Немере


Балам – балым, немере – жаным» деген қазақпыз ғой, әулетіміздің жалғасы – өсіп келе жатқан кішкене балапанымыз елінің арқа сүйер үлкен азаматы болсын.

Бұл дүниенің ең қызығы немере
Қанат жайып өсе берсін кереге
Шаңыраққа уық болып шаншылып
Келе берсін немере мен шөбере

Оның иісі елден ерек тамаша
Жүрегіңнің соғуы да жаңаша
Шайға салған қант секілді ерисің
Ата деген бір сөзіне балаша

Сұрағанын іздеп тауып бересің
Шаршасаң да жүрші десе ересің
Барған жерде қонақтардан ұялмай
Дастарханнан кәмпиттерді тересің

Мәз мейрамсың оның әрбір ісіне
Іздейсің кеп көрінбесе көзіңе
Өмір бойы армандаған бақытың
Осы емес пе іздегенің өзіңе

Өз балаңнан ыстық болар немере
Немересі жоқ адамдар сене ме?
Шаңыраққа уық болып қадалып
Тола берсін немере мен шөбере.


немере, құтты болсын, туған күнге тілек, немереме, немереге


Немерелер – мақтаным, ашық болсын аспаның
Осылайша, балалар, жырдан шашу шашқаным
Бірталай жұмыс тапсырдым, біліміңді арттырғын
Әкең менен шешеңе жемісіңді таттырғын

Немерем – мақтаным, ашық болсын аспаның
Осылайша, балалар, жырдан шашу шашқаным
Бірталай жұмыс тапсырдым, біліміңді арттырғын
Әкең менен шешеңе жемісіңді таттырғын

Бұл дүниенің ең қызығы немере
Қанат жайып өсе берсін кереге
Шаңыраққа уық болып шаншылып
Келе берсін немере мен шөбере

Оның иісі елден ерек тамаша
Жүрегіңнің соғуы да жаңаша
Шайға салған қант секілді ерисің
Ата деген бір сөзіне балаша

Сұрағанын іздеп тауып бересің
Шаршасаң да жүрші десе ересің
Барған жерде қонақтардан ұялмай
Дастарханнан кәмпиттерді тересің

Мәз мейрамсың оның әрбір ісіне
Іздейсің кеп көрінбесе көзіңе
Өмір бойы армандаған бақытың
Осы емес пе іздегенің өзіңе

Өз балаңнан ыстық болар немере
немересі жоқ адамдар сене ме?
Шаңыраққа уық болып қадалып
Тола берсін немере мен шөбере.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Марго
    Оқырман Марго 21.10.2022 09:58
    4 + 2 -
    Саламатсыздерме ! Неге жаңа куттыктаулар жок? Ылғи ескы,и одно и тоже..