Бай әке, кедей әке кітабы
Бай ата-аналар балаларын неге үйретеді, кедей ата-аналар балаларын неменеге үйретпейді!
Бұл кітап балалардың ең басты оқытушылары бүкіл əлемдегі ата- аналарға арналады.
Əрине, бұл кітаптың өз оқырмандарын желілік маркетинг пен тікелей сауда немесе электрондық сауда саласында табыс табу жолында жүрген адамдар арасынан табары сөзсіз. Көптеген жанның ақша сауаттылығын қажет ететіні белгілі.
Əлемдік бестселлерге айналған осы кітап сол мəселені шешудің нақты құралы екендігін сатылым тиражының өзі-ақ айқындайды.
Бір мезетте сонша адамдарға калай рахмет айтуға болады? Əрине, ең алдымен осы кітап үшін менің өмірімде өте маңызды рөл атқарған
екі əкеме жəне махаббат пен суйкімділікке үйреткен анама рахметімді айтамын. Дегенмен, осы кітаптың жазылып шығуына тікелей ықпал еткеназаматтарғаризашылығымдыбілдіремін,солардыңішінде:
жұбайым Кимге,онсыз менің өмірім толыққанды болмаған болар еді, ол менің отбасымда жəне бизнесімде серіктесім болды. Онсыз мен,өз
өмірімді көз алдыма елестете алмаймын.
Кимнің ата-анасы Уинни жəне Билл Мейерамдарға осындай қыз өсіріп, тəрбиелегендері үшін рахметімді айтамын.
Осы кітаптың шашылып жатқан бөлімдерін бір жүйеге келтіріп,жинақтап басып шығаруға ат салысқан Шэрон Лектерге
,оның жұбайы Майклге заңдылық мəселелері бойынша кəсіби кеңес
көмегі жəне олардың балалары Филипп, Шеллиге жəне Рикке қосылып атқарған жұмыстары үшін алғысымды айтамын.
Кит Каннингемге қаржылық даналығы жəне ынталандырғаны: Ларри жəне Лайзу Кларкке достығы жəне қолдауы;
Рольф Партаға техникалық даналығы: Энни Невинге, Бобби Депортерге жəне Джо Чейпоноға оқыту жөніндегі берген кеңестері; Джон Харрисонға, Дженни Тэйге, Сэнди Кхуға, Ричард жене Вероника Танға Питер Джностонга жəне Сьюзи Дафниске, Жаклин
Сьюға, Нила Хенсонға, Майкл жəне Монетт Хэмлинге, Эдвина жəне Камила Кхуға, К.С.Сиге жəне Джесики Сигекəсіби
көмектері;
"Инсунк" компаниясынан Кевин жəне Сараға тамаша графикалары:
Джон жəне Шери Берлиге,Синди Шопоффке, Вэна Тарпаға, Дайана Кеннедейге, С.В.Алленге, Мəрил Дейнанға, Ким Əрриске жəне
Том Вайзенборонға қаржылық тапқырлықтары үшін рахметімді айтамын.
Сэм Джорджеске, Энтони Роббинске, Эниду Винуге Лоренс жəне Джейн Тейлор-Уэстке, Алан Райтуға, Зигу Зигларға ашық ой- пікірлері;
Дж. У.Уилсонға, Марти Уэберге, Рэнди , Дона Мюллерге, Брод
Уокерге, Блəр жəне Эйлин Сингирге,Уэйну жəне Лини Морганга, Мили Бреннанға, Джерома Саммерсуге, доктор Питер Пауарске, Уилл
Хепбернге, доктор Энрико Тойчерге, доктор Роберт Маринга, Бетти Ойстерге, Джули Белденге, Джеми Дэнфорка, Чери, Рик Мерикаға,
Джойс Джитхайдке, Джефф, доктор Том Бернске жəне Билл Гэлвинге достықтарыжəнеменіңжобаларымдықолдағандары:"Орталық
Манагерц" мекемесіне жəне кəсіпкерлер үшін "Сен
жəне ақша" бизнес-мектебінің он мыңдаған , сондай-ақ Фрэнк ,Клинт Миллерге, Томас Алленге жəне Норман Лонгке тамаша бизнес серіктестері үшін үлкен ықыласыммен мында бір алғысымды айтамын. Бұл барлығына қажет.
Мектеп баланы əлемнің нақтылы жағдайларында өмір сүруге дайындай ма?
"Жақсы оқы, жоғары бағалар ал, сонда ғана сен үлкен жалақылы жəне көптеген жеңілдіктері бар жұмыс табасың"- деуші еді менің əке-
шешем.Олардыңнегізгімақсаты,бізгеапамызекеуімізге, университеттік білім беріп, келешекте табысты болуымыздың
мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету болатын.
1976 жылы мен бухгалтерлік іс бойынша мамандық алып шықтым (Флорида университетін қызыл дипломмен аяқтадым) ата-анамның арманы орындалды.
Олардың "Үлкен жоспарларына сəйкес" мені бір ірі бухгалтерлік фирма жұмысқа алды. Сөйтіп, менің алдымда қызмет басқышымен жоғары көтерілу жолдары жəне зейнетке ертерек шығу мүмкіншілігі тұрды.
МеніңжұбайымМайклдыңдаөмірімағанұқсасболатын.Біз, екеуімізде табыстары қарапайым, еңбекке аса құрметпен қарайтын
отбасыларында өстік. Майкл да кызыл диплом алды, бірақ екі рет алдымен инженерлік, содан кейін заңгерлік. Оған Вашингтонда құқықтық патентпен айналысатын беделді заңгерлік фирмада жұмыс атқару ұсынылды.
Оның келешегі айқын жəне ашық тəрізді, бəрімізде ол қызмет бабында үлкен лауазым мен үлкен мансапқа жетеді деген нық сенімде болатынбыз. Шындығында, біз екеуімізде айтарлықтай мансапқа ие болдық, бірақ соңында барлығы да, мүлдем біз күткендей болмай шықты.
Əр түрлі себептермен, біз жұмыс орындарымызды бірнеше рет ауыстырдық, енді фирма келешекте бізге үлкен зейнетақы төлемейтін болады. Біздің зейнетақы корымыз тек қана өзіміздің жеке салымымыздың мөлшері бойынша өсетін болады.
Майкл екеуіміздің жанұямыз тамаша, үш сүйкімді балаларымыз бар. Қазір осы кітапты жазып отырған уақытта екеуі колледжде
оқиды, ал үшіншісі жоғарғы класс оқушысы. Балаларымыз үлкен білім алып шығу үшін көп қаржы жұмсадық.
1996-жылдың бір күнінде ұлдарымның біреуі мектептен өте
ренішті оралды. Ол оқудан шаршаған, бұның барлығы оны тойдырған сияқты. "Келешекте ешқандай да маған қажетті жоқ сабақтарды оқуға мен уақытымды неге босқа өткізуге тиіспін?"-деді ол ренішті түрде.
Мен көп ойланбастан:
-Егерде сенің бағаларың жаман болса, сені колледжге қабылдамайды ғой,- дедім.
-Онда мені қабылдай ма, əлде қабылдамай ма, мен бəрібір бай боламын деп,қарсылық білдірді.
Егерде сен колледжді бітірмесең, онда сен жақсы жұмыс таба алмайсың, дедім мен сəл қорқынышпен. Ал жұмыссыз сен қалай байыйсың?
Бұл жөнінде кашанғы қайта-қайта айта беруге болады?- деді ұлым кекесінді күлкімен басын шайқап. Менің айтқан аналық ақылым, оның тарапынан ешқандай қолдау таппады. Дегенмен, ұлым өзінің еркіндігіне қарамастан, əрқашан кішіпейіл жəне сүйкімді бала болатын.
-Мама,- деді ол. Енді оны таңдауға менің кезегім келді. Сен
уақыттан қалыс қалып қойып отырсың! Жан-жағыңа қарашы, ен үлкен байлар біліміне байланысты бай болмайды. Майкл Джордана мен Мадоннаға қарашы. Тіпті Билл Гейтс, Гарвард университетін
аяқтамаса да "Майкрософт" негізін құрып, жасы қырыққа толмаса да қазір Америкадағы ең бай адам. Ал бір бейсболшы оған "ақылы кем" деген айдар тағылса да жылына төрт миллионнан астам табыс табады. Біз көпке дейін үнсіз қалдық. Сонда менің түсінгенім: мен ұлыма,
баяғыда өз əке-шешемнен естіген ақылымды айтумен болған екенмін. Бізді коршаған əлем өзгерген,бірақ ой-өрісіміз, бірер кеңестеріміз ескілікті деңгейде өзгеріссіз қалған.
Біздің балаларымыздан басқа, жақсы оқу, жоғарғы баға алу- табыс кепілдігі емес екенін, ешкімде байқамайтын тəрізді.
-Мама -деді əрі қарай ұлым, мен сендер сияқты жұмыс істегім келмейді. Сендер жақсы табыс табасыңдар жəне біз жақсы үйде тұрамыз. Егерде, сенің айтқаныңды тыңдасам, онда менде сендер сияқты өмір сүруім керек, себебі: үлкен салықтарды төлеп отыру үшін, əрдайым көп жəне одан да көп жұмыс істеуім қажет, ең соңында қарызға белшемнен батамын. Біздің дəуірімізде тұрақты жұмыс болмайды.Жұмыстан босату мен қысқартудың не екенін мен білемін. Соңғы кезде университет бітірушілер, сенің кезіңдегіден жалақыны кем алатындығын тағы білем. Мысалы, дəрігерлер. Олар бұрынғыдай көп табыс таба алмайды. Мемлекет немесе компания зейнетақысына сенімділікпен қарауға болмайтындығын да білемін Маған осындай көптеген күрделі сұрақтардың барлығына жаңа жауаптар қажет.
Расында оныкі шындық еді. Оған жаңа жауаптар қажет болса, маған да сондай қажет еді.
Менің іздегенім осы еді
Менің жұбайым Майклге, Роберт Кийосакидің "Ақша ағымы" атты тақырыпта жазылған жаңа үйрету ойынының ұнағаны
соншалықты, біз екеуімізде осы үлгінің сынақтан өтуіне ат салыстық. Бұл іске жергілікті университеттің бірінші курсында оқитын 19 жасар қызымды шақырдым. Ол келуге келісімін берді. Сынаққа 15-ке жуық адам қатынасты, оларды үш топқа бөлдік.
Майклдікі дұрыс еді. Маған нақ осындай оқыту жүйесі қажет.
Шындығында, сынақ барысында біз күтпеген аңғармаған көптеген жағдайлардың барлығын көрдік. Əсем безендірілген ойын тақтасы алдымызда тұрды. Ол "Монополий" атты ойын алаңын еске түсірді,
бірақ мында тақтаның орта кезінде əсем əшекейленген егеу құйрықтың суреті бейнеленген. "Монополий" атты ойыннан айырмашылығы, мұнда екі жол бар: ішкі жəне сыртқы ойынның мақсаты: ішкі жолдан (онымен козғалуды Роберт "Егеу құйрыктың
жүгірісі" деп атайды) "шапшаңды" сыртқы жолға шығу болып табылады. Роберттің пайымдауы бойынша "шапшаңды жол" байлардың өмірдегі нақтылы жағдайларда табыс табу тəсілдерінің үлгілерін көрсетеді. "Егеу құйрық жүгірісіне" Роберт мынандай сипаттама береді: Егерде Сіз сауатты жане жұмысты көп істейтін қарапайым адамның өміріне үңілсеңіз ,көптеген заңдылықтарды байқайсыз. Мысалы, дүниеге бала келеді, содан кейін ол мектепке
барады.Əке-шешесіқуаныштысебебі:олжақсыбағаларалады, колледжге оқуға түседі. Колледжден кейін мүмкін ол институт немесе
асперантура бітіреді, одан əрі оның өмірінің келешегі қалай "жоспарланғаны" бойынша тұрақты жұмыс істейді.
Ол оны табады мүмкін дəрігер, заңгер болар, əскерге немесе мемлекеттік қызметке барады. Ол табыс таба бастайды, кредиттік карточкалар алады, сөйтіп сатып алу мүмкіншілігі туады. Балада ақша пайда болса, əрине, ол алдымен өзі теңдес,өзімен қатар жастардың əртүрлі ойын сауықтарына қатынасады. Олармен кездеседі, танысады аяғы үйлену тойымен аяқталады. Қазір ерлермен қатар əйелдерде жұмыс істейді, екі табыс бұл тамаша!
Жас жұбайлар өз өмірлері мен жетістіктеріне қуанышты келешектері ашықта жəне айқын. Олар үй, машина, телевизор сатып алуды, теңізге барып демалуды, балалы болуға шешім қабылдайды. Олары жүзеге де асырылады.
Бірақ, ақша көп жəне одан да көп қажеттілікті талап етеді. Жас жұбайлар бұл үшін көп жұмыс істеулері керек екенін көріп, бұдан да екпінді жұмыс атқаруға тырысып, қызмет бабында жоғары көтеріліп жəне үлкен жалақы алуға тырысады. Еңбек ақылары көтеріледі, бірақ балалары дүниеге келеді, енді оларға үлкен жəне кең үй қажет болады. Жұбайлар одан сайын көп жұмыстар атқарып, сөйтіп тəжірибелі кадрларға айналады. Олар жаңа мамандық игеріп, оданда зор табыс табу мақсатында жаңадан оқуға түседі. Олар тіптен екі жұмыста істейді. Табыстары өседі, ал сонымен қатар табыс салығы жəне де қозғалмайтынмүліктіңолардыңжаңаүйініңсалығыдаөседі,
зейнетақы қорының жарнасы артады т.с жəне т.б сияқты.
Олар үлкен еңбекақы алады, бірақ ақшаларының қайда кетіп жатқандарына қайран қалады. Содан кейін олар өзара қордың акцияларын емденеді жəне кредит карточкаларына бакалей тауарларын сатып алады. Балалары 5-6 жасқа келеді, енді оларды оқыту жəне өздерінің зейнетақылары үшін қаражат жинау қажеттілігі туады. Сөйтіп, 35 жыл бұрын өмірге келген бұл бақытты жандар, енді өмірлерінің қалтаң уақытында "егеуқұйрық жүгірісінің"тікелей қатынасушылары болады. Аяғында олар компанияларға, мемлекетке (оған салық төлеп) жəне алған кредиттері мен қарыздарын өтеу үшін банкке қызмет етеді.
Осындай жағдайдан кейін де өз балаларына ұқыптап
оқыңдар,жақсы баға алыңдар,содан кейін жақсы жұмыс немесе жақсы орын табыңдар"-деп ақыл-кеңес береді.Олар осылай ақша жөнінде ештеңе де білмейді.
Сөйтіп,өмір бақи жұмыс істеді.Олардың орнына, осындай жұмыс істеуші ұрпақ келеді, сөйтіп тарих қайталана береді.Міне,"егеуқұйрық жүгірісі" деген осы,- деді Роберт. "Шапшаң жолға" шығудың жалғыз тəсілі- нақтылы іс барысында, өзіңізді бухгалтерлік істің жəне инвестициялаудың (қаржы салу) білгірі екеніңізді дəлелдеу қажет. Ал бұған үйренуің күрделі сабақтардың бірі болып саналады.
Мені, дипломды əрі тəжірибелі бухгалтер- ревизор ретінде таң қалдырғаны, Роберттің осы сабақтарды талдауды əрі зерттеуді өте тартымды жəне қызғылықты ұйымдастырғаны болды.Оқудың қызғылықты ұйымдастырылғаны соншалық, қанша уақыт өткені ұмтылып, біз "егеуқұйрық жүгірісі" жолынан қалай шығудың ретін бар ынта-жігерімізбен ойлап, тырысу үстінде, өзіміздің оқушылар екенімізді тез ұмытып кетіппіз.
Үйрету ойынын келесі сынағы ретінде, менің кызыммен
сөйлескен қызғылықты əңгіме болды. Біз бұрынды-соңды ешуақытта мəн беріп, қарамаған мəселелер бойынша пікірлестік.
Маған қаржы есептерінің негізінде білім алған бухгалтер ретінде, бұл ойынға ойнау жеңіл еді, сондықтан қызыма жəне біздің үстелдегі
басқа да ойыншыларға белгісіз жағдайларды түсіндіруге менде уақыт жеткілікті болды.
Мен бірінші (жəне "сынақшылар" ішінде жалғыз ) сол күні "шапшаң жолға" шыққан адам болдым. Ойын үш сағатқа жуық созылса да, мен 50 минутта аяқтап шықтым.
Біздің үстелде банкир, компания иесі жəне компьютер программисі отырды. Мені, осындай адамдар үшін өте қажетті бухгалтерия жəне инвестициялар жөнінде аз білетіндіктері қатты ойландырды.
Менің таң калғаным: сонда бұлар нақтылы жағдайларда өздерінің қаржы жұмыстарын жүргізеді? Менің 19 жасар қызым үшін бұл қағидалар қаншалықты қиын екенін түсіне алам, ал одан екі есе үлкен егде адамдар үшін ше?
"Егеуқұйрық жүгірісі" жолынан шыққаннан кейін, мен екі сағат бойы кызымның жəне өздері сауатты, əрі жаңа байып келе жатқан адамдардың, ойын сүйегін қалай тастап жəне фишканы қалай қозғайтындықтарын қарап отырдым.
Əрине, ойын барысында олар біраз жаңалықтарды білді, ол тамаша, бірақ екіншісі, сол ересек адамдардың бухгалтерия мен инвестицияның əліппесін білмеушіліктері еді.
Табыс жəне шығыс жөніндегі есептердің, сондай-ақ баланс есебінің бір-бірімен байланыстылығын үлкен қиыншылықпен
аңғарды. Олар активтерді сатып алып жəне сата отырып, əрбір мəмле (сделка) оларға ай сайын қанша пайда табуларына ықпал ететіндігін,
қиыншылықпен естеріне түсіреді. Сонда менің ойыма келгені, қаншама миллиондаған адамдар өмір бойы қаржы тапшылығымен
күресүде болады. Оның басты себебі: бұған оларды ешкімде үйретіп оқытпаған еді.
Құдайға шүкір, мынау ойын үстел басындағыларды қайткен де жеңіп шығушылыққа ынталандырып отыр.
Роберт ойынды аяқтағаннан кейін, бізге оның қортындысын талқылауға 15 минут уақыт берді.
Компания иегеріне ойын ұнамады, ол өте қынжылулы
-Маған мұның қажеті канша?- деді ол қатты дауыспен ашуланып. Мен бұларды білу үшін бухгалтерлерді,заңгерлерді жəне банкирлерді аламын,- деді.
Оған Роберт былай деп жауап берді:
-Ал сіз сол бухгалтерлердің арасында көп кедей адамдардың бар екенін аңғардыңызба? Сол сияқты банкирлер заңгерлер жəне брокерлер арасында да көп кедейлер аз емес,- деді. Олар көп біледі
жəне олардың дені ақылды, білімді адамдар, бірақ көпшілігі бай емес, баю тəжірбиелері жоқ.
Себебі: біздің мектептерде, бай адамдардың нені білетіндіктері жөнінде оқытпайды, сондықтан нақтылы жағдайларда олардың кеңестеріне құлақ салып үйренген жөн.
Бірде, сіз жұмысқа бара жатып, авто көліктер тосқынына тап боласыз, оңға карап, солардың ішінде сіздің бухгалтеріңіздің бар екенін көресіз. Сіз солға қарайсыз тағыда бухгалтеріңізді көресіз. Бұл Сізге бірдеңені аңғарта ма?
Компьютер программисі, ол да ойынды құптамады.
-Мен мұндай оқыту бағдарламасын сатып алуға мүмкіншілігім бар,- деді. Бірақ, банкир онымен келіспеді.
-Мен бұның бəрін өткенмен, мен бухгалтерияны айтам,- деді ол, бірақ оны тəжірибеде пайдалана алмадым. Енді мұны қалай істеу
керек екендігін түсіндім. Мен "егеуқұйрық жүгірісі" жолынан сытылып шығуға міндеттімін,- деді ол.
Бəрінен бұрын қызымның сөзі мені таң қалдырды. Маған ойын өте қызықты болды,- деді ол. Мен ақшаның шындығында қалай жұмыс істейтіндіктері жəне оны қалай салу керектігі туралы көп жағдайларды түсіндім.
Тағы қосып айтқаны:
-Енді мен өзіме мамандықты жалақысы мен жеңілдіктерінің көптігінен емес, солардың ішінен өзіме қажеттісін ғана таңдап алуды
білемін. Меніңкласстасқұрбыларымсияқты,келешектегіжұмыс, зейнетақы туралы ойлар мазаландырмайтын болады.
Бұл жолы Робертпен ойын соңында сөйлесуге менде мүмкіншілік болмады, бірақ біз келесі жолы кездесуге уəделестік.
Мен, Роберттің осы ойын арқылы адамдардың қаржы туралы ой- өрістерін кеңейтуге үйрету екенін түсіндім, сондықтан оның жоспары туралы көбірек білгім келді.
Келесі аптада біз күйеуіміз екеуіміз, Роберт жəне оның əйелімен
бірге түстендік. Мұндай жағдайда біздер бірінші рет кездессек те, бұрыннан ерте таныс адамдардай сезіндік. Əңгіме барысында
көптеген жағдайлар бойынша ортақ пікірлес екендігіміз анықталады.
Біз көп мəселелер бойынша пікір алыстық, соның ішінде: спорт, театр, білім беру саласы жəне əлеуметтік экономикалық жағдайлар
туралы əңгімелестік. Сонымен қатар, əлемдегі болып жатқан өзгерістер, американдықтардын көпшілігінде қартайғанда өмір сүру үшін, қажетті ақшалай жинақтарының жоқтығы, ал зейнетақы қоры мен денсаулық сақтау жүйелерінің дəрменсіз жағдайлары туралы пікірлесіп, əңгімелестік. Сонда, менің балаларыма, мен сияқты 75 миллион қатарларым үшін, зейнетақы төлеуге тура келе ме? деген ой келді. Біз, халыктың зейнетақы қорына сенушілігі- қауіпті жағдай екенін түсіне ме екен?, -деп əңгіме қылдық.
Робертті ең алдымен Америкада жəне барлық əлемде байлар мен кедейлердің арасындығы болып жатқан арақашықтықтың үнемі өсуі қаттытолғандырадыекен.Бұлкəсіпкерақшаныоңтайлысалып,
пайдалану арқылы барлығына өз қолын өзі жеткізіп, бүкіл жер-шарын аралап, 47 жасында жұмыс істеуді тоқтатқан кісі.
Бірақ, ол қазір жұмыспен тағыда айналыса бастады. Оның басты себебі: мен сияқты, өз балаларының келешегі түралы халықтың арасында үлкен алаңдаушылық бар екенін сезінуі еді, Ол əлем өзгергенін, ал оқу жүйесінің ескі қалыпта қалғанын біледі.
Роберттің сөзі бойынша, балалар жылдар бойы ескілікті мектептерде қажеті жоқ сабақтарды оқи отырып сөйтіп əлдеқашан ескірген, əрі дүниеде жоқ, ортада өмір сүруге дайындала бастайды.
Қазіргі кезеңде балаға “Мектепке бар, жақсы бағалар ал жəне тұрақты жұмыс іздеңдер” деушілік, ақыл кеңестің ең қауіпті түрі, дегенді жиі айтады Роберт.
Бұл ескі кеңес- əрі ең жаманы. Егер Сіз Азияда, Европада, Оңтүстік Америкада не болып жатқанын білсеңіз, онда менен кем
алаңдамаған болар едіңіз. Бұл нашар кеңес, себебі: егерде Сіз балаңызды қаржы соққыларынан қорғағыңыз келсе, онда ескі тəсілдер мен ережелерді пайдаланбау керек. Ол өте қауіпті, деп есептейді Роберт.
Оның "ескі ережелер" дегенінде не астар бар екенін білгім келді. Мен сияқты адамдар. Сіз ойнайтын ережелер бойынша ойнамайды,- деп жауап берді ол.
Қайсы бір корпорация бір кезде штат кестесін қысқартса не болады?
-Адамдарды жұмыстан босатады, -дедім мен. Отбасылар запа шегеді. Жұмыссыздық көбейеді.
-Ия, ал корпорацияның өзімен не болады, əсіресе егер ол ашық акционерлік компания болса?
-Штаттың қысқартылуы жарияланғанда, акциялардың құны жалпы өседі, -деп жауап бердім мен. Егерде компания өзінің өндірістік шығынын автоматтау немесе жұмыс күшін қысқарту арқылы азайтса, ол нарыққа ұнайды.
-Бəрі дұрыс, -деді Роберт.
Ал акцияның бағасы өскенде, мен сияқты адамдар, яғни акция ұстаушылар байи бастайды. Басқа ережелерді пайдалану керек дегенде айтпағым: “Бағыныштылар ұтылады. Компания иелері жəне инвесторлар ұтады,- деді ол.
Роберт жұмысшы мен жұмыс берушінің айырмашылықтарын суреттей отырып, сонымен қатар, өз өмірін баскарушылықты білумен немесе оны басқаруды біреуге тапсырудың айырмашылығының қандай екенін айтып берді.
Бірақ, көптеген адамдарға неге бұлай болатындығын түсіну қиын, - дедім мен. Олар мұны тек қана əділетсіздік, -дейді. Сондықтан да
балаға: "жақсы білім ал" деумен ғана шектелушілік- əбестік іс. Біздің мектептердегі білім беру жүйесі. Сіздің балаларыңызды осындай өмірге дайындап шығарады,- деп жобалаушылық ақымақтық.
Олардың əрқайсысына тағы бірдеңе қажет. Тіпті басқа білім керек жəне осындай басқа ережелерді білу шарт.
Ақша ережелерінің байлар ойнайтын түрлері жəне халықтың
қалған 95 проценті ойнайтын қалыптасқан ережелері бар. Халықтың осы 95 проценті, бұл ережелерге мектепте жəне үйінде үйренеді. Міне,
сондықтан балаға жақсы оқы жəне жақсы жұмыс іздеуге кеңес берушілікпен ғана шектелушілік- қауіпті іс.
Алдағы кезеңде балаға кең көлемді білім керек, казіргі білім
жүйесі оны бере алмайды. Бір класста қанша компьютер бар, мемлекет мектептерге қанша каржы бөледі, оның маған керегі канша? Өзі білмейтін сабақтарды, мектеп балаға қалай оқытады?
Егер, Сіз өз ақшаңызды пайдаланудан қорықсаңыз жəне оны білмесеңіз, мектеп бермеген білімді, ата-аналар өз балаларына калай береді? Баланы бухгалтерлік іске калай үйретуге болады? Оған ол
қызықсыз болмай ма? Ал оған инвестиция жөнінде не айтуға болады? Мен осыдан кейін балаларымды корықпай кимыл жасаңдар,- деп айтудың орнына, ақылмен, оймен əрекет етіндер, -деп оқытуға бел будым.
-Өзіңізбен əңгімелескен мəселелер бойынша, баланы ақшаны жəне басқаларын білуге калай оқытуға болады? -деп, Роберттен сұрадым.
-Өзің түсінбеген, білмегенді балаға үйретуде, ата-анаға жеңіл болу үшін не істеуге болады?
-Бұл жөнінде мен кітап жаздым, -деп жауап берді ол.
-Ол кітап қайда?
-Менің компьютерімде. Бөлшек тараулар бойынша, бірнеше жылдан бері сонда жатыр. Кей уақытта бірдеңелерді қосамын, бірақ бүтіндеп жинақтап бір кітап қылып шығаруға қолым тимеді. Бұл кітапты жазуды, ең алдымен менің бестселлер болған кітабым
шықаннан кейін ғана бастадым, дегенмен ақыры аяқтай алмадым. Сол жинақталмаған күйінде жатыр.
Оныкі шындық еді. Алайда, бұл кітаптың жинақталмаған
тарауларын оқып шығып, оның пайдалы екенін түсініп, біздің аумалы- төкпелі заманымызда басқа адамдарды да таныстырып, бөлісу керек, - деп шештім. Сөйтіп, бұл кітаптың қос авторының бірі, мен болуым жөнінде, Робертпен келістік.
Оның ойы бойынша, балаға қаржы туралы қандай білім қажет? - деп сұрадым мен. Ол баланың өзіне байланысты.
Роберттің, өзі туралы айтқаны: бала кезінен бай болғысы келген
жəне бақытына орай, ондай бай адам кездескен, ол екінші əке ретінде, үлкен ынтамен оны оқытуға кіріскен.
Роберттің тағы қосып айтқаны, күнделікті өмірде адамдармен
жəнеқаржылыққарым-қатнастыққаүйренудіңмаңыздылығы, мектептегі білімнен кем емес.
Ал, енді осыдан əрі қарай Роберттің екі əкесінің тарихы туралы оқисыз: бай жəне кедей, сонымен қатар өз өмірі бойынша барлық білетіндеріне қалай қол жеткізді, не оқыды, неменеге үйренді, солар жөнінде де мағлұмат аласыздар.
Екі əкенің арасындағы айырмашьшық аса маңызды.
Ақыры, бұл кітапқа толықтырулар енгізіп, біртұтас жинақтап жəне редакциялаған мен едім.
Егер, сіз бухгалтер болсаңыз, кітап негізінде алған біліміңіз бойынша, пікір таластыруға асықпаңыз. Роберттің теориясын қабылдауға тырысыңыз. Əрине, ол көп жағдайларда жалпы
қалыптасқан бухгалтерлік негіздердің біраз қағидаларын күмəнді қылып көрсетеді, дегенмен нағыз инвесторлардың, өз шешімдерін қалай талдайтыны жөнінде құнды мағлұматтарды қамтиды.
Біз, өз балаларымызға “мектепке бар, жақсы оқы жəне жақсы жұмыс табу керек”, деген кеңестерімізді көпшілік жағдайда қалыптасқан дағды бойынша айтамыз. Бұл қашанда солай болған. Роберттің əңгімесі мені таң қалдырды. Оны екі əкелер тəрбиелеп жəне екі əртүрлі мақсатқа қол жеткізуге ынталандырған. Оқымысты əкесі корпорацияда жұмыс істеу керек, -деп кеңес берген. Бай əкесі
корпорацияны иемден,- деп ақыл айтқан. Біріншісіне де, екіншісіне де білім қажет, бірақ мүлдем əртүрлі дəріс алуға тура келеді.
Роберттің оқымысты əкесі оның ақылды адам болып өсуін қолдаған. Бай əкесі, ақылды адамдарды қалай жалдап алуды білу керек, -деп үйреткен. Роберттің туған əкесі Гавая штатының Білім
беруминистрлігініңбасшысыболған.Роберт16жасқатолғанда, əкесінің "Егер сен жақсы оқымасаң, түбінде жақсы жұмыс таба
алмайсың", -деп қорқытуы оған ешқандай да əсер етпеген. Бала сол уақыттың өзінде корпорацияда жұмыс істемейтінін, керісінше корпорацияны иемденетін білген.
Роберттің өзі айтқандай, егерде оған бір дана, əрі табанды
мектеп мүғалімі кездеспегенде, ол колледжге де оқуға бармаған болар еді. Ол бірден капитал жұмсаумен айналысқысы келеді, дегенмен жоғары білім алудың қажеттілігін түсінеді.
Бұл кітапта келтірілген қағидалар мен тұжырымдар өте батыл жəне қазіргі ата-аналардың көпшілігі үшін, бұрын естімеген жəне білмеген жаңалық. Олардың кейбіреулеріне онсызда балаларын мектепте ұстаушылық оңайға түсіп жүрген жоқ.
Бірақ, заман өзгеруде. Сондықтан, жаңа батыл ойлар мен қимылдарға даяр болу керек. Балаларды келешекте біреулер үшін жұмыс істеуге оқыту, үйрету- оларға ғұмыр бойы үлкен салықтар төлеп, қартайғанда өте аз мөлшерде зейнетақы алып, өмір сүру үшін берілген ақыл-кеңес, деп түсіну керек.
Шындығында, салықтар- біздің шығындарымыздың ең үлкен
баптары. Көптеген отбасылар салықтарды дер кезінде төлеу үшін, қаңтардан бастап, мамырдың ортасына дейін тегін жұмыс істегенмен
пара- пар. Сондықтан, осы кітапта жазылғандай, жаңа ой-пікірлер қажет.
Роберттің тұжырымдамасы бойынша, бай адам өз балаларын басқа адамдардай оқытпайды. Ол сабақты отбасында, дастарқан үстінде жүргізеді. Сіз, бұл ой- пікірлер туралы балаларыңызбен сейлеспеуіңіз мүмкін, алайда осы кітапты оқып шыққаныңыз үшін, алғысымызды
айтамыз.
Менің, сізге берер кеңесім: ізденісті тоқтатпаңыз, жалғастырыңыз. Менің əрі ана жəне бухгалтер ретінде айтарым: түбінде жақсы жұмыс табу үшін, тек қана ұқыпты оқу керек, деген ой-
пікір ескірген.
Балаларғақазіргізаманның,жаңашылбағыт-бағдарларын,ақыл- кеңестерін беру керек.
Мүмкін,мынандайпікіройласуғатұрарлықболар:мысалы, балаларымызға жақсы жұмыспен қатар, өздерінің инвестициялау
корпорациясын неге құрмасқа?
Мен, ана ретінде осы кітаптың, басқа ата-аналарға да көмегінің тигенін қалар едім.
Ал Роберт, əр адамның өз қалауы жəне ынтасы бойынша бай болуға мүмкіншілігі бар екенін, дəлелдеп беруге сенімі мол.
Бүгін Сіз мейлі, кім болсаңыз да, бағбансыз ба, əлде еден сыпырушысыз ба немесе жұмыссызсыз ба оған қарамастан каржы проблемаларын шешіп үйренуге, сіздің өз отбасыңызды жəне ағайын- туғандарыңызды үйретуге мүмкіншілігіңіз бар.
Есіңізде болсын! Қаржылық тапқырлық- ақша қиындықтарын ақылмен шешудің тікелей жолы. Қазіргі кезеңде əлемде адам баласы түсіне де енбеген жаңа өзгерістермен кезігуде. Болашақты болжап айту кімге де болса қиын шаруа, бірақ бір нəрсе айқын: бізді ғажайып өзгерістер күтуде.
Бізге келешек не əкеледі?
Дегенмен, кандай жағдай болсада, бізде таңдап, қалап алушылық бар: абайлап, ақырын əрекет ету, не болмаса өзіңнің жəне балаларыңнын қаржы қаблеттіліктерін, айтар едім, даналығын ояту.
Шэрон Лектер.
Роберт Кйиосакидің тарихы
Менде екі əке болды, бай жəне кедей. Біреуі білімді жəне ақылды, докторлық дəрежесі бар, төрт жылдық университтеті 2 жылда аяқтап
шыққан адам. Сонымен қатар Стэнфорд, Чикаго,жəне Солтүстік- Батыс университеттерінде оқыған.
Екінші əкесі 8 классты да аяқтамаған. Екеуіде үлкен мансапқа ие болған жəне өмір бойы екпінді жұмыс істеген адамдар. Екеуіде көп табыс тапқан.
Біреуі ғұмыр бойы қаржы тапшылығымен күресумен болса, екіншісі Гаваядағы ең бай адамдардың бірі болған.
Біреуі ондаған миллион долларды өзінің отбасына,қайырымдылық орындары мен шіркеуге өсиет етіп, дүниеден өткен. Екіншісі өзінен кейін, төленбей қалған есеп шоттарын қалдырған.
Екеуіде мықты, ардақты жəне сыйлы адамдар болған. Екеуіде
маған ақыл-кеңестер беретін, бірақ, олары қарама-қайшылықты жəне əртүрлі болатын. Олар менің білім алуыма үлкен мəн беретін.
Егерде, менде бір ғана əке болғанда, мен оның кеңестерін
қабылдап немесе қабылдамған болар едім. Олар, екеу болғандықтан, маған екі пікірді: біреуі байдікі, екіншісі кедейдікі, үнемі салыстырып
отыруға мүмкіншілік берді. Бұлардың пікірлерін қабылдауға немесе қабылдамай тастауға жағдайым бола тұра, олардың айтқан сөздерін,терең ойларын, салыстырып, өз ойымның елегінен өткізіп,
таңдап алуды мақұл көрдім.
Дегенмен, бұл жағдайдың бір қиыншылығы: бай əкем əліде болса, байып үлгірген жоқ еді, ал кедей əкем-кедей болып үлгеріп еді.
Екеуінің де мансаптары жақында ғана басталған еді, екеуіде өз отбастарын қамтамассыз етулері қажет еді.
Бірақ, ақша туралы олардың көзқарастары тым əртүрлі болатын.
Мысалы, біріншісі: “Ақшаға құнығу барлық жаман істің түп тамыры”- десе, екіншісі: “Барлық жаман істің түптамыры ақшаның жоқтығы”, - дейтін.
Менің бала кезімде, осындай беделді екі əкенің ықпалымен өмір
сүру қиынға соқты. Мен, жақсы əрі тіл алғыш бала болғым келді, бірақ олар маған қарама-қайшы пікірлер айтумен болды. Əсіресе, ақша
жөніндегікөзқарастарыныңерекшелігі,мағанүлкенойсалатын, осының бəрін зерделеп, зерттеп түсінуге итермелейтін.
Сөйтіп, олардың айтқан сөздері жөнінде көп ойлана бастайтын болдым. Менің біраз уақытым ойлануға, əсіресе: “Ол неге бұлай дейді?” дегенге кететін. Біреуінің айткан пікірін, екіншісіне сұрақ етіп қойатынмын. Əрине, маған: “Ия, оныкі дұрыс, мен мұнымен келісемін” немесе “Шал өз айтқанын, өзі білмейді”, -деп қоя салуға
болатын еді. Алайда, менде екі жақсы көретін əкелер болғандықтан, көп ойланып, ең аяғында өз пікірімді қабылдауға əкеліп соқтыратын.
Ақырында, біреудің пікірін жəй тыңдап, қабылдап немесе одан
бас тартқанша, өзінше ойланып, шешім қабылдаудың артықшылығына көзім жетті.
Байлардың одан сайын байи түсуі, кедейдің одан əрі кедейленуі, ал орта класс өкілдерінің қарыздан шықпаушылығы себебтерінің бірі -
ол адамдардың ақшаның не екенін мектепте білмей, үйде білушілігі. Бала ақшаның не екенін, ең бірінші өз ата-анасынан үйренеді.
Ал, кедей адам баласына ақша туралы не айта алады?
Ол тек қана: “Мектепте оқы жəне тырысушы бол”,- дейді. Мүмкін
бала мектепті жоғары бағалармен аяқтар, бəрібір онда қаржы туралы, кедейдің ой-пікірі қалыптасады. Себебі: оған, ол бала кезінен
үйренген. Мектеп ақша жөнінде оқытпайды. Мұғалімдер ғылыми жəне кəсіби біліктіліктерін арттыруға тырысып, қаржы туралы ойласпайды.
Міне, сондықтан да банкирлер, дəрігерлер жəне бухгалтерлер мектепте жақсы оқығандарына қарамастан, өмір бойы қаржы тапшылығын сезінумен болады.
Біздіңмемлекетіміздіңкөпқарыздарыбар.Мұныңбастысебебі: жоғары білімді саясаткерлер мен үкімет шенеуніктерінің, қаржы
жөнінде білімдерінің мардымсыз жəне шала болулары салдарынан, олар қаржы мəселелері туралы көбіне сауатсыз шешімдер
қабылдаушылықтары болып табылады.
Мен, алдағы жаңа мың жылдықта, материалдық жəне дəрігерлік көмекті қажет ететін, миллиондаған адамдармен не болар екен?, -деп ойлаймын. Сөз жоқ олар өз отбасыларына немесе Үкіметке тəуелді болады. Ал, дəрігерлік жəне зейнетақы қорларында ақша бітсе не болады?
Халық сонда қалай күн көреді, егерде балалабақша дегеннің не
екенін, көпшілігі кедей (не болмаса түбінде сондай кедей болатын) ата- аналарынан ғана үйренсе?
Менде маған ықпал ететін екі əке болғандықтан, мен ол екеуінен
де үйрендім. Олардың берген кеңестерін, бөліскен ой-пікірлерін жиі ой елегінен өткізіп, ақырында ойдың адам өміріне қандай жəне қалай ықпал ететіне көзім жетті.
Менің кедей əкем: "ондайды өзіме жасауға, менде жағдай жоқ" , -
деп жиі айтса, екіншісі мұндай сөздерді айтуға тіптен тыйым салатын. Ол: “мұндай жағдайды өзіме қайткенде, қалай жасай аламын?”, -деп ойлану керек екендігін нығыздап айтатын. Бірінші пікір- тұжырым, ал екіншісі- сұрақ. Біріншісі көнушілік, екіншісі ойлау. Тез байыған əкемнің түсіндіруі бойынша: "мұндайларды өзіме жасауға жағдайым жоқ", -деп айтқан сəттен бастап-ақ, адамның мыйы автоматты түрде ағытылып, қайтып оған оралмайды”, -дейтін. Оның бұлай түсіндіруі,
əрине барлық дүниені тегіс сатып алушылық дегені емес еді.
Ол, əлемдегі ең мықты “компьютер” адамның ой-өрісін жаттықтыруға болатындығына кəміл сенуші еді.
“Мен өзіме мұндай жағдайды жасай алмаймын”,- деушілік дəрменсіздік, ойдың жалқаулығы- деп есептейтін. Менің екі əкелерімнің жұмысты көп істегендеріне қарамастан, байқағаным біреуі ақша туралы сөз көтерілгенде, миын жаттықтыра бастайтын, ал екіншісі оны ұйқылы, селқос жағдайда ұстайтын. Сөйтіп, бəрін айта келгенде, біреуі қаржы мəселелері бойынша ерен табыстарға қол жеткізсе, екіншісінің жағдайы керісінше болды. Яғни, күнде тренажерлық залға барып жаттығушы адам мен күні бойы диванда отырып, газет оқып, телевизор көрушілікпен айналысатын адамның арасында қандай айырмашылық болса, мұндада нақ сондай айырмашылық бар еді. Күнделікті жаттығу адам денсаулығының мықты болуына көмектессе, ал ақыл-ойды, ой- өрісті жаттықтыру- байлыққа жеткізеді. Жалқаулық- адамды денсаулықтан да, байлықтан да ада қылады.
Меніңқосəкемəртүрлікөзқарастардыдəріптепкелді.Біреуі, кедейлерге қамқорлық жасау ретінде, байлар үлкен салық төлеуге тиіс
десе, екіншісі: “Салықтар- жұмыс істеушілер үшін жаза, ал түк бітірмейтіндерге- сый”, дейді. Бір əкенің кеңесі: “ұқыпты оқы, түбінде жақсы компанияда жұмыс істейсің”, -десе, екіншісі: “ұқыпты оқы,сонда сен жақсы компанияны түбінде сатып аласың” дегенді айтады.
Біреуі: “Мен бай емеспін, себебі: менің балаларым, сендер, барсыңдар”,
-дейді. Екіншісі: “Мен бай болуым қажет, себебі: балаларым, сендер, барсыңдар“,- дейтін.
Біреуі, ақша жəне іс туралы ас үстінде айтуды қаласа, екіншісі ақшаны əңгіме қылуға тыйым салатын.
Біреуі, ақшамен байқап қимылда десе,- екіншісі; “Тəуекелділікті басқаруға үйрен”- дейді.
Біреуі: “Біздің үйіміз- біздің ең үлкен капитал жұмсауымыз”, -деп есептесе, екіншісі: “Егер үй - капитал жұмсау болса, онда адамда айтарлықтай ақша проблемалары туындайды”, -дейді.
Екеуіде төлемдерді уақытында төлейтін, бірақ біреуі- алдымен, екіншісі
- сонынан.
Біреуі, өзін қартайған шағында, компания немесе мемлекет қамқорлыққа алады, -деп есептейтін. Ол əрқашан жалақының өсуіне,
зейнетақы қорларына, дəрігерлік жеңілдіктерге, ауруға байланысты төлемдерге, демалысқа жəне сондай т.б. үнемі көңіл бөліп отыратын.Оған екі ағайынының 20 жылдан астам армияда
қызмет етіп, ғұмыр бойы тағайындалған жеңілдіктермен отставкаға шыққандары қатты əсер ететін. Армияның отставкадағы зейнеткерлеріне дəрігерлік жеңілдіктер берілуі жəне олар үшін арзан бағалы дүкендердің болуы оған өте ұнайтын. Өзінің университтегі үлкенлауазымдыжұмысынмақтантұтатын.Кейуақыттаоған,
намыстың өзінен гөрі, өмірлік жұмысқа орналасу мен жеңілдіктер
артық көрінетін. “Мен мемлекетке аянбай бар күшіммен қызмет еттім, мұндай жеңілдіктерді алуыма қақым бар”, -деп жиі айтатын.
Екіншісі толық қаржылық тəуелсіздікке сенетін. Жеңілдіктер менталитетіне қарсы болатын. “Олар адамдарды əлсіз, əрі кедей қылады. Адамға қаржылық біліктілік қажет”, -деп тұжырымдайтын ол.
Бір əкем үлкен күшпен оншақты долларды əзер жинайтын.
Екіншісі өз ақшасын əртүрлі салымдыққа (активке) салатын. Біріншісі, мені жақсы жұмыс табу үшін, əсерлі резюме (пікір) жазуға үйрететін.
Екіншісі, маған басқаларды да жұмыспен қамтамассыз ету мақсатында, ойластырылған қаржы жəне бизнес жоспарларын калай жасау керектігін көрсететін.
Сөйтіп, екеуінің де ыкпалы маған, адам өміріне ойлану тəсілінің Қалай əсер ететіндігін көріп, білуге мүмкіндік беретін.
Мен, шындығында, адам ойының өмірді қалай қалыптастыратындығын байқадым.
Мысалы, менің кедей əкем: “Мен ешуақытта бай болмаймын”, - дейтін.
Айту керек, оның бұл “көрегендігі” орындалды. Екіншісі, керісінше, өзін бай адаммын, -деп санайтын.
Тіпті, ол үлкен каржылық сəтсіздіктің салдарынан түбегейлі банкроттыққа ұшыраса да. өзін баймын, -деп атайтын. Мұнысын былай, -деп түсіндіретін: “Кедейлік пен банкроттықтың арасында үлкен айырмашылық бар. Екіншісі уақытша жағдай, ал біріншісі - мəңгілік”. Сонымен қатар, менің кедей əкем: “Мені ақша қызықтырмайды" немесе “Əңгіме ақшада емес“ дегендерді жиі
айтатын. Ал бай əкем: “Ақша- ол билік”, -деп кесіп айтатын. Расында, адам ой-қимылының қандай күші бар екенін кім есептеп көрген?
Дегенмен, ойланудың маңыздылығын, мен бала кезімнен аңғарғанмын. Менің пайымдауымша, кедей əкемнің кедейлігі "ақшаны
аз тапқандығынан емес (ол аз алмайтын), оның себебі: ол солай ойлап,
солай қимыл жасайтын.
Менде екі əке болғандықтан мен бала кезімнен, екі акыл кеңестің Қайсысынөзіметаңдапалудыжан-жақтысалыстырып,
ойластыратынмын. Қайсысын тыңдауым қажет- бай əкені ме, əлде кедейін бе?
Екеуіде оқып, білім алуға үлкен мəн беретін, бірақ нені оқу
керек, оқудың қай түрі маңыздырақ, бұлар туралы олардың пікірлері үйлеспейтін.
Біреуі, мен жақсы оқып, жоғары білім алып, үлкен жалақы алу
үшін жақсы жұмыс тауып алуымды қалайтын. Ол менің: адвокат, бухгалтер немесе менеджер болғанымды жақсы көретін.
Екіншісі, қалай бай болуға, ақшаның қалай жұмыс істейтіндігін білуге, қайткенде, оны өз пайдаңа жұмыс атқаруға мəжбүр етуді білуді, оқып үйренуге кеңес беретін. “Мен ақша үшін жұмыс істемеймін. Ақша мен үшін жұмыс істейді”, -деп жиі қайталайтын. .
Ақырында, мен 9 жасымда, бай əкеден ақшаның не екенін білуге
бел шештім: Кедей əкемнің ғылыми атақ-дəрежелеріне қарамастан, оның ақыл-кеңестерінен гөрі, бай əкенің ойпікірлерін қалауды
ұйғардым.
Маған Роберт Фростың берген сабағы
Роберт Фрост- менің сүйікті ақыным. Маған оның көп өлеңдері ұнайтын, ал мынау солардың ішіндегі “Басқа жол” атты өлеңі - ең сүйіктісі. Бұл өлең күн сайын неменеге үйретеді, мен соны пайдаланам. Бұл өлең туралы көп ойландым. Үлкен білімді əкемнің пікірін қабылдамау өте қиынға соқты, дегенмен бұл шешім өз өмірімнің айқындаушы бағыты болды.
Осыдан кейін менің қаржы туралы окуым басталды. Бай əке, мен
30 жасқа толғанға дейін, отыз жыл бойы оқытты. Ол, бұл оқуды, менің көбіне-көп басыма кіре бермейтін қағидаларды күнделікті нұқып түсіндірудің арқасында, оны игеріп шыққаныма əбден көзі жеткеннен кейін ғана тоқтатты.
Ақша - биліктің бір түрі. Алайда, бұдан да күшті- ол қаржылық білім. Ақша келеді жəне кетеді. Ақшаның қалай жұмыс атқаратынын білсеңіз, онда оларды басқара аласыз, бұл байлыққа жетудің алғашқы жолы. Жалғыз оң көз қарастық жеткіліксіз, адамдардың көпшілігі мектептен ақша туралы ешқандай білім алып шықпай, ғұмыр бойы
ақша үшін жұмыс істейді.
Менің қаржы туралы оқуым басталғанда, мен 10 жаста ғана едім. сондықтан бай əкемнің сабақтары жəй қарапайым ғана болатын. Негізінде менің 30 жыл оқығанымды 6 сабақ ретінде жазып шығуға болады.
Бұл кітапта: маған кезінде бай əкенің берген сабақтары
қарапайым түрде баяндалған. Мұнда сұраққа жауап берушілік жоқ, тек қана негізгі принциптері жалпы нұсқаулар берілген, олар əрине, біздің мынандай мазасыз жəне құбылмалы өмірімізде қандай
өзгерістер болса да, Сіздің балаларынызға бай болуларына көмектеседі.
Бірінші сабақ: Байлар ақша үшін жұмыс істемейді. Екінші сабақ: Қаржы туралы білім неге қажет?
Үшінші сабақ: Өз ісіңізді бастаңыз.
Төртінші сабақ: Салықтар қалай пайда болды жəне корпорациялардың артықшылықтары неде?
Бесінші сабақ: Байлар ақшаны оймен табады. Алтыншы сабақ: Ақша үшін емес, тəжірибе үшін жұмыс істеңіз.
- Папа, айтшы қалай бай болуға болады?
Əкем оқып отырған кешкі газетін, ысырып қойды.
- Балам, сен неге бай болғың келеді?
-Себебі, бүгін Джиммидің мамасы өзінің жаңа "Кадиллак" машинасымен келіп, өзінің отбасын демалыс күндерінде теңіз жағасындағы үйге алып кетті. Джимми өзімен бірге үш досын қоса ала кетті, ал Майкл екуімізді шақырған жоқ. Бізге айтқандары: сендер “кедей” болғандықтарыңнан алмаймыз,- деді.
-Шын ба? -деді əкем сеніңкіремей.
-Ия, рас, -дедім мен өкпелі түрмен. Əкем үндемей басын шайқап, көзілдірігін дұрыстап қайта киіп, газет оқуын жалғастырды. Ал, мен
ол не айтар екен? -деп күтуде болдым. 1956 жыл. Мен 9 жастамын болғаны солай, байлардың балаларымен бір мектепке баратынмын.
Біздің қалашығымыз бұрынғы қант плантациясының орнына
салынған. Плантация басшысы, басқа да ықпалды тұлғалар: дəрігерлер, бизнесмендер мен банкирлер алғашқы алты жылға өз
балаларын осы мектепке беретін, содан кейін, оларды жеке меншікті мектепке ауыстыратын.
Біз сол мектеп жағындағы көшеде тұрғандықтан, мен осы мектепке баратынмын. Егерде, біз басқа көшеде тұрғанда, сөз жоқ
тұрмыс-жағдайлары бізбен қатар отбасыларының балалары оқитын мектебіне жіберген болатын еді. Алтыншы класстан кейін, мен жəне мен сияқтылар мемлекеттік мектепте оқуымызды жалғастырдық. Біз үшін жеке меншік мектеп жоқ еді.
Бір кезде əкем газет оқуын тоқтатты. Оның ойланып отырғаны көрінді.
- Балам, -деді ол ақырын бастап, егер сен бай болғың келсе, онда саған ақша табуға үйренуің керек.
- Ақшаны қалай табады?, -деп сұрадым мен.
-Өзің ойлан,- деді жымиып мұнысы: “Мен саған ештеңе
айтпаймын” немесе “Мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын, мені ыңғайсыз жағдайға қалдырма”, -дегені Сияқты болып көрінді маған.
Бірінші серіктестік
Келесі күні əкеммен болған əңгімені, ең жақсы досым Майкке айттым. Майк екеуімізде, осы мектепте оқитын кедей отбасыларынан едік. Ол да мен сияқты, тағдырдың қызық қалтарыстарына байланысты, осы мектепке окуға келген еді.
Біреудің мектеп шекарасын біз тұратын көше арқылы өткізуіне байланысты, байлардың балаларына арналған мектепке бардық.
Шындығында, біздер соншалықты кедей де емес едік, бірақ бізге солай көрінетін, себебі: бізден басқа балалардың барлығында да жаңа бейсбол қолғабтары, жаңа велосипедтері барлығы жаңа болатын. Əкем мен шешем бізге қажеттінің бəрін берді: ас, киім, үйіміз болды. Бірақ одан артық ештеңе жоқ.
Менің əкем: “Егер саған бірдеңе қажет болса, оны сен еңбекпен табуың керек”, -дейтін. Бізге көп нəрселер қажет еді, алайда 9 жасар балаға көп жұмысты кім береді?
Біз ақшаны қалай істейміз?, -деп сұрады Майк.
Мен білмеймін, -дедім. Ал, сен маған серік болғың келе ме?
Ол келісімін берді, сөйтіп сол сенбінің таңында маған тұңғыш бизнес-серіктес пайда болды.
Біз таңертеңнен бері, ақшаны қалай жасау керектігі жөніңде
жоспар құрумен болдық. Кей уақытта, біз теңіз жағалауында тұратын Джимми сияқты “байларды” еске алдық. Бізге бұл біршама өкінішті еді, бірақ осы өкініш бізді баю жолына ынталандырушы күш болды. Бір кезеңде, бізге түстен кейін бір ой келді. Бұл пікірді Майк бір ғылми көпшілік кітаптан оқыған екен.
Біз бір-бірімізге үлкен үміттілікпен қарастық, сөйтіп біздің серіктестігімізде-өз ісіміз пайда болды.Содан кейін, біз бірнеше апта бойынша көрші-көлемдерді, үйлерді аралап, босап қалған тіс тазартқыш пасталардың тюбиктерін (шөлмек) бізге берулерін өтіндік. Алдымен бұған үлкен адамдар таң қалып, содан кейін күлімсіреп келісімдерін берді. Кейбіреулері біз не істемекшіміз, -деп білгілері келді. Оларға біз: “Оны біз сіздерге айта алмаймыз. Бұл
коммерциялық құпия” , -дедік.
Бір кезде шешем мазасыздана бастады, себебі: біз жинаған заттарымызды коюға, оның кір жуатын машинасының тұрған жерін қалап алып едік. Əртүрлі қажетсіз заттар салынған қағаз жəшіктің жанында, біздің жинаған тюбиктеріміз күннен-күнге көбейе бастады. Бір күні шешемнің шыдамы таусылды. Оны күнде өздері лас əрі майысқан тюбиктерді көру тойдырған білем.
-Бізден, осы сендер не істеп жүрсіңдер?”-деп сұрады.
Маған қайдағы бір “коммерциялық құпия” дегенді қойыңдар. Бəрін тез шығарыңдар, əйтпесе мен барлығын лақтырып тастаймын”,- деді.
Біз, Майк екуіміз жалынып, жақында ойымызды іске асыру мақсатында, əліде болса жеткілікті материалдарды жинап алу үшін,
уақыт керек, -деп түсіндірдік. Шешем бізді аяп тағыда бір аптаға рұқсат етті.
Осылай ісімізді тездетіп бастауға сыртқы жағдайлар түрткі
болды. Өйткені, жұмыс атқарушы серіктестік ретінде, қойма жөнінде менің шешемнің тарапынан алғашқы ескерту алдық. Енді Майкке көршілерді тездетіп паста тюбиктерін босатуды, ол үшін тістерін жиі тазартуды өтіну міндеті енді. Мен өндіріс орнын жинақтауға кірістім.
Бір күні əкем, бір досымен үйге келіп, аулада бар ынтасымен жұмыспен айналысып жатқан тоғыз жасар екі баланы көреді. Маңайымыздың бəрі ақ ұнтақтармен қоқыстанған еді. Ұзын үстелдің үстінде пайдаланудан кейін, мектептен алып келген бос сүт пакеттерін, жанында грильде алаулап тұрған қызыл шоқтарды көрді. Əкем баяу қимылдап, бізге жақын келді. Машинасын есік алдында тастауға тура келді, себебі гаражға қоюға біздің өндірісіміз жол бермеп еді.
Ол досымен жақынырақ келіп, шоқ үстіндегі қазандықта тіс тазартқыш тюбиктердің балқып еріп жатқанын көрді. Ол кезеңде паста тюбиктері пластмассадан емес, жезден жасалатын. Олардың бояуын отпен өшіріп, қазындыққа салып балқытып ертіп, содан кейін оны сүт пакеттеріне арнайы тесік арқылы құя бастадық. Картонды жəшікте гипс бар болатын. Сумен араластырылған сол ұнтақ маңайымызды
аппаққылғанеді.Менабайсыздақапшықтықұлатыпалғанмын, сондықтан маңайымызда ақ боран соққандай еді. Гипстен біз құю
қалпын жасадық.
Əкем біздің балқыған жезді, гипстен жасалған қалыпқа қалай құятындығымызды бақылап тұрған.
-Ақырын, байқа, -деді. Мен үндемей басымды изедім. Бір
уақытта жұмысымызды аяқтап, қазындықты орнына қойып, əкеме қарап жымиып.
-Балалар, сендер не істеп жатырсындар?, -деп сұрады ол күлімсіреп.
-Біз сенің айтканыңды жасап жатырмыз. Біз бай болғымыз келеді, -дедім мен.
-Солай, -деді Майкте басын изеп. Біз серіктеспіз.
-Ал, мынау гипстік қалыптарда не бар?, -деді ол қызықтап.
-Абайла, -дедім мен. Жақсы партия болуға тиіс. Содан кейін кішкентай балғамен, қалыптың екі жымдасқан жерінен ұрып, жоғарғы бөлігін босаттым. Қалыптан жез тиын түсті.
-О, Құдай, -деді əкем. Сендер жезден ақша жасап жатырсыңдар ма! -деді таңданып.
-Дəл өзі, -деді Майк мақтанышпен.
-Біз, Сіздің айтқаныңызды, істеп жатырмыз. Біз ақша
жасаудамыз. Əкемнің досы теріс айналып, шек-сілесі қатып күлді. Əкемжымиып,басыншайқады.Олжаныптұрғангрильді,
тюбиктермен толы қағаз жəшікті, үсті-бастары ақ ұнтаққа былғанған, өз істеріне мəз, біз екеуімізді кезімен шолып шықты.
Əкем, бізге істеп жатқан жұмысымызды тоқтатып, өзімен бірге есік алдына келіп, отыруымызды сұрады. Ол бізге жалған ақша жасаушылардың кім екенін байыппен түсіндірді.
Біздің арманымыздың тас-талқаны шықты.
-Сіз мұны заңсыздық дегіңіз келе ме? -деді Майк даусы дірілдеп.
-Ойнай берсін, -деді əкемнің досы.
-Мүмкін бұл олардың табиғи қабілеттіліктері болар. Əкем оған ренішпен қарады.
-Ия, бұл заңсыздық, -деді ол , ақырын. Дегенмен, сендер өз ойларыңды көрсете білдіңдер, ерекше ізденістерін мен жан-жақты ойлану қабілеттіліктеріңді көрсеттіңдер, -деді. Ойлануды осылай жалғастыра беріңдер. Мен, шындығында сендерді мақтан тұтам.
Біз, Майк екеуіміз ренішті түрде 20 минуттай үнсіз отырдық та, сонан кейін заттарымызды жинастыра бастадық. Сөйтіп, біздің
өндірісіміз ашылған күні жабылды: Қоқыстарды жинастыра жүріп, мен Майкке қарап: “Ия Джимми жəне оның достарынікі шындық. Біз
кедейміз”, дедім. Бұл уақытта менің əкем кетіп бара жатқан.
-Балалар, -деді ол- егерде сендер тез берілсеңдер, онда кедей боласындар. Ең негізгісі, сендер бірдеңе істедіңдер. Көп адамдар бай болғысы келетіндіктерін армандап айтумен ғана болады. Ал, сендер бұл үшін бірдеңе істедіңдер. Мен қайталап айтамын, мен сендерді мақтан тұтам. Тоқтамаңдар. Күресті жалғастырыңдар. Біз, Майк екеуіміз үнсіз тұрдық. Мұны есту бізге қуанышты еді, сонымен бізге не істеу керек?
- Ал, папа сен неге бай емессің?,- деп сұрадым мен. Мен мұғалім болуды ойлағанмын. Мұғалімдер баю туралы ойламайды. Бізге оқыту ғана ұнайды. Мен сендерге көмектескім келді, бірақ, шындығында ақшаны қалай жасау керек екенін білмеймін. Біз алаңды жинастыруды əрі қарай жалғастырдық.
- Балалар егер сендер бай болғыларың келсе, менен сұрамаңдар. Майктің əкесіне барыңдар,- деді сөзін жалғастырып.
- Менің əкеме ме?, -деді Майк таңданып.
- Ия, сенің əкеңе,- деп жауап берді менің əкем күлімсіреп. Екеуіміздің банкиріміз бір адам. Ол сенің əкең туралы ең жоғарғы пікірде. Сенің əкең ақша жасаудың жолдарын тамаша біледі, -деп айтқанын бірнеше рет естідім.
- Ол, менің əкем бе? -деді Майк сенімсіздікпен.
- Ал, олай болса, онда бізде бай адамдардың мектептегі балалары секілді тамаша машина немесе үлкен үй жоқ?
- Жаңа машина жəне үлкен үй, қайткенде де сенің бай жəне
ақшаны калай табу керектігін білетіндігінің белгісі емес,- деп жауап берді əкем.
Джиммидің əкесі қант плантациясында жұмыс істейді. Оның менен айырмашылығы шамалы. Ол компанияға жұмыс істесе, мен мемлекетке кызмет етем.
- Компания оған машина сатып алып берді. Бұл компанияның қазіргі кезеңде қаржылық проблемалары (қиындықтары) бар, енді жақында Джиммидің əкесінде ештеңе болмайды.
Ал, Майк, сенің əкең ондай емес. Ол меніңше өз империясын құруда, бірнеше жылдардан кейін, ең бай адам болады. Бұл сөздер
Майк екуімізді қайта қызықтыра түсті. Біз қосылып жасаған шаруамыздың қалдықтарын тездетіп жинастырып, Майктің əкесімен қашан жəне қай жерде кездесіп сөйлесуіміз туралы ақылдастық. Оның қиындығы, ол кісі көп жұмыс істейтін, үйіне өте кеш оралатын. Ол кісіге көптеген қоймалар, құрылыс компаниясы, бірнеше дүкендер жəне үш ресторан қарайтын. Осы ресторандар үшін, ол жұмыста түнге дейін болатын. Ауланы жиыстырып болғаннан кейін, Майк автобусқа мініп үйіне кетті. Ол сол күні кешке əкесімен, бізге қалай бай болуды үйрете ме, əлде жоқ па?- соны сөйлесіп, білуге асығып еді. Өте кеш болсада, Майк əңгімеден кейін маған телефон соғуға уəде етті. Кешкі 8.30 телефон соғылды.
- Тамаша,- дедім мен, келесі сенбіде, деп телефонды орнына қойдым. Майктің əкесі бізбен кездесіп, əңгімелесуге уəде қылды. Міне, сенбі күні таңғы 7.30 мен автобусқа мініп, қаланың кедейлер тұратын бөлігіне тарттым.
Сабақтар басталуда:
“Мен сағатына 10 центген төлеймін ” 1956 жылдың бағытымен салыстырғанның өзінде, төленетін ақшаның көлемі күлкілі еді.
Біз, Майк екуіміз оның əкесімен таңертеңгі 8-де кездестік.
Осы кезде де оның қолы бос емес еді, жұмысқа кіріскеніне 1 сағаттай болған екен.
Мен өзі қарапайым, əрі кішкентай, бірақ таза үйге таянғанымда, оның жанынан құрылыс бастығы мінген машина орнынан қозғалып
бара жатты.
Майк Мені есік алдынан күтіп алды.
Əкем телефон арқылы сөйлесіп жатыр, бізге үй сыртындағы басқышта күте тұруымызды айтты,- деді ол, маған есікті ашып жатып. Мен табалдырықтан аттап, бұл ескі үйдің сықырлауық еденіне аяқ бастым. Кіре берісте арзан бағалы төсеніш жатты. Өзі таза,бірақ жаңа емес. Ескі жұмсақ жиһаздарға толы бөлмеге ендім. Диванда менің шешемнен біршама үлкенірек екі əйел отырды. Оларға қарсы орындықта бір ер адам отырды. Киімдері таза. Жас шамасы 45-терге келген, менің əкемнен 10 жастай үлкен. Біз, Майк екуіміз, олардың қасынан өтіп бара жатқанымызда, бізге күлімсіреп қарады.
- Бұлар кімдер? -деп сұрадым.
- Бұл кісілер əкемде жұмыс істейді. Ер адам қойма меңгерушісі, əйелдер ресторандарды басқарады. Пикап машинасымен кеткен кісі, осы арадан 70 шақырымдай жерде жол құрылысымен айналысады.
Екіншісі сен келгенше кетіп қалған.
- Күнде осылай ма? -дедім мен таңданып.
- Күн сайын емес, бірақ жиі,- деп жауап берді Майк, менің жаныма отыра беріп.
- Ол кісі бізді ақша жасауға үйрете ме екен? Бұған ол не айтты?- дедім мен ақырындап.
Алдымен ол біртүрлі таңдана қарады, ал сонынан менде сендерге үсыныс бар, -деді.
- Солай ма? -дедім мен орындықта тербеле отырып.
- Сен білесің бе?- ол қандай ұсыныс.
- Жоқ, бірақ қазір білеміз.
Бір кезде есік тез ашылып, есік алдына шапшаң қимылмен
Майктің əкесі шықты. Біз сасқанымыздан орнымыздан атып тұрдық.
- Балалар, даярсыңдар ма? -деді ол біздің қасымызға орналаса беріп. Біз басымызды изедік, оған жақындап, алдыңғы жағынан
орналасып. Бұл кісі ірі денелі адам болатын, бойы 180 сантиметрден астам, салмағы 90 кг менің əкем одан биіктеу, салмақтары бірдей, бірақ
Майктің əкесінен 5 жас үлкен. Олар əр ұлт өкілдерінен болсада, бір-біріне кішкене ұқсас еді. Мүмкін ұқсастықтары- жігерліктері
болар.
- Майк айтып еді: сендер ақша тапқыларың келетін көрінеді.
- Солай ма, Роберт?
Мен басымды изедім, қорқынышты сезіммен. Оның кішіпейіл сөзі мен күлкісінің артында, үлкен күштің барлығы сезіліп тұрды.
- Онда менде, мынандай ұсыныс бар. Сендерді оқытам, бірақ мектептегідей емес, басқаша. Ол үшін маған жұмыс істеулерің кажет. Жұмыс барысында, мен сендерді тез үйретем. Ал, егер мектептегідей тек қана отырып қана тыңдаймыз ғой, -деп ойласаңдар, онда мен уақытымды текке жоғалтам.
Менің ұсынысым:
көнсеңдер келісімдеріңді беріңдер, көнбесеңдер қойыңдар.
- А... алдымен сұрауға бола ма?- деп бастап келе жатыр ем.
- Жоқ.
- Көнсеңдер- көніндер, көнбесеңдер өздерің біліңдер. Менде
жұмыс өте көп, босқа уақыт өткізе алмаймын. Егер сендер тез шешім қабылдай алмасаңдар, ешуақытта ақша жасай алмайсыңдар.
Мүмкіндіктер пайда болады жəне жоғалады. Егер сендер шапшаң шешім қабылдайтын болсаңдар, бұл тамаша.
Міне, сендердің іздегендеріңнің мүмкіндігі енді туды. Сабақ басталды, немесе 10 секундтен кейін аяқталады, -деді Майктің əкесі жымыйып.
- Мен келісемін, -дедім мен.
- Мен де,- деді Майк.
- Жақсы, -деп жауап берді Майктің əкесі. Мұнда 10 минуттан кейін Мартин апай келеді. Мен, ол кісімен сөйлескеннен кейін, сол
кісімен бірге, менің өз-өзіне қызмет жасайтын дүкеніме барып, жұмысқа кірісесіңдер. Мен сендерге сағатына 10 центтен төлеймін, əрбір сенбі сайын үш сағаттан жұмыс істейсіңдер.
- Менде, бүгін бейсболдан кездесу бар еді,- дедім мен ышқынып.
- Көнсеідер көніңдер, көнбесеңдер кетіңдер, -деді ол қатқыл дауыспен.
- Келісемін, -дедім мен, біржола бейсбол ойынын қойып, жұмыс істеуге жəне оқуға шешім қабылдап.
Отыз центтен кейін
Сол сенбі күнгі 9-дан бастап Мартин апайдың қарамағында
жұмысқа кірістік. Бұл кісі сондай қайырымды жəне шыдамды əйел еді. Ол бізге ылғи, Майк екеуіміз, оның ержетіп кеткен, екі ұлдарына ұқсайтындығымызды айтушы еді.
Рас, өзінің қарапайымдылығына қарамастан, ол бізге көп жұмыс істеуіміз қажет,- деп есептейтін, əрі оны əрқашан бізге тауып беретін. Біз үш сағат бойы сөрелердегі консерві банкілерін алып, қух Қанатымен шаңдардан тазартып, мұқияттылықпен қайтадан орындарына қойуымыз керек. Бұл бірқалыпты, əрі өте іш пыстыртатын жұмыс еді.
Өзімнің “бай əкем”, -деп атайтын, Майктің əкесінде үлкен автотұрақтары жəне тағы осындай 9 өз-өздеріне қызмет жасайтын кішігірім дүкендері бар. Осы жерден алыс тұрмайтын кісілер: сүт, нан,
май жəне темекі сатып алуға мүмкіншіліктері бар еді.
Өкінішке орай, ол уақытта Гаваяда ауаны алмастыру кондиционерлері болмайтын, күннің ыстықтығынан дүкендердің есіктері жабылмайтын, соның салдарынан автотұраққа келетін машиналардың көп жүрісінен, олардың іші шаң-тозаңға толы болатын.
Үш апта бойы, үш сағаттан Мартин апайға келіп жұмыс істедік. Түске қарай біздің жұмысымыз аяқталатын, ол кісі бізге 3 тиындық ақша беретін. 1956 жылы 9 жасар баланың өзіне 30 цент көп ақша
болып есептелмейтін. Ол уакытта “комикстер” (күлдіргі əңгімелер мен суреттер кітабы) құны 10 центтен кем болмайтын, тапқан табысымды осы кітаптарға жұмсап , үйіме кететінмін.
Төртінші аптаның сəрсінбісінде, мен барлығын тастауға даяр едім. Майктің əкесінен ақшаны қалай жасау керектігін үйренуге жұмысқа кіріп едім, енді сағатына 10 цент үшін құлға айналдым.
Оның есесіне бірінші кездесуден соң, Майктің əкесін көргенім жоқ.
- Мен кетемін,- дедім Майкке түскі үзіліс кезінде. Мектептегі
түскі ас өте нашар еді. Оқу іш пыстырды, оның сыртында мен сүйікті сенбі күнінен айырылдым. Əсіресе мені назаландырған осы 30 цент болды.
Майк күлді.
- Неге күлесің? -дедім мен ашуланып.
- Əкем айтып еді, осылай болады, деп. Сен кетуге даяр болғанда, кездесуге келсін деді.
- Не? -дедім мен назалы түрде. Сонда, ол осының бəрі мені мезі қылғанша күткен бе?
- Жалпы солай, ия, деп жауап берді Майк. Менің əкем басқа кісілерден емес. Ол сенің əкең сияқты оқытпайды. Сенің əке шешең көп сөйлейді. Ал менің əкем үндемейді, немесе аз сөйлеуді калайды. Сенбіге дейін күте тұр. Сенің күтуге даяр екеніңді, оған айтайын.
- Сонда мұның барлығы əдейі істелінген дегің келе ме?
- Əдейі емес, бірақ осыған ұқсас бірдеңе. Сенбі күні əкем бəрін түсіндіреді.
Сенбідегі кезек
Мен, онымен əңгімеге даяр едім. Менің өз əкемде қатты ренжулі еді. Өзім “кедей”, -деп есептейтін туған əкем, бай əке бала еңбегі
туралы заңды бұзған, оны сотқа беру керек,- деп есептейді. Ол, маған атқарған еңбегіне сай, сағатына 25 центтен кем емес жалақыңды талап ет,- деп кеңес берді. “Егерде ол жалақыңды көтермесе, онда сен жұмыстан жедел кетуің керек“, -деді əкем.
- Мұндай сорлы жұмыстың саған қажеті қанша? -деді ол ашулы түрде.
Сенбі күнгі таңғы 8-де менің алдымнан Майк үйінің сықырлауық есігі тағы ашылды. Мен есіктен кіргенде, Майктің əкесі: “Отыр жəне кезекті күт”, -деді. Ол бұрылды да, кішкене жұмыс бөлмесіне кіріп кетті.
Мен жан-жағыма қарадым. Майк маңайда жоқ еді.
Мен ақырын ғана, осыдан 4 аптадан бұрын кездескен 2 əйелдің жанына отырдым. Олар күлімсіреп, орындарынан қозғалып, маған орын босатты.
45 минут уақыт етті, мен мазасыздана бастадым. Ол екі əйелді қабылдап, жібергеннен бері, тағы жарты сағат өтті. Олардан кейін тағы бір картаңдау адам келіп, 20 минуттай болып ол да кетті. Үй бос қалды, Гаваяның осындай бір тамаша күнінде, өзі сараң əрі балалар еңбегін қанаушының, қапа бөлмесінде қабылдауын күтіп отырдым.
Мен, оның кабинетінде қалай жүргенін, телефонмен сөйлескенін бəрін естіп отырдым, алайда мені есіне алар емес. Мен тұрып кетуге даяр едім, дегенмен əліде болса орнымда отырдым. Бір уақытта тағыда 15 минут өткеннен кейін, тура сағат 9-да кабинетінен үндемей шығып,
маған қолымен ишарат етті.
Менің байқағаным, сен, егер жалақыны көтермесе, жұмысты тастайсың ғой, -деді бай əкем айналмалы орындығының үстінде ырғала отырып.
-Сіз, шарттағы өз келісіміңізді орындамадыңыз ғой! деп айтып
салдым мен, жыларман болып. 9 жасар балаға, үлкен адаммен айтысу, шындығында өте қиын.
- Егерде, мен Сізге жұмыс істесем, мені оқытамын, -деп айтып
едіңіз ғой. Мен Сізге жұмыс істедім. Мен көп жұмыс атқардым. Сізге жұмыс істеу үшін, бейсболдан бас тарттым. Сіз, мені ештеңеге де үйреткен жоқсыз. Сіз алдаушысыз, қалада барлығыда Сізді солай атайды. Сіз тек қана ақшаны ойлайсыз, ал Сізге жұмыс істеп жүргендер туралы ойламайсыз. Мені көп күтуге мəжбүр еттіңіз жəне мені сыйламайсыз. Мен кішкентай баламын, бірақ маған дұрыс қарауға құқығым бар. Көз қарасы өткір еді.
- Жаман емес,- деп жауап берді ол.
- Бір айға жетпей, менің көп жұмыскерлерім сияқты сөйлесуге үйреніп қалыпсың.
- Не? -дедім мен таңданып. Мен, оның не айтқанын түсінбей, одан əрі шағымдануымды жалғастыра бердім.
- Мен, Сізді шарттағы өз уəдеңізді орындап, оқытады ғой,- деп ойладым. Соның есесіне енді мені қинағыңыз келді ме? Бұл қатыгездік.
- Дегенмен, мен сені оқытудамын ғой, -деді бай əкем баяу үнмен.
- Неменеге Сіз үйреттіңіз!
- Ештеңеге! -дедім назаланып. Мен Сізге тегін дерлік жұмыс істеуге келіскеннен бері, Сіз менімен бір ретте сөйлескен жоқсыз.
- Сағатына 10 цент.
- Ха! Маған Сіз туралы тиісті орынға хабарлауым керек еді.
- Айтпақшы, біздің елде бала еңбегі туралы Заң бар. Сондай-ақ мені əкем мемлекетке қызмет етеді.
- Охо!-деп үн қатты бай əкем.
- Енді сен, менің бұрынғы көп жұмыскерлерім сияқты сөйлейтін болдың. Оларды мен жұмыстан босаттым, немесе өздері кетті.
- Ия, енді сіз не айтқыныз келеді маған? -деп жалғастырдым мен.
Мен кішкентай балаға артықтау, өте батырланып кеттім. Сіз мені алдадыңыз. Мен Сізге жұмыс істедім. Сіз сөзіңізде тұрмадыңыз. Сіз мені түкке үйреткен жоқсыз.
Ал, сені ешнəрсеге оқытпағанымды қайдан білдің? деді бай əке. шімірікпестен қызықтай қарап.
- Сіз, менімен бірде-бір рет сөйлескен жоқсыз. Мен үш апта жұмыс істедім, ал Сіз ештеңеге үйреткен жоқсыз, -дедім мен бұртыйып.
- Ал оқытқанда міндетті түрде сөйлеу немесе нотация оқу керек пе? деп сұрады бай əке. Əрине,- дедім мен.
Осылай сені тек қана мектепте оқытады, - деп жауап берді ол күлімсіреп.
- Бірақ, өмір олай оқытпайды, мен айтар едім: “ Өмір ең жақсы
ұстаз”. Өмір сенімен ешуақытта сөйлеспейді. Ол сені тек қана соғады: бірде бір жағынан, бірде екінші жағынан. Əрбір соққы ол өмір.
- "Оян. Мен, сенің бірдеңені түсінгеніңді қалаймын" -дейді өмір.
-Бұл не айтып отыр? ,-деп сұрадым өзімнен-өзім үндемей. Сонда, өмір мені соққылағанда, ол менімен сөйлесе ме? Енді мен жұмысты
тастау керектігіне кəміл сендім. Менімен сөйлесіп отырған адамды, есуастар ауруханасына жіберу керек.
Егер Сен өмірден оқысаң, оның оқытқанын үйренсең онда сенде барлығы жақсы болады. Оған үйренбесең ол сені соққылауын жалғастыра береді. Адамдар жайшылықта екеудің біреуін істейді: өмір соққыларына мойын ұсынып, көндігеді немесе ызаланып жəне қарсылық білдіре бастайды. Бірақ, өкінішке орай, олар бастыққа жұмысқа, əйеліне немесе еріне қарсыласады. Олар соққылаушы осындай нақтылы тұлғалар емес, өмірдің өзі екенін түсінбейді. Мен түкке түсінбедім.
- Өмір бізді соққылайды. Кейбіреулері беріледі. Басқалары күреседі. Ал, енді біреулері, берілген сабақты игеріп, одан əрі
қозғалады. Ондайлар өмір соққыларына қуанады. Олар үшін мұндай жағдайлар, жаңа бірдеңеге үйрену болып табылады. Қорытынды жасап, ілгері жүреді. Көпшілігі жəй беріле салады, ал сен сияқтылар- күреседі. Бай əке орнынан тұрып, əлдеқашан жөндеуді қажет еткен сықырлауық терезені жапты.
- Егер, сен осы сабақты игерсең, сауатты, бай жəне бақытты жігіт боласың. Егер бұлай болмаса, сен ғұмыр бойы өз басындағы қиыншылықтардыжұмыстан,жалақыданнемесебастықтанкөріп,
кінəлəйсың. Сен өмір бойы ақша тапшылығын, оны бір ғажайыр нəрсе шешіп беретіндей сенімде жүресің. Бай əке сен тыңдап отырсың ба дегендей, маған қарады. Көздеріміз бір-бірімен кезікті. Біз бір-
бірімізге карап, не ойлап отырғанымызды көздерімізден аңғардық. Оның айтқан ең соңғы сөзін түсініп, мен көзімді басқа жаққа бұрдым.
Мен түсіндім, оныкі шындық еді. Мен оны айыпқа бұйырдым, расында мені оқытқанды қалап едім. Мен күрестім.
Бай əке əрі қарай жалғастырып:
- Сонымен, егерде сенде мықты тегеурін болмаса, өмір қысымын бастағанда, сен əр қашан беріле бастайсың. Сен осындай адам болсаң,
ғұмыр бойы ереже бойынша өмір сүресің, бəрін дұрыс істейсің, дүниеде болмайтын бір жағдайларды күтіп, өзіңді сақтайсың. Содан
кейін дəрменсіз шал болып, өмірден өтесің. Сенде көп достар болады, олар сені тамаша жəне іскер жігіт болғаның үшін жақсы көреді. Сен
өмір бойы ережелер бойынша жəне қалыптасқан түрде қимыл жасайсың. Алайда, нақтылығында, сен өмір соққыларына үнемі мойын ұсынумен ғана боласың. Іштей тəуекелге басуға қорқасың. Рас, сен женгің келеді, бірақ жеңіліп калу қорқынышы, жеңіс қуанышыңнан басым болады. Мұндай шешімге келе алмағаныңды, сенің жан дүниеңнің ең түкпірінде жатқан сезімді, тек қана өзің білесің. Сен тəуекелге баспайтын, қимыл жасауға бейім боласың. Біздің көздеріміз тағы кездесті. Менің түсінгенімді, ол көргенше, 10 секундтей бір- бірімізге қарап отырдық.
Онда Сіз, мені өмір сияқты соққыладыңыз ба? -деп сұрадым мен.
Кейбірулер солай айтқан болар еді, -деді бай əке күліп. Мен, саған өмірдің не екенін көрсеттім, -деп айтуыма болады.
- Бұл калай? -дедім мен, əліде болса ашулы түрде, бірақ қызығушылықпен.
- Балалар, сендер, менен: “Ақшаны қалай жасауға болады?”деп сұраған ең бірінші адамсыңдар. Маған 150 ден астам адам жұмыс істейді, бірақ олардың бірде-біреуі еш уақытта менен ақша жөнінде не білетінімді сұрап көрген емес. Оларға менен тек қана чек керек, ақша жөніндегі білім емес. Сондықтан, олардың көпшілігі өмірлерінің ең жақсы кезеңдерінде ақша үшін жұмыс істеп, кімге жəне неменеге жұмыс істеп жүргендеріне түсінбей өтеді.
Мен оны үлкен ілтипатпен тындадым.
Маған, Майк, Сендердің ақша жасауды үйренгілерің келетіндіктерің туралы айтқанда, мен нақтылы өмірге бейім,арнайы оқыту жүйесін ойластырдым. Мен сендерге көзім қарауытқанша айтқан болар едім, алайда сендер ештеңе ұқпаған болар едіңдер.
Сондықтан, өмір сендерге өз соққысын берсін, деп есептедім. Міне, сол себебтен, мен сендерге 10 центтен ғана төледім.
- Сонда, мен барлығы сағатына 10 цент үшін жұмыс істегенімнен қандай сабақ алып, қортынды шығаруым керек еді?- деп сұрадым мен. Сіз, өзі сараң, əрі балалар еңбегін қанаушы ретінде ме? Бай əке шалқалап тұрып, шек-сілесі қатқанша күлді. Содан кейін ол тынышталып, айтқаны;
- Дұрысы, саған қөз қарасыңды өзгерту керек. Мені айыптай беруіңді тоқтат.
- Егер, сен барлық проблема менде десең, онда мені өзгертуге
тура келеді. Ал проблемалар өз басыңда екенін түсінсең, өзіңді өзің өзгертуге тиіссің, сонда бір нəрсеге үйренесің жəне ой-өрісің еседі. Жұрттың көпшілігі əлемдегі барлық өзгерістерді өмірбақи күтумен болады, бірақ өздері өзгеріссіз қалады. Сондықтан, барлығының езгерілуін күткенше, өзіңді өзгерткен жеңіл болады,- деп айтар едім.
- Түсінбеймін, -деп үн қаттым.
- Дегенмен, Сіз маған 10-ақ цент төлейсіз ғой.
- Ол, сені неге үйретеді? -деп сұрады бай əке жымыйып.
- Сіздің сараң екеніңізді, -дедім мен кекесінмен.
- Міне, көрдің бе? сен барлық проблема менде деп есептейсің,- деді бай əке.
- Ол солай.
- Жəрəйді, егер сен əрі қарай осылай ойлайтын болсаң, ештеңеге үйренбейсің. Егер проблема менде десең, онда сенің қалауың қандай?
Əрине, егер Сіз маған кебірек төлемесеңіз, сыйластықпен қарамасаңыз жəне оқытпайтын болсаңыз, мен кетем. Жақсы айтылған сөз,- деді бай əке.
Жұрттың көпшілігі нақ осылай істейді. Олар істеп жүрген орындарынан кетіп, барлық проблемаларды жақсы жұмыс пен үлкен жалақы шешеді, -деп ғұмыр бойы соны іздеумен болады. Дегенмен,
мұндай жағдай көпшілігінде бола бермейді.
- Ал, сонда проблемаларды не шешеді? деп сұрадым мен. Мен осы сорлы 10 центті алып, қуануым керек пе? Бай əке күлді.
- Ондай да адамдар бар. Олар өз отбасыларындағы ақша
қиындықтарының болатынын біліп, амалсыздан чекті алады. Бұлай істейтіндері, олар жалақының көтерілуін күтеді, сөйтіп барлық проблемаларшешіледі,-депойлайды.Көпшілігіосығанкөнеді,
кейбіреулері екінші жұмысқа барады, онда да азғантай жалақыға ие болып чек алады.
Мен төмен қараумен болдым. Байқаймын, бай əкенің маған
қандай сабақ бере бастағанын түсінгендеймін. Ол мені өмірде болатын нақтылы жағдайлармен таныстырып отырғанын сездім. Мен басымды көтеріп, өз сұрағымды қайталадым:
- Дегенмен, проблемаларды не шешеді?
- Мынау, деді ол, саусағымен менің басымды жеңіл нұқып. Сенің екі құлағыңның арасындағы зат.
Нақ осы сəтте, бұл кісінің, өз жұмыскерлері жəне менің кедей əкемнен қандай айырмашылықтары бар екенін көрсететін, ой- пікірлерімен, тұжырымдарымен менімен бөліскенін аңғардым. Осының нəтижесінде ол Гаваядағы ең бай адамдардың бірі болды, ал менің жоғары білімді кедей əкем ғұмыр бойы ақша проблемаларымен күресуде болды. Осы ұғым маған негізгі өзек болды. Бай əке осындай жəйлер туралы бірнеше рет қайталайтын. Бұл менің бірінші сабағым еді.
“Кедейлер жəне орта класс өкілдері ақша үшін жұмыс істейді. Байлар ақшаны өздеріне жұмыс істеуге мəжбүр етеді”
Сол сенбі күнгі таңда, менің кедей əкемнің үйреткенінен үлкен айырмашылығы бар жəне өзекті жаңа ой-пікірдің бар екенін білдім. 9 жастағы маған екі кісінің өз білімдерін бергілері келгендерін көрдім. Екеуіде менің оқығанымды қалады бірақ, əртүрлі мақсаттарға.
Менің жоғары білімді əкем, өзінің жолымен жүру кеңес ететін: “Балам, сенің ұқыпты оқып, жоғары бағада алып, содан кейін үлкен
компанияда тұрақты жұмыс істетуіңді тілеймін. Бірақ, онда үлкен жеңілдіктер болу керек”,- дейтін.
Менің бай əкем, мен ақша принциптерін түсініп, оны өзіме қалай жұмыс істетуге мəжбүр етушілікті біліп үйренуді қолдайтын. Бұл сабақты мен, оның басшылығымен түсіндім, бірақ класс бөлмесінде емес.
Бай əкем өзінің бірінші сабағын жалғастыра берді. Сенің сағатына 10 центке бола, жұмыс істеткені үшін ызаланғаның мені
қуантады. Егерде сен ренжімей жəй қуанышты түрде сол 10 центті үндемей ала салғанында, онд сені оқыта алмаймын,- деп айтуға тура
келетін еді.
Нақтылы білім алу үшін: жігер, құштарлық, күшті талпыныс керектігін түсіну маңызды.
Ашу- бұл формуланың үлкен бір бөлігі, себебі: құштарлық жəне ашу сүйіспеншіліктің тепе-теңдігі. Жұрттың көпшілігі ақша туралы сөз көтерілгенде, босқа ұрынбауды қалайды, тəуекелдікке баспайды. Өйткені, оларды талпынушылық емес, үрей билейді.
- Сол себебтен, олар аз төлейтін жұмысқа бара ма?,- деп сұрадым мен.
- Ия, солай, -деді бай əке. Кейбіреулер мені адамдарды қанаушы дейді. Оның себебі: мен, қант плантациясы немесе мемлекет
төлеген көлемде, жалақы бермеймін. Керісінше, мен оларды өздерін- өздері қанаушы,- деп есептеймін. Бұл олардың қорқақтығы, менікі емес.
- Дегенмен, оларға көбірек төлеуге болатындығын байқамайсыз ба?- деп сұрадым мен.
- Неге? Бəрібір көп ақша, олардың проблемаларын шешпейді. Өз əкеңе қарашы. Ол көп табыс табады, бірақ есеп-шоттарын уақытында жабуға үлгірмейді. Көп кісілер үлкен ақша таба отырып, қарызға белшесінен батумен болады.
- Бəсе, сондықтан маған сағатына 10 центтен ғана төлеген екенсіз ғой деп мен күлдім. Ол сабақтың бір бөлігі ме?
- Дұрыс, -деді бай əке күлімсіреп.
- Түсінесің бе? Сенің əкең мектепте оқыды жəне тамаша білім
алды, бұл оған жоғары ақылы жұмыс тауып алуына мүмкіндік берді. Ол, солай істеді де. Алайда, онда қашанда ақша проблемалары бар,
себебі: мектепте жəне университетте оны ақша жөнінде ештеңеге оқытқан жоқ. Оның сыртында ол ақша үшін жұмыс істеу керек,- деп есептейді.
- Сіз, олай емес,- деп есептейсіз бе? -дедім мен.
- Ия, есептеймін, -деді бай əке. Егер, сен ақша үшін жұмыс
істегің келсе, онда сол мектепте қал. Олар оған тамаша оқытады. Ал, егерде сен ақшаның өзің үшін, жұмыс атқаруға мəжбүр етуді білгің
келсе, мен оған сені үйретем. Ал бұған кез келген адам үйренгісі келмей ме? -дедім мен таңданып.
- Жоқ, -деді бай əке.
- Ақша үшін жұмыс істеу жеңіл, əсіресе ақша жөнінде əңгіме болғанда, сені бірінші кезекте үрей билейді.
- Түсінбедім,- дедім мен қабағымды түйіп.
- Əзір мұнымен басыңды ауыртпа. Есіңде болсын, жұрттың көпшілігі жұмыстарынан айырылып қалуға қорқады. Əр түрлі төлемдерді дер кезінде төлей алмай қаламыз,- деп үрейленеді.
Жұмыстан шығарып жібереді,- деп сескенеді. Ақша жетпеушілігі жүйкелеріне тиеді. Бір қолайсыз жағдай болып қалса, қайтадан бастау керек,- деп түңіледі. Бұл, бір мамандық алып, ақша үшін жұмыс істеушіліктің, сол үшін олардың тарапынан төлеу ақысының құны болады. Көп адамдар ақшаның құлына айналады...сөйтіп өз қожайындарына назалана бастайды.
- Ал, ақшаны өз игілігіне жұмыс атқаруға мəжбүр етуге үйренушілік.
- Бұл тіптен басқа ма?- деп сұрадым мен.
-Түбегейлі басқа,- деп жауап берді бай əке. Түбегейлік біз үнсіз отырдық. Сыртта Гаваяның тамаша сенбі күнінің таңғы кезеңі еді. Менің достарым осы уақытта бейсболдан кіші лиганың ойынын бастап еді. Бірақ, мен бір себебпен сағатына 10 центтен ғана жұмыс істеуге келіскеніме енді қуанышты едім. Менің достарымның мектепте біле алмайтындықтарының біразын, білуге үйренетінімді сезіндім.
- Оқуға даярсың ба? -деп сұрады бай əке.
- Əлбетте,- дедім мен сиқырланып.
- Мен, өз сөзімде тұрдым. Мен, сені алыстан бастап оқыта
бастадым, деді бай əке. Сен тоғыз жасыңда ақша үшін, жұмыс істеудің қалай екенін сезіндің. Енді осы соңғы айды 50 жылға көбейт, сонда сен адамдардың көпшілігі ғұмыр бойы немен айналысатынын түсінесің.
- Түсінбеймін,- дедім мен.
- Кезекте болып, мен шақырғанға дейін, күтуде отырғанда, өзіңді қалай сезіндің? Бірінші рет- жұмысқа кіру үшін жəне екінші рет көп ақша сұрау үшін келгеніңде?
- Айтпаңыз,- дедім мен.
- Егер, сен ақша үшін жұмыс істесең, сенің өмірің де, көптеген адамдардікіндей болады, -деді бай əке.
-Ал, Мартин апай, саған 3 сағаттық жұмысың үшін 10 тиын бергенде, сен қалай сезіндің?
-Маған, бұл аз сияқты көрінді. Ол тіпті ештеңе емес еді. Мен түңілген едім.
- Көптеген жұмыскерлер, өз чектерін қолдарына алғанда нақ осылай сезінеді. Əсіресе, барлық салықтар мен төлемдерді ұстап қалғанда. Сен дегенмен 100 процент алдың ғой.
- Сонда, Сіздің айтуыңызша, жұмыскерлер өз жалақыларын
толық алмай ма? -дедім мен танданып. Əрине! Алдымен мемлекет өз үлесін алады. Ол оны қалай істейді?
- Салықтар, -деп түсіндірді бай əке. Сен табыс тапқанда, сенен салық алады. Сен ақша жинасаңда, өлсеңде сенен қай уақытта болмасын салық алады.
- Онда жұрт мемлекетке мұны істеуге неге мұрсат береді?
- Байлар жібермейді, -деді бай əке күліп.
- Мұны жасауға кедей адамдар жəне орта класс өкілдері ықпал етеді. Мен сенің əкеңнен көп табыс табам, бірақ ол салықты көп төлейді, солай екендігіне мен бас тігуге даярмын.
- Бұл қалай болады? Оны 9 жасар балаға түсіну тіптен қиын еді.
- Алайда, неге адамдар, Үкіметке солай істеуге мұрсат береді?
Бай əке үнсіз қалды. Шамасы, мен былшылға ұрынбай, əрі қарай тыңдасын деген болар.
Аяғында мен сабама түстім. Бірақ, естігенім маған ұнаған жоқ. Менің əкем соншама салық төлеуіне тура келетіндігі жөнінде ылғи шағынатын, бірақ олар жөнінде ештеңе істемейтін. Сонда оны өмір солай соққылаған ба? Бай əке маған үнсіз қарап, отырған орындығында ырғалумен болды.
- Оқуға даярсың ба?
- Мен үнсіз басымды изедім.
- Менің айтқанымдай, саған көп дүниеге үйренуге тура келеді. Ақшаны өзіне жұмыс істетуші тұлға бұған ғұмыр бойы оқиды. Жұрттың көпшілігі 4-жылдық колледжде оқиды да, сонымен олардың білім алуы тоқтатылады.
Менің түсінгенім, енді өзімнің барлық өмір жолымда ақшаны зерттеймін, себебі: білгенімнен, одан да артық білуге тырысуым қажет. Ал көпшілік мұнымен ешуақытта айналыспайды.
Олар жұмысқа барады, жалақы алады, төлемдерін төлейді
сонымен іс бітеді. Содан кейін ақшаның жетпейтіндігіне таңданумен болады. Бұл қиындықтар, қолдарына көп ақша түскенде жойылады,- деп елес, арманда жүреді.
- Сондықтан да, менің əкемде салық проблемаларының болуы, оның ақшаның не екенін білмеуінен бе?- деп сұрадым мен таң қалып.
- Мынаны түсін,- деп жалғастырды сөзін бай əке.Салық төлеу ақшаны өзіңе жұмыс атқаруға мəжбүр етуді үйренудің- бір кішігірім бөлігі ғана. Бүгін сенен білейін дегенім: ақшаның не екенін білуге арналған, сенің ынталығың басылған жоқ па? Негізгі мəселе осында. Көпшілікте мұндай ынта жоқ. Олар оқығылары келеді, көп ақша табу үшін, өздеріне ыңғайлы жəне қызғылықты кəсіби мамандық алуға тырысады.
Күндердің күнінде олар ақша тапшылығын сезінеді, проблемалар туындай бастайды, міне, осыдан кейін ешуақытта жұмысты тастай алмайды. Сөйтіп, олар тек қана ақша үшін жұмыс істеуді біледі, ал ақшаны өзіне қалай жұмыс істетуге болатындығы жөнінде оқымайды,
ұмытылмайды, сондықтан бұл олардың өз сауатсыздықтары үшін төлеу бағасы, құны.
- Сен, əліде болса, осыларды игеріп, оқуды қалайсың ба?- деп сұрады бай əке. Мен басымды изедім.
- Жақсы,- деді бай əке. Онда жұмысқа бар. Енді саған ештеңе де төлемеймін..
- Не?- дедім мен таң қалып.
- Не естідің, сол түкте. Сен бұрынғыдай əр сенбі сайын жұмыс істейсің, бірақ сен енді 10 центті де алмайсың.
- Сен ақша үшін жұмыс істемеуге үйренгім келеді дегенсін, сондықтан мен саған ештеңе төлемеймін. Мен өз құлағыма сенбедім.
- Мен,Майкпенбұлтуралысөйлестім.Олжұмысістеуде:
консервілердің шаңын сүртеді, қайтадан орындарына қояды, бəрін тегін істейді. Бар абдырамай қосып оған.
- Бұл əділетсіздік!- дедім мен ышқынып. Сіз бірдеңе төлеуіңіз керек.
- Сен, оқығым келеді дедің ғой. Егер сен бұған оқығың келмесе, келешекте жаңағы менің кабылдау бөлмемде кезек күтіп отырған екі
əйел мен мосқал еркектей боласың. Олар ақша үшін жұмыс істейді, мен оларды жұмыстан босатпайды,- деп сенеді.
- Немесе өз əкеңдей боласың, көп ақша табасың, қарызға белшеңнен батасың, барлық проблемалар ақшам көп болғанда шешіледі, деп армандаумен боласың.
- Егерде, сен осыны қаласаң, онда алғашқы шартқа, сағатына 10 центтен төлеуге оралайық. Немесе, жұрттың көбі не істесе, солай істе. Аз төлейді, -деп арыздан, шағын, жұмыстан боса, жаңа жұмыс іздеуді баста.
- Онда, мен не істеуім керек?
Бай əке ақырын менің басымды нұқып, мынаны пайдалан деді ол. Егер, сен осыны пайдалануды үйренсең. Жақын уақытта менің сабағым үшін рахметіңді айтасың. Сен өсесің жəне бай адам боласың. Менің тағыда алцанғаны не сенерімді, не сенбесімді білмей, мықшиып тұрып қалдым. Мен жалақыны көбейтуді сұрағалы келгенімде, енді тегін жұмыс істеуім керек.
Бай əке менің басымды нұқып: осыны пайдалан, бар жұмысыңды істе,- деді.
Мен өзімнің кедей əкеме, енді маған түкте төленбейтінін
айтқаным жоқ. Ол оны түсінбеген де болар еді, өзім түсінбегенді оған түсіндіруге мен қмтылмадым.
Біз, Майк екеуіміз тағаша үш апта бойы, əр сенбі сайын 3
сағаттан ақысыз жұмыс істедік. Жұмыс жеңіл еді, мен оған үйреніп те қалып едім. Өкініштісі сол, бейсбол ойындарына қатынаса алмауым,
комикстерді енді сатып ала алмаушылығым болды.
Үшінші аптада, түске қарай бай əке дүкенге келді. Сыртта
машина моторынын сөндіріліп жатқан дыбысын естідік. Ол дүкенге кіріп, Мартин апаймен жылы амандасты. Жұмыстың мəн-жəйін сұрап болғаннан кейін, ол ақшасын төлеп, мұздатқыштан 2 балмұздақ алып,
Майк екеуімізді өзіне шақырды.
- Балалар жүріңдер бір азрақ серуендеп қайтайық. Біз көшеден
өтіп, жасыл алаңда бейсбол ойнап жатқан ересектердің қасына келдік. Жайғасыпотырғаннансоң,бізгебалмұздақтардыберіпжатып,
сұрағаны:
- Ия, халдерің қалай?
- Қалыпты,- деді Майк. Мен басымды изедім.
- Жаңа бір нəрсеге үйрендіңдер ме? Майк екеуіміз бір-бірімізге қарап, иықтарымызды қомдап, жоқ дегендей басымызды шайқадық.
- Өмірдің ең қатерлі дұзақтарына қалай килікпеуге болады?
- Енді, балалар, сендерге ойланатын уақыт келді .Сендердің алдарыңда, өмірдің ең бір маңызды сабағы тұр. Егерде, сендер осы сабақты игерсеңдер, онда бостандықта жəне тыныш өмір сүре аласыңдар.
- Игере алмасаңдар, онда Мартин апай жəне анау саябақта бейсбол ойнап жүргендердің көпшілігіндей боласыңдар. Олар
жұмысты көп істейді, ақшаны аз табады. Тұрақты жұмыс сағымына ілесіп, жыл сайын берілетін 3 апталық демалысын шыдамсыздықпен күтуде болады. Ақырында 45 жыл жұмыстан кейін, азғантай мөлшерлі зейнетақысы бар зейнетке шығады.
- Олар жақсы жəне еңбекқор адамдар.
- Сіз, не оларға күлесіз бе?- деп жауап беруін сұрадым. Бай əке күлді.
- Мартин апай маған, шеше тəрізді. Мен, ол кісіге қалай озбырлық жасай алам?
- Мүмкін, бұл ащы шығатын шығар, бірақ мен барлық күшіммен сендерге өз тəжірбиемді көрсетуге тырысудамын. Мен сендердің маңайда не болып жатқанын көріп білу үшін, ой-өрістеріңді кеңейткім келеді.Бұлжағдайлардыжəйшылықтажұрттыңкөбікөрмейді,
аңғармайды, білмейді себебі: олардың көру, білу қаблеттіліктері шектелген. Жұрттың көпшілігі құрылған дұзаққа қалай түсіп қалғандарын сезбейді де.
Майк екеуіміз, оның айтқандарын түсінуге тырысып, үнсіз
отырдық. Бұлар құлаққа жағымсыз еді, бірақ оның қайткенде де, біздің өмірлік мəні бар бірдеңені біліуімізді қалайтындығын көрдік.
- Бай əке күліп, былай деді:
- Ал, сендерге 25 цент сағатына төлеу, сендерше қалай, тартымды баға ма? Бұдан сендердің жүрек қағыстарың жиіленбей ме?
Мен, басымды шайқап, жоқ,- дедім, дегенмен шынымды айтпап едім. Сағатына 25 цент, мен үшін көп ақша болған болар еді.
- Жəрəйді, мен сендерге сағатына 1 доллардан төлеймін,- деп жалғастырды бай əке, сиқырлы күлкімен.
Енді менің жүрегім жиі соға бастады. Іштей:
"Келіс келіс деп өзіме-өзім айғайлаумен болдым.
Мен өз құлағыма сенбедім. Бірақ үнсіз тұрдым.
- Жəрəйді, 2 доллардан сағатына. Менің, тоғыз жастағы баланың миымен жүрегі жарылып кете жаздады. Қалайда бұл 1956 жыл еді,
сағатына 2 доллар жалақы, мені əлемдегі ең бай бала қылар еді.
Мұндай жалақы аламын деп, ешуақытта ойлаған емеспін.
Мен, ия дегім келді. Мен келіскім келді. Көз алдыма: жаңа
велосипед, жаңа бейсбол қолғабы жəне достарымның таң қалушылық бейнелері елестей бастады. Осыдан кейін, Джимми жəне оның достары, енді мені кедей, деп айта алмайды.
Дегенмен, қасарысқан адам тəрізді əлі үнсіз тұрдым.
Мүмкін менің миым қайнап кеткен шығар, сондықтан бірде-бір сөз айта алмадым. Алайда, тереңде жатқан пікірім, сағатына 2
долларға келісім беру еді. Балмұздақ еріп болып, қолымызға ағып, исіне құмырсқалар қаптай бастады.
Бай əке осы сəтте, көздері бақырайып, бастарында ешқандай ой
жоқ, өзінен көздерін алмай отырған екі балаға қарады. Ол бізді сынап отырғанын жəне оның ұсынысын қабылдауға, біз жартылай
даяр болып қалғанымызды білді.
Ол əрбір адамның жан дүниесінде əлсіздік пен сараңдықтың бар екенін, солар арқылы оны сатып алуға болатынын білетін еді. Адамда осы екі сезімнің қайсы басым, мəселе сонда. Ол өз өмірінде мыңдаған
адамдардысынапкөрді.Мұныолəрқашанжұмысқа қабылданушылармен
əңгімелескенде жүргізетін.
- Жəрəйді, 5 доллар сағатына.
Нақ осы сəтте, іштей бір өзгеріс болғандай, сабама түстім.
Бірдеңеөзгергенсияқты.Ұсынысорынсызөтежоғарыболды,
сондықтан ол дөрекі еді. Мендегі барлық аласапыран басылды. 1956 жылы үлкен адамдардың некен-саяғы ғана сағатына 5 доллардан жалақы алатын қызығушылық жоғалды, салқынқандылықпен асықпай басымды бұрып, Майкке қарадым. Ол маған қарады. Менің жан дүниемнің əлсіз сараң жақтары үнсіз қалды. Сатып алуға көнбейтін
түйсік белалды.Меніңбасымменжүрегімдетыныштықорнап, сенімділік пайда болды. Байқаймын, Майкте осындай құбылыс үстінде
еді.
- Жақсы,- деді бай əке ақырын.
- Көп адамдардың өз бағасы бар. Ол адам баласының ішкі жан дүниесінің қорқыныш жəне сараңдық, -деп аталатын сезімдердің нəтижесінде туады. Алдымен ақшасыз қалу қатері бізді табанды жұмыс істеуге мəжбүр етеді, ал еңбекақы алғанда, сараңдық немесе дүниеқоршылыққа, яғни ақшаға сатып алуға болатын, көптеген салтанатты мүліктер мен заттарға қол жеткізуге армандап итермелейді. Осыдан барып дəрменсіз жаман шеңбер пайда болады.
- Ол неғылған шеңбер? деп сұрадым мен.
- Олар азанда тұрады, жұмысқа барады, төлемдерін төлейді, тағы тұрады, тағы жұмысқа барады, төлемдерін төлейді.
Мұндай жағдайда, оларды екі сезім билейді: үрей жəне сараңдық. Оларға көп ақша ұстатып көріңізші, бəрібір өз шығындарын көбейте отырып, осы шеңбер айналымынан шықпайды. Мұны мен “егеуқұйрық жүгірісі” деймін.
- Ал, басқа жол бар ма? ,-деді Майк.
- Ия, бар-деді бай əке даусын созыңқырап.
- Ол қандай жол?- деп сұрады Майк қызыға.
- Оны менімен бірге жұмыс істей жəне оқи жүре, түсінесіңдер,- деп сенемін. Сондықтан, мен сендерге ақша төлеуді тоқтаттым.
- Онда, біз не істеуіміз керек, тым болмаса соны айт,- деді Майк.
- Білесің бе?- өзі ақысыз осыншама жұмыстан шаршадық.
- Жəрəйді, бірінші қадам- ол шындықты айту,- деді бай əке.
- Біз алдаған жоқпыз,- дедім мен.
-Сендер алдадыңдар,- деп менде айтып отырғаным жоқ. Мен
шындықты айту,-дедім.
- Не жөніндегі шындық?
- Ол сендердің не ойлап тұрғандарың жөнінде. Оны біреулерге айтудың қажеті жоқ. Тек қана өз-өздеріңе.
- Сонда Сіздің айтпағыңыз, мына парктегі адамдар, Сіздің қызметкерлеріңіз, Мартин апай олар оны жасамай ма? -дедім мен.
- Байқауымша, солай,- деді бай əке. Оның орнына олар ақша
болмай қалады, деп қорқады. Бұл үреймен күресудің орнына, ойланбай қимыл жасайды.
- Олар ақылмен емес, эмоциямен қимыл жасайды,- деді бай əке біздің басымызды нұқып.
- Содан кейін олардың қолдарына тағы 2 доллар тигенде, оларды қайтадан қуаныш пен арман билейді, қайтадан ойланбай əрекет етеді.
- Сонда оларды ақыл емес, сезім билейді екен ғой, -деді Майк.
- Дұрыс, -деп жауап берді бай əке.
- Өздері не сезіп тұрғандары туралы шындықты мойындаудың орнына, сол сезімдердің ықпалымен, ойланбай қимыл жасайды. Оларды үрей сезімі билейді, содан барып жұмыс істейді, əр уақытта Ақша болса, бұл сөзім жойылады, деп ойлайды, бірақ ойлағандарындай болмайды. Ақша жетпеушілігі үрейі, оларды тағыда қудалай бастайды, жұмыс істеу мұқтаждығы одан əрі арта түседі, көп ақша мəселені шешеді,- деп ойлайды, алайда өзгеріс жоқ, бəрі баяғы қаз-қалпында.
Осындай үрей оларды дұзаққа айдап енгізеді: олар жұмыс істейді, ақша табады жəне бұл үрей қашан жоғалады деп күтуде болады.
Жұмысқа бару үшін таңертең орындарынан тұрады, олармен
бірге баяғы үрей қоса оянады. Миллиондаған адамдар ақшаны ойлап түнімен ұйықтамайды алаңдаушылықпен төсегінде дөнбекшумен болады. Жандарын күйзелткен, жүйкелерін тоздырған осы үрейді жою үшін, ақша табуға жұмысқа барады.
Сөйтіп, олардың өмірін ақша билейді, дегенмен оны олар мойындағысы келмейді. Барлық сезімдерін ақша билейді, ал ол түгелімен жанын биледі деген соң, естігендерімізді қорыту үшін, бай əке біраз үнсіз қалды. Оның айтқандарын Майк екеуіміз түгел
тыңдадық, бірақ толық түсіне алмадық.
Үлкен кісілер жұмысқа неге соншалықты асығады екен,- деп, жиі таңданатындығымды енді есіме түсірдім. Меніңше, жұмыс оларға аса ұнамайтын, одан бақытты да сияқты көрінбейтін. Əйтеуір бір нəрсе оларды жұмысқа асықтыратын. Шамамыз келгенше бірдеңе ұққанымызды байқаған бай əке былай деді:
-Балалар, Мен сендердің осындай дұзақтарға түсіп қалмауларыңды қалаймын. Менің сендерді нақтылы үйретейін
дегенімнің өзі осы еді. Жəй ғана бай атану үшін емес, себебі: байлық құр өзі бұл проблемаларды толық шешпейді.
- Шешпейді?,- дедім мен таңданып.
-Жоқ, шешпейді. Мен сендерге əлі екінші сөзім ынтызарлық (бірдемені қажетсіну) туралы ештеңе айтқаным жоқ. Кейбіреулер мұны сараңдық дейді, бірақ маған «ынтызарлық» деген көп ұнайды.
Адам өзіне жақсы, əсем, қызғылықты бірдеңені қалаушылық өмірдегі қалыпты жағдай. Осы қалауларын қанағаттандыру мақсатында, адамдар
ақша үшін жұмыс істейді. Оларды ақшаға сатып алып, орындауға болады деп ойлайды. Алайда, мұндай құмарлықтары қысқа
мерзімді болып, қайтадан олардың орнына, одан да үлкен, жақсы тұрмыс құру, салтанатты үй болуы, жаңа машина жəне т.б.с.с. үлкен сұраныстар пайда болады. Сөйтіп, əрі қарай жұмыс істеулерін жалғастыра береді. Күндердің күнінде көп ақша олардың жанын күйзелтіп жүрген үрей мен мұқтаждықты жояды деп сенеді. Алайда,
ақша мұны істей алмайды.
- Сен бай адамдар жөнінде де айтып отырсың ба?,- деп сұрады Майк.
-Ия, байлар жөнінде де, -деп жауап берді бай əке! Дегенмен, көп бай адамдардың байуына ықпал еткен мұқтаждық емес, қорқыныш.
Олар ақша кедейліктен құтқарады, деп есептейді, сондықтан көп ақша жинайды, бірақ үрей одан сайын күшейе түседі. Енді байлықтарын жоғалтып аламыз ба, -деп қорқады. Былай да жеткілікті ақшалары бола тұра, жұмыс істеуді тоқтатпаған менің достарым бар. Мен
миллиондаған ақшалары бар адамдарды білем, олардың қазіргі үйлері, кедей кезіндегі үйлерінен əлдеқайда басым, содан үлкен зардап
шегуде.
- Олар жинаған ақшаларын жоғалтып аламыз ба, -деп, өлердей қорқады. Баюға ықпал еткен қорқыныш күшейе түседі. Адам жанының қорқыныш жəне сараң сезімдері берекелерін алады. Ақшамен келген зəулім үйлерін, қымбат машиналарын, байлықты тұрмыстарын жоғалтқылары келмейді. Егер де барлық ақшаларын құртып алса, жұрт не дейді, деп толқиды.
Сырт көрініске бай жəне алаңсыз өмір сүріп жатқан адамдардай көрінгенімен жүйкелері тозып, іштерінде ит өлгендей қалыпта болып,
ауруға шалдығады.
- Онда, кедей адамдар бақытты ма?,-деп сұрадым мен.
- Олай ойламаймын,-деді бай əке.
-Ақшадан алшақтық оң іс емес, сондай-ақ оған аса табынушылық та абырой бермейді. Осы кезде əдейі ұйымдастырғандай, біздің
жанымыздан қаланың бір мүсəпір шалы өтіп, қоқыс жиналған жерге барып, бірдеңелерді қопарыстыра бастады. Біз оның қимылын міз бақпай, танданып қарап отырдық, бұрын мұндайға мəн бермейтінбіз.
Бай əке əмиянынан 1 доллар ақша алып, ишаратпен шалды шақырды. Ол ақшаны көріп лезде жетіп келді, оны алып, көпке дейін рахметін айтып, төбесі көкке жеткендей болып шапшаң кетіп қалды.
- Бұл кісінің менің көптеген жұмыскерлерімнен айырмашылығы шамалы,- деді бай əке.
- Мені ақша қызықтырмайды, дегенді жиі айтатын адамдарды
көп кездестірдім. Дегенмен, сол ақша үшін, күніне 8 сағат ғұмыр бойы жұмыс істеуге даяр. Олар шындықты жасырады.
- Егерде оларға ақша қажет болмаса, онда неге жұмыс істейді? Мұндай пиғыл, ақшаны қапшықтап жинаушы адамның пиғылымымен салыстыруға келмейтін сорақылық еді. Бай əкенің сөзін тындай отырып, өз əкемнің: “Мені ақша қызықтырмайды”,- деп жиі айта беретін бейнесі көз алдыма елестеумен болды. Оның тағы бір жиі айтатыны: "Менің жұмыс істейтін себебім, өз жұмысымды қатты ұнатамын" дейтін.
- Енді біз не істеуіміз керек?,- дедім мен. Онда біз үрей жəне сараңдық сезімдерінен арылғанша, ақша үшін жұмыс істемеуіміз керек пе?
-Жоқ. Бұл уақытты босқа өткізгендік болар еді,- деп жауап берді бай əке.
-Эмоциялар адам баласының бойындағы ерекше қозғау салатын құбылыс. Сондықтан өз эмоцияларыңды сезініңдер, салыстырыңдар жəне пайдаланыңдар, барлық ақыл-ойларыңды өз бастарына зиян келтірмей, игіліктеріне бағыттаңдар.
- Охо!- деді Майк.
-Менің бар айтқандарым, сендерді əзір онша мазаландырмасын. Соңынан бұлар сендерге түсінікті болады.Өз эмоцияларыңды бақылаңдар, асығыс қимыл жасауға асықпандар. Жұрттың көпшілігі бір жағдайларда ақылға емес, эмоцияға жүгінеді. Эмоция эмоциялығымен, бірақ ойлануға үйрену керек.
- Сіз бұған мысал келтіре аласыз ба? -деп сұрадым мен.
- Əрине, Мысалы, адам: “Маған жұмыс тауып алу керек” дегенде оны эмоция билеп тұрады. Мұндай эмоция,онда ақша болмай қалушылық үрейін туғызады.
- Дегенмен, шындығында адамдарға ақша қажет емес пе, мысалы, уақытылы төлемдерін төлеуге?-дедім мен.
- Əринеқажет,-депкүлдібайəке.Меніңайтыпотырғаным, жайшылықта осындай сезімдердің оларға үрей туғызатындығы
туралы.
- Түсінбеймін,- деді Майк ренішпен.
-Мысалы,-депбастадыбайəке.Олардыақшажетпейдідеген, үрейшілік сезімі билегенде, оны жою үшін бас салып, құны 2-ақ
долларлық жұмыс іздегенше, өзіне мынандай жəй сұрақ қоюға бола ма: “Ал ұзақ мерзімді перспективалық тұрғыдан қарағанда жұмыс жақсы шешім болып табыла ма?
- Мен, жоқ, -деп есептеймін. Əсіресе адам өмірін бір тұтас алғанда, жұмыс ұзақ мерзімді проблемаларды шешудің, тек қана қысқа жолы.
Бірақ, менің əкем үнемі: “Мектепте оқы, жақсы бағалар ал, түбінде тұрақты жұмыс табасың”, деуші дедім мен міңгірлеп: қалыпты
жағдайдан шығып қалғандай сезініп.
- Ия, мен түсінемін, деп күлді бай əке. Мұндай кеңесті көп адамдардан естуге болады жəне ол көпшілігіне сəйкесте келеді. Дегенмен, мұндай кеңес, алдымен қорқыныш салдарынан беріледі.
- Онда менің əкем, мұндай кеңесті қорыққанынан айта ма?
- Ия,- деді бай əке. Ол, сен табыс таба алмай қаласың ба, сөйтіп қоғамның бір белсенді мүшесі бола алмайсың ба, деп өте қорқады. Мені дұрыс түсін. Ол сені өте жақсы көреді жəне саған дүниедегі барлық жақсылықты тілейді. Менің ойымша, оның қорқушылығы құптарлық жағдай. Білім мен жұмыс маңызды. Алайда, олар үрейді
жеңуге көмектесе алмайды. Түсінесің бе, оның саған мектепті бітіруді нығыздап айта беруге мəжбүр ететін, өзін таңертең ерте жұмысқа куатын баяғы үрей сезімі.
- Ал, Сіз не кеңес бересіз?
- Мен, сендерді ақша күшін қалай меңгеру керек, соған үйреткім келеді. Бұл дүлей күштен қалай қорықпауға болады сол туралы. Мектепте бұған оқытпайды. Егерде сендер бұған үйренбесеңдер, онда ақшаның құлы боласыңдар.
Енді менің басымда бірдеңе айқындала бастаған сияқты. Оның шындығында, біз ақша проблемаларын кеңірек жəне толығырақ түсініуімізді қалайтыны көрініп тұрды.
Ол, Мартин апай, өз жұмыскерлерінің көпшілігінің, сонымен катар менің əкемнің де нені көрмейтіндіктерін, неменеге мəн бермейтіндіктерін көрсеткісі келді. Ол бізге өте қатал амалдарды
пайдаланды бірақ мен оларды өмір бойы ұмытқаным жоқ. Сол күні менің білім деңгейім біраз өсті, шындығында көптеген адамдардың алдарында қаншама жасырын дұзақтардың бар екенін түсіндім.
- Дегенмен, біздер қайткенде де біреуге қызмет етеміз. Мұны біз əртүрлі деңгейлерде жасаймыз, деп сөзін жалғастырды бай əке.
- Балалар,мен сендерге баяғы сол үрей жəне ниет сөзімдерінен туындайтын дұзақтардың шырмауына қалай түспей өтуге болатын мүмкіншілікті көрсету, менің парызым, деп есептеймін. Бұл сезімдерді өздеріңе зиян емес, пайда əкелетіндей ғылып жүгіндіру керек. Міне,
сендерді осыған оқытқым келеді.
- Менің айтайын дегенім: ақшаны қайткенде қапшықтап табу жөнінде емес. Ол бəрібір сендерді, үрей мен мұқтаждықтан құтқармайды. Егерде сендер ең алдымен осы түйсіктерді ауыздықтай алмасаңдар, бай болсаңдар да, онда тек қана жоғары төлемді құл боласыңдар.
- Онда бұл тұзақтан қалай құтылуға болады? -дедім мен.
Кедейлік пен қаржылық қиындықтардың негізгі себебтері: ол
үрей жəне надандық. Əрине, мұндай сезім экономикада, мемлекетте жəне байларда жоқ. Адамдар бұл дұзаққа үрей мен надандықтың сандарынан түседі, оның басты себебі өздері.
Сондықтан, Балалар əзірше мектептегі оқуларыңды жалғастырыңдар жəне колледжде оқыңдар.
Ал, мен сендерді, Роберт менен нені сұрады, соған оқытам.
Біртіндеп бұл бас қатырушылық ойлар бір салаға жиналып, біртұтас ұғымға айнала бастады. Менің əкем қызмет бабында үлкен лауазымға ие болды. Бірақ, мектепте оны ақшаны қалай қолдану керек жəне өз үрейіңмен қалай күресу керектігі туралы ешкімде оқытқан жоқ.
Енді мен екі əкеден біріне-бірі қарама-қарсылықты бірақ өте Маңызды мəселелерді білетіндігім айқын түсінікті болды.
- Сонда сен, адамда ақша болмай қалған жағдайда туындайтын үрей туралы айттың ба? Ал, ақшаның қажеттілігі біздің сана- сезімімізге қалай əсер етеді?-деп сұрады Майк.
- Мен сендерге жоғары баға ұсынғанымда, калай сезіндіңдер? Тілеулеріңнің бірден қалай өскенін сездіңдер ғой? Біз басымызды изедік.
- Сендер қызу қандылыққа баспадындар, ұстамдылық жасап жəне ойландыңдар. Бұл өте орынды. Біздің барлығымызда да, үрей мен сараңдық сезімдері бар. Бұл табиғи құбылыс. Осы сəттен бастап,
осындай түйсіктерді өз игіліктеріне, ғұмыр бойы бейімдеуді игеру, аса маңызды шарт. Өз сезімдеріне, өздерін тəуелді болмай, оларды ақыл оймен басқаруға үйрену қажет. Жұрттың көпшілігі үрей мен сараңдық, өздеріне қарсы жұмыс істейтіндігін анғармайды осыдан барып надандық туады. Олардың көпшілігі үрей мен ішкі тілеушіліктің екпінді ықпалының салдарынан жалақыны, қосымша төлемақы жəне жеңілдіктерді ғұмыр бойы қуумен болады, ал мұндай пиғылдар қайда апарып соғатынын өздерінен сұрамайды.
Мұны, Мынандай мысалмен салыстыруға болады.
Есек өз салмағынан бірнеше есе ауыр жүкті күнде сүйретеді, себебі: оның иесі онын тұмсығының алдынан таяқ үстінен ылғида
қызыл сəбізді көрсетумен болады. Есек иесі қайда бара жатқанын өзі біледі, ал есек сағымды қуушылықпен болады! Есекте ертең жаңа қызыл сəбіз тағы пайда болады.
- Сонда маған айтпағың, сол сəтте мен көз алдыма жаңа бейсбол қолғабын, кəмпиттерді, ойыншықтарды елестетіп отырғаным да, бұлар маған, есекке көрсеткен сəбіз сияқты болды ма? -деп сұрады Майк.
- Ия. Ал, сен өскенде, сенің ойыншықтарың одан да қымбат
болады. Жолдастарыңның алдында мақтану үшін, саған жаңа машина, яхта, үлкен үй қажет болады, -деп күлді əкесі.
Үрей адамды есік сыртына шығарады, ал қажеттілік өз талаптарына үңілуді мəжбүр етеді. Содан барып оны тасқа соғады.
Міне, қайда дұзақ.
- Онда не істеуіміз керек?- деді Майк.
- Үрей мен қажеттілік надандықпен арта түседі. Міне сондықтан, ақшасы көп бай адамдар байыған сайын, үлкен үрейдің құлы болады.
Ақша- ол “сəбіз”, сағым. Егер, есек барлық жағдайларды сезіп, біліп отырса, ол ойласар еді де, сəбіздің соңынан жүгірмеген болар еді.
Адам өмірі күрестен тұрады, деп қайта түсіндіре бастады бай əке. Бұл надандықтың біліммен күресі. Біз күн сайын, əр минут сайын шешім қабылдаймыз өмірде болып жатқан жаңа құбылыстарды, ой елегінен өткізіп, көңіл аударамыз ба, əлде мəн бермей соқыр сезімнің ықпалында қаламыз ба? Əңгіме сонда. Адам өзіне терең үңіліп жəне жаңа ақпараттарды іздеушілікті тоқтатқан сəттен бастап, надан бола бастайды.
- Сендер, мынаны түсінуге тиіссіңдер. Мектепте оқу- аса
маңызды іс. Сендер мектепке жақсы мамандық алу үшін жəне түбінде қоғамның саналы жəне сауатты азаматы болу үшін барасыңдар. Əрбір қоғамдықөмірге:мұғалімдер,дəрігерлер,механиктер,суретшілер,
аспазшылар, бизнесмендер, полицейлер, өрт сөндірушілер, солдаттар жəне т.б. керек. Біздің мəдениетіміз өркендеп гүлденуі үшін мектептер сендерді негізінен осыларға дайындайды Өкінішке орай, көптеген адамдар үшін, бұл бастау емес құлдырау болып шығады. Біраз уақытқа дейін үнсіздік орнады. Бай əке күлді. Сол күні оның барлық айтқандарын түсіндім. Өмірде бізді көп жылдар бойы оқытқан нағыз ұстаздардың айтқан сөздері, өздері дүниеден өтіп кетседе, ешуақытта маңызы жоғалмайтындай, бай əкенің айтқан сөздері мен үшін осы уақытқа шейін аса маңызды.
- Мен сендерге бүгін қатал мəселелерді айттым, деді бай əке.
- Оған себебтер де баршылық Бұл əңгімені сендер ғұмыр бойы естеріңде сақтаңдар. Мартин апайды ұмытпаңдар. Сол сияқты есекті де.
- Осыларды естеріңде ұстаңдар, себебі: егерде сендердің саналарыңды үрей мен сараңдық билеп кетсе, олар дұзаққа түсіруі
ықтимал. Қаталдық менің айтқандығымда емес. Ғұмыр бойы,өз өмірін үрейде өткізіп, бірде-бір арманын орындай алмаушылық-барып тұрған қаталдық осы. Өмір бойы ақша табу үшін маңдай терді сыпырып, еңбек
етіп, тапқантабысынакеректідүниенісатыпалып,сөйтіп,бақытты боламын деушілік, нақ осы қауіпті. Түн ортасында суық
терден селт етіп оянып: “О, Құдай төлемдерімді, төлей алмай қалсам, не болам!” -деп ойлаушылық міне, өмір азабы.
Жалақының мөлшерімен бағаланатын өмір- ол өмір емес.
Жұмысты қауіпсіздік кілті, деп ойлайтындар, өз-өздерін алдайды. Бұл өте қорқынышты, сондықтан мен сендерді осындай дұзаққа түсіп қалмауларыңды қалаймын. Ақша адам өмірін қалай билейтінін, мен талай рет көрдім. Бұған өздеріңді жібермеңдер. Сендерден сұрайтыным: өз өмірлеріңді ақшаға билетпеңдер. Біз отырған столдың астына доп келіп түсті. Бай əке оны қолына алып, ойыншыларға қарай лақтырды.
-Ал, надандықтың, сараңдық жəне үреймен қандай байланысы бар?
-Үрей мен сараңдықтың пайда болуы, ол адамдардың ақша
туралы дəнеңе де білмеушілігінен туындайтын қүбылыс. -деп жауап берді бай əке.
Мысалы, дəрігерді алайық. Оған отбасын қамтамасыз ету үшін, көп ақша керек, сондықтан ол өзі көрсететін қызметінің бағасын
көтереді. Осыдан кейін дəрігерлік көмек барлықтары үшін қымбат болады.
Бұл ең алдымен кедей адамдарға соққы болып тиеді. Одан кейін заңгерлер бағаны көтереді енді мұғалімдер де жалақының көтерілуін қолдайды.Сөйтіп бізден көп салықтар алынады жəне т.с.с.
Ақырында, тез арада кедейлер мен байлардың арасында үлкен алшақтық пайда болады да, аяғы былыққа, қақтығыстарға əкеліп соқтырып, өркениетілікттің түбіне жетеді.
Міне, осындайлардың салдарынан, өмірде талай өркениеттілік (цивилизация) күйреген болатын.
Америкада осы жолға түсіп, тарихтың қайталанатындығын дəлелдеуде, себебі: біз тарихтан ешқандай қортынды шығармаймыз. Біз тек қана даталар мен адам есімдерін жадымызда сақтап, нақтылы материалды игермейміз.
-Ал бағалар көтерілмеуге тиісті ме?- дедім мен.
-Жоқ, егерде ақылды үкіметімен өркениетті қоғам болса, бағалар керек болса төмендеуге тиісті. Əрине, бұл жалпы теория
ретінде болады. Бағалардың қашанда көтерілуін үрей мен сараңдықтың салдарынан шығын нандандықтың керсеткіші болады.
Егерде мектептерде, ақшаның не екенін түсіндірсек мемлекетте ақша көп болып, баға төмен болар еді, бірақ мектептер ақша үшін жұмыс істеуге оқытады, керісінше ақшаның күшін пайдалану үшін емес.
-Ал, бизнес колледждері ше? -деп таңданды Майк. Сонда сен, менің бизнес колледжді аяқтап, диплом алуымды, құптамайсың ба?
-Рас, бизнес-колледждер бар,-деді бай əке.
Бірақ, олар əрдайым ақша санау машинкасынан айырмашылығы шамалы мамандарды ғана дайындаумен болады. Мұндай маманның компания басқаруынан. Құдай сақтасын!
Олар тек қана, цифрларды бағаналық тəртіппен жазып, қызметкерлерді жұмыстан босатып, компанияны банкроттыққа
ұшыратуды біледі.
Мен, мұны жақсы білемін, себебі: менде мұндай мамандарда
жұмыс істейді. Олар шығындарды азайтып, бағаны көтеруден басқаны білмейді.
Ал, бұл керісінше жаңа проблемаларды тудырады. Ақшаның
есебін жүргізу өте маңызды іс, мұны білетіндер аса көп емес, бəрі-бір ол жағдайды толық суреттей алмайды.
-Ал осыдан шығар амал бар ма?-деп сұрады Майк. Бар, деді бай əке.
-Өз сезімдеріңді ойлану үшін, пайдалануға үйреніңдер. Керісінше асығыс сезімдер негізінде ойлану үшін емес, деді. Сендер бірінші ретте, өз сезімдеріңді билей отырып, құны тегінге жуық жұмыс істеуге келісімдеріңді бергенде, мен сендердің дəрменсіз емес екендіктерінді байқағанмын.Ал,менсендергекөпақшаұсынғанымдада,
қызуқанлылыққа ұрынған жоқсыңдар, сезімге берілмей тағыда ойландыңдар.
-Бұл бірінші қадам.
-Ал, бұл қадам неге сонша маңызды?-дедім мен.
-Мұны, өздерің білуге тура келеді. Егерде оқығыларың келсе, сендерді топ шеңгелге апарам.
-Ол жерден барлығы да қашқақтап жүреді. Сендер жұрт жуымайтын жерге барасыңдар.
-Егер сендер менімен болсаңдар, ақша үшін жұмыс істеу пыйғылынан айырыласыңдар, сөйтіп ақшаның өздерің үшін, жұмыс істетуге үйренесіңдер.
-Ал, бізге не болады, егер біз Сізбен болсақ? Сізден оқуға
келіссек? Біз не аламыз?-деп сұрадым мен. Қоянның не алғанын, аласыңдар-деді бай əке.
-Ол қарамай қуыршақтан бас тарттық.
-Ал, өмірдің топ шеңгелі барма?-дедім мен.
-Ия, - деді бай əке.
-Топ шеңгел-ол біздің қорқынышымыз жəне сараңдығымыз.
Шығу жолы-өзіңнің үрейіңді талдап, білу. Сөйтіп өзіңнің
əлсіздігіңмен күресуге үйрене білу. Мұндай шығу жолы ақылмен, терең ой-пікірді таңдаумен, салыстырумен табылады.
-Ойды таңдаумен бе?- деп сұрады Майк салмақтылықпен.
-Ия. Ойды таңдау арқылы, бас салып сезімге ұрынбай.
Төлемдерді уақытында төлей алмай қалам-ау деген үрей, сені бозала Таңнан тұрғызып, ақша үшін жүмыс істеуге қуалайды.
Ал, ойланушылық өзіңе, бір мəселелер бойынша жан-жақты салыстырып, зерттеп бір шешімге келуіне мүмкіндік береді. Мысалы,
мына мəселе бойынша: «Проблемаларды шешуде-жұмыс ең жақсы түрі бола ала ма?» Жұрттың көпшілігі, оларды үрей билейтіндігі жөніндегі шыңдықты мойындамайды, сондықтан терең ойлау
қабілеттілігінен айырылады да, үрейлікпен жүмысқа жүгіреді. Солай, қарамай қуыршақтың тұтқынында болады. Өз ойларыңды таңдап
алуларың керек дегенімде, осыны ескерген едім.
-Оны қалай істеуге болады? -деді Майк.
-Міне, бұған мен сендерді үйретем. Мен, сендерге, таңертең ерте асығыс кофе ішіп, жұмысқа жүгірушілік асығыс сезіміне ұрынбай, көп ойлардың ішінен қайсысын қалап алуды, таңдауды үйретем.
Естерінде болсын, қайталап айтам: жұмыс ұзақ мерзімді проблемаларды шешудегі барып тұрған ең қысқа жол. Жұрттың көпшілігінің басында бір-ақ проблема, оның өзі қысқа мерзімді. Ол айдың аяғында, төлемдерді төлеу-бұл олардың қарамай қуыршағы. Олардың өмірін ақша билейді. Немесе дəлірек айтсақ, үрей жəне ақшаның мəнін түсінбеушілік. Олар өздерінің ата-аналарының істегендерін қайталап: күнде тұрып, ақша үшін жұмысқа кетеді.
Өздеріне мынандай: «Басқа тəсіл бар ма?» - деген сұрақ қоюға уақыттары жоқ. Олардың ойларын эмоциялар билеген, ақын емес.
-Ал эмоциялар ықпалымен пайда болған ойларды, ақылмен пішкен ойлардан қалай айыруға болады? - деп қызықтады Майк.
-Өте оңай. Кейбір адамдар мұндай ойларды жиі қайталайды, - деді бай əке.
-Мысалы: «Heci 6ap, біз бəрімізде жұмыс істеуіміз керек» немесе
«Барлық байларды соттау керек» жəне «Мен басқа жұмысқа кетемін»,
«Менің жалақымнын өсірілуінеқақым бар, маған бұлай қарауға
ешікімді де тырп еткізбеймін» немесе «Маған бұл жұмыс ұнайды, себебі ол тұрақты» деген сияқтылар, ал керісінше «Мен мүмкін
бірдеңені түсінбейтін шығармын?» - дегенді, олар айтпайды.
Нақ осы сұрақ, эмоцияларға біздің ойымызды билеп кетуге
тосқауыл болады жəне байыпты, əрі жан-жақты ойлауға уақыт береді.
Мойындауымыз керек, сол күні бізге маңызды сабақ берілді. Бұл, адамдардың сөйлеуі немесе іс-қимылы эмоциялардың ықпалымен бе, əлде ой елегінің ықпалымен болып тұр ма?-соны қалай ажыратып білу
сабағы еді. Осы сабақ маған өмір бойы пайдасын тигізді, əсіресе өзімді ақыл емес, эмоциялар билеп тұрғандарын сезінгенімде.
Біз қайтадан дүкенге кеттік. Жолшыбай бай əке. Байлардың шындығында «ақша жасайтындығын» түсіндірді. Олар ақша үшін жүмыс істемейді. Біз, Майк екеуіміз, жезден бес центтік ақша жасағанымызда, біздің ойымыз, байлардың ойына өте жақын еді. Мұның проблемасы-тек қана заң жүзінде рұқсат етілмеуі еді. Оны банктер мен мемлекет қана жасай алады, бірақ біз емес. Ол ақша жасаудың заңды да, заңсыз да жолдары бар екенін түсіндірді.
Содан кейін айтқаны: байлар ақшаның-қиял, сағым екенін біледі. Яғни есекке көрсеткен сəбіз секілді теңеу-деді.
Миллиондаған адамдар ақшаны ақиқат, деп есептейді жəне олардың үрейлері мен сараңдықтары осы қиялды қандайды. Шындығында, ақша-бұл жалған. Ол ойын картасынан жасалған үй тəрізді оның құламай түрған себебі: оған көпшілік сенеді.
-Ал шындығында, деді ол «сəбіз» құны, ақшадан жоғары. Ол Американың алтын стандарты туралы жəне əрбір долларлық банкнот- күміс сертификаты екенін айтты. Бір көздерде, біздің алтын стандарты құнсызданып жəне доллар сертификаты болуын тоқтатады,-деген
есек-аяң оны қатты мазалайтын.
-Егерде, балалар, бұл бір кезде болатын болса, нағыз ақырзаман сонда басталады-деді.
Əсіресе, кедейлер, орта класс өкілдері жəне хабары жоқтар
мұның құрмалдықтары болады себебі: олар ақшаның ақиқаттылығына сенушілікті жалғастыра береді жəне үкімет пен компаниялар, өздеріне қамқорлық жасайды, -деп сенеді.
Сол кезде, оның айтқандарын толық түсіне алмадық бірақ жылдар өткен сайын, оның айтқан сөздері біз үшін, үлкен терең ақиқатқа айналған еді.
Біреулердің нені көрмегендерін, қалай көруге болады?
Дүкеннің жанында тұрған пикап машинасына отырып жатып айтқаны:
-Балалар, жұмыстарыңды жалғастырыңдар. Жалақы туралы қаншалықты тез ұмытсаңдар, өскендеріңде соншалықты өмір сүрулеріңе жеңіл болады.
Өз ойларыңды пайдаланындар, тегін жұмыс істеңдер, сонда осының ықпалымен, ақыл-ой тезарада, ақшаны қалай табуға болатындығы жөнінде өз бағытын береді. Сөйтіп, жұрттың
көпшілігіне белгісіз жағдайларды, қолдары жетпейтіндерді көріп, айыра аласыңдар. Мүмкіндіктер олардың мұрындарының астында
тұрады. Көпшілігі оны байқамайды, себебі: олар жақсы жалақысы бар тұрақты орынды іздейді жəне сонымен шектеледі. Бір ғана мүмкіншілікті көру жеткілікті, əрі қарай басқаларын көруді де үйренесіңдер. Сендер мұны істегенде, мен тағыда бірдеңеге үйретем.
Осы сабақты игеріңдер, сонда сендер өмірдегі ең үлкен
тұзақтарға түспейсіңдер. Сендер еш уақытта «қарамай қуыршаққа» жуымайсыңдар.
Біз, Майк екеуіміз дүкендегі заттарымызды алып Мартин апаймен қоштасып, шығып кеттік. Содан паркке оралып, отырған
жерімізге келіп, бірер сағат естігенімізді əңгіме қылып, талқыладық. Келесі аптада мектепке бардық, бұрынғыдай ой тұңғиығында болумен болдық. Тағы екі аптадай айтыстартыстан кейін, тегін жұмыс істуге кірістік.
Екінші сенбінің аяғында Мартин апаймен тағы қоштасып, сөредегі комикстерге мұңая қарадым. Отыз центтің өзін алмаушылық
барып тұрған зəбірлік еді, енді комикстерді де сатып алуға ақшам
болмайды-ау, деп мұңайдым. Сол сəтте, Мартин апай бізбен қоштасып жатқанда, мен бірдеңені байқап қалдым. Ол кісі мен бұрын байқамаған бір шаруаны істеп жатыр екен. Расында, мұны бұрын көргенмін, бірақ оған мəн бермегенмін.
Мартин апай, комикс кітаптарының сыртқы тыстарын ортасынан қақ бөліп, жоғарғы бет жағын өзіне қалдырып. Қалғандарын картон жəшікке лақтырып тастап жатыр екен.
Мен, ол кісіден,бұлармен не істейсіз?-дегенімде, шығарып тастаймын,-деді. Тыстың сыртқы бетін, комикс кітаптарын сатушыға беремін, ол жаңаларын əкеледі. Сатушы бір сағаттан соң келеді.
Майк екеуіміз оны шыдамдылықпен бір сағат күттік. Кешікпей
ол да келді. Ол кісіден, мына кітаптардың қалғанын алуға бола ма?- деп сұрадым.
-Болады, - деді ол, егерде сендер осы дүкенде жұмыс істесеңдер жəне оларды қайта сатпасаңдар.
Біздің серіктестігіміз қайта жанданды.Майктің шешесінің пайдаланбай жүрген, үй астындағы бөлігінен орын табылды. Біз оны əртүрлі қоқыстардан тазартып, жүздеген комикс кітаптарының қалған бөліктерін жинап тасумен болдық.
Сөйтіп, жуыр арада біздің көпшілік үшін, комикс кітапханамыз ашылды. Біз кітапхананың бас кітапханашысы ретінде, оқу үздігі Майктің қарындасын жалдап алдық. Ол əр баладан, кітапханаға кіргені үшін, 10 центтен ақша алды. Кітапхана күнде, сабақтан кейін 14:30 дан 16:30 дейін ашық болатын. Келушілер көршілердің балалары, 2 сағат бойынша үлгергендерінше комикстерді оқитын. Бұл оларға пайдалы еді, себебі: бір комикс кітабы 10 цент тұратын, ал екі
сағаттың ішінде 5-6 кітап оқып шығуға болады. Майктің қарындасы, кітаптарды біреулердің алып кетпеушілігін бақылап отыратын. Оның
сыртында келушілердің тіркеу кітабын жүргізетін жəне күнде кімдердің келетін есебін жүргізетін, пікірлерін жазатын. Үш айдың ішінде, біз Майк екеуіміз, аптасына орта есеппен тоғыз доллар 50 цент
ақшатаптық.Біз,оныңқарындасына1долларданақшатөлеп, кітаптарды тегін оқуға рұқсат ететінбіз. Дегенмен, ол кітаптарды
сирек оқитын, көбіне сабақтарын дайындап отыратын.
Біз, Майк екеуіміз, шарт бойынша сəрсенбі сайын бұрынғыдай дүкенде жұмыс істедік. Біз комикстер сатушысына берген уəдемізді орындадық, оның кітаптарын қайта сатқанымыз жоқ. Кітаптар əбден тозығы жетіп жыртылғанда, пайдалануға келмегенде, өртеп жіберетінбіз.
Біз кітапханамыздың филиалдарын ашуға тырысып көрдік, бірақ Майктің қарындасындай, сенімді кітапханашыны таба алмадық. Міне,
осылай біз, кадр проблемаларының не екенін ерте түсіндік. Үш айдан соң, кітапханада төбелес басталды. Оның ішіне көршілес көшелерде
тұратын, бұзақы балалар кіріп кеткен болатын. Майктің əкесі істі жабу керек, -деп ұсыныс берді.
Сөйтіп, іс жабылды, бізде сенбі сайын дүкенде жұмыс істеуімізді тоқтаттық. Оның сыртында, бай əке, былайда бізді тағы басқа жаңа нəрсеге үйретуді ойлаған еді.
Біздің, оның бірінші сабағын жақсы игергенімізге өте қуанышты еді. Біз ақшаны, өзіңе қалай жұмыс істетуді көріп, үйрендік.
Дүкендегі жұмысымыз үшін, көк тиында алмай; өзіміздің ойсанамызға жүгініп, ақша табудың қандай, мүмкіншіліктері бар екенін көрдік.
Өзіміздің бизнесімізді бастап, комикс кітапханасын қүрып біз қандайда болмасын жұмыс берушіге тəуелді болмай, өз қаржымыздың қожайыны болдық.
Мұның ең жақсысы, мынада еді: біз кітапхананың өз ішінде жүмыс істемесек те, біздің бизнесіміз табыс əкелді.
Біз үшін, біздің ақшамыз жұмыс істеді. Бай əке бізге жалақы төлеген жоқ. Ол бізге бұдан да көпті берді.
1990 жылы, менің ең жақсы досым Майк, əкесінің империясын, өз қолына алды, оны ол əкесінен де артық басқара бастады. Біз екі-үш
жылда бір рет, гольф ойыны алаңында кездесіп тұрамыз. Олардың, əйелімен екеуінің байлығын, Сіз көз алдыңызға елестете де алмайсыз.
Бай əкенің қаржы империясы, сенімді қолға тиді, енді Майк өз
баласын мұрагерлікке дайындап, бізді кезінде əкесі қалай тəрбиелесе, ұлын солай тəрбиелеуде.
1994 жылы, мен 47 жасымда жұмыс істетуді тоқтаттым. Менің əйелім Ким 37-де. Біз жұмысты мүлдем тастап кеткен емес едік.
Күтпеген бір өрескел жағдай болмаса, біздің жұмысты істегенімізден, не болмаса істемегенімізден жағдай өзгермеген болар еді, өйткені
біздің байлығымыз, қандай да жағдай болмасын, инфляцияны қосып есептегеннің өзінде, автоматты түрде көбейіп отырған еді.
Шамасы, бостандық деген, осы болар.
Капитал жүргізуіміздің үлкендігі соншалықты, сырттан ешкімнің көмегінсіз, табыс əкелетін. Бұл өз қолыңмен отырғызған ағаш тəрізді. Сіз жылдар бойы, оған су құюмен боласыз, бірақ бір кезде ол Сіздің көмегіңізді қажетсінбейді. Себебі: оның тамырлары айтарлықтай тереңге кетіп, енді ол үлкен көлеңке түсіріп, Сізді қуанышқа бөлейді.
Майк өз империясын басқаруды қалады, ал мен демалысқа кеттім.
Мен адамдармен сөйлесіп, пікірлескенімде, олар менен көбіне- көп, мынандай сұрақтарға жауап беруімді өтінетін: «Қалай бастауға болады?»
«Қандай Кітапты оқып шықкан дұрыс?».
«Өз балаларымызды қалай тəрбиелеуге болады?», «Табыс кілті неде?» немесе «Миллионды қалай табуға болады?»
Осылар жөнінде кеңес берулерін сұрайтын. Мұндай жағдайларда, мен бір уақытта оқыған мақаланы есіме түсірем.
Ең бай бизнесмендер
1923 жылы Чикагоның «Эджуотер Бич»қонақ үйінде еліміздің саясаткерлері мен бай бизнесмендерінің кездесуі өтті. Олардың ішінде болғандар, мыналар:
Чарльз Шваб, ең ірі, тəуелсіз болат құю компаниясының
басшысы, Сэмюэль Инсула, əлемдегі муниципиалды кəсіп орынның Президенті, Говард Хопсон, ірі газ компаниясының басшысы, Айвер Крюгер, «Интернационал Матш Со» сол кездегі, əлемдегі ең ірі компаниялардың бірінің Президенті, Леон Фрейзер халықаралық сеттельменттер банкісінің Президенті. Ричард Уитни, НьюИорк биржасының Президенті, Артур Коттон жəне Джесс Лайвермор, екі белгілі биржевиктер жəне Альберт Фолл Президент əкімшілігінен.
Жиырма бес жылдан кейін, осы кездесуге қатынасқан 9 адамды (жоғарыда атап етілген) мына жағдайлар күтіп тұрды:
Шваб-бес жыл бойы қарыз алумен өмір сүріп, соңында көк тиынсыз қалып, өледі. Инсула шет жерде банкрот болып енеді.
Крюгер жəне Коттон банкроттықтан өледі. Хопсон жынданып кетеді. Уитни жəне Альберт Фолл түрмеге түседі. Фрейзер мен Ливермор өздерін-өздері өлтіреді.
Шындығында, бұл адамдармен не болғанын нақтылы айта
алатын, сірə біреу бар ма? .. оны мен білмеймін. Егерде, Сіз бұлардың кездесу датасына көңіл аударсаңыз, бұл 1923 жыл еді, яғни I929 жылғы жəне Ұлы депрессияның қарсаны болатын, мүмкін осы жағдайлар, олардың тағдырларына əсер еткен болар.
Сондағы менің айтпағым: біздің уақытымыздағы өзгерістер, ол кезеңнен гөрі, əрі шапшаң, əрі радикалды түрде болады.
Алдағы 25 жыл ішінде, бізді күтіп тұрған, оқыс көтерілулер мен құлдыраулар, сол бизнесмендердің бастарынан кешкендіктерінен кемде-кем болмайтындығы түсінікті.
Міне, сондықтан мені қатты алаңдататын бір жəйт, ол жұрттың көпшілігінің зейіні тек қана ақшаға ауған, ал өздерінің ең басты байлығы білімдеріне көңіл аудармаушылықтары.
Егерде Сіз жаңа идеяларға ашық сөзімтал болсаңыз, онда
болатын өзгерістер сізді бай қылады. Ал барлық проблемаларды тек қана ақша шешеді, деп ойласаңыз, онда сізге оңай болмайды.
Қаржылық қараңғылығы, ақшаның тез жоғалуына əкеліп соқтырады.
Жұрттың көпшілігі, өмірде қанша ақша тапқандықтан емес, оның қаншасы есінде сақталғаннын маңызды екенін аңғармайды.
Мысалы, лотореядан үлкен ұлысқа шыққан бақыттылар туралы, біз жиі естиміз. Алдында олар кедей еді, бір сəтте бай болады, артынан қайта кедей болады. Олар миллион ақшаны қолдарына
алғанымен, жуық арада қайтадан өздерінің, тез қалыптарына түседі. Не болмаса кəсіби спортшыларды естеріңізге түсіріңіздерші, олар 24 жасында жылына миллиондаған доллар табыс тауып, 34 жасында жоқшылықтың салдарынан, кепір астында түнейді.
Бүгінгі газетте осыдан бір жыл бұрын миллионер болған жас баскетболшы туралы əңгіме оқыдым. Өзінің айтуы бойынша: оның жолдастары, заңгері мен бухгалтері барлық ақшаларын алып қойғандықтан, машина жуу орнына. бірнеше тиын көлеміндегі жалақы үшін, жұмысқа тұрады. Ол 29-ақ жаста.
Алайда, саусағындағы чемпиондық сақинаны алып тастауға көнбегені үшін, оны машина жуу жұмысынан да шығарып жібереді. Оның көрген зəбірі осылай газет бетінде пайда болады. Қазір ол өз құқығы жөнінде соттасуда. Оның айтуынша: қолындағы сақинасы- ең соңғы заты. Егер одан айырса. онда мен өлемін, дейді ол.
1997 жылдын казіргі кезеңінде, бір сəтте миллионер болған көп адамдар маған белгілі. Мен, əрине адамдардың бай болғанына қуанам,
бірақ ескертетінім мынау: ұзақ мерзімді кезеңде сізде қанша ақшаның барлығы маңызды емес, оның маңыздылығы: сол ақшаны өзіңіз жəне қанша ұрпағыңыз үшін жеткізе аласыз, əңгіме осында. Сондықтан,
«Неден бастауға болады?» немесе «Қалай тез байуға болады?» деген сұрақтарға менің берген жауаптарым, жұрттың көпшілігін қанағаттандырмай, таңқалдыратын.
Мен, оларға негізінде бай əкеден естігендерімді ғана айтатынбын: «Егерде бай болғың келсе, қаржы туралы сауатты
болуың керек». Бұл пікір, бай əке тарапынан, маған жатқан сайын, басыма шұқығандай қылып, əрдайым айтылатын.
Жоғарыда атап еткенімдей, менің оқымысты əкем, əрқашанда
кітап оқу керек, деп айтатын, ал бай əке қаржылық сауаттылық қажет,- дейтін.
Егер Сіз зəулім үй (небоскреб) салғыңыз келсе, алдымен терең шұңқыр қазып, содан кейін мықты фундамент құюңыз керек. Егерде қала маңында үй салғыңыз келсе, оған 15 сантиметрлік бетон жеткілікті. Ал, «шапшаң» бай болғысы келгендер бірден «Эмпайр стейтбилдинг» зəулім (небоскреб) үйін 15 сантиметрлік фундаментке отырғыза сальш, тік тұрғызғылары келеді.
Ақырында көп ұзамай «пизан мұнарасы» тəрізді қисайған зəулім
үйді көреді.
Ауыл шаруашылығы үстем болып тұрған дəуірде құрылған біздің оқыту жүйесі, фундаментсіз салынған үймен пара-пар.
Өкінішке орай, сол мектептерде айтарлықтай өзгерістер əлі болған жоқ. Сондықтан, балалар мектепті каржы туралы ештеңе білмей аяқтайды. Соңында бұлардың көпшілігі кедейлер легіне
қосылып,белшесіненқарызғабатып,түнұйқысынанайырылып:
«Егерде тез баюдың тəсілі табылса, меніқ ақша проблемаларым шешілер еді», деп дөңбекшумен болады. Фудаментсіз үй салғанмен бірдей, əртүрлі іс-қимылдарынан береке шықпай, ұйқысыз мазаң түндерге қайта оралады.
Ал, Майк екеуімізде барлық мүмкіншіліктер бар еді, себебі: бізді бала көзімізде, мықты қаржы фундаментің қалай қалауға болатындығы жөнінде оқытқан еді.
Бухгалтерлік есеп, іш пыстыртатын жəне шатасқан оқулардың бір түрі. Дегенмен, Сіз ұзақ мерзімді жəне тұрақты түрде бай
болғыңыз келсе, бұл оқу сіз үшін, ең маңызды білім болуы ықтимал. Осы күрделі салаға баланы қалай оқытуға болады, əңгіме сонда. Оны жеңілдетіп, тартымды əрі қызықты қылу керек. Алдымен суреттерді қолдану қажет.
Бай əке, Майк екеуіміздің ойымызға мықты қаржы фундаментің салып еді. Біз бала едік, бірақ ол. бізді оқыту үшін ең қарапайым тəсілін тапқан болатын.
Көп жылдар бойы, ол суреттер салып, солар бойынша түсіндіріп оқытатын. Біз көрсетілген қарапайым жобалар мен терминдерді, ақша айналымын түсініп, игерген сайын, ол біртіндеп цифрларды қоса бастайтын.
Майк ақырында күрделі бухгалтерлік талдауды меңгерді, бұл оған өте қажет еді. Қазір ол миллиардтаған қаржы империясын
басқарады. Менің білімім, оған қарағанда қарапайымдау, себебі: менің империям кіші, бірақ фундаментіміз бірдей.
Келесі беттерде. Майктің əкесінің біз үшін, салған қарапайым схемаларын көресіздер. Бұлар біздей кішкентай екі балаға, келешекте байлықтың тегеуірінді фундаментін қалауға септігін тигізді.
Бірінші ереже
Актив пен пассивтік айырмашылығын білу керек жəне
активтерді сатып алу қажет. Егер сіз бай болғыңыз келсе осыны ғана білу жеткілікті. Бұл бірінші жəне жалғыз ереже. Алғашқыда бұл Сізді мазақ қылғандай көрінуі мүмкін (мұны кім білмейді дегендей) алайда осы қарапайым қағидалық қаншалықты маңызды екенін жұрттың көпшілігі байқамайды, мəн бермейді. Жұртшылықтың көбінде қаржы проблемалары нақ осы актив пен пассивтік айырмашылығын түсінбеулерінен туындайды.
«Байлар активтерді сатып алады. Кедейлер жəне орта класс өкілдері пассивті, себебі: мұны олар актив, деп есептейді», - дейтін
бай əке. Біз мұны естігенде, бай əке ойнап айтқан шығар дедік. Ол, бізге бай болудың «құпиясын» қашан айтады екен деп күтуде
отырғанымызда, бұл не сандырақ? деп ойлады. Бірақ , оның түсіндіру тілі жеңіл, қарапайым, əрі көкірекке қонымды еді, соларды ой елегінен өткізумен болдық.
-Актив деген не? деп сұрады Майк.
-Ол туралы əзір басынды қатыp ма,- деді бай əке. Бұл пікірді тек қана қабылда. Егер, сен осы қарапайым шындықты түсінсең, қаржы проблемаларынан құтқаратын, сенде өмірлік жоспар пайда болады. Бұл идеяның қарапайымдылығы сонша. оған ешкім көніл бөлмейді.
-Сонда сіздің айтпағыңыз: «Ең бастысы-активтің не екенін білу сосын оны сатып алып, баю ма? - дедім мен қайта сұрап.
Бай əке басын изеді.
- Ия, солай қиын емес.
-Егер қиын болмаса, жұрттың бəрі неге бай болмайды?,-дедім, таңданып. Бай əке күлді.
Себебі: жұрттың көпшілігі актив пен пассивтің айырмашылығын көрмейді.
-Сонда қалай: «Үлкен адамдардың соншалықты ақымақ
болғандары ма?»-дедім мен қызбалықпен. Бұл соншалықты оңай жəне өте маңызды іс болса, оны білуге бəрі неге тырыспайды?
Бай əке бірнеше минуттың ішінде, бізге актив пен пассивтің не екенін айтып берді.
Қазір өзім ересек адам ретінде, басқаларға мұны түсіндіре алмаймын.
Неге? Себебі: ересек адамдардың ақыл-ойлары толысқан, əркім өз ойымен өмір сүреді.
Көпшілік жағдайда, бұл қарапайым идеяға жұрттың көбі ден қоймайды, назарына да алмайды, себебі: олар көзінде əртүрлі білімдер
басқаларға. Бұларды басқа білімді жəне кəсіби мамандықтары жоғары, білікті адамдар, өмірдегі басқа салаларға оқытқан.
Mұның күрделігі, мынада: ересектерді барлық білетіндіктерін ұмыттыруға мəжбүр ету қиын, яғни оны қайтадан балалық денгейге түсіру деген сөз. Оған кім көнер?
Мұндай жағдайды саналы ересек адам, өмірдегі қарапайым мəн- мағынасы айқын басқаларға, белгілі құбылыстарға зейін қойып үңілудегі өзінің дəрежесіне нұқсан келтіретін жəйт, деп есептейді.
Бай əке, «өмірдегі бір жағдайдың қарапайымдылығы- ол жақсы» деген принципке сүйене отырып, өзінің екі кіші баланы оқыту тəсілін ықшамдап, түсінікті қылуға тырысатын.
- Түсінбеушілікті не туғызады? Осындай қарапайым идеяны
калайбұрмалауғаболады?Адамдарактивтінегесатыпалады, ақиқатында олар пассив болса?
Осылардың барлығына жауап ол мектеп қабырғасында
басқаларға білімге байланысты. Біздің бар ынтамыз «сауаттылыққа» бағышталған, бірақ қаржы женінде емес. Бір нəрсенің актив немесе пассив, -деп аталуы сөзбен айтқандыққа тəуелді емес. Егер сіз шатасқыңыз келсе, актив пен пассивтің анықтамасын сөздіктен қараңыз.
Бұл сөздердің мағынасы, тек қана жан-жақты дайындықты бухгалтерлерге түсінікті екенін, мен білемін, ал жұрттың көпшілігі бұған зейін қоймайды.
Дегенмен, біздер ересек адамдар бір сөздердің жəне Анықтамалардың астарында қандай мағына
бар екендігін байқамайтындығымызды мойындауға. Kөпшілік жағдайда өркөкректігіміз жібермейді.
Бай əкенің бізге айтатыны: «Актив сөзбен емес, цифрлермен анықталады, ал сендер цифрлердің не екенін білмесеңдер, онда активті- кірəнжіліктің шеңберінен айыра алмайсыңдар».
-Бухгалтерлік істе, - деді ол қайталап: «Маңыздылық цифрлерде емес, əңгіме, олардың не айтатындықтарында, нені көрсететіндігінде. Сөздермен айтқанның өзінде де осылай. Маңыздылық сөздің өзінде
емес, маңыздылық- ол ненің бетін ашып отыр, нені айтып отыр, қандай қағиданы білуге бағыттап отыр- түйіні осында».
Мысалы, жұрттың көбі кітап оқиды, бірақ оқып шықанның
барлығынтүсінебермейді.Кейбіржоғарғыоқуорындарында, мынандай пəн бар - оқығаныңды түсіну. Жеме-жемге келгенде, көбіміз
осы сынақтан өте алмаған болар едік.
Жақында мен бір бейнемагнитофон сатып алдым. Оны қалай
қосып, қалай программалауға болатындығы жөнінде нұсқаулығы қоса берілді. Өзіме ұнаған бір бейнекөріністі жазып алғым келіп еді.
Алайда, есі ауысқан адамдай, нұсқаулықты түсіне алмадым, осы бейнемагнитофонды программалаудан басқа, ғұмырда менің алдымда күрделі іс болыш көрген жоқ еді. Сөйтіп, мен оқып беру жөнінде «бес алдым», ал мазмұнын түсінуде «екі алдым».
Алдына келген қаржы есебін көргенде, адамдардың көпшілігінде нақ осындай жағдай болады.
«Егер бай болғың келсе, цифрларды оқып жəне түсінуің керек», -
деп жиі айтатын бай əкем. Сонымен қатар, ол мынаны да жиі айтатын:
«Байлар активті сатып алады, ал кедейлер мен орта класс өкілдері- пассивті».
Ал, активті пассивтен калай айыруға болады?
Шындығында, бухгалтерлер мен қаржы мамандары, мұндай анықтаушылықпен келіспейді, бірақ нақ осындай жай ғана жасалған суреттермен жəне қарапайым сөздермен, екі кішкентай балалардың каржы туралы білімдерінің негізі қаланып, нығая берді.
Бізді үйрету үшін, бай əке қысқа да нұсқа айтатын, көбіне суреттер көрсетіп, сөздерді аз айтуға тырысатын, цифрлар бірнеше жылдар өткеннен кейін ғана қойыла бастады.
Мынау актив ақшасының қалай қозғалатындығы жөніндегі схема:
Жоғарғы таблица табыстар жəне шығындар есебі, мұны көбіне табыстар мен шығындарды есептеу деп жиі айтады. Мұнда табыстар мен шығыстар көрсетілген, яғни түсетін ақша мен шығатын ақша.
Төменгі схема-бұл баланстық есеп. Оның бұлай деп аталуының себебі: актив жəне пассив тепе-теңдікте болуы керек. Қаржы мəселелеріндегі жаңа адам, бұлардың қарым-қатынасын білмейді, ал бұл өте маңызды.
Қаржы проблемаларын туындататын, бірінші себеб: актив пен пассивтің айырмашылығын білмеушілік. Істің кілті- осы сөздердің астарлы мағынасын білуде.
Егерде нақтылы жағдайда, шатасудың не екенін білгіңіз келсе, бұл сөздерді сөздіктен қараңыз. Сөздіктегі анықтамалар кəсіби
бухгалтерлерге түсінікті шығар, ал жəй адамға, ол қытай тілінде жазылғандықпен бірдей болар.
Сөздерді оқып шығу жеңіл, мазмұнын түсіну қиын. Мен
жоғарыда бірнеше рет қайталап айтқанымдай, бай əке бізге қашанда айтатыны: «Активтер қалтамызға ақша салады». Қарапайымды да,
түсінікті де жəне өміршең анықтама.
Мынау «пассив ақшасының қалай қозғалатындығы» схемасы
Активтер мен пассивтерге схема арқылы анықтама бергеніміз, менің айтқан сөздерімді толығырақ түсінуге мүмкіндік берер, деп
ойлаймын.
Актив - ақша əкелетін кимыл. Пассив - ақша əкететін қимыл.
Сізге осыны ғана білу қажет. Егер бай болғыңыз келсе, қашанда активтер сатып алуға тырысыңыз. Егер кедейлер мен орта класс өкілдерінің легінде болғыңыз келсе, онда ғұмыр бойы пассивтерді сатып алыңыз. Осы айырмашылықты білмеу, біздің өмірімізде барлық қаржы қиындығын тудырумен болады.
Қаржылық сауатсыздықтың басты белгісі - ол айтылған сөздер, мен жазылған цифрларды түсінбеушілік. Егерде адамдарда қаржы
қиындығы туса, онда олардың бірдеңені түсінбеушіліктері деп есептеу керек, яғни сөздерді немесе цифрларды. Бірдеңелерді олар дұрыс көрмейді.
Байлардың бай болуы, олардың əр салалар бойынша білімділіктері. Егер, сіз ғұмыр бойы бай болғыңыз келсе, қаржы жөнінде сауатты болып - сөзді де, цифрды да түсіне білу керек. Схемадағы белгілер ақшаның немесе «ақшалар ағымының»
қозғалыстарын көрсетеді. Құр цифрлардың мағанасы белгісіз. Оларды
«сөйлете» білу маңызды. Бұлардың маңыздылығы: нені айтытығында, нені көрсететінгінде. Қаржылық есептердегі цифрлар əңгімесін оқу
жəне талдау, оның толық мəнін білу деген сөз. Бұл есеп ақшаның қайда кетіп жатқандағы туралы əңгіме.
Отбасыларының 80 Проценттен астамында, қаржы
проблемаларын шешу жолы - тек қана жұмыс жəне сол арқылы үлкен
табыс табуға болады деген түсінік қалыптасқан.
Проблема - олардың ақша таппайтынында емес. Ақшаны
олар табады, бірақ олар ақшаны активтерді емес, пассивтерді сатып алуға жұмсайды.
Мысалы, кедей адамның ақша жұмсау схемасына қараңызшы:
Мынау, орта класс өкілдерінің ақша ағымының схемасы:
Ал мынау бай адамның ақша ағымын қараңыз:
Бұлдиаграммалардыңбарлығы,əринебарыншаықшамдалған, қарапайым түрінде керсетілген. Əркімнің өз ақшасы өмір
мұқтаждықтарына: тамаққа, киімге, баспанаға жəне т.б. жұмсалады. Бұл диаграммалар бай, кедей адамдардың жəне орта класс өкілдерінің ақша жұмсауларының жалпы тенденциясын керсетеді.
Міне, нағыз тарих: бұл адамдардың ақша қолдарына тигенде не істейтіндіктері туралы əңгіме.
Көпшіліктің дұрыс ойламайтындықтарын көрсету үшін, мен осы тарауды Американың ең бай адамдары туралы əңгімеден бастадым. Ақша барлық қиыншылықтарды шешеді деген ұғым дұрыс емес. Мен көпшілік тарапынан: «Қалай тезірек бай болуға болады?» немесе
«Неден бастауға болады“?» кейде «Мен бай, болу үшін қарыз алудамын» дегендерің естігенімде қынжылып таңқалатынмын. Қайтадан айтқандай «көп ақша» мəселелерді шешпейді.
Олар керісінше жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Ақша адамдар тағдырларын кей уақытта қайғылы жағдайға əкеліп соқтыратыны да ақиқат.
АқшаБіздіңқандайжағдайдыбілмейтіндігімізді,нені байқайтындығымызды керсетеді.
Адамға бір сəтте қолына үлкен байлық тисе, мысалы: мұра, жалақыға үлкен қосымша немесе лотореядан үлкен ұлысқа шығып, ие
болғанына қарамастан, біраздан кейін бұрынғы тез калпына түседі, немесе тіпті бүрынғы жағдайынан да төмен дəрежеде болады.
Ақша Сіздің басыңызда қандай схеманың барлығын ғана дəлелдейді. Егерде сіз бар тапқандарыңызды жұмсауға кұлшыныс
жасасаңыз,мұндайжағдайдатабыстыңөсушілігісөзжоқ, шығындардың тікелей өсуіне əкеліп соқтырады. Сондықтанда, халық
арасында мынандай сөз бар: «Aқымақта ақша көп тұрақтамайды».
Біз мектепке білім алуға жəне кəсіби білікті болу үшін барамыз дегенді жиі қайталаудамын. Бұлардың екеуіде маңызды. Ақшаны кəсіби мамандығымыз бойынша табуға оқимыз. 60-шы жылдары, мен
жоғарғы класстарда оқып жүргенімде, жақсы оқитын оқушыларды, дəрігер болуларына бағыт-бағдар беріп, дайындай бастайтын. Көбіне
олардан дəрігер болғылары келе ме, жоқ па? оны сұрамайтын. Бұл жағдай өз-өзінен түсінікті, деп есептелетін. Дəрігер мамандығы ең табысты, əрі үлкен келешекті, деп ұйғарылатын.
Енді қазіргі кезеңдегі, дəрігерлер алдында тұрған қаржылық қиындықтарды, өзіме ең қас адамға да тілемеген болар едім, себебі:
олардың жұмыстарына қамсыздандыру компаниялары мен мемлекет тарапынан қатаң бақылау жүргізіледі, жұрттың көпшілігі олармен соттасуда.
Қазіргі кезеңде жастар: баскетболшы, эстрада жəне кино
жұлдыздары, атақты гольф ойыншылары, компьютершілер, биржевиктер болғылары келеді. Олар қай жерде атақ, даңқ, ақша, бедел бар-соған ұмтылуда.Сондықтан, осы кезеңде баланың оқуға
ықыласын бағыттау күрделі мəселе. Олар, қазір кəсіби табыс, бұрынғы кездегідей, оқудағы табысқа байланысты емес екендігін біледі.
Мектеп бітірушілер ақыры солай каржылық білім алмай, оқуды аяқтайды.
Миллиондаған сауатты адамдар мансап жолын табысты бастап, соңында қаржы проблемаларына соқтығады. Олар одан да табанды
жұмыс істеумен болады, бірақ проблемалар сол қалпында.
Олар неменеге үйренбеді?
Ақшаны қалай істеуге емес, сізде ақша пайда болғанда, онымен не істеушіліктің керектігін жəне қалай жұмсауды білмеушілік.
Мұны қаржылық тапқырлық дейді, яғни тапқан ақшаларыңызбен не істейсіз, біреулердің Сізден əртүрлі төлемдер арқылы алып
қоймаушылығының алдын қалай аласыз, ол сіздің қолынызда қанша уақыт сақталады жəне қандай пайда келтіреді, міне осының барлығы қаржылық біліктілікке жатады.
Жұртшылықтың көбі, өздерінде ақша қиындықтарынын неден болатындығын білмейді, себебі: оларда ақша ағымы туралы ешқандай да түсінік жоқ. Адам өте білімді болып, үлкен дəрежеге жеткенімен,
қаржы жөнінде сауатсыз болуы мүмкін. Мұндай адамдар қашанда көп жұмыс істейді, оған бұлар үйренген, бірақ ақшаны өздеріне жұмыс істетуге үйренбеген.
Арманның үрейге айналу тарихы
Табанды жұмыс істеуші адамдардың өмірі сценарий бойынша өтеді. Мысалы, бақытты сауатты жас жұбайлар өз өмірлерін бір тар бөлмені жалдап, тұрудан бастайды. Бұрын бұл бөлмеде бір-ақ адам тұрса, енді екеуі тұрады. сөйтіп, оларда кішкене болсада артық ақшаның пайда болғаны түсінікті болады, бұрын бір адам тұратын қаржыға, енді екі адамға тұруға болатындығына көздері жетеді.
Əңгіме пəтердің тарлығында. Осыдан кейін ақша жинау керек, -деп шешімге келеді, үлкен үй сатып алуды жəне балалы болуларын армандайды. Енді бұларға екі табыс көзі бар, сондықтан уақыттарын мансап жолына сарп етеді.
Табыстары көбейе бастайды.
Көпшілік үшін шығындардың ең үлкен бабы- ол салықтар. Жұрттың көпшілігі табыс салығының не екендігіне көңіл аударып түсінгілері келеді, ал Американдықтар үшін- бұл əлеуметтік қорғау.
Жұмыс істеушіге, əлеуметтік қорғау салығы, дəрігерлер сақтандырумен қоса, орташа есеппен 7,5 процентті құрайтын сияқты көрінеді, бірақ бұл шындығында 15 процент, себебі: жұмыс беруші əлеуметтік қорғауға қанша төленсе, сонша алады.
Істің мəні мынада: өйткені, салық көлеміндегі ақшаны жұмыс
беруші Сізге төлей алмайды. Оның сыртында сіз, өз еңбек ақыңыздың көлемінен табыс салығын төлейсіз, бұл əлеуметтік қорғауға кетіп, сіздің
- қолыңызға ешуақытта тимейді.
Осыдан кейін пассивтердің бабтары өседі.
Мұның мағынасын жас жұбайлар мысалынан көрсетуге болады. Олардың табыстары көбейді, сөйтіп олар армандаған үйін сатып алуға бел шешеді. Солай бұларда мүлік салығы пайда болады. Содан кейін олар жаңа машина жиһаз, тұрмыстық техникаларды сатып алады.
Ақырында пассив колонкасының (бөлігінің) əртүрлі шығындарды төлеуге, (үй кепілдігінің төлемі, кредиттік карточкаларды жабу жəне т.б.) толы екенін аңғарады. Осыдан кейін, олар «егеуқұйрык жүгірісінің» қатысушылары болады. Дүниеге бала келеді. Ақша үшін,
олародандаəрікөпжұмысістеугетырысады.Процесс(үдіріс) қайталанады. Жаңа табыстар үдемелі салықтар. Пошта арқылы
кредиттік карточкалар келеді, олар толығымен жұмсалады.
Бір кезде кредиттік компания телефон соғады, бұлардың кредит
алу үшін, кепілдікке қойған үйлерінің бағасы өскенін хабарлап, осыған байланысты төлем процентінің де өскенін айтып: «Сіздердің
тұтыну қарыздарын төлеуге мүмкіншіліктеріңіз бар», -деп «толық біріктірілген заңды» алып, берешектерді өтеп тастауға ұсыныс жасайды. Осының бəрін төлеп, олар сəл тынышталады. Төлемдер бір шама азаяды, оның себебі: төлеу мерзімін келісім- шарт бойынша 30 жылға созуды, олар табылған ақыл, деп есептейді.
Бір кезде көршісі жаңа заттар сатып алуға шақырады, мерекеге байланысты, арзан бағалармен тауарлар сату науқаны жүріп жатқанын хабарлайды. Біршама үнемдеуге болады, - дейді.
Олар өз-өздеріне: «Көруге барайық, бірақ ештеңе де сатып алмаймыз», деп серт бергендей болғанмен, жаңа кредиттік карточкасын ала кетеді. Маған осындай отбасылар жиі кездеседі. Олардың аты - жөндері əртүрлі болғанымен, бірақ қаржылық дилеммалары бірдей жағдайда еді.
Олар менімен кездесуге келіп, сұрайтындары:
«Бізге қалай көп ақша істеуге болады, соны айтып бере алмайсыз
ба? дейді. Оларға қашанда көп ақша қажет, өйткені олар ақшаны қалай жұмсау керек екенін білмейді.
Шындығында, олар проблеманың ақшаның қалай табылуында
емес, қолындағы ақшаны қалай оңтайлы пайдалануды білмеушілікте екенін аңғармайды.
Мəселенің бастысы мынада: ол қаржылық сауатсыздық, соның салдарынан барып, активтің жəне пассивтің айырмашылықтарын білмеушілік. Табыстардың өсуі - ақша проблемаларын сирек шешеді. Проблемалар қашанда ақылдың, ой-өрістің күшімен шешіледі. Менің бір жолдасым қарызы көптерге: «Егер сен, өте тереңге түскенінді байқасаң. қазуыңды тоқтат. . .» дейтін.
Мен бала кезімде əкемнен: «Жапондықтар үшін мынандай үш
күш бар: қылыш күші, алтын күші жəне айна күші дегенді қашанда еститінмін.
Қылыш-қарукүшінбейнелейді.Америкақарулануүшін, миллиардтаған қаржы шығарып, əлемдегі барлық елдерден əскери
баласынан басым ел.
Алтын- ақша күшін бейнелейді. «Алтын кімдердің қолында
болса, заңдарды, ережелерді солар жасайды», - деген ақиқат есінде болсын. Мұнда үлкен шындық бар.
Айна- өзіңді білу туралы күш. Жапондық қиял бойынша, нақ осы білім ең мықты билікті береді.
Кедейлер мен орта класс өкілдері ақша күшіне өте жиі тəуелді
болады. Олар əрқашанда, осының қандай да бір маңызы бар ма, жоқ па?
- оны ойланбастан таңертең ерте тұрып жұмысқа барады, Солай, олар өздері отырған бұлақты шабады. Ақшаның толық мəнін
түсінбегендіктен, оны дұрыс бақылай алмайды. Ақшаның күші- бұл кісілерге қарсы пайдаланылады.
Егерде олар айна күшін қолданса, онда өздеріне «Осының қандай мағынасы бар?» деген сұрақты қойған болар еді. Бірақ, көпшілік жағдайда, өзінің ішкі «даналығына» сенудің орнына, олар көпшілікпен бірге кетеді. Жұрт не істесе бұлар да соны істейді. Олар ерекшеленбеушілікті жəне сұрақ қоймаушылықты қалайды.
Ойланбастан өздеріне жиі айтылатын, мысалы, мынандай пікірлерді: «Ақшаны əртүрлі кəсіпорындарға салындар». «Үй сендердің ең жақсы капиталдық салымдарың». «Егерде сендердің табыстарын көп болса, салық аз алынады». «Тұрақты жұмыс табу
қажет, қате жасамау керек, орынсыз қатерге ұрынба» дегендерді өз іс- қимылдарымен қайталаумен болады.
Көп адамдар үшін, үлкен топтың алдында сөйлеу өлімнен де
қорқынышты деген үғым бар. Психологтардың айтуынша: бұл мазақ болудан, сынға калудан, остракизмнен туындайтын қорқушылық көрінеді.
Басқалардан ерекшеленуден қорқушылық, көптеген адамдардың өз проблемаларын шешуде, басқа жолдарды табуға үлкен кедергі келтіреді. Міне, сондықтан жапондықтар айна күшіне үлкен маңыз береді,- деуші еді менің оқымысты əкем. Айна қашанда шындықты көрсетеді.
Көпшіліктің көп қолданатын «Тəуекелділікке ұрын ба!» дегеннің негізгі астары сол үрей. Бұл сөз қай салаларда болмасын
қонданылады, мысалы: спортта, адамдардың қарымқатынастарында, мансапта, қаржыда.
Сол баяғы күлкі болудан қорқушылық, адамдарды ерекшеленіп оқшауланбаулыққа, қалыптасып басқаларға жалпы қағидалар мен тенденциялар шүбəланбауға мəжбүр етеді. Көптеген қаржылық проблемалар: жұрт не істесе, соны істеушіліктің салдарынан туындайды.
Сондықтан, бір мезгіл айнаға қарап, қорқыныш- үрейге бой бермей, өзіңнің ішкі дүниеңе, өз даусыңа құлақ салудың артықшылығы жоқ.
Біз, Майк екеуіміз, 16 жасқа толғанымызда, мектепте проблемалар басталды. Біз жаман балалар емес едік. Біз көпшілікпен ерекшелене бастадық. Мектептен кейін, демалыс күндері, Майктің əкесінде жұмыс істедік.
Жұмыстан кейін, ол кісімен бірге отырып: банкирлермен, заңгерлермен, бухгалтерлермен, брокерлермен, инвесторлармен, менеджерлермен жəне кызметшілерімен кездесуіне қатынастынбыз.
Бұл кісі 13 жасында мектепті тастап, енді жоғары білімді мамандарға бұйрық беруде. Олар оған сөзсіз бағынып, қаймығатын. Бұл кісі,
кепшілікте қалыптасып басқаларға қағидаларға жанаспайтын, қарсы қимыл жасайтын. Ол өз ойына сенетін. «Көпшілік калай істесе, біз солай істейміз».- дегенді мойындамайтын. Сонымен бірге «істей алмаймын» дегенді де жек көретін.
Ол кісі тарапынан бірдеңеге, қол жеткізу керек болса, оған: «Сіз, мұны істей алады, деп күмəндəнам» десеңіз-ақ жеткілікті. Сөйтіп, оның жүргізген жиналыстарынан, кездесулерінен, Майк екеуіміз, мектеп пен колледжде басқаларға білімдерімізден артық білім алатын
едік. Майктің əкесінде қалыптасқан білім жоқ еді, бірақ қаржылық білімді игергендіктен, үлкен дəрежеге жеткен еді.
Ол: «Ақылды адам, өзінен де ақылды адамды жалдап алады»
дегенді қайталап айтатын. Сондықтан, бізге бірнеше сағат бойы ақылды адамдарды тыңдап, үйренуге мүмкіндік жасайтын. Осынын нəтижесінде, біз мұғалімдердің стандартты кеңестерін қабылдай алмайтын болдық. Бұл біраз проблемаларды туғызды.
Мұғалім: «Егерде сендер жақсы бағалар алмасаңдар, өмірде ештеңеге қол жеткізе алмайсыңдар» дегенде, біз Майк екеуіміз кекесіннен күлетінбіз.
Бізден қалыптасқан алгоритм бойынша белгіленген ережелерді Мүлтіксіз орындалуын талап еткенде, мектеп адамның творчествовалық бастамасын түбірінен құртатынына көзіміз жетті.
Енді біз бай əкенің: мектеп жұмыс берушілерді емес, тек қана жұмыс істеушілерді дайындайды, деген сөздерінің мағынасын түсіне бастадық. Кей уақытта, біз мұғалімдерге, басқаларға білімдерімізді тəжірибеде калай пайдалануға болады? немесе ақша жəне оның принциптері туралы неге оқымаймыз? ден сұрақ қоятынбыз. Екінші сұрақка, олардың жауап бергендері маңыздылық ақшада емес, егер сендер жақсы оқысаңдар қалғандары өз-өзінен шешіледі,- дейтін. Біз
неғұрлым ақша күші туралы, тереңірек біле бастаған сайын, солғұрлым мұғалімдер мен құрбыларымыздан алшақтай бастадық.
Менің оқымысты əкем, мектепте алған бағаларым үшін ұрыспайтын. Рас, соңғы кезде біз ақша туралы талас жүргізе бастадым.
Мен 16 жасқа толғанымда, менің қаржы жөніндегі білімім өз ата- анамнан əлде қайда артық еді.
Сөйтіп, мен бухгалтерлік есепті жүргізе алатын болдым, салық Инспекциясының бухгалтерлері мен түрлі компаниялардың адвокаттарымен қозғалмайтын мүліктерді сатушы агенттермен. инвесторлармен жəне т.б. кездесіп əңгімелессе алатын болдым. Менің əкем тек қана мұғалімдермен кездесетін.
Бір күні əкем, маған біздің үйіміз- ең жоғарғы капиталдық салым деді. Мен шыдай алмай, үй жақсы капиталдық салым бола алмайды. деп айтқанымда, екеуіміздің арамызда ыңғайсыз ерегіс туды.
Келесі схемада бай жəне кедей əкенің өз үйлерін қалай əртүрлі бағалайтынын көресіздер.
Біреуі үйді актив деп есептесе, екіншісі-пассив дейді
Есімде бар, əкеме ақшаның қалай қозғалатындығы жөнінде тағыда бір схема бойынша көрсеттім. Оның сыртында үй жаңа шығындарды қалай талап ететіндігін суреттеп бердім. Үй үлкен болған сайын, оны үстау үшін, шығындар да түседі, сөйтіп ақша ағымы шығындар колонкасы (бөлігі) арқылы кетеді.
Пассив
Кейбіреулер менімен осы уақытқа дейін, үй капиталдық салым,- деп таласады. Көптеген адамдар үшін, бір орындалмаған арман
секілді. Ештеңе болмасада өз үйіңнің болғаны жақсы: Осы кең тарап кеткен ұғымның мəнін түсінудің, баламасы түрінде сіздердің назарларыңызға жəй қарап шығуға өз пікірімді ұсынам.
Егерде, біз «əйеліміз екеуіміз зəулім үй аламыз, - деп шешім қабылдасақ, мүның актив емес, пассив екенін білер едік, себебі: мұндай
капиталдық салым ақша түсіруді емес, керісінше ақша шығаруды талап етеді.
Оған менің дəлелдерім мынандай. Мұның бəрін барша жұрт қабылдайды деуден аулақпын, себебі-жақсы үйдің болуы эмоциалық көз қарастан келетін болсақ, бұл қуанышты сезім. Ал, эмоцияның əсерінен, қаржылық көрегендік тез əлсірейді. Өзімнің жеке тəжірбиемнен білем, ақша кез келген эмоциялық шешімге
ықпал етеді.
- Біз үй жөнінде əңгіме қылғанда, ерекше айтарым, жұрттың көпшілігі өзіне қарамайтын үй үшін, ақша төлеу мақсатында ғұмыр бойы жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, көпшілік біраз уақыт өткеннен кейін жаңа үй сатып алады, бұрынғы алған, бірақ əлі төленіп болмаған кредиттік төлемін қоса есептеп, тағыда 30 жылға созып төлемдік кредит алады.
- Тіпті, кепілдікке қойған үйдің төлемдерін төлеу, салық
мөлшерін азайтқанмен, бұл салықтың бір бөлігін төлегенге дейін, салық еңбек ақыдан ұсталып қалады. Үй үшін алған кредитті
өтегеннен кейінде, бұл солай жалғаса береді.
- Меншік салығы. Менің əйелімнің, əке-шешесінің тұратын үйінің салығы айына 1 мың долларға дейін көтерілгенде, олардың
зəре-құттары қалмады. Бұл жағдай олардың зейнетке шыққандарынан кейін болған еді. Салықтың бұлай көтерілуі зейнетақыларына сəйкес келмегендіктен, басқа үйге көшуге мəжбүр болды.
- Үйлер əрқашан қымбаттамайды. Менің бір жолдасым үй үшін, 1 миллион қарызы бар, қазір 1997 жылы, ондай үйдің құны 700 мың
доллардан аспайды.
- Ең үлкен шығын-ол айырылып басқаларға мүмкіншіліктер.
Егер сіздің ақшаңыз үйге салынған болса, онда сізге бұрынғыдан да көп жұмыс істеуге тура келеді , себебі: ақша активтер колонкасын (бөлігін) өсірудің орнына, үнемі шығыстар бабына статьясына жетеді. Мұндай схема орта класс өкілдеріне тəн. Егерде жас жұбайлар ең
Басынанақшаныкөбірекактивтерколонкасына(бөлігіне) салғандарында, келешекте, əсіресе балалары оқуға колледжге
барғанда жеңілірек болған болар еді. Сөйтіп, олардың активтері өскен болар еді де, қиналмай шығындардың бір бөлігін жапқан болар еді.
Өкінішке орай, көп жағдайларда үнемі өсіп отыратын шығындарды жабу үшін, үй кепілдікке қойылып сауда алу құралы болады.
Осының бəрін жинақтап, қорыта айтатын болсақ, ең соңында үйді сатып алушылық шешімі, инвестиция жасаудың орнына, кем дегенде мынандай 3 қолайсыз жағдайларға əкеліп соқтырады:
- Уақыттың жоғалуы. Бұл уақытта басқа активтердің бағасы көтерілуі мүмкін.
- Капиталдың жоғалуы. Бұларды салымдардың басқа бір түрлеріне салудың орнына, үйді ұстауға байланысты шығындарды төлеуге кетеді.
- Білімнің жоғалуы. Жұрттың көпшілігі үйді, үнемділікті, зейнетақы қорларын өздерінің активтері, - деп есептейді. Оларда
инвестицияға қаржы болмағандықтан, ешқайда ақша салмайды, яғни инвестиция жөнінде білімсіз (қараңғы) болып шығады. Сөйтіп, бұлар
«тəжірбиелі» инвесторлар бола алмайды. Ал ең жақсы инвестициялар қашанда «тəжірбиелі» (бүл жөнінде білушіліктері мол) инвесторларға тиеді, содан кейін олар оны тəуекелге бармайтын, сақ адамдарға қымбат бағамен сатады.
Менің оқымысты əкемнің қаржы есебі «егеуқұйрық жүгірісінің» қатынасушыларына ұқсайды. Оның шығыстары табыстарына дəлме-
дəл еді, сондықтан онда активке инвестиция салуға ақшасы
қалмайтын.Соныңсалдарынанпассив(үйкепілдігініңтөлемі, кредиттік карточкалар бойынша қарыздар) активтен басым болатын.
Мына схема мың сөзге тұрарлық.
Оқымысты əкенің қаржылық есебі.
Бай əкемнің қаржылық есебі, екінші жағынан, адамның
ғұмыр бойы ақшаны салумен айналысып жəне пассивтен төменгі жағдайға жеткізу арқылы, қандай дəрежеге жетуін көрсетеді.
Бай əкенің қаржылық есебі
Міне сондықтан байлар одан сайын бай болады. Актив колонкасы көп табыстарды жинақтайды, оның көлемі шығындарды жабуға кеткен ақшалардан көп артық, басқаларға айырмашылығы қайтадан активке түседі, актив колонкасы өседі. Нəтижесінде байлар одан əрі байый түседі.
Байлар неге бай бола түседі
Орта класс өкілдері үнемі қаржылық қиындықтарымен күресуде болады. Олардың табыс көзі- еңбекақы. Еңбекақысы өскенде салықта өседі. Ал шығындарының өсу тенденциясы , еңбекақы өсуімен тікелей байланысты.Осыдан барып оны «егеуқұйрық жүгірісі» дейді.Олар қайткенде ақшаны пайда əкелетін нақтылы активтерге салуға тиісті болса да, үйді өздерінің негізгі активі, деп есептейді.
Орта класс өкілдері неліктен қаржы зардаптарын шегеді
Үйді капиталдық салым деп есептеушілік схемасы, еңбекақы көтерілгенде бұдан да үлкен үй сатып алуға немесе одан да жоғары шығынғажолберушілік:осылайқалыптасқанөміршеңқағида,
қарызбен өмір сүретін казіргі қоғамның негізі.
Шығындардың үнемі өсуі, отбасыларына қайтадан жаңа
кредиттер алуға мəжбүр етеді. Қызмет бабында жоғары көтеріліп жəне тұрақты еңбекақысына қосымша төлемдер алып отырса да, олардың қаржылық жағдайы мүшкіл жағдайда қала береді.
Бұл қауіпті ахуал, ал оның себебі: жеткілікті қаржылық білімнің жоқтығында.
1990 жылдардағы жаппай қысқартушылық, орта класс
өкілдерінің жағдайларының қаншалықты тұрақсыз екенін көрсетті.
Компаниялардың аяқ астынан зейнетақы жоспарлары өзгерді.
Əлеуметтік қорғау қорларының да жағдайлары мəз емес, оларға сенім артуға болмайды. Орта класс өкілдерін үрей биледі.
Шүкір, қазіргі кезде, жұрттың көпшілігі не болып жатқанын түсінеді, сөйтіп өзара қорлардың акцияларын сатып алады.
Мұндай инвестицияның өсуі- биржада құнды қағаздардың көтерілуінің негізгі себебтерінің бірі. Орта класс өкілдерінің сұранымдарын қанағаттандыру мақсатында тағы жаңа өзара қорлар құрылуда. Өзара қорлардың кең таралуы, олардың сенімділігі.
Бұлардың акцияларын, негізгі сатып алушылар: жұмыстан, салық қарыздарын төлеуден жəне балаларын оқыту үшін, ақша жинаудан басқаға қолдары тимейтіндер жəне оны білмейтіндер. Олардың инвестиция салуға уақыттары жоқ, сондықтан түбегейлі өзара қор басшысының тəжірбиесіне сенеді.
Сонымен қатар өзара қор, инвестициялардың əртүрлі түрлерін біріктіреді, сондықтан салушылар ақшамыз жоғалмайды, деп есептейді. Себебі: инвестициялар əртүрлі кəсіпорын түрлеріне салынған яғни «диверсификацияландырылған".
Бұл сауатты орта класс өкілдері, өзара қорлардың брокерлеpi жəне қаржы жоспарлаушыларының құрған «инвестицияларды
диверсификациялау» догмасын қолдайды. Тəуекелдіктің қажеті жоқ. Сақтықпен қимылдау керек. Алайда, мұның басты қасіреті ол қаржылық сауатсыздық, ал- бұл қатердің ең үлкені.
Олар тəуекелділікке бара алмайды, себебі: қаржы жағдайлары
əлсіз. Баланстық есептері теңестірілмеген. Пассивтері өте көп, табыс əкелетін нақтылы активтері жоқ. Жалғыз табыс көзі, ол тек қана еңбекақы. Олардың өмірі толығымен жұмыс берушіге тəуелді. Сөйтіп,
"жалғыз мүмкіншіліктің" өзін пайдалана алмайды. Сондықтан, олар қауіпті ахуалдардан қашқақтап жүруге мəжбүр, себебі: өте көп жұмыс істейді, үлкен салықтарын төлеп, қарыздарын өтеумен болады.
Мен осы тараудың басыңда айтқанымдай, ең басты ереже актив пен пассивтің айырмашылығын білу. Осыны игерген соң, барлық назарыңызды, ақша түсіретін мүмкіншілігі бар активтерді сатып алыңыз. Бұл байудың ең жақсы жолы. Осы тəртіппен қимылдай
берсеңіз, актив колонкасы (бөлігі) өсе түседі. Пассив пен шығындарды азайтуға тырысыңыз. Бұл біршама ақшаны үнемдеп, оны қайта активтерге салуға мүмкіндік береді. Біраздан соң актив табыстарының өскені соншалық. Сіз күрделі инвестиция жүргізе бастауға шамаңыз келеді. Инвестициялар 100 проценттен шексіздікке дейін пайда келтіруі мүмкін. Мысалы, 5 мың долларлық инвестиция миллион
немесе одан да көп сомаға айналуы мүмкін. Бірақ, мұндай инвестицияны орта класс өкілдері «өте қауіпті», деп есептейді. Дегенмен, инвестиция қауіпті емес.
Қорқақтықбұлқаржылықсауатсыздықтыңсалдарынантуатын, қаржылық тапқырлықтың кемшілігі.
Егер Сіз көпшіліктің істейтіндігін қайталағыңыз келсе, онда Сізде мыналар пайда болады:
Қызметкер жəне үй иеленуші ретінде, Сіз мыналарға жұмыс істейсіз:
- Басқа біреуге. Ақша үшін жұмыс істеушілердің көпшілігі, компания иесін жəне акция ұстаушыларды байыта түседі. Сіздің
еңбегіңізбен, табысыңыз қожайынның гүлденуіне ықпал етеді.
- Мемлекетке. Мемлекет Сізден ақшаны, колыңызға жалақыныз тигенге дейін сыпырып алады. Табысыңыз көбейе бастаса, салық өсе түседі. Сөйтіп, жұрттың көпшілігі орта есеппен, қаңтардан-мамырға дейін Үкіметке тегін жұмыс істейді.
- Банкке. Салықтан кейіні шығынның ең үлкен бабы (статьясы); ол үйді кепілдікке қойып, алған кредитті жəне кредит карточкалары
бойынша қарыздарды төлеу.
Проблема мынада. Сіз сонша көп жұмыс істеп, тапқан табысыңыздың үлкен бөлігі, негізінен осы үш бағытқа кетеді. Сізге өз жұмысыңызды өзіңізге жəне отбасыңызға пайда келтіретіндей етіп қолдануды үйренуіңіз қажет.
ЕгердеСіз,өзісіңізбеншұғылдануғашешімқабылдағаныңызда, алдыңызға қандай мақсат қоясыз?
Жұрттың көпшілігі жұмысты тастамай, еңбекақыға біртіндеп активтер сатып алуды қолдайды. Активтердің қаншалықты тиімді өскенін қалай анықтауға болады? Адамға бай болғандығы жөнінде
қашан белгілі болады?
Мен өзімнің анықтамаларымды активтер жəне пассивтерге ғана емес, сонымен бірге байлыққа да берем. Бұларды мен Бакминстр Фуллер деген кісіден алдым. Біреулер оны ақымақ десе, екіншілері дана дейді.
Ол осыдан көп жылдар бұрын, яғни 1961 жылы «геоцезиялық мұнара» дегенді ойлап табыңдар,- деп тапсырыс жасап, барлық архитекторлар қоғамдарына ылаң салған адам. Тапсырыстың ішінде əрине,байлық жөнінде де, ой болатын. Алғашқы кезде бұл маған қызықты сияқты көрінді, соңынан бəрі де өз орындарына түсті.
Байлық адамның бір шама уақыт жұмыссыз күн көру
қаблеттілігі. Яғни, егер мен жұмыс істемесем, қанша уақыт өмір сүре алам? Осындай анықтама бойынша, адамның қаншалықты бай екенін жəне оның қаржылық тəуелсіздігін біршама дəлдікпен айтуға мүмкіндік береді.
Байлық- шығындарды шегеріп тастағаннан кейін, актив колонкасынан (бөлігінен) түсетін ақша көлемі.
Мұны мысал түрінде қарайық. Актив колонкасынан (бөлігінен) түскен менің таза пайдам айына 1 мың доллар, -деп есептейік. Ал
менің шығыным 2 мың долларды құрайды. Сонда менің байлығым қандай?
Бакминстер Фуллердің анықтауына оралайық. Мен неше күн
өмір сүре алам? Егерде 1 айда 30 күн бар, деп есептесек, менің ақшам жарты айға ғана жетеді. Егерде менің активтерім айына 2 мың доллар түсірсе, мен бай бола бастаймын.
Енді менің айлық шығындарымды, активтен түскен табыстар
жауып отырады. Егерде мен өз шығындарымды өсіретін болсам, активтен түсетін ақшаны көбейтуім керек. Назар аударыңыз бұл кезде, мен жалақыға тəуелді емеспін. Мен барлық ынтамды активтер
колонкасын (бөлігін) құруға бағыттадьм, ол мені қаржылық тəуелсіздікке жеткізді.
Мысалы, мен бүгіннен бастап жұмыс істеуімді тоқтатсам, активтер менің барлық шығындарымды жабуды қамтамасыз етеді.
Келесі менің мақсатым: артылған ақшаны инвестиция ретінде
тағы да активке салу болады. Ақша бұл колонкаға (бөлігіне) неғұрлым көп түссе, ол солғұрлым арта түседі. Актив көбейген сайын, менде ақша да көбейе түседі. Мен əзірше, өз шығындарымды активтен түсетін табыстардан көп кем ұстаймын, сөйтіп менің жұмысыммен
байланысты емес табыс көздері арқылы ақша тауып, байи бастаймын. Осындай тұрақты инвестиция жүргізу нағыз байлықтың кепілдігі. Ал,
байлықтың не екенін, əркім өзі үшін анықтасын. Көп ақша ешуақытта болмайды. Мына қарапайым ережелерді естеріңде сақтаңдар. Бай адамдар активтерді сатып алады.
Кедейлерде тек қана шығындар болады.
Орта класс өкілдері пассивті сатып алады, себебі: оны актив, деп есептейді.
Сонымен, не істеу керек? Өз ісіңді қалай бастауға болады?
«Макдональдс негізін қалаушы не айтар екен, соны тыңдаңыз.
1974 жылы«Макдональдс» компаниясының негізін қалаушы Рэй Крокты Остинде Техас университетінің менеджерлер факультетінің бір топ студенттерімен кездесіп, сөз сөйлеуін сұрайды. Осы студенттердің арасында, менің жақын досым Кит Канингем де болған
еді. Қызғылықты əрі тартымды əңгімеден кейін, үзіліс жарияланып,
Рэйді студенттер сыра ішуге шақырады. Бүл ұсынысты Рэй ілтипатпен қарсы алды. Сыра іше отырып, Рэй: «Менің бизнесім не?» деп сұрақ қойды. «Бəріде күлді,- деп Кит есіне алды. Бəріде оны қалжыңдап отыр деп ойлады». Ешкім жауап бермеген соң, Рэй сұрағын қайта қайталады.
- Сонымен, сендердің түсініктерін бойынша, менің бизнесім не? Студенттер қайта күлді, дегенмен батылдау біреуі:
- Рэй, сенің бизнесін- гамбургерлер екенін кім білмейді?-деді. Рэй мырс етті.
- Мен осындай жауапты күткенмін. Бір шама үнсіз отырды да, содан кейін: «Мырзалар мен ханымдар, менің бизнесіме гамбургерлер
емес. Менің бизнесім- жылжымайтын мүлік». Рэй ұзақ уақыт өзінің
ой-пікірін түсіндірумен болды дейді,- Кит əңгімесін жалғастырып. Ол, өз бизнес-жоспарының негізгі мақсаты "Макдональдс" франшизін сату
екенін жақсы білетін (арнайы белгіленген ресторанның қызмет ету құқығы). Сонымен қатар, əр сауда нүктесінің нақтылы қай жерде орналасқанын жатқа білетін. Жылжымайтын мүлік жəне оның
орналасу орны, əрбір ресторанның табыс факторын (себебші шартын) айқындаушы күш екенін жақсы түсінетін.
Қазіргі кезеңде «Макдональдс компаниясы əлемдегі ең үлкен жылжымайтын мүлік иегері, оған қарайтын жылжымайтын мүліктер саны, католик шіркеулерінен де көп болатын. Соған қоса, бұл компанияның қарауында Американың, сондай-ақ басқа еддердің ең жақсы жəне көлік легі көп өтетін жолдардың түйістері, əсем көшелердің түйіскен жерлері болатын.
Киттің айтуынша, бұл оның өмірдегі алған маңызды
сабақтарының бірі еді. Осы кезде Киттің бір өзінде 100 автожуулары бар. Алайда оның негізгі бизнесі автожуулар орналасқан жылжымайтын мүлік.
Алдыңғы тараудың соңында, Сіз жұрттың көпшілігінің өзінен басқа тұлғаларға, қалай жұмыс істейтіндігі туралы схемасын көргенсіз.
Бірінші кезекте олар компания иегерлеріне жұмыс істейді, содан кейін мемлекетке салық төлеу үшін, ең соңында банкке, ол да үй кепілдігі бойынша алған кредиттің проценттерін сыпырып алады.
Біздің бала кезімізде, бізде «Макдональстер» болған жоқ. Дегенмен, бай əке Майк екеуімізге, сол Рэй Крок-тың сабағын беріп еді. Бұл бай
адамдардың үшінші құпиясы, оны былай,- деп айтуға болар еді: «Өз бизнесіңді құр».
Қаржылық проблемалар: көбінесе халықтың өмір бойы
басқаларға жұмыс істеп, ақырында осыншама ұзақ мерзімді еңбектен кейін, қартайғанда қолдарында ештеңе калмауларының салдарынан
туындайды.
Тағыда мың сөзге тұрарлық схема. Бұл схемада Рэй Кроктың кеңесі айқын түрде көрсетілген.
Сіздің мамандығыңыз
Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесі, жастардың ғылыми білімдер алып, жақсы жұмыстарға орналасуға бағытталған. Олардың өмірлері
жоғарыда атап өткендей, сол баяғы еңбекке немесе табыстар колонкасын (бөлігін) толтыруға зыр жүгірушілікпен өтеді. Ғылыми бағыттағы білімді басқарғаннан кейін, олар оқу орындарына түсіп:
инженерлік, ғылыми, аспазшылық, полицейлік, суретшілік, жазушылық жəне т.б. мамандықтарын игереді. Осындай кəсіби
біліктіліктері, оларды мемлекеттің ақша үшін жұмыс істеуші күшіне айналдырады.
Сіздің мамандығыңызбен Сіздің бизнесіңіз əртүрлі ұғым. Менің жұрттың көпшілігінен сұрайтыным: «Сіздің бизнесіңіз қандай?».
- Банктік,-дейді.
Сонда: «Өз банкіңіз бар ма?» деймін. «Жоқ, мен онда жұмыс істеймін»,- деп жауап береді. Бұл мамандықпен бизнесті
айырмаушылық. Мамандығы бойынша, олар банкі қызметшілері болуы мүмкін, дегенмен өз ісі болуы қажет.
Рэй Крок өз мамандығы мен бизнесті анық айыра білген. Оның мамандығы қашанда өзгеріссіз басқаларға. Ол сатушы болған. Бір кездерде, сүт коктейлінің миксерін сатумен күн көрген, одан кейін ресторанға көшкен. Негізгі мамандығы сауда болса да, оның бизнесі үлкен табыс əкелетін-жылжымайтын мүлік болған. Қандай мамандыққа оқысаңыз, мамандықты алып шығасың, кулинарлықка оқысаңыз- аспаз, заңгерлік- адвокат, машина істері болса- механик жəне т.б.
Мұның бір проблемасы, адам өз мамандығының төңірегінен шықпайды. Өкінішке орай, көптеген адамдар, өз істерін жүргізбейді,
оны есіне де алмайды. Олар ғұмыр бойы біреулерге жұмыс істеп, соларға ақша жасауға көмектеседі. Адамға қаржы жағдайын нығайту
үшін, оның өз ісі болуы керек. Сіздің бизнесіңіз активтер колонкасымен байланысты болуы қажет, керісінше табыстар колонкасымен емес. Жоғарыда аталып өткеніндей, бірінші ереже актив пен пассивтің айырмашылығын біліп, активтерді сатып алу керек. Бай адамдар өз назарларын активтер колонкасына аударады, ал қалған жұрт табыс колонкаларымен айналысады, бұл ақша үшін жұмыс істеп, табыс табудың басқа жолдарын көрмеушілік жəне білмеушілік деген сөз.
Сондықтан, мынандай сөздерді жиі естиміз:
«Маған көп ақша керек» немесе «Қызмет бабында қалай
көтерілем?». «Жұмыстан кейін тағы жұмыс істеймін». «Мүмкін екінші жұмысқа бару керек шығар?». «Кəсіби біліктілікті көтеріп, жақсы жұмыс іздеу керек» немесе «Екі аптадан кейін басқа жұмысқа кетем,
себебі: мен жалақысы көп жұмыс таптым» жəне тағы сол сияқтылар.
Көпшілікке бұлар дұрыс болып көрінуі мүмкін.
Егерде Рэй Кроктың сезіне құлақ түрсек, мұндай пиғылдарды айтатындар, өз істері жоқ адамдар. Мұндай ойлар табыс колонкасына ғана бағытталған, ал адамғакаржылықжағдайынжақсартуүшін,
ақшаны таза пайда əкелетін активтер сатып алуға жұмсағаны жөн.
Кедей жəне орта класс өкілдерінің қаржы мəселелеріне келгенде консервативтік көзқарастарда болуы (мен тəуекелге бара алмаймын деушілік) оларда қаржы базасының жоқтығы. Сондықтан, олар өз жұмыстарынан айырылып қалмауға тырысып, қатерлі жағдайдан аулақ жүреді.
Жұмыстан жаппай қысқартушылық дағдыға айналғанда, миллиондаған жұмыс істеуші адамдар үшін, ең жақсы капиталдық
салым деп, есептеп жүрген үйлері бұлардың титығына жететін үлкен шығын көзіне айналған. Үйді ұстау үшін, оларға ай сайын үлкен
қаржы қажет етеді. Екінші оңтайлы «капиталдық» салым деп есептейтін машинаның да жағдайы осындай. Бір кезде 1000 доллар тұратын гольф таяғына енді ешкімде қарамайды.
Адамға тұрақты жұмыстан басқа, тірек жоқ. Жұрттың
көпшілігінің ұлымды «капиталдық» салым, деп есептеп жүргендері, қаржы дағдарысында түкке де жарамайды. Біздің көпшілігімізге, үй
немесе машина сатып алу үшін, банктен кредит алуға арыз жазуға тура келетіндігі туралы ойлаймын. Мұның бір қызық жері: банкте
«Міндет орындалғаннан кейінгі, мүліктің құны», деген есебінде не деп жазылатындығы еді. Бұл жағдай банкі қызметкерлері мен бухгалтерлерінің нені актив деп есептейтіндіктерін көруге мүмкіншілік береді. Бір кезде мен банктен сауда алғым келді, бірақ менің каржылық жағдайым оншалықты сенімді болып көрінбеп еді.
Сондықтан, мен активтер колонкасына (бөлігіне) өзімнің құнды заттарымды қостым (телевизор, стерожүйесін, кітаптарды, қолөнер коллекциясын, қол сағатын, киімдер, аяқ киімдер жəне т.б.) Алайда, маған сауда берілмеді, себебі менде жылжымайтын мүлікке салынған ақша көп, деп есептеді. Менің көп пəтерлі
үйлерімнің үлкен табыс əкелетіндігі комиссия мүшелеріне ұнамады. Олар менде неге тұрақты жұмыс жəне жалақы жоқ екенін білгілері келді. Менің мүліктерім оларға ешқандай да əсер еткен жоқ жəне есепке алынған жоқ. Сөйтіп, кей уақытта «стандартқа» сəйкес келмейтіндерге жеңіл тимейді.
Кейбіреулердің: «Менің мүлкім миллион доллар тұрады немесе
тағыда сондай тұрады...» дегендерін естігенімде, денем түршігеді. Осы ат басқаларға цифрлардың дəл еместігінің негізгі себебтерінің бірі Сіз,
өз мүліктеріңізді сата бастағаныңызда, салық төлеуге міндеттісіз.
Сондықтан, адамдардың табыстары кеміп, қаржылық қиындықтарға ұшырайды. Ақша қажет болғандықтан, өздерінің капиталдық мүліктерін (салымдарын) сата бастайды. Егерде, Сіз мүлкіңізді баланс есебінде көрсетілген көлемнен артық сатып, пайда тапсаңыз, бұған салық салынады. Осылай Үкімет ақшаның бұл бөлігін ұстап қалады,
осының салдарынан адамға қарызын қайыру біршама қиынға соғады.
Міне, сондықтан мен: «Сіздің «құнды» мүлкіңіздің құны Сіз ойлағаннан көп кем», -дейтінім сол.
Өз ісіңізді бастаңыз. Ол үшін істеп жүрген жұмысыңызды тастау міндетті емес. Нақтылы активтерді сатып алуды бастаңыз, ал пассивтер, əсіресе жеке мүліктер сатып алынған сəтінен бастап-ақ құнын жоғалта бастайды.
Мысалы, сатып алған жаңа машина, автотұрақтан алып шыққан сəтінен бастап, алғашқы құнының 25 процентін жоғалтады. Банк басқа пікірде болсада, мұны капиталдық салым деуге болмайды. Менің 400
долларлық титанды моторым, орнынан қозғалған кезден бастап, бағасы
150 долларғадейінтүсті.Егер,Сізересекадамболсаңыз,өзіңіздің шығындарыңызды көбейтпеңіз, пассивтерді азайтыңыз жəне
нақтылы активтердің іргетасын құруға тырысыңыз. Егерде, Сіз əлі жас болып, ата-анаңызбен тұрсаңыз, олар Сізді актив пен пассивтің айырмашылығын білуге үйретсе, ол өте жақсы.
Мысалы, активтер колонкасын (бөлігін)балаларөсіп,үйленіп,өз отбастарын құрып, бала- шағалы болып, қарызға белшелерінен
батқанға дейін күтпей, құруға болады. Өкінішке орай, көпшілігінде жас жұбайлар, жұмыс істемей-ақ жатып, өмірбақи қиын жағдайларға кезігумен болады. Көптеген ата-аналар соңғы баласы отау тігіп, үйден кеткен сəтінен бастап, кəрілікке əлсіз дайындалғандарын сезіп, ақша
жинай бастайды. Осы кезде, олардың өз ата-аналары ауыра бастайды, сөйтіп бұларда тағыда шығындар арта түседі. Сонымен, мен Сізге
немесе балаларыңызға қандай активтерді сатып алуға кеңес берер едім?
Мен өмір сүріп отырған ортада, нақтылы активтер бірнеше категорияға бөлінеді:
- Бизнес иесінің қатынасуын қажет етпейтін түрі. Ол маған
қарайды, бірақ оны басқа адамдар басқарады. Егерде, мен онда жұмыс істеуге мəжбүр болсам- ол бизнес емес. Ол менің жұмысым.
- Акциялар. 3.Облигацнялар. 4.Өзара қорлар.
5.Табыс əкелетін жылжымайтын мүлік. 6.Векселдер жəне қарыздар колхаттары.
- Шығармашылыққаламақылары:музыка,кітаптар,сценарийлер, латенттер.
- Басқа құнды пайда əкелетін, бағасы тез өсетін жəне тез сатылатын кез келген меншік.
Менің кішкентай кезімде, оқымысты əкем, маған түбінде тұрақты жұмыс тауып алуыма кеңес беретін. Ал бай əке, өзіңе ұнайтын активтерді сатып ал,деп ақыл айтатын. «Өзіңе ұнамайтынды, сен істемейсің».
Мен қозғалмайтын мүлікті жəне жерді сатып алушылығым, олар маған өте ұнайды.
Сондықтан, жылжымайтын мүлікті іздеп, сатып алуды жақсы көремін. Мұнымен күні- түні айналысуға бармын. Егерде кейбір проблемалар туындаса, олар менің жылжымайтын мүлікке деген құштарлығымды жоятындай күрделі емес. Егерде Сіздің көңіліңіз жылжымайтын мүлікті каламаса, онымен айналыспаңыз.
Маған кішігірім, өз жұмыстарын жаңа бастап жатқан Компаниялардың акциялары ұнайды.
Істің мəні мынада:
мен корпорация мүшесі емеспін, бірақ іштейкəсіпкермін.Маған, мысалы Калифорниядағы «Стандарт Ойл» компаниясында «Кегог»
корпорациясында жұмыс істеуге, сонымен қатар əскерде кызмет етуіме тура келді. Бұл маған өте ұнайтын сондықтан оларды сыйластық сезіммен есіме түсіремін.
Алайда, ойымның ең терең түкпірінде жатқан сезімім бойынша, үлкен компанияларды жақсы көрмеймін. Маған бизнесті басқару емес, оны бастау ұнайды. Содан барып, мен кіші компаниялардың
акцияларын жиі сатып алам, ал кей уақытта оларды өзімде құрам. Мұнда үлкен табыс табуға болады жəне бұл ойынды мен өте ұнатамын. Жұрттың көпшілігі мұндай тəуекелшілдіктен қорқады. Бұл шындығында да қауіпті. Егерде, Сізге бұл іс ұнаса жəне оған ақша салып, не істейтіндігіңізді айқын білсеңіз, қатер азаяды. Менің кіші компанияларға инвестиция салу стратегиям- ол мүмкіншіліктерді сарқа пайдалану. Қозғалмайтын Мүлікті қолға басқаларға таратарымда, ең кіші көлемдегі сомадан бастаймын, содан əрі оны біртіндеп өсіре бастаймын, арзанын қымбатқа айырбастаймын, ол таза пайда үшін, салық төлеуден босатады. Бұл жағдай таза пайданың шапшаң өсуіне ықпал етеді. Жылжымайтын мүлікті 7 жылдан артық ұстамаймын.
Мен көп жылдар бойы əскерде қызмет етіп, «Кегог»
компаниясында жұмыс істеп жүргенімде де, бай əкемнің кеңестеріне жүгінетінмін. Мен жұмысымды тастаған жоқпын, бірақ өзімнің жеке бизнесім болатын. Мен активтер колонкасында(бөлігінде) белсенді қимыл жасадым. Жылжымайтын мүліктер жəне ұсақ акциялар саудасымен айналыстым. Бай əке адамның қаржы сауаттылығы жөнінде үнемі айтатын. Бухгалтерлік есепті жəне қаржының ерекшеліктерін толық білу, маған инвестицияларды терең талдауға, ең соңында өз компаниямды құруға мүмкіншілік беретін. Мен ешкімге де, егер өзі қаламаса, компания деп айтпаған болар едім. Осының барлығының не екенін білгендіктен, мен ешкімге ешуақытта кеңес бермеген едім. Əрине, адам жұмыс таба алмауы мүмкін. Сол уақытта өз компаниясы, оған өмір сүру көзі болады. Бірақ, табысқа жету оңай емес.. Бес жылдың ішінде, 10 компанияның 9-ы құлайды. Бес жылдан кейін аяғынан тұрып кешендерінің ішіндегі онының, тоғызы
банкротқа ұшырайды. Міне, сондықтан осындай жағдайлардан кейін, компания ұстауды тек қана барлық ынта- жігерімен, өзін осыған сарп
еткен адамға ғана кеңес берген болар едім. Керісінше жағдайларда, жұмысты тастамай, сонымен қатар өз ісіңнің болғаны дұрыс.
Мен, өз ісін болсын дегенде, айтарым: активтер колонкасын
(бөлігін) тұрақтандарып, өсіру деген сөз, Егерде оған 1 доллар түссе, оның ешуақытта жоғалып кетпеуін қадағалаңыз. Оны өз
жұмыскеріңіз, деп есептеңіз. Ақшаның ең жоғарғы қасиеті- ол сөткенің 24 сағат бойы, ұрпақтан ұрпаққа дейін еш тоқтаусыз жұмыс істейді. Қалыпты жағдайда, керек болса одан да екпінді
жұмысыңызды істей беріңіз, бірақ өз активтер колонкаңызды (бөлігін) ұмытпаңыз. Сөйтіп, ақша түсімі өскен сайын, өзіңізге керекті
заттарды, мүліктерді сатып алуға жағдайыңыз келеді.
Бай адамдар бір нəрселерді ең соңында сатып алады (бұл
олардың маңызды ерекшеліктері), ал кедейлер мен орта клас өкілдері- бірінші болып.
Олар бай болып көріну үшін, зəулім үйлерді, асыл заттарды, яхталарды, қымбат тондарды жəне т.б. сатып ала бастайды. Олар
бұған тырысумен болады, бірақ шындығында белшесінен қарызда болады. Ал байлар алдымен тұрақты активтер колонкасын (бөлігін)
құрайды.
Осыдан түскен табыс өскеннен кейін ғана, байлығын ерекше
көрсете алатын салтанатты заттар мен мүліктерді сатып ала бастайды. Кедей жəне орта класс өкілдері бұларды үлкен тер төгушілікпен сатып алады.
Шын салтанат көзі- ол өз ақшаңды нактылы активке салып, көбейтіп табыс табушылық. Мысалы, біз əйеліміз екеуіміз, өзіміздің
көп пəтерлі үйімізден түскен ақшамызды басқаларға да, əйелім өзіне
«Мерседес» машинасын сатып алды. Бұл бізді қиындыққа немесе бір қатерге соқтырған жоқ, себебі; ақшаны жылжымайтын мүлік- үй
берді. Əрине, оның жылжымайтын мүлікке салған инвестициясы өсіп, таза пайда келтіргенше, оған 4 жыл күтуге тура келді. Дегенмен, бұл
əйелімнің актив колонкаларын (бөлігін) қалай көтеру керектігін дəлелдей білгендігінін белгісі- салтанатты зат түріндегі сыйы еді. Бұл қаржылық тапқырлықты ұтымды пайдаланудың үлгісі. Жұрттың көпшілігі импульстің ықпалымен жаңа машинаны немесе басқа заттарды банкіден кредит алып сатып алады. Осындай тəсілмен басқаларға салтанатты дүние адамға қуаныш əкелмейді.
қарыздан құтылғанша бей- берекеті кетеді. Міне, енді Сіз ерінбей инвестиция салып, өз ісіңізді құрдыңыз, тағы бір сиқырлы рецепті пайдалануға даярсыз- ол байлардың ең үлкен қүпиясы. Осы құпияның нəтижесінде байлар соншалықты бай. Бұл, Сіздің өзіңіздің жан-жақты
ойласып, үлкен шыдамдылықпен құрған бизнесіңіздің соңында күтіп тұрған сыйыңыз.
V-Тарау Төртінші сабақ |
Салықтар қалай пайда болды жəне корпорациялардың артықшылықтары неде? |
Мектепте Робин Гуд жəне оның көңілді жолдастары туралы оқығандарыңыз есімде қалыпты.
Оқытушы бұларды байлардың ақшаларын тартып алып, кедейлерге үлестіріп беретін, өмірлері романтикаға толы батырлар
еді,дейтін. Бұл солардың тарихы деп түсіндіретін.
Менің бай əкем, Робин Гудті батыр емес қарақшы дейтін. Қазір Робин Гуд жоқ болсада, оның ісін жалғастырушылар бар. Мен мынандай сөздерді жиі естимін: «Осы үшін неге байлар төлемейді?» немесе «Кедейлер үшін байлар салықты көп төлесін». Мұндай
«робиңгудтық», яғни байлардан ақшаны тартып алып, кедейлерге берушілік идеясы, аяғында айналып келіп, сол орта класс өкілдері мен кедейлер үшін, үлкен проблемалардың бірі болды.
Өйткені, сол Робин Гуд идеясы негізінде орта класс өкілдері енді салық төлеушіліктен запа шегуде. Шындығында, салықты байлардан жинамайды. Мұның ауыртпашылығын негізінен орта класс өкілдері көтереді, кедейлер үшін салықты олар төлейді, əсіресе оның жоғары сауатты бөлігі.
Мұның механизімін дұрыс түсіну үшін, оның барлығын тағыда тарихи перспективалық тұрғыдан қарауымыз керек.
Салықтар тарихын еске түсірелік. Менің оқымысты əкем, білім
беру тарихының маманы болатын, ал бай əкем- салық тарихының. Бай əке, бізге Майк екеуімізге, алғашқы кезеңде Англияда жəне Америкада салық болмаған,- деп түсіндіретін.
Кей уақытта соғыс шығындарын өтеу үшін, уақытша ақша жиналатын. Король немесе Президент үндеу салып, əр адам өз үлесін
қосуды сұрайтын.
Мысалы, Англияда 1799-1816 жылдары Наполеонмен соғыс үшін салық жиналған, ал Америкада 1861-1865 жылдарғы Азамат соғысы кезеңінде.
Ақырында Англия 1874 жылдан бастап тұрақты салық төлеуді өмірге енгізеді. Америка 1913 жылы өз Конституциясына 16-шы
өзгерісті енгізіп, табыс салығын төлеуді тұрақты түрге айналдырады, дегенмен, Англияда да, Америкада да өз азаматтарының салықты
тұрақты түрде төлеу қажеттілігіне көздерін жеткізу үшін, 50 жыл уақыт қажет болған. Бұл тарихи деректер, салық түрлері тек қана байлардан ғана алынсын дегенді көрсетпейді.
Бай əке нақ осы жағдайға біздің назарымызды аударды. Оның түсіндіруінше, салықтар идеясы кең таралып, халық тарапынан қолдау тапқан себебі: кедейлер мен орта класс өкілдеріне, салық төлеушілік байларды жазаға тарту үшін енгізіледі деп түсіндірген.
Міне, сондықтан халық осы Заң үшін дауыс беріп, оны Конституциялық күші бар түріне айналдырған. Алайда, Заң байларға қарсы қабылданғанмен, кедейлер мен орта класс өкілдері осы Заңды қолдан дауыс бергендерімен, ақырында өздеріне қарсы қабылданған болып шығады.
Мемлекет ақшаның түсе бастағанын көрген соң, оның араны ашыла түсті дейді,- бай əке.
Біз, сенің əкең екеуіміз, қарама-қайшылықтамыз. Ол мемлекеттік бюрократ, ал мен капиталистпін.
Біз ақша табамыз жəне өз жетістіктерімізге қарама- қайшылықты тəсілдермен кол жеткіземіз. Мысалы, олақшаны,ақшашығарып,
адамдарды жалдау арқылы табады. Ақшаны көп жұмсап, көп адам басқарған сайын, оның мекемесі үлкейе түседі. Мемлекет құрылымында: неғұрлым кəсіпорындар мен Мекемелер үлкен болса,
солғұрлым оның қадірі арта түседі. Ал менің мекемеде инвесторлар неғұрлым адамдарды аз алып жəне соғұрлым оларға аз ақша жұмсағаным, үшін мені қадірлейді. Міне, сондықтан мен мемлекеттік шенеуніктерді жақсы көрмеймін. Олардың мақсаттарының көпшілігі іс адамдарының мақсаттарынан үлкен айырмашылықтары бар.
Мемлекет үлкейген сайын, оған сондай көп ақшалар қажет бола бастайды, біз оны салықтар түрінде төлейміз.
Менің оқымысты əкем, мемлекет адамдарға көмектесуі керек,- деп шынайы сенетін. Ол Джон Кеннедиді жəне оның "Бейбітшілік
корпусы" атты (американдық еріктілерді, даму жолындағы елдерге жұмысқа жіберу) идеясын жақсы көретін. Мұның оған ұнағаны соншалықты, ол мамам екеуі осы «Бейбітшілік корпусына» мүше болып кіріп, Малайзия, Тайланд жəне Филиппин елдеріне еріктілерді дайындауға ат салысты. Білім беру бөліміне жəне "Бейбітшілік корпусына" адамдарды көптеп тарту мақсатында, ол бюджетке гранттар мен ақшаның көп түсушілігіне құлшыныс жасайтын. Бұл оның жұмысы еді.
Мен он жасымнан бастап, бай əкеден-мемлекеттік шенеуніктер
жалқау, ұрылар дегенді ести бастадым, ал керісінше кедей əкем, байлар- сараң алаяқтар, оларды көп салықтар төлеуге мəжбүр ету
керек, - дейтін. Бір себептен екеуінікі де дұрыс еді. Бірі, қаланың ірі капиталисі əкеме жұмыс істеп, кешке қоғам қайраткері өз əкеме оралу,
маған оңай емес еді.
Қайсысына сену керек?
Дегенмен, салықтар тарихын зерттесек, қызық тенденциялардың барлығын көреміз. Мен жоғарыда атап өткенімдей, салықтар туралы Заңның қабылдануы көпшіліктің «робингудтық» экономикалық теорияғасенгендігіеді,яғни,байларданбарлығынтартыпалып,
қалғандарға бөліп беру идеясы. Мұның проблемасы мынада: мемлекеттің аранының ашылғаны соншалықты, салықты орта класс
өкілдерінен де алуға тура келеді, бүгінгі күнге дейін оның шекарасы əлі төмен қарай түсуде. Ал, байлар бұдан бірден өздеріне жаңа мүмкіншіліктердің бар екенін көреді. Олар енді бұрынғы ескі ережелермен ойнамайды. Жоғарыда айтылғандай, сол уақыттың өзінде байлар корпорацияны құруды үйренген еді. Меншіктің бұл түрі, əсіресе əскери-теңіз флотын құру кезеңінде кең тараған болатын. Бай адамдар əр саяхат сайын, күрделі салымдардың жойылып кету Қаупін азайту үшін, корпорациялар құрған.
Саяхаттардықаржыландырумақсатында,оларөзақшаларын корпорацияға
біріктерген.
Одан кейін корпорациялар, жаңа жерлерден асыл қазыналарды алып келу үшін, арнайы командаларды жалдаған, кемелер қасіретке ұшырап, командалар құрып кеткенде, байлар тек қана осы корпорацияға бір саяхат үшін, қосқан ақшасынан ғана айырылған.
Төмендегі схемада, корпорацияның жеке адамның қаржылық есебінен калай шығатындығы көрсетіледі:
Корпорация идеяларының құқықтық негізі- байларға, кедейлер мен орта класс өкілдеріне қарағанда басымдылық береді.
Мені екі əке тəрбиеледі: социалист жəне капиталист.
Капиталистің қаржы жөніндегі философиясының ойға қонымды екенін тез түсіндім, ал социалистер болса ақыр соңында қаржылық білімдерінің жетіспеушілігінің салдарынан өз-өздерін жазалайды, деп шешті. «Байлардағының барлығын тартып аламыз!»- деп қиқу салатындар не ойлап тапсада, байлар оларды алдап кететін жолды табады. Міне,сондықтанда салық төлеу ақырында орта класс өкілдерінің үлесіне деген еді. Байлар зерделі қауымның көпшілігінің қаржы туралы ештеңе де білмейтіндіктерін пайдаланып, алдап кетіп отырған.
Барлығын алдап кетуді байлар қалай жүзеге асырған?
«Байлардағылардың барлығын тартып аламыз!»,- деген салық өмірге енгенде, мемлекет қазынасына ақша құйыла бастайды. Бас кезінде барлығы да риза болады. Сөйтіп, ақша мемлекеттік қызметшілерге жəне байларға түсе бастайды. Қызметшілер ақшаны еңбекақы жəне зейнетақы түрлерінде, ал байлар өздерінің заводтары мен фабрикаларының мемлекетпен келісімшарт жасау түрінде.
Мемлекет үлкен көлемдегі ақшаның иегері болады, бірақ бұдан қаржыны қазыналық басқару қиындығы туындайды. Бұл ақша ағымының қолайлығын тоқтатқандаймен бірдей болады. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекет шенеуніктерінің тарапынан ақша артықшылығынан қашқақтау, деген сөз. Егерде Сіз бөлінген қаржыны игере алмасаңыз, онда келесі бюджетте ол Сізге берілмеуі де мүмкін. Мұндай экономика үшін Сізді ешкімде мақтамайды. Ал бизнесмендер болса мұндай жағдайға қуанышты болады, себебі: егерде оларда артық
пайда болса, өндірістері одан əрі тиімді жұмыс істейді. Дегенмен, мемлекетке көп ақша жұмсауға тура келеді, сондықтан ақша
сұранымы арта түседі, сөйтіп «Байлардағылардың барлығын тартып аламыз!» деген идея, енді қоғамның аз табысты бөлігіне де тарала бастайды, ақырында осы идеяны қолдаған кедейлер мен орта класс өкілдеріне де жетеді.
Нағыз капиталистер өздерінің қаржылық білімдерін епті пайдалана отырып, бұдан шығу жолдарын тапқан.
Оларкорпорациялыққорғаутəсілінеқайтаоралған.Сөйтіп,өз мүдделерін
қорғау мақсатында корпорациялар құрған. Жұрттың көпшілігіне корпорацияның не екені белгісіз бұл шындығында өмірде жоқ көрініс. Еш мемлекеттік тіркеу агенттігінен өтіп, бір заңгердің кеңсесінде жатқан бірнеше парақ қағаздардан тұратын жəй папка ғана.
Маңдайшасына корпорация аталымы ілінген кішкене бір ғимарат, не фабрика немесе адамдар тобы емес. Бұл тек қана занды құжат арқылы құрылған жансыз -заңды тұлға.
ТұрақтысалықтуралыЗаңныңпайдаболғанынанбастап, корпорацияны құру кең тарала бастайды, оның себебі: корпорация
табысынан алынатын салық жеке тұлғалардан алынатын салық көлемінен кем. Оның сыртында жоғарыда айтылғандай, кейбір шығындарды салық төленгенше өз ішінде жабуға болады. Байлар,
сөйтіп тағыда ұтымды жағдайда қалады.
Байлар мен кедейлердің арасындагы бұл соғыс 100 жылдан бері жалғасуда. «Байлардағылардың бəрін аламыз!», деп айғайлаушы тобыр, байлармен əлі күресуде. Жаңа Заң қабылданғанда, соғыс əрқашан болады, бұл ғұмыр бойы солай болады. Мұның проблемасы
сол: кімнің қолында нақтылы ақпарат жоқ. сол қашанда ұтылады. Ал, олар: азаннан тұрып, жұмысқа барып, содан кейін салық төлеушілер.
Егерде олар байлардың қалай ойнайтындықтарын түсінсе, солай ойнауға мүмкіндіктері болған болар еді. Сөйтіп, қаржылық тəуелсіздікке қол жеткізген болар еді.. Сондықтан əке-шешем тарапынан, мектепте жақсы оқып, тұрақты жұмыс табу керектігін естіген сайын, мұрнымды тыржитумен болатынмын. Тұрақты жұмысы бар, бірақ ешқандай қаржылық тапқырлығы жоқ қызметкердің, жаман шеңберден шығуға мүмкіндігі жоқ.
Бүгінгі танда Американың орта тұрғыны, мемлекетке барлық салықтарын төлеу үшін, кем дегенде 5-6 ай тегін жұмыс істейді. Мен мұны үлкен мерзім,- деп есептеймін. Адам қаншалықты ынталы жұмыс істесе, соншалықты мемлекетке төлейді. Сондықтан, мен
«Байлардағылардың бəрін тартып аламыз!», деген идея, бір уақытта осыны қолдап дауыс бергендердің өздеріне қарсы болып шықты,- деп есептеймін. Жұрт қашанда байларды тəртіпке саламыз деп ұмтылғанда, байлар бағынбайды, қарсы қимыл жасайды.
Оларда ақша да, билікте бар жəне бірдеңелерді өзгертуге ықыластары бар. Олар қолдарын қусырып жəй отырмайды. Өз еріктерімен салықтар төлемейді. Керісінше, салықтарды аз төлеу
тəсілдерін іздестіреді. Жақсы заңгерлерді, бухгалтерлерді жалдайды,
саясаткерлерді заңдарды өзгертуге немесе бір мүмкіншілік жасауға үгіттейді. Бұған оларда қаржы бар.
АҚШ-тың салық Кодексінде, салықтан үнемдеушілік жасайтын, басқа жолдары да бар. Мұны барлық адамдар пайдалана алады, бірақта оны тек қана байлар қадағалайды себебі: олардың өз
бизнестері бар.
Мысалы, «1031-ші бөлік» делінген ішкі табыстар кодексінің
бөлігі, жылжымайтын мүлікті одан да қымбат жылжымайтын мүлікке сатудан түскен пайдадан, сатушыға салық төлеуді кейінге қалдыруға мүмкіншілік береді, Жылжымайтын мүлік саудасы, салық төлеудегі оңтайлы тəсілдерінің бірі. Сөйтіп, өзіңіздің жылжымайтын мүлігіңізді,
одан қымбат жылжымайтын мүлікке айырбастағанша Сізден салық алынбайды. Осындай ашық түрдегі салық ауыртпалығын азайту мүмкіншілігін пайдаланбаған адамдар, өздерінің активтер колонкасын (бөлігін) көбейтуді уыстарынан шығарып алады.
Кедейлер мен орта класс өкілдерінде мұндай ресурстар жоқ.
Олармемлекеткеөзқандарынсорғызып,маңдайтерлерінтөгіп, жайбарақат жүреді. Үкіметтен қорыққандықтарынан, үлкен салықтар
төлейтін көптеген адамдарды жиі қездестірем.
Салық жинаушылардың қатары да белгілі. Кейбір менің достарымның компанияларын жауып та тастаған кездері болды, соңынан бұлардың барлығы да қате екендіктері анықталды. Мен мұның бəрін түсінем.
Дегенмен, мемлектке қаңтардан мамырдың ортасына дейін тегін жұмыс істеу- бұл үрей үшін төленетін ең жоғарғы баға. Менің кедей əкем, мұндай ахуалға ешқашанда қарсы шықпайтын. Бай əке ол да мұны істеген жоқ.
Ол корпорацияны (байлардың басты ұдайы) пайдалана отырып, бұл ойынды ақылмен ойнайтын. Менің бай əкемнен алған, бірінші
сабағымды есіңізге түсіріңіз. Маған, 9 жасар балаға, ол мені қабылдап сөйлескенше, қаншама күтуге тура келді. Содан кейінде, мен талай рет, оның қашан көңілі түскенше қабылдауын күтумен болдым.
Мұның бəрін ол текке істеген жоқ. Ол, маған өзінде қандай биліктің бар екенін түсіндірді, осындай билік менде де болуы керектігін көрсетті. Бай əке қашанда, білім ол күш, деп түсіндіретін. Ақша үлкен күш береді, ал оны ұстап жəне көбейту, тек қана тиісті білімнің арқасында ғана жүзеге асыруға болады. Қажетті білімсіз- өмір Сізбен футбол добы секілді ойнайды.
Бай əке, Майк екеуімізге, түбінде біздің негізгі жауымыз, қожайын немесе бастық емес, ол салық инспекторы болатындығын
қайта-қайта айтатын. Егерде сендер салық инспекторына мүмкіншілік тудырсаңдар, ол сендерден салықты қашанда көп алуға тырысады.
Ақша үшін жұмыс істемей, керісінше оны өздеріңе жұмыс істету
үшін, билік кімнің қолында, соны білу керек. Егер Сіз ақша үшін жұмыс істесеңіз, онда билікті жұмыс берушіге бересіз. Егер ақша Сіз үшін жұмыс істесе, онда билік Сіздің қолыңызда.
Майк екеуіміз бұл идеяны түсінгенімізде, бай əке бізге каржы жөнінде білім алып, басқаларға жем болмауымызды талап етті. Ақшаның барлық қызмет ету жүйесін, жəне заңдарды білу керек,- деді. Сауатсызды алдап, пайдалану- оңай іс. Ал, егерде Сіз не айтып отырғаныңызды білсеңіз, онда Сізде табысқа жету мүмкіншілігі бар. Ол, сондықтан да бухгалтерлер мен заңгерлерге үлкен жалақы төлейтін. Бұл бəрібір мемлекетке төлегеннен гөрі, арзанға түсетін.
Мен үшін үлкен сабақ болып есте қалғаны оның: «Ақылды бол, сонда ешкімге жем болмайсың», -деген сөзі еді. Ол заңды білетін, себебі: ол заңдылықты қастерлейтін адам еді. Егер заңдылықты
білмесе, ол мұндай дəрежеге жетпеген болар еді. «Егер сен, өзіндікі дұрыс екенін білсең, кімге болса да, қарсы соққы беруден қаймықпайсың»,- дейтін ол. Керек болса Робин Гуд жəне оның көңілді достарына қарсы шыға аласың,-дейтін.
Менің жоғарғы білімді əкем, қашанда маған келешегі үлкен корпорациядан жақ сы орын тауып алуыма кеңес беретін, сонымен қатар «лауазым басқышымен жоғары көтерілуімді» жақсы көретін. Алайда, егерде мен корпорацияға ақша үшін жұм ысқа кірсем, онда сауы н сиыр сияқты болатындығымд ы, ол түсінбейтін. Бұ л кең ес туралы, бай əкеге айтқанымда, ол мырс етті де, айтқаны:
-Өйткенше ол басқышты иемденсе қайтеді?»-деді.
Бала кезімде, бай əкенің «корпорация менің өзіме қарауы керек» дегенін түсінбейтінмін. Бұл идея маған ол уақытта тіпті мүмкін емес,
əрі өзі қорқынышты еді. Ол мені қызықтырғанмен, балаға корпорация қалай қарайды жəне оған ересек адамдардың қалай жұмыс істейтіндіктерін елестету қиын болатын. Егерде, менің бай əкем болмағанда, мен сөз жоқ оқымысты өз əкемнің кеңесін қолданған болар едім. Егерде бай əке, анда-санда корпорацияны иемдену керек,- деп ой салып отырмағанда, мен басқа жолмен кеткен болар едім.
Бірақ, мен 15-16 жасқа келгенімде, оқымысты əкемнің айтқан жолдарымен жүрмейтінімді білдім. Мен оны қалай істейтіндігімді əзір білмегенмен, өзімнің класстас достарымның көпшілігінің қалаған бағыттарымен жүрмейтіндігімді анық білдім.
Бұл шешім менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Мен, 20 мен 30 жастың аралығында бай əкенің берген сабақтарын нақтылы түсіне бастадым. Мен əскердегі қызметімді аяқтап, «Кегок» компаниясына
жұ мысқа орналастым. Көп ақша таптым, бірақ əр ай сайын еңбек ақы чегін қолыма алғанда, көңілім қалатын. Төлемдер де жеткілікті еді,
жұмысты көп істеген сайын, олар да шапшаңдықпен. Ақырында бастықтар қызмет бабында менің өсетіндігімді, жалақыға қосымшалар төленентіндігі туралы айта бастады, мұны есту, мен үшін, əрине
қуанышты еді, дегенмен, бай əкемнің: «Кімге жұмыс істеп жүрсің?,
«Кімді бай қылмақсың?»-деген сездері басымнан шықпай қойды.
1974 жылы «Кегог» компаниясында жұмыс істеп жүріп, мен
өзімнің бірінші корпорациямды құрдым, сөйтіп «өз ісімді» бастадым. Менің активтер колонкамда (бөлігінде) бірнеше пункттер бар еді, енді мен бұлардың мөлшерін көбейтуге кірістім. Еңбек ақыдан алынып төленетін төлемдер көрсеткендей, бай əкенің бізге ғұмыр бойы айтқандарының қаншалықты шындық екені айқынд алды. Егерде, мен оқымысты əкемнің кеңестерін басшылыққа алғанымда, мені не күтіп тұрғанын сездім.
Жұмыс Берушілер көп жағдайда, жұмыскерлеріне өз бизнестерінді ашындар, -деп кеңес бермейді“ өйткені бұл олардың
ісіне зиянын тигізеді, -деп есептейді. Əрине, кейбір жағдайлар да бұл əділетті. Алайда, мен барлық зейінімді өз ісіме бағыттап, активтер сатып ала бастағанымда, мен жұ мысты одан да ынталы істей бастадым. Сөйтіп, менің алдымда нақтылы мақсат тұрды.
Жылжымайтын мүлік сатып алу үшін, ақша жинау мақсатында, мен жұмысқа ерте келіп жəне үлкен жігермен жұмыс істеуге кірістім.
Гаваяда бұл кезенде нағыз дағбырт (бум) басталып, яғни байлық жасауға мүмкіндіктер туған еді. Мен мұны жақсы түсінген сайын,
көшірме жасайтын аппаратты көбірек сата бастадым. Оларды көп сатқан сайын, көп табыс таба бастадым , əрине менің жалақымнан салықта көп алына бастады. Бұл маған шабыт берді. Бұл тұзақтан шығу үшін, одан да шабытты жұмыс істедім.
1978 жылы, мен компанияның сауда агенттерінің бірінші бестігіне еніп, талай рет бірінші орынды жеңіп алдым. Енді
«егеуқұйрық жүгірісі» шеңберінен шығуды армандадым. Үш жылдың ішінде, мен өзімнің жылжымайтын мүлікке мамандандырыла бастаған кішкентай жеке корпорациямнан табысты, «Кегог»компаниясындағы табысымнан артық таба бастадым. Сөйтіп, Менің жеке қоорпорациямнан активтер колонкасына (бөлігіне) түсе бастаған
ақша-бұ л ақшаның маған қызмет ете бастағанының белгісі еді. Мен енді əркімнің есігін қағып, көшірме жасайтын аппаратты сатушы емес едім. Бай əкенің кеңестері, нақтылы іс барысында, одан да тегеурінді болып шықты.
Өз меншігімнен түскен ақша ағымының өскендігі соншалықты, маған бірінші рет «Порше» автокөлігін сатып алуға жағдай туды.
«Кегогтағы»əріптестерім, мен жалақымды жұмсаудамын деп ойлады. Бірақ, бұ л олай емес еді. Менің жалақым активтерді сатып алуға
кететін. Солай менін ақшаларым, өзіме үдемелі жұмыс істей бастады. Активтер колонкасындағы (бөлігіндегі) əрбір доллар жұмыскер болып, «жұмыскерлердің» көбейулеріне ықпал етіп қожайынына салық алынбайтын жана «Порше» сатып алуына қолын жеткізді.
«Кегог» компаниясына үлкен тырысушылыкпен жұмыс істедім.
Жоспар іске аса бастады, оның куəсі менің сатып алған жана машинам. Бай əкенің кеңестерінің нəтижесіңде «егеуқұйрық жүгірісінен» тезірек шығуыма жағдай туды. Мен бұларды осындай сабақтардан алған, қаржылық білімім негізінде жасадым.
Мұндай білімсіз, оны мен LQ деймін, мен үшін қаржылық тəуелсіздік жолы əлде қайда қиын болған болар еді. Енді мен алған біліміммен бөлісу ретінде, басқаларды семинарларда оқытудамын.
Қаржылық LQ -бұ л барлық салаларға қатынасы бар, білім жиынтығы екенін оларға айтудан жалықпаймын. Біріншіден бұл бухалтерлік есеп. Мұны қаржылық сауаттылық,-деймін. Бұл, өз империясын құрушылар үшін, қажетті дағды болуы шарт. Көп ақшаға жауапты бола бастаған сайын, одан əрі дəлдікпен нақтылы есеп талап етіледі, олай болмаса салып жатқан үйіңіздін тас тапқаны шығады.
Қаржылық сауаттылық-бұл қаржы есебін оқу жəне түсіну. Ол көрінген бизнестің əлді де, əлсіз де жерлерін көрсетеді.
Екіншіден, инвестициялар салуды білу. Мұны, мен ақша ақшаны қалай жасайтындығы туралы ғылым, -деймін, Ол қажетгі стратегиялар мен формулаларды қамтиды, творчестволық бастама керек.
Үшіншіден-ол нарық білімі туралы, Бұл ұсыныс жəне сұраныс Ғылымы Нарықтың Эмоциямен басқарылатын «техникалық» аспектілерін білу қажет. Нарықтың тағы бір факторы- бұл «негізгі» немесе бір сөзбен айтқанда экономикалық тиімділігі. Ағымдағы нарық жағдайында, көрінген капиталдық салымның маңызы бар ма?
Əңгіме осында. Көп адамдар инвестиция тұ жырымы жəне нарық экономикасы балалар үшін, өте күрделі, -деп есептейді. Бірақ, олар балалардың мұны инстинкті түрде білетіндіктерін түсінбейді.
Жұмыс берушілер көп жағдайда, жұмыскерлеріне өз
бизнестеріңді ашыңдар, -деп кеңес бермейді, өйткені бұл оларды ісіне зиянын тигізеді, -деп есептейді. Əрине, кейбір жағдайлар да бұл əділетті. Алайда, мен барлық зейінімді өз ісіме бағыттап, активтер сатып ала бастағанымда, мен жұмысты одан да ынталы істей бастадым. Сөйтіп, менің алдымда нақтылы мақсат тұрды.
Жылжымайтын мүлік сатып алу үшін, ақша жинау мақсатында, мен жұмысқа ерте келіп жəне үлкен жігермен жұмыс істеуге кірістім.
Төртіншіден-ол Заң. Егерде Сіз, өз корпорацияңызды бухгалтерлік іс, инвестиция жəне нарық негізінде құрып, оған заңдылықты қоса білсеңіз, онда ол тез аяғынан тұрып кетеді.
Корпорацияның тиімділігін салық төлеу тұрғысынан жəне оның заңды түрде қорғалатындығын жақсы білген адам, басқа қызметші немесе ұсақ бизнес иесінен бұрын тез байып кетуіне жағдайы мол. Бұл жаяу жүрген адаммен, самолетпен ұшқан адамның айырмашылығындай.
Байлықтың ұзақ мерзімді болашағы тарапынан да бұл өте маңызды.
Салық төлеудегі артықшылығы. Корпорацияның бір адамның қолынан келмейтін істерді атқаратын көптеген мүмкіншіліктері бар. Мысалы, салық алынғанға дейін, шығындарды төлеп тастау. Егерде Сіздің қомақты активтеріңіз немесе өз ісіңіз болмаса, мұндай бөлек жəне өте қызықты білім саласына онша тереңге барудың қажеттілігі жоқ.
Себебі: «қызметшілер ақша табады, олардан салық ұстайды, сөйтіп қалғандарына өмір сүруге тырысады. Корпорация табыс
табады, мүмкіншілігінше бəрін жұ мсайды, содан кейін қа лғанынан ғана салық төлейді.
Бұл байлардың салық төлеудегі ең үлкен айлаларынын бірі. Егер Сізде жақсы табыстар əкелетін инвестициялар көзі бар болса, онда корпорацияны тез кұ рып, қолдануыңызға болады.
Сот істерінен қорғау. Біздің қоғамда соттасуды жақсы көреді.
Сіздің дастарқаныңыздан əркім, əйтеуір бірдеңе алғысы келеді. Ал бай адамдар өздерінің активтерін кредиторлардан қорғау үшін, өз байлықтарының үлкен бөліктерін корпорациялар жəне трестер арқылы жасырады. Егерде біреу байды сотқа берсе, оны толып жатқан жүйелі заң жүзіндегі қорғаушылықпен кезігеді, сөйтіп байдың есебінде ештеңе жоқ екендігіне көзі жетеді. Ол бəрін басқарады бірақ өз атында, одан іліп аларлық ештеңе жоқ сияқты болып көрінеді.
Кедейлер мен орта класс өкілдері өздерінде барлығының
болғанын жақсы көреді, бірақ олар өз мүліктерін мемлекеттің немесе сот шешімінің талаптары бойынша, бірінші кезекте-ақ пəледен аулақ, - деп таратып беруге даяр. «Байлардан тартып алып, кедейлерге беріңдер», -дегенге олар Робин Гуд кезеңінен бастап үйренген.
Бұл кітапта мен корпорацияны қалай басқару керектігіне топшылаймын. Бірақ, мынаны айтамын: Егерде Сізде заңды түрде қандай да болмасын активтер бар болса, онда корпорациядан қандай пайда бар екенін тезірек білуге ұмтылу керек. Бұл тақырыпқа жазылған кітаптар жеткілікті, олардан корпорацияны қалай құруға болатындығы жөнінде толық мағлұмат ала аласыз.
ҚаржылықLQбұлəдіспендарындылықтыңнақтылықоспасы, кұймасы. Бұлар жоғарыда атап көрсетілген 4 тармақтарының
комбинацияларын толық қамтиды. Егер Сіз бай болғыңыз келсе, оны білуге құлшыныс жасауыңыз керек.Сөйтіп, корпорациялардың бай иелері:
1.Ақша алады. 2.Ақша жұмсайды. З.Салықтар төлейді.
Корпорацияларға жұмыс істейтін тұлғалар:
- Ақша алады.
- Салықтар төлейді. З.Ақша жасайды.
Сондықтан, біз Сізге, өзіңіздің активтеріңіз бойынша, өз корпорацияңызды құруға кеңес береміз. Сөйтіп, бұл Сіздің жалпы қаржылық стратегияңыздың бір бөлігі болсын.
Өткен кеште, осы кітапты жазудан үзіліс жасап, теледидардан Александр Грейам Белл (телефон аппаратын ойлап табушы) атты жас адамның тарихы туралы беріліп жатқан хабарды қарадым. Ол өз жаңалығын (телефон аппаратын) патентгеген соң, телефонға деген сұраныстың көпшілігі соншалықты, барлығын қамтамасыз ете алмайды. Оған үлкен компания қажет болады. Сондықтан, Белл сол уақыттағы «Western Union» атты алып корпорациясына патентті жəне сонымен қоса өзінің кішігірім компаниясын сатып алуын ұсынады.
Барлығына сұраған бағасы 100 мың доллар ғана еді. Компания Президенті оны мазақ қылып, бағасы өте күлкілі,- деп ұсынысты қабылдамай тастайды.
Оның Осыдан кейінгі тарихы бізге мəлім: Белл мультимиллиардтық өндіріс ашып, «АТQТ» компаниясын құрды іле
осы хабардан кейін, мен кешкі жаңалықтарды қарадым.
Корреспондент жергілікті компаниядағы кезекті қысқартушылық науқаны туралы айтып жатыр екен. Жұмыскерлер өте назалы түрде,
компания иелері əділетсіздік жасауда, -деп өз қарсылықтарын көрсетуде еді. Жұмыс орны қысқартылған 45 жастағы менеджер зауытқа əйелін, екі баласын ерте келіп, күзетшілерден компания
иесімен кездесіп, ол өзінің шешімін өзгертпес пе екен, -деген оймен, сөйлесуге жіберулерін жалбарынып сұ рап тұрды. Ол жақында үй
сатып алған екен, енді соны жоғалтып алам ба? -деп қорқады. Камера оның жалбарынышты түрін кең көлемде көрсетті. Əрине, мұндай репортаж менің назарымды бірден аударды.
Мен 1984 жылдан бері кəсібі ұстаздықпен айналысамын. Бұл теңдесіз бірегей тəжірбие. Дегенмен, бұл кəсіби мамандық бір жағынан айтарлықтай күрделі. (себебі: менің қолымнан мыңдаған
адамдар өтеді, сонда байқағаным, оларда жəне солардың ішінде өзімде де, жалпыға тəн бір қасиет бар. Ол барлық адамдарда алып потенциал (əлеует,мүмкіндік)жəнетаңғажайыпдарынбарекендігі.Бірақ,
барлығымызды өз күшімізге сенбеушілік тегерушілділігі жібермейді. Істің мəні механикалык ақпаратта емес, нактылығы өз күшімізге сенбеушілікте. Кейбір адамдарда, басқалармен салыстырғанда мұндай сезім анағүрлым артық сезіледі.
Мектепті аяқтау кезеңінде біздің көпшілігіміз, өмірдегі басты мəселе- ол жақсы бағалар емес екенін жақсы түсінеміз. Біздің əрқайсымыздын ішімізде батыл да жəне күшті қайсарлық бар.
Сонымен қатар, бұның керісінше жағдайы: керек болса, мүлəймсіп тізе бүгушілік, солқылдақтық тағы бар. Өз мінезімнің
осындай екі жағында. Вьетнамда əскери ұшқыш болған кезімде толық аңғардым. Бұлардың бір-біреулерінен артықшылығы жоқ.
Дегенменде, ұстаз ретінде менің аңғарғаным, адам баласының даналығы жолындағы басты кедергі - ол басы артық үрейлік пен өз- өзіне сенбеушілік. Мені кейбір шəкірттерімнің сабақты біле тұра, соған
жауап беруден қорқушылықтары өте капаландыратын еді.
Ақиқатты өмірде, жетістікке ақылдылар емес, батырлар жетеді. Өзімнің жеке тəжірбиемде байқағаным, қаржылық дарындық, білім мен тапқырлықтан ғана емес, сонымен қатар батырлықтан да туады. Сабақ барысында, мен шəкірттерімді істе батыл болуға тəуекелділікке үйренуге шақырып, өз даналықтарын бойларындағы қорқыныш өздеріне сенбеушілік сезімін жеңіп, оны тапқырлық пен біліктілікке бағыттауға үгіттейтінмін.
Біреулері мұны оңай игерсе, екіншілерінің зəре-құттары
қалмайтын. Менің көргенім, жұрттың көпшілігі, іс ақшаға тірелгенде, тəуекелділікке баспауды қолдайды. Маған: «Тəуекелдің не керегі
бар?». «Мен неге өз уақытымды Қаржылық LQ құруға жұмсауым
керек?», «Мен қаржы жөнінде неге сауатты болуым керек?»-деген сұрақтарды жиі коятын.
Оларға менің беретін жауабым: Таңдауды қалап алу,- дейтінмін.
Біздерді үлкен өзгерістер күтуде. Мен бұл тарауды жас
өнертапқыш Александр Грейама Белланың тарихынан бастаған едім. Келешекте əлемде талай мұндай адамдар шығады. Жыл сайын өмірге жүздеген осындай Билл Гейтс жəне «Майкрософт» сияқты компаниялар келеді. Сонымен бірге жаңа банкроттар да, жұмыстан босатушылықтар мен кысқартушылықтар да келеді.
Сондықтан да, өзіңіздің қаржылық LQ-нi дамытуға неге уақытыңызды бөлуіңіз керек?
Бұның жауабы, тек қана өзіңізге мəлім. Алайда, мен өзім мұны
неге істеймін, оны Сіздерге айта алам. Мұны істейтін себебім: маған осындай қызықты кезеңде өмір сүру сəттілігі түсті. Мен болашақтағы өзгерістерді қорықпай, қуанышты сезіммен қарсы алуға даярмын.
Мен, еңбекақыма қашан үстеме қосушылық болады, -деп алаңдамай, тебіреніспен табыс табуды қолға аламын. Біз бұрын-соңды болмаған
кезеңде өмір сүрудеміз. Бірнеше ұрпақ ауысқаннан кейін, адам баласы өткен кезеңдерге талдау жасап, осы кезеңді қандай тамаша дəуір болған, -деп ой өрбітеді. Бұл ескінің өліп, жаңаның туып, өте қызықты жəне күтпеген жағдайларға толы заман болғанын көрсетеді.
Неге өзіңнің қаржылық LQ дамытуға уакытыңды бөлуің керек?
Одан үлкен пайда табу үшін. Айта кету керек, мұндай жағдайда, уақытты бос өткізіп алу қауіпі бар. Біреулер еркін қорықпай алға
жүзумен болады ал қалғандары шіруге айналған құтқару дөңгелегіне жармасумен болады.
Осыдан 300 жыл бұрын, жер байлық көзі болатын.
Сондықтан жері бар адам- ең бай адам, деп есептелетін. Ол уақытта алып заводтар құрылысы жүргізіліп Америка жер жүзіндегі билікті жаулап ала бастаған еді. Басты байлық өндірісте болды. Қазіргі кезеңде басты байлық ақпарат. Ең бай адам-ол қазіргі замандағы ақпаратқа ие болушы тұлға. Бұның проблемасы: ақпарат жер жүзінде жарық шапшаңдығымен пара-пар тез таралуы. Мұндай жаңа байлық түрін, жер немесе заводтар сияқты үлкен дуалдар мен қоршаулар арқылы тығып ұстауға болмайды.
Өзгерістер бұдан да үлкен шапшаңдықпен таралады. Жаңа миллионерлер саны шұғыл көбейеді. Сонымен қатар, сыртта қалушылар да болады. Қазіргі кезеңде əліде болса, ескі ұғымдардан айырылғысы келмейтін көптеген адамдарды кездестіремін. Олар
баяғы ескі қалыптың болғанын көксейді. Өзгерістерге олар қарсылық білдіреді.
Мен, жұмысын немесе үйін жоғалтқан, сол үшін техникалық прогрессті, экономиканы немесе жұмыс берушілерді айыптайтын көптеген адамдарды білемін. Өкінішке орай, мұндай проблемалар олардың өз бастарында екенін түсінбейді. Ескі идеялар-олардың басты пассивтері. Бұл пассив, себебі: осыған ұқсас идеялар-кешегі күннің активі екенін, олар аңғармайды. Ал бүгін, кешегі күн емес.
Бір кезде, мен адамдарды инвестиция салуға үйрету мақсатында, (ақша ағымы) атты ойынды ұйымдастырдым. Бір əйел бұл ойынға өз
құрбысын ерте келді. Ол жұбайынан ажырасқан, ажырасу рəсімдерін өткізу барысында, көп жағдайлардан айырылып қалған енді соған бір жауаптарды іздеп жүрген адам екен.
Құрбысы осы ойын оған көмектеседі, деп шешкен екен.
Ал ойынның құрылысы, адамдарға ақшаның қалай жұмыс істеушілігін түсіндіруге арналған еді. Ойын барысында ойыншылар баланс есебінің, табыс жəне шығыс есебімен қандай байланыста болатындығын көреді.
Сіз, осы екі есеп арқылы «ақша ағымын» көріп, активтер колонкасындағы (бөлігіндегі) айлық табысыңызды көбейте отырып жəне оларды айлық шығындарды жабатын дəрежеге жеткізіп, қалай байуға болатындығын көресіз. Мұны орындағаныңызда, Сіз
«егеуқұйрық жүгірісі» жолынан шығып, «шапшаңдық жолына» түсесіз.
Мен айтқанымдай, бұл ойын бір адамдарға ұнайды, екіншілеріне ұнамайды, ал үшіншілері оның мағынасын түсінбейді.
Сөйтіп, бұл əйел, шамасы ойын барысында, бірдеңеге үйренудің Құнды мүмкіндіктерін аңғармай қалған.
Ойынның бірінші айналымында, оның еншісіне «заттай» карточкада көрсетілген яхта тиді. Алдымен ол: «О, менде яхта бар!»,-деп қуанды.
Содан кейін,оған құрбысы табыстар мен шығыстардың жəне баланс есебінің
сандары не көрсететіндігін түсіндіруге тырысқанда, ол ренжіді, себебі: математиканы ешуақытта сүймеген екен. Барлық ойыншылар, ол
əйелге құрбысы қаржы есептерінің бір-бірімен жəне айлық табыспен қандай байланыста болатындығын түсіндіріп болғанша күтіп отырды. Соңында, яхта қанша ақша мөлшерін «жеп» қойғанын ол түсінді.
Ойын жалғаса берді, ойын барысында көп ұзамай оның тыс орны қысқартылды, содан кейін баласы дүниеге келді. Сөйтіп, ойынның бұл
бөлігінде, ол əйелдің жолы болмады. Ойын соңында оның құрбысы маған келіп айтқаны, ол өте ренжулі,- деді.
Ол сабаққа инвестицияға үйренуге келгенін айтып қайдағы бір ақылсыз ойынға қаншама уақытының текке кеткеніне өкінішті екендігі туралы айтты,- деді. Дегенмен, құрбысы оған, өзіне тереңірек үңіліп, отбасындағы ахуал, осы ойынмен ұқсастығы жоқ па екен? деп түсіндіруге тырысты. Осындай пікірді естіген соң, ол əйел төлеген ақшасын қайыруды талап етті. Оның ашуланғаны: ойын идеясы, оның өмірімен қандайда бір байланыстылықта болу мүмкіндігі, күлкілі жағдай, деп есептеді. Ақшасын қайтып алып, шапшаң шығып кетті.
1984 жылдан бастап, мен мектепте оқытпайтындарды, жұртқа үйретіп миллиондаған табыс табамын. Мектепте негізінен лекция оқумен болады. Мен оны ешқашанда жақсы көрмейтінмін, ішім пысып, көңілім əр нəрселерге ауып отыратын.
1984 жылы мен ойын түрімен жəне оны инсценировка (сахналау) арқылы адамдарды оқытуды бастадым. Ересек оқушыларға ойын
барысын, өз өмірлерімен салыстыруларына кеңес беретінмін.
Бұл өте маңызды, себебі: ойын Сіздің іс-қимылыңызды көрсетеді. Бұл лезде кері байланысты көрсететін жүйе. Лекция
тындаудың орнына, Сіз өз өміріңізге бейімлелген жеке сабақ аласыз.
Бірде, баяғы кетіп қалған əйелдің құрбысы маған телефон соғып: «оның құрбысы сабасына түсіп, ойынның тəртібі, шындығында оның
өмірінің кейбір жағдайларымен ұқсастығының бар екенін түсінгені туралы айтты», -деді ол.
Бұл əйелдің жұбайы мен екеуінің яхталары болмаса да, басқаның барлығы бар еді. Оның ызасын келтіргені, күйеуі басқа жас əйелге кетіп қалғандығында емес, 20 жыл бірге отасқанда активтердің өте аз мөлшерде жиналғандығы еді. Енді ажырасқанда, нақтылы бөлісіп алатын ештеңе болмапты. Жиырма жыл көңілді тұрмыс құрсада, одан бір, тоннадай ұсақ- түйек қажетсіз заттар ғана қалған.
Ойын барысындағы қаржылық есебінің цифрларының ызасын келтірунің себебі: оларды ол білмейтіндігін түсінді.
Оның ойынша, қаржы мəселелері- ол ер адамның ісі. Өзі үй шаруашылығымен, қонақтарды күтумен айналысқан, қаржыны күйеуі жүргізген.
Енді оның түсінгені, соңғы бес жыл бойынша, күйеуі одан
ақшаны жасырып отырған. Оның өзіне ызалануының себебі: акшаның қайда кетіп жатқандығын білмеушілігімен қатар жəне басқа əйелдің
бар екендігін сезбегендігі еді.
Үстел үстіндегі ойын тəрізді, өмір бізге лезде кері əсерін береді. Егерде осы байланысты тез игерсек, біз көп дүниеге үйренуіміз мүмкін. Жуырда мен əйеліме, химиялық тазартуға берген
шалбарымның бүлініп, отырып қалғанын айттым жұбайым күліп, менің қарнымды түртіп, шалбар отырған жоқ сенің қарның өскен,-
деді.
«Ақша ағымы» ойынының құрылуы, əрбір ойыншыға осы кері байланысты көрсету еді. Бұл Сізге таңдап, қалап алушылықты береді. Егерде Сіз ойын барысында яхта карточкасын суырып алғаныңызда,
мынандай сұрақтар туады: «Ал енді не істеуге болады?». «Сізде қандай таңдау бар?». Мəселе осында.
Ойынның мақсаты: ойыншыларды ойлауға үйрету, əртүрлі каржылық мүмкіндіктерді пайдалану. Мен бұл ойынға мындаған адамдардың қатынасқанын бақыладым. «Егеуқұйрық жүгірісінен» шапшаң шығатындар бұлар цифрларды түсінетіндер жəне каржылық ой-өрістері кең тұлғалар. Олар əртүрлі қаржылық шешімдерді тез аңғарады. Ал цифрлармен «достығы» жоқ жəне оны түсінбейтін адамдарға, ойынға бөлінген уақыт жетпей, сөйтіп «егеуқұйрық жүгірісінен» шыға алмай қалады.
Бай адамдар жайшылықта, творчествовалық оймен қимыл жасап жəне саналы түрде тəуекелге бел буады. Кейбір адамдар ойыннан көп
ақша табады, бірақ оны қалай пайдалануды білмейді. Мұндай кісілер, өмірдің нақтылы жағдайларында да өздерінің қаржылық істерін
нəтижелі жүргізе алмайтындықтарын көрсетеді. Басқалары ақшалары аз болса да, оларды басып озады.
Егерде Сіз, өзіңіздің қалауыңызды шектесеңіз, онда Сіз ескі илеялардан арылмағандығыңыздың белгісі. Менің мектепте бірге оқыған бір досым бар. Қазір ол үш түрлі жұмыста істейді. Осыдан 20 жыл бұрын, ол менің класстас əріптестерімнің ішіндегі ең байы болатын. Жергілікті қант плантациясы жабылған кезде, оның істеп жүрген компаниясы да қоса жабылады. Бұл адамның басында, тек қана ескі ұғым үлгісі қашанда үлкен тырысушылықпен жұмыс істеу ғана қалып еді. Оның ендігі проблемасы сол, ол өзіне компанияда істеген дəрежесіндегідей. Соған сəйкесті жұмыс таба алмағандығы болды. Сондықтан, қазіргі істеп жүрген жұмысына, оның кəсіби біліктілігі өте жоғары, ал жалақысы өте төмен. Сөйтіп, күн көру үшін оған үш жұмыста істеуге тура келген.
Мен, ойын кезінде өзіне «қажетті» карточкалар түспейді, деп ренжіген адамдарды да көрдім. Олар қолдарын қусырып, қарап отыратын. Қолдарына қашан қажет карточкалар түседі, -деп күтумен
болатын. Сонымен қатар, «қажетті» карточкаларды қолдарына қалай түсіретіндікті білетін, бірақ ақшалары жоқтарды да көрдім. Олар "егеуқұйрық жүгірісінен" қалай тез шығатынын біледі, бірақ ақшам жоқ. -деп шағынып, қолын қусырып қарап отыратын. Айту керек,
мұндай мысалдар өмірде де жеткілікті.
Жұрт тамаша мүмкіншіліктерді біледі, алайда оны жүзеге асыру үшін ақшалары жоқ. Ал, кейбіреулер жоғары бағалы карточкаларды суырып алып, оны дауыстап оқып, бірақ оның тамаша мүмкіндіктері
бар екенін анғармайды. Оларда барлығы бар: ақша, оңтайлы жағдай, карточка, бірақ мүмкіншілікті соқыр адамдай көрмейді.
Мұндай адамдар, осындай мүмкіншіліктерді «егеуқұйрық жүгірісі» шеңберінен шығуға арналған, қаржылық жоспарға қалай
айналдыруға болатындығы туралы ештеңе білмейді. Мұндайлар өте көп. Көпшілігі мұрнының астындағы тамаша мүмкіншіліктерді сезбейді. Бір жылдан кейін ғана, олар мұны түсінеді, бірақ бұл кезеңде басқалар бай болып та үлгереді.
Қаржылық тапқырлық- ол əртүрлі шығу жолдарын көрушілік қабілеті. Егерде Сізге мүмкіншіліктер көрінбесе, онда қайткенде өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды қалай жақсарта аласыз? Егерде Сізде мүмкіндік пайда болғанда, бірақ ақшаңыз жоқ, банк Сізге ақша бергісі келмейді, сонда бұл мүмкіншілікті калай пайдалануға болады? Егерде іс, Сіздің күткеніңіздей болмай шыққанда, осы сəтсіздікті миллион көлемінде табыс əкелетіндей қылып, сəтілікке қалай ауыстыруға болады?
Міне, қаржылық тапқырлық, деген осы. Əңгіме, істің не
болғанында емес, ол Сіздің осындай ахуалдан шығу үшін, қанша жəне қандай қаржылық шешімдер қабылдауыңызда. Бұл Сіздің қаржы мəселерін шешудегі тапқырлық ойыңыз. Жұрттың көпшілігіне бір-ақ шешім мəлім: тегеурінді жұмыс, ақша жинау жəне басқалардан қарыз алу.
Адамға қаржылық тапқырлық не үшін қажет? -деген сұрақ туады. Өзіңіздің құт- берекеңіздің ұстасы болу үшін қажет. Туған мүмкіншіліктерді, өз пайдаңызға бағыттап, жетістікке қол жеткізесіз. Табыс - уақытша дүние екені жұрттың көпшілігіне белгісіз. Ол ақша тəрізді. Егерде Сіз ақша үшін жұмыс істемей, табысты болғыңыз келсе, онда Сізге қаржылық тапқырлық қажет. Егерде Сіз «қажетті» жағдай қолыңызға қашан түскенше күтуде жүрсеңіз, оны өмірбақи күтуде боласыз.
Біздің бала кезімізде, бай əке Майк екеуімізге: «Ақша -ол нақтылы дүние емес», -деп жиі айтатын. Ол қейуақытта, біздің алғашқы рет жезден «ақша жасауымызда» қаншалықты ақша
құпиясына жақын келгенімізді еске салатын. «Кедейлер мен орта класс өкілдері ақша үшін жұмыс істейді. -дейтін ол. Ал байлар ақшаны өздері жасайды. Сендерге ақша неғұрлым нақтылы зат болып көрінсе, солғұрлым ол үшін тырысып жұмыс істейсіңдер. Егерде сендер акшаның нақтылы зат емес екенін білсеңдер, онда тез байып аласыңдар», деп ескертетін еді.
Ал, сонда ақша деген не, егерде ол нақтылы зат болмаса? деп біз таңданатынбыз.
Бұл сол, нені сол, деп тануға келіскеніміз бойынша,деп жауап
берді бай əке. Біздегі бар ең құдіретті жəне құнды актив ол ақыл-ой. Егерде ол жақсы жаттықтырылған болса, бір секундтің ішінде нақтылы жағдайда. Сіз өзіңізге ғаламат байлық жасай аласыз. Тіпті корольдер мен королевалардың осыдан 300 жыл бұрын түстеріне де енбеген байлық, дер едім.
Ұрпақтан-ұрпаққаСөзарқылығанаайтылыпкелген, жаттықтырылмаған ой-жалаңаш кедейлікті ғана тудырады.
Ақпарат дəуірінде ақша мөлшері экспонент бойынша өседі. Кейбіреулер «ештеңесіз» жəй ғана. Идеялар мен шарттар арқылы байды. Егерде Сіз биржада сауда жасап, өмір сүретін адамдардан сұрасаңыз, олар үнемі осылай істейтіндіктерін айтқан болар еді. Көп жағдайда ешнəрсесіз-ақ бір секундтің ішінде миллион табыс табуға болады. Менің «ештеңесіз» дегенімде, ол ақшаның қолдан-қолға өтпеушілігін айтамын. Барлығы келісім бойынша жасалады, мысалы:
биржа затындағы қол сілтеушілік белгі бойынша; Торонтодан
алынған,Лиссабондағысатушыныңэкрандағыдабылыбойынша; акцияны сатып алып жəне оны сату үшін, брокерге телефон соғу
сияқты кимылдар. Қолдан-қолға өткені ақша емес, тек қана келісімдер ғана.
Қаржылық тапқырлықты неге дамыту керек?
Ол Сізге ғана белгілі. Мен мұнымен неге айналысатынымды.
Сізге айта аламын. Мұны істейтінім, мен тез ақша тапқым келеді жəне оны ылғи да жүзеге асырамын. Бұл ғажайып білім.
Мен өзімнің қаржылық LQ дамытуымның себебі: ол əлемдегі ғажайып əрі ғаламат ойынға қатынасып, жеңіп шығу мақсаты. Адам эволюциясының даму барысында, осындай бұрын-соңды болмаған қазіргі кезеңінде -адамдардың бұлшық етпен емес, ақыл-оймен жұмыс істейтін уақытында, өзімнің бір кішкентай ғана үлесімді қосқым келеді. Нақ осы кезде тарих жасалынады. Бұл біршама қорқынышты да жəне өте қызықты да. Міне сондықтан, мен ақшамды өзімнің қаржылық тапқырлығыма салып, өзімнің қуатты активімді үнемі
дамытып отырамын. Мен қашанда алға ұмтылушы жұрттың арасында болғым келеді, өйткені олардың соңдарында жүргім келмейді.
Ақшаны калай жасауға болатындығы жөнінде, мына бір қарапайым мысалды қаралық.
1990 жылдардың басында, мен тұрған Финиксте экономиканың жағдайы өте нашар дəрежеде болатын. Мен, теледидардан "Қайырлы таң Америка" атты хабарды қарағанымда, бір каржылық жоспарлау маманы өзінің алғы сөзін, алдағы күтіп тұрған қайыршылық жағдайды болжамдап суреттеуден бастап еді. Ол «ақша жинаңдар», -деп кеңес берді.
«Əр ай сайын-100 доллардан салыңдар. Содан 40 жылдан кейін, мультимиллионер боласыңдар», -деді ол. Əрине, ай сайын ақшаның
бір бөлігін салып отыру жаман іс емес. Мұны көпшіліктің барлығы да біледі. Бірақ, мұның проблемасы: адам маңайында не болып жатқандығын байқаудан калады. Ол ақшаны көбейтудің ірі мүмкіндіктерін өткізіп алады. Өмір оны айналып өтеді. Мен жоғарыда айтып өткенімдей, ол уақытта экономика ауыр болатын.
Инвесторлар үшін нарықтың мұндай жағдайы өте тиімді. Менің ақшамның бір бөлігі биржада, басқасы көп пəтерлі үйлерге салынған еді. Қолма-қол ақша қолда өте аз болатын. Маңайдағылардың барлығы сатылып жатқанда, мен керісінше сатып ала бастадым. Мен ақшамды үнемдеген жоқпын, оларды салу мен болдым.
Біз əйеліміз екеуіміз, осындай шапшаң өсуші нарыққа бір миллионнан астам долларды қолма-қол салдық. Бұл инвестиция сату үшін ең ұтымды жағдай еді. Мен осындай ұсақ мəмілелерден (сделкалардан) бас тарта алмадым. Бұрын 100 мың доллар тұратын үйлер, енді 75 мың долларға сатыла бастады. Бірақ, оларды жылжымайтын мүлік саудасы жөніндегі жергілікті агенттігінен сатып алмай, соттың жанына орналасқан, банкроттық істерді қарайтын заңгердің кеңсесінде жұмыс істеуге кірістім. Оның пайдасы: бұл
жерде 75 мың доллар тұратын үйді, кей уақытта 20 мың долларға, тіпті одан да кем бағаға сатып алуға болатын еді. Бір досымнан үш
айға, үстіне 200 доллар қосып беретін уəдемді беріп, қарызға екі мың доллар ақша алдым.Онықолма-қолтөленгенчеккеайналдырып,
заңгердің қолына тапсырдым.
Мəміле (сделка) жасалынып болғанша, сондай қымбат үйді
небəрі 60 мың долларға қолма-қол ақшасыз сатылатындығы туралы газетке хабарлама бердім. Телефонда маза болмады.
Нақтылы мүмкіншіліктері бар сатып алушылар да табылды, сөйтіп үй қалай заңды түрде менің меншігіме айналғанда барып, сатып
алушыларғаүйдікөругешақырдым.Нағызу-шуендікөтерілді,
сонымен екі минуттың ішінде үй сатылып болды. Мен мəміле (сделка) жасау үшін, сатып алушыдан 2,5 мың доллар сұрадым, маған сол
жерде оны қолма-қол төледі. Мұның 2 мың екі жүзін, досыма қайтардым. Досымда, сатып алушыда, заңгерде жəне мен өзім де,
бəріміз қуанышты жағдайда қалдық. Сөйтіп, мен 20 мың тұратын үйді, 60 мың долларға саттым. Бұл 40 мың доллар ақша менің активтер
колонкама (бөлігіне) түсті. Осындай ақша табу үшін, небəрі бес сағат қана уақыт кетті.
Енді Сіз қаржы туралы сауатты болып, цифрларды түсінетін болғандықтан, мен Сізге неге бұл ақша «ойлап табылған» екенін схема бойынша көрсетемін.
Активтер колонкасында 40000 доллар қалай құрылды. Ақша ойлап табылады жəне салық алынбайды. Егер банк бұған 10 проценттен берсе, салықтар онда Сіз жылына 4000 доллар табасыз.
Нарықтың құлдырау кезіңінде, біз əйеліміз екеуіміз, бос уақытымызда осындай 6 мəміле (сделка) жасауға мүмкіншілігіміз болды. Сол кезеңде біздің ақшамыздың негізгі бөлігі ірі
жылжымайтын мүліктерге жəне құнды қағаздарға салынғандықтан, осы 6 қарапайым қайта сатулықтан актив бойынша 190000 астам
доллар табыс таптық. Бұл жылына 19 мың доллар табыс еді, мұның негізгі дені автокөлікке, бензинге,іс-сапарларға,қамсыздандыруға,
қонақасыға жəне т.б жұмсалатын. Бұларға мемлекет салық салғанша, бұл ақшалар заңды тəртіппен жұмсалып кеткен еді.
4000 ақшаны жинақтауға қанша уақыт кетеді жəне Одан 5 процент салық алынғаннан кейін,сізде қаншасы қалады.
Бұл схема қаржылық тапқырлық арқылы ақшаны қалай «ойлап табу», құру жəне қорғауының қарапайым мысалы. Өзіңізден 190 мың ақшаны жинау үшін қанша уақыт керек, соны сұраңыз. Банк Сізге 10 процентті төлей ме? Шарттың орындалу мерзімі 30 жыл. Банк маған мұндай ақшаны ешуақытта бермейтінін білемін. Бастапқы алғашқы
соманы төлегенде, салық төлеуге тура келеді, ал жылына 19 мың, отыз жыл ішінде 500 мың доллар табысты құрайды. Менен жұрттың көпшілігі, егерде үйді сатып алушы ақшасын төлемеген жағдайда не болады, деп сұрайды? Мұндай жағдай шындығында болады. Финикс 1994-1997 жылдары аралығында жылжымайтын мүлік нарығының мемлекетте кең таралған жері еді. Мұндай жағдайда, 60 мың долларлық үйді иесінен тартып алды, 70 мың долларға қайыра сатып жəне жасаған қызметтері үшін, оның үстіне 2,5 мың долларды
сыпырып алған болар еді. Жаңа сатып алушыға мəміле (сделка) сол, қолма-қол ақшасыз жасалынған болар еді. Бұл процесс солай жалғаса
береді.
Сөйтіп, бірінші кезеңде, мен үйді сатқанда, қарызға алған 2 мың долларды қайырдым. Нақтылығында мəміледе (сделкада) менің ақшам жоқ. Капиталды инвестициялаудан, менің табысым шексіздікке тең еді. Міне, осылай ақшасыз көп ақша жасауға болады.
Екінші қайта сату мəмілесі (сделка) кезеңінде, мен 2 мың
долларды қаптама салып, заемды 30 жылға ұзартар едім. Менің өзіме төлеген капиталды инвестициялаудан қанша пайда түседі? Мен оны білмеймін. Дегенмен, бұл ай сайын 100 доллардан жинағанша əлдеқайда артық. Шындығында, бұл шығынымен 150 долларды құрайды, себебі: Сіз оны 40 жыл бойы табысыңыздан салып отырасыз,
олардан 5 проценттік салық алынып қойған, бірақ Сіздің жинағыңыздан салықты тағы алады. Бұл онша оңтайлы іс емес. Мүмкін қауіпсіз шығар, бірақ оң іс емес.
Бүгін, осы кітапты жазып отырғанымда (1997 жылы) нарық жағдайы, осыдан бес жыл бұрынғы жағдайдан қарама-қайшылықта еді. Финикстегі жылжымайтын мүлік нарығы, бүкіл Американың
қызығушылығын туғызды. Қазіргі кезеңде біз сатқан 60 мың долларлық үй, енді 110 мың доллар тұрады. Нарық өзгерді. Енді активтер колонкасын (бөлігін) өсіру үшін, басқа мүмкіншіліктерді іздестіріп, алға ұмтылу керек. «Бізге бұлай істеуге болмайды», «Бұл заңсыздықі», «Сіз алдайсыз!», деген сөздерді, ал маған осыны қалай істеу керектігін, көрсете аласыз ба? -деген сұрақтан гөрі жиі естимін. Мұндағы есептер тіптен қарапайым ғана. Сізге алгебра, немесе дифференциялдық есеп қажет емес. Мен мұны бұлай, -деп айтуымның себебі: мəміленің (сделканың) заңдылық жағымен жəне төлемдерді ұйымдастырумен делдал компаниясы айналысады. Маған үйдің шатырын жөндеп, əжетхананы тазартудың қажеті жоқ, бұлармен негерлер айналысады. Бұл олардың үйлері, кейуақытта төлемеушілер де болады. Мұндай жағдай өте пайдалы, себебі: үй ұстаушылар үйді босатуға мəжбүр болады, сөйтіп меншік қайта сатылады. Мұнымен соттар айналысады.
Сіздің еліңізде мұндай жағдайлар болмауы мүмкін.
Нарық шарттары мүлдем басқаша болуы ғажап емес. Бірақ, осындай жəй қарапайым қаржылық тапқырлық арқылы, азғантай ғана
шығынмен жəне кішкене қауіппен, жүздеген мың доллар табыс табуға болатындығынкөрсетеді.Бұлақшаныңтекқанакелісілушілік,
шарттылық екенін көрсететін мысал. Мұндай мəмілені (сделканы) мектеп бітірген əрбір адам жасай алады.
Өкінішке орай, жұрттың көпшілігі мұны жасамайды. Көпшілік қашанда: «Ынталы енбек ет жəне ақша жина»-деген стандартты ережеге бой ұрады. Жобамен 30 сағат көлемінде менің активтер колонкама (бөлігіне) 190 мың долларға жуық ақша түсті, сонымен қатар олардан салық та алынған жоқ.
Енді Сізге не күрделі болып көрінеді?
Ынталы еңбек ету, жалақының жартысын салық түрінде төлеу, қалғанын жинау. Онда Сіздің жинағыңыз бес проценттік табыс береді, одан тағыда сапық алынады.
Немесе:
Қаржылық тапқырлықты дамыту, ақыл-ойды жəне активтер
колонкасын (бөлігін) пайдалану. Егер Сіз, бірінші жолды қаласаңыз, онда 190 мың долларды жинау үшін Сізге қанша уақыт керек? Ал
уақыт- активтердің ең бастыларының бірі. Көптеген ата-аналар: «Менің балам жақсы оқиды жəне жақсы білім алуда», -дегенді
естігенімде, мен үнсіз басымды шайқайтынымды, енді мүмкін Сіз түсінерсіз. Бұл, əрине жақсы, бірақ ол жеткілікті ме? Жоғарыда мен айтып өткен, инвестиция стратегиясы соншалықты тұрақты емес. Бұл аздың, көпке қалай айналатындығын көрсетудің мысалы ғана.
Дегенмен, менің пайдалы мəміле (сделка) жасауымның ақиқаты, ол қаржылық білімнің кімге болсада қажеттілігін көрсететін шарт.
Мен тағыда қайталап айтам, қаржылық тапқырлық мынандай төрт түсініктерден тұрады:
- Қаржылық сауаттылық- цифрларды түсіну қаблеттілігі.
- Инвестиция салу стратегиясын білу (ақша-ақшаны қалай жасайтындығы туралы ілім).
- Нарықты білу (сұраныс жəне ұсыну ілімі). Александр Грейам Белл нарықтың іздегенін берді. Билл Гейтс те соны істеді. Жиырма мың доллар тұратын үйді, 60 мың долларға сату, ол да нарықтың мүкіншілігін пайдаланудың нəтижесі. Біреу сатады, екіншісі сатып алады.
- Заңдарды білу (бухгалтерлік есеп, корпорация жұмыстарымен жəне т.б. байланысты əртүрлі ережелер мен заңдар). Сізге осы заңдарды білуге жəне бұзбауға кеңес берем. Бай болу үшін, не сатып
алғыңыз келседе, мысалы: (кішкентай үй, үлкен пəтерлер, компаниялар, акциялар, облигациялар, өзара қорлар, асыл заттар жəне
тағы бір басқа нəрселерді),осы қағидалар əр істің арқауы, негізі болады.
1996 жылы жылжымайтын мүлік нарығы күрт өзгерді, бəріде Финикске ұмтылды. Биржада дағбырт (бум) басталды. Американың экономикасы тағыда аяғынан тік тұрды. 1996 жылы сатып алғандарымды, қайта сатып:
Перуге, Норвегияга, Малайзияға жəне Филиппинге саяхатқа
шықтым. Инвестициялар өзгерді. Біз жылжымайтын мүліктерді сатып алуды тоқтаттық.
Мен, қазір олардың бағаларын активтер колонкасы (бөлігі) ішінде қалай өсетіндігін бақылаудамын, оларды жылдың аяғына қарай
сатуым мүмкін. Бұл Конгрестің қандай Заң қабылдауына көп байланысты. Менің күтіп отырғаным, осы 6 үйдің біреулері жақсы бағаға өтуі мүмкін, сонда 40 мыңдық чек қолма-қол ақшаға айналдырылады. Мен бухгалтеріме 40 мың доллар қолма-қол ақшаның түсетіндігіне даяр болуына телефонмен хабарлап жəне оны қорғау жолдарын табуын айттым.
Сөйтіп, менің барлығына айтарым: инвестициялар пайда болады
жəнежоғалады,нарықтағыахуалжақсарадыжəненашарлайды, экономика құлдырайды жəне қайта көтеріледі.
Өмір Сізге болмаған мүмкіншіліктерді алдыңызға тартады, бұл күн сайын болуда, бірақ біз көбінесе оларды байқамаймыз, Ал олар қашанда баршылық!
Əлем жəне технология қаншалықты өзгерген сайын. Сізде отбасыңызда, ұрпақтан-ұрпаққа дейін қаржылық тəуелсіздікті қамтамасыз ету мүмкіншіліктері соншалықты мол.
Сонда қаржылық тапқырлықты дамыту неге қажет?
Тағыда мұның жауабы тек қана өзіңізге аян. Мен, үнемі неменеге оқитынымды жəне біліктілігімді қалай арттыруымды білемін. Менің бұлай істеуім-алдымызда үлкен өзгерістердің болатындығын білемін. Ескіге тырмысып жармасқанша, жаңаны құп аламын.
Мен нарықта құлдырау мен көтерілудің болатындықтарын білемін. Өзімнің қаржылық тапқырлығымды үнемі жетілдіруге тырысамын, себебі: нарық əрбір өзгерген сайын, кейбіреулер
жалбарынышпен тізесінен тұрып, жұмыс сұраушылықпен болады. Ал енді біреулері, өмірдегі осындай қиыншылықтарды пайдалана отырып, соларды пайдаға асырады. Міне, қаржылық тапқырлық деген осы. Жұрттың көпшілігі: мен, өз басым сəтсіздікті қалай сəттілікке аудара алатындығым жөнінде айтып беруімді сұрайтын. Шынымды айтсам, мен өзімнің салымдарым туралы аз айтуға тырысамын. Мен өз-өзімді дəріптеп, мақтанудан аулақпын. Менің мақсатым басқада.
Мен мысалдарды көрнекі құралдар ретінде пайдаланып, бұлардың қаншалықты қарапайым екенін. Сіздерге көрсетуге тырысам. Сіздер осықаржылықтапқырлықтыңтөрттіреуінжақсыбілсеңіздер,
солғұрлым жеңіл болады. Мен өз басым, қаржы есімі үшін, негізінен екі тəсілді пайдаланам:
жылжымайтын мүлік жəне ұсақ компаниялардың акциялары.
Жылжымайтын мүлік-менің
фундаментім. Күннен-күнге мүлік маған ақшалай табыс əкеледі, кейде оның бағасы көтеріледі. Ұсақ акцияларды ақшаны тез, көбейту үшін пайдаланам. Бірақ, мен ешкімге де, өзімнің айналысып жүрген ісіммен, айналысыңыз, -деп кеңес бермеген болар едім. Мысал- ол тек қана мысал.
Егерде жағдай маған күрделі жəне оны егжей- тегжей түсінбесем, мен оған ақша салмаймын. Қаржылық даму үшін, қашанда қарапайым
есеп жəне салиқалы ой керек. Мысал үшін, мен мына төменде көрсетілген 5 пікірді пайдаланам:
- Олар адамдарды көп білу үшін ынталандырады.
- Олар егерде фундамент мықты болса, басқасының бəрі оңай.
- Олар аркімде бай бола алатындығын айтады.
- Олар мақсатқа жету үшін миллиондаған тəсілдердің барлығын көрсетеді.
- Олар осыларды білу үшін, ерекше қаблеттілікті қажет етпейтіндігін дəлелдейді.
1989 жылы мен таңертеңгі жүгіріс кезінде, Портленд шағын ауданының (Орегон штаты) бір тамаша үйлер салынған «пряникті үйлер», -деп аталатын шағын өңірінде жиі болам. Салынған үйлердің əсемдігі, шындығында ертегідегі сияқты еді. Барлық жерде "сатылады", -деген жарнамалар ілулі еді.
Бұл кезеңде құрылыс ағашының нарығы күйзеушілік жағдайда еді, құнды қағаздар биржасы күйреген, экономика депрессияда болатын. Бір үйдің қақпасында, басқаларына қарағанда ескірген
«сатылады», -деген жазуды көрдім. Үй ескілеу еді. Бір күні сол үйдің жанынан жүгіріп бара жатқанымда, абыржыған түрі бар, үй иесімен кезіктім.
-Мына үйіңізге қанша сұрайсыз? -дедім мен білмекші болып. Үй иесі айналып қарап, əлсіз күлімсіреп.
-Ал, Сіз қанша бересіз? -деді ол. Үйдің сатылуға қойылғанына бір жыл болды. Ешкім келіп көрмейді де.
-Мен көрейін,деп жауап бердім мен, сөйтіп жарты сағаттың ішінде, үй иесінің сұрағанынан 20 мыңға арзан бағаға үйді сатып
алдым. Бұл 1930 жылы салынған, екі бөлмелі, тамаша камині бар, іші жөнделген бір сүйкімді үй екен. Жалға беруге əбден жарайтын үй.
Маған 45 мыңға түскен үйдің, бес мыңын қолма- қол ақшалай бердім (шындығында бұл үйдің құны 65 мың еді, бірақ ешкімде сатып алмаған).
Бір аптадан кейін, үй иесі қуанышты түрде көшіп кетті, содан
кейін бұл үйге (менің бірінші тұрғыным, жергілікті бір профессор) жалға кірді. Барлық рəсімдеулерден кейін, менің қалтама ай сайын 40
доллардан түсіп тұрды. Дегенмен, бұл аса мақтанарлық жəй емес еді.
Бірақ, бір жылдан соң Орегонда жылжымайтын мүлік нарығы көтерілді. Калифорниялық инвесторлар, өздерінің жылжымайтын
мүлік нарығының дақпыртынан кейін, қалталарын ақшаға толтырып, Орегонға жəне Вашингтонға қарай ауысты.
Осы кішкентай үйді Калифорниядан келген жас жұбайларға 95
мыңга саттым, мұндай саудаға олар қуанышты еді. Сатудан түскен 45 мың таза пайдамды. Салық төлеу мерзімін ұзартатын 1031 бабқа сəйкестендіріп, ақша салу үшін, мен жаңа жылжымайтын мүлікті іздестіруге кірістім.
Бір ай көлемі ішінде, 12 пəтерлі үлкен үйді таптым, ол «Интел заводының жанына (Бивертон қаласы, Орегон штаты) орналасқан еді. Үйдің иелері Германияда тұратын, олар үйдің бағасы жөнінде түсініктері де жоқ еді, тезірек құтылғандарынша асығулы болатын.
Мен 450 мың тұратын үйге, 275 мың ұсындым. Олар 300 мыңға келісті.
Мен үйді сатып алып, екі жыл ұстадым. Сол баяғы 1031 бабтың тəсілімен, осы үйді 495 мыңға сатып, Финикстен (Аризона штаты) 30 пəтерлі үй сатып алдым. Сол кезеңде біз Финикске көшіп келгенбіз,
сондықтан калай да өзіміздің жылжымайтын мүлкімізді сатуымыз қажет еді.
Бір уақытта Орегонда сияқты, жылжымайтын мүлік нарығы, Финиксте құлдырауда болатын. 30 пəтерлі үйдің құны 875 мың болды
оның 275 мыңын қолма-қол ақшалай төледік. Бұл үйден түсетін пайда, ай сайын 5 мың долларды құрады, Аризонда нарық өсе бастады, 1996
жылы Колорададан келген бір инвестор, осы үйге 1 миллион 275 мың доллар ұсынды.
Біз, əйеліміз екеуіміз, үйді сатуға болмас па екен,- деп ойласып, бірақ күте тұруға келістік, мүмкін Конгресс пайда туралы заңды
езгертер?
Егер олай болса, біздің мүлкіміздің құны тағы 15-20 процентке көтерілуі ықтимал. Оның сыртында ай сайын 5 мың доллар жаман табыс емес. Бұл мысалды келтіргенім, аз ғана нəрседен қалай үлкен табысқа жетудің жолын көрсету болатын.
Дегенмен, бұл үшін қаржы есептерін, инвестиция салу стратегиясын, нарықты сезінуді жəне заңдарды білушілік қажет.
Егерде, адам бұл мəселелерге мойын ұсынбаса, онда оған стандарттық ережелермен қимыл жасаған жөн, яғни тəуекелдікке ұрынбау, ақшаны əртүрлі жəне сенімді кəсіпорындарға салу. Рас, «сенімді» капиталдық салымдылық дегеннің өзі «санитарлық тазартуға» килігеді, яғни олардың «сенімділігі» соншалықты, ондағы таза пайда мөлшері азаяды.
Ірі брокерлік фирмалардың барлығы дерлік, өздерін жəне
клиенттерінқорғаумақсатында,күмəндімəмілелелер(сделкалар) жасамайды. Бұл дана саясат. Жақсы мəмілелерді ; жаңа
бастаушыларға ұсынбайды. Байларды одан сайын бай қылатын
мəмілелерді (сделкаларды), ойынды кімдер жақсы біледі, соларға қалдырады. Нақтылығында, мұндай мəмілелерді «тəжірбиесіз» инвесторларға ұсыну заңға қайшы келеді. Алайда, мұндайлар да болып тұрады.
Мен «тəжірбиелі» болған сайын, маған көп мүмкіншіліктер кездесумен болады. Қаржылық тапқырлықтың тағы бір тиімділігі, ол өмір бойы- сол мүмкіншіліктердің санын үнемі өсіріп отыруы.
Қаржылық LQ жоғары болған сайын, мəміленің (сделканың) тиімділігін оңай анықтай аласыз. Сіздің каржылық тапқырлығыңыз
нашар мəмілені тез аңғарады немесе нашарын жақсыға айналдыруға көмектеседі.
Мен көбірек білген сайын, ал мұнда оқырлық көп дүние бар, одан да көп ақша табуға мүмкіншілігім бар, себебі: жылдан- жылға менің тəжірбиемде өсіп, ақылым кемелдене түседі.
Дегенмен, тəуекелдікке бармай, ынталы жұмыс істейтін менің достарым бар, олар ақыры каржылық біліктілікке жете алмады,себебі:
бұған көп уақыт керек еді.
Менің негізі философиям- активтер колонкасын (бөлігін) дамыту. Ол менің басты алгоритмім. Мен қашанда аздан бастаймын, яғни тұқым себемін. Кейбірулері өседі, кейбіреулері өспейді.
Біздің корпорацияда жылжымайтьын мүлік бірнеше миллион долларды құрайды. Олар біздің жылжымайтын мүлкіміздің инвестициялық қоры. Менің айтарым осы миллиондар, қашанда ұсақ салымдардан 5-10 мың доллар аралығынан басталған. Мұндай қолма- қол салымдар ұғымды кезеңде басталды, себебі: нарық тез көтерілді жəне салықсыз бірнеше рет оларды сатуға жəне сатып алуға жағдайларыңыз болды. Оның сыртында, біз акциялар пакеттерінің
иелері болдық, осының негізінде тағы бір корпорация құрдық. Оны, біз өзара жеке қорымыз дейміз. Тек қана, біз сияқты инвесторлармен
жұмысістейтіндостарымызбар,себебі:біздеқашандаболсын, инвестицияға салатын басы артық ақша бар.
Сонымен қатар, АҚШ немесе Канаданың биржасына шыққалы жатқан жеке компаниялардың акцияларын сатып аламыз. Пайданы қалай тез түсіруге болатындығы жөнінде, мынандай тағы бір мысал келтірейік.
Жаңа құрылған бір компанияның, жүз мың тұратын акциялары
25 центтен, олар биржаға шығарылғанға дейін сатып алынады. Жарты жыл өткеннен кейін, бұл компания мықтылар тізіміне енеді, енді бұл акциялар 2 доллардан тұрады. Егер компания істі одан əрі жақсы басқарса, бағалар арта түсіп, əр акцияның құны 20 долларға дейін
көтерілуі мүмкін. Сөйтіп, біздің 25 мыңымыз жылға толмай, миллионға айналады.
Егерде Сіз нақтылы не істейтіндігіңізді білсеңіз, бұл лоторея
ойыны емес. Егерде Сіз ақшаңызды күмəнді мəмілеге (сделкаға) салып жəне содан кейін Құдайға жалбарынумен болсаңыз, онда бұл нағыз лоторея , -деп есептеледі.
Қай жағдайда болмасын, ең бастысы -қатерді азайту үшін, өзіңіздің нақтылы біліміңізді, тəжірбиеңізді жəне осы ойынға деген
құмарлығыңызды ұтымды пайдалана білу. Əрине, ұтылып қалу қауіпі қашанда бар. Алайда, қаржылық тапқырлық оны азайтады.
Сондықтан, біреуге кауіпті жағдай, басқаға онша қауіпті болмауы мүмкін.Меніңқашандажұртқабереркеңестерімніңбастысы:
ақшаңызды акцияларға, жылжымайтын мүлікке жəне т.б. салмастан бұрын, алдымен өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды көтеруге салыңыз, -дер едім. Сіз сауатты болған сайын, қатерді жеңінуге мүмкіншілігіңіз арта түседі.
Менің жеке капиталдық салымдарым, көп адамдар үшін тым
қатерлі, сондыктан ешкімге түбегейлі түрде, менің жопыммен жүруге кеңес бермеймін. Мен бұл ойынға 1979 жылдан ойнаймын, талай күйреушілікті басымнан өткізгенмін.
Сіз жоғарғы абзацқа көтеріліп, қайта оқысаңыз, мұндай
инвестицияның жұрттың көпшілігіне неге қатерлі екенін аңғарып, мүмкін Сіз, өз өміріңізді басқаша құрып, үлкен қатерлерге соқтықпай, аздан көпті табудың басқа жолдарын табарсыз.
Мен бірнеше рет қайталағанымдай, ешкімге де кеңестер бермеймін. Қарапайым мысалдарды келтіріп, қалай істеуге
болатындығын ғана көрсеттім. Менің жетістіктерім-бұл саладағы қол жеткізуге болатын нақтылы мүмкіншіліктермен салыстырғанда, ұсақ дүние, бірақ қарапайым адамға жылына 100 мың доллар пассивті табыс Табу бұл да жаман іс емес жəне ол соншалықты қиын да емес.
Нарық барысына қарай жəне Сіздің іскерлігіңізге байланысты, бұған 5- 10 жылдың ішінде, қол жеткізуге болады, Егерде Сіз
тұрмысыңызға көп шығын шығармасаңыз. Сіз жұмыс істейсіз бе, əлде істемейсіз бе, соған қарамастан 100 мың доллар қосымша пайданың еш артықшылығы жоқ. Қажет болса жұмысыңызды істейсіз, керек болмаса жұмыстан кетесіз, салық жүйесі Сізге қарсы емес, оны пайдаңызға жаратыңыз.
Өз басым жылжымайтын мүлікпен жұмыс істеуді қалаймын.
Маған бұл тауар ұнайды, өйткені ол тұрақты. Менің фундаментім
берік. Ақша ағымы айтырлықтай тұрақты, егер бəрі дұрыс есептелсе,
жылжымайтын мүліктің бағасы көтерілуі ықтимал. Бұл фундаменттің ерекшелігі, маған басқа капиталдық салымдарды батыл жүргізуге ықпал етеді. Егерде мен құнды қағаздар нарығында үлкен пайда тапсам, онда салық төлеймін, содан қалғанын жылжымайтын мүлікке саламын, сөйтіп активтер колонкасын (бөлігін) көбейтем.
Жылжымайтын мүлік туралы бір-екі сөз.
Мен көптеген елдерде, адамдарды инвестиция салуға үйреттім. Сонда əр қалаға барғанда: «бұл жерде арзан бағаға жылжымайтын мүлікті сатып ала алмайсыз»-дегенді еститінмін.
Іс барысында, керісінше жағдайларды көрдім. Тіпті Нью-
Йорктің, Токионың орталықтарында жəне қала маңдарында көпшіліктің анғармайтын, тамаша мүмкіндіктерін көрдім. Сингапурда қазіргі кезеңде жылжымайтын мүлікке баға көтерілгенде, жақын
жерден айтарлықтай ұсыныстар кездестіруге болады. Сондықтан, маған бұл жерде олай болмайды деушілерге, одан да «Мұны бізде
қалай істейтінді білмейміз...əзір» десеңдер дəлірек болар еді,- деп жауап беретінмін оларға.
Тамаша мүмкіндіктерді көзбен емес, ақылмен көреді жұрттың көпшілігінің бай бола алмаушылықтарының себебі; оларда жеткілікті қаржылық білім жоқ, соның салдарынан өздерінің мұрындарының астында не болып жатқандықтарын көрмейді.
Менен: «Неден бастау керек?»-деп жиі сұрайды.
Соңғы тарауда, мен өзімнің қаржылық бостандыққа жеткен 10
кезеңді ұсынам. Бірақ, есіңізде болсын, бұл Сізге қуаныш əкелуі керек. Бұл небəрі ойын ғана. Кейде Сіз ұтасыз, кейде қателіктен үйренесіз,
,бірақ ойыннан қашанда ғанибет алуыңыз қажет. Жұрттың көпшілігі ұта алмайды, себебі: ұтылудан қорқады. Міне, сондықтан мен бала кезімнен, мектепке немқұрайдылықпен қарайтынмын.
Мектепте бізге айтатындары: қателіктер- ол жаман жəне оны жасағанда жазаға бұйыратын. Бірақ, адамдардың оқу механизіміне тереңірек үңілсек, онда адамдардың өз қателіктерінен оқитынын көреміз. Біз жүруді, құлау арқылы үйренеміз. Бір ретте құламай, бала жүруге үйренбейді. Велосипедке үйрену де солай.
Қаржы мəселелері де осындай. Өкінішке орай, көпшіліктің бай болмауының негізгі себебі: олардың ұтылып қалудан өте қорқатындықтары. Жеңімпаздар ұтылудан қорықпайды. Ұтылыс ол ұту жолының бір бөлігі. Ұтылыстан қашатын адам, ұтудан да қашады.
Ақшаға, мен теннис ойыны сияқты қараймын. Тырысып ойнаймын, қателесем, түзелем, қайта қателесем, сөйтіп бірте-бірте дұрыс ойнай
бастаймын. Егер ұтылып қалсам, қарсыласыма қолымды созып: «Келесі
сенбіге, -деймін» Инвесторлардың екі түрі бар:
- Бірінші жəне кең тараған түрі. Бұл-инвестициялар пакетін сатып алушы адамдар.
Оларалдыменсауданүктелерінетелефонсоғады,мысалы:
Жылжымайтын мүліктер сату компаниясына, брокерге немесе қаржыны жоспарлау маманына, содан кейін ғана, өзара қор акцияларын, жылжымайтын мүліктер акцияларын, жайшылықтағы акцияларды немесе облигацияларды сатып алулары мүмкін. Бұлар
инвестиция салудың қарапайым да жəне тыныш түрі, яғни бұл сатып алушының дүкенге келіп, сөреден таңдап тұрып, даяр компьютерді сатып алғандай секілді.
- Екінші түрі- бұл инвестицияны құратын инвесторлар. Мұндай инвестор, өзі мəміле (сделка) жасайды, компьютерді өзіне бөлшектеп жинаушы адам тəрізді. Бұл өзіңнің жағдайына қарай бейімдеу секілді. Мен компьютерді білмеймін, бірақ мен мүмкіншіліктер көрінісін қалай жинақтауды білемін, не болмаса осыны білетін адамдарды білемін.
Екінші түрдегілер, көпшілігінде кəсіби инвесторлар. Бай əке, маған осылардай болуға кеңес беретін. Мүмкіншіліктерді жинақтауды
білу маңызды, егер тағдыр Сізге қарсы болмаса, нақ осы жерде үлкен ұтыс шоғырланған, əрине сонымен қатар қатал ұтылыста. Кей уақытта мүмкіндіктердің бөліктерінің шоғырлауына көп уақыт кетуі ықтимал (бірнеше жылдар). Əрі беріден соң мұндай жағдайдың тіптен болмай
да қалуы мүмкін. Егерде Сіз екінші түрдегі инвестор болғыңыз келсе, өзіңізді мына төменде көрсетілген үш қағиданы білуге
жаттықтыруыңыз қажет. Бұлар қаржылық тапқырлықты толықтыра түседі:
1. Біреулердің байқамағанын, табу жəне көру қабілеттілігі. Біреудің көзімен көрмегенін, Сіз ақылмен көресіз.
Мысалы, біздің бір досымыз, қарауға да сондай қорқынышты үй сатып аллы. Мұндай үйді неге сатып алды екен? -деп бəрі таңданумен болды. Алайда, біз көрмегенді, ол көрген екен. Бұл үйдің жанында 4 бос учаске бар еді. Оны, ол делдал компаниядан білген еді. Үйді сатып алып, оны құлатып орнын тазартып, сөйтіп 5 учаскені бір құрылыс компаниясына, өзінің шығындарынан үш есе артық бағаға сатады. Екі айғы жұмыс оған 75 мың доллар пайда түсіреді. Бұл көп емес, бірақ ең төменгі жалақыдан əлдеқайда көп жəне соншалықты қиын да емес
еді.
3. Ақшаны қалай іздеуді білу. Қарызға ақша алу үшін, жұртшылықтың көпшілігі, қашанда банкіге барады. Банкіден басқа, екінші түрдегі инвесторға ақшаны іздеп табуға үйренушіліктің толып
жатқан мүмкіншіліктері баршылық. Ең басында, мен банкінің көмегінсіз, үйлерді сатып алуға үйрендім. Əңгіме, үйлерді сатып алуда емес, бағасы жоқ тəжірбие жинақтауда еді.
«Банк маған ақша бермейді» немесе «Бұған менде ақша жоқ», - деген сияқтыларды жұрттың көпшілігі жиі айтады. Егерде Сіз екінші түрдегі инвестор болғыңыз келсе, онда Сізге кедергілерді жеңуге
үйренуіңіз қажет, олар адамдарды тойтарып тастайды (мұндай кісілер мəміле жасауға бармайды, өйткені ақшалары жоқ). Егерде Сіз мұндай кедергілерді жеңіп, шеше алсаңыз, онда Сіздің мүкіндігіңіз шапшаң қимылдауға көмегін тигізеді. Мен солай, банктен бір тиын алмай, талай
рет үйлер мен акцияларды сатып алдым.
Бір ретте, мен 1 миллион 200 мыңға көп пəтерлі үй сатып алдым. Сатушы мен сатып алушының жазбаша түрде келісімшартын жасадым. Содан кейін 100 мың доллар ақша тауып, оны төлеп жəне қалғандарын іздеп, табу үшін 90 күндік мұрсат алдым. Неге мен бұлай істедім?
Себебі: мен үйдің 2 миллион тұратындығын білдім.
Шындығында, мен бұл 100 мың долларды қарызға алғаным жоқ. Мен жəй ғана, осы үйді сатып алғысы келген адамды іздеп таптым. Осы мəмілені (сделканы) тауып бергенім үшін, 50 мың доллар төлеп, ол үй сатып алудағы менің кезегіме тұрды, мен өз шаруама кеттім.
Осының барлығына 3 күн кетті.
Тағы айтарым: əңгіме, Сіз не сатып алатындығыңызда емес, Сіздің не білетіндігіңізде.
Инвестицияда бастысы-сатып алушылық емес, қажетті білім.
3. Ақылды адамдардың кеңестерін пайдалана білу. Ақылды
адамдар -бұлар өздерінен де ақылды адамдармен жұмыс істеушілер. Сізге кеңес қажет болғанда, даналықпен кеңесшіні таңдай біліңіз. Көп дүниеге үйрену қажет, бірақ мүмкін Сізді, болмаған сый күтіп тұрған шығар.
Егерде Сіз бұларға үйренгіңіз келмесе, онда Сізге бірінші түрдегі инвестор болуға кеңес беремін. Сіздің нені білетіндігіңіз үлкен байлық, ал Сіздің нені білмейтіндігініз-ол үлкен қатер. Қатер қашанда бар, одан қашпау керек, керісінше оны билеуге үйрену керек.
1995 жылы Сингапурде, бір газетке мен интервью бердім. Жас журналшы қыз уақытында келіп, əңгіме бірден басталды. Тамаша қонақ үйінің вестибюлінде кофе іше отырьш, менің Сингапурға келген мақсатым туралы əңгімелестік. Мен, мұнда Зиг Зиелармен бірге сөз сөйлеуге тиісті едім. Ол, мотивация жөнінде, ал мен байлардың
«құпиялары» жөнінде.
-Мен, Сіз сияқты кең тараған автор болғым келеді, -деді жас
журналшы қыз. Оньщ газетке шыққан кейбір мақалаларын көргенмін, олар маған оң əсер еткен. Ол оқырмандар үшін тартымды жəне қысқа
да, нұсқа жазатын.
-Сіздің жазу тəсіліңіз тамаша -дедім мен.
-Сізге арманыңызды орындауға қандай кедергі бар? -деп сұрадым.
-Менің жұмысым ешқандай нəтиже бермеу де, -деді ол. Бəріңе Менің романдарымды мақтайды, бірақ ешқайсысы оларды шығармайды.
Сондықтан, Мен газетте жұмыс істеуімді жалғастырудамын.
Мұндағы табысым, əйтеуір төлемдерді төлеуге
септігін тигізуде. Сіз, бұл мəселелер жөнінде, маған кеңес бере аласыз ба?
-Ия, дедім мен.
Осында, Сингапурда сатушылар дайындайтын мектебті ұстайтын бір танысым бар. Ол жергілікті белгілі корпорациялардың жұмыскерлерін оқытады, менің ойымша, əділетсіздік. Ол өзінің қолжазбасын ұмытып, есіктен атып шықты.
Дегенмен, жөнін айту керек, ертеңгі күні ол, мен туралы жақсы жəне əділетті мақала жазды. Əлемде ақылды, дарынды жəне сауатты адамдар баршылық. Олармен біз күнде кездесеміз. Олар барлық жерлерде бар.
Бір күні менің машинам ақаулықтан тұрып қанды. Оны бір жас механик екі минуттың ішінде жөндеп берді. Ол ақаулықты мотордың
дыбысынан-ақ аңғарды. Қандай дарындылық! -деп таң қалдым.
Бірақ, өкінішке орай, жалғыз дарындылық жеткіліксіз. Мені, осындай дарынды адамдардың аз алатындығы таң қалдыратын.
Жақында, мен Америкада жылына 100 мың доллар табыс табатындар 5-ақ процент құрайтынын естідім. Мен жылына 20 мың доллардан аспайтын табыс табатын: ақылды, дарынды жəне сондай сауатты көптеген адамдармен таныспын.
Мысалы, бір бизнес-кеңесшісіден дəрігерлердің қаншалықты аз алып, қаржы тапшылығынан қандай зардап шегулері туралы естідім.
Бұлардың мұндай жағдайда екендіктерін бұрын аңғармаған едім, себебі: мұндай мамандардың, оқуларын бітіре салысымен-ақ, тұрмастары ең жоғары дəрежеде болады, -деп есептейтінмін. Алайда, осы кеңесшінің айтуынша: «оларды байлықтан бірнəрсе ғана
ажыратып тұр- ол білу». Айту керек, жұрттың көпшілігіне осы
«білуді» игеру қажеттілігі тұр, сонда олардың табыстары өсе түседі.
Қаржылық тапқырлык-бухгалтерлік, инвестиция, нарық жəне
заңдар білімдерінің жиынтығы. Осы 4 амалдарды пайдаланып, ақшамен
-ақша табуға көп жеңіл болады. Ақша жөнінде əңгіме көтерілгенде, көпшілік тек қана, тырысып іс істеуді ғана біледі.
Бұған, журналшы жас қыздың білімділігі мен дарындылыгының қосындысы, ең жоғарғы түрдегі мысалы бола алар еді.
Мен, оның орнында болсам, сатушылыққа ғана емес, жарнама
хаттарын жасау курсына да барып оқыған болар едім. Ақырында, жұмысты газеттен емес, жарнама агенттігінен тапқан болар едім. Бұл
жерде жалақы біршама азырақ болғанымен, ол жақсы жарнамада пайдаланатын, ұрандар тəрізді, қысқа жазылатындай қылып, ой-өрісін нақты, дəл жазуға машықтанған болар еді. Бастысы, жарнама ісімен таныс болып, ол арқылы миллиондаған ақшаны қалай табуға болатындығын білген болар еді. Кешке қарай жəне демалыс күндері,
өзінің атақты романдарын жазып, оларды тез сатуға үйренер еді. Ол лезде «бестселлерлер авторы» деп атанған болар еді. Мен бірінші рет
өз кітабымның атауын: «Егерде бай жəне бақытты болғың келсе, мектепті таста», -деген тақырыпта бергенімде, кітап басушысы оны: «Білім экономикасы» деген тақырыпқа ауыстырыңыз деді. Онда мен, мұндай атаумен, кітаптың 2-ақ данасын сата алатындығымды айттым.
Біреуін өз отбасыма, екіншісін ең жақын досыма. Əрине, мен бұл екі дана кітапты сатпаймын, тек сый ретінде беремін. Осындай атауды таңдап алуым, ол ерекшелігімен жұрттың назарын аударған болар еді. Жалпы оқу жүйесіне мен қарсы емеспін, ондағы болып жатқан реформаларға сенемін. Егер мен оған қарсы болсам, онда ескірген оқу жүйесін, өзгерту керек, -деп, осынша ма уақыт айтар ма едім? Мұндай тақырыпты таңдап алу себебім: мен теледидар жəне
радиохабарларына көбірек қатынасып, пікір таласып тудырғым келді. Жұрттың көбі, мені есуас, -деп санады, дегенмен кітап тез сатылып кетті.
1969 жылы, мен Американың теңіз-сауда академиясын аяқтап шықтым, менің оқымысты əкем, бұған қатты қуанды. Калифорниялық
«Стандарт Ойл» компаниясы, мені мұнай тастың танкердің үшінші көмекшілігіне жалдап алды. Менің жалақым, өзімнің класстас жолдастарымнан аз еді, бірақ оқуды бітіргеннен кейін бірінші жылғы жүмыс үшін, онша жаман да емес еді. Жалақым бастапқы кезеңде жылына 42 мың долларды құралы, оның сыртында негізгі жұмыс уақытынан тыс жұмыстар үшін, қосымша ақы төленетін, жылдың жеті айында жұмыс істеп, қалған бес ай бойынша демалыста болатынмын. Маған қажет болса, осы бес айға Вьетнамдағы еншілес көлік компаниясына жұмысқа тұрып, табысымды екі есе көбейтуге жағдайым болды. Менің алдымда үлкен мансапқа ие болу
мүмкіншілігі тұрды, бірақ мен жарты жылдан кейін тыстан босап, ұшқыш болу үшін əскерге кеттім. Бұл іс оқымысты əкемнің зəре-
құтын алдырмады, ал бай əке тарапынан қолдау таптым.
Жұрттың көпшілігі: оқуда да, жұмыста да «мамандандыру» өте қажетті, -деп есептейді. Яғни, көп ақша табу үшін «мамандану» керек
дейді. Міне, сондықтан дəрігерлер нақтылы мамандықтарды итереді, мысалы, ортопедияны немесе педиатрияны. Бухгалтерлер, заңгерлер, архитекторлар, ұшқыштар жəне т.б. нақ осылай жасайды. Менің
оқымысты əкем осы көзқарасты қолдайтын. Ол докторлық дəрежесіне ие болғанда, қуанышында шек жоқ еді.
Ол, мектептерде оқушылардың қай пəнге қабілеттілігін негізге алып, қалғандары туралы аз одан да азға оқытуды мадақтайтынын мойындайтын.
Бай əке маған, керісінше түбегейлі қарама-қарсылықты кеңес беретін. «Барлығы жөнінде аз-аздан болсада білу керек», дейтін. Сондықтан, мен көп жылдар бойы, оның компаниясының əртүрлі бөлімдерінде жұмыс істедім. Біршама уақыт бухгалтерияда болдым.
Дегенмен, мен ешуақытта бухгалтердің міндеттерін атқара алмаған болар едім, бірақ ол менің «осмотикалық» тəсілге үйренгенімді қалап еді. Бухгалтерлік істе ненің маңызды, ненің маңызды емес екенін аңғарып, негізгі терминдерді түсініп, игерсін деген болар. Мен, солай даяшының көмекшісі, құрылыс мастерінің
көмекшісі де болып жұмыс істедім жəне саудамен, маркетингпен де айналыстым. Ол. Майк екеуімізді осылай «есірді».
Бухгалтерлермен, банкі қызметкерлерімен, заңгерлермең жəне Брокерлермен өзі өткізетін кеңес-жиналыстырына біздің
қатынасуымызды талап ететін. Сөйтіп, ол өз империясының əр саласы бойынша біздің бірдеңе ұғуымыз керек. -деп есептейтін.
Мен мұнай компаниясындағы жоғары ақылы жұмыстан бас тартқанымда, менің оқымысты əкем, менімен егжей-тегжей сөйлескісі келді. Менің кызмет бабында өсу мүмкіншілігі бар, еңбекақысы жоғары, жеңілдіктері көп, демалыс уакыты ұзақ жұмыстан бас тартқанымды түсінбей, аң-таң болды. Бір күні кешке, ол менен: «Сен неге кеттің?»-деген сұрағына, қанша тырыссам да, түсіндіре алмадым. Менің ойым, оның ойымен сəйкес келмеді. Шын проблемасы: менің ойымбай əкенің ойы болатын.
Оқымысты əкем үшін, тұрақты жұмыс қашанда негізгі
айқындаушы фактор болатын. Бай əке үшін- білім. Оқымысты əкем, менің əскери-теңіз офицерлігіне окығанымды ұнататын, ал бай əке, менін халықаралық сауданы оқып жүргенімді білетін. Мен əртүрлі
үлкен кемелермен Қиыр Шығысқа, Тынық мұхиттың оңтүстік жағалауларында сауда жұмыстарын жүргіздім. Бай əке, маған Европаға емес, Азиядағы жаңа дамып келе жатқан мелекеттерге бару керек, деп ақыл беретін.
Менің көптеген жолдастарым, оның ішінде Майкте бар, уақыттарын көңілді кештерде өткізіп жүргендеріңде, мен Японияның, Тайванның, Тайландтың, Сингапурдың, Гонконгтың, Вьетнамның, Кореяның, Таитидің, Самоаның жəне Филиппиннің саудасын, адамдарын, іс-тəсілдерін жəне мəдениеттерін зерттедім. Мен, сөйтіп
тез ересек болдым.
Менің оқымысты əкем, əскерге қызметке кеткенімді мүлдем түсінбеді. Мен, оған ұшқыш болғым келетінімді айттым, бірақ шындығында, адамдарды басқаруға үйренгім келіп еді. Бай əке компаниядағы күрделі мəселе- ол адамдарды басқару,-деп түсіндіретін. Ол əскерде үш жыл болған, ал оқымысты əкем кезінде əскерге барудан босатылған болатын. Адамдарды өзіңнің соңыңнан ертіп, қатерге қарсы шабуға үйренушілік- маңызды іс, -деп айтатын бай əке. «Енді саған лидер болуға үйренуің керек,- деді ол. Егер сен жаман командир болсаң, сені артыңнан атады- бизнесте де нақ осылай».
1973 жылы Вьетнамнан оралғаннан кейін, маған ұшқыш болу ұнасада, əскерден кеттім. «Кегог» корпорациясына жұмысқа кірдім.
Мен мұнда бір себебпен барып едім, əрине ол қызметкерлерге
берілетін жеңілдіктер үшін емес еді. Мен табиғатымнан ұяң адам едім, сондықтан бірдеңені сату дегеннен менің зəрем қалмайтын. Ал
«Кегог» компаниясында Американың сауда агенттерін оқытатын ең жақсы бағдарлама бар болатын. Бай əке, мені мақтан тұтатындығын айтты. Оқымысты əкем, ұяттан өлердей болып жүрді. Ол интеллигент
болғандықтан, сатушыны, өз дəрежесінен кем, деп есептейтін.
Сауда жасаудың барлық амалдары мен тəсілдерін үйренгенше, мен
«Кегог» компаниясында төрт жыл жұмыс істедім. Тəжірбиемді
шыңдай отырып, сатушылардың ең жақсы бірінші бестігіне тұрақты түрде енгеннен кейін, тамаша лауазым мүмкіншіліктерінің баршылығына қарамастан, бұл компаниядан да жұмыстан кеттім.
1977 жылы мен, өз компаниямды құрдым. Бай əке, Майк екеуімізді өз компанияларымызды қалай басқаруды үйретті, енді
оларды қалай құруға болатындығы жөнінде үйренуім керек болатын. Сөйтіп, менің бірінші шығарған өнімім жабыстырмалы нейлон қағаздары Қиыр Шығыста шығарылып, Нью-йоркке тасып əкелінетін. Солай, менің формальді түрдегі оқуым аяқталып, енді өзімді іс барысында сынау мерзімі туды. Сəтсіз болса, мен банкротқа ұшыраған болар едім. Бай əке, банкроттыққа 30 жасқа дейін ұшыраған дұрыс деп есептейді, «оңда сен күшіңді қайта жинауға уақытын болады,деп кеңес беретін». Мен 30 жасқа толар қарсаңында Кореядан Нью- Йоркке менін жеке компаниямның бірінші партиясының жүгі жіберілді.
Бұрынғыдай, мен қазір де халықаралық бизнеспен айналысамын. Бай əкенің кеңесі бойынша, тез даму жолындағы елдермен жұмыс атқаруға тырысудамын. Қазіргі кезеңде менің инвестицияларым Оңтүстік Америкада, Азияда, Норвегияда жəне Россияда бар.
Ағылшындардың «жұмыс» деген сөзінің мағынасы: «банкроттықтан сəл ғана артық», -деген мəтелді керсетеді. Өкінішке орай, жұрттың көпшілігіне осындай жағдай тəн.
Мектептер мен университеттер қаржылық білім алуды жағымды іс емес,-деп есептегендіктен, жұрттың көпшілігі «қаржылық
мүмкіншіліктерінше» өмір сүреді. Олар жұмыс істейді, содан кейін төлемдерін төлейді.
Менеджментте тағы бір сұмдық теория бар, оның мағынасы мынаған келеді: «Жұмыскерлер жұмысты, керекті мөлшерден артық
істемейді, жұмыстан шығарып жібермесін деп істейді, ал қожайындар оларға ақшаны қажетті мөлшерде төлемейді, жұмыстан кетіп қалмасын, -деп төлейді». Егерде компаниялардың жұрттың көпшілігіне жалақыны қалай төлейтіндігіне үңілсек, бұл сөздерде шындықтың «дəні» бар екенін мойындауымыз керек.
Сөйтіп, жұмыс істеушілердің көбі қаржылық игілікке қолдарын жеткізе алмайды. Олар ғұмыр бойы өздерін қалай үйреткендерінен бұлтармай, «тұрақты жұмыс істеушілікте» болады. Барлығыда зейіндерін жалақыға жəне жеңілдіктерге, əртүрлі қысқа мерзімді пайдаларға аударады, бірақ бұлар ұзақ мерзімді көзқараспен
салыстырғында жиі күйреушілікпен аяқталады.
Мен жас адамдарға, бірдеңеге үйренетін жұмысты іздеулеріне кеңес берген болар едім. Ең алдымен өзіңізге не нəрсеге үйренгіңіз келетінді. қандай тəсілдерді игергіңіз келетіндігіңізді ойластыру
керек. содан кейін барып нақтылы бір мамандыққа тоқтау керек, сөйтіп
«егеуқұйрық жүгірісіне» қатынасу керек. Адамдар ғұмыр бойы төлемдерін төлеумен жүгіріп жүргенде, тура шеңбер ішінде жүгірген тиінге ұқсайды. Олар күнде осындай шеңбердің ішінде жүгірумен болады. Тамаша! Көп адамдарға мен мынандай сұрақ қоямын: «Сіздің
күнде істейтіндігіңіз, Сізді қайда апарады?» шеңбердегі тиін секілді, олардың ынталанып істейтіндері, соңында неге апарып соғарына
ешқандай көңіл бөлмейді. Оларға келешек не береді?
Американың Зейнеткерлер ассоциациясының бұрынғы президенті Сирил Брикфилд: «Жеке тұлғаларға зейнетақы төлеу былықты жағдайда. Біріншіден, қазіргі кезеңде жұмыс күшінің 50 процентінде ешқандай зейнетақы жоқ. Мұндай жағдай бізді қатты
алаңдатуы керек. Ал қалғандарының 75-80 проценті күлкілі көлемдегі зейнетақы алады: айына 50-150 немесе 300 доллар», -деп тұжырымдайды.
КрэгС.Карпелөзінің«Зейнеткешығуқиялы»аттыкітабында:
«Зейнетақы туралы кеңес беретін бір үлкен компанияның
басқармасына барып, онда жоғары басшы тұлғаларға үлкен зейнетақы тағайындаумен айналысатын директормен кездестім. Мен ол кісіден, ал
жекекабинеттеріжоқтарнеменегесенеалады?-дегенсұрағыма, жымыйып: «Күміс оққа». Күміс оқ деген немене? -дедім мен
таңданып. Ол иығын көтеріп: «егерде адам қартайғанда, өміріне ақша жетпейтіндігін аңғарса, ол қашанда болмасын өзін-өзі атуға еркі бар деді», -деп жазады. Одан əрі Қарпел зейнетке шығудың ескі жоспарымен, жаңа өте қауіпті жаңа жоспардың айырмашылығын түсіндіреді. Сондықтан, қазіргі жұмыс істеп жүргендер үшін, жағдай онша айтарлықтай емес. Біз тек қана зейнетақы туралы айтып отырмыз. Ал, егерде қарттар үйінде тұрушылықты жəне дəрігерлік көмекті қоса ескерсек не болады? Ахуал өте қорқынышты.
Ол өзінің 1995 жылы жазылған кітабында, қарттар үйіндегі тұру құны жылына 30 мың доллардан 125 мың долларға дейін тұратындығын айтады. Дəрігерлік көме мемлекет тарапынан керсетілетін елдердің ауруханаларында кей уақытта, кімге өмір сүру керек, кімге өлу керек екендігі туралы, өте күрделі шешім кабылдауға тура келеді. Мұндай шешімдер ауру адамның жасына қарай жəне қанша ақшасы бар, осылардың негізінде қабылданады. Дəрігерлік көмек жас адамдарға жасалынып, кедейлер мен кəрілер кезектің
соңына қойылады. Байлар жақсы білім алуға ғана емес, сонымен қатар ұзақ өмір сүруге де мүмкіншіліктері бар, ал ақшасы жоқтар өледі.
Мен: «Жұмыс істеуші адамдар, келешегінде не күтіп тұрғандарына үңілмей ме екен?»-деп таң қалатынмын. Əлде, олар
жалақыдан-жалақыға дейін, қайда бара жатқандарын өздерінен-өздері сұрамай өмір сүре ме екен?
Көп ақша тапқысы келген адамдарға берер кеңесім: өз
өмірлеріңізге ұзақ мерзімді болашақта не күтіп тұрғандары жөніндегі тұрғыдан қараңыздар.
Жұмысты акша табу жəне тұрақтылық мақсатында істеудің
орнына (əрине, бұл маңызды) мен оларға екінші жұмысқа, қосымша кəсіби-машықтық алуға ұсыныс жасаймын. Тауарларды сатуға үйрену мақсатында, жүйелі маркетингпен (оны көпдеңгейлідепатайды)
айналысуғашақырамын.Кейбіржүйелімаркетингкомпанияларында, қорқыныш пен үрейден қалай құтылуға болатындығы жөнінде
оқытатын тамаша бағдарламалар бар (нақ осы қорқыныш пен үрей адамдардың табысқа қол жеткізе алмайтын себебтердің бастыларының бірі). Ұзақ мерзімді тұрғыдан қарағанда білімділіқ, ақшадан əлдеқайда артық. Менің осындай кеңестеріме жұрттың көпшілігі: «Бұл өте күрделі» немесе «Мен өзіме ұнағанды ғана істеймін», -деп жауап беретін. Мұның біріншісіне, мен: «Сіз ғұмыр бойыжұмысістеп,
табысыңыздың жартысын мемлекетке бересіз бе?»-деген қарсы сұрақ қойатынмын, ал екіншісіне: «Маған спортзалға бару ұнамайды, бірақ мен барамын, себебі: мен өзімді жақсы сезініп жəне ұзақ өмір сүргім келеді» дейтінмін. «Кəрі ақымақты, жаңа əзілдерге үйрете алмайсың дегендей, егер адам өзгерістерге бейімделмесе, оның өзгеруі қиын.
Сіздердің араларыңыздан, шындығында бір жаңа істерге үйрену керек шығар, деп ойланатындар табылса, мен оны қолдаймын, себебі: өмір- спортзалға барғанмен бірдей. Мұның қиындығы оған бару. Бірақ, оған кірген сəттен бастап-ақ, Сізге жеңіл болады. Əрқашанда мен
спортзалға баруға жүрексінетінмін, бірақ ішіне кіргеннен кейін, қимыл жасап, бір рахат сезімге бататынмын. Жаттығудан кейін
қуанышты болатынмын, себебі: мен өз жалқаулығымды жеңіп, өзімді осында келуге мəжбүр еттім.
Егерде Сіз жаңа бірдеңені үйренуге жұмыс істегіңіз келсе жəне тек қана бірізділік мамандандырулықты қаласаңыз, онда Сіздің- компанияда кəсіподақтың барлығына көзіңізді жеткізіңіз.
Кəсіподақтар жұмыс істеушілерді қорғау үшін құрылады.
Менің оқымысты əкем, штаттың губернаторымен келісе алмағандықтан, Гаваядағы оқытушылар кəсіподағын басқарды. Ол маған, бұрын мұндай күрделі жұмыстың өзінде болмағанын айтатын. Менің бай əкем, өзінің компанияларында кəсіподақтардың пайда болуына жол бермейтін. Бұл оның қолынан келетін. Шабуылды тоқтатуға, ол əрқашанда үлгеретін, Мен ешкімнің жағына
шықпайтынмын, себебі: əрбір көзқарастың өзіндік пайдасы болатын. Егерде мектепте үйреткендей жəне бір ғана мамандықты қаласаңыз,
онда қорғауды кəсіподақтан іздеу керек. Мысалы, мен ғұмыр бойы ұшқыш болуды қаласам, онда мен ұшқыштардың күшті кəсіподағынан жұмыс тапқан болар едім. Неге?
Себебі: менің барлық өмірім бір саланы ғана білуге, игеруге
арналған еді. Егерде мені жұмыстан шығарып жіберген жағдайда, басқа салада бұл білетіндерімнің қажеті болмас еді. Жүз мың сағат
ұшқан жəне жылына 150 мың доллар табысы бар, жұмыстан босатылған тəжірбиелі ұшқыш осыңдай жұмысты, сірə мектептен таба алар ма еді? Сенің біліктілігін басқа жерде қажет емес. Дəрігерлер жөнінде де осыны айтуға болады. Денсаулық сақтау саласында көптеген өзгерістер болуына байланысты, көптеген дəрігерлерге əртүрлі дəрігерлік ұйымдарға жəне кəсіподаққа кіруге тура келеді.
Кəсіподақ мұғалімдерге міндетті түрде қажет. Мұғалімдер кəсіподағы Америкадағы ең үлкені жəне байы. Білім беру Ассоциациясының айтарлықтай саяси күші бар. Мұғалімдерге кəсіподақ тарапынан қорғаныш қажет, себебі: олардың кəсіби мамандықтары басқа салаларда қажеттілігі жоқтың қасы. Сондықтан, бір мамандықтыларға кəсіподақ мүшелері болу қажет. Бұл ақылға тұрарлық іс.
Семинарлар ету барысында менің: «Сендердің қайсыларың гамбургерді «Макдональдстен» артық дайындай аласыңдар?»-деген
сұрағыма көпшіліктері қолдарын көтеретін. Одан əрі жалғастырып:
«Егерде көпшіліктерің гамбургерді жақсы дайындасаңдар. онда
«Мақдональдс» неге ақшаны сендерден көп табады?»-деймін. Жауап белгілі: «Макдональдс» компаниясы бизнесті тамаша жүргізе біледі. Көптеген дарынды адамдардың кедей болуы, олар бір сала бойынша. бір істің төңірегінде ғана (гамбургерлерді жақсы дайындаған секілді)
біліктілігін арттырумен болады да. бизнес жөнінде ештеңе білмейді.
Гаваяда менің белгілі суретші бір досым бар. Ол көп табыс
табатын. Күндердің-күнінде шешесінің адвокаты, оған 35 мың доллар көлемінде мұра қалдырылғаны туралы телефон соғады. Ол өзінің бизнесіне пайда келтіру мақсатында. бұл ақшаны жарнамаға салады. Екі айдан соң, байларға арналған қымбат журналдың бетінде əсем əшекейленген, оның бірінші хабарламасы жарияланады. Бірақ, оған бірде-бір ұсыныс түспейді, солай оның мұрадан түскен ақшасы текке кетеді. Енді ол журналды, жарнаманы дұрыс орналастырмағаны үшін,
сотқа бергісі келеді.
Бұл сені неге үйретті? -деген сүрағыма. оның берген жауабы: «Жарнама агенттері алаяқтар»-деді. Ал,сен саудаға жəне маркетингке
үйренуге оқысаң қайтеді-дедім. «Оған менің уақытым жоқ жəне текке ақша шығарғым келмейді»,-деді.
Өмір дарынды кедей адамдарға толы. Олардың көп жағдайларда кедей болушылықтары, қаржы тапшылығын көрушіліктері немесе табыстарының аз болушылықтары, олардың мамандықтарының сондай болушылығынан емес, бірдеңелерді білмеушілігінен туындайды. Олар ғұмыр бойы тек қана бір істі, бір саланы жан-жақты жетілдірумен ғана шұғылданады, мысалы, сол гамбургерлерді, ал оны қалай жеткізіп, қалай сатуға болады; оған мəн бермейді. Мүмкін
«Макдональдс» ең жақсы гамбургерлерді шығара да алмайтын шығар, бірақ олар өздерінің орташа гамбургерлерін, басқалардан гөрі шашпаң
жəне жақсы сата алады.
Кедей əкем менің бірізділік санаулы мамандықтың иесі болуымды қалайтын. Гаваяның губернаторы оған енді, штаттың
басқару жүйесінде болмайтындығын айтса да, менің оқымысты əкем осы пікірінің айтушылығын қоймайтын. Содан кейін, ол оқытушылар кəсіподағымен айналысып, білімді кəсіби мамандардың құқықтары мен жеңілдіктерін қорғаушылықпен айналысты. Кəсіподақтардың пайда болуына, яғни осындай бірізділік мамандарды қорғаушылық мəжбүр еткені туралы жиі пікір таластыратынбыз, бірақ ол мұны мойындамайтын.
Бай əке, Майк екеуімізге өзімізді «өсіруге» кеңес беретін. Көптеген корпорациялар да осыны істейді. Олар бизнес колледждердегі оқушылар арасынан қабілеттілерін іздеп, тауып оларды «өсіріп» жəне «тəрбиелей» бастайды, сөйтіп түбінде
компанияны басқаруға дайындайды. Бұл жас мамандар тек қана бір бөлімде жұмыс істеуге мамандандырылмайды. Оларды бір бөлімнен екінші жəне басқа бөлімдерге, бизнестің жан-жақты қырларымен танысу үшін, ауыстырып отырады. Байлар Өздерінің жəне басқалардың балаларын осылай «тəрбиелейді». Осының нəтижесінде олардың балалары бизнестің жалпы қалай Жұмыс істейтіндіктері жөнінде жəне компанияның бөлімдерінің бір-бірімен байланыстылығы туралы терең мағлұмат алады.
Екінші дүниежүзілік соғысы кезеңінде туған ұрпақ үшін компаниядан-компанияға ауыса берушілік «жаман». -деп есептелетін.
Қазіргі кезеңде, бұл ақылды іс. Бір жерде тапжылмай, бір мамандықтың көлемінде ақша үшін жұмыс істей бермей, басқа салаларды да біліп, үйренуге неге ұмтылмасқа, қысқа мерзімді уақытқа, мұндай істің пайдасы аз болып көрінуі мүмкін. Бірақ, ұзақ мерзімді тұрғыдан алсақ. олар Сізге көп дивидентер түсіреді.
Жетістікке қол жеткізу үшін. басқаларды үйренуде мыналарды білу қажет:
- Ақша ағымын басқару.
- Жүйелерді басқару (соның ішінде өзіңді жəне отбасындағы
уақытыңды)
3 Адамдарды басқару.
Арнайы ықшамдылыққа үйренудің ең маңыздысы- ол сата білу жəне маркетинг амалдарын игеру. Егер Сіз сата білсеңіз, онда басқа адамдармен сөйлесе аласыз деген сөз. Бұл адамның жетістікке қол жеткізушілігіне үйренудің негізгі шарты. Адамдардың қарым-
қатынастарында: хаттар, кездесулер жүргізу, пікір алушылық, əңгіме өткізушілік-мұның бəрі де маңызды. Мен əрдайым өз білетіндерімді семинарлар арқылы жəне аудиокассетаға жазылған лекцияларды тыңдаумен жетілдіріп отырамын. Мен бірнеше рет айтканымдай, менің
оқымысты əкем, өз біліктілігін арттыру мақсатында, өте көп жұмыс істейтін. Ол солай «егеуқұйрық жүгірісіне» одан сайын тереңірек ене түсетін. Оның жалақысы өскенмен, таңдап алу
мүмкіншілігі қысқара беретін. Білім министрлігінен оны босатқанда, ол өз мамандығының кəсіби тұрғысынан əлсіз жағын байқады.
Мұндай жағдай кəсіби спортшылардың басында да болады. əсіресе олар қартайғанда немесе үлкен жарақат алғанда. Бір кезеңде алған үлкен жалақылары тоқтатылады, енді өмір олардың не білетіндіктеріне келіп тіреледі. Міне, сондықтан менің əкем кəсіподақ жағына шықты ғой деп ойлаймын. Енді кəсіподақ ол үшін, шешуші күш екенін түсінді.
Бай əке, Майк екеуімізге, əр нəрседен аз да болса, бірдеңе бітуімізге кеңес беретін. Ол бізге, өздеріңнен ақылды адамдарды
жұмыс істетіп жəне оларды бір командаға ұйымдастыра біліңдер,-деп үйрететін. Жылына жүздеген мың доллар табыс табатын, мен өзімнің мектептегі ұстаздарымды талай рет кездестірдім. Олардың мұндай дəрежеге жетушіліктері, білім беру жүйесіндегі біліктіліктері ғана емес, сонымен қатар маркетингті білушіліктері еді. Жұрттың көпшілігінің саудаға бейімделе алмаушылықтары себептерінің бірі, ол сауда барысындағы бас тартушылықпен, алмай кетушіліктен қорқу.
Адамдармен сөйлесуді жақсы білсеңіз, олармен қалыпты əңгімелер өткізе алсаңыз, дұрыс қарым-қатынаста болсаңыз, жұрттан үрейлену қорқынышы азая түседі де. Сізге өмір сүру жеңілге түседі.
Мен, баршалыққа кезінде «Бестселлерлер авторы» болғысы келген жас журналшы қызға берген кеңесімді беруге даярмын.
Мамандандырушылыктың жақсы да жəне əлсіз де жақтары бар. Менің дарынды талай жолдастарым бар. бірақ олар басқа адамдармен тиімді сөйлесе алмайды, соның салдарынан табыстары аз. Сондықтан, мен оларға бір жыл бойы сатуға үйренушілікке кеңес берумен келем. Осы уақыт ішінде олар ешқандай табыс таппасада, адамдармен сөйлесуге үйренген болар еді. Ал,бұл бағасы жоқ ұғым.
Жақсы оқушы, сатушы жəне маркетинг маманы болу үшін, жақсы мұғалім де болуы керек. Нақтылы бай болу үшін, тек қана
алуды ғана емес, беруге де үйрену керек. Адам өзінің қаржылық немесе кəсіби проблемаларымен күресу барысында, ол беру мен алуды ұмытып кетеді. Маған көп адамдардың,не жақсы оқушы бола алмағандарынын, не жақсы оқытушы бола алмағандарының салдарынан кедей болғандары мəлім.
Менің екі əкемде тамаша жəне жомарт адамдар еді. Екеуіде басқаларға бірдеңе беруге ұмтылатын. Оқыту осының бір түрі. Олар қанша берсе, сонша алатын. Ал ақша беруде, бұл екі адамның бір- бірінен түбегейлі түрде айырмашылықтары бар еді. Бай əке көп ақша тарататын. Ол ақшаны шіркеуге, қайырымдылық орындарына, өзі құрған əртүрлі қорларға беретін. Ол, егер ақша алғың келсе, беру
керектігін білетін. Бұл атақты бай тұқымдарының құпиясы. Міне, сондықтан Рокфеллер немесе Форд қорлары бар. Олар байлықтарын
өсірумен қатар, оны таратуды да біледі.
Менің оқымысты əкем: «Менде басы артық ақша пайда болғанда, оны басқаларға беремін», -деп қайталайтын. Бірақ, мұның
проблемасы, онда ешқашанда артық ақша болған емес. Ақшаның: «Бер- содан кейін аласың»- деген негізгі заңының маңызын түсінуге
ойланудың орнына, ол жұмысты ынталы істеп, көп ақша табуға тырысатын. Оның девизі: «Ал- содан кейін бер»болатын. Мен екі əкелеріме ұқсас болып өстім. Мен, ақша жасау ойынын өте жақсы көретін, жартылай капиталистпін. Екінші жағынан қоғамдық сауаттандыру оқытушысымын. Мені, байлар мен кедейлердің арасындағы өрескел алшақтық үнемі алаңдатады.
Менің жеке пікірім: осындай айырмашылықтың болуына, біздің ескірген оқу жүйесінің тікелей кінəсі бар, деп есептеймін.
Неден бастау керек?
Адамдар білім алып, қаржы туралы сауатты болғанымен, толық қаржылық тəуелсіздікке қол жеткізуде кейбір кедергілер болады.
Мысалы, қаржы жөнінде сауатты адамда, ақша ағымын арттырып, көп ақша түсіретін үлкен активтер колонкасының (бөлігінің) болмаушылығынын мынандай бес себептері бар:
- Үрей.
- Өз күшіне сенбеушілік.
- Жалқаулық.
- Жаман дағдылар.
- Менмендік.
1.Бірінші себеп.
Ақшаны жоғалтып алу үрейін қалай жоюға болады?
Мен ақша жоғалтуды жақсы көретін бірде-бір адамды кездестірген емеспін. Дегенмен, байлардың да бірде-біреуінің ешқашанда ақша жоғалтпағанын көргенім жоқ. Қайта, керісінше
кедейлердің көпшілігінің, ғұмыр бойы бір тиында жоғалтпағандарын жақсы білемін. Ақшаны жоғалтып алу үрейі ол шынайы құбылыс. Бұл барлық адамдарға тəн түйсік. Байлар да қорқады. Алайда, проблема ақшаның жоғалуында емес, оған Сіздің қалай қарайтындығьыңызда,
яғни ұтылыс Сізге қалай əсер етті, қандай жағдайға соқтырды, əңгіме сонда.
Мұндай жағдай тек қана ақшаға ғана байланысты емес, ол өмірдің барлық қырларына қатысты. Мұнда байдың кедейден
айырмашылығы, оның үрейге қалай қарайтындығында. Қорқушылық- табиғи түйсік. Ақша мəселесінде қорқушылық ол орынды жəйт.
Бəрібір, Сіздің бай болуға мүмкіншілігіңіз бар.
Біз бəрімізде бір ахуалда батырмыз, ал екіншісінде қорқақпыз.
Менің бір жолдасымның жұбайы аурухананың реанимация бөлімінде медбике болып жұмыс істейді. Ол қанды көргенде шапшаң қимылға кірісе бастайды, ал мен инвестиция жөнінде сөз көтере бастағанымда,
тайып тұрады. Ал, мен қанды көргенде қашпаймын, тек есімнен танып құлаймын.
Бай əке адамдарда ақшаға байланысты фобияның барлығын
білетін. «Біреулер жыланнан қорқады. Басқалары ақшаны жоғалтып алудан қорқады. Мұның екеуі де-фобиялар». -деп қашанда айтатын. Осындай үрейлерден арылу үшін, ол: «Егерде барлығын жоғалтып алудан қорыксаң, істі жас кезіңнен баста», -дейтін.
Міне, сондықтан банктер ақша жинауды жас кездеріңнен бастаңдар, -деп үгіттейді. Егерде істі ерте бастасаң. бай болу жеңіл болады. Бұл мəселеге егжей-тегжей тоқталмай айтарым: ақша
жинауды 20 жасынан бастаған адамның, 30 жасынан бастаған адамнан айырмашылығы өте көп. Жер мен көктей деп айтуға болады.
Манхэттен аралын сатып алушылық-əлемдегі ең үлкен ұтымды мəміле (сделка). Ия, Нью-йорк тұрған жер небəрі 24 доллар тұрарлық моншақ жəне əртүрлі ұсақ-түйек заттарға сатып алынған. Егерде, осы 24 доллар жылына небəрі 8 проценттік пайдасы бар инвестицияға салынғанда. 1995 жылы олар 28 триллион долларға айналған болар еді. Бұл ақшаға жылжымайтын мүліктің 1995 жылғы бағасымен Манхэттенді жəне Лос-Анджелестің бір үлкен бөлігін сатып алуға болар еді.
Менің көршім компьютерлер компаниясында 25 жыл жұмыс істеді. Бес жылдан кейін, ол жұмыстан кетеді. ал оның зейнетақы
жоспары 4 миллион долларды құрайды. Бұл ақшалар негізінен өзара қорларға инвестиция ретінде салынған, енді олар облигацияларға жəне мемлекеттік құнды қағаздарға айналдырылған. Ол зейнетке шыққанда 55 жаста болады, сөйтіп оның пассивтік табысы, жылына 300 мың долларды құрайды бұл қазіргі жалақысынан əлдеқайда артық. Сіз ақшаңызды жоғалтудан қорқып, қатерге ұрынбасаңызда, оңтайлы жағдайлардың тууы əбден ықтимал. Бірақ, істі ерте бастап жəне міндетті түрде зейнетақы жөнінде жоспарлар болуы қажет, алдымен ақшаны инвестицияға салардан бұрын, міндетті түрде қаржыны жоспарлау маманын тауып алу керек.
Егерде Сізде уақыт аз қалып, зейнетке ерте шыққыңыз келсе, онда не болады? Ақшаны жоғалтып алу үрейлігін қалай жеңуге
болады?
Менің кедей əкем, бұл жөнінде ештеңе істемейтін. Ол, мұндай тақырыптан қашқақтап, талқылаудан бас тартатын.
Менің бай əкем, маған ойланғанда, техастықтар сияқты ойлану керек, -деп кеңес беретін.
-Маған, Техас жəне оның тұрғындары ұнайды, -дейтін ол.
-Техаста барлық іс-ірі көлемде жүргізіледі. Техастықтар бірдеңе ұтса? опырып қтады. Ұтылулары да сондай.
-Оларға ұтылу оңай ма? -дедім мен бірде таңданып.
-Жоқ, менін айтпағым ол емес. Ұтылуды ешкімде жақсы
көрмейді. Маған ұтылыстан бақытты болған адамды көрсетші, мен оның ешуақытта да ұта алмайтындығын айтып бере аламын, -деп жауап берді бай əке.
-Мен техастықтардың үрейден сескенбей, тəуекелшілдікке
баруларын жəне соның арқасында үлкен жұмыстарға шыққандықтары жөніндегі көзқарастарын айтамын. Оларға ғаламат ірілікпен өмір сүреді. Оларда ақша туралы əңгіме көтерілгенде қысылу, қымтырылу,
үрей дегендер жоқ. Дүкеншінің 5 тиынын қайырмай қалса, итше қыңсылап, оны талап етушілік оларда жоқ. Көрінгенге ұсақтанбайды.
Тағыда айтам, Маған техастықтардың өмірге деген көзқарастары ұнайды. Ұтқандарында масаттанады, ұтылғандарында мұңаймайды. керісінше мақтанады. Оларда мынандай мəтел бар: «Егер банкрот болғың келсе, оны ірілікпен жаса». Ұсақ-түйек бір нəрседен жанып кеттім-деп мүсəпірсудің не қажеттілігі бар-дейді олар. Ал, көпшілік бұлай ұтылуға қорқады, банкротқа түсіп қалмау үшін, мұндай мəмілелердең (сделкалардан) аулақ жүреді.
Ол қашанда, Майк екеуімізге: жұрттың көпшілігінде қаржы Жетістігінің болмаушылығы себебтерінің бастысы олардың тəуекелділікке бармаушылықтарында дейтін. «Жұрттың ұтылыстан соншалықты қорқуы -олардың қашанда болмасын соншалықты ұтылуы»-деп, бізге осылай түсіндіретін.
Ұлттық футбол лигасының атақты қорғаушысы Фрэн Таркентон, бұл жөнінде кішкене басқаша айтады: «Жеңіс-ол жеңіліп қалу
үрейінің жоқтығы». Мен, өз өмірімде байқағаным, жеңілістен кейін, қашанда жеңіс келеді. Велосипед тебуді үйрену үшін, мен одан талай
рет құлағанмын. Допқа қашанда дəл соғатын гольфшыны ешқашан көргенім жоқ. Сол сияқты,ақша жоғалтпаған байларды көргенім жоқ.
Жұрттың көпшілігінің қаржылық жоғары дəрежелікке қолдарын жеткізе алмаушылықтары: ақшаны жоғалтып алу , үрейінің, бай болу қуанышынан үстем болуы.
Техастатағы былайда айтушылық бар: «Бəріде аспанға барғылары келеді, бірақ өлгісі келетіндер жоқ». Көп адамдар бай
болуды армандайды, алайда ақшаларын жоғалтып алудан қорқады. Сондықтан, олар аспанға бара алмайды.
-Егер сендер, қауіптілікке, ұтылысқа жəне ұлысқа дұрыс қарауға үйренгілерің келсе, Сан-Антониоға барыңдар. Алома да болыңдар.
Алома- бұл батыл адамдардың тарихы, олар жау күші өздерінен бірнеше есе артық болсада соғысудан бас тартпаған. Жауға
берілгенше, өлімді қалаған. Мұндай тарихты білушілік шарт. Бұл, дегенмен əскери жеңілістің тарихы. Айту керек, дегенмен бұл
сəтсіздік. Олар жеңілді. Техастықтар сəтсіздікке калай қарайды? Олар осы уақытқа дейін: «Аломаны есінде сақта!» -дейді. Бұл тарихты, ол бізге бірнеше рет айтқан болатын. Əсіресе, мұны үлкен мəмілелер
(сделкалар) жасап, оны бекітерде жиі есіне алып, толқитын. Мұны, қате жіберіп алып, ақшамды жоғалтып алам ба деп қорыққанында, əр
сайын ойлайтын.
Бұл оған күш-қуат беріп, қаржының жоғалуын, қашанда жеңіске айналдыруға болады деген ұғымды есіне алатын. Ұтылыс- оны ақылды жəне күшті қылатындығын білетін жəне ұтылғысы келмейтін.
Өзінің кім екенін жəне ұтылысты қалай қабылдайтынын білетін. Ұтылысты қайткенде де соңында жеңіске айналдыратын. Сондықтан,
ол ғұмыр бойы жеңуші, ал қалғандары жеңілуші болатын. Бұл тарих
оған, басқалар шекарадан тайсақтап өте алмай тұрғанда, рух беріп, жеңіп шығуына ықпал ететін. «Міне, сондықтан маған техастықтар
ұнайды. Олар өздерінің ірі жеңілістерін, туристердің ағылып келіп, көретін орынға айналдырып, миллиондаған пайда табуда»-дейтін.
Егерде Сізді ұтылыс əлсірететін болса, қатерге ұрынбаңыз. Балансты инвестициямен айналысыңыз. Егер Сіздің жасыңыз 25-тен асса жəне тəуекелден қорықсаңыз, өзіңізді сындырмаңыз.
Қорықпай ойнаңыз, бірақ ерте бастаңыз. Ақша жинауды жас кезіңізден бастаңыз, ол көп уақытты талап етеді. Егерде Сіз бостандықты армандап, «егеуқұйрық жүгірісінен» қалай шығуды ойласаңыз, онда Сіз өзіңізге мына сұрақты қойыңыз:
«Мен ұтылысқа қалай қараймын?» Егер Сізді ұтылыс жеңіске ынталандырса, онда Сізге тəуекел етуге болатын шығар. Егерде Сізді ұтылыс əлсіретіп, шатақ жағдайға жеткізетіндей болса, онда қатерсіз қимыл жасаңыз. Мұндай жағдайда, негізгі жұмысыңыздан кетпеңіз. Облигациялар немесе өзара қорлардың акцияларын сатып алыңыз.
Есіңізде болсын, мұндай қаржы құралдары да қауіпті, бірақ аз дəрежеде. Сөйтіп, мен Сізге Техас жəне Фрэн Таркентон туралы айттым, оның себебі: активтер колонкасын (бөлігін) қалай көбейтуді көрсету еді. Бұл, ерекше қаблеттілікті талап етпейтін-ойын ғана.
Үлкен білімнің де қажеттілігі жоқ, бес класстық арифметиканы білсе жеткілікті.
Айту керек, активтер колонкасы (бөлігі) бойынша ойнау- бұл түбірімен басқа іс. Мұнда батылдық, шыдамдылық жəне шалысқа
салқынқандылықпен қараушылық керек. Қашанда ұтылыл жүргендер, жеңілістен қашып жүреді. Бірақ, жеңіліс шалғанда жеңімпазға
айналдыруы мүмкін.
Қашанда Аламо Есіңізде болсын.
Екінші себеп.
Өз күшіне сенбеушілікті қалай жеңуге болады? «Аспан шайды! Аспан құлайды!» Аулада зыр жүгіріп, «келе» жатқан қатер жөнінде жар салған, Кішкентай балапан жөніндегі ертегі əңгімені бəріміз білеміз. Мұндай адамдардың да баршылығын тағы бəріміз білеміз. Кішкене балапан, баршамыздың ішімізде бар. Өз күшіне сенбеген адам бол кіші балапан тəрізді. Ақылды, үрей мен сенбеушілік жеңгенде, бəрімізде осындай күйге түсеміз. Сізге, мынандай сенбеушілік түрлері белгілі деп есептеймін. мысалы: «Мен
соншалықты ақылды емеспін», «Менің мұндайға қабілетім жетпейді»,
«Ол менен артық». Мұндай сенбеушіліктер, адамды тырп еткізбейді.
Сөйтіп, біз «ертең не болады?...»атты ойынын ойнағандаймыз: «Мен ақшамды салғаннан кейін, экономикада дағдарыс болса не
болады?», «Мен табыс таба алмай, алған ақшаны қайыра алмасам не болады?»сияқтылар.Оныңсыртында,біздіңдостарымызбен,
туыстарымыз, олардан бұл жөнінде ештеңе сұрамасақта, біздің
«ағаттығымыз» туралы, өзімізге жамырап айта бастайды.
Мысалы, «Сен мұны істей аламын деп сенесің бе?» немесе «Егер бұл жақсы идея болса, онда басқалар оны неге істемейді?», «Бұл еш уақытта болмайды», «Сен не айтып тұрғаныңды түсінбейсің»-дейді. Мұндай сенбеушіліктің ықпалы соншалықты, біз қандайда болмасын қимыл жасауды тоқтатамыз. Іштей сенімсіздік пайда болады. Кейде ұйқы қашады. Солай, біз қауіпсіз «жерде қаламыз, ал мүмкіндіктер Сізді айналып өтеді. Өмір бізді айналып өтіп жатқанын көреміз, ал өзіміз қалшылдап-дірілдеп, қара терге түсіп, қимылсыз отырамыз.
Осындай сезім аз болсын, көп болсын бəрімізге мəлім.
Питер Линч «аспан құлайды» деген айғайды, жəй дақпырт,- деп атайды. Мұндай дақпырт не біздің басымызда болады немесе сырттан келеді-дейді. Көбіне мұны жолдастар, туыстар, əріптестер жəне жаппай ақпараттық құралдар шығарады. Линн 50-жылдары, газеттерде ядролық соғыс туралы қаншама шу көтерілгенін еске алады, сол уақытта жұрт бомбадан қорғану орындарын салып, тамақ, су
қорларынжинақтайбастайды.Осыларғакеткенқаржыларды, инвестицияларды нарыққа салғанда, қаржылық тəуелсіздікке тезірек
қол жеткізген болар еді.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Лос-Анджелесте тəртіпсіздіктер басталғанда, қару сату мемлекет бойынша арта түсті. Дəрі жасайтын компания, адамдардың гриппен қалай ауыратынын теледидар арқылы көрсетеді, содан кейін жұрт олардың дəрілерін жаппай сатып ала бастайды.
Сондықтан, осындай алып-қашпа сөздерге мəн бермеуге, өсектерге құлақ аспауға, үлкен батырлық керек,1992 жылы Финикске, бізге Ричард деген жолдасым Бостон қаласынан келді. Ол біздің
акциялар жəне жылжымайтын мүлік арқылы қандай дəрежеге жеткенімізге таң қалды. Ол уақытта Финиксте жылжымайтын мүлік бағасы төмен болатын. Біз, оған екі күн бойы, ақша ағымы мен капиталды өсірудің əртүрлі жақсы амалдарын көрсетумен болдық. Біз,
əйеліміз екеуіміз,жылжымайтын мүлік саудасы агенттігінің кəсіби
маманы емеспіз. Біз тек қана Инвесторлармыз. Біз əдемі жерден жақсы үй тауып, агентке телефон соқтық, ол сол күні үйді біздің досымызға сатты. Екі демалыс бөлмесі бар, бүл үйдің құны 42 мың долларды құрады. Осындай үйлер, сол уақытта 65 мың долларға сатылатын.
Ричард пайдалы мəмілеге (сделкаға) риза болып, Бостонға кетті. Екі аптадан кейін, агент телефон соғып, біздің досымыздың саудадан бас тартқанын айтты. Не жағдай болғанын білу үшін, мен лезде Ричардқа телефон соқтым. Ол көршісімен сөйлескенін, көршісі бұл мəміленің (сделканың) пайдалы емес, сен артық төледің, -деп айтқанын тілге тиек етті.
-Көршің инвестор ма еді? деп сұрадым мен.
-Жоқ. Онда сен оны неге тыңдайсың дегенімде. Ричард қорғана бастап, кішкене күте тұратындығын айтты.
Финиксте жылжымайтын мүлік нарығында жағдай өзгеріп, 1994 жылы мұндай үй айына 1000 доллардан жалға берілетін, ал қыс айларында 2,5 мың долларға дейін көтерілетін. 1995 жылы бұл үй 95 мың доллар тұрды. Ричардқа небəрі қолма-қол 5 мың доллар ақша төлеу керек еді, сөйтіп ол «егеуқұйрық жүгірісінен» шыға бастаған болар еді. Ол баяғыдай қимылсыз отыр. Финиксте қолайлы жағдайлар бар, бірақ енді оларды табу оңай емес. Ричардтың мəміледен (сделкадан) бас тартуы мені таң қалдырған жоқ. Бұл баяғы сенбеушілік. Кіші балапан жеңді, бостандық мүмкіншілігі жіберіліп қойды.
Тағы бір кішкене мысал. Менің активтерімнің шамалы бөлігі депозиттік сертификатқа емес, салық сертификатына салынған. Менің ақшам жылына 16 процент пайда түсіреді, əрине бұл банктің ұсынатын 5 процентінен əлдеқайда жақсы. Еш сертификаттар жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген жəне мемлекеттік заңдылықпен бекітілген, айту керек мұндай жағдай банкімен жұмыс істегеннен гөрі көп пайдалы. Менің сатып алу тəсілім, оларды қауіпсіз етеді. Жоғалып кету қауіпі жоқ. Сондықтан, мен оларды екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзім ішінде депозиттік сертификаттар деп есептеймін.
Біреулер мұны маған қауіпті деп түсіндіргілері келіп, неге істеуге болмайтындығын айта бастайды. Ал мұны қайдан білесіз?- дегенімде,
бір танысымнан естідім немесе инвесторларға арналған журналдан оқыдым дейді. Өзі мұны істемесе де, басқа адамдарға ақыл айта
бастайды. Осы сертификаттардан менің жылдық табысымның ең төменгі бөлігі кем дегенде 16 процентті құрайды, ал күмəнданушы бес процентке риза болады.
Менің айтайын дегенім, нақ осы күмəнділік жұрттың көпшілігін кедей қылып, қатерсіз іс-қимыл жасауға тұсау болады. Нақтылы өмір Сізге бай болу үшін, қандай да болмасын мүмкіншілікті беруге даяр. Адамды тек қана оның сенбеушілігі мен күмəнділігі-кедей қылады.
Кайталап айтам. «егеуқұйрық жүгірісі» шеңберінен шығу жеңіл. Бірақ, осы күмəнділік жұрттың күшін құртады.
«Күмəнданушы Ешқашан жеңбейді»-дейтін бай əке. Дəлелденбеген сенбеушілік жəне үрей, адамдарды қорқақтар мен арсыздарға айналдырады. Олар тек қана сынайды, ал жеңімпаздар
талдайды»-дейтін. Талдаушылық көзді ашады. Талдау жеңімпаздарға біреулердің көрмегенін көруге, ықпал етеді. Басқалардың көрмегенін көрушілік қаблеті ол жеңістің барлық түрлеріне келетін кілті.
Жылжымайтын мүлік қаржылық тəуелсіздікке немесе бостандыққа қолдарын жеткізгісі келгендердің барлығы үшін, инвестиция салудың күшті құралы. Бұл ғажайып құрал. Жылжымайтын мүліктің осы касиетін айтқанымда кейбіреулердің: «Мен əжетхананы жөндегім келмейді»-дегенді де естідім. Міне, осыны Питер Линч «шу» деп атайды. Мұны талдаушылар емес сынаушылар айтады. Оны өз-өздерін күмəнданумен, сенбеушілікпен əлсіреткендер ғана айтады. Біреудің:
«Мен əжетхананы жөндегім келмейді» дегеніне, мен: «Ал саған оны, мен істегім келеді,-деп кім айтты?»-деймін. Сөйтіп, оларға
«егеуқұйрық жүгірісінен» қалай шығу жолдарын айтып отырғанымда, көңіл аударғаны əжетхана ғана болды. Бұл бай болғысы келмеген
адамдардың ойлау үлгісі. Талдап түсінудің орнына, олар сынауды ғана біледі.
Сендердің «керек емес, істегім келмейді» дегендер істің кілті»- дейтін бай əке. Өзімде əжетханаларды жөндегім келмейді, сондықтан
мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін Жылжымайтын мүлік менеджерін тауып алуға тырысамын.
Егерде, мен үйлер мен пəтерлердің жақсы менеджерін тауып алғанымда, менің ақша ағымым өсе бастайды. Тағы бір мұның маңыздылығы, жақсы менеджер, маған бұдан да үлкен жылжымайтын мүлік алуға кемектеседі, сөйтіп əжетханалармен айналысудың қажеті жоқ. Мұндай адамды табу, жылжымайтын мүлікті іздеуден маңыздырақ. Ол пайдалы мəмілені (сделканы) жылжымайтын сауда агнеттерінен бұрын біледі. сондықтан ол бұданда құнды қызметшіге айналады. Бай əкенің: «Керек емес, істегім келмейді дегендерін -істің кілті» дегені, осыны көздегені еді. Менде əжетханаларды жөндегім келмегендіктен, басқа тəсіл тауып, оданда көп жылжымайтын мүлікті сатып алып, өзімнің «егеуқұйрык жүгірісінен» тезірек шығу жолын
таптым. «Мен əжетхананы тазартқым келмейді», -деп айғайлаушылар, өз-өздерін инвестиция салудан аластатады. Солай əжетханалар оларға
қаржылық бостандындығынан да гөрі маңызды болса керек.
Құнды қағаздар жөнінде əңгіме көтерілгенде, жұрттың көпшілігі: «Мен ақшамды жоғалтқым келмейді»-дейді. Ал, оларға мен немесе
басқа біреулер акшаларын жоғалтқасы келеді, -деп кім айтты?
Олар ақша істей алмайды, себебі: оны жоғалтқылары келмейді.
Талдау жасаудың орнына, олар тағыда бір күшті инвестициядан айырылады.
1996 жылдың желтоқсанында, мен бір жолдасыммен бірге еріп АЗС-ке (машинаға май құйып алу орны) келдім. Ол бензиннің
бағасының өскенін көрді. Менің бұл жолдасым байбалам салушы кіші балапанның нақ өзі еді. Ол үшін аспан қашанда «құлағалы» тұратын. Оның айтқанындай болатын, бірақ ол оның өз басына «құлайтын».
Жолшыбай маған əртүрлі деректерді келтіре отырып, бірнеше жылдар бойы мұнайдың бағасы көтерілумен болады деді. Мен мұндай мəліметтерді көргенім жоқ еді, бірақ менде бір мұнай компаниясының əжептəуір акциялары бар болатын. Осы мəліметтерді ескере отырып,
мен іздестіруді бастадым, сөйтіп кезінде мəн бермеген бір компания жаңа құбырлар ашайын деп жатқанын білдім.
Менің брокерім бұл іске құлшыныспен кірісті, сөйтіп мен 15 мың акцияны 65 центтен сатып алдым. 1997 жылдың ақпанында сол жолдасыммен, АЗС-тің жанынан өтіп бара жатқанымызда, бағаның 15 процентке көтерілгенін көрдік. Ол тағыда мазасыздана бастады.
Мен күлдім, себебі: 1997 жылдың қаңтарында, сол кіші мұнай компаниясы жаңа құбырларын іске қосқан еді, енді менің 15 мың акциямның əрқайсысының құны үш долларға жеткен еді, сөйтіп оның өзі мəн бермеген дерегінің арқасында пайдаға шықтым. Оның айтқаны дұрыс болса, мұнай бағасы одан да əрі өсетін көрінеді.
Егерде жұрттың көпшілігі, биржа қорында «стоп»(тоқта) дегеннің не екенін білсе, ұтылу үшін емес, жеңу үшін инвестиция
салуға тырысар еді. «Стоп»-бұл компьютерлік бұйрық, акция құны төмендегенде Сіздің салған акцияларыңыз зиян шекпеу үшін, осы бұйрық бойынша автоматты түрде сатыла бастайды жəне баға көтерілгенде, қандай да болмасын пайда келтіру үшін, осы бұйрық қайта қолданылады. Бұл, ұтылудан зəрелері кететіндер үшін, ақша табудың таптырмайтын құралы.
Үшінші себеп. Жалқаулық.
Жайшылықта жұмыстан қолдары тимейтін адамдар жалқау болады. Күн көріп табыс табу үшін, барлық күшін салып жұмыс істейтін адамдарды білеміз. Ол отбасын толық қамтамасыз етуге тырысады. Түнге дейін жұмыста болады, демалыс күндерінде де жұмыс істейді. Күндердің-күнінде үйінің бос қалып, ешкімнің жоқ екенін көреді. Əйелі балаларын алып кетіп қалады. Ол, əйелімен
екеуінің арасында кикілжіңнің бар екенін білетін, бірақ өз-ара қарым- қатынасты дұрыстауға жұмыстан қолы тимейтін. Енді жұмыс оған сүйкімді жəне соншалықты тартымды емес, жұмысқа салғырттығынан басшылар тарапынан ескертулер көбейе бастайды. ақырында жұмыстан шығарады.
Бай болмақ түгіл, оны ойлауға да қолдары тимейтін адамдарды білемін.
Жұмыстан Қолдарың босамаушылығы соншалықты, денсаулықтарына да мəн бермейтіндерді де жиі кездестірем.
Мəселе біреу-ақ. Олар өз проблемаларымен бетпе-бет кездеспеу үшін, əдейі жұмыстан қолдары тимеушілікке ұмтылады. Оған мұны
түсіндірудің қажеті жоқ, іштей оның бəрін жақсы біледі. Ал, оған бұл туралы айтсаң, ызалануы жəне өкпелеуі мүмкін. Егерде жұмыста болмаса, телевизор көруден, гольф ойнаудан немесе аңға шығып, балық
аулаудан қолы тимейді. Дегенмен, ең терең ой түкпірінде маңызды бірдеңеден қашып жүргенін ол сезеді. Бұл жұмыспен көлегейленген нағыз сұрқия жалқаулықтың түрі.
Бұдан қалай құтылуға болады?
Рецепт біреу-азғана сараңдық қосу керек. Бала кезімізде, барлығымызга да сараңдық жаман деп айтылатын. Менің шешем: «сараң адам-ол жаман».
-дейтін. Дегемен, барлығымызда іштей жақсы
бағалы, сұлу заттарды немесе жаңа бірдеңелерді алуды жақсы көреміз. Ата-аналарымыз бұл қылығымызды бақылауға алып, көңілімізді басқаға аудару үшін, көбіне кінəлəйтін. «Сен тек қана өзің туралы ғана ойлайсың, Сенің інілерің мен қарындасыңның бар екенін білмейсің бе?»дегендер менің шешемнің сүйікті сөздері болатын. Ал, əкем болса: «Мен саған не алайын? Немене бізді ақшадан құрылды дейсің бе, əлде ақша ағаштың бұтағында өседі дейсің бе? Біз миллионер
емеспіз», деп айтатын. Маған əсер ететіні ақшаның жоқтығы емес, осындай сөздердің астарындағы олардың ашуы мен өкпелері еді. Ал, көршіміз болса, кедейлігіне қарамай балаларының қолдарын қақпай, сұрағандары мен қалағандарын орындайтын.
Бай əкем: «Мен мұны, өзіме істей алмаймын», "дегенді айтуға
тыйым салатын. Керісінше, өз үйімде мұндай сөздерді жиі еститінмін.
Бай əке болса: «Мен мұны өзіме қалай істей алам?»-деген сөздерді айтыңдар, деп талап ететін. «Мен мұны өзіме істей алмаймын» деген сөз, адамның ойлау қабілетін əлсіретеді. —деп есептейтін бай əке. Ал: «Мұны өзіме қалай істеймін?» деген сұрақ
адамды ойлануға жəне оған жауап табуға итермелейді. «Мен мұны өзіме істей алмаймын» деген сөздің өтірік екенін, бай əке жақсы түсінетін. Осылай екенін, адам өзіде іштей сезінеді. «Адамның рухы күшті. Ол барлығын істей алатындығын біледі», -дейді бай əке. Ал, Сіз жалқау əрі ойлануды қаламасаңыз, онда Сіздің алдыңыздан: «мұны істейалмаймын...»өмірбақикетпейді.Мұндайпиғыл:əлсіздікке,
енжарлыққа, тіпті депрессияға ұрындырады.
Ал: «Мен мұны өзіме қалай істеймін?»-деген сұрақ жаңа мүмкіндіктерді, ұйқыда жатқан ойыңызды түрткілеп оятып көруге,
жаңалыққа қарай итермелеп, бір нəрсеге түбегейлі қол жеткізуге ықпал етеді. Сондықтан бай əкені бізге не керек екендігі
толғантпайтын өздеріңе: «мен өзіме мұны қалай істей алам?» ,-деген сұрақты жиі қойып, ақыл-ойымызды жаттықтырып, алға ұмтылуымызды қатты талап ететін. Солай, ол Майк екеуімізге жарытып ештеңеде бермейтін. Оның орнына: «мұны қалай істей аласыңдар?»-деп сұрайтын. Сөйтіп, біз колледждегі оқуымызды да өзіміз төлегенбіз. Ол біздің көңілімізді мақсаттың өзіне емес, оған жету тəсілдеріне аударуымызды қадағалайтын.
Көп адамдардың, өздеріңің армандарына жете алмағандарына өкінетіндіктерін мен сезінем. Оларға бала көзінен бастап: «Сен мұны істей алмайсың», «Бұған біздің қолымыз жетпейді», «Байлардың бəрі сараң» деген сөздер теріс ұғым беріп, аяғы кедейшілікке, жоқшылыққа əкеліп соқтырған.
Мен «егеуқұйрық жүгірісінен» шығуды ойлағанымда : «Жұмыс істеушілікті қалай тоқтатсам екен?», —деген сұрақты қойдым. Сонда менің ойым сан-саққа жүгіріп, жауаптар мен əртүрлі амалдарды іздестіре бастады. Сонда бала кезден қалыптасып қалған: «Мұны біз істей алмаймыз». «Жалғыз өзің туралы ойлауды кысқарт» немесе
«Басқалар туралы неге ойламайсың?»,-деген басқа да осындай догмалар етегімнен тартып, оларды жеңу қиынға түсті.
Сөйтіп, жалқаулықты қалай жеңуге болады? Сараңдықтың бір кішкентай бөлігімен, -дер едім мен.
Бір уақытта отырып, асықпай мыналарға ойлану керек: «Егер, менің денсаулығым мықты əрі сауатты, кісілерге ұнамды болсам, мен
не мақсатқа жетемін?», «Менің өмірім не болады, егер жұмыс істемесем?» немесе «Менде барлығына жеткілікті ақша болса, маған не қажет?» Біздің əлем қашанда даму үстінде, адамдар қай уақытта
болсын жақсы өмірге ұмтылады. Мектепке,колледжге барып оқимыз, себебі: бірдеңеге қол жеткіземіз, -деп ойлаймыз. Сондықтан, бірдеңені
істеуге міндетті болып, бірақ одан қашқақтап жүрсеңіз, онда өзіңізге:
«Ал,бұдан мен не пайда табамын?» деген сұрақ қою ғана қалады.
Кішкене сараң болсаңыз, ол Сізді қуалайды. Бұл жалқаулықтың жақсы дəрісі. Алайда, орынсыз сараңдық, басқа да теріс қылықтар секілді зиянды. Майкл Дуглас «Уолл стрит» киносында: «Сараңдық-ол жақсы»-дейді.
Бай əке бұл жөнінде кішкене басқаша айтады. «Өкініш сарандықтан да жаман. Өйткені, ол адамның жанын жейді» дейтін. Маған бəрінен бұрын Элеанор Рузвельттің: «Өзіңді дұрыс дегенді істеңіз, бəрібір қандай жағдай болсада Сізді сынайды. Істесеңізде қарғайды, істемесеңізде қарғайды». -деге сөзі ұнайды.
Төртінші себеп. Дағдылар.
Біздің өмірімізді көбінесе айқын бейнелеуші күш, алға біліміміз емес, керісінше бойымыздағы дағдыларымыз. Мені бір танысым
АрнольдШварценеггердің«Конан»киносындағыойынынкөріп, айтқаны:
"Менде, шіркін Шварценеггердей. бүлшық ет болса ғой",- деді. Бəріде онымен келісіп бастарын изеді.
Мен, оның бір кезде нəзік əрі жүдеу болғандығы жөнінде, естідім,- деді екінші біреуі.
-Оны менде естідім-деді үшіншісі. Бірақ, ол күнде жаттығатын көрінеді.
-Ия, айтарсың!
-Жоқ, олай емес-деді менің мылжың танысым. Таласың барма?
Ол солай болып туған. Жетеді, Арнольд туралы былшыл, одан да жүр сыра ішейік. Осылай, біздің дағдыларымыз мінезімізді билейді.
Бірде мен бай əкеден байлардың дағдыларын айтып беруін
өтіндім. Қашандағы əдетіндей, ол маған тіке жауап берген жоқ, оның орнына мысал келтірді.
-Сенің əкең төлемдерін қай уақытта төлейді?, -деп сұрады ол.
-Əр айдың бірінде-дедім.
-Содан кейін, онда бірдеңе қала ма?
-Өте аз.
“Міне, сондықтан онда қаржы қиындықтары бар,-деді ол.
-Онда жаман əдет бар. Ол алдымен басқаларға төлейді, содан кейін бірдеңе қалса, өзіне төлейді.
-Көпшілік жағдайда ештеңе қалмайды, -дедім мен.
-Оны төлемеуге, оның қақысы жоқ қой, бұл шын емес пе? “дедім тағыда. Сонда Сіздің айтпағыңыз, оларды төлемеу керек пе?
-Əрине, олай дегім келмейді. Менде, телемдерді уақытында төлегенді дұрыс деймін. Бірақ, мен алдымен өзіме төлеймін. Тіпті мемлекетке төлегенге дейін.
-Ал оның барлығына ақша жетпесе ше? -деп таңдандым мен.
Онда не істейсіз? -Тағыда солай. Ақшам жетпеседе, бəрібір алдымен өзіме төлеймін. Мен үшін мемлекеттен бұрын активтер колонкасы (бөлігі) маңызды.
-Олар келіп. Сізді жазаламай ма? -деп сұрадым.
-Əрине, келеді егер мен төлемесем.
-Түсінсеңші, мен мүлдем төлемеу керек деп айтып отырғаным
жоқ қой, -деді бай əке. Мен тек қана, тіпті ақшам жетпесе де алдымен өзіме төлеймін. -дедім ғой.
-Бірақ, мұны қалай істеуге болады?
-Мəселе, мұны «қалай» істеуде емес, мұны «неге» істеу керек, əңгіме осында, деп жауап берді бай əке.
-Жақсы неге?
-Мотивация. -деді ол. Қалай деп ойлайсын: ақша түспесе, алдымен айғайды кім шығарады, мен өзім бе, əлде менің
кредиторларым ба?
-Əрине, кредиторлар дедім мен. Ол белгілі. Сіз өзіңізге төлесеңіз, ештеңе демейсіз ғой.
-Сондықтан байқайсың ба, мен өзіме төлегеннен кейін, маған
мемлекет жəне кредиторлар жағынан қысым күшейеді, сөйтіп мен табыс табу үшін, басқа тəсілдер мен амалдарды іздестіруге мəжбүр боламын. Оларға төлеу менің мотивациям болады. Мен жұмыстарды жүргізе бастаймын, жаңа компаниялар құрамын, биржада ойнаймын,
барлық қиындықтарға соқтығам, əйтеуір қайткенде де бұлардың қысымшылығын тоқтату қажет. Мұндай қысым, менен одан да əрі екпінді іс-қимылдар жасауға жəне жалпы каржы жөніндегі ақыл мен үлкен тапқырлықты табуды талап етеді. Егерде мен төлемді өзіме ең соңында төлегенімде, бұлардың тарапынан ешқандай да қысым көрмеген болар едім, бірақ менде ақша да болмаған болар еді.
-Сонда Сіздің мотивацияңыз-ол мемлекет жəне кредиторлар алдындағы үрей ме?
-Əбден дұрыс, -деді бай əке.
Басқа да ақша талап етушілер сиякты. мемлекеттің салык жинаушылары да-нағыз қарақшылар. Жұрттың көпшілігі олардан сескенеді, сондықтан оларға алдымен төлейді, өздеріне айтарлықтай ештеңе қалмайды. Ал, мен мұндай үрейлікті, өзімді мықты қылуға пайдаланауға шештім. Басқаларды бұл əлсіретеді. Өзіңді ақшаны қалай табуға ойлануға мəжбүр етушілік, спортзалға барып жаттығумен бірдей. Ой-өрісімді жаттықтырған сайын, мен күшейе түсемін. Енді мен олардан қорықпаймын. Бұл идея маған танады.
-Сонымен, егерде мен алдымен өзіме төлесем, қаржы жағынан мықтырақ, ой-өрісім өсіп, материалдық жағдайым жақсара ма?
Бай əке басын изеді.
-Ал, егер мен, өзіме ең соңында төлесем немесе мүлдем төлемей қойсам, онда əлсіреймін бе? Сонда барлығы мені, жаман дағдым үшін түрткілеп бола ма?
Бай əке тағыда басын изеді.
Бесінші себеп. Менмендік.
Менмендік-бұл надандық. «Менің білетіндігім маған ақша
əкеледі, білмейтіндігім ақшаны жоғалттырады. Əрқашанда, əсіресе менмендікке салынғанымда, шығынға ұшыраймын. Орынсыз менмендік тасқа соғады», -дейді бай əке.
Кейбірулер бүркемелі менмендікпен өздерінің нандандықтарын
жасырады. Əсіресе, мен мұндай жағдайды, бухгалтерлермен тиісті инвесторлармен қаржы есептерін талқылағанда байқаймын.
Олар құр мақтаншақтықпен, бос айғай-шуға бой ұрады. Маған олардың не айтып отырғандарын өздері де түсінбейтіндіктері белгілі. Олар өтірік айтпайды, бірақ шындықтан да аулақ. Ақша мен инвестиция əлемінде, өздерінің не айтып тұрғандарын білмейтін адамдар көп кездеседі. Мылжынға салынып, өздерін дəріптеумен болады. Егерде Сіз бір саладан түк білмейтіндігіңізді аңғарсаңыз: өз- өзіңізді оқытуды бастаңыз, кажетті маманды іздестіріңіз немесе арнайы оқулық сатып алыңыз.
Мен тез жəне оңай байыдым деп айтқым келеді. Бірақ, бұл оңай емес. «Неден бастау керек?» деген сұрақка жауап бергенімде, маған күнделікті қаншама ойлау процесстерін басымнан өткізуіме тура келетіндігін айтамын. Тамаша мəмілелерді (сделкаларды) тез табуға болады, ол туралы маған сеніңіз. Ал, іс қаржыға тірелгенде, оған батылдық керек. Өмірдегі «ең жақсы» миллиондаған долларлық мəмілені табу үшін, қаржылық тапқырлық керек. Ол барлық адамдарда бар деп есептеймін.
Мұның проблемасы: ол адам ойының ең бір терең түкпірінде жатып, ұйқыда болып өз сағатын күтушілікте болады. Себебі: біздің санамызда ақшаға деген құнығушылықтың барлық жаман істің-түп тамыры деген ұғым қалыптасқан.
Бізді ақша табу үшін кəсіби мамандық алуға оқытқан, ал ақшаның өзіңе қалай жұмыс істетуді ешкім көрсетпеген. Бізге келешекте қаржы туралы алаңдамай-ақ қойыңдар: зейнетке
шыққаннан кейін, мемлекет немесе компаниялар қамқорлық жасайды, - деп айтатын.
Мұның зардабын келешекте балаларымыз шегеді, себебі: оларды да нақ осы жүйе бойынша оқытамыз. Сол баяғыдай ынталы жұмыс
істеуге, табыс табуға, тапқандарын жұмсауға, ол біткенде қарыз алуға үйретумен боламыз.
Батыс əлемі өкілдерінің 90 проценті осы қағиданы ұстанумен
болады, оньщ себебі: ақша табу үшін жұмысқа орналасу жеңіл. Егерде Сіз Басқалардан өзгеше болғыңыз келсе, қаржылық дарындылғыңызды ояту үшін, Сізге оның он қадамын ұсынамын.
Бұлар менің қолданатын тəсілдерім. Егерде бұлардың біреуі ұнаса, онда тамаша, ал ұнамаса, өзіңіздікін ойлап табыңыз.
Бірде Перуде 45 жастағы алтын іздеушімен кездесіп, одан алтын бар жерлерді қалай тез табатындығын сұрадым, Оның айтқаны:
«Алтын барлық жерлерде бар. Бірақ, көпшілік оны көрмеуге дағдыланған»-деді. Мен онымен келісемін. Жылжымайтын мүлікпен жұмыс істеу барысында, күніне 4-5 жақсы мүмкіншілігі бар мəмілелерді (сделкаларды) таба аламын, ал жұрттың көпшілігі бұларды жанай өтіп, байқамайды. Себебі: олар өздерінің қаржылық ой-өрістерін дамытумен айналыспайды. Осы бағытта мен Сізге 10 ұсыныс беремін. Оны жетілдіру тек қана Сіздің, өзіңізге ғана
байланысты жəне өз қолыңызда.
- Жігерлік. Рух күші.
Бұған қатал нақтылы жағдайдан да мықты, сылтау керек. Егерде жұрттың көпшілігінен бай болғыңыз келе ме? -деп сұрасаңыз, олар
«ия», деп жауап берген болар еді. Бірақ, іс барысында, олардың алдында өмірдің қатал нақтылы шындығы тұрады. Енді бұл оларға өте күрделі жəне қауіпті жол болып көрінеді. Сондықтан, ақша үшін жұмыс істеушілік жеңіл көрінеді, ал артығы болса брокерге береді.
Бір кезде, мен Олимпиада ойнына қатынасуды армандап жүрген жүзуші-қызбен таныстым. Ол күнде таңғы 4-те тұрып, сабаққа дейін 3 сағат жаттығатын көрінеді. Демалыс күндері құрбыларымен ойын- сауықтарға бармайды. Оның сыртында, басқалар сияқты мектепте оқып, жоғары бағалар алуға тырысады. Одан мұндай мықтылық қайдан шығады,- деп сұрағанымда: «Мен алдымен мұны өзім жəне мені жақсы көретіндер үшін істеймін. Бұл мені жігерлендіреді жəне қуат береді», -деп жауап берді.
Мақсаттар мен сылтаулар «керек» немесе «керек емес» дегендерден тұрады. Менен, Сіз неге бай болғыңыз келеді?-деген
сұраққа берер жауабым: «Осындай күшті эмоциялық «керек» немесе
«керек емес» дегендерді салыстырып, байланыстырып отырамын», деп жауап беремін.
Осының біреуін алып қаралық. Алдымен «керек еместі» қаралық. себебі: одан «керек» туындайды. Мен ғұмыр бойы жұмыс істегім келмейді. Ата-анамның ақша үшін жұмыс істеушіліктерін қайталағым келмейді. Маған біреуге жұмыс істеу ұнамайды. Мен əкемнің жұмыстан қолы босамай, менің футболдан жарысқа қатынасқанымды келіп көрмегені үшін, қашанда ренжитінмін. Оның ғұмыр бойы мемлекетке жұмыс істеп, өлгенінде ештеңесі болмағаны маған өкінішті еді. Өз еңбегінің нəтижесін балаларына мұра қыла алмады.
Ал байлар басқаша істейді. Олар көп жұмыс атқарады, табыстарын балаларына береді. Енді «керек» жөнінде.
Мен бостандықты сүйемін. Өзімнің қалауым бойынша өмір
сүргім келеді. Мұны мен картайғанымда істегім келмейді. Ешкімге тəуелді болғым келмейді. Мен өз уақытым мен өмірімді өзім билегім келеді. Мен үшін, ақшаның жұмыс істегенін қалаймын. Бұлар, менің эмоциялық сылтауларым.
Ал, Сіздікі ше?
Оны өзіңіздің қалауыңыз біледі. Мен талай рет ақшамды жоғалттым, күйзеліске де қшырадым. Бірақ, осы эмоциялық сылтаулар, қайта түрегелтіп, алға ұмтылуға итермелейтін. Мен бостандықты 40 жасымда жеңіп алғым келді, бірақ оған 47 жасымда қолымды жеткіздім, дегенмен бұл уақыт аралығында көп дүниеге
үйрендім. Жоғарыда атап өткенімдей, осының бəрі маған оңай болды, - деп айтқым келгенмен, бірақ олар жеңіл болған жоқ, сонымен қатар
соншалықты күрделі де емес еді.
Күшті ынта мен белгіленген мақсат болмаған жерде, өмірдегінің барлығы да қиын болып көрінеді.
Сізде үлкен түрткі (мотив) болмаса, онда əрі қарай оқуға қажеті жоқ. Мұның бəрі Сізге аса күрделі болып көрінуі мүмкін.
- Таңдап алу қаблеттілігі.
Міне, сондықтан жұрт тəуелсіз елде өмір өмір сүруді қалайды.
Бізге таңдап aлy мүмкіншілігі керек. Қаржы
тұрғысынан алғанда, қолыңызға тиген 1 доллардан болашақта не бай, не кедей болу тағдыры қолымызда тұрады. Маған ақшаны қалай
жұмсайтындығыңызды айтсаңыз, мен сонда Сіздің кім екеніңізді айтамын. Кедейлердің бұл мəселе бойынша дағдылары жаман.
Менің бала кезімде «Монополия» ойынын ойнауға сəті түсті жəне оны құмартып ойнайтынмын. Бұны бала ойыны деп, маған
ешкім айтқан жоқ, бұл ойынға есейген шағымда да ойнайтынмын. Оның сыртында, актив пен пассивтің не екенін, олардың қандай айырмашылықтары бар екенін түсіндіретін менде бай əке болды. Сондықтан, мен бала кезімнен бай болуға шешім қабылдап, активтерді сатып алушылыққа үйрену- ең басты мəселе екенін ұқтым.
МеніңеңжақсыдосымМайк,активтерколонкасын(бөлігін) мұралықтан алды, бірақ бəрібір оған оларды сақтап, дамыту керек еді.
Кейбір байлардың балалары, əкелерінің жиған байлықтарын шашып құртатын, өйткені олар оны басқаруды білмейтін. Жұрттың көпшілігі бай болушылықты қаламайды.
Халықтың 90 процентіне байлық «қолайсыз жəне мазасыз» сияқты көрінеді. Сондықтан, олар əртүрлі: «Мен ешуақытта бай
болмаймын», «Ақша мені қызықтырмайды», «Мен жаспын, маған бай болу əлі ерте», «Мен көп ақша тапқанымда, сол уақытта болашақты ойластырам» немесе «Біздің үйде ақшаны əйелім немесе күйеуім ұстайды» деген сылтаулар айтып, қашқақтап жүреді.
Мұның проблемасы: осындай сылтаулар адамды eң құнды
нəрседен мақрұм қылады: уақыт жəне тəжірбие. Сізде ақшаның жоқтығы: ол білім жəне тəжірбиеден бас тартушылыққа дəлел емес. Өзіміздің күнделікті уақытымызды қалай пайдаланамыз, ақшаны қалай жұмсаймыз, неге көңіл бөлеміз, осының барлығы біздің таңдап алған қалауымыз болып табылады. Қалап алушылықтың маңызы рсында. Таңдап, қалап алушылық бəрімізге тəн. Мен байлықты қалаймын, осы қалауымды күнделікті ісіммен дəлелдеймін.
Ең бірінші ақшаңызды білім алуға салыңыз. Сіздің бойыңыздағы
ең құнды дүние-ол Сіздің ақылыңыз. Бұл бізге бағынышты ең құдретті күш. Қалап алушылықтың маңызын мен айттым. Біздің əрқайсымыз,
есейген шағымызда, өз миымызды немен толтыруды қалап алуға еріктіміз. Күні бойы доп ойнайсыз ба, кітап оқисыз ба, телевизор
көресіз бе əлде қаржы туралы семинар-курстарға барып оқисыз ба? Ол Сіздің еркіңіз.
Жұрттың көбі, алдымен ақшаны инвестицияның өзінің не екенін
білуге салудың орнына, оны құр инвестицияға сала салады. Жақында, бізге таныс бір əйеллің үйіне ұры түскен. Ұрылар телевизорды, бейнемагнитофонды алып кетіп, оның таптырмайтын кітаптарына
тимеген. Жоғарыда айтқанымдай қалап алушылық, біздің бөрімізде бар. Шындығында, елдің 90 проценті телевизорларды сатып алады, ал 10 проценті бизнес жөнінде кітаптар жəне инвестициялар туралы бейнекассеталар сатып алады.
Ал, мен не істеймін?
Мен семинарларға барамын. Маған семинарлардын 2-3 күн өткізілетіндіктері ұнайды, сонда мағлұматтарды көбірек алып, алған сабаққа терең үңілуге болады. 1973 жылы телевизордан, жылжымайтын
мүлікті қолма-қол ақша төлемей, қалай сатып алуға
болатындығы жөнінде, өткізілетін үш күндік семинар туралы жарнама көрдім. Мен осы семинарға қатынасу үшін 385 доллар жұмсадым,
соның арқасында екі миллиорнан астам пайда таптым. Мұның маңыздысы мен уақытымды үнемдедім. Енді маған, өзіме ғұмыр бойы жұмыс істеуім керек. Жыл сайын кем дегенде осындай екі семинарға барамын. Маған лекциялар жазылған аудиокассеталар ұнайды. Неге?
Оны қай мезгілде болсада, кайта қарап, кейін қайырып тыңдауыма болады.
Бірде мен Питер Линчті тыңдадым. оның бір пікірімен, мен мүлдем келіспеген едім. Бірақ, оны сынаудың орнына, мен оның
айтқанын қайтадан 20 рет тыңдадым. Мүмкін, одан да көп болар. Бір мезетте, оны бар ынтаммен тындаудың арқасында, неге олай деп айтатынын əбден түсіндім. Бұл бір ғажайып жағдай болды.
Біздің дəуірдің атақты инвесторының миының ішіне «енгендей»
болдым. Оның үлкен білімі мен тəжірбиесінің қорын иеленгендей болдым. Соның нəтижесінде, енді менде өзімнің ескі пікірім жəне сол бір проблема мен ахуалды көріп, талдайтын Питердің де пікірі болды. Сөйтіп, енді менде бір пікірдің орнына, екеу болды, солай қиын ахуалды талдауға екі тəсіл пайда болды. Бұл бағасы жоқ, дарындық еді. Осы кезеңде мен, өз-өзімнен: «Мұны Питер Линн, қалай істеген болар еді?» деп немесе Дональд Трап, Уоррен Баффет жəне Джордж Сорос, деп сұрақ қоямын. Олардың ғаламат білімдерін пайдалану үшін, өзіңнің барлық қайрат-жігеріңді жұмсауың қажет. Олардың айтқандарын тыңдауға, оқуға өзіңді жұмылдыра білуің керек.
Өр-көкіректігі көп, сынауға бейім адам, өз-өзіне баға берудің ең төменгі сатысында болып, қатерлікке (тəуекелділікке) баспайды.
Егерде Сіз жаңа бірдеңені білсеңіз, қателіктер жасауға тура келеді, онсыз алған сабағыңызды толық түсіне алмайсыз.
Егерде кітаптың осы жеріне дейін келіп оқысаңыз, онда Сіз мен-
мен жəне өркөкірек адам емессіз. Мен-мендер (өздерін көп білушілер қатарына қосатын) кітаптарды аз оқып, аудиокассеталарды ашпайды. Оларға оңың қажеті қанша?
Өздерін олар онсыз да, білгірлер «жердің кіндігі», -деп есептейді. Өмірде мұндай «парасаттылар» көп, жаңа бір дүние олардың қалыптасқан ой-пікірлеріне сəйкес келмесе, айқай-шу көтеріп, таласып
қорғана бастайды. Мұндай Жағдайда олардың
«парасаттылықтары» мен-мендікпен жанасып, надандыққа ауысады.
Бізге тамаша білімділігімен, өзінің ақыл-ой қаблеттілігіне
сенімді адамдардың баршылығы белгілі, дегенмен олардың қаржылық есептері басқа пікірді туғызады. Алғыр адам, жəне идеяларды құп алады, себебі: олар оны одан да əрі күшті қыла түседі.
Сөйлегеннен гөрі, тыңдау маңызды. Бұлай болмаған жағдайда. Құдай бізге екі құлақ бір ауыз бермеген болар еді. Жаңа Идеялар мен мүмкіндіктерді тыңдап жəне игерудің орнына, адамдардың көпшілігі
оларды аузымен «ойлайды». Сұрақтар берудің орнына, олар таласумен болады.
Байлыққа мен үлкен маңыз берем. Маған лотерея немесе казино ойыншаларының бір сəтте бай болушының көз қарастары ұнамайды. Бірде мен биржада бірдеңе жоғалтам. бірде ұтам, бірақ менің білімім,
қашанда менін өңіммен болады. Ұшқыш болу үшін, алдымен ұшуға оқу керек.
Мені қашанда, адамдардың көпшілігінің акцияларды немесе жылжымайтын мүлікті жəй ғана сатып алып, бұл жөнінде өз білімдерін көтеруге тырыспайтындықтары таң қалдыратын. Сіздің бір
немесе екі үй сатып алғаныңыз, жылжымайтын мүлік саудасының маманы қылмайды.
- Достарды таңдай білу.
Қарым-қатынаста болатын адамдарды таңдап алуға ұқыпты болыңыз. Менің бірден айтпағым, достарымды мен олардың каржылық жағдайларына қарап тандамаймын. Менің достарымның ішінде кедейлікке ант бергендері де, жылына миллион сомдық табыс табатындары да бар. Мұның бастысы: мен олардан бірдеңе үйренем жəне бұған саналы түрде барлық күшімді саламын. Рас, кейбір адамдармен ақшалары болғандықтан да танысқандарым бар. Мені қызықтыратындығы олардың ақшалары емес, білімдері еді. Кей уақытта бұл адамдар маған дос болатын, бір уақытта жоқ.
Шындығында, бір айырмашылықтары болатын. Менің байқағаным, бай достарым тек қана ақша туралы əңгімені жақсы көретін. Мен
мақтаншақтықты айтпаймын. Олар қаржы мəселелеріне үлкен ықлас қоятын. Сондықтан, мен олардан бірдеңе үйренетінмін, олар менен үйренетін.
Меніңқаржытапшылығынсезінетіндостарым:ақша,бизнес, инвестициялар туралы əңгімелерді сүймейтін. Олар мұны дөрекі жəне
парасаттылық тақырыбы емес деп есептейтін. Бұлардың да мені бірдеңеге үйретуге жағдайлары бар болатын, əсіресе олардың қателіктерін қайталамауға. Менің достарымның ішінде қысқа мерзімде миллиард доллар табыс тапқандары да бар. Осылардың ішінен үшеуінің бір таңғаларлық жағдайды байқағандары: олардың ақшалары жоқ достарының бірде біреуінің, бұған қалай қолдарыңды жеткіздіғдер, -деп сұрамаушылықтары. Олардың сұрайтындары
- қарызға ақша немесе
- жұмыс.
Назар аудару.
Кедей жəне қорқақ адамдардың пікірлеріне құлақ аспаңыздар. Менің сыйластықпен қарайтын достарым бар, бірақ өмірде өздерін
«кіші балапандай» ұстайды. Ақша туралы жəне оларды бір нəрсеге салу жөнінде сөз болғанда, олар үшін ақырзаман күнде туады. Олар
көбіне: «Сенің ойлағаныңдай болмайды», «Оны жасай алмайсың»,
«ретіжоқ»дегендердіайтыпетектентартуменболады.Кейбіреулер, олардың осындай «көрегендіктеріне» сеніп, бұлардың легіне
қосылады.
Байлықты құрудағы күрделі жағдайдың бірі-ол өз-өзіне сенімді болушылық, жұрттың бəрінің істегенін-істемеушілік. Жұрттың
көпшілігі нарыққа кешігіп келеді де, оның құрбаны болады. Егерде, журналдың бірінші бетіне керемет мəміле (сделка) туралы жарнама
басылса, оны жасамаңыз, себебі: кешігіп қалдыңыз. Басқа мүмкіншіліктерді іздеңіз. Серфингті сүйетіндердей, жаңа толқынның келуін күтіңіз. Асыққандар тақтадан құлап, суға түседі. Ақылды инвесторлар нарықтың тепкісіне көнбейді жəне бейімделмейді. Егерде алғашқы толқынды жіберіп алса, екіншісін күтіп, соған дайындалады.
Инвесторлардың көпшілігіне өзі күрделі, сұранымы кең тарап үлгермеген əлі белгісіз бірдеңелерді сатып алу қорқынышты қорқақ инвесторлар қой секілді, отардан шығуға қорқады. Ақылды инвесторлар пайда тауып үлгеріп, əрі қозғалғанда, ақшаның құдіреті əлгі қорқақ инвесторларды, осылардың орнына əкеледі. Көреген инвесторлар əлі белгісіз, кең тарап үлгермеген инвестицияларды
сатып алады. Олар пайданың сатып алғандарында түсетінін біледі, керісінше сатқанда емес. Олар шыдамдылықпен күтуде болады.
Келесі толқынға дайындала бастайды. Мұны өз-өзіңнің «іштей саудасы» деп атайды. Іштей сауданың жасырын жəне заңды түрлері де бар. Қалай болғанда да, бұл білетін адамдар үшін, қашанда сауда.
Мұның бір айырмашылығы, Сіздің оны қаншалықты білетіндігіңізге байланысты. Сізге ақшаның қалай жасалынатындығы жөнінде жерге жақын жүретін жəне солардың ортасында болатын бай адамдармен достасқаныңыз жөн.
Ақша ақпарат бойынша жасалынады. Сізге алдағы болғалы
тұрған дақпыртты біліп, ерте қимылдаушылықты пайдалану керек. Мен мұны, заңсыздық жолымен табыңыз деуден аулақпын, егерде Сіз ақпаратқа ерте ие болсаңыз, пайда табуға (кішкене катермен) толық мүмкіншілігіңіз болады. Міне, достар осындай жағдайлар үшін керек. Бұл да қаржылық тапқырлыққа жатады.
- Тез оқуға үйрену қаблеттілігі.
Тұрақты түрде жаңа формулаларды игеріңдер. Мысалы, нан пісіруші күн сайын нанды жаңа бір рецепт бойынша пісіреді, ал ол рецепті əлі кең тарап үлгірмеген. Ақша жөнінде де осыны айтуға болады.
«Адамның бар болуы-оның адамдығы» деген мақалды біз жиі
естиміз. Мен мұны басқа сөздерге айналдырып: «Адам неге оқыса, сол болады». -деймін. Бір сөзбен айтқанда, неге жəне нені оқитындығыңызды үлкен мұқияттылықпен, зейін қойып қалап алыңыз, сөйтіп ақыл-ойдың даналығы соншалықты, Сіз өзіңіздің алған біліміңіздің ғұмыр бойы «тұтқыны» боласыз.
Мысалы,-Сіз кулинарлыққа оқысаңыз, міндетті түрде аспаз боласыз. Егер аспаз болғыңыз келмесе, онда басқа бір мамандықты игеруіңіз керек. Мысалы, мұғалімдік мамандығын. Педагогиканы оқып, мұғалім боласыз. Солай əрі қарай. Сондықтан неге оқығыңыз келсе, соны мұқият қалап алыңыз.
Ақша жөнінде жұрттың көпшілігі, мектепте алған бірақ формуланы біледі. Ол ақша үшін жұмыс істеу. Бұл жер шарында-ең кең тараған формула. Күн сайын миллиондаған адамдар таңертең тұрып, жұмысқа кетеді, ақша табады, төлемдерді төлейді, чек
кітапшаларын балансқа келтіреді, өзара қорлардың акцияларын сатып алады, қайтадан жұмысқа барады. Бұл олардың негізгі «рецепті».
Егерде, Сіз өзіңіздің не істеп жүргеніңізден шаршашаңыз, жалақыңыз жеткіліксіз болса, онда Сізге ақша жасап жүрген формулаңызды өзгерту қажет.
Осыдан көп жылдар бұрын, мен «Кепілдікке қойылған
жылжымайтын мүлікті қалай сатып алуға болады» деген тақырыптағы бір күндік курстан өттім. Бұл формуланы мен игердім. Келесі қадам,
осы алған білімімді іске қалай асыру қажеттілігі тұрды, жұрттың көпшілігі нақ осы жерде тоқтап қалады.
«Кегог» компаниясында үш жыл жұмыс істей жүріп, мен өзімнің бос уақытымды, кепілдікке койылған жылжымайтын мүлікті сатып
алу өнерін одан əрі үйренуге арнадым. Осы формуланың көмегімен, мен бірнеше миллион доллар ақша таптым, бірақ бұл қазір өте баяу
жұмыс істейді жəне оны көп адамдар пайдаланады. Бұл формуланы игерген соң, мен жаңаларын іздестіре бастадым. Семинарларда мен көптеген ақпараттар алатынмын, бірақ нақтылы жағдайда оларды қолданғаным жоқ.«Дегенмен, қашанда бір жаңалықтарды білетінмін. Барлық колледждер мен институттарда қаржыны Жоспарлау жəне тұрақты инвестицияларды сатып алуды оқытатын курстары бар.
Осыдан бастауға кеңес берем. Сөйтіп, мен шапшаң қимыл жасайтын формулаларды тұрақты түрде іздесітірумен болам. Міне, сондықтан мен бір күнде, біреулердің ғұмыр бойы таба алмайтын табысын табамын. Тағы бір ескерту. Қазіргі тез өзгеретін өмірде, аса көңіл аударатын бір жəйт, ол алған біліміміздің тез ескіретіндігі.
Мəселенің маңыздылығы -ол Сіздің қаншалықты тез оқып, үйренуге қаблеттілігіңіздің баршылығы. Мұндай қабілеттіліқтің
бағасы жоқ. Ақша жасаудың жаңа формулаларын шапшаң табушылық- өте маңызды іс.
Ақша үшін жұмыс істеушілік- бұл адам баласының атам заманнан бері пайдаланып келе жатқан ескірген формуласы.
- Өзіндік тəртіптілік.
Алдымен өзіңізге төлеңіз. Егерде Сіз, өзіңізді басқара алмасаңыз, онда бай болуға тырыспай-ақ қойыңыз. Өз-өзіңізді басқаруға үйрену
үшін, мүмкін Сізге əскерге немесе бір діни сектаға барған дұрыс шығар. Инвестиция жасап, ақша тауып, соңынан оның бəрін зая қылушылықтың кандай мəні бар?
Міне, сондықтан өзіндік ішкі тəртіптің болмаушылығынан, лотерея ұтып алушылардың көпшілігі өз миллиондарынан лезде
айырылады. Нақ осы өзіндік ішкі тəртіптіліктің болмаушылығы жұрттың көпшілігін, жалақысына үстеме ақы қосылғанда, əр нəрселерді сатып алуға лезде жұмсап жіберуге мəжбүр етеді.
Менің ойымша, адам бойындағы қасиеттердің ішіндегі-ең қиыны
əрі ең күрделісі осы өзіндік ішкі тəртіптілік,-деп есептеймін. Меніңше, осы ішкі тəртіптің ықпалымен адамдар: бай, кедей жəне орта класс
өкілдеріне бөлінеді.
Өз-өздерін бағалау деңгейлері төмен, қаржы қысымына бейім адамдар, ешуақытта бай бола алмайды бұл ақиқат.
«Өмір Сізді мазақ қылады»- деген сөз бай əкенің, ең сүйіктісі болатын. Мұның осылай болушылығы, бізге басқа адамдардың зиян келтіргісі келгендігінен емес, бұл адамның өзіндік ішкі тəртібінің болмаушылығы. Көпшілік жағдайда, ішкі күші, тəртібі жоқ тұлғалар,мұндай касиеттері бойында бар адамдардың құрбаны болады. Мен сабақ беру барысында тыңдаушыларымның өз назарларын тауарға немесе aтқаратын қызметке емес, істі басқару тəсілдерін жетілдіруге ерекше көңіл аударуға тиісті екендіктерін қайталап айтатынмын.
Өз ісіңді басқару үшін, мынандай үш тəсіл қажет: 1.Ақша ағымын басқару.
- Адамдарды басқару.
- Жеке уақытыңды басқару.
Мұндай тəсілдер тек қана кəсіпкерлерге ғана тəн емес. Бұлар
Сіздіңөміріңіздіңбарлықсалаларындада,мысалы,отбасыңызда, ісіңізде, қоғамдық өміріңізде жəне т.б. өте маңызды. Осының барлығы
да, Сіздің ішкі тəртібіңізге үлкен септігін тигізеді. «Алдымен өзіңізге төлеңіз» деген түсінікке ыждағатты түрде қарау керек.
Бұл сөздер Джордж Класеннің «Вавилонның ең бай адамы» атты кітабынан алынған. Бұл кітаптың миллиондаған даналары сатылған. Дегенмен, Бұл сөздерді миллиондаған адамдар қайталап айтқандарымен,алоныістеушілернекенсаяқ.Менайтқанымдай,
қаржылық сауаттылық цифрларды оқуға мүмкіндік береді, ал цифрлар өз тарихын əңгімелейді.
«Алдымен өзіңе төле» деген кісінің баланс есебін жəне табыс пен шығыс есептерін көре отырып, оның сөзі мен ісінін арасында қандай айырмашылықтар бар екенін, мен жеңіл таба аламын. Төмендегі сурет мың сөзге тұрарлық. Солай, бұрынғы схемаларды еске түсіріп алдымен өзіне төлейтін адамдардың қаржылық есебін басқалармен салыстыралық.
Бұл схемаларға қараңыз. Айырмашылығын аңғардыңыз ба?
Тағыда солай ақша ағымымен байланысты, жұрттың көпшілігі цифрларды көреді де, негізгі схеманы байқамайды. Ақша ағымының не екенін жақсы түсінгеніңізде, келесі бетте көрсетілген схемада ненің дұрыс еместігін көресіз, яғни жұрттың 90 процентінің ғұмыр бойы жұмыс істеп, ал жұмыс істей алмайтын кезеңде, неге мемлекет зейнетақы төлейтінін көресіз. Көрдіңіз бе?
Кітаптың бетіндегі схемада, алдымен өзіне төлейтін кісінің іс- қимылы көрсетілген. Ол əр ай сайын төлейтін қажетті шығындарды
төлеместенбұрын,ақшаағымынактивтерколоннасына(бөлігіне) жібереді.
Класеннің кітабын миллиондаған адамдар оқып, оның «алдымен
өзіңе төле» деген сөздің не айқындайтынын түсінген сияқты болсада, нақтылығында олар өздеріне ең соңында төлейді. Міне, енді Сіздердің
іштеріңізде алдымен төлемдерді төлеу керек деген қағиданы ұстанушылардың, əрі бұған Құдайдай сенушілердің айғайын естіп отырмын. Мен, жауапсыз болып, төлемдерді төлемеңдер, -деп отырғаным жоқ. Мен, жəй ғана айтып отырғаным: осы кітаптың кеңесіне көңіл бөліңіз деймін, яғни «алдымен өзіңізге төлеңіз», -деген
ұғымға ғана. Алдыңғы схемада, бұның ақша ағымына қалай əсер ететіні көрсетілген. Ал келесі схемада, бұл мүлдем басқа түрде көрсетілген.
Осы идеяны үлкен қиындықпен қабылдайтын, біздің əйеліміз екеуіміздің, бухгалтерлер жəне банк қызметкерлері арасынан көп таныс адамдарымыз болды. Еш қаржы саласындағы кəсіби мамандар да, жұрттың көпшілігіндей өздеріне ең соңында төлейтін еді. Алдымен бұлар да басқаларға төлейді.
Менің өмірімде, кейбір жағдайларға байланысты, түскен ақша
ағымы, төлейтін төлемдер көлемінен кем болатын. Соған қарамастан, мен алдымен өзіме төлейтінмін. Бухгалтерлердің зəрелері кетіп: «Олар
сені алуға келеді»«Салық полициясы сені түрмеге отырғызады», «Сізге енді қайтып кредит бермейді» немесе «Электр жарығын ағытып
тастайды», -деп бақыратын.
-Неге? деп сұрарсыз Сіз.
Себебі: «Вавилонның ең бай адамы» деген кітаптың негізгі түйіні
осы.Өзіңдіктəртіппен,ішкіберіктіліккерек.Меніңбайəкем, жұмыстың бірінші айында-ақ «Жұрттың көпшілігі өздерін əркімдердің
мазақ қылуларына көнбіс»-дегенді айтқан болатын. Сізге салық инспекторы: «Төле! ал төлемесең»деп телефон соғады. Содан кейін өзіңізге емес, оған төлейсіз. Сатушы Сізге: «мұны өз кредитіңізге жазыңыз» жылжымайтын мүлік агенті: «қам жемеңіз, мемлекет Сіздің үйіңізге салық жеңілдігін береді», -дейді. Бұл кітап, өмірде жиі кездесетін, міне осындай жағдайлар туралы. Осындай жағдайларды жеңіп шығу үшін, өзіңнен қандай күш-қайрат шығарып, қалай байуға болатындығы туралы. Мүмкін Сіз мінез жағынан əлсізде емес шығарсыз, бірақ жұрттың көпшілігі ақша мəселелері жөнінде осындай босбелбеулік танытады.
Қайталаймын: мен жауапсыз болыңыз, -деп кеңес бермеймін. Менде кредит бойынша қарыздар жоқ, өйткені мен алдымен өзіме
төлеймін. Мен барлық шығындарды ең төменгі жағдайда ұстаймын, себебі: мемлекетке барлығын бергім келмейді. Сондықтан, менің
табыстарым корпорацияның активтер колонкасы (бөлігі) арқылы өтеді. Мен мұны «байлардың құпиясы» бейнепленкасында айтқан болатынмын жəне бұл туралы осы кітаптың алғашқы тарауларында жазылған. Мен ақша үшін жұмыс істесем, оны мемлекет алып қояды. Мен төлемдерді ең соңында төлесем де, ыңғайсыз жағдайларға килікпес үшін қаржы мəселелерін жақсы білемін. Мен қарызды болуды жақсы көрмеймін. Менің пассивтер, жұрттың 99 процентінің пассивтерінен көп, дегенмен олар үшін төлемеймін. Олар үшін басқа тұлғалар төлейді. Сондықтан Сіз алдымен өзіңізге төлегенде, Сіздің ережеңіздің бірінші нөмірі, ол қарызға енбеушілік. Мен төлемдерді соңынан төлегенмен, қарыздарымның болмауын қадағалап отырамын.
Екіншіден, кейуақытта қолма-қол ақшам жетпей қалғанның өзінде де, мен алдымен өзіме төлеймін. Мейлі, кредиторлар жəне тіпті
мемлекетте ашулана берсін. Маған күрделі ахуалдар ұнайды.
Неге?
Өйткені, кредиторлар маған теңдесі жоқ қызмет көрсетеді. Олар
менің ақша табудың жаңа тəсілдерін іздестіруге тиістейді. Сондықтан, мен алдымен өзіме төлеймін, ақшаны инвестицияға саламын, кредиторлар шулай бастайды. Қай жағдайда да оларға жаппай
төлеймін. Біз, əйеліміз екеуіміз абыройсыз емеспіз. Мұндай қысымдардан біз қорықпаймыз, қарыздарды төлеу үшін,
салымдарымызды шашпаймыз, акцияларымызды сатпаймыз, себебі: қаржылық тұрғыдан алғанда бұл ақылды іс болмаған болар еді.
Сонымен, тұйықтан шығу жолдары мыналар:
- Сіз қарыздарыңыздың көлемін қатерлі жағдайға дейін көтерілуіне жол бермеңіз. Шығындарды аз деңгейде ұстаңыз.
Алдымен активтер колонкасын (бөлігін) құрыңыз, содан кейін үлкен үй немесе тамаша машина сатып алыңыз. «Егеуқұйрық жүгірісіне» қатысушылық онша ақылды іс емес.
- Сізде ақша жетпегенде, жағдайдың шиеленісуіне қарсы болмаңыз, салымдарыңызбен, инвестицияларыңызды сатуға
асықпаңыз. Мұндай қысымдар Сіздің қаржының дарындылығыңызды оятып, барлық төлемдерді жаппай төлеу үшін, ақша табудың жаңа жолдарын іздестіруге жігерлендірсін. Соның арқасында Сіз ақшаны көбейтесіз жəне қаржылық тапқырлығыңызды жетілдіресіз.
Мен бірнеше рет күрделі қаржылық жағдайларға ұшырадым, бірақ қаржылық тапқырлықтың арқасында, табыстардың жаңа
бабтарын (статьяларын) тауып, активтерімді табанды түрде қорғай білдім. Менің бухгалтерім үрейлікпен айғай-шу көтеретін, ал мен кəдімгі солдаттай «Активтер» деп аталатын фортымды қорғаумен
болатынмын.
Кедей адамдардың жаман дағдылары бар. Оның кең тарағанының
бір түрі: «Өз салымдарыңнан ақша алуға болады» деген ұғым. Байлар, мұндай салымдар тек қана жаңа ақша табу үшін құрылғандықтан, ешуақытта қозғамайды, төлемдерді төлеуге ешқашанда пайдаланбайды.
Мен түсінемін, бұл күрделі жəне шиеленісті болып көрінуі
мүмкін, бірақ іштей беріктіліксіз, өмірдің қашанда құрбаны боласыз. Сізге қысым жасау ұнамаса, онда өзіңізге қолайлы жəне тиімді формуланы табыңыз. Оның бір жақсы мысалы шығындарды қысқартыңыз, ақшаны банкке салыңыз, ақтамаған үлкен салықтар төлеңіз, өзара қорлардың зиянсыз активтерін сатып алыңыз, сөйтіп орта статистикалық азамат болыңыз. Мұндай жағдайда, əрине
«алдымен өзіңе төле» деген ереже бұзылады.
Бұл ереже қаржы мəселелері бойынша, өзіңді-өзің құртушылыққа немесе тоқырап қалуға соқтырмауы қажет. Бұл ереже алдымен өзіңе төлегеннен кейін, аш отыр деген сөз емес. Өмір бізге, бақытты өмір сүру үшін берілген. Барлық қаржылық дарындылығыңызды іске асыра алсаңыз, бақытты өмір Сізді айналып өтпейді. Онда Сіз бай бола аласыз да, ештеңеден бас тартпай, барлық төлемдерді төлей аласыз.
Бұл да қаржылық тапқырлық.
- Жақсы кеңесшілерді таба білушілік.
Кəсіби мамандарды табуға ақшаңызды аямаңыз. Мен үйлердің алдында «Делдалсыз сатылады» деген хабарландыруларды жиі көремін. Менің бай əкем басқаша əрекет етуге үйрететін. Ол кəсіби жоғары мамандардың еңбегі жоғары дəрежеде төленуі керек, -деп есептейтін. Менде осы саясатты ұстандым. Бүгінгі таңда маған жоғары ақылы заңгерлер, бухгалтерлер, жылжымайтын мүлік жəне құнды қағаздар брокерлері жұмыс істейді. Неге?
Өйткені, кəсіби мамандардың қызметі Сізге ақша жасауға көмектеседі. Біз ақпарат ғасырында өмір сүреміз. Ақпараттың құны жоқ. Жақсы агент немесе брокер Сізге ақпарат береді жəне оқытады.
Маған осындай көмек беруге даяр, бірнеше адамдар бар. Бұлар маған, бастапқы ақшам жоқ кездерде көмектескен, осы уакытқа шейін бірге
жұмыс істейміз. Менің агенттерге төлейтін ақшамның көлемі, олардың ақпараттарының арқасында табылған ақшаның көлемімен
салыстырғанда, кішкентай ғана бір бөлігі. Менің агенттерім көп ақша тапқанда, мен өте қуанам, себебі: ол менің табысымның өскендігінің көрсеткіші. Жақсы агенттің көмегі ақша табушылықта ғана емес, олар уақыт үнемдеуге көмектеседі. Мысалы, менің жер учаскелерін 9мың
долларға сатып алып,соңынан 25 мың долларға сатқандығым (содан Порше машинасын сатып алғанмын) осының дəлелі.
Агенттер Сіздің нарықтағы құлағыңыз жəне көзіңіз. Олар онда күнде болады, сондықтан Сізге оны істеудің ешқандай қажеттілігі жоқ. Мен одан да гольф ойнына барамын. Мені қашанда таңқалдыратыны: кедей жəне орта класс өкілдерінің нашар қызмет
керсеткендері үшін біреулерге 15-20 процент көлемінде сыйақы береді де,-ал делдалға мəміленің (сделканың) 3-7 процент көлеміндегі төлемақысын көп деп шағымданады.
Оларға шығындар колонкасындағы (бөлігіндегі) адамдарға төлеуді жақсы көреді де, ал
активтер колонкасындағы адамдарға келгенде сараңдық көрсетеді. Бұл қаржы тұрғысынан қарағанда құптарлық іс емес.
Делдалдар əртүрлі болады. Өкінішке орай, олардың көпшілігі қарапайым сатушылар. Ал жылжымайтын мүлік саудасының агенттері, олардан да төменгі дəрежеде.
Олар жылжымайтын мүліктерді сатады, ал өздерінде мұндай мүлік жоқ. Үй сататын агентпен, инвестиция сататын агенттің
арасында үлкен айырмашылық бар. Мұндай жағдай, акциялар мен, облигациялармен, өзара қорлармен, сақтандыру полистерімен
айналысатын брокерлерімен жəне қаржыны жоспарлау мамандарының əрқайсысына қатынасы бар. Дұрыс маман табылғанша қаншама адамдармен кездесуге болады.
Маған жұмысқа тұрғысы келген маманнан, мен ең алдымен оның қандай мүлкі бар, өзінің қанша жеке акциялары бар, неше процент салық төлейді, осылардың бəрін сұрап біліп алам. Осындай жағдай менің бухгалтерім мен салық заңгеріме де толық қатысты. Менде өз ісімен айналысатын бухгалтер бар. Бұл əйелдің мамандығы - бухгалтерлік есеп, ал бизнесі жылжымайтын мүлік. Бірнеше менде тағы бизнестер болды олар бизнеске маманданған еді, ал жылжымайтын мүлікпен ақтайтын Мен оның қызметінен бас тарттым себебі: біздің мақсаттарымыз əр түрлі еді.
Өзіңіздің мақсатыңызға сай жəне сəйкес келетін мамандарды іздеңіз. Олардың көпшілігі уақытпен санаспай, үлкен қанағаттық
сезіммен Сізді қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп, ой-пікірлерін айтып кеңестерін береді. Сөйтіп олар құнды капиталдық салымның біріне айналады. Олармен əділ де жəне тура болу керек, сонда оларға саған сондай тілмен жауап береді. Егерде Сіз оларға аз төлесеңіз онда ол Сізбен жұмыс істеп қайтеді? Бұл қарапайым логика.
Мен жоғарыда айтқанымдай:басқару тəсілдеріне үйренудің бір
түрі- ол адамдарды басқару. Біреулер, өздерінен «ақымақ» дегендерді
немесе өздеріне жұмыс бабындағы бағыныштыларды ғана басқара алады. Орта буын басшылары жұмыс бабында өспей, бір орында тапжылмай отырып жұмыс істейді. мұның себебі: олар өз қарауындағы бағыныштыларды ғана басқара алады, ал жоғарыдағылармен қандай қарым- қатынаста болуды білмейді.
Ал, адамдарды басқарудың ең жоғарғы тəсілі-ол өзіңнен ақылды адамдарды басқарып, бір сала бойынша оның барлық күш-куатын,
білімін сарқа жұмылдыру болады, əрине еңбегіне қарай, төлемі де жоғары болуы шарт. Міне, сондықтанда компанияларда директорлар кеңесі құрылады. Бұл да қаржылық тапқырлықтың бір саласы.
- Пайда таба білушілік-тіпті жоқтан да.
Тəжірбиелі инвестордың алдымен өзіне бірінші қоятын сұрағы: «Мен қалай өз ақшамды шапшаң кейін қайыра аламын?» Оның
сыртында,қаншасынтегіналатындығынбілгісікеледі.Міне, сондықтан инвестицияға салған капиталдың қанша таза пайда
əкелетіндігі аса маңызды.
Мен өз үйімнен онша алыс емес, кепілдікке қойылған, бірақ сатылатын бір үйге кезіктім. Банк бұл үйге 60 мың доллар сұрады, мен 50 мың ұсындым. Олар ұсынысты қабылдады, өйткені мен 50 мың долларлық чекті қолма-қол сол жерде тапсырдым. Менің əрі қарай ойнамай тұрғанымды олар көрді. Инвесторлардың көпшілігі маған мынаны айтқан болар еді: «Сіз қолма-қол ақшаның үлкен бір бөлігінен айырылмайсыз ба? Одан да кредит алған дұрыс болмайтын ба еді?».
Мен олай емес деймін. Менің инвестициялық компаниям, бұл үйді қысты күні Аризонадан келетін демалушыларға жалға береді.
Жылдың төрт айы бойынша, айлық төлемақысы 2,5 мың долларды құрайды, ал қалған айларда -бір мың доллардан болады. Менің салған ақшам үш жыл көлемі ішінде өзіме қайтып оралады. Солай, енді тұрақты пайда əкелетін бұл актив-өзімдікі болады. Акциялармен де осылай болады.
Менің брокерім, бір компанияның жаңа өнім шығармақшы болып жатқандығын хабарлап, осыған байланысты акциялардың
өсетіндігін айтып, осы компанияның акциясына көп ақша салуға кеңес берді. Сөйтіп, акциялар бағасының өсуі кезеңінде, мен бір аптадан- бір айға дейінгі мерзім көлемінде қолма-қол ақша салдым. Содан кейін,
акция құнының өсуі арқасында, мен бірінші кезекте салған ақшамды қайырып алдым, енді мені нарықтағы бағаның қозғалысы аландатпайды, өйткені менің ақшам өзімде, енді мен оны басқа активке саламын. Менің ақшам онда салынды, өз ісін істеді, ал менің
колонкамда жаңа актив тегін пайда болды. Əрине, кей уақыттарда мен ақшамды жоғалтам.
Мен ойындардың ішінен өзіме қолайлысын, таңдап алып ойнаймын, жоғалып кететін ақшаның да межесін белгілеп, одан артыққа бармаймын. Мен орташа есеппен он салымның, 2-3 інде
ұтамын, 5-6 ешқандай пайда əкелмейді, ол 2-3-інде ұтылам. Бірақ, менің ақшамның жоғалуы шектелген көлемнен аспайды.
Тəуекелділікке баспайтын адамдарға ақшаларын банкке салу керек. Турасын айтсақ ештеңе жоқтан да қандай да бір салымның болғаны дұрыс. Бірақ, ақшаны банктен қайтып алу үшін, көп уақыт керек, сөйтіп ол жағдай да айтарлықтай пайда бермейді. Маған капиталдық салым жасау үшін, ынталандыру мақсаты жəне тегін пайда түсіру сиының болуы міндетті түрде шарт. Мысалы: үй, бос
жер, акция пакеті, офистік ғимарат. Қатер ең төменгі дəрежеде болуы керек. Бұл жөнінде көп кітаптар жазылған, сондықтан егжей-тегжейлі тоқталмай-ақ қояйын.
«Макдональстағы» Рəй Кроктың «гамбургерлер» франшизін сатушылығы, оның гамбургерлерді аса сүйгендігінен емес, оған осы франшиз негізінде тегін жылжымайтын мүлік қажет еді. Сондықтан,
ақылды инвесторлар инвестициялық капиталдан тек қана таза пайда түсіруге көңіл аудармайды. Өз ақшаңыз, өзіңізге қайтып оралғанда,
сонымен қатар тегін актив түсірілуі қажет. Бұл да қаржылық тапқырлықпен тікелей байланысты.
- Бір мақсатқа үңілуді білушілік.
Салтанатты заттар активтер арқылы сатып алынуы керек. Менің бір жолдасымның баласының жаман дағдысы бар еді- ол ақшаны жөнсіз оңды солды жұмсау. Ол 16-ақ жаста еді, өзінің жеке машинасының болғанын жақсы көреді. Бұл қылығын, ол: «менің
достарыма əке-шешелері машина алып берді», деп дəлелдейді. Өзінің жинағандарын, қолма-қол ақша ретінде пайдаланғысы келеді. Сол уақытта əкесі маған телефон соқты.
-Қалай, -деп ойлайсың? Мұны жасауға рұқсат берейін бе, əлде басқа ата-аналар сияқты машина алып берейін бе?
-Мүмкін, бұл біруақытта проблеманы шешер, ал ұзақ мерзімді тұрғыдан келсек, оны неменеге үйретесің, -дедім мен. Баланың өз машинасы болғаны аңсауын, оны бірдеңеге үйренуге ынталандыру үшін пайдалансақ қайтеді? Менің досымда бір идея пайда болды да, ол
үйіне кетті. Екі айдан соң, мен онымен тағы жолықтым.
-Қалай, балаң машина алды ма? -деп сұрадым мен.
-Жоқ. Бірақ, мен ол үшін 3 мың доллар ақша бердім- деді ол.
Мен, оған осы берген ақшаны пайдалан, ал сенің оқуың үшін жинаған ақшаны жұмсама дедім.
- Үлкен жомарттық жасаған екенсің.
- Жоқ, олай емес. Ақшаны мен, оған бір шарт қойып бердім. Мен, сенің ақылың бойынша, оның машина алғысы келгенін бірдеңеге
үйренуге бағыттауға тырыстым.
- Сонда, қойған шартың не? -дедім қызық көріп.
- Алдымен, сенің «егеуқұйрық жүгірісі» ойынын ойнадық. Содан кейін, ақшаны ақылмен қалай жұмсауға болатындығы жөнінде əңгімелестік. Сосын, мен оған "Wall Street Journal" басылымын жəне құнды қағаздар нарығы туралы бірнеше кітаптарды сыйға тарттым.
- Ал, содан кейінше? Шарттың мəні неде?
- Менің балама айтқаным: бұл 3 мың доллар сенікі, бірақ оған машина сатып алма. Бұл ақшаға: брокер тауып акциялар сатып алуға болады, ол оны 6 мыңға жеткізгенде, 3 мыңын машинаға, қалған 3 мыңын оқуға жұмсауға болады дедім.
- Ия, одан не шықты?
- Алдымен оған сəті түсті. Бірақ, бірнеше күннен соң, барлық ұтқандарынан айырылды. Ол одан сайын қызыға түсті. Қазір, ол 2 мың долларды жоғалтқан тəрізді, бірақ қызығушылығы бəсеңдеген жоқ.
Мен берген кітаптардың бəрін оқып шықты, жаңаларын оқу үшін кітапханаға барады. Ол «Wall Street Journal» журналының
барлық нөмірлерін оқып шықты, тағы басқа пайдалы ақпараттарды іздестіруде. Теледидардан «Эм-ти-ви»дің орнына «Эн-би-си»-ді қарайды. Қазір оның 1000-ақ доллар ақшасы қалды, дегенмен жаңа білім алуға ынтасы орасан зор. Егерде, ол осы ақшасынан айырылып қалса, тағыда 2 жыл жаяу жүретінін біледі. Оны бұл қынжылтпайтын сияқты. Машинаны ойлауды тоқтатқан тəрізді, себебі: ол өзі үшін жаңа бірдеңені көрді, жаңа ойынды білді.
- Ал, барлық ақшасынан айырылып қалғанда не болады?- деп сұрадым мен.
- Сонда көрерміз. Жоғалтса қазір жоғалтсын, біздің жасымызға келгенде емес, -деді ол. Оның сыртында мен, оның оқуына 3 мың
долларды ұлымды пайдаландым,-деп есептеймін. Оның қазіргі білгені, оған ғұмыр бойы азық болады. Ол енді ақшаға басқа көзқараспен
қарайтын болды, оны орынсыз шашуды тоқтатты.
Мен айтқанымдай, егер адамның ішкі тəртібі жоқ болса, онда оған бай болуға ұмтылушылықтың қажеті жоқ. Себебі: активтер колонкасынан ақша ағымы теориялық тұрғыдан аса күрделі
болмағанмен, ақша жұмсаудағы өзіңнің беріктілігіңді тəрбиелеу өте қиын. Қазіргі кезеңдегі дүниеге қызығушылық, салтанатты тұрмыс- салтқа ұмтылушылық, ақшаны пассивтер қолонкасы арқылы жұмсап жіберу оңай. Егерде Сізде іштей беріктілік болмаса, ақшаңыз өзіңіздің тарапыңыздан қарсылықсыз оңды-солды жұмсалумен болады. Бұл кедейліктің, сонымен қатар қаржылық тапқырлықтың жоқтығының белгісі жəне сылтаулары.
Төмендегі мына мысалда: қаржылық тапқырлықтың цифрлармен белгіленуге көрсетілген, яғни бұл жағдайда ақшаны оданда көп ақша əкелу үшін, пайдалану қаблеттілігі көрсетілген.
Егерде, жылдың басында, біз 100 адамға 10 мың доллардан
берсек, менің ойымша, жылдың аяғында 80-інде ештеңеде қалмайды, кейбіреулері жаңа қарыздар алады, себебі: олар ақшаларын машина, мұздатқыш, теледидар, бейнемагнитофон немесе саяхатқа қолма-қол
ақшамен жұмсап жіберген; 16-нда бұл ақша 5-10 процентке өскен; 4- інде бұл ақша, 20 мың немесе 1 миллион долларға айналған.
Біз мектепке, түбінде бір мамандық алып, сосын ақша үшін жұмыс істеуге, оқуға барамыз.
Менің ойымша: ақшаны өзіне жұмыс істетуге мəжбүр етушілікке оқу, қай оқудан болса да маңызы кем емес. Мені де басқалар сияқты салтанатты тұрмыс қызықтырады.
Айырмашылығы сол: кейбіреулер мұны кредитке алады. Бұл "көршімнен кем болмаймын" деген қызғаныш тұзағы. Мен «Порше» машинасын сатып алуға шешкенімде, өз банкиріме телефон соғып,
маған кредит алу оңай еді. Бірақ, мен пассивтер колонкасын (бөлігін) өсіргеннің орнына, активтерге назарымды аудардым. Бұл іске барлық
қаржылық тапқырлығымды жұмылдыра білдім. Қазіргі кезеңде, біз ақшаны қалай жасауды ойланудың орнына, қарыз алғанды жақсы көреміз. Бұл қысқа мерзімді тұрғыдан жеңіл, ал ұзақ мерзімді тұрғыдан- түбі жаман. Бұл жаман дағды, алдымен адамдарда пайда болып, артынан тұтастай мемлекеттерге де ауысқан.
Есіңізде болсын: кей жағдайларда жеңіл жол- ауырға, ал ауыр
жол-жеңілге айналады. Неғұрлым өзіңізді жəне жақындарыңызды өз ақшаларына қожайын болуларын тезірек үйретсеңіз, соғұрлым жеңіл
болады.
Ақша- бұл ғаламат күш. Өкінішке орай, бұл күшті жұрттың көпшілігі өздеріне қарсы пайдаланады. Егерде, Сіздің қаржылық
тапқырлығыңыз жоқ болса, ақша Сізді басып жаншып кетеді. Ол,
Сізден «ақылды»болады. Ал, егер ол Сізден ақылды болса, онда Сізге ол үшін, ғұмыр бойы жұмыс істеуге тура келеді.
Ақшаның қожайыны болу үшін, одан ақылды болу керек. Ол сонда Сізді тыңдайды. Ақшаға құл болудың орнына, Сіз оны басқарасыз. Бұл да қаржылық тапқырлық.
- Батырларға қажеттілік.
Мен бала кезімде, бейсбол ойыншылары Уилли Мэйсомды, Хэнком Аарномды, Йоги Берройды мақтан тұтатынмын. Бұлар менің
ең сүйікті ойыншыларым болды. Мен солардай болуды армандадым. Мен үшін олардың бейсбол карточкалары, ең құнды зат болды. Олар туралы барлығын да білгім келді. Барлық статистикалық мəліметтерді білетін едім: олар қанша доп соқты, орта есеппен қанша доп соғады,
қанша ақша төлейді, атаққа қалай жетті. Қолыма бейсбол қолғабын алғанымда, өзімді Йоги немесе Хэнком сияқты сезіненетінмін. Бұл бірдеңеге ұмтылып, үйренудің тиімді түрлерінің бірі еді.
Батырларға еліктеу- тəрбиелеудің жақсы түрі. Өсе келе менің жаңа батырларым пайда болды. Олар гольф ойыншылары: Питер Якобсен,
Фред Капез, Тайгер Вуде. Менде бұлардан да басқа еліктейтін адамдар
бар, мысалы: Қаржы алыптары-Дональд Трамп, Уоррен Баффет, Питер Линч, Джордж Сорос жəне Джим Роджерс. Мен, бұлар жөнінде
де барлық статистикалық деректерді білемін.
Уоррен Баффеттің ақшаны қайда салатындығын қадағалаймын, оның нарық туралы пікірлері жарияланған бірде-бір басылымдарды
құр жібермеймін. Мен, Питер Линчтің «Уоллстриттен асып түсу» атты кітабын оқимын, онда өзі акцияларды қалай таңдап алатындығы жөніндежазған.ДональдТрамптың:əңгімелердіқалайжүргізеді,
мəліметтерді қалай жасайтындығы жөнінде де оқимын. Қаржылық жұмыстарымды жүргізгенімде осыларға еліктеймін. Олар осындай болса, мен неге олардай бола алмаймын, деген ой келеді. Сіз, өз батырыңызды іздеп көріңіз, соның арқасында бұл мəселелер қарапайым болып көрінеді.
- Қайырымдылық қаблеттілігі.
Есіңізде болсын қайырымдылық қашанда, өзіңізге қайтып
оралады. Менің екі əкемде ұстаз еді. Жомарт бола біл, -деп үйретті мені бай əке. Оқымысты əкем халық үшін көп еңбек етті, əсіресе білім беру саласында, ол үшін өзінің білімі мен уақытын аяған емес. Ақша бере алмады. Мен айтқанымдай: ол қашанда ақша берер едім, бірақ менде артық ақша жоқ,-дейтін. Менің бай əкем басқалармен ақшасымен де, білімімен де бөлісетін.
Ол: «Егерде бірдеңе алғың келсе, алдымен бер» дегенді
ұнататын. Ақшасы аз кездің өзінде, ол шіркеулерге, қайырымдылық қорларға көмек беретін. Бұл, осы кітабымның негізгі өзегі. Егерде Сізге бірдеңе «жетпесе» жəне оған Сіз «зəру» болсаңыз, оны алдымен басқа біреуге беріңіз, сонда ол Сізге артығымен қайтып оралады. Бұл жағдай тек қана ақшаға ғана байланысты емес, адамдардың қарым- қатынастарының барлық түрлеріне қатынасы бар.
Мүмкін, Сізге бұл бір түрлі болып көрінуі ықтимал, бірақ осы
тəсіл маған қашан да көмектесетін. Мен осындай қайта оралып келу принципіне сенемін, өйткені маған керектіні жұртқа берем. Маған ақша керек, сондықтан оны берем, сөйтіп ол бірнеше есе болып қайтып оралады. Мен тауарымды жақсы өткізуім керек, сондықтан біреуге оның тауарын өткізуге көмектесем, сонда барып маған табыс түседі. Маған байланыс керек, тағыда біреуге осы тұрғыдан көмектесем-менде қажетті байланыс та пайда болады.
Ертеректе мен мынандай бір сөз естіп едім: «Аллаға ештеңе
қажет емес, бірақ адамдарға беру керек» Мен осы пиғылды қашанда ұстанам.
«Кедейлер, байлардан асқан сараң»-дейтін бай əке. Егер адам бай болса, жұртқа не қажет, соны береді, -деп түсіндіретін бай əке. Менің өзіме керек ақша мен көмекті, мен жұртқа беруге ғұмыр бойы тырысып келдім. Ол маған қашанда артығымен оралатын. Кімге қалай көмектесу керек, не беру керек» деп ойланудың өзі, проблемаларды шешуге көмектеседі. Егерде өзіме адамдардың салқын қарай бастағанын сезсем, дереу олармен жылы амандасып, жақсы лебіз білдіремін, сол уақытта менің маңайымда осындай сезімдермен адамдар көбейе бастайды.
«Сіздің өміріңіз -ол айнаның көрсеткеніндей Сіздің өз бейнеңіз»- деген сөз дұрыс. Сондықтан: «Қайырымдылық жасаңыз -ол адамнан қайтады», -деймін.Мен, оқығысы келгендерді оқыта отырып, өзімде оқып, көп біле түсемін.
Егерде, Сіз ақша туралы көп білгіңіз келсе, онда біреуді оқытыңыз. Сонда Сізге жаңа идеялар келіп, біліміңіз одан да əрі тереңдей түседі.
Менің əкем мұғалімдермен жұмыс істеп, олардың басшысы болды.
Бай Əкем жастарды бизнеске оқытты.
Осындай жомарттықтары, оларды одан да əрі ақылды қылды. Өмірде, бізден
əлдеқайда дана күштер бар. Жалғыз өзіңізде табысқа жетуіңіз мүмкін, бірақ абзалы сондай күштердің көмегімен жету жеңіл болады. Өзіңізде
барды біреуге беруге аянбау керек сонда бұл күштер Сізге қайырымдылықпен қарайды.
Көп адамдарға алдыңғы тараудағы 10 тармақтар жеткіліксіз
болып көрінуі мүмкін. Олар оны басшылыққа алу емес, жəй əшейін құрғақ философия деулері мүмкін. Мен үшін, философияның маңыздылығы азшылық танытпайды: расында біреулер алдымен
əрекет етеді де, соңынан ойланады. Сонымен қатар көп ойланып, артынан ештеңе де істемейтіндер бар. Маған осы екеуінің де
ортақтығы бар деп есептеймін. Мен жаңа идеяларды жақсы көремін жəне қимыл жасауды сүйемін. Сонымен кімдерге тереңірек практикалық кеңес керек, оларға мен қалай іс-əрекет жасайтындығымды қысқаша айтып беремін.
Алдымен не істеп жүрсіз, соны істеуді, тоқтатыңыз. Басқаша айтқанда, үзіліс жасаңыз жəне қайсысы тиімді, қайсысы тиімсіз соны ойлауға тырысыңыз. Бір нəрсені қайта-қайта істеп, одан нəтиже күтушілік аймақтық іс екеніне келісетін шығарсыз. Нəтиже бермеген істі дереу тоқтатыңыз, басқа бірдеңені табыңыз.
-Жана идеяларды іздеңіз. Мен жаңа инвестициялық Идеяларды кітап дүкендерінен іздеймін, оларда əртүрлі тақырыптарға арналған кітаптар болады. Мен өзіме мүлдем белгісіз формулалары жəне
схемалары бар, əртүрлі кеңестер қамтылған кітаптарды сатып аламын. Мысалы, кітап дүкенінен Джоэла Московицаның «Он алты проценттік шешім» деген кітабын сатып алып оқып шықтым.
Қимылды бастаңыз!
Келесі бейсенбіде, кітапта қалай айтылған, мен тура солай
істедім. Барлық келтірілген тəсілдерінен ауытқыған жоқпын. Жұрттың көбі іс-əрекет жасамай немесе біреудің кері ықпал етуіне көнеді.
Менің көршім 16 проценттік тəсілді неге істей алмайтындығы туралы айтты. Мен оны тыңдағаным жоқ, өйткені оның мұндай мəселелер мен ешуақытта айналыспағанын жақсы білетінмін.
-Сіз істегіңіз келген істі, əлдеқашан істеген адамды тауып алыңыз. Оны түстенуге шақырыңыз. Осы шаруа жөнінде азғантай болсада белісуін, ұрымтал жерлерін айтуға өтініңіз. Он алты проценттік салықтық сертификат туралы жергілікті салық
кызметкерімен сөйлестім (ол кісіде осыған ақша салады екен). Сол сəтте оны түстенуге шақырдым. Ас үстінде ол кісі не істеп, не қою керек бəрін түгел айтты. Астан кейін жарты күн бойы, бұл мəселе бойынша өз проблемаларын айтып берді. Ертеңгі күні сол кісінің көмегімен екі тамаша мəміле (сделка) таптым, міне содан бері 16 процентті алудамын. Маған бұл үшін бір күн кітап оқуға, бір күн қимыл жасауға, бір сағат түстенуге, тағы бір күн пайдалы мəміле жасауға керек болды.
Семинарларға барыңыз жəне лекциялар жазылған аудиокассеталарды сатып алыңыз. Мен газеттерден жаңа қызықты курс туралы жарнамаларды іздеумен боламын. Олардың көпшілігі тегін өткізіледі. Рас, мен басқа да қымбат тұратын семинарларға барамын. Міне осындай оқулардың арқасында баймын жəне тəуелсізбін. Осындай курстарға барып ғұмырында оқып көрмеген. ол
текке ақша шығарушылық, -деп есептейтін менің жолдастарым да жоқ емес. Сөйтіп, олар осы уақытқа дейін, сол орындарында жұмыс істейді.
- Ұсыныс жасауға кысылмаңыз. Мен жылжымайтын мүлікті сатып алғым келгенде, барлық амалдарын қарап жəне барлығына ұсыныс жасаймын. Осы ұсыныстардың қайсысы «дұрыс» оны Сіз
білесіз бе? Айту керек, маған да бұл белгісіз. Мұнымен жылжымайтын мүлік саудасының агенті айналысуы керек. Мен аз жұмыс істеуге тырысамын. Маған бір таныс əйел, көп пəтерлі үйлерді қалай сатып алуға болатындығы жайында көрсетуді сұрады. Сөйтіп, бір сенбіде бəріміз,оның агентімен бірге 6 үйді қарадық. Бұл үйлердің 4-уі жарамсыз, 2-уі жақсы еді. Мен 6-уына да жарты бағасына ұсыныс жасаңдар дедім. Олардың зəре-құттары қалмады. Бұл оларға өте өрескел көрінді, үй иелерін мұндай баға өкпелетуі мүмкін деді. Бірақ,
менің ойымша оның агенті, мұндай іспен шүғылданғысы келмеді.
Ештеңе шешпей, басқа «пайдалы» мəміле іздеуге кетті. Сөйтіп, ол əйел осы уақытқа дейін «дұрыс» бағамен, «дұрыс» мəмілені (сделканы) іздестіруде. Алайда, «дұрыс» бағаны қалай айқындауға болады, егерде екінші жағынан ұсынушы болмаса?
Сатушылар қашанда көп сұрайды, тауардың өзіндік құнынан кем бағаны, олар өте сирек ұсынады. Мұның имандылығы мынада: ұсыныс
жасауға қысылмаңыз. Инвестор емес адамдардың, бірдеңені
сату жөнінде ешқандай хабарлары жоқ. Менде көптен бері өткізе алмай жүрген бір жылжымайтын мүлік бар болатын. Мен ол үшін қандай да болмасын баға жөнінде ұсынысқа даяр едім. Егер 10 торай
ұсынса, бұған да келіскен болар едім. Əңгіме, үйдің бағасында емес, оған екінші біреудің қызығушылығында еді. Мен оған қарсы ұсыныс
жасап, мүмкін үйді шошқа фермасына айырбастауға ұсынармын. Ойынның мəні-оның приципінде. Сату жəне сатып алу-бұл тамаша!
Есіңізде болсын, бұл қашанда қызықты ойын. Ұсыныс жасаңыз, бəлкім біреу келісіп қалар?
Мен ұсынысты қашанда, бірдеңеге сілтеме жасап жасаймын.
Əңгіме жылжымайтын мүлік жайында болса, былай деп айтатынмын:
«Егерде іскер» серіктесім мақұлдаса». Рас, іскер серіктесім кім? ол туралы ештеңе демейтінмін. Бұл менің үйдегі мысығым екенін, жұрт қайдан білсін. Олар ұсынысты қабылдаса да, бірақ маған мəміле ұнамаса, үйіме телефон соғып «мысығыммен сөйлесетінмін». Мұндай мағанасы жоқ əңгімені айтып отырғаным, Сізге ойынның қаншалықты күлкілі жағдайға дейінгі қарапайымдылығын көрсету болатын.
Кейбіреулер мұндай жағдайларды сонша күрделі, -деп есептеп барлығынадаүрейлікпенқараудаболады.Пайдалымəмілеіздеу,
саудаласу инвестиция жүргізуде жəне өзіне ыңғайлы саланы таңдап алудың бəріде маңызды. Осылардың барлығының өмірде өзіндік орындары бар.
-Өзіңізді қызықтыратын жерлерге, кем дегенде айына бір рет 15 минут болсаңызда, барып тұрыңыз. Мен қашанда таңертеңгі жүгірісімде, жақсы мəмілерге кезігем. Мен жыл бойы бір мөлтек аудан бойынша жүгіремін. Онда болып жатқан өзгерістер қызықтырады. Мəміленің (сделканың) пайдалы болуына, екі жағдай ықпал етеді- ақша жəне өзгерістер. Арзан ұсынастар қашанда жеткілікті, бірақ ол үтымды бағаға, қалайда-бір оңтайлы өзгерістердің нəтижесінде ғана айнала алады. Мен жүгіретін ауданды əдейі таңдап
алу себебім: сол ауданда қандай да бір мүмкіндіктер пайда болса, ақшамды соларға салмақшы едім. Күнде жүгіргендіктен, онда болып
жатқан өзгерістерді көремін. Бір үйлердің алдында «сатылады» деген хабарламалардың көптен ілулі тұрғандарын байқаймын. Мұндай жағдай, сатушы-ұсынған бағаға тез көнуі мүмкін,- деген сөз.
Бір машиналардан жүктердің түсіріліп, не болмаса тиеліп жатқандықтарын көремін, сонда жұрт көшіп жатыр ма, əлде келіп жатыр ма? Мен тоқтап жүргізушілермен сөйлесемін. Пошта тасушылармен кездесем- мұның барлығы аудан туралы таптырмайтын ақпараттар еді. Сонымен бірге, мен шеткі аудандарда да боламын (кейде бірнеше жылдар бойынша) жəне онда болып жатқан өзгерістерді байқаймын. Сауда нүктелерінің сатушыларымен
кездесем, əсіресе жаңа келгендерімен, олардың мұнда неге
келгендерін сұраймын. Бұл барлығы бірнеше минут қана уақыт алады, бірақ біраз мағлұматтар аламын.
-Құнды қағаздар туралы.
Бұл жөнінде, маған Питер Линчтің «Уоллстриттен асып түсу» атты кітабындағы бағасы өсетін акцияларды қалай таңдап алуға
болатындығыжөніндегіформуласыұнайды.Бұлпринциптер: жылжымайтын мүлікке, акцияларға, үй малдарына, тиісті кір жуу
ұнтағының құнының төмендеуіне дейін маңызы бар. Сол бір қалыпты процесс. Өзіңіздің не істейтіндігіңізді білуіңіз керекте, соны табуға кірісуіңіз керек.
-Тұтынушылар қашанда, неліктен ұтылыста қалады?
Супермаркеттезаттардыңбағасытөмендетіліпсатылса, тұтынушылардың барлығы соған жүгіреді. Ал құнды қағаздар
нарығында бағасы төмендетілген акциялар сатылса (мұны күйреу немесе бағаның кері қайтуы, -деп жиі атайды), тұтынушылар оған жоламайды. Супермаркет бағаны көтергенде, тұтынушы басқа дүкенге барады. Биржада баға көтерілгенде, тұтынушы акцияларды сатып ала бастайды.
-Мəмілені (сделканы) қай жерде ұтымдырақ, сол жерден іздеңіз. Менің бір көршім, үйді 100 мың долларға алды. Мен оның жанындағы сондай үйді жарты бағасына алдым. Ол бағаның өсушілігін күтетіндігін айтты. Мен оған пайданы сатып алғанда емес, сатқанда алады дедім. Ол үйді сатып алғанда, өзінің жеке меншігінде ештеңесі жоқ, жылжымайтын мүлік саудасының агентінің көмегін пайдаланған. Ал мен сауданы банктің кепілдікте тұрған үйлерді сату бөлімінде жасадым. Бұған үйрену үшін, семинарда оқып, оған 500 доллар төледім. Менің көршім мұндай оқуға 500 доллар төлеу, өте қымбат, - деп есептеді. Бұған ақшам да, уақытым да жоқ, -деді. Сонымен, ол үйдің бағасының көтерілуін əлі күтуде.
Алдымен мен бірдеңені сатып алғысы келетіндерді іздеймін, содан кейін барып қана, сатқысы келетіндерді. Менің бір досым жер
учаскесін іздеді. Оның ақшасы бар еді, бірақ уақыты жоқ. Оған керек, мен бір үлкен учаске таптым, бірақ ол бір бөлігін ғана алатындығын
айтты. Оған қажетті көлемін саттым да, қалғандарын түгелдей сатып алдым. Бұл маған тегін түсті. Мұндай істің жөні мынада: мысалы,
пирогты сатып алыңызда оны бірнеше бөлікке бөліңіз. Жұрттың көпшілігі, өзіне керектісін ғана іздейді де, сондықтан жеңіл ойлайды.
Олар пирогтің бір кішкене ғана бөлігін сатып алады, осы кіші бөлік үшін артық төлейді. Терең ойланбаған, үлкен пайда таба алмайды. Бай болғыңыз келсе, терең ойлануға үйреніңіз.
Көтерме сауданың сатушылары жеңілдік ( скидка) жасауды ұнатады, оның себебі: бизнесмендерге бірдеңені жаппай сатып
алушылық ұнайды. Сондықтан, ақшаңыз аз болсада, ірі сауда туралы қашанда ойлану керек. Менің компанияма компьютерлер қажет болғанда, мен басқа жолдастарыма телефон соғып, олар компьютерлер ала ма, жоқ па? алдымен соны білдім. Көптеген сатушылармен сөйлесіп, соңында ұтымды мəміле жасап,бірден көп компьютерлер сатып алдық. Акциялармен де тура осылай жасаймын. Үстірт ойлайтын адам бай бола алмайды, себебі: ол жападан-жалғыз əрекет етеді.
Тарихтан үйреніңіз. Биржадағы барлық ірі компаниялар, істерін кішкене нəрседен бастаған. Полковник Сандерс бəрін жоғалтып болғаннан кейін, 65-жасында бай болған. Билл Гейтс 30-ға жетпей əлемдегі ең бай адамдардың бірі болған.
Қимыл қашанда қол қусырып отырушылықтан артық. Мүмкіншіліктер пайда болғанда, менің қолданатын тəсілдерімнің бірнеше түрлері осындай. «Қимыл» жəне «іс» деген сөздер нарықта өте маңызды. Мен осы кітабымда бірнеше рет айтқанымдай. іске кірісу керек, сонда ғана Сізді қаржы табысы күтеді. Қазірден бастап іске кірісіңіз!
Бақытты ата-аналар ЭПИЛОГ
Бұл кітап аяқталуға жақын, жуырда басылуға жіберіледі, соңында мен мынаны айтпақпын.
Менің Бұл кітапты жазғандағы мақсатым: қаржылық тапқырлықтың, адамдарға өміршең көп проблемаларын шешуге қалай ықпал ететіндігі жөнінде өзімнің ой-пікірлеріммен халықпен бөлісу
еді.
Қаржылық білімсіз, біз көбінесе дағдылы стандарттарды
қолданамыз: тырысып жұмыс істейміз, ақша жинаймыз, қарыз аламыз жəне үлкен салықтар төлейміз. Қазіргі заманда біздерге жаңа ақпараттар қажет.
Көптеген жас отбасыларының алдында тұрған, қаржы проблемаларының соңғы мысалы мынандай: балаларға қайткенде жақсы білім беріп, сонымен қатар өздеріне зейнетке шығу үшін, қалай ақша жинауға болады?
Осы мақсатқа жету үшін, мен Сіздерге қаржылық тапқырлықты
калай пайдалануға болады, соны айтып бердім. Менің бір абзал досым төрт баласын колледжде оқыту үшін,ақша жинаудың қаншалықты қиын екенін айтты. Ол ай сайын өзара қорға 300 доллардан салып, 12 мың доллардай ақша жинаған екен. Оның есебі бойынша төрт балаға 400 мың доллар қажет екен. Оған 12 жыл уақыт керек. ең үлкен баласы бұл кезде 6 жаста болатын.
1991 жылы Финиксте жылжымайтын мүлік нарығы ауыр жағдайда еді. Жұрт үйлерін тегін бергендей болды. Мен өзімнің
класстас досыма, өзара қордың ақшасы есебінен бір үй сатып алуға кеңес бердім. Бұл пікір оған ұнады. Мүмкіншіліктерді ойластыра бастадық. Алдымен оны мазаландырғаны басқа үйді сатып алу үшін,
оның банктен алған кредиті жоқ еді. Мүлікті банксіз де алуға болады, - дедім мен. Екі аптадай біз үй іздедік. Үйлер көп еді, сондықтан
таңдап алу мүмкіншілігі мол болды. Ақырында бір жақсы жерден үш 201
бөлмелі үй таптық. Үй иесің жұмыстан қысқартқан екен, енді ол басқа жаққа көшпекші. Ол үйге 102 мың сұрады, біз 79 мыңға ұсыныс жасадық. Ол бірден келісті. Бұл үй кезінде жалпы сауда бойынша алынған екен сондықтан менің досыма берешек ақша көлемі мен сату бағасының айырмашылығы 7 мың долларды ғана қолма-қол төлеу керек еді. Бұрынғы иесі үйді босатқан соң, ол үйді жалға берді.
Барлық шығындарды төлеп, соның ішінде үйдің кепілдік құнын қоса төлеп, ол аяғында үйді жалға беруден айына 125 доллардан пайда түсіріп отырды.
1994 жылы Финиксте жылжымайтын мүліктің нарығы өзгерді, бұл үйге енді тұрушылар 150 мың доллар берді. Жолдасым менімен
тағыда ақылдасты. - Əрине, сат,- дедім мен, бірақ салық төлеуді тоқтата тұратын 1031 бабты (статьяны) ескере отырып сат.
Сөйтіп, ойламаған жерден онда 80 мың доллар ақша пайда болды. Мен Техастағы бір танысыма телефон соқтым, ол бұл ақшаны бір кішірек қоймаға салды. Үш айдан кейін, менің досым ай сайын мың долларға жуық чектерді ала бастады, бұл ақшалар колледж үшін өзара
қорға түсе бастады. Енді балалар үшін төлейтін ақша күн сайын емес, сағат сайын өсетін болды.
1996 жылы ол, бұл қойманы 330 мың долларға сатып жіберіп, оны айына үш мың доллар пайда түсіретін басқа іске салды, айына
түсіп тұратын үш мың долларды тағыда солай өзара қорға салды. Енді менің досым осылай 400 мың долларды табатындығына еш күмəні жоқ, ал мұны бастау үшін 7 мың ғана доллар жəне біразырақ қаржылық тапқырлық керек болды. Енді оның балалары қандай оқуды қаласа, соны ала алады, ал бастапқы актив негізінде құрған өзінің
корпорациясын, өзі жұмыс істемеген кезінде пайдаланады. Осындай ұтымды инвестицияның нəтижесінде, ол зейнетке ерте шығуға мүмкіншілігі бар.
Бұл кітапты оқып шыққаныңыз үшін Сізге көп рахмет.
Сөйтіп, ақшаны қалай өзіңе жұмыс істетуге болатындығы
жөнінде, Сіз бірдеңелерді білдіңіз, -деп сенемін. Қазіргі кезеңде өмір сүру үшін, мүмкіншілігінше қаржылық тапқырлықты қалайда көп қолдану керек. Қаржылық тəжірбиесі жоқтар ғана ақшаны тек қана ақша жасайды, -деп есептейді.
«Тəжірбиесі жоқ» деген -ақымақ деген сөз емес. Олар табыс табу ғылымын игермегендер. Ақша бұл идея ғана. Егерде Сізде көп ақша болсын десеңіз, ойлану тəсіліңізді өзгертіңіз.
Əрбір адам өмірде бір нəрсеге қолын жеткізе алған болса, ол кішкентай идеядан бастап, зор іске жете білгендігінін дəлелі.
Инвестиция жөнінде де осындай пікір айтуға болады. Ғұмыр бойы пайдалы мəмілені немесе жақсы жағдайларды күтіп ақша жинаған,
текке уақыт өткізген талай адамдарды білемін. Мұны мен онша ақылды іс, -деп есептемеймін.
Кейбір инвесторлардың бар жиғандарын бір-ақ мəмілеге
(сделкаға) салып, соңынан бəрінен айырылып қалғандарының талайын білемін. Мүмкін ондайлар жұмысты жақсы істеуді білетін шығар, бірақ
ақша салуды емес. Қаржылық сауаттылық өте маңызды. Егерде
Сіз мұны неғұрлым ерте бастасаңыз, солғұрлым жеңіл əрі пайдалы болады. Кітаптар сатып алыңыз. Семинарларға барыңыз. Біліміңізді практикада қолданыңыз. Кішкентайдан бастаңыз. Мен қолма-қол бес мың долларды миллиондаған активке айналдырдым, міне алты жыл бойы, олар маған айына 5 мың доллар пайда келтіруде.
Рас, мен бұған бала кезімнен үйрендім. Мен Сізге оқыңыз, -деп кеңес берем -бұл соншалықты күрделі де емес, менің айтарым: егер мағынасын түсінсеңіз, оның соншалықты қарапайым екенін аңғарасыз.
Меніңше жеткілікті айттым ғой, -деп есептеймін.
Сіздің қолыңыздағы -Сіздің басыңызға байланысты. Есіңізде
болсын ақша -бұл небəрі идея қиял ғана. «Ойлан жəне бай бол» деген тамаша кітап бар. Назарыңызды аударыңызшы: «Жұмыс істе жəне бай бол» деген емес. Ақшаны өзіңе жұмыс істете біл, сонда сен бай боласың. Қазіргі кезеңде еппен емес, ақылмен қимыл жасау керек.
АВТОРЛАРДАН
Қимылыңызды бастаңыз.
Сізге табиғаттың берген екі ғажайып күші бар: ақыл жəне yaқыт. Бұларды қалай пайдалануға Сіз еріктісіз. Сіздің қолыңызга түскен əрбір доллар Сіздің тағдырыңызды шешуі мүмкін, ол Сізге байланысты. Егер Сіз ақшаны ақылсыз пайдалансаңыз, онда кедейлік жолын таңдағаныңыз. Егер Сіз ақшаңызды пассивке жұмсасаңыз, онда орта класс өкілі боласыз. Долларды өз ойыңызға салыңыз, активтерді сатып алуға үйреніңіз-онда Сіздің мақсатыңызбен, келешегіңіз байлық болады. Таңдау Сіздікі, тек қана Сіздікі Күн сайын, əрбір доллар сайын: Сіз не бай, не кедей болуды шешесіз. Егерде сіз осы білімдеріңізді балаларыңызбен бөліссеңіз, онда оларды қазіргі жағдайда өмір сүруге дайындайсыз. Егерде мұны Сіз істемесеңіз, онда оны кім істейді?
Сіздің өзіңіздің келешегіңіз жəне балаларыңыздың келешегін, Сіздің бүгінгі яғни ертеңгі емес қалауыңыз айқындайды.
Біз, Сізге байлық жəне бақыт тілейміз. Роберт Кийосаки
Шэрон Лектер
Роберт Кийосакидің оқушыларына жарнамалық-оқулық үндеуі. Табыстың үш түрі
Бухгалтерия табыстың əртүрлі үш түрін анықтайды. Бұлар:
- Еңбек табыстары.
- Пассивтер табыстары.
- Құнды қағаздар табыстары.
Менің өз əкем: «Мектепке бар, беске оқы жəне тұрақты жұмыс тауып ал»-дегені мен жұмыс істеп жəне еңбек табыстарын табуға берген кеңестері еді.
Бай əкенің: «Байлар ақша үшін жұмыс істемейді, өзінің
ақшаларын өздеріне жұмыс істетеді -дегені, ол пассивтер табысы жəне құнды қағаздар табысы туралы айтқаны еді. Пассивтік табыс-бұл көпшілік жағдайда жылжымайтын мүлікке салынған капиталдан түсетін табыс (яғни рента). Құнды қағаздар табысы- бұл акциялардан,
облигациялардан, өзара қорлардан жəне т.б. түсетін табыс. Нақ осы табыс түрі Билл Гейтсті əлемдегі ең бай адам қылды. «Байлықтың кілті- ол еңбек табыстарын қалай шапшаң түрде пассивтер табысына немесе құнды қағаздар табысына аударуға қаблеттілік -деп жиі айтатын бай əке. Ол қашанда: «Еңбекақыдан ең үлкен салықтар
алынады. Бəрінен аз салықтар пассивтер табысынан алынады. Міне, сондықтан ақшаны өзіңе жұмыс істетуің керек. Мемлекет салықты, сенің ақша түсірген табыстарыңнан гөрі, маңдай теріңді сыпырып
жүріп тапқан табысыңнан артық алады», -деп айтатын еді ол. Мен өзімнің «Ақша ағымының квадранты» деген екінші кітабымда,
бизнеске енетін төрт əртүрлі адамдардың болатындығы туралы айтамын. Бұлар: жалдау бойынша жұмыс істейтіндер (Р), өз бизнестерімен айналысатындар (C), компаниялар иегерлері (В) жəне нвесторлар (И). Жұрттың көпшілігі мектепті жəне университетті аяқтағаннан кейін, Р немесе C болады. "Ақша ағымы квадранты" кітабы осы адамдар тобының түбегейлі айырмашылықтары туралы жəне өзінінін квадрантыңды қалай өзгертуге болатындығы жөнінде баяндайды. Нақтылығында біздің барлық өнімдеріміз B немесе И квадрантындағы адамдарға арналған.
«Бай əкенің инвестицияны басқаруы» атты үшінші кітабымда еңбек табыстарын, пассивтер немесе құнды қағаздардан түсетін табыстарға қалай айналдырудың жəне оның нендей маңызы бар екендігі туралы толық жаздым.
Бай əке: «Нағыз инвестордың бар бітіретіні: ол еңбек табыстарын пассивтер немесе құнды қағаздардан түсетін табыстарға айналдыру Егер сен не істейтіндігіңді білсең инвестиция қауіпті емес. Бұл ақылды іс» -дейтін
Қаржылық тəуелсіздігі кілті
Қаржылық тəуелсіздік жəне байлық кілті -ол адамның еңбек табыстарын пассивтік немесе құнды кағаздардан түсетін табыстарға айналдыру қабілеті жəне оны білуі. Осыған, Майк екеуімізді бай əке көп жылдар бойы оқытты. Нақ осы қағидаға байланысты, мен жəне əйелім Ким қаржы тарапынан тəуелсіз адам болдық, енді бізге жұмыс істеудің аса қажеті жоқ. Дегенмен, біз жұмысымызды жалғастырудамыз Оның себебі: мұны біз жақсы көреміз.
Қазіргі Кезеңде біз өзіміздің жылжымайтын мүлікке мамандандырылған компаниямыз арқылы пассивтік жəне құнды қағаздар табыстарын табудамыз. Сонымен қатар, серіктесіміз Шэрон Лектермен бірге қаржылық білім беру компаниясын құрумен айналысудамыз бұл компания оқытуға байланысты, əртүрлі кітаптар,
кассеталар жəне ойын түрлерін шығарады.
Біздің білім беру құралдарымыз, бай əкенің еңбек табыстарын қалай пассивтік жəне құнды қағаздардан түсетін табыстарға айналдыруға болатындығы жөніндегі оқуына бағытталған. Біз үстел үстінде ойнайтын өте маңызды үш ойын түрін құрдық. Олар кітаптардың бере алмайтындығын, бере алады.
Мысалы, кітап күшімен қалай велосипед тебуге үйренуге болады?
«Ақша ағымы-101» атты ойыны -бұл күрделі, бірақ балалар үшін.
«Балалар үшін ақша ағымы» ойыны бар. Олар ойыншыларды инвестицияның негіздеріне оқытады, яғни еңбек табыстарын- пассивтік жəне құнды қағаздар табыстарына айналдыру. Сонымен бірге, бұл ойындар бухгалтерлік есептердің жəне қаржылық
сауаттылықтың принциптерін білуге үйретеді. Əлемде бұл ойындарға, баламалы түрі жоқ, себебі: олар осы тəсілдерді қамти отыра бір
негізде оқытады.
«Ақша ағымы-202» ойыны- бұл «Ақша ағымы-101» ойыныныңтереңдетілген түрі. Бұл екі ойындар инвестиция негіздерін білуге оқытады. «Ақша ағымы-202» ойыны нақтылы мысалдарға бағытталған.Мұнытүсінетінадам,нарықкүйрегеніндеде,
көтерілгенінде де ақша табады. Менің бай əкем: «Нағыз инвестор - күйзеліс кезінде де, көтерілу кезінде де табыс табады. Ол, сондықтан бай», -деп айтатын.
Сөйтіп, менің кедей əкем, өмірде табысты болу үшін, жақсы
білім, жақсы жұмыс жəне көп жылғы еңбек ету керек, деп есептейтін. Менің бай əкемде, білім алуға үлкен мəн беретін, бірақ ол үшін, біз Майк Екеуіміз табыстардың үш түрлерінің бір-бірінен айырмашылықтарын білуге жəне солардың қайсысын қолдануды білумізге үйрену, оған өте маңызды болатын. Бұлар ол үшін, қаржылық
сауаттылықтың негізі болатын.
Бай əкеміз айтқандай: «Байлар ақша үшін жұмыс істемейді. Олар ақшаны өзіне қалай жұмыс істетуді біледі». Ол мені: «Еңбек табысы- ол ақша, сен сол үшін жұмыс істейсің, ал пассивтік жəне құнды қағаздар табыстары, саған жұмыс істейтін ақша», -деп оқытатын.
Осыларды білу, менің өмірімнің негізгі түйіні болды, сөйтіп бұлар мен үшін, қалғандарының бəрін шешті.
Бірдеңеге үйрену үшін, қандай жеңіл жəне қарапайым тəсілдері бар?
1994 жылы мен қаржылық тəуелсіздікке қолымды жеткізіп, өзімді бай əке не нəрсеге оқытқанына, жұртты оқыту тəсілдерін
ойластыра бастадым. Кітап -оқудың бір бөлігін ғана береді. Бірде менің ойыма, бай əкенің кайталаумен оқыту тəсілі есіме түсті.
Меніңше, бұл күрделі мəселелерді игеруде, оңтайлы тəсіл деп есептеймін. Егер Сіз, пассив жəне құнды қағаздар табыстарын табуды үйренгіңіз келсе, онда «Ақша ағымы» ойыны бірінші қадам болады.
Егер Сіз, өзіңіздің қаржылық біліміңізді көтергіңіз келсе, біздің құралымызды 90 күн бойы тегін пайдаланып көріңіз. Жалғыз сұрайтыным-осы уақыт ішінде, жолдастарыңызбен бірге ойынды аяғына шейін, кем дегенде 6 рет ойнаңыз. Егер Сізге бұл өте күрделі болып ештеңе үйрене алмасаңыз, онда құралдарды ұқыпты түрде кері қайырыңыз. біз Сізге акшаңызды қайырап беруге бақыттымыз.
Ойынның тəсілдері мен ережелерін білу үшін, кем дегенде екі рет ойнау керек. Осыдан кейін ойын жеңілірек жəне қызығырақ болады,
сөйтіп оқу процессі тез өтеді. Егер Сіз «Ақша ағымы» ойынын сатып алып қолданбасаңыз, ол əрине, Сіз үшін қымбат болады. Бірақ, Сіз осы ойынға кем дегенде 6 рет ойнасаңыз, онда Сіз, бұл ойынның теңдесі жоқ екеніне бізбен келісесіз.
Авторлар туралы
Жұрттың қаржылық тапшылықтарынан зардап шегулерінің негізгі себебі: олар жылдар бойы мектепте оқығанда ақша туралы
түкте білмеушіліктері. Соның нəтижесінде ақша үшін жұмыс істейді, бірақ ақшаны өздеріне қалай жұмыс істетуді білмейді», -дейді Роберт.
Роберт-американдық жапон. Гаваяда туып өскен. Оның əкесі
штаттың білім беру министірлігін басқарған. Роберт мектептен кейін,
Нью -йорк университетінде оқыған, содан кейін Вьетнамда соғыста болып, əскери ұшқыш болған. Əскерден келгеннен кейін бизнеспен айналысқан. 1977 жылы ол өзінің «жабыспалы» нейлон қағаздарын шығаратын алғашқы компаниясын құрған. Ол өте табысты жұмыс істеген. Бұл жөнінде талай басылымдарда жазылған.
1985 жылы ол бизнесті тастап, халықаралық оқыту компаниясын құрған, қазіргі кезеңде оның оқу жүйесі жеті мемлекетте, он мыңдаған адамдарды бизнеске жəне инвестицияға оқытуды жүргізуде.
Роберт 47 жасында жұмысты тоқтатып, өзіне ұнайтын Инвестициямен айналысады.
Байлар Мен кедейлердің
арақашықтарының үнемі өсушілігі оны қатты толғандыратындықтан, ол «Ақша ағымы» атты ойынын құрған, бұл ойынның негізгі мақсаты
адамдарды байлық құрудың құпияларын білуге оқыту.
Роберттің негізгі бизнесі-жылжымайтын мүлік жəне ұсақ компанияларды құру болғанымен, оның шын құмарлығы- сабақ беру,
ұстаздық. Ол атақты оқымыстылар, ғалымдармен қатар дəріс берген.
Роберттің сабақтары бір сағаттан, үш күнге дейін созылады. Байлардың құпиялары туралы айтады. Оның оқыту тақырыптары əр- алуан. Бүкіл əлемге белгілі жазушы жəне лектор Энтони Роббинс Роберт туралы былай дейді: «Роберт Кийосакидің оқытуы, адамдарға өз өмірлерін өзгертуге көмектеседі. Мен оның ісін құптаймын жəне барлығына оны тыңдауға кеңес беремін»
Біздің осындай тұрақсыз экономика заманымызда, Роберт Кийосакидін оқуының маңыздылығының, құндылығының теңдесі жоқ.
Шэрон Лектер
Үш баланың анасы, дипломды мемлекеттік бухгалтер- ревизор, қаржы туралы ойындарын шығарып жəне өмірге енгізу жөніндегі
кəсіби менеджер, қазіргі кезеңде білім беру саласында қызмет етеді.
Флорида штатының университетін қызыл дипломмен аяқтап, бухгалтер мамандығын алған. Содан кейін ірі бухгалтерлік фирмада
жұмыс істеуші əйелдердің бірі болған, одан əрі компьютерлер компаниясының қаржы директоры.
Ұлттықсақтандыру компаниясының салық бөлімінің басшысы болған,
Висконсиде
тұңғыш рет əйелдер үшін журнал құрған. Осының барлығын бухгалтерлік жұмысын бір мезгілде тоқтатпай жүргізген.
Үш баласы өсе келе Шэронды оқыту ісіне көңіл аударуына
мəжбүр еткен. Олардың назарларын оқуға аудару қиын едім балалары телевизоркөрудіжақсыкөретін.Сондықтан,олбалаларүшін,
тартымды жəне қызықты оқулықтар жасау ісіне белсене ат салысады.
«Біздің оқыту жүйесі, өмірде болып жатқан өзгерістерден артта қалуда. Балаларды осы өзгерістерге, əсіресе техника саласында болып жатқандарына үйрету қажет, бұл оларға келешекте өмір сүрулеріне қажет, жəй қарапайым тұрмыс үшін емес, гүлдену үшін», -дейді ол.
«Бай əке, кедей əке» жəне «Ақша ағымы квадранты кітаптары
авторының бірі ретінде, ол оқу құралдарын құруға белсене кірісіп, қаржы сауаттылығын көтергісі келгендерге көмегін беруде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?