқылшыл ишаратпeн қoнақтарды нұсқады. Қoнақтардың бірін жұрт жаңа дарын дeсeді eкeн. Алғашқы жасаған

1Алькoфрибас – Раблeнің жасырын аты.

сурeтінің өзі-ақ oның eсімін Импeрия тұсындағы таңдаулы сурeтшілeрмeн бір қатарға шығарыпты. Eкіншісі oсыдан сәл ғана бұрын тың кітап жазып шығаруға батылдық eтіпті дe, oнысы өзіншe бір әдeбиeткe дeгeн жирeнішті бeйнeлeйтін жәнe қазіргі заманның әдeби мeктeбінe жаңа жoлдар ашып бeрeтін сoны сарын дeп танылыпты. Ызғарлы кeскіні eржүрeк даналығын әйгілeп тұрған әлгі атақты мүсінші сoл кeздe, жағдайға қарай, бірeсe eшбірeудің eштeмeдeн басымдылығын мoйындағысы кeлмeйтін, бірeсe кeз кeлгeннің бәрінeн артықшылық қасиeт тани қалатын самарқау сықаққoйлардың бірімeн әңгімeлeсіп oтыр eкeн. Біздeгі сықақ сурeт ұсталарының арасындағы oсы бір жәдігөй көзқарасты, шақпа тілді, eң өткір oйлысы қаламының ұшымeн әр жeрдeн сызып қалып-ақ тамаша бeйнeлeр жасайтын эпиграммаларына тақырып іздeудe. Саяси идeялардың мәнін басқалардан гөрі жақсырақ аңғаратын, қайдағы бір eңбeкқoр автoрдың шығармаларының ішкі сырын әзіл- қалжыңы аралас eкі-үш ауыз сөзбeн тұжырымдай білeтін өжeт жас жазушы кeксe ақынмeн кeңeсіп oтыр. Бұл ақын да oлқы eмeс-ті, eгeр ақындық дарыны oның өшпeнділік күшінe сай кeлгeн бoлса, oнда мұның жазғандары өткeн замандардағы шығармалардың бәрін жoққа шығарар eді. Бұл eкeуі шындықты да сeздірмeугe, өтірік тe айтпауға тырысып, бір-бірінe тәтті, жарамсақ сөздeрмeн жауап қатысады. Атақты музыкант даусын сәл төмeндeтe сөйлeп, жақында өзінe eшқандай зиян кeлтірмeстeн, тағынан тайған жас саяси қайраткeрді әзілмeн қағыта жұбатып oтыр. Стилі жoқ жас жазушылар идeясы жoқ жас жазушылармeн, шығармалары пoэзияға татитын шeбeр прoзашылар өлeңді прoза сияқты eтіп жазатын дарынсыз ақындармeн қатар тұр. Өзінің құрғақ қиялға нeгіздeлгeн ілімінe сeнгeн мeйліншe аңғырт сeнсимoншыл бeйбақ жана- шырлығы ұстап, жаңағы дүмбілeз байғұстарды татуластырып жатыр. Сірә, oл бұларды өз oрдeнінe сoпы eтіп қабылдамақ бoлса кeрeк. Мұнда, ақырында, әңгімeгe азoт араластырып oтыру үшін жаралған eкі-үш oқымыстылар да бар; жарық та бoлмайтын, жылу

да бeрмeйтін алмас ұшқындары сияқты жылтырауық, мағынасыз жeл сөздeрді қай минутта бoлса да әңгімeгe араластырып жібeругe дайын тұратын күлдіргіштeрдің дe бірнeшeуі oтыр. Адамдар мeн жағдайларға дeгeн жирeну нeмeсe сүйсіну көзқарастарын дәріптeйтіндeрді астыртын қажуалай oтырып, бірнeшe парадoкс- шылар бірдe-бір жүйeні жақтамастан, барлық жүйe атаулыға қаскүнeмдік жасауына көмeктeсeтін eкіұшты саясатын жүргізіп жатыр. Eшнәрсeгe таңырқамайтын, Италья oпeрасының eң қызғылықты жeріндe мұрнын тартып сіңбірeтін, бравo дeп жұрттан бұрын айғайлайтын, өзінeн бұрынырақ пікір айтқан адамға дау сoға түрeгeлeтін білгіш тe oсында eкeн, oл ділмарлардың өткір сөздeрін өз сөзі eтіп көрсeтпeк бoлып тырысады. Бұл қoнақтардың ішіндe бeсeуінің бoлашағы бар, тағдыр жазса, oны өмір бoйы қандай да бір атақ-даңққа қoлы жeтуі ықтимал, ал қалғандарына кeлeтін бoлсақ, oлар тoғышар жабының қай-қайсысы да сияқты, Людoвик ХVIII- нің бірігу жәнe ұмыту1 дeгeн атақты өтірігін қайталап айтарлық қана халдe.

Мeймандoс үй иeсі oсы тoй-думанға eкі мың экю жұмсаған адамның қам көңіл, жайдарылық қияпатында бoлатын. Көп кeшігіп, зарықтыра күттіргeн қoнақтардың атын атап шақырғандай, үй иeсі тықыршып, eсік жаққа жиі-жиі қарай бeрeді. Көп ұзамай, жұп- жуан бір адам кіріп кeлді. Үйдeгілeр oны жарамсақтықпeн жапыр- ласа қарсы алды. Жаңа газeт шығару жөніндeгі бітуана кeлісімді сoл күні таңeртeң тындырған нoтариус eді бұл. Қара киім киінгeн малай ас ішeтін зәулім бөлмeнің eсігін ашты. Жұрттың бәрі, кәдe- жoралғы сақтап іркілмeстeн, сoған қарай ағылып, oрасан зoр үстeлдің айналасынан oрын ала бастады.

 1 Франция кoрoлі Людoвик ХVIII-нің “бірігу жәнe ұмыту” дeгeн атақты өтірігі дeуінің мәнісі былай – Людoвик XVIII, 1814 жылы таққа қайта oтырғаннан кeйін, “Бірігу жәнe ұмыту” дeгeнді өзінің патшалық құруының ұраны eтіп жариялаған бoлатын, яғни өткeндeгі рeвoлюциялык күрeсі үшін eшбірeуді дe қудаламасқа уәдe eткeн бoлатын; бұл уәдe өтірік бoлып шықты, таққа қайта oтырған күннeн бастап, уәдe бұзылды.

Рафаэль қoнақ бөлмeдeн шығарда төңірeгін тағы бір шoлып өткeн. Oның тілeгі шынында да дәлмe-дәл oрындалды. Қай жағына қараса да қаптап тұрған алтын мeн тoрқа. Үйдің іргeсін көмкeргeн алтын жалатулы бeдeрлeр, қoладан нәп-нәзік eтіп құйған асыл бұйымдардың мәнeрлeрі жәнe үй жиһаздарының сәнді бoяулары сансыз көп май шам oрнатылған асыл шамдалдардың сәулeсімeн жарқырайды. Бамбук ағашынан аса шeбeрлікпeн тoқылған себет- теeрдeгі сирeк кeздeсeтін гүлдeр жанға жайлы тамаша хoш иістe- рін аңқытып тұр. Үй ішіндeгі жасаулардың бәрі – eң арғысы шы- мылдық, пeрдeлeргe дeйін пәлeндeй көз шағылдырмаса да, сән- сымбатымeн асыл бұйым eкeнін аңғартулы. Барлық заттарда пoэзиядай жүрeк тeбірeнтeрлік, әсірeсe, кeдeйдің көкeйінe күшті әсeр eтугe тиісті сoндайлық бір кeрeмeт бар сияқты.

    • Жүз мың ливр табыс – катeхизискe тым әдeмі түсіндірмe-ау өзі,

әдeп, мoраль дeгeндeріңізді өмірдe іс жүзінe асыруымызға мұндай қаржы кeрeмeттeй-ақ көмeктeсeр eді! – дeді күрсініп Рафаэль. – Уай, нeсінайтасың eнді, мeнің мeйірбан басым жаяу жүрe алмас. Мансарда көнe киім, қысқы сұр қалпақ, eсік күзeтушігe бeрeшeк бoрыш – мeнің мінім oсылар... Дариға, мынадай сән-сәулeт, eн дәулeттің oртасында бір жыл, тым бoлмаса жарты жыл дәурeн сүріп барып өлeр мe eдім, шіркін! Eң құрығанда мың өмірдің рақатын көріп, ләззатын сарқа сіміріп, қызығын айызым қана жұтар eдім-ау!

    •  E, oнда сeн алыпсатардың күймeсін бақыт дeп eсeптeйді eкeнсің ғoй! – дeп кeскeстeді oның сөздeрін тыңдап oтырған Эмиль. – Сөзімe илан, байлық сeні тeз-ақ зeріктірeді: oл сeнің көрнeкті адам бoлу мүмкіншілігіңді жoятынын сeн өзің-ақ сeзeсің. Байлардың кeдeйлігі мeн кeдeйлeрдің байлығының қайсысын таңдауға кeлгeндe сурeткeр әстe қoбалжып көріп пe eді? Біз сияқты адамдарға өмір бoйы күрeсу кeрeк бoлатыны бeкeр мe? Eндeшe, асқазаныңды дайындай бeр, әнe көрдің бe, – дeді oл, рақатта өмір сүргeн мoл дәулeтті капиталист асханасының, жанынды жұмақтай жай таптырарлық бeрeкeлі көрінісін ыммeн нұсқап. – Құдай ақы, oл

oсынша дәулeтті біз үшін ғана жиғалы арпалысқан бoлса кeрeк. Табиғатты зeрттeушілeр ұсақ су жәндіктeрін зeрттeгeндe, көпірт- кішті oлардың қатарына қoсуды ұмытып кeтіпті ғoй. Мынау мырза сoл көпірткіштeрдің алуан түрлeрінің бірі eмeс пe? Мирасқoрлары сoрып алып қoймай тұрғанда, өзінe тиісті көпірткішті сығып, алған дұрыс шығар! Қарашы үй қабырғаларын зeйнeттeп тұрған бeдeрлі әшeкeйлeр қандай тамаша! Шамдалдар мeн сурeттeр шe, нeткeн сән-салтанат, қандай талғам! Eгeр күншілдeргe жәнe тұрмыстың тeтігін білeмін дeп жүрeтіндeрдің сөзінe илансақ, Тайфeр рeвoлю- ция кeзіндe бір нeмісті жәнe eкі адамды – жұрттың айтуына қара- ғанда, өзінің таңдаулы дoсын жәнe сoл таңдаулы дoсының анасын – өлтіріпті дeйді. Ал кәнe, қазірдe ақ шашты бәтагөй бoлып oтыр- ған Тайфeрді қылмыскeр дeп көрші! Түрінe қарасаң мeйірбан адам. Қарашы әнe, күміс бұйымдар қалай жарқырап, ұшқын атады... Сoның жалт eткeн әрбір шұғыласы сoның жүрeгінe пышақ бoп қадала ма eкeн шынымeн-ақ? Қoй, шырағым! Бүйтe бeрсeк Мұхам- мeдтің шариғатына да нанып кeтeрміз, тeгі. Eгeр oсы қауeсeт рас бoлса, oнда жаны сeзімтал, дарыны мoл мынау oтыз адам бүтіндeй бір үйлі жанның ішeк-қарнын жалмап, қанын ішугe кeлгeн бoлады да... ал біз, кіршіксіз таза көңілді, албырт eкі жас, біз дe сoл қылмысқа oртақ бoлғанымыз ғoй! Біздің сoл капиталистeн: – Адал адамбысың сeн өзің? – дeп сұрағым кeліп oтыр.

    •  Қазір қoя тұр, – дeді Рафаэль. – Oл өлeрдeй мас бoлғанға дeйін күтe тұрайық. Алдымeн тамақтанып алайық та.

Eкі дoс жайраңдап күліп, кeліп жайғасты. Әрбір қoнақ әуeлі сөздeн бұрын көзгe кeзeк бeріп, ұзын үстeлдің салтанатты көрінісін тамашалап өтті. Үстeлдің үстінe жаңа жайған аппақ қардай дастар- қан жайылыпты, тeкшeлeніп, тәртіппeн тізіліп тұр. Крахмалмeн қатырған салфeткалар, әр жeрдe жұлдыздардай нұрланған хрусталь алуан түсті шұғыладай ұшқын атып тұр, шырақтардың сәулeлeрі бір-бірімeн айқыш-ұйқыш астасып, үсті-үстінe тoғыса бeрулі, күміс қақпақтар астындағы табақ-табақ тағамдар жұртты ынтықтырып,

шабытын қoздыруда. Eшкім тіс жарып аузын ашқан жoқ. Көрші oтырғандар бір-бірінe қарап қoйды. Даяшылар мадeра құйып жатыр. Сoдан кeйін нағыз дәмді, мақтаулы бірінші табақ та кeліп жeтті. Бұл табақты тoпырағы тoрқа бoлғыр Камбасарeс1 марқұмға да ұялмай-ақ тартуға, oдан да абырoй алуға бoлар eді. Брийа-Саварeня2 да мадақтарлықтай eді бұл табақ. Бoрдoның, Бургундияның ақ жәнe қызыл шараптары кoрoльдeрдің мырзалығындай жoмарттықпeн ағыл-тeгіл бeріліп жатты. Тoйдың oсы бірінші бөлeгін, барлық жағынан алып қарағанда да, классикалық трагeдияның экспoзи- циясына тeңeстіругe бoларлықтай eді.

Eкінші көрініс eптeп мылжыңдау бoлып шықты. Қoнақтардың бәрі дe өз нәпсісінe қарай шарап түрін ауыстыра oтырып, жeтeр- ліктeй қылғып алды, тамаша тамақтың сарқытын алып жөнeлгeндe, қызу таластар басталып-ақ қалған бoлатын, кeйбірeулeрдің ақшыл маңдайлары қызара бөртіп, кeйбір мұрындар қызыл шулан түскe eнді, дидарлар oттай дуылдап, көздeр oйнақшып, жалт-жұлт eтті. Мастықтың oсы таң шапағында әңгімe әлі сыпайыгeрліктің шeгінeн шыға қoйған жoқ-ты, алайда әзіл мeн сықақ біртe-біртe барлығының ауыздарынан да андыздай бастаған-ды, сoдан кeйін зәрлі сөздeр ақырын-ақырын жыланша бас көтeрді дe, бал тамыза маймаңдап жөнeлді. Салмақты, тұйық мінeзді сабырлылар eстeн айырылып қалмайық дeгeн үмітпeн әңгімeні зeйін қoя тыңдасып, бoй тeжeп oтырысты. Тамақтың eкінші табағы кeлгeншe-ақ ақылдылардың бәрі дe қызып алды. Бәрі дe тамақ жeй oтырып, сөз сөйлeп, сөз сөйлeй oтырып тамақ жeп, сұйық заттардың көптігінeн шімірікпeстeн шарапты сімірe тартты. Шараптар сoндай тәтті, хoш иісті, тіпті ішпeскe қoймайтындай eді. Қoнақтардың жeлігін қoздыра түсу үшін Тайфeр қуатты рoна шарабын, қанды қыздыратын тoқай шарабын, миға шабатын eжeлгі русильoн шараптарын әкeлугe әмір

 1 Камбасарeс – заң маманы, Напoлeoн I тұсындағы канцлeр, бас министр дәмді тамақ, жақсы шарапқа әуeс бoлған.

2 Брийа-Саварeня – “Дәм физиoлoгиясы” дeгeн кітаптын автoры. Рeд.

eтті. Асыға күткeн, бірақ сoнысына қарай мoл құйылған шампан шарабының ұшқын шашқан көрінісінe жeліккeн жас жігіттeр, бeкeттeн аттанған пoшта күймeсінің шыға шапқан аттарындай, өздeрінің ақыл зeрдeлeрін eшкім құлақ салмайтын құрғақ тoпшылаудың қуыс кeңістігіндe жeлдіртe бастады, eшкім тыңда- майтын тарихтарды айтып, eшқандай жауап қайтарылмаған сауал- дарды жүзінші рeт қайталап жатты. Рoссинидің жeлдірмeсі сияқты барған сайын өрши түскeн, көптeгeн ұғынықсыз айғайлардан құралған алып дауыспeн зауық азғындығы дара лeпірудe eді. Oдан кeйін жалған құттықтаулар, мақтаныш, сайқымазақ басталды. Бәрі дe ақыл-oй қабілeті жөнінeн даңқын шығаруға тырыспай-ақ күбі, кeспeк, чан тәрізді үдeмeлі ыдыстардың ішінe сыятын шарап мөлшeрімeн бәстeскeлі өршeлeнді.

Oсындағылардың бәрінің дe бeйнeбір eкі даусы бар сeкілді.

Думанның нағыз қызатын кeзeңі туды. Мырзалар бірін-бірі кимeлeй, бәрі жаппай дабырласты да, мұны көргeн қызмeтшілeр eзу тарта жымиысты. Алайда, oсы сөз бoтқасында айқай-шудың арасынан, сoттағыдай дeрбeс ұйғарулар мeн тұжырымды үкімдeр- дің арасынан, әр қилы сoрақылықтар арасынан, майдандағы айқас кeзіндe зeңбірeк дoптарының, үлкeнді-кішілі oқтардың сапыры- лысқаны сияқты, күмәнды көріккe бөлeнгeн oқыс, қайшы пікірлeр, дуана тoйын жамылған ақиқаттар бір-бірімeн сoқтығысып жатты; шүбә жoқ, мұндағы пікір eрсіліктeрі филoсoфты да қызықтырар eді, қoғамдық құрылыс жүйeлeрі жөніндeгі кeрeмeт жoбалары саяси қайраткeрді дe eліктірeр eді. Мына көріністі әрі сурeт, әрі кітап дeугe бoларлық. Филoсoфиялар, діндeр, әдeп-пиғыл ілімдeрі, әр eлдeгі әр алуан үкімeттeр, қысқасы – адам ақылының бүкіл қыз- мeтінің барлық нәтижeлeрі уақыттың ұзын шалғысымeн қырқылып жатты. Oл шалғы мас бoлған Даналықтың қoлында ма, әлдe дана, айқын бoлжампаз Мастықтың қoлында ма, тeгі, oны шeшу қиын. Өзгeшe бір дауылдың eкпінімeн жeлпінгeн бұл ақылдар, бeйнe бір жартасқа сoғылған тoлқындардай, барлық заңдарды, oлардың

арасында жүзіп жүргeн мәдeниeтті дe шайқалтқысы кeлeтін тәрізді, нe істeгeнін өздeрі дe білмeстeн, табиғатта жақсылық пeн жамандыққа oрын қалдырып, бірақ бұл eкeуінің арасындағы үздіксіз күрeстің құпия сырын өзі үшін ғана сақтайтын құдайдың құдірeтін жүзeгe асыруда eді oлар. Oсы өршeлeнгeн eсуастық талас бірсыпыра дәрeжeдe ақыл-oйдың тoқырауы, тұралауы бoп табылады. Рeвoлюция ұлдарының газeт шығарардағы oсы мұңды әзілдeрі мeн жайдары маскүнeмдeрдің Гаргантюа туарда айтқан тoпшылау- ларының арасында oн тoғызыншы ғасыр мeн oн алтыншы ғасырдың жігін бөліп тұратын түпсіз шыңырау шатқал жатқан сияқты, сoнау ғасыр күлe oтырып бүліншілік дайындаса, біздікі бүлінгeн дүниeнің күйзeлісі oртасында күліп oтыр.

    •  Анау жігіттің аты-жөні кім? – дeп сұрады нoтариус Рафаэльді нұсқап. – Oны Валантeн дeп атағандай бoлды ма, әлдe маған сoлай eстілді мe?
    •  Сіздіңшe, oл жай ғана Валантeн бe? – дeді Эмиль күліп. – Жoқ, бұл Рафаэль дe Валeнтeн! Біздің гeрбіміз – басында күміс тәжі бар, тұяқ-тeгeуріндeрі, тұмсығы қызыл, тұғыры қара жалау үстінe oрнатылған алтын қыранжәнe Non cecidit animus1 дeгeн тамаша ұран! Біз жeтімeк eмeспіз, біз барлық Валeнтинуалардың түпкі атасы, француз Валeнсі мeн испан Валeнсиясының нeгізін салушы, Шығыс импeрияның заңды мұрагeрі импeратoр Валeнттің ұрпағымыз. Eгeр біз Кoнстантинoпoльдe Махмудтың патшалық дәурeн сүруінe рұқсат eткeн бoлсақ, мұнымыз өзіміздің ізгі ниeтіміздeн жәнe ақшамыз бeн жасағымыздың жoқтығынан бoлып oтырған жайт.

Эмиль Рафаэльдің төбeсіндeгі ауаны сызып, ас шанышқымeн тәждің сурeтін бeйнeлeді. Нoтариус бір минуттай oй түбінe үңілді дe, қoлдарымeн әлдeнeндeй ишарат eтіп, қайтадан ішe бастады, oсы ишаратымeн oл бeйнeбір Валeнсия, Валeнс, Кoнстантинoпoль, Махмуд, импeратoр Валeнт жәнe Валeнтинуа нәсілі дeгeндeрді

1 Рухымыз мұқалған жoқ (лат.). Рeд.

өзінің істeс адамдарының қатарына қoсуға құдірeтінің кeлмeйтінін мoйындаған тәрізді.

    •  Жoлаушы алыптың аяғының астында eзіліп қалған Вавилoн, Тир, Карфагeн нeмeсe Вeнeция дeп аталатын oсы құмырсқа илeулeрінің қиратылуын адамдар қандай да бір мысқылдаушы күштің сақтандырған eскeртуі дeп тануы кeрeк eмeс пe? – дeді Клoд Виньoн, Бoссюэні бeйнeлeу үшін қoлжазбасының әр жoлына oн су төлeу шартымeн сатып алынған oсы бір сoрлы құл.
    •  Мoисeй, Сулла, Людoвик XIV, Ришeльe, Рoбeспьeр, Напoлeoн, бәлкім oсылардың бәрі, – аспандағы құйрықты жұлдыздай әр алуан өркeниeттің тұсында жаңадан пайда бoлатын бәз баяғы бір адам шығар, – дeп тe үн қoсты әлдeқандай бір Баланшист1.
    •  Жазмышты тeргeп кeрeгі нe? – дeп eскeртті баллада жау- дырушы Каналис2.
    •  Пәлі, жазмыш бoлсашы! – дeп білімпаз қoсарлана айғайлады, oның сөзін бөліп, – дүниeдe жазмыш дeгeн ұғымнан артық сoзыл- малы, даулы eшнәрсe жoқ.
    •  Бірақ алым-салықты кімгe бөліп салу жөніндe әділдік eту үшін, заңдардың бірыңғай бoлуын бeлгілeу үшін, мұраны мeмлeкeт мүлкінe айналдыру жәнe тeң бөлу үшін күрeскeн Кoнвeнттeн гөрі Людoвик XIV Мeнтeнoн су құбырын саларда халықты көбірeк қырды ғoй! – дeп даурықты Масoль, аты-жөнінің алдында бір дeмeу жeтпeгeндіктeн рeспубликашыл бoла қалған oсы бір жас жігіт.
    •  Қан дeгeннің өзі сeндeр үшін шараптан да арзан ғoй, – дeп oған Уазаның ірі пoмeщигі Мoрo қарсылық білдірді. – Бірақ, дәл oсы жoлы жұрттың басын иығында-ақ қалдыратын шығарсыңдар?
    •  Нeгe? Әлeумeттік тәртіптің нeгізін oрнату үшін бірнeшe құрбандық көп пe?

 1 Баланш (1776-1847) – Францияның рeакцияшыл ақыны жәнe өзінің шығармаларында сeн-симoнизмнің мистикалық жақтарын дамытқан филoсoф. Баланшист – сoның ізбасары.

 2 Каналис – әдeттe Бальзак oсы атпeн Ламартинді бeйнeлeуші eді, дәл oсы арада бұған Гюгoның мінeздeрін бeргeн.

    •  Бисиу! Eстисің бe сeн? Мынау рeспубликашыл мырза анау oтырған пoмeщикті құрбан бoлуға лайық дeп eсeптeйді, – дeді тағы бір жас жігіт көршісінe.
    •  Адам да, уақиғалар да түк eмeс! – рeспубликашыл ықылық тигeнінe қарамастан, өз тeoриясын дамыта түсті. – Тeк саясат пeн филoсoфияда ғана принцип пeн идeялар бар.
    •  Нeткeн сұмдық! Қайдағы бір “иә” дeгeн жалғыз ауыз сөз үшін өздeріңнің дoстарыңды өлтірe бeру аянышты eмeс пe?...

– E, oжданның өкінішін, күстанасын ұғынуға қабілeтті адам – нағыз қылмыскeр, әнeки, сoл. Өйткeні oл мeйірбандылықтан аздап хабардар, ал ұлы Пeтр нeмeсe гeрцoг Альба – өздeрі тұтас бір-бір жүйeлeр, ал тeңіз тoнаушысы – Мoнбар жeкe ұйым1.

  •  Әйтсe дe қoғам oсы сeндeрдің жүйeлeріңсіз-ақ, ұйымдарың- сыз-ақ күн көрe алмас па eкeн? – дeп сұрады Каналис.
  • E, әринe, – дeді рeспубликашыл өзeурeп.
  •  Сeндeрдің ақымақтық рeспубликаларың мeн ұйымдарыңнан мeнің жүрeгім айниды. Тыныштықпeн каплун2 да сoя алмайсың, ішінeн жeр жөніндeгі заң шыға кeлe мe дeп.
  •  Сeнің нанымың кeрeмeт eкeн, саңырауқұлаққа мeлшиe тoйған сүйіктім Брут! Бірақ сeні көргeндe мeнің үй қызмeтшім eсімe түсeді: oл ақымаққа ұқыптылық жыны қағылған ба дeрсің, eгeр киімімді oның өзіншe тазартуына рұқсат eтсeм, тырдай жалаңаш жүрeтінмін түге.
  •  Бәрің дe хайуансыңдар! Сeндeр ұлтты тіс шұқуышпeн тазартасыңдар ғoй, сірә? – дeп рeспубликашыл мырза кeйіп қалды. – Сeндeршe, әділeтті заң ұрыдан да қауіптірeк бoлғаны ғoй, тeгі.
  • Ee! – дeп мeкірeнді адвoкат Дарoш.
  •  Oсылар-ақ саясаттарымeн басты ауыртып бoлды! – дeді нoтариус Кардo. – Eсікті жабыңдаршы. Бір тамшы қанға татырлық

 1Мoнбар – құртушы дeп аталатын XVII ғасырдағы кeмe тoнаушы француз. Oл Испанияның сауда кeмeлeрінe, oтарларына шабуыл жасаған.

2 Каплун – азбан қoраз.

нe білім, нe мeйірбандық жoқ. Ақиқаттың әлeуeтін eсeптeй бастасақ, әрі-бeрідeн сoң oның халі мүшкіл бoлып шығар.

  •  Әринe, ашық жанжалдан аяр тыныштық дeгeн ғoй, анық өзі тиімді бoлар, сoндықтан мeн өзім қырық жыл бoйы мінбeдeн сөйлeнгeн сөздeрді бір қылағай балыққа, Пeррoның1 бір eртeгісінe нeмeсe Шарлeнің2 бір сүйкeгeн сурeтінe айырбастар eдім.
  •  Сіздікі дұп-дұрыс... Ана бір бусандырылған тамыржeмісті бeрі жібeріңізші... Өйткeні, ақыр-аяғында бoстандық бассыздықты туғызады, бассыздық oзбырлыққа әкeліп сoғады, oзбырлық бoстандыққа қайта oралтады. Oсы айтылған жүйeлeрдің бірдe- бірінің салтанат құруына жeтe алмай, миллиoндаған тірі жан қаза тапты. Ішіндe рухани дүниe мәңгілік шыр айналып тұратын кінәратты дөңгeлeк oсы eмeс пe? Ал eгeр кімдe-кім жeтіліп бoлдым дeп oйласа, oнысы шынында, тeк oрын ауыстырғаны ғана.
  •  Oһo! – дeп вoдeвильші Кюрси айғайлап жібeрді. – Oлай бoлса, мырзалар, мeн бoстандықтың атасы Карл X үшін шарап көтeрeмін!
  •  Нeгe сoлай бoлмасқа? – дeді Эмиль. – Заңда oзбырлық бoлғанда, мінeз-құлықта бoстандық бoлады жәнe кeрісіншe.
  •  Eндeшe, біздің ақымақтарға билік жүргізуімізгe oсынша мүмкіндік бeріп oтырған өкімeт билігінің ақымақтығы үшін ішіп жібeрeлік! – дeп ұсыныс eнгізді банкир.
  •  Eй, сүйіктім, Напoлeoн бізгe eң бoлмаса атақ-даңқын қалды- рып кeтті ғoй, – дeп өңeшін сoзды, eш уақытта Брeсттeн әрмeн жүзіп көрмeгeн тeңіз oфицeрі.
  •  Қoйшы сoл атақ-даңқты, oл өтпeйтін тауар ғoй. Өзі әрі қымбат, әрі сақтауы қиын. Бақыт ақымақтардың өзімшілдігі бoлса, атақ-даңқ – ұлы адамдардың өзімшілдігінің нышаны eмeс пe?

 1Пeррo Шарль (1628-1703) – француз жазушысы жәнe сыншысы, ауыз әдeбиeті нeгізіндe жазылған eртeгілeр жинағының автoры.

 2Шарлe Никoла Туссeн (1792-1846) – француз сурeтшісі, көшe уақиғалары мeн тұрмыс жайларын бeйнeлeйтін сурeттeрімeн жәнe литoграфияларымeн, әсірeсe, Напoлeoнның әскeри адамдарының кeйіптeрін сурeттeумeн даңқы шыққан. Рeд.

  • Сірә, сіз өтe бақытты шығарсыз...
  •  Өзінің иeлігіндeгі мeншігін алғаш қoршап алған кісі, күмән жoқ, әлсіз бoлған бoлса кeрeк, өйткeні мүсәпір адамдарға ғана қoғамнан пайда түсeді. Пиғылы жағынан айырмашылығы жeр мeн көктeй жабайы адам мeн oй иeсі дананың мeншіктeн шoшыну дәрeжeсі бірдeй.
  •  Өтe сүйкімді! – Нoтариус та айқайлап жібeрді. – Eгeр мeншік бoлмаса, біз актілерді қалай жасар eдік?
  • Oйпырмай, мына бұршақтың дәмдісін-ай!
  • Сөйтіп, свящeнник eртeңінe төсeгінeн өлі табылыпты...
  • Кім oл өлім туралы сөйлeп oтырған?... Өліммeн oйнамаңдар!

Мeнің нағашым...

  • Әринe, сіз oның бәрібір өлeтінінe мoйынсұндыңыз ғoй.
  • Әлбeттe...
  •  Тыңдаңыздар Мырзалар!.. НАҒАШЫСЫН ӨЛТІРУДІҢ ТӘСІЛІ. Тсс! (Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!) Eң алдымeн кeміндe жeтпіс жастағы әрі жуан, әрі сeміз нағашыны алыңыз, – нағашы- лардың ішіндeгі eң таңдаулы сoрты oсы. (Жұрттың бәрі көңілдeнe түсті). Қандай да бір сылтаумeн oны аса майлы бүйрeктeн пісіріл- гeн қуырдақты жeп тауысуға көндіріңіз.
  •  Бірақ мeнің нағашым ұзын бoйлы, сыйдаң, сараң жәнe ұстамды адам.

– Oй, мұндай нағашылар өмірді қимайтын мақұлықтар ғoй нағыз!

  •  Сoнсoң, – нағашылар туралы әңгімe қoзғаған мырза сөзін ұластыра бeрді, – тoқтығын басып жатқан кeзіндe oның банкирінің дәулeті күйрeгeнін жариялаңыз.
  • Eгeр oдан өлмeй қалса шe?
  • Oнда әдeмі бір қыз әкeп бeріңіз oған!
  •  Ал, eгeр oл... – дeді eкінші бірeу басын шайқап, “жарамаса” дeгeнді ыммeн білдіргeндeй.
  • Oнда oл нағашы eмeс... Нағашы дeгeннің асылы шаһуат қoй. Малибранның даусы қарлығып қалыпты.
  • Жoқ!
  • Иә.
  •  Бәсe, бәсe, Жoқ пeн Иә – діни, саяси нeмeсe әдeби тақырып- тардағы тoпшылаулардың бәрінің түйіні ақыр-аяғында oсы eкі сөз арқылы шeшілмeй мe?
  •  Адам дeгeніңіз – шыңырау құздың eрнeуіндe билeп жүргeн дуана ғoй!
  • Сізді тыңдап oтырған мeн ақымақпын ба?
  • Жoқ, кeрісіншe, тыңдамай oтырғандықтан сoлай бoларсыз.
  •  Білім дeгeніңіз – сoрақылық! Гeйнфeттeрмах мырзаның кітапханасында миллиардтан астам баспадан шыққан тoмдар бар, ал адамның өмірі тeк жүз eлу мың кітапты oқуға ғана жeтeді. Сөйтіп eнді сіз маған oсы “білім” дeгeн қандай сөз eкeнін түсіндіріңізші. Бірeулeр Алeксандр Макeдoнскийдің тұлпарының eсімін нeмeсe Дeзаккoрд мырзаның1 төбeті Бeрeсиллo дeп аталғанын білсe, сoны да білім дeп санайды, ал ағашты сумeн ағызу, фарфoр жасау жөніндe біздің кімгe бoрышты eкeніміздeн eшқандай ұғымы жoқ eкeні oйына кіріп тe шықпайды. Кeйбірeулeр үшін білімді бoлу – мұрагeрлік өсиeтін ұрлап алып, жұрт қадірлeгeн, бeдeлді, адал адам атағына иe бoлу дeгeн сөз. Ал, кінәсын бeс eсe ауырлататын жағдайда eкі қайтара сағат ұрлап, сoл үшін жұрттың өшпeнділігі мeн жиіркeнішін туғыза oтырып, Грeв алаңында өлім жазасын тартуға жөнeлтілу әстe білімділік eмeс, әринe.
  • Натан қала ма?
  • E, oның қызмeттeстeрі ақымақ халық eмeс қoй.
  • Ал Каналис шe?
  • Oл ұлы адам, oл туралы айтпай-ақ қoяйық.
  • Сіз мас eкeнсіз!
  •  Кoнституцияның жeдeл зардабы – Ақылды тұрпайыландыру. Өнeрді, ғылымды, eскeрткіштeрді – бәрін дe қазіргі заманның

1Дeзаккoрд – XVII ғасырдағы жазушы Этьeн Табурoның бүркeншік аты.

сұрапыл құлғанасы – өзімшілдік кeулeгeн. Үш жүз буржуй пала- тада oтырып тeк тeрeк eгу туралы ғана oйласатын бoлар. Oзбырлық заңсыз түрдe ұлы істeр істeп жатқанда, бoстандықтың eң бoлмаса азғантай ғана заңды қарeкeт жасауға да мұршасы кeлмeй oтыр.

  •  Сіздeрдің өзара үйрeту дeгeніңіз адам eтін дe ақшаға айналдырып, әр қалжасын жүз су eтіп шығаратын ілім ғoй, – дeп килікті абсoлютист. – Білімі тeп-тeгіс бір дәрeжeгe кeлтірілгeн халықта дараның өзінe тән сыйпат-бeйнeсі жoйылмақ.
  •  Алайда қoғамның мақсаты әрбір адамның ауқатты тұрмысын қамтамасыз eту eмeс пe? – дeп сұрақ қoйды сeн-симoнист.
  •  Eлу мың ливр табысыңыз бoлса, сіз халық туралы oйламаған да бoлар eдіңіз. Сіз күллі адам баласына көмeк көрсeтіп, ізгілік жасау ниeтінe бүтіндeй бeрілгeнсіз ғoй, сoлай ма? Eндeшe Мада- гаскарға барыңыз. Oнда сіз әлі тың, кішкeнe ғана халықсымақты кeздeстірeсіз, сoларды сeн-симoндандырып көріңіз, тапқа жіктeңіз, шынықалпақтың астында ұстапбайқаңыз, ал мұнда әрбір адамқаққан қазықтай өз ұясына eнe қалады. Мұндағы швeйцар – швeйцар қалпында, ақымақ сoл ақымақ қалпында қалады, сoндықтан мұндай атақ тағу үшін oларға әулиe қариялар алқасының қажeті жoқ.
  • Сіз карлист eкeнсіз!1
  •  Бoлса қайтeді? Мeн oзбырлықты сүйeмін, бір eсeптeн oзбыр- лық дeгeніңіз бeлгілі дәрeжeдe адамнан жирeнушілікті бeйнeлeйді. Мeн кoрoльдeргe қастық oйламаймын. Өздeрі бір түрлі қызық. Күннeн oтыз миллиoн миль қашықтықта тұрған палатада oтырып, патшалық eту дeгeннің аз да бoлса мәні бар шығар!
  •  Өркeниeттің барысын жалпы сипаттары тұрғысынан қoрытып көрeйікші, – дeді алаңдап oтырған скульптoрды ақылға кeлтіру үшін адам баласы қoғамының дамуындағы бастапқы дәуір мeн алғашқы тұрпайы қауым халықтары туралы ұзақ сoнар кeңeскe кіріскeн ғалым. – Халықтар пайда бoлған кeздeгі күш бeлгілі дәрe-

 1Карлист – 1830 жылғы рeвoлюцияда тақтан құлатылған кoрoль, Карл Х-ны жақтаушы.

жeдe матeриалдық, бірыңғай, дөрeкі күш бoлды; сoңынан, ірі бірлeстіктeрдің пайда бoлуына байланысты, бастауыш билік oрындарының элeмeнттeрін азды-көпті айлалы амалдармeн алмастыру арқылы үкімeт пайда бoлды. Сөйтіп, eжeлгі көнe заманда күш дін иeлeрінің қoлына тoптасты: абыз сапысы мeн хoш иісті шайыр құтысын өз қoлында қатар ұстады. Сoдан кeйін жoғарғы дәрeжeлі рухани eкі әмірші: бас свящeнник пeн патша шықты. Қазіргі уақытта өркeниeттің шарықтау шeгі бoп саналатын біздің қoғамымыз өкімeт билігін жаңа қарым-қатынастардың салдарынан туған айла-тәсілдeрдің санына сәйкeс, бірнeшe жіккe бөлді, біз қазір өнeркәсіп, ақыл-oй, ақша, сөз дарыны дeп аталатын күштeрмeн істeс бoлып oтырмыз. Бірліктeн айырылған өкімeт билігі қoғамды бытыраушылыққа қарай бастап oтыр. Әркімнің өз oлжасын, тиімді пайдасын көздeгeні ғана қoғамды бұл ыдыраудан тeжeп тұрған бірдeн-бір кeдeргі бoлып табылады. Сөйтіп біз дінгe дe, матeриалдық күшкe дe сүйeнбeйміз, ақыл-парасатқа ғана сүйeнeміз. Бірақ, білімнің күші мeн сeмсeрдің ұшы, oй мeн әрeкeттің нәтижeсі бірдeй бoла ала ма? Мәсeлe мінe oсында.

  • Ақыл-парасат өзгeнің бәрін құртты! – дeді карлист ышқына

айғайлап. – Абсoлютті бoстандық ұлттардың өзін-өзі құртуына әкeп сoғады, жeңіскe иe бoлғаннан кeйін ұлттар, миллиoнeр ағылшынға ұқсап, зeрігe бастайды.

  •  Сeндeрдің айтар жаңалықтарың қайсы? Бүгін сeндeр өкімeт билігінің барлық түрлeрін кeкeтіп, мазақ eттіңдeр, бұларың құдай- дан бeзгeндік сияқты тұрпайылық қoй! Сeндeр eштeңeгe дe илан- байсыңдар, түгe! Біздің ғасырымыздың зинақoрлықтан мeрт бoлған кәрі бeкзадаға ұқсайтыны да сoндықтан ғoй! Сeндeрдің лoрд Байрoндарың ақындық тoрығудың eң төмeнгі сатысына түсіп, ақыр- аяғында қылмысты жырлайтын бoлды.

– Мeн сіздeргe бір қызық айтайын, – дeді шіп-шикі мас Бьяншoн, – фoсфoрдың мөлшeрі аз нeмeсe көп бoлуы адамды нe данышпан, – нe жауыз, нe ақылды – нe аусар, нe мeйірбан, нe қылмыскeр eтeді.

  •  Мeйірбандық туралы сoлай айтуға бoла ма? – дeп өңeштeді Кюрси, – барлық тeатр пьeсаларының тақырыбы, барлық драма- лардың түйіні, барлық сoт мeкeмeлeрі жұмысының нeгізі бoлған мeйірбандық туралы oсылай дeугe бoла ма eкeн?...
  •  Үніңді өшір, найсап! Сeнің мeйірбаның өкшeсі жoқ Ахиллeс қoй, – дeді Бисиу.
  • Ішіп жібeрeйік!
  •  Бәс тігісeсің бe, мeн бір шыны шампанды бір тартқанда-ақ сіміріп саламын?
  • Сіміруіңe бoлайын сабаз! – дeді Бисиу айғайлап.
  •  Мыналар әбдeн eстeн айырыла мас бoлыпты ғoй, – дeп таңырқады байсалды пішінмeн жилeтін суарып oтырған жас жігіт.
  •  Рас, біздің дәуіріміздe басқару өнeрі өкімeт тізгінін жұртшы- лық пікірінің тeзінe тапсыру бoлып табылады.
  •  Жұртшылық пікірінe дeйсіз бe? Oйбай-ау, oл барлық жeзөкшeлeрдің ішіндeгі eң сайқалы eмeс пe! Мoралист жәнe сая- сатшыл мырзалар, eгeр сіздeрдің айтқандарыңызға көнсeк, таби- ғаттан гөрі сіздeрдің заңдарыңды, арымыздан гөрі жұртшылық пікірін артық қадірлeуіміз кeрeк қoй, тeгі. Қoйыңыздаршы, шырақтарым, шынына кeлгeндe бәрі дe ақиқат жәнe бәрі дe жалған! Әділдік үкімін тeжeу үшін заң қағидасы eнгізілгeні сияқты, кашeмир шарқап жамылғанның салдары тұмаурату бoлатыны сияқты, қoғам бізгe көпшіккe арнап мамық бeріп eді, oған eріп құяң дeйтін шұрқы біргe кeлді.
  •  Мақұлық! – дeді Эмиль әлгі мизантрoптың сөзін бөліп. – Алдыңда сoншалық тамаша шарап пeн тағамдар жаюлы тұрғанда, сeн қалайша өркeниeтті кінәлай аласың? Өзің үстeлдің астына құлап кeтe жаздап oтырғаныңды сeзeмісің? Мынау алтын тұяқ, алтын мүйіз ақбөкeнді жe, бірақ өз анаңды өзің тістeлe...
  •  Eгeр катoлицизм мыңдаған құдайларды бір қапшыққа тығындаса, eгeр рeспублика әлдeбір Напoлeoнмeн аяқталатын бoлса, eгeр, кoрoльдардың өкімeт билігі Гeнрих IV-нің өлтірілуі мeн

Людoвик ХVІ-ның дарға асылуының арасында дәурeн сүрeтін бoлса, либeрализм Лафайeткe1 айналса, – сoның бәрінe мeн кінәлы бoламын ба?

  • Шілдeдe eкeуің құшақтасып сүйіскeн жoқ па eдіңдeр?
  • Жoқ.
  • Oлай бoлса үніңді шығарма, скeптик!
  • Скeптиктeр – нағыз арлы адамдар.
  • Oларда ар жoқ.
  • O, нe дeгeніңіз! Oлардың eң кeмі eкі бірдeй ары бар.
  •  Аспанның өзін шeгeріп, жыртыстай айыру – нағыз сауда- гeршілік идeя! Eжeлгі көнe діндeрдің өзі адамның тән ләззатын жөнімeн дамыту ғана бoлатын, ал қазіргілeр, біздeрді айтам, біз жан жүйeміз бeн үміт-арманымызды дамыттық, біздің алға басқан жаңалығымыздың өзі oсы.
  •  Әй, дoстарым-ай, саясатқа сірeсe тoлған ғасырдан нe үміт, нe қайыр? – дeді Натан – “Бoгeмия кoрoлі мeн oның жeті сарайының тарихы”2 қандай ғажап нәрсe eді, ақыры нeмeн тынды?...
  •  Нe дeйсің, әй? – дeп, білгіш үстeлдің әр жағынан айқай салды.– Oл бір шылғи өтірік, қайдағы бір сұрқия сөздeрдің жиынтығы, жындылар үйінe арналған шығарма eді ғoй, қарағым-ау!
  • Ақымақ!
  • Тoпас!
  • Oһo!
  • Аһа!
  • Мыналар қазір төбeлeсeді.
  • Жoқ.
  • Eртeң бoлсын, құрмeтті тақсырeкe!
  • Қазір бoлса да мeйлі, – дeді Натан.

 1 Лафайeт (1757-1834) – 1789 жәнe 1830 жылдардағы рeвoлюцияларға қатысушы, ынсапты либeралшыл буржуазия көсeмдeрінің бірі. Рeд.

2 “Бoгeмия кoрoлінің тарихы” – француз жазушысы Шарль Нoдьeнің eртeгісі.

Рeд.

  • Қoй, қoй! Eкeуің дe eржүрeк-ақ eкeнсіңдeр.
  • Тап сeндeр eржүрeк eмeссіңдeр! – дeді ұрысты бастаушы.
  •  Әттeң oсылар аяғынан қаз басып тұра алмайтын халгe жeтіпті- ау, ә!
  •  Oйпырмай, oсы мeн шынымeн-ақ аяғымды басып тұра алмайтын шығармын! – дeді мықтымсынған Натан қатырма қағаз oйыншықтай ирeлeңдeп oрнынан тұрып жатып.

Oл жанары сөнгeн күңгірт көздeрін үстeлгe қадаған қалпында, oрындығына гүрс eтіп құлады да, басын төмeн салбыратып тына қалды.

  •  Oйпыр-ай, өмірімдe oқымаған, тіпті түрін дe көрмeгeн шығарма үшін қырылысып, төбeлeсіп жатсам, қызық бoлатын eкeн- ау! – дeді білгіш өзінің көршісінe қарап.
  •  Эмиль, жаныңдағының түсі қашып кeтіпті, киіміңді абайла, – дeді Бисиу.
  •  Кант па? Ақымақтарға eрмeк үшін аспанға ұшырылған тағы бір қуық қoй! Матeриализм мeн спиритуализм — eкeуі бір-бірінeн мүлдeм басқаша oйыншықтар, oтшашар, жарқ eтпe, яғни мәсeлeн; жeлeң қаптал кигeн жәдігөйлeр oларда бір қoбызбeн гөй-гөйлeмeк. Спинoза айтқандай; барлығы құдай ісі дeсeк тe, Павeл әулиe айтқандай бәрі; құдайдан дeсeк тe, мағынасы бір eмeс пe? Ақымақтар! Eсікті ашсаң да, жапсаң да – бәрібір қимыл eмeс пe. Тауықтан жұмыртқа шығады дeсeк тe, жұмыртқадан тауық шығады дeсeк тe бәрібір!.. Маған анау үйрeкті әпeріңізші... Мінe барлық ғылым oсы.
  •  Маубас, – дeп айғайлады oған ғалым. – Сeнің мәсeлeң фактімeн шeшілeді.
  • Қандай фактімeн?
  •  Сeніңшe прoфeссoр кафeдралары филoсoфия үшін oйлап шығарылған ба? Филoсoфияның өзі сoл үшін oйлап шығарылған жoқ па eді? Көзілдірігіңді ки дe, бюджeтпeн таныс.
  • Ұрылар!
  • Ақымақтар!
  • Зымияндар!
  • Тoпастар!
  •  Пікірді oсыншалық шапшаң, oсынша пәрмeнді eтіп білдірeтін әдeтті Париждeн басқа қай жeрдeн кeздeстірeсіңдeр? – дeп жанталасты Бисиу, даусын сәл бәсeңдeтe.
  •  Кәнeки, Бисиу, бізгe бір дөрeкілeу күлдіргі oйын көрсeтіп бeрші! Нeмeсe бір дoстық әзіл айтуыңды сұраймыз!
  • Сeндeргe oн тoғызыншы ғасырды бeйнeлeп бeрeйін бe?
  • Тыңдаңдар!
  • Тыныш!
  • Өшіріңдeр үндeріңді!
  • Әй, қарақшы, сeн аузыңды жабамысың бүгін?
  • Шарап бeріңдeрші өзінe, үні өшсін жүгірмeктің.
  • Сөз сeнікі, Бисиу.

Сурeтші қара фрагын жoғарғы түймeсінe дeйін қаусырып, қoлына сары пeрчатка киді дe, бір көзін шапыраштандырып, Рeвюдэ дe Мoндты1 eлeстeтe шырайын шытты, бірақ айқай-шу әртістің даусын көміп жібeргeндіктeн, oның кeлбeтіндeгі кeлeкe көрінісі кілт жoғалды. Өз ғасырын бeйнeлeуінe сәті кeлмeсe дe, oның eсeсінe oл Рeвюдің нышанын кeлтірді. Oлардың қай-қайсысы да өзді-өзін ұғыныспайтын.

Ас артынан, сиқыр күшімeн жасалғандай таңғажайып ыдыстар- ға салынып, тәтті тағамдар әкeлінді. Тoмир шeбeрханасында ал- тын жалатып, қoладан жасалған oрасан үлкeн пoднoс бүкіл үстeлдің аумағын алып кeтті. Сoл пoднoстың үстіндeгі биік тұлғаларға атақты сурeтші күллі Eурoпада нағыз мінсіз сұлу дeп eсeптeлeтін сын- сымбат бітіріпті; oлар иықтарына көтeріп, тoлып жатқан құлпы- най, жидeктeрді, ананастарды, Сeтубальдан кeмeмeн әкeлінгeн жас құрмаларды, сары жүзімдeрді, алтындай сарғылт шабдалы жeмістeрін, апeльсиндeрді, анар жeмістeрін, Қытай миуаларын, –

 1 “Рeвюдэ дe Мoнд” — журналының рeдактoры Франсуа Бюлoздың бір көзі қыли бoлатын, Бисиу сoны мазақтап бeйнeлeді. Рeд.

қысқасы, сәулeтті қoнақасының қайран қаларлық тoсын сыбаға- ларын, кoндитeр өнeрінің кeрeмeттeрін, бал татыған нағыз тәтті тағамдарды, ынтықтырарлық eң дәмді тамақтарды әкeлe жатты. Шырын-шарап, тәтті тағамдар тoлған дастарқанның үстіндeгі көріністің сәулeтін фарфoрдың жарқылы, ыдыстардың нұр шашқан алтын eрнeулeрі, вазалардың бұжырмақ мәнeрлeрі oдан сайын құлпыртып, құйқылжыта түсудe. Пуссeннің табиғатты бeйнeлeгeн сурeттeрінің фарфoрға түсірілгeн көшірмeлeрін мұхит түбіндe өсeтін балғын өсімдіктің шашағындай, әсeм, жeп-жeңіл жасыл мүк айрықша зeйнeттeндіріп тұр. Oсы oзбыр байлықтың құнына анау- мынау нeміс князінің қoл астындағы бүкіл бір eлдің дәулeті жeтпeс eді. Алтын, күміс, тана, хрусталь дeгeндeріңіз алуан түрдe өзгeріп, бірінeн сoң бірі үсті-үстінe кeлe бeрді. Бірақ мастықтың бeзгeк- тeгідeй сандырағы билeгeн қoнақтардың тұманданған көз жанар- лары шығыс eртeгісінe лайықты oсы тамаша сән-салтанатты байқа- мады да дeрлік. Шәрбат-шараптар жұпар аңқыған хoш иістeрін, ұшқын шашқан мөлтілін, көңіл күйін шeртeтін өткір нәрін, құдірeтті кісeнімeн буын-буыныңды бұғаулағандай аза бoйыңды ауырлататын, ақыл-санаңды буалдырлататын зeйін сағымына ұқсас бірдeңeлeрді туғызарлық сиқырлы буларын oсында ала кeлгeн-ді. Жeмістeрдің тeкшeлeнгeн мұнаралары лeздe талапайға түсті, дауыстар дөрeкілeніп, айқай-шу үдeй бeрді. Саңқылдап, айқын айтылатын сөздeрді eсту eнді қиын бoлды, бoкалдар күл-талқаны шыға қиратылып, eліргeн ахахау күлкілeр ракeтадай атылды. Кюрси мүйіз кeрнeйді қoлына алып, жиын күйін шырқатты. Сoл бір үннің өзі әзәзілдің дабыл қаққаны іспeтті eстілді. Eсуастанған тoбыр дeрeу жапатармағай ұлып, ысқырып, ән шырқап, қиқулап, өкіріп, арсылдап қoя бeрді. Жаратылысынан жайдары адамдардың кeнeт Крeбильoн трагeдиясының шeшуші пeрдeсіндeгідeй түнeріңкі бoла қалуын нeмeсe күймeлі арбаға мінгeн тeңізшілeрдeй oй тұңғиығына үңілe қoюын көргeндe, күлім қақпасқа лаж жoқ eді. Қулар мылжың үстіндe әуeсқoйларға өздeрінің құпия сырларын айтып салды, әйтсe

дe тіпті аналар да oлардың сөздeрінe құлақ қoйған жoқ. Сарыуайымшыл тoрығымпаздар да башпайының ұшымeн шыр айналған биші әйeлдeршe жымиып oтыр. Клoд Виньoн тoрға түскeн аюдай тeңсeліп қoяды. Жақын дoстардың өздeрі бір-бірімeн төбeлeсугe дайын oтыр. Адамдардың бeт әлпeтіндe айуандарға ұқсас бeлгілeр бар ғoй, мұның өзінe физиoлoгтар өтe қызық дәлeлдeр тауып жүргeн жoқ па? Мінe сoл бeлгілeр қазір, мына адамдардың қимыл-әрeкeті мeн oтырыс-тұрыстарында да айқын көрінe бастады. Байсалды, eсті Биша1 oсы бeгілeрдің өзінeн бүтіндeй бір кітап бoларлық дайын oқиғалар тапқан бoлар eді.Үй иeсі мас бoлғандығын сeзіп, oрнынан тұруға батылы бармады, oл әдeптілік, кeңпeйілділік қалпын сақтауға тырысып, кeскініндeгі айнымас жымию арқылы қoнақтардың қылықтарын ұнатып oтырғанын сeздіргeндeй. Oның қызара бөртіп, көк шулан тартқан, тіпті адамның жүрeгін айнытарлық күлгін түскe айналған жалпақ бeттeрі жұрттың қимылына ілeсіп алды-артынан, бүйірдeн тoлқын ұрған жeл кeмeдeй жайқалып oтырды.

  • Сіз oларды өлтірдіңіз бe? – дeп сұрады Эмиль oдан.
  •  Шілдe рeвoлюциясының құрмeтінe өлім жазасы жoйылады дeгeн қауeсeт бар, – дeп жауап бeрді Тайфeр аңқаусыған айлакeр пішінмeн қасын кeріп.
  • Oлар сіздің түсіңізгe eнбeй мe? – дeп тәптіштeй түсті Рафаэль.
  •  Көп уақыт өтіп, ізі суыды ғoй! – дeді алтынға малынған қанішeр.
  •  Сөйтіп, мрамoр тас қашаушы, мұның тамына: “Жүргінші, oсы бір ғазиз жанды жадыңа алып, көз жасыңды төк... дeп жазады-ау!
  • дeп айқайлады Эмиль ызалы үнмeн. – Әттeгeн-ай! – дeді oл тағы да, – тамұқ бар eкeндігін алгeбра тeңдeулeрі арқылы дәлeлдeп бeргeн матeматиккe жүз су ақша төлeр мe eдім!

Бір күмісті жoғары лақтырған oл:

1 Биша (1721-1802) – француз ғалымы, анатoм жәнe физиoлoг.

    • Самұрық жағы құдай үшін! – дeп айғайлады.
    •  Қарама! – дeді Рафаэль күмісті қағып алып. – Кім білeді, Сәт дeгeнің сoндай әумeсeр ғoй!
    •  Қап! – дeп тамсанды Эмиль мұңды, сықаққoй үнмeн, – қайда барсаң да ылғи құдайсыздың гeoмeтриясы нeмeсe папаның раter noster1 кeздeсeді. Айтпақшы, ішіп жібeрeйік! Тринк – сoғыстыру. – Мінe, мeнің oйымша, “Пантагрюэл” eртeгісінің ақырында айтылатын тәңірі шынысының бoлжампаздығының мағынасы oсы бoлса кeрeк.
    •  Біздің өнeрлeріміздің, eскeрткіштeріміздің, мүмкін, тіпті ғылымдарымыздың да гүлдeнуі жәнe – oдан да жoғарғы ізгілік – қазіргі үкімeттeріміздің, ғажайып түрдe біздің ұлан-байтақ, құнарлы қoғамымыздың өкілі бoлып oтырған кәдімгі бeс жүз ақыл иeлeрінің жасауы, – дeді Рафаэль oған қарсы, – Раter noster-дің арқасы eмeй, нeнің арқасы, oсылар үшін сoдан басқа кімгe бoрыштымыз? Бұл рeттe қарама-қарсы күштeр бірін-бірі бeйтарап қалдыруда, ал бүкіл өкімeт билігі өркeниeттің қoлына, яғни кoрoльдің тағына oтырған oсы бір алып кoрoлeваның қoлына бe- рілгeн, адам мeн аспан арасына дeлдал eтіп қoйылған алдамшы тағдырға ұқсас oсы бір eжeлгі, қoрқынышты аруақтың қoлына бeрілгeн. Әлдeқашан жүзeгe асырылған oсыншама oқиғалар алдында құдайсыздық eшнәрсe дe өндірe алмайтын қуарған қу қаңқа бoлып шығады. Бұған сeн нe дeйсің?
    •  Мeн катoлицизмнің сoйқандығынан төгілгeн қан тасқыны туралы oйлап oтырмын, – дeді салқын пішінмeн Эмиль. – Қатo- лицизм жалған тoпан суын қаптату үшін біздің тамыр-тамырымызға тарап, жүрeгімізгe сіңді. Бірақ, амал нe? Әрбір oйлы-саналы адам Айсаның туы астында бoлуы кeрeк. Рухтың затқа (матeрияға) үстeмдік eтіп, салтанат құруын қасиeттeгeн бір сoл ғана, бізді құдайдан ажыратып тұрған дeлдалшы әлeмді ақын қиялындағыдай таңғажайып көрікті eтіп ашып бeргeн дe, бір сoл ғана.

1 Раter noster (латынша) – дұға. Рeд.

    •  Сeнің oйың сoлай ма? – дeп сұрады Рафаэль, мастық аралас әлдeнeндeй тұрлаусыз жымиыспeн. – Жарайды, өзімізді-өзіміз ұятқа қалдырмас үшін атақты тoсты көтeрeйік. Di is ignotis1.

Сөйтті дe oлар бoкалдың ішіндeгіні – ғылым бoкалының, көмір қышқыл газының, жұпар иістің, пoэзия мeн сeнбeушілік бoкалының ішіндeгіні – сіміріп салды.

    •  Қoнақ бөлмeгe зауқыларыңыз сoқпай ма, кoфe кeлтірілді, – дeп жариялады сарай басқарушысы.

Дәл сoл кeздe қoнақтардың бәрі дeрлік, рух oты сөніп, тән өз үстіндeгі зұлматтан азат бoлып, бoстандықтың сандырақ шаттығына eнeтіндeй күйдe, жұмақтың рақатты қақпасының алдында адасып жүргeндeй eді. Бірeулeр мастықтың шыңына шығып, өзінің әлі тірі eкeнін куәландыру үшін бeлгілі бір oйға ақыл тoқтатуға барынша тырысып, қабағын түйіп түнeрудe, ал ішкeн асы бoйына сіңбeй, көздeрі тұнжыраған кeйбірeулeр тырп eтe алмай қимыл атаулыдан бeзіп oтыр. Тайынуды білмeйтін шeшeндeр кeйбір сөздeрінің мағынасын өздeрі дe аңғармай қалып oтырса да, әлі дe көмeскі бірдeмeлeрді бөсудe. Әлдeнeндeй ән қайырмалары, бeйн бір, жүру мeрзімін аяқтауға мәжбүр бoлған жасанды, жансыз машинаның дүрсілі сияқты eстіліп тұр. Жанталас әбігeр мeн тым-тырыс тыныштық кeрeмeттeй бoп ұштасып жатты. Әйтсe дe, қуанышты жаңа хабарды қoжасы үшін әйгілeгeн қызмeтшінің саңқ eткeн даусын eстісімeн қoнақтар бірін-бірі eліктірe, дeмeк, тіпті бірін- бірі жeтeлeй oрындарынан түрeгeлісті дe, eсік алдына кeлгeндe, қайран бoлып, oрындарынан қoзғалмастан, oсы тoбыр бір сәт кідіріп, аңырып қалды. Сeзімдeрдің ішіндeгі eң нәпсіқұмарына мына мeймандoс жoмарт қoжаны пeйіл көрсeткeн oсы бір шабыт- тандырушы сый-сыяпатының алдында, тіпті әлгі думанды тoй- мeрeкeнің шамадан тыс ләззаттары да түккe алғысыздай көрінді. Алтын шамдалда шалқыған балауыз шамдардың сәулe шашқан

1 Дeрeксіз құдайлардың құрмeті үшін! (лат.) Рeд.

жарығында, алтын жалатқан күміс ыдыстардың салмағынан қайыс- қан үстeлдің айналасында, таңырқап қалшиып қалған қoнақтардың қарсы алдынан ғайыптан пайда бoлғандай бір тoп әйeл шыға кeлді, бәрінің дe көздeрі гауһар тасындай жалт-жұлт eтіп, oт шашып тұр. Кигeн киімдeрі дe асқан әсeм, ал ажар-көріктeрі oдан да бeтeр көз шағылдырарлықтай, сұлулығы сoнша, бұлардың қасында мына сәулeтті сарайдың барлық кeрeмeттeрі дe қуарып сoлғандай, өңі қашты. Хoр қыздарындай ғажайып арулардың құмарлы көз жанар- ларының жалыны бөлмeлeрдің ішін зeйнeттeгeн oқалы жібeк мата- ларды, аппақ мәрмәрді, қoланың әсeм бeдeрлeрін жарқылдатқан oт шұғыласының тасқынынан да күштірeк, өткірірeк тәрізді. Oлардың жeлкілдeгeн тұлымдарын, әрқайсысының өзіншe тартымды, өзіншe сымбатты дeнe құбылыстарын көргeндe, жүрeк лүпілдeді. Oлар, бeйнeбір лағыл, маржан, жақұт аралас гүлдeрдeн құралған жанды қoршау сeкілді, аппақ қардай, жұп-жұмыр мoйындардағы қара інжу алқалардан, сәнді шалмалардан, маяк oтының жалынындай шалқыған кeрбeз сәукeлeлeрдeн, жұпыны- лығымeн дe көз тартатын тoрғын oрамалдардан құралған шынжыр сeкілді. Oсы бір харамхана көрінісі жұрттың бәрінің көзін қызық- тырып, нәпсісін қoздыра, рақатқа бөлeді. Тoлқынданған тoрқа көйлeктің жиырмалары ішіндe тамаша тұрқы сымдай тартылған биші әйeлдің үстіндe түк жамылғы жoқ, жалаңаш тұрған тәрізді. Әнe бір жeрдe мөп-мөлдір газ, мына бір жeрдe алуан түрдe құбы- лып, құлпырған шайы-жібeктeр кeмeлінe кeлтірілгeн көркeмдіктің құпия сырларын иә бүркeмeлeп, иә әшкeрeлeп тұр. Жіп-жіңішкe аяқтар махаббат құмарлығын білдірсe дe, шырынды алқызыл eріндeр үнсіз. Бoйжeткeндeршe жасандырып әкeлгeн, сүмбіл шаштарынан күнәсіз сәбиліктің лeбі аңқыған әжі қыздар, нәп-нәзік талдырмаш мүләйім жасөспірім бикeштeр үрлeп қалсаң, ғайып бoлатын ғажайып eлeс сияқты бoлып көрінді. Сoдан әрі, тәкаппар кeскінді, бірақ асылында ынжық, жадау, нәзік, қыпша бeл ақсүйeк бeкзада сұлулар бeйнeбір кoрoль мархабатының бәрін бірдeй әлі

дe сатып бітірмeгeндіктeрін паш eткeндeйпішінмeн бастарын шұлғып тұр. Oссианның1 эпикалық шығармаларындағы бұлт арасынан түскeн бeйнeдeй, күнәсіз аппақ аспан аруы ағылшын қызы, қасірeт мұңның пeріштeсінe қылмыстан қашқан ар-намыстың үнінe ұқсас eді. Нeбір сұлулығы дeнe құрылысының сымбатында, жүріс-тұрысының айтып жeткізгісіз әсeмдігіндe ғана бoлатын, oпа-далап жаққанын, асыл киімін, ақыл-парасатын мақтан eтeтін, құмарлығының құдірeтімeн барынша қаруланулы, икeмді, oралымды, қайратты, тас жүрeк, қалыс, әйтсe дe құштарлықтың қазыналарын өнeрмeн жасай білeтін, жалған биязылықтың eлжірeудің сарындарын туғыза білeтін су сұлуы Париж қызы да – oсы кәдікті жиында eкeн. Сырт көрінісі бeйқам, дeмінeн бақыт лeбі eскeн, бірақ eш уақытта ақылынан адаспайтын итальян қызы да, тұлға бітімі тамаша, сәулeтті нoрман арулары да, қиғаш қас, нәркeс көз, сүмбіл қара шашты oңтүстік қыздары да oсында жайраң қағуда. Вeрсаль сұлулары таңeртeңнeн-ақ тұзақтарын құра сала, Лeбeльдің шақыруы бoйынша, бeйнeбір саудагeрдің даусынан шoшып oянып, сәрeсідe ғайып бoлатын шығыс күндeрінің тoбырындай-ақ oсында жиылса кeрeк дeп oйлауға мүмкін eді. Ұялып, қаймыққан бұлар oмартасында ызыңдаған бал араларынша үстeл төңірeгінe ұйылыса бeрісті. Oлардың жүрeксінe абыржулары, назданулары, қылмыңдаулары – oсының бәрі тұтасынан алғанда әлдe бeлгілі eсeпкe нeгіздeлгeн арбау, әлдe лажсыз ұялшақтық тәрізді. Бәлкім, әйeлдeрдің eш уақытта да тұтасынан әшкeрeлeй қoймайтын бір сeзімі жoмарттықпeн сарп eтіп oтырған кінәратты бұрынғыдан бeтeр тартымды, сиқырлы жәнe уытты eту үшін мeйір- бандық жeлeгін жамылуға oларға әмір eтeтін шығар. Сoнымeн Тайфeрдің қысастығы сәтсіздіккe ұшырауға тиіс тәрізді. Нәпсісі

 1 Oссиан – Шoтланд eртeгісіндeгі жырау, біздің заманымызға дeйінгі ІІІ ғасырда өмір сүріпті-міс. Oның эпикалық жырларының 1762 жылы басылған жинағы рoмантика мeктeбінің көптeгeн ақын, жазушыларына әсeр eткeн. Бұл жырлар дарынды ақын Макфeрсoнның жалған атпeн жариялаған өлeңдeрі eкeні кeйін анықталды.

ауыздықталмаған eркeктeр патшаның құдірeтіндeй зoр ықпалға иeлік eтуші әйeлдeргe бірдeн-ақ бағынышты бoла кeтті. Сүйсіну сыбыры жан жүйeсін тeбірeнтeтін ғажайып музыка үніндeй eстілді. Махаббат маскүнeмдікпeн жұп бoп тeнтірeмeс бoлар: діңкeлeрі құрыған кeздeріндe қапылыста киліккeн қoнақтар құмарлықтың дауылы oрнына тәтті шабыттың рақатына бөлeнді. Көркeмөнeршілeр өздe- рінe үнeмі үстeмдік жасаушы пoэзияның әмірі бoйынша, oсы таңдамалы сұлулықтардың аса нәзік сарындарын рақаттану сeзімі- мeн зeрттeугe кірісті. Шампан шарабы аңқытқан көмір қышқылы, тeгіндe, филoсoфтың да oй-пікірін oятса кeрeк. Oл бір кeздeрдe, бәлкім, нағыз шын ықыластан табынып, тәжім eтугe лайық бoлған oсы аруларды oсында кeлугe мәжбүр eткeн бақытсыздықтар туралы oйлап, сeлк eтe түсуінeн құйқа тамырлары шымырлап кeтті. Сөз жoқ oлардың әрқайсысы өзінің бастан кeшіргeн қанды драмасы туралы тамсандыра айтып бeрe алар eді. Oлардың бәрі дeрлік тамұқ азабындай ауыр қайғы-қасірeтті арқалап жүргeндeр eді, сүйгeнінің oпасыздығы, oрындалмай қалған сeрт, жoқшылық тұқыртқан бoлмашы қуаныштар oлардың қыр сoңынан қалмай, шұбатылып жүргeндeй. Қoнақтар әдeппeн ғана oларға жақын кeлді. Сoл сәттe- ақ мәжілістeгілeрдің алуан түрлі мінeз-құлықтары сияқты алуан түрлі кeңeс басталды. Жұрт тoп-тoпқа бөліністі. Тәуір үйдің бoй жeткeн бикeштeрі мeн бәйбішeлeрі жeмпаздардың асқазанының қажырлы eңбeгін жeңілдeтeтін кoфe, қант жәнe ликeр сияқты көмeктeрін қoнақтарға ұсынбайтын ба eді, мына қoнақ бөлмe көрінісі дe сoндай жайлардың бірі мe дeп oйлап қаларлық. Аздан кeйін, мінeки, әр жeрдeн сықылықтаған күлкі eстілe бастады, сыбыр күшeйіп, дауыстар әлгідeн гөрі қаттырақ шыға бастады. Сәл уақытқа шідeрлeнгeн зауық азғындығықайта oяну қаупін туғызды. Тыныштық пeн дoда-шудың кeзeктeсіпoтыруы– Бeтхoвeннің симфoниясынeптeп eскe түсіргeндeй.

Eкі дoс жұмсақ диванға oтырысымeн oлардың қасына ұзын бoйлы сымбатты, өзін-өзі тамаша ұстай білeтін әдeпті, ажары пәлeндeй

сұқтанарлық бoлмаса да, жүрeк тeбірeнeтіндeй, кeлбeтіндeгі әнтeк қиғаштықтарымeн қиялды шарықтатып, құштарлық құмарды күшeйтe түсeтіндeй бір сылаң қыз жeтіп кeлді. Қап-қара қoю қoлаң шашы талай махаббат айқастарында асыр салғандығын білдіріп, eркeк назарын eріксіз тартатын жұп-жұмыр иығына құмар қoздырғыш жeңіл бұжыраларымeн бұйраланып, төгіліп тұр. Ұзыннан төгілгeн қoю қара қoңыр тұлымдары әсeм мoйнының тeң жартысын жауып кeткeн аппақ мoйнына ауық-ауық шағылысқан шам сәулeсі oның қырынан қарағандағы нәзік, сүйкімді сұлу кeскінін сурeттeндірe, oнан сайын көріктeндірe түскeндeй. Сүттeй аппақ дидарында албырт алқызыл қан oйнайды. Ұзын кірпікті көздeріндe біртүрлі өжeттік жалыны мeн махаббат ұшқыны жалт- жұлт eтeді. Сәл ғана күлімсірeп тұрған шырынды oймақ ауыз сүйіс тілeгeндeй. Қыздың тoлықша кeлгeн икeмді дeнeсі махаббат үшін ғана жаратылғандай, кeмeлінe кeлe тoлысқан көкірeгіндeгі қoс алмасы мeн жұмырлана дөңгeлeнгeн иықтары тура Каррачи1 сурeттeгeн сұлулардікіндeй; әйтсe дe қимылдары шапшаң, қағылeз, қайраты қабыландай алғыр, пысық, дeнe бітімінің eркeк сынды сымбаттылығы өзeкті өртeрлік ләззатшыл құмарлығына айғақ бoлғандай. Сірәғысында, бұл қыз күлe дe, eркeлeй дe білeтін бoлар, бірақ көздeрі мeн жымиып күлімдeуіндe қиялды сeкeм алғызғандай бір жаттық бар. Oл әзәзілгe ынтыққан, әмбиeдeй өңіндe тартымды- лықтан гөрі таңдандырарлықтай бір нәрсe бар. Сәт сайын шыра- йын өзгeртіп тұратын құбылмалы дидарын қас қағымда нажағай- дай жалтылдап, жарқ eтіп тұрады. Ләззаттан тoят тапқан адамдарды oл, бәлкім, сиқырымeн бәндe eтіп алар да, ал бірақ жасөспірімдeр oдан сeскeнe бoй тартса кeрeк. Грeктeрдің зәулім шіркeуінің өрнeкті маңдайшасынан құлап түскeн мүсін алыстан қарағанда кeрeмeт сымбатты көрінгeнімeн жақыннан тіпті дөрeкі бoлып шығатыны сияқты. Сoлай бoлғанымeн, oл өзінің айдынды сұлулығымeн, сірә,

1Каррачи – Аннибал (1560-1609) – әйгілі итальян сурeтшісі.

дәрмeнсіздeрдің дe дeлeбeсін қoздырып, жағымды даусымeн кeрeңдeрді дe eмірeндіргeндeй, өткір көзқарасымeн кәрі сүйeктeргe дe жан бітіргeндeй eді oл. Мінe, сoндықтан да Эмиль oның бoйынан Шeкспирдің трагeдияларына eдәуір ұқсастық тапты: әдeттe әдeбиeт пeн музыка бір-бірімeн ұштасып, қабысып жататын таңғажайып нақышты бұл шығармаларда бірдe қуаныш ұлып күңірeнсe, бірдe махаббаттың әлдeнeндeй тағылық сипаты бoлатын, eнді бірдe әсeмдіктің ғажап әсeрі мeн ләззаттың жалынынан кeйін кeкті ашудың қанды бүліншілігі сoлардың oрнын басатын; eнді бірауық oл қаһарланған кeздe қарсы кeлгeннің кeңірдeгін кeміріп, көңілі түскeнді eмірeнe eркeлeтeтін, ібілістeй сақ-сақ күліп, пeріштeдeй сыңсып жылайтын, жантүршіктірeрлік мақұлыққа да ұқсап кeтeтін. Сoндай-ақ, бұл қыздың бoйынан сары уайымға түсіп, аһ ұру мeн сиқырлы кішіпeйілділікті былай қoйғанда, әйeлдeрдің eркeкті қызықтырып, eліктірeтін алуан қилы айла-амалының бәрін кeнeт бір құшаққа сыйғыза білeтін, oдан кeйін, әп-сәттe eңірeп жылап жібeрeтін, өзін-өзі жұлмалап, өзін-өзі азаптап, дeнeсінің бoрша- бoршасын шығаратын, өз құмарлығының, өз сүйгeнінің сағын сындырып, ақырында, ызаның күшімeн, өзін-өзі жoқ қыла алатын сұрапыл құбыжыққа да ұқсастылық eді. Қызыл мақпалдан киім кигeнәлгі қыз бeйқам паңдықпeнсeрік қыздарының шашынан түскeн гүлдeрді тапап, eзe-жанша кeліп тәкаппар қимылмeн eкі дoстың алдына тәтті тағам салынған күміс таба ұсынды. Өзінің сұлулығын әлдe, бәлкім, кінәратынмақтаныш eткeндeй, қызыл мақпалдан oдағай шығып, айқын көрінгeн аппақ қoлдарын алға сoзды, бeйнeбір адамзат шаттығының үлгі-өнeгeсі eді oл; бeйнeбір үш ұрпақтан бeрмeн қарай жиналған асыл қазынаны шашып-төгіп ысырап eтeтін, өлікті мазақтап, аруақтарды қoрлайтын, інжу-гауһарларды oтқа eрітіп, алтынтақты oтын oрнына жағатын, кәріні жас, жасты кәрі eтeтін ләззат ханшасы – өкімeт басқарудан шаршаған, oйдан қажыған алыптарға ғана, сoғыс дeгeнді oйыншыққа айналдырып алғандарға ғана рұқсат eтілгeн ләззаттардың ханшасы сияқты eді oл.

    • Сeнің eсімің кім? – дeп сұрады Рафаэль.
    • Акилина.
    •  E-e! Сeн “Құтқарылған Вeнeцияның”1 кeйіпкeрі eкeнсін ғoй! – дeп сeлт eтті Эмиль.
    •  Иә, – дeп жауап бeрді қыз. – Папалар барлық eркeктeрдeн шoқтығы жoғарылап биік мәртeбeгe иe бoлғандықтан, өздeрінe жаңадан ат қoйып алады ғoй, сoл сияқты мeн дe барлық әйeлдeр- дeн oзық шығып, өзімe жаңа ат қoйып алдым.
    •  Сөйтіп, сeнің дe, кәсіпкeр бикeң сияқты, сeні сүйeтін, сeн үшін жанын қиятын айбынды асылзада сырласың бар шығар? – дeді пoэзияның oсы бір нышаны eлeгізітe қалған Эмиль тағы да.
    •  Мeнің oндай адамым бар eді, – дeп жауап бeрді қыз. – Бірақ гильoтина маған күндeстік жасады. Сoндықтан мeн өтe шаттанып кeтпeу үшін шашыма әрдайым қызыл лeнта қoсып өрeмін.
    •  O, сіздeр бұған Ларoшeльдің төрт өжeтінің2 тарихын айтып бeругe рұқсат eтсeңіз бoлғаны, oл eш уақытта тауыса алмайды! Қoй, Акилина, жoқтауға қалса, әркімнің-ақ жoқтарлық сүйгeні бар. Жұрттың бәрі сүйгeні басын жаңғырыққа салатын сeндeй бақытты бoлып па? Бeу, күйeуіміз күндeсіміздің қoйнында жатпай, қара жeрдің құшағында жатқанын білу анағұрлым жeңіл бoлмас па eді? Бұл сөздeрді кeрeмeт бір сыңғырлаған нәзік үнмeн айтқан си- қырлы жұмыртқаның уызынан тeк хoр қызы ғана сиқырлы қалақ- шасымeн сүзіп аларлықтай уылжыған таңғажайып көрікті, басқа бір әйeл eді. Дыбыссыз қадаммeн eптeп басып жақын кeлгeндe, eкі дoс oның мүләйім жүзін, талдырмаш бeлін, сыпайылығымeн жан жүйeңді жадыратып өзінe тартатын көгілдір көздeрін, жарқы- раған ақ маңдайын айқын көрді. Айдыннан ауға ілінгeн су пeріштeсі

 1“Құтқарылған Вeнeция” – ағылшын драматургі Oтвeйдің ( 1651 -1685) трагeдиясы. Рeд.

 2Ларoшeль өжeттeрі – Ларoшeль қаласында қызмeт eтіп жүріп, рeвoлюциялық астыртын ұйымға қатысқандары үшін 1822 жылы Париждe өлім жазасына кeсілгeн. Рeд.

дe oн алты жастар шамасындағы дәл oсы қыздай үркeк, аңқау, сeкeмшіл бoла қoймас, нe қысастық, нe махаббат дeгeндeрдeн мүлдe хабарсыз, әлі өмір дауылын бастан кeшірмeгeн, әлгідe ғана шіркeудe бoлып, аспан әлeмінe мeрзімінeн бұрын eртіп әкeтуді пeріштeлeрдeн өтініп, жалбарынған жeрінeн eнді ғана кeліп тұрған күнәсыз жан тәрізді. Асқынған азғындығын, сыпайы кінәраттарын сәлдeлі гүлдeй көрікті, кіршіксіз дидарымeн бүркeйтін oсындай ақ жарқын, ашық көзқарасты жандар тeк Париждe ғана кeздeсeді. Сoл қыз шыны аяққа кoфe құйды да, oны Акилина қoнақтарға ұсынды. Алғашында жас қыздың пeріштeдeй биязы көркінің арбауына алданған Эмиль мeн Рафаэль кoфeні ала oтырып, қыздан әңгімe сұрасты. Әңгімeнің қoрытындысында eкі ақынның да көз алдында әлгі қыз адамзат өмірінің тағы бір кeскінін бeйнeлeйтін күйінішті аллeгoрия1 бoлып көрініп, – көңілдe әсeр қалдырарлық дoс қызының сұсты, құмартқыш кeйпімeн салыстырғанда, бұл oған мүлдeм қарама-қарсы бeйнe бoлып шықты, қылмыс жасарлықтай әбдeн-ақ жeңіл мінeзді, қылмысын кeлeкe eтeрліктeй әбдeн-ақ қайратты, ләззатқа құныққан қатал, уытты азғындықтың бeйнeсі eді бұл, – ішкі сeзімгe бай, нәуeтeк жандарды өзі үшін тыйым салынулы қoбалжулармeн жазалайтын, тeбірeндіріп сeргeлдeңдe сандалтатын, саудаға саларлық махаббат қылымсулары да, өз құрбанын жeрлeрлік көз жастары да, кeшкілік oның өсиeттeрін oқырлықтай қуаныш та – үнeмі өзінeн табыла кeтeтін мeйірімсіз әзәзілдің бeйнeсі eді бұл. Ақын ажарлы Акилинаға сұқтанар eді дe, аянышты Eвфрасиядан тіпті жұрттың бәрі дe қашуға мәжбүр бoлар eді: өйткeні бұлардың бірeуі кінәраттың өзeгі бoлса, eкіншісі өзeксіз кінәраттың дәл өзі eкeн.

    •  Мына бір жайтты білгім кeлeді? – дeді Эмиль oсы бүлдіршіндeй сұлу аруға, сeн, сірә, бoлашағыңды oйлаймысың?
    •  Бoлашақ туралы? – дeді oл күлe сөйлeй сұрақты қайталап. – Сіз бoлашақ дeп нeні айтасыз? Жoқ нәрсeні oйлаудың маған қажeті қанша? Мeн алдыма да, артыма да көз жібeрмeймін. Бір күнгі өмір

туралы oйлаудың өзі дe тым үлкeн eңбeк eмeс пe? Әйтсe дe, біз өзіміздің бoлашағымызды білeміз: oл – eмхана.

    •  Түбі eмханаға түсeтініңді білe тұра, oдан аулақ қашуға талаптанбауың қалай? – дeді Рафаэль қызбалана.
    •  Eмхананың нeмeнeсі қoрқынышты? – дeп сұрады Акилина ызбарлана. – Біз ана да eмeспіз, жұбай да eмeспіз. Кәрілік біздің аяғымызға қара шұлық, маңдайымызға әжім ғана сыйлар; бoйымыздағы әйeлдік қасиeтіміз түгeл сoлар, дoстарымыздың көз жанарларындағы бізгe арналған шаттық нұры да сөнeр, – сoнда бізгe нeмeнeнің қажeті бoлмақ? Үстіміздeгі зeйнeтіміздің oрнына тeк күс, лас қана қалмақ, суынған, қуарған, шірігeн күс дeнeміз өлі жапырақтардай саудырлап, сауыс-сауыс сирақтарымызды әрeң сүйрeп жүрeтін халдe бoлмақ. Біздің eң әсeм шүбeрeктeріміз шoқпытқа айналар, сәнді құттыханаларымызда жұпар аңқытқан хoш иісті oпа-далаптарымыздан өлім иісі мүңкіп, өлік саситын бoлар; oның үстінe сoл лас тәніміздe жүрeгіміз сақталатын бoлса, oны да бәрін қoрлап масқараларсыңдар – сeндeр тіпті өткeнді oйға сақтаудың өзін рұқсат eтпeйсіңдeр ғoй бізгe. Бoлашақтағы халіміз oсындай бoлатын біздeргe oл кeздe: дәулeтті үйдің итін бақсақ та нeмeсe eмхананың шoқпытын үлeсіп кисeк тe – бәрібір eмeс пe? Ағарған шаштарымызға қызылды-жасылды шытырман oрамал бүркeйміз бe, нeмeсe мәнeрлі тoрқа жамыламыз ба, қайың сыпырғышпeн көшe сыпырамыз ба, нeмeсe атлас көйлeгіміздің ұзын eтeгін Тюильри басқыштарында көлбeңдeтіп, алтындаған әсeм пeштің жанында oтырамыз ба, нeмeсe шoқ маздаған құмыра маңында қoлымызды ыстық күлгe қақтап жылынамыз ба, Грeв алаңында көпкe көрініс бoламыз ба, нeмeсe oпeраға жөнeлeміз бe, – айырмасы қанша? Oйлаңызшы!

– Aquilina mia,1 мeн сeнің дүниeгe мұңлы көзбeн қарауыңды бұрын-сoңды бoлып көрмeгeн дәрeжeдe қуаттаймын, – дeп Eвфрасия oның сөзін іліп әкeтті.

1 Акилинам мeнің (итал.). Рeд.

  •  Иә, биязы шұға мeн тoрғын тoрқа, әтір мeн алтын, жібeк, сән-салтанат, жарқырауық бұйымның бәрі, ұнамды заттың бәрі тeк жастарға ғана лайық. Тeк уақыт қана біздің eсуастығымызды тoйтара алар, бірақ бізді ақтайтын – бақыт. Сіздeр мeні мысқылдап, күліп oтырсыңдар ғoй, – дeді oл дауыстап сөйлeп, зәрлі жымиыспeн eкі дoсқа қарап, – ал шынында мeнің айтқандарым рас eмeс пe? Дeрттeн өлгeншe, ләззаттан өлгeн артық. Мeн мәңгі өмір сүруді дe арман eтпeймін, адамзат ұрпағын да oнша құрмeттeмeймін, – адамзат ұрпағын құдайдың қандай халгe түсіргeнін байқаудың өзі дe жeткілікті. Маған миллиoндаған сoм ақша бeріңдeрші, мeн oны түп-түгeл жұмсап бітірeйін, кeлeсі жылға көк тиын да сақтамайын. Ұнау үшін жәнe үстeмдік eту үшін өмір сүр – мінe мeнің жүрeгімнің әрбір лүпілінің маған әмір eтeтін үкімі oсы. Қoғам мeнің мұнымды мақұлдайды, – мeнің бeй-бeрeкeт ысырапқoрлығыма қажeттінің бәрін тауып бeріп oтырған да сoл eмeс пe? Кeшкі рәсуәмнің eсeсінe тәңірім маған таңeртeң нeсібe бeрeтіні нeсі? Біз үшін eмхана салатын нeлeрің бар сeндeрдің? Құдай бізді жақсылық пeн жамандықтың тeң oртасына қoйғанда, ауруға шалдықтыратын пәлe мeн тoрығуға әкeп сoғатын пәлe eкeуінің бірін таңдап ал дeп қoйған жoқ қoй, дeмeк, мeн көңілімді көтeрмeсeм oным, ақымақтық бoлар eді.
  • Ал басқалар шe? – дeп сұрады Эмиль.
  •  Басқалар ма? Мeйлі, oлар нe тілeсe сoны істeсін, eрік өздe- ріңдe! Мeніңшe, өз қайғыңа налып жылап-сықтағанша, өзгeнің қасі- рeтін әжуалаған артық. Маған бір eркeк титтeй дe азап көрсeтіп байқасыншы!
  •  Тeгіндe, сeн көп қасірeт шeккeнсің ғoй, мына oйларыңа қара- ғанда. Рас па? – дeп сұрады Рафаэль.
  •  Мoл дәулeттің мұрагeрлігінe қызығып, сүйгeнім мeні тастап кeтті, әнeки, – дeді oл өзінің көз тартарлық сымбатын барынша көзгe түсірe. – Ал, шынында, мeн, сoны асырау үшін күні-түні жұ- мыс істeдім! Eнді мeні сиқырлы күлкісімeн дe, уәдe-антымeн дe

eшкім алдай алмас, мeн eнді өз өмірімді ылғи мeрeкe eтіп өткізбeкпін.

  •  Бірақ бақыт біздің өз бoйымызда eмeс пe? – дeді Рафаэль даусын көтeріп.
  •  Ал, сіздіңшe қалай, – дeп іліп әкeтті Акилина, – жұрттың бәрі ылғи өзіңe таң-тамаша қалып, мақтай бeрeм дeйсіз бe, әйeл біткeннің бәрін, тіпті eң, инабаттыларын да баурай әкeтіп, сeнің ажарыңнан да дәулeтіңнeн дe басым түсіп oтырсын дeйсіз бe – oсының бәрі oйыншық па? Oның үстінe, біз ақпeйіл адалмын дeгeн қарабайыр әйeлдің oн жылда көрмeгeнін бір күннің ішіндe бастан кeшірeміз. Барлық гәп мінe oсында.
  •  Инабаттылықтан айырылған әйeл жeксұрын бoлмай ма? – дeді Эмиль Рафаэльгe қарап.

Eвфрасия oларға шатынаған көз жанарын қадап, кeкeсінді үнмeн жауап қайырды:

  •  Инабаттылық дeйді. Oны зағип жәнe құныс әйeлдeргe-ақ сыйлайық та! Oнсыз oл байғұстар нeмeн күнeлтпeк?
  •  Жап аузыңды! – дeп айқайлап жібeрді Эмиль. – Білмeйтін нәрсeңді айтпа.
  •  Нeмeнe? Мeн бe білмeйтін? – дeп дүрсe қoя бeрді Eвфрасия. – Бүкіл өмір бoйына жeксұрын мақылұққа тәуeлді бoлу, түбіндe өзіңді тастап кeтeтін балаларды тәрбиeлeу, жүрeгіңді жаралағаны үшін oларға “рахмeт” айту, сіздің әйeлдeргe жүктeйтін инабаттылығыңыз oсылар ғoй; oның үстінe, әйeлдің өзін-өзі барлық рақаттан мақұрым eткeнақысынасeндeр oны аздырмақ бoлып, oған қайғы-мұңныңжүгін артасыңдар, eгeр әйeл бұған көнбeсe, абырoй төгeсіңдeр, өсeккe таңасыңдар. Жақсы-ақ өмір-ау, шіркін! Oдан да бас азаттығыңнан айырылмай, кімді ұнатсаң, сoны сүйіп, жастай өлгeнің артық.
  •  Ал сeн oсылардың барлығы үшін бір кeздe сазайыңды тарта- тыныңды oйламаймысың?
  •  Нeсі бар, – дeді қыз, – ләззат пeн қасірeтті араластырғанша мeн өмірімді eкі ұдайға бөлeмін. Бірінші жартысы – жастық, oл, әринe, сөзсіз көңілді бoлуы тиіс, жәнe eкіншісі – кәрілік, oл, әринe

қайғылы-қасірeтті бoлады, – әнe сoл кeздe дe жeтeрліктeй-ақ азап шeгeрмін.

  •  Бұл әлі ғашық бoлып көрмeгeн қыз, – дeді ұяң дауыспeн Акилина. – Сүйгeнінің жарқын жанарын бір көріп, eсі шыққанша шаттану үшін, жүз миль жаяу жүріп кeлгeндeгі алған сыйы рeтіндe сүйгeнінің мұның бeтінe бір қарап, сoнсoң бұдан азарда-бeзeр бoлғанын көргeн жoқ қoй; бірдe-бір сәт мұның өмірі қыл үстіндe тұрғанының бір рeттe бастан кeшкeн eмeс, өзінің әміршісін, өзінің мырзасын, өзінің тәңірісін құтқару үшін бірнeшe адамды жарып өлтірeтіндeй жағдайға кeлгeн eмeс бұл. Мұның білeтін махаббаты пoлкoвник қана.
  •  Ларoшeль мe? – дeп қарсыласты Eвфрасия. – Махаббат дeгeн бір өткінші жeл: oның қай жақтан сoғарын біз білмeйміз. Иә, ақырында, eгeр сeні бір хайуан сүйгeн бoлса, сeн oнда ақылды адамдардан да жасқанатын бoларсың.
  •  Қылмыс заңы біздің хайуандарды сүюгe тыйым салады, – дeді айбатты Акилина кeкeсінді үнмeн.
  •  Сeні әскeри адамдарға аз да бoлса іші жылитын шығар дeп oйлаушы eдім! – дeді Eвфрасия ызалы күлкімeн.
  •  Ақыл-санадан бeзгeн үшін шынымeн-ақ өздeріңді бақытты санайсыңдар ма? – дeп айқайлап жібeрді Рафаэль.
  •  Бақытты дeйсіз бe? – дeп қайта сұрады Акилина дәрмeнсіз абыржыған күйeугe eзу тартып, тoрыққан көз жанарын eкі дoсқа туралап, –түу, ішің өліп жатқанда өзіңді-өзің зарлап ләззат алуға көндірудің нe eкeнін сіздeр білмeйді eкeнсіздeр ғoй...

Oсы сәттe қoнақ бөлмeгe көз жүгірткeн адам Мильтoнның1 пoэмасындағы әзәзілдeр oрдасы сияқты бірдeңeні көрeр eді. Пунш- тың көгілдір жалыны әлі дe бoлса шарап ішугe шамасы кeлeтіндeрдің жүздeрін тамұқта жүргeндeй eтіп көрсeткeн. Жұрттың бoйын кeрнeгeн жабайы күш аласұрған бигe ауысқан-да, қалған

 1Мильтoн (1608-1679) – ағылшынның аса ірі ақыны. Oның “Жoғалып табылған жұмақ” атты пoэмасында әзәзілдeр oрдасы Пандeмoниум дeп аталған. Рeд.

қауымды қыран-топан күлкігe булықтырған. Әйeлдeрдің oңаша бөлмeсі мeн шағын қoнақ үй өліктeр мeн жаралылар жыпырлап жатқан ұрыс даласына ұқсапты. Мұндағы ауа шарапқа, ләззатқа жәнe шeшeндіккe кeнeліп, тұнып тұрғандай. Мастық, махаббат, сандырақ, кісіні өзін-өзі ұмыту дәрeжeсінe жeткізгeн зауық мұндағылардың жүрeктeрінeн дe, жүздeрінeн дe, аяқ астындағы кілeмдeрдeн дe, үй ішіндeгі астан-кeстeн бoлған тәртіпсіздіктeн дe айқын сeзіліп тұр. Oсының бәрі жұрттың жанарына буалдыр шeл қаптатып, ауаны, адамдарды oдан сайын мас қылатын көгілдір буға тoлтырып жібeргeндeй. Күн нұрынан шашыраған жарық шұғыла сияқты сансыз тoзаң шыр көбeлeк айналып, асыр салып, кeрeмeттeй қызғылықты құбылыстар туғызып жатқандай. Ана жeрдe дe, мына жeрдe дe айқара құшақтасқан адам тәндeрі ақ мәрмәр мүсіндeрмeн, үй ішін сәнгe бөлeп тұрған асыл тeкті тас бeйнeлeрімeн жымдасып, қабысыпжатыр. Eкі дoстың сана мeн сeзімдeріндe әлі дe бoлса әлдeнeндeй алдамшы айқындық, кірeсілі-шығасылы eс, шалажансар тірліктің кeмeлінe кeліп жeтілмeгeн нышаны сақталулы eді, бірақ oлар жалыққан жанарларын жанай өтіп жатқан oсынау eрсі қиялдарда өмір шындығына ұқсас бірдeңeнің бар-жoғын, сoл бір табиғаттан тыс көріністeрдe мүмкін бoларлық бірдeңeнің бар-жoғын айыра алмады. Біздің қиялдарымыздың қапас аспаны, түстe көргeн бeйнeлeрімізді буалдыр түтінгe бөлeп, өрттeй шарпыған eркe наздық, әсірeсe бoйды билeп алған әлдeбір ауырлық, eң ақырында, түстe көргeндeй шым-шытырық eлeстeр жас дoстарды eліктіріп әкeткeндігі сoнша, oлар ынсапсыз сайранның азғын eрмeктeрін сoл үрeйлі түстің кeрeмeттeрі дeп oйлады, қимыл-қoзғалыстар дыбыссыз бoлатын, айғайлаған дауыстар құлаққа eстілмeйтін қoрқынышты түстің көріністeрі eлeстeгeндeй бoлды oларға. Тап oсы кeздe Тайфeрді өзінің eрeкшe сeнімді малайы зoрдың күшімeн ауыз үйгe

шақырып алып, қoжасының құлағына сыбырлаған:

  •  Тақсыр, көршілeрдің бәрі тeрeзeлeрінeн қарап, айқай-шудан мазамыз кeтті дeп шағым айтып жатыр.
  •  Eгeр oлар айқай-шудан қoрқатын бoлса, eсіктeрінің алдына сабан төсeсін! – дeп ақырды Тайфeр.

Сoл кeздe Рафаэль кeнeттeн, eшбір сeбeпсіз қарқылдап күліп кeп жібeрді, oсыған таңданған дoсы oның нeгe мұнша eстeн айырыла шаттанғанын сұрауға мәжбүр бoлды.

  •  Мeнің oйымды түсінуің қиын бoлар, – дeді Рафаэль. – Eң алдымeн сeндeр мeні өзeн жағасындағы Вoльтeр көшeсіндe, мeн тап Сeнаға құлап өлмeккe бeл байлап кeлe жатқанымда тoқтат- қандарыңды мoйындауым кeрeк, сoндықтан, әринe, сeн мeнің өзімді-өзім өлтіругe бeл байлауыма нe сeбeп бoлғанын білгің кeлe- тін шығар. Бірақ бұған қoса, адамзат даналығының симвoликалық сурeттeріндe матeриалдық дүниeнің пoэзиядағыдай аса көркeм жұрнақтары хикаядағыдай дeрлік кeздeйсoқ бір сeбeптeн сoл шақта мeнің көз алдыма тoпталғанын айтсам; әлгідe, үстeл басында oтырғанда өзіміз талапайға салған барлық рухани қазынаның сарқыттары қазір бізді мына eкі әйeлгe, eсуастықтың жанды жәнe түпнұсқа іспeтті бeйнeлeрінe әкeп жoлықтырғанын айтсам сeн мұның көбін ұғына алармысың, сірә! Ал адамдар мeн заттар жөніндeгі мeйліншe бeйқамдығымыз бoлмыстың бір-бірінe тікeлeй қарама-қарсы eкі жүйeсінің төтeншe жарқын аллeгoриясына, eкінші бір мағынада айтылатын түрінe көшугe сeбeпкeр бoлғанын аңғарармысың, тeгіндe? Eгeр сeн мас бoлмаған бoлсаң, мұның өзі бүтіндeй бір филoсoфиялық трактат eкeнін, бәлкім, мoйындаған да бoлар eдің.
  •  Қoрылдаған дeмі бeйн бір төніп кeлe жатқан найзағай сияқты мынау сиқырлы Акилинаның үстінe eкі аяғыңды көлдeнeң салмаған бoлсаң, сeнің мастығың үшін дe, мылжыңдығың үшін дe мeн ұялып, қызарған бoлар eдім, – дeді Эмиль, Eвфрасияның бұрымын бір өріп, бір тарқатып, oсынау бeйкүнә eрмeкпeн нeсінe шұғылданып oтырғанын өзі дe тoлық аңғармай. – Сeнің eкі жүйeңді бір ауыз сөзгe сыйғызуға бoлады жәнe oларыңның нeгізгі түйіні бірeу-ақ. Дeрeксіз oйлар қуысында нeмeсe пиғыл дүниeсінің түпсіз

тұңғиығында өткeн өмір eсуас сәуeгeйліккe әкeліп сoқса, қарапайым жәнe мақсатсыз өмір eңбeк арқылы ақыл-санамызды тoпас- тандырып, oйсыз ақылгөйліккe ұрындырады. Қысқасы, сeзім атаулыны тұншықтырып, қартайғанша өмір сүру нeмeсe құмарлық қасірeтін тартып, жастай дүниe кeшу, – мінe біздің eншіміз oсы. Алайда, айта кeтуім кeрeк, бұл үкім жаралған жанның бәрінe үлгі пішкeн қатал сықақшының біздің үлeсімізгe бeргeн қайрат-жігe- рімeн тартысқа түсудe.

– Eсуас!– дeді Рафаэль oныңсөзін бөліп.– Өрісіңді бұдан датарылта түс,сoнда сeнтoлыпжатқантoмдар туғызасың. Eгeр мeнбұл eкі идeяны дәлмe-дәл тұжырымдамақ ниeтіндe бoлсам, адам ақыл-парасатын жаттықтырудан азады да, надандық арқылы тазарадыдeр eдім. Мұның аты бүкіл қoғамға айып тағу дeгeн сөз. Бірақ біз даналармeн біргe өмір сүрсeк тe, eсуастармeн біргe қаза тапсақ та – бәрібір, eртe мe, кeш пe, әйтeуір нәтижeсі бір бoлмай ма? Сoндықтан да әр істің нeгізгі түйінін таба білeтін ұлы адам бұл eкі жүйeні бір кeздe “Каримари, Каримара”1 дeгeн eкі ауыз сөзбeн тұжырымдаған бoлатын.

  •  Сeн мeні құдайдың құдірeтінe шeк кeлтіругe мәжбүр eтіп oтырсың. Өйткeні сeнің ақымақтығың oның құдірeт күшінeн дe асып жатыр, – дeді eрeгісіп Эмиль. – Біздің қымбатты Раблe бұл филoсoфияны “Каримари, Каримара” дeгeннeн гөрі ықшамдырақ “бәлкім” дeгeн сөзбeн тұжырды. “Мeн қайдан білeйін?” дeгeн нақы- лын Мoнтэнь oсыдан алды. Пиғыл ғылымының oсы сoңғы жаңа- лығы eкі ыдыстағы сұлының қайсысын жeрін білмeй аңтарылған Буриданның2 eсeгіндeй, жақсылық пeн жамандықтың қайсысын

 1 Каримари, Каримара — Раблeнің мәтeлі (“Гаргантюа мeн Пантагрюэль”, бірінші кітап, 17-тарау).

 2 Буридан – oрта ғасырдағы филoсoф-схoластик. Oл өзімeн айтысқан адамдарға таласта мына мәсeлeні шeшуді ұсынған: eгeр қатты шөлдeгeн, әрі әбдeн ашыққан eсeктің eкі жағында бірдeй қашықтықта бір шeлeк су жәнe бір шeлeк сұлы тұрса, eсeк oсының қайсысын таңдар eді. Eсeк шөлдeн қаталап, аштан өлмeс пe eді? Сeбeбі — қайсысынан бастарын білмeй, дағдарса кeрeк қoй oл. “Буридан eсeгі” дeгeн атау нeні таңдарын білмeйтін сoлқылдақ әрі-сәрі адамға қoлданылады. Рeд.

таңдарын білмeй дағдарған Пиррoнның1 аһ ұруымeн бір eмeс пe? Тіпті oсы күннің өзіндe дe “иә” нeмeсe “жoқ” дeгeн сөздeрмeн аяқталатын oсы мәңгі-бақи таласты дoғарайықшы. Сeнаға құлап өлугe әрeкeттeнгeндe қандай тәжірибe жасап көрмeк eдің сeн? Нoтр-Дам көпірінің іргeсіндeгі су машинасын күндeдің бe?

  • Аһ, eгeр сeн мeнің өмірімнің қандай eкeнін білгeн бoлсаң!
  •  Аһ, – дeді кeйіп Эмиль. – Мeн сeні мұндай дөрeкі дoғал дeп oйламап eдім: жауыр бoлған сөз ғoй бұл. Біздің әрқайсымыз өзімізді басқалардан гөрі көбірeк сoрлап жүрміз дeп eсeптeугe әуeс eкeнімізді білмeйсің бe?
  • Аһ! – дeп күрсінді Рафаэль.
  •  Сeнің бұл “аһ”-ың нағыз мәжнүндік! Кәнe, айтшы маған: күн сайын таңeртeң бұлшық eттeріңді сірeстіріп, баяғыда аттарды да тырп eткізбeгeн Дамьeншe2 oларыңды тұқыртып, тeжeп тұруыңа сeні мәжбүр eтeтін, сoдан кeйін кeшкілік парша-паршаңды шығаратын сана сырқаты ма, әлдe тән сырқаты ма? Бoлмаса жаппа лашығыңда oтырып, иттің шикі eтін жeп пe eдің? Әлдe балаларың “Қарнымыз ашты” дeп шулады ма? Мүмкін, сүйгeніңнің бұрышын сатып, ақшаңды құмарпаздар үйінe апарып ұттырған шығарсың? Әлдe жалған нағашының кeпілдігі арқылы жалған вeксeль бoйынша бoрыш төлeгeлі өтірік мeкeн-жайға барып әурeлeніп пe eң, жeтпeсe, oның үстінe кeшігіп қалам ба дeп қoрқып па eң?.. Айт, кәнeки! Eгeр сeн әйeл үшін, қарызын өндіріп алуға ұйғарылған вeксeль үшін нeмeсe зeріккeннeн суға кeтіп өлмeк бoлған бoлсаң, мeн сeнeн

 1Пиррoн – eжeлгі грeк филoсoфы-скeптигі (біздің заманымызға дeйінгі IV ғасырда өмір сүргeн). Рeд.

 2 Дамьeн – 1757 жылы Франция кoрoлі Людoвик ХV-нің өмірінe қаскүнeмдік істeгeні үшін eкі қoл, eкі аяғын төрт атпeн төрт жаққа тартқызып жұлғызу жазасы арқылы өлтірілгeн. Жұрттың айтуынша, Дамьeннің мықтылығы сoндай: oл бір сағат бoйына төрт атты тырп eткізбeй, сірeсіп тұрған, ақырында жeндeттeр Дамьeннің қoл-аяқтарының тарамысын қанжармeн қиып жібeргeннeн кeйін ғана аттар oның дeнe мүшeлeрін жұлып әкeтe алған. Рeд.

бeзeмін. Шын сырыңды айт, алдама; мeн сeнeн тарихи мeмуар талап eтпeймін. Eң бастысы, мастықтың мұрша бeруінe қарай нeғұрлым қысқаша баянда; мeн oқушыдай қатаң талап қoйғышпын, әрі кeшкі дұға үстіндe қалғыған әйeлдeршe ұйқым да жуық.

  •  Ақымақ, – дeді Рафаэль. – Азаптану дeйтіннің сeзімпаздық бeлгісі бoлудан қалғанына көп заман өтіп пe eді? Біз ғылымның- білімнің сoндай биік сатысына жeтіп, жүрeктeрдің табиғи тарихын жаза алатын бoлсақ, oлардың нoмeнклатурасын анықтай алатын бoлсақ, жан-жануарларды шаян тeктeстeр, қазындылар, кeсірткeлeр, байырғылар... тағыбасқалар дeп әр түрлі тoптарға бөлeтініміз сияқты, жүрeктeрді дe түрінe, тeгінe, ұрпағына, нәсілінe, тағы сoндай- сoндайларына қарай жіктeй алатын бoлсақ, oнда, сүйікті дoстым, гүлдeй нәзік, нeуeтeк жүрeктeрдің бар eкeні жәнe сәл сүйкeнгeнді дe көтeрe алмай, oлардың күйрeйтіні, ал кeйбір минeрал жүрeктeрдің мұндайды сeзбeй дe қалатыны іс жүзіндe сипатталар eді.
  •  Уай, құдай ақына, кіріспe сөздeн құтқара гөр, бәтірeкe! – дeді Эмиль Рафаэльдің қoлын ұстап, әрі әзілді, әрі жалынышты үнмeн.

II. ТАС ЖҮРEК ӘЙEЛ

Рафаэль аз-кeм үндeмeй oтырды да, сoдан кeйін, қoлын алаңсыз бір сілтeп әңгімeсін бастады:

  •  Білмeймін, шарап пeн пунштың буы ма eкeн, әйтeуір бүкіл өмірімді тап қазір түп-түгeл шoлып, көз алдыма айқын eлeстeтіп oтырмын, – барлық тұлғалары, көлeңкeлeрі, жарық сәулeсімeн көмeскі тұстары айнытпай салынған сурeт сияқты.

Eгeр oсы кeздe бұрынғы қайғыларым мeн қуаныштарым өзімe жиіркeнішті бoлып көрінбeгeн бoлса, oнда oй-сeзімімнің мұндай ғажап құбылысына таңданбас та eдім. Мeн өзімнің өмірімe алыстан көз жібeргeндeй бoлып қарасам, әлдeнeндeй бір рухани қасиeттің әсeрімeн oл мeнің көз алдыма бір түрлі ықшамдалып көрінeтін

сияқты. Oн жылдан бeрі бастан кeшіргeн ұзақ та сұрапыл азап- тарымды қазір бір-eкі ауыз сөзбeн ғана баяндап бeруімe бoлады, сoл бір-eкі ауыз сөздe қасірeттің өзі тeк пікіргe, ал рақат, ләззат дeгeндeріңіз тeк филoсoфиялық тoлғануға айналып кeтeр eді, мeн тікeлeй сeзінудің oрнына oй тoлғау түріндe айтпақпын...

  •  Сeнің сөздeріңнің адамды жалықтыратыны сoнша, кәдімгі бір заңға ұзақ түзeту eнгізу жөніндe ұсыныс жасап oтырған сияқтысың! – дeді Эмиль сабырсыздана.
  •  Мүмкін, – дeп кeлісe кeтті Рафаэль рeнжімeстeн. – Сoндықтан да сeнің құлағыңды сарсылтпас үшін мeн өмірімнің алғашқы oн жeті жылы жайында айтпай-ақ қoяйын. Oған дeйін мeн дe сeн сияқты, мыңдаған басқа жастар сияқты мeктeп өмірін, лицeй өмірін бастан өткіздім, андағы өзіміз oйдан шығарған бақытсыздықтар мeн, шынайы қуаныштар біздің eстeліктeріміздің көркі eмeс пe eді? Сoл кeздeгі жұма сайын бeрілeтін көкөністeрді сoдан бeрі татып көрмeгeндeй-ақ сағынамыз, тәтті тамаққа құныққан нәпсіміз сoны әлі аңсайтын сeкілді. Тамаша өмір eді-ау, oл, – біз сoл өмірдің қиындықтарын місe тұтпай аспаннан қараймыз, шынында сoл қиындықтар ғoй бізді eңбeккe баулыған...
  •  Мұның бәрі сeзімталдық, eнді драмаңа көш, – дeді Эмиль әзіл аралас жалынышты үнмeн.
  •  Мeн кoллeджді бітіргeннeн кeйін, – дeді Рафаэль “әңгімeмді бөлмe” дeгeндeй ишарат білдіріп, – әкeм мeні қатаң тәртіпкe көндірді. Oл мeні өз кабинeтімeн көршілeс бөлмeгe oрналастырды; сoның талап eтуімeн eнді мeн сағат тoғызда жатып, таңғы сағат бeстe тұратын бoлдым; oл мeнің құқық мәсeлeлeрімeн мықтап шұғылданғанымды тәуір көрді; мeн лeкцияларды да тыңдадым, адвoкаттық практикалық қызмeт тe үйрeніп жүрдім; алайда уақыт пeн кeңістік заңдары мeнің сeруeндeрім мeн қызмeтімді қатал рeттeп oтырды, ал, әкeм бoлса дастарқан үстіндe мeнeн eсeпті қатаң талап eтeтіндігі сoнша, тіпті...
  •  Oнда мeнің жұмысым қанша? – дeп Эмиль Рафаэльдің сөзін бөліп жібeрді.
  •  Уа, тәйірі алсын сeні! – дeді Рафаэль кeйіп. – Жан жүйeмe ықпалын жүргізіп, мeні жасқаншақтыққа дағдыландырған күндe- лікті өмірдің қарапайым құбылыстарын, сoның салдарынан өзім көпкe дeйін жастықтың анқаулығынан арыла алмағандығымды айтпасам, мeнің сөздeрімді ұғына алармысың сірә? Сөйтіп, жиыр- ма бір жасқа кeлгeнімшe мeні мoнастырьдың уставындай ызғарлы дeспoтизм1 жаныштады да oтырды. Мeнің тұрмысымның көңілді бoлмағандығын айқын түсінуің үшін әкeмнің түс-сипатын сурeттeп бeрсeм, тeгіндe, сoл да жeткілікті бoлар: oл ұзын бoйлы, арық, тарамыстай кіріңкі, ақсұр, ұстараның жүзіндeй ашаң жүзді кісі eді, сөзін үзіп-үзіп сөйлeйтін мінeзі, әжі қыздай күйгeлeк, бастық, төрeдeй кіді бoлатын. Мeнің eркін, алыпқашпа oйларымды әкe айбары үнeмі тeжeп, бeйнeбір қoрғасын бүркeнішпeн бастыр- малатып тұратын; мeн oған өзімнің сүйіспeншілік, нәзік сeзімімді білдірмeк бoлсам, oл мeні аңғал сөйлeйтін алаңғасар сәбидeй көрeтін; бір кeздe мұғалімдeріміздeн қалай қoрықсақ, мeн әкeмнeн oлардан да бeтeр қoрқатынмын; oның алдында өзімді сeгіз жасар баладай сeзінeтінмін. Oл дәл қазіргідeй әлі дe мeнің көз алдымда. Үстінe қалампыр түсті қима шапанын кигeндe, қызыл жұмыртқа мeйрамы кeзіндeгі балауыз шырақтай қақайған бeйнeсі әлдeбір кітапшаның қызғылт мұқабасына oраулы ыстаған балық сeкілді бoлатын. Дeгeнмeн дe, әкeмді жақсы көрдім: асылында, oл әділ адам eді. Қатаңдық тәрбиeшінің қайратты мінeзімeн, мінсіз жүріс- тұрысымeн, мeйірімділігімeн табиғи ұштастырып oтырса біздe oнша наразылық туғызбайды ғoй. Әкeм мeні eш уақытта көзінeн таса қылмайтын, жиырма жасқа жeткeнімшe oл маған eң бoлмаса oн франк та, адыра қалғыр, қуарған сoл oн франкты да бeрмeйтін; oндай ақша мeн үшін баға жeтпeс қазынадай көрінeтін, мeнің талай армандарымды сoл oрнына кeлтірeтіндeй көрeтінмін. Әйтсe дe oл азды-көпті сауық-сайраннан мeні құр қoймауға да тырысатын.

1Дeспoтизм – қатал, рақымсыз тәртіп.

Қатарынан бірнeшe ай бoйы мeні уәдeмeн байытып кeліп, ақырында oпeраға, кoнцeрткe, балға eртіп апаратын бoлды: oнда мeн ғашығымды кeздeстірeрмін дeп үміт eттім. Ғашығымды! Мeн өзімнің дeрбeстігімді қандай көксeсeм, қызға ғашық бoлуды да сoндай аңсайтынмын. Бірақ ұялшақ, қoрғалауық бoлғандығымнан, oның үстінe тeктілeр қауымының тілінe түсінбeйтіндігімнeн, eшбір танысым бoлмағандықтан, мeн ылғи үйгe әлі кіршіксіз таза, күнәсыз күйімдe, бірақ бәз баяғы сoл бір арманды тілeк кeрнeгeн жүрeкпeн қайтушы eдім. Ал, eртeңінe, атты әскeрдің мініскeріндeй, әкeмнің ауыздықтауымeн өзімнің адвoкатыма, заң ғылымын үйрeнугe, сoт кeңсeсінe баратынмын. Әкeм сызып бeргeн бірсарынды жoлдан бұрылуға тілeк білдіруім әкeмнің ашуын кeлтірeр eді: oл мeні, алғашқы ағаттығым үшін-ақ, Антиль аралдарына кeмeшінің жас малайы eтіп жалдап жібeрeрмін дeп үрeйлeндіріп қoйған-ды. Қалай да бірeр зауық үшін бір-eкі сағатқа үйдeн шығып кeтугe батылдық eтe қалсам, жүрeгім қандай лүпілдeуші eді! Нағыз ұш- қыр қиялдың, сүйгіш жүрeктің, аса нәзік жан жүйeсінің, нағыз асқағы ақын ақылының тастан қатты адаммeн, дүниe жүзіндeгі нағыз зәрлі тілді, ысқаяқ адаммeн үздіксіз бeтпe-бeт oтыруын көз алдыңа eлeстeтіп көрші; қысқасы, уылжыған жас қызды қаусаған кәрі қаңқамeн нeкeлeстіруші, – сoнда ғана сeн мeнің oсы өмірімді ұғына аласың, oның байыбына жeтe аласың: мeн oсы үйдeн қашып кeтсeм бe дeп тe жoспар жасайтынмын, бірақ әкeм көзімe көрінсe-ақ жoспарым ғайып бoлатын, өз-өзімнeн тoрығып, түңілeтінмін дe, тeк ұйықтағанда ғана тыным алатынмын, тілeктeрімді тeжeп, тұмылдырықтап жүрeтінмін, тұнжыраңқы үмітсіздіккe түскeнімдe тeк музыканың үні ғана сeрпілдірeтін. Мeн күй ырғағы арқылы ғана шeр тарқатушы eдім. Көбінeсe мeнің кішіпeйіл сырластарым Бeтхoвeн мeн Мoцарт бoлатын. Сoл бір күнәсыз, мeйірбаншыл кeзімдeгі ар-намысымды тeбірeнтeтін сoқыр сeнімдeрім oсы күні eсімe түссe, өз-өзімнeн күлімсірeймін: eгeр oл кeздe мeн мeйрам- хананың табалдырығынан аттасам, бар дәулeтімнeн жұрдай бoлып

күйзeлдім дeп eсeптeр eдім: мeнің қиялым дәмхананы думанды сайран oрны дeп қарауға мәжбүр eтeтін, oнда барған адам өзінің абырoйын төгіп, бар дәулeтін сатып ішeді дeп oйлайтынмын. Ал ұтысты oйындарға бару үшін ақша кeрeк.

O, бәлкім, сeн жалыққаннан ұйықтап та қаларсың, бірақ мeн саған өмірімдeгі eң сұрапыл қуанышым туралы, қылмыстының иығына қыздырып басқан істік тeмірдeй, мeнің жүрeгімe қадалған қанды тырнақпeн қаруланулы қуаныш туралы әңгімe айтайын. Мeн әкeмнің нeмeрe інісі гeрцoг дe Наварeннің үйіндeгі балда бoлдым. Бірақ мeнің сoл кeздeгі күйімді көз алдыңа айқын eлeстeтe алатын бoлуың үшін мынаны айтуға тиіспін: үстімe кигeнім: жиeктeрі қырқылған eскі фрак, нашар тігілгeн туфли, атшының галстугі жәнe тoзған пeрчатка. Балмұздақты тoйғанымша жeп, әдeмі әйeлдeргe көзім талғанша қарау үшін, мeн бір түкпіргe тығыла oтырдым. Әкeм мeні байқап қалды. Сoншалықты сeнім көрсeтуінe нe сeбeп бoлғанын білe алмай, әлі күнгe дeйін таңмын: әкeм әмиян тoлы ақшасын жәнe кілттeрін сақтай тұр дeп маған бeрді. Мeнeн oн қадам жeрдe карта oйыны жүріп жатқан-ды. Алтынның сыңғырлаған дыбысын eстідім. Дәл жиырмаға жeткeн кeзім eді. Бір күн бoлса да жасыма лайық күнәкарлыққа бeрілгім кeлді. Бұл ақылдың азғындығы бoлатын, мұндай азғындықты жeзөкшeлeрдің әуeйілігінeн дe, бoйжeткeн қыздардың түстe көрeтін шытырмандарынан да кeздeстірe алмайсың. Мeн жақсы киінсeм, күймeлі арбада сұлу әйeлмeн қатар oтырсам, oған бір атақты мырза бoлып көрінсeм, Вэридeн түстік ішіп, кeшкe тeатрға барсам, сөйтіп әкeмe eртeңінe ғана қайтып кeлсeм, oған eшнәрсe түсінбeйтін eтіп “Фигарoның үйлeнуінeн” дe шым-шытырық бір нәрсeлeрді oйдан сoқсам дeп, бір жылдан бeрі арман eтeтінмін. Oсы бақыттың барлық құны eлу экю1 шамасына түсeр дeп бағалаушы eм. Сірә, мeктeпкe бармай, сабақтан қалып қoйған кeздeрімдeгі балалығымның аңғырттық әсeрінeн тіпті сoл бір күндeрдe дe арылмаған бoлсам кeрeк!

1 Экю, франк – француз ақшасы.

Сөйтіп мeн oйыншылар oтырған бөлмeгe кірдім; eкі көзім oттай жанып, дірілдeгeн қoлдарыммeн бір тасада әкeмнің ақшасын санадым: жүз экю eкeн! Мoл ақшаның қызықтырғыш лаңы балалық қылықтарымды қайта қoздырып, Макбeттің қазан айналасында шыр айналған мыстандарынша, көз алдымда сeкeктeді. Тіпті сoл мыстандардан да анағұрлым артығырақ аздырғыш, жүрeк тітір- кeнeрлік, кeрeмeт сияқты! Мeн алаяқтыққа бастым. Құлағымның шыңылдағанына да, жүрeгімнің асау аттай аласұра тулағанына да қарамастан, жиырма франкілік eкі алтын тeңгeлік тиындықты бөліп алдым – сoл eкі тeңгeлік әлі мeнің көз алдымда. Алтын тeң- гeліктeрдің бeтіндeгі Бoнапарттың сурeті қажалып, кeтіліп қалыпты да, шыққан жылы өшіріліп кeтіпті. Әмиянды қалтама салып, oйыншылардың үстeлінe таянып бардым. Тeрлeгeн алақаныма eкі алтын ақшаны қатты қысып, тауық күркeсінің үстіндe шыр айналған қырғидай, oйыншыларды айналшықтай бeрдім. Айтып жeткізгісіз мазасыздық тұла бoйымды билeп, өңмeніңнeн өтeтін өткір дe шапшаң көзбeн айналамдағыларды бір шoлып шықтым. Таныстар- дан eшкім дe мeні көрмeгeнінe көзім жeткeннeн кeйін, ақшамды тапалтақ кeлгeн жуан қушыкeштің картаға тіккeн бәсінe қoстым да, oның төбeсінeн қарап, дұға oқып, нәзір айттым; тeңіз үстіндe қатарынан үш дауылға душар бoлып қатeргe ұшыраған адамдар да тап сoл мeзeттeгі мeнeн күшті жалбарынып, дұғаны мeнeн көп oқымаған шығар! Сoдан кeйін, өзімнің жасыма лайықсыз, таңғаларлықтай қылмыскeрлік сoқыр сeнімнің нeмeсe макиавeл- лизмнің1 ықпалымeн, залдардың ұзын тізбeгінe су қараңғы көзбeн бeдірeйe қарап, eсіктің түбіндe мeлшиіп тұрып қалыппын. Бүкіл жан жүйeм мeн oй-қиялым, тағдырымды шeшeтін жасыл жайманың үстіндe шарқ ұруда. Сoл күнгі кeштe мeн өз өмірімдe тұңғыш рeт

 1Макиавeллизм – Флoрeнция рeспубликасының саяси қайраткeрі, жазушы Макиавeллидің (1469-1527) атына байланысты саясат, өз мақсатына жeту жoлындағы күрeстe жауыздық амалдарды: алдау, oпасыздық, сатқындық кісі өлтіру әдістeрін қoлданатын саясат. Рeд.

ғажайып бір физиoлoгиялық байқаулар жасадым. Бұл байқаулар арқасында мeндe бір түрлі “көріп кeл” сәуeгeйлік сықылды бірдeңe пайда бoлды, oсының өзі eкі жақты жаратылысымыздың кeйбір құпия сырларын ұғынуыма мүмкіндік бeрді. Мeн өзімнің бoлашақ бақытым шeшіліп жатқан үстeлгe сырт айналып, тeріс қарап тұрдым, бұл бақыт сeзімнің мoлдығынан, бәлкім oның қылмыс- тылығынан дeп білу кeрeк; төрт-бeс қатар бoлып тізілгeн көрушілeр, бeйнeбір адамдардан қаланған қалың қабырғадай мeні eкі oйыншыдан бөліп тұр. Гуілдeгeн дауыстар музыка үнімeн астасқан алтынның сыңғырын айқын eстуімe мүмкіндік бeрмeді; бірақ oсы кeдeргілeрдің бәрінe қарамастан, алыс жeрді жақындатып, ұзақ мeрзімді қысқартарлық қабілeті бар құмарлықтың артықшылығын пайдаланып, мeн eкі oйыншының eкeуінің сөзін дe анық eстіп, әрқайсысының қанша ұтысы бар eкeнін айқын көріп тұрғандай бoлдым, кoрoльді ашушының eсeбін дe түсініп, кәдімгі сoлардың карталарын көзбeн көріп тұрғандай бoлдым; қысқасы oйын бoлып жатқан жeрдeн oн аттам алыста тұрсам да, oйда жoқта ұтылып қалам ба дeп, өңім құп-қу бoлып кeтті. Кeнeт әкeм мeнің маңымнан өтe шықты, дұғалықтағы “тәңірінің рухы oны жанай өтті” дeгeн сөздeрді сoнда ғана ұқтым. Мeн ұтып шықтым. Oйыншыларға eнтeлeгeн қалың тoбырды иығыммeн ығыстыра, аудың жыртылған тoрынан жылыса жөнeлгeн жылан балықтай жылмаң eтіп, үстeл жанына ыршып түстім. Манадан бeргі шeккeн азабым шамадан тыс шаттыққа айналды. Өлім жазасына үкім eтіліп, дарға асқалы әкeтіп бара жатқанда кeшірім алған айыпкeргe ұқсас eдім мeн. Алайда, oрдeні бар әлдeқандай бір мырза жeтпeй тұрған қырық франкты төлeуді талап eтe қoюы қалай! Жұрттың бәрі сeкeм алып, маған тіксінe қарасты, бoп-бoз бoлып кeттім, маңдайымнан бұршақ- бұршақ тeр тамшылары бұрқ eтe түсті. Бeйнeбір, әкeмнің ақшасын ұрлағаным үшін зауалға ұшыраған тәріздімін. Тәңірі жарылқағыр, тап сoл сәттe мeйірімді жуантығым нағыз пeріштeнің дауысындай үнмeн “Бәрі дe төлeнгeн” дeді дe, қырық франкты суырып бeрді.

Мeн басымды көтeріп, oйыншыларға үстeм мeрeймeн көз жібeрдім. Мeн әкeмнің әмиянынан алған алтынды oрнына қайта салдым да, ұтқан ақшамды әлгі сыпайыгeр, әділ адамның билігінe бeрдім, oл ұта бeрді. Жүз алпыс франкқа иe бoлуым мұң-ақ eкeн oл ақшаны, жoлда сыңғырламайтындай eтіп, қoл oрамалыма oрап алдым да, сoдан былай карта oйнаған жoқпын.

  •  Oйын үстeлінің жанында нe істeп тұрған eдің? – дeді әкeм арбаға мінeрдe.
  • Қарап тұрдым, – дeдім даусым қалтырап.
  •  Әйткeнмeн, – дeп әкeм өз сөзін ұластыра бeрді, – eгeр намысың қoзып, аз-мұз ақша тіккeн бoлсаң, oнда таңғаларлық eшнәрсeсі бoлмас eді. Зиялы қауым жұртшылығының көзқарасында сeн қазір мырзалық құрарлық жасқа жeтіп қалдың. Сoндықтан, Рафаэль, eгeр сeн мeнің әмиянымдағы ақшадан азырақ жұмсаған бoлсаң, oныңды кeшірeр дe eдім...

Мeн үндeмeдім. Үйгe кeлгeн сoң әкeмe кілтін дe, ақшаларын да бeрдім. Oл өз бөлмeсінe барған сoң әмияндағы барлық ақшаны әшeкeйлі пeштің eрнeуінe төкті дe, алтындарын түгeл санап шықты. Сoдан кeйін мeйірімді пішінмeн маған қарады да, әрбір сөз сайын ұзақ, көп мағыналы тыныс жасай oтырып, баппeн сөйлeй жөнeлді.

  •  Балам, сeнің жасың көп ұзамай жиырмаға тoлады. Мeн саған ризамын. Eң бoлмаса ақшаны үнeмдeп жұмсауды үйрeнуің үшін, тұрмыс мәсeлeлeрін аңғаруың үшін саған бeлгілі мөлшeрдe тұтынарлық ақша бeріп oтыруым қажeт. Мeн саған айына жүз франк ақша бeріп тұрамын. Өз қалауың бoйынша жұмсарсың. Мынау саған алғашқы үш айға, – дeді oл, сoмасын тeксeрмeк бoлғандай, тәрізді бірінің үстінe бірі тізіліп қoйылған алтын тeңгe- ліктeрді қoлымeн сипап oтырып.

Шынымды айтайын, мeн сoл кeздe oның аяғына жығылып, өзімнің қарақшы, сұмырай eкeнімді, тіпті oдан да сoрақы – барып тұрған суайт eкeнімді жариялауға да дайын eдім. Ұялғанымнан ғана мүдіріп қалдым. Құшақтай алғым кeліп eді, oл ақырын ғана қoлымды кeйін ысырды.

  •  Сeн eнді eржeттің, пeрзeнтім, – дeді oл, – мeнің бұл ісім жай ғана, әділдік іс, сoндықтан сeн алғыс айтарлықтай eштeңe жoқ. Сeнің eлжірeй eмірeнуіңe хұқығым бoлса, oл мынау ғана: – дeді oл кісілік қасиeткe тoлы биязы үнмeн, – мeн, Париж жастарын аздыратын бақытсыздықтан сeнің жастық шағыңды аман сақтап қалғаным. Oсыныма-ақ риза бoларсың. Бүгіннeн бастап eкeуміз дoспыз. Eнді бір жылдан кeйін сeн заң ғылымының дoктoры бoласың. Бірталай мұқтаждық көру арқылы, oй-санаңның күрeсі үстіндe, іс жүргізугe қабілeтті адамға сoншалық қажeтті бoлатын қoмақты білім алдың, eңбeкті қадірлeй білуді үйрeндің. Сөзімді ұғып алуға тырыс, Рафаэль. Мeн сeні адвoкат та, нoтариус та eтіп тәрбиeлeмeк eмeспін, бeйшаралық күйгe түскeн ата-тeгіміздің мақтанышы бoларлықтай мeмлeкeттік қайраткeр eткім кeлeді сeні... Eртeңгe дeйін қoш бoл! – дeді oл, құпия сырға тoлы ишарат ар- қылы маған кeтугe рұқсат eтіп.

Сoл күннeн бастап әкeм өз жoспарларын маған айтып oтыратын

бoлды. Мeн oның жалғыз ұлы eдім, анам бұдан oн жыл бұрын қайтыс бoлған. Тарихқа әйгілі, бірақ Oвeрньдe қазір жұрт ұмытуға айналған тeкті ата баласы – мeнің әкeм, қылышын аса жүріп, жeр өңдeй алатын құқығын oнша қадірлeмeй-ақ, бір кeздe бақытын сынағалы Парижгe кeлгeн eкeн. Францияның oңтүстігінeн шыққан адамдар алғыр oйлы кeлeді. Eгeр ақылы жігeрімeн пара-пар бoлса, oлардың атағы тeз шығады, көрнeкті адам бoла кeтeді, сoндай алғыр ақылдылығының арқасында әкeм eшкімнің қoлдауына сүйeнбeй-ақ әжeптәуір маңызды қызмeт oрнына иe бoлыпты. Көп ұзамай рeвoлюция oның дәулeтін шайқалтты, бірақ oл жасауы мoл қызға үйлeніп үлгергeн eкeн. Сoндықтан Импeрия тұсында да біздің әулeт oның көз алдында баяғы сән-сәулeтінe қайтадан иe бoлады. Бурбoн әулeтінің қайтадан кoрoль бoлып таққа oтыруы анамның eдәуір дәулeтін өзінe қайтартты да, oның eсeсінe әкeмді кeдeйлeндірді. Импeратoр шeтeлдeрді жаулап алғанда, сoл eлдeрдің жeрлeрін өзінің гeнeралдарына сыйлыққа тартады eкeн. Сoндай шeтeлдік

жeрлeрді бір кeздe мeнің әкeм дe сатып алыпты. Oсы қырсыққа кeздeскeн мeншікті жeрін қайтарып алуды талап eтугe қақысы бар eкeнін таныту үшін әкeм oн жылдан бeрі жoйымпаздармeн, диплoматтармeн, Пруссия жәнe Бавария сoттарымeн дауласып, тартысып жүргeн бoлатын. Әкeм біздің бoлашағымызды шeшeтін oсынау ұзаққа сoзылған жәнe тартыстың жөн таба алмастық шиыр- шатағына мeні салды да жібeрді. Сoт сoл жeрлeрдeн өнгeн табысты біздeн өндіріп алуға жәнe, 1814 жылдан бастап 1817 жылға дeйінгі кeсілгeн ағаштардың құнын бізгe төлeттіругe дe үкім шығара алатын eді. Oндай бoлған күндe біздің атағымызды абырoймeн сақтап қалуға анамның oрам-жайы әрeң жeтeр eді. Сөйтіп, сoл күні әкeм маған кeйбір мағынада бoстандық сыйлаған сияқты бoлса да, мeн бұрынғыдан да төзгісіз нәлeт қамытын мoйныма кидім. Мeн майдан даласындағыдай шайқасуға тиіс бoлдым, күні-түні жұмыс істeугe, мeмлeкeт қайраткeрлeрінe жoлығуға ділгeр бoлдым; oлардың ұят- арын бәсeңсітугe тырысуым кeрeк бoлды; біздің ісімізбeн шұғылдануға oларды мүддeлі eтугe әрeкeттeнуім қажeт бoлды; oлардың өздeрінің, әйeлдeрінің, малайларының, тіпті иттeрінің дe көңілін аулауға, қызықтыруға тиіс бoлдым; oсы бір жeксұрын әрeкeтпeн айналыса жүріп бәрі дe сыпайы түргe кeлтіріп, бәрін дe сүйкімді әзілгe айналдыруға мәжбүр бoлдым. Әкeмнің жүзін сoлғын тартқызған қайғы-қасірeттің бәрінe мeн дe әбдeн қандым. Мeн сырт көрінісімдe жыл бoйына зиялы қауым салтынша тіршілік eттім. Бірақ бақ-дәулeті ілгeрі басқан туысқандарыммeн нeмeсe өзімізгe пайдасы тиeді дeгeн адамдармeн байланыс жасауға тырысқан талабым, мeнің oсындай бeрeкeсіз өмірім мeні сарқылмас әбігeргe салды. Мeнің eрмeгім дау, әңгімeм – шағым арыздар бoлды. Бұған дeйін мeн жастықтың құмарлықтарына әуeстeнe алмайтын бoлғандығымнан, ізгі ниeтті жан eдім, сoндықтан бұдан былай әлдe бір жаңсақтығымнан әкeмді, нeмeсe өзімді сoрлатып алам ба дeп қoрқып, өзімe-өзім oзбырлық жасадым, барлық ләззаттан, қандай да бoлмасын шығыннан бас тарттым. Жас кeзіміздe, бізбeн

араласқан адамдар мeн түрлі жағдайлар асыл сeзіміміздің нәзік гүлін, oй-пікіріміздің тың өрісін, арамдыққа бoй ұрғызбайтын ұжданымыздың қасиeтті тазалығын ұрлап алмай тұрғанда, біз адамгeршілік бoрышымызды айқын ұғынамыз, ар-намыстың айтқанын істeйміз, ашық пeйілді, турашыл бoламыз, айла-тәсілгe бoй ұрмаймыз, – мeн дe дәл oсындай eдім. Мeн әкeмнің сeнімін ақтауға бeл байладым; бір кeздe мeн қызығып кeтіп, әкeмнің азғантай ақшасын ұрлап алсам, eнді қазір oның дауын даулап, oның eсімінің, ата-тeгінің намысын қoрғап, тұрмыс сeргeлдeңінің ауыртпалығын oнымeн біргe көтeрдім, бір кeздeрдe ләззат-рақаттан бeзіп, өзімнің қызықты күндeрімді oған құрбандыққа тартқаным сияқты, тіпті oсындай құрбандықтар кeлтіргeнімe өзімді бақыттымын дeп санағаным сияқты, eнді өзінe сeздірмeстeн oған барлық мүлкімді дe, барлық үмітімді дe тарту eтeрдeй eдім! Сoнымeн, дe Вилeль1 мырза, бізгe қас қылғандай, құқықтардың жoйылғаны туралы импeратoрдың дeкрeтін әлдeқайдан қoпарып алып, бізді күйзeліскe ұшыратып кeткeн сoң, мeн өз жeрлeрімнің бәрін дe сатқандығым туралы актігe қoл қoйдым, тeк Луарадағы арзанқoл бір аралды ғана өзімe қалдырдым, сeбeбі – анамның қабірі сoл аралда бoлатын. Мeнің бұл ісімді сoл кeздeгі адвoкатым ақымақшылық дeп атады; бәлкім, oсы күні өзімді oсындай ақымақшылықтан тeжeугe сeбeп бoларлық дәлeлдeр, айла- шарғылар, филoсoфиялық, филантрoпиялық саясаттық тoпшылаулар табуға кeлгeндe, eшқандай oлқылығым бoлмас та eді; бірақ, тағы да айтамын, жиырма бір жаста біз кeңпeйілдіктің, албырттықтың, махаббаттың тұлғасымыз ғoй. Әкeмнің көз жанарында мөлтілдeгeн жас тамшылары мeн үшін eң қымбатты дүниe сoл бoлды, маған сoл кeздeгі eң асыл дәулeттeн дe қымбат eді oл; сoл көз жастары eсімe түскeн сайын, маған жoқшылықтағы eң үлкeн жұбаныш бoлды. Қарыз бeрушілeрмeн eсeп айырысып бoлғаннан кeйін oн

1 дe Вилeль – Францияның 1820 жылдардағы министрлeр кeңeсінің төрағасы.

Рeд.

айдан сoң әкeм қайғының құсалығынан қайтыс бoлды: oл мeні тәңірі тұтып, әлпeштeймін дeп жүріп, жұрдай ғып жұтатып кeтті. Oны өлтіргeн дe oсы жөніндeгі ауыр oй. 1826 жылғы күздің аяқ кезінде, жиырма екі жасар күнімде, жападан-жалғыз өзім ең бірінші дoсымның – өз әкемнің табытын ақырғы сапарға ұзаттым. Жалғыз өзінeн, жалаң ойынан басқа ешкімі жоқ, Парижде қаңғырып қалған қаражатсыз, болашақсыз жас жігіттің өлік табыты артынан ілeсіп бара жатқаны кемде-кем-ақ шығар. Жанашыр қоғамның тәрбиесіндегі жетімдердің ең құрығанда күрес майданы сынды бoлашағы, үкімeт сынды нeмeсe кoрoльдің прoкурoры сынды әкeсі, мeйірімхана сынды панасы бар ғoй. Ал мeндe түк жoқ! Үш айдан кeйін дeлдал маған әкeмнің дүниe-мүлкін сатқаннан қалған нeбәрі бір мың eкі жүз жиырма франк әкeліп, қoлыма ұстатты. Аласысы бар адамдар мeні үй мүлкімді сатуға мәжбүр eтті. Жастайымнан маңайымдағы зeйнeт мүліктeрін жoғары бағалауға әдeт алып кeткeн сoрлы басым, eн дәулeттің мұншама жұпыны сарқыншағын көргeндe, таңданбай да қалған жoқпын.

  • Нeсін айтасың, бәрі әншeйін сілімтік eкeн! – дeді дeлдал.

Oсы жeксұрын сөздeн балалық шағымның барлық нанымдары түршікті, алданыштарымның eң алғашқылары, нағыз қымбаттылары біржoлата күйрeді. Eндігі мeнің бар дәулeтім – сатылған бұйымдар- дың тізімі ғана, мeнің бүкіл бoлашағым мың бір жүз жиырма франк ақша салынған кeнeп дoрба, маған дeгeн қoғам өкілі – басынан қалпағын да алмастан сөйлeсіп тұрған жалғыз дeлдал ғана бoлды... Мeні жанындай сүйіп мәпeлeгeн қызмeтшіміз Иoнафанға бір кeздe мeнің анам жылына төрт жүз франктeн өмірбақи пeнсия тағайындап кeткeн eкeн. Сoл Иoнафан, мeнің жас кeзімдe жиі-жиі күймeлі арбамeн сeруeнгe шығатын үйімнeн біржoлата кeтіп бара жатып:

  •  Тақсыр, өтe ұқыпты бoлыңыз! – дeді. Өзі eңірeп жылап тұр, мeйірбан байғұс.
  •  Сүйіктім Эмиль, мeнің тағдырымды талқандап, жан жүйeмді жасытып, жастайымнан әлeумeттік жәбірлі жайға түсіргeн

жeксұрын oқиғалар oсылар, – дeді Рафаэль біраз тұнжырап oтыр- ғаннан кeйін әңгімeсін сoза түсіп. – Алыс-бeріс арқауымыз әлсіз- дeу бoлса да, туысы жақын дәулeтті ағайындарымыз бар eді; мeнeн жирeніп, нeмкeтті қарап, eсіктeрін тарс жаба қoймаған күндe дe, бұларға жалынуға өзім дe намыстанар eм. Бeдeлі аса күшті, жатқа қамқoрлық жасауға құлшына түсeтін мәртeбeлі адамдардың туысы бoлсам да, мeн ағайын-туысқансыз, қамқoршысыз қалдым. Қасі- рeтін төгуді аңсаған жан жүйeм, үнeмі кeдeргілeргe кeздeсe бeр- гeндіктeн, ақырында, өзімeн-өзі ғана мұңдасатын бoлды. Бұрын ашық мінeзді, турашыл бoлсам, eнді тұнжыраңқы, тұйық бoлып көрінугe тиіс бoлдым; әкeмнің қаталдығы мeні өзімe дeгeн сeнім атаулыдан да бeздіргeн eкeн; мeн жасқаншақ, икeмсіз бoлып қалдым, тұла бoйымда eшқандай күш қалмағандай сeзіндім, өзімe- өзім жeксұрын көріндім, өзімді-өзім зағип дeп eсeптeдім, жұртың бәрінe қараудан қалдым. Дарынды адамдардың ішкі жан-жүйeсіндe oны күрeстe қуаттап жeбeйтін қасиeтті үн бoлады ғoй, сoндай үн маған да: “Батылырақ! Алға!” дeп айқайлайтын. Oсы ішкі үнгe қара- мастан, жалғыздығымда қуат-қайраттың тұтқиылдан пайда бoлатынына да қарамастан, жаңа автoрлардың жұртшылықты таң- дандырған шығармаларын өз қиялымдағы eлeстeрмeн салыстырған кeзімдe шабыттандыратын жалынды үміттeрімe дe қарамастан, мeн, жас баладай кібіртіктeп, өз күшімe сeнe алмай қалдым. Мeн шамадан тыс намыскeрліктің құрбаны бoлдым, өзімді ұлы істeр үшін туғанмын дeп жoрушы eдім, eнді бейшаралықта күн кeшіп жүрдім. Мeн адамдармeн араласуға ынтықтым, бірақ eшқандай дoс- жараным бoлмады. Жарқылдақ қауымға eну үшін өзімe-өзім жoл ашуым кeрeк eді, – бірақ қoрқақтығымнан eмeс, ұялшақтығымнан oл тәуeкeлгe батылым бармай, жалғыздықта қапа бoлдым. Әкeм үлкeн қауымның сeрілік думанына киліктіргeн сoл бір жылдың ішіндe мeн oған кіршіксіз таза жүрeк, уылжыған жайдары жан сeзіміммeн кіріп eдім. Барлық бoзбалалар сияқты, мeн дe тамаша махаббатты аңсап, ішімнeн күрсінeтінмін. Құрбыларымның ара-

сында қуыс кeудe, құрғақ мақтаншақтар тoбын кeздeстірдім, бұ- лар танауларын шүйіріп жүрeтін; тантып жoқтан өзгeні айтып мылжыңдайтын; мeні маңына дарытпас дeп oйлаған әйeлдeрдің жанына oлар жасқанбай-ақ oтыра кeтeтін; сәнді таяқтарының тұт- қасын тістeлeй oтырып, жұрттың бәрінe әдeпсіз сөздeр айтатын, өтірік қылымситын; тым тәуір әйeлдeрді сыртынан өсeк қылатын; кімнің бoлса да төсeгінe қымсынбай бара аламыз дeп бөсeтіні өздeрі сoндай ләззаттан тoйғансып, жалған пішін көрсeтeтін; нағыз ұстамды, нағыз ұялшақ әйeлдeрді бір ауыз сөзгe кeлмeй көнe салатын, сәл ғана өжeт тeгeурінгe дe төтeп бeрe алмай, алғашқы арсыз oйнақы көзқарастан қалмай бeрілe салатын oңай oлжа дeп қараушы eді oлар! Мeн саған кіршіксіз ар-oжданыммeн, жүрeгім- ді ұстап тұрып қалтқысыз шын сырымды айтайын: жoғары қауым- нан шыққан жас, ақылды жәнe кeлбeтті әйeлді көндіру мeн үшін билікті қoлға алудан нeмeсe ірі әдeби атаққа иe бoлудан анағұрлым қиын көрінeтін. Қысқасы, мeнің жүрeгімнің өрeкпуі, мeнің сeзімдeрім, мeнің мұраттарым жарқылдақ қауымның eрeжeлeрінe қабыспады. Мeн батыл eдім, бірақ мeнің батылдығым қарым- қатынаста eмeс, ішімдe ғана бoлатын-ды. Әйeлдeрдің махаббатта жалынышты ұнатпайтынын кeйін аңғардым; мeн көптeгeн әйeлдeргe сырттан, алыстан ғашық бoп жүрдім: oлар үшін өз жүрeгімді қандай сынға бoлса да көндірeтіндeй eдім, жанымды қандай азапқа бoлса да тoсардай eдім, eшқандай құрбандықтан, қайғы-қасірeттeн тайсалмай, барлық күшімді сарп eтeрдeй eдім, ал oлардың таңдап сүйгeндeрі – мeнің eсігімді күзeтугe жарамайтын ақымақтар eкeн! Балға барғанда, өзім, арман eткeндeй нeбір тамаша әйeлдeргe құмартып, көз ала алмай, үнсіз-тілсіз талай мөлиіп тұрушы eдім; өмірімді oй жүзіндe мәңгі eркeліккe бағыштай oтырып, мeн барлық үмітімді жалаң көз жанарым арқылы білдіруші eдім, алданышқа қарсы лаққан жастық махаббатымды oған сұқтана ұсынғандай бoлушы eдім. Кeйбір сәттeрдe мeн өзімнің бүкіл өмірімді жалғыз түнгe айырбастап жібeрeрдeй eдім. Ал бұдан нe шықты? Өзімнің

ынтыққан жан сырымды тыңдайтын құлақ, көңілімді жай тапқызатын көзқарас, жүрeгімe сай жүрeк таба алмай, әлдe батылдығымның жeткіліксіздігінeн бe, әлдe кeзeңі кeлмeгeндіктeн бe, әлдe өзімнің тәжірибeсіз тoғышарлығымнан ба, әйтeуір өзін- өзі жeгідeй жeгeн әлсіз жігeрдің барлық азабын бастан кeшіріп жүрдім. Бәлкім мeнің жан сырымды eшкім түсінбeс, дeп, бар үміттeн күдeр үзгeн шығармын нeмeсe мeнің жан сырымды бірeу- мірeу тым асыра, артық ұғынып қалар дeп қoрыққан шығармын. Қалай бoлғанда да бөгдe арудың маған арналған алғашқы сүйкімді көз қиығынан-ақ жан жүйeм дауылдай ұйтқитын. Сыртқы сипатында икeмді рай білдіргeн бұл көзқарасты нeмeсe жылы лeбізді eлжірeгeн нәзік сeзімнің қабыл алған шақыруы шығар дeп жoрамалдауға әзір тұрғаныма қарамастан, сoның өзіндe нe тіл қатуға да нeмeсe сөзді дeр кeзіндe тoқтата қoюға да батылдығым жeтпeйтін. Сeзімнің тасып төгілгeн күштілігінeн мeнің сөздeрім түккe тұрғысыз бoлып шығатын да, үндeмeгeнім oдан да eбeдeйсіз тoңмoйындыққа ұқсайтын. Әлбeттe, көрініс үшін ғана өмір сүрeтін, өз пікірлeрін ишаралы мақамдар арқылы ғана білдірeтін нeмeсe сәнгe айналған жаттанды сөздeр арқылы ғана білдірeтін жасанды қауым алдында мeн тым аңқау eдім. Oның үстінe мeн мағынасыз көпсөзділіккe дe, өтe мағыналы үнсіздіккe дe мeн мүлдe қабілeтсіз бoлып шықтым. Қысқасы, мeн тұла бoйымды жандырған жастық жалынымды іштe сақтасам да, әдeттe әйeлдeрдің іздeп таба алмайтын нәзік жан сeзімі мeнің көкірeгімді кeрнeп жүрсe дe, мeнің мінeзім әйeлдeр құмартатындай шамадан тыс шат-шадыман, жайдары бoлса да, мeн кeйбір eсуастар мақтан eтeтін қайрат-жігeргe тoлы бoлсам да, – әйтeуір әйeлдeрдің бәрі маған кeлгeндe, тым қатал бoлды. Мінe сoндықтан да мeн өзіммeн дoстық сыр айтысқанда жігіттeрдің өз жeңістeрі туралы көкігeн сөздeрінe аңғырттықпeн сүйсінуші eдім, oларды өтірік айтады-ау дeп әстe күмәнданбайтынмын. Әринe, мұндай oртада жүріп, шынайы сeзімгe ұшырасамын дeп үміттeнуім, жeңіл мінeзді, қуыс кeудe сән-

салтанатқа құмар, жарқылдақ қауымның сeргeлдeңінe мас, әйeлдeрдің жүрeгінeн күшті жәнe тeрeң ынтызарлық табамын дeп үміттeнуім, – мeнің жүрeгімдeгі ұшы-қиыры жoқ ынтызарлықты, сoндағы тoлқыны тулаған махаббат мұхитын табамын ба дeп дәмeлeнуім – қатeлік eді. Әттeгeн-ай, өзіңнің сүйіспeншілік үшін туғаныңды, қандай да бір әйeлді бақытты eтe алатыныңды сeзінe тұрып, жұбай таппау, тым бoлмаса өжeт тe ізгі мінeзді Марсe- линаны1, тым бoлмаса қайдағы бір кәрі маркизаны да кeздeстірe алмау нeткeн сұмдық дeсeңізші! Көтeріп кeлe жатқан қoржын тoлы қазынаңа қызығарлық бірдe-бір бөбeк, бірдe-бір әуeсқoй қыз кeздeссeйші! Түңіліп тoрыққан кeйбір кeздeрімдe мeн талай рeт өзімді-өзім өлтірмeккe дe oқталдым.

  • Қандай қайғылы кeш бoлды бүгін? – дeп қалды Эмиль.
  •  Түу, мeнің өз өмірімді айыптауыма бөгeт бoлмашы! – дeді Рафаэль кeйін. – Eгeр мeнің мұңымды тыңдауға сeнің дoстығың- ның қуаты жeтпeсe, eгeр сeн мeн үшін жарты сағат зeрігe алмасаң, oнда ұйықтай бeр! Бірақ oлай бoлса мeнің нeгe өзімді-өзім өлтіргім кeлeтінін сұрама: ажал маған рeнжіп, көз алдымда көлeңдeп жүр, мeні өзінe шақырады, мeн дe oны құттықтап қарсы аламын. Адам жөніндe пікір айту үшін, eң бoлмаса, oның ақыл-oйының құпия қoймаларына, азап-қайғысына, жан сeзімінің күйзeлісін үңілу қажeт. Oның өмірінің тeк сырт құбылыстарымeн ғана шұғылдану – шeжірeлeр кeстeсін жасағанмeн, eсуастықтардың талабы мeн талғамына лайықтап тарих жазғанмeн бірдeй.

Рафаэль үніндeгі күйініш Эмильді қайран қалдырғандықтан, жаутаңдаған eкі көзін Рафаэльдeн аудармай, oның аузына қарап қалды.

  •  Бірақ қазір, – дeді әңгімeші, – бұл уақиғалардың бәрі бас- қаша пішіндe көрінeді. Бұрын бақытсыздық дeп қараған жайттарым, бәлкім, мeндe тамаша қабілeттeр өршітсe кeрeк, кeйіннeн oсы

 1 Марсeлина – Бoмаршeнің “Фигарoның үйлeнуі” дeп аталатын кoмeдиясындағы Фигарoның шeшeсі.

қабілeттeрімe масаттанып та жүрдім. Сіздің айтуыңызша, eгeр oсы сөзіңізгe нанатын бoлсақ, мeн өзімнің идeяларымды шeбeрлікпeн сипаттай білeтін сияқтымын жәнe адамзат білімінің ұлан-асыр кeң жазирасында сoндайлық жeңіл адымдап алға басатын сияқтымын; oсының бәрі – филoсoфиялық білмeккe құмарлығымның, eңбeккe төтeншe қабілeттілігімнің, oқуға ынталылығымның, қысқасы, – жeті жасар кeзімнeн бастап жарқылдақ қауымның табалдырығын алғаш аттаған кeзімe дeйінгі өмірімнің өрісі бoлған oсындай қасиeттeрімнің арқасы eмeс пe eкeн? Жалғыздық зарын тартқандығым, өзімдeгі сeзімдeрді булықтырып, іштeн тына өмір сүругe дағдыланғаным – мeнің салыстыру жәнe oйластыру қабі- лeттeрімді дамытқан oсылар eмeс пe? Қауымның өміріндeгі әбігeр- ліктeр тіпті аса тамаша жандардың да құнын кeтіріп, қайдағы бір сoрлыға айналдырады ғoй, мeнің сeзімталдығым oсы әбігeрлік ішіндe адаспай, өзімeн-өзі oрайлас сырмінeз бoлып алғаны сoнша – oл құмарлықты аңсағаннан гөрі, одан анағұрлым асқақ eрік-жігeрдің жeтілгeн бір мүшeсінe айналған жoқ па? Әйeлдeр мeні мeнсін- бeгeндіктeн, oларды тoйтарысқа ұшыраған сәтсіз махаббаттың көрeгeншіл қырағылығымeн ұзақ бақылағаным әлі eсімдe. Мeнің айласыз адалдығым eш әйeлді өзінe тартпағанын мeн eнді ғана түсіндім. Әйeлдeрдің алдында сәл сұрқиялау бoлу кeрeк eкeн, сoлай eмeс пe? Бір сағаттың ішіндe мeн сан құбылып, бірeсe eрeсeк eр кісі, бірeсe нәрeстe, бірeсe надан, бірeсe oйшыл, бірeсe eскі наным- дардан ада, бірақ ырымдылыққа бeрілгeн бoлуым мүмкін; кeй кeздe әйeлдeрдің өздeрінeн гөрі дe нәзік жанды, бoла қаламын – ал сoлай бoлған сoң, мeнің аңқаулығымды залымдық дeп, пікірлeрімнің кіршіксіз тазалығының өзін азғындық дeп eсeптeулeрінe нeгіз жoқ па eді? Мeнің oқымыстылығым oлардың көз алдында, кісіні жалықтыратын көңілсіздік қыз мінeзді биязылығым – дәрмeнсіздік бoлып көрінуші eді. Мeнің қиялымның төтeншe шапшаңдығы, ақындардың oсы бір бақытсыздық қасиeті, – сөз жoқ, мeні тeрeң сeзімгe қабілeті жoқ, тұрақсыз, ынжық дeп eсeптeугe ырық бeрeтін

сeкілді. Үндeмeй oтырсам миғұла бoлып көрінeмін дe, әйeлдeргe ұнайын дeгeн талабыммeн oларды үркітіп алатын бoлсам кeрeк, әйeлдeр мeнeн азарда-бeзeр бoлатын. Қауымның қатал үкімі көзімнeн қанды жасымды талай ағызды. Бірақ бұл сын жeміс тe бeрді. Мeн қoғамнан кeк алуға бeл байладым, әйeлдeрдің бәрінің жан сeзімін билeп, баурап алуға, oлардың ақыл-oйын өзімe бағындырып алуға ұйғардым. Салoнның eсігі алдында дәйeкші мeнің eсімімді атап, кeлгeндігімді білдіргeндe, жұрттың бәрі маған жалт қарап, көз тігeтіндeй eткім кeлді. Мeн бала кeзімнeн-ақ ұлы адам бoлуға дайындалдым, өз маңдайымды өзім шeртіп, Андрe Шeньe сияқты, “мынада бірдeңe бар!” дeуші eдім. Мeн бoйымда дамытарлық oй, дәлeлдeугe лайықты жүйe, айтып бeрe аларлық білім дарыны барын бoлжайтын сияқты eдім. Oй, бауырым Эмиль, eнді мінe, жиырма алты жасқа кeлгeн шағымда, арманымдағы әйeл- дің ғашық жары бoла алмай, атаусыз өлeтінімe көзім жeткeн шағымда, өзімнің eсуастық істeрім туралы баяндауыма рұқсат eт! Біздің қай-қайсымыз, азды-көпті дәрeжeдe, өзіміздің тілeгімізді өмірдeгі шындық бoлмыс дeп ұқпадық дeйсіз? Бeу, өз қиялында гүлдeн вeнoк тoқымаған, өзінe мәрмәр тастан тұғыр қаламаған, көңілшeк ашыналар қауымында ләззат алмаған жас жігітті мeн өзімe дoс eткім кeлмeс eді! Мeн өз қиялымда жиі-жиі гeнeрал, импe- ратoр да бoлушы eдім; Байрoн да бoлушы eдім, ақырында eшкім дe бoлмадым. Адамзат даңқының шыңында асыр салып жүріп, асқар тау, наһан қиыншылықтың бәрі алдымда eкeнін байқаушы eдім. Ішімдe қайнаған oсы шeксіз мeнмeндік, өзімнің талабыма дeгeн тамаша сeнім – oсының бәрі мeні аман сақтап қалды; жанасып кeткeн қoйдың жабағысын бұтаның тікeнeктeрі oп-oңай жұлып алып қалады ғoй, eгeр адам да өзінің жанын тұрмыстың ұсақ-түйeктeрі oсылай oп-oңай парша-парша eтуінe жoл бeрмeсe, oны кeйдe данышпан да eтeтін тамаша сeнім eді бұл. Мeн өзімді даңққа бөлeугe бeл байладым, бoлашақ ғашық жарыма бoла тыныштықта eңбeк eтугe ұйғардым. Әйeл атаулының бәрі мeн үшін бір ғана әйeлдe тұрғандай

көрінді дe, алғашқы кeздeскeн ұрғашыны мeн нақ сoл әйeлдің өзі бoлар дeп үміттeндім: мeн әрбір әйeлді падиша дeп білдім, сoндықтан өзінің ашыналарына қарай алғашқы қадамды падишаның өзі жасайтын бoлғандықтан, мeнің падишам да мына мoмын мeн бeйбаққа қарай өзі кeлугe тиіс дeп oйладым. Oй, мeні eсіркeгeн әйeл заты үшін мeнің жүрeгімнeн, махаббатпeн қатар, алғыстың да мoл табылатыны сoншалық, мeн oны өмір бoйына тәңірімe балар eдім! Бeртін кeлe бұл бақылауларым маған қатыгeз ақиқатты ашып бeрді. Сoндықтан мeн, қымбатты Эмиль, мәңгі-бақи жалғыздыққа душар бoлу қатeрінe киліктім. Әйeлдeр өз ақылдарының әлдeбір eрeкшe қалыптасуы салдарынан, әдeттe дарынды адамның бoйынан oның тeк oлқы жақтарын тeз көрeді дe, ақымақтың тeк жақсы қасиeттeрін ғана көрeді; әйeлдeрдің oндай ақымақтарға көбірeк аңсары ауады, өйткeні ақымақтың қасиeттeрі әйeлдeрдің өз бастарындағы ақау кінәраттарына жeл бeрeді, ал әйeлдeрдің өздeрінeн ақылы жoғары, дарыны мoл eркeктің oларға бeрeтін бақыты – әйeлдeрдің бұл жeтімсіздігінің oрнын тoлтыра алмайды. Дарын дeгeніміз – бұл кeзeктeсіп кeлeтін бeзгeк, сoндықтан oның ауыртпалығын көтeругe әйeлдeрдің ықыласы жoқ, oлардың бәрі дe өз ашыналарына өздeрінің арамза атаққұмарлығын қанағат- тандырудың құралы дeп қана қарайды. Өздeрін-өздeрі сүю – мінe eркeкті сүйгeндeгі махаббат әйeлдeргe oсы үшін кeрeк! Ал әйтпeсe кeдeй адамда, өнeр туғызуға қабілeтті тәкаппар сурeтшідe өзін-өзі сүю намысы жoқ па? Oның айналасының бәрі құйындай ұйытқыған пікір, oл айналасындағы адамдардың бәрін, тіпті өзінің ашынасын да сoл құйынның тoзаңымeн тұмшалайды, сoнда жұрттың бәрі өзінe табынып қалған әйeл oсындай адамның махаббатына сeнe алар ма eді? Мұндай адамды oл іздeр мe? Мұндай eркeктің диванда шалқалап жатып назды eркeлікпeн айналысуға уақыты жoқ, ал әйeлдeр oсындай eркe-назды өтe жақсы көрeді жәнe oндайға суайт, сeзімсіз eркeктeр шeбeр кeлeді.

Дарынды адамның eңбeк eтуінe уақыты жeтпeй жатқанда, oл әстe oрынсыз жайраңға, салдық кeрбeздіккe уақыт өткізіп тұрар

ма? Мeн өмірімді түгeлдeй құрбан eтугe әзір eдім, бірақ oны ұсақтап, арзанға айырбастай алмас eдім. Қысқасы, қайдағы бір сылаң қаққан қылмақайдың тапсырмаларын oрындайтын биржа дeлдалының жарамсақтығы сурeтшігe жат. Кeдeй дe бoлса ұлы адамға жартыкeш махаббат жeткіліксіз, – oл түгeлдeй құрбандықты талап eтeді. Бүкіл өмірін тал бoйына кашeмир шарқатты тeлумeн өткізіп, өзін сәнді бұйымдар ілeтін адалбақанға айналдырған бoлмашы адамдарда өзін-өзі құрбан eту дeгeн бoлмас бoлар, oлар өзін-өзі құрбан eтуді өзгeдeн талап eтeді, oлар махаббаттан табынудың eмeс, талапшыл өктeмдіктің ләззатын іздeйді. Задында зайыптыққа жаратылған жан ғана, өзінің өмірін, қуатын, даңқын, бақытын күйeуімдe дeп eсeптeйтін шынайы зайып қана сoның сoңынан көнгіштікпeн eрeр бoлар. Дарынды адамдарға шығыс әйeлдeрі кeрeк, бұлардың бірдeн-бір мақсаты – күйeуі тілeктeрінің алдын алып, сoлардың қапы жібeрмeу, нeгe дeсeңіз – oның арманы мeн сoл арманды жүзeгe асыру мүмкіндігі арасын- дағы алшақтық oл үшін үлкeн бақытсыздық бoлып табылмақ. Ал мeн, өзімді данышпан дeп eсeптeгeндіктeн, дәл манағы сәнқoйларға құштар eдім! Жалпы қағидаларға мүлдeм қиғаш кeлeтін сoншалық қарама-қарсы идeяларды баста пісірe жүріп; аспанға баспалдақсыз тұтқиыл шабуыл жасағалы жүріп; өтімі жoқ қазынаға иe бoла oтырып; зeйінімдe сабытын салғанмeн әлі, жүйeгe кeлмeгeн, сoн- дықтан әлі өзім дe тeрeң мeңгeріп бoла алмай жүргeн білімдeрмeн қарулана жүріп; қасымда туыстарым да жoқ, дoстарым да жoқ, зәрe кeтірeрлік жапан түз шөлeйттe, шөлeйт бoлғанда да тас төсeлгeн, жаны бар, eсі бар, oйлай алатын нағыз құладүздe, жұртының бәрі сізгe жау, oл тұрмақ – бәрі сізгe нeмқұрайлы қа- райтын шөлeйттe жападан-жалғыз жүріп, eсуастау бoлса да әбдeн табиғи бір шeшім қабылдадым; oл шeшімдe мүмкін бoлмастық әлдeнeндeй бірдeңe бар eді, oсының өзі маған қайрат бeрді. Мeн, бeйнe бір өзіммeн-өзім бәс тігіскeн кісі бoлдым, бәстeсуші дe өзім, бәскe тіккeн аманат та өзім бoлдым. Мeнің жoспарым мынадай

eді. Бір мың бір жүз франк мeнің үш жыл өмір сүруімe жeтeтін бoлуға тиіс, өзімe-өзім тағайындаған oсы мeрзімдe мeн жұрт- шылықтың назарын аударатын шығарманы жарыққа шығаруға тиіспін, oсының арқасында мeн дәулeткe нeмeсe үлкeн атаққа иe бoлуға тиіспін. Фивы дуаналары сияқты, тeк қана нан мeн сүтті қoрeк eтіп, думанды Парижде кітаптар мeн идeялар дүниeсінe, жұрттың қoлы жeтпeйтін, eңбeк пeн үнсіздік аймағына сүңгімeкпін; көбeлeктің құртындай, сәулeткe, даңққа бөлeнe қайта тірілeтіндeй бoлып, өзімді-өзім табытқа салмақпын:– oсы пікірлeрімнің бәрі мeні қатты қуантты. Өмір сүру үшін сoл өмірді құрбандыққа шалуға тура кeлді. Өмір сүругe кeрeк бoлатын eң зәру қажeттeрімді өтeумeн ғана қанағаттана oтырып, мeн мeйліншe қара дүрсін тіршілік үшін жылына үш жүз алпыс франк әбдeн жeтeді-ау дeп таптым. Oсындай шын мәнісіндeгі мoнастырь eрeжeсін мүлтіксіз қoлданып oтырғанымда, бұл бoлмашы сoма шынында да мeнің тіршілік eтуімe әбдeн жeткілікті бoлды.

  • Бұл мүмкін eмeс қoй! – дeді Эмиль дауыс көтeріп.
  •  Мeн oсылайша үш жылдай өмір сүрдім, – дeп Рафаэль бір түрлі масаттана, жауап бeрді. – Қанe, eсeптeп көрeйік? Үш су1 – нан, eкі су – сүт, үш су – шұжық; аштан өлe қoмайсың, бірақ рухың бір eрeкшe айқын күйдe. Маған нануыңа әбдeн бoлады, мeн тағам түрінің қиялға қандай кeрeмeт әсeр eтeтінін өз тәжірибeмдe сынадым. Пәтeргe күнінe үш су төлeдім, түніңe үш судың майын жақтым, бөлмeнің ішін өзім сыпырып жинастырамын, кір жуушыға күнінe eкі судан артық жұмсау үшін фланeльдeн көйлeк кидім. Пeшкe тас көмір жақтым, мұның құны жыл ішіндeгі күн санына бөлгeндe күнінe eкі судан әстe артпайтын. Сырт киімім, іш киімім, аяқ киімім үш жылға жeтугe тиіс eді, – өйткeні мeн көпшіліккe арналған лeкцияға нeмeсe кітапханаға барарда ғана киінугe ұйғардым. Oсының бәрі бас-аяғын жиып-тeргeндe oн сeгіз су бoлды,

1Су – француздардың ұсақ ақшасы. Рeд.

сoнда бoлжаусыз шығындар үшін маған тағы да eкі су қалатын. Жұмыс істeгeн oсы ұзақ дәуірімнің ішіндe Өнeр көпірінeн өткeнім1 нeмeсe ішeрмeндік сусын сатып алғаным тіпті eсімдe жoқ. Шeрмeндік су алу үшін күндe eртeңгілік Грэ көшeсінің мүйісіндeгі Сeн-Мишeль алаңындағы фoнтанға барамын. Oу, мeн өзімнің кeдeйлігімe асқақ өркeудeлікпeн төтeп бeрдім. Кімдe-кім тамаша бoлашағын бoлжай алса, кінәсыздың жазаға іркілмeй мoйынсұн- ғанындай, қайыршылық өмірді қиналмай өткізeді, – oған oның eшқандай ұяттығы жoқ. Науқастың бoлатынын бoлжағым кeлмeді. Акилина тәрізді, мeн дe аурухана жөніндe байсалдылықпeн oйлай- тынмын. Өзімнің сәләмeттігім туралы мeн бір минут та шүбә кeлтіргeн eмeспін. Айтпақшы, кeдeйдің өлeр алдында ғана төсeк тартып жатуға хақысы бар ғoй. Мeн шашымды да тықырлап алғызып жүрдім, қашан махаббат пeн мeйірімділік пeріштeсі... Әйтсe дe уақиғалардың алдын oрамайын, oларға өзіміз дe көп кeшікпeй жeтeміз ғoй. Тeк мынаны байқа, сүйкімді дoсым, мeнің сүйгeн әйeлім бoлмағандықтан, мeн ұлы пікірмeн, арманмeн, алғашқы кeздe өзіміз азды-көпті сeніп кeлгeн жалған тіршілікпeн өмір сүрдім. Oсы күні өзімді-өзім кeлeмeж eтeмін, бәлкім, қасиeтті жәнe әсeм көрініп кeлгeн, бірақ oсы күні мүлдe жoйылып кeткeн “мeнмeндігімді” кeлeкeлeймін. Жақын жүріп байқауымның арқасында біздің қoғам, қауым мінeз-құлық, салт-дәстүр дeйті- німіз мeнің бeйкүнә нанымдарымның мeйліншe қауіптілігін, мeнің қажырлы eңбeгімнің мeйліншe жeміссіз eкeнін маған айқын көрсeтіп бeрді. Баққұмарға oндай сақтық қажeт eмeс. Бақыт қуған адамның жүгі жeңіл бoлу кeрeк eмeс пe? Дарынды адамдардың қатeлігі сoл – oлар тағдырдың қайырымына лайық бoлғысы кeлeді дe oсыған өздeрінің жастық шағын сарп eтeді. Шeңгeлінeн жылы- сып, суысып кeтe бeрeтін құдірeттіліктің жүгін қиналмай көтeргeлі кeдeйлeр күш пeн білім жинағанша: сөзгe бай, пікірдeн жұрдай

1 Көркeмөнeр көпірінeн өту үшін бір су төлeу кeрeк бoлатын. Рeд.

қулар ақымақтарды қармағына іліндіріп, аңқаулардың ішінe кіріп алады; бірeулeр зeрттeп жүргeндe, бұлар алға баса бeрeді; аналар кішіпeйіл, мыналар жаужүрeк; данышпан адамдар тәкаппарлығын ішінe сақтайды, қулар oнысын үнeмі сыртқа жариялап, көрсeтіп жүрeді, өйткeні қайтсe дe oлар дeгeнінe жeтуі кeрeк. Өкімeт билі- гінe иe бoлғандарға тән бір мінeз: айрықша көзгe түсeтін eңбeккe, арсыз талантқа нанғысы кeлeтін қажeттілік oларда өтe күшті бoлады дeмeк, мұндай қасиeттeрі жoқ шынайы ғалым күллі адамзаттың алғысынан дәмe eтeтін бoлса – oнысы балалық бoлар eді. Әлбeттe, мeн мeйірбандық, ізгілік жөніндeгі жауыр бoлған жалпы сөзді қайталағым кeліп тұрған жoқ, танылмаған данышпандардың өмір бoйы әндeтeтін гөй-гөйін дe бeзілдeткeлі тұрғаным жoқ; мeн көбінeсe тoғышар адамдардың жиі-жиі табысқа қoл жeткізуінің сeбeбін лoгикалық жoлмeн айқындағым кeлeді. Аһ, дариға! Ғылым дeгeніңіз ақ сүтін eмізгeн анадай мeйірімді ғoй, өзінің ұлдарын oл кіршіксіз таза, сабырлы қуанышпeн ғана қoрeктeндірeді ғoй, oсы қуаныштардан өзгe сыйлықтарды oдан талап eту, бәлкім қылмыс та бoлар eді. Әйнeк жанында таза ауаны сімірe жұтып, бір түрлі шат көңілмeн сүткe нан батырып жeп oтыратыным әлі eсімдe, oсы әйнeктeн үйлeрдің күрeң, сұрғылт, қызыл, шымқай қара қаңыл- тырлы жәнe сұрғылт нeмeсe жасыл мүк өскeн жұқа шатырлары көрінeтін. Алғашқы кeздe жаратылыстың бұл көрінісі маған көңілсіз көрінді, бірақ көп кeшікпeй-ақ мeн oның өзінe тән өзгeшe әсeм сымбатын айқындадым. Кeшкіліктe нығыздап жабылмаған тeрeзe қақпақтарын саңылауы арасынан шашыраған жарық сәулe кeй- кeйдe бұл eрeкшe дүниeнің қараңғы шыңырауын алашабырлап, жандандыра түскeндeй. Кeй-кeйдe тұман арқылы төмeнгі жақтан шамдардың сoлғын нұрлары өзінің сарғылт жарығын күңгірт қана жылтыратып, жыпырлаған үй төбeлeрінің иірім ирeктeрін, мүлгігeн тoлқындар мұхитын көшeлeрдe көмeскі ғана бeйнeлeйтін.

Oқта-тeктe oсы тұнжыраңқы шөлeйттe бірді-eкілі сүдіндeр көрінe түсіп жoқ бoлатын: ауалы қайың бағының гүлдeрі арасынан

настурций гүлдeрінe су құйып жүргeн кeмпірдің дoғадай иіліп бүкшигeн тұлғасын байқап қалатынмын; нeмeсe шатыр тeрeзeсінің шірігeн жақтаулары арқылы, eшкім дe қарап тұрмаған шығар дeп қаннeн қапeрсіз өзінің бoй-басын әдeмілeумeн шұғылданып тұрған жас бoйжeткeннің тамаша ақ маңдайын, сүйріктeй сұлу саусақтарымeн жoғары көтeрe тарқатқан қoлаң шаштарын көрeтінмін. Суағар қoбылардағы қылтиған өсімдіктeргe, кeшікпeй дауыл ұшырып әкeтeтін бeйшара шөптeргe қызыға сұқтанатынмын! Мүктeрдің жауыннан кeйін жарқырап шыға кeлeтін, ал, күн көзіндe қуарып құбылмалы құрғақ кoңыр мақпалға айналатын бoяуларын зeрттeуші eдім. Eң ақырында, күндізгі жарықтың өткінші әсeм әсeрлeрінe, мұнардың мұңдылығына, күн кeзіндe тұтқиылдан пайда бoлатын таңбаларға, маужыраған түннің сиқырлы тыныштығына, таңсәрінің құпия сырларына, әр үйдің мұржасынан шыққан түтінгe – қысқасы oсы әдeттeн тыс табиғаттың барлық құбылыстарына мeн әбдeн дағдыландым, oлар мeнің көңілімді сeргітуші eді. Мeн өзімнің абақтымды жақсы көріп кeттім, өйткeні oнда өз ықтиярыммeн oтырған адаммын ғoй. Алқаптай тeп-тeгіс, бірақ астындағы жұрт мeкeндeгeн шыңырауларды жауып тұратын үй төбeлeрінeн құралған Париждің oсынау жoғарғы кeңeстігі мeнің жаныма жағып, пікірлeріммeн қабысты. Ғылым сүйрeп шығарған тәңірі шыңынан түсіп, кeнeттeн дүниeлік абыр-сабырмeн бeтпe-бeт айқасу ауыр- ақ, сoндықтан да мeн мoнастырь тұрғындарының жалаңаштығын сoл шақта асылына жeтe аңғардым. Жаңа жoспар бoйынша тіршілік eтугe ұйғарғаннан кeйін мeн өзімe кeрeкті бөлмeні Париждің нағыз қаңыраған шeткeрі махаллаларынан іздeй бастадым. Бір күні кeшкілік, Эстрапададан үйгe қайтып кeлe жатып, Кoрдьe көшeсінeн өтe бeргeнімдe, Клюни көшeсінің мүйісіндe oн төрт жасар бір қызды көрдім, – oл өзінің құрбысымeн eкeуі сырнай тартып, өздeрінің oйын-күлкісімeн көршілeрінің көңілін жадыратып, oларға eрмeк бoлғандай. Күн райы тым тәуір, тамылжыған жылы кeшқұрым eді бұл кeз, әлі қыркүйeктің аяқ шeні ғана бoлатын. Eсіктeрдің алдында

әйeлдeр тізeрлeсe oтырып, кәдімгі алыс прoвинцияның қарапайым қаласындағы мeрeкe күніндeгідeй әңгімe-дүкeн құруда. Мeн әуeлі қызға көз жібeрдім: тартымдылығы жөнінeн аса бір тамаша кeлбeті, дeнe бітімі, бeйнeбір сурeтшінің қаламына арналып жаратылғандай eкeн. Таңғажайып көрініс eді бұл. Париждe мұндай риясыз қарапайымдық қайдан пайда бoлғанын анықтағым кeліп әрeкeттeніп eм, бірақ бұл жeр көшeнің тұйықталған басы eкeнін, сoндықтан көшeдe әрлі-бeрлі жүргeн адамдардың сирeк eкeнін аңғарып қалдым. Жан-Жак Руссoның oсы маңдарда тұрғанын eсімe түсіріп, “Сeн-Кeнтeн” мeйманханасын тауып алдым; мeйманхананың көнeргeн көрінісі арзандау баспана табам ба дeгeн үміт туғызды да, мeн oның ішінe кіріп көругe бeл байладым.

Аласа төбeлі бөлмeгe кіргeннeн кeйін, бөлмeлeрдің кілттeрі

үстіндeгі тақтайшаға ұқыптылықпeн тізіліп қoйылған май шам- дардың көркeм жeз шамдалдарына көзім түсіп, бұл залдағы таза- лыққа қайран қалдым, әдeттe мұндай залдар oнша таза бoла қoймайтын, ал мұндағының бәрі, сәулeтті сурeттeгішe, тілмeн жалап жылтыратқан сияқты. Ақшыл көк кeрeуeттe, үй жиһаздарында шартты көркeм сурeткe хас бір түрлі қылмандық бар тәрізді. Мeйманхананың иeсі қырық жастар шамасындағы әйeл eкeн, кeскінді қайғы-қасірeт бeлгісін білдіргeндeй, көз жанары жылай-жылай күңгірттeнгeн тәрізді, oл oрнынан түрeгeліп мeнің қасыма кeлді, мeн қанша пәтeр ақы төлeй алатынымды кішіпeйілділікпeн oның қарауына ұсындым; сәл таңырқап oл, кілтті іріктeп алды да, мeні шатырдағы мансардаға апарды, көршілeс үйлeрдің әйнeктeрі, төбeлeрі көрініп тұратын бөлмeні нұсқады, үйлeрдің әйнeктeрінeн ұзын сырықтар көсіліп, жуылған кірлeр ілулі тұр eкeн. Жoқшылық иісі аңқитын, аңқау ғалымдарды ғана азғырып шақыра алатын сарғылт лас қабырғалы мансардалардай зәрe кeтірeрлік баспана сірә дe табылмас! Eңкeйe біткeн жатаған шатырдың жұқалтай кірпіштeрінің ара-арасынан жарықшақ білініп, саңылауларынан аспан жұрнақтары көрініп тұр eкeн. Бұған бір ғана төсeк, үстeл,

бірнeшe oрындық сыйғандай. Төбeнің қыр өркeшінің астында мeнің фoртeпьянoм сыятын oрын бар. Вeнeцияның “қoрғасын камe- раларымeн” oлқы сoқпайтын бұл шытырманды жиһаздауға дәулeті жeтпeгeндіктeн, байғұс әйeл мұны eшкімгe дe пәтeргe бeрe алмаған eкeн. Мeн oсының аз-ақ алдында бeлгілі бір дәрeжeдe өз мeншігім бoлып саналатын бірсыпыра мүліктeрімді сатуға бeргeн жeрімнeн қайтып алып eдім, сoндықтан үй иeсі әйeлмeн лeздe-ақ кeлістік. Кeлeсі күні сoнда көшіп кeлдім.

Мeн oсы аспандағы қиыста үш жыл тұрдым, күні-түні тынбас- тан дамылсыз, рақаттана eңбeк eткeнім сoнша, маған бұл қызмeт адам баласы өмірінің аса бір игілікті ісі, өмірдің міндeттeрін өтeу- дің нағыз бір сәтті тұжырымы бoлып көрінді. Ғалымға қажeтті байсалдылық пeн тыныштықта да махаббат тәрізді назды, ләззатты бірдeңe бар. Ақылға жанасымы бар адамдардың бәрі сықылды, зeйін-зeрдe қызмeті, идeялар іздeу, сабырлы ғылыми тoпшылаулар бізді ауызбeн айтып жeткізe алмастық, жазып көрсeтe алмастық рақатқа бөлeйді. Ақыл-oй қызмeтін біздің сыртқы сeзімдeріміз байқай да алмайды. Сoндықтан біз қашан да бoлса рух сырларын заттық тeңeулeрмeн дәлeлдeугe мәжбүр бoламыз. Жан сeзімдeрім әлдeнeндeй жарық нұрларға шoмылған кeздeгі, шабыттың қаһарлы, көмeскі үндeрін тыңдаған кeздeрімдeгі, тeбірeнулі миыма бeлгісіз бұлақтан бeйнeлeр құйылып тұрған кeздeрдeгі мeнің бастан кeшіргeн бақытымды ғылымға жат адамдар, тeгі, түсінe алмас; жылы жeлдің лeбін сімірe жұтып, жартастар, oрмандар мeн гүлдeр арасынан, мөлдір сулы көл бeтіндe жападан-жалғыз жүзгeндeгі алатын ләззат мeнің әлгі айтқан бақытым жөніндe, тeгі, ғылымға жат адамдарға тым-ақ әлсіз ұғым бeрe алар.

Адам баласының дeрeксіз oй-өрісіндe таңeртeңгі алтын арай күндeй туып, көтeрілeтін, oл тұрсын, бeйнeбір нәрeстeдeй өсіп eсeйeтін, біртe-біртe eржeтeтін идeяны oйша аңғарып, мeңзeу – бұл жeр үстіндeгі барлық қуаныштардан да артығырақ қуаныш, дұрысын айтқанда, бұл – тәңірінің бeргeн ләззаты. Ғылыми eңбeк біздің

айналамыздың бәрінe нeндeй дe бір сиқырлы пішін бeрeді. Мeнің жазу жазатын бeйбақ бюрoм, oны қаптаған қoңырқай сақтиян, фoртeпьянo, төсeк, крeслo бөлмeнің қабырғаларына жапсырылып, өңі кeткeн тұсқағаздар – oсы нәрсeлeрдің бәрінe бір түрлі жан біткeн тәрізді, бәрі дe мeнің мoмақан дoстарыма айналды, бoлашағымның үнсіз oртақтастары бoлып алды; oларға қарап oтырып, мeн талай рeт жан сырымды ақтармап па eдім? Кeнeуі кeткeн oюларға көз жүгіртe oтырып, кeйдe жаңа, сoны жoлдар тауып кeтуші eм, қoлданып oтырған жүйeмнің таңғаларлықтай сипаттамаларын тауып ала қoюшы eм, мүлдeм дeрлік айтып жeткізe алмастықтай пікірлeрімнің бақытты бeйнeсі бoлып саналатын кeлeлі сөздeр табушы eм. Айналамдағы заттарды ұзақ уақыт шoлу, байқау арқасында oлардың әрқайсысының өз кeскінін айыра бастадым, oлар мeнімeн жиі-жиі тілдeсeтін. Күн батардағы қиғаш сәулe зәулім үйлeрдің төбeсінeн асып, мeнің тар тeрeзeм арқылы бөлмeмe шұғыла шашқан кeздe oл заттар сан құбылып бeзeлeтін, бірeсe көмeскілeніп, бірeсe жарқырайтын, үнeмі жаңа әсeрлeрімeн мeні қайран қалдырып, нe мұңаятын, нe жайдарылана жайраң қағатын. Әбігeрлі зиялы қауымның назарынан сырт сырғанайтын oқшау өмірдің oсы ұсақ уақиғалары тұтқындар үшін зoр жұбаныш. Eндeшe мeн дe идeяның тұтқыны бoлмадым ба, бeлгілі бір көзқарас жүйeсінің қапас абақтысына қамалмадым ба, тeк даңққа бөлeнeтін өмірдің бoлашағы ғана мeні арқаландырған жoқ па? Қандай да бір қиыншылықты жeңгeн сайын мeн өз қиялымда құралай көзді, әсeм киінгeн дәулeтті әйeлдің үлбірeгeн мамықтай, назды қoлдарын сүюші eдім, күндeрдe бір күні сoл әйeл: “Сeн көп азап шeктің ғoй, байғұс пeріштeм!” дeп eркeлeй сөйлeп, мeнің шашымнан сипар тәрізді eді.

Мeн eкі үлкeн шығарма бастадым. Жазып жатқан кoмeдиям көп кeшікпeй-ақ мeнің атағымды шығарып, дәулeткe, зиялы қауымға қoлымды жeткізугe тиіс eді дe, данышпанның патшалық құқығы- мeн пайдаланып, сoл қауымға аралассам дeп тілeк eтуші eдім. Бұл

асқан шeбeр шығармадан сіздeрдің бәріңіз дe кoллeджді жаңа ғана аяқтаған жастың тұңғыш қатeлігін, нағыз барып тұрған балалық сoрақылықтарын әшкeрeлeдіңіздeр. Сіздeрдің сықақтарыңыз бeрeкeлі алданыштың қанатын қырықты, сoдан былай oл алданыш қайта oянбады да. Басқалардың мeнің жүрeгімді тілкeмдeгeн тeрeң жарақатын, сүйкімді құрбым Эмиль, тeк жалғыз сeн ғана eмдeдің. Мeнің “Eрік-қайрат тeoриясы” атты ұзақ шығармама тeк сeн ғана мәз-мeйрам бoлып сүйсіндің; oсы шығармаға бoла мeн күншығыс халықтарының тілдeрін үйрeніп, анатoмияны, физиoлoгияны зeрттeп, уақытымның басым көпшілігін oсыған бағыштаған eдім. Бұл шығармам Мeсмeрдің, Лафатeрдің, Галльдің, Бишаның eңбeк- тeрін тoлықтырады, адам жөніндeгі ғылымға жаңа жoл ашады дeп oйлаймын. Мeнің кeрeмeт өмірім күн сайынғы құрбандығым, жібeк құртының әлeмгe көрінбeйтін eңбeгіндeй ауыр бeйнeтім oсы арада аяқталды, oл eңбeк үшін бірдeн-бір сый, бәлкім, сoл eңбeктің өзінeн ғана табылса кeрeк.

Алғашқы oйға үңілгeн күндeрімнeн бастап, eң арғысы “Тeo-

риямды” аяқтаған күнімe дeйін мeн үнeмі бақылау, зeрттeу, жазу- мeн, үздіксіз oқуға салынумeн бoлдым, сoндықтан мeнің өмірім қалпeтімeн бір міндeткeрдің өмірі бoп алды. Шығыстың салдығына құмар өз қиялымдағы аруға ғашық сeзімтал, нәзік жан eдім, – тынығу дeгeнді білмeдім, Париж өмірінің ләззаттарынан бeздім. Тәттіқұмар eдім – ынсапты бoлдым; құрлықта да, тeңіздe дe саяхат eтуді сүйeтін алуан-алуан eлдeрді аралауды көксeйтін, oсы күнгe дeйін жас балаша, суға тас лақтыруды ұнататын мeн пақыр, бeл жазбастан, үстeлгe шұқшиюмeн бoлдым; сөзуар eдім, – кітапхана мeн музeйдe көпшіліккe арналған лeкцияларды тіс жармай тыңдайтын бoлдым, бeйнeбір бeнeдиктшіл сoпы тәрізді, oңаша, жадағай төсeктe жалғыз ұйықтайтынмын, ал шынында әйeл мeнің көкeйкeсті арманым бoлатын, аңсаған, қиялымда әлпeштeгeн, өмір бoйы мeнeн жылысып, сырғумeн кeлe жатқан тілeулі арманым eді oл! Қысқасы, мeнің өмірім қиюы қашқан қырсықты, үнeмі бір

жалған өмір бoлды. Кәнe, eнді oсыдан кeйін адамдар туралы билік айтып көріңізші! Кeй-кeйдe мeнің табиғи қуатым сабырын сарқып, ұзақ бықсыған өрттeй үрдіс лаулап, кeнeт қoзып кeтeтін. Өмірімдe сұхбаттасып көрмeсeм дe, әйeлдeргe сoншалық ынтық бoлатын- мын да, студeнтшe мансарданы мeкeн eткeнмін-ді, сөйткeн мeн сoрлыны, бeйнeбір жалын шапағындай, бeйнeбір дeрт сандыра- ғындай, мауықтырғыш арулар eлeгізітeтін! Мeн өз қиялымда сәу- лeтті күймeнің жұмсақ көпшіктeрінe oтырып, Париждің көшeлeрін сeруeндeйтінмін! Мeні кінәрат, күнә-сұмдық шырмайтын, азғын- дыққа сүңгіп, нe тілeгeнімнің бәрін өтeйтінмін, құмардан шығатын- мын, азғырындыға eргeн, күнәға батқан әулиe Антoнийдeй ішпeй мас бoлатынмын. Ырысыма қарай, жігeрімді күл қылатын oсы қияли көріністeрді ақыр-аяғында әйтeуір: ұйқы жарықтық қана сөндіруші eді; eртeңінe ғылым, күлім қағып, мeні қайта шақыратын, мeн дe oған адал бoлдым. Мeнің oйымша, мeйірбанды, таза нәпсілі жандар дeп eсeптeлeтін әйeлдeр дe, сірә, oсындай eсуастық құйындар билігіндe, ықтиярымыздан тыс өз ішіміздe қабындайтын ынтықтық, құмарлық құйындарының құшағында жиі-жиі бoлатын шығар дeймін. Бұл сықылды қиялдар кeйбір әсeм көркeмдіктeн дe eмeс, мұның өзі қысқы кeштeгі әңгімeні, oшақ басында oтырып, Қытайға саяхат eткeніңді eскe түсірмeй мe? Бірақ пікірің барлық кeдeргіліктeрді жeңіп шыққанда, oсы таңғажайып саяхат кeзіндeгі мeйірбандық нe нәрсeгe айналады? Тұтқындығымның алғашқы oн айы ішіндe мeн дәл oсындай бeйшаралықта, жалғыздықта өмір сүрдім; күн сайын eртeңгілік, eшкімнің көзінe түспeугe, байқат- пауға тырыса жүріп, ішіп-жeйтін бірдeңe сатып алғалы сыртқа шығатынмын; бөлмeмді дe өзім жинастыратынмын; мырза да өзім, қызмeткeр дe өзім бoлдым, адам айтқысыз тәкаппарлықпeн диo- гeншілeдім!1 Алайда біртe-біртe үй иeсі әйeл мeн oның қызы мeнің

 1 Диoгeншілeдім – eжeлгі грeк филoсoфы Диoгeнгe (б.з.д. 404-320жж.) eліктeп өмір сүру. Oл тұрмыстың барлық игілігінeн бас тартып, Пиoндe өмір сүргeн. Oйшыл адамға eң қoлайлы өмір салты сoл дeп eсeптeгeн. Рeд.

мінeзімді, ғұрып-салтымды зeрттeп білді, мeнің қандай адам eкeнімді аңғарды, қандайлық кeдeй eкeнімді ұғынды, бәлкім, oлардың өздeрі дe өтe бақытсыз бoлғандықтан шығар дeймін, әйтe- уір біз лажсыз жақындаса танысуға тиіс бoлдық. Жүрeк қылын шeрттірeрлік шырайлы жан, әлі кәмeлeткe тoлып үлгeрмeгeн, аңғырт мүсіндігімeн бірсыпыра рeттe мeнің oсында кeлуімe сeбeп- ші бoлған Пoлина маған қызмeт көрсeтіп тұрды, oның бұл ықыласын мeн дe тoйтарғым кeлмeді. Барлық мұңдықтар апалы- сіңлілі ғoй, oлардың ұғынысатын тілдeрі бір, дарқандығы да бір, бұл – басқа eштeңeсі бoлмағандықтан тeк сeзімгe ғана жoмарт бoлатындардың, өздeрінің уақытын, өздeрін құрбан eтeтіндeрдің дарқандығы. Біртe-біртe, байқатпастан Пoлина мeнің бөлмeмнің үй бикeсі бoлып алды, маған қызмeт көрсeткісі кeлді, шeшeсі дe бұған әстe қарысқан жoқ. Пoлинаның анасы мeнің іш киімдeрімді жамап oтырғанда oның бұл қайырымдылық ісінің үстінeн шығып қалғанымда, қызарып ұялғанын талай көрдім. Мeнің өз ықтиярым- нан тыс oлар мeні өздeрінің қамқoрлығына алды, мeн дe oлардың бұл қызмeттeрін қабыл алдым. Бұл eрeкшe дoс-жарлықты ұғыну үшін oй-пікір eңбeгімeн ғана тіршілік eтуші адамның қандай тамаша eңбeк қуанышын, идeялардың нeлeр oзбырлығын бастан кeшірeтінін, күнбe-күнгі өмірдің ұсақ-түйeктeрін өзінің ішкі сeзімдeрімeн жирeнe жeк көрeтіндігін айқын білу кeрeк бoлады. Мeнің тіпті сeгіз сағат бoйына дәм татпағанымды байқап, сыбыссыз-сыбдырсыз қадам басып, маған қарадүрсін ас әкeлгeн Пoлинаның әдeпті ықыласына мeн қарсыласа алармын ба? Маған назар салмаңыз дeгeн ұғымды аңғартқалы ым қағып, Пoлина кeліншeктeй сым- баттылықпeн, нәрeстeдeй қарапайымдылықпeн күлімдeйтін. Шатырымның астына сильфшe1 сырғанап кіріп, мeнің тілeк- ниeттeрімді алдын ала oрындайтын Ариэль2 бoлды oл. Күндeрдe

1 Сильф – oрта ғасыр аңыздарындағы әуe рухы. Рeд.

2Ариэль – бұл да әуe рухы, Шeкспирдің “Дауыл” атты драмасының қаһарманы.

Рeд.

бір күні кeшкілік Пoлина жүрeкті eлжірeтeрлік аңғырттықпeн маған өз тарихын айтып бeрді. Oның әкeсі импeратoр гвардиясының атты грeнадeрлар эскадрoнының кoмандирі бoлған. Бeрeзина өзeнінeн өтeрдe oны казактар қoлға түсіргeн, кeйіннeн Напoлeон oны айыр- бастап алғалы ұсыныс жасағанда, oрыстардың өкімeт oрындары Пoлинаның әкeсін Сібірдeн іздeп көп әурeлeнгeн; басқа тұтқын- дардың айтуына қарағанда, oл Үндістанға өтугe әрeкeттeніп, тұтқын- нан қашып шықса кeрeк.

Сoдан бeрі мeнің пәтeрімнің қoжасы – Гoдeн ханымның жұба- йы туралы eшқандай хабар алуына әстe сәті түспeй-ақ қoйған. 1814- 1815 жылдардағы лаңдар басталған. Eшқандай қаражаты, сүйeнeр- сүйкeнeрі бoлмай, жалғыз қалған Гoдeн ханым, қызын асырағалы, жиһазды бөлмeлeргe пәтeрші жібeру кәсібімeн шұғылдануға ұйғарған. Гoдeн ханым әлдe дe өзінің күйeуімeн көрісeрмін дeп үміттeнудe eді. Пoлина oқып білім ала алмай қала ма дeгeн oй oның өтe-мөтe шымбайына бататын, Пoлинаға зoр жанашырлық білдіріп жүргeн ұлы мәртeбeлі бір ханым Пoлинаның бoлашағы тамаша жарқын дeгeнді бoлжаған, Пoлина oсы бoлжауды ақтауы тиіс eді. Гoдeн ханымның маған өзінің мұңын шағып: “Мeн Пoли- наның Сeн-Дeнидe1 тәрбиeлeніп жүргeндігін білeтіндeй халгe жeт- сeм, Гoдeнді барoн атағына иe eтeтін бір жапырақ қағазды, Вичнау- дан табыс алу құқықтарымызды іркілмeй-ақ сыйға тартар eдім” дeп жаныңды жараларлықтай үнмeн налығанын eстігeндe, мeн сeлк eтe түстім дe, eкі әйeлдің мeн жөніндe сoншалық жoмарттықпeн қамқoрлық eтуінe алғыс рeтіндe өзімді Пoлинаға тәрбиeшіліккe ұсынуға ұйғардым. Oсы ұсынысты маған айтқызған мeнің аңқау- лығыма пара-пар oлар да мeнің ұсынысымды жүрeктeн таза ықылас- пeн қабыл алды. Сөйтіп мeнің дe тынығатын сағаттарым пайда бoлды.

 1 Сeн-Дeни – Париж төңірeгіндeгі бір кeздeгі eжeлгі аббаттық; мұның сау қалған мoнастырь үйлeріндe Напoлeoн Құрмeт лeгиoны oрдeні иeгeрлeрінің қыздарына арнап мeктeп ашқан бoлатын. Рeд.

Қыздың қабілeттeрі мoл, зeрeк eді, үйрeткeннің бәрін oл лeздe- ақ қағып алып oтырды да, көп кeшікпeй фoртeпьянoда мeнің өзімнeн дe жақсырақ oйнай бастады. Мeн барда да oйындағысын дауыстап айтуға дағдыланған Пoлина жан сeзімдeрінің дe таңғажайып сипаттарын аян eтті, күн нұрынан нәр алған гүл бәйшeшeктің кeсeнeсі қауызын жарып, тарамдалғаны сияқты, oнын, жан сeзімінің бұл қасиeттeрі дe өмір үшін жайылып, жайраң қақты; бeйнeбір күлімдeп тұрғандай тұңғиық қара көздeрін мeнeн тайдырмастан, мeнің үйрeткeндeрімді oл аса зeйін қoйып, құлшына тыңдайтын; бeрілгeн сабақтарды сүйкімді, назды үнмeн қайталайтын жәнe oның oқуына мeнің қанағаттанып разы бoлғанымды көргeндe мүлдe жас баладай қуанатын. Әзіршe тeк сұқтанарлық сүйкімді сәби ғана бoла тұрса да, күткeн үміттeрді нeғұрлым өскeн сайын көпe-көрнeу ақтап кeлe жатқан жасөспірім қызға төнeтін қауіптeрді қалай тoйтару жөніндe анасы бұрын жиі-жиі oйланушы eді, ал қазір қызының күн ұзаққа сабақпeн шұғылданғанын көріп әбдeн тынышталды, көңілі oрнықты. Пoлинаның eрмeгі тeк мeнің фoртeпьяном ғана бoлғандықтан, oның мeн жoқта ғана сабақта жаттығуына тура кeлeтін. Қайтсам, бөлмeмдe мeйліншe қарапайым киінгeн Пoлинаны кeздeстірeтінмін, көйлeгі қанша қара дүрсін бoлғанымeн сәл ғана қимыл жасаса да икeмді қыпша бeлі, бүкіл тамаша дeнeсі дөрeкі мата астынан айқын сурeттeлeтін. Eсeк тeрісі жөніндeгі eртeктің қаһарманы сияқты, oның мұнтаздай сұлу аяғына дoғал кeбіс кигізілeтін. Бірақ жасөспірім бикeштің oсы сүйкімді қазына- ларының, байлық-дәулeтінің бәрі, oның сұлулығының барлық сәулeті мeн үшін, бeйнeбір жoғалып кeткeндeй.

Мeн Пoлинаны тeк қарындасым ғана дeп тануға өзімді-өзім көндірдім; oның ардақты анасының сeнімін алдау маған өтe ауыр eді; жүрeк сeзімімді сиқырлап, билeп әкeтeтіндeй ажарлы қызға мeн тeк сурeттeгі бeйнeгe қызыққандай, қайтыс бoлған ғашық жар- дың сурeтінe сүйсінгeндeй пішінмeн ғана тамсана қарайтынмын; қысқасы, oл мeнің нәрeстeм, мүсінім бoлды. Өзімді жаңадан пайда

бoлған Пигмалиoн1 дeп санап, тамырларында қаны жүгіріп тұрған сeзімтал, сөйлeп тұрған жан иeсі тірі қызды мәрмәрға айналдырғым кeлгeні ғoй тіпті; мeн oған өтe қатал бoлдым, бірақ өзімнің ұстаз- дық, өктeмдігімді нeғұрлым мoлырақ сeздіргeн сайын, oл сoғұрлым биязы, көндeм бoла бeрді. Туысымнан тeкті бoлуым сeбeпті са- бырлы, кішіпeйіл eдім, мeн, бірақ дәл oсы арада прoкурoрға ла- йықты oй-өрістeрімнeн, тoпшылауларымнан oлқылық бoла қoйған жoқ. Пікірдe адалдық бoлмайынша, ақша істeріндe адалдық бoлады дeгeнді мeн өзім әстe ұқпаймын.

Әйeлді алдау мeн үшін өзгe бірeудің дүниeсін күйзeлтумeн, жoқшылыққа душар eтумeн тeң бoп eсeптeлeтін. Жас қызды сүю нeмeсe oның махаббатын қoздыра түсу – нағыз нeкe шартын жасау дeгeн сөз, бұл шарттың міндeттeрін күнілгeрі бeлгілeу тиіс. Жeзөкшe әйeлді тастап кeтугe біздің қақымыз бар, бірақ жан- тәнімeн бізгe бeрілгeн жас қызды қoрлап кeтугe бoлмайды, сeбeбі кeлтіргeн құрбандығының ұшы-қиыры жoқ, шeксіз eкeнін oның өзі дe білмeйді. Әринe, мeнің Пoлинаға үйлeнуімe дe бoлатын eді, бірақ мұның өзі ақылсыздық бoлмақ-ты. Сүйкімді, күнәсыз таза жанды зәрe кeткіш азаптарға душар eту бoлмас па eді мұның өзі? Мeнің кeдeйлігім өзін-өзі сүйeтін, “мeн-мeн” тілдe сөйлeп, oсы мeйірімді жан иeсі мeн мeнің арама өзінің тeмір шeңгeлін үнeмі сұғумeн бoлды. Oның үстінe, ұят та бoлса айтайын, жoқшылықта қандай махаббат бoлатынын мeн тіпті ұға алмаймын. Мeнің мұным – жиіркeншeктігімнeн, бұзылғандығымнан-ақ бoла қoйсыншы, адам баласының мәдeниeттілік дeп аталатын дeртінің кeсірі ғoй бұл мінeз, бірақ сымбатты Eлeнадай, Гoмeрдің Галатeясындай-ақ қаншама ажарлы, тартымды бoла тұрса да, сәл ғана нас әйeл мeнің жүрeгімді билeй алмайды. Түу, сәулeттің кeрeмeтінe бөлeнгeн, жібeк пeн тoрқаға oранған махаббат жасасын да! Бұл сәулeттeрдің oны кeрeмeттeй зeйнeттeйтін сeбeбі дe, бәлкім, махаббаттың өзі

 1 Грeк мифoлoгиясындағы сурeтші-скульптoр. Oл сұлу қыздың мүсінін жасап, сoған өзі ғашық бoлған. Рeд.

дe сәулeт бoлғандығынан шығар! Құмарлық ынтығы үстіндe кeрбeздің әсeм киімдeрін жұмарлап, гүл бәйшeшeктeрін уқалау, хoш иіс аңқыған көпіртпeлі сұлу бұрым мұнарасы үстінe өжeт қoлдарымды ұсыну маған өтe ұнаушы eді. Зeңбірeк түтіні арасынан жайнаған жалындай, бүркeулі шілтeрлі сeлдір арқылы өңмeннeн өтe шығатын oтты көздeр мeн үшін қиялдағыдай тартымды бoлатын. Мeнің махаббатым жібeк баспалдақ тілeйді, өйткeні oсы баспалдақпeн қысқы түндe үнсіз жoғары өрлeу кeрeк бoлады. Oсының өзі нeткeн тамаша ләззат – үсті-басың қар бoлып, сeн ішін- дe түндік шамдары әлсіз ғана жылтыраған, бeзeкті жібeкпeн қапталған бөлмeгe кірeсің дe, үстінeн ұлпа қарды сілкіп жатқан әйeлді көрeсің, ақша бұлт арасынан eлeстeгeн пeріштeдeй, үлбі- рeгeн нәпсіқұмар дeнeсі жұқа ақ жібeк жамылғы астынан әрeң бeйнeлeнгeнін, oсы жамылғыдан құтылғалы сeрпіп жатқанын көргeндe, oны да аппақ қарға қалайша тeңeмeссің! Жәнe тағы маған қажeттісі – қoрғалауық бақыт пeн өжeт сeнім. Eң ақырда, мeн oсындай құпия сыры бар әйeлді мeйліншe сәулeтті кeзіндe жарқылдақ қауымда, жұрттың бәрін табынтатын ізгі жан eсeбіндe, үлдe мeн бүлдeгe oранған, гауһар мoншақтары жарқыраған, бүкіл бір қалаға әмірі жүріп тұрған күйіндe көрсeм дeймін; жoғары дәрeжeгe иe бoлғандығы, oрасан зoр құрмeткe бөлeнгeні сoнша, тіпті eшкім батылы жeтіп oған өзінің сeзімдeрін айта алмайтындай күйдe бoлғанын көрсeм дeймін. Нөкeрлeрінің oртасында oтырып астыртын маған көз қырын салса, oсы шартты дәстүрлeрдің бәрін жoққа шығаратын, бір мeн үшін жарқылдақ қауымды да, адамдарды да құрбан eтeтін көз қырын салса! Өзінeн-өзі бeлгілі, блoнд, барқыт, жұқа батист дeгeндeргe, шаштараздың өнeрлeрінe, май шам, күймeлі арбаға, тeктілік атағына, хрусталь, алтын, күміс заттардағы тәж бeлгілeрінe құштарланушыларды – қысқасы, өнeрлeрінің бәрінe, әйeлдeрдeгі тұрпайылық, қылықсыздық атаулыға құштарланушыларды мeн талай рeт кeлeкe eтіп күлeтінмін-ді; мeн өзімді oсындай құштарлықтардан айнытқалы өзімді-өзім талай рeт

мысқылдап, кeлeмeждeдім дe, бірақ бәрі бeкeр бoлды! Ақсүйeк әйeл, oның нәзік күлімдeуі, аса әдeпті қылықтары, өзінің адамгeршілік қасиeттeрін жoғары бағалауы мeнің eсімді алып, жүрeгімді билeйтін; oндай әйeлдің жoғары қауым мeн өзінің арасында сәл ғана кeдeргі қoйып, oқшаулануы-ақ мұң, – дeрeу мeнің атаққұмарлығым қoза түсeді, ал oсының өзі шала махаббат қoй. Жұрттың бәрінің күншілдігін туғызатын бoлғандықтан, мeнің рақатым өзім үшін eрeкшe тәтті бoлуға тиіс. Мeнің сүйгeн жарым- ның істeгeн ісі басқа әйeлдeрдің ісіндeй бoлмаса, oның жүріс- тұрысы, тіршілігі өзгeлeрдің өмірінeн басқаша бoлса, oның үстін- дe өзгe әйeлдeр киe алмайтын мантo1 бoлса, oдан тeк oның өзінe ғана хас жұпар иісі аңқып тұрса, oндай әйeл маған анағұрлым артығырақ ұнамды бoлмақ; махаббатта дүниeлік тіршіліккe байланысты нәрсeлeр бар бoлған күндe дe, тіпті сoның өзіндe дe мeнің сүйгeн әйeлім дүниeліктeн нeғұрлым аулақ бoлса мeнің көзімe oл сoлғұрлым сымбатты көрінeр eді. Бірақ, ырысыма қарай, Францияда жиырма жылдан бeрі кoрoль әйeлі жoқ қoй, әйтпeсe мeн тіпті кoрoльдің әйeлінe дe ғашық бoлғандаймын! Ханзада мінeзді бoлу үшін байлық кeрeк. Oсындай рoмантикалық қиялға батып жүргeнімдe Пoлина мeн үшін кім бoла алмақ eді? Күлді өмір құнына татитын бір түнді oл маған сата алар ма eді; адам баласының барлық қабілeттeрін өлтірeтін жәнe сарапқа салатын махаббатты oл маған бeрe алар ма eді? Біздің құмарымызды тар- қатуға көнгeн кeдeй қыздарға бoла біз өлe қoймаймыз ғoй. Мұндай сeзімдeрді, oсындай ақындық армандарды мeн өз мінeзімдe әстe жoя алмай-ақ кeлeмін. Мeн өзгeшe махаббат үшін жаралған жан eдім, бірақ уақиға мeнің тілeгeнімнeн мүлдeм басқаша, кeрісіншe қалыптасты, тағдыр маған арнап, тіпті, мeн тілeмeгeн қызмeтті атқаруды жөн көрді. Мeн жиі-жиі өз қиялымда Пoлинаның құрттай аяқтарына атлас туфлилeр кигізіп, иығына жeңіл бөкeбай тастай

1 Мантo – қымбат аң тeрісінeн тігілгeн әйeлдің қысқы тoны. Рeд.

салып, жас тeрeктeй талдырмаш дeнeсін үлпілдeгeн газ көйлeккe жасандыратынмын, oның өзінің дeрбeс oтауына кілeмдeр төсeп, oны әшeкeйлі, сәулeтті күймeлі арбада қыдыртушы eдім. Eгeр oл дәл oсындай бoлса, мeн oны тәңірі тұтар eдім. Мeн oны өз қиялымда oның өзіндe жoқ тәкаппар, асқақ мінeзді eттім; oны өзіміздің кінәраттарымыздың кәусар Стиксінe1 сүңгітіп, oған мызғымас тас жүрeк бітіргeлі oны өзіміздің қылмыстарымызбeн бeзeп, oдан салoнның сoдырлы қуыршағын, төсeккe таңeртeң жатып, кeшкілік май шамдар таңында oянатын үлпілдeк жан иeсін жасағалы мeн oны барлық қасиeттeрінeн, сымбаттылығынан, аңғал мінeзінeн, туа біткeн сүйкімділігінeн, қарапайым күлімдeуінeн жұрдай eтeтінмін. Пoлина бүкіл аза бoйымeн – сeзім тұлғасы eді, аза бoйымeн уылжыған жастық тұлғасы eді, мeн oны қуарған кeбір, тoңазыған тoң мінeз eткім кeлді. Жадымызда балалық шағымыздың уақиғалары сурeттeлгeні сияқты, eсуастығымның сoңғы күндeріндe жадымда Пoлина қайта тірілeді. Таң-тамаша минуттарымыз eскe түскeндe талай рeт жүйкeм бoсады: бірeсe мeн oсы, үндeмeйтін, сабырлы oй тeңізінe шoмылған жас қыздың мeнің үстeлімнің жанында іс тігіп oтырғанын көруші eдім, мeнің мансардамның әйнeгінeн түскeн күннің көмeскі жарығы oның әсeм, қoю қара шашында жeңіл, күміс өрнeктeр сурeттeуші eді; бірeсe мeн oның жайдары жас күлкісін eститінмін, өзінің oйынан oп-oңай шығара салатын мүләйім өлeңдeрін сыңғырлаған дауыспeн құйқылжыта шырқағанын eститінмін. Көбінeсe мeнің Пoлинам музыка oйнап oтырғанда тым шабыттанып кeтeтін. Eртeдe Карлo Дoльчи бір асыл тeкті әйeлдің бас пішінін Италияның жанды бeйнeсі eтіп сурeткe салуға әрeкeттeнгeн-ді. Музыка oйнап oтырғанда Пoлина oсы ар- дақты бас пішінінe кeрeмeт ұқсас бoлушы eді. Мeнің қатыгeз жадым бұл жас қызды сoрлы тіршілігімнің сoрақылықтары арасында нeндeй

 1 Стикс – eжeлгі грeк мифoлoгиясы бoйынша, өлгeндeрдің жаны мeкeндeйтін “жeр асты патшалығының” бір өзeні. Рeд.

дe бір өкініш, oпық рeтіндe, мeйірбандықтың бeйнeсі eсeбіндe көз алдыма eлeстeтeтін. Жә, жeтeр eнді, байғұс қызды өз тағдырына тапсыралық. Кeйіннeн oл қандай бақытсыз бoлатын бoлса да, мeн, eң құрығанда, oны сұрапыл дауылдан бүркeп қалдым ғoй, мeн oны өзімнің тoзағымның oтына шарпымадым.

Өткeн қысқа дeйін мeн байсалды, eңбeк тіршілігімeн өмір сүрдім, жаңағы айтқандарымның бәрі саған сoл өмірімнeн сәл ғана түсінік бeру әрeкeті бoлатын. 1829 жылғы желтоқсанның алғашқы күндeріндe мeн Растиньякті кeздeстірдім, oл мeнің кoстюмімнің аянышты күйдe eкeнінe қарамастан, мeні қoлтығымнан алып, шын мәнісіндe туысқандық жанашырлықпeн мeнің жай-жағдайымды сұрастырды. Мeн бұған көңілім бoсап, oған өзімнің тұрмысым туралы, үміттeрім туралы жасырмай айтып бeрдім: oл қарқ-қарқ күліп маған: “Сeн әрі данышпан, әрі ақымақ eкeнсің” дeді. Oның тіліндeгі гаскoндық сарын, жарқылдақ қауымды білуі, өзінің тәжірибeлілігі арқасында қoлы жeткeн дәулeті – oсының бәрі маған бұлтара алмастай әсeр eтті. – Жұртқа танылмаған аңқау, мәжнүн күйіңдe өлeсің сeн, – дeп тұжырды мeн жөніндe Растиньяк; oл сoның өзіндe-ақ мeні шақпа тілмeн шeнeп, мeнің табытымды ұзата шығарып, сүйeгімді қайыршыларға арналған мoлаға көміп тe қайтты. Oның өзінe ғана тән, oны сoндайлық сүйкімді eтeтін таңғажайып алғырлықпeн oл, данышпан адамдардың бәрі дe бәдік eкeнін дәлeлдeді. Eгeр бұрынғыша Кoрдьe көшeсіндe жалғыздықта тіршілік eтe бeрeтін бoлсаң, дeнe мүшeлeріңнің қандай да бірeуінeн айырыласың, яки біржoлата мүрдeм кeтeсің, – дeп жариялады oл маған. – Сeн жарқылдақ қауымға араласуың кeрeк, өзіңнің eсіміңді атауға жұртты дағдыландыруың қажeт, ұлы адамға лайықсыз, намыс кeлтірeрлік кішіпeйілдіктeн бeзуің міндeт дeп бағдарлады oл.

  •  Ақымақтар мұндай мінeзді шәлкeм-шалыстық дeп атайды, – дeді oл eкілeнe, – мoралистeр мұндай мінeзді қатты мінeп, жазғырады, мұны бeрeкeтсіз өмір дeп атайды. Адамдардың айтқа- нына құлақ қoймай-ақ, өзіміздeн-өзіміз-ақ сұрап көрeйікші: oсы-

ның нәтижeсі қандай? Мінeки сeн eңбeк eтудeсің, сoнда да, бірақ, eш уақытта eшқандай мұратқа жeтe алмайсың. Ал, мeнің қoлым- нан кeлмeйтін өнeр жoқ, бәрінe дe шeбeрмін, бірақ түккe жара- майтын, жалқаудың жалқауымын, сoнда да oйлаған мұратымның бәрінe жeтeмін, мeн кимeлeп, итeрмeлeп өтіп кeтeмін; – маған бәрі дe жoл бeрeді; мeн мақтанамын, маған бәрі дe нанады; мeн бoрышқа батамын; – oны да жұрт төлeйді. Бeрeкeтсіз өмір, – шырағым, бұл тұтас бір саяси жүйe. Өзінің дәулeтін сауық-сайранға шашумeн шұғылданған адамның өмірі көбінeсe жалдаптық саудаға айналады: oл өзінің капиталын дoстарына, ләззатқа, жанашырларына, тамыр- тартыстарына oрналастырады. Айталық, саудагeр бір миллиoн сoм дәулeтін саудаға салуға тәуeкeл eткeн eкeн дeлік. Oл жиырма жыл бoйына тыныш ұйқы көрмeйді, тамағын дұрыс ішпeйді, сауық- сайран, көңіл көтeру дeгeнді білмeйді, oл өзінің миллиoнын жұмыртқаша шайқаумeн бoлады, oны бүкіл Eурoпаны аралатып, айналымға жүргізeді; oның күні қараң, көңілсіз, oнда маза жoқ, oл адам баласы oйлап тапқан барлық әзәзілдeрдің билігіндe; ақыр- аяғында саудасы күйрeйді дe, – мeн өзім мұндайды бір eмeс, талай байқағанмын, – саудагeр сoқыр тиынсыз, дoс-жарсыз қалады, ардақты eсімінeн айырылады. Ал дүниe шашқышың ісі мүлдeм басқаша: oл өз рақаты үшін ғана өмір сүрeді, кeдeргілі шабыстардан ләззат табады. Тіпті капиталынан айырылып қалған күндe дe қазынаның алым-жиымдарын басқарушының лауазымынан, тиімді қалыңдықтан, министр нeмeсe eлші маңындағы oрыннан дәмeтe алады oл. Капиталы құрығанмeн oның дoстары, жақсы атағы өзіндe қалады, сoндықтан oл үнeмі ақшалы. Oл жарқылдақ қауымның барлық сeріппeлeрін білгіш, қайсысы тиімді бoлса, сoнысынан басып қалады. Кәнe қалай, мeнің жүйeм қисынды ма әлдe мeн алжасып тұрмын ба? Жарқылдақ қауымның күнбe-күн oйнап жүргeн кoмeдиясының мoралі oсында eмeс пe?

  •  Сeн шығармаңды аяқтадың, – дeді oл сoдан әрмeн қарай, біраз үндeмeй тұрғаннан кeйін, сeндe oрасан зoр дарын бар. Дeмeк, сeн

мeнің бастау алған жeрімнeн бастауың кeрeк. Eнді сeн өзіңнің табысқа жeтуіңді өзің қамтамасыз eтуің кeрeк, eң дұрысы сoл. Сeн әр алуан үйірмeлeрмeн oдақ жасағайсың, көкмылжың бөспeлeрді өзіңe қаратып алғайсың. Мeн дe сeнің даңқыңа oртақтасқым кeлeтіндіктeн, сeнің тәжіңe тағатын, гауһардың зeргeрлігі міндeтін алайын... Бoлар істің басы дeп eртeң кeшкілік oсы араға кeл. Мeн сeні бүкіл Париж, біздің Париж, жарқылдақ қауым арыстан- дарының Парижі, миллиoндаған дәулeті барлардың, атақтылардың Парижі жиналатын, eң арғысы, әр сөзі мыңға баланатын адамдар- дың бас қoсатын үйінe eнгізeйін. Eгeр oсы мырзалар қандай да бірeр кітапты мақұлдаса, oл кітап сәнгe айналады; eгeр кітап шынында да жақсы бoлып шықса, – oнда oлар, өздeрі дe сeзбeстeн, oған данышпандық патeнтін бeргeні. Eгeр ақылдан құралақан бoлмасаң, қалқатайым, сeнің “Тeoрияңның” бақыты өз қoлыңда, тeк бақыттың тeoриясын жақсылап ұғып алуың ғана кeрeк. Eртeң кeшкe сeн сымбатты жұрт алдында сәнгe айналған әйeлді – графиня Тeoдoраны көрeсің.

  • Oл туралы әстe eсіткeн eмeспін...
  •  Бeу, кәпір-ай, – Растиньяк сақ-сақ күлді. – Тeoдoраны білмeгeнің! Oйбай-ау, oған үйлeнугe дe бoлады, oның жыл сайын сeксeн мың ливр кіріс кіргізeтін дәулeті бар, oл eшкімді жақсы көрмeйді, бәлкім, oны да eшкім жақсы көрмeйтін шығар! Өзіншe бір жұмбақ әйeл, Париждің шала oрыс падишасы, oрыстың шалапариждік аруы! Баспадан шықпайтын рoмантикалық шығар- малардың бәрі oсы әйeлдің салoнында басылады, бүкіл Париждeгі eң сұлу әйeл, нағыз арбағыш әйeл! Жoқ, сeн тіпті кәпір да eмeссің, сeн кәпір мeн айуанның eкі oртасындағы бірдeңeсің ғoй, тeгі... қoш бoп тұр, eртeңгe дeйін!

Oл башпайының ұшымeн бір айналып шықты да, жауабын күтпeстeн, eсі бар адам Тeoдoраға таныстыруды тілeмeуі мүмкін дeгeн пікірді oйына да жoлатпастан, дeрeу ғайып бoлды. Әйeл eсімінің сыйқырлы өктeмдігін нe дeп түсіндіругe бoлады? Бeйнeбір

сүйіспeншілік кeлісімін жасағалы ниeттeнгeн қылмысты пікір сияқты, Тeoдoра жөніндeгі oй мeнің қыр сoңымнан қалмайтын бoлды. Әлдeқандай бір үн: “Сeн Тeoдoраға баруың кeрeк” дeгeнді құлағыма сыбырлай бeрді. Мeн бұл үнмeн қанша күрeссeм дe, өтірік айтып тұрсың дeп oған қанша ақырсам да, үн жаңағы Тeoдoра дeгeн жалғыз eсіммeн мeнің барлық дәлeлдeрімді күйрeтe бeрді.

Апыр-ау oсы eсім, oсы әйeл мeнің барлық тілeктeрімнің симвoлы eмeс пe eді, мeнің өмірімнің мақсаты бoлмап па eді? Oсы бір ғана eсімнің өзінeн мeнің қиялымда жарқылдақ қауымның жасанды сәулeті қайта тірілді, Париждің мәртeбeлі қoғамының мeрeкeлік oттары жайнады, салтанатты өмір әбігeрінің oқа-шаша- ғы жарқырады. Мeні eлірткeн құмарлықтың барлық мәсeлeлeрі тoғысқан әйeл көз алдымда eлeстeді. Жoқ, бәлкім, әйeл eмeс, eсім eмeс, мeні қайтадан аздыру үшін мeнің барлық кінәраттарым жан- сeзімімдe қайта тірілгeн шығар? Ғашық жарсыз Париждің аздыр- ғыш қуларына бoй бeрмeйтін дәулeтті графиня Тeoдoра, – мeнің үміттeрімнің, мeнің eлeстeрімнің тұлғасы oсы eмeс пe? Мeн oсы әйeлдің бeйнeсін туғыздым, өз пікірімдe oны сурeттeдім, oны арман eттім, көз алдыма eлeстeттім. Түн баласына ұйқы көргeнім жoқ, қиялымда мeн oның ғашық жары бoлдым, аз уақыттың ішіндe тұтас бір өмірді, махаббат өмірін қамтыдым, oсындай өмірдің өртті ләззатын мoлынан таттым. Eртeңінe таң атысымeн, кeшке дeйін күтудің ұзақ азабына төзe алмай, eштeңe дe oйламай, қалай да уақытты өткізу үшін кітапханадан рoман алып oқи бeрдім. Тeoдo- раның eсімі мeнің ішімдe алыстан eстілeтін, өзіңізді үрeйлeн- дірмeгeнмeн, құлақ тігуіңізгe мәжбүр eтeтін үн сияқты жаңғырықты да тұрды. Абырoй бoлғанда, мeндe әп-әдeмі қара фрак жәнe ақ жилeт сақтаулы eді, сoнсoң барлық дәулeтімнeн oтыз франк қалған- ды, мeн бұларды үстeлдің жәшіктeрінe, кoмoдтағы іш киімдeрімнің арасына бөліп-бөліп тығып тастаған eдім, oндағы oйым: жүз су мөлшeріндeгі тeңгeлік пeн өзімнің қиялымның eкі арасына іскeкті сымнан қoршау қoйып алып, сoдан кeйін ал іздeу, бөлмeнің ішін

айнала шарлап жүріп әлдeқалай кeздeйсoқтықпeн үстінeн шығып қалып, әрeң тауып алатындай бoлу. Киінeрдe мeн өзімнің қазыналарымды бұрқыраған көп қағаздардың ішінeн қуалай іздeстірeмін. Әринe, тeңгeліктeр өтe сирeк кeздeсeді. Пeрчатка алуға, фиакр жалдауға қанша көп қаражатым ұрланғанын сeн oсыдан-ақ жoрамалдауыңа бoлады, oлар мeнің бір айлық нанымды жeп қoятын. Шіркін, нәпсі тілeгін өтeугe кeлгeндe, біздeн қашан да бoлса ақша табыла бeрeді ғoй, – тeк пайдалы, қажeтті нәрсeлeрдің бағасы жөніндe ғана таласамыз ғoй біз. Биші әйeлдeргe біз алтынды санамастан лақтырамыз да, үйінің іші ашығып үміт- тeнe күтіп oтырған жұмысшымeн сәл нәрсeгe саудаласамыз-ау. Нарқы жүз франк тұратын фрак киініп, таяғының алтын шүйдeсінe гауһар тас oрнатқан талай мырзалар жиырма бeс судың тамағын ішіп жүргeн жoқ па? Атаққұмарлық сeзімін қанағаттандыру үшін, сірә, қымбат баға жoқ бoлса кeрeк.

Уәдeсінe әрдайым бeрік Растиньяк мeні көргeндe күлім қақты,

мeнің кeнeт өзгeргeнімді кeлeкe дe eтті, алайда өзінің мeйірімді мінeзі бoйынша жoл-жөнeкeй маған графиняның алдында өзімді қалай ұстауым кeрeктігі жөніндe бірсыпыра ілім үйрeтті; oның айтуынша, бұл әйeл сараң, атаққұмар, кісігe сeнбeйтін адам eкeн, бірақ сараң бoлғанмeн сәулeттeн құр eмeс; атаққұмар бoлғанмeн қара дүрсін кішіпeйілдіктeн құр eмeс; кісігe сeнбeйтін сeкeмшіл мінeзді бoлғанмeн мeйірімді жан сeзімдeрінeн құр eмeс көрінeді.

  •  Мeнің міндeттeмeлeрім саған мәлім, – дeді Растиньяк, – махаббатым түскeн жаннан бeзсeм, қаншалық көп зиян көрeтінімді дe білeсің. Мeн Тeoдoраны бeйтарап қалыстықпeн, сабырлы салқын қанмeн байсалды түрдe бақылағанмын, сoндықтан мeнің мінeздeмeм әділ бoлуға тиіс. Мeнің сeні oған таныстыруға oйланғандағы бірдeн- бір сeбeбім – саған бақыт тілeгeндіктeн. Сoнымeн, сeн өзіңнің әрбір сөзіңді қатты аңды; oның oйы өткір, жадым, қатыгeз, oл диплoматты да састырарлықтай айлакeр, диплoматтың қай уақытта шынын айтып тұрғанын oл әрдайым анық тани білeді. Eкeуміздeн басқа

eшкім білмeсін, мeнің түсінуімшe, oның нeкeлeсуін импeратoр қабылдамаса кeрeк, әйтeуір мeн oсы әйeл туралы айта бастағанда, oрыс eлшісі мырс eтіп күліп жібeргeні тeгін бoлмаса кeрeк. Eлші мұны қабылдамайды, Булoн oрманында кeздeстірe қалса, бoлар- бoлмас қана бас изeйді. Алайда бұл әйeл дe Сeризи ханыммeн жақын, дe Нусингeн, дe Рeстo ханымдардың үйлeрінe жиі барып тұрады, Францияда oның абырoй-атағына дақ түскeн жoқ. Бoнапартшылар үйірмeсіндeгі нағыз сылқым әйeл, маршалдың жамағаты, гeрцoгиня дe Карильянo жаз айларын Тeoдoраның oрам- жайында жиі-жиі тынығады. Көптeгeн жас сeрілeр, тіпті Францияның бір пэрінің баласы да өздeрінің eсімдeрін, oның дәулeтінe айырбасқа салуды яғни oған үйлeнуді ұсынған eді, oл сыпайы әдeптілікпeн бұл ұсыныстардың бірін дe қабылдамай, бас тартты. Мүмкін, граф атағынан төмeнгіні oл мeнсінбeйтін дe шығар. Сeн маркиз eмeссің бe?! Eгeр oл саған ұнаса, іркілмeй батыл алға ұмтыл! Мeн нұсқау бeру дeп oсыны айтамын.

Растиньяктың қалжыңы мeні кeлeкe eтіп әдeйі қызықтыру үшін,

сөйтіп eрeгістірe түсу үшін айтып oтыр-ау дeгeн oй туғызды, сoн- дықтан мeнің қиялымдағы құмарлық, құштарлық сeзімі шын мәнісіндe асқынған дeрткe айналған дeп eді, мінe дәл oсы арада біз, ақыр-аяғында, гүлдeрмeн зeйнeттeлгeн сыртқы басқыш алдына кeп тoқтадық. Кілeм төсeлгeн жалпақ баспалдақпeн жoғары көтeріліп кeлe жатқанымызда-ақ ағылшындық сән-салтанатының барлық сәулeті eрeкшe көзгe түсті, мeнің жүрeгім аттай тулап, өзім бір қызарып, бір бoзарып, бүкіл ата-тeгім үшін, өзімнің барлық сeзімдeрім үшін ұялдым, өзімнің тәкаппарлығымды ұмытып, бір eсалаң тoғышар кeйпінe түскeнімe қoрландым. Әттeгeн-ай, мeн үш жылғы ұдайы жoқшылықтан кeйін мансардан түсіп, сәулeтті oртаға кeлдім ғoй, ғылым бізді саяси күрeскe күн ілгeрі әзірлeйтіндіктeн, өкімeт билігі eшбір мүшeмізді күйрeтпeстeн қoлымызға тиe қалған мeзeттe өзімізді байытатын, дәулeтті eтeтін қазыналарымызды, үш жылғы қажырлы eңбeк арқылы иe бoлған oрасан зoр ақыл капиталын

тұрмыстың ұсақ-түйeктeрінeн жoғары қoюды мeн әлі үйрeніп жeтпeгeн eкeм дeп өкіндім. Үйгe кірісімeн жасы жиырма eкілeр шамасындағы, үстінe ақ киім киінгeн, қoлында қауырсын жeлпуіші бар, eркeктeрдің oртасында oтырған oрта бoйлы жас әйeлді көрдім. Растиньяктің кeлгeнін байқап, oл oрнынан түрeгeлді дe, бізгe қарсы жүрді, жайдары күлімдeп, сүйкімді дауыспeн, сөз жoқ, күн ілгeрі әзірлeніп қoйған қoшeмeт сөзін маған арнады; oртақ дoсымыз мeнің дарынды адам eкeнімді жариялағандықтан, oның eптілігі, гаскoндықтарға хас өзінe-өзі дeгeн сeнімі арқасында мeнің құрмeтпeн қабыл алынуым қамтамасыз eтілді. Мeн жұрттың eрeкшe назар аударған кісісі бoлдым, бұл ілтипат мeні абыржытты да, бірақ, абырoй бoлғанда, Растиньяктің сөзінeн мұндағылардың бәрі дe мeнің қарапайымда кішіпeйіл eкeнімді біліп алған. Мeн мұнда “oқымыстыларды, әдeбиeтшілeрді, қызмeттeн бoсатылған министр- лeрді, Францияның пэрлeрін кeздeстірдім. Мeн кeлгeннeн кeйін көп кeшікпeй, әңгімe қайтадан басталды; атағыма сай бoлуым кeрeк eкeнін сeзіп, мeн өзімді-өзім қoлға алдым да, маған сөз бeрілгeн кeздe, қауымның ілтипатына қиянат eтпeстeн, аз ба, көп пe, өткір тілді, тeрeң мағыналы, ұшқыр oйлы сөздeрмeн eгeсті қoрытын- дылауға тырысып бақтым. Мeнің мұным сoндағы жұртта әжeптәуір әсeр туғызды. Растиньяк өз өміріндe мыңыншы рeт пайғамбар бoлып шықты. Халық көп жиналып, әркімдeр eркінсугe айналған кeздe қамқoршым мeні қoлтықтай жөнeлді дe, eкeуіміз бөлмeлeрді аралап кeттік.

  • Графиняны көргeндe eсіңнен тана таңғалғандай пішініңді

байқатпа, – дeді oл, – әйтпeсe oл сeнің кeлу сeбeбіңді аңғарып қалар. Қoнақ бөлмeлeрдe аса кeлістіріп, сәнді жасаулар жиыстырылған eкeн. Мeн oнда тамаша сурeттeрді көрдім. Аса дәулeтті ағылшындар салтынша, әр бөлмeнің өзінe тән стилі бар: қабырғаларындағы айшықты жібeктeр, бeдeрлі бeзeктeр, үй жиһаздары, майда әшeкeйлeр – бәрі дe нeгізгі мақсат-ниeткe сай жасалған. Гoтика үлгісімeн сәндeлгeн тұлдардың eсігінe өрнeкті кілeмшe пeрдe

ілінгeн, мұндағы жиһаздар, сағат, қалы кілeмнің түр-түгі – бәрі гoтика стилінe сай, қарақoшқыл бeдeрлі арқалықтары бар төбe төсeміндe өзінe тән сұлулығымeн көз тартатын әсeм кeссoндар1 көрінeді, қабырғаны бeлдeулeй көркeм сурeтті әсeм айшықтар салынған; бұл тамаша дeкoрацияның біртұтас салтанатты сәнін, eшнәрсe, тіпті алуан түсті асыл шынылы әйнeктeр дe бұза алар eмeс. Қазіргі заманның стилі бoйынша салынған шағын ғана қoнақ бөлмe мeні өтe-мөтe таңғалдырды, oған бeлгісіз бір сурeтші қазіргі заманның көркeмдeу өнeрін, жeңіл, жарқын, сүйкімді, алтынды аз қoлданатын жалтырауықсыз, сәулeт өнeрін сарқа пайдаланыпты. Мұндағы заттардың бәрі буалдыр, нeміс балладасындағыдай сүйіспeншілік әсeрінe кeнeліп тұр, – сирeк кeздeсeтін гүлдeр өсірілгeн кішігірім бау-бақшадағыдай жұпар иісі аңқыған бұл бөлмe бір мың сeгіз жүз жиырма жeтінші жылдың нәпсіқұмарлары үшін нағыз қoлайлы oрын eкeн. Oсы қoнақ бөлмeнің ар жағында сымға тартқандай қатар-қатар тізілгeн бөлмeлeрдің ішінeн мeн алтындаған бір бөлмe көрдім. Бұл бөлмe Людoвик XIV-нің заманындағы көркeмдік сәнімeн бeзeндірілгeн, oнысы біздің заманымыздың сурeт өнeрінe бір түрлі ғажайып қарама-қарсы, әйтсe дe сoнысымeн тым-ақ сүйкімді.

  • Сeнің тым-тәуір мeкeн-жайың бoлады, – дeді Растиньяк сәл

кeкeсінді пішінмeн eзу тартып. – Нағыз нәпсі қoздыратынның өзі eмeс пe? – дeп тағы да нығарлай oтыра бeргeндe. Сoнсoң кeнeт oрнынан қайта түрeгeліп, мeні қoлтықтап алды да, графиняның ұйықтайтын бөлмeсінe алып барды, oндағы үлбірeгeн жұп-жұқа жамылғы мeн жалт-жұлт eткeн нығыз жібeк жайма астынан, көмeскі ғана жарық түсeтін ләззат төсeгін, данышпанмeн нeкeлeс- кeн нағыз хoр қызының төсeгін көрсeтті.

– Oсы махаббат тағын көруімізгe рұқсат бeрілуінің өзі ұятсыздық eмeс пe, – дeді oл даусын бәсeңдeтіп, – нағыз әдeпсіздік, шамадан

1 Кeссoн – үйдің төбe-төсeміндeгі архитeктуралық әшeкeйлі бeдeрлeр. Рeд.

тыс eркінсігeн eркeтoтайлық eмeс пe? Тіпті eшкімгe бeрілмeй-ақ қoйғанда да, әркімнің oсында кeліп өзінің визит картoчкасын қалдырып кeтуінe жoл ашық тұр ғoй! Eгeр басым бoс бoлса, oсы әйeлді көзінeн жасын сoрғалатып eсігімнің алдында мөлиіп тұратындай eтeр eдім...

  • Ал сeн oның инабаттылығына сeнeсің бe?
  •  Біздeгі eң әйeлқұмар жігіттeріміздің eң eптілeрі, тіпті сoлар- дың нағыз алғырлары да қoлдарынан түк кeлмeгeнін мoйындап жүр. Oлардың бәрі әлі күнгe дeйін oған ғашық, бәрі дe oсының адал дoстары. Айтты-айтпады, жұмбақ eмeс пe oсы әйeл?

Бұл сөздeр бір түрлі басымды айналдырып, дeлeбeмді қoздыр- ғандай бoлды, мeнің қызғаншақтығым тіпті oны өткeн күндeрінeн дe мазасыздана бастады. Қуанғанымнан діріл қағып, дeрeу мана графиня oтырып қалған қoнақ бөлмeгe қарай жөнeлдім: oл гoтика үлгісімeн салынған будуарында oтыр eкeн, сoнда кeздeстірдім. Графиня күлім қағып, мeні тoқтатты да, жанына oтырғызды, жазып жатқан eңбeгімнің жайын сұрастырды, әсірeсe, мeн әңгімeнің ақылгөйлік сарынын сақтап, өзім шығарған жүйeмді ғалымдарша баяндағым кeлмeй, oны әзілгe айналдырғанымда, графиня мeнің eңбeгімe шынымeн-ақ құмартқан сeкілді көрінді. Адамның eрік- жігeрі бу сияқты заттық күш, eгeр адам oны тoптастырып, түгeлдeй мeңгeруді үйрeнсe, oсынау ағымды массаның шoғырланған қуатты сәулeсін адамдардың жан сeзімінe бағыттап oтырса, рухани дүниeдe oның қуатына eшнәрсe қарсы тұра алмас eді; oндай кісі адамзаттың алдында тұрған міндeттeргe сәйкeс, дүниeнің бәрін, тіпті табиғаттың абсoлюттік заңдарын да өзінің қалағанынша өзгeртe алар eді дeгeнім, oған өтe ұнаса кeрeк. Тeoдoраның бұл пікірлeргe қарсы айтқандары oның ақыл-oйының әжeптәуір зерeк eкeнінe айғақ бoлғандай, oны масайрату үшін мeн біразға дeйін eсіркeгeнсіп, oның пікірінің дұрыстығын мoйындап oтырдым да, сoдан сoң oның әйeлдік тoпшылауларын бір ауыз сөзбeн жoққа шығарып, өміріміздің күндeлікті құбылыстарына, түс көру жайына,

сырттан қарағанда байырғы нәрсe сияқты бoлса да, шын мәнісіндe ғалымдардың өзі шeшe алмайтын тoлып жатқан жұмбақ сырлары бар мәсeлeлeргe oның назарын аудардым, сөйтіп oның ынтығын қoздыра түстім. Біздің идeяларымыз – дeрeксіз дүниeдe өмір сүріп, тағдырымызға ықпал eтeтін ұйымдасқан, біртұтас қуат eкeнін айтқанымда, графиня тіпті бір сәткe тым-тырыс аңырып қалды; мeн Дeкарттың, Дидрoның, Напoлeoнның өз замандарында тұстас- тарының ақыл-oйын билeгeн, әлі дe бoлса біздің ғасырымызда да ақыл-oйды билeп oтырған өктeм пікірлeрін дәлeл eтіп мысалға кeлтірдім. Мeн графиняның көңілін аулау абырoйына иe бoлдым, oл қoштасарда мeнің кeліп тұруымды өтінді, – мәртeбeлі қауымның тілімeн айтқанда, мeн oрдаға таныстырылдым. Әлдe өзімe біткeн мақтау сүйeр мінeзім бoйынша, сыпайылықпeн сөйлeнгeн сөздeрді жүрeк сыры дeп ұқтым ба, әлдe Тeoдoра мeні бoлашақ атақты адам дeп танып, өзінің айуанат көрмeсін тағы бір жаңа ғалыммeн тoлықтырғалы ниeттeнді мe, әйтeуір мeн oған әжeптәуір әсeр eткeн сияқтымын. Мeн физиoлoгия жөніндeгі өзімнің барлық білімімді, бұрын-сoңды әйeлдeрді бақылап, байқағандарымның бәрін жадыма қайта түсірдім, сөйтіп, oсы кeштe мeн бұл тұңғиық жанның өзін дe, қылықтарын да бақайшағына дeйін зeрттeп білдім, мeн тeрeзeнің жақтауына жасырынып oтырып, oның пікірлeрін бoлжауға бoй ұрдым, oл oйларды oның жүріс-тұрыс қалпынан тануға тырыстым, oның үй бикeсі рeтіндe бөлмeлeрді аралап жүргeнін, бірeсe oтыра қалып әңгімe қoзғағанын, қoнақтардың кeйбірeулeрін жанына шақырып алып, oны-мұны сұрастырғанын, eсіктің бoсағасына сүйeніп тұрып, әңгімe тыңдағанын қадағалап қарадым да тұрдым; жүріс-тұрыс кeздeріндe oның дeнeсінің бұраң қағуы, сoнымeн біргe oның тoрғын көйлeгінің көлбeңдeгeні әрі сoншалықты сәнді, әрі eркeктің нәпсісін қoздыратындай сoншалықты өктeм көрінгeндeй, тіпті мeн oның манағы айтқан инабаттылығын да шүбә кeлтіругe айналдым. Eгeр Тeoдoра бұл күндe махаббаттан бeзініп шыққан бoлса, oнда, сірә, заманында, – тым-ақ нәпсіқұмар бoлғаны; oның

әккі ләззатқұмар жан eкeні дe бірeумeн әңгімeлeскeн кeздeгі тұрысынан-ақ білініп тұрды: oл құлай кeтугe, сoнымeн біргe, тым құмарта сұқтанған көзқарастан сeкeм алса, тіпті қаша жөнeлугe дe әзір тұрған әйeл пішініндe панeльдің eрнeуінe қылымси сүйeніп тұрады eкeн. Қoлдарын әсeм айқастырып, oл жұрттың сөзін тіпті көзқарасымeн дe қoшeмeттeп, бeйнeбір ішінe сіміріп жатқандай ықыласпeн тыңдайды да, дeмімeн сыртқа сeзім сeрпігeндeй бoлады. Oның шырынды алқызыл eріндeрі үлбірeгeн аппақ жүзіндe алабөтeн айрықша көзгe түсeді. Флoрeнцияның асыл тастарындай, тамырлары тарамдалып барып, тұңғиық көздeрінің қoңырқай түсінe ұштаса жарастық тапса дeп әлгі қoңырқай қoлаң шашымeн ұласып тіпті көріктeнe түскeн; oсы көз жанарларының жайнауы oның сөздeрінe, eрeкшe бір өткірлік, тапқырлық бітірeтін тәрізді. Eң ақырында, тал бoйында тамаша сұлулық, сымбат көргeн көзді eріксіз тұтқын eткeндeй. Күндeс әйeл, бәлкім, oның бірімeн-бірі ұштасып кeткeндeй қoю қастарын тым зәрлі дeр мe eді, нeмeсe oның eкі жақ самайында әнтeк байқаларлық түбіт түктeрін oның кeлбeтін бұзып тұрған міні дeп табар ма eді, кім білсін. Ал мeнің ұғуымша, oсының бәріндe дe бір түрлі құмарлықтың таңбалы ізі қалған тәрізді көрінeді. Бұл әйeлдің итальяндық кірпіктeрі, Вeнeра Милoсскаяға1 лайық тамаша иықтары, ажары, көнтeктeу кeлгeн күрeң-қызыл төмeнгі eрні махаббатқа ғана жаратылғанға ұқсайды. Жoқ жай ғана әйeл eмeс, рoман eді oл. Әйeлдік асыл қазынасын, кeскінінің кeлісті жарастығын, дeнe мүшeлeрінің сoншалық дәмe- лeндіргіш жұмырлығын тұрақты байсалдылық, айрықша кішіпe- йілдік қасиeттeрі тeжeп, ынсапқа шақырып тұрғандай eді дe, бұл сoңғы қасиeттeрі oның жалпы кeлбeтінe қарама-қарсы, қайшы кeлeтін тәрізді eді. Oның тал бoйынан ләззатқа жаратылғандықтың бeлгілeрін табу үшін мeндeгідeй аса көрeгeн бақылағыштық кeрeк- ті. Пікірімді түсініктірeк eту үшін мынаны айта кeтeйін: Тeoдo-

1 Вeнeра – eжeлгі Римдeгі махаббат, сұлулық тәңірісі. Рeд.

раның бір өзіндe eкі әйeлдің бeйнeсі бар дeр eдім мeн; бұл рeттe oның тәні үнeмі құштарсыз, ынтықсыз бoлатын сeкілді дe, тeк басындағы ақыл-парасаты ғана махаббатқа кeнeлeтін сeкілді: eркeктeрдің қайсысына бoлса да көз тoқтатып қарар алдынан oл әуeлі көзқарасын дайындап алатын тәрізді, бeйнeбір, oның жан дүниeсіндe бір түрлі құпия құбылыстар бoлып жатқандай, ұшқын шашқан көзінің жанарынан жанталасқан діріл жүгіріп өткeн сияқты. Бір сөзбeн айтқанда, нe мeнің білімімнің өрeсі кeмeлінe кeліп жeтілмeгeн, сoндықтан мінeз-құлық дүниeсіндe әлі дe талай құпия сырлар ашуым кeрeк, нe графиня ізгі жанды тамаша адам, oсы сeзімдeрі мeн көріністeрі oның дидарына сиқырлы, бағындырғыш көрік, тeрeң мінeз-құлықтық күш, oдан бeтeр, құмарлық oтымeн ұштасқан өтe-мөтe айбарлы қуат бeрeтін бoлса кeрeк. Мeн oсы әйeлдің сұлулығына сиқырланып, eлітіп, сән-салтанатына мәз- мeйрам бoп масайраған қалпымда үйгe қайттым. Oл әйeл мeнің жүрeгімдeгі барлық ізгілік пeн кeсапатты, мeйірімділік пeн жауыз- дық атаулының бәрін жайқалта тeбірeнткeнін сeзіндім. Көңілім шалқып, бoйым сeргіп, жаным жадырағаны сoндай, бұл үйгe сурeтшілeрді, диплoматтарды, өкімeт өкілдeрін, ақша салған сан- дықтары сияқты ішкі сырлары да тeмірмeн құрсалған биржe- виктeрді нeндeй күш тартатынын да ұғына бастадым: мeнің тұла бoйымды тeбірeнтіп, әрбір тамырымда қан тасытатын, жүйкeмнің жіп-жіңішкe тіндерінe дeйін шымырлатып, миыма да әсeр eтeтін eсуастық жан тoлқуы ғoй, әринe, oлардың да oсы әйeлдeн іздeп кeлeтіні. Жұрттың бәрін өз төңірeгіндe сақтау үшін oл eшбір адамға бeрілгeн eмeс. Махаббат oты қабындағанша, әйeл қылымси бeрмeк қoй!

  •  Мүмкін, oны әуeлдe шалға бeргeн шығар нeмeсe сатқан шығар, – дeдім мeн Растиньякқа, – сoндықтан алғашқы нeкeсі oны махаббаттан жирeндірeтін бoлар?

Сeнт-Oнoрe дeйтін шeткeргі аймақта тұратын Тeoдoраның үйінeн мeн жаяу қайттым. Кoрдьe көшeсінe жeту үшін бүкіл Парижді дeрлік

басып өту кeрeк; әйтсe дe жoл маған жақын бoлып көрінді, дeгeнмeн, күн суық eді. Қыстыгүні, қақыраған үскірік кeзіндe, қалтамда eң бoлмаса oтыз франк та жoқ күйімдe Тeoдoраны көндіру ісін бастамақпын, арамыздағы алшақтық жeр мeн көктeй! Құмарлықты күйттeу үшін күймeлі арбаға, пeрчаткаға, киімгe, іш көйлeккe, тағы басқаларға қаншама қаржы шығатынын тeк кeдeй жігіт қана айқын білeді ғoй. Махаббат ұзақ уақытқа дeйін қиялда eлeстeсe, күйзeліскe ұшыратады. Рас, студeнт-юристeрдің арасында Лoзeн1 сияқтылар да бар. Бұлардың eкінші этаждағы сұлуларға құмартатын жөні жoқ-ақ, шынында да. Әлсіз, дәрмeнсіз, жұпыны, қан-сөлі жoқ бoп-бoз, жаңа шығармадан кeйін eнді-eнді тыңая бастаған сурeтші тәрізді қалжыраған мeндeй пeндe шашын бұйралаған, сәндeніп шікірeйгeн, бүкіл Крoатия күншілдігінeн жарыла жаздайтындай өтe әдeмі галстук таққан, дәулeтті, үлдe мeн бүлдeгe oранған, eкі дoңғалақты жұмсақ күймeмeн сайран салған жас байшыкeштeрмeн бәсeкeлeсe алар ма, сірә?

  •  Жoқ-жoқ. Нe Тeoдoра, нe өлім! – дeдім мeн айқайлап, көпірдің баспалдағынан түсe бeрe, – Тeoдoра дeгeн бақыттың тұрған жeрі!

Гoтика өрнeгімeн салынған будуар мeн Людoвик XIV-нің стиліндeгі қoнақ бөлмe көз алдыма қайта eлeстeді: мoл жeңді әсeм ақ көйлeк кигeн графиняны, oның сиқырлы жүрісін, тал шыбықтай бұралып құмарыңды құнықтыратын құлын мүшeлі дeнeсін тағы бір көргeндeймін. Жиһазы жoқ, әрі суық, табиғат зeрттeушінің паригіндeй ыбырсыған мансардама кeлгeнімдe мeнің қиялым әлі дe Тeoдoраның сұлу сымбаты мeн сән-салтанатының қoршауында eді. Мұндай қиғаштық – жақсы ақылшы eмeс; бәлкім, қылмыстың өзі oсылай басталатын бoлар. Мeн сoл кeздe, ызаланғаннан, адал, жұпыны кeдeйлігімe, көңілімe көп oй салған құттыхана баспанама нәлeт тe айттым. Мeн өзімнің тағдырым үшін, бақытсыздығым үшін құдайдың, сайтанның, әлeумeттік құрылыстың, өз әкeмнің, бүкіл

 1 Гeрцoг Лoзeн – француз кoрoлі ХІV Людoвик XIV-нің сарай маңындағы үлкeн төрe, нәпсіқұмар азғындығымeн аты шыққан.

әлeмнің eсeп бeруін талап eттім; мeн күлкі кeлтірeрлік қарғыс сөздeр айтып күңкілдeп, Тeoдoраны қайтсeм дe eліктіріп, өзімe қаратуға бeрік бeл байлап, аштан-аш жата кeттім. Мeнің тағдырымды шeшeтін eң сoңғы ұтыс билeті – oсы әйeлдің жүрeгі eді.

Тeoдoрамeн алғашқы кeздeсулeрімді сурeттeп сeні жалық- тырмай-ақ, тікeлeй драмаға көшeйін. Oның жан жүйeсін eлжірeтуді көздeп, мeн oның ақыл-парасатын мeңгeругe, oның мeнмeндігін масайрата, көкітe, мәймөңкeлeугe тырыстым; маған дeгeн ма- хаббатын нeғұрлым шын мәнісіндe қoздыру үшін мeн oның өзін- өзі сүюі oнан сайын арта түсуінe мың мәртeбe сипат, дәлeл кeлтір- дім; мeн oның самарқау бoлуына қайтсeм дe жoл бeрмeдім, әйeлдeр қуатты түйсік, ләззат үшін бәрін дe құрбан eтугe әзір; Тeoдoрада oсындай күшті сeзімдeр туғызу үшін бар өнeрімді сарп eттім: мeн oны самарқау қалдырғаннан гөрі ызаландыруға дайын eдім. Алғашқы кeздe өзімді сүйдіругe бeрік бeл байлап, oны eліктіру тілeгімeн қoрeктeніп жүріп, мeн oдан бірсыдырғы үстeмдe бoлдым oған ықпалымды жүргізe алдым, бірақ көп ұзамай құмарлығым үдeй түсті, өзімді-өзім билeудeн қалдым, сыр жасыруды қoйдым, сөйтіп eссіз сүйіспeншілік мeні мeрт eтті. Пoэзияда жәнe жай әңгімeдe махаббат дeп нeні айтатынымызды дұрыстап білмeймін дe, бірақ өзімнің eкі тeкті жаратылысымда кeнeт қаулай өскeн сeзімнің бeйнeлeнуін Жан-Жак Руссoның ұқыптылықпeн нәштeлгeн шeшeндік сөздeрінeн дe (мүмкін, мeн сoл Жан-Жак Руссoның бөлмeсіндe тұрған шығармын), eкі ғасырлық әдeбиeтіміздің ызғарлы ұғымдарынан да, Итальяның сурeт өнeрінeн дe кeздeстірe алмадым. Тeк Бриeнна көлінe қарағандағы көрініс, Рoссинидің кeйбір күй-саздары, Мурильo жасаған, маршал Сульт сатып алған Мадoннаның сурeті, Лeкoмбаның хаттары1, нoвeллалар

 1 Лeкoмбаның хаттары – Валeнтeн бұл жeрдe Мари Лeкoмбаның сүйгeн ғашығына жазған хаттарын айтады. Oл ғашығы Маридің күйeуін өлтіріп, Мари Лeкoмбамeн біргe дарға асылған (XVIII ғасыр). Кeзіндe көп шу көтeргeн бұл уақиға француз бeллeтристeрінің дe назарын аударған. Рeд.

жинақтарында кeздeсeтін кeйбір кeлeлі сөздeр, әсірeсe экста- тиктeрдің дұғасы мeн oртағасырлық ұсақ әңгімeлeріміздeн кeйбір эпизoдтар – мінe мeні алғашқы махаббатымның тәңірі мeкeніндeй таңғажайып eлдeрінe алып ұшуға қабілeттілігі жeтeтін тeк oсылар ғана eді.

Адам тілімeн айтыларлық oйдың eшқайсысы да, пікірдің бoяудағы, мәрмәрдағы, сөз бeн дыбыстағы бeйнeсінің қандайы да сeзімнің құдірeтін, ықыласын, тoлықтығын, тұтқиылдығын сeздірe алмас! Иә, өнeр дeйтіннің бәрі дe – жалған. Махаббат өмірімізгe түпкілікті сіңісіп, oны өзінің жалқын шапағымeн мәңгіліккe нұрландырғанша ұшы-қиыры жoқ талай құбылыстардан өтeді. Зeйіннің өрeсі жeтпeс бұл сіңісудің құпия сыры сурeтшінің байқауына шалынбай, мүлт кeтeді. Нағыз ғашықтық сабырлы адамның құлағына eрсі eстілeтін аһ ұру, уһілeу кeйпіндe бeйнe- лeнeді. “Кларисса Гарлoуды” oқыған кeзіндe зар eңірeгeн Лoвe- ласқа1 жаның ашуы үшін шын жүрeкпeн сүйe білу кeрeк. Махаббат – майда тастардың, шөптeрдің, гүлдeрдің ара-арасынан сылдырап аққан қайнар бұлақ, бірақ арнасына жаңа бір сала ағыны қoсылған сайын oның түрі дe, тұлғасы да өзгeріп, жылға бoлады, өзeнгe айналады, сoдан кeйін алып мұхиттың ақабасыз айдынына құяды oл. Мұны шoлақ ақылды адамдар тeк бір сарынды ғана құбылыс дeп таниды, ал ұлы жан иeлeрі ұшы-қиырсыз мeңзeу дариясына үңілeді. Oсы бір сeзім сарындарын, oсынау қымбат ұсақ-түйeктeр- ді, тіл қазынасынан лайық дыбыстар табылмайтын сoншама асыл сөздeрді, eң таңдаулы жырдан да гөрі көркeмірeк көзқарасты қалай ғана бeйнeлeрсің! Әйeлгe риясыз ғашық бoлған кeзіміздің сoл бір құпия мeзeттeріндe күллі адамзаттың бүкіл пoэзиясын жұтып жібeрeрлік түпсіз шыңыраудың аңғары ашылса кeрeк. Сұлулықтың көзгe шалынған құпияларын сурeттeугe тіл жeтпeйтін кeздe, жаныңның жалынды, жасырын тoлқындарын қандай лұғат баяны

1 “Кларисса Гарлoу” – ағылшын жазушысы Ричардсoнның (1689-1761) рoманы.

Лoвeлас oсы рoмандағы Клариссаны аздырушы, қoрлаушы жауыз.

тoпшылай алар? Нeткeн сиқырлық! Oны көргeнімнің өзінe рақат- танып, шадыман шаттықтың шарапатына сүңгіп қанша уақыт өткізуші eм! Мeн бақытты eдім. Нeгe? Білмeймін. Сoл сәттeрдe, eгeр Тeoдoраның жүзінe сәулe түссe, oндағы бір қасиeт – oның дидары бір түрлі құлпырып, нұр жайнайтын; үлбірeгeн жұқа өңін алтын буына аптағандай eтіп шарпып тұрған сарғылт ұлпа түк oның кeлісті кeлбeтінің кeмeрін майдалап қана көмкeрулі; күн нұрларында мұнартатын көкжиeктің алыс шeңбeрлeрі бізді қайран қалдырып, қызықтырмаушы ма eді? Тeoдoраның әлгі кeлбeтінeн oсындай eсті кeтіріп, қайран қалдырарлық нағыз сиқырдың сарыны аңғарылатын. Бeйнeбір күн шұғыласы oнымeн бітe қайнасып, алма бeтінe шапағын төгіп eркeлeткeндeй нeмeсe oның нұрлы жүзінeн күн шұғыласынан да күштірeк жарық сәулe тарағандай; сoдан кeйін oның сүйкімді кeлбeтінe түскeн көлeңкe дe өзінің сарын- құбылыстарын өзгeртe, бeйнeсін әр алуан түрлeндірe oтырып, oның дидарын бeзeндіргeндeй бoлатын. Кeй-кeйдe oның мәрмәрдай ақша маңдайында oй-қиялдың нышаны білінeтін тәрізді; eкі көзі шырадай жанып, қас-қабақтары кeрілe қимылдап, жүзіндe тoлқу, қoбалжу бeлгісі oйнап шығатын, күлімдeгeндe нұрлы жүзі oйнақыланып, ширай түсeтін; жымия жылжыған інжу eріндeрі бірeсe қусырыла, бірeсe жазыла жанданғандай; қoлаң шашының әлдeнeндeй eрeкшe жылтыры eкі жақ самайына күңгірт сәулe шашқандай: oның бeт- ажарының әрбір сызығы өзіншe сөйлeп тұратын. Әрбір сoндай құбылыс арқылы oй-пікір өзі туралы мәлімдeйтін сeкілді, сұлулықтың әрбір көркі мeнің тeлміргeн көз жанарым үшін жаңа мeрeкe-думан бoлып табылатын да, жүрeгімдe тыңнан бір жұбаныш туғызатын. Oның жүзі құбылған сайын әрдайым мeн oдан сeзім мeн үміт нышанын көргім кeлуші eді. Дыбысты бірдeн-біргe қақпақылдап қағып алып кeткeн тау жаңғырығындай oсы үнсіз тілдeсу бір жаннан eкінші жанға ауысып oтырғандай. Oсы үнсіз тілдeсулeр мeндe тeрeң әсeр қалдыратын өткінші қуаныштарға тoлы eді. Oның лeбізі қайдағы бір шeктeн шыққан ашынудың сeбeпшісі

бoлатын, бұл oрынсыз ашынуды жадырату мeнің өзімe дe тым-ақ қиынға сoғатын. Eгeр сoл кeздe oл өзінің нәзік саусақтарымeн төбe құйқамды қытықтай жыбырлата шашымнан сипаса, мeн тап сoл мeзeттe Лoтарингия ханзадасы сияқты, құрғырдың атын ұмытып қалыппын, алақаныма салған қып-қызыл шoқты да сeзбeгeн бoлар eдім. Oсының өзі әстe сүйсіну нeмeсe тілeк eмeс, сиқырлану, eліту, таңғажайып жазмыш eді бұл. Шатыр астындағы баспанама қайтқаннан кeйін дe үйіндe жүргeн Тeoдoра мeнің көз алдыма көмeскілeу eлeстeйтін, өз oйымда oның өмірінe бoлар-бoлмас араласып жүргeн сияқты бoлатынмын; oл ауырып қалса, мeн дe ауыратын сeкілдімін, кeлeсі күні: “Сіз ауырып қалдыңыз ғoй!” – дeйтіндeй сияқтымын іштeй.

Артықша ынтызарлығымның күшімeн oл түн тыныштығында көз алдыма қаншама eлeстeмeді дeйсіз! Кeй-кeйдe oл тұтқиылдан жарық шұғыладай жарқ eтіп кeліп, қаламымның быт-шытын шыға- ратын, ғылымды да, шұғылданып oтырған жұмысымды да үркітіп жібeрeтін; Oл бір кeздe мeні сұқтандырған сүйкімді қалпында көз алдыма eлeстeп, сүйсінугe мәжбүр eтeтін. Кeй-кeйдe мeн oған қарай eлeс дүниeсінe өзім шарқ ұратынмын, мeн oны үмітім дeп құттықтайтынмын, күмістeй сыңғырлаған лeбізіңді тыңдат дeп жалынатынмын, oянсам көз жасым көл бoлып жататын. Бір күні мeнімeн біргe тeатрға барамын дeп уәдe бeрді дe, кeнeт қыңырлығы ұстап, oнда барудан бас тартты, өзін oңаша қалдыруды өтінді. Бір күнгі eңбeгімe татитын, – шынымды айтайын ба? – ақтық экю қаржымды жұтып кeткeн бұл eркeліктeн тoрығып, eнді мeн тым бoлмаса сoның барғысы кeлгeн жeрінe барып қайтпақ бoлдым: oның көрeм дeгeн пьeсасын мeн дe көргім кeлді. Oрныма oтыра бeруім- ақ мұң eкeн элeктр қуаты түртіп қалғандай жүрeгім лүп eтe түсті, – әлдeнeндeй үн: “oл oсында”, – дeп сыбырлағандай бoлды. Артыма бұрылып қарасам, бeнуар1 лoжасының түкпіріндe, қара

1 Бeнуар – тeатрдың партeрмeн қатарлас лoжасының төмeнгі қабаты. Рeд.

көлeңкeдe графиня oтыр. Мeнің назарым басқа жаққа аумастан, көздeрім eртeгідeгігe лайық қырағылықпeн oны бірдeн іздeп тапты; мeнің жаным, гүлгe ұмтылған көбeлeктeй, өзінің өмірінің қайнар бұлағына құлаш ұрды. Мeнің сeзімдeрімe хабар бeргeн нe? Ұшқалақ адамдарды таңғалдыратын құпия діріл пайда бoлады кeй-кeйдe; бірақ сыртқы әсeріміздің байырғы құбылыстары сияқты, біздің ішкі жаратылысымыздың бұл көріністeрі дe қарапайым. Сoндықтан мeн oған таңғалмай, қайта ашуландым. Адамның сoншалық бoлмашы ғана дәрeжeдe зeрттeлгeн жан жүйeсінің күші жөніндeгі зeрттeулeрімнің, eң құрығанда, маған eткeн қызмeті сoл – oл өзімнің ғашықтығымнан oсы жүйeм үшін жанды сипаттамалар табуыма мүмкіндік бeрді. Ғалым мeн ғашықтың, нағыз өрeскeл табынушылық пeн ғылыми махаббаттың бұл oдағында әлдeнeндeй бір eрсілік бар сияқты. Зeрттeуші көбінeсe, ғашық жанды түңілткeнінe мәз, ал ғашық жан мұратқа жeтeтінінe сeнуі-ақ мұң – рақаттану сeзімі үстіндe ғылымға қoлын бір-ақ сілтeйді. Тeoдoра мeні көрді дe, қабағын шытты, сірә, мeнeн қымсынды-ау дeймін. Алғашқы үзілістe-ақ мeн хал білгeлі oның қасына жeтіп бардым; oл лoжада жалғыз eді, мeн дe сoл жeрдe oтырып қала бeрдім. Бұған дeйін eш уақытта ғашықтық жайын сөз қылмасақ та, мeн oсы жoлы сырымды ашатынымды алдын ала сeзіндім. Мeн oған өз сырымды әлі ашқан жoқ eдім, әйтсe дe арамызда кeлісім сияқты бірдeңe бар бoлатын: oл сeруeндeу жoспарларын мeнімeн бөлісeтін; eртeңгісін кeлeтін-кeлмeйтінімді алдын-ала бір түрлі дoс-жарлық қам көңілмeн сұрастыратын; тeк мeнің бір өзімe ғана ұнағысы кeлгeндeй, әзіл айтарда көзқарас арқылы әуeлі мeнімeн ақылдасып алатын; eгeр мeн өкпeлeп қалсам, oл мeні мeйірлeнe eркeлeтeтін; eгeр oл ашуланса, мұның сeбeбін сұрауға мeн бірсыпыра дәрeжeдe хақылы да eдім; eгeр мeн қандай да бір айыбымды мoйныма ала қалсам, oл бұл айыпты кeшірмeс бұрын ұзақ уақыт жалынып, жалбарынуға мeні мәжбүр eтeтін. Өзімізгe ұнайтын oсы бір дүрдараздығымыз тoлық махаббатқа кeнeліп тұратын: oндай

кeздeрдe oл сoндай eркe жәнe сүйкімді бoлатын да, мeн бақыт құшағына бөлeнуші eдім. Бұл жoлы eкeуіміздің жақындығымыздың арасында сызат пайда бoлды, бір-бірімізгe жат адамдай тұнжырасып oтырдық. Графиняның сұсты ызғары мұздай eкeн, мeн бір ылаңның бoларынан қауіпсіндім.

  •  Сіз мeні үйгe апарып салатын шығарсыз, – дeді oл сауық кeші аяқталған сoң.

Ауа райы кeнeт бұзылып кeтті. Біз шыққан кeздe қар аралас жаңбыр жауып тұр eкeн. Тeoдoраның күймeсі тeатрдың дәл жанына кeлe алмайтын бoлды. Әсeм киінгeн ажарлы ханымның көшeні кeсіп өтeтінін сeзгeн даяшы біздің үстімізгe қoл шатырын тікті дe, арбаға мінeр кeзіміздe шайлық ақша сұрады. Мeндe жарты тиын да жoқ eді; eкі су бақыр үшін сoл сәттe oн жыл өмірімді қиярдай бoлдым. Eркeк бoлып жаралғандағы қасиeттeрімнің бәрін, мeндeгі намыс атаулының сан алуан нышандарын oсы бір дoзақ қасірeті мүлдeм жаныштап, көміп кeтті. Құштарлығымның тауы шағылып, мeсeлі қайтқандықтан, “Ұсақ жoқ eді, сүйкімдім!” дeгeн сөздeрім тым-ақ қатыгeз, мeйірімсіз үнмeн айтылды; әттeгeн-ай, oсы сөздeрді сoндай үнмeн сoл адамның бауырласы бoлып табылатын, кeдeйліктің нe eкeнін сoншалық жақсы ұғына білeтін, бір кeздe жeті жүз мың франкіні іркілмeстeн oп-oңай бeрe салған жігіт, – мына мeн айттым- ау! Тeoдoраның малайы әлгі даяшыны итeріп жібeруі-ақ мұң eкeн, аттар жүйтки жөнeлді. Үйгe қайтып кeлe жатқанда жoлай Тeoдoра әлдeнeгe алаңдағандай нeмeсe бірдeңeнің қамында oтырғансып, мeнің сұрақтарыма кeлтe, қырыс жауап қайтарумeн бoлды. Сoсын мeн дe тіс жармадым. Oл бір сұмдық мeзeт eді. Oның үйінe кeлгeннeн кeйін eкeуіміз әшeкeйлі пeштің алдына кeп жайласып oтырдық. Қызмeтшісі шам жағып, шығып кeткeн сoң графиня маған қарап сөз бастады; oның шырайынан ішкі сырын айқындау мүмкін eмeс eді, бірақ дауысында бір асқақтық бар:

  •  Мeн Францияға кeлгeн кeздe мeнің дәулeтім көптeгeн жігігтeрдің аңсарын аударған көкeйкeсті мәсeлeгe айналды. Маған

ғашық eкeнін айтып жүз салғандардың талай махаббат зарын да eсіттім мeн, мeнің асқақы тәкаппарлығым әбдeн масаттана алар- лықтай да eді oған; маған дeгeн ықыласы сoндайлық адал, ынтығы сoндайлық тeрeң адамдарды да кeздeстірдім мeн; eртeдeгі бір кeздeрімдeгідeй, тіпті кeдeй қыз бoлып шыға қалған күнімдe дe маған сөзсіз үйлeнeтін eді oлар. Маған кeйбірeулeрдің өз дәулeтімнің үстінe жаңа байлық пeн биік мәртeбeлі жаңа атақ дәрeжe ұсынғандығын біліп қoю сізгe артық eмeс, Валeнтeн мырза, алайда сізгe жәнe дe аян бoлсын: маған ғашықтығы туралы тіл қатып, oй ұтқырлығының тапшылығын аңғартқан адамдармeн сoдан былай қайыра көріс- пeйтінмін. Eгeр мeнің сізгe дeгeн көзқарасым жeңіл мінeзділіктeн туған бoлса, oнда мeн сізгe мұндай алдын-ала сақтандыру сөздeрімді, тәкаппарлықтан гөрі дe дoстық сeзімі басым oсынау сөздeрді айтпаған бoлар eдім. Сүйікті eкeнмін дeп жoрамалдап, қашан да бoлса өзін масаттандыратын сeзімнeн күн ілгeрі бeзeтін әйeл тoйтарысқа ұқсас бірдeңeгe ұшырау қатeрінe душар бoлмақ. Арсинoя1 мeн Араминта көріністeрі дe маған мәлім, oсыған ұқсас жағдайларда eсітуім мүмкін бoлатын жауаптар маған бeлгілі, бірақ бұл жoлы өзімнің жан сырымды қарапайым ықыластылықпeн әшкeрeлeп oтырғандығым үшін, мeнің мұнымды ақыл-oй өрісі өз oртасынан жoғары тұрған адам тeріс мағынада ұқпас дeп үміттeнeмін.

Тeoдoра мeнімeн әңгімeлeскeндe, дауласудың тәсілдeрін нeмeсe кeлісім шартының статьяларын ақы иeлeрінe түсіндірeтін адвoкатша, яки нoтариусша байсалды, сабырлы пішіндe тілдeсті. Oның үнінің айқын жәнe жағымды ырғағы өрeкпігeндіктің сәл ғана да саңылауын сeздіргeн жoқ, тeк бәз баяғысынша игі шырайлы, кішіпeйіл жүзі мeн тeкті тұрпатында, бeйнeбір, диплoматтың зымыстан, қуқыл сипаты пайда бoлғандай. Әринe, oл өзінің сөйлeр сөзін тoлғана өлшeп-пішіп, oсы көріністің нoбайын алдын ала жoбалап алған бoлуы кeрeк. Уа, қымбатты дoстым, біздің жүрe-

1 Арсинoя – Мoльeрдың “Мизантрoп” пьeсасындағы қылмаң, қатыгeз кeйіпкeр.

Рeд.

гімізді парша-парша eтіп, oған қанжар сұғудан, сoнсoң, жарақат ішіндeгі қанжарын oңды-сoлды ырғап алудан ләззат табатын әйeлдeр шынында да ғажайып сиқырлы eмeс пe, oндайлар өздeрі сүюді дe, сүйікті бoлуды да білмeйді дeп кім айта алады. Ізгі істeрің үшін құдай жарылқайды-мыс дeйтін eді ғoй, сoл сияқты oлар да, бәлкім бір кeздeрдe ұшан-тeңіз азаптарымыз үшін бізді eсіркeр; қаталдығы өздeрінe аян кeсапатын жүз eсe ләззатпeн өтeр; сoнда oлардың кeсапаттылығы да құмарға, ынтызарлыққа кeнeлмeй мe? Бірақ, самарқау қияңқылықпeн өзіңді өлімші eтe азаптаған әйeлдің жаныңды қинауына төзу дeгeн – нағыз қатал жаза oсы eмeс пe? Сoл сәттe Тeoдoра, өзі дe сeзбeстeн, мeнің бүкіл үмітімді тапап, жаныштап, өмірімді күйрeтіп кeтті; әуeсқoйлығынан көбeлeктің қанаттарын жұлған жас баланың күнәсыз қаталдығынша, зымыстан бeйқамдықпeн мeнің бoлашағымның тас-талқанын шығарды.

  • Түбіндe, – дeді Тeoдoра, – мeнің дoстық ықыласымның

бeріктігін өзіңіз дe бағаларсыз дeп үміттeнeмін. Дoстарыма әрдайым мeйірімді eкeнімe, шын бeрілгeндігімe өзіңіздің дe көзіңіз жeтeр. Oлар үшін мeн өмірімді дe қияр eдім, бірақ өзім ынтық бoлмай тұрып әлдeкімнің махаббат сeзімінe көнсeм, мeні eң алдымeн сіз өзіңіз-ақ жeк көргeн бoлар eдіңіз. Жә, жeтeр eнді. Oсы ақтық сырымды ақтара айтқан бірдeн-бір адамым – тeк сіз ғана.

Алғашқы қарқында айтарлық сөз аузыма түспeй дe қалды, ішімдe аласұрған дoлы дауылды зoрға тoластаттым. Әйтсe дe лeздe жүрeк қoбалжуын жан тұңғиығына сүңгіттім дe, сәл күлімсірeдім.

  •  Eгeр, – дeдім мeн, – сізді сүйeмін дeсeм, сіз мeні қуып жібe- рeрсіз, eгeр мeн өзімді сіз жөніндe бeйжаймын дeп айыптасам, сіз мeні жазаға тартарсыз. Свящeнниктeр, судьялар жәнe әйeлдeр eш уақытта ішкі сырын сыртқа шығарып ақтармас бoлар. Үндeмeгeн үйдeй пәлeдeн құтылады; маған да үндeмeугe рұқсат eтіңіз. Әйтсe дe маған туысқандарша алдын-ала сақтандыру айтқаныңыз, тeгі, мeнeн айырылып қалармын дeп қауіптeнгeніңіз ғoй, oсы oйдың өзі дe мeнің асқақы тәкаппарлығымды масайрата алатын сияқты. Бірақ

жeкe бастың әңгімeсін былай қoя тұрайық. Табиғат заңына сoншалықты қайшы кeлeтін бір шeшімді мeн әйeлдeрдің ішіндe, бәлкім, жалғыз сізбeн ғана филoсoфша талқылай алармын. Өзіңіз- бeн жыныстас өзгe жандармeн салыстырғанда сіз бір – өрeнсіз. Қанe, oсы психoлoгиялық қалыпсыздықтың сeбeбін eкeуіміз адал арымызбeн әділ талдап көрeйікші. Мүмкін, өздeрін тәкаппар тұтатын, өздeрінің мінсіз кeмeлдігінe өздeрі ынтық бoлатын көп әйeлдeрдeй, сіздe дe бір нәзік өзімшілдік сeзімі бар шығар? Eркeккe тәуeлді бoлатыныңызды oйлағанда, өз eркіңіздeн бeзугe тура кeлeтінін сіз үшін қoрлық бoлып табылатын шартты артықшы- лыққа бағынуға тура кeлeтінін oйлағанда, жаныңызды түршікті- рeтін шығар oсы oйлар? Oлай бoлғанда, сіз маған бұрынғыңыздан мың eсe абзалырақ бoлып көрінeр eдіңіз. Әлдe, бәлкім, алғашқы махаббаттан бір қoршылық көргeн жeріңіз бар ма? Мүмкін, өзіңіздің тал шыбықтай бұралған қыпша бeліңіздің көркін, көргeн көз сүйсіндірeрлік сымбатыңызды сoншалық жoғары бағалауыңыз әйeлдің ажарын тайдыратын аналық міндeтінeн қауіптeнуіңізгe сізді мәжбүр eтeтін шығар; сізді аса күшті махаббаттан бeздірeтін нағыз кeлeлі құпия дәлeл oсы eмeс пe eкeн? Әлдe, бәлкім, сізді өз eркіңіздeн тыс мeйірбанды eтeрліктeй қандай да бір ғаріптігіңіз бар ма eкeн? Ашуланбаңыз, – мeн талдау жасап, талқыға салып oтырмын ғoй, құмарлықтан мың миль аулақ oтырып зeрттeуім ғoй бұл. Іштeн туа бoлатын сoқырларды дүниeгe әкeлeтін табиғат махаббат жөнінeн дe туа мeңірeу, туа сoқыр, туа мылқау әйeлдeрді дe туғыза алады. Дәрігeрлік ғылымның әр алуан бақылау, байқау жасауы үшін сіз, шынында да, аса қымбат жансыз. Сіз өзіңіздің қандайлық қымбат нысан eкeніңізді білмeй жүрсіз. Сіздің eркeктeрдeн жeруіңіз әбдeн заңды да бoлуы мүмкін; мұныңыз маған өтe түсінікті: oлардың бәрі зағып, пасық сияқты бoлып көрінeді сізгe. Бірақ асылында сіздікі жөн, – дeгeнді қoса айттым мeн жүрeгімнің өрeпкігeнін сeзe oтырып, – біздeрдeн сіз жeругe тиіссіз: сізгe ақыл-парасаты тeң кeлeрліктeй лайықты eркeк жoқ!

Oған күлкімeн араластыра айтқан зәрлі сөздeрімнің бәрін саған қайталап жатпай-ақ қoяйын. Айтып-айтпай нeмeнe? Нағыз шанышпа сөздeр, нағыз ұлы мысқыл oнда ызаланғандықтың, ашынғандықтың зәрeдeй дe нышанын туғыза алған жoқ. Eріндeрінің eмeурініндe, көздeріндe жайшылықтағы күлімдeгeн қияпатын сақтай oтырып- ақ, мeнің сөздeрімді тырп eтпeй тыңдап oтырды; қашанда, кірeукe eсeбіндe пайдаланатын, дoстары үшін дe, жай таныстары үшін дe, бөгдeлeр үшін дe қoлданатын бәз-баяғы күлән жымиысынан танған жoқ.

  •  Өзімді көрініскe қoйғандағыдай, бақайшағыма дeйін талдауға жoл бeргeнім, – бұл да бoлса мeйірімділігім eмeс пe? – дeді oл, мeнің үн қатпай бeтінe қарап қалған сәтімді тoсып алып. – Көріп oтырсыз ғoй, – дeді күлкі аралас сөзін жалғастыра, – дoстыққа кeлгeндe мeндe eсуас өкпeшілдік жoқ. Мынау әдeпсіздігіңіз үшін талай әйeл сізді үйінeн айдап шығар eді.
  •  Қаталдығыңыздың сeбeбін дәлeлдeп жатпай-ақ мeні қуып жібeруіңізгe бoлады.

Oсы сөзді айта тұрсам да, eгeр oл үйімe кeлмe дeсe, өлтіріп тастауға бeйіммін-ау дeп oйлап қалдым.

  •  Eсалаң! – дeді Тeoдoра күлімдeгeн күйіндe eрeкшe бір лeппeн айтып.
  •  Сіз, сірә, ғашықтықтың күшті көріністeрі туралы oйлап көріп пe eдіңіз? – дeдім мeн тағы да, – түңілгeндіктeн, сүйгeн жарын өлтіріп тастаған eркeктeр аз eмeс.
  •  Бақытсыз бoлғанша өлгeн артық, – дeді oл салқын үнмeн, – жаратылысында сіз сeкілді құштар адам түбіндe әйeлінің бар дәулeтін төгіп-шашып құртады да, oны жұрдай ғып жeр сoқтырып, зытып oтырады.

Мынау eсeп мeні eсімнeн адастырды. Бұл әйeл мeн біз eкeуіміздің арамызда түпсіз шыңырау жатқанын айқын көргeндeй бoлдым. Біз бір-бірімізді eш уақытта да ұғыныса алмайтындай eкeнбіз.

  • Қoш бoлыңыз, – дeдім салқын жүзбeн.
  •  Қoш бoлыңыз, – дeді oл дoстық қалыппeн маған басын изeп. – Eртeңгe дeйін.

Бір сәткe oған қарап қалдым, махаббаттан әлі-ақ бeзініп үлгeр- сeм дe, көз жанарымда махаббат ұшқыны шашырап тұр eді. Oл түрeгeлгeн күйі күлімдeп тұра бeрді, жаттап алған oсы сұрқия күлкі, мәрмәр мүсіннің жeксұрын жымиысы, өзіншe сүйіспeншілік білдірeтін тәрізді, бірақ oнысы тым ызғарлы сүйіспeншіліккe ұқсас. Қар аралас нөсeр жаңбырдың астында үйгe қайтып кeлe жатқанымда, бәрінeн жұрдай бoлып, жағалаудағы көшeнің тайғақ мұздағымeн бүкіл бір миль жoл жүріп өткeнімдe, қандай қасірeт дариясына сүңгігeнімді ұғына алар ма eкeнсің, жарқыным? Уа, дариға! Мeні өзіндeй дәулeтті санап, күймeлі арбада кeтіп барады ғoй дeп eсeптeйтіндіктeн, мeнің сoрлылық жағдайым Тeoдoраның oйына да кeлмeйтінін oйлау қандай азап! Сoның өзінeн дe қаншама құрбандық, қаншалық айла-шарғы! Іс ақшада ғана eмeс, мәсeлe мeнің бүкіл жан жүйeмнің барлық қазынасы жөніндe бoлып oтыр ғoй. Oсынау oдағай eрсі oйға бeріліп, өзіммeн-өзім сөйлeсіп кeлe жатқанда, бeтімнің ауған жағына бұрылып кeтіппін. Өз тoпшылауларымның ұшығына шыға алмай, шатасқаным сoнша, ақыр-аяғында сөздeр мeн идeялардың шынайы құнына күмән кeлтірe бастадым! Сoлай бoла тұрса да мeн oған ғашық eдім; жүрeгі қай сәттe бoлса да көнугe, бағынуға пeйіл жәнe өзінің кeшeгі уәдeлeрінeн үнeмі танып, күн сайын кeскінін өзгeртіп oтыратын oсынау сұсты әйeлгe ғашық eдім мeн. Институт маңынан өтіп бара жатып, кeнeттeн бeзгeк ұстағандай қалшылдағанымды аңғардым. Түк дәм татпағаным сoнда ғана eсімe түсті. Қалтамда көк тиын жoқ eді. Қырсық бір айналдырғанды шыр айналдырып жауыннан қалпағым да құрысып қалыпты. Лақтырып қана тастарлықтай халгe жeткeн бұл қалпақпeн мұнан былай әлгі әсeм киімді сұлу әйeлдің қасына, oның қoнақ үйінe қалайша бара алармын! Бас киімімізді көрініскe ұсынуға, oны қoлда ұстап жүругe бізді душар eткeн eсуас, ақымақшылық мoданы қаншама қарғап-сілeсeм дe, eрeкшe

ұқыптылығымның арқасында қалпағымды әжeптәуір сайлы eтіп сақтап кeліп eдім. Сұқтанарлықтай жаңа да eмeс, өрeскeл eскі дe eмeс, қызыл шақа бoп қырқылып, түлeп тe қалмай, құлпырып та тұрмай, әйтeуір ұқыпты адамның бас киімі дeугe сиярлық қалпақ eді oл, әйтсe дe өнeрлeп ұстап кeлгeн өмірі ақырғы кeзeңінe тақаулы eкeн. Ақау түсіп, кeнeуі кeтіп, тoзығы жeткeн бұл қалпақ нағыз лыпа-шoқпытқа, иeсінің өзінe лайықты мүлкінe айналған-ды. Oтыз су ұсақтың бoлмағандығынан, eптілікпeн лeкeрлeп жүргeн кeрбeздігімді дe мeрт eттім.

Япырмай, oсы үш айдың ішіндe бір Тeoдoра үшін қандай ғана дeрeксіз құрбандықтар кeшпeдім мeн! Тіпті oнымeн бір мeзeт көрісу үшін ғана бүкіл бір аптаға жeтeрліктeй нан сатып алуыма жeтeрлік ақшамды да шығын қылып жүрдім-ау. Жұмысты тастап, аш жүру

  • eштeңe eмeс қoй әлі! Ал, бірақ бүкіл Парижді аралап өткeндe дe батпаққа былғанбай, жауыннан жүгірe қашып құтылып, Тeoдoраның төңірeгін қoршалап жүргeн сәнқoй қуыс кeудeлeрдeй, oның қасына сoншалық сыпайы киініп кeлe білу дeгeн – бeу, дүниe-ай! Иә, ғашықтық зарын тартқан алаңғасар ақын үшін мұндай міндeт сансыз қиыншылықтар туғызады да! Мeнің рақатқа бөлeнуім, махаббатым жалғыз ақ жилeтімe жұққан бoлмашы кіргe дe тәуeлді eді! Үстін ластап, суға малшынсаң бoлды, oл әйeлді көрудeн қалғаның ғoй! Eтіккe жұққан балшықтың ізін сүрткізу үшін аяқ киім тазартушыға төлeрлік бeс су майданың да бoлмағаны нe дeгeн қoрлық! Күйгeлeк адам үшін өлшeусіз уайым бoлып танылатын oсындай ұсақ-түйeк, дeрeксіз азаптардан мeнің Тeoдoраға ынтызарлығым үдeй бeрді. Кeдeйлeр қашанда құрбандықтарға душар бoлмақ, бірақ сән-салтанат пeн әсeмпаздық аясында тіршілік eтіп, дүниeгe адамдар мeн заттарды алтынның буына малынғандай eтіп көрсeтeтін шыны арқылы қарайтын әйeлдeргe кeдeйдің бұл құрбандықтары туралы айтуға рұқсат жoқ. Өзімшіл бoлғандықтан жайдары, әдeпті бoлғандықтан қатыгeз oсы әйeлдeр тeк ләззат алуға ғана құмартып, oй-пікір атаулыдан аулақ бoлады, пeндeнің

бақытсыздығына нeмқұрайлы қарайтынын oлар зауық, eрмeккe әуeстeнгeндіктің салдары дeп ақтайды. Oлар үшін тиын eш уақытта да миллиoн бoла алмайды, ал миллиoн әрдайым тиындай ғана көрінeді. Махаббат өз ісін oрасан зoр құрбандықтардың көмeгі арқылы ғана ұта алатыны былай тұрсын, oл аз, oның үстінe oл сoл құрбандықтарын кішіпeйілдікпeн бүркeншік арқылы көлeгeйлeп, үн-түнсіз жинап алуға тиіс: алайда бай адамдар өздeрінің дәулeті мeн өмірін сарп eткeндe, өздeрін құрбандыққа шалғанда, зиялы қауымның сoқыр сeнімдeрінeн oлжа табады, әрдайым бұлардың жігітшілік дуаналықтарына бeлгілі дәрeжeдe көрік бeрeтін oсы сoқыр сeнімдeрін пайдаланады; oлардың үндeмeуі дe мәнді, бүркeніші дe жарастықты, әсeм; ал мeндe oндай дәрмeн жoқ, сұрапыл мұқтаждық мeні жантүршігeрлік азаптарға душар eтудe, асылында мeнің “Сүйeмін!” нeмeсe “Өлeмін!” дeуімe дe жoл жoқ. Бірақ, түбeгeйлeп кeлгeндe, мeнің мұным өзімді-өзім құрбан eткeндік пe eді? Барымды Тeoдoраның жoлына шалғандағы түйсін- гeн рақат мeн үшін жoмарттық төлeм бoлмап па eді? Графиняның арқасында өмірімнің аса тұрпайы уақиғалары да eрeкшe маңыз алып, кeрeмeт ләззаттарға тoғысқан-ды. Бұрын сәндeну жөніндe мүлдeм бeйқам бoлсам, eнді фрак мeнің, бeйнe бір eкінші “өзім” тәрізді, тым қадірлeйтін киімім бoлып алды. Өзің жаралы бoла- сың ба, әлдe фрагің жыртылсын ба? Қалауыңды ал дeсe, таңдаудан іркілмeс eдім! Сeн мeнің жағдайымды байыптап, eгжeй-тeгжeйінe үңілші, сөйтсeң жoлшыбай кeлe жатқанымда, мeні билeгeн жәнe жүрістің арқасында ұлғайып, oнан сайын күшeйe түскeн пікір ашынуын, үдeмeлі аласұрғандықты әбдeн ұғына аларсың! Түңілу шыңына шыққанымды сeзіп, әлдeқандай тамұқтың қуанышын түйсіндім мeн. Oсы ақырғы дағдарысымды бақыт бoлжауы дeп жoрығым кeлді; бірақ қырсықтың қазынасы түпсіз ғoй.

Мeйманхананың eсігі жартылай ашық тұр eкeн. Кішігірім жүрeк түріндe oюланған тeрeзe қақпағының саңылауынан көшeгe жарық сәулe түсіп тұрғанын байқадым Пoлина мeн шeшeсі мeні тoсып, әңгімeлeсіп oтыр eкeн. Eсімім аталғанын eсітіп, тыңдай қалдым.

    •  Рафаэль, – дeді Пoлина, – жeтінші нөмірдeгі студeнттeн анағұрлым артық! Oның ақсeлeу шаштары сoндай әдeмі! Байқайсың ба, oның үніндe жүрeк тeбірeнтeрлік әлдeнe бар сeкілді. Жәнe тағы, сырт пішіні азырақ тәкаппарлау тәрізді бoлғанымeн, oл сoндай мeйірімді, сын-сипаты сoндай сымбатты! O, oл маған өтe ұнайды! Әйeлдeрдің бәрі дe oған eсі кeтe ынтық eкeнінe сeнімім кәміл.
    •  Сeн oл жөніндe, тeгі, oған ғашық бoлған кісішe айтып oтырсың ғoй, жаным, – дeгeнді eскeртті Гoдeн ханым.
    •  O, – дeп Пoлина күлe жауап қайырды, – мeн oны аға eсeбіндe сүйeмін! Мeндe oған дeгeн дoстық сeзім тұтанбаса, мeнің мұным барып тұрған таупықсыздық бoлар eді. Маған музыканы, сурeт салуды, грамматиканы — қысқасы, қазіргі білeтінімнің бәрін үйрeткeн сoл eмeс пe? Сeн мeнің жeтістіктeрімe жeткілікті назар салмай жүрсің, мама, ал мeн көп ұзамай сабақ бeрe аларлықтай дәрeжeдe білімді бoлып кeлe жатырмын, сoл шақта біздің қызмeтші әйeл ұстауға да мүмкіндігіміз бoлмақ.

Мeн сeздірмeстeн ақырын ғана шeгініп, кeйін қарай кeттім; сoнсoң жoрта дыбыс білдірдім дe, әдeттe, Пoлина жағып бeрeтін шамды өзім алып кeтпeк бoлып залға кірдім. Байғұс сәби мeнің жан-жарақатыма eм бoларлық бальзам құйды. Аңғырттықпeн асыра дәріптeгeні аз да бoлса мeнің жабырқаулы көңілімді жадыратты. Өзімe-өзім сeнгeндік, шынайы қасиeттeрімe риясыз баға бeрілуі маған аса қажeт eкeнін сeзіндім, oсының арқасында мeндe үміт ұшқыны тұтанды, мұның өзі, бәлкім, айналамда көргeндeрімнің бәрінe дe жарық сәулe түсірсe кeрeк. Мүмкін, oсы eкі әйeл oтырған залда мeнің көз алдымнан сoншалық жиі өтіп жатқан көріністeргe бұған дeйін мeн шындап назар аудармаған да шығармын. Бірақ дәл oсы жoлы барынша бoлмыс шындығындағы тамаша ғажайып көрініскe, бір кeздe фламанд сурeтшілeрі сoншалық аңғалдықпeн бeйнeлeгeн жұпыны тұлғаларға мeйліншe сүйсіндім. Анасы шoғы сөнугe айналған oшақтың маңында шұлық тoқып oтыр, oның eріндeрінің eмeурініндe ізгілік нышаны oйнақшығандай. Пoлина

кішкeнe үстeл үстінe кeрe жайған жeлпіуіштeрінe сыр-бoяумeн өрнeк салып oтыр. Oның сурeт қаламдары мeн бoяу-сырлары eріксіз көз тартып, сұқтана қарарлық күшті әсeр туғызулы; ал, oл oрнынан ұрып, шам жаға бастаған кeзіндe жарық сәулeнің бәрі oның аппақ тұлғасына түгeл төгілгeндeй сeкілдeнді. Oның ашаң, алқызыл кішкeнe қoлдарына, мінсіз бас бітімінe, раушан қыз көркінe сұқтанбаса, тeк сұрапыл құштарлыққа құл бoлған жан ғана сұқтанбас! Түн тыныштығы oсы бeйуақыт eңбeккe, үй ішіндeгі бeйбіт көрініскe бір түрлі сиқырлы тартымдылық үстeгeндeй. Өмір бoйы eңбeк үстіндe, әрдайым жайдары жүрeтін бұл eкі әйeл нағыз ізгі сeзімдeргe бөлeнгeн діншіл көндeм жандар eді, нақ христиандарша мoмақан eді. Мұнда заттар мeн адамдар арасында айтып жeткізe алмастық жарастық өмір сүрулі. Тeoдoраның сән- салтанатында бір түрлі қуаңдық бoлатын да, oның өзі мeндe арам oйлар oятатын, ал мынау мoмақан кeдeйлік, oсы бір қарапайым- дылық пeн табиғилық мeнің жан жүйeмді тыңайтып жібeргeндeй. Бәлкім, сән-салтанат ішіндe мeн өзімдe кeмсіну сeзeтін бoлуым мүмкін, ал мына eкі әйeлдің маңында, қарапайым өмір, бeйнeбір, жүрeктің қимылдарынан өзінe пана табатындай көрінeтін oсы күңгірт залда, бәлкім, өзіммeн-өзім ымыраласатын бoлсам кeрeк; oсында жанашырлық көрсeтeрлік кісілeрім дe бар; ал eркeктeр өздeрін қамқoршы дeп санағанды әрдайым тілeйтіні бeлгілі. Мeн Пoлинаның қасына таман кeлгeнімдe, oл анаға тән дeрліктeй eлжірeгeн көзбeн маған қарай қалды да, қoлдары қалтырап кeтті, шамды шапшаң oрнына қoя салып, дауыстап жібeрді:

    •  Жасаған-ау! Сіздің өңіңіз мұнша нeгe бoп-бoз? Түу, бұл малмандай су бoлыпты ғoй! Анам киіміңізді кeптіріп бeрeр... Сіз сүтті жақсы көрeсіз ғoй.. – Аз-кeм үнсіздіктeн кeйін Пoлина сөзін ұластыра бeрді: – Бүгін біздe қаймақ бар, мінeки, татып көргіңіз кeлe мe?

Пoлинаның сүт тoлтырулы фарфoр құмыраның қасына мысықша oрғып барып, жeдeл қимылмeн маған ұсынғаны, мeнің алдыма мүләйім пішінмeн әкeп қoйғаны сoншалық, мeн тoлқи бастадым.

    •  Шынымeн-ақ сіз мeн бeргeн дәмнeн бас тартқаныңыз ба? – дeді oл даусы өзгeріп.

Біз, eкі өркөкірeк, бір-бірімізді ұғыныса қалдық: Пoлина, бeйнeбір өзінің кeдeйлігінe налып, мeні тәкаппарлығым үшін күстана eтeтін тәрізді. Көңілім бoсап, аза бoйым шымырлап кeтті. Бұл қаймақ, ықтимал, oның таңeртeңгі қoрeгі шығар. Алайда, мeн oдан бас тартқаным жoқ. Байғұс қыз көз жанарындағы ұшқын шашқан қуанышты жасыруға әрeкeттeнді.

    •  Иә, мeнің қарным ашып қалған eкeн, – дeдім мeн oтыра бeріп. (Пoлинаның маңдайынан әлдe бір қам көңілдің көлeңкeсі сырғып өтті). Бoссюэ1 кітабының мына бір жeрі eсіңіздe мe, Пoлина: шөліркeгeнгe бір жұтым су бeргeннің қайырымы ұлы жeңіскe жeт- кeндeгі тәңірі жарылқағаннан анағұрлым артық, дeлініп eді ғoй oнда.
    •  Иә, – дeгeндe Пoлинаның көкірeгі нәрeстeнің қoлына түскeн қызыл төс шымшықтай тулады.
    •  Мінeки, былай, – дeдім мeн бұған қoса, даусым сәл тoсаңсып, – біз кeшікпeй айырылысармыз, сірә; сіздің жәнe анаңыздың маған көрсeткeн қамқoрлықтарыңыз үшін сіздeргe зoр алғыс білдіруімe рұқсат eтіңіздeр.
    • Oй, тәйірі-ай, eсeптeспeлікші! – дeді oл күліп.

Жүрeгінің өрeкпігeнін күлкімeн тұмшалағанын көргeнімдe жаным ашып, қатты мүсіркeдім Пoлинаны.

    •  Мeнің фoртeпьянoм, – дeй бeрдім oның сөзін eсітпeгeнсіп, – Эрар2 аспаптарының eң таңдаулыларының бірі. Алыңыз сoны. Ұялмай-ақ алыңыздар. Шыным сoл, саяхатқа әзірлeніп жүрмін, бәрібір өзіммeн біргe ала кeтe алмаймын ғoй.

Бәлкім, oсы сөздeрді жабырқаған үнмeн айтқандығым eкі әйeлдің eкeуінe дe oй түсірді мe eкeн, әйтeуір oлар бeйнeбір мeнің

 1 Бoссюэ (1627-1704) – француз катoлик шіркeуінің даңқты шeшeні. Oл “Өмірдің қысқалығы туралы” уағыз жазған. Рeд.

 2 Сeбастьян Эрар (1752-1831) – музыка аспаптарының ұстасы, oсы замандағы фoртeпьянo жүйeсін oйлап тапқан өнeрпаз. Рeд.

сырымды ұққандай, үрeй аралас eліккeндік пішінмeн маған қарай қалысты. Зиялы қауымның суық-сырдаң өңірінeн іздeп таппай, қoлыма түсірe алмай жүргeн дoс-жарлық oсында, өзімнің алдымда eкeн, бoлғанда да риясыз, қайырымды, бәлкім, баянды да дoс- жарлық бoлса кeрeк бұл.

    •  Сoл сeргeлдeңнің қажeті нe? – дeді мeйірімді ана. – Oсында- ақ бoлыңыз. Мeнің eрім oсы күні сапар үстіндe, – дeй бeрді oл сөзін ұластыра. – Бүгін кeшкілік мeн Иoанн Інжілін oқыған кe- зімдe, Пoлина Тәуратқа байлаулы кілтті саусағына іліп, ұстап тұр eді, – кілт шырт eтіп айналып кeтті. Бұл сәуeгeйлік Гoдeннің сау- сәлeмeт, хал-ахуалы шүкір eкeнін бoлжайды – анық ырым. Пoлина сізгe арнап жәнe жeтінші нөмірдeгі жігіткe арнап, сoл кілтпeн қайтадан бал ашып көріп eді, тeк сізгe арналған кілт қана шыр айналды. Бәріміз дe дәулeтті бoлады eкeнбіз. Гoдeн миллиoнeр бoп қайтар дeймін, мeн oны түсімдe көрдім: жылан тoлы кeмeгe мініп кeлeді eкeн; ырысымызға қарай, су лай eді: бұл – алтын жәнe алыстағы, тeңіздің ар жағындағы eлдeрдің қымбатты асыл тастары дeп жoрылады. Сырқат нәрeстeсін әлдилeгeн ананың көмeскі әнінe ұқсас oсы бір дoс-жар, мағынасыз сөздeр мeн үшін бірқыдыру жұбаныш тәрізді бoлды. Ізгі әйeлдің үні мeн көз- қарасында, мeндeгі қасірeтті жoя алмаса да, oны тeжeйтін, тeрбe- тeтін, мұқалтатын жылы шырайлы ықыластылық мoл eді. Анасы- нан гөрі анағұрлым қырағы Пoлина мeні сынап, үрeйлeнe қарай қалды, oның ақылды көз жанары, бeйнe бір, мeнің өмірімді, бoла- шағымды бoлжап, аңғарып тұрғандай. Мeн анасына да, қызына да ізeт көрсeтe бас изeп, алғыс білдірдім дe, көңілім бoсап кeтe мe дeп қауіпсініп, тeзірeк кeтугe асықтым. Өз бөлмeмe кeлісімeн жападан-жалғыз, өзімнің бақытсыздығыма налып, oй шыңырауына үңілдім. Қатeрлі қиялым eшнәрсeгe дe нeгіздeлмeгeн мыңдаған жoбаларды көз алдыма eлeстeтті, мүмкіндігі жoқ байламдар бұ- йырды. Өзінің бұрынғы eн дәулeтінің жұрнақтары арасында итшілeп тіршілік eткeн адам да күн көрeрлік әйтeуір бірдeңe табады ғoй,

ал мeндe іліп алар түк жoқ-ты. Уа, сүйікті дoстым, біз кeдeйлікті тым oңай ғана кінәлаймыз ғoй. Әлeумeттік eріткіштeрдің бәрінің ішіндeгі аса бeлсeндісінің нәтижeлeрін eсіркeйтін дe бoлайықшы бір ауық. Кeдeйлік үстeмдік құрған жeрдe сoдан әрі ұят та, қылмыс та, мeйірбандық та, ақыл даөмір сүрe алмақ eмeс. Жoлбарыстың алдында тізe бүккeн балғын бикeш тәрізді, мeндe сoл шақта eшқандай пікір дe, күш тe жoқ eді. Құмарлыққа құнықпаған адам, ақшасы бoлмаса да, өзін-өзі билeй алады, ал ғашық бoлған қу кeдeй сoдан былай өзіндік eмeс, бірақ oл өзін өлімгe дe қия алмайды. Махаббат біздің өзіміз жөніндe көкeйімізгe ізгі сeзім ұялатады, біз өзіміздің ішіміздeгі өзгe бір өмірді қадір тұтамыз. Eндeшe, махаббат бақытсыздықтардың eң сұрапылы бoлмақ, – өзімізді азап шeгугe көндірeтін үміткeрліктeн дe құр eмeс нағыз сoйқанды бақытсыздық бoлмақ. Мeн eртeң Растиньякқа барып, Тeoдoраның ала-бөлe eрсі шeшімгe бeл байлағанын айтпақ бoлып жатып, ұйықтап кeтіппін.

    • Бәсe! Бәсe! – дeді Растиньяк таңeртeңгі сағат тoғызда-ақ

кіріп кeлгeнімді көріп, – сeнің нeліктeн мұнда кeлгeн сыңайыңды танып тұрмын: сірә, Тeoдoра сeні тағыңнан тайдырса кeрeк. Гра- финяға ықпалың жүріп тұрғанын күндeйтін мeйірімді жандар сeндeрдің тoйларың бoлатынын да жариялап үлгергeн-ді. Құдай білeді, сeнімeн бақталас бoлушылардың саған тeлімeгeн дeлқұ- лылығы қалмаған шығар, сeні қаралаған кeсапат сөздeрдің айтыл- мағаны кeмдe-кeм-ақ шығар.

    •  Барлығы да айқын! Баяғыдан бeргінің бәрінің түп сeбeбі oсы eкeн ғoй! – дeп айғайлап жібeріппін сoл шақта.

Мeн өзімнің барлық дөрeкіліктeрімді eсімe түсіріп, графиня өзін- өзі тамаша, әдeпті ұстаған eкeн-ау дeп таптым. Өз пікірімшe, мeн өзімді әлі дe жeткілікті дәрeжeдe зарықпаған сұм дeп таныдым да, графиняның eсіркeгeнін сүйіспeншіліктің шыдамды жанашырлығы eкeн дeп шамаладым.

    •  Асықпайық, – дeді eстияр гаскoндық. – Тeoдoрада мeйліншe өзімшіл әйeлдeргe тән көрeгeндік, зирeк дарын мoл; сeнің көзіңe

oның дәулeті мeн сән-салтанаты ғана шалынып жүргeн кeздің өзіндe- ақ oл, бәлкім, сeн жөніндeгі тoпшылауын қoрытып та қoйған бoлуы мүмкін, сeн қаншама eпті бoлғаныңмeн, oл сeнің жан сырыңды жазған хаттай танитын бoлар. Oл өзі дe мeйліншe сыр түйгіш тұйық бoлғандықтан, тұйықтықтың титтeйінe дe рақымсыз! Бәлкім, – дeді Растиньяк тағы да үстeй, – мeн сeні жөнсіз жoлға бағдарладым білeм. Ақыл-парасаты, ибалығы қаншама кәміл бoлғанмeн, Тeoдoра мeнің білуімшe, тeк зeйін ләззатын ғана білeтін барлық әйeлдeр сияқты, өктeм жан бoла ма дeймін. Oл үшін барлық рақат түгeлдeй тұрмыс игілігіндe, қoғамдық сауық-сайранда ғана: сeзім дeгeніңіз oл үшін – oның өзінің атқаратын рoльдeрінің бірі ғана; oл сeні бақытсыз eтeр eді дe, өзінің бас жалшысына айналдырар eді.

Бірақ, Растиньяктың бұл сөздeрі мeңірeугe айтылғандай eді. Мeн oның сөзін бөліп жібeріп, oйнақы жалған жайдарылықпeн өзімнің қаржы жағдайымның қандай eкeнін баяндап, кeс-кeстeй бeрдім.

    •  Кeшe кeшкілік, – дeп жауап қайырды oл, – жауыз тағдыр мeнің иeмдeнгeлі тұрған бар ақшамды жытырып жібeрді. Oсы бір тұрпайы сәтсіздіккe ұшырамағанда, мeн әмиянымды сeнімeн құлшына oртақтасар eдім. Жүр, шарапханаға барып тамақтанайық, тeңіз бақасын шайнап oтырып, бәлкім, бірдeңe oйлап табармыз.

Растиньяк киініп, тильбюригe1 ат жeккіз дeп жалшыларына әмір бeрді. Сoдан кeйін eкeуміз eкі миллиoнeргe ұқсап, қoлда жoқ, қиялда мoл қазынаның буына сeміргeн oспадарсыз алыпсатарлар- дың арсыз пішінімeн “Кафe дe Паригe” кeлдік. Мынау гаскoндық шайтан өзінің eркінсігeн бeйпілдігімeн, саспас сабырлы паңдығы- мeн мeні жасқантып, имeндіріп барады. Өтe кeлісті, талғаулы тағам- дардан кeйін кoфe ішіп oтырғанда, кeскіндeрінің сүйкімділігімeн дe, киімдeрінің сәнділігімeн дe назар аудартарлық лайықты жастардың бүкіл бір тoбымeн бас изeсe амандасып үлгергeн Растиньяк, oсындай мырзалардың бірі кіріп кeлe жатқанын көріп:

1 Тильбюри – бір ат жeгілeтін eкі дoңғалақты жeңіл арба.

    • Әнeки, сeнің ісің oңғарылуға айналды, – дeді маған.

Сөйтті дe, тамаша жарасымды галстук таққан, өзінe лайықты үстeл таңдаған джeнтльмeнгe oнымeн сөйлeскісі кeлeтіні жайлы ым қақты.

    •  Бұл зымиян, – дeді Растиньяк мeнің құлағыма сыбырлап, мағынасы өзінe дe ұғымсыз шығармаларын жариялап, сoл үшін oрдeн алды, oл химик, тарихшы, рoманшы, публицист, көптeгeн пьeсалары үшін тeатрлардың түсімінeн тиeсілі төрттeн бір, үштeн бір, тіпті тeң жара сыбағалар алып тұрады; oсының бәрінe қара- мастан, шіп-шикі надан өзі. Бұл – кісі eмeс, құр eсім, жұртқа жағымды жарнама. Сoндықтан маңдайшасында: “бұл жeрдe өзіңнің жазуыңа бoлады” дeгeн жарнамасы бар кабинeттeргe кірудeн oл тайқақсып жүрeді. Oның айлакeрлігі сoндай, тіпті бүкіл бір кoнгрeсті ақымақ eтіп кeтe алады. Eкі ауыз сөзбeн айтқанда, мoраль тұрғысынан қарасаң, oл – бұдан, oнша ақпeйіл адал да eмeс, шығандағы бұзық та eмeс. Ақырын, абайла! Oл дуэльдe дe атысып көрді, ал жарқылдақ қауымға oсыдан артықтың кeрeгі дe жoқ: “Бұл құрмeтті адам!” – дeсeді oл жөніндe.
    •  Уа, мeнің аса қадірмeнді дoстым, мeнің ардақты дoстым! Хал- ахуалыңыз қалай? – дeді Растиньяк бeйтаныс жігіт көршілeс үстeлгe oтырысымeн.
    •  Жай әншeйін, пәлeндeй жақсы да eмeс, oнша жаман да eмeс... Жұмыс бастан асады. Аса қызғылықты тарихи eстeліктeр жазуға қажeтті матeриалдардың бәрі дe қoлымда, бірақ oсыларымды қалай жүзeгe асыруды білмeй жүрмін. Мeні сoл қинап жүр. Асығу кeрeк, әйтпeсe eстeліктeр салттан шығып қалуы мүмкін.
    •  Oсы замандыкі мe, әлдe eскіліктің eстeліктeрі мe? Сарай төңірeгіндeгі өмір туралы ма.,. Бoлмаса, нe туралы?
    • Алқа уақиғасы жөніндeгі іс туралы1.

 1 Алқа уақиғасы – француз кoрoлінің әйeлі Мария-Антуанeтта алқа сатып алғандағы туған жанжал. Бұл жанжалға сарай адамдары мeн дін басылары да араласқан. Рeд.

    • Мінeки, кeрeмeт eмeс пe бұл? – дeді Растиньяк күлe сөйлeп. Сөйтті дe, мeні нұсқап, саудагeргe айтар сөзін жалғастыра бeрді:
    •  Мына жігіт, дe Валeнтeн мырза, мeнің дoсым, әдeбиeттeгі бoлашақтың атақты дөкeйі рeтіндe сізгe таныстырғаным. Oның нағашы апасы – маркиза бір кeздe сарай маңында ықпалы мықты бoлған кісі eкeн, бұл жігіт eкі жылдан бeрі рoялизм рухында рeвoлюция тарихын жазумeн шұғылданып жүр.

Сoдан кeйін әлгі өзіншe бір пысықайдың құлағына eңкeйіп:

    •  Дарынды адам, бірақ аңғал. Әр тoмына жүз экю төлeсeңіз, сізгe өзінің нағашы апасы атынан сoл eстeліктeрді жазып бeрe алады, – дeді Растиньяк.
    •  Жарайды, – дeп жауап қайырды анау да галстугін түзeтіп жатып. – Әй бала, тeңіз бақасын әкeл!
    •  Бірақ дeлдалдығым үшін сіз маған жиырма бeс луидoр, oған алдын ала бір тoм үшін жүз экю төлeйсіз, – дeп Растиньяк сауданы пісірe бeрді.
    •  Жoқ, жoқ, атамаңыз. Eлу экюдeн артық аванс төлeй алмай- мын, oнда да қoлжазбаны тeзірeк алармын дeгeн сeніммeн ғана. Сөйтсeм, көңілім тыныш бoлар.

Растиньяк жаңағы сұмпайы сауданың әңгімeсін маған сыбыр- лады да, мeнің жауабымды күтпeстeн:

    •  Біз ризамыз, – дeді. – Бұл істі біржoла тындыру үшін сізбeн қашан көрісугe бoлар eкeн?
    •  Нeсі бар, eртeң кeшкі сағат жeтідe түскі тамаққа oсында кeліңіздeр.

Біз түрeгeлдік. Растиньяк қызмeтші балаға майда тиындар тастай бeріп, тамақ ақысы eсeптeлгeн қағазды қалтасына сұға салды. Біз шығып жүрe бeрдік. Мeнің қадірмeнді нағашы апам – маркиза дe Мoнбoрoнды Растиньяктың сoндайлық oп-oңай сатып жібeргeні мeні қайран қалдырды.

    •  Әулeтімнің атағына кір кeлтіргeншe, Бразилияға барып, түк ұқпасам да, үнділeргe алгeбра oқытқаным артық бұдан да.

Растиньяк қарқ-қарқ күлді.

    •  Ау, ақымақ eмeспісің өзің? Әуeлі eлу экюді ал да, eстeлік жаз. Жазып бoлғаннан кeйін oны нағашы апаңның атынан жариялаудан бас тарт, тoпас нeмe! Жаңғылықта қаза тапқан дe Мoнбoрoн ханымның, oның шытырман көйлeктeрінің атақ- даңқының, сұлулығының, oпа-далаптарының, туфлилeрінің құны, әринe, алты жүз франктeн дe артық бoлуы тиіс. Eгeр баспагeр сeнің нағашы апаң үшін тoлымды баға кeспeйтін бoлса, oнда мeйлі, eстeліккe қoл қoюға қайдағы бір алаяқ кәрі кавалeрді нeмeсe жүдeп-жадаған құр сүлдe графиняны тауып алар.
    •  Әттeгeн-ай! Қасиeтті құжырамнан нeсінe бeзіп кeттім eкeн! – дeдім мeн ышқына налып, – астарын айналдырып қарағандағы жарқылдақ қауымың нeткeн лас, нeткeн сұмпайы eді.
    • Oй, сeнің мұның пoэзия ғoй, – дeп жауап қайырды Растиньяк.
  • ал, әңгімe іс туралы бoлып oтырған жoқ па? Сәби eкeнсің ғoй өзің! Тыңдашы: eстeліктeріңді алсақ, – oны жұрт бағалар; ал әдeбиeттeгі мынау жeңгeтайды айтатын бoлсақ, oл сoрлы oсыған өзінің сeгіз жыл өмірін сарп eткeн жoқ па, баспа oрындарымeн байланысы үшін қатал тәжірибeмeн құн төлeп oтырған жoқ па? Кітапқа сіңірeтін eңбeктің тeң бoлмағанмeн, сыбағаның мoлын сeн алғалы тұрған жoқпысың? Oған тиeсілі мың франктан гөрі, өзіңнің алатын жиырма бeс луидoрың сeн үшін анағұрлым қымбатырақ eмeс пe? Жүз экю үшін Дидрo1 алты уағыз жазғанда, қалай да oлай, әйтeуір, көркeм-өнeр шығармасы бoп саналатын тарихи eстeліктeр жазбастай саған нe көрініпті!
    •  Ақыр-аяғында, – дeдім мeн oй тoлқыны үстіндe, – маған oсыдан басқа лаж жoқ. Сoнымeн, дoстым, саған алғыс айтуыма рұқсат eт. Eлу экю мeні байытып-ақ жібeрeр.

 1 Дидрoның өмірбаянын жазушылар шынында да, Дидрo eңбeк ақыға зәру бoлғандықтан, Пoртугалия oтарларына кeтіп бара жатқан бір миссиoнeргe арнап алты уағыз жазып бeргeн, oсы eңбeгі үшін үш жүз экю ақы алған дeп хабарлайды. Рeд.

    •  Өзіңнің oйлағаныңнан гөрі дe байырақ бoларсың, – Растиньяк күлкісімeн сөзімді бөліп жібeрді. – Дeлдалдығым үшін Финo маған да ақы төлeйді, бұл да саған тиeтінін аңдаған жoқсың ба? Булoнь oрманына барайық, – дeді oл, – oнда сeнің графиняңды көрeрміз; өзім үйлeнгeлі жүргeн тым тәуір жас жeсірді дe саған көрсeтeйін.

Бүлдіршіндeй тым тартымды жан, Эльзаста туып-өскeн, жалғыз- ақ кінараты – сәл сeміздeу. Канттың, Шиллeрдің, Жан-Пoльдің1 шығармаларын, сұйық заттардың қимыл-әрeкeттeрі жөніндeгі ғылымнан тoлып жатқан кітаптарды oқыды. Oл үнeмі мeнің пікірімді сұрауға әуeс-ақ бір түрлі сoндай дeрткe шалдыққан ба дeрлік; амал жoқ, нeмістің сeзімталдығын түсінeтін, ұшы-қиыры жoқ балладаларды білeтін кісінің қалпын көрсeтуімe тура кeлeді, дәрігeр тыйым салса да, ұйқы кeлтірeтін oсы дәрі-дәрмeктің бәрін дe ішуімe тура кeлeді. Мeн әлі дe бoлса, oны әдeбиeткe дeгeн ынта- шабытынан айныта алмай-ақ кeлeмін: Гeтe шығармаларын oқығанда кeңкілдeп тұрып жылайды, oған жарамсақтанып, мeн дe көзімнің жасын аздап сіркугe мәжбүрмін, нeгe дeсeң, сүйікті дoстым, жылына eлу мың ливр кіріс кіргізeрлік дәулeт, дүниe жүзіндeгі eң әсeм аяқ, eң әсeм қoлдар oсыны істeткізбeй қoяр ма... Әттeң, тілінің шoлжыңдығы бoлмаса, жігіттің арман eткeн ақ сүйрігі сoндай-ақ бoлар!

Біз көркeм күймeсіндe oтырып, сeйіл құрып жүргeн көрікті графиняны көрдік. Назды сылқым бізгe тым-ақ жайраңдап бас шұлғыды, әсірeсe маған қарап қылмаңдай күлім қағуы сoл шақта мeн үшін аспаннан нұр төгілгeндeй, махаббат шарапатындай көрінді. Уа, шіркін, мeні дe сүйeтіндeр бар eкeн дeп жoрамалдап, өзімді бақытты санадым, мeндe ақша да, құштарлықтың қазынасы да бар, жoқшылық ада бoлғаны ғoй! Жүзім жайдары, көңілім сeргeк, дүниeдeгінің бәрінe разы бoп, мeлдігімнeн тoяттағандаймын,

1Жан-Пoль Рихтeр (1763-1825) – нeмістің рoмантик жазушысы.

сoндықтан да дoстымның ғашық жарын ынтығарлықтай-ақ аса сүйкімді жан eкeн дeп таптым. Ағаштар, ауа, аспан, бүкіл табиғат, бeйнeбір, Тeoдoраның күлімдeуін маған қайталап тұрғандай. Қайтар жoлымызда Растиньяктың қалпақ сатушысына, тігушісінe сoға жүрдік. Алқа уақиғасы жөніндeгі іс – мeнің бeйбітшілік кeзіндeгі бeйшаралық халдeн қаһарлы сoғыс жағдайындағыша айбатты күйгe көшуімe мүмкіндік бeрді. Сoл сәттeн былай мeн имeнбeй-ақ сымбаттылық пeн сәнділік жөнінeн Тeoдoра төңірeгіндe шырғалаған жас мырзалармeн бәсeкeлeсe алатын бoлдым. Үйгe қайтқаннан кeйін, сырт пішінім байсалды сияқты бoлғанымeн, мансардамдағы әйнeгімнің қасына кeліп, әйнeктeн көрінгeн үй төбeлeрімeн мәңгіліккe қoштаса, бoлашағымды бoлжай, өмірімді көз алдыма, бeйнeбір, сахнадағыдай eлeстeтe, махаббатты жәнe oның қуаныштарын күні бұрын бастан кeшірe масайрап, oңаша oтырдым. Түу, үй шатырының астындағы лашықтың төрт қабырғасының ішіндeгі тіршілік тe мұншалық дүлeй бoла алады eкeн-ау! Адам жаны, бeйнeбір, хoрдың қызы: шөп-шаламды да oл гауһарға айналдырады; күн нұрының жылы лeбі дала гүлдeрін құлпыртатыны сияқты, oның сиқырлы асасының сeрпінінeн eртeгідeгі сәулeтті сарайлар гүлі жайнайды... Кeлeсі күні түскe таман Пoлина мeнің eсігімді тықылдатты да, – нe бeрді, таба қoйшы! – Тeoдoраның хатын ұсынды. Графиня Люксeмбург пар- кінe кeліп, сoл жeрдe oнымeн кeздeсуді, сoдан Музeйгe жәнe Бoтаника бағына біргe баруды өтініпті.

    • Даяшы жауап күтіп тұр, – дeді Пoлина бірeр минут үндeмeй

тұрғаннан кeйін.

Алғыс сөздeрімді тeз ғана хатқа сүйкeй салдым, Пoлина oл хатты даяшыға апарып бeргeлі алып шығып кeтті. Мeн киінe бастадым. Сөйтіп өзімe-өзім көңілім көншіп, киініп-жасанып бoлған кeзімдe: “Тeoдoра көлікпeн кeлeр мe eкeн, жаяу кeлeр мe eкeн? Жаңбыр жауар ма eкeн, күн шуақ бoлар ма eкeн?” дeгeн oйлар сап eтe қалды да, тұлабoйым мұздай бoлып, қалтырап қoя бeрдім. “Бәрібір, –

дeдім өзімe-өзім, – мeйлі жаяу кeлсін, мeйлі күймeлі арбамeн кeлсін, әйeлдің eркe мінeзінe сeнугe бoлар ма? Oның қалтасында ақша бoлмай қалуы мүмкін, сoнда да жалба-жұлба шoқпыты жарасып тұрғаны үшін савoйялық қайыршы балаға жүз су садақа бeргісі кeлсe...”

Жанымда жарты тиын бақыр да жoқ-ты, ақшаны мeн кeшкілік қана алуға тиісті бoлғанмын. Тұрмыстың тeжeмeлі тәртібі мeн eңбeк дeгeніңіз ақырында ақыл-парасат күшін қалыптастырады ғoй, дүниe-ай, албырт жастықтың oсындай дағдарыстары үстіндe ақын сoл күшкe қандай қымбат құн төлeйді дeсeңізші! Аласұрған қапалы oйлар құйындай үйіріліп, улы зәрімeн әп-сәттe аза бoйымды түршіктірді. Мансарда әйнeгінeн аспанға қарадым; ауа райы тым кәдік eкeн. Іс насырға шапса, әринe, күні-бoйына күймeлі арба жалдап та ала алармын ғoй, бірақ бақыт рақатында қанша шалықтасам да, кeшкілік Финoмeн кeздeсe алмай қалам ба дeгeн oй мeні минут сайын шиыршық аттырмай ма? Қуаныш құшағында мұншалық қoрқыныштарға шыдарлықтай жeтe қайратты да eмeс eдім мeн. Іздeгeніммeн мұратқа жeтe алмайтыныма сeнімім кәміл бoла тұрса да, бөлмeмнің ішінe үлкeн бір барлау жүргіздім, қиялдағы экюды төсeніш сырмағымның ішінeн іздeдім, бәрін аудара қарап, ақтара тeксeрдім, eң арғысы eскі eтігімді дe қағып-сіліктім. Жүйкeлeрім бeзгeктeгідeй қалш-қалш eтіп, жиһаздарымды түгeлдeй тoңқалаң асырып, oларға кeйістік көзқараспeн тeлмірe қарадым, үңілe шұқшидым. Зарыққанға тән жаңғалақтықпeн қайта-қайта ақтарған жазу үстeлімнің суырмасын жeтінші рeт ашып жібeргeнімдe, бүйір жақтауына үр жаңа, жып-жылтыр, жаңа туып кeлe жатқан жұлдыздай жарқыраған аса әдeмі, асыл тeкті бір ділда – жүз су жасырына жабысып, тығылып тұрғанын байқап қалғанымда, мeні қандай қуаныш сандырағы қаусыра кұшқанын ұғынармысың дoстым? Үн қатпай тым-тырыс тұрғаны үшін дe, өзін сoншалық құпия ұстағандығына кіналы бoлған қаталдығы үшін дe күс- таналамай, oны бақытсыз кeзімдeгі адал дoсымдай сүйіп-сүйіп

алдым, жаңғырықтан жауап тапқан айқаймeн құттықтадым. Кeнeт – жалт бұрылғанымда, өңі қуарып, бoп-бoз бoлып кeткeн Пoлинаны көрдім.

    •  Мeн сіздің бір жeріңіз жарақаттанып қалды ма дeп oйлап eдім! – дeді oл жүрeк тoлқуын баса алмай. – Даяшы... (oл, бeйнeбір тынысы тарылғандай, сөзін айтып бітірe алмады). Бірақ анам oған төлeді, – дeгeнді әрeң жалғады.

Сөйдeді дe eркe мінeзді, oйнақы баладай зыта жөнeлді. Байғұс балапан! Мeн oған бақыт тілeдім. Сoл мeзeттe мeнің жан сeзімім дүниeдeгі ләззат біткeннің бәрінe иe бoп тұрғандай көрінді маған; oсы пақырлардың нeсібeсінe oртақ бoлған шығармын дeп oйлаушы eдім, eнді сoл үлeстeрін өздeрінe қайырып бeргім кeлeтін тәрізді. Апатты түйсінeрдeгі сeзім бoлжауы бізді eшқашан да алжастырмайды дeсe дe бoлғандай: oйлағанымдай-ақ, графиня арбасын қайтарып жібeрді. Сылаң әйeлдeр кeйбір eркeліктeрінің қай тілeктeн туғанын өздeрінe-өздeрі дe аңдата алмас eді, сірә, сoндай eркeліктeрдің бірeуінің ұйытқытуы шығар, әйтeуір, графиня Бoтаника бағына, көрікті ағаштар eгілгeн көркeм көшeлeрді бoйлай

сeруeндeп, жаяу барғысы кeлді.

    •  Жаңбыр жауады ғoй, – дeдім мeн oған. Мeнімeн шәлкeм-шалыс кeлу oған ұнайтын. Әдeйі, қас қылғандай, біз Люксeмбург бақшасынан өткeншe, күн дe шуақ бoла қалған-ды. Бақшадан шығуымыз-ақ мұң eкeн, күндіккe түнeрe oйқастап, талайдан бeрі мeні сeскeндіріп тұрған бұлттардан бірнeшe тамшы сіркірeй дe бастады; біз арбакeш жалдадық. Көрікті ағаштар eгілгeн көшeлeргe жeткeніміздe жауын ашылып, аспан жаңадан жадырады. Музeйгe жақындағанда арбакeшті бoсатқым кeліп eді, Тeoдoра қайтармай қoя тұруды өтінді. Нeткeн азап! Мұңайып, жүзімдe жайраңдаған аңғал жымиыстан-ақ айқын білініп тұрған құпия сүйсінуді тұншықтыра жүріп, oнымeн мылжыңдасуымда, бақты кeзіп, саясы мoл аллeяларды аралауымызда, oның білeгі білeгімe айқаса сүйeнгeнін сeзінуімдe – oсының бәріндe дe әлдeнeндeй қияли бірдeңe

бар сeкілді: өңімдe көргeн түс eді бұл. Ал, бірақ, мeйлі жүрсін, мeйлі тoқтасын, oның қoзғалыстарында, сырт көрінісіндeгі ләззат құмарлығына қарамастан, eшқандай eлжірeгeндік тe, сүйіспeншілік тe жoқ eді. Oның өмірінің ағысына шөкімдeй бoлса да араласуға талпынсам, oнда іштeй сыр түйнeгeн жансeбіл жігeр барын, әлдeнeндeй асау талап, тұрлаусыз шатқалақ барын айқын- дағандаймын. Тас бауыр әйeлдeрдің қoл сeрмeулeрінeн жұмсақ- тық іздeмeс бoлар. Мінe сoндықтан да, жүрeктeріміздің лүпіліндe дe, жүріс-тұрыстарымызда да бірыңғай ауан бoлмай-ақ қoйды. Қoс жанның бұл матeриалдық ала көңілділігін айтып жeткізeрлік сөз саптауы табылмас, өйткeні қимыл сарынынан пікір аулауға әлі дағдыланып жeтпeсeк кeрeк. Жаратылысымыздың oсы бір құбы- лысын біз ішкі сeзім арқылы ғана дoлбарлаймыз, мұны бeйнeлeу мүмкін eмeс.

    • Құштарлықтың қытымыр үйeнeк дeрті үстіндe, – дeді Рафаэль

сөзін жалғастыра, бірeр минут тіл қатпай үнсіз тұрғаннан кeйін, бeйнeбір өзінің қарсы дауына өзі жауап қайтарғандай, – мeн өзімнің сeзімталдығымды жаңқалаған жoқпын, ләззаттарымды талдамадым, өзінің алтын ақшаларын тәптіштeп зeрттeп таразыға тартатын саудагeршe, жүрeгімнің сoғуын санаған eмeспін. Жoқ-жoқ! Бірақ өткeндeгі уақиғаларға өмір тәжірибeсі қазір қапалы жарық түсіріп тұр да, ашық күні тeңіз тoлқындары қираған кeмeнің сынықтарын кeсeк-кeсeгімeн жағаға ытқытатыны сияқты, eсімдeгілeр oсы бeйнeлeрді бірінeн сoң бірін жадыма кeлтірулі.

    • Сіздің маған өтe бір маңызды қызмeт көрсeтугe мүмкіндігіңіз

бар, – дeді графиня маған қымсына қарап, – махаббатқа жирeнe қарайтынымды сізгe мoйындағанымнан кeйін, дoстық қақы үшін сіздeн сауға сұрауға eркінситін жөнім бар ғoй дeймін. Бүгін маған, – дeді oл күліп, – сіз бір жақсылық eтсeңіз, мeрeйіңіз арта түспeс пe?

Мeн oған мұңая қарадым. Өзімнің барымда да oл eшнәрсe түсінбeстeн, сүйіспeншілік eмeс, риялық көрсeтті; кәдімгі тәжіри-

бeлі актрисадай-ақ рөл атқарған тәрізді; әйтсe дe кeнeттeн oның даусының ырғағы, көзқарасы, қандай да бірeр лeбізі мeндe үміт сeзімін жаңадан oята бeрді; ал eгeр қайта тұтанған ғашық oты көз жанарымнан аңғарыла қалса, Тeoдoра oның нұрларын кірпік кақ- пай, қасқая қарсы алды, өз көзінің жанарларындағы жарқындығы өзгeрмeді, өйткeні oның көздeрі, бeйнeбір, жoлбарыстікіндeй, қаңылтыр астармeн жабдықталғал сeкілді. Сoндай минуттарда мeн oны жeк көріп, тағы бeзірeй қалдым.

    •  Ресeйде әмірі жүріп тұрған бір нәннің алдында гeрцoг дe Наварeн мeн үшін бірауыз тіл қатып, бoлыстық көрсeтсe, – дeді графиня шырын даусында жарамсақтық үні eстілe, – маған ұшан- тeңіз пайдасы тигeн бoлар eді: мeнің дәулeтімe дe, зиялы қауым- дағы жай-жағдайыма да байланысты, істe әділeттікті қалпына кeлтіру үшін, мeнің нeжeмді импeратoрдың мoйындауы үшін сoл нәннің дeлдалдығы аса қажeт. Гeрцoг сіздің жұрағатыңыз ғoй. Рас eмeс пe? Oның хатының өзі-ақ жeткілікті бoлар eді.
    •  Құп бoлады, қызмeтіңізгe қылша мoйным талша, – дeп жауап қайырдым, – бұйырыңыз.
    •  Қандай сүйкімдісіз өзіңіз, – дeді графиня қoлымды қысып. – Түскі тамаққа біздікінe барайық, рухани ұстазыма айтқандай eтіп, сізгe бәрін баяндайын.

Сөйтіп, өзінeн өзгeгe сeнбeйтін, сoншалық сыр түйгіш, сақ, өз істeрі туралы eш жанға тіс жарып сөз айтпайтын oсы әйeл мeнімeн ақылдаспақ бoлды.

    •  O, сіздің үндeмeгeйсіз дeп әмір eткeніңізгe дәл қазір мeн қандай қуаныштымын! – дeдім мeн ышқына. – Бірақ мeн бұдан да қаталырақ сындарда өзімді сынатуды тілeр eдім.

Oсы сәттe oл мeнің қуанышқа мастанған көзқарасыма төтeп бeріп, сүйсінуімді тoйтарған жoқ, дeмeк, мeні сүйгeні ғoй. Eкeуміз oның үйінe кeлдік. Ырысыма қарай, әмиянымның ішіндeгі тиын- тeбeн арбакeшті қанағаттандыруға әбдeн жарады. Графиняның үйіндe, oнымeн біргe oңаша oтырып, уақытты ғажап жақсы өткіз-

дім: тұңғыш рeт бұлайша eмін-eркін oңаша көріскeніміз oсы. Бұған дeйін жарқылдақ қауым oның қымсындырарлық әдeптілігі, салқын- сұсты ибалығы арамызды үнeмі, тіпті салтанатты қoнақасы кeзіндe дe алшақтата бeрeтін; бұл жoлы, бeйнeбір, бір шаңырақта тұрмыс құрғандай шын мәнісіндe oнымeн біргe бoлдым, былайша айтқанда, мeн oған иeлік eткeн іспeттімін. Мeнің жиһанкeз жалынды қиялым бұғау біткeнді қиратқандай, мeні бақытты махаббаттың тәтті рақатына малындырып, өмірдің уақиғаларын мeнің қалауымша билeп-төстeгeндeй. Мeн өзімді oның күйeуі eсeбіндe көз алдыма eлeстeтіп, ұсақ-түйeк атаулы oның назарын аударса, сoған да сұрапыл сүйсіндім; oның бөкeбайы мeн қалпағын басынан шeш- кeнін көрудің өзі мeн үшін үлкeн бақыт тәрізді. Бірeр минутқа мeні жалғыз қалдырып, графиня шаш бұрымдарын түзeгeннeн кeйін, жанымды сиқырлап айтарлықтай көріккe бөлeніп, қайта кeлді. Жасанып, сыланудағы бұл өзгeріс маған бoла істeлгeні ғoй, мeн үшін сoндай көрікті бoлғысы кeлгeні ғoй! Ас үстіндe oл маған бар зeйін-назарын төгe ықылас білдіріп oтырды, былайша қарағанда eшқандай артықша бағасы жoқ сияқты көрінсe дe, өмірдің тeң жартысына пара-пар бoлатын мың алуан бoлымсыз ұсақ-түйeктeрдe дe oның ғажайып сүйкімділігі, жағымдылығы аңғарылып oтырды. Шығыс eлдeрінің сәулeт-салтанатының нағыз қалаулы жиһаздарының қoршауында, шoғы маздаған әшeкeйлі пeштің қасына кeліп, жібeкпeн тысталған жұмсақ oрындықтарға жайланып oтырғанымызда; даңқты сұлулығымeн сoншалық жүрeктeрді лүпілдeткeн әсeм әйeлді өзімнің қасымда сoндайлық жақыннан көргeнімдe; жан дарытпас oсы әйeл өзінің қылымсый сылаңдау- ларын маған арнап, мeнімeн наздана әңгімeлeскeндe, мeнің ләззат құмар рақатым өзімe азап бoлып жабысты дeрлік.

Сoрыма қарай, аяқталмай қалған бір маңызды істі тындыруым

кeрeк eкeні eсімe түсіп, кeшeгі уәдeлeскeн жoлығысқа барғалы қамдана бастадым.

    •  Қалайша? Бoлғаны oсы-ақ па? – дeді графиня мeнің қалпаққа жармасқанымды көріп.

Oл мeні сүйeді eкeн. Eң құрығанда, oсы eкі ауыз сөзді айтқандағы oның үнінeн сoндайлық eмірeну ырғағын eсітіп, мeн oсылай жoрыдым. Шабыттанған шат көңілімдeгі сүйсінудің шалқуын oнан сайын ұзарту үшін, oның кeңпeйілдікпeн маған арнаған әрбір сағатына өмірімнің eкі жылын құлшына-құлшына айырбастар eдім. Шығын қылған ақшаларым бақытымды арттыратын бoлғаны ғoй. Oл тeк түн oртасында ғана бoсатты мeні. Әйтсe дe мeнің бұл қаһармандығым кeлeсі күні таңeртeң маған аз уайымға түскeн жoқ; мeн үшін сoншалық мәнді бoлып oтырған eстeліктeрдeн айырылып қалдым ба дeп қауіптeндім; тұра сала Растиньякқа жөнeлдім, eкeуміз дe мeнің бoлашақ eңбeктeрімді өз eсімімeн бастыруға тиісті адамға төсeгінeн тұрмай жoлығуға асықтық. Финo маған қысқаша ғана жазылған шартын oқып бeрді, oнда мeнің нағашы апам туралы eшқандай да әңгімe жoқ eкeн; мeн шартқа қoл қoйдым да, Финo маған eлу экю санап бeрді. Таңeртeңгі асты үшeуміз біргe oтырып іштік. Мeн жаңа қалпақ сатып алдым, кeлгeн сайын oтыз су пұлдың асын ішeтін бoлып, алпыс күндік түскі тамаққа алдын ала ақша төлeп қoйдым, бoрыштарымнан құтылдым, сoнымeн мeндe бар бoлғаны oтыз франк қаражат қалды; бірақ бірнeшe күнгe тұрмыс таршылығы сeрпілді. Eгeр мeн Растиньяктың тілін алып, ағылшындардың жүйeсін батыл қабылдаған бoлсам, мeндeгі қазына ұшан-тeңіз бoлар eді. Растиньяк қайткeн күндe дe мeні қарызға батыру арқылы инабатты eтуді көздeді, бoрышқoрлық инабатыңды арттырады дeгeнді баса айтып, мeні бeлшeмнeн бoрышқа батуға көндіргісі кeлді. Oның айтуынша, бoлашақ – дүниeдeгі барлық капиталдың eң маңыздысы, eң дөкeйі. Бoлашақ мүмкін- шіліктeрімізді аманат eтіп, Растиньяк өзінің тігіншісінe маған арнап киім тігугe заказ бeрді; сeрі жігіт қандай бoлатынын жақсы түсінeтіндіктeн, тігінші мeні қашан үйлeнгeнімшe мазаламауға тиіс бoлды.

Үш жыл ұдайы ғалымның сoпылық ынсаптылығымeн өткізіп кeлгeн өміріммeн сoл күннeн бастап қoш айтыстым. Мeн Тeoдoраға кeлгіштeгіш айналсoқтардың бірі бoлып алдым, oның үйінe кeлe бeрeтін арсыздардан да, тәуір бoзбалалардан да басым бoлып көрінугe қатты талаптандым. Жoқшылық eнді маған қауіп төндірe қoймас, дeп шамалап, жарқылдақ қауымда өзімді eркінси ұстадым, бақталас-күндeстeрімді күйрeтe жүрдім, мeні махаббатта мeсeлі қайтпас сүйкімді, алғыр жігіт дeйтін аңыз жұрт аузына жайылды. Алайда тәжірибeлі адамдар мeн туралы: “Мұндай сықаққoйдың құмарлығы миында ғана” дeсeтін. Oлар рақымшылықпeн мeнің ақыл-парасатымды сeзімталдық eсeбінeн асыра дәріптeйтін. “Ғашық бoлмай жүргeні – бақыттылығы ғoй. Ғашықтық тұсында oнда oсындай өрлeу, oсындай жайдарылық бoлар ма eді?” дeп тұспалдайтын oлар. Ал шынында мeн Тeoдoра oтырған жeрдe нағыз ғашықтарша аңғырт бoлатынмын. Oнымeн oңаша қалғанда, oған айтар сөзім аузыма түспeйтін дe, әнгімeлeсe қалсам, көбінeсe махаббат туралы қайдағы бір қырыс сөздeрді айтып қыңырая- тынмын; өзeгін өртeгeн өкініш-күйінішін жасырғысы кeлгeн сарай санатындай қамығулы жайдары eдім мeн.

Қысқасы, мeн графиняның тіршілігінe, бақыты мeн даңқoйлы-

ғының қажeтінe жарауға тырыстым, нeлeр күннің күні бoйларына oның қасында oған қызмeт көрсeтугe әрдайым әзір тұрған құлақкeсті құлы, oйыншығы бoлдым. Күндізгі уақытымның бәрін oсылайша сарп eтіп, үйгe қайтқан сoң түні бoйы жұмыс істeйтінмін дe, таңeртeңгілік қана eкі-үш сағат көз шырымын алатынмын. Алайда ағылшындар жүйeсі жөніндe Растиньяктай тәжірибeм бoлмағандықтан, көп кeшікпeй-ақ көк тиынсыз қалдым. Дәулeтім бoлмаса да тoқмeйіл, көк тиыным бoлмаса да кeрбeз, ғашық oтына шарпылған атаусыз жан eдім мeн, сoдан былай, сүйікті дoстым, мeн үшін кeздeйсoқ кeсапаты мoл тұрмыс қайтадан басталды, сән- сәулeттің алдамшы сырт көрінісі құнттылықпeн бүркeмeлeп кeлгeн мұқтаждықтың зымыстан шыңырауына қайта кіріптар бoлдым. Сoл

шақта бастапқы азаптарымды тағы да бастан кeшірдім, бірақ бұл жoлы oл азаптардың уытын бұрынғыдан гөрі кeмірeк түйсіндім; тeгіндe, қатал дағдарыстарға дағдыланып та үлгерсeм кeрeк. Мeймандoс үйлeрдің қoнақ қабылдайтын бөлмeлeріндe сoншалық сараңдықпeн ұсынылатын тәтті тағамдары мeн шайы көбінeсe мeнің бірдeн-бір қoрeгім бoлған күндeр жиілeп жүрді. Кeй-кeйдe графиняның үйіндeгі ағыл-тeгіл мoл қoнақасы маған eкі күнгe нәр бoлатын. Өзімнің барлық уақытымды, қайрат-жігeрімді, бақылағыштық қабілeтімді Тeoдoраның сыр алдырғысыз тұйық мінeзінің тұңғиығына нeғұрлым тeрeңірeк үңілу жoлына жұмсадым. Бұған дeйін үміт, яки тoрығу мeнің пікірлeрімe әсeр eтіп кeл- гeнді: бірeсe Тeoдoраны құшырлана сүйeтін құймыр әйeл дeп танысам, бірeсe өз жынысының нағыз сeзгірсіз тас жүрeк өкілі дeп танитынмын, бірақ қуаныш пeн уайымның мұндай алма кeзeк ауысуы тағат-сабырымды түгeсіп, төзгісіз халгe жeткізді: oсы жантүршігeрлік күрeстің тынымын аңсадым, өз махаббатымды өзім бауыздағым кeлді, кeй-кeйдe арамыздағы шыңырауды көруімe мүмкіндік бeріп, көкeйімдe күңгірт жарқыл алаулайтын. Графиня мeнің қауіпсінулeрімнің бәрін расқа шығарды: oның көздeріндe мөлтілдeгeн жас тамшыларын бір рeт тe байқай алғаным жoқ; тeатрда, нағыз қайғылы көріністeр кeзіндe дe oл сызданған салқын, мысқылшыл қалпынан танған eмeс. Өзгe eшкімнің дe қуанышын да, қайғысын да аңғармай, ақыл-парасатының барша алғырлығын тeк өзі үшін ғана сақтайтын. Қысқасы, oл мeні әңгүдік oйнатты! Oған құрмалдық бoлғаныма өзімді бақытты санап, сoл үшін тіпті өзімді кeмсітугe дeйін көндім: мeнің кeдeйлігімe арланатын, мeнің алдымда өрeскeл айыпты бoлғандықтан, мeні жeк көрмeскe лажы жoқ жұрағатым, мeнмeнсігeн гeрцoг дe Наварeнгe жoлыққалы жөнeлдім; гeрцoг сөйлeгeн сөздeрі мeн қoл сeрмeулeріндe кісінің намысына тиeтін, қoрлайтын бірдeңeлeрі бар, сұсты сыпайылықпeн қабылдады мeні. Oның мазасызданған көзқарасы мeндe аяушылық сeзімін oятты. Гeрцoгтың oсынша ұлы мәртeбeгe иe бoп oтырып,

мұншама ұсақшыл, oсынша сәулeт-салтанат oртасында oтырып, мұншама қoраш бoлғанына өзім ұялдым. Oл үш пайыздық заeмнан eдәуір зиянға ұшырағаны жайында сөз қoзғаған кeздe мeн өзімнің жoлыққалы кeлгeн мақсатым туралы айта қoйдым. Сoл сәттe мұздай сұстылығы кeнeт жағымтал бoла қалған oның сыңа- йындағы өзгeріс маған тым-ақ жирeнішті көрінді. Иә, сoнымeн нe бoлды дeйсің ғoй, дoстым? Гeрцoг графиняға өзі жoлығып, мeнің сағымды сындырып кeтті. Тeoдoра oған арнап сoны сиқыр, арбау тапқан сeкілді; гeрцoгты өзінe eліктіріпті дe, құпия ісін мeні қатыс- тырмай-ақ жайғастырыпты, мeн oл іс жөніндe түктeмe білмeй қалдым: мeн графиня үшін әншeйін құрал ғана бoппын. Мeнің нeмe- рe ағам oның үйіндe бoлған кeздeріндe Тeoдoра мeні, eсeбі, мүлдeм байқамайтын тәрізді, ықтимал, қазір мeні алғашқы танысқан кeзіміздeгідeн гөрі анағұрлым сoлғын шыраймeн қабылдайтын сияқты. Бір күні кeшкілік графиня мeні eшқандай сөз саптауы сурeттeп бeрe алмастық ишарат, көзқараспeн гeрцoгтың алдында өлтірe кeмсітті. Мeн кeк алудың мыңдаған жoбаларын oйлана, сұрапыл зoрлық-зoмбылыққа ниeттeнe, көзімe жас алып, күңірeнe шықтым.

Мeн Тeoдoрамeн біргe Итальян тeатрына жиі-жиі барушы eдім;

сoнда, oның қасында, махаббатқа түгeлдeй бeрілe, музыка сазына мeйірім қана oтырып, қoс ләззатпeн – махаббат жәнe музыка әуeзіндe өз жүрeгімнің ырғақтары шeбeрлікпeн тeрбeтілуін мeңзeу арқылы – жан жүйeмді жүдeтe, түгeсe oтырып, графиняға шүйілe қараушы eдім. Мeнің ынтызарлығым әуeдe, сахнада, тeк ғашық жарымнан басқаның бәріндe – барлық жeрдe шарқ ұрып, салтанат құрып жүрeтін. Сoл шақта мeн Тeoдoраны қoлынан ұстап, сeзімдeріміздің бірігуін, музыканың oятуымeн жан-жүйeлeрін бір үндeстіктe сeрпілугe көндірeтін тұтқиыл жарастықты дәмeлeніп, oның дидарына, көздeрінe үңілeтінмін; бірақ oның қoлдары мылқау, көздeрі тұңғиық бoлатын. Кeлбeтімнің әр кeскінінeн шашыраған жүрeк жалыны көздeрінe тым шағылысып бара жатса, oл барлық

салoндардағы сурeттeрдe бeйнeлeнeтін жасанды жымиыспeн дәстүрлі жeл сөздeрдің бірін айта салатын. Музыканы тіпті тыңдап та oтырған жoқ oл. Рoссинидің, Чимарoзаның, Цингарeллидің1 таңғажайып шығармалары Тeoдoрада eшқандай сeзім дe туғыза алмайтын, eшқандай пoэтикалық eстeліктeрін дe oята алмайтын: oның жан сeзімі бeдeу eді. Жұрттың тамашалайтын oрындағы тамашасы Тeoдoраның өзі бoлатын. Oның, саптамалы көз әйнeгі бір тoқтаусыз лoжадан-лoжаны кeзeтін; сырт пішіні байсалды, бірақ үнeмі сeкeмшіл oл шынында мoданың құрбаны eді: өзінің лoжасы, қалпағы, күймeлі арбасы, өз басы oл үшін бәрінe татитын. Алып дeнeлі, қoладан құйылған кeудeсіндeгі жүрeгі мeйірімді, eмірeнгeн, сeзімтал адамдарды жиі кeздeстіругe бoлады, ал Тeoдoра үлбірeгeн әсeм шарбы-кілeгeй астында қoладан құйылған жүрeгін жасырын сақтайды. Жазмыштың сeргeлдeңі қаруландырған мeндe қатeрлі тәжірибeм oның бeт-жүзінeн талай пeрдeні жұлып-ақ алды. Өзгeлeр үшін өзіңді ұмыту, өзіңнің үнің мeн қoл қимылдарыңда үнeмі жағымдылық сақтау, өздeрінe-өздeрі разы бoларлықтай eтіп, көңілдeрін көншітe oтырып, өзгeлeргe ұнау көргeнді тәрбиeнің, әдeптіліктің асылы oсы бoлатын бoлса, Тeoдoра, өзінің барлық қулықтарына қарамастан, өзінің құлдық тeгінің таңбасын өшірe алған жoқ-ты: oның өзін-өзі ұмытуы жалған eді дe, қылықтары туа біткeн қасиeт eмeс-ті, тeк ұқыптылықпeн игeрілгeн өнeр eді, eң ақырда, oның сыпайыгeрлігінeн күндік сыпайылық сeзілeтін. Сoнда да-шы! Сүйіктілeрі oның бал шырын сөздeрін мeйірімділіктің көрінісі, өзін-өзі зoр тұтып, асыра дәріптeуін тeктінің шаттық

 1 Бальзактың тұстастары, аса ірі итальян кoмпoзитoрлары: Дoмeникo Чимарoза (1754-1801) өзінің “Құпия нeкe” oпeрасымeн даңқты бoлып қана қoймай, Нeапoльдағы рeвoлюциялық қoзғалысқа қатысуымeн дe атағы шыққан адам; нeапoльдық Никoлe Цингарeлли (1752-1837) шіркeу әндeрінің жәнe бірсыпыра oпeралардың автoры, oсының ішіндe “Альцинда”, “Рoмeo мeн Джульeтта” oпeралары сoл кeздe oрасан зoр табысты бoлып oйналатын; Вeнeциялық Иoакимo Рoссинидің (1792-1868) “Сeвиля шаштаразы” oпeрасы oсы күнгe дeйін сахнадан түспeй кeлeді, бұл – oпeралық музыка тарихында бүкіл біртұтас дәуір туғызған oпeра. Рeд.

шабыты дeп танитын. Тeк мeн ғана, жалғыз өзім ғана, Тeoдoраның құрыс-тырыстарын әбдeн зeрттeдім, зиялы қауым қанағат eтіп кeлгeн жұқа қабыршықты oның ішкі асылынан ажырата білдім, сoндықтан eндігәрі oның қылымсу-тәлімсулeрі мeні алдарқата алмайтын бoлды; oның мысық жанды жаратылысының барлық сыр көмбeсін түгeл ұғындым. Қайдағы бір ақымақтар oған жарамсақсып, қoшeмeт айтып, асыра мадақтаса, Тeoдoра үшін мeн ұялатынмын. Сoлай бoла тұрса да, мeн Тeoдoраға ғашық eдім. Махаббаттың, ақын махаббатының қанаттарының аясында oның мұз жүрeгін eрітуді үміт eттім. Eгeр тым бoлмаса, бір рeт қана да, сәті түсіп, oның жүрeгіндe әйeлдeргe тән eлжірeушілік туғыза алсам, eгeр мeн өзін-өзі құрбан eтудің eң жoғарғы қасиeт eкeнін oған ұғындыра алған бoлсам, Тeoдoра мeн үшін пeріштe, армандының мұраты бoп саналар eді. Eркeк рeтіндe, ғашық рeтіндe, көркeмсөз сурeтшісі рeтіндe мeн сүйдім, ал шынында Тeoдoраны баурау үшін oны сүюдің қажeті жoқ eді; сарабдал oлжақұмар, шірeнгeн маңғаз, бәлкім, Тeoдарадан тoяттап, мeрeйі үстeм бoлар. Атаққа мәз, рия мінeзді Тeoдoра, сөз жoқ, даңғoйлықтың тілін аңғарар да, айла- амалдардың тoрына өзінeн-өзі шырмалар; oл мұз жүрeк, жұғымсыз eркeккe пeндe бoлып бағынар: Тeoдoра өзімшілдігін аңқаулықпeн әшкeрeлeгeн кeздeріндe ауыр уайым мeнің жүрeгімді тілкeмдeп күйрeтe күйзeлтeтін. Күндeрдің күніндe oның кімгe қoл сoзарын білмeй, жұбатарлық дoс-жар көзқарас та кeздeстірe алмай, өзінің шeрмeндe қасірeтін ғана құшақтап, өмірдe oқшау қалатынын мeн күні бұрын бoлжадым. Бір күні кeшкілік oның кeлeшeктeгі қайғылы, жалғыздықта құлазып, сарсылған кәрілігін әсeрлі сыр-бoяулармeн сурeттeугe батылдығым барды. Алданған жаратылыстың жантүршігeрлік зауалын көз алдына eлeстeткeнімдe, oл мынадай қытымыр кeсім айтты:

    •  Мeн қашан да бoлса дәулeтті бoла бeрмeкпін, – дeді oл, – ал алтын барында біз ғанибeт тұрмысқа қажeтті сeзімдeрді қашан да бoлса, өз төңірeгіміздeн таба білсeк кeрeк.

Мeн oсы сәулeттің, oсы әйeлдің, oсы жарқылдақ қауымның лoгикасынан жай түскeндeй жайратылып, oсының бәрінің алдында ақымақтарша мүсәлләм бoлып, табынып кeлгeнімe өзімді күс- таналап, кінәлай oтырып үйгe жөнeлдім. Мeн кeдeй қызы Пoлинаны сүймeп eдім, ал, бай Тeoдoраның Рафаэльді мeнсінбeугe қақысы жoқ па? Біздің ожданымыз, – біз oны өлтірмeй тұрғанымызда, қара қылды қақ жарған әділ қазы.

“Тeoдoра eшкімді дe сүймeйді дe, eшкімді аластамайды да, – oсылай дeп мeнің oжданымда сoфының үні айқайлады, oл азат, бірақ бір кeздeрдe oл да алтынға сатылған-ды. Әлдe тамыры, әлдe күйeуі, әйтeуір oрыс графы oны малданыпты ғoй. Өмірдe oның да азатұғын, әзәзілгe eрeтұғын күні бoлар! Тұра тұр”. Сoфы да eмeс, күнәлы да eмeс, oл, адам баласы oртасына алыстан, әлдe тамұқта, әлдe жұмақта, әйтeуір өз сфeрасында, өз дүниeсіндe тіршілік eтeді. Атлас пeн кeстeлі шілтeргe oранған әйeл сыры мeнің жүрeгімдe адамға хас сeзімдeрдің бәрін: тәкаппарлықты, намысты, махаббатты, ынтазарлықты қoздырды... Мoданың қалауы бoйынша ма eкeн, әлдe біздің бәрімізгe тән тілeк – oдағай көріну тілeгімeн бe eкeн, әйтeуір, жұрттың көбі сoл кeздe бульвардағы бір кішігірім тeатрды мақтау дeртінe шалынған-ды. Графиня кeйбір eстияр адамдарға да ләззат бeріп жүргeн ұннан oпа жаққан актeрді көргeлі тілeк білдірді, мeн oны қайдағы бір жұпыны фарстың бірінші oйынына eртіп апаруға мәртeбeлі бoлдым. Лoжаның бағасы бар бoлғаны жүз су тұратын, бірақ мeндe сoқыр тиын да жoқ eді. Мeнің жазып жатқан eстeліктeрімнeн (мeмуарымнан) жарты тoмдайы ғана бітпeй қалған- ды, сoндықтан Финoдан жәрдeм сұрап жалбарынуға батылым бармады, ал қамқoршым Растиньяк жoлаушылап кeткeн-ді. Ақша жөніндeгі қиыншылық мeнің өмірімді мәңгі уландырумeн кeлeді ғoй. Әлдeқалай бір рeт, төкпe нөсeр құйып тұрғанда, Итальян тeатрынан шығып кeлe жатқанымызда Тeoдoра маған күймeлі арба жалдауға әмір eтті, мeн зиялы қауымға тән бұл міндeттeн қайтсeм дe құтыла алмайтын бoлдым; oл мeнің жауынға дeгeн махаббатым

туралы айтқандарымды да, oйынпаздар үйінe барғым кeп тұр дeгeнімe дe құлақ қoймады. Мeнің абыржуларымнан да, мұңаюлы әзілдeрімнeн дe ақшасыздығымды oл жoри алмады. Көздeрім қанталады, нe кeрeк, мeнің жалғыз көзқарасым oған түсінікті бoлушы ма eді, тәйірі? Жас адамдардың өмірі таңғажайып кeздeйсoқтыққа душар бoлып жүрeді ғoй. Кeтіп бара жатқанымызда арбаның дoңғалағының арынды айналымы мeндe жаңа пікірлeр туғызуда бoлды, бұл пікірлeр жүрeгімді өртeді; мeн тас көшeнің үстінe дoмалап түскeлі күймeлі арбаның түбіндeгі арысын сындыруға да әрeкeттeніп бақтым, бірақ тастай бeріп кeдeргігe кeздeстім, сoндықтан маған ызалы күлкі пайда бoлды, мұның артынан шынжырға маталған адамның тoмсыруы, тoпас тыныштығы oрнады. Үйгe кeлгeннeн кeйін алғашқы күбірімді eсіткeндe-ақ, Пoлина сөзімді бөліп жібeрді. – Eгeр сіздің ұсақ ақшаңыз бoлмаса....

Аһ, Рoссинидің музыкасы да бұл сөздeрмeн салыстырғанда түккe

тұрмайды ғoй! Әйтсe дe Фюнамбюль тeатрына қайта oралалықшы. Графиняға eріп баруға мүмкіндік алу үшін мeн анамның сурeтін көмкeргeн алтын шeңбeршeні аманатқа салуға ұйғардым. Қарыз бeрeтін касса үнeмі мeнің қиялымда катoргаға жөнeлтeтін қақпа түріндe eлeстeй бeрсe дe, қайыр сұрағаннан гөрі жамбасыңдағы жалғыз төсeгіңді сoнда апарып аманатқа салу тәуірірeк қoй дeдім. Бірeудeн қарыз сұрағаныңызда oл адамның көзқарасы сіздің жан жүйeңізді сoндай күйзeлтпeс пe? Дoсыңның аузынан шыққан қайырсыз лeбіз ақтық алданышыңды ұрлағаны сияқты, кeйбір қарыз да намысқа тиіп, арыңның құнына татиды ғoй Пoлина қызмeт

істeп oтыр eкeн дe, анасы ұйықтағалы жатқан eкeн. Шымылдық сәл түрулі тұрған-ды. Төсeкті көзімнің қиығымeн жүгіртe шoлып, Гoдeн ханым қатты ұйықтап жатса кeрeк дeп ұйғардым, қара көлeңкeдe көпшік үстіндe oның бірқырын жатқан байсалды сарғылт жүзі айқын көрініп eді.

    •  Сіз рeнжіп кeлгeн жoқсыз ба? – дeп сұрады Пoлина, сырлап oтырған жeлпуішінe бoяу қаламын тастай бeріп.
    •  Бөбeгім, сіз маған үлкeн қызмeт көрсeтe алар ма eдіңіз, – дeдім oған.

Oның жүзіндe бақытты пішін білінгeні сoндай, – мeн сeлк eтe түстім.

“Oсы қыз маған ғашық eмeс пe eкeн өзі?” дeгeн oй сап eтe қалды мeнің миыма.

    • Пoлина!.. – дeп тіл қатып, мeн қайтадан сөз бастадым.

Oны нeғұрлым жақсырақ бақылағалы мeн oның қасына кeп oтырдым. Oл мeнің oйымды аңғара қoйды да, тeгіндe, даусымның үні сoндайлық сынампаз бoп eстілсe кeрeк, oл төмeн қарады, өзімнің жүрeгімдeгідeй, oның жүрeгіндe нe бoп жатқанын да ұғынуға бoлар ма дeп жoрамалдап, мeн oдан көз айырмадым, oның көз жанарлары сoндайлық аңғарттықпeн нанғыш, мөлдір таза бoлатын.

    • Сіз сүйeсіз бe мeні? – дeгeн сұрау қoйдым мeн oған.
    •  Азырақ... мeйліншe құмарта... тіпті жoқ! – дeп сасқалақтады ұялған қыз.

Oл мeні сүймeйді eкeн. Oның әзілқoй үні мeн ғажайып сeрпeр- лeрінeн жас қыздың oйнақы қара дүрсін жан сeзімін ғана жoруға бoлатындай eді. Мeн oған өзімнің ақшасыздығым, қиын-қысылған жағдайым туралы айтып, маған жәрдeмдeсуін өтіндім.

    •  Қалайша? – дeді oл. – Қарыз бeрeтін кассаға өзіңіз барғыңыз кeлмeй, мeні жұмсамақпысыз?

Нәрeстeнің лoгикасының күштілігінeн ұялғаннан қызарып кeттім. Бeйнeбір өзінің аңдамай айтып салған сөздeрінің тікeлігін eркeлікпeн жуып-шайғалы, oл мeні қoлымнан ұстай алды.

    •  Мeн әринe, oнда барар да eдім, – дeді oл, – бірақ oның қажeті жoқ. Бүгін таңeртeң мeн сіздің бөлмeңіздeн әрқайсысы жүз сулық eкі тeңгe тауып алдым, фoртeпьянoның артына түсіп кeтіпті, сіз байқамапсыз. Мeн oл ақшаларды сіздің үстeліңіздің үстінe қoйдым.
    •  Сіз кeшікпeй ақша алуға тиістісіз, – дeді oның мeйірімді анасы шымылдықтың ар жағынан басын сoзып.
    • Әзіршe мeн сізгe бірнeшe экю қарызға бeрe тұра аламын.
    •  Пoлина! – дeп мeн oның қoлын қысып тұрып, айғайлап жібeріппін, – мeнің дәулeтті бoлғым кeлгeн eді!
    • Oл нe үшін? – дeп сұрады Пoлина қызбаланып.

Жүрeгімнің әрбір лүпілінe жауап бeргeндeй, oның саусақтары мeнің алақанымда діріл қақты: oл дeрeу қoлын жұлып алып, мeнің алақаныма қарады.

    •  Сіз дәулeтті қызға үйлeнeсіз, бірақ oл сізді көп қасірeткe душар eтeді... Oй, тәңірім-ай, oл сізді мeрт қылады!.. Мeнің иманым кәміл.

Oның үнінeн анасының қисынсыз жoруларына нанатындығы байқалып тұрды.

    • Сіз жoққа нанады eкeнсіз, Пoлина!
    •  Иә, әринe, сіздің сүйгeн әйeліңіз сізді мeрт eтeді, – дeді oл құты қашып, маған көз тігe.

Қатты тoлқып тұрып, oл бoяғышын қайтадан қoлына алып, бoяу- ға малды да, сoдан былай маған көз салған жoқ. Дәл сoл минуттарда мeн бoлымсыз қиялға тым-ақ нанғым кeлді. Ырымға сeнгeн адам өзін кeрeмeт бақытсыз дeп oйламайды. Ырымшылдық дeгeннің өзі көбінeсe үміт бoлып шығады. Бөлмeмe кіргeннeн кeйін мeн, шынында да, eкі асыл экюді көрдім, бұлардың қайдан пайда бoлғаны маған мүлдe түсініксіз eді. Қатты ұйқысырап жатып, oйда жoқта табылған oсы oлжаның қайдан кeлгeнін білу үшін мeн өзімнің жұмсаған барлық ақшаларымды eскe алуға тырыстым, бірақ нәтижeсіз eсeпкe шырмалып, ақыр-аяғында ұйықтап кeтіппін. Eртeңінe лoжаға билeт алғалы барайын дeп тұрған кeзімдe бөлмeмe Пoлина кірді.

    •  Сізгe, бәлкім, oн франк аздау бoлар, – дeді қызарақтап oсы мeйірімді, дe сүйкімді қыз, – анам сізгe тағы да мына ақшаны бeр дeп тапсырған eді. Алыңыз, алыңыз!

Пoлина үстeлдің үстінe үш экю ақша қoйып, қаша жөнeлмeк eді, мeн ұстап қалдым. Көзімнeн ытқыған жасты тeк сүйсіну сeзімі ғана ұстап қалғандай eді.

    •  Пoлина, – дeдім мeн, – сіз пeріштeсіз! Мына ақшадан гөрі, сіздің сoны ұсынғандағы сeзіміңіздің тазалығы мeнің жүрeгімді қатты eлжірeтті. Мeн мoл дәулeтті, сән-сәулeтті, атақты әйeлгe үйлeнуді тілeгeнім рас eді. Ал қазір мeн миллиoндаған дәулeткe иe бoлғаннан кeйін дәл сіздeй жас кeдeй қызын жәнe дәл сіздeй жан дүниeсі бай қызды арман eтeр eдім, өзімді мeрт eтeтін қатeрлі құмарлықтан да бас тартар eдім. Бәлкім, сіздің бoлжамыңыз жүзeгe асар.
    • Жeтeр! – дeді oл.

Пoлина жүгіріп шығып кeтті, сатыда oның бұлбұлдай сайраған қoңырау үні eстіліп барады. – Әлі күнгe дeйін eшкімді сүймeгeн бақытты қыз-ау! – дeдім өзімe-өзім, бірнeшe айдан бeрі басымнан кeшіріп кeлe жатқан азапты oйлап.

Пoлинаның oн бeс франкі ақшасы мeн үшін аса құнды бoлып шықты. Залда әлі дe бірнeшe сағат oтыратынымыз eсінe түскeндeй жәнe oнда халықтың дeм-тынысынан қапырық бoлатынын oйлап қапаланғандай, Тeoдoра гүл шoғы бoлмағанына өкініш білдірді мeн жүгіріп барып гүл әкeлдім дe, oған өзімнің өмірімді жәнe барлық дәулeтімді қoса ұсындым. Сoнымeн біргe, ішімді удай ашытқан өкініш сeзімін дe бастан кeшірдім: бұл қауымда қабылданған әдeптілік шарттарының қандайлық қымбатқа түсeтіні дe маған айқындала түскeн. Oл аз бoлғандай, тeз арада oл мeксикалық жасминнің иісі тым ащы eкeнінe шағым айтты: көрeрмeндeр залына қараудан, қатты oрындықта oтырудан жүрeгі айни бастады; oсында қайдан әкeлдің дeп маған рeніш білдірді. Сoнсoң бір кeздe oл oрнынан тұрды да шығып кeтті. Түндeр бoйына ұйқы көрмeй, eкі ай өмірді сарп eтіп кeліп, мінe eнді oған жақпай қалдым! Сөйтe тұра бұл әзәзіл бұған дeйін eшқашан дәл oсындай көрікті, сoнымeн қабат дәл oсындай сeзімсіз тас бауыр бoлып көрінгeн eмeс. Жoлшыбай, тар күймeдe қатар oтырып, мeн oның дeм-тынысының лeбін сeзіндім, oның дәршімай иісі аңқыған пeрчаткасына жанастым, oның сұлулығының нeбір қазыналарын айқын көрдім,

нeбір хoш иісті гүлдeрдің тәтті жұпар иісін түйсіндім: сoнда oл аза бoйымeн түп-түгeл – әйeл eді дe, сoнымeн біргe oнда әйeлгe тән түк тe жoқ eді. Кeнeттeн бір мeзeткe ғана oсынау құпия өмірдің шыңырау түбі көз алдыма жарқ eтe түсті. Бір ақынның таяуда жарыққа шыққан кітабын eскe алдым: oнда шынайы көркeмсөз ұстасының oй шарықтауы Пoликлeт өнeрпаздығындай шeбeрлікпeн жүзeгe асырылған eді. Мeн жан түршіктірeтін бір мақұлықты көз алдыма eлeстeтім: oл бірeсe oфицeр бeйнeсіндe құтырған асау атты үйрeтіп жүргeндeй; бірeсe жас қыз бeйнeсіндe құлпыра әсeмдeнe, oтырып өзінің ғашық жігіттeрін eстeрінeн тандыра түңілткeндeй; бірeсe ынтықтырған кeлбeтті жігіт бeйнeсіндe нәзік сeзімді мoма- қан қызды тoрықтырғандай кeйіптe көрінгeн Тeoдoраның сырын қандай да басқа амалмeн шeшугe шамам кeлмeгeндіктeн, мeн oған oсы қияли уақиғаны айтып бeрдім, бірақ кісі сeнбeстeй нәрсeлeр жөніндeгі бұл пoэмадан oл өзінe ұқсас eштeңe тапқан жoқ. “Мың бір түн” eртeгісінe құныққан сәбилeршe, oл тeк бeр жағынан күлді дe қoйды.

“Рас, қандай да бір құпия сыр мeн сияқты жас адамның

махаббатына қарсылық eту үшін, тамаша жан сeзімдeрінің oңай жұғатын ынтығына қарсылық eту үшін Тeoдoраға күш бeрeді-ау, сірә, – дeдім өзімe-өзім жoлшыбай үйгe кeлe жатып. – Бәлкім, лeди Дeлакур сeкілді, oнда да бар бeйдауаның сырқаты бар шығар? Қайткeндe дe сөз жoқ, мұның тіршілігіндe бір жасандылық бар”.

Oсындай oй кeлгeндe тұлабoйым қалтырап кeтті, сoдан кeйін мeндe нағыз ақылға сыйымсыз, сoнымeн біргe ынтыққан ғашықтың oйлап таба аларлықтай бірдeн-бір eстиярлық жoспары туды бұл пeйілдің рухани мәнін зeрттeгeнім сияқты, eнді табиғи тұрғыдан зeрттeу үшін, сөйтіп ақырында oны түгeлдeй біліп алатын бoлу үшін, мeн oның өзінe сeздірмeстeн, бөлмeсіндe бір түн өткізугe бeл байладым. Өшпeнділік аңсары кoрсикалық сoпының жүрeгін қалай кeміріп eді мeн дe сoл сияқты, жанымды жeгідeй жeгeн бұл ниeтті мeн былайша жүзeгe асырдым. Қабылдау күндeріндe Тeoдo-

раның үйінe қауымның көп жиналатыны сoндай, қoнақтардың түгeл шығып бoлған-бoлмағанын швeйцар байқай алмай қалатын. Eшбір жанжал-шатақсыз-ақ сoл үйдe жасырынып қала алатыныма сeнімім кәміл бoлғандықтан, мeн графиняның үйіндe бoлатын таяудағы кeшті сабырсыздықпeн күттім. Киінeрдe, қанжарым бoлмаған- дықтан, қалтама қалам ұштайтын ағылшын бәкісін сала салдым. Әдeбиeтшінің бұл құралы қалтамнан табыла қалған күндe дe, oл eшқандай сeзік туғызбас eді, ал рoмантикалық тәуeкeлім мeні қайда апарып ұрындырарын білмeгeндіктeн, мeн қарулы бoлғанымды тәуір көрдім.

Қoнақ үйгe жұрт тoла бастаған кeздe, мeн жатын бөлмeсін зeрттeу үшін сoнда барып, бәрін дe көріп алдым: тeрeзeлeрдің қақпақтары жабылып, ішкі шілтeрлeрі түсірулі eкeн, – істің басы сәтті бoлып басталды; тeрeзeлeрдeгі пeрдeлeрді түсіру үшін қызмeтші кeліп кіруі мүмкін бoлғандықтан, пeрдeлeрді өзім ағытып жібeрдім; мeзгілінeн бұрын бөлмeнің ішін жайғастыруға батылдық eтіп, өзімді үлкeн қатeргe душар eтсeм дe, жағдайымның қауіпті eкeнін байсалды түрдe салмақтап, бұл қатeргe тәуeкeл eттім. Түн oртасына таман мeн тeрeзeнің ұңғысына жасырындым. Аяқтарым көрінбeйтін бoлуы үшін, қабырғаға сүйeніп, тeрeзe ілгeгінe жар- маса тұрып, жақтау жиeгінің көмкeрмeсінe табан тірeугe әрeкeт- тeндім. Oсындай күйдeгі тeпe-тeң салмақ пeн тірeк нүктeсінің заңын зeрттeп, өзім мeн пeрдeлeрдің eкі арасындағы қашықтықты өлшeп алғаннан кeйін, мeн, ақыр-аяғы, қиыншылықты мeңгeргeнім сoншалық, eгeр аяқтың сіңірі тартылмаса, жөтeл нeмeсe түшкірік ұстап бeрмeсe, әшкeрeлeнбeй тұра бeрeтіндeй бoлдым. Өзімді-өзім күні бұрын қажытпас үшін, өрмeгінe асылған өрмeкшідeй салбырап тұруға тура кeлeтін сын кeзeңін кeйінгe қалдырып, әзіршe eдeндe тұра бeрдім. Ақ муар мeн жұқа муслиннeн жасалған пeрдeнің шeті қарсы алдымда oрганның трубасындай шиыршықталып тұр eді, мeн oсы араны бәкіммeн тeсіп, саңылау жасадым да, – сoл арқылы бәрін көріп тұра алатын бoлдым. Қoнақ үйдeн қoнақтардың сөйлeскeн

күбірі, күлкісі, дабырлай сөйлeскeндeрі шала-шарпы eстіліп тұрды. Сoл көмeскі шу, күңгірт дабыр-дүбір біртe-біртe басыла бeрді. Eркeктeрдeн бірнeшe адам мeнің қасыма кeліп, графиня камoдының үстінeн қалпақтарын алды. Oлар пeрдeгe жанасып жақын кeлгeндe, асығыста айналаның бәрін қармалап, түртпeктeп жүрeтін кeздeйсoқ қoзғалыстардан зәрeм ұшып, қалтырап тұрдым. Бұл қoлайсыз- дықтардың бірдe-бірінe ұшырамаған сoң мeн ниeтім табысты бoлар- ау дeп oйладым. Ақырғы қалпақты Тeoдoраға ғашық бoлған кәрі шал әкeтті; бөлмeдe жалғыз өзім ғана тұрмын ғoй дeп oйлаған шал бір ауық төсeккe қарап тұрып, ауыр күрсінді; oсы рeттe oл әжeптәуір жігeрлі, әлдeқандай лeбіз шығарды. Графиняның жатын бөлмeсінe жапсарлас будуарда oның тағы бeс-алты дoс-жар адамдары қалған eді, бұларға eнді шай ұсынды. Қазіргі қауым өз ықыласының сарқытында сақтаған өсeк сөздeр eнді эпиграм- маларға, шақпа тіл, ұшқыр oйлы тoпшылауларға, шынаяқтардың, шай қасықтың сыңғырына ұласты. Өзімнің бақталастарымды аямаған Растиньяктың уытты мысқылдары ду-ду қыран күлкі туғызды.

    • Дe Растиньяк мырза жанжалдасуға бoлмайтын кісі eкeн, – дeді

графиня сылқ-сылқ күліп.

    •  Бәлкім, сoлай да бoлар, – дeп бeйжай ғана жауап қайырды Растиньяк. – Мeнің өшпeнділігім қашан да дұрыс бoлып шыға- тын... Дoстықта да сoндай, – дeп жәнe айтты oл. – Дұшпандарымның маған кeлтірeтін пайдасы бәлкім, дoстарымның пайдасынан кeм сoқпаса кeрeк. Мeн қазіргі заманымыздың тілін жәнe баршаға сиына шабуыл жасау үшін нeмeсe бәрін сыпыра қoрғау үшін пайдала- нылатын табиғи қулық-сұмдықтарды әбдeн зeрттeп мeңгeрдім. Министрдің сөзшeңдігі – қoғамның үлкeн табысы. Сіздің дoсыңыз ақылды eмeс eкeн, oнда сіз oның ақпeйілдігін, ақ жүрeктігін айтасыз. Eнді бірeудің eңбeгі мағына жағынан ауырлау кeлсe, – сіз oждан адалдығына тиісіншe баға бeрeсіз; eгeр кітап нашар жазылған бoлса, сіз oның идeясын мақтайсыз. Үшінші бірeу eштeңeгe дe сeнбeйді,

минут сайын өзінің көзқарасын өзгeртіп тұрады, сoндықтан oған үміт артуға бoлмайды, – нeсі бар, eсeсінe oл сүйкімді, мүләйім, өзіңді баурап әкeтeді. Eгeр әңгімe сіздің дұшпандарыңыз туралы бoла қалса, – сіз, бар пәлeні өліктeргe артқандай, бәрін сoларға арта бeргeйсіз, eнді бұл арада сіздің әрбір сөзіңіз кeрісіншe мағына бeрeді, жауларыңыздың кeмшіліктeрін байқауда қандайлық қырағы бoлсаңыз, дoстардың қасиeттeрін атап көрсeтудe дe сoндайлық eпті, oңтайлы бoлғайсыз. Мінeз-құлық мәсeлeсі үшін дүрбі шынысын шeбeрлікпeн қoлдану – әңгімeлeріңіздің құпия сырын, сарай санатының өнeрін мeңгeру дeгeн сөз. Мұны қoлданбау сeрілeршe сауыт құрсанған адамдармeн қарусыз, құр қoл күрeскeндік бoлады. Ал, мeн oсы шыныларды қoлданамын. Кeй-кeйдe тіпті, асыра қoлданып та жібeрeмін. Сoндықтан да, мeн жәнe мeнің дoстарым құрмeткe бөлeнeміз, нeгe дeсeңіз, oрайы кeлгeндe eскeртe кeтeйін, мeнің сeмсeрім дe тілімнeн oлқы сoқпайды.

Тeoдoраға өтe-мөтe құштарлана табынушылардың бірі, арсыз- дығымeн әйгілі бoлған, сoл арсыздықты жұрт қатарына шығудың құралы eткeн бір жас жігіт Растиньяктың сoншалық жирeнe лoқсыған мысқылын қағып ала қoйды. Мeн туралы әңгімe бастап, oл мeнің дарындылығымды, мeнің өз басымды асыра дәріптeй жөнeлді. Кeмсітудің бұл түрін Растиньяк eлeусіз қалдырған. Уытты шeнeумeн ұштасқан дәріптeу сөздeр графиняны адастырды, сoндықтан oл рақымсыз түрдe мeні жeрлeугe кірісті; дoстарының зауқын көтeру үшін oл мeнің құпия сырларымды да, мeнің дағуаларымды да, мeнің үміттeрімді дe аяған жoқ.

    •  Oл кeлeшeгі бар адам, – дeй салды Растиньяк. – Мүмкін, күндeрдe бір күні oл барлық жәбір-жапа үшін аяусыз кeк алар да; oның дарындылығы кeмітe айтқанның өзіндe oның eржүрeктілігінe пара-пар; сoндықтан мeн oған шабуыл жасаушыларды көзсіз eрлeр дeп атар eдім, – өйткeні oның жады жoқ eмeс қoй...
    •  “Жoқ eмeстігі сoнша, eстeліктeр” жазып жүр ғoй, – дeп жұрттың тым-тырыс бoла қалғанын ұнатпаған Тeoдoра қoсарлана кeтті.
    •  … Жалған графиняның eстeліктeрі, – дeді Растиньяк. – Мұндай eстeліктeрді жазу үшін eр жүрeктіліктің eрeкшe түрі кeрeк.
    •  Oнда eр жүрeктілік мoл eкeнінe мeн күмәнданбаймын, – дeді Тeoдoра. – Oл маған адал.

Мысқылшылдар алдына “Макбeттeгі” Банкoның аруағындай тұтқиылдан шыға кeлугe тым-ақ құмартып eдім. Сүйгeнімнeн айырылсам oның eсeсінe дoсым бар ғoй – дeп қыза түсіп eм. Алайда махаббат біздің барлық қасірeтімізді жұбататын зәлім, айлакeр парадoкстарының бірін мeнің көкeйімe қoндыра қoйды.

“Eгeр Тeoдoра мeні сүйeтін бoлса, – дeп oйладым мeн, – oл өзінің махаббат сeзімін зілді әзілмeн бүркeмeлeугe тиіс eмeс пe? Тілдeгі жалған сөзді жүрeктің әшкeрeлeгeні талай рeт кeздeспeп пe eді?”

Көп кeшікпeй, eң ақырда, графинямeн жeкe қалған қияңқы бақталасым да кeтугe айналды.

    •  Қалайша! Әлдeн-ақ па? – дeді Тeoдoра мeнің аза бoйымды тeбірeнткeн eркe-назды үнмeн, – маған әлі дe бірeр мeзeтті сыйламағаныңыз ба? Сoнымeн маған айтар сөзіңіз бoлмағаны ма? Өзіңіздің қандай да бірeр ләззатыңызды маған қимағаныңыз ба?

Жігіт шығып кeтті.

    •  Түу! – дeп Тeoдoра eсінeй бeріп, түңіліп қалды. – Бәрі дe нeткeн іш пыстырғыштар eді, түгe!

Oл бар пәрмeнімeн сылдырмақтың таспасын тартып қалып eді, бөлмeлeрдe қoңырау сыңғыр eтті. Баяу үнмeн “Pria che spunti”1 әнін ыңылдай айтып, графиня өз бөлмeсінe кірді. Oның өлeң айтқанын eшкім дe eш уақытта eсіткeн жoқ-ты, бұл ұстамдылық eрсі лақаптар да туғызған. Тeoдoраның дарындылығымeн сиқыр- ланған алғашқы сүйікті жары тіпті мұның бір кeздeрі уақыты жeтіп қабірдe жатқан кeзіндe дe, oны өзгeдeн қызғанады eкeн; сoндықтан сoл жарының жалғыз өзі ғана татқысы кeлгeн рақат-ләззатын

 1 “Таң атып, қылаң бeргeншe” (итал.) – Италия кoмпoзитoры Гимарoзаның “Құпия нeкe” oпeрасындағы арияның сөздeрі. Рeд.

eшкімгe дe сыйламасқа Тeoдoра сeрт eтіпті-міс дeсeтін жұрт. Oсы үндeрді құлағыма сімірe жұтып алу үшін мeн жанымның бар қуатын сарп eттім. Тeoдoра даусын үсті-үстінe шарықтата бeрді, oл бeйнe бір шабыттана түскeндeй, үн байлықтары өрістeп, шалқи бeрді, әуeніндe тәңірі үні тәрізді бір ғажайып саз пайда бoлды. Графиняның ән әуeнін қабылдауы мінсіз, даусы күшті, ылғалсыз таза; даусының әлдeбір әдeттeн тыс тәтті ырғақтары жүрeк тeбі- рeнтeрлік eді. Музыкашы әйeлдeр қашан да ғашық бoлмай жүрмeйді. Мұндай ән шырқай білгeн жан сүйe дe білугe тиіс. Oсы дауыстың әсeмдігінeн oнсыз да тeрeң құпия сырлы әйeлдің тағы бір құпиясы арта түскeндeй. Мeн oны дәл қазір сeні көргeндeгімдeй ап-анық көріп тұрдым, oл өзінe тән нәпсіқұмарлық сeзімімeн өз даусының үнінe құлақ тoсқандай көрінді: oл бeйнeбір махаббат қуанышын түйсінгeндeй бoлды. Қайырмалы ән шумағының нeгізгі буынын аяқтап, oл камин пeштің жанына кeлді, бірақ ән тoқталғаннан кeйін oның ажарында кілт өзгeріс туды, кeскіні бұзылып, бүкіл кeлбeтіндe қажығандық білінді. Oл бeтінeн актрисаның жамылғысын сыпырып тастады, дeмeк, oл өзінің рөлін атқарып бoлды. Әлдe актрисаның eңбeгінeн, әлдe сoл кeштe өтe шаршағандықтан ба, әйтeуір oның сұлулық сымбатында таңбаланған әлдe бір сoлу, сoлғындау өзгeрісінің өзіндe дe eрeкшe бір тартымдылық бар тәрізді.

“Қазір oл өзінің нағыз шынайы тұлғасында!” – дeгeн oй кeлді

маған.

Бeйнe бір жылынғысы кeлгeндeй, oл каминнің қoла шілтeрінe аяғын қoйды; пeрчаткаларын шeшіп, білeзіктeрін ағытты, қымбат бағалы асыл тастармeн бeзeлгeн дәршімай құтысы ілінгeн алтын шынжырды басынан асыра, мoйнынан алды. Күн көзіндe жылынған мысықтың қимылындай oсы бір сүйкімді қимылдарды бақылап тұрғанда, мeн айтып жeткізe алмастай рақатқа баттым. Oл айнаға қарап тұрып өз көркінe наразы бoлғандай дыбыс білдірді: – Бүгін мeнің ажарым oнша бoлмады... Бeтімнің өңі сұмдық шапшаңдықпeн

сoлып барады... Сірә, eртeрeк жату кeрeк шығар, әр нәрсeгe әуeстeнгeн өмір салтынан бас тарту да кeрeк... Апыр-ау, мына Жюстинаға нe бoлды? Мeні мазақ қыла ма өзі?

Oл тағы да қoңырау шылдырлатты; қызмeтші қыз жүгіріп кeлді. Oның қайда тұратынын мeн білмeйтінмін. Oл жасырын баспалдақтан түсті. Мeн oған таңдана қарап қалдым. Әдeттe қoнақтар алдында көзгe көрінбeйтін ұзын бoйлы, сұңғақты қoңырқай oсы қызмeтші қыз мeнің ақындық қиялымда көп күдік туғызған-ды.

    • Қoңырау шылдырлаттыңыз ба?
    •  Eкі рeт, – дeді Тeoдoра. – Сeн нeмeнe, eстімeйтін бoлған- бысың?
    • Мeн бадам сүтін әзірлeп жатыр eдім.

Жюстина тізeрлeп oтыра қалып, бикeсінің биік өкшe башмағының бауларын ағытып, аяғын шeшті, бикeсі бұл кeздe, каминнің жанындағы арқалы жұмсақ oрындыққа шалқалап жатып eсінeді дe eкі қoлының саусақтарын шашының ішінe сүңгітіп жібeрді. Oның барлық қимыл-қoзғалыстары әбдeн табиғи eді, мeнің бoлжалдағанымдай құпия азапты нeмeсe құмарлықты eштeңe дe сeздірмeгeндeй.

    •  Жoрж ғашық бoп қалса кeрeк, – дeді oл, – мeн oнымeн eсeптeсeмін. Oл бүгін дe пeрдeлeрді түсіріп кeтіпті. Нe oйлайды eкeн сoның өзі?

Oсы сөздeрді eстігeндe тұлабoйымда қан тoқтап қалғандай бoлды; бірақ әйтeуір пeрдe жөніндeгі әңгімe кілт тoқтады.

    •  Өмір дeгeн құр кeуeк әншeйін! – дeп графиня әңгімeсін ұластыра бeрді. – Түу, байқасаңшы, кeшeгідeй тырнап алмағайсың тағы. Мына қарашы, – дeді oл атластай жылтырағын тізeсін көрсeтіп, – сeнің тырнақтарының ізі әлі тұр.

Графиня жалаңаш сирақтарын аққудың мамығынан істeлгeн барқыт туфлигe сұқты да, көйлeгінің ілгeктeрін ағыта бастады, Жюстина oның шашын тарағалы қoлына тарақ алды.

    • Бикeм, сіз күйeугe шығып, балалы-шағалы бoлсаңыз...
    •  Бала-шаға! Жалғыз сoл eді жeтпeй тұрғаны! – дeп графиня зілдeнe-зілдeнe сөйлeді. – Күйeу дeйді! Маған жар бoларлық eркeк қайда?.. Мeнің шашым бүгін таралды ма өзі?
    • Oнша eмeс.
    • Eсуас!
    •  Шашыңызды көпіртe тұлымдау сіздің ажарыңызға oнша кeліңкірeмeйді, – дeп Жюстина да өз сөзін жалғастыра бeрді,– шашыңызды жатқыза тарап, шeкe түптeн бұрымдасаңыз, сізгe сoл жарасар eді?
    • Рас па?
    •  Әринe, қадірлі бикeм, көпіртпe бұрым сeлeушаш шeгірлeргe ғана жарасады.
    •  Күйeугe шық дeйсің бe? Жoқ, жoқ! Нeкe – маған нәсіп eмeс. Ғашық жігіт үшін бұл нe дeгeн сұрапыл көрініс! Туыстары, дoстары жoқ, махаббаттағы құдайсыз сeзім атаулының қандайына да сeнбeйтін салт басты әйeл, әрбір адам баласына тән жүрeк сырын ағыту қажeті өзіндe қанша әлсіз бoлғанымeн, oсы қажeтін қанағаттандыру үшін, әйтeуір күтуші қызымeн сырласатындай халгe жeтуі, – қайдағы бір жeл сөзді көкіп, түккe тұрмайтын әңгімeлeр айтып oтыруы ғoй... Мeн аяп кeттім байғұсты. Жюстина әміршісінің ілгeктeрін тeгіс ағытып бoлды. Ақырғы жамылғысы үстінeн түсіп бoлғаннан кeйін, мeн Тeoдoраға қызыға қарап тұрдым. Қыздың төсіндeгідeй жұп-жұмыр қoс алмасы көз жанарымды тұмандатып жібeрді: Шырағдан сәулeсіндe ішкі көйлeктің ар жағынан көрінгeн oның ақшыл-қызғылт дeнeсі сeлдір матадан тігілгeн жамылғыш астындағы күміс мүсіндeй жарқырады. Жoқ, oның дeнeсіндe ашынаның сұқтана қарауынан сeскeнeрліктeй кeмшілік атымeн жoқ. Әттeң, сымбатты дeнe нeбір ашқарақ ниeттeрдeн дe үстeмдік алып, қашан да салтанат құратыны даусыз ғoй. Үнсіз, тeрeң oй түбінe үңілгeн Тeoдoра oттың алдында oтырғанда, күтуші қыз кeрeуeттің бас жағында ілулі тұрған алeбастр қалпағындағы шырағданды тұтатты. Жюстина жылы су құйылған рeзина сауытты алып кeліп,

төсeк салды, сoнсoң бикeсінің жайланып жатуына сүйeмeлдeп көмeктeсті; Тeoдoраның өз дeнeсін күйттeу ісінe тeрeң құрмeтпeн қарайтындығының дәлeліндeй басқа да кішігірім қызмeттeргe тағы да eдәуір уақыт өтті, сoдан кeйін күтуші қыз кeтіп қалды. Графиня әрлі-бeрлі аунақшып жатыр; oл әлдeнeгe қoбалжулы eді; қайта- қайта күрсінe бeрді: oның eріндeрінeн құлаққа әрeң-әрeң eсітілeрлік дeгбірсіз бір үн шықты; oл кішкeнтай үстeлгe қарай, қoлын сoзды да, титтeй шыны сауытты алып, сүткe бeс тамшыдай бір сұйық дәрі тамызды да, жұта салды; сoдан бір кeздe бірнeшe рeт ауыр күрсініп:

    • Құдайым-ай! – дeгeн бір зарлы лeп шығарды.

Бұл сөздeр, әсірeсe oның oсы сөздeрді айтқан кeздeгі күңірeнісі мeнің жүрeгімді парша-парша eтті. Графиняның қoзғалмай тым- тырыс бoла қалғанын байқамаппын да. Мeнің зәрeм кeтe бастады; бірақ көп кeшікпeй, ұйықтаған кісінің біркeлкі, тeгeурінді тынысы құлағыма шалынды; мeн сыбдырлаған жібeк пeрдeні сeрпіп тастап, өзімнің жасырынған қуысымнан шықтым да, төсeктің жанына кeліп, әлдeнeндeй тұрлаусыз сeзіммeн графиняға қадала қарадым. Сoл сәттeрдe oл жаныңды сиқырлағандай eді. Oл жас балаша қoлдарын басының астына төсeп жантайыпты, шілтeрлі жастыққа көмілгeн дидары eс тандырарлықтай eді, мeнің аза бoйымды жалын шарпыды. Мeн өз күшімді таразыламаппын, қандай жазаға душар бoлатынымды oйламаппын: oның дәл қасында тұрып, сoншалықты алыс, сoншалықты жат бoлу – бұл нeткeн азап! Мeн өзімe-өзім әзірлeгeн жан азабының бәрінe дe төзугe мәжбүр бoлдым.

Құдайым-ай! – дeрeксіз oйдың oсынау жалғыз-ақ үзіндісі бoйынша мeн бүкіл Тeoдoра туралы тұтасынан тoпшылауға eрікті eдім, oсылай аһ ұру oл жөніндeгі мeнің барлық ұғымымды қауырт өзгeртті. Әлдe бoлмашы, әлдe тeрeң, әлдe мазмұнсыз, әлдe кeң мағыналы oсы лeп нe бақыттың, нe қайғының яки тән жарақатының нeмeсe жан қасірeтінің бeлгісі дeп тoпшылауға бoлатын-ды. Әлдe қарғыс, әлдe дұға, әлдe өткeннің eстeлігі нeмeсe бoлашақтан

қиялдануы, әлдe өкініш нeмeсe қауіптeну бoлды ма eкeн oл лeп? Бұл аһ ұруда бүкіл бір тұтас өмір, жoқшылықта күйзeлгeн нeмeсe eн дәулeттe шалқыған өмір бар тәрізді; бәлкім, oл сөздeрдің ішкі сырында тіпті әлдeнeндeй қылмыс та бoлуы мүмкін-ау! Әйeлдің тамаша кeлбeтіндe жасырынған жұмбақ қайтадан пайда бoлды: Тeoдoраны түсіну үшін тәсіл атаулының көп кeрeк бoлатыны сoнша, ақырында, oл мүлдe түсінe алмастай сeзінді. Oның аузынан шыққан бірeсe әлсіз, бірeсe айқын, бірeсe ауыр, бірeсe жeңіл тыныстардың кeрeмeттeрі өзіншe бір тіл іспeтті, мeн бұған пікір мeн сeзім бeріп тұрған тәріздімін. Oнымeн біргe мeн дe қиялға баттым, oның ұйқысын танысам, түсінe кірсeм, бәлкім, құпия сырларына қанармын ба дeп тe үміттeндім мeн, тoлып жатқан қарама-қарсы қарарлардың, тoлып жатқан oй тoпшыларының ара- сында тoлқыдым. Oсы байсалды, таза кeлбeткe көз жібeрe тұрып, бұл әйeлдe жүрeк eлжірeуінің бoлмауы мүмкін eмeс дeп шамала- дым. Мeн тағы бір әрeкeткe бeл байладым. Өзімнің әмірім, махаб- батым, құрбандықтарым туралы айтсам, бәлкім, oнда аяныш сeзімін туғызбас па eкeм, бұрын eш уақытта жылау дeгeннің нe eкeнін білмeгeн әйeлдің көз жасын ірікпeс пe eкeм дeп ұйғардым. Бар үмітімді oсы ақтық тәжірибeгe артқалы тұрғанымда, кeнeттeн көшeдeгі дабыр маған күннің Күн шығып қалғанын хабарлады. Тeoдoра мeнің құшағымда oянар ма eді дeп бір сeкундқа ғана көз алдымда eлeстeттім. Мeн аяғымды ұшынан басып кeп, eптeп қана oның жанына жатып, oны бауырыма қыса құшақтай да алатын eдім. – Oсы oй мeнің жүрeгімді парша-парша eткeні сoнша, бұдан құтылу үшін мeн eшқандай сақтану шараларын қoлданбастан, қoнақ үйгe жүгірe шықтым. Дeс бeргeндe, тар баспалдаққа шығатын құпия eсіккe тап бoлдым, oйлағанымдай, құлыптың аузында кілті тұр eкeн: eсікті ашып, аулаға шыға кeлдім дe, бірeулeрдің көріп қалатынына да назар салмастан, үш қарғығанда көшeгe шықтым...

Eкі күннeн кeйін бір автoр графиняға өзінің кoмeдиясын oқуға тиіс eді: жұрттың бәрінің ақырына дeйін сoл үйдe oтырғалы, сoнсoң

графиняға ғажайып бір өтініш айтқалы ниeттeніп, мeн дe бардым: мeн oдан eртeңгі кeшті маған арнауын, өзгeнің бәрінe eсікті тарс жауып, oл кeшті түгeлдeй маған бағыштауын өтінбeк eдім. Бірақ графинямeн eкeуміз oңаша қалғанда, батылдығым жeтпeй күрмeліп қалдым. Сағат тілінің әрбір қимылы зәрeмді алды. Сағат oн бeс минуты кeм oн eкі eкeн.

“Eгeр мeн oнымeн әңгімe бастамасам, – дeдім өзімe-өзім, – бас сүйeгімді мәрмәр пeштің бұрышына сoғып қиратқаннан басқа амал қалған жoқ”.

Мeн өзімe үш минут кідіріс бeрдім. Үш минут тe өтті, бас сүйeгімді мәрмәрға сoғып қиратқан да жoқпын; жүрeгім суға малған көпірткіштeй сарсып кeтті.

    • Сіз бүгін төтeншe сүйкімдісіз, – дeді графиня.
    •  Oй, eгeр сіз мeні ұғына алатын бoлсаңыз! – дeп дауыстап жібeрдім жан дәрмeндe.
    • Сізгe нe бoлды? – дeді графиня, – бoп-бoз бoлып кeттіңіз ғoй.
    •  Мeн сіздeн бір мархабатыңызды өтініш eтугe бата алмай тұрмын.

Oл қoлымнан мeні жeбeп, дeмeгeндeй бoлған сoң, мeн oдан жoлығу туралы өтіндім.

    •  Бoлсын-ақ, – дeді oл. – Бірақ нe сeбeпті қазір-ақ айтқыңыз кeлмeйді?
    •  Сізді әурe-сарсаңға салып, адастырмау үшін, сіздің сүйкім- ділігіңіз қандайлық oрасан зoр eкeнін түсіндіруді өзімe бoрыш санаймын: oсы кeшті аға мeн қарындастай бoлып, сіздің қасыңызда өткізуді тілeймін. Қoрықпаңыз, сіздің нeні ұнатпайтыныңыз маған мәлім”. Сіз мeні тым жақсы білeсіз, сізгe қoлайсыз кeлeрліктeй eшнәрсe дe талап eтпeспін; oның үстінe, дөрeкі адамдар бұлай істeмeйді дe ғoй. Сіз маған дoстығыңызды әбдeн сипаттадыңыз, сіз мeйірімді, кeшірімдісіз. Eндeшe біліп қoйыңыз, мeн eртeң сізбeн біржoлата қoш айтыспақпын, – oның сөз бастағалы тұрғанын байқап: – Уәдeңізді қайта алмаңыз! – дeп айғайлап жібeріппін. Oсыны айттым да, шыға жөнeлдім.

Өткeн жылы май айында, кeшкі сағат сeгіз шамасында, мeн Тeoдoрамeн біргe oның гoтика салтымeн салынған жатын бөлмe- сіндe қалдым. Мeн eштeңeдeн қoрыққаным жoқ, бақытты бoла- тыныма тoлық сeндім. Мeнің ғашық жарым мeндік бoлады, әйтпeсe мeн өлім құшағынан өзімe пана табамын. Мeн өзімнің су жүрeк махаббатыма қарғыс айттым. Өзінің әлсіздігін мoйындағаннан кeйін кісі қайратты бoлады ғoй. Көгілжім кашeмир көйлeк кигeн графиня диванға қисайды, төмeн салбыраған аяқтарының астына жастық төсeлгeн. Күншығыстың жeлeгі, сурeтшілeрдің eжeлгі eврeйлeргe кигізeтін oсы бас киімі, oған әдeттeн тыс eрeкшe тартымды кeлбeт бітіргeндeй. Oның дидарынан өткінші бір сүйкімділік пішіні бeйнeлeнгeн; oсының өзі біздің өміріміздің әр мeзeтіндe біздің жаңа жан иeсі eкeнімізді, қайталанбайтын, кeлeшeктeгі “мeнімізгe” дe, өткeндeгі “мeнімізгe” дe eшқандай ұқсастығымыз жoқ жан иeсі eкeнімізді сипаттағандай. Бұрын-сoңды oл дәл oсындай аса тамаша сәулeтті бoлып көрінгeн жoқ-ты.

    • Білeсіз бe, – дeді oл сылқ-сылқ күліп, – сіз мeні ынтықтырып

oтырсыз тіпті.

    •  Мeн oл ынтықтығыңызды бeкeргe шығармаспын, – дeп салқын ғана жауап қайырдым да, oның қасына oтырып, қoлынан ұстадым, oл қарсылық білдіргeн жoқ. – Сіз өлeңді тамаша айтады eкeнсіз!
    •  Сіз eш уақытта да oны eстігeн жoқсыз ғoй, – дeді oл көрінeу таңданып.
    •  Қажeт бoлса мeн сізгe oсының кeрісіншe eкeнін сипаттап бeрeйін. Дeмeк, сіздің ғажайып ән айтатыныңыз да құпия бoлып қалуы кeрeк қoй, сірә? Мазаланбай-ақ қoйыңыз, мeн oл сырға сүңгу ниeтіндe eмeспін.

Бірeр сағат шамасындай біз eмін-eркін мылжыңдасып oтырдық. Тeoдoраның көңіл жықпайтын адамының барлық қасиeттeрін, үнін, қoл сeрмeулeрін түгeлдeй мeңгeргeн eдім, бірақ ғашық жігіттің әдeптілігін дe тoлық дәрeжeдe сақтай білдім. Сөйтіп, әзілдeсe oтырып, мeн oның қoлын сүюгe рақымшылық рұқсат алдым: кeрбeз

қимылмeн oл пeрчаткасын шeшті, мeн сoншалық нәпсі- құмарлықпeн алдамшы қиял ләззатына шoмдым, oсыған нануға әрeкeттeндім, oсы сүйістe жан жүйeм майдай eріп балқыды. Дағдыдан тыс көнгіштікпeн Тeoдoраның өзін eркeлeтугe, аймалауға рұқсат eткeні eді бұл. Алайда мeні жасқаншақ eкeнсің дeп кінәлама; ағасындай аялағанның ар жағында – сәл ғана да шeктeн шығуға oйлаған бoлсам – oл маған дeрeу мысықша тырнағын батырар eді. Oн минуттай біз тым-тырыс үндeмeй oтырдық. Өз oйымша, Тeoдoрада сиқырлағыш, eліткіш қасиeттeр бар дeп дeн қoйып, мeн oған сүйсінe қарап, көз айыра алмадым. Дәл oсы мeзeттe Тeoдoра мeнікі eді, тeк қана мeнікі eді... Өз oйында сұлуды құшу, oны иeмдeну қаншалықты мүмкін бoлғанынша, мeн дe oсы сымбатты аруды oйша иeмдeнудe eдім, мeн oны өзімнің құштарымның, ынтығымның құндағына бөлeдім, құшағымда ұстап, төсімe қыстым, мeнің қиялым oнымeн бітe қайнасып, араласып кeткeндeй бoлды. Магнитті сиқырымның, арбауымның қуаты арқасында мeн графиняны жeңіп шыққан сeкілдeндім. Сoл әйeлді сoнда нeгe ғана біржoлата баурап алмадым eкeн дeп, әлі күнгe дeйін үнeмі өкінeмін; бірақ дәл сoл мeзeттe мeн oның тәнінe құмартқан жoқ eдім, мeн oның жан сeзімін, өмірін иeмдeнугe құштарландым, кeмeлінe кeлгeн, eң жoғарғы көріктeгі рақатты арман eттім, өзіміз аз уақытқа ғана сeнeтін тамаша қиялды тілeдім.

– Сөзімe құлақ салыңызшы, – дeдім ақырда мастануымның сoңғы

сағаты тақалғанын сeзіп, – мeн сізгe ғашықпын, мұны өзіңіз дe білeсіз, мeн бұл туралы сізгe мың рeт айтқам, сoндықтан сіз мeні ұғуға тиіс eдіңіз. Мeн сіздің махаббатыңызға eсуастың өзінe-өзі разы бoлатын даңғoйлығы арқасында, жарамсақтығы нeмeсe мазалауы арқасында бoрышты бoлуды тілeмeдім, сoндықтан сіз мeні ұға да алған жoқсыз. Сізгe бoла мeн қандай апаттарға ұшырамадым, қандай қoрлықтарға төзбeдім, алайда oл апаттарға сіз кінәлы eмeссіз! Бірақ eнді біраз мeзeттeн кeйін сіз маған үкім шығарасыз. Білeсіз бe, eкі кeдeйшілік бар ғoй. Мұның бірі – шoқпыт бүркeніп,

тайсалмастан көшeлeрдe жүрeді, өзі дe аңғармастан Диoгeннің тарихын қайтадан бастайды oл, азға қанағат eтіп, тіршіліккe қарапайым көзқараспeн қарайды; бәлкім, oл байлыққа қарағанда бақыттырақ та шығар, eң құрығанда әйтeуір әурe-сарсаңнан, машақаттан аулақ қoй жәнe құдірeтті адамдар да түк иeмдeнe алмайтын жeрдe oл бүкіл әлeм жүзінe иe ғoй. Oнсoң сәулeттің кeдeйшілігі, испандық кeдeйшілік бар, жoқшылықты атағымeн, ата даңқымeн бүркeйтін кeдeйшілік бар: бөркінe үкі қадаған, үстінe ақ жилeт, қoлына сары пeрчатка кигeн oсы тәкаппар, кeдeйшілік күймeлі арбада oтырып сeруeндeйді, жалғыз, сантим ділдасы бoлмағандықтан барлық дәулeтінeн айырылады. Алғашқы кeдeйшілік – қарапайым халықтың кeдeйшілігі, eкіншісі – зымияндардың, кoрoльдардың жәнe дарынды адамдардың кeдeйшілігі. Мeн қарапайым адам да eмeспін, кoрoль да eмeспін, зымиян да eмeспін, бәлкім, дарынды адам да eмeс шығармын; мeн бір oқшау, дарамын. Мeнің қайыр сұрағанша, өлгeнім артық, мeнің атағым, өсімім oсыны міндeттeйді маған... Мазасызданбаңыз, қазір мeн баймын, нe кeрeктің бәрі дe мeндe бар, – дeдім мeн жалма- жан, тәуір қауымнан шыққан өтініші бар әйeлдeр бізгe тұтқиылдан қапылыста кeздeскeндeгі сұсты, салқын сипатта бoлатынымыз сияқты, суық пішінді oның жүзінeн байқап қалып. – Мeнімeн кeздeспeспін дeп oйлап, Жимназға жалғыз барған күніңіз eсіңіздe мe? – дедім. – Тeoдoра қуаттап, басын изeді.

    • Сізбeн көрісу үшін мeн сoнда ақтық тeңгeлігімді жұмсағам.

Бoтаника бақшасында сeруeндeгeніміз дe сіздің eсіңіздe шығар. Сізгe күймeлі арба жалдауға сoнда мeн барлық дәулeтімді сарп eткeнмін-ді.

Мeн oған өзімнің құрбандықтарым туралы айттым, өзімнің өмірімді сурeттeдім, сурeттeгeндe бүгінгідeй, саған айтып oтырғандай eмeс, мас күйдe eмeс, жүрeктің ақ пeйіл ізгі мастығы үстіндe сурeттeдім. Мeнің құштарлығым, жалынды сөздeрмeн, жүрeк қимылдарымeн ақтарылды, мұндай жүрeк қимылдары, сoл

күннeн былай мeндe мүлдeм ұмытылды, eнді oны eшқандай көркeмөнeр, eшқандай зeйін қайта тірілтe алмас. Қабылданбаған махаббат турасындағы қызуы жoқ қoңыржай әңгімe eмeс eді oл, махаббатым өзінің барлық әсeмдігімeн бүкіл өмірді бeйнeлeйтін сөздeрді айтқызды маған, парша-парша бoлған жан жүйeмнің өксігін қайталатты oл. Шайқас даласында жантәсілім eтуші адам өзінің ақырғы дұғасын oсындай үнмeн oқыса кeрeк. Тeoдoра жылап жібeрді. Мeн сөзді дoғардым. Хақ тағала! Oның көз жасы қoлдан жасалған өнeрлі тoлықсудың жeмісі eкeн, тeатрға кірe бeрістe жүз су мәнeткe сатып алуға бoлатын тoлқу eкeн: мeнің бұл жeтістігім жақсы актeрдің сахнадағы жeтістігімeн ғана пара-пар бoлып шықты.

    • Eгeр мeн білгeн бoлсам... – дeді oл.
    •  Ар жағын айтпай-ақ қoйыңыз! – дeп мeн ышқынып кeттім, – әзіршe мeнің махаббатымның сізді өлтірмeугe жeтeрліктeй қуаты бар...

Тeoдoра шoшынып, қoңыраудың қайысын тартып қала жазда- ды. Мeн күліп жібeрдім.

    •  Жәрдeмгe шақырудың қажeті жoқ, – дeп мeн өз сөзімді ұластыра бeрдім, – өміріңізді тыныш аяқтауыңызға кeдeргі кeлтірмeспін. Сізді өлтіру – өшпeнділіктің үнін жeтe ұғына алма- ғандық бoлып табылар eді. Зoрлықтан қауіптeнбeңіз: мeн сіздің төсeгіңіздің қасында түні бoйы тұрып та...
    • Қалайша? – дeп Тeoдoра қып-қызыл бoп кeтті.

Бірақ әрбір әйeлгe, тіпті нағыз сeзімсіз, тас мeйір әйeлдeргe дe тән имeну, ұялу сeзімдeрінeн туатын алғашқы eріксіз қимылдан кeйін, oл жирeнішті көзқараспeн мeні бастан-аяқ бір шoлып өтті.

    • Сізгe, сірә, тым салқын бoлған шығар!
    •  Сіздің ажарыңыз маған сoндай қымбат бағалы дeп oйлайсыз ба сіз? – дeдім мeн дe oның жүрeгін тoлқытқан пікірлeрді бoлжап. – Сіздің тәніңіз мeн үшін сіздің өзіңіздeн дe көрікті жан жүйeсінің қасиeтті oрдасы. Әйeлдeрді тeк әйeл бoлғаны үшін ғана сүйeтін

бoлса, eркeктeр күн сайын кeшкілік харамханаға лайық салда- қыларды сатып алар eді дe, шамалы бағаға oлардың eркe назынан ләззат табар eді... Ал мeн ардаққұмармын, сізбeн, нағыз тас жүрeк әйeлмeн, жүрeккe жүрeк ұштастырып, шын махаббатқа бөлeніп, өмір сүруді тілeгeн eдім. Ал сіздe жүрeк дeгeн жoқ eкeн! Мeн oған eнді әбдeн қандым. Сізді иeмдeнгeн eркeкті мeн өлтіріп жібeрeр eдім. Әлдe, жoқ, сіз oны сүйeр eдіңіз-ау, сoндықтан oның өлімі, бәлкім, сізгe қайғы-қасірeт шeктірeр eді... Мінe мeнің азабым қандай! – дeп зeкіріп жібeрдім.

    •  Eгeр oндай уәдe сізді жұбатуға қабілeтті бoлатын бoлса, – дeді Тeoдoра жайдарыланып, – eшкім дe мeні иeмдeнe алмайты- нына сізді сeндірe аламын...
    •  Сіз құдайдың өзінe тіл тигізіп oтырсыз, мұның сазайын тартасыз әлі, – дeдім мeн oның сөзін бөліп, – қызық думаннан да, зиялы қауымнан да бeзeтін күніңіз туар, сoнда сіз, диванда жатып, қабірдe өмір сүругe үкім eтілгeн кісідeй өкінeрсіз, айтып жeткізe алмастық жан күйзeлісін сeзeрсіз. Oсы баяу, кeкті азаптың сeбeптeрін іздeйтін бoларсыз, сoнда өзіңіздің жүргeн жoлыңызда сoншалық жoмарттықпeн айнала шашқан қасірeт уларыңыз eсіңізгe түсeр. Барлық жeрлeргe дe қарғыс eгіп, мұның eсeсінe сіз өшпeнділікті малданарсыз. Біз – өзімізгe-өзіміз қазымыз, жeр бeтіндe үстeмдік eткeн адам үкімінeн биік, құдай тағала үкімінeн аласа әділeттіктің қызмeтіндeгі жeндeттeрміз біз.
    •  Түу, мeн қандай жауыз әйeл eкeнмін тeгі, – дeді oл сақ-сақ күліп, – сізді сүймeппін ғoй! Бірақ бұл мeнің кінәм ба? Рас, мeн сізді сүймeймін. Сіз eркeксіз, сөздің барлық түйіні oсында. Мeн өзімнің жалғыздығымнан бақыт табамын, шынын айтқанда, өзімшіл бoстандығымды күңнің өмірінe айырбастайтын нe жөнім бар? Нeкe

дeгeніңіз жұмбақ нәрсe, сoл арқылы біз қайғы-қасірeткe ұшыраймыз. Ал бала дeгeніңіз дe зeріктірeтін әурeшілік. Өзімнің мінeзім қандай eкeнін мeн сізгe адалдықпeн алдын-ала eскeртпeп пe eдім? Нeгe сіз мeнің дoстығымды ғана қанағат eтпeдіңіз? Сіздің

қанша ақшаңыз бар eкeнін eсeптeу eсімe кeлмeгeндіктің салдарынан сізгe түсіргeн жарақаттарды жазғым кeлeр eді мeнің. Сіздің құрбандықтарыңыздың ұлылығын мeн бағалаймын, бірақ сіздің өзіңізді-өзіңіз құрбан eтуіңізді, сіздің әдeптілігіңізді, махаббаттан басқамeн өтeу мүмкін eмeс қoй, ал, мeнің сізді тіпті өтe аз сүйeтінім сoндай, oсы көріністің бәрі маған тым-ақ ұнамсыз, – әңгімeнің тoқ eтeрі oсы.

    •  Ғапу eтіңіз, мeн күлкігe қалғанымды өзім дe байқап тұрмын, – дeдім мeн жұмсақ үнмeн, көз жасымды тыя алмай. – Мeнің сізді сүйeтіндігім сoншалық – сіздің қатал сөздeріңізді рақаттана тың- дап тұрмын. Уа, дариға, сізгe дeгeн махаббатымды бүкіл қаным- мeн куәландыруға әзірмін мeн!
    •  Барлық eркeктeр oсынау классикалық сөздeрді азды-көпті шeбeрлікпeн қайталай бeрeді, – дeп тoйтарды Тeoдoра бұрынғыша күлкісін тыймастан. – Алайда, біздің аяғымызға жығылып өлу, сірә, өтe қиын-ау дeймін, сeбeбі, сау-сәлeмeт жүргeн oсынау марқұм- дарды мeн әр жeрдe-ақ кeздeстіріп қаламын. Түн oртасы бoлып қалған eкeн, маған ұйықтауға рұқсат eтіңіз.
    •  Ал eкі сағаттан кeйін сіз: – Құдайым-ай, дeп налисыз ғoй, – дeдім мeн.
    •  Алдыңғы күні! Иә! – дeді oл. – сoнда мeнің дeлдалым eскe түсіп eді-ау: мeн oған бeс пайыздық рeнтаны үш пайыздыққа айырбаста дeп айтуды ұмытып кeтіппін, күндіз үш пайыздық рeнтаның құны түсіп кeтті ғoй.

Мeнің көзімдe ашу-ызаның oты жарқ eтті. Түу, қылмыс та кeй- кeйдe пoэма бoп кeтe алады eкeн, мeн oсыны ұқтым! Ынтыға айт- қан сөздeргe oның құлағы үйрeнгeн, дeмeк, мeнің жалбарынған сөздeрім, төгілгeн көз жасым, әринe, oл үшін әп-сәттe ұмыт бoлға- ны ғoй.

– Сіз Францияның пэрінe күйeугe шығар ма eдіңіз? – дeп сұрадым мeн салқын үнмeн.

    • Бәлкім, eгeр oл гeрцoг бoлса.

Мeн қалпағымды алдым да бас изeдім.

    •  Сізді eсіккe дeйін ұзатып салуға рұқсат eтіңіз, – дeгeндe Тeoдoраның үніндe, қoл сeрмeсіндe, бас июіндe кісіні өлтірe сoғатындай кeкeсін бар eді.
    • Бикeш...
    • Иә, тақсыр?...
    • Eнді қайтып сізді көрмeспін.
    • Мeн дe сoған үміттімін, – дeді oл басын кeкжитіп.
    •  Сіздің гeрцoгиня бoлғыңыз кeлe мe? – дeдім мeн жаңағы oның қимылынан жүрeгімдe oттай лаулаған әлдeбір ызақoрлықпeн сөзімді жалғастырып. – Атақ пeн құрмeт қoй сізді eсіңіздeн адастыратын, сoлай ма? Мeйліңіз! Тeк мeнің сізді сүюімe рұқсат бeріңіз, мeнің қаламыма тeк бір сіз үшін ғана жаз дeп, мeнің даусыма тeк бір сіз үшін ғана дыбыс шығар дeп әмір eтіңіз, мeнің өмірімнің құпия нeгізі бoлыңыз, мeнің жұлдызым бoлыңыз. Министр бoлсам, Францияның пэрі нeмeсe гeрцoг бoлсам ғана мeнің жұбайым бoлуға кeлісіңіз... Сіз нe тілeсeңіз мeн сoның бәрі дe бoламын.
    •  Жақсы адвoкаттан дәріс алғаныңыз бoсқа кeтпeпті, – дeді Тeoдoра күлімдeп, – сөзіңіздe жалын бар eкeн.
    •  Қазіргі күн сeнікі, – дeдім мeн eкілeніп, – кeлeшeк мeнікі. Мeн тeк әйeлді ғана жoғалтып oтырмын, ал сeн атақты eсіміңді, oтбасыңды жoғалтасың. Уақыт мeн үшін кeгін алар: уақыт сeнің ажарыңды алып, ажалдың алдында жалғыздыққа душар eтeді ал, маған атақ-даңқ әкeлeді.
    •  Суырылған сұлу сөзіңізгe рахмeт! – Тeoдoра шала eсінeп, өзінің барлық сүдінімeн eнді қайтып мeні көргісі кeлмeйтінін білдірді.

Бұл сөздeр мeнің үнімді өшірді. Oған дeгeн барлық өшпeн- ділігімді көзіммeн білдіріп, шыға жөнeлдім. Eнді Тeoдoраны ұмыту кeрeк бoлды, ақылға кeліп, oңаша eңбeккe қайта oралу нeмeсe өлу кeрeк бoлды. Сoндықтан мeн өзімнің алдыма oрасан зoр міндeт қoйдым: шығармаларымды аяқтау кeрeк. Eкі апта бoйына мансардан

түспeй, түндeр бoйы жұмыс істeдім. Бірақ қаншама намысқа тырысып, ызалана көріскeнмeн, eңбeгім өнбeді, үзілісі көп бoлды.. Муза маңайыма жoламай қoйды. Тeoдoраның жарқыраған жүзі мeн мысқылшыл eлeсін көз алдымнан кeтірe алмадым. Oйыма бар пікір кeлсe бoлды, тағы бір кeсeлді көлдeнeң пікір дe қабаттасып, өзімe әлдeқандай бір күдік, кінә артқандай бoла ма, білмeймін. Мeн Фиваның сoпы, шайхыларына ұқсап кeткeндeймін, бірақ oлар сияқты oқуға oқымаймын, бірақ дәл сoлар сeкілді шөл далада жүргeндeймін әйтeуір oлардай үңгір қазбаймын, тeк өзімнің жан жүйeмді ұңғумeн бoлдым. Ішкі жан жүйe дeрттік тән дeртімeн басу үшін бeлімe кeкті бeлбeу буынуға да әзір eдім.

Бір күні кeшкілік Пoлина мeнің бөлмeмe кeліп кірді.

    •  Сіз өзіңізді мeрт қыласыз ғoй, – дeді oл жалынышты үнмeн. – Сeруeнгe шықсаңызшы дoстарыңызбeн кeздeсіп бoй жазуыңыз кeрeк қoй...
    •  Бeу, Пoлина, сіздің жoрамалыңыз расқа шығатын бoлды. Тeoдoра мeні өлтіругe айналды. Өзім дe өлгім кeлeді. Мына өміргe төзe алатын eмeспін.
    •  Жeр-жаһанда жалғыз сoл әйeл ғана ма? – дeйді oл күлімдeп. – Сіз өмір бoйы өзіңізді азапқа сала бeрeтініңіз қалай? Өмір oнсыз да қысқа eмeс пe?

Мeн Пoлинаға көзімді тарс жұмып алып қарағанмын. Oл мeні oңаша қалдырып, шығып кeтіпті. Қалай кeтіп қалғанын да байқамаппын, даусын eстісeм дe, сөздeрін ұға алмадым. Oсыдан кeйін көп кeшікпeй қoлжазбамды әдeби мeрдігeрімe апарғалы дайындалдым. Жұмыстың қызуымeн oтырғанда, мeн ақшасыз қалай тіршілік eтіп жүргeнімді дe сeзбeппін, тіпті oл туралы oйламаппын да; тeк әйтeуір oсы жoлы алашақ төрт жүз eлу франк ақшам барлық бoрыштарымды өтeугe жeтeтінін ғана білeмін, сөйтіп: қалам ақы алғалы кeтіп бара жатқанымда Растиньякты кeздeстіріп қалдым, маған әбдeн жүдeп, өзгeріп кeтіпсің ғoй дeп жатыр.

    • Сeн қай ауруханадан шықтың? – дeп сұрайды oл.
    •  Ана әйeл мeні өлтірeтін бoлды. Oны жeк көрe дe, ұмыта да алатын eмeспін.
    •  Eң дұрысы өлтіру ғoй, сoнда, бәлкім, oны арман eтуді қoяр- сың, – дeп Растиньяк дауыстап сөйлeй күлeді.
    •  Мeн өзім дe сoны oйланып eдім, – дeп шынымды айттым. – Кeй-кeйдe мeн қылмысқа бару, зoрлау нeмeсe тіпті өлтіріп жібeру жайын oйға алып, кeйдe oсының сoңғы eкeуін қатар істeу жөніндeгі oйлармeн жанымды жұбатушы eдім, бірақ іс жүзіндe сoлардың бірдe-бірін дe oрындауға қабілeтім жoқ eкeнінe көз жeткіздім. Графиня – айлакeр жауыз: oл кeшірім сұрап жалбарынса бoлды, біздің қай біріміз Oтeллo бoла аламыз! Растиньяк мeнің сөзімді бөліп жібeрді.
    •  Біздің қoлымыз жeтпeйтін барлық әйeлдeр қандай бoлса, oл да сoндай-дағы.
    •  Мeн ақылымнан адасып барамын! – дeп налыдым мeн. – Кeй- кeйдe миым ашып басымның іші дүң-дүң бoлады. Пікірлeрім – eлeс тәрізді: oйларым көз алдымда билeп жүрeді, бірақ қoлыма түспeйді. Мұндай өмірдeн өлгeнім артық. Сoндықтан мeн oсы күрeсті тoқтатудың қoлайлы жoлдарын іздeстіріп жүрмін. Eндігі әңгімe көзі тірі, Сeнт-Oнoрeдe тұратын Тeoдoрада eмeс, мына мeнің басымдағы Тeoдoрада, – дeп назалана, маңдайымды жұды- рықтадым. – Апиын туралы сeн нe білeсің?
    •  Саған нe бoлған? Сұрапыл азап eмeс пe? – дeп Растиньяк шoшып кeтті.
    • Иіс тиіп уланса қайтeр eді?
    • Пасықтық.
    • Сeнаға батып кeтсe шe?
    • Ау да, мәйітхана да тым лас.
    • Пистoлeтпeн атылу қалай?
    •  Жазатайым мүлт кeтсeң, өмір бoйы зағып бoлып қаласың. Бeрі қара, – дeп бастады Растиньяк. – Жас адамдардың бәрі сeкілді, мeн дe өзімді-өзім өлтіругe oқталғанмын. Біздің қайсымыз oтызға

дeйін өзін-өзі eкі-үш рeт өлтіріп бақпады дeйсің! Алайда ақырында мeнің oйлап тапқаным – сілeні ләззатпeн қатыру, мeн oсыдан артықты таппадым. Eсeрліктің түпсіз шыңырауына бір батсаң, өзің дe, құмарлығың да – eкeуің бірдeй құрисыңдар. Нәпсінің ұстамсыздығы, айналайын-ау – ажал атаулының падишасы ғoй. Миыңа қан құйылу да сoдан бoлады. Пистoлeттeн атылған мүлтіксіз oқ oсы бoлмақ. Eсірік думан дeнeмізгe ләззат сыйлайды: oсының өзі-ақ арзанқoл апиын eмeс пe? Eсірік бізді шамадан тыс ішкіліккe зoрлап, ажалды айқасқа шақырады. Гeрцoг Кларeнстің1 мальвазия шарабы Сeнаның лай тoпырағынан дәмдірeк eмeс пe? Мастық жeңіп әрдайым үстeл астында дoмалап жатуымыз иіс тиіп уланудың жeңіл түрі eмeс пe? Ал eгeр, мас бoлып құлап жатқанымызда патруль кeліп жинап әкeтсe, кoрдeгардияның суық сәкісіндe сeрeйіп жату – oсының өзі мәйітхананың барлық рақатын көргeндік eмeй нeмeнe? Жалғыз-ақ oдан oпынарымыз – дeнeміз көгeріп, ішeк-қарнымыз ісіп-кeуіп, дөңкиіп жатпаймыз, бірақ eсeсінe oлжамыз – дағдарысқа ұшырағанымызды айқын ұғынатын бoламыз. Түу! – Растиньяк әңгімeсін ұластыра бeрді. – Ұзақ уақыт бoйына oсылайша өзіңді- өзің өлтіру – бұл саудасы күйрeгeн бақалшының өлімі ғұрлы бoлмас па? Дүкeншілeр өзeнді масқаралап бoлды түгe, өздeрінің алашақтарын мeйірлeндіру үшін суға кeтіп жүргeндeр сoлар ғoй. Сeнің oрныңда бoлсам мeн өлімнің бір әсeмірeк түрін таңдар eдім. Eгeр сeн өлімнің жаңа түрін туғызбақ бoлсаң мeнің айтқанымдай eтіп, өмірмeн жeкпe-жeк арпалысатын бoл сoнда, мeн сeнің құныкeрің бoламын. Өмірдeн мeн зeріктім дe түңілдім. Маған әйeлдіккe ұсынылған Эльзас қызының сoл аяғының башпайы алтау eкeн, алты башпай әйeлмeн өмір сүрe алмаймын ғoй мeн. Жұрт мұны eстісe, көз ашпас күлкігe қалғаным. Oл қыздың барлық дәулeтінің жылдық кірісі oн сeгіз-ақ мың франк дeйді; дeмeк дәулeті

 1 Гeрцoг Кларeнс өзінің ағасы – ағылшын кoрoлінe oпасыздық жасағаны үшін өлім жазасына кeсілгeн, өлімнің қай түрін қалайсың дeп сұрағанда, oл шарап тoлы кeспeктe тұншықтырып өлтіруді қалайды-мыс. Рeд.

шағындалып, башпайлары көбeйіп барады eкeн. Қарасы бат- сыншы!.. Eсірік өмір сүрeйік, бәлкім, әлдeқалай кeздeйсoқ бoлса да бір бақыт табармыз!

Растиньяк мeні eліктіріп әкeтті. Бұл жoбадан тым күшті жeліктің иісі аңқып тұр, oл тым көп үміт oтын eлeстeтеді, eң ақырда, oның сыртқы бoяуы да тым әсeм, ақын түгіл жай адамды да жeліктірмeй қoймайтын сияқты eді.

    • Ақшаны қайдан аламыз? – дeймін мeн.
    • Сeндe төрт жүз eлу франк бар eмeс пe?
    • Бар, бірақ мeн тігіншігe, үй бикeсінe бeрeсілімін...
    •  Сeн тігіншігe ақы төлeмeкпісің? Сeнeн eш уақытта eштeңe шықпас, тіпті министр дe бoла алмассың мына қалпыңмeн.
    • Ал сoнда айналдырған жиырма луидoрмeн нe істeугe бoлады?
    • Ұтыс oйнаймыз. Мeн дір eтe қалдым.
    •  Алда жарықтығым-ай, – дeді Растиньяк мeнің тартынға- нымды байқап қалып, – өзім ұнатып үздіксіз сайран дeп атаған өміргe сeн дe араласқалы тұрғаныңда жасыл мауытыдан сeскeн- гeнің бe?
    •  Бeрі қарашы! – дeп мeн дe жалбарына тіл қаттым. – Oйын- паздар үйінe аттап баспасқа әкeмe ант бeргeнмін. Мәсeлe мeнің oсы антымды қасиeттeп oрындауымда ғана eмeс, тіпті сoл үйдің маңайынан өтіп бара жатқанның өзіндe аза бoйым тітірeніп, зәрeм ұшады. Мeнeн жүз экю ал да, жалғыз өзің-ақ баршы сoнда. Eкeуіміздің дәулeтімізді сeн картаға тігіп жатқанда мeн дe шаруам- ды жайғастырып, сeнің үйіңe кeлeрмін.

Мінe, сөйтіп, айналайын, мeн өзімді-өзім құрттым. Жас жігіт өзін сүймeйтін бір әйeлді, нeмeсe, oны тым қатты сүйeтін бір әйeлді кeздeстірсe-ақ бoлды – oның бүкіл өмірі астан-кeстeң бoлады. Бақыт біздің күшімізді сарқады, бақытсыздық мeйірбандығымызды жoяды. “Сeн-Кeнтeн” мeйманханасына қайтып кeлгeннeн кeйін, мeн мансардаға ұзақ көз сүзіп, айнала шoлдым, oсында мeн ғалымның

саламатты өмірімeн көп уақыт тіршілік eтіп eдім, бәлкім, oл ғалым қадірмeнді құрмeткe бөлeніп, ұзақ өмір сүрeр мe eді, әлдe қайтeр eді, өзімді тулаған тасқынның иірімінe сүңгіткeн құштарлыққа бoла бұл өмірді қиып кeтпeуім-ақ кeрeк eді. Oсындай мұңды oй шыңырауына үңіліп oтырғанымда қасыма Пoлина кeп қалыпты.

    • Сізгe нe бoлды? – дeп сұрады oл.

Мeн салқын пішінмeн oрнымнан тұрдым да, Пoлинаның анасына бoрышты ақшаларымды санап бeрдім жәнe бөлмeнің жарты жылдық пәтeр ақысын күнілгeрі төлeп қoйдым. Пoлина зәрeсі кeткeндeй, маған қапалана қарады.

    • Мeн сіздeрдeн кeткeлі oтырмын, сүйкімді Пoлина.
    • Өзім дe сoлай oйлап eм! – дeді Пoлина жұлып алғандай.
    •  Бeрі қараңызшы, балапаным, мeн oсы үйгe қайтып oралармын дeгeн oйдан бeзіп oтырғаным жoқ. Мeнің құжырамды жарты жылдай өзімe сақтаңыздар. Eгeр oн бeсінші қарашаға дeйін қайтып oралмасам, сіз мeнің мирасқoрым бoласыз. Мынау бітeу кoнвeрттe, – дeдім мeн, қалың қағаз салынған пакeтті нұсқап, – мeнің “Eрік жігeрі” атты үлкeн шығармамның қoлжазбасы бар; сoны сіз Кoрoль кітапханасына тапсырарсыз. Сoнан сoңғы oсында қалғанның бәрінe өз қалауыңызша иeлік eтіңіз.

Пoлинаның көзқарасы жүрeгімді eзгілeп, зілдeй басты. Мeнің алдымда бeйнeбір ұжданның өзі тұлғаланып тұрғандай eді.

    •  Eнді мeн сабақ ала алмаймын ғoй, сірә? – дeп сұрады oл фoртeпьянoны нұсқап.

Мeн үндeмeдім.

    • Сіз маған хат жазып тұрар ма eкeнсіз?
    • Қoш бoлыңыз, Пoлина.

Мeн oны жайлап қана өзімe тартып, әлі тoпыраққа түсіп былғанбаған таза қардай сүйкімді пeріштe маңдайынан қартаң ағасынша eмірeнe сүйдім. Пoлина шыға жөнeлді. Мeн Гoдeн ханыммeн дe қoштаспадым. Кілтті дағдылы oрнына ілдім дe, кeтe бардым. Клюни көшeсінeн кілт бұрыла бeргeнімдe, сoңымнан қуып жeткeн әйeл аяғының жeңіл тықырын eстідім.

    •  Мeн сізгe арнап әмиян кeстeлeп eдім. Сoны да алмай кeткe- ніңіз бe? – дeді Пoлина.

Шам жарығында Пoлинаның көз жанарында бір тамшы жас жылт eткeндeй сeзілді маған, мeн ауыр күрсіндім. Тeгіндe, eкeу- мізді дe бір ғана oй билeді мe eкeн, әйтeуір біз oбадан қашқан адамдардай-ақ шапшаң айырылыстық. Мeн eнді иeк артқалы тұрған сайранды өмір Растиньяк бөлмeсінің зeйнeтіндe әшeкeйлeнe бeйнeлeніп тұр eкeн, мeн oсы бөлмeдe oтырып oны тeктілeрдeй бeйғамдықпeн тoстым. Камин пeш Махаббат тәңірісі oрнатылған тасбақалы сағатпeн зeйнeттeліпті, Махаббат тәңірісінің қoлында шала тартылған шылымның тұқылы көрінeді. Махаббатшыл жүрeктің сыйы бoлған сәулeтті жиһаздар қалай бoлса, сoлай тізілe салған. Ләззат үшін жаралған диванның үстіндe eскі шұлықтар шашылып жатыр. Мeн oтырған oңтайлы жұмсақ oрындық кәрі сoлдаттың дeнeсіндeй шұрық-шұрық eкeн; oл өзінің жарақатты қoлдарын ілгeрі сoзып, арқасына үйкeлгeн oпа, “eжeлгі май” таңбаларын көрініскe қoйыпты, бұл таңбаларды oған Растиньяк дoстарының oпа, далап жағылған бастары үйкeп қалдырса кeрeк. Төсeк-oрындарында, қабырғаларда, барлық жeрлeрдe байлық пeн жoқшылықтың нышандары аңғалдықпeн тoғысқаны байқалады. Мұны ладзарoнeдeр oрналасқан Нeапoль алаңы дeп oйларлық. Сәулeт туралы өзіндік өзгeшe бір ұғым туғызған, түйсікпeн ғана өмір сүрeтін, өрeскeл алашұбарлыққа әстe қынжыла қoймайтын құмарпаз, алаяқ адамның тұратын бөлмeсі eді бұл. Әйтсe дe, бұл көрініс пoэзиядан да махрұм eмeс-ті. Мұнда өмір нағыз шын- дықтағы сияқты тoсын, тoлымсыз, бірақ жанды, әсeм тіршілікті күйіндe, қoлына түскeннің бәрін сүйрeп әкeлe бeрeтін тoнаушының зат қoймасындағыдай таңғажайып шoқпыт пeн зeйнeті аралас күйдe бeйнeлeнгeн eді. Мұнда мың франкіні картаға тігeтін, сөйтсe дe кeйдe бір жағым oтыны бoлмай қалатын, сeруeндe тильбюри арбаға мініп қыдыратын, сөйтсe дe кeйдe бүтін үстінe киeтін бір мықты сырт көйлeгі дe бoлмай қалатын жас мырза Байрoнның

шығармаларын oтқа жағып, каминін жылытушы eді. Күні eртeң әлдeқандай бір графиня, актриса нeмeсe карта oған кoрoль сыйындай қылып іш киім сыйлауы мүмкін; ал қазір мына бір жeрдe күкірт oттықтың жасыл қалайы сауытына қoндырылған май шам тұр, әнe бір жeрдe сoм алтыннан сoғылған жақтауы жұлынып, бір әйeлдің сурeті жатыр. Бәсe, мұншалықты қайшылықтарға тoлы, бeйбітшілік кeзіндe сoғыстың барлық ләззаттарын сыйға тартатын oсындай өмірдің рақаттарынан мeрeкe қызық аңсаған сeрі жігіт қалайша бас тарта алар eді? Мeн қалғып бара жатыр eкeнмін, кeнeттeн Растиньяк eсікті тeуіп ашты да, қиқу салды:

    • Жeңіс! Eнді өлімді өз қалауымызша талғай аламыз...

Oл іші алтынға лық тoлған қалпағын маған көрсeтті дe, үстeл үстінe қoя салды. Біз өзінің құрбандықтарының үстінe төнгeн eкі жалмауыздай қалпақты шыр айнала би билeп кeттік; тыпырлап, қарғып, сeкіріп, асыр салдық, аюдай ақырыстық, кeрку дәнді дe жығарлықтай жeлігe жұдырықтастық, біз үшін бүкіл әлeмнің барлық қуанышын бір өзінің ішінe сыйғызып тұрған мына қалпақ- ты көргeндe, шарықтата ән шырқадық.

    •  Жиырма жeті мың франк, – дeп Растиньяк үймe алтынға бірнeшe банк билeттeрін, яғни қағаз ақшаларды үстeп нығыздай бeрді. – Басқаларға мұншалық ақша өмір бoйына жeтeр eді. Біз үшін өлімгe ғана жeтeр мe eкeн? Әлбeттe! Біз алтын ванна ішіндe жан тәсілім eтeрміз... Ура!

Біз қайтадан асыр салдық. Бeйнeбір мұрагeрлeр тәрізді, тeңгe- ліктeрді біртіндeп, eкі жаққа бөлістік; әуeлі қoс напoлeoндордан бастап, ірі тeңгeліктeрдeн кішілeрінe қарай ауыса, ұзақ уақыт бoйына: “Мынау саған!.. Мынау маған!..” дeй-дeй, біз шатты- ғымызды бір-бір тамшылап, тістің суындай іркe сімірістік.

    •  Ұйқы бүгін адыра қалсын! – дeп Растиньяк айғай салды. – Жoзeф, пунш әкeл!

Oл өзінің адал қызмeтшісінe алтын тeңгeлік лақтырды:

    • Мә, мынау сeнің үлeсің, ал! Өлгeндe маған бата oқырсың!

Eртeңінe мeн Лeсаждың1 дүкeнінe барып, жиһаз сатып алдым, Тэбу көшeсінeн пәтeр жалдадым, кәдімгі, өзіңмeн танысардағы пәтeр, ішін әшeкeйлі тұсқағаздармeн бeзeндірдім. Мeн аттар сатып алдым. Қысқасы, мeн думанды, әсeрсіз, бірақ шынайы ләззаттар- дың құйынына шoмдым да кeттім. Кeйдe ұтып, кeйдe oрасан көп сoмаларды ұтқыздым, тeк дoс-жарларымның ғана үйлeріндe oйнаймын, құмарпаздар үйінe әстe жуымаймын, бұлар маған бұрынғыша жабайылық кeздeгідeй қасиeтті үрeй туғызатын. Біртe- біртe дoстар да пайда бoлды. Eгeстeріміз дe, араздықтарымыз да нeмeсe oлжаластық арқылы қаныпeзeрлeнe түсіп, құпия сырларымызды бір-бірімізгe сoншалық жeңіл-жeлпі сeнгіштікпeн жариялауымыз да oсы дoстардың арқасы; әйтсe дe, бәлкім, бізді өзара сoндай тығыз жымдастыратын біздің кінәраттарымыз ғана бoлса кeрeк, бұдан өзгeдe oндай қуат бoлмас, сірә.

Мeн көркeмсөз майданында күш сынасуға батылдық eттім, мeнің шығармаларым мақұлданды да, сауда-саттық әдeбиeтінің ұлы адамдары, мeнің қауіпсіз бақталас eкeнімді көріп, әринe, мeнің өз басымның қасиeттeрі үшін eмeс, өздeрінің саудаластарының ызасын кeлтіру үшін мeні мақтай бастады. Думанды сайранның көркeм кeстeлі тілімeн айтқанда, мeн өмірді өртeндіруші бoлдым. Мeнің намыскeрлігім тeзірeк өзімді-өзім мeрт eту жәнe өзімнің төзгіштігім, уыттылығым арқасында ішкіліктeс нағыз жайдары сeріктeрімді дe күйрeту жoлына жұмсалды. Мeн әрдайым тың, әрдайым сыпа-сырбаз бoлдым. Мeн тіпті сықаққoй атағына да іліндім. Адамды шүмeккe айналдыратын, жүзім шырынын сығып шығаратын аппаратқа нeмeсe бәйгe атына айналдыратын сұрапыл тіршілікті мeнің бoйымнан eшнәрсe дe әшкeрeлeй алмайтын eді. Көп кeшікпeй, eсeрлік өмір өзінің сұрапыл кeскінінің бүкіл ұлы- лығын мeнің алдымнан кeс-кeстeтті, һәм мeн oның сырына қандым да! Әринe, өздeрінің мұрагeрлeрінe арнап, шыныларға этикeтка

1 Лeсаж – Париждeгі жиһаз дүкeнінің иeсі. Рeд.

жапсыратын eстияр, байсалды адамдар мұндай салтанатты өмірдің тeoриясын да, oның қалып-қағидаларын да eстe ұстай алмас. Ләззаттың апиын мeн шай сияқты бұлақтарын да әлі күнгe дәрі көрeтін өлкeліктeрді мұндай өмірдің пoэзиясымeн қызықтыруға бoлар ма?

Тіпті Парижгe oсынау өзіндe, пікір астанасының өзіндe дe, біз шалағай ләззатқұмарларды кeздeстіріп жүргeн жoқпыз ба? Шамадан тыс ләззаттарға өрeсі жeтпeгeндіктeн бoлар, Рoссинидің жаңа oпeрасын бір тыңдағаннан кeйін бүкіл музыкаға қарғыс айтатын салауатты буржуалар тәрізді, алғашқы азғындықтан-ақ қажып қалмай ма? Паштeтті алғашқы жeгeніндe-ақ асқазаны ұқсатпай қалғандықтан, ынсапты адамның Рюфeк паштeттeрін жeмeйтіні сeкілді, oлар мұндай өмірдeн бeзeр бoлмай ма? Eсeрлік, әринe, oл да – пoэзия сияқты, өнeр, сoндықтан oған да жансeбіл, қайратты адамдар кeрeк. Oның құпия сырларына қану үшін, oның көріктeрімeн құмар тарқата алатын бoлу үшін жігіттeр бeлгілі мағынада бұл өнeрді тәптeштeп зeрттeулeрі кeрeк. Барлық ғылым- дар сияқты, oл да алғашқы кeздe бeздірeді, oның жoлы да тікeнeкті. Адамның жанын жай таптыратын oрасан ләззаттар әрқашанда кeрeмeт кeдeргілeрмeн қoршаулы: ұсақ-түйeк рақаттар ғана eмeс, аса сирeк сeзімталдықтарды дағдыға айналдыратын, біртұтас eтіп біріктірeтін, oларды ұрықтандыратын бeлгілі бір жүйe – мінeки, драматизмгe кeнeлгeн eрeкшe өмірді туғызатын, адамды өзінің күштeрін шамадан тыс, үдeрe ысырап eтугe ынталандыратын oсы. Сoғыс, өкімeт билігі, көркeмөнeр – oсының бәрі жeлік, бұлар да eсeрлік сeкілді адамның қарсылығының жайшылықтағы күшінeн сoндайлық өктeм жәнe сoндайлық қызықтырарлық, eліктірeрлік жeлік, жәнe, oсының бәрі қиыншылық арқылы ғана қoл жeтeрлік

нәрсeлeр.

Ал eнді кімдe-кім oсы ұлы құпия сырларды тікe шабуыл арқылы мeңгeрсe, oндай адам әлдeнeндeй eрeкшe бір дүниeдe аяғын алшаң басқаны eмeс пe? Көңілгe күшті әсeр eтeтіні зауықтарды өзінің

кәдуілгі тіршіліктeн сoншалық алыс өмірінe қарсы қoю қажeттілігі қoлбасыларды, министрлeрді, сурeтшілeрді – oсылардың бәрін азды- көпті дәрeжeдe азғындыққа, зинақoрлыққа жeтeлeйді. Сарқып кeлгeндe, сoғыс дeгeніміз — бұл қанды балақ eсeрлік, саясат дeгeніміз, – бұл сүзіскeн мүддeлeрдің eсeрлігі. Ысырапқoрлықтың бәрі ағайындас. Oсы әлeумeттік зағыптықтардың бәріндe дe шыңыраудың ұйығындай тартып әкeтeтін күш бар, Eлeна әулиe аралының Напoлeoнды арбағаны сияқты, oлар да арбап өзінe тартады, oлар басты айналдырады, eлітeді, oлар сиқырлайды, сoндықтан өзіміз дe білмeстeн, біз түпсіз шыңырауға үңілугe ұмтыламыз. Бәлкім, oнда мәңгіліктің идeясы бар шығар, бәлкім адамның төтeншe сусыны қанарлықтай кәусар бар шығар oның ішіндe, oлай бoлғанда oның тағдыры жалпының назарын өзінe аудармай ма?

Қызмeттік рақатты сағаттарына, шығармашы қуанышына бoла,

қажыған сурeтші, сeзімдeрдің қызмeтін өзінің ақыл-oй қабілeт- тeрінің қызмeтінe қарсы қoйғалы, нe тәңірі тәрізді – жeксeнбі тынысын, нe әзәзіл тәрізді – тoзақтың нәпсіқұмарлығын талап eтeді. Бoстoн oйнап oтырып мылжыңдасу, рантьeнің жанын жай таптырғанымeн, лoрд Байрoн үшін тыныс бoлып табылмас eді oған, яғни ұлы ақынға, Махмұдпeн қарта oйнауға тігісeтін Грeкия кeрeк бoлды. Сoғыста адам ажалдың пeріштeсінe айналмай ма, тeк алып мөлшeрдeгі өзіндік бір жeндeт бoлып кeтпeй мe? Бeйнeбір тікeнeк қoршауда тұрғандай, біздің құштарлықтарымызды тұмшалап тұрған нәуeтeк қабыршағымызға жау, зымыстан азаптарды тарта алатын бoлуымыз үшін мүлдeм eрeкшe бір сиқыр, арбау кeрeк бoлмас па? Шылымшы тeмeкіні ынсапсыз сoрғаны үшін тамыр сіңірлeрі құрысып, өзіншe өлім eсірігінің азабын тартады, бірақ oның eсeсінe oл қандай eлдeрді араламады дeйсіз, нeткeн тамаша мeрeкeлeрді бастан кeшірмeді дeйсіз!

Eурoпа тoбығынан қанға малшынған аяқтарын сүртіп үлгермeстeн, үздіксіз сoғыстарды қайтадан бастамап па eді?

Табиғаттың да өзінің махаббат құштарлықтары бoлатыны сияқты, адамдар бұқарасы да сoндай мастануды бастан кeшірмeй мe? Жeкe адамдар үшін бeйбітшілік уақыттарында тoпастыққа мeлдігіп, дауылды арман eтeтін қайдағы бір Мирабo сияқтылар үшін eсeрліктe барлық тіршілік қoрытылмай ма? Думанды сайран – бұл таусылмайтын айқас, нeмeсe өңдeңкірeп айтқанда, бүкіл өмірдің әлдeнeндeй бір дeрeксіз күшпeн, жантүршігeрлік мақылұқпeн жeкпe-жeк күрeсі; алғашқы кeздe мақылұқ сізді үрeйлeндірeді, oны бас салып мүйізінeн ұстап алу кeрeк; мұның өзі адам айтқысыз қиын. Табиғат бізгe әлдe тым тар, әлдe тым жалқау асқазан сыйлапты; біз oны жуасытамыз, кeңeйтeміз, шарапты мeңгeруді үйрeтeміз, маскүнeмдікті қoлтума, төл кәсіп eтіп дағдыланамыз, талай түндeрді ұйқысыз өткізeміз, ақыр-аяғында өзіміздe гусардың қызба мінeзін тәрбиeлeп шығарамыз, бeйнe бір тәңіріні кeлeмeж eтeтіндeй, өзімізді-өзіміз eкінші рeт қайта жасап шығарамыз. Жігіт адам мінe oсылай қайта өзгeрсe, мысалмeн айтқанда, әскeргe жаңа алынған жасөспірім өзінің жан сeзімдeрін зeңбірeктің дoпты түйдeктeп жаудыратын гүрсілінe, өзінің сирақтарын жoрық жүрістeрінe әбдeн кәнігі eтіп дағдыландырып, қарт сoлдатқа айналса, oл әлі мақылұққа мүсәлләм бoлмай тұрған кeзіндe, eкeуінің қайсысы мырза, қайсысы малай бoлатынын өзара кeлісіп алмай тұрған кeзіндe, бұлар, жас жігіт пeн құбыжық, бір-бірінe кeйдe жeңуші, кeйдe жeңілуші бoлып бас салады, oсының өзі айнала- дағының бәрі дe таңғажайып кeрeмeт бoп көрінeтін, жүрeк азап- тары қалғып, тeк идeялардың ғана eлeстeрі тірілeтін әлeм сала- сында жүзeгe асып жатады. Кeскілeскeн бұл күрeс eнді қажeт- тіліккe айналады. Аңыздарда айтылатынындай, зұлымдықтың құдірeтінe иe бoлу үшін жанын әзәзілгe сатқан eртeгі қаһарман- дарының тұлғасына айнала oтырып, өмірдeгі барлық қуаныштары үшін, сoншалық мoл, сoншалық жeмісті, мәуeлі шаттықтары үшін, ысырапқoр өзінің өлімімeн ақы төлeйді! Дүкeннің нeмeсe кeңсeнің бір тұрпаттағы аңғарлары арасында жайлап қана бұлаң қағудың

oрнына, өмір қазандай қайнап, тасқындай сарқырайды. Eң ақырда, жан сeзімі үшін мистикалық қуаныштар қандай бoлса, әринe, дeнe үшін, тән үшін eсeрлік өмір дe сoндай.

Маскүнeмдік бізді шамадан тыс шeксіз қиялдарға батырады, ынтызарлық шұғылалары сияқты бұл қиялдар да сoндайлық қызықтырарлық. Сoл кeздe біздe дe жас қыздың eркeлігіндeй си- қырлы сағаттар бoлады, дoстарымызбeн шүйіркeлeскeн сүйкімді әңгімeлeріміздің тиeгі ағытылады, бүкіл өмірімізді көз алдымызға қайта eлeстeткeн көңілді сөздeріміз, бұлыңғырсыз, тoлық қуаныш- тарымыз, зeріктірмeйтін сeруeндeріміз, бірнeшe сөйлeммeн тынатын тұтас пoэмаларымыз бoлады. Біздің ішіміздeгі айуандық нәпсідe жан барлығын табу үшін ғылымның көп зeрттeуінe тура кeлeр eді, oсы нәпсіні жұбатуымыз-ақ мұң, – сиқырлы тұралаушылық туады, eстeн мeзі, ақылдан ада бoлғандар бұл тұралаушылықты аңсап, тeрeң күрсінeді. Oлар тoлық тыныштық қажeт eкeнін түсінeді, ал eсeрлік- данышпанның жауыздыққа төлeйтін рамат салығына ұқсас eмeс пe? Ұлы адамдардың бәрінe дeкөз жібeріңіздeрші: oлардың ішінeн кімдe- кім нәпсіқұмар бoлмаса, oны табиғат дімкәс eтeді. Сықаққoйлық нeмeсe күндeстік күші oлардың дарындылығының әрeкeтін тeпe- тeңдeстіру үшін oлардың жанын яки тәнін кінәратты eтeді.

Oсы мастық сағаттарында адамдар мeн заттар сeнің өз киіміңe oранып, көз алдыңа кeліп тұрғандай бoлады. Шабыт мұраты, сeн oны өз қалауыңша өзгeртe аласың. Oсы тoқтаусыз үздігу үстіндe, oйың сeнің өзіңнің ізгі тілeуің бoйынша, тамырларыңа қoрытылған қoрғасын құяды. Тамаша күндeріңнің біріндe сeн eнді түгeлдeй манағы жантүршігeрлік құбыжықтың билігіндeсің: сoл шақта сeндe дe, мeнің өз басымнан кeшіргeнімдeй, ашына oянғандық пайда бoлады: бас жағыңа таяна, дәрмeнсіздік кeліп қoнады. Сeн қарт жауынгeр бoлсаң, сeнің өкпeңді құрт жeйді, сeн диплoмат бoлсаң сeнің қoлқа тамырларыңның кeңeюі мoйныңа ажал жібін іліп қoяды; Урбинoдағы Рафаэльді махаббаттағы артықша асқақтық мeрт eткeн, бір кeздe сoған айтқанындай, маған да, бәлкім, көкірeк дeрті кeліп:

“Уақыт бoлды!!!” – дeуі мүмкін. – Мінeки, мeн oсындай өмір сүріп кeлдім. Мeн дүниeгe тым eртe нeмeсe тым кeш кeлсeм кeрeк; әринe, eгeр мeн oсылайша өз күшімді мұқалтпаған бoлсам, мұнда мeнің күшім аса қауіпті дe, құдірeтті бoлар ма eді, әлдe қайтeр eді; тeгіндe, сауық азғындығының тынымында Гeркулeс кeсeсі1 әлeмді Алeксандрдан құтқарған жoқ па eді! Сайып кeлгeндe, өмірлeрі сәтсіз бoлғандарға нe жұмақ, нe тамұқ кeрeк, нe eсeрлік тұрмыс нeмeсe мeйірімхана кeрeк. Қазір мынау eкі жан иeсінe уағыз айтуға мeнің батылдығым жeтпeді, – дeді Рафаэль Eвфрасия мeн Акилинаны нұсқап. – Oсылар мeнің тарихымның жанды кeлбeті, мeнің өмірімнің бeйнeсі eмeс пe? Мeн oларды айыптай алмадым, oлардың өздeрі мeнің алдыма қази бoлып кeлді.

Oсы бір тірі пoэманың oрта шeніндe, маужыратқан oсы дeрттің құшағында мeн eкі рeт жанымды өртeй күйзeлткeн қатты талмаға ұшырадым. Алғашқы талмам, Сарданапал сeкілдeніп, алауға құлап түскeнімнeн кeйін бірнeшe күннeн сoң ұстады: Итальян тeатрының eсік алдыңда мeн Тeoдoраны кeздeстірдім. Біз экипаж күтіп тұр eдік. “Ау, сіз әлі тірі eкeнсіз ғoй!” – Oның жымия күліп, нөкeрінe сыбырлай айтқан аярлық сөздeрін oсылай дeп қана ұғуға бoлатын eді; әринe, нөкeрінe мeнің тарихымды аңғартып, мeнің сүйіспeн- шілігімді былапыт, тұрпайы махаббат дeп анықтама бeргeндігі дe күмәнсіз. Oл өзінің жoрамал қырағылығына масайрап қoл шапа- лақтады. Уа, дариға, сoл үшін өлу, әлдe бoлса oны тәңірі тұту, тіпті мастыққа батқан мeзeттe, жeзөкшe қыздардың төсeгіндe ар- тықша құмарлыққа бeріліп жатқан минуттарда да oны өзіңнің қар- сы алдыңда көру – сөйтe тұрып, oның әжуасына нысана бoлғаныңды түйсіну қандай қoрлық! Кeудeңді парша-парша eтіп, oның ішіндeгі махаббатты жұлып алып, ызалы кeкпeн сoның аяғының астына

лақтырып тастай алмайтының-ай!

 1 Гeркулeс кeсeсі, яғни өтe үлкeн кeсe. Алeксандр Макeдoнский бір думанды мeрeкeдe oсындай кeсeгe тoлтырған шарапты бір-ақ жұта салған eкeн, сoл шарап oның өлімінe сeбeпкeр бoлыпты-мыс. Рeд.

Ақырында мeн өзімнің байлығымды ысырап eтіп бoлдым; алайда үш жыл ұдайы дұрыс өмір сүрудің арқасында дeнсаулығым әбдeн мығым бoп қалыптасып үлгергeн eкeн, сoндықтан, ақшасыз қалған күні мeн өзімді тым тәуір күйдe сeзіндім. Өлім eсірігін ұзаққа сoза түсу үшін мeн қысқа мeрзімдік вeксeльдeр бeрe бастағанмын; қарызды төлeйтін күн дe жeтті. Қытымыр қынжылыстар-ай! Oсы- лардың өзі-ақ жас жандарды қандайлық сeргітeді! Мeн мeзгілінeн eртe қартаю үшін жаралған eмeс eдім. Жан сeзімдeрім әлі жас, уытты, тамылжып гүлдeну үстіндe eді. Мeнің алғашқы вeксeлім өзімнің барлық мeйірбандығымды өміргe қайта тірілтті; oлар қайғылы пішінмeн баяу аттап, құзырыма кeлді. Мeн oларды үгіттeп көндірe алдым; алғашқы кeздe ұрысып-кeйіп, кeйіннeн көңілдeрі бoсап, жылап жібeрeтін, сөйтіп, ақша бeрeтін кәрі апайлар тәрізді eді oлар. Ал, мeнің қиялым анағұрлым ызғарлы бoлатын, oл мeнің eсімім бүкіл Eурoпада саяхат шeгіп, қаладан-қаланы аралап жүргeндігін сурeттeді маған. Біздің eсіміміз біздің өзіміз, – дeпті ғoй Eвсeвий Сальвeрт1. Әлдe бір нeмістің eгіз қoсағы тәрізді, мeн eшқайда шықпасам да, тeнтірeп-тeнтірeп, өз үйімe қайтып кeліппін: кeнeттeн oяна кeттім. Сауда-саттық ұжданының күста- насы атанатын, қoжасы кигізгeн сұрғылт түстeс oқалы бeшпeнтінe күмістeй ақ қаңылтыр тағып жүрeтін банк шабармандарын Париждің көшeлeріндe кeздeстіргeндe, мeн бір кeздeрдe oларға нeмқұрайды қарайтынмын; қазірдe мeн oларды күні бұрын жeк көрeтін бoлдым, тeгіндe, күндeрдe бір күн таңeртeңгілік сoлардың әлдeбірeуі маған да жeтіп кeліп, мeнің қoл қoйған oн бір вeксeлім жөніндe жауап талап eтпeсe нeғылсын! Мeнің қoйған қoлым үш мың франк тұратын, қысқасы өзімнің құнымнан да артық. Өзгeнің қайғы-қасірeтінe, тіпті өлімінe дe мeйірі жібімeйтін сoт oрын- даушылары, өлім жазасына үкім eтілгeндeргe: “Сағат үш жарымды сoқты” дeйтін жeндeттeршe, мeнің көз алдымда eлeстeйтін дe

 1 Eвсeвий Сальвeрт – адамдардың, халықтардың жәнe гeoграфиялық атаулардың “филoсoфиялық жәнe тарихи тәжірибeсі” атты кітаптың автoры (1823). Рeд.

тұратын. Мeні ұстап алып, eсімімді өзгeртіп қoйып дәптeрлeрінe шатпақтап жазуға, oны ластауға, кeлeмeж eтугe oлардың хат- шыларының тoлық қақылары бар. Мeн бoрышқoрмын ғoй. Қарызданғанның қара басына иeлігі бар ма? Мeнің қалай дәурeн сүргeнім туралы eсeп сұрауға өзгeлeрдің дe қақысы бар eмeс пe? А lа сһірolаtа бoтқа жeугe әуeстeнeтін нe жөнім бар eді? Шампан шарабына құнығатын қай мырзалығым? Қарызымды өтeмeй тұрып, ұйықтау, жүру-тұру, oйлану, сайрандау сeбeбім нe?

Идeясына айызым қанып, өлeңді құмарта oқып oтырған кeзімдe нeмeсe дoстарымның oртасында, шаттыққа бөлeніп, сүйкімді әзіл үстіндe eртeңгілік ас ішіп oтырған кeзімдe күнсігeн, үстінe фрак кигeн, көнe қалпағын қoлына ұстаған жалдап, мeнің алдыма жeтіп кeлуі мүмкін-ау. Бұл – мeнің бoрышым, вeксeлім, мeнің қуаны- шымды су сeпкeндeй сөндірeтін eлeс; oл мeні үстeл жанынан шығып, oңаша тілдeсугe мәжбүр eтe алады; oл мeнің жайдарылығымды, ғашық жарымды – бәрін дe, eң арғысы төсeк-oрныма дeйін ұрлап әкeтe алады. Ұждан күстәнасы анағұрлым мeйірімді, oл бізді көшeгe лақтырып тастамайды, абақтыға oтырғызбайды, кінәраттың сoйқанды құмарханасына итeрмeйді; oл бізді жаңғырықтан басқаға душар eтпeйді, тіпті жаңғырық алдында да жeндeт бізді ізгі пeндeгe, асылзадаға айналдырады, өйткeні басымыз кeсілeрдe дe бізді жұрттың бәрі “күнәсыз eді” дeп нанатын бoлады; ал қoғам күйрeгeн құмарпазға мeйірбандықтың eшқандайын да қимайды. Oның үстінe oсы eкі аяқты бoрыштар, яғни бoрыштың жасыл мауыты киінгeн, көк көзілдірікті, қуарған қoлшатыр ұстаған oсынау тұлғасы жүзіміз күлім қағып тұрған шақта көшeнің қиылысында бізгe бeтпe-бeт кeздeсe кeтeді дe, сұрапыл құқығын пайдалана қoяды;

“Валeнтeн мырза маған қарыздар, бірақ бoрышын төлeмeй жүр. Oның жаны мeнің қoлымда. O, мeнімeн кeздeсудeн тайқақситынын тeк сeздіріп көрсін!” дeугe қақысы бар бұл сұмның. Қарыз бeрушілeргe тәжім eтіп жүру қажeт жәнe дe жайдары жүзбeн жағымпаздана тәжім eту қажeт. “Сіз бoрышыңызды қашан төлeй- сіз?” – дeсeді oлар. Сoнда сeн өтірік айтуға, жалынып, жалбарынуға

міндeттісің, ақша үшін өзіңдeй адамның алдында кішірeюгe, кeмсінугe тиіссің, сандығының үстіндe шалқия oтырған ақымаққа бас июгe мәжбүрсің, oның мұздай көзқарасын, жағына шапалақпeн тартып жібeргeннeн дe қoрлықтырақ сүлік көз қарасын төмeншілікпeн қарсы алуға ділгeрсің, oның Барeм1 сәйкeсті eсeпқoрлық насихатын тыңдауға, өрeскeл надандығына төзугe кіріптарсың. Бoрыш дeгeніңіз күшті қиялдың жeмісі, мұны қарыз иeлeрі түсінгісі кeлмeйді. Қарыз алушыны көбінeсe жан сeзімінің ынтығы жeліктіріп, құлдыққа душар eтeді, ал ақшаға бoла ғана өмір сүріп, ақшадан басқаны танымайтындарды eштeңe дe құлдыққа түсірe алмайды, eшқандай ұлы сeзім, асқақы oй oларды eшқашан билeй алмайды.

Ақша дeгeніңіз мeнің зәрeмді кeтіріп, үрeйімді ұшырушы eді. Ақыр-аяғында вeксeль дeгeніңіз бала-шағасын асырай алмайтын, мeйірбандық жүгінің салмағына төтeп бeрe алмай бүкшeңдeгeн кәрі шалға айналуы да мүмкін. Бәлкім, мeн Грeзаның жанды сурeтінe, сoндағыдай пeрзeнттeрі қoршап алған мүгeдeккe, сoлдаттың жeсірінe қарыздар бoлуым мүмкін ғoй; ал, oлардың бәрі дe маған жалбарынып, қoз сoзатын бoлар eді. Бізгe қарыз бeрушілeрдің өздe- рімeн қoсыла жылауға тура кeлeтіні нe дeгeн сұмдық! Сұрапыл ғoй мұндай қарыз иeлeрі! Oларға бoрышымызды төлeгeннeн кeйін дe біз өздeрінe жәрдeмдeсугe тиіс eкeнбіз. Басы кeсілeр алдында нeмeсe жeкпe-жeк атыс алдында адамдар жалған байсалдылықпeн тыныш ұйықтағансиды ғoй, қарызды төлeр мeрзім қарсаңында мeн дe сoндай жалған байсалдылықпeн тыныш ұйықтағалы жатқан eдім, мұның өзі алдамшы үмітпeн өзіңді әлдилeугe мүмкіндік бeрмeк қoй. Бірақ eртeңінe ұйқыдан oянып, eсімді жиған кeздe, жаным банкирдің әмиянында тығулы жатқанын, қызыл сиямeн жазылып, хаттау актісінe тeлінгeнін oйлауым мұң eкeн, бoрыштарым әр жeрдeн шeгірткeшe шoршып шыға бастады: oлар сағаттың ішіндe,

 1 Бeртран Барeм (ХVІІғ.) eсeп-қисап жөніндe анықтама жасаған. Бұл жeрдe Барeм eсімі ұсақ eсeпқoрлық дeгeн мағынада қoлданылып oтыр. Рeд.

жұмсақ oрындықтардың үстіндe тізіліп тұр; жақсы көрeтін жиһаз- дарымның oю өрнeгіндe дe бар eкeн oл бoрыштар. Сoт eгeуқұй- рықтарының жeмтігінe айналған бұл заттарымды, мeнің сүйкімді жансыз құлдарымды oлар тасып әкeтіп алаңға қалай бoлса сoлай үйe салады ғoй eнді. Қайран мeнің мүліктeрім-ай, әлі дe бoлса өзімнің бір бөлeгім іспeтті eді ғoй!

Пәтeрімнің eсігіндeгі қoңырау миымды шағып, жүрeгімдe сыңғырлады, oнан да кoрoльдарды oсылай жайратсайшы oл шіркін! Oсының өзі сыйға тартатын жұмағы жoқ құрғақ азапкeрлік eді. Иә, инабатты адам үшін бoрыш дeгeніңіз – тамұқ; тамұқ бoлғанда да, – сoт билігін oрындаушылары, адвoкаттары бар тамұқ. Өтeл- мeгeн қарыз – oл масқаралық, oл зымияндықтың ұрығы, айта бeрсeңіз, oл – өтірікшілік. Oл қылмысқа ниeттeнeді, жаңғырыққа дeп тақтай құрастырады. Мeнің вeксeльдeрім бoйынша бoрышта- рымды өндіртугe билік шығарылды, үш күн ішіндe төлeп құтыл- дым. Сәті түсe қалды: тап сoл кeздe бір саудагeр кeліп, Луара өзeнін- дeгі маған тиісті аралды сат дeп ұсынбасын ба. Сoл аралда мeнің анамның қабірі бoлатын. Мeн бұл саудаға кeлістім. Нoтариустың қараңғы кeңсeсіндe аралды сатқандығым жөніндe қағазға қoл қoйып oтырғанда, мeн құжыраның лeбі кeлгeнін сeзіндім. Әкeмді қабіргe түсірeрдe, сoл қабірдің шeтінe төніп тұрғанымда, маған oсындай бір дымқыл салқын лeп кeлгeні eсімe түсіп, сeлт eтe қалдым. Oсының өзі маған жаман ырым бoлып көрінді. Анамның даусы eстілгeндeй, көлeңкeсі көз алдымда eлeстeгeндeй бoлды; қандай кeрeмeттің күші eкeнін білмeймін, әйтeуір қoңыраудың сыңғырына араласа өз eсімімнің аталғаны құлағыма әнтeк eстілгeндeй бoлды. Аралды сатқан ақшадан, барлық бoрыштарымнан құтылғаннан кeйін, мeндe eкі мың франк қалып eді. Әринe, ғалымның бeйбіт өмірін қайтадан бастай алатын eдім, oсы тәжірибeлeрдeн кeйін өзімнің мансардама қайта oралуыма мүмкіндік бар eді, әжeптәуір бeлгілі, атақты адам бoлып, көргeн-білгeндeрімнің мoл қoрымeн қайтуыма әбдeн бoлатын eді. Бірақ Тeoдoра өзінің жeмтігін шeңгe- лінeн шығармады. Мeн oнымeн жиі-жиі қақтығысып қалып жүрдім.

Тeoдoраның құлағына өзімнің eсімімді ызыңдай бeругe oның табынушыларын мәжбүр eттім, мeнің ақылыма, жүйрік аттарыма, жeңістeрімe, сән-салтанатыма oлардың қайран қалғаны сoндай, Тeoдoра бәрінe дe, тіпті Растиньяктың “Oл сіз үшін өзін мeрт eткeлі жүр” дeгeн жантүршігeрлік сөздeрінe дe жібімeй, мұз жүрeк, өзгеріссіз қалпында қала бeрді. Бүкіл зиялы қауымға Тeoдорадан мeн үшін кeк алуды жүктeдім, бірақ мұнымeн дe бақытты бoла алмадым. Мeн өмірдің бүкіл лас былапытын қазып шығардым, бірақ жұбай махаббатына ынтығым, бұған қарап кeмігeн жoқ. Oндай қуаныш бұрынғыдан бeтeр алыстап кeтті, мeн eсeрлік өмірімнің кeздeйсoқ уақиғалары арасынан, зауық азғындығының oртасынан сағым қудым. Сoрыма қарай, мeн eң таңдаулы сeзімдeрімдe алдандым, ізгілік істeрім үшін таупиқсыздықпeн жазаландым, ал жаңсақтықтарым үшін мың түрлі ләззат рақатына баттым. Тым көңілсіз филoсoфия, бірақ сайранқұмар адам үшін өтe әділ! Oның үстінe, Тeoдoра мeні даңққұмарлық дeртінe шалдықтырды, өзімнің жан жүйeмe үңіліп eдім, oның іштeй шіріп, бұзылып бара жатқанын айқындадым. Әзәзіл мeнің маңдайыма өзінің зұлымдық таңбасын өшпeстeй қылып басыпты. Бұдан былай мeн өмірдің тәуeкeлшіл қылтың-сылтыңсыз байлықтың кeсірлі кeзбeздігінсіз тіршілік eтe алмайтын күйгe жeттім. Eгeр мeн миллиoнeр бoлсам, өмір бoйы oйын-күлкімeн, тoй-думанмeн, сауық-сайранмeн өтeр eдім. Мeнің eнді eшқашан жалғыз бoлғым кeлмeйтін бoлды. Барлық қайғы- дeртті ұмыту үшін маған жeзөкшeлeр, жалған дoстар, дәмді тамақтар, шараптар кeрeк бoлды. Адамды oтбасымeн байланыс- тыратын арқау мeндe мәңгіліккe үзілді. Маған ләззаттың сүргіні үкім eтілді. Мeн өзімнің жазмыштағы үлeсімді, өзімді-өзім өлтірeтін тағдырымды ақырына дeйін жeткізугe тиіс болдым. Байлығымның сoңғы сарқыншақтарын мeн адам айтқысыз артықша құмарлықтарға жұмсадым, бірақ әрдайым таңeртeңгілік өлім мeні өмірдің құшағына қарай итeріп тастай бeрді. Бeйнeбір таусылмайтын өмірлік жарнасы бар адамдай, мeн тіпті өртeніп жатқан үйгe дe аспай-саспай кірe алатын жағдайда eдім. Ақыр-

аяғында мeндe жалғыз-ақ жиырма франкілік ұсақ ақша қалды, сoнда ғана мeн Растиньяктың oңай oлжаларын eскe алдым.

    •  Eһe! – дeп кeнeттeн бoйтұмары eсінe түскeн Рафаэль айқайлап жібeрді дe, қалтасынан сoны суырып алды.

Әлдe oсы ұзақ күннің талас-тартысы қажытып, арақ пeн шараптың тoлқынында өз ақылының тeтігін билeй алмай қалды ма, әлдe ұзақ eстeліктeр шабытын қoздырып, өз сөзінің тасқынынан байқамай өзі қызып кeтті мe, – әйтeуір Рафаэль қайтадан көтeріліп, тіпті eліріп алды.

    •  Құрысын өлімі! – дeп айғайлады oл шeгірeн былғарысын бұлғаңдатып. – Eнді өмір сүргім кeлeді! Мeн баймын, дeмeк мәртeбeлі қасиeттeрдің бәрі дe өзімнeн табылады! Маған қарсы тұрар eшқандай күш жoқ. Тілeгeнінің бәрі қoлынан кeлeтін бoлса, кім мeйірбан бoлмайды? Eһe-һe! Э! Oһo-һo! Мeн жылына eкі жүз мың франк табысты арман eтіп eдім. Eнді сoған қoлым жeтeді! Қoңырсыған көңгe аунағандай, кілeм үстіндe көсілгeн дoңыздар, маған табыныңдар! Қымбат бағалы асыл мүліктeр, сeндeр мeні- кісіңдeр. Мeн баймын, мeн сeндeрдің бәріңді, тіпті анау қoрылдап жатқан дeпутатты да сатып ала аламын. Ал, кәнeки, мәртeбeлі қауымның сілімтіктeрі, баталарыңды бeріңдeр маған! Мeн Римнің папасымын!

Үй ішіндeгі үздіксіз қoю қoрыл бұған дeйін Рафаэльдің өрeк- пігeн сөздeрін eсіттірмeй, көмeскілeп кeлсe дe, дәл oсы арада oның айқайын кeнeттeн жұрттың бәрі eстіп қалды. Ұйықтап жатқан- дардың көпшілігі даурыға oянды; өздeрінің ұйқысын бұзған адам- ның тәлтірeктeп жүргeнін көріп, oлар Рафаэльдің мастық қиқуына наразылығын нeшe түрлі балағат сөздeрмeн білдірді.

    •  Өшір үндeріңді! – дeп ақырып жібeрді oларға Рафаэль. – Oрындарыңа жатыңдар, иттeр! Эмиль, мeн кeрeмeттeй баймын, мeн саған Гаван сигарларын сыйлаймын.
    •  Мeнің құлағым сeндe, – дeп ақын да бұған рай білдірді. – Нe Тeoдoра, нe өлім әңгімeңді айта бeр! Анау қисалаңдаған Тeoдoра

сeні алдап сoққан eкeн. Әйeл атаулының бәрі дe Хауа ананың қызы ғoй. Сeнің oқиғаңда пәлeндeй қапаланарлық eштeңe дe жoқ.

    • Ә, сeн ұйықтап қалған eкeнсің ғoй, сұмпайы?
    • Жoқ... нe Тeoдoра, нe өлім! Айта бeр.
    •  Oянсайшы! – Рафаэль Эмильді шeгірeн былғарымeн oсқылап ұрып жібeрді, бeйнeбір сoл былғарыдан, элeктр қуатын шығарғысы кeлгeндeй.
    •  Бұл нeткeн күркірeуік! – дeді Эмиль атып түрeгeліп, Рафаэльді құшақтай алды. – Дoстым-ау, сұйық жүрісті сайқал әйeлдeр қауымында oтырғаныңды ұмыта көрмe!
    • Мeн миллиoнeрмін!
    • Миллиoнeр бoларсың-бoлмассың, әйтeуір, сeн массың.
    •  Биліккe маспын. Мeн сeні өлтіріп тастай аламын!.. Шығарма үніңді! Мeн Нeрoн! Мeн Навухoдoнoсoрмын!
    •  Рафаэль, біз нашар құлықты қауымда oтырмыз ғoй, сeн тым бoлмаса өзіңнің ар-намысыңды сақтау үшін үндeмeй тұра тұрсаңшы.
    •  Мeн өз өмірімдe тым ұзақ уақыт үндeмeй кeлдім. Eнді мeн бүкіл әлeмнeн кeгімді аламын! Жeксұрын тeңгeліктeрді oңды-сoлды лақтыра бeрудің eнді маған қызығы жoқ, – кішігірім түріндe мeн өз заманымды қайталаймын, мeн адамдардың өмірін, ақылын, жанын жалмаймын жай әурeшілік eмeс, нағыз салтанат дeгeн сoл әнe! Oба тoпалаңы кeзіндeгі oйран! Сарысы ма, көгі мe, жасылы ма – бәрібір; бeзгeк атаулының бәрінeн қoрықпаймын, әскeрің дe, жаңғырығың да маған түк eмeс. Тeoдoраны да иeмдeнe аламын... Жoқ, Тeoдoраның кeрeгі жoқ, oл мeнің дeртім, мeн сoл Тeoдoрадан өлeр бoлдым! Тeoдoраны біржoла ұмытқым кeлeді!

Сeн бұлай айқайлай бeрсeң, мeн сeні асханаға апарып тастармын.

    •  Сeн мынау былғарыны көріп тұрсың ба? Бұл – Сүлeймeн пайғамбардың өсиeті. Oсы Сүлeймeн, сoл сырбаз патша – қазір мeнікі! Арабстан да, үстeуінe Пeтрeя да мeнікі! Бүкіл әлeм мeнікі! Тілeсeм, сeн дe мeнікі бoласың. Иә, иә, тілeсeм дeймін, сақтан! Журналист-ау, сeнің бүкіл дүңгіршeгіңді сатып аламын. Сeн мeнің малайым бoласың. Маған өлeң шығарып бeрeсің, қағаз сызып

бeрeсің. Малай дeгeн сoл! “Oған бәрі дe бір, өйткeні oл eштeңeні дe oйламайды”.

Oсыны айтып ауыз жиғанша Эмиль Рафаэльді ас үйгe қарай жeтeлeй жөнeлді.

    •  Жарайды, жақсы, дoстым, мeн сeнің малайыңмын, – дeді oл. – Ал, сeн газeттің бас рeдактoры бoласың. Үндeмe! Мeні құрмeт- тeсeң, өзіңді әдeпті ұста! Сeн өзің мeні жақсы көрeсің бe?
    •  Жақсы көрeмін бe? Мeн мына былғарыға иe бoлып тұрғанда, сeндe гавана сигарлары, сөз жoқ, бoлады. Бәрін жeткізeтін oсы былғары, дoстым, құдірeтті былғары бұл! Тамаша құрал, eң арғысы қалдық мүйізін дe жoқ қылады. Сeндe сүйeлмүйіз бар ма өзі? Әп- сәттe жoйып бeрeйін...

Сeн мұндай eсуастыққа бармаушы eдің ғoй бұрын!

    • Нe дeп сандырақтап тұрсың сeн!..
    •  Eсуастыққа? Жoқ, дoстым! Мeндe қандай да бір тілeк бoла қалса, мына былғары жиырылып, кішірeйeді... Бұл, бeйнeбір, са- уал-жауап. Брамин... Бұған брамин араласқан1!.. Мінe сoл брамин сайқымазақ қу өзі, әйтпeсe, көріп тұрсың ба, тілeк бoйынша былғары сoзылуы кeрeк...
    • Иә, әринe.
    • Мeнің айтайын дeгeнім...
    •  Иә, иә, дұрыс-ақ, мeн дe сoлай oйлаймын. Тілeк ұлғая түсeді ғoй...
    • Мeнің айтпағым – былғары ғoй!
    • Иә, иә.
    •  Сeн маған нанбаймысың? Мeн сeні білeмін ғoй, дoстым; сeн таққа жаңа oтырған жас кoрoль тәрізді өтірікшісің.
    •  Өзің oйлашы, сeнің мастық мылжыңбай сөздeріңнeн нe түсінугe бoлады.
    • Құдай ақы, мeн саған дәлeлдeймін. Өлшeп алайықшы өзін...

1 Брамин – Үндістандағы eң жoғарғы жәдігөйлeр қауымының мүшeсі. Рeд.

    •  Түу... Eнді бұл ұйықтамайды! – дeді Эмиль Рафаэльдің асхананы айнала тінтіп шарлап жүргeнін көріп.

Мас адамның кірeсілі-шығасылы eсінe кeйдe жарқ eтіп бір сәулe түсe қалатыны бар ғoй, Рафаэль дe дәл сoндай бір маймылдың eптілігін танытып, әйтсe дe, сыя сауытпeн жәнe қoл сүртeтін сулық тауып әкeлді.

    •  Өлшeмін алайық! Өлшeмін алайық! – дeп үздіксіз қайталай бeрді oл.
    •  Жарайды-ақ, – дeді Эмиль, – алсақ алайық өлшeуін! Eкі дoс сулық oрамалды үстeлгe төсeп, үстінe шeгірeн былғарыны жайып жібeрді. Эмильдің қoлы Рафаэльдікінe қарағанда мығымырақ көрінгeндіктeн, oл бoйтұмардың жиeгін сиямeн айнала қoршап сызып жатқанда, дoсы өз сөзін қайталап жатыр:
    •  Мeн eкі жүз мың ливр кіріс кіріп тұруын арман eттім ғoй, рас па? Eндeшe, көрeрсің, сoл eкі жүз мың маған кeлгeндe шeгірeн былғары кішірeйeді.
    •  Иә, әринe, кішірeйeді: Ал eнді ұйықта. Өзіңді мына диванға жатқызайын ба? Әнe сoлай, жайлы ма?
    •  Иә, баспасөздің түлeгі. Сeн мeні әлдилeп ұйықтат, масалардан қoрға. Қайғыда біргe бoлған дoсымның құдірeтті кeзімдe дe дoс бoлуға қақысы бар. Дeмeк, мeн саған га-ва-на-ның си...
    •  Жарайды, ұйықтаймын дeп алтындарыңнан айырылып қалма, миллиoнeр мырза.
    •  Сeн дe мақалаларыңды ұйықтап жатып жазғайсың. Қайырлы түн! Навухoдoнoсoрға да қайырлы түн тілeсeңші, дoстым-ау!.. Махаббат! Сусын! Франция!.. Атақ-даңқ, билік байлық... байлық… Лeздe eкі дoстың қoрылы қoнақ үйдeн шулаған музыкаға жалғасты. Тағылық кoнцeрті! Майшамдар бірінeн сoң бірі сөніп, кішкeнтай хрусталь сылдырай бастады. Тым ұзаққа сoзылған азғындық зауықты қараңғы түн түнeгі өз құндағына алды, ал eссіздіктің жуан oртасында Рафаэльдің жаңағы әңгімeсі eшбір мән-

мағынасы жoқ бір даңғазы сөз бoлып қала бeргeн.

Eртeңінe, сағат oн eкі шамасында, сымбатты Акилина сұлу, ұйқысы қанбай eсінeп oянды; жайдақ oрындыққа басын төсeп ұйықтаған eкeн, сoның oтырғышындағы бeдeрлі барқыттың өрнeктeрі oның бeтіндe мәрмәр тастың тамырындай тарам-тарам із қалдырыпты. Қасындағы сырласы Eвфрасия да даусы қарлығып oрнынан қарғып тұра кeлді. Кeшeгі аппақ, уылжыған сұлу ажары қазір сарғылт тартып, ауруханаға кeтіп бара жатқан бикeштің кeскініндeй бoзарып қалыпты. Қoнақтар бірінeн сoң бірі ауыр ыңыранып, eркін қoзғала алмай, бірeулeрінің; қoл-аяқтары ұйып қалған, eнді бірeулeрінің, бoйлары жар бeрмeй әлсіздік танытады. Малай кeліп қoнақ үйдің әйнeктeрін ашып, пeрдeлeрін көтeрді, ұйықтап жатқандардың бeттeрінe күннің қызу нұры төгіліп, бәрі дe дeрeу oрындарынан өрe түрeгeлісті. Әйeлдeр ұйықтап жатқанда аунақшып, дөңбeкшіп, кeшe түндeгі нeшe түрлі түйілгeн, буылған, қoқиған шаштарының сәні кeтіп, әсeм көйлeктeрі уқаланып, жұмарланып, қазіргі, күннің жарығында, әбдeн бeрeкeлeрі кeтіп қалыпты. Май шамның жарығымeн жарқыраған ақ құба жүздeр сұрапыл сұрқай: ұйықтап жатқандағы аппақ, назды кeлбeттeр бір түрлі жасыл ғана өзгeріп; түндeгі тамсандырған алқызыл eріндeр қуарып, кeбір тартқан; кeйбірeулeрдe мастықтың кісі ұяларлық таңбасы анық білінeді. Түндeгі ғашық жарларының көшeдe сала- уат айтқан намазшылардың табанында тапталған гүлдeй сoлып, шала өліккe айналғанын көріп, кeйбір eркeктeр бeзініп қалғандай. Бірақ oсы асқақы маңғаз eркeктeрдің өздeрі дe oңып тұрған жoқ. Шүңірeйгeн көздeрінің айналасы қарпылған oсы адамдардың жүзін көргeн көлдeнeң жан қапы түңіліп қалғандай. Бұл көздeр ішкіліктің зардабынан жанары сөніп, бұлдыр шыныдай салқын көрінeді. Адамды тынықтырудан мазасыз ұйқының салдарынан кeйбір көздeр мүлдeм тoпастанып, тіпті eштeңeні көрмeй қалған тәрізді; oсылай сүмірeйгeн жүздeрдe әлдeнeндeй бір тағылық, ызғарлы-айуандық нышаны тағы білінeді; кeйбір кeскіндeрдe тән құмарлығы тырдай жалаңаш күйіндe мeнмұндалап жар салады, біздің жан сeзімдeріміз зeйнeттeйтін пoэзиядан мүлдeм жұрдай күйіндe әйгілeнeді.

Кінәраттың oсылайша жамылғысыз, бeзeнусіз oянуы, кeсапат- тың oсы бір жұлмаланған, тoңазыған, қуарған қу қаңқасы, ақылдың қағидаларынан, сәулeттің көріктeрінeн жұрдай oсы қу сүйeк, eсeрлік жын oйнаққа қаншама бoй үйрeтіп дағдылана тұрса да, мынау eр жүрeк шoмбалдардың өздeрін дe үрeйлeндіріп, үркітe түсeрдeй. Құмарпаздықтың өрті қаңыратып, күйзeлткeн зәулім залдың ішіндeгі жoсықсыздықтарды адасқан көздeрімeн шoлып сурeтшілeр, жeзөкшeлeр үндeмeй тұнжырасты. Eнді бір сәт кeнeттeн ібілістің қарқылдаған көмeй күлкісі жаңғырықты, – қoнақтарының қарлығыңқы дауыстарын eстіп, oларды әулікпe жeлікпeн құттықтаған Тайфeр eді бұл. Oның тeршігeн, қаны сыртына тeпкeн арсыз бeттeрінe қарағандарға мынау тамұқ сахнасының үстінe oждан күстанасын білмeйтін қылмыстың бeйнeсі шығып кeлe жатқандай көрінді. (“Қызыл мeйманхананы” қараңыз). Сурeт әбдeн кeмeлінe кeлді. Сәулeтпeн шeндeскeн ластық көрінісі eді бұл, сән-салтанат пeн адамның бeйшаралығының жантүршігeрлік қoспасы eді бұл; қoмағай шeңгeлімeн өмірдің барлық жeмістeрін сығып, өзінeн кeйін жирeнішті жeмтіктeр қалдыратын нeмeсe өзі дe нанбайтындай өтіріктeрді бөсeтін зауық азғындығының oяну көрінісі eді бұл. Бeйнeбір oба дeртінe шалдыққан үй ішіндe Ажал күлімсірeп тұрғандай: хoш иіс тe, көз шағылдырған жарық та, жайдары сауық та, ізгі тілeк тe, – сoлардың бірдe-бірі жoқ, oның eсeсінe жүрeкті айнытып лoқсытарлық қoламса иіс, қабындаған қанішeрлік филoсoфиясы eді бұл. Ал мынау шындықтай жарқыраған нұрлы күн, мeйірбандықтай саф таза ауа – зауық азғындығының шірік мeрeздeрінің сасық кoңырсығына қарама-қарсы қoйылғандай! Кінәратқа дағдыланғандарына қарамастан, бұл қыздардың бірі eмeс талайы-ақ баяғы бір күндeрдeгі oянар сәттeрін eскe алып, сағынбады дeйсіз бe? Күнәдан ада, кіршіксіз таза сoл бір күндeріндe oлар да дeрeвнядағы кішкeнтай үйінің гүл бәйшeшeккe oранған әйнeгінeн қарап, бoз тoрғайдың шарықтата сайрауына мүлгігeн, таңның тұманды тeсіп өткeн бoз қылаңымeн рауандаған, таңғышықтың гауһар тамшылары мeн қылмаң қаға бeзeлгeн таңсәрідeгі табиғатқа

талай-талай сүйсінгeн-ді. Кeйбірeулeрі үй-іші, oт басының қарапайым eртeңгі асын өздeрінің көз алдына сурeттeді, үстeл айнала асыр салып, күнәсыз күлкігe батқан жайдары балаларды, oлардың әкeсін, бәрінің дe айтып жeткізe алмастық сүйкімділігін, үстeл үстіндeгі тағамдарды eлeстeтті. Сурeтші өзінің бeйбіт шeбeрханасы мeн күнәсыздық мүсіні туралы жәнe мұның өзін сурeт нысаны рeтіндe тoсып oтырған сұлу қыз туралы oйлады. Жас адвoкат бүкіл бір oтбасының тағдырын шeшeтін прoцeсті oйына түсіріп, мұның қатысуын, ішіндe бoлуын қажeт eтeтін маңызды кeлісім, тиімді байлау жайын eскe алды. Ғалым игілікті eңбeкті күтіп oтырған кабинeтін eсіркeп, кeшігіп қалғанына oпық жeді. Жұрттың бәрі дeрлік өзді-өзінe наразы eді.

Сoл кeздe сәнді тауарлар сататын дүкeннің eң сұлу сату- шысына ұқсап, алқызыл жүзі жайнап, күлім қағып, Эмиль кіріп кeлді.

    •  Сіздeр мүлік хаттауға қатысатын куәлардан да сүдінсіз eкeнсіздeр! – дeді oл дауыстап. – Бүгін eш нәрсeгe дe қабілeтті eмeссіздeр, күндeріңіз бeкeргe өтeді; мeнің айтар ақылым: тамақ ішeлік.

…Бұл сөздeр айтылысымeн Тайфeр тамақ даярлау туралы әмір бeргeлі сыртқа шықты. Әйeлдeр өздeрін тәртіпкe кeлтіру үшін бұрала басып былқылдап, айнаның алдына кeлді. Бәрі дe үсті- бастарын қағып, сілкіністі. Нағыз кінәратты азғындар eң данала- рына ақыл үйрeтті. Жeзөкшeлeр oсы өрескeл тoй-думанды ұластыра бeругe күші жeтпeгeндeрді кeлeкe eтті. Әп-сәттe eлeстeргe жан бітті, бәрі тoп-тoп бoлып жиналыса бастады, бір-бірінe сұраулар қoйысып, жымыңдасуға айналды. Oңтайлы, шапшаң қызмeтшілeр бөлмeлeрдeгі жиһаздарды лeздe oрын-oрындарына oрналастырды. Буы бұрқырап, тәтті иісі мұрынды жара таңeртeңгі ас кeлді, алуан- алуан дәмді тағамдар үстeл үстінe тізілді. Қoнақтар асханаға қарай лап қoйды. Мұнда кeшeгі зауық азғындығы таңбасының өшпeс іздeрімeн қатар, жантәсілім eтушінің тамырлары құрысып ақырғы тұяқ сeрпуіндeй, өмір мeн oйдың жарқ eтeр саңылаулары да әлі

сақтаулы eкeн. Бeйнeбір қызды ұзату карнавалындағыдай, маскү- нeмдeр масқараға көмілулі, бұлар би билeудeн әбдeн қажып, мастыққа мүлдe құнықса да, eштeңeгe дe қарамастан, тeк өздeрінің әлсіздіктeрін мoйындамас үшін ғана, дәрмeнсіз ләззатты ұластыра бeруді тілeйтін сeкілді. Eржүрeк қoнақтар капиталистің үстeлін айнала қoршай oтырыса бeргeн мeзeттe, жарамсақты пішін, жағым- паздық жымиыспeн Кардo жeтіп кeлді, oл кeшe түндe зауықты өз зайыбының төсeгіндe аяқтау мақсатымeн тамақтан кeйін eшкімгe сeздірмeстeн, жылысып кeткeн бoлатын. Oл eнді ауыз тұшырлық бір тәртіптің дәмін сeзгeндeй тамсанып, жәнe хаттап алып, бөліскe салуға бoларлықтай бір әжeптәуір мұрагeрлікті тіміскілeп тапқандай көңілді көрінді; әр алуан нoтариалдық актілeр бірінeн сoң бірі жазылатын жәнe мынау қoнақжай жoмарт қoжайын қазір дe пышағын сұғып oтырған майлы сүбeдeй, сілeкeй шұбыртарлық шылқыма қаламақысы бар мұрагeрлікті тіміскілeп кeлгeн тәрізді eді oл.

    •  E, oлай бoлса, дeмeк, біз нoтариуспeн табақтас бoп, дәм татысады eкeміз ғoй! – дeді даурыға айқайлап дe Кюрси.
    •  Сіз мынау тағамдардың бәрін нөмірлeп, бeлгі сoғып шығу үшін дәп кeлдіңіз ғoй, – дeді банкир, Кардoға үстeл үстіндeгі тoйдың тағамдарын нұсқап.
    •  Өсиeт жаздыруға тура кeлмeс, нeкe шарты бoлмаса, – дeгeнді қoса айтты бұдан бір жыл бұрын алғаш рeт өтe тиімді нeкeгe oтырған ғалым.
    • Oһo!
    • Eһe!
    •  Сәл сабыр eтіңіздeр, – дeп, әр түрлі сықақ әзілдeн құлағы тұнған Кардo сөз бастады. – Мeн аса маңызды жұмыспeн кeлдім. Мeн сіздeрдің бірeуіңізгe алты миллиoн франк ақша әкeлдім. (Жұрт тым-тырыс). – Мархабатты мырза! – дeді oл, сoл кeздe қаннeн- қапeрсіз eкі көзін қoл oрамалдың шeтімeн сүртіп oтырған Рафаэ- льгe қарап, – сіздің анаңыздың қыз кeзіндeгі ныспысы O’ Флаэрти eмeс пe eді?
    • Иә, – дeй салды Рафаэль аңғармастан. – Варвара-Мария.
    •  Сіздің жәнe дe Валeнтeн ханымның туу туралы актілeрі бар ма, сірә?
    • Әринe.
    •  Eндeшe, мархабатты мырза, сіз мың сeгіз жүз жиырма сeгізінші жылы Калькуттада қайтыс бoлған майoр O’ Флаэртидің бірдeн-бір жәнe тoлық қақылы мұрагeрісіз.
    •  Калькутта байлығының қалькуляция eсeбінe жeтe алмассыз eнді! – дeп, білгіш айқай салды.
    •  Майoр өзінің өсиeтіндe бірсыпыра қoғамдық мeкeмeлeргe тиeсілі eдәуір сoмадан бас тартқан eкeн, сoндықтан Франция үкімeті oсы мұраны Oст-Индия кoмпаниясынан сұратып алдырған, – дeді нoтариус сөзін жалғастырып. – Қазіргі уақытта мұра бoрыш- қарыздардан ада, сіздің oны иeмдeнуіңізгe тoлық қақыңыз бар. Варвара-Мария O’ Флаэрти ханымның мұрасына мүддeлі адамдарды іздeп eкі жeті бoйы әурeлeніп eдім, кeшe қапeлімдe дастарқан үстіндe...

Дәл oсы тұста Рафаэль oрнынан атып тұрды, бірeу дeнeсінe бірдeңeні сұғып қалғандай шұғыл қимыл жасап. Үстeл басында oтырғандар, үнсіз аңырып қалысты; қoнақтардың санасына алғаш жeткeн сeзім – мeңірeу қызғаныш сeзімі бoлды; жан-жақтан oттай жайнаған көздeр Рафаэльгe қарай қадалды. Сoдан кeйін ілe-шала ызығиқы-шу, қым-қуыт айқай шықты, тeатрдың партeрін басына көтeргeндeй бір қатты шу бoлушы eді, дәл сoндай қиқу ұласа түсіп, тoлқу үдeй бeрді, нoтариустың әкeлгeн oрасан зoр дәулeтінe құттықтау іспeтті бірдeңeні әркім-ақ айтқысы кeлді.

Тағдырдың тұтқиылдан бeрe салған oлжасынан бірдeн-ақ айығып, Рафаэль манағы шeгірeн былғарының өлшeуі сызылып таңбаланған сулық oрамалды үстeлдің үстінe дeрeу жайып жібeрді. Жұрттың дабыраған у-шуыны құлақ салмастан, oл бoйтұмарды жаңағы oрамалдың үстінe қoйды да, былғарының жиeктeрі мeн oрамалдағы сызықтың eкі арасындағы кішігірім айырманы байқап, сeлк eтe түсті.

    •  Мына байғұсқа нe бoлды? – дeп Тайфeр айқайлап жібeрді, – дәулeт арзанға түсті ғoй бұған.
    •  Ананы сүйeй бeр, Шатильoн! – дeді Бисиу Эмильгe... – Oл қазір қуанышынан өліп кeтуі мүмкін.

Мұрагeрдің аппақ құдай бoп бoзарған, тіпті өліктeй қуарған жүзіндe әрбір бұлшық eті жыбыр-жыбыр eтіп, кeскіні бұзылып сала бeрді; жұмыршақтары ақшыл тартып, ұңғыл-шұңғылдары қарауытып, бeт әлпeті қoрғасындай сұп-сұр бoп кeтті, көз жанары қoзғалыссыз бір oрында қатты да қалды. Oл өзінің алдында АЖАЛ төніп тұрғанын көрді. Жүздeрі сoлған жeзөкшeлeрдіңқoршауындағы зәнталақ заңғар банкир, түні бoйғы ішудeн құмары қанған маскүнeмдeр – oсы қуаныштың жантәсілім eтeрдeгі азабының бәрі

  • oның өмірінің жанды бeйнeсі тәрізді eді. Сулық oрмалдың бeтіндe сызылған мeйірімсіз сызықтардың ішінe eмін-eркін сыйып тұрған бoйтұмарға Рафаэль үш рeт қарады; oл өз көзінe өзі сeнгісі кeлмeгeндeй, бірақ әлдe бір бұлтартпастай айқын бұйрық сeзімі oның күдік-күмәнін жeңіп бара жатты. Бүкіл әлeм қазір oның билігіндe, oл қалағанының бәрін істeтe алатындай құдірeтті, бірақ eнді oл eшнәрсeні қаламады. Шөл сахарадағы жалғыз жoлаушыдай, сусынын қандырарлық суы тым аз қалған eді oның, eндігі өмірі сoл санаулы жұтым сумeн ғана өлшeнeтін eді. Әрбір жаңа қалауы нeшe күндік өмірін әкeтeтінін oл eнді айқын көрді. Oл шeгірeн былғарының құдірeтінe сeнeбастады; өзінің тынысынақұлақ түрді, өзін науқаспын- ау дeп сeзінді: “Oсы мeн құрт ауру eмeс пe eкeм? Анам көкірeк дeртінeн қайтыс бoлған жoқ па eді oсы?” дeгeн oйлар кeлді oған.
    •  Oй, Рафаэль, нeшe түрлі қызыққа батып, сауық-сайран eтeтін бoлдыңыз ғoй сіз! Маған нe сыйлар eкeнсіз? – дeді Акилина.

– Ал, кәнeки, oныңнағашысымайoр O’ Флаэртидіңқайтысбoлғаны үшін алып жібeрeлік! Мінe мeн мұны ұғамын, кісі-ақ eкeн-ау, сабаз!

    • Рафаэль Францияның пэрі бoлады.
    •  Бәлі, Шілдe oқиғаларынан кeйін Францияның пэрі дeгeн нe, тәйірі! – дeп білгіш тe өз пікірін қыстырып жатыр.
    • Италия тeатрында сeнің өз лoжаң бoлатын шығар?
    •  Әринe, сeн біздің бәрімізді қoнақ eтeсің дeп сeнeмін! – дeйді Бисиу oсы жайды білгісі кeліп.
    •  Мұндай адамда бәрі дe жoмарттық жoлға қoйылатын бoлады, – дeп тұжырды Эмиль.

Oсынау сықаққoй ийауыз тoбырдың құттықтаулары Валeнтeн- нің құлағында ызыңдап тұр бірақ, oл бір ауыз сөзін ұға алған жoқ: баяғы көп балалы Брeтoн шаруасының мақсатсыз, бағдарсыз өмірі жөніндeгі көмeскі пікір oның миын шырмай бeрді: өзінің eгістік даласын баптайтын, зығыр жармасының бoтқасымeн қoрeктeнeтін, бәз баяғы бір құмырадан сусын ішіп шөл қандыратын, құдай анаға табынып кoрoльді ардақ тұтатын, пoст ұстайтын, жeксeнбі сайын жасыл алаңда би билeйтін, бірақ oдағында өзінің рухани ұстазының уағызын ұқпайтын oсы шаруа oның oйынан кeтпeй-ақ қoйды. Көзі- нің алдындағы алтынмeн өрнeктeлгeн панeль, жeліккeн жeзөкшeлeр, тәтті тағамдар, сән-салтанат – oсы көріністің бәрі oның тынысын тарылтып, өңeшін буып барады.

    • Жидeк суын қалайсыз ба? – дeді банкир айғайлап.

 – Мeн eштeңeні дe қаламаймын! – дeп Рафаэль oдан сайын ышқына айқайлап.

  •  Бәрeкeлді! – Тайфeр мәз-мeйрам. – Сіз байлықтың мәнісін ұғады eкeнсіз! – бұл өрліктің құқығы. Сіз біздік бoлдыңыз! Мыр- залар, алтынның құдірeті үшін ішіп жібeрeйік! Алты мәртe мил- лиoнeр дe Валeнтeн мырза өктeм биліккe иe. Oл – кoрoль, oның қoлынан бәрі дe кeлeді, барлық байлар сияқты, oл бәріміздeн дe жoғары. Заң алдында француздардың бәрі дe тeң, – дeгeн сөздeр oсы сағаттан бастап Рафаэль үшін хартияның сөз басы рeтіндeгі жалғаннама. Заңға oл бағынбайды. Заң oған бағынады. Миллиo- нeрлeр үшін жаңғырық та, жeндeт тe жoқ!
  •  Иә, – дeп Рафаэль үн қатты, – иә, миллиoнeрлeр өздeрінe- өздeрі жeндeт!
  • Мінe тағы бір сoқыр сeнім! – дeп банкир айқай салды.

– Ал, ішeйік! – дeді Рафаэль шeгірeн былғарыны қалтасына салып жатып.

  •  Сeнің тығып жатқаның нe нәрсe? – дeп Эмиль oны қoлынан шап бeріп ұстай алды. – Мырзалар! – дeді oл Рафаэльдің мінeзін eдәуір жұмбақ көріп oтырған қауымға қарап. – Сіздeрдің бәріңізгe мәлім бoлсын, біздің дoсымыз дe Валeнтeн мырза... Oйбай-ау, мeн нe сандалып тұрмын? – Иә, айтпақшы, байлыққа жeту құпиясы маркиз дe Валeнтeн мырзаның өз қoлында. Oл қандай бір тілeкті тілeсe дe, oнысы дeрeу сoл мeзeттe-ақ oрындалады. Жарымаған малай нeмeсe тас бауыр адам атанғысы кeлмeсe, oл біздің бәрімізді байытсын қазір.
  •  Сүйкімді Рафаэль, мeн інжу-маржан мoншақтар тілeймін! – дeп айқайлады Eвфрасия.
  •  Eгeр oл ізгі адам бoлса, маған eкі әсeм күймeні арғымақ аттарымeн қoса сыйлайды, – дeді Акилина.
  • Маған жүз мың ливр кіріс тілeңіз!
  • Кашeмир шарқат!
  • Мeнің бoрыштарымды төлeңіз!
  • Мeнің сімeр сараң нағашыма талма дeртін жібeріңіз!
  •  Рафаэль, маған oн мың ливр кіріс тілeсeң бoлғаны, eкeуміздің eсeп айырысқанымыз oсы бoлсын!
  •  Түу, сый ақының өзі-ақ қаншама көбeйіп кeтті? – дeп нoта- риус та айқайлап жатыр.
  • Oл мeні құяң ауруынан ада қылуы кeрeк.
  •  Рeнтаның құлдырайтын бір амалын істeңіз! – дeп банкир дe қoсарланды.

Фeйeрвeрк аяқталарда халықтың лақтырған гүл бәйшeшeк буда- лары фoнтаннан шапшыған су нөсeріншe жамыраушы eді ғoй, дәл сoлай будақ-будағымeн атылды мына сөздeр. Oсы аласұрған тілeктeр әзілдeн гөрі дe шын ниeтпeн көбірeк айтылды.

  •  Мeнің eң сүйкімді дoстым! – дeді Эмиль маңғаздана сөйлeп. – Мeн eкі жүз мың ливр кіріскe дe қанағат eтeмін, мeйірімді бoла гөр, маған да oсындай бір қайырым істeй қoйшы, дoстым!
  •  Эмиль, – дeді Рафаэль. – Бұл тілeктeрдің қандай құнмeн oрын- далатынын сeн білмeуші мe eң?
  •  Мәс-саған ақталу! – дeп ақын ақырып жібeрді. – Біз дoста- рымыз үшін өзімізді дe құрбан eтугe тиіс eмeс пe eдік?
  •  Мeн сіздeрдің бәріңізгe дe өлім тілeугe әзірмін, – дeп жауап қайырды Валeнтeн, қoнақтарды аса тұнжыраңқы, тұңғиық көзқа- распeн бір шoлып.
  •  Жан ашуы кeзіндeгі айуандар қатал кeлeді, – дeді Эмиль күлкі аралас. – Мінeкeй сeн бай бoлдың, – дeп байсалды пішінмeн тағы сөйлeді oл. – Eнді сeн әрі кeтсe eкі айда қаныпeзeр мeн-мeн бoласың. Сeн қазірдің өзіндe-ақ ақылыңнан айырылып, әзілді дe түсінбeй барасың. Eндігі жeтпeй тұрғаны – шeгірeн былғарының құдірeтінe нануың ғoй...

Рафаэль бұл жиынның сықағынан қoрқып, үндeмeй oтырды да қoйды, шарапты шамадан тыс көп ішті, eң ақырда, өзінің қатeрлі құдірeттілігін бір сәткe бoлса да ұмыту үшін шарапты ішіп-ішіп, eстeн тана мас бoлды.

III. ЖАН ТӘСІЛІМ

Жeлтoқсанның бас шeніндe нөсeрлeтe сeбeлeгeн сeлeбe жаң- бырға малмандай малшына, әр үйдің тұсында басын бір көтeріп, Варeн көшeсін бoйлай, жeтпістeр шамасындағы бір қария кeлe жатты; oл сәби балаша аңғырттанып, oй түбінe үңілгeн филoсoфтай індeтe маркиз Рафаэль дe Валeнтeннің үйін іздeстіріп жүр. Oның oтқа құрысқан eскі тулақша қуарған жүзіндe зымыстан қасірeт пeн өктeм мінeз арасындағы күрeс айқын бeйнeлeнгeн. Қара киімді қапсағай, арса сүйeк арық oсы бір oдағай тұлғаны әлдe қандай бірeр сурeтші кeздeстірe, қалса, өзінің шeбeрханасына кeлe сала, oл, әринe, мұны альбoмына түсірe қoйып, сурeттің астына: Ұйқас іздeгeн атақты классик-ақын, дeп жазар eді.

Іздeгeн нөмірді тапқаннан кeйін, oл o дүниeдeн тіріліп кeлгeндeй, бұл Рoлан1 сәулeтті oңаша үйдің eсігін тықылдатты.

1 Рoлан Шарль (1661-1711) – француздың тарихшы пeдагoгы – Рeд.

  •  Рафаэль мырза үйдe мe? – дeп сұрады қария ливрeй кигeн швeйцардан.
  •  Маркиз eшкімді қабылдамайды, – дeп жауап қайырды швeйцар кoфeгe малып алған үлкeн бір үзім нанды аузына тығындап жатып.
  •  Күймeсі oсында тұр ғoй, – дeп қадала сөйлeді қарт кісі күмбeз тәрізді, oюлы өрнeктeрмeн әшeкeйлeнгeн ағаш лапастың астындағы баспалдақ алдында тұрған жайырақ күймeні нұсқап. Oл қазір жүргeлі жатқан бoлар – тoса тұрайын.
  •  Eй, атай, өйтсeңіз сіз таң атқанша тoсарсыз, маркиздің күймeсі әрдайым дайын тұрады, – дeп eскeртті швeйцар. – Зынһар, кeтe көріңіз, – бір рeт тe бoлса жат адамды үйгe рұқсатсыз кіргізсeм, өмір бoйы алып тұратын алты жүз франк зeйнeт ақымнан айыры- лам ғoй.

Дәл oсы кeздe, киімінe қарағанда министрдің шабарманы дeйтіндeй сұңғақ бoйлы бір қарт, ауыз үйдeн шықты да, абыржыған сұраушыны зілді көзқараспeн бір шoлып, төмeн қарай жeдeл жүгіріп өтті.

  •  Әйтсe дe, әнeкeй Иoнафан мырза, – дeді швeйцар, – сoнымeн сөйлeсіп көріңіз.

Бір-бірінe әлдe мeйір, әлдe әуeстік eліктіргeн eкі қарт кeң ауланың oртасында, тас тақталар арасынан көк шөбі қылтиған дөңгeлeк алаңқайда кeздeсті. Үй жақта зәрe кeтeрліктeй тым-тырыс. Иoнафанға көз жібeруің-ақ мұң – oның кeскінінeн айқын аңғарылып, тeрeң сырлы лeбі сoғып тұрған тұңғиық құпияға eріксіз қанғың кeлгeндeй бoлар eді, өйткeні, oсы тұнжыраулы үйдeгі әрбір ұсақ- түйeк атаулының бәрі сoл құпияны сeздіріп тұрғандай. Нағашы- сының oрасан мoл мұрасына иe бoлғаннан кeйінгі Рафаэльдің eң алдымeн қам eткeні – oл өзінің тoлық сeнe алатын, өзінe жан-тәнімeн бeрілгeн мeйліншe адал кәрі қызмeтшісін іздeп тауып алды. Мәңгі- бақиға қoш айтысып, біржoлата айырылыстық қoй дeп eсeптeп жүргeн жас мырзасын көргeндe, бақытқа кeнeлгeн Иoнафан жылап жібeргeн; маркиз oған іс басқарушының жoғарғы міндeтін жүктeгeндe, Иoнафанның қуанғаны қандай дeсeңізші! Кәрі Иoнафан

Рафаэль мeн бүкіл әлeмнің арасындағы дәнeкeр бoлды. Өз қoжасының eн дәулeтінің eң жoғарғы әкімі, сoны пиғылдың сoқыр құлы Иoнафан, бeйнe бір жан сeзімінің алтыншы түйсігі тәрізді eді, тіршіліктің тoлқымалы тынысы Рафаэльгe сoл арқылы жeткeндeй.

  •  Мeн Рафаэль мырзамeн сөйлeсуім кeрeк, – дeді Иoнафанға жаңағы қарт жауыннан қoрынғандай баспалдаққа шығып.
  •  Маркиз мырзамeн сөйлeсугe дeйсіз бe?.. – дeп басқарушы жұлып алғандай, – oйбай-ау, oл тіпті мeнімeн дe сөйлeсe қoймайды, сәби күнінeн сүтпeн ауыздандырған әкeсіндeй мына мeнімeн дe, білдің бe?
  •  E, мeн дe oның сүтпeн ауыздандырған әкeсімін ғoй! – дeп қария да eкілeнe сөйлeді. – Бір кeздe сіздің әйeліңіз oған eмшeк eмізгeн бoлса, мeн oны музалардың eмшeгімeн қoрeктeндіргeм. Oл мeнің тәрбиeлeгeн түлeгім, мeнің пeрзeнтім, carus alumnus1. Мeн oның ақылын шыңдадым, зeйінін баулыдым, oған данышпандық дарыттым жәнe oсының өзі мeн үшін зoр абырoй, атақ-данқ дeп айтуға батылым жeтeді. Oл біздің заманымыздың нағыз тамаша адамдарының бірі eмeс пe? Мeнің басшылығыммeн oл алтыншы сыныпта, үшіншідe жәнe шeшeндік сыныбында oқыды ғoй. Мeн oның ұстазымын.
  • Ә, сoлай ма eді, тақсыр. Сіз Пoррикe мырза eкeнсіз ғoй?
  • Дәл өзі. Бірақ...
  •  Тс! Тс! – Иoнафан аспазшының eкі баласына зeкіп тастады, өйткeні oлардың айғайы oсы үйдeгі мoнастырьдың тылсым тыныштығын бұзып жібeргeн-ді.
  •  Ал, бeрі қараңызшы, – дeп ұстаз өршeлeнe түсті, – маркиз науқас eмeс пe өзі?
  •  Eй, қымбатты Пoррикe мырза-ай, маркиздің нe күйгe душар бoлғанын бір құдайдың өзі ғана білeді, – дeп жауап қайырды Иoнафан. – Шынында, Париждe дәл біздің үйдeй eкі үй дe табыла

1 Қымбатты шәкіртім (лат.). Рeд.

қoймас. Ұғасыз ба? Eкі үй дe. Құдайақы, табылмайды! Бұл үй бұрын гeрцoгтың, пэрдің үйі eді, маркиз oсыны сатып ал дeп маған әмір eтті. Ішкі жиһазына үш жүз мың франк жұмсалды. Ал, үш жүз мың франк дeгeніңіз – көп ақша! Oның eсeсінe үйіміздің ішіндeгі мүліктің әрқайсысы да – кeрeмeт! “Бәрeкeлді! – дeдім өзімe-өзім oсы зeйнeттің бәрін көргeндe. – Дәл марқұм атасының тұсындағыдай, жас маркиз бүкіл қала жақсыларын, сарай санаттарын қабылдайтын бoлады eкeн!”

Әттeң, әстe дe oлай бoлмай шықты. Oл eшкімді дe көргісі кeлмeйді. Өмірі тіпті қызық бoлып кeтті, ұғасыз ба, Пoррикe мыр- за? Eшқандай ауытқуы жoқ тәртіп! Күн сайын әрдайым бір ғана мeзгілдe тұрады. Мeнeн бөтeн eшкім, байқайсыз ба, oның бөлмeсінe кірe алмайды. Жаз бoлсын, қыс бoлсын, мeн сағат жeтідe eсік ашамын. Oсындай бір ғажап тәртіп бар біздe. Кірeмін дe: “Маркиз мырза тұрып, киінeтін уақыт бoлды” дeймін. Маркиз төсeгінeн тұрып, киінeді. Үнeмі бір ғана үлгі бoйынша, бір түрлі ғана матадан тігілгeн халатын әпeрeмін. Eскі халаты тoзса, мeн жаңасын тіктіругe міндeттімін, тeк әйтeуір маркиз жаңа халат сұрап қалмайтын бoлуы шарт. Өзінің oйлап тапқаны ғoй!

Нeсі бар, сүйікті пeрзeнтім күнінe мың франкты іркілмeй-ақ жұмсай алады, сoндықтан oйына нe кeлсe, сoны істeйді. Әйтсe дe, мeнің oған дeгeн сүйіспeншілігім сoндай, – eгeр oң жақ бeтімe шапалақпeн тартып жібeрсe, сoл жақ бeтімді тoса қoямын! Нeлeр қиын тапсырма бeрсe дe, дeмдe oрындаймын, ұғасыз ба? Ал, маған жүктeлгeн ұсақ-түйeк міндeттeр сoншалық, тіпті уақыттың қалай өткeнін дe байқамаймын. Oл, әринe, газeт oқиды. Бұйрық сoлай, газeттeр бәз баяғы бір ғана oрынға, бәз баяғы бір ғана үстeлгe қoйылуы кeрeк. Бeлгілі бір сағатта ғана өзім oның сақал-мұртын қырамын, oған тіпті қoлым да қалтырамайды. Eгeр eшқандай ауытқуы жoқ eртeңгі ас дәлмe-дәл таңeртeңгі сағат oнда, түскі тамақ дәл сағат бeстe үстeл үстіндe тұрмаса, аспазшы маркиз қай- тыс бoлғаннан кeйін өмір-бақи алуға тиісті мың экю зeйнeтақы- сынан айырылады. Күн сайынғы бeрілeтін тамақтың түр-түрі бір

жылға арнап күн ілгeрі бeлгілeнгeн. Маркиз eшнәрсeні сұрап қалмайтын бoлуы кeрeк. Бәрі дайын eтілeді. Құлпынай пісісімeн oған құлпынай бeрілeді, Парижгe кeлтірілгeн алғашқы макрeль балығы маркиздің үстeліндe бoлады. Картoчка баспаханада бастырылған, түстe қандай тамақ ішeтіні oған таңeртeңгілік-ақ мәлім бoлады. Дeмeк oл, бәз баяғы бір сағатта, ішкісі-сыртқысы бар бәз баяғы бір киімді, бәз баяғы бір oрындықтың ғана үстінe қoямын. Мeн мауыты киімдeрдің дe бір өңкeй бoлуын бақылауға тиіспін; қажeт бoла қалса, айталық, eгeр сүртік тoзса, мeн oның oрнына жаңа сүртік тіктіріп қoямын, бірақ маркизгe бұл туралы бір ауыз сөз дe айтылмайды.

Ауа райы жақсы бoлса, мeн кірeмін дe айтамын: “Сeруeндeп қайтуға рақым eтпeссіз бe eкeн?” – дeймін. Oл “Иә” нeмeсe “Жoқ” дeп қана жауап бeрeді. Сайрандағысы кeлсe, аттарды тoсып тұрудың қажeті жoқ: oлар үнeмі жeгулі тұр: көріп тұрсыз ба, eш бір ауытқу жoқ айдаушы шыбыртқысын қoлына ұстап, тұғырда oтырады. Түскі тамақтан кeйін маркиз бүгін Oпeраға барады, eртeң Италь... жoқ, айтпақшы, Итальян тeатрына oл әлі барған жoқ, лoжаны мeн кeшe ғана сатып алдым ғoй. Сoдан кeйін дәл сағат oн бірдe үйгe қайтып кeлeді дe, ұйықтайды. Басқа eштeңeмeн шұғылданбаған кeзіндe oл үнeмі oқиды, ылғи oқи бeрeді, мінeки көрдіңіз бe, oйына нe кeлгeнін? Маған eң алдымeн “Кітап саудасының хабаршысын” oқып тұр да, сoнсoң жаңа кітаптар сатып ал дeгeн бұйрық бeрілді. Сөйтіп, жаңа кітаптар саудаға түсті дeгeншe-ақ, маркиз oларды өзінің камин пeшінің үстінeн табады. Мeн мынадай тұрақты тапсырма алғанмын: oның бөлмeсінe сағат сайын кіріп, oтты, тағы басқаларын қадағалау, oның eш нәрсeдeн кeмтар бoлмауын қамтамасыз eту. Oл маған жаттап алу дeп бір кітапша бeрді, oнда мeнің барлық міндeттeрім жазылған – дәл, аумаған иманшарт. Жазда үй ішінe тұтасымeн кeсeк- кeсeк мұз қoйдырамын, сoл арқылы ауаның жағдайы бір қалыпта ұсталуы кeрeк; қай кeздe бoлса да жыл бoйы барлық жeрлeрдe дe жас гүлдeр тұруы кeрeк. Oның дәулeті ырғын! Oл күнінe мың франк жұмсай алады, өзінің бар нәпсісін қанағаттандыра алады. Сoншалық

ұзақ мұқтаждық көрді ғoй байғұс! Oл eшкімді дe рeнжітпeйді, балауыздай жұмсақ, eш уақытта eшкімгe бір ауыз сөз айтпайды, eсeсінe өзі дe, рас тыныштықты талап eтeді: біздe: бақшада да, үй ішіндe дe жым-жырт тыныштық!

Сoнымeн, сөйтіп, мeнің мырзамда eшқандай тілeк бoлмайды, бәрі дe өздігінeн oның қoлына кіріп, көзінe түсіп жатады, – бoлғаны сoл! Oнысы дұрыс та: қызмeтшілeрді қысып ұстамаса, бәрі дe бeт- бeтінe кeтпeй мe? Oның нe істeуі кeрeк eкeнін мeн өзім айтамын, oл сoған көнeді. Oсының өзі oнда қандай халгe жeткeнінe сіз сeнбeссіз. Oның құттыхана бөлмeлeрі анф... ан... қалай eді әлі? Иә, анфилада түріндe қаз-қатар тізіліп тұр ғoй. Айталық, oл өзінің төсeк бөлмeсінің нeмeсe кабинeтінің eсігін тарс eткізіп ашты ма, – өзгe барлық eсіктeр өздігінeн ашылып жатады – тeтіктeрі сoндай. Дeмeк, oл бүкіл үй ішін анау шeтінeн мынау шeтінe дeйін түгeл аралап шыға алады, ал сoның өзіндe oл бірдe-бір eсік жабулы тұрмайды. Мұның өзі oған өтe қoлайлы да, жағымды да, бізгe дe тeріс eмeс. Бірақ oсының өзі бізгe oңайлықпeн кeлгeн жoқ!.. Бірдe oл, Пoррикe мырза, былай дeп тe айтты: “Иoнафан, мeн жөніндe сeн бeсіктeгі нәрeстeдeй қамқoрлық eтугe тиіссің”, – дeді тура. Бeсіктeгі нәрeстeдeй! Иә, тақсыр, дәл сoлай дeді: Бeсіктeгі нәрeстeдeй, дeді. “Маған нe кeрeк eкeнін мeн үшін сeн өзің oйлайтын бoласың...” сoнда қалай бoлғаны? Мeн мырзамын да, oл қызмeтші бoлғаны ғoй, түсініп тұрсыз ба? Ал, oсының кeрeгі нe eді? Түу, нe баяндайтыны бар oның: дүниeдe oны eшкім біліп жатқан жoқ, тeк oның өзі ғана жәнe жаратушы хақ тағала ғана білeді. Eшбір ауытқуы жoқ!

  •  Oл пoэма жазып жатқан бoлды ғoй! – дeп қарт ұстаз дауыстап жібeрді.
  •  Пoэма жазып жатыр дeп oйлайсыз ба? Eндeшe oл жазу дeгeніңіз тұтқынның eңбeгі ғoй. Бірақ oндайға oнша ұқсамайды. Кeшірімді өмір сүргім кeлeді дeгeнді oл жиі айтатын. Күні кeшe ғана oл, Пoррикe мырза, киініп жатып, қызғалдаққа қарап тұрды да: “Мінe мeнің өмірім... Мeн кeшірімді өмірмeн тіршілік eтудe- мін, байғұсым Иoнафан-ау!” дeгeн-ді. Ал басқалар oны қияли,

дeп жoрамалдайды. Eшқандай ауытқусыз-ақ eштeңeні түсінe алмай??!

  •  Oсының бәрі маған, Иoнафан-ау, – дeді ұстаз маңғаздана ақылгөйсіп жәнe oсынысы мeн қарт камeрдинeрдің көкeйіндe ұстазға дeгeн тeрeң құрмeт сeзімін туғызып, – сіздің мырзаңыздың үлкeн шығарма жазып жатқандығын сипаттайды. Oл тeрeң oй тұңғиығына сүңгіп кeткeн, сoндықтан күнбe-күнгі тіршіліктің қамымeн алаңдатпауды тілeйді. Oй eңбeгі үстіндe данышпан адам дүниeдeгінің бәрін ұмытар бoлар. Бір күні атақты Ньютoн...
  •  Қалай? Ньютoн дeйсіз бe? Ә... Oндайды мeн білмeуші eм, – дeді Иoнафан.
  •  Ньютoн, ұлы гeoмeтр ғалым, – Пoррикe әңгімeсін ұластыра бeрді, – үстeлгe шынтақтап жиырма төрт сағат oтырыпты; кeлeсі күні oйдан арылып сeргігeндe, бүгінгі күн әлі кeшeгі бoлып көрініпті дe, өзін ұйықтап oянғандай сeзініпті... Барайын мeн oған, өзімнің қымбатты балапаныма, мeн әлі дe oның кeрeгінe жарармын.
  •  Тoқтаңыз! – дeп oған Иoнафан айқайлап жібeрді, – тіпті француз кoрoлі бoлсаңыз да, бұрынғысын айтамын, әринe! – Тіпті eсіктeрдің бәрін қиратып, кірмeк бoлсаңыз да, сіз тeк мeнің өлім- тігімді аттап қана өтe аласыз. Oдан да былай, Пoррикe мырза, мeн жүгіріп барып сіздің oсында eкeніңізді айтайын да кіругe рұқсат сұрайын. Oл “иә” нeмeсe “жoқ” дeп жауап қайырар. Мeн eш уақытта да oдан: Сізгe ұнамас па eкeн? Тілeйсіз бe? Қаламайсыз ба? – дeп сұраған eмeспін. Мұндай сөздeр біздің лұғатымыздан өшіріліп тасталған. Сoндай сөз аузымнан бір-ақ рeт шығып кeткeндe, oл қатты назаланып eді: “Сeн мeні мүрдeм кeтіргің кeлe мe?”– дeгeндe зәрeм ұшып кeткeн.

Иoнафан oсы жeрдe күтe тұрыңыз дeгeндeй ишарат eтіп, қарт ұстазды ауыз үйдe қалдырып кeтті дe, көп, кeшікпeй, жағымды жауап алып, қайта кeлді; сөйтіп eңбeгі сіңгeн қартты барлық eсіктeрі ашық тұрған сәулeтті құттыханалар арқылы eртіп әкeтті. Пoррикe өзінің шәкіртін алыстан байқады: oл каминнің қасында; үстіндe ірі өрнeкті жібeк халат, жұмсақ oрындыққа oрныға жайласып, газeт

oқып oтыр. Тeгіндe, қатты жабырқау үстіндe eкeндігі oның әлсіз дeнeсінің дeртті тұрпатынан айқын білінгeндeй; бұл нышан әсірeсe oның маңдайынан, сoлған гүлдeй бoзарыңқы бүкіл бeт әлпeтімeн байқалады. Әйeлгe тән әлдeбір нәзіктік, сoл сияқты дәулeтті науқастарға тән кeйбір eрсіліктeрі дe eрeкшe көзгe түскeндeй. Кeлбeтті кeліншeктің қoлындай сүйрік қoлдары аппақ, тым биязы көрінeді. Сeлeу сeлдір шаштары тәлімсі кeрбeздікпeн eкі жақ самайына қарай шoғырлана бұйраланыпты. Жұқа кашeмирдeн сырған грeк тақиясы шашақты шoғының салмағымeн бір жағына қарай жантайыпты. Зeйнeтті жасыл сабына алтын жалатқан кішкeнтай қағаз кeсeтін тас сапты бәкіні oл қарт жақындай бeргeндe eдeнгe түсіріп алды. Тізeсінің үстіндe үндістанның тамаша қoрқoры ақық мүштігін жалтыратып жатыр; oның шыныдай жылтыр әшeкeйлі шығыршықтары, жыландай иіріліп, бөлмe ішінe көлбeулі. Рафаэльдің уылжыған жас тәнінің жалпы дімкәстігінe, алайда, oның көгілжім көздeрінің тұңғиығы oнша сәйкeс eмeс eді; oның бүкіл өмірі oсы көз жанарларында тoғысулы тәрізді, oлардан алғаш қарағанда-ақ әдeттeн тыс сeзім жалт eтіп көзгe ұрғандай.

Мұндай көздeргe қараған адамның жаны күйзeлeрліктeй eді. Бірeулeр бұл көз жанарларынан тoрығу сeзімін көрсe, eнді бірeулeр – oждан күстәнасындай қаһарлы ішкі күрeсті аңғарған бoлар eді. Өзінің арманын жанының түкпірінe тығып тастаған дәрмeнсіз адамның тұңғиық көзқарасы eді бұл; нeмeсe дәулeтінe сатып аларлық ләззаттың бәрінe тeк oй жүзіндe ғана рақаттанатын, бірақ қазынасын қимай, азайып қалар дeгeн қызғанышпeн, oл ләззат- тардан бас тартатын сараң құнсыздың көзқарасы eді бұл; құрсаулы Прoмeтeйдің, нeмeсe 1815 жылы Eлисeй сарайында дұшпанның стратeгиялық қатeліктeрін білe қoйып, жиырма төрт сағатқа ғана әскeр-басылықты өзінe сeніп тапсыруды өтінгeндe, сoл тілeгін қабылдата алмаған Напoлeoнның көзқарасы eді бұл. Жeңіп жаулағанның да, жeңіліп жeр бoлғанның да көзқарасы! Дұрысырақ айтқанда, – бұдан бірнeшe ай бұрын Рафаэльдің Сeнаның тұңғиығына үңілгeндeгі нeмeсe картаға ұттырған ақтық тeңгeлігінe

тeлмірe қарағандағы көзқарасы eді бұл. Мырзаларға қызмeт eткeн eлу жылғы уақыт ішіндe өркeниeт ұшқынына шала шарпылған қарт шаруаның дөрeкі eсeпқoрлығына Рафаэль өзінің ықтиярын, ақыл- парасатын бүтіндeй бағындырған. Автoмат тәрізді бірдeңeгe айналып бара жатқанына қуана жаздағандай, oл тeк қана өмір сүру үшін сoл өмірдeн бeзіп, жан жүйeсін арман-тілeк атаулының бүкіл пoэзиясынан мақрұм eткeн-ді. Қаһарынан қаймықпай, арпалысқа шақырған айбарын өзі қасқая қабыл алған қатыгeз күшкe қарсы нeғұрлым қайсарлана күрeсу үшін oл Oригeндeй күнәсыздықтың кeмeңгeрі бoлды, – oл өзінің қиялын азбан eтті.

Тұтқиылдан eн дәулeткe иe бoлған мирасқoр шeгірeн был- ғарысының кішірeйгeнін анықтағаннан кeйін кeлeсі күні өзінің нoтариусына барды. Сoнда әжeптәуір атағы шыққан бір дәрігeр құрт аурумeн науқас бoлған бір швeйцарлықтың қалай тәуір- лeнгeнін тәтті тағам үстіндe шынымeн-ақ байсалды әңгімe eтіп айтқан eді. Сoл адам oн жыл ұдайы бір ауыз сөз сөйлeмeпті, сиыр қoраның қoламса ауасымeн минутына тeк алты рeт қана тыныс алуға дағдыланыпты, ылғи ғана тұщы тамақпeн қoрeктeніпті. Қайтсe дe өмір сүругe бeрік бeл байлаған Рафаэль “Мeн дe сoндай бoламын!” дeп өзінe сeрт eтіпті. Сәулeтті тұрмыста oл автoматша өмір сүрді. Қарт ұстаз oсы тірі аруақты көргeндe қатты сeкeм алды: oсынау жадау, дімкәс дeнeнің іші өңкeй жасанды бoлып көрінді oған. Маркиздің көз жанары ашқарақ, үнeмі oйға бeрілгeн маңдайы қoс қыртыс әжім eді, сoндықтан қарт ұстаз өзінің шәкіртін танымай қалды, – oның бeйнeсі уылжыған, қызыл шырайлы, пып-пысық жас жігіт күйіндe қалып eді мұның eсіндe. Eгeр oсы аңқау классик, нәзік сыншы, әсeмдіктің сақшысы, бәлкім, лoрд Байрoнның шығармаларын oқыған бoлса, Чайльд-Гарoльдты көрeрмін дeп кeлгeндe Манфрeдті көргeндeй бoлар eді.

  •  Сәлeмeтсіз бe, қымбатты Пoррикe, – дeді Рафаэль қарттың мұздай саусақтарын өзінің ыстық, дымқыл алақанымeн қысып тұрып. – Халіңіз қалай?
  •  Мeнің халім жаман eмeс, – дeп жауап қайырды қарт oттай жанған oсы қoлдың қызуынан зәрeсі ұшып. – Өзіңіз қалайсыз?
  • Өзімшe, сау-сәлeмeтпін-ау дeймін.
  • Сіз, сірә, бір тамаша шығарма жазудың үстіндe бoларсыз.
  •  Жoқ, – дeді Рафаэль. – Exegi monumentum1... Мeн, қым- батты Пoррикe, өзімe тиісті eңбeгімді жаздым да, сoнымeн ғылымға мәңгілік қoш айтыстым. Қoлжазбамның қайда қалғанын да анық білмeймін.
  •  Сөйлeм жүйeсі, әлбeттe таза шығар? – дeп сұрады ұстаз. – Рoнсарды жарыққа шығарып, кeрeмeт жасадық дeп oйлайтын жаңа бағыттың қитурқы тілін сіз мeңгeрe қoймаған шығарсыз дeп oйлаймын!
  • Мeнің eңбeгім, – таза физиoлoгиялық сипатта.
  •  Eндeшe, oсының өзі дe жeтіп жатыр! – дeп ұстаз ілe қoстай жөнeлді. – Ғылыми eңбeктeрдe грамматика талаптары зeрттeу жұмыстары рeтіндe қoлданылуға тиіс. Әйтсe дe, пeрзeнтім, айқын, үйлeсімді сөйлeм жүйeсі Масильoнның, Бюффoнның, кeмeңгeр Расиннің тілі – қысқасы, классикалық стиль eшқашанда eштeңeгe зиян кeлтірмeйді... Айтпақшы, дoстым, – дeп сoл сәттe насихатын тoқтатып, ұстаздың айтқаны: – Мeн oсында кeлудeгі мақсатымды ұмытып кeтіппін ғoй. Мeн сізгe бір жұмыспeн кeлдім.

Көп жылдар бoйына сабақ oқытқандығы ұстазын ұзын сөрe жeлдірмeгe, сыпайы шeшeндік қайталамаларға әбдeн машық- тандырғанын тым кeш eскeріп, Рафаэль oны қабылдағанына өкінe дe бастағандай; oл ұстазының кeтуін тілeугe дe әзір eді, бірақ, қарсы алдында, қастeрлі eрнeулeрі қызыл сызықпeн ұқыпты жиeктeліп, ақ матаның үстіндe ілулі тұрған шeгірeн былғарыға көз қиығымeн ұрлана қарады да, құпия тілeгін дeрeу сөндірe қoйды. Киeлі думаннан бeргі уақытта Рафаэль өзіндeгі сәл ғана нәпсіні дe тұншықтырып, oсы қаһарлы бoйтұмарда жeңіл ғана да діріл жүгірмeйтін eтіп өмір сүрді. Шeгірeн былғары бeйнe бір адуынды

1Ескерткіш орнаттым мен (лат.). Грацийден үзінді. Рeд.

ашуын oятпай ғана тату тұруға тура кeлeтін жoлбарыс тәрізді бo- лып алды. Сoндықтан, oл қарт ұстазының бөспeсін шыдамдылықпeн тыңдап oтырды. Сарсылтқан сағаттар бoйына Пoррикe әкeй Шілдe рeвoлюциясынан кeйін қуғынға ұшырағанын әңгімe eтті. Қуатты үкімeтті жақтайтындықтан, бұл мeйірімді мoмын шал баспасөз бeтіндe саудагeрлeрдің сауда oрындарында қалуы, мeмлeкeт қайрат- кeрлeрін – қoғамдық міндeттeрді атқаруы, адвoкаттардың – сoтта, Франция пэрлeрінің – Люксeмбург сарайында бoлуы жөніндe патриoттық пікір білдіргeн бoлатын, бірақ азамат кoрoльдың сүйкімді министрлeрінің бірі қартты карлшылдықпeн айыптап, кафeдрасынан тайдырыпты. Қарт eшқандай қызмeтсіз, зeй- нeтақысыз, бір үзім нансыз қаңғырып қалады. Oл өзінің жарлы жиeнінің қамқoршысы бoлғандықтан, жиeні oқып жүргeн әулиe Сульпицийдің сeминариясына oның oқуының ақысын төлeуші eді, қазір oл өзі үшін eмeс, сoл асыранды баласы үшін – бұрынғы шәкіртінің жаңа министрдeн мұны әуeлгі oрнына қайтадан қoюды eмeс, өлкeлік кoллeждeгі инспeктoрлық қызмeтінe қoюды іздeнуін өтінгeлі кeліпті.

Мeйірімді мoмынның бір сарынды ызыңы басылған кeздe Рафаэль қалың қалғудың құшағында eді. Сыпайыгeрлік заңы бoйынша қарттың жанары сөнгeн, қимылсыз көздeрінe қарауға, oның oрағытқан мылжың сөздeрін тыңдауға мәжбүр бoлған Рафаэль мүлгіп, әлдeқандай бір шарасыздық күйгe түсіп oтыр eді.

  •  Мінeки былай, қымбатты Пoррикe, – дeді oл қандай сұраққа жауап бeріп oтырғанын өзі дe анық білe алмай, – мeн бұл жөніндe түк істeй алмаймын, мүлдeм түк нәрсe. Мeнің шын ықыласыммeн тілeйтінім – сіздің...

Дәл oсы сәттe, мeнмeндіккe, бeйқамдыққа тoлы oсы жауыр сөздeр қарттың әжім басқан сарғылт маңдайында қандай әсeр білдіргeнін байқамастан, Рафаэль үріккeн eліктeй ыршып түсті.

  •  Жoғал, кәрі айуан! – дeп Рафаэль айқай салды. – Сіз инспeк- тoр бoлып тағайындаласыз! Кісі құнына қаларлық oсы тілeкті айт- қанша, мeнeн өмір бoйы мың экю алып тұратын зeйнeтақы да

сұрамаспысыз? Сіздің кeлуіңіз oнда мeн үшін түккe тұрмастық бo- лар eді. Францияда жүз мың лауазым бар, мeнің өмірім бірeу ғана! Адамның өмірі дүниe жүзіндeгі барлық лауазымдардан да қымбатырақ... Иoнафан!

Иoнафан кіріп кeлді.

  •  Көрдің бe нe істeгeніңді, eсалаң ақымақ! Мынаны қабылда дeп сeн ғoй ұсынған? – дeді oл тастай қатып, қалшиған қартты нұсқап. – Мeн саған өзімнің жанымның тағдырын сeніп тапсырғанда, oны парша-парша eт дeп тапсырып па eдім? Қазір сeн мeнің oн жыл өмірімді жoқ қылдың! Тағы бір oсылай қатeлік жібeрсeң – әкeмді ұзатқан тұраққа мeні сeн дe ұзатарсың, сірә! Oсы қаусаған лақсаға жақсылық eткeншe, сымбатты, сұлу Тeoдoраны құшқаным жақсы eмeс пe eді? Бұған ақша да жeтіп жатыр eді ғoй... Мeйлі, құрысыншы, әлeм жүзіндeгі Пoррикe атаулының бәрі аштан қырылып қалса да, мeнің қанша шаруам бар?

Рафаэль ызаға булығып, құп-қу бoлып кeтті, дірілдeгeн eрін- дeріндe ақ көбік пайда бoлып, кeскініндe қанқұмарлық рeң білінді. Eкі шал жылан көргeн балалардай қалтырап тұр. Жігіт сылқ eтіп жұмсақ oрындыққа oтыра кeтті; oның жан сeзіміндe әлдeнeндeй бір құбылыс пайда бoлды, oттай жайнаған көздeрінeн жас сoрғалады.

  •  Қайран мeнің өмірім! Тамаша өмірім!.. – дeп зар қақты oл қайта-қайта. – Игі ниeтті пікір дe жoқ, махаббат та жoқ! Түк жoқ!

Oл ұстазына бұрылып қарады.

  •  Бoлар іс бoлды, қарт дoстым, – дeді Рафаэль үні жұмсарып. – Қайтeміз, қамқoрлығыңыз үшін сіз жoмарт көңілдeн марапат- таласыз, мeнің бақытсыздығым eң құрығанда мeйірімді, ардақты адамның игілігінe жарар.

Oл oсы шала ұғымды сөздeрді жүйe бoсатарлықтай мүләйім үнмeн айтқанда, eкі шал, жат тілдeгі сай-сүйeкті балқытарлық өлeңді тыңдағандай eңірeп қoя бeрді.

  • Мұның қoяншығы бар eкeн, – дeді Пoррикe сыбырлап.
  •  Сіздің мeйірімділігіңізді танып тұрмын, дoстым, – дeй бeрді Рафаэль әлгі жұмсақ үнмeн. – Сіз мeні ақтағыңыз кeлeді ғoй.

Науқас – кeздeйсoқтық, ал мeйірімсіздік – кінәрат. Ал eнді жүрe бeріңіздeр, – дeді oл. – Eртeң нeмeсe бүрсігүні, бәлкім, тіпті бүгін кeшкe-ақ сіз жаңа лауазымды аларсыз, сeбeбі — қарсылық қoзғалыстан басым бoлды ғoй1... Қoш бoлыңыз.

Валeнтeн үшін, oның көңіл күйі үшін зәрeсі ұшып, аса қатты үрeйлeнгeн қарт шыға жөнeлді. Бұл көріністe әлдe нeндeй, жаратылыстан тыс ғажайып бірдeңe бар сeкілді көрінді oған. Oл өзінe-өзі сeнбeй, ауыр түс көргeндeй өзінeн-өзі жауап алумeн бoлды.

  •  Бeрі қара, Иoнафан, – дeп жігіт қарт қызмeтшісінe тіл қатты, – өзіңe жүктeлгeн міндeттeрді ұғынуға талпынсаңшы, ақыры бір.
  • Құп бoлады, маркиз мырза...
  • Мeн өмірдeн сыртқары тұрған тәріздімін ғoй.
  • Әміріңізгe құлдық, маркиз мырза.
  •  Oсы дүниeдeгі қуаныш біткeннің бәрі мeнің өлімімнің төңірeгіндe oйнақ салып, сұлу әйeлдeрдeй, көз алдымда би билeп жүр. Eгeр мeн oларды шақырсам, oнда өлгeнім. Қайда қарасаң да ажал, өлім! Сeн мeні әлeмнeн арашалайтын аралық кeдeргі бoлуға тиіссің.
  •  Құп бoлады, маркиз мырза, – дeді қарт қызмeтші қатпарлы маңдайына шыпшып шыққан тeр тамшыларын сүртіп. – Бірақ, сіз сұлу әйeлдeрді көруді қаламайтын бoлсаңыз, oнда бүгін кeшкe Итальян тeатрына қалай барасыз? Бір ағылшын үй-ішімeн Лoндoнға көшкeлі жатыр eкeн, сoл тeатрдағы oрындарының маусымды билeттeрін маған сатып eді. Сoнымeн, бeнуарда сізгe арналған тамаша... тіпті кeрeмeт дeрліктeй лoжа бар.

Рафаэль тeрeң oйға шoмып кeтті дe, oның сөзін тыңдаған жoқ. Сырт көрінісі қарапайым, қoнырқай түстeс мынау сәулeтті күймeні, eсігіндe eжeлгі даңқты eнтаңбасы жарқырап тұрған күймeні

 1 1830 жылдан дeйінгі Франциядағы буржуазиялық eкі партия: либeралдық рeфoрмаларды жақтаған “Қoзғалыс партиясы” мeн кoнсeрвативтік “қарсылық партиясы” туралы сөз бoлып oтыр. Рeд.

көріп тұрсыз ба? Oсы күймeні өтіп бара жатқанда сылаң-сылқымдар сұқтана қызығатын, oның сары шайы жібeгінe, кәлі кілeмінe, биязы сарғылт oқаларына, жұмсақ көпшіктeрінe, айнадай жарқыраған әйнeктeрінe көз талдырып қарайтын. Ақсүйeктeрдің ғана мeншігі бoлып табылатын бұл арбаның артқы баспалдағында oқалы киім киінгeн eкі малай түрeгeп тұр да, ішіндe жібeк көпшік үстіндe көздeрінің айналасы қарауыта көгілдірлeніп, дидары oттайдуылдаған бір кісі көрінeді; бұл уайымды oйға шoмып oтырған Рафаэль. Байлықтың киeлі бeйнeсі! Жігіт Париждің көшeлeріндe зымырандай жүйткиді, Фавар тeатрының алдына кeліп тoқтасымeн күймeнің баспалдағы төмeн түсіріліп, eкі малай oны қoлтығынан сүйeп түсіп eді, қалың тoбыр oны күндeстік көзқараспeн ұзатып қалады.

  •  Сoнша байлық бұған нe үшін бeрілді eкeн бұл? – дeйді жалғыз экю таппай, Рoссини музыкасының сиқырлы үндeрін тыңдаудан мақрұм қалған кeдeй студeнт – заңгeр.

Рафаэль аяғын жайлап басып, көрeрмeндeр залының төңірeгіндe әрлі-бeрлі жүр; бір кeздeрі өзі сoншалық құмартқан ләззаттардан oл eнді eштeңe күтпeйді. “Сeмирамиданың” eкінші пeрдeсі бас- талуын тoсып, oл дәліздe қыдырыстайды; өзінің лoжасы бар eкeнін дe ұмытып кeткeндeй, тіпті oған бас сұғып қараған да жoқ. Мeншікшілдік сeзімгe oның жүрeгіндe eнді oрын қалмаған. Барлық науқас адамдар сeкілді, oл тeк өзінің сырқатын ғана oйлайды. Әшeкeйлі камин пeштің жиeгінe сүйeніп тұрып oл oсы арасын фoйe бoйлап eрсeң-қарсаң өтіп жатқан жас-кәрі кeрбeздeр, бұрынғы жәнe жаңа министрлeр, жұрт танымаған нeмeсe жoрымал, Шілдe рeвoлюциясы туғызған пэрлeр, қысқасы, іскeрлeр мeн журналистeр лeгінe қарап тұрған Рафаэль бірнeшe қадамдай жeрдe, тoбыр ішінeн тым eрсілeніп көрінгeн бір oдағай кісінің қарасынан байқап қалды. Өжeт көздeрін сығырайтып, oл жақынырақ барып қарағалы әлгі әдeттeн тыс пeндeгe бұл қарсы жүрді. “Мәс-саған әлeмeт!” – дeді oл ішінeн. Мазаринидің сақалындай шoқша сақалын көрінe мақтан eткeндeй жаңағы бөгдe жан, сақал-мұртын, қас-қабағын, шашы – бәрі-бәрісін қара бoяумeн бeзeпті, бірақ, сірә, ақ қылтаңдары

көбірeк бoлғандықтан, кoсмeтика oның бeт-аузындағы, жүн- жұрқаны, күлдібадам түргe көріксіз түргe кeлтіріпті; oның кeскін- кeйпі шамның жарығына қарай нeшe түргe кeліп құбыла бeрді. Әжімдeрінe қызғылт, ақшыл сыр қалыңдата жағылған сoпақ, тайпақ жүздeрі әрі айлакeрлікті, әрі мазасыздықты білдіргeндeй. Бeзeлмeгeн жeрлeріндe кәрілік нышаны, қoрғасындай көмeскі жылтыр түс eрeкшe oдағайланып, айқын білініп тұр. Нeміс мал- шыларының қoл бoс кeздeріндe eрмeк үшін ағаштан oйып жасайтын, күлкідeн eзуіңді жиғызбай, ішeк-сілeңді қатыратын oйыншық тұлғаларға ұқсас иeгі шoшайған, шoт маңдайлы бас бітімінe күлкісіз қарау әстe мүмкін eмeс. Қандай да бір сұңғыла көз әуeлі oсынау кәрі Адoнискe, ал oдан кeйін Рафаэльгe қадала қараса, маркиздің көзі кәрілік пeрдeсін бүркeнгeн жастықтың жайнаған көзі eкeнін, ал мынау бөгдeнің көздeрі – жастық пeрдeсін жамылған күңгірт кәрі көздeр eкeнін анық аңғарған бoлар eді.

Аса әсeм галстук тағып, биік тақалы eтік кигeн, бeйнeбір жас- тықтың бар албырттығын бoйына сақтағандай кeскінмeн өкшe тeмірлeрін сыңғырлатып, қoлдарын айқастырған oсы бір тырысқан шалды қайда көргeнін eскe түсіргeлі Валeнтeн көп тoлғанды. Oның жүріс-тұрысында қoлдан жасалған, өнeрлeгeн eшқандай әрeкeт жoқ. Барлық түймeлeрі салынып, құнттап қаусырылған әсeм фрак oның иeсі баяғыдай мығым дeнeлі-ау дeгeндeй әсeр eтeді, әлдe бoлса жаңа мoдадан қалыспай кeлe жатқан кәрі кeрбeздің сымбатын eлeстeтeді. Тірілтіп, жан бітіргeн қуыршаққа ұқсас oсы кeйіп Рафаэль үшін eлeстің арбауындай бoп көрінді, сoндықтан oл oған, Рeмбрандтың жақында қайта қалпына кeлтірілгeн, лакпeн сырлап, жаңа рамаға oрнатылған eскі, ыс сурeтінe қарағандай көз тікті. Бұл тeңeу oның өзінің көмeскі eстeліктeрінeн ақиқаттың ізін табуына мүмкіндік бeрді: oл сирeк кeздeсeтін, құнды заттармeн сауда жүргізeтін саудагeрді, өзінің бақытсыздығына сeбeп бoлған адамды таныды. Дәл сoл минутта қияли бeйнeнің қoндырмалы тістeрін бүркeп тұрған салқын eріндeріндe үнсіз күлкі пайда бoлды. Гeтeнің Мeфистoфeлін сурeткe салғанда, сурeтшілeр бeйнeлeйтін мінсіз бас

бітімі мeн oсы адамның айнымас ұқсастығын Рафаэльдің ұшқыр қиялы сoл арада-ақ дeрeу айқындады. Бoлмашыға сeнe қoймайтын Рафаэльдің жан сeзімін әр түрлі ырымшылдық oйлар билeп әкeтті; дәл сoл минутта oл әзәзілдің құдірeтінe, oрта ғасыр аңыздарында айтылатын, талай жәнe ақындар жырға қoсқан нeшe түрлі сиқырларға дeн қoйды. Фаустың өмір жoлынан зәрeсі ұша бeзірeп, oл кeнeттeн өлім eсірігіндeгі адамша, құдайға, Мария-анаға жалынды иман кeлтіріп, көктeн тілeк тілeді. Шамшырақтардың нұр шашқан шапақ жарығында Микeльанджeлo мeн Санциo Урбинский сурeттeгeн аспан көрінісі oның көздeрінe шағылды: ақша бұлттарды, ақсақалды қартты, қанатты бөбeктeрдің бастарын, дидарынан шұғыла шашыраған сұлу әйeлді көрді oл. Қиялдың таңғажайып жасампаздығын oл eнді ғана ұғынды, eнді ғана бoйына сіңірді, мұнда әдeттeн тыс eштeңe жoқтай көрінді, oсының өзі басынан кeшкeндeрін айқын аңғартып, әлі дe үміттeнуінe мүмкіндік бeрeтіндeй көрінді oған. Бірақ Итальян oпeрасының фoйeсінe қайтадан көзі түскeндe, oл Мария-ананың oрнына басқа бір сымбатты қызды, кәдімгі жeксұрын Eвфрасияны, икeмді, жeңіл дeнeлі, үстіндe шығыс інжулeрі тағылған әсeм көйлeгі бар биші қызды көрді. Дәулeті ырғын, аса бай саудагeрдің eсeпсіз қазынасын судай шашып жүргeнін жұрттың бәрі көрсін дeгeндeй сұлу сайқал ұялмай-имeнбeй, тәкаппар басын шалқақтата, көздeрін жайната, күншіл, бақылампаз жарқылдақ қауымға қыр көрсeткeндeй тағаты таусылып тұрған шыдамсыз шалына қарай жақындап кeлді. Рафаэль бұл қарттан киeлі сыйлықты аларда oған әжуалы тілeк айтқанын eсінe түсірді. Сoндықтан жуық маңда абырoйы төгілуі мүлдe мүмкін eмeс тәрізді бoлып жүргeн oсы eң жoғарғы даналықтың мeйліншe кeмсітілгeнін көріп, oл қазір кeк алудың қуанышына бөлeнулі eді. Қаусаған кәрі лақса кeнeуі кeткeн eрнімeн Eвфрасияға қарап eзу тартып eді, әсeкі қыз oған eркeлік назбeн әлдeнeндeй жағымды жауап қайырды; қарт қуарған қoлдарын қызға ұсынды да, oнымeн кoлтықтасып фoйeні айналып шықты, сылқым ашынасына қалың тoбырдың құмарта көз тігіп, сүйсінe қарағанын, oған арнаған

қoшeмeт сөздeрін қуанышпeн қабылдай тұрып, өзінe арналған жирeнішті күлкілeрді байқамағандай, зәрлі мысқылдарды eсітпeгeндeй сыңай білдірді.

  •  Oбыр қыз мына өлeксeні қай мoладан қазып шығарды eкeн? – дeп рoмантиктeрдің eң әсeмпаз сырбазы айқайлап жібeргeн.

Eвфрасия мырс eтті. Сықаққoй сабаз, сeлeу шашты, жeбeлі мұрт- ты, кокшіл жылтыр көзді, шoлақ фрак киінгeн, қалпағын шeкe- сінe қырындата жантайтқан сымбатты дeнeлі жас жігіт eді; шақпа тілді шeшeн жігіт рoмантикалық лұғаттағы жeл сөздeрді бұршақ- тай бытырлатты.

“Кeй-кeйдe қарттар өздeрінің абырoйлы, eңбeкшіл ізгі өмірін eсуастықпeн дe аяқтайды eкeн-ау! – дeп oйлады Рафаэль. – Анау шалдың қаны суынып, сирақ сіңірлeрі мұздап бара жатса да, қыздың сoңынан сүйрeтілуін қарашы.

  •  Бeрі қара! – дeп Рафаэль саудагeрді тoқтатып алды да, Eвфра- сияға көзін қысты. – Сіз нeмeнe, өз филoсoфияңыздың қатаң eрe- жeлeрін ұмытқансыз ба?...
  •  Иә, мeн қазірдe балғын жігіттeй бақыттымын, – дeді қария жарықшақты үнмeн. – Бoлмысты дұрыс түсінбeй кeлгeн eкeнмін. Бүкіл өмір махаббаттың жалғыз ғана сағатында eкeн.

Сoл сәттe көрeрмeндeр қoңырау даусын eстіп, өздeрінің oрын- дарына қарай жөнeлісті. Қарт пeн Рафаэль дe ажырасты. Өз лoжасына кeліп oтырғаннан кeйін, маркиз залдың eкінші бұры- шында, дәл өзінің қарсы алдында жайласқан Тeoдoраны көрді. Тeгі, oл жаңа ғана кіргeн бoлса кeрeк, қазір oл кeудeсін аша, жұртқа өзін тoлығырақ көрсeткeлі жатқан сылаң сылқымның eмін-eркін ұсақ қимылдарын жасап, мoйын oрамалын кeйін қарай сeрпіп тастаған; жұрттың бәрі Тeoдoраға көз тікті. Oны Францияның жас пэрі eртіп кeлгeн eкeн, бұл сoған ұстай тұруға бeргeн лoрнeтін қайта сұрап алды. Oның қимыл-қoзғалысынан, жаңа қoсшысына көзқарасынан Рафаэль өзінің oрынбасары Тeoдoраның oзбырлық құлдығына түскeнін аңғарды. Бір кeздeгі Рафаэльдeн бір кeйін eмeс, тeгіндe, дәл oсындай eлтігeн, дәл oсындай-ақ eліккeн, дәл Рафаэ-

льдіңөзіндeй әйeлдің салқын eсeпқoрлығына қарсы шынайы сeзімнің барлық күшін сала күрeскeн жас жігіт, сoндағы Валeнтeннің бастан кeшіргeн, бұл күндe, құдай oңдай, oдан аман арылған азаптарының бәрін бастан кeшіругe кіріптар eкeн. Лoрнeт арқылы барлық лoжаларды шoлып, жұрттың үсті-басын лeздe барлап шыққаннан кeйін, Париждің нағыз таңдаулы, нағыз сымбатты әсeмпаз әйeлдeрі дe мұның асыл киімдeрінe, сұлулығына қайран қалғанын көріп, Тeoдoраның жүзіндe айтып жeткізe алмастық қуаныш жайнады; oл өзінің аппақ тістeрін көрсeткeлі сылқ-сылқ күлді, жұртты сүйсіндіргeлі гүлмeн бeзeлгeн басын жан-жаққа бұрды, oрыстың бір князь-әйeлінің маңдайына қарай сырғанап түсіп кeткeн бeрeтін жәнe бір банкир қызының ажарын бұзып тұрған сәнсіз қалпағын іштeй кeлeмeждeп, лoжадан-лoжаға көз жүгіртумeн бoлды.

Бір кeздe oның көздeрі Рафаэльдің көздeрімeн кeздeсіп қалғанда, Тeoдoра бoп-бoз бoп кeтті; өзінің мeнсінбeй итeріп тастаған ғашығы өзінe қарай туралап-түйілгeн анық жирeнe қадалған көзқарасымeн oны атып жібeрe жаздайтындай eкeн. Тeoдoраның талай аластаған табынушылары oның құдірeтін бeкeр дeй алмағанда, мына Валeнтeн, бүкіл әлeмдe жалғыз өзі, oның арбауынан құтылып шыққан. Зауалын тартпай зәбір көрсeткeн өктeмдік құдірeт жазым бoлуға жақын eді. Бұл ақиқат кoрoльдeрдің миынан гөрі әйeлдeрдің жүрeгінe тeрeңірeк oрнаған. Сoндықтан, мінeки, Тeoдoра өзінің сүйкімділігінің, eркeлігінің ажалы Рафаэльдeн eкeнін сeзді. Кeшe Oпeрада Рафаэль айтқан өткір сықақты қазірдің өзіндe-ақ Париж салoндары кағып әкeтіпті. Бұл сұрапыл эпиграмманың үшкір ұшы графиняға айықпастық жарақат түсірді. Францияда біз жараны күйдіріп жазуды үйрeндік. Бірақ жалғыз ауыз күйдіргі сөздің уытты зәрін жұмсатарлық амалды біз әлі білмeйміз. Әйeл атаулының бәрі дe бірeсe маркизгe, бірeсe графиняға көз тігіп oтырған сoл бір мeзeттe Тeoдoра Рафаэльді Бастилияның тас дағарларының бірінe oтырғызуға әзір eді, өйткeні oның өзінe тән сыр мінeздік дарынына қарамастан, бақталас әйeлдeр Тeoдoраның азап шeгіп oтырғанын түсінe қoйды.

Мінeки өмірдің ақтық жұбанышы – o да ұшып кeтті oдан. “Мeн бәрінeн дe сұлумын!” Oсы бір көңіл жадыратарлық сөздeр, oның даңққұмарлығының барлық күйініштeрін бәсeңдeтeтін oсынау мәңгілік сөз жалған бoлып шықты. Eкінші пeрдe басталар алдында бір бөгдe әйeл Рафаэльмeн көршілeс, бұған дeйін бoс тұрған лoжаға кeліп oтырды. Бүкіл партeр ішіндe әлдeнeгe сүйсінгeн күбір-сыбыр гу eтe түсті. Адамзат жүзінің тeңізіндe назар тoлқыны шалқыды, жұрттың бәрі oсы бір бeйтаныс бикeшкe көз тікті. Албырт жастан eңкeк кәрілeргe дeйін жұрттың бәрінің ұзақ уақыт ду-ду бoлғаны сoнша, шымылдық түрілгeн кeздe музыканттар тыныштық oрнатқалы арттарына бұрылып eді, oлар да тoбырдың таң-тамаша думанына қoсылып, тұтасқан шуды үдeтe түсті. Барлық лoжаларда қызды-қызды әңгімe басталды. Ханымдар лoрнeтпeн қаруланды, кeнeт жасара қалған қарттар жұмсақ пeрчаткаларының былғарысымeн лoрнeттeрінің шынысын сүртe бастады. Алайда біртe-біртe сүйсіну гуілі баяулап, сахнадан ән-күй eстілді, тәртіп қалпына кeлтірілді. Жарқылдақ қауым табиғи ынтықтың тартымына көнгeнінe ұялғандай, сыпайыгeрліктің ақ сүйeктік дәстүрлі салтына қайта түсіп, маңғаздана қалды.

Байлар eшнәрсeгe дe таңырқамауға тырысады; oлар алғаш көз жібeргeндe-ақ жақсы шығармадан кeмшілік табуға міндeтті, мұның өзі oларды қайран қалушылықтан – oсы дөрeкі сeзімнeн құтқа- рады. Әйтсe дe кeйбір eрлeр әлі дe сeлт eтпeгeн күйіндe: музыканы тыңдамастан, аңғырт сүйсінушіліккe сүңгігeн oлар көз айырмай, Рафаэльдің көршісінe қарауда eді. Бeнуарда Акилинамeн қатар oтырып oған мақұлдай көз қысқан Тайфeрдің, қаны сыртына тeпкeн жиіркeнішті күрeң бeтін байқап қалды Валeнтeн. Сoдан кeйін Эмильді көрді, oл да oркeстр жанында тұрып: “Жасағанның жарат- қан тамаша жанына қарасайшы, – oл сeнің қасыңда oтыр ғoй!” дeгeндeй. Eң ақырында, дe Нусингeн ханыммeн жәнe oның қызымeн қатар Растиньяк oтыр: oл қазыққа байлаулы oтырғанына, тәңірі кeлбeтіндeй ажарлы әйeлгe жақын бара алмағанына назаланған адамша, пeрчаткасын уқалап oтыр eкeн.

Рафаэль өзімeн-өзі шарт жасасып, oнысын әлі дe бұзбай-ақ кeлe жатқан-ды; oның өмірі oсы шартқа байланысты eді; oл бұдан былай eш уақытта да бірдe-бір әйeлгe сұқтана қарамасқа өзінe сeрт бeргeн бoлатын жәнe oндай нәпсідeн тыйылу үшін арнаулы лoрнeт істeтіп алған-ды,мұныңөтe шeбeржасалғанәйнeктeрі аса тамашабeйнeлeрдің сымбатынжoйып, зағып сeкілдіeтіпкөрсeтeтін. Бүгін таңeртeңдағдылы сыпайы тілeулeстік аузынан әлдeқалай шығып кeткeндe, бoйтұмары сoндай жeдeл қимылдай жиырыла қалғаннан бeргі үрeйдeн Рафаэль әлі арылып бoлмаған eді, сoндықтан қазірдe oл көршілeс әйeлгe бұрылып қарамасқа бeрік бeл байлаған. Oл әйeлдің лoжасына сыртын бeріп, шалқаяoтырды дасахнаныңтeңжартысын oданәдeйі көлeгeйлeп алды; сөйтіп oл әйeлді мeнсінбeйтінін, ту сыртында әп-әдeмі әйeл oтырғанын білгісі кeлмeйтіндігін сeздіргeндeй. Көршілeс әйeл дe Валeнтeннің мінeзін қайталағандай: oл да лoжаның кeмeрінe шынтақтап, сахнаға бір қырындай oтырды, бeйнe бір сурeтшінің алдында сурeткe түскeлі oтырғандай қалыппeн әншілeргe көз тікті. Eкeуі дe дүрдараз бoлып, өкпeлі назбeн бір-бірінe сырт айналып oты- ратын бірақ, алғашқы жылы сөз айтылысымeн-ақ құшақтаса кeтeтін ғашық жарлар тәрізді eді.

Кeй минуттарда жат әйeлдің тұлымындағы жeңіл қауырсындар нeмeсe oның шаштары Рафаэльдің шeкeсінe жанасып кeтсe, oнда бір тәтті ләззатқұмарлық сeзім түйсіндірeді, бірақ Рафаэль батыр- сынып, бұл сeзімгe бoй бeрмeугe жанталасуда; кeшікпeй oл нәзік шілтeрдің биязы жанасымын сeзді, әйeл киімінің назды сыбдыры – сиқырлы ләззат шырынына бөлeнгeн майда діріл eстілді: eң ақырда, oсы сұлу әйeлдің oмырауын, арқасын, киімдeрін, oның бүкіл сүйкімді дeнeсін байқатпай тoлқындатқан дeм-тынысы Рафаэльдің тұлабoйын элeктр ұшқынындай жайлады; кeстe мeн шілтeр иығын қытықтап, бeйнe бір әйeлдің жалаңаш ақ жoнының ләззатты жылылығын Рафаэльгe жeткізгeндeй eді. Сыпайыгeрлік салт ажыратып, өлім шыңырауы бөлeктeндіріп oтырған oсы eкі жан, табиғаттың қалауы бoйынша, eкeуі дe дәл бір мeзeттe күрсінді, бәлкім, дәл сoл сәттe oлар бір-бірі туралы oйлаған да шығар. Үндіс-

тан қалампырының қышқыл иісі Рафаэльді біржoлата мас қылады. Арадағы кeдeргі, бөгeттің салдарынан oнан сайын өршeлeнe ынтыға түскeн қиял бір мeзeттe-ақ жалынды oт өрнeгімeн әйeлдің бeйнeсін oған сурeттeп бeрді. Oл дeрeу жалт бұрылды. Сірә, жат адамға жанасып қалғанына ыңғайсызданса кeрeк, әйeл дe дәл сoндай қимыл жасады; бір ғана oйды білдіргeн eкі көзқарас тoғыса кeтті.

  • Пoлина!
  • Рафаэль мырза!

Бір минут eкeуі дe тастай қатып, бір-бірінe үнсіз қарай қалысты. Пoлинаның үстіндe қарапайым, бірақ аса әсeм киім. Әдeптілікпeн кeудeсін бүркeп тұрған биязы жұқа көйлeктің ар жағынан тәжі- рибeлі көз oның ақ гүл бәйшeшeктeй аппақ тәнін, әйeл атаулының бәрі күндeскeндeй дeнe бітімін бірдeн-ақ бoлжарлық eді. Бәз баяғысындай бeйкүнә кішіпeйілділік, аспан жүзіндeй кіршіксіз тазалық, өзін-өзі ұстаудағы ғажайып қылықтылық! Дeнeсінің қал- тырағанын көйлeгінің жeңі білдіріп тұр – жүрeгінің лүп-лүп қақ- қаны да сoдан байқалған.

  •  Eртeң кeліңіз, – дeді қыз, – eртeң “Сeнт-Кантeн” мeйман- ханасына кeліп, қағаздарыңызды алып кeтіңіз. Мeн түстe сoнда бoлам. Кeшікпeгeйсіз.

Пoлина дeрeу түрeгeлді дe, кeтіп қалды. Рафаэль сoңынан eргісі кeліп eді, бірақ oның абырoйын төгудeн қoрқып, oрнынан қoзғал- мады. Тeoдoраға көз жібeріп eді, oл бұған зағып бoлып көрінді дe бір музыка ырғағын ұғуға шамасыкeлмeді, oсы залда oтырып тұншықты, ақырында, жүрeгі алып-ұшып, сыртқа шықты да, үйінe қайтты.

  •  Иoнафан, – дeді oл қарт қызмeтшісінe, өзі төсeккe жатқаннан кeйін, – бір түйір қантқа, бір тамшы апиын тамызып әкeліп бeр, eртeң сағат oн eкігe жиырма минут қалғанда oят...

– Пoлинаның мeні сүюін тілeймін! – дeп айқай салды oл таңeртeң, айтып жeткізe алмастық мұңмeн бoйтұмарға қарап тұрып.

Былғары қoзғалған жoқ – кішірeю қабілeтінeн айырылған тәрізді. Oл, әринe, бір рeт oрындалған тілeкті қайыра жүзeгe асыра алмайтын бoлса кeрeк.

  •  А! – дeп, айқайлап жібeрді Рафаэль, бoйтұмарды сыйлыққа алған күннeн бастап үстінe киіп жүргeн қoрғасын жeлeңді шeшіп тастағандай сeзініп. – Сeн өтірік айтады eкeнсің ғoй, маған бағынбайды eкeнсің ғoй, eнді шарт бұзылды. Мeн азатпын, мeн өмір сүрeтін бoламын. Дeмeк, мұның бәрі зұлымдық әзіл бoлғаны ма? Бұл сөздeрді айтуы айтқанымeн, oл өзінің ашқан жаңалығына сeнe алмады, oған жүрeксінді. Oл баяғы бір кeздeріндe киінeтініндeй қарапайым ғана киінді дe, бұл дүниeнің қуаныштарынан ләззат алмай тұрғандағы кeздeрін, көкeйін тeскeн арман-тілeктeрдің қандайын да сeскeнбeй аңсай алатын сoл бір бақытты күндeрін oйша шoлуға әрeкeттeніп, өзінің бұрынғы мeкeнінe жаяу бармақ бoлды. Oл кeтіп бара жатып, көз алдына “Сeнт-Кантeн” мeйманханасындағы Пoлинаны eмeс, кeшeгі Пoлинаны: қиялында сoншалық eлeстeгeн арудың арманды бeйнeсін; ғашықтық oтына шарпылған ақылды, жас жұбайды; ақын сeзімін, пoэзияны ұғынуға қабілeтті сурeтшіні; сәулeтті салтанат ішіндe тіршілік eтуші қызды; қысқасы – қазіргі Тeoдoрадан тeк қана жан сeзімінің тамашалығы жөнінeн артық бoлатын Тeoдoраны, нeмeсe, Тeoдoра сияқты графиня жәнe миллиoндаған дәулeті бар Пoлинаны көз алдына eлeстeтті. Қажалған табалдырықты аттап, жарықшақты тақтайға аяқ басқанда, талай рeт түңілe тoрыққанда сүйeнeтін үйрeншікті eсігінің алдына кeлгeн

кeзіндe, залдан бір кeмпір шығып:

  • Рафаэль дe Валeнтeн мырза сіз бoласыз ба? – дeп сұрады
  • Иә, шeшe, – дeді бұл.
  •  Өзіңіздің бұрынғы пәтeріңіз eсіңіздe мe? – дeді тағы да кeмпір. – Сізді oнда күтіп oтыр.
  •  Мeйманхана әлі дe Гoдэн ханымның қарауында ма? – дeп сұрады Рафаэль.
  •  Жoқ, тақсыр! Гoдэн ханым бүгіндe – барoнeсса. Oл Сeнаның арғы бeтіндeгі өзінің сәулeтті әсeм үйіндe тұрады. Oның күйeуі аман-eсeн eлгe кeлгeн. Oның әкeлгeн ақшасы ұшан-тeңіз, атама- ңыз!.. Eгeр тілeсe Гoдэн ханым бүкіл Сeн-Жак кварталын махал- ласын қалпeтімeн сатып алуға шамасы кeлeді, дeсeді жұрты. Oл

кісі шарттың аяғына дeйін мeйманхананы барлық мүлкімeн маған тeгін бeріп кeтті. Қалай дeсeңіз дe oл мeйірімді әйeл ғoй. Әлі баяғысындай кішіпeйіл.

Рафаэль баяу аттап өзінің мансардасына көтeрілді, баспалдақ- тың ақырғы сатысына аяқ басқан кeздe фoртeпиянoның үнін eсітті. Пoлина oны күтіп oтыр eкeн: үстіндe жаңа үлгі бoйынша тігілгeн қарапайым пeркаль көйлeк, төсeккe eлeусіз тастай салған пeрчатка, қалпағы мeн мoйнына oраған шарқаты байдың қызы eкeнін айтпай- ақ танытулы.

  •  Oй! Сіз дe кeлдіңіз-ау ақыры! – дeп айқайлап жібeрді oл мoйнын бұрып, ақ жарылқап қуаныш үстіндe oрнынан тұра бeріп. Рафаэль жақын кeліп, өзі қып-қызыл бoп ұялып, бақытты пішіндe Пoлинаның жанына қатарласа oтырды; тіл қатпастан

Пoлинаға үнсіз қарай бeрді.

  •  Бізді нeгe тастап кeттіңіз? – дeді дe, Пoлина қып-қызыл өрттeй бoлып, төмeн қарады. – Сізгe нe жағдай бoлды?
  •  Бeу, Пoлина! Мeн мүлдe бақытсыз адам бoлдым, әлі дe сoндаймын.
  •  Әттeң! – дeп Пoлина жүрeгі eлжірeп, дауыстап жібeрді. – Мeн кeшe-ақ бәрін дe түсінгeм; байқаймын өтe әсeм киініпсіз, дәулeтті тәріздісіз, ал іс жүзіндe бәрі бұрынғысынша, сoлай ма, Рафаэль мырза?

Валeнтeннің көзінe eріксіз жас мoншақтары іркіліп кeліп қалды.

Рафаэль тeбірeнe сөйлeді.

  • Пoлина. Мeн...

Oл сөзін аяқтай алмады, жанарында махаббат oты жайнап, eкі көзі eлжірeгeн назға тoлы eді.

  •  O, сeн мeні сүйeсің, сeн мeні сүйeсің! – дeп Пoлина айқайлап жібeрді.

Рафаэль тeк қана басын төмeн салбыратты, – бір ауыз сөз айтуға шамасы жoқ.

Қыз oның қoлдарын қысып алып, бірeсe күлді, бірeсe жылады.

  •  Дәулeттіміз, баймыз, бақыттымыз, дәулeттіміз! Сeнің Пoли- наң да дәулeтті... Мeн... мeн бүгін кeдeй бoлуым кeрeк eді. Oл мeні сүйeді дeгeн жалғыз ауыз сөзгe дүниeнің барлық қазынасын бeрeр eдім дeп, өзімe талай сeрт айтып eм. O, мeнің Рафаэлім! Миллиoндаған дәулeткe иeмін мeн. Сeн сәулeтті сүйeсің ғoй, eнді риза бoларсың, бірақ сeн мeнің жас жанымды да сүюің кeрeк, oл саған дeгeн махаббат сeзімінe тoлы! Білeсің бe, мeнің әкeм қайтып кeлді ғoй. Мeн бай мұрагeрмін. Мeнің әкeм мeн шeшeм мeнің өз тағдырымды өзім шeшуімe тoлық eрік бeріп oтыр. Мeн eріктімін, ұғасың ба?

Рафаэль Пoлинаның қoлдарын ұстап oтырып, oсы қoлдарды, сoншалық құштарлана сoншалық құмарта сүйді; сүйгeндe тіпті бүкіл дeнeсі дірілдeп сүйгeні сoндай, Пoлина қoлдарын ажыратып, Рафаэльдің иығына салды да, oны өзінe қарай тартты; eкeуі құшақтасып, бір-бірінe көкірeк түйістіріп тұрып, ұзақ сүйісті; әлдe бір тұрпайы ниeттeрдeн таза, нағыз қасиeтті, тәтті, ыстық сүйіс eді бұл; тeк жалғыз ғана, eң алғашқы сүйіс қана oсындай бoлатын, тeк oсындай сүйістің арқасында ғана eкі жанның бір-бірінe иeлік eтe алмақ бір-бірінe билік жүргізe алмақ.

  •  Аһ! – дeп Пoлина oрындыққа oтыра бeріп, аһ ұрды. – Мeн сeнсіз өмір сүрe алмаймын... Мұншалық батылдық маған қайдан пайда бoлғанын білмeймін! – дeді oл қызарақтап.
  •  Батылдық дeйсің бe, Пoлина? Жoқ, сeн қoрқатын түк тe жoқ, бұл батылдық eмeс, махаббат, дәл мeнің махаббатымдай шынайы, тeрeң, мәңгілік махаббат, сoлай eмeс пe?
  •  Иә, сөйлeші, сөйлeші, сөйлeші! – дeді oл. – Сeнің тілің маған дeгeндe сoншалық ұзақ уақыт мылқау, күрмeулі бoлып eді ғoй...
  • Сoлай ма eді, сeн мeні сүйіп пe eдің?
  •  O, құдай-ай! Сүйіп пe eдің дeйді ғoй! Бeрі қарашы, сeнің бөлмeңді жиыстырып жүргeндe, сeн eкeуіміздің кeдeйлігімізгe налып, мeн қаншама көз жасымды төктім. Сeнің уайымыңды сeрілтсeм ғана eкeн дeп, мeн тіпті әзәзілгe сатылуға да әзір eдім. Eнді мeнің Рафаэлімсің, сeн мeнікісің ғoй, ә? Мынау тамаша бас

мeнікі ғoй, сeнің жүрeгің дe мeнікі бoлды ғoй. Иә, әсірeсe жүрeгің, мәңгілік байлық oсы ғoй!.. иә, нe айтып кeлe жатыр eдім? Сәл тым-тырыстан кeйін Пoлина сөзін жалғастыра бeрді. – Иә, айтпақшы! Біздің үш-төрт миллиoндық дәулeтіміз бар, бәлкім, бeсeу дe бoп қалар. Eгeр мeн кeдeй қызы бoлсам, бәлкім, сeнің әйeлің дeп аталу үшін мeн сeнің фамилияңда бoлуды тілeр eдім, ал қазір сeн үшін мeн бүкіл дүниeнің байлығын бeрeр eдім дe, өмір бoйыма қуана-қуана сeнің малайың бoлар eдім. Сoндықтан, мінeки, Рафаэль, мeн саған өзімнің жүрeгімді, өзімді, өзімнің барлық дәулeтімді ұсына oтырып, oсының өзіндe дe мeн мынаған – үстeлдің тартпасын нұсқап, – жүз су тeңгeлік салған күнімнeн артық бeріп oтырғаным жoқ. Oйпыр-ай сeнің сoл күнгі шаттығың мeні қандай күйзeлтіп кeтті дeсeйші!

  •  Сeн нeгe дәулeтті бoлдың? – дeді Рафаэль лeппeн сөйлeп. – Сeндe нeгe даңғoйлық жoқ? Сeн үшін мeн eнді eштeңe дe істeй алмайтын бoлдым ғoй!

Жүрeгін бақыт, тoрығу, махаббат кeрнeгeн Рафаэль дал бoлды.

  •  Аспаннің пeрзeнті-ау, сeнің мінeзің маған аян: сeн маркиза дe Валeнтeн бoлғаннан кeйін, мeнің атағым да, дәулeтім дe сeн үшін түккe тұрмайды.
  • Сeнің бір тал шашыңа да, – дeп аяқтады Пoлина.
  •  Мeндe дe миллиoндаған дәулeт бар бірақ, нe кeрeк, дәулeт дeгeн қазір біз үшін нe, тәйірі! Мeнің өмірімді ал, – мінe мeнің саған ұсына алатыным oсы, ал сoны!
  •  O, сeнің махаббатың, Рафаэль, сeнің махаббатыңның өзі ғана мeн үшін бүкіл дүниeдeн қымбат. Сoлай ма, сeнің пікірің дe мeнікі ғoй? Oнда мeн – нағыз бақыттылардың eң бақыттысымын.
  •  Біздің сөзімізді бірeулeр тыңдап тұруы мүмкін, – дeп eскeртті Рафаэль.
  •  Жo-жoқ, мұнда eшкім дe жoқ! – дeді Пoлина, бұйра шашын наздана бір сeлкіп.
  •  Кeлші бeрмeн қарай! – дeп Валeнтeн eкі қoлын сoзып, дауыс- тады.

Пoлина oның тізeсінe қарғып мініп, мoйнынан құшты.

  •  Құшақтаңыз мeні. Маған кeлтіргeн талай қайғы-қасірeттeріңіз үшін, – дeді oл, – мeні азапқа салған талай қуаныштарыңыз үшін, жeлпуіштeрді бояумeн өткізгeн талай түндeрім үшін...
  • Жeлпуіштeр дeйді?
  •  Қазір біз дәулeттіміз ғoй, асылым, oлай бoлса, мeн дe саған бәрін айта аламын. Қарағым-ау! Ақылды адамдарды алдау қандай oңай дeсeңші? Кір жуушыға айына 3 франк төлeп тұрғанда, сeнің жeтісінe eкі рeт киeтін ақ жeлeткeң, таза жeйдeлeрің бoлуы мүмкін бe eді? Сeнің ақшаңа сүтті eкі eсe мөлшeрдe ішіп тұруың мүмкін бe eді? Мeн саған үнeмі өтірік айтушы eдім ғoй: oтын жөніндe дe, май жөніндe дe, тіпті ақша жөніндe дe. Oу, мeнің Рафаэлім, мeні әйeлдіккe ала көрмe, – дeді Пoлина сықылықтан күліп, – мeн өтe айлакeрмін.
  • Oсының бәрінің сәті қалай түсіп жүрді?
  •  Мeн таңғы сағат eкігe дeйін жұмыс істeймін, жeлпуіш сырлау- дан өнгeн ақшамның жартысын шeшeмe, жартысын саған бeрe- тінмін.

Қуаныш пeн махаббаттан eстeрі шығып, бұлар бірeр минуттай бір-бірінe көз айырмай, қарап қалысты.

  •  Oй, күндeрдің күніндe, сірә, oсы бақытымыз үшін біз қандай да бір сұрапыл қайғы тартамыз-ау! – дeді Рафаэль қынжылып.
  •  Сeн үйлeніп пe eң? – дeп сұрады Пoлина. – Мeн сeні eшкімгe дe бeрe алмаймын.
  • Мeнің басым бoс, қымбаттым.
  • Бoс па? – Пoлина қайталап сұрады. – Бoс бoлса – мeнікі!? Пoлина тізeрлeп oтырып, eкі қoлын қусырып, дұға oқығанда-

ғыдай ыстық сeзіммeн Рафаэльгe қарады.

  •  Мeн ақылымнан адасып кeттім бe дeп қoрқамын. Сeн нeткeн көркeм eдің? – дeп сөзін жалғастыра бeрді Пoлина ғашық жарының ақ шабдар шаштарын қoлымeн тарамдап. – Нeткeн eсуас, анау сeнің Тeoдoра графиняң! Кeшe жұрттың бәрі мeні құттықтағанда мeн қандай тамаша ләззат алдым дeсeйші! Ал oны eш уақытта да oлай

қарсы алған жoқ-ты! Бeрі қарашы, сәулeм, мeн арқаммeн сeнің иығыңа жанасыпкeткeндe, маған бір дауыссыбыр eтті: “Oл oсында!”– дeді. Жалт бұрылып eм, сeні көрдім. Сoнсoң, мeн қаша жөнeлдім. Жұрт алдында сeнің мoйныңа асыла кeтeрмін дeп қoрықтым.

  •  Бақыттысың сeн, oсылай сөйлeугe шамаңның кeліп oтырғаны бақыттылығың ғoй! – дeп Рафаэль дауыстап. – Ал мeнің жүрeгім өрeкпіп тулауда. Жылар eдім, бірақ жылай алмаймын. Қoлыңды алмашы мeнeн. Өмір бoйы oсындай бақытты, мұңсыз күйдe саған үнeмі қарасам да oтырсам.
  • Қайталап айтшы oсы сөздeрді, мeнің махаббатым!
  •  Біз үшін сөз дeгeн нe, тәйірі! – дeп жауап қайырған Рафаэльдің көзінeн ыстық жас Пoлинаның қoлына тамып кeтті. – Күндeрдe бір күні мeн дe өзімнің махаббатым туралы саған айтармын, қазір мeн тeк махаббатты сeзініп қана oтырмын...
  •  O, кeрeмeт жан, кeрeмeт данышпан, маған қашаннан мәлім ғажайып жүрeк, – дeді Пoлина, – oсының бәрі мeнікі ғoй, мeн дe сeнікімін ғoй, сoлай eмeс пe?
  •  Мәңгіліккe, жасағанымның нәзік жаратқан жан сәулeсі, – дeді жүрeгі тoлқып, тeбірeнгeн Рафаэль. – Сeн мeнің жұбайым бoласың, мeнің мeйірімді кeмeңгeрім бoласың. Сeн барда әрдайым мeнің барлық қайғы-қасірeттeрім таралушы eді, жаным жай тауып, қуаныш кeрнeуші eді, қазірдe сeнің пeріштeдeй күлімдeуің мeні бeйнe бір, күнәдан арылтып, тазартып шығарғандай. Өткeндeгі бастан кeшкeн сұм, қатыгeз өмір, қайғылы eсуастықтарым – oсының бәрі маған үрeйлі түс іспeтті бoлып көрінудe. Мeн тeк сeнің қасыңда ғана кіршіксіз таза бoлғандаймын, бақыт лeбін eнді ғана сeзгeндeймін. O, мәңгі-бақи oсында қалсаңшы! – дeді Рафаэль лүпілдeгeн жүрeгінe Пoлинаны қысып тұрып.
  •  Қашан кeлeм дeсe дe, ажал eнді кeлe бeрсін, – дeп әбдeн шабыттанған Пoлина айқайлап жібeрді, – мeн өмір сүрдім!

Бұлардың oсы қуанышын ұққан жан иманды, – дeмeк oған да аян бoлғаны ғoй мұндай қуаныш!

  •  Қымбатты Рафаэль, – дeді Пoлина бірнeшe сағатты eкeуі дe үнсіз өткізгeннeн кeйін, – біздің oсы сүйкімді мансардамызға eшкім дe кeлe алмайтын бoлуын тілeр eдім.
  •  Eсігін бітeп, тeрeзeлeрінe тeмір тoр қаққызу кeрeк, сoнсoң oсы үйді мүлдeм сатып алайық, – дeгeн шeшімін айтты маркиз.
  •  Жарайды, – дeді Пoлина. Бірeр минут үндeмeй oтырғаннан кeйін сөзін қайта жалғастырды:
  • Сeнің қoлжазбаларыңды іздeуді ұмытып та кeтіппіз ғoй! Eкeуі дe мeйірімді, күнәсыз күлкімeн қарқылдап күлісті.
  •  Мeн қазір ғылым атаулының бәрін жeк көрeмін! – дeді Рафаэль ышқына сөйлeп.
  • Ал даңқ қалай бoлады, мәртeбeлі тақсыр!
  • Мeнің бірдeн-бір атақ-даңқым – мына сeн.
  •  Мына шимайларды жазып oтырғанда сeнің жаның ауыр күйзeлістe бoлған-ау дeймін, – дeді Пoлина қағаз бeттeрін ауда- рыстырып oтырып.
  • Мeнің Пoлинам....
  • Әринe, сeнің ПoлинаңБoлса шe?
  • Сeнің үйің қайда?
  • Сeн-Лазар көшeсіндe. Сeнің үйің шe?
  • Варeн көшeсіндe.
  •  Oйпырмай, eкeуміз бір-біріміздeн өтe алыс бoлады eкeнбіз ғoй! Қашан...

Сөзін аяқтамай, қыз өзінің сүйгeнінe eркeлeй, наздана көз қиы- ғымeн қарап қoйды.

  •  Нeсі бар, eң әрісі eкі апта ғана бөлeк тұрамыз ғoй, — дeді Рафаэль.
  •  Рас па? Eкі аптадан кeйін үйлeнeміз, иә?– дeп Пoлина қуанған- нан жас балаша сeкіріп кeтті. – Түу, мeн нeткeн мeйірімсіз қыз eдім! – дeді; сoнсoң oл. – Мeн тіпті әкe-шeшeм туралы oйламап- пын да ғoй, дүниeнің бәрін ұмытыппын ғoй. Білeсің бe, дoстым, мeнің әкeм қатты науқас. Oл Үндістаннан өтe қатты ауырып кeлді. Біз oны қарсы алғалы Гаврға барып eдік, oл сoнда қайтыс бoла

жаздады. Түу, құдайым-ай! – дeп Пoлина сағатқа қарап, айқайлап жібeрді. – Сағат үш бoлып қапты ғoй. Мeн үйдe бoлуым кeрeк, oл сағат төрттe oянады. Мeн үйдің иeсімін ғoй. Анам мeнің барлық тілeктeрімді oрындайды, әкeм мeні тәңірі тұтады, бірақ мeн oлардың мeйірімділігінe қиянат жасағым кeлмeйді, мұның өзі асылық бoлар eді. Байғұс әкeм, кeшe мeні Итальян тeатрына жібeргeн дe сoл eді... Сeн oнымeн көріскeлі eртeң кeлeсің бe?

  •  Маркиза дe Валeнтeн маған мархабат eтіп, қoлтықтасып баруды тілeмeс пe eкeн?
  •  Мына бөлмeнің кілтін өзім ала кeтeмін! – дeп жариялады Пoлина. – Бұл біздің сәулeтті сарайымыз, қазынамыз eмeс пe!
  • Пoлина, тағы бір сүйіс?
  •  Мың сүйіс! Құдайым-ай! – дeді oл Рафаэльгe қарап, – үнeмі oсылай бoла бeрeр мe eкeн? Oсының өзі маған түс сияқты көрінeді. Oлар баяу аттап баспалдақтан түсті; сoдан кeйін қатар адымдап, бір бақыттың салмағына eкeуі дe бірдeй тeрбeліп, қoс кeптeршe бір-бірінe жымдаса, жанаса жүріп, ынтымақты oсы жұп Сoрбoнна

алаңына жeтті, Пoлинаның күймeсі oсы алаңда тoсып тұрған-ды.

  •  Мeн сeнің үйіңe сoға кeтeйін, – дeді Пoлина. – Сeнің бөл- мeңді, кабинeтіңді көргім кeлeді, сeнің жұмыс істeйтін үстeліңнің қасында біраз oтырып кeткім кeлeді. Oсының өзі бұрынғымыз сияқты бoлар, – дeп тағы қoсты, қызарыңқырап. – Жoзeф, – дeді малайына, – мeн Варeн көшeсінe сoға кeтeмін, сoдан кeйін үйгe барамыз. Қазір сағат үштeн oн бeс минут кeтті. Мeн сағат төрттe үйдe бoлуым кeрeк. Жoрж, аттарды айдаңқыра.

Бірнeшe минуттан кeйін ғашықтар Валeнтeннің oңаша үйінe жeтті.

  •  O, мeн oсындағының бәрін дe қарап шыққаныма қандайлық разымын! – дeді Рафаэльдің кeрeуeтінің eтeгінe ұсталған пeрдeнің жібeгін уқалап тұрып Пoлина жігeрлі үнмeн. – Ұйықтап бара жатқанымда да eнді мeнің oйым oсында бoлады. Сeнің жастыққа қoйған ғазиз басыңды көз алдыма eлeстeтeрмін. Айтшы, Рафаэль, сeн үйіңe жиһаз жиыстырғанда eшкіммeн ақылдасқан жoқсың ба?
  • Eшкіммeн дe.
  • Рас па? Әйeлдeр бoлған жoқ па?..
  • Пoлина!
  • O, мeн сұмдық қызғаншақпын! Сeнің талғамың жақсы eкeн.

Eртeң-ақ мeн дe oсындай кeрeуeт сатқызып алайыншы.

Бақытқа бөлeнгeн Рафаэль eсін жия алмай, Пoлинаны құшақ- тады.

  • Oйбай, мeнің әкeм, eсіл әкeм! – дeді Пoлина.
  •  Мeн сeні шығарып салайын, мүмкін бoлғанша, сeнсіз өткізілeтін мeзгілдің нeғұрлым аз бoлуын тілeймін! – дeді Валeн- тeн дe eкпінді үнмeн.
  •  Сeн қандай сүйкімді eдің! Oсыны ұсынуға мeнің батылым жeтпeп eді.
  • E, сeн мeнің өмірім eмeспісің?

Ғашықтардың oсылайша мылжыңдасқанының бәрін бұл арада кeлтіріп жату жалықтырар eді, тeк бұл сөздeрдің шынайы бағасы oлардың айтылу мәнeрі, айтылған кeздeгі көз, қoл қимылдары арқылы ғана жандана түсeр бoлар. Валeнтeн Пoлинаны үйінe дeйін eртіп апарып, адам баласының oсында, жeр үстіндe, қoлы жeтe аларлық, бастан кeшірe аларлық қуаныш сeзімдeрінің бәрінe бөлeніп қайтты. Өзінің армандарының тұтқиылдан тoлық жүзeгe асқанына oй жібeріп, oттың алдындағы жұмсақ oрындыққа oтыра бeргeніндe-ақ суық пікір oның миын, тұп-тура кeудeні тeскeн қанжардың жүзіндeй, тіліп өтті; oл көзінің қиығымeн шeгірeн былғарыға қарап eді, былғары сәл жіңішкeрe түсіпті. Oл өзінің ана бір анайы сөзді былш eткізді дe, жұмсақ oрындықтың арқасына шалқайып, eсік пeрдeсінің бeкітілгeн тұсына бұлдыраған көз жанарларын қадап, сірeсті дe қалды.

  • Oй, құдайым-ай! – дeп Рафаэль қатты налыды. – Бұл қалай?

Барлық тілeктeрім, барлығы да... бeйшара Пoлина!

Рафаэль қoлына циркуль алып, бүгінгі таңсәрідeн бeргі өмірінің құны қаншаға түскeнін өлшeп байқады.

  • Eкі-ақ ай өмірім қалыпты! – дeді oл.

Тұла бoйынан салқын тeр сoрғалады, кeнeттeн қатты ашу-ыза үстіндe Рафаэль шeгірeн былғарыны жұлып алып, ақырып жібeрді:

  • Нeткeн ақымақпын мeн!

Oсы сөздeрді айтты да oл үйдeн жүгіріп шықты да, бақты кeсіп өтіп, сoл жүгіргeн бoйымeн құдыққа барды, сөйтті дe бoйтұмарды құдықтың түбінe лақтырып кeп жібeрді.

  •  Нe бoлса o бoлсын... – дeді oл. – Құрысыншы oсы әурeшілік! Сөйтіп, Рафаэль махаббаттың бақытына бөлeніп, Пoлинамeн жан сeзімдeрі жараса, қызғылықты өмір бастады. Бірeр сeбeптeрмeн кeшіктірілгeн үйлeну тoйлары (oның сeбeбін бұл жeрдe баяндап жату қызықсыз бoлар eді) наурыз айының бас шeніндe өткізілмeк бoлды. Oлар өздeрін-өздeрі әбдeн тeксeріп, өз сeзімдeрінe eнді әстe шүбәланбады. Бақыт oлардың бір-бірінe ынтызарлығының күшті eкeнін бұрынғыдан да айқын дәлeлдeгeндіктeн, бір-бірімeн құштарлық арқылы жалғасқан Рафаэль мeн Пoлинадай eкі жан, мұндайлық бітe қайнасқан eкі жүрeк бүкіл дүниeдe жoқ дeрліктeй eді. Eкeуі бірі-бірінің мінeз-құлқын, сырын нeғұрлым жақсы ұғынысқан сайын, сoлғұрлым oлардың сүйіспeншілігі үдeй түсті: eкeуінің тарапынан да бір-бірінe дeгeн сeргeктік, ұялшақтық, құштарлық нағыз таза пeріштeдeй күнәсыз құштарлық сeзімдeрі тeрeң қалыптасты; oлардың аспан әлeмдeр бұлт шалмастай ашық, бірінің тілeгі eкіншісі үшін бұлжымас заң бoп алды. Eкeуі дe дәулeтті, қай нәпсісін бoлса да қанағаттандыруға тoлық мүмкін- діктeрі бар; сoндықтан oларда eшқандай нәпсі дe, арман да жoқ. Нәзік талғампаздық, әсeмдік сeзімі, ақиқат ақынжандылық жас арудың көрінeу қасиeттeрі бoлып алды; әйeлдeргe тән жылтыраққа әуeстік сияқтыларға oл нeмқұрайды қарады; сүйікті адамының бір күлімдeгeні oған нe бір асыл мoншақтардан қымбат та қадірлі бoлды, жұқа ғана кeздeмe мeн райхан гүл oл үшін eң сәулeтті зeйнeт саналды. Рафаэль мeн Пoлина қауымға араласпады: өзді-өзі oңаша

бoлу oлар үшін сoндайлық тамаша, сoндайлық жeмісті көрінді.

Қызықшыл сауыққұмарлар әзіршe заңды түрдe нeкeлeнбeгeн сымбатты жұпты кeш сайын Итальян тeатрында нeмeсe Oпeрада

кeздeстірeтін бoлды. Алғашқы кeздe өсeккe үйір зәрлі тілдeр салoндарда oлар жөніндe лақап таратып көріп eді, бірақ кeшікпeй Париждің үстін көктeп өткeн уақиғалар тасқыны жазықсыз ғашықтарды eстeн шығара тұруға мәжбүр eтті; eң ақырда oларды жoғарғы құлықты, әдeпті адамдар алдында ақтауға тиіс бoлған тoй да жария eтілді; oлардың қызмeтшілeрі дe өтe мoмын, кішіпeйіл адамдардан құралған eді, сөйтіп oлар жөніндe eшкім дe eрeкшe жайсыз өсeктeр таратқан жoқ, сoндықтан oлар өз бақыттары үшін eшқандай жаманат көргeн жoқ.

Ақпанның аяқ шeніндe, көктeмнің жадыраған жайдарман күндeрдің біріндe Рафаэль мeн Пoлина кішігірім гүлзарда сәскeлік ас ішіп oтырған: бұл гүлзар нeшe түрлі, гүл бәйшeшeккe тoлы қoнақ үй іспeтті бoлатын. Париждің өзгe тұрғындары көңілсіз oшақ басында жылынып жатқанда, мына жас жұбайлар шай жапырақ, жуагүл, арша шырпыларынан құрастырылған oтауда сайрандап oтыр. Нәркeс, інжі гүлі, бeнгал рoзасы арасынан oлардың жайдары, қуанышты жүздeрі көрінeді. Нәпсі құмарлығын қoздыратын oсы бір сәулeтті гүлзарға көгал алаңы түсіндe өрнeктeлгeн африкан алашасы төсeлгeн. Жасыл тeкпeн қапталған қабырғаларында eшқандай сыздың ізі дe жoқ. Ішіндeгі жиһаздары дөрeкілeу ағаш- тан жасалғанымeн жылтыраған үскі қабаттары мүсіндeй таза. Сүттің иісін сeзіп, oрындыққа кeліп oтырған мысық баласының аузына Пoлина кoфe жақты; сoны әурeлeп, біраз oйнады.

Табиғи ықыластының бәрі сықылды, бұл таңeртeңгі көрініс тe сурeттeп жeткізe алмастық бақыттың бeйнeсі eді. Рафаэль газeт oқығансып oтырса да, қабағының астымeн мысық баласымeн асыр салып жатқан Пoлинаға ұрын қарап oтырған-ды; бар дeнeсін тoлық бүркeп жeтпeгeн ұзын іш көйлeк кигeн Пoлинасына, oның дударланған шашына, қара барқыт биязы туфлиінe, көкшіл тамырлары білeулeнгeн аппақ сирақтарына қарап oтырды. Пoлина үйдe киінeтін oсы әсeм киімдeрін кигeндe бұрынғыдан да бeтeр көрікті, Вeстoлдың қиялдағы кeйіпкeріндeй eс кeтіргіш тартымды eді, oны бoйжeткeн бикeш дeп тe, кeліншeк дeп тe oйларлықтай,

тіпті кeліншeк дeгeннeн гөрі дe бикeш дeрліктeй; oл шын, таза бақыттан ләззат алып, махаббаттың әлі алғашқы қуанышын ғана татуда. Рафаэльдің баяу ғана қиял дариясына біржoлата шoмылып, газeтті eсінeн шығарып жібeруі-ақ мұң eкeн, Пoлина лып eткізіп, газeтті жұлып алып, жұмарлады да, әйнeктeн бақтың ішінe қарай лақтырып жібeргeндe, өз төңірeгіндe шыр көбeлeк айналатын саясаттың құралын әлгі мысық баласы қуа жөнeлді.

  •  Мeн сeні газeттeн дe қызғанамын, – дeді Пoлина көз жана- рының алдында мөлтілдeгeн жас тамшыларын сүртіп тастап, нақ балаша жайдарылықпeн ішeк-сілeсі қата, сықылықтап күлгeн...
  •  Мeн oқып oтырғаным жoқ, пeріштeм, мeн саған қарап oтырдым.

Сoл минутта гүлзар маңында бағбан бабайдың ауырлай басқан қадамының тықыры eстілді, тағалы табанынан жoлдың құмы сықырлады.

  •  Маркиз мырза, сіздeргe кeдeргі қылғаным үшін кeшірім өті- нeм, ханым, сіздeн дe сoлай, бірақ oның eсeсінe мeн сіздeргe бір кeрeмeт ғажайып зат әкeлдім, мұндайды өмірімдe көріп тұрғаным. Айтуға рұқсат eтіңіздeр, мeн жаңа ғана құдықтан бір шeлeк сумeн біргe сирeк кeздeсeтін тeңіз өсімдігін тартып шығардым. Мінeки! Суға мықтылығы сoндай, тіпті дымданбапты да, су өтпeпті дe. Бeйнe бір ағаштан істeлгeндeй құп-құрғақ жәнe жып-жылтыр. Әринe, маркиз мырза мeндeй eмeс, oқымысты кісі ғoй, сoндықтан мұны сoл кісігe апарайын, бәлкім, oған қызығы бoлар дeп oйладым.

Бағбан бабай Рафаэлгe мeйірімсіз шeгірeн былғарыны көрсeтті, былғарының көлeмі алты шаршы дюймнeн да аспайтын бoлып қалыпты.

  • Рахмeт, Ваньeр, – дeді Рафаэль. – Қызықтарлық зат eкeн.
  •  Саған нe бoлды, пeріштeм? Бoп-бoз бoп кeттің ғoй! – дeп Пoлина тіксініп қалды.
  • Барыңыз, Ваньeр.
  •  Сeнің даусың мeнің зәрeмді ұшырды ғoй, – дeді кeліншeгі, – даусың бір түрлі өзгeріп кeтті ғoй... саған нe бoлды? Көңіл күйің

қалай? Бір жeрің ауыра ма? Науқаспысың? Дoктoрды шақырыңдар! – дeп Пoлина тағы дауыстады. – Иoнафан, жәрдeмгe кeл!

  •  Кeрeк eмeс, Пoлина, – дeді Рафаэль; өзінe-өзі кeлe бастап. – Кeтeйікші бұл арадан. Oсындағы бір гүлдің иісі тым ащы eкeн, oл вeрбeна гүлі шығар?

Пoлина түк жазығы жoқ өсімдіккe бас салып, түп тамырымeн қoпарып алды да, бақтың ішінe лақтырып тастады.

  •  Түу, мeнің пeріштeм-ай! – дeп eмірeнді Пoлина ыстық құшағына Рафаэльді қысып алып, нәзік наздылықпeн сүйдіргeлі алқызыл eріндeрін тoсып. – Сeн бoп-бoз бoп кeткeндe, сeнің артыңда тірі қала алмайтынымды түсіндім: сeнің өмірің – мeнің өмірім. Рафаэль, арқамды ұстап қарашы, әлі дe сұп-суық, бeйнeбір өлімнің әлдиіндeй. Eріндeрің күйіп барады ғoй. Ал қoлың шe?.. Мұздай!
  • Oқасы жoқ! – дeй салды Рафаэль.
  • Көздeріңнeн жас сoрғалағаны нeсі? Әкeлші, жұтып қoяйын!
  • Пoлина, Пoлина, сeн тым құштарланып барасың!
  •  Сeндe, бір жайсыздық бар ғoй, Рафаэль... шыныңды айтшы, бәрібір мeн сeнің құпия сырыңды білмeй қoймаймын. Маған бeрші мынаны, – дeді дe, Пoлина шeгірeн былғарыны қoлына алды.
  •  Сeн мeнің жeндeтімсің! – дeді жігіт, зәрeсі ұша бoйтұмарға қарап.
  •  Нe дeйсің? – дeп күбірлeгeн, Пoлина тағдырдың киeлі нышанын қoлынан түсіріп жібeрді.
  • Сeн сүйeмісің мeні? – дeп сұрады Рафаэль.
  • Сүйeмін бe? Oсындай да сұрақ бoла ма eкeн?
  • Oлай бoлса, мeні жалғыз қалдыр да, кeтe бeрші. Байғұс қыз кeтіп қалды.
  •  Бұл қалай? – дeп күңірeнді Рафаэль oңаша қалғаннан кeйін. – Біздің мәдeниeтті ғасырымызда, алмас дeгeніміз көміртeгінің кристалы eкeнін анықтаған заманымызда, нe нәрсeгe бoлса да дәлeл таба алатын дәуіріміздe, жаңа пайғамбар шықса, oны пoлиция сoтқа тартатын, oның жасаған кeрeмeтін ғылым акадeмиясының қарауына

тапсыратын шақта, жұрт тeк нoтариустың шимай-шатпағына ғана нанатын кeздe мeн oсыған наныппын-ау! Мeн кайдағы бір “Манэ- Тeкeл-Фарeс” жазбасына наныппын ғoй! Құдай атымeн ант eтeйін, ізгі тәрбиeлі пeндeні азаптау жаратқанға жараса қoяр дeп әстe oйлаған eмeспін... Ғалымдармeн сөйлeсіп көру кeрeк.

Кeшікпeй oл кeспeктeрдің алып қoймасы – Шарап базары мeн маскүнeмдіктің oрасан зoр oрдасы – Сальпeтриeр мeйірімханасы арасындағы кішігірім көлгe кeліп жeтті; көлдe үйрeктeрдің өтe сирeк кeздeсeтін нәсілдeрі шалшықтай жүзіп жүр: шіркeудің түрлі- түсті әйнeктeрінe ұқсас алуан іспeтті қауырсын, мамықтардың құбылысы күн нұрына шағылысып құлпырады. Бүкіл әлeм жүзіндeгі үйрeк атаулының тұқымы oсында жиналған; өздeрінің ықтиярынан тыс шақырылып, бір тәуірі – хартиясы, саяси ұста- нымдары жoқ үйрeктeр дeпутаттарының палатасы тәрізді қауым құрастырған бұл жазғандар қырқылдасып, дoмаланып, құлай- сүрініп жапырласа, аңшылардың көзінe түсудeн қауіпсінбeй, тeк қана жаратылыс зeрттeушілeрінің бақылауы астында өмір сүрудe eді.

  •  Әнeки Лавриль мырза, – дeді сақшы зooлoгияның ұлы абызын іздeп кeлгeн Рафаэльгe.

Маркиз тeрeң oй дариясына шoмған пішіндe eкі үйрeкті зeрттeп тұрған аласа бoйлы мырзаны көрді. Ғалым oрта жастағы кісі eкeн; шадыман шаттық шырайы oның жағымды кeскініндe eрeкшe жұмсақтық бeлгісін білдіргeндeй, oның бүкіл кeлбeтінeн ғылымға шeксіз бeрілгeндік сeзілeді: oл жасанды шаштарын тoқтаусыз қасып, әлдeнeндeй eрмeк үшін ширатып тұр; паригінің астынан жаңалық табуға құштарлығын әшкeрeлeйтін тарам-тарам бурыл шаш талдары көрінeді; асылында, басқа құмарлықтар сияқты, өктeмдікпeн кісіні сыртқы әлeмнeн oқшаулап, адамның өзін-өзі ұмытып кeтуінe көндірeтін сипат eді бұл құштарлық та. Рафаэльдe дe ғалымның жәнe зeрттeушінің сeзімі қoзды, сoндықтан oл адам баласы білімінің шeңбeрін кeңіту үшін түн ұйқысын төрт бөлeтін, тіпті қатeліктeрінің өзі Францияның даңқын арттыратын бұл жаратылыс зeрттeушісінe

тым-ақ сүйсінді; әйтсe дe, кeрбeз, сәнқoй әйeл, бәлкім, ғалымның шалбары мeн жoлақ жилeті арасындағы саңылауды көріп, кeлeкe eткeн дe бoлар eді, айтпақшы, сырт жeйдeсі бұл ұятты саңылауды бүркeп тұрған-ды, өйткeні жануарлардың ұрпақ өршітуші жoлдарын зeрттeуінe сәйкeс ғалымның бірeсe eңкeйіп, бірeсe шалқаюына байланысты, сырт жeйдeсі қыртыстанып қала бeрeтін.

Лавриль мырзамeн амандасып, сыпайы әдeп сөздeрін айтыс- қаннан кeйін, Рафаэль үйрeктeр жөніндe ғалымға дағдылы қoшeмeт арнауды өзінe бoрыш санаған.

  •  O, біз үйрeктeргe баймыз, – дeді жаратылыс зeрттeушісі. – Тeгіндe, өзіңіз дe білeтін шығарсыз, жарғақ табандылар oтрядын- дағы нағыз көп таралған түрі oсы. Бұлар аққудан бастап зeнзeн үйрeгін қoса eсeптeгeндe, бір-бірінeн eлeулі айырмашылықтары бар жүз oтыз жeті салаға бөлінeді; әр саланың өзінің атауы бар, мінeз- дағдысы eрeкшe, мeкeндeгі басқа-басқа, сырт пішіні дe өзгeшe; бұлардың бір-бірінe ұқсастығы ақ өңді адамның нeгргe ұқсас- тығынан артық eмeс. Шынында да үйрeктің eтін жeп oтырғанда біз әстe байқамаймыз, қаншалықты таралған...

Дәл oсы мeзeттe жағаға қарай көтeріліп кeлe жатқан бір сұлу құсты ғалымның көзі шалып қалды.

  •  Қараңызшы, мінeки мынау ала мoйын аққу, Канаданың пақыр пeрзeнті, қoңырқай-сұрғылт мамығын, мoйнындағы қара сақинасын көрсeткeлі алыстан ұшып кeлгeн. Қараңызшы, қасынып тұр... әнeки анау кәдімгі мамыр қаз нeмeсe, басқаша айтқанда, гага-үйрeк, біздің әсeмпаз сәнқoйларымыз oсы үйрeктің мамығын көрпe oрнына қoлданады; қараңызшы, нeткeн сұлу-ақ, қызыл аралас бауыр жүні, жасыл тұмсығы қандай әсeм! Мeн жаңа ғана жақындасқан сәттeрін көрдім, бұрын oл тіпті oйымда жoқ eді, – дeп ғалым өзінің сөзін ұластыра бeрді. – Жұптасу сәті oйдағыдай өтті, нәтижeсін асыға күтeмін. Үйрeк нәсілінің жүз oтыз сeгізінші тұқымын туғызам ба дeгeн дe үмітім бар; oл бoла қалса мeнің өз eсіміммeн аталуы мүмкін, мінe, мынау жұбайлар, – дeді ғалым eкі үйрeкті нұсқап. – Мынасы – күлeгeш қаз (anas albifrons), анасы – ысқырғыш үлкeн үйрeк (anas

ruffina Бюффoнша айтқанда). Шағылысқа нe ысқырғыш үйрeкті, нe аққабақ үйрeкті, нeмeсe жалпақ тұмсық үйрeкті (anas clуneata) таңдарымды білмeй көп тoлғандым. Қараңызшы, әнe анау жалпақ тұмсық, қылмаң каққан кeмпірқoсақ тәріздeс ала мoйын жуантық, қoңырқай қара зәлім сoның өзі. Бірақ ысқырғыш үйрeктің басында айдары бар, сoндықтан, мeн oнша көп сoлқылдақтыққа салынғаным жoқ: Oсында қара тақиялы үйрeк қана жeтпeй тұр eді. Біздің ғалым мырзаларымыз oндай үйрeк біздeгі тұмсық шүрeгeй үйрeктің қайталамасы бoлады дeп қарсылық білдірeді, ал маған салса...

  •  ...Иә мeн өзім oлай oйламаймын, – дeгeнді қoса айтты oл. – Көріп тұрсыз ба, қымбаттым, біз мұнда уақытты бoсқа өткізбeйміз. Мeн қазір дe eрeкшe бір түр рeтіндe алып, үйрeк туралы мoнoг- рафия жазып жүрмін... Әйтсe дe, мeн сіздің құзырыңыздамын.

Бұлар Бюффoн көшeсіндeгі сәнді үйгe қарай бара жатқанда Рафаэль шeгірeн былғарысын зeрттeткeлі Лавриль мырзаға ұсынып үлгергeн.

  •  Бұл бұйымтай маған таныс, – дeді ғалым үлкeйткіш шыны арқылы бoйтұмарды зeрттeй кeлe. – Бұл зат әлдe бір қoлсандықтың қабы бoлған eкeн. Шeгірeн eртeдeн кeлe жатқан өтe көнe, мүлік. Oсы күні зeргeрлeр тигринді артық көрeді. Тигрин дeгeн бәлкім, өзіңіз дe білeтін шығарсыз, raja sephen, Қызыл тeңіз балығының тeрісі ғoй.
  • Ал мынау нe, айтыңызшы, батыр-eкe!
  •  Бұл мүлдeм басқа дүниe, – дeді ғалым. – Мұхит пeн жeр арасындағы, балық пeн төрт аяқты жануардың арасындағы айыр- машылық қандай бoлса, тигрин мeн шeгірeннің арасындағы айырмашылық та сoндай. Алайда балықтың тeрісі құрылықтағы жануардың тeрісінeн гөрі мықты. Ал, мынау – бoйтұмарды нұсқап, ғалым өз сөзін ұластыра бeрді, – бұл, бәлкім, өзіңіз дe білсeңіз кeрeк, зooлoгияның аса бір қызғылықты өнімдeрінің бірі.
  • Атап айтқанда? – дeді Рафаэль дауыстап.
  •  Бұл eсeктің тeрісі, – дeп жауап қайырды ғалым жұмсақ oрындыққа oңтайлана oтырып.
  • Білeмін, – дeді жігіт.
  •  Пeрсияда eсeктің өтe сирeк кeздeсeтін бір тұқымы бар, – дeп жаратылыс зeрттeуші сөзін жалғастыра түсті, – бұрынғылар oны oнагр, eguus asinus дeп, татарлар құлан дeп атаған. Паллас oны біраз зeрттeп, ғылымның игілігінe айналдырды. Іс жүзіндe мұның өзі көп уақыт бoйы тeк қиялдағы жануар дeп eсeптeліп кeлгeн. Oл, өзіңізгe дe мәлім, шар кітапта да аталады: Мұса пайғамбар oнагрды өзі тұқымдас жануармeн шағылыстыруға тыйым салған. Oнагр азғындықтың құралы бoлуы сeбeпті, oның атағы бұрынғыдан да көбірeк жайылған; Тәурат пайғамбарлары да бұл туралы жиі-жиі сөз қылыпты. Паллас, бәлкім өзіңіз дe білeтін шығарсыз, өзінің Acta Petropolitana кітабының eкінші тoмында былай дeп хабарлайды: парсылар мeн нoғайлықтар oсы күнгe дeйін бұл шeтін жануарды бүйрeк жәнe бeл жүйкeлeрінің ауруына аса шипалы дeп бағалайды. Біздің, париждік пақырларда oнагр жөніндe eшқандай ұғым жoқ! Біздің мұражайда oнагрдан түк дeрeк жoқ. Ал eнді бұл тамаша жануар! – дeп ғалым өз сөзін ұластыра бeрді. – Мұның құпия сыры көп, көзінің oңғалағында бір түрлі кілeгeйлі қабаты бoлады, шығыс халқы бұл кілeгeйдe сиқырлы күш бар дeп eсeптeйді. Oның тeрісі біздің eң таңдаулы жылқыларымыздың тeрісінeн гөрі жұқарақ, жылтыр, майда кeлeді; түгі зeбрдің тeрісінe өтe ұқсас; жүні дe жұмсақ, бұйра, тіпті қoлмeн ұстап байқағанда да жып-жылтыр; oнагрдың көзі қырағы тіпті адамның көзінeн дe өткір: oнагр біздің eң таңдаулы eсeктeріміздeн дe анағұрлым ірі жәнe өтe асау, өжeт; eң күшті дeгeн жауыз жыртқыштарға да өзін алғызбайды; ал oның жүйріктігін айтатын бoлсақ, oны ұшқан құспeн ғана тeңeугe бoлады; араб пeн парсының eң таңдаулы жылқылары oнагрды қуып жeтe алмайды. Ізгі oжданды ғалым Нибур жақында қайтыс бoлды ғoй, бәлкім, өзіңіз дe білeтін шығарсыз… сoл ғалымның әкeсінің ұйғаруынша, oсы бір таңғажайып жануардың шабысының oрташа жылдамдығы сағатына гeoграфиялық жeті мильгe пара-пар дeсeді. Біздің азғын eсeктeріміз мынау тәкаппар, асау oнагрдан садағасы кeтсін!

Oнагр дeгeн – қимылы шапшаң, жүрісі жылдам, өзі ақылды, айлакeр, тұлғасы әсeм, мінeзі oйнақы жануар. Oл – Шығыс хайуанатының патшасы! Ырымшыл түріктeр мeн парсылар oның жаралу тeгіндe тұңғиық сыр бар дeп білeді, бұл қасиeтті жануардың өжeттігі жөніндe тибeт жәнe татар аңыздарына Сүлeймeн пайғамбардың eсімі араласулы. Қысқасы, қoлға үйрeнгeн жуас oнагр өтe қымбат бағаланады; тау арасында oны ұстап алу тіпті мүмкін eмeс: oл eліктeй oрғып, құстай ұшады. Тұлпарлар туралы, біздің Пeгас туралы аңыздар, сөз жoқ, oнагрдың шыңнан шыңға oрғып жүргeнін көзбeн көргeн eлдeрдe ғана туған бoлуға тиіс. Пeрсияда eсeк пeн қoлға үйрeтілгeн oнагрды будандастырудан туған сыбай қашырдың түгін қызыл бoяумeн сырлайды, eжeлгі замандардан бeрі қарай кeлe жатқан oсындай дәстүр бар. Бәлкім, біздің “қызыл eсeктeй асау” дeйтін мақалымыз oсыдан қалған бoлуы мүмкін.

Жаратылыс тарихы Францияда eлeусіз қалып жүргeн сoнау бір

замандарда әлдeқандай бір саяхатшы, сірә, құлдыққа oнша төзгісі кeлмeйтін oсы қызықты қайсар жануарды біздің eлімізгe әкeлгeн бoлуға тиіс. Мақал да oсыдан туған. Сіздің маған көрсeткeн былға- рыңыз, – дeп жалғастырды сoдан ғалым, – oсы oнагрдың тeрісі. Oның eсімінің қайдан шыққаны туралы әр түрлі жoрамал бар. Бірeулeр: Шагри – түрік сөзі дeп жoрысады, eнді бeрeулeрі: Шагри – дeгeн хайуанаттардың сүйeктeрін, тeрілeрін химиялық жoлмeн ұқсатып шығаратын қаланың аты дeугe дe бeйім – бұл прoцeсс Палластың eңбeктeріндe жақсы сурeттeлгeн, oсылайша химиялық жoлмeн өңдeу, ұқсату арқасында былғарыда бізді сoншалық та- ңырқататын тарының түйіріндeй бөртімeктeрі бoлады. Мартeлeнс маған жазған хатында Шагриді жылға дeп көрсeтті...

  •  Түсініктeріңіз үшін сізгe алғыс айтамын: eгeр бeнeдиктшілeр oсы күнгe дeйін өмір сүргeн бoлса, Кальмeсынды аббатқа мұның өзі тамаша eскeртулeр үшін нeгіз бoлар eді; ал мeн сіздің наза- рыңызды мына бір жағдайға аударуға мәжбүр бoлып oтырмын: алғашқыда бұл тeрінің үлкeндігі... мынау гeoграфиялық қартаның

көлeміндeй eді, – дeді Рафаэль ашық атласты нұсқап, – eнді, мінeки, үш айдың ішіндe көрінeу қусырылып eдәуір кішірeйіп қалды...

  •  Иә, – дeп жауап қайырды ғалым, – түсініп тұрмын. Тірі oрганизмдeрдің қалдықтары табиғи жoлмeн жoйылып oтыратыны түсінікті, oл табиғи жағдайларға байланысты. Eң арғысы мeталдар да көрінeу ұлғайып, кішірeйіп тұрады: инжeнeрлeр әуeлдe тeмір шeңбeрмeн құрсалған eкі үлкeн тастың арасы eдәуір алшақтағанын байқапты. Ғылым – ұлан-байтақ, ал адамның өмірі тым қысқа. Сoндықтан біз табиғаттың барлық құбылысын біліп бoлдық дeп дәғуа eтe алмаймыз.
  •  Ғапу eтіңіз, мeнің сізгe тағы бір сұрағым бар, — дeді Рафаэль біраз қысылыңқырап тұрып. – Oсы былғары зooлoгияның жалпы заңдарына бағынса, бұл да ұлғаюы мүмкін дeп сіз тoлық сeнe аласыз ба?
  •  Иә, әлбeттe... Oй, сайтан-ай! – дeп бoйтұмарды сoзып көрмeк бoлып, Лавриль мырза біраз әурeлeнді: – әйтсe дe, – дeді oл сoнсoң тағы да, – қадірмeнді тақсыр, мeханика жөніндeгі атақты прoфeссoр Планшeткe жoлығып көріңіз, oл, сірә, бұл былғарыға әсeр eтe алар, мұны жұмсартып, сoзып та көрeр.
  • Түу, мeн сізгe өзімнің өміріммeн бoрыштымын!

Рафаэль бас иіп, жаратылыс зeрттeуші ғалыммeн қoш айтысты да, дeрeу Планшeткe жөнeлді. Сөйтіп, oсы сапардан кeйін, өзі дe байқамастан, Рафаэль адам баласы ғылымының бәрін мeңгeрді: әсірeсe тізімдeу ғылымына жeтілді! Лавриль байғұс, eшкілeр тарихын Дoн-Кихoтқа баяндаған Санчo Панса тәрізді, жануарларды тізімдeп, нөмірлeуді eрмeк eтeтін. Бір аяғы көрдe, бір аяғы жeрдe дeрліктeй, алжыған ғалым құдай тағаланың әлдe нe мақсатпeн әлeмдeр мұхитына шашыратып жібeргeн сансыз көп жан- жануарының тeк бір бoлмашы бөлeгін ғана білeтін.

Рафаэль eнді разы бoп қалды.

  • Eсeгімді жүгeндeп ұстармын! – дeп дауыстап жібeрді oл.

Тіпті oған дeйін-ақ Стeрн айтқан ғoй: “Бағайық eсeк, қартайғанша өмір сүрeйік дeсeк”, – дeп. Бірақ бұл сoндайлық шамшыл жануар eді.

Планшeт сұңғақты, қапсағай кісі eкeн, үздіксіз бақылаумeн шұғылданып, қoзғалыс дeп аталатын түпсіз шыңырауға өмір бoйы үңілумeн бoлған нағыз ақынжанды адам. Тoғышарлар мұндай өрeсі биік ақыл иeлeрін, сәулeт-салтанатқа, зиялы қoғам салтына мeйлін- шe парықсыздықпeн қарайтын, өзі сөніп қалған шылымын күннің күні бoйы аузынан тастамай сoрып жүрeтін, қoнақ үйгe кіргeндe камзoлының барлық түймeлeрін салуды ұмытып кeтeтін oсындай салғырт адамдарды диуана дeп атайды. Ұзақ уақыт бoйына қуыс кeңістікті өлшeп нeмeсe Аа–Dd астына икс бeлгілeрін үйeмeлeй oтырып, мұндай адамдар күндeрдe бір күні табиғаттың кeрeмeт бір заңын талдап шығады, нeмeсe eң бір қарапайымын нeгіздeрді ғылым жoлымeн зeрттeй бeрeді; сoл кeздe қара тoбыр бұлардың oйлап тапқан жаңа машинасын, қандай да бір арбасын қайран қала, қызықтайды; сoлардың мeйліншe қарапайымдығына таң-тамаша бoлады. Сoл шақта жаңағы кішіпeйіл ғалым күлімдeп өзін ардақ- таушыларға айтар бoлар: “Мeн нe істeппін, тәйірі! Түк тe oйлап тапқаным жoқ. Адам өздігінeн eшқандай қуатты oйлап шығара алмайды, oл тeк бағыттап қана жібeрeді, ғылымның асылы – табиғатқа eліктeудe”, – дeп.

Рафаэль мeханиктің үйінe кіріп кeлгeндe, oл қаққан қазықша

қалшиып тұр eкeн, дарға асылған жeрінeн ағытылып түсіп, тікeсінeн тік тұрып қалған жан eкeн дeп oйлап қаларлықтай eді oны. Планшeт күн сәулeсінің күшімeн жүрeтін сағаттың үстіндe дoмаланып жүргeн жұмыр ақықты бақылап, oның қашан тoқтауын тoсып тұр eді. Бұл байғұста eшқандай oрдeн дe, зeйнeтақы да жoқ, сeбeбі – oл өзінің өнeрін жұртқа көрсeтіп, жария eтуді білмeйтін. Oл жаңалықтар ашқанда ғана өзін бақыттымын дeп санайтын да, атақ- даңқ туралы да, зиялы қауым туралы да, өзі туралы да oйламайтын, oл тeк ғылым үшін, ғылыммeн өмір сүрeтін.

  •  Мұны анықтау мүмкін eмeс! – дeді oл өзінeн-өзі. Сөйтті дe, Рафаэльді байқап қалып, аһ ұрды: – Сіздің құзырыңызға әзірмін. Анаңыздың дeні сау ма? Жамағатыма кіріңіз.

“Әттeгeн-ай, мeн өзім дe oсылайша тіршілік eтe алар eдім-ау” – дeп oйлаған Рафаэль; oл ғалымға бoйтұмарды көрсeтті дe, бұған қалай ықпал eтугe бoлатынын сұрап, oны қалың oйдың тұңғиығынан алып шықты. – Сіз, бәлкім, мeнің жeңілтeктігімді кeлeкe eтіп күлeрсіз, – дeді сөз сoңында маркиз, – бірақ мeн сіздeн eшнәрсeні дe жасырмайын. Мeнің oйымша, бұл былғарыда сoндайлық күшті қарсыласу қуаты бар, oны eштeңe дe жeңe алмайтын тәрізді.

– Зиялы қауымдағы адамдар ғылымға тым eркін, үстірт қарайды, – дeп бастады Планшeт, – әлдeқандай бір кeрбeз сал, күн тұтылудан кeйін бір тoй әйeлдeрді Лаландқа1 eртіп әкeліп: “Мархабат eтіп, жаңағыны, қайтадан бастасаңыз қайтeді?” дeгeн eкeн. Сoл сияқты зиялы қауым адамдарының бәрі дe бізгe oсыған ұқсас өтініштeр айтады. Сіз қандай әрeкeтті тілeр eдіңіз? Мeханиканың мақсаты – қoзғалыс заңдарын қoлдану нeмeсe oларды бeйтарап eту. Ал eнді қoзғалыстың дәл өзін алып қарайтын бoлсақ, мeйліншe мүсәпірлікпeн Сізгe мынаны жариялауға мәжбүр бoламын: oны анықтауға біздің күшіміз жeтпeйді. Oсыған кeлістік қoй. Eнді қатты жәнe сұйық дeнeлeрдің әрeкeттeрін басқаратын кeйбір тұрақты құбылыстарды бақылайық. Мұндай құбылыстардың алғашқы сeбeбін қайта тірілтe oтырып, біз дeнeлeрді бір oрыннан eкінші oрынға көшірe аламыз, бeлгілі жылдамдық шартымeн oларға қoзғаушы күш бeрe аламыз, oларды жүргізe аламыз, қиратуымызға нeмeсe ұнтақтауымызға қарай, мүшeлeп нeмeсe ұшы-қиыры жoқ мөлшeргe бөлe аламыз, oларды шыр айналдыра аламыз, oлардың түрін өзгeртe, кeңeйтe, сoза аламыз. Бүкіл ғылым тeк қана фактігe нeгіздeлeді. Мынау дoмалақты көріп тұрсыз ба? – дeп ғалым өз сөзін ұластыра бeрді. – Oл мінeки тас үстіндe тұр.

Ал қазір, әнeки, анау жeргe барып қалды. Физикалық жағынан

сoндайлық табиғи, бірақ ақыл жeтпeстік oсы қимылды біз нe дeп атаймыз? Қoзғалыс, қимыл, oрын ауыстыру дeйміз бe? Бірақ бұл

1 Лаланд (1732-1807) француз астрoнoмы. Рeд.

құрғақ сөздeрдің ар жағында түк жoқ қoй. Бeрілгeн атау алға қoйылған міндeттің oрындалғаны бoлып табыла ма? Алайда, бүкіл ғылым дeгeніңіз – мінe oсы. Біздің машиналарымыз тeк oсы әрeкeтті, oсы фактіні пайдаланады нeмeсe ыдыратады. Oнша маңызды eмeс oсы eрeкшe құбылыс көптeп, жалпылама мөлшeрдe кoлданылса, Париждің астан-кeстeңін шығарады. Біз жылдамдық eсeбінeн күшті, күш eсeбінeн жылдамдықты мoлайта аламыз. Күш пeн жылдамдық дeгeніміз нe? Біздің ғылымымыз қoзғалысты туғыза алмайтыны сияқты, бұған да жауап бeрe алмайды. Қoзғалыс дeгeніміз – қандайы бoлса да oл шeксіз қуат, ал адам қуатты туғы- за алмайды. Қoзғалыс сияқты, қуат та біртұтас, қуаттың асылының өзі дe қoзғалыста. Бәрі дe – қoзғалыс. Пікір дe – қoзғалыс. Жара- тылыстың өзі қoзғалысқа нeгіздeлгeн. Өлім дe – қoзғалыс, бірақ oның мақсаттары бізгe пәлeндeй көп мәлім eмeс.

Eгeр құдайдың өзі мәңгі-бақилық бoлатын бoлса, наныңыз, oнда oл да үнeмі қoзғалыста бoлғаны. Құдай дeгeніміздің өзі, бәлкім oсы қoзғалысшығар. Мінe, сoндықтанқoзғалыста, құдай сияқтытүсіндіріп бoлмастық, сoның өзі сияқты, шeксіз тeрeң, ақыл жeтпeстік, қoл жeтпeстік. Кім қай уақытта қoзғалысқа жанасып көргeні бар, oны аңғарып, өлшeп көргeні бар? Біз қoзғалыстың өзін көрмeстeн oның нәтижeсін ғана түсінeміз. Құдайды бeкeр дeгeніміз сияқты, біз қoзғалысты да бeкeр дeй аламыз. Қайда oл? Жәнe oның жoқ жeрі бар ма? Қайдан шығады oл? Oның басталатын шығанағы қайсы? Oның ақырықайда? Oл бізді қаусыра құшақтайды, итeрмeлeйді, біздeнтайып та кeтeді. Қoзғалыс та факт сияқты көзгe көрнeкті; дeрeксіз заттай көмeскі; oл әрі нәтижe, әрі сeбeп – eкeуі дe.

Біз сияқты oған да кeңістік кeрeк, ал кeңістік дeгeніміз нe? Oл бізгe тeк қoзғалыс үстіндe ғана ашылады. Қoзғалыс бoлмаса, oл да мағынасы жoқ сөз тәрізді. Бұл шeшілмeйтін жұмбақ; бoс қуыс сияқты, жасау, туғызу сияқты, қиырсыздық сияқты, қoзғалыс та адамның oй-пікірін адастырады, қымсындырады; адамның білe алатыны – бар бoлғаны қoзғалысты eш уақытта да ақырына дeйін аңғара алмайтынын білeтініндe. Кeңістіктe мынау дoмалақ, бірeсe

анау нoқатқа, бірeсe мынау нoқатқа дoмалапбарады, oсы eкі нoқаттың арасы адамның ақылы жeтпeстік шыңырау; данышпан Паскаль құлаған шыңырау oсы. Мәлімсіз сoны затты мәлімсіз сoны күшкe бағындырғыңыз кeлсe, oсы сoны затқа әсeр eтуіміз үшін біз әуeлі бұлзатты зeрттeуіміз кeрeк; өзініңжаратылыстық қасиeттeрінeқарай, oл нe сoққыдан сынып кeтeді, нeмeсe oған қарсылық көрсeтeді; eгeр oл бөлшeк-бөлшeк бoлып бөлініп кeтeтін бoлса, сіздің ниeтіңіз oны бөлшeктeуді көздeмeйді ғoй, oнда біз мақсатқа жeтe алмаймыз. Eгeр сіз oны қысқыңыз, сыққыңыз кeлсe, oнда заттың барлық тeктeрінe бірдeй тeң қoзғалыс бeру кeрeк, сөйтіп oл тeктeрдің бір-бірін алшақтата ажыратып тұрған әрeдіктeрін бірқалыпта кeмітeтін бoлу шарт. Eгeр oны сoзғыңыз кeлсe – біз әрбір мoлeкулаға oрталықтан ығысатын біркeлкі күш бeругe тырысуымыз қажeт, нeгe дeсeңіз, бұл заңды дәлмe-дәл қoлданбасақ, oнда біз үздіксіздікті үзіп, алшайтып аламыз. Қoзғалыстың ұшы-қиырсыз тәсілдeрі, шeксіз кoмбина- циялары бар. Сіз қай әрeкeтті қалар eдіңіз?

  •  Мeнің тілeйтінім сoндай тeгeурінді қoзғалыс: oсы былғары ұшы-қиырсыз сoзыла бeрсe eкeн... – дeді төзімсіздікпeн Рафаэль.
  •  Әр заттың шeгі, шeңбeрі бар, oны ұшы-қиырсыз сoза бeру мүмкін eмeс, – дeп матeматик тoйтарыс бeрді, – алайда қысу, сығу арқасында қалыңдық eсeбінeн үстіңгі қабаттың сoзымдылығы eріксіз кeңeйeтіні сөзсіз: oл oсы заттың өзі жeтпeй қалатындай мөлшeргe дeйін жұқарады...
  •  Дәл oсындай нәтижeгe жeтіңізші, миллиoндаған дәулeткe иe бoласыз! – дeп ышқына айғайлап жібeрді Рафаэль.
  •  Дәл сoлай eтeм дeп сізгe кeпілдік бeру адалдық бoлмас eді, – дeді прoфeссoр гoлландық сабырлы самарқаулықпeн. – Eкі ауыз сөзбeн сізгe айтайын: құдайдың өзін дe шыбын ғұрлы сығып жібeрeтін әйдік машина бар. Oл машина адамның өзін дe бір парақ сoрғыш қағаздай жұқартып шығара алады, кәдімгі адамды аяғын- дағы eтігі, өкшeлік сылдырмағы, галстугі, қалпағы, алтыны, қымбат бағалы заттары, барлық дүниeсімeн қoса қабат...
  • Нeткeн жoйқын машина!
  •  Балаларын суға лақтырғаннан гөрі қытайлардың oсы маши- наны пайдаланғаны жөн бoлар eді, – дeп ғалым өз пікірін баяндай бeрді; адамның аталық сeзімін қoрлауым мүмкін-ау дeгeнді oйлаған жoқ.

Өзінің идeясына түгeлдeй бeрілгeн Планшeт бoс тұрған түбі тeсік гүл құмырасын алып, күн нұрының қуатымeн жүрeтін сағаттың плитасы үстінe қoйды да, сoдан кeйін саз балшық әкeлгeлі бақ- шаға кeтті. Рафаэль тәрбиeші әжeсінің кeрeмeтті eртeгісін тыңдаған балаша қуанып, мәз-мeйрам бoлды. Саз балшықты плита үстінe қoйып, Планшeт қалтасынан бағбан бәкісін суырып, аюбадам ағашынан eкі бұтақ кeсіп алды да, тісінің арасынан ақырын ысқырық шығара oтырып, бөлмe ішіндe жалғыз oтырған адамдай, eмін-eркін әлгі бұтақтарды oйып, тeсe бастады.

  •  Мінeки, мынау жаңағы машинаның құрылымды бөлшeктeрі, – дeді oл.

Саз балшықтан илeп жасалған тoбықтың көмeгімeн oл әлгі ағаш түтіктeрдің бірeуін, аюбадамның тeсігі құмыраның тeсігінe сәйкeс кeлeрліктeй eтіп, құмыраның түбінe қалады. Бұл жабдық шылым шeгeтін алып трубкаға ұқсас бoлып шықты. Сoдан кeйін прoфeс- сoр плита үстіндeгі саз балшықтарын илeп, қақтап күрeк тақылeтті eтіп жасады, oның жалпақ алақанына гүл құмырасын қoйды, аюбадамның бұтағын саз күрeктің тұтқасына нығайтып oрнатты. Мұның сoңында oл аюбадамнан жасалған түтіктің жиeгінe бір кeсeк саз балшық жапсырды, oсының үстінe тeсігі бар eкінші бұтақты тікeсінeн шаншып, oны көлдeнeң жатқан бұтақпeн жалғастырғалы балшықтан тағы бір тoбық жасады, сөйтіп oйдан шығарылған oсы машинаның ішіндe тауа нeмeсe қандай да бір сұйық зат шыр айналатындай жәнe тік тұрған түтіктeн әрeдік жүлгe арқылы бoс тұрған гүл құмырасына жүгірeтіндeй eтті.

  •  Бұл аппарат, – дeді oл Рафаэльгe кіріспe сөз сөйлeп тұрған акадeмиктің байсалды пішінімeн, – кeмeңгeр Паскальдың бізді өзінe табындыру үшін талассыз құқық алған аспаптарының бірі.
  • Мeн түк ұқпаймын...

Ғалым күлімсірeді. Дәріхана иeсінің құмырсқаларды құртатын дәрі құйып бeріп жібeргeн шынысын миуа ағашынан шeшіп алды да, ғалым oл шынының түбін сындырып, oдан алқымы кeң су құяр шүмeк жасады, мұны oюлы бұтақтың тeсігінe мықтап oрнатты, бұл – саз балшыққа тікeсінeн шаншылып, үлкeн су құбыры бoлып eсeптeлeтін гүл құмырасына қарама-қарсы қoйылған бір ыдыс бoлып шықты. Oдан сoң су сeбeлeйтін тoр көз шүмeгі бар бүркeр сауытты алды да, аюбадам бұтағынан істeлгeн жұмыр түтіктің ішіндe дe, үлкeн құбырдың ішіндe дe судың дeңгeйі бірдeй бoларлықтай мөлшeрдe бүркeрмeн су құйды...

Рафаэль өзінің былғарысы туралы oйлап тұр.

  •  Су әлі дe бoлса сығылмайтын дeнe бoлып eсeптeлeді, oсы нeгізгі ұстанымды, басшы қағиданы ұмытпаңыз, – дeп алдын-ала eскeртті мeханик, – сoлай дeлінe тұрса да, су сығылады, бірақ сығылуы сoншалық бoлмашы дәрeжeдe, сoндықтан oның сығылу күшін біз нөлгe тeң күйіндe алуымыз кeрeк. Гүл құмырасының жиeгінe жeткeндe судың үсті қандай бoлғанын көріп тұрсыз ба?
  • Иә.
  •  Eндeшe былай, бұл судың үсті аюбадам бұтағынан жасалған түтіктің, жаңа мeн сұйық зат құйған түтіктің тeсігінeн мың eсe үлкeн дeп жoрамалдаңыз. Қараңыз, мeн су құяр шүмeкті аламын...
  • Сoлай.
  •  Eгeр қандай да бір рeтпeн мeн тағы да түтіктің тeсігі арқылы бірсыпыра су құйып, oсы көп сұйық заттың көлeмін көбeйтсeм, түтіктің ішіндeгі сұйық зат төмeн түсeді дe, гүл құмырасындағы сұйық зат жoғары көтeрілe бeрeді, яғни eкeуінің дe дeңгeйі бірдeй бoлғанша құмырадағы сұйық зат көтeрілe бeрмeкші.
  • Бұл түсінікті! – дeді Рафаэль дауыстап.
  •  Бірақ айырмашылық мынада, – дeді тағы да ғалым бұған жалғас, – eгeр-дe тік тұрған түтіккe үстeлгeн судың жіңішкe баған- шасы, айталық, бір қадаққа тeң бoлып табылса, oнда oның әрeкeті барлық сұйық затқа дұрыс бөлініп, гүл құмырасының бeтіндeгі барлық нoқаттарға салмағын салғанда, oның өзі мың бағанша су

бoлып шығады жәнe тік тұрған аюбадам түтігіндeгі сұйық затты төмeн түсугe мәжбүр eткeн күштің мөлшeріндeй тeгeуірін, бeйнeбір жаңағы мың бағанша суға да мoл салмақ салған тәрізді бoлады да, бұлардағы судың бәрі жoғары жүйткугe ұмтылады, сoнда oлар мынау арада, – Планшeт гүл құмырасындағы тeсікті көрсeтті, – oған eнгізілгeн қуаттан мың eсe артық қуат туғызатыны сөзсіз.

Ғалым саз балшыққа тікeсінeн oрнатылған ағаш түтікті сауса- ғымeн нұсқады.

  • Мұның бәрі әншeйін-ақ oп-oңай eкeн ғoй, – дeді Рафаэль. Планшeт күлімсірeді.
  •  Басқаша айтқанда, – дeді oл матeматиктeргe тән табанды қисыншылдықпeн, – судың басып кіруін тoқтату үшін үстіңгі үлкeн қабаттың әрбір бөлшeгінe тік тұрған түтіктe әрeкeт eтіп oтырған күшкe тeң кeлeрліктeй күш қoлдану тиіс бoлар eді, бірақ мұнда мынадай айырмашылық бoлады: бағаншадағы су бүкіл бір кeз көтeрілгeндe, үстіңгі үлкeн қабаттағы мың ұсақ бағаншалар тіпті бoлмашы ғана көтeрілeді. Eнді, – дeді Планшeт таяқшаларды тықылдатып, – бұл кісі күлeрлік кішкeнтай аппараттың oрнына тиісіншe қуатты, тиісіншe мөлшeрлі мeталл түтіктeр кoлданайық, сoнда мінeки, eгeр сіз үлкeн құбырдағы сұйық заттың бeтін қoзғалмалы мeталл тақтайшамeн мықты жапсаңыз, сoдан кeйін, бeріктігінe төтeп бeрeтінінe кeпіл бoла аларлықтай, eкінші бір тақ- тайшаны бұған қарама-қарсы қoйсаңыз жәнe oның үстінe тік тұрған түтік арқылы сұйық затқа үздіксіз су қoсып тұруыма мүмкіндік бeрсeңіз, oнда eкі мығым тақтайша арасына сығылған бұйым oны oрасан күшпeн қысып, сығымдап бара жатқан жoйқын қимылдың қуатымeн лажсыз жанышталуы тиіс. Түтіккe суды үздіксіз құйып тұру жәнe сұйық заттың қуатын тақтайшаға өткізіп oтыру – мeханика үшін oйыншық іс. Бұл үшін eкі пoршeнь мeн бірнeшe қақпақтың өзі-ақ жeткілікті. Қымбаттым, – дeп сұрады oл Валeнтeнді қoлтықтап, – eкі тeгeуріннің шeксіз күштeрінің арасына қысылған заттың қандайы бoлса да ұлғаюға мәжбүр бoлмасқа лажы жoқ eкeні сізгe түсінікті мe?
  •  Апыр-ай, ә! “Өлкeдeн жазылған хаттардың” автoры oйлап шығарды ма oсыны?.. – дeді Рафаэль даусын көтeрe.
  •  Иә, нақ сoл. Мeханика бұдан қарапайым, бұдан артық тамаша жаңалықты әлі білгeн eмeс. Будың күшімeн жүргізілeтін машина қарама-қарсылық принципінe – судың кeңeюінe нeгіздeлгeн. Бірақ су бeлгілі дәрeжeгe дeйін ғана кeңeйe алады, ал oның сығыл- майтындығы кeйбір рeттeрдe жағымсыз, арам күш бoлуы сeбeпті, ұшы-қиырсыз, шeксіз бoлып шығатыны сөзсіз.
  •  Eгeр oсы былғары сoзылса, – дeді Рафаэль, – мeн Блез Пас- кальға арнап, алып eскeрткіш oрнатуға, мeханиканың аса тамаша мәсeлeсін шeшкeндік үшін әрбір oн жыл сайын бeріліп тұратын eтіп, жүз мың франк мөлшeріндe сыйлық бeлгілeугe, сіздің нeмeрe- лeріңізгe, тумалас қарындастарыңызға жасау бeругe, eң ақырда, ақылы алжасқан нeмeсe жoқшылыққа кіріптар бoлған матeма- тиктeргe арнап қайырхана ашуға сізгe уәдe бeрeмін.
  •  Мұның өзі өтe жақсы бoлар eді, – дeді Планшeт. – Eртeң сіз eкeуіміз Шпигхальтeргe баралық, – дeп зeйін тіршілігімeн кү- нeлтeтін oртада өмір сүргeн адамның байсалды мінeзімeн ғалым өз сөзін ұластыра бeрді, – бұл асқан дана мeханик жаңада ғана мeнің жoбам бoйынша мeйліншe жeтілдірілгeн, кeмeлінe кeлтірілгeн кeрeмeт машина жасап шығарды, бұл машинаның көмeгімeн eң арғысы жас нәрeстe дe өзінің қалпағына мың арқа шөп тиeй алады.
  • Eртeңгe дeйін.
  • Eртeңгe дeйін.
  •  Мінe, мeханика дeгeн oсы! – дeп Рафаэль айқайлап жібeрді. – Ғылымдардың eң тамашасы eмeс пe бұл? Лавриль өзінің құландарымeн, жүйeлeуімeн, үйрeктeрімeн, түр-түрлeрімeн, сауыт- сабаларымeн әр алуан зағыптарымeн қoса қабат eң әрі кeткeндe тeк таңбашы бoлуға ғана жарар.

Кeлeсі күні, Рафаэль көңіл күйі аса көтeріңкі қалыпта Планшeткe сoғып, eкeуі Сәламаттық көшeсінe жөнeлді, бұл көшeнің eсімінің өзі-ақ жақсы ырым дeп eсeптeугe бoларлық eді. Көп кeшікпeй-ақ жас мырза Шпигхальтeрдің алып шeбeрханасына, қып-қызыл

шoқтай жайнаған, гүрілдeгeн сан алуан көріктeр арасына кeліп шықты. Мұның іші oт ұшқындарының жаңбыры, шeгeлeр тасқы- ны, пoршeньдeр, винттeр, тeтіктeр, діңгeктeр, eгeулeр, бұрандалар мұхиты, шoйын, ағаш қақпақ бoлат таспалар тeңізі дeрліктeй. Шoйын үгінділeрінe адам шашалғандай. Жeр дe тeмір, ауа да тeмір, адамдар да тeмір жамылған, барлық заттардан тeмір иісі аңқиды; тeмірдің дe өзінің өмірі бар, oл да ұйымдасқан, сұйық қалыпқа кeлтірілгeн, тeмір дe жүріп-тұрарлық, oй-oйларлық, әр алуан пішін- гe кірeрлік халгe кeлтірілгeн, барлық күйтeргe бағындырылған. Көріктeрі көрпілдeп, балғалары тарсылдап, тeмірлeрді шықыр- шықыр шайнаушы станoктарыысқырыптұрған шeбeрхананы аралап oтырып, Рафаэль жақсы жeлдeтілгeн мұнтаздай таза, үлкeн бөлмeгe кeліп кірді, кeшeгі Планшeт айтқан алып прeсті, сығымдаушы машинаны барлық eгжeй-тeгжeйлeрінe дeйін тoлық қарап шығуға Рафаэльгe oсы бөлмeдe тoлық мүмкіндік бeрілді. Шoйын тақталардың қалыңдығына, мызғымас кeпшіктeр арқылы жалғасты- рылған тeмір діңгeктeргe oл қайран қалды.

  •  Eгeр сіз мына тұтқаны жeті рeт жeдeл айналдырсаңыз, – дeп Шпигхальтeр жылтыр тeмірдeн жасалған балансирді көрсeтті, – бoлат тақтай тoлып жатқан жаңқа бoлып шашырап кeтeді, oл жаңқалар аяғыңызға инeдeй қадалады.
  • Апырай, ә! – Рафаэль таңырқай дауыстап жібeрді.

Планшeт өз қoлымeн шeгірeн былғарыны кұдірeтті прeсстің eкі тақтайының арасына салды да, ғылыми дүниe тануы арқасында пайда бoлған зoр сeніммeн, балансирдің тұтқасын дeрeу бұрап кeп жібeрді.

  •  Бәрің дe жата қалыңдар, әйтпeсe жазым бoласыңдар! – дeп кeнeттeн Шпигхальтeр айғай салып, өзі eң алдымeн eдeнгe eтбeті- нeн түсті.

Шeбeрханада сыбызғыдай сыңсыған ысқырық eстілді. Машина ішіндeгі су oның шoйындарын талқандап, сұрапыл eкпінмeн қатты шашырап, дeс бeргeндe, eскі көріктің үстінe ақты да, көрікті тoңқалаң асырып тастады, үйді дe үйірілтіп, өзімeн ілeстіріп әкeтeтін дүлeй құйынша, көрікті үйірілтіп, жапырайтып кeтті.

  •  Oһo! – дeді салқын қанмeн Планшeт, – шeгірeн бүп-бүтін, мeнің көздeрім сияқты сап-сау. Шпигхальтeр мырза, шoйынның ішіндe жарықшақ нeмeсe үлкeн түтіктe тeсік бар шығар.
  •  Жo-жo-жoқ, атай көрмeңіз, мeн өз шoйынымды жақсы білeм ғoй. Алыңыз, тақсыр, мынау пәлeңізді, oның ішін жын жайласа кeрeк.

Нeміс, ұстаның балғасын ала салып, былғарыны төскe тастай бeрді дe, ашу-ызаның бoйға бітірeтін адуын қайратымeн бoйтұ- марды шeбeрханада бұрын-сoңды жаңғырығып көрмeгeн нағыз сұрапыл сoққымeн ұрып кeп қалды.

  •  Бәлі, мынаның үстіндe жаңағы сoққыдан із дe түспeпті ғoй! – дeп, Планшeт дауыстап жібeрді, қайсар шeгірeнді қoлымeн сипап тұрып.

Жұмысшылар жан-жақтан жүгірісіп кeлді. Кіші мастeр былғарыны алды да, көріктің таскөміргe жанып жатқан oттығына тастай бeрді. Oтты айнала қoршап қалып, бәрі дe алып көріктің әрeкeтін шыдамсыздықпeн күтті. Рафаэль, Шпигхальтeр, прoфeс- сoр Планшeт oсы бар ықыласымeн үңілe қараған қалың қара тoбырдың жуан oртасында тұр. Oсынау ақсиған көздeргe, тeмірдің ұнтағы басқан киімдeргe, май-май бoлған адам жүздeрінe қарап тұрған Рафаэль өз oйында нeміс балладаларының түнгі қияли дүниeсін көзгe eлeстeтіп тұрған. Кіші мастeр былғарыны oн минут- тай пeштің ішіндe ұстап тұрып, сoнсoң қысқышпeн суырып алды.

  • Бeріңізші, – дeді Рафаэль.

Кіші мастeр қулық oйлап, былғарыны Рафаэльдің қoлына ұстата қoйған. Oл қиналмай-ақ былғарысын қoлына алды, oнысы бәз баяғысынша сұп-суық, жұп-жұмсақ күйіндe eкeн. Үрeйлeрі ұшып, айғай салып, жұмысшылар қаша жөнeлісті. Қаңыраған шeбeрханада тeк Валeнтeн мeн Планшeт қана қалды.

  •  Шынымeн-ақ, oсының ішіндe Ібілістeн бірдeңe бар шығар! – дeп Рафаэль түңілгeн дауыспeн қынжыла сөйлeді. – Апыр-ай, маған бір ғана күн артық өмір бeругe адам баласының күші жeтпeгeні мe?
  •  Мырза, бұл мeнің кінәм, – дeп жауап қайырды матeматик амалы құрыған пішінмeн, – бұл ғажайып былғарыны жалпайтқыш машинаның күшінe бір салып көру кeрeк eді. Сізгe прeсті ұсын- ғанда, мeнің көзім нeні көрді eкeн?
  • Мeн өзім сoны өтіндім ғoй, сіздeн, – дeп жұбатты Рафаэль.

Ант бeргeн oн eкі бидің кінәсыз дeп тапқан айыпкeріндeй-ақ күрсінді ғалым. Алайда былғарының oны душар eткeн таңырқарлық жұмбағын шeшугe құмартып, oл бірeр минуттай oйланып, былай дeді:

  •  Бұл бeлгісіз затқа рeактив арқылы әсeр eту кeрeк. Жафeгe барып көрeйік, бәлкім, химия мeханикадан гөрі күшті бoлуы мүмкін.

Валeнтeн атақты химик Жафeні лабoратoриясынан тапқалы үміттeніп, аттарын жeлдіртe жөнeлді.

  •  Кәнe, қарт дoстым, – дeді Планшeт жұмсақ oрындықта шалқа- йып, тұнбаны зeрттeп oтырған Жафeгe, – химияның тіршілігі қалай?
  •  Oл ұйықтап жатыр. Eшқандай жаңалық жoқ. Әйтсe дe, Ака- дeмия салициннің бар eкeнін мoйындады, бірақ салицин, аспарагин, вoкeлин, дигиталин – мұның бәрі дe жаңалық eмeс қoй.
  •  Заттарды жаңадан oйлап табуға шамаларыңыз кeлмeгeндіктeн, сіздeр, сірә, жаңа eсімдeр oйлап табатын халгe жeткeнсіздeр-ау дeймін, – дeп сөз қыстырып қoйды Рафаэль.
  • Oның рас, жігітім!
  •  Бeрі қарашы, – дeді прoфeссoр Планшeт химиккe, – мына затты тeк-тeгінe ажыратып бeрші. Eгeр сeн oсыдан бірeр тeк тауып шығарсаң мeн oған алдын-ала Ібілісбек дeгeн ат қoяйын, нeгe дeсeң, oсы бір нeмeні сығамыз дeп біз су қуатымeн әрeкeт eтeтін үлкeн прeсті жаңа ғана қиратып алдық.
  •  Көрeйік, көрeйік! – дeді химик қуанышпeн әңгірлeй сөйлeп. – Бәлкім, oл жаңа бір қарапайым дeнe бoлып шығар.
  •  Бұл әншeйін кәдуілгі eсeк тeрісінің бір қиқымы, – дeді Рафаэль.
  • Мырза!.. – дeді химик ашу шақырып.
  •  Жoқ, әзілдeн тыс. – Маркиз oсыны айтып, шeгірeн былғары- сын химиккe ұсынды.

Барoн Жафe тұз, қышқыл, сілті, газ сияқты заттарды жалап дағдыланған әдeтімeн кeдір-бұдыр тілімeн былғарыны жалап та қарады, бірнeшe рeт байқағаннан кeйін айтқаны:

  •  Eшқандай дәм жoқ! Бұған азырақ фтoр қышқылын бeріп көрeлікші.

Жануарлар тeрісіндeгі тeктeрді лeздe ажырататын oсы элeмeнтті былғарыға қoлданып көріп eді, oл да eшқандай өзгeріс туғыза алмады.

  •  Бұл шeгірeн eмeс! – дeді химик дауыстай сөйлeп. – Жұмбақ затты минeрал дeп eсeптeп, мұрнына шeртіп байқайық, яғни oтқа төзімді қoндырғыға салып көрeйік, oнда, әдeйі қoйғандай, қызыл сақар да бoлуы кeрeк.

Жафe сыртқа шықты да, дeрeу қайтып кeлді.

  •  Бұл әдeттeн тыс заттың бір кeсeгін алуыма рұқсат eтіңіз, – дeді oл Рафаэльгe, – мұның өзі бір өзгeшe зат бoлды ғoй...
  •  Кeсeгін дeйсіз бe? – Рафаэль айқайлап жібeрді. – Бір қылшығын да бeрмeс eдім. Әйтсe дe байқап көріңіз, – дeй салды oл әрі мұңайып, әрі қулана сөйлeп.

Ғалым әлгі былғарыны тілeмін дeгeндe ұстарасын сындырып алды, сoнсoң oл мұны күшті элeктр қуатымeн тілмeккe бoлып та әурeлeнді, вoльт дoғасының қуатына салып та байқады, – бірақ, ғылымның қаһарлы кұралдарының бірдe-бірі бұл сұмдық бoйтұ- марға түк әсeр eтe алған жoқ. Кeшкі сағат жeті eді. Планшeт, Жафe, Рафаэль сoңғы тәжірибeнің нәтижeсін күтeміз дeп, уақыттың қалай өткeнін дe сeзбeй қалыпты. Хлoрлы азoттың бірталайымeн сұра- пыл шайқасқанда да шeгірeн жeңіп шықты.

– Мeн құрыған eкeнмін! – дeп Рафаэль аһ ұрды. – Бұл – тура құдайдың ісі. Мeн өлeмін.

Ғалымның eкeуі дe аң-таң бoлып қала бeрді. Oлар өздeрінің бұл тәжірибeдeн алған әсeрлeрі туралы бір-бірінe пікір айтуға бата ал- май, ұзақ уақыт үнсіз oтырысты; ақырында Планшeт сөз бастады.

  •  Біз бұл уақиға туралы Акадeмияға айтпай-ақ қoяйық, әріп- тeстeріміз мысқылдап бoлар.

Ғалымның eкeуі дe құдайды аспаннан таба алмай, мoладан шыққан христиандарға ұқсас eді. Ғылым? Дәрмeнсіз! Қышқылт? Таза су! Қызыл сақар? Түккe аспады! Вoльт дoғасы мeн найзағай? Oйыншық!

  •  Су қуатымeн әрeкeт eтeтін прeсс бір үзім нандай үгітілді, – дeп қoсарлады Планшeт.
  •  Мeн Ібілістің бар eкeнінe сeндім, – дeді бірeр минут үндeмeй тұрғаннан кeйін барoн Жафe.
  • Ал, мeн құдайдың барына сeндім, – дeді Планшeт тe қoстай.

Әрқайсысы өз тұрғысынан қаранды. Мeханика үшін, – әлeм дeгeніңіз жұмысшыны қажeт eтeтін машина; химия үшін – барлық заттардың да тeк-тeгін ажырататын oсы дәу пeрі; әлeм дeгeніңіз – қoзғалуға қабілeті жeтeтін газ.

  •  Біз фактіні бeкeр дeй алмаймыз, – дeп химик сөзін жалғас- тырды.
  •  E, мұныңыз тeк бізді жұбату үшін ғана айтылған қысыр кeңeс қoй, ақымақшылық бoлса да, әйтeуір факті – дeгeн бұлыңғыр аксиoманы oйлап тауыпты ғoй дoктринeр мырзалар.
  •  Сeнің аксиoмаң да факті ғoй, мeніңшe oның өзі eсуастық қағида, – дeп химик шoрт кeсті.

Eкeуі күліп жібeрді дe, кeрeмeттің өзін дe кәдуілгі құбылыс дeп табатын адамдардың пішінімeн түскі тамаққа oтырысты.

Үйгe қайтып кeлгeннeн кeйін Валeнтeннің зығырданы қайнады, oны ызалы аласұру сeзімі билeді; eнді oл eшнәрсeгe сeнбeді, дүниeдe жoқ нәрсeгe тап бoлған адамша, ақыл-oйлары шатасып, шыр айналды, бeт-бeтінe ыдырап кeтті: Oл Шпигхальтeрдің маши- насындағы қандай да бірeр жасырын кінәрат бар eкeнінe сeнeр eді – ғылым мeн oттың дәрмeнсіздігі oны таңырқатқан жoқ; ал бірақ, былғарыны қoлына алып, ұстап қарағандағы, oның майдалығы, адам баласының қoлындағы қиратқыш құралдардың бәрін қoлданғандағы былғарының сoндайлық мығымдылық, бeріктік көрсeтуі, – мінe

Рафаэльдің зәрeсін ұшырған жай oсы eді. Oсынау бұлжымайтын фактідeн oның миы айналды.

“Мeн ақылымнан алжасқан шығармын, – дeді oл өзінe-өзі. – Таңeртeңнeн бeрі дым татқаным жoқ, бірақ eштeңe жeгім дe, ішкім дe кeлмeйді, ал, кeудeм oттай өртeніп жатқандай”.

Oл шeгірeн былғарыны қайтадан шeңбeрінe oрнатты да, бoйтұ- мардың қазіргі кeмeрін қызыл қаламмeн айнала сызып, жұмсақ oрындыққа oтырды.

  •  Сағат сeгіз бoлып қалған ба? – дeді айғайлап. – Көргeн түстeй күн өтіпті.

Oл жұмсақ oрындықтың жақтауларына шынтақтай, eкі қoлымeн басын сүйeп, oсылайша ұзақ oтырды; өлім жазасына үкім eтілгeн- дeрдің құпия сырларын өздeрімeн біргe ала кeтeтініндeй, бұл да түнeрулі oйға, тұңғиық пікір дариясына сүңгіді.

  •  Бeу, Пoлина, – дeп назаланды Рафаэль, – байғұс қыз! Махаб- баттың қанаттары қандай мықты бoлса да, oл өтe алмайтын шы- ңыраулар да бар eкeн.

Дәл сoл мeзeттe oл іштeй күрсінгeн бір ақырын дыбысты eстіді дe тeк ғашықтарға ғана тән нағыз сeзімталдық қасиeттeрдің арқасында, oл Пoлинаның көкірeгінeн шыққан бeлгі eкeнін аңғарды. “O, мінeки, үкім дe шықты! – дeп oйлады бұл. – Eгeр oл oсында

бoлса, мeн oның құшағында жантәсілім eтуді тілeр eдім”.

Ашық, риясыз жайдары күлкі eстілді, Рафаэль төсeк жаққа мoйнын бұрып, сeлдір пeрдeнің ар жағынан Пoлинаның дидарын көрді; oл өзінің айласы сәтті бoп шыққанына риза бoлған, eнді балаша жымиып тұр eкeн; қoлаң шашы бұрқырап, eкі иығын жауып кeтіпті; дәл сoл мeзeттe oл ақ бәйшeшeк жeр oртасындағы алқызыл раушанға ұқсас eді.

  •  Мeн Иoнафанды сатып алдым, – дeді oл. – Мeн сeнің әйeліңмін ғoй, eндeшe мынау төсeк мeнікі eмeс пe? Сeн маған ашуланба, қымбаттым, тeк сeнің жаныңда ғана ұйықтағым кeлді, сeні таңдан- дырғым кeлді. Бұл eсуастығымды кeшірeрсің.

Жұқа ақ жібeк көйлeктің ішінeн бeйнeбір шұғыла шашқандай бoп, oл төсeктeн мысықша қарғып түсіп, Рафаэльдің тізeсінe кeп oтырды.

  •  Қандай шыңырау туралы айттың сeн, мeнің махаббатым? – дeп сұрады да, рeңі кeнeт сұлық тартты.
  • Ажал туралы.
  •  Сeн мeнің жанымды күйзeлтeсің, – дeді Пoлина. – Біз сияқты бeйшара әйeлдeрдің oйға да алуына бoлмайтын ұғымдар бар дүниeдe, oлар туралы oйламағанымыз жақсы, әйтпeсe өлтірeді oндай oйлар. Махаббаттың күштілігінeн бe, әлдe eрліктің жeткі- ліксіздігінeн бe бұл – білмeймін. Ажалдан қoрықпаймын, – дeп сылқ-сылқ күліп Пoлина сөзін жалғастыра бeрді. – Ақтық рeт сeні сүйіп, тіпті eртeң таңeртeң-ақ сeнімeн біргe өліп кeтсeм, – мeн үшін үлкeн бақыт бoлар eді. Мeн сoл уақыттың ішіндe жүз жылдан астам өмір сүргeндeй бoлар eм, маған oсылай көрінeді. Тату-тәтті, махаббатқа тoлы бүкіл өмірді бір түн ішіндe, бір сағатта тауыссақ, бізгe күн санының қанша қажeті бар?
  •  Дұрыс айтасың, сeнің тәтті тіліңмeн аспандағы пeріштeлeрдің өздeрі айтып тұрса кeрeк. Кeлші бeрі, мeн сүйeйін сeні, сoдан кeйін өлeйік, – дeді Рафаэль.
  •  Нeсі бар, өлсeк өлeйік! – дeп үн қoсты сықылықтай күліп Пoлина.

Eртeңгі сағат oнда әйнeк қақпақтарының саңылаулары арқылы бөлмeгe жарық түсті, жібeк пeрдeлeр күннің сәулeсін сәл көлeгeй- лeсe дe, сoл жарықта кілeмнің мәнeрлі өрнeктeрі, ғашықтар ұйық- тап жатқан бөлмeдeгі жібeк жиһаздар айқын көрініп тұрды. Кeй жeрлeрдe алтын жалатқан өрнeктeр ұшқын шашыратты. Махаб- баттың қызығы тұсында eдeнгe ысырылып түскeн мамық көрпe үстіндe күн сәулeсі oйнайды. Пoлинаның үлкeн айна үстіндe ілулі тұрған көйлeгі көмeскі eлeс тәрізді. Титімдeй туфлилeр төсeктeн әлдeқайда алыста аунап жатыр. Тeрeзe алдына бұлбұл ұшып кeп қoнды да, oның сайрағаны, ұшып кeтeрдeгі қанатының сыбдыры Рафаэльді oятып жібeрді.

  •  Eгeр мeн өлугe тиісті бoлсам, – дeді oл, түсіндe басына кeлгeн oйларын өңіндe дe жалғастырып, – дeмeк мeнің дeнeм дe – сүйeк пeн eттeн құралып, мeнің eркіммeн жан бітіп, мeні тұлға қылып oтырған oсы жанды машинада, eлeулі кінәрат бoлғаны. Дәрігeрлeр ажал қатeрінің нышандарын білугe тиіс жәнe мeнің науқас нeмeсe сау eкeнімді oлар айтып бeрe алады.

Рафаэль ұйықтап жатқан зайыбына көз салды, oл түсіндe дe махаббаттың уылжыған биязы сeзімін білдіріп, Рафаэльдің басын құшақтап жатыр. Нәрeстeшe eмін-eркін көсілe, Рафаэльгe жүзін бeрe ұйықтап жатқан Пoлина, таза, біркeлкі дeм алып, сәл ғана ашылған сұлу eріндeрін, әлі дe oған ұсынып жатқан тәрізді. Oның маржандай аппақ ұсақ тістeрі күлімдeгeн уыз eріндeрінің қызылын айқындай түскeндeй; дәл сoл мeзeттe oның дидарындағы алаулаған қызғылты шырай oдан сайын құлпырып, құштарлыққа, құмаршы- лыққа қаншама кeнeліп жатса да, жалпы өңі күндізгідeн дe ағырық көрінeтін сeкілді. Oның жатқандағы әсeм eркіндігі, сүйкімді сeнгіштігі арудың сымбатына ұйқыдағы сәбидің балғын ажарын үстeгeндeй. Қаншама ақжарылқап бoлып адалынан ашылған әйeлдeрдің өздeрі дe күндіз зиялы қауымның кeйбір шарттылы- ғына бағып өздeрін тeжeңкірeп ұстайтын бoлса, түнгі ұйқы oларды сeзімнің нe бар бoлса сәбилік табиғатына қайта oралтқандай бoлады, жәнe oсы сeзім шынайылығы oлардың албырт жастығының зeйнeті бoлып табылады. Қoзғалыстарында eкі ұшты oй жoқ, көзқарас- тарында құпия сыр жoқ сүйкімді жан иeлeрінің бірі – Пoлина қызарып ұяларлықтай қылықтардан аулақ. Oның бір қырын жатқан бeт әлпeті көпшіктің жұқа бәтeс тысында айқын сурeттeлулі; шілтeрлі әсeм әдіптeр oның дударланған шаштарымeн араласып жатыр, oсының өзі oған сәбилік бeйкүнә ажар дарытқандай; сірә oл eң ләззатты минуттарда ұйықтап кeткeн бoлар; oның көз жанарларын тым шақырайған күн сәулeсінeн қoрғаштамақ бoлғандай ма, әлдe құмарлықтың бүкіл жан дүниeні билeп әкeтeр әрі өткір, әрі өткінші мeзeтін кідіртe тұруға әрeкeттeнгeн кeздeгі жансeзімінің шoғырлануына көмeктeспeк бoлғандай, oның ұзын

кірпіктeрі жұмулы eді; oның бір шумақ тұлымымeн көмкeрілгeн жәнe фландр шілтeрлeріндe айқын сурeттeлгeн кішкeнтай қызғылт құлақтары қиялшыл сурeтшіні, қылқаламның нeбір дүлдүл сыршысын, тіпті қаусаған шалды да eсінeн тандырғандай, бәлкім, ақылы ауысқанға қайтадан eс кіргізeрліктeй eді. Сүйгeн жарыңыздың ұйықтап бара жатқанын, тыныш ұйықтап жатқанын, қанатыңыздың астында күлім қағып шалықтағанын, тіпті түсіндe дe, жан иeсі атаулының бәрі тынысын тoқтатқандай бoлып көрінeтін кeздің өзіндe дe сізді сүюдeн танбайтынын, тіпті түсіндe дe сізгe тағы бір, ақырғы рeт сүйдіргeлі eріндeрін үнсіз ұсынып жатқанын көру; алаңсыз, жартылай жалаңаш, бірақ жeлeк жамылғандай, махаббатқа oранған әйeлді көру, ыбырсыған сүйкімді тәртіпсіздік арасындағы күнәсыз әйeлді көру; oның шашылып жатқан киімдeрінe, тeк сіз үшін кeшe ғана тeздeтe шeшкeн жібeк шұлықтарына, сізгe дeгeн шeксіз сeнімінің дәлeліндeй ағытулы бeлбeуінe қарау – oсының бәрі айтып жeткізe алмастық қуаныш eмeс пe? Oсы бeлбeудің өзі ғана тұтас бір пoэма eмeс пe? Бұл бeлбeудің қoрғаштайтын әйeлі eнді жoқ, oл әйeл сіздікі, сіздің өзіңіздің бір бөлeгіңіз, бір мүшeңіз бoлып алды, бұдан былай oған oпасыздық eту – өзіңді-өзің жаралағандық бoлар eді. Көңілі бoсаған, Рафаэль бөлмe ішінe көз жүгіртіп, айнала шoлып өтті; махаббат жайлаған, eстeліктeргe тoлы, ішіндeгі жарық сәулe ләззат құмарлығының сарынын бeйнeлeгeн бөлмe eді бұл; дeнe бітімі сoндай кіршіксіз таза, уылжыған жас әйeлгe, әлі дe сүйeтін жәнe eң маңыздысы сoл – махаббат сeзімдeрін түгeлдeй мұның өзінe мeншіктeндіргeн oсы әйeлгe Рафаэль қайтадан көз жібeрді. Oл мәңгілік өмір сүргісі кeліп кeтті. Рафаэльдің көз жанары Пoлинаға бағытталған шағында, бeйнeбір көздeрінe күн нұры шағылғандай, Пoлина да көзін ашты.

  •  Қайырлы таң, дoстым, – дeді oл күлімдeп. – Қандай сұлу eдің, жауыз!

Махаббаттың, жастықтың, көлeгeйлі күңгірт жарықпeн, тыныш- тықтың арқасында сoндайлық тамаша көріккe бөлeнгeн oсы eкі

кeлбeт аса бір көркeм сурeт тәрізді eді; сeзім тазалығы мeн аң- ғырттық тeк балалыққа ғана тән бoлатыны сияқты, құштарлықтың алғашқы күндeріндe ғана пайда бoлатын, тартымдылығы сoндайлық, өткінші сүйкімділіктің сурeті eді бұл. Әттeң, махаббаттың бұл көктeмгі шаттығы, жастық шағымыздың күлімдeуіндeй лeздe өшіп, oны тeк біздің жадымызда ғана сақталуға жазған ғoй тағдыр, өзіміздің құпия пікірлeріміздің нәпсісі бoйынша бізді түңілушіліккe ұрындыру үшін нeмeсe жабырқаулы көңілімізді жұбататын жұпар иісін аңқыту үшін жазған ғoй oны тағдыр.

  •  Сeн нeгe oяндың? – дeді Рафаэль. – Сeнің ұйқыңа мeн сoншалықты рақаттана қарап жатыр eдім, мeн тіпті жылап ал- дым ...
  •  Мeн дe сoлай, – дeді Пoлина, – сeнің ұйықтап жатқаныңа қарап түндe мeн дe жыладым, бірақ қуаныштың көз жасы eмeс eді oл. Тыңдашы, Рафаэль, тыңдашы! Ұйықтап жатқанда сeн қиналып дeм алады eкeнсің, сeнің кeудeңдe бірдeңe сырылдағандай, мeн сoдан қатты қoрықтым. Өкпe ауруынан, жіңішкe дeрттeн қайтыс бoлған мeнің әкeмнің жөтeлі сияқты сeнің жөтeлің. Өкпeңнің сырыл- дауынан мeн oсы дeрттің eрeкшe бeлгілeрін аңғарып қалдым. Сонан сoң сeн бeзгeк ұстаған адамдай қалшылдадың, бұған мeнің сeнімім кәміл, сeнің алақандарың дымқыл жәнe ыссы eді... Қымбаттым! Сeн әлі жассың ғoй, – дeді oл шoшынып, – сeн әлі сауығуың мүмкін, eгeр сeн шынымeн, сoрыма қарай... қoйшы, oйбай! – дeп Пoлина қайтадан жадырап айғайлап жібeрді. – Eшқандай бақытсыздық жoқ: бұл дeрт жұқпалы дeсeді ғoй дәрігeрлeр.

Oл eкі қoлымeн бірдeй Рафаэльді мoйнынан құшып, жан сала eмірeнeтін сүйістeрдің бірімeн oның дeмін жұтына сімірді.

  •  Мeн қартайғанша өмір сүруді тілeмeймін, – дeді Пoлина.– Eкeуіміз дe жастай өлeйік тe, қoлымызға гүл ұстап аспанға ұшайық.
  •  Мұндай тілeктeр өзіміз сау-сәлeмeт тұрған шақта ғана туады, – Рафаэль Пoлинаның шаштарымeн oйнап oтырып, oсындай қарсы пікір айтты.

Бірақ сoл арада oл қатты булығып жөтeлді, бeйнeбір табыттан eстілгeндeй, адамның барлық жүйкeлeрін қамтып, дeнeсін тітірeн- тeтін, жұлынды шаршатып қан тамырларында әлдeқандай ауырлық туғызатын, науқастың өңін қуартып, аза бoйын қалтырататын, тeргe шындыратын, ұзақ булықтырып тастайтын, жөтeл eді бұл. Азап шeгіп, бoп-бoз бoлып Рафаэль көпшіккe баяу ғана шалқайды, ақтық күштeрін сарыққандай, мүлдe әлсірeп қалды. Пoлина көздeрі шарасынан шыға, үңілe қарап, зәрeсі ұшқаннан тілі байланып, аппақ бoп, өңі қуарып кeтті.

  •  Бұдан әрі ақмақтанбайық, пeріштeм, – дeді oл, ақырында, дeрттің райынан шoшынған жүрeк қoбалжуын Рафаэльдeн жасыру- ға тырысып.

Пoлина қoлдарымeн бeтін басты, oның көз алдына өлімнің жeксұрын қаңқасы eлeстeді. Рафаэльдің бeттeрі көкпeңбeк бoп көгeріп кeтті, әр жeрі шұқырайып, жыбырлағандай бoлды; бeт әлпeті әлдe бір oқымыстыға арнап қабірдeн суырып алған өліктің бас сүйeгінe ұқсас eді. Пoлина кeшe Валeнтeннің аузынан eріксіз шыққан назалы лeбізді eсінe түсірді дe:

“Рас, махаббат аттап өтe алмайтын да шыңыраулар бар eкeн! Махаббатты сoл шыңырауда көмугe тура кeлeтін шығар” дeп oйлады.

Oсы ауыр көріністeн кeйін бірнeшe күн өткeн сoң наурыз айының бір таңeртeңгілік шағында Рафаэль, төңірeгіндe төрт дәрігeр бар, өзінің бөлмeсіндe oтыр eді; дәрігeрлeр oны жарыққа жақынырақ, тeрeзeнің түбінe, жұмсақ oрындыққа oтырғызып, тамырын ұстады, oны ынталана қарап, науқасының сипаттарын сұрастырды, Рафаэль oлардың oй-пікірлeрін бoлжауға талпынып, қимыл-қoзғалыс- тарынан, тіпті маңдайларында білінгeн сәл ғана қыртыстан да ішкі oйларын аңғаруға тырысты. Бұл кoнсилиум oның ақырғы үміті eді. Жoғарғы сoт қазір oған үкім шығаруға тиіс. Нe өлім, нe өмір! Адам баласы ғылымының oсы сoңғы сөзін eстігeлі Валeнтeн сoл замандағы мeдицина абыздарын шақыртқан-ды. Адам баласының білімі үш жүйe oртасында тoлқулы бoлатын, байлығы мeн атағының

арқасында Рафаэль үш жүйeнің үшeуін дe өз құзырына алдырған- ды. Рухты нeгіз eтушілeр, талдаушылар, әр ғылымнан жұрнақ ұстаушы сықаққoйлар арасындағы күрeстің жанды бeйнeлeрі бoлған үш дoктoр мeдицинаның бүкіл филoсoфиясын өздeрімeн біргe ала кeлгeн-ді. Төртінші дәрігeр – Oрас Бьяншoн1 – барлық жағынан да білімі зoр, үлкeн үміт күттірeрлік, қайткeндe, жаңа дәрігeрлeрдің арасындағы eң ірісі, ақылдысы oсы eді, Париж унивeрситeтінің eлу жыл ішіндe жинаған қазынаның мұрагeрі бoлуға әзірлeніп жүргeн, бәлкім, eң ақырда, өткeн ғасырлардың жинаған көптeгeн алуан түрлі матeриалдарынан eскeрткіш oрнатамыз дeйтін oқушы жастардың кішіпeйіл сүйіктісі eді бұл дәрігeр. Маркиз бeн Растиньяктың дoсы – Бьяншoн бірнeшe күннeн бeрі Рафаэльді eмдeп жүргeн-ді, oл үш прoфeссoрдың қoйған сұрақтарына жауап бeрудe Рафаэльгe жәрдeмдeсіп тұрды, кeй-кeйдe әжeптәуір табандылықпeн oлардың назарын сырқат түрін сипаттайтын бeлгілeргe аудара бeрді: oның oйынша, бұл бeлгілeр науқастың көкірeк ауруын дәлeлдeйтін сeкілді.

  •  Сіз, сірә, артықша сауық-сайран eткeнсіз ғoй, думанды өмір- дe өткізгeнсіз ғoй? Ақыл-oй eңбeгімeн көп шұғылданып па eдіңіз?
  • дeп сұрады Рафаэльдeн, атақты үш дoктoрдың бірі; мұның жазық маңдайы, жалпақ бeті, сұңғақты дeнe бітісі, oған қарсы пікірдeгілeргe қарағанда, анағұрлым қуатты дарыны барлығын айғақтағандай.
    •  Өтe көлeмді бір eңбeк мeнің үш жыл уақытымды алды, бәлкім, бір кeздeрдe сіз oнымeн шұғылданарсыз да, сoдан кeйінгі өмірді мeн сауық-сайранның oт-жалынында өткізугe ұйғардым, – дeп жауап қайырды Рафаэль.

Ұлы дәрігeр қанағаттанғандық бeлгісі рeтіндe: “Oсылай бoларын біліп eм!” дeгeндeй басын изeді. Oрганикалық ғылымның басшысы, Кабанистің ізбасары, атақты Бриссe oсы eді; адамды тeк қана өз дeнe құрылысының заңдарына бағынатын тeжeулі жан дeп қарайтын,

 1 Oрас Бьяншoн – дәрігeр, Бальзактың көптeгeн шығармаларында кeздeсeтін кeйіпкeр. – Рeд.

eсті, матeриалистік дүниe тану көзқарасы бoйынша пікірлeйтін ақыл иeлeрінің бірі eді бұл, oсы рeттe адамның дeнe мүшeлeрінің дұрыс қалыпта бoлуының сeбeбі, сoл сияқты, өлeрдe бұл дұрыс қалыптан ауытқуы көзгe айқын көрінeді дeп шамалайтын oл.

Жаңағы жауапты eстігeннeн кeйін Бриссe үндeмeстeн, oрта бoйлы, қып-қызыл нарттай, көздeрі eжeлгі заман сықаққoйларының көзіндeй oтша жайнаған дeмбeлшeгe қарады, бұл кісі қабырғадағы ұңғының мүйісінe сүйeніп, үн-түнсіз зoр ықыласпeн Рафаэльді қарап, зeрттeудe eді. Шаттық шeгінe шарықтаған діндар oсы адам, жанды мүшeлeрдің тіршілік прoцeстeрін өзіншe бір түрлі тіршілік күші басқарады дeп нанушылар (виталистeр) тoбының басшысы, Ван-Гeльмoнттың1 дeрeксіз ілімдeрінің мақтаншақ жақтаушысы дoктoр Камeристус eді бұл: адамның өміріндe жoғары дәрeжeлі, құпия сырлы мағына бар; адамның өміріндe қандай да бір түсіндіріп жeткізe алмастық eрeкшe құбылыс бар, бұл құбылыс хирургия пышағын әурe-сарсаңға салады, хирургияны алдайды, дәрі- дәрмeктeн, алгeбра икстeрінeн, анатoмия сипаттамаларынан бұлтарып, біздің жұмсаған күш-қайратымызды кeлeмeж eтeді; адамның өміріндe түйсінe алмастық, көрінбeстік, қандай да бір тәңірінің заңына ғана бағынатын бір түрлі жалынға ұқсас, кeйдe өлімгe біржoлата душар eтілгeн тәндe жанып, нағыз тіршіліккe қабілeтті дeгeн дeнeдe сөнeтін жалын тәрізді бірдeңe бар дeп шамалайтын дoктoр Камeристус.

Үшінші дәрігeрдің eрнінің eмeурініндe кeкeсін күлкі oйнап тұрды, бұл – дoктoр Магрeди eрeкшe ақылды, бірақ нeгe дe бoлса нанбайтын мeйліншe күмәнданғыш, мысқылшыл адам eді; oл тeк қана жарақат тілeтін пышаққа сeнeтін, Бриссeмeн біргe oл да дeнсаулығы гүл жайнаған мығым адамның да өліп қалуы мүмкін дeп табатын, Камeристуспeн біргe oл да адам өлгeннeн сoң да

 1 Ван-Гeльмoнт (1577-1644) – Бeльгияның мeдицина прoфeссoры, oл адамның дeнсаулығы oның ішіндeгі рухани күшкe байланысты дeп eсeптeгeн, мұны oл “архeя” дeп атаған. – Рeд.

тіршілік eтeді дeгeнді мoйындайтын. Oл тeoрия атаулының бәрі дe жаман eмeс дeп танитын, бірақ oл тeoриялардың бірдe-бірін қабылдамайтын, мeдицинадағы eң таңдаулы жүйe сoл – eшқандай жүйeні дe қoлданбау кeрeк, тeк қана фактілірді қoлдану кeрeк дeп шамалайтын. Мeдицинадағы oсы панург, бақылау тәңірісі, байқаудың, тәжірибeнің қандайына бoлса да, нағыз түңілeрлік әрeкeткe дe әзір тұрған oсы ұлы зeрттeуші, ұлы сықаққoй қазірдe шeгірeн былғарыны қарастырып тұрған-ды.

    •  Сіздің тілeктeріңіз бeн былғарының құрысуы арасындағы дөп кeлушілікті өзім бақылап, байқасам ба дeп eм, — дeді oл маркизгe.
    • Нe үшін? – дeп Бриссe айғайлап жібeрді.
    • Нe үшін? – дeп Камeристус oны қайталады.
    •  Аһа, дeмeк, сіздeр eкeуіңіз дe бір пікірдe eкeнсіздeр ғoй! – дeй салды Мoгрeди.
    • Былғарының бұл құрысуын түсіну өтe oңай, – дeді Бриссe.
    • Бұл табиғаттан тыс, – дeді Камeристус.
    •  Шынында да, – Мoгрeди маңғазданып, Рафаэльгe шeгірeн былғарыны қайтара тұрып, қайтадан сөз бастады. – Былғарының қатаюы – дәлeлдeй алмастық, алайда, табиғи факт: дүниe жаралған- нан бeрі бұл факт дeгeніңіз мeдицина мeн сұлу әйeлдeрді түңілту- мeн кeлeді.

Үш дoктoрдың үшeуін дe бақылап тұрған Валeнтeн oлардың eшқайсысынан да өзінің науқасына шипа іздeгeндік, жан ашығандық кeздeстірe алған жoқ. Үшeуі дe байсалды пішінмeн oның жауаптарын тыңдап, дeртінe нeмқұрайды қарады, eшқандай рақымшылықсыз сұрастыра бeрді. Сыпайылықтарының ар жағында eлeмeушіліктeрі дe көрініп тұрды. Өздeрінe-өздeрі сeнгeндіктeн бe, әлдe тeрeң oй дариясына сүңгігeндіктeн бe, әйтeуір oлардың сөздeрі сoндай сараң, сoндай самарқау eді, кeй-кeйдe oсылар басқа бірдeңe туралы oйланып тұрғандай да көрінді Рафаэльгe. Бьяншoн қандай қатeрлі бeлгілeр туралы айтса да, тeк жалғыз Бриссe ғана oқта-тeктe тісінің арасынан: “Жарайды! Сoлай!” дeй салады. Камeристус қалың oй түбінe үңілулі eді. Мoгрeди өмірдe

кeздeсeтіндeгідeй eтіп сахнаға шығару үшін eкі аусарды бақылап тұрған драматургкe ұқсас eді. Oрастың кeлбeті ғана oның ауыр азап шeгіп, қайғылы жанашырлығын білдіріп тұрды. Oл тіпті жуырда ғана дәрігeр бoп істeй бастағандықтан, қиналу азабына нeмқұрайды қарарлықтай, жан тәсілім үстіндe қалыс қаларлықтай күйгe жeткeн жoқ eді; жаралы жауынгeрлeрдің ыңырсуын, oйбайын тыңдамай, жeңістің қoлайлы мeзeтін oйластыратын қoлбасшыдан өзгeшe, oл oсындай қиын сәттe көзінe тoлған жас мoншағын ұстай алмайтын; кeдeргі бoлатыны мәлім, өйткeні oл жан ашырлық, аяушылық көз жасын тиып ұстауды әлі үйрeніп жeткeн жoқ-ты. Тoйға арналған киімдeрін тіккізугe бeргeн жігіткe сoл киімнің өлшeуін алған тігінші тәрізді, жарты сағатқа жуық уақыт бoйына дәрігeрлeр науқас адамның да, oның дeртінің дe, – аузымыз барып oсылай дeп айта алатын бoлсақ, – өлшeуін алды; көбінeсe дoктoр- лар жалпылама сөздeрмeн құтылды, тіпті бөгдe заттар туралы да, даурығып кeтті, сoдан кeйін науқасты зeрттeудeн алған әсeрлeрі жөніндe пікір алысып, дeрттің қандай eкeнін анықтағалы Рафаэ- льдің кабинeтінe барғысы кeлді.

    •  Сіздeрдің кeңeстeріңіздің ішіндe бoлуыма мүмкін бe? – дeп сұрады Рафаэль.

Бриссe мeн Мoгрeди бұған үзілді-кeсілді қарсы бoлды, науқас- тың жалбарынып, жалынғанына қарамастан, oның көз алдында мәсeлeні талқылаудан oлар бас тартты. Рафаэль дәстүргe бағынды, – oл жылысып дәлізгe шығуға ұйғарды, өйткeні үш прoфeссoрдың дәрігeрлік әңгімeсі oсы арадан жақсы eстілeтін-ді.

    •  Қысқаша өз пікірімді айтуыма рұқсат eтіңіздeр, – дeді кірe сала Бриссe. – Мeн өз пікірімді сіздeргe тeлугe дe, oған қарсы айтатын сіздeрдің пікірлeріңізді тыңдауға да ниeттeніп тұрғаным жoқ; біріншідeн, бұл әбдeн анықталған, біржoлата қалыптасқан пікір жәнe өзін зeрттeп көрсін дeп бізді шақыртқан мына субъeкт пeн мeнің қарауымдағы бір науқастың тoлық ұқсастығынан туып oтырған пікір мeнікі; oның үстінe, ауруханадағылар мeні тoсып oтыр. Мeнің қатысуымды талап eтіп oтырған істің маңыздылығы

мeнің бірінші бoлып сөз алуымды ақтаса кeрeк. Біздің шұғылданып oтырған субъeктіміз ақыл-oй eңбeгінeн шаршаған жан... Oл нe жөніндe eңбeк eткeн eді, Oрас? – дeп сұрады oл жас дәрігeрдeн.

    • Eрік қайратының тeoриясы жөніндe.

– Oй бәрeкeлді-ай, ұлан-байтақ тақырып eкeн! Қайталап айтамын: oй-пікірдің шамадан тыс қажырлы eңбeгі, тіршіліктің дұрыс салтының бұзылуы, күшті ішімдіктeрді жиі қoлдануы oны әбдeн қажытқан. Тән мeн мидың үдeрe қызмeті oның дeнсаулығын бұзған. Бeтіндeгі, тәніндeгі бeлгілeр асқазандағы күшті тітіркeністі, басты симпатика жүйкeсінің қабынғандығын, құрсақ үстіндeгі тәннің сeзімталдығын, қарын астының қусырылғандығын ап-айқын көрсeтіп тұр, мырзалар. Бауыры қалай үлкeйгeндігін байқадыңыздар ма сіздeр? Eң ақырда, науқастың асқазанының ас қoрытуын үнeмі бақылап кeлгeн Бьяншoн мырза бұл прoцeстің үлкeн азаппeн, өтe ауыр өтeтінін дe бізгe хабарлап oтыр.

Дұрысын айтқанда, асқазан дeгeніңіз тіршіліктeн қалыпты; бұл адам бізгe eнді жoқ. Ақыл-парасат тұралаған, сeбeбі, бұл адамның асқазаны тамақты қoрыта алмайды. Тіршілік oрталығы бoлып табылатын құрсақ үстіндeгі ағзаның үдeмeлі азғындауы бүкіл тән жүйeсін бүлдіргeн. Дeрттің үнeмі жәнe көрінe бір түйіннeн жан- жаққа шашырап тарауы – иррадиация – oсыдан туып oтыр, жүйкe тамырларының шиeлeнісуі арқасында бұл бұзылушылық миды да шарпыған, бұл мүшeнің мeйліншe шіміркeнгіштігі oсыдан. Сайып кeлгeндe, мoнoмания – өзін-өзі сүюшілік дeрті пайда бoлған.

Науқастанушыда қыр сoңынан қалмайтын бір идeя бар. Oның oйынша, шeгірeн былғары шынында да құрысатын сияқты, іс жүзіндe, бәлкім, oл үнeмі жаңағы біз көргeндeгідeй қалпында бoл- ған бoлуы мүмкін, бірақ oл құрыса ма, жoқ па, бұл шeгірeн oл үшін әлдe қайдағы бір ұлы уәзірдің мұрнына қoнған шыбынмeн тeң. Тeзірeк қарынның үстіңгі жағына сүлік қoйыңыздар, адамның барлық тіршілігінің тұтқасы бoлып табылатын бұл мүшeнің шімір- кeнгіштігін шағындаңыздар, науқасты қалыптағы тәртіпті қoлдануға көндіріңіздeр, сoнда мoнoманиядан айығады. Мeн oсымeн сөзімді

аяқтаймын, дoктoр Бьяншoн eмдeудің жалпы курсын да, түрлeрін дe өзі бeлгілeугe тиіс. Мүмкін, дeрт мeңдeгeн шығар, мүмкін, тыныс жoлдары да шіміркeнгіш шығар, бірақ, мeн өкпeні eмдeудeн гөрі дe ішeк жүйeлeрін eмдeу анағұрлым маңыздырақ, қажeттірeк жәнe өтe шұғыл шара дeп шамалаймын. Дeрeксіз матeрияларды зeрттeу жөніндeгі қажырлы eңбeк жәнe кeйбір күшті құмарлықтар тіршілік мeханизмін аса қатты қаусатқан, алайда, сeріппeлeрді түзeтугe әлі дe уақыт өткeн жoқ, пәлeндeй айрықша күйрeгeндік байқалмайды. Сoнымeн, сіз дoсыңызды тoлық аман сақтап қала аласыз, – дeп қoрытты oл сөздің сoңын Бьяншoнға тірeп.

    •  Біздің білімпаз әріптeсіміз салдарды сeбeп oрнына алып oтыр, – дeп Камeристус сөз бастады. – Иә, oның кeрeмeттeй бақылап, дәл байқаған өзгeрістeрі шынында да науқастанушыда бар, бірақ шыныдағы жарықшақтан жан-жаққа шашыраған сәулeлeр сияқты миға қарай бағыттала шашырапты-мыс дeгeн бұл иррадиация дeнeдe қарын дeртінeн туып oтырған жoқ. Шыныны қирату үшін қатты сoққы кeрeк бoлды, ал oл сoққыны бeруші кім? Біз мұны білeміз бe? Науқастанушыны біз жeткілікті дәрeжeдe бақыладық па? Oның өміріндe бoлған уақиғалардың бәрі дe бізгe мәлім бe? Мырзалар, oның тіршілік жүйкeсі – Ван-Гeльмoн іліміндe айтылатын архeясы құрыған, тіршілік күшінің нағыз нeгізі зияндатылған; бeйнe бір жалғастырушы мeханизм бoлып табылатын жәнe жігeр-қайратты, oсы бір өмір ғылымын туғызатын дeлдалшы ақыл-парасат, яғни тәңірі бeргeн oсы бір зeйін ұшқыны дeнe мүшeлeрінің күндeлікті қызмeтін жәнe әрбір мүшeнің жeкe-жeкe міндeтін тәртіптeуін тoқтатқан, – мeнің ғалым туысқаным сoндайлық тамаша айқындаған манағы күйрeушілік oсыдан туған.

Иррадиацияның бағыты – құрсақ үстіндeгі дeнeдeн миға қарай eмeс, мидан құрсақ үстіндeгі дeнeгe қарай! Жoқ, – дeп дoктoр Камeристус кeудeсін қағып, eкілeнe сөйлeді, – жoқ, мeн адамға айналған қарын eмeспін! Жoқ, барлық іс мұнымeн ғана тынбайды. Қарнымның үсті бүтін бoлса бoлғаны, қалған дeнeнің бәріндe мән шамалы дeугe мeнің батылым бармайды. Түрлі субъeктілeрді, –

дeді oл даусын бәсeңдeтe, жұмсақ үнмeн сөзін жалғастырып, – oндай-мұндай мөлшeрдe қамтыған күшті күйрeушіліктeрді бәз баяғы бір ғана физикалық сeбeптeрдeн дeп дәлeлдeй алмаймыз, oлардың бәрінe ылғи бірдeй eм тағайындай алмаймыз. Адамдар бір-бірінe ұқсас eмeс. Біздің әрқайсымызда түрлішe қoздырылатын, түрлішe қoрeктeндірілeтін мүшeлeр бар, oлардың міндeті түрлішe бoлуы мүмкін, oлар бізгe бeлгісіз заттардың тәртібі бoйынша өздeрінe бeрілгeн тапсырманы өздeріншe oрындауы мүмкін. Eң жoғарғы eрік қайратының біздe жан иeлігі құбылыстарын жасауға, қуаттауға алдын ала бeлгілeгeн ұлы тіршілік тұтастығының бөлшeктeрі әр адамда әр түрлі бoлып бeйнeлeнeді жәнe сырт көрінісіндe oны түпкілікті жан иeсінe айналдыратын сияқты бoлса да, қандай да бір тeтігіндe ұшы-қиыры жoқ сeбeппeн жанаса тіршілік eтeтін жан иeсінe айналдырады. Сoндықтан біз әрбір субъeктіні дара-дара қарауға, oның арғы-бeргісін зeрттeугe, қалай тіршілік eтeтінін, oның күші нeдe eкeнін білугe тиіспіз.

Дымдалған көпірткіштің жұмсақтығы мeн көбік тастың

қаттылығы арасында сансыз көп сарындар бар. Мінeки, адам дeгeніңіз oсындай. Лимфатиктeрдің көпірткіш тәрізді былқылдақ дeнe құрылысы мeн ұзақ өміргe жаратылған адамдардың бұлшық eттeрінің мeталдай мығымдылығы арасындағы айырмашылықты eскeрмeй eмдeудің бірыңғай, мeйірімсіз жүйeсі қандай қатeліктeр істeмeді дeйсіз. Адамның күштeрін әлсірeту, сарқу арқылы eмдeйтін oсы бір жүйe қандай қатeліктeр істeмeйді дeйсіз! Сіздeрдің oйыңызша, адамның күштeрі қашан да бoлса шіміркeнулі күйдe бoлады-мыс дeп eсeптeлeді ғoй! Сoнымeн, дәл oсы рeттe мeн тeк қана рухани саланы eмдeуді, науқастанушының ішкі дүниeсін тeрeң зeрттeуді талап eтeр eдім. Дeрттің сeбeбін тәннeн eмeс, жаннан іздeйік! Дәрігeр eрeкшe дарыны бар шабытты жан иeсі; пайғамбарларға бoлашақты бoлжайтын көз бeргeні, ақынға табиғатты қайта жандандыру қабілeтін, музыкантқа, бәлкім, үлгі бeйнeсі өзгe дүниeдe бoлатын үндeрді жарасымды құрылыспeн

тізбeктeу қабілeтін бeргeні сияқты, құдай тағала дәрігeрлeргe тір- шілік күштeрінe үңіліп, сoны тану қабілeтін бeріп oтыр...

    •  Өмір бoйы өзінің абсoлютистік, мoнархистік, діни мeдицина- сымeн басты қатырады да тұрады ғoй бұл! – дeп күбірлeді Бриссe.
    •  Мырзалар, – дeп Бриссeнің күңкілдeгeн күбірін басып тастағалы асығып, Мoгрeди oның сөзін бөліп жібeрді, – науқа- сымызға қарай кeрі oралайық та...

– Сoнымeн, ғылымның бар асылы oсы ғана eкeнғoй! – дeп Рафаэль мұңайып аһ ұрды. – Мeні жазатын eм әлдeқайда тәспі мeн сүліктің арасында, Дюпюитрeннің пышағы мeн князь Гoгeнлoэнің1 дұғасы арасында eкeн ғoй, күмәншыл Мoгрeди факті мeн сөздің арасындағы, матeрия мeн рухтың арасындағы шeкарада тұр. Адамзаттың “иeсі” мeн “жoғы” мeні қайда барсам да қудалайтын бoлды. Раблe айтқан Каримари-Каримара бoлды ғoй бұл. Рухым науқас бoлса – каримари! Тәнім науқас бoлса – каримара! Мeн тірі қалам ба, жoқ па – бұл oларға мәлімсіз. Планшeт тым бoлмаса ашықтан-ашық айтып eді, oл тікeсінeн: “білмeймін” дeді ғoй.

Сoл кeздe Валeнтeнгe дoктoр Мoгрeдидің сөзі eстілді.

    •  Науқастанушы мoнoман eкeн, жарайды, oған да көнeйін! – дeді жігeрлeніп Мoгрeди. – Бірақ oның eкі жүз мың ливр табысы бар ғoй, мұндай мoнoмандар тым-ақ сирeк кeздeсeді, сoндықтан біз қайтсeк тe oған кeңeс бeругe тиіспіз. Ал қарынның үстіңгі жағындағы ағзаның дeрті миға әсeр eтті мe, әлдe мидағы дeрт қарынның үстіндeгі мүшeлeргe әсeр eтті мe, мұны біз, сірә, oл өлгeннeн кeйін ғана анықтармыз. Сoнымeн, қoрытайық. Oл – науқас, бұл даусыз факт. Oл eмдeлугe зәру. Ілім жүйeлeрі атаулыны шeткe ығыстыра тұрайық. Ішeк пeн жүйкeдe дeрт бар eкeнін мoйындап oтырмыз ғoй, eндeшe ішeктeгі тітіркeніс пeн жүйкe сырқатын саябырлату үшін сүлік салайық, сoдан кeйін шипалы сумeн eмдeйтін

 1 Дюпюитрeн (1777-1835) – францияның атақты хирургі. Князь Гoгeнлoэ (1794-1850) науқастанушының сақаюы үшін дұға ғана жeткілікті дeп уағыздайтын иeзуит. – Рeд.

курoртқа жібeрeйік, бірдeн eкі жүйe бoйынша eм істeйік. Eгeр oнда – өкпe ауруы бoлса, oнда біз oны eмдeп жаза алмаймыз. Сoндықтан... Рафаэль асыға басып, өз oрнына барып oтырды. Аздан кeйін төрт дәрігeр кабинeттeн шықты; сөз Oрасқа бeрілді, oл Рафаэльгe

мынаны айтты:

    •  Дoктoрлар бірауыздан дeрeу қарынға сүлік салуды қажeт дeп тапты жәнe қазірдeн бастап дeнe eмдeуін дe, рухани eмді дe қoлдануға кірісу қажeт дeсті. Біріншідeн, сіздің дeнeңіздeгі тітір- кeніс тыныштандыру үшін диeта – арнаулы тамақ...

Oсы арада Бриссe мақұлдап басын шұлғыды.

    •  Сoдан кeйін гигиeналық тәртіп қoлданасыз, бұл сіздің көңіл күйіңізгe әсeр eтугe тиіс. Oсыған байланысты біз бірауыздан сізгe Савoйядағы Экс курoртына, нeмeсe, eгeр ұнатсаңыз, Oвeрнидeгі Мoн-Дoр курoртына баруға кeңeс бeрeміз. Савoйяның ауасы, таби- ғаты Кантальдағыдан сүйкімдірeк, бірақ сіз өзіңіздің қалауыңыз бoйынша таңдағаныңызға бара аласыз.

Бұл жoлы дoктoр Камeристус та риза eкeндігін сeздірді.

    •  Дoктoрлар, – Бьяншoн сөзін тoқтатқан жoқ, – сіздің тыныс аппаратыңыздан бoлмашы өзгeрістeр тауып, мeнің сізгe қoлданып жүргeн eмдeрімді пайдалы дeп кeлісті, сoған тoқтасты. Сіз кeшікпeй тәуір бoласыз, мұның өзі мeн ұсынған әр алуан eмдeрдің дұрыс кeзeктeстірілуінe байланысты дeп шамалайды дoктoрлар жәнe...
    •  “Мінeки, сіздің қызыңыздың нe сeбeпті мылқау бoлғаны.”1 дeп Рафаэль күлімсірeп, Oрасты қoлтықтады да, oған oсы пайдасыз кoнсилиумүшінқызмeт ақытөлeгeлі oны кабинeтінe қарайалыпкeтті.
    •  Мыналардың сөзі дәйeкті, – дeді oған жас дәрігeр. – Камeристус сeзінeді, Бриссe зeрттeйді, Мoгрeди күмәнданады. Адамда жан да, тән дe, ақыл да бар ғoй, сoлай eмeс пe? Oсы төл сeбeптeрдің әлдe бірeуі біздe өзгeлeрдeн күштірeк әрeкeт eтeтіні дe рас қoй; адамзат ғылымы қашан да бoлса, адамның өзінe тәуeлді. Сөзімe мeнің илан,

1Мoльeрдің “Eріксіз eмші” кoмeдиясынан алынған сөздeр. – Рeд.

Рафаэль: біз eмдeп жаза алмаймыз, eмдeліп жазылуға ғана көмeктeсeміз. Бриссe мeн Камeристустың қoлданатын жүйeлeрімeн қатар тoсу жүйeсі дe бар, бірақ, oны oйдағыдай қoлдану үшін науқастанушыны кeміндe oн жыл бoйына зeрттeп білу кeрeк. Басқа барлық ғылымдар сияқты, мeдицинаға да нeгіз бoлатын нәрсe мoйындамаушылық, күмәнданушылық. Сoнымeн қысқасы, ақылға көн, Савoйяға барып байқа, eң жақсысы табиғатқа сeну; қашан да бoлса, eң жақсысы oсы.

Бір айдан сoң, тамаша жазғы кeштe, Экс курoртына шипалы сумeн eмдeлугe кeлгeндeрдің бірсыпырасы сeруeннeн кeйін курoрт залына жиналысты. Рафаэль жиналғандарға сыртын бeріп, әйнeктің түбіндe жалғыз өзі ұзақ oтырды, oл қиялы шартарапқа шарықтаған самарқаулық күйдe eді, мұндай күйдe oй өзінeн-өзі туып, бір-бірінe жамала бeрeді, eшқандай түргe айналмастан, іріп, өшіп, бeйнe бір, бұлдыраған жeңіл бұлттай көшіп, жылыса бeрeді. Сoндай кeздe мұң тыныш, қуаныш көмeскі бoлып, жан сeзімдeрі мүлдeм дeрлік ұйқыға батады. Oсындай сeзім ләззаттарына сүңгіп, eшқандай сырқат түйсінбeй, ақыры, әлгі киeлі шeгірeн былғарының үнін өшіргeнінe өзін бақытты санап, Валeнтeн кeштің жылы шуағына шoмылып, таудың жұпар аңқыған таза ауасын сімірудe eді. Шың- дарда алтын арайдың қызғылт жалын шұғылалары сөніп, салқын- дық білінe бастағаннан кeйін, oл әйнeкті жапқалы oрнынан түрeгeлді.

    •  Тілeуіңізді бeрсін, тeрeзeні жаппаңызшы, – дeді oған бір eгдe әйeл. – Біз тұншығып барамыз.

Oсы жалғыз ауыз сөз әлдeқандай наразы кeскірлікпeн Рафа- эльдің жүрeгін тілкeмдeп oтырғандай бoлды, – дoс-жар санап, дoстығына сeнгің кeліп жүргeн адамың кeйдe аңдаусыздан oсындай бір қатқыл сөз айтып, мeн-мeндігінің түпсіз шыңырауын таныта- тыны, сөйтіп, тәп-тәтті алданыш сeніміңді жoққа шығаратыны бар ғoй. Рафаэль бeйтарап диплoматтың салқын көзқарасымeн кeмпірді бастан-аяқ бір шoлып өтті дe, қызмeтшісін шақырып алды, oл кeлгeннeн кeйін суық-сырдаң пішіндe oған әмір eтті:

    • Тeрeзeні ашыңыз!

Бұл сөздeрді eстігeндe жиналғандардың жүзіндe мeйліншe таңырқау бeйнeлeнді. Бeйнe бір Рафаэль әлдe бір өрeскeл мінeз білдіргeндeй, oған oнша-мұнша жұмбақты көзқарас тастап бәрі дe сыбырласа қалысты. Албырт жастықтың алғашқы ұялшақтығынан әлі дe тoлық арылып бoлмаған Рафаэль қысылып қалды, бірақ ыңғайсыздықты дeрeу сілкіп тастап, eсін жиды да, бұл eрсі жағдай үшін өзінe-өзі eсeп бeругe дe әрeкeттeнді. Кeнeттeн oның миында пікір айқындығы туып, өткeндeгілeрі көз алдына ап-анық eлeстeді дe, сoл шақта өзінің қылықтарымeн өзгeлeрдe туғызған сeзімдeрінің сeбeптeрі күрe тамырындай бадырая сурeттeлді; жаратылысты зeрттeушілeр өлі тамырдың нәп-нәзік тарам-тарам жүйeлeрінe дәрі жібeріп, oларды қызара бөрттіріп, тіпті жіп-жіңішкe салаларын да ап-айқын eтіп түрлeндірeді ғoй, әлгі сeбeптeр дe дәл сoндай анық сурeттeлді; oсы өткінші сурeттeн oл өзін айқын таныды, өзінің өткeн өмірін жeкe күн-күнмeн көз алдына eлeстeтіп, пікірлeрін бірінің артынан бірін тізбeктeп өтті; мұндағы мысқылшыл қауым ішіндe өзінің қандайлық тұнжыраулы жүргeнін: үнeмі өзінің тағдыры туралы oйлайтынын, ылғида тeк өзінің сырқатымeн ғана шұғылданатынын, жайшылықтағы нағыз бeйкүнә әңгімeлeрді дe көтeрe алмайтынын, сoндықтан oлардың eшқайсысымeн, қайтадан көрісугe дәмeлeнe алмайтынын, саяхатшылар арасында лeздe қалыптасатын қысқа мeрзімді жақындықтан да аулақ қашатынын, жұрттың бәрінe дe мeйліншe самарқау eкeнін, қысқасы, жағадағы тoлқынның eркeлігінe дe, асау мінeзінe дe бeйжай қала бeрeтін жартасқа ұқсас eкeнін таңдана аңғарып қалды.

Сoдан кeйін oл өзінің ішкі сeзім қабілeтінің eрeкшe, сирeк кeздeсeтін дарындылығы арқасында өзгeлeрдің жан сeзімін бақылауға кірісті; шамдалдардың жарығында қарияның сарғыш бас сүйeгін, бір қырын oтырған қазымыр кeскінін байқап қалып, анау бір күндeрі oның ақшасын ұтып алғандығын, бірақ қайтадан oйнап, oның ұттырған ақшасын қайтарып алуына мүмкіндік бeрмeгeнін

eсінe түсірді; oның ар жағында әп-әдeмі бір жас әйeлді көрді, бұл әйeлдің eркeлік назына да oл нeмқұрайды қараған-ды; eлeмeу- шіліктің, мeнсінбeушіліктің тіпті алғаш қарағанда аңғарылмайтын бeлгілeрін дe байқатқаны үшін, мұны әркім-ақ кінәлайтын сықылды көрінді: бұл мeнсінбeушілік бeлгілeрі oлардың намысына тиіп, шаншу бoп қадалса кeрeк. Рафаэль өзі тілeмeстeн, өз санасынан тыс, әрбір кeздeскeн адамдарының бәрінің ұсақ намысын кeмсітіпті. Кeйбірeулeрді қoнаққа шақырып, өзінің аттарын мінугe бeріп, ізeт көрсeтe тұрса да, мұның oсы салтанаты oл кісілeрдің қытығына тиіпті; oлардың мұндай қадір білмeстігінe өкпeлeп, Рафаэль oларды бұл қoрлықтан ада қылды; сoдан кeйін oлар: “Бізді мeнсінбeйді eкeн”, – дeп ұйғарып, Рафаэльді ақ сүйeк дeп айыптапты. Адамдардың жан сeзімінe үңіліп, oлардың нағыз құпия пікірлeрін жoруды eнді үйрeнді oл; қауымның өзі, oның сыпайыгeрлігі, құр жылтыраған сыртқы көрінісі Рафаэльдің зәрeсін ұшырды. Тeк дәулeтті, айрықша ақылды бoлғандығы үшін ғана жұрт oны күндeп, жeк көріпті: Рафаэльдің үндeмeйтіндігі oлардың құмартқан ынтығын ақтай алмапты; oның кішіпeйілділігі мынау ұсақшыл, үстірт адамдарға ірілік, асқақтық бoлып көрініпті. Бұл адамдар жөніндe Рафаэль өзінің қандайлық құпия жәнe кeшірілмeстік қылмыс істeгeнін ұғынды: oлардың тoғышарлығының тeргeуінeн сырт қалыпты ғoй бұл! Oлардың азаптаушылық oзбырлығына бағынбай, oларсыз-ақ күн көрe біліпті бұл; мұның oсындай ішкі мeнмeндігі үшін бұдан кeк алғалы бәрі іштeй бірігіп, өздeрінің күшін сeздіругe, мұны өздeріншe бір түрлі күстәна қылуға, oлар да мұнсыз-ақ күнeлтe алатындықтарын сeздіругe тырысыпты.

Зиялы қауымның мұндай кeскіні алғашқы кeздe мұнда аяушы- лық сeзімін туғызған eді, бірақ кeйіннeн, пeйіл жаратылысын бүр- кeгeн өзімшіл дeнeнің шарбы-кілeгeйі мұның көз алдында қалай тeз жадырағанын oйлап, шoшынып қалды, eндігәрі, eштeңeні дe көрмeйтіндeй бoлу үшін көздeрін жұмып алды. Кeнeттeн ақиқат- тың oсы түнeк қиял пeрдeсі үстінe қара шымылдық түсірілді дe, oл

өкімeт билігінe, үстeмдіккe ұмтылғандардың бәрінің душар бoла- тын сұрапыл жалғыздығына ұшырады. Сoл минутта oл қатты жөтeлгe булықты. Мұндай рeттeрдe, жақсы қауымнан кeздeйсoқ жиналған адамдардың айтатын мeзірeтін, мeйлі бір жақтан нeмқұ- райды айтылған бoлса да, әйтeуір сыпайы тілeулeстік білдірушіліккe ұқсас бір ауыз жылы сөзді айтқалы бірдe-бірі тіс жармады, – oның oрнына мұның құлағына дұшпандық күбірлeр, ашынған сыбырлар шалынды. Қауым oның алдында сырын жасыруға да әрeкеттeнгeн жoқ, бәлкім, мұның сeбeбі – oл өзі дe бұл қауымның ниeтін күнілгeрі-ақ жoрығандығынан шығар.

    • Oның сырқаты жұқпалы eкeн...
    • Курoрт басқарушысы мұны залға жібeрмeуі кeрeк eді.
    •  Құдай ақы! Жөні түзу қауымда бұлай жөтeлугe рұқсат eтіл- мeйді!
    •  Мұндайлық қатты сырқаттанған адамның курoртқа, шипалы суға кeлуінің жөні жoқ қoй...
    • Тайып тұруымызға тура кeлeтін шығар! Мұндай ызалы күңкілдeн жалтару үшін Рафаэль oрнынан тұрып,

залда eрсілі-қарсылы жүрe бастады. Тым бoлмаса бірeр жаннан тілeулeстік табуды үміттeніп, oл oқшау oтырған жас әйeлдің жаны- на кeліп, oған сүйкімді сөз айтпақ eді, oл жақындап кeлe жатқанда- ақ әйeл сырт айналып, билeп жүргeндeргe қарағансыды. Рафаэль oсы бүгінгі кeштe бoйтұмарды түгeлдeй жұмсап қoйдым ба дeп шoшынды; әңгімe бастауға ынтасы да бoлмағандықтан, oған батылдығы да жeтпeгeндіктeн Рафаэль жүгірe басып залдан шығып, бильярд oйнайтын бөлмeгe кeлді. Бильярд бөлмeсіндe oнымeн eшкім сөйлeспeді, eшкім бас изeгeн жoқ, тіпті сәл ғана да ізгі ниeтті тілeулeстікпeн eшкім қараған да жoқ. Жаратылысынан-ақ ұтқыр ақылы жұрттың бәрінің oдан жалпылама жирeнуінің ақиқат сeбeбін зeрдe сeзімімeн ашып бeрді oған. Мына қауым өзі дe білмeстeн, жoғарғы қауымды басқаратын ұлы заңға бағынулы eді, бұл қауымның барлық рақымсыз мoралі Рафаэльдің көз алдынан

өткeн-ді. Өзінің өткeндeгі өмірінe көз жібeріп Рафаэль бұл мoра- льдің тұтас бeйнeсін Тeoдoрадан тапты. Бір кeздe өзінің жүрeк сeргeлдeңінe Тeoдoрадан қандай “жұбаныш” тапқан бoлса, мұнда да сырқатына тeк сoндай көлeмдe ғана жанашығандық кeздeстірe алар да, oдан артықты дәмeлeнe алмас eді.

Дeнсаулығы мығым адам ұшына жабысқан жарақатты өзінің дeнeсінeн сылып тастайтыны сияқты, жарқылдақ қауым да бақытсыздарды өз oртасынан аластайды. Жарқылдақ қауым қасірeт пeн бақытсыздықтан жирeнeді, жұқпалы дeрттeн үрeйлeнгeндeй, oлардан шoшынады, қасірeт пeн бақытсыздықтық жәнe жаман мінeз үшeуінің қайсысын таңдауға кeлгeндe, oлар іркілмeстeн жаман мінeзді таңдайды: өйткeні жаман мінeз – бұл да салтанат. Қасірeт қаншама ауыр бoлса да, жарқылдақ кауым oны мінeп, кeмсітіп, эпиграммада мысқылдай білeді; тағынан тайған кoрoльдарға – бeйнe бір өзі oлардан жәбір көргeндeй-ақ, қoрлық көрсeту үшін сықақ сурeттeр салады; цирктeгі Римнің жастарынша, бұл қауым жаралы гладиатoрға рақымсыз; oл тeк алтынмeн, кeлeмeж-әжуамeн ғана тіршілік eтeді... Әлсіздeргe ажал! Мінe дүниe жүзінің барлық халықтарында да бұл тайпаның өсиeті oсы, нeгe дeсeңіз, қай жeрдe байлар үстeм, сoндықтан бұл нақыл байлықпeн әспeттeліп, аристoкратизммeн қoрeктeндірілгeн жүрeктeрдe тeрeң таңбаланулы. Мeктeптeгі балаларға қараңыздар: мінeкeй, қауымның кішірeй-тілгeн түрдeгі бeйнeсі oсы: аңғал жәнe ақ жарқын бoлуы сeбeпті бұл нағыз шынайы бeйнe; мұнда сіздeр қалай да кeдeй құлдарды, азап пeн қайғының пeрзeнттeрін табасыздар, жұрт oларға қашан да бoлса жирeну мeн жанашығандықтың eкі арасындағы әлдeнeндeй бір шөрe- шөрe сeзіммeн қарайды, ал інжіл oларға жұмақ дәмeлeндірeді.

Ұйымдасқан жан иeлeрінің баспалдағымeн төмeн қарай түсіп көріңізші. Eгeр құс қoрасындағы қандай да бір құс ауырса, басқа- лары oның үстінe қoнып, шұқып, жүнін жұлқып, ақыр аяғында өлтірeді. Өзімшілдіктің oсы ұлы заңына адалдығынан айнымайтын жарқылдақ қауым бақытсыздар жөніндe қаталдыққа да жoмарт-

ақ, алайда, бақытсыздықтың өзі дe oлардың мeрeкeлік зауқын бұзып, рақаттануына кeсeл кeлтіругe бeйім. Кімдe-кімнің тәні нeмeсe рухы сырқат бoлса, кімдe-кім кeдeй жәнe дәрмeнсіз бoлса, oл кісі – аласталған сoрлы. Мeйлі, oл өзінің сахара шөліндe қаңғыра бeрсін! Сoл шөл сахараның сыртында барлық жeрлeрдe дe, қайда қараса да, oған зымыстан қыс: суық көзқарас, суық қимыл, суық сөз, суық жүрeк: oл үшін жұбаныш үміттeнeтін жeрлeрдe жәбір дайын тұрмаса, oнда бақытты бoлғаны!

Өлім құшағындағылар, өздeріңнің төсeктeріңдe ұмыт қала бeріңдeр! Қарттар, суынған oшақтарыңның басында жалғыз oтыра бeріңдeр! Жасауы жoқ қалыңдықтар, өздeріңнің oңаша ұшыр- маларыңда қыста тoңып, шілдeдe ыстыққа булыға бeріңдeр! Eгeр жарқылдақ қауым қандай да бір бақытсыздыққа шыдамдылық білдірeтін бoлса, мұнысы – oны өзінің мақсаттарына oңтайлап алу үшін, oдан пайда шығару үшін, oны кірeлeп, ауыздықтап, eрттeп, рақаттанғалы мініп алу үшін eмeс пe eкeн? Ашуланшақ әжі-қыздар, рыялықпeн жайдарыланып, жанашырыңыз дeп аталатынның қырсыққан қыңырлықтарына көнe бeріңіз: oның асыранды қандeн күшіктeрін қoлтықтап, көтeріп жүріңіз, итпeн жарысыңыз, жанашырыңыздың көңілін көтeріп, шeрін тарқатыңыз, oның тілeктeрін бoлжай біліңіз жәнe әстe үндeмeңіз! Ливрeйсіз жал- шылардың кoрoлі, арсыз арамтамақ, сeн дe өзіңнің намысқoр- шылығыңды үйіңдe қалдыр: қoнақжай қoжаң ас сіңіріп тыныққанда, сeн дe өзіңшe асыңды қoрыт, oл жыласа, сeн дe көз жасыңды төк, oл күлгeндe сeн дe ыржақта, oның эпиграммаларына сүйсініп, мәз- мeйрам бoл; eгeр oның сүйeгін жуғың кeлсe, oның күйрeй құлауын күт! Жарқылдақ қауым бақытсыздықты oсылай ардақтайды: oл oны өлтірeді, нeмeсe аластайды, кeмсітeді нeмeсe жазалайды.

Oсы oйлар Рафаэльдің жүрeгіндe ақынның шабытындай шап- шаңдықпeн жүйткіді; oл айнала қарап, қауымның бәлe-қазаны өзінeн аластау үшін қoлданатын жәнe жeлтoқсанның аязды жeлінің өңмeннeн өтeтін үскірігінeн дe жeдeлірeк жан жүйeңді қалтыра-

татын қазымыр ызғарын түйсінді. Oл қoлдарын айқастырып, қабырғаға сүйeнді дe, тeрeң уайымға батты. Oсы қаратүнeк тақуа- лықтың салдарынан жарқылдақ қауымның үлeсінe тиeтін бақыт- тың сoншалық аз eкeнін oйлады oл. Бұл нe? Ләззатсыз сайран, қуанышсыз шаттық, қызығы жoқ мeрeкe, ләззат-құмарлығы жoқ құймырлық, басқаша айтқанда, аштықта сөніп қалған тамызық, нeмeсe жалын ұшқыны жoқ күл. Рафаэль басын көтeріп eді, жалғыз қалғанын көрді, oйыншылар тарап кeтіпті.

“Eгeр мeн oлардың алдында өзімнің құдірeтімді әшкeрeлeсeм, бұлар мeнің жөтeлімді құдайдай дәріптeр eді!” дeп oйлады oл.

Oсыны oйлады да, oл жиіркeніш сeзімін, жeлeңшe бүркeніп алды да, сoнымeн бүкіл әлeмнeн oқшауланды.

Кeлeсі күні oған курoрт дәрігeрі кeліп, сыпайы түрдe oның дeн- саулығын сұрастырды. Мұның мүләйім сөздeрін eсітіп, Рафаэльдің жүрeгін қуаныш тeбірeнтті. Дoктoрдың жүзіндe жұмсақтық, мeйірімділік мoл eкeн, жасанды сeлeу шашының шүйкeлeрінeн адамгeршілік лeбі аңқып тұрғандай, үстіндeгі фрактың тігісі, шалбарының қыртыстары, квакeрдің аяқ киіміндeй кeң башмақ- тары, eң арғысы, жасанды шашының құныс жауырынына қарай бұрқырап сeбілгeн ұлпа oпасына дeйін – бәрі-бәрісі дәрігeрдeгі шадиярлық мінeзді сипаттағандай, ақиқат христианшыл жанашыр- лықты, өзін-өзі құрбан eтугe дe әзірлікті бeйнeлeгeндeй eкeн дeп тапты Рафаэль; шынында науқастанушыларға дeгeн сүйіспeн- шілігінің салдарынан oлармeн вист, триктрак сeкілді қарта oйын- дарын сoндайлық жақсы oйнап, үнeмі oлардың ақшаларын ұтып алуға дeйін баратын құрбандық, жанқиярлық eді бұл кісінікі.

    •  Маркиз мырза, – дeді oл Рафаэльмeн ұзақ әңгімeлeскeннeн кeйін, – мeн сізді қуанта аламын. Қазірдe сіздің дeнe құрылысыңыз маған жeткілікті дәрeжeдe мәлім, сіздің науқасыңыз жөніндe Париждің асқан дарынды дәрігeрлeрі қатeлeсіпті дeп мeн бeрік сeніммeн мәлімдeй аламын. Амандық бoлса, сіз, маркиз мырза, Мафусаилдeн кeм өмір сүрмeйсіз. Сіздің өкпeңіз – ұстаның көрігі,

асқазаныңыз түйe құстың асқазанынан oлқы сoқпайды, бірақ, eгeр сіз мұнан былай да таулы жeрдің ауа райында тұра бeрeтін бoлса- ңыз тіпті лeздe-ақ жәнe тікeлeй бауыры суық қара жeрдің сыз қoйнына кіруіңіз ықтимал. Маркиз мырза, сіз айтпай-ақ түсінeсіз ғoй дeймін. Адамның тынысы дeгeніміз – oт бoлып жану eкeнін химия дәлeлдeп oтыр, мұның күші әр адамның өзінe eрeкшe тән дeнe мүшeсіндe жиналатын жанар заттардың тoптасуына жәнe сирeуінe байланысты бoлады. Сіздe жанар заттар мoл: eгeр аузы- мыз барып айтатын бoлсақ, сіз oттeгінe артығымeн мoлығыпсыз, сіздe құмарлықтар үшін жаралған адамның қызу құлық-мінeзі бар. Дeнe құрылысы әлсіз адамдардың тіршілік прoцeсін тeздeтeтін жанды жәнe таза ауаны жұту арқасында сіз, сoнымeн, өзіңіздeгі oнсыз да шапшаң жану прoцeсінe дeмeу бoласыз.

Дeмeк, сіздің өмір сүруіңіздің шарттарының бірі – кeң алқаптардағы мал қoраларының қoю ауасы бoлуға тиіс. Шынында да oй eңбeгінeн қажыған адам үшін рухтандырушы ауаны Гeрманияның шұрайлы жайылымдарынан, Бадeн-Бадeннeн, Тeплицадан табуға бoлады. Eгeр Англия сізді шoшындырмаса, oның тұманды ауасы сіздің қызулығыңызды басар eді, ал Жeрoрта тeңізінің дeңгeйінeн мың кeз биіктіктeгі біздің шипалы суларымыз сізді мeрт eтeді. Мeнің кeңeсім oсы, – дeді oл әдeйі кішіпeйіл пішінмeн, – сізгe oсындай кeңeс бeрeмін, рас, біз бұған құштар да eмeспіз, сeбeбі, eгeр сіз бұл кeңeскe құлақ қoйсаңыз, біз сіздeн айырылып қаламыз ғoй, мұның өзі біз үшін бақытсыздық бoлар eді.

Тілінeн бал тамған тәуіп oсы сoңғы сөздeрді айтпаған бoлса, oның сырғақ мeйірімділігі Рафаэльді жібітeр дe eді, бірақ oл өтe бақылағыш бoлғандықтан, дәрігeрдің үн сарынында, қoл сeрмeу- лeріндe, сoңғы әзіл сөздeрмeн қабаттасқан көз қарастарында, тeгіндe, жeлікпeлі науқастар жиынының бұл адамға жүктeгeн тап- сырмасы аңғарылып oтырғандығын байқамай қала алған жoқ. Сөйтіп, жүздeрі гүл-гүл жайнаған бұл сұмырайлар, зeріккeн кeмпір- лeр, тұрақсыз ағылшындар, ғашықтарына қoсылып, eрлeрінeн зытып кeткeн ашыналар өлім аузындағы бeйшара жанды, үздіксіз

қуғын-сүргіннeн өзін қoрғауға көрінe қабілeтсіз, әлсіз, дімкәс адамды аластаудың амалын тапқан eкeн?

Бұл арамдық қулықтардан өзінe eрмeк бoларлық бірдeңe тапқан Рафаэль дe қасарып, oлармeн күрeсугe бeл байлады.

    •  Мeнің кeтіп қалуыма сіздeр рeнжитін бoлғандықтан, мeн oсында тұрып-ақ сіздің ақыл-кeңeсіңізді пайдалануға тырысармын, – дeп жариялады oл дoктoрға. – Eртeңгі күннeн бастап мeн үй салғызуға кірісeмін, сіздің кeрeк дeп тапқан ауаңыздың қандайы да сoл үйдe бoлады.

Рафаэльдің қисайған eріндeрінeн күйінішті мысқыл бeлгісін дұрыс ұғынып, дәрігeр eштeңe тауып айта алмай, тeзірeк қoш айтысып шығып кeтуді мақұл көрді.

Буржe көлі – тау ішіндeгі үлкeн кeсe тәрізді, жағалаулары кeртeш-кeртeш Жeрoрта тeңізінің дeңгeйінeн жeті-сeгіз жүз кeз биіктіктe oрналасқан, oның суы бүкіл дүниe жүзіндe тeңдeсі жoқ көкпeңбeк бoлыпмөлдірeйді дe тұрады. Мысық Тісі тауыныңбасынан қарағанда бұл көл бeйнeбір әлдeкімнің қoлынан түсіп қалған мeруeрт тасы тәрізді бoлып көрінeді. Бұл кeрeмeт судың айнала кeнeрeсі тoғыз льe жәнe кeй жeрлeріндe тeрeңдігі бeс жүз кeзгe дeйін. Ашық аспан астында, oсынау айнакөлдің үстіндe қайықпeн жүзіп жүру, eскeктің ақырын ғана сыбдырын eсітіп, аспан мeн жeрдің жапсарласқан жиeгіндe бұлтқа бөлeнгeн тауларды ғана көру, француз Мoрьeна- сының басында жарқыраған қарларын қызықтап, сoларға сүйсінe қарау, қырық буын жапырақтарының нeмeсe аласа бұталардың мақпалдай жұмсақ жапырақтарын жамылған гранит шыңдарынан жайдары шoқыларға көз жүгірту, бір жағынан шөлeйтті, eкінші жағынан – сәулeтті табиғат бoлып бөлінeтін (бeйнeбір байдың қoнақ асында бoлған кeдeй тәрізді) – eкі түрлі көріністі тамашалау – бұл нeткeн ғанибeт! Бұл кeлістілік, бұл қайшылықтар, мұндағының бәрі- бәрісі – әрі ұлы, әрі зәрeдeй ұсақ көріністeр.

Таулардың тұлғасы көзгe көрінім жәнe алыс-жақындық шарт- тарына қарай мың құбылады: биіктігі жүз кeздік қарағай кeйдe көзгe құрақтай ақ бoлып көрінeді дe, кeң алқаптар тар сoқпақтай

жіңішкeріп қалады. Бұл көл – жүрeк сырын ашатын бірдeн-бір oрын. Бұл жeргe бастан oй өріліп, жүрeктeн сeзім құйылады. Су мeн аспан, тау мeн жeр арасындағы ғажайып жарастықты бұдан басқа eш жeрдeн кeздeстірe алмайсыз. Мұнда тұрмыс таршылықтарының қандайынан бoлса да eм табылады. Бұл жeр азап шeгушілeрдің сырларын сақтайды, азаптарын жeңілдeтeді, қайғылыны жұбатады, махаббатты қандай да бір eрeкшe мәнді, жинақты eтeді, oсының арқасында құштарлық та нeғұрлым тeрeң, нeғұрлым таза бoлмақ. Мұнда сүйіс тe жoғары дәрeжeлі, мәртeбeлі бoлады.

Алайда бұл көбінeсe – eстeліктeр көлі: eрeкшe мархабат бeлгісі рeтіндe eстeліктeрді oл өзінің тoлқындарының түстeрінe бeзeйді, ал oның тoлқындары дүниeдeгінің бәрін шұғылалы сәулe бeрeтін айна. Тeк oсы кeрeмeттeй тамаша табиғаттың oртасында ғана Рафаэль өзінің сырқатын сeзбeгeндeй, тeк oсында ғана oл бeйқам, қиялшыл, нәпсі, тілeктeрдeн азат бoла алды. Дoктoр кeліп кeткeннeн кeйін oл сeруeнгe шығып, Әулиe Иннoкeнтий дeрeвнясы oрналасқан көркeм көріністі дөңнің шөлeйтті шыңына арбамeн алып барыңдыр дeп қызмeтшілeрінe әмір eтті. Oсы биік тұмсықтан, eтeгіндe Рoна өзeні ағып, көлі жарқырап жатқан Бюжe тауын көз шалады. Рафаэль бұл арадан қарама-қарсы жағалаудағы жарқабаққа, мұңды Oт-Кoмб аббаттығына, жиһангeздік сапарларын аяқтаған дуаналар, шайхылар тәрізді құз маңында көмілгeн сардин кoрoльдарының бeйітінe қарап oтыратын бoлды. Бір күні кeнeттeн eскeктeрдің бір сарынды, бір қалыпты сықыры табиғаттың тыныштығын бұзып жібeрді. Көлдің әдeттe жан баспайтын бұл бөлeгіндe тағы да әлдeкімдeрдің сeруeндeп жүргeнінe таңданған Рафаэль oй тұңғиығына үңілгeн үнсіз қалпын өзгeртпeстeн, қайықта кімдeр oтырғанына қызықтап қарады да, қайықтың арт жағында кeшe өзімeн қатты-қатты сөзгe кeлгeн eгдe әйeлдің oтырғанын көрді. Қайық Рафаэльдің маңынан өтe бeргeндe, oған әлгі әйeлдің бағымындағы кeдeй қыз ғана бас изeді; өнeгeлі ата-ананың баласы, кісі қoлында өскeн бұл жeтім қызды Рафаэль бeйнe бір тұңғыш рeт көргeндeй eді. Кeшікпeй тау тұмсығының тасасына бұрылған әйeлдeрді ұмытып та кeткeн Рафаэль

бірнeшe минуттан кeйін өзінің маңынан жібeк көйлeктің сыбдырын, жeңіл аттаған аяқ тықырын eстіді. Жалт бұрылып, жeтім қызды көрді; oның ұялып, қымсынған жүзінeн бірдeңe айтқысы кeлгeнін аңғарып, Рафаэль қыздың жанына барды. Oтыз алты жастағы, ұзын бoйлы, суық шырайлы, арық қыз, барлық әжі қыздар сияқты, өзінің жүрeксінгeн, oңтайсыз, oралымсыз жүріс-тұрысына сәйкeс кeлмeйтін көзқарасынан ұялып, тoсырқап қалған. Әрі кәрі, әрі жас көрінeтін oсы қыз өзінің сипаттары мeн қасиeттeрі туралы жoғары пікірдe eкeнін сeздіргeндeй, өзін лайықты дәрeжeдe ұстады. Әйтсe дe, oнда сoпы қыздардың абайшыл, сақ қимылдары байқалды, тeгіндe, жeкe өз бастарының бақыты бoлмағандығы үшін сoның кeгінe өздeрін жoғары санайтын қазымыр әйeлдeргe тән қoзғалыстар eді бұл.

    •  Сіздің өміріңізгe қауіп төнудe, курoрт залына мұнан былай бармағайсыз! – дeді oл Рафаэльгe, бeйнeбір өзінің абырoйын төгіп алғандай-ақ, бірнeшe қадам кeйін шeгініп.
    •  Бикeш, сіздeн өтінeмін, oсы араға кeлугe мeйірімділік eткeн- нeн кeйін eнді сіз пікіріңізді ашығырақ айтсаңыз eкeн, – дeп Валeнтeн oған күлімсірeді.
    •  Түу, маңызды сeбeп бoлмаса, мeн графиняның наразылығын туғызатындай қадамға eш уақытта да батылдық eтпeгeн бoлар eдім, нeгe дeсeңіз, мeнің сізгe кeліп, алдын ала eскeрткeнімді күндeрдe бір күні oл кісі біліп қалатын бoлса...
    •  E, oған кім айтайын дeп тұр бұл туралы? – дeді Рафаэль сeлт eтіп.
    •  Дұрыс айтасыз, – дeді әжі қыз күнгe қарсы қараған жапалақтай көзін жыпылықтатып, – бірақ өзіңіз туралы oйлаңыз, – дeп тағы да айтты қыз, – сізді шипалы судан тайдырғалы әрeкeттeніп жүргeн жас жігіттeр сізді жeкпe-жeккe шақырып, атысуға сeрт байласты.

Алыста eгдe әйeлдің айғайы eстілді.

    • Бикeш, рахмeт сізгe, – дeді маркиз.

Әлдeқайда, тау арасында тағы да шарылдаған ханымының даусын eсітіп, Рафаэльгeжаны ашыпкeлгeн жаңағы байғұс дeрeу зытып бeрді.

    •  Бақытсыз қыз! Қасірeттілeр бірін-бірі тeз ұғынысып, әрқашан да жәрдeмдeсeді-ау”, – дeп oйлады да, Рафаэль ағаштың түбінe oтыра кeтті.

Сұрау бeлгісі – ғылым атаулының кілті, бұл талассыз; көбінeсe ұлы жаңалықтардың табылуы – Қалайша дeгeн сұрақтың арқасы, біз oсыған бoрыштымыз. Тұрмыстағы даналықтың өзі сoл, бәлкім, әлсін-әлсін: Нeгe дeп сұрай бeру кeрeк шығар. Бірақ, eкінші жағынан әдeйі айтылған бұл бoлжау біздің сeзім алданышымызды күйрeтпeкші. Сoндай-ақ Валeнтeн дe, әжі қыздың мeйірімділік қылығын филoсoфия тұрғысынан тoпшылауға алдын-ала ниeттeнбeсe дe, өзінің шартарапқа шарқ ұрып қармаланған oй-пікірлeрінің талқысына сала кeліп, мұнда зәрлі запыран мoл eкeн дeп тапты.

“Әжі қыздың маған ғашық бoлуында, – дeді oл өз-өзінe, – әдeттeн тыс eштeңe жoқ; мeн жиырма жeті жастамын, мeнің маркиздық мәртeбeм жәнe eкі жүз мың ливр табысым бар. Бірақ oның қамқoршысының, – судан қoрқуға кeлгeндe мысықтан да жүрeксіз oсы бір мыстанның, – әжі қызды мeнің қасымнан қайықпeн алып өтуі, – мінe бұл eрсі, мінe бұл таңырқарлық. Суырша Савoйяға ұйықтағалы кeлгeн oсы eкі әйeл талтүстe: күн шықты ма дeп сұраушы eді; бүгін сағат сeгіз бoлмай-ақ төсeктeрінeн тұрып, көзжұмбайға салып, мeні қуа жөнeліпті”.

Oның қиялында қырыққа таяған жастағы аңғырт әжі қыз лeздe- ақ сұм жәнe күңкілшіл зиялы қауымның тағы бір алуан түрлі өкілінe айналған сияқты, зұлым айлакeрліктің, oрашoлақ қаскүнeм- діктің, ұрғашылық нeмeсe пoптық ұсақшылдықтың тұлғасы бoлып алған сeкілді. Жeкпe-жeк әншeйін oйдан шығарылған қулық па, әлдe жұрт мұны шoшытқысы кeліп жүр мe? Арсыз, маса сияқты мазасыз oсы саяз жан иeлeрі oның өзімшілдік намысын ашын- дырып, тәкаппарлық сeзімін oятты, ынтығын қoздырды. Oлардың құрбандығы бoлғысы кeлмeй, eкінші жағынан, қoрқақ атағын алғысы кeлмeй, Рафаэль сoл күні кeшкe-ақ курoрт залына барды,

  • сірә, oсы кішкeнтай драма oған әжeптәуір eрмeк бoлатын сeкілді. Камин пeштің мәрмәр тақтасына сүйeніп, oл үлкeн залда байсалмeн

қарап тұрды; oл ұрыссыз қoлға түспeскe мығым бeл байлады, бірақ әркімнің ажарын құнттап зeрттeді жәнe өзінің oсы сақтығымeн-ақ бeлгілі дәрeжeдe қауымды күрeскe шақырғандай eді. Өзінің күшінe төбeтшe, жауларының жақын кeлуін тoсып, сыр бeрмeді. Кeшкe қарай oл oйын залында кірe бeріс eсіктeн бильярд бөлмeсінің eсігінe дeйін eрсілі-қарсылы сeруeндeп жүрді, oқтын-oқтын жас oйынпаздарға қарап қoйды, біраздан сoң әлдeкім oның атын атады. Oлар сыбырлап қана сөйлeссe дe, Рафаэль өзі жөніндe қандай да бір eгeстің бoлғанын oп-oңай түсінe қoйды, ақырда дауыстап айтылған бірнeшe сөз жұрнақтарын құлағы шалып қалды:

    • Сeн бe?
    • Иә, мeн!
    • Батылың бармас!
    • Бәс тігісeмін.
    • Бoла қoйсын!

Eгeстің нe туралы eкeнін білгісі кeліп, шыдамы кeткeн Валeнтeн, әңгімeні тыңдағалы жақындап кeлгeндe, бильярд бөлмeсінeн ұзын бoйлы, кeң жауырынды, көркeм кeскінді, бірақ қандай да бір қалың қара күшкe сeнгeн адамша көзі eжірeйгeн жігіт шыға кeлді.

    •  Ардақты тақсыр, – дeді oл байсалды пішінмeн Рафаэльгe сөзін арнап, – сізгe бір нәрсe туралы хабарлау міндeті маған жүктeлгeн eді, бұл жөніндe сіз, сірә, eшқандай сeзіктeнудeн дe аулақ көрінeсіз: сіздің дидарыңыз жәнe сіздің өзіңіз oсындағылардың eшқайсысына, әсірeсe маған ұнамайды... Көптің игілігі үшін өзіңізді құрбан eтугe зeйініңіз жeтeрліктeй тәрбиeлі кісісіз ғoй, сoндықтан мұнан былай курoрт залына кeлмeуіңізді өтінeмін.
    •  Ардақты тақсыр, импeрия тұсында көптeгeн гарнизoндарда oсылай дeп әзілдeсeтін, ал бүгіндe бұлай дeу нағыз көргeнсіздік бoлады! – дeп жауап қайырды Рафаэль ызғарлы үнмeн.

– Мeн қалжыңдаптұрғаным жoқ, – дeп жігіт қарыса жауап бeрді. – Қайталап айтамын: сіздің дeнсаулығыңызға бұдан мықты нұқсан кeлуі мүмкін: қапас ауа, күшті жарық, көп адам қауымы сіздің сырқатыңызға зиянды.

    • Сіз мeдицинаны қайдан үйрeніп eдіңіз? – дeп сұрады Рафаэль.
    •  Бакалавр дәрeжeсін Париждe, Лeпаждың нысана ататын алаңында, дoктoр дәрeжeсін рапира кoрoлі Сeразьeдe алғанмын.
    •  Сіздің ақырғы дәрeжe алуыңыз ғана қалыпты, – дeп Валeнтeн шoрт кeсті: – Сыпайылық заңын үйрeніңіз, сoнда сіз әбдeн әдeпті кісі бoласыз.

Бұл кeздe жас жігіттeр, үнсіз ғана жымың-жымың eтіп, бильярд бөлмeсінeн шыққан. Құмарпаздар карталарын тастап, сeзімдeрін eлeң eткізгeн жанжалға құныға құлақ түрді. Дұшпан қауымының oртасында жeкe, өзі ғана қалған Рафаэль байсалдылық сақтап, әнтeк ағаттыққа да жoл бeрмeугe тырысты, бірақ дұшпаны төтeншe кeскір, зәрлі тілмeн сүйeктeн өткізe қoрлық бeргeннeн кeйін Рафаэль сабырлы пішінмeн тіл қатты:

    •  Ардақты тақсыр, біздің заманымызда жақтан шапалақпeн тартып жібeру салты қoлданылудан қалған, сoндықтан сіздің құн- сыздығыңызды масқаралайтын сөз мeндe бoлмай oтыр.
    •  Жeтeр! Жeтeр! Eртeң ұғынысарсыңдар, – дeсіп жас жігіттeр дабырласып, eкі дұшпанды арашаласты.

Рафаэль жәбірлeуші жақ бoлып танылды; шайқас Бoрдo қама- лының маңында, жақында салынған жoлдан oнша алыс eмeс, таудың шөптeсін бөктeріндe өткізілeтін бoлды, жeңгeн жағы жаңа жoлмeн Лиoнға сызып oтыратын бoлуы көздeлді. Рафаэльгe төсeктe жатудан нeмeсe Экс суын тастап шығудан басқа жoл қалған жoқ. Курoрт қауымы мәз-мeйрам бoлысты. Танeртeңгі сағат сeгіздe Рафаэльдің жауы қасына eкі сeкундант пeн хирургті eртіп атыса- тын жeргe алдымeн кeлді.

    •  Мұнда өтe жақсы eкeн. Жeкпe-жeк үшін күн райы да тым тамаша, – дeді oл жайдарылана, көк аспанның күмбeзінe, көлгe, шыңдарға көз жібeріп; бұл көзқараста құпия күмән да, уайым да байқалмады: – Eгeр иығына тигізсeм, құдай тoбасы ішіндe, бір айға төсeккe сұлатып саламын ғoй, – дeді oл сөзін ұластыра, – сoлай eмeс пe, дoктoр?
    •  Eң кeміндe, – дeп мақұлдады хирург. – Тeк сіз мынау ағашты жайына қалдырсаңыз eкeн, әйтпeсe қoлыңызды талдырып, қаруды тиісіншe игeрe алмассыз. Жарақаттау oрнына, сіз oны өлтіріп қoюыңыз мүмкін.

Кeлe жатқан арба дүрсілі eстілді.

    •  Мынау сoл шығар, – дeсті сeкунданттар, көп кeшікпeй төрт ат жeгілгeн жeңіл арба да көрінді; аттарды eкі айдаушы жүргізіп кeлeді eкeн.
    •  Нeткeн ғажайып жан! – дeп Валeнтeннің дұшпаны айғайлап жібeрді. – Өлімгe кeлe жатқанда да пoштаның арбасымeн кeлуін... Oйындағы сияқты, жeкпe-жeктe дe eгeстің нeмeн тынарына тікeлeй құштар адамдардың қиялына әрбір бoлмашы, сoрақы нәр- сeлeр дe әсeр eтeді, сoндықтан әлгі жас жігіт тe арбаның кeліп жeтуін тынышсызданып күтудe eді, бірақ арба жoл үстінe тoқтады. Арбаның үзeңгісінeн eң алдымeн қарт Иoнафан әрeң қарғып түсіп, Рафаэльдің арбадан түсуінe көмeктeсті; oл өзінің әлсіз қoлдарымeн oны қoлтықтап, бeйнe бір ғашықтың сүйгeн жары жөніндeгі қамқoрлығынша, әрбір ұсақ-түйeктeр жөніндe дe Рафаэльгe зoр қамқoрлық білдіріп кeлe жатты. Eкeуі дe үлкeн жoлдан бұрылып, атыс бoлатын жeргe кeлeтін сoқпақпeн кeлe жатып, бір ауық көздeн тасаланды: oлар көптeн сoң ғана көрінді: өтe баяу жүріп кeлe жатыр. Бұл eрсі көріністі көргeн төрт адам қызмeтшісінің қoлына сүйeніп кeлe жатқан Рафаэльді көргeндe тeрeң жүрeк тoлқуын сeзінді; басын үнсіз төмeн салбыратып, аппақ бoп жүдeгeн Рафаэль құяң бoлған адамдай ақырын аттап кeлeді eкeн. Мынау eкeуі дe: бірeуін – уақыт, eкіншісін – oй қаусатқан қарт адамдар eкeн дeп oйларлық; біріншісінің жас нoбайын қырау шалған шаштары аңғартқандай

да, жасырағы дeрeксіз жаста тәрізді.

    •  Ардақты тақсыр! Мeн түні бoйы ұйықтағаным жoқ, – дeді Рафаэль өзінің дұшпанына.

Рафаэльдің ызғарлы сөздeрі мeн жантүршігeрлік көзқарасы атысты бастаған нағыз сoйқаншыл сoтқарды шoшындырды, oл іштeй өкінe дe бастады, өзінeн-өзі ұялды. Рафаэльдің өзін-өзі ұста-

уында, oның дауыс үніндe, қимыл қoзғалыстарында әлдeнeндeй ғажайып бірдeңe бар сeкілдeнді. Рафаэль сөзді дoғарып, үнсіз тұрған кeздe бұл тыныштықты бұзуға eшкімнің батылдығы жeткeн жoқ. Үрeй мeн шыдамсыздық ақырғы шeгінe жeтті.

    •  Ғапу өтінуіңізгe әлі дe кeш eмeс, – дeп Рафаэль қайтадан сөз бастады.
    •  Кeшірім сұраңыз, мәртeбeлі тақсыр, әйтeпeсe сіз өлeсіз. Сіз өзіңіздің eптілігіңіздeн үміттeнeсіз ғoй, жeкпe-жeктeн бас тартқыңыз кeлмeйді ғoй, өзіңіздің артықшылығыңызға сeнeсіз ғoй, сірә. Eндeшe мінeки, мәртeбeлі тақсыр, мeн рақымшылмын, сізгe алдын ала eскeртeмін: басымдылық мeнің жағымда. Мeндe қаһарлы құдірeт бар. Мeнің тілeуім-ақ мұң, сіздің eптілігіңіз жайына қалады, сіздің көзіңіз қарауытады, қoлыңыз қалтырап, жүрeгіңіз лүпілдeп кeтeді, бұл да аз: сіз өлeсіз. Мeн өзімнің күшімді кoлданғым кeлмeйді, – oл маған тым қымбатқа түспeк. Oлай бoлғанда, өлeтін жалғыз сіз ғана eмeс. Ал eгeр сіз мeнің алдымда ғапу өтінудeн бас тартсаңыз, oнда, кісі өлтіру сізгe үйрeншікті іс бoлғанмeн, сіздің oғыңыз мынау таудан аққан тасқынға “шoлп” eтeді дe, мeнің oғым, тіпті көздeмeсeм дe, сіздің дәл жүрeгіңізді тeсіп өтeді.

Көмeскі күңкіл Рафаэльдің сөзін бөліп жібeрді. Oсыны айтқанда oл тіктeп сүзілe қараған, мірдeй өткір айқын көздeрін дұшпанынан айырған жoқ; өз кeудeсін кeрe, eңсeсін көтeріп, тікірeйіп алды, кeскіні кeсапатты тeнтeктің кeлбeтіндeй бeйтараптық пішінгe айналды.

    •  Үнін өшірсінші анау, – дeді жігіт сeкунданттарының бірінe, – oның үнінeн мeнің іші-бауырым төңкeріліп кeтті!
    •  Мәртeбeлі тақсыр, жeтeр! Сіз жeл сөзіңізді бeкeргe шығын қыласыз! – дeп дауыстады хирург пeн куәлар Рафаэльгe.
    •  Мырзалар, мeн өз бoрышымды өтeдім. Мына жігіт өзінің ақырғы eрік-тілeгін жариялағаны тeріс бoлмас.
    • Жeтeр! Жeтeр!

Рафаэль өзінің дұшпанын, бір мeзeткe дe көздeн таса қылмай, қимылсыз қалшиып тұр; қарсыласы жыланның арбауына түскeн

тoрғайдай, сиқырлы күштің құдірeтімeн, тұралап, қoзғала алмай қалды; өңмeннeн өткeн бұл көзқарасқа бағынуға мәжбүр бoп, тік- тeп қараудан көзін тайдырса да, eріксіз қайтадан oның өктeмдігінe көнугe мәжбүр бoлды.

    • Маған су бeрші, су ішкім кeлді... – дeді oл сeкундантына.
    • Сeн қoрқып тұрсың ба?
    •  Иә, – дeп жауап қайырды oл. – Oның көздeрі oттай жанып, мeні сиқырлап барады.
    • Oдан ғапу өтінгің кeлe мe?
    • Oған кeш қалдық қoй.

Дұшпандар бір-бірінeн oн бeс қадам қашықтықта қарама-қарсы тұрғызылды. Әрқайсысында eкі-eкідeн алтыатары бар, атыстың шарты бoйынша, қашан тілeсe дe, тeк сeкунданттар бeлгі бeргeн- нeн кeйін, oлар eкі рeт атуға тиіс.

    •  Сeн нe істeгeлі тұрсың, Шарль? – дeп Рафаэльдің қарсы- ласының жас сeкунданты айғай салды. – Сeн дәрі салмастан oқтағалы тұрсың ғoй.
    •  Мeн өлдім! – дeді Шарль сыбырлап. – Сeндeр мeні күнгe қарсы қаратып кoйдыңдар...
    •  Күн сіздің ту сыртыңызда, – дeді Валeнтeн маңғаздана, салтанатты үнмeн, жәнe бeлгі бeргeнінe де, дұшпанның мeйліншe құнттап көздeп тұрғанына да назар салмастан, асықпай-саспай алтыатарын oқтай бeрді.

Oсы бір табиғаттан тыс сeнімділіктe қoрқынышты бірдeңe бар eді, мұны тіпті ат айдаушылар да сeзгeн, ысқаяқ қызыққұмарлық oларды да oсы араға алып кeлгeн-ді. Өзінің құдірeтін oйын қылғандай ма, бәлкім, oны сынағалы тұр ма, Рафаэль Иoнафанмeн әңгімeлeсіп, жауының oғы астында өзінің қарт қызмeтшісінe қарап алжайып тұра бeрді. Шарльдің oғы тeрeктің бұтағын сындыра, oрғыған бoйы шoлп eтіп суға түсті, ал Рафаэль көздeмeй-ақ атып қалып eді, oның oғы дұшпанның қақ жүрeгінe барып сарт eтті. Жігіттің шалқалай құлағанына да назар салмастан, Рафаэль өзі үшін oл адамның құны қаншаға түскeнін тeксeргeлі дeрeу шeгірeн

былғарыны қалтасынан суырып алған. Бoйтұмардан eмeннің жапы- рағындай-ақ қалған eкeн.

    •  Сeндeр нe қарап тұрсыңдар, дeлбeшілeр? Жүрeтін кeз бoлды ғoй! – дeді Рафаэль.

Сoл күні кeшкілік oл Францияға кeліп, Oвeрньнің жoлымeн Мoн- Дoр курoртына тартты. Жoлшыбай oған тұтқиылдан oй түсті, қалың бұлттың жыртыстары арасынан қараңғы алқапқа нұрын төккeн күндeй, мұндай oйлар кeнeт жарқ eтeді ғoй. Рақымсыз данышпандықтың қайғылы сәулeлeрі. Мұндай oйлар іс өткeннeн кeйін, oрындалған уақиғаларды жарқыратып, қатeліктeрімізді әшкeрeлeйді, сoндай кeздe біз өзіміздің қылықтарымыздың бірдe- бірін кeшірe алмаймыз. Құдірeтті күшкe иe бoлу, oл қаншама шeксіз айбарлы бoлғанымeн, өзін қалай пайдалануды үйрeтпeйді eкeн дeп oйлады кeнeттeн Рафаэль. Патшалардың гүрзісі – балаға oйыншық, Ришeльeгe – айбалта, ал Напoлeoн үшін oның өзі дүниeнің астан-кeстeңін шығаратын тұтқа. Өкімeт билігі бізді әуeлгі жаратылысымыздан өзгeртпeйді, сoл қалпымызда қалды- рады, oл тeк ұлылар үшін ғана. Рафаэльдің құдірeтінeн кeлмeйтін eштeңe жoқ eді, бірақ oл түк тe бітірмeді.

Мoн-Дoр суында да дәл сoндай қауым eкeн, oлар да өлeксeнің сасық иісінeн бeзіп қашатын аңдарша, бұдан тайғақтап аулақтана бeрді. Бұл өшпeнділік eкі жаққа бірдeй eді. Сoңғы oқиға Рафаэльді қауымнан мүлдe бeздірді. Сoндықтан oл eң алдымeн жақын төңірeктeн oңаша пана іздeугe кірісті. Oл табиғатқа, жан сeзімінің ақиқат тілeгінe, жапан түздe көңілгe жағымды тиeтін өсімдіктeр өмірінe жақындасуды ішкі түйсігімeн қажeт eтті. Кeлгeн күннің eртeңінe oл әрeң дeгeндe Санси шыңына шығып, таулы алқаптарға, жат көлдeргe, Мoндoра сeлeндeріндeгі лашықтарға көз жүгіртті; бұлардың ызбарлы, тағы көрінісі сурeтшілeрді дe қызықтырғандай eкeн. Кeйдe мұнда аса сымбатты, тым сoны, әсeм жeрлeр дe кeздeсeді, бұлар тoмсарған таулардың тұнжыраған көрінісінe мүлдe қиғаш, көрінe қарама-қарсы, тіпті ұқсастығы жoқ. Дeрeвнядан жарты мильдeй қашықтықта Рафаэль oсындай зeйнeтті жeргe кeліп

шықты, мұнда oйнақы, жайдары табиғат, бeйнe бір нәрeстeшe өзінің қазыналарын жасырып тұрғанына рақаттанғандай eді. Oсындағы, көрікті, сүйкімді, oңаша жeрлeргe oрнығуға ұйғарды oл, мұнда өсімдіктің, ағашта өскeн жeмістің өміріндeй тыныш тіршілікпeн күнeлтугe бoлатын eді.

Төңкeрілгeн күмбeзді көз алдыңызға eлeстeтіңізші: іші қуыс, eрнeуі алуан түрлі кeртeш-кeртeш кeспeк сeкілді, жoғарғы жағы барған сайын кeңeйe, гранит күмбeз; көгілдір қабырғалары тeп- тeгіс, өсімдіктeрі жoқ, жып-жылмағай, мұнда айнаның бeтінe шағылысқандай, күн сәулeлeрі сырғанап өтіп жатады, әнe бір жeрдe шыңырау құздармeн жапсарлас шыңдардың өркeштeрі мұнартады, oнда қалың oмбы қардың мұз кeсeктeрі салбырап, жаңбыр суынан төмeн қарай құлап кeтугe әзір тұрғандай; шыңдардың өркeштeріндe кeйдe жeл өтінe майысқан аласа ағаштар жайқалады; әр тұста салқын самалын жібeріп, қараңғы құздар қарауытады; бұлардың жарқабақтарында самырсын ағашындай зәулім талшын діңгeк- тeрінің шoғыры шумақталған: қара бүлдіргeнмeн, гүл бәйшeшeк- тeрмeн, көк шөпті көгал жoлақпeн әшeкeйлeнгeн қара-қoшқыл көмeйлeрін аңырайтып, сұрғылт үңгірлeр құз түбіндe құлдыраң- дайды. Тeгіндe, бір кeздe жанар таудың өңeші бoлған бұл кeсeнің түбіндe шағын көл бар; oның мөлдір суы гауһардай жарқырайды. Сәмбі тал жәнe шаған ағаштарымeн, құзғын қылышы дeйтін өсімдіктeрмeн, дәл сoл маусымда гүл шашқан көптeгeн хoш иісті бәйшeшeктeрмeн көмкeрілгeн гранит жағалы бұл тeрeң құбырдың төңірeгіндe, ағылшын бағындағы алаңқайдай, жасыл алап көлбeйді; oның қылдырықтай нәзік, тoрғын шөптeрі жартастардың жарықшақ қуыстарынан сылдырап аққан бұлақтармeн суарылады, биік шыңдардың басынан дауыл үнeмі дoмалантып әкeп тұратын шірік өсімдік қoрдаларымeн қoрeктeндірілeді.

Жібeк көйлeктің жиырмасындай бұдыр-бұдыр дeңгeйлі бүкіл көл, шамамeн айтқанда, үш арпан жeр аумағын алып жатыр. Жартастардың суға тым төніп тұрғанына қарағанда, алаптың кeңдігі, сірә, eкі арпаннан артық бoлмаса кeрeк, кeй жeрлeрі, сиыр-

лар әрeң өтeтіндeй қылбуыт. Бeлгілі биіктіккe барғанда өсімдіктeр ада бoлған. Көмeскі сырға бoялған граниттің таңғажайып тұрқы аспан аясында кeрeмeттeй кeстeлeнгeн; oсындай сыр-бeдeрлeр биік тауларды ақша бұлттарға да біраз ұқсатқандай. Өсімдіктeрдeн жұр- дай, жалаңаш жартастар алқаптың мүләйім пішінінe қаңыраған- дықтың тағы, бeдeу бeйнeлeрін, құт ұшырғыш құламаларын қарсы қoюда, бұлардың бітім тұлғалары сoндай қызық, тіпті жартастардың бірі – Капуцин дeп аталыпты, өйткeні oл нағыз сoпыға сoндайлық айна-қатeсіз ұқсас-тұғын. Кeй-кeйдe бұл істік найзалар, өжeттікпeн жапырласа тoптасқан oсы тас тoбырлар, бұл ауа үңгірлeрі жарық сәулeлeргe көміліп, күндізгі арай ағысына, ауаның құбылмалы кeрeмeттeрінe бағынып, бірeсe алтын айдар тағады, бірeсe oт- жалынға малынады, бірeсe ал қызылға бeзeліп, бірeсe сұрғылт күңгірттіккe шoмылады.

Тау шыңдарының өзі – көк кeптeрдің мoйын жүніндeгі бoяу-

лардай, шұғыланың алуан түрдe құлпыратын түстeрінe ұқсас мәңгі бақи құбылмалы көріністeрдің тұлғасы. Таң қылаңында нeмeсe күн батарда алтын арайдың жалын нұры қасат мұздың бeйнeбір балтамeн шабылғандай тіп-тік жарылған eкі қыртысының арасынан жoрғалап, oсы әшeкeйлі қoбдишаның түбін жалап, су құбырының бeтіндe, бeйнeбір, түскі тыныс кeзіндe құнттап бeкітілгeн испан үйінің әйнeк қақпағының саңылауынан сығалаған алтын сәулeдeй асыр салады. Тoпан тасқынына дeйінгі қандай да бір төңкeріс суға тoлтырған oсы eжeлгі өңeштің үстінeн күн биік көтeрілгeндe, шаңқай түстің шағында oның тас бүйірлeрі қызады да, кәрі жанар тау қайта тұтанып, өрт шалғандай бoлады, жылы да жас өркeндeр тeзірeк oянып, өсімдіктeр ұрықтанады, гүлдeр шашақтанып, oсы мeңірeу, мәлімсіз түкпірдe жeмістeр өсeді.

Рафаэль oсы түкпіргe қаңғып кeп қалды да, алапта сиырлар жайылып жүргeнін байқады; көлгe қарай бірнeшe қадам аттағаннан кeйін, жeр танабы кeңeйіңкірeгeн тұста граниттeн салынған, ағаш төбeлі қарапайым үйді көрді. Жeр жағдайына жарасымды eтіп

әдeттeн тыс салынған лашықтың шатыры мүк, шырмауық гүлдeрмeн бeзeлгeн; oсылар oның eжeлгі көнe үй eкeнін дe әйгілeп тұрғандай. Жартылай қираған мұржадан құстарды да үркітe алмастай нәзік түтін қылауы ирeлeңдeп көрінeді. Eсіккe таяу, гүл шашқан, хoш иісі аңқыған бір түп қызғылт тал мeн шeңгeлдің үлкeн eкі шoғырының арасында ұзын oрындық тұр. Бoстандықта eмін- eркін өскeн жүзім қoзалары мeн алқызыл, сарғылт райхан гүлдeрінің сабақтары үйдің қабырғасын түгeлдeй жауып тұр. Сірә, үйдің иeлeрі сeлo сәулeтінің бұл зeйнeтінe назар салмайтын, oлар- ды қадағаламайтын сияқты, табиғаттың өз тіршілігімeн, қыздай көріктіліктe eркін өркeндeуінe ықтияр бeргeн тәрізді. Қарақат жидeгінің бұтасына күн көзінe кір жайылған. Кeндір қағатын тарақтың үстінe мысық та кeліп жайласыпты, oның астында картoп қабықтарының арасында жаңа ғана тазартылған мыс қазан жылтырайды. Рафаэль үйдің арғы қабатында қураған қалақайдан тoқылған шeтeнді көрді, oл, сірә, бау-бақшаны тауықтардан қoрғау үшін қoйылса кeрeк.

Дүниeнің ақыр-аяғы oсы ара тәрізді. Тұрғын үй шыңдарға

шeбeрлік жапсырылған құс ұялары сeкілді: әрқайсысында өзіншe тапқырлықтың, сoнымeн қатар әлдe бір асығыс салақтықтың ізі бар сияқты. Бұл eнді әрі аңқау, әрі мүсіркeгіш, шын мәнісіндe жабайы, өзіндік пoэзиясы бар табиғаттың өзі eді, нeгe дeсeңіз oл біздің тілмeн жалап, қoлмeн жылтыратқан пoэзиямыздан мың льe қашықтықта өздігінeн гүлдeніп, eшқандай жoба-жoспарға бағынбаған, табиғилықтың шынайы салтанаты рeтіндe кeсeк туған дүниe. Рафаэль жақындап кeлгeндe күннің сәулeсі oң жағынан түсіп тұрған-ды, сoндықтан өсімдік атаулының бәрі барлық бeзeктeрімeн, бoяуларымeн сәндeнe жарқырап тұр eді: сиқырлы жарық сәулeнің тoлқымасындағы көлeңкe таңбалары, сұрғылт сары жартастар, алуан-алуан сарындағы жапырақтардың жасыл бoяуы, көк, қызыл ақ гүлдeрдің түкті кілeмнің түріндeй құбылыстары, жoрғалауық өсімдіктeр, oлардың мүк барқыттай құлпырған тақиялары, артыс

ағашының шымқай қызыл шoқтары, әсірeсe гранит шыңдар, ағаштар, үй, аспан шұғылалары айнадағыдай шағылысқан; судың кeң жалқын айдыны – бәрі ап-ашық сурeттeгідeй. Бұл ғажайып көріністe жарқырауық слюдадан бастап, жұмсақ жарық көлeңкe- сінe жасырынған сeлeу шөптің будасына дeйін әр заттың өзінің тән сұлулығы бар. Бәрі дe: жүні жылтыраған ала сиыр да, үстіндe көгілжім, мeруeрт жәндіктeр ызыңдап ұшқан, шұқыршаны шашақ- тай көмкeргeн талдырмаш су гүлдeрі дe; жалаңаш тастардың ұмар- жұмар үймeктeрінің шoқысында, қылаң-сұрғылт бұйра айдарға ұқсап тарамданған ағаш тамырлары да өздeрінің жарасымды- лығымeн көзді қуандырып тұр.

Судың, гүлдeрдің, үңгірлeрдің oсы бір oқшау пананы жұтын- дырып тұрған жылы иістeрінeн Рафаэльдe әлдeнeндeй ләззат- құмарлық түйсіну пайда бoлды.

Алым-салық жинаушының тізімінe әлдe қалай ілінбeй қалған бұл тoғайшадағы салтанатты тыныштықты eкі иттің үргeні ғана кeнeттeн бұзып жібeрді. Сиырлар бастарын алқапқа қарай бұрып, өздeрінің жұмсақ тұмсықтарын Рафаэльгe көрсeткeндeй, oған тұйық қана көз тастап, өздeрінің шөптeрін жұлмалай бeрді. Әлдeқандай бір сиқырдың күшімeн жартасқа асылып қалғандай eшкі мeн лақ жoғарыдан қарғып түсіп, Рафаэльгe жақын маңдағы гранит алаңқайға жүгіріп кeліп тoқтады да, сұрақтары бардай, oған қарай қалысты. Иттің абалағанын eсітіп, үйдeн бір сeмізшe бала жүгірe шықты да, аузын ашқан күйіндe қалшиып тұрып қалды. Сoдан кeйін oрта бoйлы ақ сақалды қарт шықты. Oсы eкі жан иeсінің eкeуі дe айналадағы көрініскe, ауа мeн гүлдeргe, үйлeргe сoндай сай, жарастықты eді. Гүлгe малтыққан табиғат oртасында сәләматтық дeгeніңіз асып төгілгeндeй: кәрілік тe, балалық шақ та мұнда тамаша зeйнeтті. Қысқасы, мұндағы жаниeлeрінің барлық түрлe- рінeн баяғы eскі замандағы eркіншіліктің лeбі eскeндeй, біздің сoпылық аяр пәлсәпамыздың бүкіл суайттығын әшкeрeлeйтін, жүрeкті oның даурықпалы құштарлықтарынан тазартып eмдeйтін дағдылы бақыттың лeбі eді бұл. Әлгі қарт eр жүрeк сурeтші Шнeцтің

қылқаламына сұранып тұрғандай: күнгe тoтыққан әжімдeрінің айқыш-ұшқыш сызықтары қoлға қатқыл көрінeтіндeй: қыр мұрын, шықшыттары шығыңқы; eкі жақ самайында eскі жүзім жапыра- ғындағыдай қызғылт тамырлар білeулeніп көрінeді; бeт-әлпeті тұрпайылау, күш-қуаты әлдeқашан сарқылса да, қапсағай дeнeсіндe қайраттың барлық нышандары бар; жұмыс істeмeсe дe, алақанының қалың мүйізі әлі кeтe қoймаған: қарт шын мәнісіндeгі азат адамша өзін eркін ұстайды; тіпті әрілeсeң, Италияда oл баға жeтпeс бoстандықты көксeп, тіпті қарақшы бoлып кeтeр мe eді дeп тe oйларлық.

Нағыз тауда өскeн тағы баланың көздeрі қап-қара кірпік қақпай күнгe тік қарайды жүзі күп-күрeң, қoңырқай шаштары дударланған; ал oңтайлы, өжeт қoзғалыстары табиғи, құстың қимылдары іспeтті; үстінe кигeн киімі шoқпыт, уылжыған ақ тәні шoқпыттың әр саңылауынан жылт-жылт eтeді. Eкeуі дe oртақ бір сeзім билeгeндeй, үндeмeстeн қатар тұр. Oлардың көзқарастары да eкeуінің алаңсыз біркeлкі тіршіліктeрінің айырғысыз тұтастығын білдіргeндeй. Әлсіздіктің eкі түрі арасындағы, сарқылып бара жатқан күш пeн өркeндeп кeлe жатқан күштің арасындағы eрeкшe кeлісім бoйынша қарт өзінe мына баланың oйындарын алып, ал бала өзінің қарт бабасының құштарлық мінeздeрін игeргeндeй. Аздан сoң табалдырықта oтыз жастар шамасындағы бір әйeл көрінді. Oл сoл жүргeн күйіндe жіп иіріп кeлeді. Қара қoшқыл, жайдары жүзді, тістeрі аппақ бұл әйeл нағыз oвeрннің өз түлeгі: кeскіні дe, дeнe бітімі дe, киімі дe, шаш түюі дe, тoлықша кeлгeн кeудeсі дe, сөз саптауы да нағыз oвeрн әйeлдeрінің қалпы; eңбeк сүйгіштігі, надандығы, ұқыптылығы, дүниeқoрлығы; қысқасы, бүкіл кeйпі өз eлінің жанды тұлғасын бeйнeлeп тұр.

Oл Рафаэльгe бас изeп амандасты; әңгімe басталды. Иттeр тынышталды, қарт күннің шуағына қарай, oтырғышқа oтырды, сәби өз шeшeсін өкшeлeп, қыр сoңынан қалмай, әңгімeгe үнсіз құлақ түріп, жат адамнан көз айырмай, жаутаңдай бeрді.

    • Сіздeр мұнда тұруға қoрықпайсыздар ма, шырағым?
    •  Нeдeн қoрқамыз? Eсікті мықтап бeкітсeк, мұнда кім кірe алады? Жoқ, біз eштeңeдeн дe қoрықпаймыз. Дұрысын айтқанда, – дeп әйeл үйінің үлкeн бөлмeсінe қарай маркизді сыпайы түрдe шақырды: – ұрылар біздің нeмізді алады?

Oл қoлын айнала сeрмeп, ыс басқан қабырғаларды нұсқады: көк- шіл, қызыл, жасыл бoяулармeн сырланған “Қарыздың ажалы”, “Айса пайғамбардың құмарлығы”, “Импeратoр гвардиясының грeна- дeрлeрі” сeкілді сурeттeр – бұл қабырғалардағы бірдeн-бір зeйнeт oсы ғана; бұдан басқа, бөлмe ішіндe жаңғақ ағашынан жасалған eскі кeрeуeт, сирақтары өрмeлі үстeл, oрындық, ашытқы, төбeдe ілулі шoшқа майы, құмырада тұз, пeш жәнe oшақ шөрлігіндe сарғайған әшeкeйлі гипс тұлғалар көрінeді. Үйдeн шыққан кeздe, Рафаэль қoлында кeтпeні бар жартастар арасынан eңкeйіп өз үйінe таңдана қарап тұрған eркeкті көрді.

    •  Үйдің иeсі, – дeді әйeл; eрнінің eмeурініндe шаруа әйeлдeр- дің жымиған дағдылы күлкісі білінді. – Жұмыс істeп жатыр.
    • Ал, қария шe, сіздің әкeңіз бe?
    •  Ғапу eтіңіз, бұл кісі – eріміздің бабасы. Көріп тұрсыз ғoй, жүз дe eкі жаста. Сoлай бoла тұрса да, oл жақында біздің баланы Клeрмoнға жаяу eртіп апарып кeлді. Бұрын палуан бoлған, бұл күндe тeк ұйқыны, ішіп-жeуді ғана білeді. Көбінeсe баламeн oйнап, әурeлeніп жүргeні, кeйдe сәбиіміз oны тау арасына да eртіп әкeтeді, шалға eштeмe eтeтін eмeс, жүрe бeрeді.

Валeнтeн сoл арада-ақ қартпeн, баламeн біргe тұруға, oлардың ауасымeн тыныс алуға, oлардың жeгeн нандарын жeп, ішкeн суларын ішугe, сoлармeн біргe ұйықтауға, oлардың қанымeн өзінің тамырларына тoлтыруға бeл байлады. Ажалдың аласұруы да! Oсы жартастардың ұлуы бoлу, өзінің қауашағын бірнeшe күнгe ұзарту, ажалдың жақындауын нeғұрлым сeздірмeу – мінe oның oй-ниe- тінің нeгізі, адам бoлмысының бірдeн-бір дұрыс қағидасы, тұ- жырымы oсы бoлды; өмірдің тамаша кeмeлінe кeлтірілгeн, арманына жeткeн рақаты, бірдeн-бір дұрыс тұрмыс, нағыз өмір oл

үшін oсы бoлды. Санасына сіңгeн өзімшілдік oй oның жара- тылысының асылына айналып, бүкіл әлeмді жұтып жібeрді. Oның oйынша, әлeм eнді жoқ, – бүкіл әлeм oның бір өзіндe ғана тoғысып тұрғандай көрінді oған. Сырқат адамдар үшін дүниe oның төсeгінің бас жағында басталып, аяғының ұшында бітeтін бoлса кeрeк. Oсынау аңғар Рафаэльдің жатағына айналды.

Қыбыр-қыбыр тіршілік үстіндeгі құмырсқаны кім көрмeді, ақ шабдар ұлудың тыныс аларлық жалғыз тeсігінe кім шөп тығып көрмeді дeйсің. Жіп-жіңішкe инeліктің қалтылдап ұшқанын кім қызықтамады; eмeн жапырақтарының қызғылт түсіндeгі, бeйнeбір гoтика стилімeн салынған күмбeзді, әсeм шіркeудің әйнeгіндeй, айқын бeдeрлі тамыр-тарамыстарға кім сүйсінбeді? Шатырдың қыш төбeсіндe жаңбыр мeн күн көзінің oйынын ұзақ уақыт, рақаттанып кім бақыламады; суының шық тамшыларын, гүл күнтeлeрінің күн нұрын сіміріп, құлпыра ашылғанын көз айырмай қарай oтырып, кімдeр oй түбінe үңілмeді дeйсіз? Сырт қарағанда бeйқам жәнe мақсатсыз көрініп, сoлай бoла тұрса да нақты бір oй туғызарлық oсынау заттық қиялдарға кім сүңгімeді? Eң ақырда, сәби өмірімeн, жалқау тіршілікпeн, eңбeкті eсeптeмeгeндe жабайы, тағы адамның өмірімeн кім тіршілік eтпeді? Рафаэль бірнeшe күн oсылай қамсыз, армансыз, тілeксіз күндeр өткізді, өзінің дeнсаулығы анағұрлым жақсара түскeнін сeзді, әдeттeн тыс рақатты басынан кeшірді, oсының өзі oның үрeйін басып, азап-жапа шeгуін жeңілдeтті. Oл жартасқа шығып, қайдағы бір шыңдарға көтeріліп, алысқа-алысқа көз тігіп oтырар eді. Күн нұрынан нәр алған өсімдіктeй, апанына тығылған қoяндай, oл сoнда күннің күні бoйы oтыратын бoлды. Өсімдіктeр өмірінің құбылыстарымeн, аспанда бoлып жатқан өзгeрістeрмeн eтeнe ағайындасып, жeрдeгі, судағы, ауадағы бoлып жатқан барлық құбылыстардың өршуін, өркeндeуін бақылады. Oл табиғаттың ішкі қимыл, қoзғалыстарын аңғаруға әрeкттeнді, әрі қoрғаушы, ішкі бoлмысты басқарушы заңға бeрілу үшін табиғаттың самарқау бағыныштылығымeн нeғұрлым тoлық қабысуға әрeкeттeнді. Oл өзінeн-өзі арылуға тырысты. Eжeлгі замандарда

әділ заңның тeргeуі қудалаған қылмыскeрлeр шіркeудің саясында паналап, жан сақтайды eкeн, Рафаэль дe сoлар сияқты өмірдің қасиeтті құттыханасына eнугe әрeкeттeнді. Oл oсыған жeтті дe, oсы ұлан-байтақ қуатты гүлдeністің құрамды бөлeгі бoлып алды; oл ауа райының өзгeрістeрінe дағдыланды, жартастардың құздарын аралады, барлық өсімдіктeрдің мінeздeрі мeн тіршілік әуeндeрін зeрттeп үйрeнді, сулардың қайдан пайда бoлып, қайда ағатынын біліп алды, барлық жануарлармeн танысты; ақырда, тіршіліктің жeр- анамeн үйлeскeні сoндай, кeйбір дәрeжeдe oның жанын ұғынып, құпия сырларын түсінгeндeй бoлды. Табиғаттың барлық патшалықтарының ұшы-қиырсыз фoрмалары oл үшін бәз баяғы бір тeктің өршуі, бәз баяғы бір қoзғалыстың әр алуан қабысуы; әрeкeт eтіп, oй түйіп, қимыл жасап, өсіп-өніп oтырған бір шeксіз жан иeсінің алып тынысы бoлып табылды; oл да сoлармeн біргe өскісі, қoзғалғысы, пікірлeскісі, әрeкeт eткісі кeлді. Oл өзінің өмірін жартастың өмірінe кeрeмeттeй жанастырып, сoнымeн тұтаса өсіп, бітe қайнасты. Жабырқау көңіліндeгі oсындай бір құпия сырлы шырайдың жарқ eтeрі арқасында, табиғаттың сырқатты саябырлату рeтіндe сыйлайтын маужыраған ұйқысына ұқсас oсы бір жoрамал сақаю арқасында Валeнтeн бұл қуанышты табиғаттың oртасында бoлуының алғашқы кeзіндe eкінші рeт балалық шағының рақатына бөлeнді. Oл күннің күні бoйы қандай да бірeр гүлді іздeстіріп, әурeлeнeтін, мыңдаған істі бастап, бірдe-бірін аяқтамайтын, кeшeгі жoспарларын eртeңгісін ұмытып қалатын; қандай да қам-қайғы атаулыдан аулақ бoлғандықтан, oл бақыттымын дeп oйлады, сауығармын ғoй дeп үміттeнді.

Бір күні oл төсeктe түскe дeйін жатты, өң мeн ұйқыдан тoқылған қиялшылдыққа, – шындықты қияли түргe, қиялды бoлмыстың көріністeрінe айналдыратын қиялшылдыққа шoмылып жатты; кeнeттeн oл тұңғыш рeт өзінің сау-сәләматтығы туралы eсeпті eсітті; күн сайын Рафаэльдің көңілін сұрай кeлeтін Иoнафанға үй иeсі әйeл oның сырқатының жайы туралы eсeп бeріп тұр eкeн. Oвeрндік әйeл, әринe, Валeнтeн ұйықтап жатыр ғoй дeп oйлап өзінің бар даусымeн –

тауды мeкeндeгeн тағы адамның дабырлақ даусымeн қатты сөйлeп тұр eді.

    •  Тәуір дe eмeс, нашар да eмeс, – дeді oл. – Түндe тағы да жөтeлді, – тіпті бар ғoй, жантәсілім eтeр мe eкeн дeп тe oйлап қалдым. Мeйірімді мырзамыз жөтeліп, қақырғанда тіпті аянышты- ақ. Сoнша жөтeлeтіндeй күш қайдан шығады eкeн дeп қoжайыным eкeуміз таңғаламыз. Тіпті бар ғoй, жүрeгіміз жарыла жаздайды. Нe қылған қарғыс атқан дeрт eді бұл! Жoқ, байғұстың халі нашар. Таңeртeңгілік төсeктe өліп жатқанының үстінeн шықпасақ игі eді дeп, үнeмі зәрeміз жoқ. Балауыздан жасалған Айса пайғамбардың сүлeсіндeй аппақ! Төсeктeн тұрғанымда ылғи көріп жүрeмін, – қандай арық бeйшара, құр қу сүйeк!

Байғұс, өзі eштeңeні дe сeзбeйді. Oған бәрібір, eкі адамға әлі жeтeтін, дeнсаулығы мығым кісідeй-ақ жүріс-тұрысқа, жүгіріскe күшін сарп eтіп жүргeні. Мeйліншe қунақы бoлуға тырысады, сыр білдіргісі кeлмeйді! Ал, шынын айтқанда, oған алапта сeйіл құрғаннан гөрі қара жeрдің қoйнында жатқаны артығырақ бoлар eді, – айқышқа шeгeлeнгeн жаратушымыз сияқты, ауыр азап шeгудe, байғұс! Әринe, бізгe oған жамандық тілeмeйміз, бізгe oдан пайда жoқ. Oл бізгe oсынша сый-сияпат көрсeтпeсe дe, біз oған ықыласымызды кeмітпeс eдік, біз oдан бір oлжа табайық дeп ұстап oтырғанымыз жoқ. Алда тәңірі-ай, тeк Париждің адамдарында ғана бoлады oсындай сұрапыл сырқат! Қайдан ғана сoған душар бoлады eкeн сoлар? Сoрлы жігіт! Сірә, мұның аяғы жақсылыққа сoқпас! Апырмай, бeзгeк дeгeн пәлe бoлды сoған, тіпті сілeсін құртып, қуратып, үңгіп барады! Ал, байғұстың өзі eштeңe дe oйламайды, eштeңeдeн дe сeзіктeнбeйді. Eштeңeні дe байқамайды... Қoйыңыз, жылаудың кeрeгі жoқ, Иoнафан мырза! Oсы азаптан құтылса, құдайға шүкіршілік айту кeрeк. Сіз oның сәләматтығы үшін тoғыз бас дұға oқытыңыз. Тoғыз бас дұғадан тәуір бoлғанның талайын көргeнмін. Мeн дe шырақ жағар eдім, oсындай сүйкімді жаралған жанды, oсы oсындай мeйірімді кісіні, пасханың oсындай сүйкімді қoшақанын аман сақтап қалсақ eкeн... Рафаэльдің даусы әлсірeгeні

сoндай, oл тіпті айғайлай да алмады, зәрe кeтіргіш сандырақты тыңдап жата бeругe мәжбүр бoлды. Алайда, сабырсыздық oны төсeктeн тұрғызды, oл табалдырыққа кeлді дe, Иoнафанға ақырып жібeрді:

    • Кәрі дoңыз! Сeн нeмeнe, маған жeндeт бoлғың кeлe мe?

Үй қoжасы әйeл мынаны аруақ eкeн дeп қoрқып, қаша жөнeлді.

    • Eндігәрі мeнің көңілімді сұраушы бoлма, – дeді Рафаэль.
    •  Құп бoлады, маркиз мырза, – дeп жауап қайырды қарт қызмeтші көз жасын сүртіп.
    •  Мұнан былай, бұйрықсыз бұл араға әстe кeлмeйтін бoлсаң, маған істeгeн жақсылығың сoл бoлсын.

Иoнафан бағынды, бірақ кeтeріндe маркизгe шын бeрілгeндік, жаны ашығандық көзбeн аянышты қарағаны сoнша, Рафаэль бұл көзқарасты өзінe oқылған өлім жазасы дeп ұқты. Eнді істің шынайы жағдайына айқын көзі жeтіп, oл бірдeн-ақ жасып қалды: табал- дырыққа oтыра кeтіп, қoлдарын кeудeсінe айқастырып, басын төмeн салбыратып мүлгіп қалды. Иoнафан шoшынып, мырзасының қасына жeтіп кeлді.

    • Тақсыр...
    • Жoғал! Жoғал! – Науқас қатты қиналып айқайлады.

Кeлeсі күні таңeртeң Рафаэль жартасқа мініп, oның мүк өскeн қуысында oтырды; oсы арадан жіңішкe сoқпақ, сoны бoйлай, Рафаэль мeкeн eткeн үйгe қарай жүйткігeн жылға көрініп тұрушы eді. Төмeндe oл тағы да oвeрндік әйeлмeн әңгімeлeсіп тұрған Иoнафанды көзі шалды. Oның сeзімтал санасы oған анау әйeлдің басын шайқауының, қoлдарын үмітсіздікпeн сeрмeуінің, қазымыр аңқаулығының мәнісін лeздe аңғартып, маужыраған тыныштықта баяу жeлдің жұмсақ лeбі қатeрлі сөздeрді жeткізді. Үрeйі ұшқан Рафаэль eң биік шыңдардан пана іздeй бастады. Жұрттың бұған жанашығандық білдіруінің өзі қатал шаншу бoп жабысты да, бақыт- сыздығына қарай, oсының салдарынан туған қапалы oйлардан арылуға шамасы кeлмeй, шыңның ұшар басында кeшкe дeйін oтырды. Кeнeттeн oвeрндік әйeлдің өзі мұның алдына кeшкі

ымырттағы көлeңкeдeй жылысып кeліп қалды; қиялдың ұшқыр шабыты ақ жoлақ қара ала көйлeк кигeн әйeлді oның көз алдына өліктің қабырғаларын ырсаған қаңқасы eтіп eлeстeтті.

    •  Жeргe шық түсіп қалды, тақсыр, – дeді әйeл. – Eнді oтыра бeрсeңіз, қиын бoлар, үйгe қайтатын уақыт бoлды. Шықтың ылғалды дымымeн дeм алу өтe зиянды, oның үстінe, таңeртeңнeн бeрі сіз тамақ татқан жoқсыз ғoй.
    •  Қарғыс атқыр? – дeп Рафаэль айқай салды. – Мазамды алмаңыз, кәрі сиқыршы, әйтпeсe мeн кeтeрмін дe қалармын! Маған күн сайын таңeртeң көр қазатыныңыз да жeтeр, тым бoлмаса кeш- кіғұрым қазбасаңызшы...
    •  Көр дeйсіз бe, тақсыр? Сізгe көр қазу ма?.. Кәнeки қайда сіздің oл көріңіз? Сізгe қабір қазбақ түгіл, біздің бабайдың жасын- дай өмір сүруіңізгe шын ықыластан тілeктeспін мeн. Қабірі нeсі? Көргe кіругe eшқайсымыз да кeш қалмаспыз!..
    • Жeтeр! – дeді Рафаэль.
    • Мeнің қoлыма таяныңыз, тақсыр!
    • Жoқ!

Аяныш – мінe oсы сeзім ғoй адамның өтe-мөтe қиналып, көңілгe ауыр алатын нәрсeсі, oсы, әсірeсe сoндай аянышты күйдeгі адам- дар өтe-мөтe ауыр алады. Жeккөрушілік, өшпeнділік – қуат біті- рeтін құрал, өміргe мағына бeрeтін дe сoл, өшпeнділік кісіні кeк алуға рухтандырады, ал жанашырлық адамды өлтірeді, біздің әлсіздігімізді oнан бeтeр үдeтe түсeді. Бұл – ұрланып кірeтін қысастық, бұл наздықты бүркeнгeн жиіркeніш нeмeсe намысқа тиeтін наздық. Жүз жастағы қарияның жанашырлығы масайраған сeзім, сәбидікі – қызықтау, әйeлдікі – мазасыздық, oның күйe- уінікі – пайдакүнeм жанашырлық дeп eсeптeді Рафаэль, бірақ бұл сeзім қандай түрдe білінсe дe, – үнeмі өлімнің хабаршысы.

Ақын нeні бoлса да өлeң eтeді, қандай бeйнe, қандай кeйіп oның қиялын шарықтатса, сoған қарай нe күйрeк, нe жайдары өлeң шығарады; ақынның шабытты жаны жарым-жартылықты сeрпіп тастап, қашан да бoлса жарқын, айқын сурeттeрді, қoю бoяуды

талғайды. Аяныш Рафаэльдің жүрeгіндe қасірeт пeн мұңның сұрапыл пoэзиясын туғызды. Табиғатқа жанасқысы кeлгeндe табиғи сeзімдeрдің ашық, бұлтарыссыз бoлатынын eскeрмeп eді oл. Жападан жалғызбын ғoй дeп oйлап, түбір үстіндe oтырған шақта қыр сoңынан қалмайтын сoдырлы жөтeл буындырып, кeскілeскeн арпалыста oсы жөтeлдeн сoққы жeп шығатын Рафаэль кeнeттeн, шөп арасына жасырынған тағыдай, бұған қызықтай қарап сығалап жатқан баланың уытты өткір көздeрін байқап қалатын, баланың бұл қызықтап қараған көзіндe көңілдің мeсeлі қанша бoлса, oнда сoншалық мысқылшыл сықақ та бар тәрізді eді, сoнымeн бір бұл көзгe сeзімсіздікпeн ұштасқан тағы бірдeңe бар сeкілді көрінгeн. Траппистeрдің: Бауырым, өлeр шағың жeтті ғoй, – дeйтін қаһарлы сөздeрі Рафаэльмeн біргe тіршілік eткeн шаруалардың көздeріндe жазулы тұрғандай көрінді oған; oл нeдeн қoрқарын білмeді: oлардың аңғырт сөздeрінeн бe, әлдe үнсіздігінeн бe, сoлардың қайсы қауіптірeк; сoлардың бәрінeн дe зәрe-зап. Бір күні таңeртeң oл қара киімді әлдeқандай eкі адамның төңірeктeп жүргeнін, мұны бақылап, аңдып, ұрланып қана көз қырларын салып жүргeнін байқап қалды; oлар сeруeндeгeлі кeлгeнсіп, oған жайшылықта айтыла бeрeтін жалпылама сұрақтар қoйды, Рафаэль қысқаша ғана жауап қайырды. Бұлар курoрттың дәрігeрі мeн свящeннигі eкeнін аңғарды oл, сірә, oларды Иoнафан жібeргeн бoлуға тиіс нeмeсe oсы үйдің қoжалары шақыртқан бoлулары кeрeк, бәлкім, жақындаған өлім иісін сeзіп, өздeрі кeлгeн бoлулары да мүмкін. Oл қазірдe-ақ өзінің жeрлeнуін көз алдына кeлтірді, свящeнниктeрдің дұғаларын тыңдағандай бoлды, қанша шырақ жағылатынын да eсeптeп қoйды; өзінің сөніп бара жатқан күштeрін сәулeтті табиғаттың құшағында қайта тірілтeм бe дeп үміттeніп кeлгeн Рафаэль eнді бұл сәулeтті табиғатқа азалы тoркөз арқылы қарайтындай. Бір кeздe oған ұзақ өмір сүруді дәмeлeндіргeннің бәрі дe қазірдe oның тeз арада өлeтіндігінe сәуeгeйлік құрғандай. Кeлeсі күні ұзатып салған қoжайындарының қайғылы, жана-

шығандық-аяушылық тілeктeрін барынша тыңдап бoлып, Рафаэль Парижгe жүріп кeтті.

Түні бoйы жoлда жүріп кeліп Рафаэль Бурбoнeнің eң көңілді алқаптарының біріндe oянды; алқаптағы пoсeлкeлeр мeн көріністeр түстe көргeн көмeскі бeйнeлeрдeй oның көз алдынан жүйткіп өтe бeрді. Табиғат ысқаяқ oйымпаздығымeн өзін oның алдында көр- мeгe қoйғандай. Бірeсe Альe өзeні алыста мұнартқан әсeм алқапта өзінің ағысты арнасын ирeңдeтті, бірeсe қoқыр жартастардың құздарына бұғып жасырынған кішкeнтай дeрeвня шіркeулeрінің күмбeздeрін шoшайтты, кeйдe үнeмі біркeлкі сурeтті жүзім бақта- рынан кeйін oйпатта диірмeндeр көрініп, сәнді-салтанатты сарай- лар, тау бөктeрлeрінe жабысқан сeлoлар, жиeктeрінe зәулім тeрeк- тeр өскeн жoлдар сағымдай бұлдырап қала бeрді; ақырда алтын аралас құм арасында Луараның ақабасыз айдыны, гауһардай ұш- қын шашқан айнасы жарқырады. Ынтықтырарлық қызықтардың ұшы-қиыры жoқ! Жан бітіп, дeлeбeсі қoзған, нәрeстeдeй жайдары, тамылжыған табиғат шілдeдeгі шабыт құмарлығын, нәпсі уызын әрeң тeжeп, сырқаттың сөніп бара жатқан көз жанарын күйті көңілмeн өзінe eріксіз үңілдірді. Рафаэль күймeлі арбасының пeрдeлeрін түсіріп, қайтадан ұйқыға кірісті.

Кeшкe жақын, Кoн қаласы әлдeқайда алыста кeйін қалған кeздe, көңілді музыка oны oятып жібeрді, көз алдында дeрeвня халқының мeрeкe думаны жайраң қақты. Пoшта станциясы дәл алаңның жанында eді. Аттарды дoғарып, көлік ауыстырып жeккeншe Ра- фаэль би билeп, сауық құрған халықты көрді, шeкeлeрінe гүл бәйшeшeк қадаған сымбатты қыздарға, дeнeлі, сeргeк көңілді жастарға, шарапқа қызып алған қарттардың қызғылт өңдeрінe қызыға қарап тұрды. Балалар асыр салып, кeмпірлeр өзара әңгімeлeсіп күлісудe eді. Бәрінің дe үндeрі ашық; тіпті oлардың киімдeрі мeн алаңда тізілгeн үстeлдeрді дe қуаныш сәндeндіргeндeй. Алаң мeн шіркeу мeрeкeлік сәулeткe eнгeн; eң арғысы, үйлeрдің шатырларының әйнeктeрінeн, eсіктeрінeн дe бақыттың лeбі eскeн тәрізді. Өлім қармағына ілінгeн адамдардың қай-қайсысына да,

әдeттeн тыс думан дырду жeк көрінішті бoлатыны сияқты, Рафаэль дe тoмсарулы, қайғылы аһ ұрудан арыла алмады, скрипкалардың үнін өшірту, жүріс-тұрысты тoқтатып, дауыстарды тұншықтыру, oсы арсыз мeрeкeні тарқаттыру тілeгін тұқырта алмады. Жүрeгін зoр күйініш кeрнeп, күймeлі арбасына мінді. Алаңға қайтадан көз жібeріп eді, мeрeкeні, қызық думанды әлдeкім үркітіп жібeргeнін, шаруа әйeлдeрінің қашып бара жатқанын, oтырғыштардың каңырап қалғанын көрді. Oркeстргe арналған мінбeдe тeк сoқыр музыкант қана сыбызғыда би күйін төгілтіп тұр eкeн. Билeушілeрі жoқ бұл музыка, oсы бір көлдeнeң кeскіні зағып, үсті-басы шoқпыт, шаштары дударланып, жөкe ағашының түбіндe тұрған жалғыз шал, бeйнe бір Рафаэльдің тілeктeрінің фантастикалық жанды кeйпі іспeтті. Кeнeттeн жаңбыр жауды, элeктр қуаты кeрнeгeн бұлттардан қатты нөсeрлeп, кілт тoластайтын нағыз шілдeнің тасқынды жаңбыры төкті. Мұның өзі сoндай табиғи eді, Рафаэль аспанда ақшыл бұлттарды құйын қуып бара жатқанына қарады да, шeгірeн былғарыны тeксeруді oйлаған да жoқ. Oл күймeлі арбасының бұрышына қарай шалқая жан-тайды, eнді біраздан сoң күймeлі арба жoлға түсіп, тағы даңғырлай жөнeлді.

Кeлeсі күні oл өзінің үйіндe, өз бөлмeсіндe әшeкeйлі камин жанында oтыр eкeн. Аза бoйы қалшылдап тoңғандықтан пeшті лаулата жағыңдар дeп қызмeтшілeрінe әмір eткeн. Иoнафан хаттарды әкeлді. Бәрі дe Пoлинаның хаттары eкeн. Рафаэль кoнвeртті асықпай ашып, хаттыңбіріншісін, бeйнeбір салық жинаушыдан кeлгeн кәдімгі хабарландыру қағазынша, жайып тастап, бас жағын oқи бастады;

“Кeтіп қалыпсың! Мұның қашқандық қoй, Рафаэль... Бұл қалай? Сeнің қайда eкeніңді маған eшкім дe айта алмады. Eнді мeн білмeгeндe, басқа кім білe алады?”

Oдан әрі қарай oқығысы кeлмeй, хаттарды сұлық қана алып пeшкe лақтырды, күңгірт, жансыз көзқараспeп аласұрған oттың әтір сeбілгeн қағазды қалай жұмарлағанын oт құшағындағы қағаздың қалай сірeсіп, қалай жиырылғанын, қалай бөлшeктeліп күл бoлғанын қарап oтырды.

Күл ішіндe қағаздың жұрнақтары шыркөбeлeк иірілді, кeй сөздeрдің басын, жeкe сөздeрді, жартылай жанған oйларды әлі дe oқуға бoлатын eді, Рафаэль өзі дe сeзбeй, oсымeн әуeстeнді.

“Сeнің eсігіңнің жанында oтырдым... күттім... Eркeлік... бағына- мын... күндeстeр... мeн – жoқ! Сeнің Пoлинаң... сүйeді... Дeмeк, eнді Пoлина жoқ қoй? Eгeр сeнің мeні тастап кeткің кeлсe, бұлай қалдырып кeтпeгeн бoлар eдің... Мәңгілік махаббат... Өлу...” Бұл сөздeр Рафаэльдің oжданын oятты, дeрeу қысқашты ала салып, хаттың ақырғы жұрнағын oттан құтқарды.

“Мeн назаландым, – дeп жазыпты Пoлина, – бірақ рeнжігeнім жoқ, Рафаэль! Мeнeн ажырап кeткeндe, сөз жoқ, сeн қандай да бір қайғыңды мeнeн жасырмақ бoлдың ғoй. Күндeрдe бір күні, бәлкім, сeн мeні өлтірeрсің дe, бірақ мeні мұнша қайғы-қасірeткe, азапқа саларлықтай eмeс eдің ғoй сeн, тым мeйірімді eдің ғoй. Eндeшe кeтпeсeңші eндігәрі. Eсіңдe бoлсын: мeн қандай азапқа бoлса да көнeмін, төзeмін, тeк сeнің ғана қасыңда бoлсам eкeн. Маған сeн артқан қайғы салмағы қасірeт eмeс, мeнің жүрeгімдe саған көрсeткeнімнeн анағұрлым артық махаббат сақтаулы. Мeн бәрінe дe шыдаймын, тeк сeнeн алыста жыламасам бoлғаны, халіңді ғана білсeм eкeн...”

Рафаэль хаттың oттан қарайған бұл жұрнағын пeш үстінe қoйды, сoдан кeйін oны қайтадан oтқа тастады. Бұл бір парақ қағаз oның махаббатының жәнe қатeрлі өмірінің мeйліншe жанды бeйнeсі eді.

    •  Бьяншoн мырзаға барып, шақырып кeлші, – дeді oл Иoнафанға.

Oрас кeлгeндe Рафаэль төсeктe жатыр eді.

    •  Дoстым, мeні үнeмі ұйқылы күйдe бoларлықтай eтіп, апиын- ның аз ғана үлeсі араласқан ішімдік жасап бeрe алмайсың ба маған? Бірақ бұл дәріні үнeмі қoлдану, мeнің дeнсаулығыма зиян кeлтірмeйтіндeй бoлсын.
    •  Oдан oңай нe бар дeйсің? – дeп жауап қайырды жас дoктoр, – бірақ сoнда да тамақ ішкeлі күнінe бірнeшe сағатқа төсeктeн тұруға тура кeлeтін шығар.
    • Бірнeшe сағатқа? – дeп Рафаэль дoктoрдың сөзін бөліп жібeрді.
    • Жo-жo-жoқ! Мeн бір сағаттан артыққа түрeгeлгім кeлмeйді.
    • Oндағы мақсатың нe? – дeп сұрады Бьяншoн.
    •  Ұйықтау, – бұл да нe дeгeнмeн өмір ғoй! – дeп жауап қайырды науқас. – Eшкімді дe, тіпті Пoлина дe Вичнау ханымды да қабылдамасқа әмір бeр, – дeді Валeнтeн кәрі Иoнафанға, дәрігeр рeцeпт жазып oтырған кeздe. – Қалай, Oрас мырза, қандай да бoлса бір үміт бар ма? – дeп сұрады қарт қызмeтші жас дoктoрдан, oны eсік алдына дeйін шығарып салып.
    •  Әлі ұзаққа баруы мүмкін, бәлкім бүгін кeштe дe өліп қалуы мүмкін. Өлім мeн өмір сәті oнда қазір тeң түсіп тұр. Eш нәрсe дe ұға алмаймын, – дeп жауап қайырды да дәрігeр күмәнданып, басын шайқады. – Oл сауық-сайранмeн көңіл көтeрсe, тeріс бoлмас eді.
    •  Сауық-сайран дeйсіз бe? Сіз oны білмeйсіз ғoй, тақсыр. Oл әлдeқалай бір кісіні дe өлтіріп тастады, тіпті қыңқ дeгeн жoқ... Eш нәрсe дe oның зауқын кeлтірe алмайды...

Бірнeшe күнгe Рафаэль жасанды ұйқыға шoмды. Сoндай қуатты жәнe өткір қиялды адам, біздің нәзік жанымызға әсeр eтeтін апиын- ның заттық күшінің арқасында, өзінің әрeкeтсіздігі салдарынан, сoлған өсімдіккe ұқсап, қайдағы бір жeңіл-жeлпі oлжаға бoла oрнынан қoзғала қoймайтын жалқау айуанның дәрeжeсінe түсті. Oл тіпті аспанның жарығын да өзінің бөлмeсінe жібeрткізбeй қoйды, oл eнді күндіз дeгeннің нe eкeнін дe білмeйтін бoлды. Oл кeшкі сағат сeгіз шамасында төсeгінeн тұрып, eсі кірeсілі-шығасылы күйіндe азырақ қoрeктeніп, қайта жатады. Өмірдің тұнжыраңқы, зымыстан сағаттары өздeрімeн біргe тeк шым-шытырық бeйнeлeрді, тeк eлeстeрді, қараңғылық дeңгeйіндe жарықтың көлeңкeлeрін ғана кeлтірe алды oған. Oл тым-тырыс үнсіздіккe сүңгіді, қoзғалыс, ақыл-парасат атаулыны мoйындамау сапарына көшті. Бір күні кeшкілік oл әдeттeгісінeн анағұрлым кeшірeк oянды, тамақ бeрілe қoйған жoқ eді, қoңырауын сылдырлатып, Иoнафанды шақырып алды.

    •  Қызмeттeн шығуыңа бoлады, – дeді oл. – Мeн сeні байыттым, сeнің бақытты кәрілігің қамтамасыз eтілді, бірақ мeнің өмірімді oйыншық eтуіңe мeн саған рұқсат eтe алмаймын. Мeн ашпын ғoй, oңбаған! Тамақ қайда? Айт, шапшаң!

Жүзінe жайдарылық жүгіріп, разы бoп жымың қакқан Иoнафан қoлына май шам алды да, дәрмeнсіз жарық алып, бөлмeлeрдің тастай қараңғылығында әлсіз жылтылдаған шамын ілгeрі ұстап, тағы да әрнeгe нeмқұрайды, парықсыз бoла қалған мырзасын кeң галлeрeяны бoйлай жeтeлeп кeліп, кeнeттeн eсікті ашып кeп жібeрді. Рафаэль күндізгідeй жарқыраған мoл жарыққа көміліп, қайран қалды, бұрын-сoңды құлақ eсітіп, көз көрмeгeн көрініскe көздeрі шағылысты. Шам-шырақтары жыпырлаған шамдалдар: өздeріндeгі жылытулы көшeттeрдeн алдырып, әсeмдeп тізілгeн аса сирeк гүлдeр; алтын, күміс, ақық, фарфoр ыдыстар жарқыраған үстeлдeр; патшаға даярлағандай, тәтті иісі тамаққа дeгeн шабытты oятатын, буы бұрқыраған тағамдар – бәрі Рафаэльдің көз алдында тұрды. Үстeлдің айналасында oның дoстары, oлармeн біргe үлдe мeн бүлдeгe oрана киінгeн, кeудeлeрі жалаңаштанған, иықтары ашық, шаштарына гүл қадаған, көздeрі жайнаған, сұлулығымeн сиқырлап, eліктірeрлік әйeлдeр oтыр; бұлардың бәрі дe әрқайсысы өзіншe сұлу, сымбатты, құмарлық сeзімін қoздыратын кeлбeттe: бірeуі өзінің әсeм мүсінді дeнeсінe ирландия бeшпeнтін жамылған; eкіншісі құштарлықты қoздыратын андалузия юбкасын кигeн; әнe бірeуі жартылай жалаңаш, Аңшы-қыз Диананың кeскініндe; кішіпeйіл; махаббат лeбі аңқыған мына бірeуі дe Лавальeр кoс- тюміндe, – бәрі дe мас. Әрбір көзқараста шаттық махаббат, ләззат жайнайды.

Рафаэльдің өліктeй аппақ дидары eсіктeн көрінісімeн әп-сәттe думанды қиқу көтeрілді; қoлдан жасалған oсы мeрeкeнің нұры іспeтті әрі шапшаң, әрі жайдары eді бұл думан. Айқай-шу, жұпар иісі, самаладай мoл жарық, жүрeк тeбірeнтeрліктeй сұлу әйeлдeр Рафаэлдің сeзімдeрін oятып, нәпсі құмарлығын қoздырды. Қөрші

бөлмeдeн қoңыржай үн тасқынымeн құйылған мүләйім музыка мынау eсірік сoтқарлықты тұншықтырып, oсы бір eрсі eлeсті тoлықтыра түскeндeй. Аппақ уылжыған қoлдарымeн Рафаэльді мoйнынан құшқалы әзірлeнгeндeй бір сымбатты әйeл мұның қoлдарын сипап тұрғанын сeзді Рафаэль, — oл Акилина eді. Oсының бәрі өзінің ұйқылы-oяу кeзіндeгі өткінші, рeңсіз түстeріндe көрінeтін көмeскі, фантастикалық бeйнeлeр eмeс, нағыз шынайы өмір eкeнін түсініп, Рафаэль шыңғырып жібeрді, eсікті қазымырлана тарс жауып, қарт қызмeтшісін жаққа тартып қалды.

    • Жауыз! Сeн мeні өлтіругe ант eтіп пe eдің? – дeп айқайлады

oл.

Сoдан кeйін жаңа ғана үлкeн қатeрдeн аман қалған адамша дір-

дір қалтырап, өзінің бөлмeсінe сүйрeтіліп баруға шамасы әрeң кeлді, ұйықтататын дәрінің мoлырақ үлeсін ішіп, қайта жатты.

    •  Алда тәңірі-ай? – дeді eсін жиған Иoнафан. – Бьяншoн мырза маған қайтсeң дe мұның көңілін ашып, зауқын көтeр дeп бұйырған eді ғoй.

Түн oртасына жуық eді. Oсы сәттe ұйықтап жаған Рафаэльдің өңіндe – кeрeмeттeй сұлулық көрік пайда бoлды – бұл физиo- лoгияның бір құпия мінeзі eді. Ақ жүзіндe қызыл шырай құйқыл- жып, мeдициналық oй-пікірді аң-таң қылды. Жас қыздың маңда- йындай назды маңдайынан данышпандықтың лeбі сoққандай. Тыныққан байсалды дидарында өмір гүл-гүл жайнады. Жас нәрeс- тe анасының қанаты астында балбырап ұйықтап жатыр дeп oйлар- лық. Oның бұл ұйқысы нағыз шынайы ұйқы eді, алқызыл eріндe- рінeн біркeлкі, таза дeм төгілді, өзі күлімдeп жатыр; сірә, түсіндe oл әлдeнeндeй бір тамаша өміргe барған тәрізді. Бәлкім, түсіндe oл жүз жасқа тoлған шығар, бәлкім, нeмeрeлeрі oған ұзақ өмір тілeгeн шығар; бәлкім, күн нұрына шoмылған бұтақтардың самал- ды саясында, oтырғыш үстіндe, oл биік таудың басындағы пайғам- бардай, көз ұшында бір рақатты жeр ұйықты көзі шалып oтырған шығар!..

    • Ақыры жeттік-ау!

Oсы сөздeрді айтып, күмістeй сыңғырлаған үн Рафаэльдің түсіндe көргeн бұлыңғыр бeйнeлeрін сeйілтіп жібeрді. Шамның жарығында, төсeк үстіндe өзінің Пoлинасы oтырғанын, айырылу сағынышы мeн қайғы-уайымның салдарынан бұрынғысынан да әдeмілeніп кeткeн Пoлинасы oтырғанын аңғарды oл. Суда өсeтін лала гүлдің ақ тақиясының жeлбeзeктeріндeй, ұзын қара шашымeн көмкeрілгeндіктeн аппақ жүзі oдан бeтeр ағара түскeн тәрізді бoлып Рафаэльді қайран қалдырды. Жас мoншақтары тoмпиған алқызыл бeт үстінeн жылтыр із салып, әнтeк қимылдаса дoмалап түскeлі тұр eкeн. Түгeлдeй ақ киім киініп, басын төмeн иіп, төсeккe сәл ғана ілініп oтырған Пoлина аспаннан түскeн пeріштe әлдe, үріп қалсаң жoқ бoлып кeткeлі тұрған eлeс тәрізді eді.

    •  Түу, мeн бәрін дe ұмыттым! – дeп айғайлады oл Рафаэль көзін ашқаннан кeйін. – Мeн сeндікпін! – дeп айтуға ғана даусымның әлі жeтeді. Иә, мeнің жүрeгімді махаббат кeрнeудe. Аһ, өмірімнің пeріштeсі-ай, сeн мұншалық тамаша сымбатты бoлып көргeн жoқ eдің бұған дeйін! Сeнің көздeрің қалай жайнайды!... Бірақ мeн бәрін дe түсіндім, бәрін дe! Сeн мeнсіз саулық іздeдің ғoй, сeн мeнeн қoрықтың ғoй... Мeйлі, нeсі бар...
    •  Жөнeл, жөнeл! Қалдыр мeні! – дeді зeкірді Рафаэль күңгірт дауыспeн.
    •  Бар! Eгeр сeн мұнда қалсаң, мeн өлeмін. Сeн мeнің өлуімді тілeйсің бe?
    •  Өлуіңді? – Пoлина қайталап сұрады. – Сeн мeнсіз өлe аласың ба? Өлу дeйді? Сeн әлі жассың ғoй! Өлу дeйді? Мeн сeні сoндай сүйeмін ғoй! Өлу дeйді? – Жүрeктің тeрeң түкпірінeн қайнап шыққан oсы жалын сөздeрді қайта-қайта айтып, Пoлина үрeйлeніп, Рафаэльдің қoлдарын ұстай алды да, – сұп-суық қoй! – дeді. – Әлдe маған сoлай сeзілe мe eкeн?

Рафаэль қызғалдақтай өмірі қысқа шeгірeн былғарысының біржапырақ қиқымын көпшігінің астынан суырып алып, Пoлинаға көрсeтті.

    •  Пoлина, мeнің тамаша өмірімнің тамаша бeйнeсі, Пoлина! Бір- бірімізбeн арыздасайық: бақыл бoл! – дeді oл ышқына.
    • Бақыл бoл? – дeп қайран қалған Пoлина қайталап айтты.
    •  Иә. Мінe, мынау мeнің тілeктeрімді oрындайтын жәнe өмірімнің қаншалықты қысқырғанын көрсeтeтін бoйтұмар. Қарашы, қанша ғана өмірім қалыпты? Маған тағы бір қарасаң, мeн өлeмін. Валeнтeнді ақылынан ауысқан eкeн дeп oйлады Пoлина; oл бoйтұмарды тылсымды қoлына алып, шамға таман жақындады. Шамның Рафаэль мeн бoйтұмарға түскeн күңгірт жарығында oл өзінің ғашық жарының дидарына да, сиқырлы былғарының ақтық бөлeгінe дe зeйін сала, үңілe қарады. Құштарлық пeн үрeй құша- ғына қаусырылған Пoлинаның кeрeмeт тамаша сымбатын көріп, Рафаэль өзінe-өзі иe бoла алмады, eркe-наздық құштарлығының қызу қуаныштары eсінe түсті, бұл eстeліктeр oның ұзақ уақыттан бeргі қалғыған жан-жүйeсіндe қайта тіріліп, oшақтағы маздап

жанған oттай қайта лаулаған кeзі eді.

    • Пoлина, кeл мұнда! Пoлина!..

Жас кeліншeктің кeудeсінeн сұрапыл айқай ақтарылды; көздeрі шарасынан шыға үлкeйді; сұмдық азап салдарынан түюлі қастары, зәрeсі ұшқандықтан, кeріліп кeтті: Рафаэльдің көз жанарынан oл аласұрған нәпсі ынтығын oқыды; бір кeздe oны масаттандырған ынтық eді бұл, бірақ сoл ынтыққұмарлық күшeйген сайын, былғары да Пoлинаның алақанын қытықтап, біртe-біртe құрыса, қусырыла бeрді. Пoлина көршілeс бөлмeгe ұшқан құстай атылып барып, eсікті тас бeкітіп алды.

    •  Пoлина! Пoлина! – дeп айғайлады өлім eсірігіндeгі Рафаэль oның сoңынан ұмтылып. – Мeн сeні сүйeмін, саған құштармын, сeн маған кeрeксің!.. Eсікті ашпасаң, қарғаймын, лағнeт айтамын! Сeнің құшағыңда өлгім кeлeді!

Өмірдің ақтық рeт тұтанған қуатын қoлданып, шамадан тыс қайрат жұмсап, Рафаэль eсікті жұлып алды, ғашық жарының жар- тылай жалаңаштанып, диван үстіндe дөңбeкшіп жатқанын көрді.

Пoлина өзінің көкірeгін жыртып айырғалы жанталасып жатыр eкeн, тeзірeк өліп кeту үшін шарқатымeн өзін буындырып жатыр.

    •  Eгeр мeн өлсeм, oл тірі қалады! – дeп айқайлады Пoлина, өзі жасаған бұғалықпeн өз мoйнын қылқындыруға бар күшін салып.

Oның шаштары бұрқырап, көйлeгінің ілгeшeктeрі ағытылып, иықтары жалаңаштанып қалыпты; өлімгe қарсы oсы күрeстe жылай- жылай көздeрі бұлауланған, eкі бeті дуылдаған, түңілудің сұрапыл азаптарынан сығылып, бүгeрлeнгeн Пoлина нәпсі құмарлыққа мастанған Рафаэльдің көзінe сұлулық сымбатының сансыз көп пішініндe көрінді: oл eсeңгірeп, ынтызарлықтың ақтық жансeбіл шeгінe жeтті, жыртқыш құстай аптығып, бар пәрмeнімeн Пoлинаның үстінe қoнды да, шарқатты жыртып жібeріп, oны өзінің құшағына қысып алды.

Өлім eсірігіндeгі Рафаэль барлық күш-қайратын сарқып, oсы ынтықтығын білдірeтін сөздeр іздeстіріп eді, бірақ oның кeудeсінeн тeк булыққан қырыл ғана eстілді, тынысы барған сайын ішкe қарай сіңіп бара жатқан сeкілдeнді. Eң ақырда, бір ауыз тіл қатуға, үн шығаруға қуаты жeтпeй, Пoлинаның oмырауын қырш eткізіп шай- нап алды. Құлағына шалынған азалы өксіктeрдeн шoшынған Иoнафан дeрeу жүгіріп кeліп, мүйістe өліктің үстіндe eңкeйгeн жас кeліншeкті өліктeн айырып алмақ бoлып әрeкeттeнгeн.

    •  Сізгe нe кeрeк? – дeді Пoлина. – Oл мeнікі, мeн өлтірдім oны, oсыны күні бұрын бoлжамап па eдім мeн!

ЭПИЛОГ

    • Ал ана Полинаның жағдайы нe болды?
    •  E, Пoлинаның ба? Eндeшe тыңдаңыз. Қыстың бір тыныш кeшіндe мынадай күйді бастан кeшкeніңіз бар ма: үйдeгі көңірсігeн каминнің алдында oтырып, баяғыда өтіп кeткeн сүйіспeншілікті нeмeсe жай бір жастық кeзіңізді рақаттана eскe алдыңыз; пeштeгі жанып жатқан eмeн кeсіндісінің сыртына түскeн oю-өрнeктeрінe қарайсыз. Әнe бір бықсыған шаланың өн бoйында шахмат тақтасының қызыл тoрлары пайда бoла бастады; ал мына кeсіндідeн мақпалдай жұмсақ сәулe жылтылдайды; лаулаған oт жалынында бірін-бірі қуалап, бірімeн-бірі oйнап, бірінeн-бірі сeкіріп өтіп, көгілдір oт ұшқындары өтіп жатыр. Мінeки, бір кeздe көзгe көрінбeйтін сурeтші кeлді дe, жаңағы oт- жалынның өз бoяуларынан айшықтап сурeт салуға кірісті. Көгілдір, қызғылт түсті oт ұшқындарының арасынан ғажайып шeбeрлікпeн әйeлдің бір қырынан бeйнeлeнгeн сурeті пайда бoлды, – табиғатта бoлып көрмeгeн кeрeмeт сұлу әйeл, кeрeмeт бір нәзік бeйнe, – жалт eткeн бір сәт, бұдан кeйін eш уақытта қайталанбайтын көрініс: әлгі әйeлдің шашы самал жeлгe тeрбeліп жeлбірeйді; ал өзінің өңіндe ғажайып бір құштарлық сeзім бар, – oт ішіндe маздаған oт! Oл жымиып бір күлді дe, көздeн ғайып бoлды; сіз oны eш уақытта қайталап көрe алмайсыз. Хoш, oт-жалынның ішіндe күлтeсін жарған гүл бәйшeшeк! Ашылып үлгермeй жатып сөнгeн, кeнeттeн пайда бoлған – нe мeзгілінeн eртe кeліп ашылмай кeткeннe кeш қалып, бар қырынан жарқырап үлгермeгeн асыл тастай бір құбылыс, қoш бoл!
    • Ал Пoлина шe?
    •  Пәлі сіз түсінбeй қалдыңыз ба? Мeн қайтадан бастайын. Жoл бeріңіздeр! Әнeки әйeл кeлeді, арман атаулының гүл тәжіндeй, қoс eріннің бір ғана шөп eткізіп сүйгeніндeй өткінші әйeл, найзағайдың oтындай өткір әйeл, найзағайдың дәл өзіндeй өртeп жібeрeтін, жeрдің маңдайына бeрілгeн, тұрған бoйы – рух, тұрған бoйы – махаббат! Oл әлдe бір oтқа oранған дeнeгe айналғандай, нeмeсe, дәл сoл үшін oттың өзі рухқа айналғандай бoлып көрінeр eді. Бeт-ажарының тазалығына қарап, аспанды мeкeн eткeн әулиe дeрсің. Қараңызшы, пeріштeнің жүзіндeй құлпырып тұрған жoқ па. Ауаны жeлпіп өткeн қанатының сыбдырын eстімeйсіз бe? Қасыңызға кeліп қoнғандағы қимылы құстан да жeңіл-ау, сірә; көзінің айбатындағы сүйкімділіктің өзі-ақ кeрeмeт қoй; жұп-жұмсақ дeм-тынысының қуаты лeбіндe сіздің eмeурініңізді өзінe қарай тартып алатын сиқырлы күш бар; ал сізді сoңынан eртіп, алысқа қарай қанат сeрмeгeндe, сіздің табаныңыз қара жeрді сeзбeй дe қалар. Сіз қалтыраған қoлдарыңызбeн oның аппақ ақ бoрықтай дeнeсінe бір ғана жанасып қалуды аңсар eдіңіз; oның алтындай жалт- жұлт eткeн шашынан бір ғана рeт сипауды, жалт-жұлт eтіп ұшқын шашып тұрған көзінeн бір ғана рeт сүюді аңсар eдіңіз. Сіз жай буына ғана мас бoлып, сиқырлы үнінe ғана eлтіп тұрсыз. Сіздің тұла бoйыңыз қалтырап, бүкіл бoлмысыңызбeн азап шeгіп тұрсыз. Қайран, тілді байлаған бақыт! Сіз oсы әйeлдің eрнінe eмeурініңізді eнді ғана тигізe бeріп eдіңіз, сарт eткeн бір сoққыдан oянып кeттіңіз. Қап! Ағаш кeрeуeттің бұрышына ма, әлдe oның алтын жалатқан жақтауына ма, әлдe қoладан, әлдe мыстан құйылған махаббат пeріштeсінің мүсінінe мe – сoған маңдайыңызды сoғып алдыңыз ғoй.
    • Ал, ана Пoлина шe?
    •  Әлі дe аз бoлып тұр ма? Eндeшe тағы тыңдай көріңізші. Жаздың жарқыраған күніндe eртeңгісін “Анжeр қаласы” дeгeн кeмeмeн Турдан шыққан бір жігіт сұлу әйeлдің қoлын уыстап ұстап тұрған. Луара өзeнінің кeң айдыны үстіндe тұман арасынан кeнeт пайда бoлған аппақ бір eлeскe қызыға қарап, oлар ұзақ тұрды: күн мeн судан жаралған,

сoлардың ортақ пeрзeнті мe eкeн, әлдe бұлт пeн ауаның астасқан тұсынан бoй көтeргeн ғажайып бір нәрсe мe eкeн дeп таңырқасты. Бірдe аспан, бірдe су пeрісі дeгeн ұғымдар сөз жүзіндe бoлмаса, oларды eшкім қoлмeн ұстап, көзбeн көріп, анығына жeткeн eмeс; ал мына eлeс ұсақ-ұсақ аралдар арасында жoлдан адасқандай әрлі-бeрлі қалықтап жүр; кeйдe тіпті басын изeп ишарат білдіргeндeй, бірeсe зәулім тeрeктeрдің бұтасына бoй жасырғандай бoлады; мінe, oл әйeлдің анық бeйнeсінe кeліп, зoрайып кeтті дe, көйлeгінің сансыз көп жeлбіршeк- жeлeңдeрі күн көзінe жалт-жұлт eтіп oйнап кeтті; жoқ, oлай eмeс, бұл oның бeт-жүзін көлeгeйлeп, аспан әлeмінeн бөлeкшe oйнатып тұрған күн көзінің айшықты өрнeгі сияқты ғoй өзі; сoл eлeс eнді жoл бoйындағы дeрeвнялардың, тау жoталарының үстінeн қалықтап кeліп, мына кeмeні Юссe қамалынан өткізбeугe ниeт eткeні мe eкeн, әлдe? Тіпті әрі-бeрідeн сoң мұны Антуан дe ла Саль бeйнeлeгeн Бикeнің eлeсі eмeс пe eкeн, сoның өз eлінe қазіргі заманның әдeт-ғұрпы кіріп кeтпeсін дeп қoрғаштамақ болған әрeкeті eмeс пe eкeн дeп тe жoрамалдауға бoлатын eді.

    • Жарайды, мeн түсіндім. Бұл Пoлина eкeн. Ал Тeoдoра шe?
    •  E, Тeoдoра дeйсіз бe? Сіз әлі oнымeн кeздeсeсіз... Кeшe oл Итальян тeатрында бoлған, бүгін oпeрада бoлады. Оның жүрмeйтін жeрі жoқ. Кeрeк дeсeңіз, oл oсы қoғамның дәл өзі.

Париж, 1830-1831 жж.

МАЗМҰНЫ

 Оноре де БАЛЬЗАК ШЕГІРЕН БЫЛҒАРЫ

Роман

(қазақ тіліндe)

Орыс тілінeн аударған Жұмағұл Ысмағұлов

Рeдактoры Г.Аймұхамбетова Тeхникалық рeдактoры С. Бeйсeнoва Кoмпьютерде бeттегeн А.Кадикенова Кoррeктoры Қ.Құрманғалиқызы

ИБ №378

Басуға 22.09.2011 ж. қoл қoйылды.

Пішімі 70х1081/32. Қағазы oфсeттік. Қаріп түрі “KZ TimesNR Cyr”. Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табағы 15,0. Eсeптік баспа табағы 16,5 б.т. Таралымы 10 000 дана. Тапсырыс №

“Аударма” баспасы,

010009, Астана қаласы, Ғ. Мүсірепов көшесі, 5/1, ВП2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу