Аралық аттестаттау емтихан материалдары 5 сынып Қазақ тілі


 Аралық аттестаттау емтихан материалдары

  Пән: Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)

Білім беру ұйымының атауы: ШЖҚ МКК «№5 гимназия»

Сынып: 5 «А»

Білім алушының аты-жөні:___________________________

1-нұсқа

1.Оқылым. (1 балл)

-оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу

 1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды тауып жаз.

 2-тапсырма. Мәтіндегі нақты ақпараттармен мәтінді мазмұндау жоспарын құрады.

 Хоббидің пайдасы

Бос уақытымызда айналысатын нәрсеміз хобби/сүйікті іс деп аталады. Хобби ағылшын тілінен аударғанда «сүйікті іс» дегенді білдіреді.

Хобби несімен пайдалы?

  • Хобби қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлайды, күйзелістен сақтайды.
  • Хобби адамдарды жақындастырады. Сізді қызықтыратын нәрселерге құмар адамдарды табуға көмектеседі. Бұл отбасы немесе жаңа достар болуы мүмкін.
  • Хобби денсаулыққа пайдалы. Оған би, жүзу, велосипед тебу және дене шынықтыру жаттығуларының түрлері және т.б. жатады. Тіпті оригами және кроссворд сияқты хоббилер де біздің санамызға пайдалы және Альцгеймер ауруының алдын алады. Олар мидың жұмысын, көңілдің шоғырлануы мен есте сақтауды жақсартады.  Сүйікті ісіңіз сізді тыныштандырады, шабыттандырады, өміріңізге толықтық сезімін қосады. Сүйікті іспен айналысу адамды еркін әрі көңілді етеді.
  • Хобби біздің қабілетімізді дамытады, табандылықпен біз құмырашының немесе басқа қолөнер түрлерін  меңгере аламыз, түрлі би билеуді, шахмат ойнауды да үйрене аламыз. Қабілет өскен сайын өзіне деген сенімділік те артады.
  •  Хобби кез келген адамда табандылықты дамытады. Бұл балаларға да, ересектерге де, әсіресе стресске ұшыраған адамдарға да пайдалы. Сіз не істесеңіз де - сурет салу, кесте тігу, ара өсіру - бұл жерде әбігерге түсудің қажеті жоқ, табысқа жету үшін сізгеөзіңізді іштей тыныштандыруға тура келеді. Бірте-бірте жан тыныштығы мен шыдамдылық орнайды.

Тапсырманы орындау.

 Нақты ақпараттар Мазмұндау жоспары:

  • 1.
  • 2.
  • 3.
  • 4.
  • 5.

  • Жазылым. (3 балл)

-кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі оқиғаны сипаттап немесе кейіпкерді суреттеп эссе жазады

«Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені» деген мақалдағы ойды негізге ала отырып, өзіңіздің бос уақытыңызды қалай өткізетініңізді сипаттап(сөз саны-100-110)эссе жазыңыз.

  • Әдеби тіл нормалары (1 балл).

Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін танып, сын есімді зат есім орнына қолданады.

 Эссе мәтінінен негізігі сын есімді тауып, салыстырмалы, күшейітпелі шырай жаса, заттық мағынада қолданып, сөйлем құра.

Сын есім

Салыстырмалы шырай

Күшейітпелі шырай

Сын есімді заттық мағынада қолданған сөйлем

Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады және мазмұндау жоспарын құрастырады.

1

  • әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады (0,5 балл);
  • мазмұндау жоспарын құрастырады (0,5 балл).

1

Жазылым

- эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады.

-жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

-мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).

3

Әдеби тілдің нормалары

Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін танып, сын есімді зат есім орнына қолданады

3

-мәтіннен сын есім сөзді табады (0,25 балл);

-шырай түрлеріне түрлендіреді(0,25 балл);

- сын есімді заттық мағынада қолданып сөйлем құрайды (0,25 балл).

- сауатты жазады (0,25 балл);

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА

 

 

 5-сынып

Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

Жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды, бірақ мәтіндегі нақты ақпаратты таба алмайды.

Жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты жартылай табады.

Жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты табады.

Жазылым

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап жазуда шатастырады, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыптан ауытқиды.

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыпқа қатысты мәлімет толық емес немесе жартылай қарастырылады.

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін толық сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазады.

Әдеби тіл нормалары

Мәтіннен сын есімді табады. Шырай түрлеріне түрлендіруде қиналады. Сын есімді заттық мағынада қолдануға қиналады., орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (8-10) жібереді.

Мәтіннен сын есімді табады. Шырай түрлеріне түрлендіреді. Сын есімді заттық мағынада қолдануға қиналады., орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді.

Мәтіннен сын есімді табады. Шырай түрлеріне түрлендіреді Сын есімді заттық мағынада қолданып, сөйлем құрастырады. орфографиялық, пунктуациялық, стильдік 1 қате жібереді.

 Аралық аттестаттау емтихан материалдары

  Пән: Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)

Білім беру ұйымының атауы: ШЖҚ МКК «№5 гимназия»

Сынып: 5 «А»

Білім алушының аты-жөні:_________________________

 

2-нұсқа

1.Оқылым. (1 балл)

-жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды, нақты ақпаратты табу

Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

 Мінез – адам баласының ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі деуге болады. Сондықтан, әл-Фараби бабамыз «Мінез – жанның айнасы» деген екен. Әдетте, біз адамдарға қарап мінезі жақсы екен немесе жаман екен деп баға баға беріп жатамыз.

 Жақсы мінезді адамдарға ақкөңіл, яғни үнемі көңілді жүретін, жайдары адамдарды жатқызамыз. Көбінесе олар ашуланбайды, қайырымды, мейірімді және сабырлы келеді. Қытай халқының «Үлкен өзендер ақырын ағады, ал ақылды адамдар ақырын сөйлейді» деген мақалы осыған сай келеді.

Кейде адамның өмір сүру стилі, тағдыры, қоғамдағы орны өз мінезіне байланысты сияқты. Мәселен, көптеген психологтар адамның мінез-құлқы оның өмір сүруін анықтап береді дейді. Яғни, мінезі ашық, ақкөңіл адамдар тез достасып, кез келген адамдармен жылдам дос болып кетсе, мінезі тұйық адамдар өзгелермен қарым-қатынасқа түсуі өте қиын.

Әрине, «Бес саусақ бірдей емес» дегендей барлық адамдардың мінезі жақсы бола бермейді. Мінезі жаман адамдарды кекшіл, өзімшіл, қырсық, ашуланшақ ретінде байқауымызға болады. Әлбетте, бұл жаман қасиеттер. Сондықтан, әл-Фараби «Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады» деген болатын. (148 сөз)

Тапсырманы орындау.

1. Мәтіндегі нақты ақпараттар арқылы түсініктеме беріңіз.

Мінезі жақсы адамдар – ________________________________________________

Мінезі жаман(нашар) адамдар – ________________________________________

Мінезі тұйық адамдар – ________________________________________________

Мінезі ашық адамдар – ________________________________________________

 

  • Жазылым. (3 балл).

-кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі оқиғаны сипаттап немесе кейіпкерді суреттеп эссе жазады.

Ең жақын досыңыздың мінезін сипаттап «Менің досымның асыл қасиеті» тақырыбында эссе (сөз саны-100-110 ) жазыңыз.

  • Әдеби тіл нормалары (1 балл).

-зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.

Эссе мәтінінен бір зат есімді алып, септік жалғаулары арқылы түрлендіріп көрсет.

Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады және ақпараттарды ретімен орналастырады

1

-әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады

1

Жазылым

- эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады.

-жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

-мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).

3

Әдеби тілдің нормалары

зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады

3

-мәтіннен зат есім сөзді табады (0,25 балл);

-септік жалғауларын жалғайды(0,5 балл);

- сауатты жазады (0,25 балл);

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА

 

 

 5-сынып

Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

Жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды, бірақ мәтіндегі нақты ақпаратты таба алмайды.

Сөйлемдердің ретін табуға тырысады

Жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты жартылай табады.

Сөйлемдердің ретін жартылай табады

Жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты табады.

Сөйлемдердің ретін толық табады

Жазылым

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап жазуда шатастырады, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыптан ауытқиды.

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыпқа қатысты мәлімет толық емес немесе жартылай қарастырылады.

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін толық сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазады.

Әдеби тіл нормалары

Мәтіннен зат есімді табады. Жалғаулар жалғауда қиналады., орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (8-10) жібереді.

Мәтіннен зат есімді табады. Жалғаулар жалғауда қиналады., орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді.

Мәтіннен зат есімді табады. Жалғаулар жалғап түрлендіреді, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік 1 қате жібереді.

 

 

 

 Аралық аттестаттау емтихан материалдары

  Пән: Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)

Білім беру ұйымының атауы: ШЖҚ МКК «№5 гимназия»

Сынып: 5 «А»

Білім алушының аты-жөні:________________________

 

3-нұсқа

1. Оқылым. (1 балл)

-оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды табады.

2-тапсырма. Мәтіндегі нақты ақпараттармен мәтінді мазмұндау жоспарын құрады.

 «Саяхатты бала күнімнен бастадым. Алғашқы әскери дайындық деген пәннен Нұрлан деген ағайым балаларды тауға алып шығатын. 5-6-сыныптан бастап тауға шыға бастадым. Саяхатқа деген қызығушылық солай оянды. 2015 жылы бірінші рет шетелге шықтым. 25 жасымда алғаш ұшаққа міндім. Іссапармен Түркияға барып келдім.

 «Саяхатқа көп ақша керек» деп ойладым. Саяхат деген «міндетті түрде шетелге бару, ұшақпен ұшу» деп түсіндім. Мен сияқты көп адам саяхаттау «міндетті түрде шетелді көру» деп ойлайды. Бірақ саяхаттау туған жеріңді аралаудан басталатынын түсіндім.

 Жасым 30-дарға таяған шағымда көрнен елім - бесеу. Бірақ ауылымның жанында тұрған Көлсайды көрмеппін. Кейбір адамдар сонау алыс шетелдерден Көлсайды көру үшін келеді. Дәл солай Алматыда тұрып, Медеуге бармағандар қаншама?! Алматыда тұрып, Көктөбеге шықпайтындар бар. Алматының маңында әдемі жер көп. Шарынға бармаған, Көкжайлауға шықпаған адам көп. Ұлытауда тұрып, Жошының кесенесін көрмегендер бар. Астанада тұрып, Көкшетауға, Бурабайға бармағандар бар. Шығыс Қазақстанда, Өскеменде тұрып, Катон-Қарағайды көрмегендер бар. Айта берсең көп.

 Алыс шетелді аңсау міндет емес. Саяхат деген туған жерді аралаудан басталады. Туған жердің кереметтерін танып алсаң, алыс шетел туралы ойлана бер.

 

 Нақты ақпараттар:

 1

 2.

 3.

 Мазмұндау жоспары:

 1

 2.

 3.

 4.

 

2..Жазылым. (3 балл)

-кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі оқиғаны сипаттап немесе кейіпкерді суреттеп эссе жазады.

«Табиғатқа саяхат туған жерді танудан басталсын» тақырыбында кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі оқиғаны сипаттап немесе кейіпкерді суреттеп(сөз саны-100-110) эссе жазыңыз.

  • Әдеби тіл нормалары (1 балл).

-сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратады, сан есімді зат есім орнына қолданады.

Эссе мәтінінен сан есімдерді теріп жазып, мағыналық түрлерін ажырат. Біреуін заттық мағынада қолданып сөйлем құра.

болжалдық

реттік

есептік

жинақтық

Сөйлем: _________________________________________________________

Бағалау критерийлері:

(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады және мазмұндау жоспарын құрастырады.

1

  • әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады (0,5 балл);
  • мазмұндау жоспарын құрастырады (0,5 балл).

1

Жазылым

- эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады.

-жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

-мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).

3

Әдеби тілдің нормалары

сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратады, сан есімді зат есім орнына қолданады

3

-мәтіннен сан есім сөзді табады (0,25 балл);

-сан есімдердің мағыналық түрлерін ажыратады (0,25 балл);

- сауатты жазады (0,25 балл);

-сан есімді заттық мағынада қолданып сөйлем құрайды (0,25 балл).

1

 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА

 

 

 5-сынып

Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

 Жалпы мазмұнын түсініп жоспар құрауға тырысады, бірақ мәтіндегі нақты ақпаратты таба алмайды.

Жалпы мазмұнын түсініп жоспар құрайды, Нақты ақпаратты жартылай табады.

 Жалпы мазмұнын түсініп жоспар құрайды, нақты ақпаратты табады.

Жазылым

 Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап жазуда шатастырады, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыптан ауытқиды.

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыпқа қатысты мәлімет толық емес немесе жартылай қарастырылады.

 Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін толық сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазады.

Әдеби тіл нормалары

Сан есімдерді толық таппайды, мағынасына ажыратуда қиналады. Сан есімді заттық мағынада қолдануда қателеседі, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (8-10) жібереді.

Сан есімдерді табды, мағынасына ажыратуда қиналады. Сан есімді заттық мағынада қолдануға тырысады, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді.

Сан есімдерді толық табады, мағынасына қарай ажыратады. Сан есімді заттық мағынада қолданады. Сөйлемі логика-грамматикалық жағынан дұрыс құрылады, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік 1 қате жібереді.

Аралық аттестаттау емтихан материалдары

  Пән: Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)

Білім беру ұйымының атауы: ШЖҚ МКК «№5 гимназия»

Сынып: 5 «А»

Білім алушының аты-жөні:___________________________

 

4-нұсқа

1. Оқылым. (1 балл)

-оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын жазады.

2-тапсырма.Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды табады.

 Тіл туралы қызықты деректер

 Дүние жүзінде халық та, соған орай тіл де көп. Ғалымдар соңғы кездерге дейін дүние жүзінде екі мыңнан астам немесе үш мыңға жуық тіл бар деп келген еді.

1980 жылы Герман Федерациялық Республикасында жарияланған мағлұматтарға қарағанда 5661 тіл бар екен.

Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі,  һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.

Дүние жүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі

Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие б олған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз.

 

 Тапсырманы орындау.

Қысқаша мазмұны

Нақты ақпараттар

  • Жазылым. (3 балл)

-кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі оқиғаны сипаттап немесе кейіпкерді суреттеп эссе жазады

«Ана тілім – менің тілім» тақырыбында кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі оқиғаны сипаттап немесе кейіпкерді суреттеп(сөз саны-100-110) эссе жазыңыз.

  • Әдеби тіл нормалары (1 балл).

-Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады.

Эссе мәтінін пайдаланып төл сөз, автор сөзін қатыстырып сөйлем құра. Тыныс белгілерін орынды қолдан. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыр.

Төл сөз бен автор сөзі қатысқан сөйлем

Төлеу сөйлем

Бағалау критерийлері:

 (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады және мазмұндау жоспарын құрастырады.

1

  • қысқаша мазмұнын жазады(0,5 балл)
  • әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады (0,5 балл);

1

Жазылым

- эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады.

-жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

-мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).

3

Әдеби тілдің нормалары

Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады

3

-мәтін бойынша төл сөз бен автор сөзін қатыстырып, сөйлем құрайды. (0,25 балл);

-төл сөз бен автор сөзіне қатысты тыныс белгіні дұрыс қолданады(0,25 балл);

- сауатты жазады (0,25 балл);

-төл сөзді төлеу сөзге айналдырады (0,25 балл).

1

 

 «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА

 

 

 5-сынып

Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

 Жалпы мазмұнын түсініп жоспар құрауға тырысады, бірақ мәтіндегі нақты ақпаратты таба алмайды.

Жалпы мазмұнын түсініп жоспар құрайды, Нақты ақпаратты жартылай табады.

 Жалпы мазмұнын түсініп жоспар құрайды, нақты ақпаратты табады.

Жазылым

 Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап жазуда шатастырады, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыптан ауытқиды.

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыпқа қатысты мәлімет толық емес немесе жартылай қарастырылады.

 Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін толық сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазады.

Әдеби тіл нормалары

Мәтін бойынша төл сөз бен автор сөзін қатыстырып, сөйлем құрауға тырысады , бірақ төл сөз бен автор сөзіне қатысты тыныс белгіні дұрыс қолдана алмайды. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыруға тырысады. Орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (8-10) жібереді.

Мәтін бойынша төл сөз бен автор сөзін қатыстырып, сөйлем құрайды, төл сөз бен автор сөзіне қатысты тыныс белгіні жартылай дұрыс қолданады. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыруға тырысады, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді.

Мәтін бойынша төл сөз бен автор сөзін қатыстырып, сөйлем құрайды, төл сөз бен автор сөзіне қатысты тыныс белгіні дұрыс қолданады. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырады. Сөйлемі логика-грамматикалық жағынан дұрыс құрылады, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік 1 қате жібереді.

1-кесте - Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы

(оқыту қазақ тілінде)

р/с

Сөйлесім әрекеті

Балл қою нормативі, ең жоғары балл

5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

1

Оқылым

1-тапсырма - 0,5 балл;

2-тапсырма - 0,5 балл

1

6

2

Жазылым

- құрылымын сақтауы – 0,5 балл;

- мазмұны - 2 балл;

- лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл

3

18

3

Әдеби тіл нормалары

1 балл

1

6

5

30

 14. Байқау емтиханының қорытындыларына талдау жасау

 

3-кесте - Байқау емтиханына қатысушылар туралы мәлімет

Өңірі (қаласы, ауданы, мектебі)________________________________

Сыныбы

Білім алушылардың саны

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны, себебі

4-кесте - Емтихан тізімдемесі

Сыныбы

Қатысқандар саны

Оның ішінде

«2»

5-кесте - Білім сапасы (пайыздық көрсеткішпен)

(оқыту қазақ тілінде)

Сөйлесім әрекеті

Қатысқан білім алушы саны

Оқу мақсаты коды

Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны

төмен

0 - 39 %

Сапа %

орта

40 - 84 %

Үлгерім %

жоғары

85 - 100 %

Оқылым

Жазылым

Әдеби тіл нормалары

Білім сапасы көрсеткішіне комментарий

Сынып бойынша меңгерілген мақсаттар

Қиындық тудырған мақсаттар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу