Қазақша - орысша құттықтау - тілек: 30 тамыз - Коституция күні » ZHARAR © 2017 | поздравление на казахском языке день конституции казахстана, поздравления на казахском языке на 30 август день конституция казахстан казакша, 30 тамыз конституция күні құттықтау сөз тілек құтты болсын, 30 тамыз конституция куни куттыктау соз тилек кутты болсын, поздравление на русском языке день конституции казахстана, поздравления на казахском языке на 30 август день конституция казахстан орысша




  • »

Қазақша - орысша құттықтау - тілек: 30 тамыз - Коституция күні

Қазақша - орысша құттықтау - тілек: 30 тамыз - Коституция күні казакша Қазақша - орысша құттықтау - тілек: 30 тамыз - Коституция күні на казахском языке

Барлық Қазақстандықтарды 30 тамыз - Конституция күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілеймін! Береке – бірлігіміз мәңгілік болғай!
Мейіржан Медетбеков

Қымбатты достар!

Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймын.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Дорогие друзья!

От всей души поздравляем Вас с Днем Конституции!
Провозгласив фундаментальные принципы поступательного развития единого народа Казахстана, Главный Закон нашей страны выдержал испытание временем и доказал свою жизнеспособность. Благодаря этому, Казахстан сегодня занимает достойное место в международном сообществе.Каждый гражданин глубоко осознает значимость Конституции не только для государства и общества, но и лично для себя и своей семьи.

Пусть из года в год крепнут наши главные ценности – Независимость, Единство и Стабильность. Здоровья вам и вашим близким, мира и благополучия нашему общему дому!

Қазақстан Республикасының Конституциясы - еліміздің дамуы мен гүлденуінің мықты негізі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекет пен жалпы қоғамда мызғымас тұрақтылықты қалыптастырды».Осы жылдар ішінде біз барынша қуатты, экономикалық жағынан дамыған, саяси тұрақты мемлекет құруда орасан зор прогресске қол жеткіздік. Халықаралық қауымдастық бүгінгі Қазақстанды кеңінен танылған белгігі аймақтық көшбасшы, құрметті әрі жауапкершілігі жоғары серіктестік ретінде қабылдайды»

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесі - Конституция күнімен құттықтаймын!
Осыдан он бес жыл бұрын, тамыздың 30-ында Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясы бекітілді.

Осындай аз уақыт ішінде Қазақстанның Ата заңы өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеді.

Құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу, демократиялық принциптерді құрметтеу бәрі-бәрі Ата Заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаруа.

Бүгінгі Қазақстанның әлемдегі жоғарғы беделі – бұл біздің тікелей ішкі жетістіктеріміздің, бейбітшілік сүйгіш саясатымыздың және ірі халықаралық жобалардағы бастамашылығымыздың нәтижесі.

Бұл күн бізді рухтандырып, Қазақстанды одан әрі дамытуға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!

Осы мереке күні елімізге азаматтық көзқарас еркіндігін таңдау мүмкіндігін және бейбіт өмірді тілеймін.

Отбасыларыңызға аман-саулық, бақыт, түсінушілік, сенім және Отанымыз Қазақстан Республикасына жарық, жақсы болашақ тілеймін!

Қадірменді аудан тұрғындары!

Биыл қазақстандықтардың тікелей дауыс беру арқылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Республика Конституциясына он алты жыл толады. Сондықтан да баршаңызды 30 тамыз күнгі еліміздің басты құжаты - Конституция күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер.


Коституция қабылданғаннан бергі өткен уақыт тарихи өлшемдер тұрғысынан аз болғанымен, біз үшін ол өткен жолымызды ой елегінен өткізу мүмкіндігі берілген кезекті кезең болып табылады.

Алайда, уақыт бір орнында тұрмайды. Елімізді одан әрі саяси және экономикалық жаңғыртудың туындаған объективті қажеттілігі конституциялық өзгерістер жүргізуді көлденең тартты. Конституциямызға енгізілген өзгерістер нәтижесінде халықаралық стандарттар мен мемлекеттік құрылыстың өз тәжірибелеріміз негізінде мемлекеттік билік жүйесін одан әрі демократияландыруды қамтамасыз етті, елімізде демократияның өрісі кеңейіп, перзиденттік-парламенттік басқару жүйесі өмірге келді. Жергілікті өзін - өзі басқару органдары - маслихаттардың рөлі артты, халықтың жергілікті жерлердегі маңызды мәселелерді дербес шешуін қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Бүгінгі таңда жаңартылған Конституция негізінде елімізде жаңа құқықтық жүйе қалыптасуда. Қабылданған заңдар қоғамдық қатынастардың негізгі жақтарын реттеп, еліміздің әлемдік деңгейдегі орнын жоғарлауда.

Республиканың көпұлтты халқының достығын нығайту мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде Конституцияның ролі зор. Әлемнің түкпір-түкпірінде қарулы қақтығыстар, терроризм мен діни экстремизмнің қанды салдары өршіп жатқанда, тәуелсіз Қазақстанда ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық орын алуда. Мұның бәрі Конституцияда бекітілген Республика қызметінің түбегейлі принциптерін қоғамдық және саяси өмірде нық ұстанудың нәтижесі.

Конституцияның даму тарихын саралағанда оның негізгі даму үрдісіне тигізетін әсеріне адамдық және азаматтық құқықтар мен бостандықтарға қаншалықты кепілдік бере алатындығына айрықша назар аударамыз. Өйткені, Коституция ең жоғары заңдық күші бар құжат ретінде бүкіл халықтың атынан қабылданды. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Коституциясының: «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...», - деп басталуы тегіннен-тегін емес. Түпкі мақсатымыз - еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, Қазақтың ұлы болып өркендеуіне жол ашу. Болашақ ұрпақтың жүзін жарқын ететін бұл мақсатқа біз асқан табандылықпен ел бірлігін сақтай отырып қана қол жеткізе аламыз.

Қымбатты жерлестер! Ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілеймін!

Қазақ елі! Бүгінгі біздің еліміздің Ата заңы-Конституция күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін! Денсаулықтарыңыз зор болсын! Отбасыларыңызға үлкен-үлкен бақыт тілеп, еңбекте шалқар табыстарға жете беріңіздер демекпін!

Ата заңымыз еліміздің барлық жетістіктердің бастауы, құқық теңдігі мен барлық қазақстандықтарға бірдей мүмкіндіктерді беретін серік.

Біз қазақстандықтарға, көп ұлтты елімізге бірлік, тыныштық, ашық аспан, береке мен азаматтық жауапкершіліктің көтерілуін, қоғамдық тұрақтылық тілейміз.


Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 22 588
Рейтинг:
(голосов: 18)

KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы, конституция күні құтты болсын, Қазақша Құттықтау - тілек: 30 тамыз - Коституция күні, Қазақша - орысша Құттықтау - тілек, 30 тамыз - Коституция күні, поздравления на казахском языке на 30 август день конституция казахстан казакша, поздравления на казахском языке с днем конституции, поздравления с днем конституции казахстана на казахском языке, конституция күні құттықтау, конституция күніне құттықтаулар, поздравление на казахском языке день конституции казахстана, 30 тамыз конституция күніне арналған құттықтау, 30 тамыз конституция күні құттықтау, 30 тамыз конституция күні құттықтау сөз тілек құтты болсын, 30 тамыз конституция куни куттыктау соз тилек кутты болсын, поздравления на русском языке на 30 август день конституция казахстан орысша, поздравления на русском языке с днем конституции, поздравления с днем конституции казахстана на русском языке, поздравление на русском языке день конституции казахстана, поздравления на казахском языке на 30 август день конституция казахстан орысша, поздравления с днем конституции казахстана на русском, поздравления с днем конституции казахстана на казахском языкепоздравление с днем конституции рк на казахском языке, поздравление с днем конституции рк на казахском языке, Қазақша Құттықтау - тілек: 30 тамыз - Коституция күні, 30 тамыз - Коституция күні, поздравления на казахском языке на 30 август день конституция казахстан казакша, поздравление на казахском языке день конституции казахстана, 30 тамыз конституция күніне ар, Қазақша - орысша құттықтау - тілек: 30 тамыз - Коституция күні казакша тилектер казакша тилектер туган күнге құттықтау сөздер туған күнге куттыктау тилек создер поздравления на казахском языке день рождения

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .