Шілдехана бесік тойы
Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман-есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деп атқа лайық болсын. «Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.
Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көз қуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз. Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.
«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген. Қызымыздың білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата-әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін.
Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол!
Мынау заманның,бейбіт елдің ақ көгершіні болып өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің шілдехана тойы құтты болсын!
Бала – бауыр етің. Отбасының тату-тәтті өміріне алғышарттардың біріншісі олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі болса, екінші шарт – перзент. Сондықтан атамыз қазақ «балалы үй – базар» деп орынды айтқан. Адамның бір қызығы – баланы мейірлене иіскеу үлкен бақыт болса, сол бақытқа, міне, бүгін сендер де жетіп отырсыңдар. Сол себепті мен сендерге тойларың тойға ұлассын, көретін қызықтарың көбейе берсін демекпін.
Көк аспандағы жұлдыздарға жаңа бір жұлдыз, жердегі адамзат қатарына тағы бір адам қосылды. Өмірге шекесі торсықтай сәби келді! Бейбіт елдің ақ көгершіні болып дүние есігін ашқан сәбиіміздің бауы берік болсын. Маңдайы жарқыраған ұл болып ер жетіп, ата-анасының ғана емес, бүкіл елінің мақтаныш етер азаматына айналсын!
Қуаныш құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін! Сәбиіміздің әрбір басқан қадамы оңғарылып, Қыдыр ата қолдап жүрсін.
Ардақты ағайын! Қадірлі қонақтар! Қымбатты қуаныш иелері! Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген қанатты сөз бар. Көктегі жаңа бір жұлдыз жарқырағандай, адамзат қатарына тағы бір нәресте қосылды. Бауы оның берік, ырыс оған серік болсын! Тезірек ер жетіп, қолқанаттарыңа айналсын! Оған да, өздеріңе де бастай бақ, шаштай дәулет берсін. Қуаныш құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін!
Айналайын бауырларым менің! Аса қадірлі досым! Бала – адамның бауыр еті. Адамның бар қызығы – баланы мейірлене иіскеу болса, сол бақытқа бүгін өздерін де жетіп отырсыңдар. Бейбіт елдің ақ көгершіні болып өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің шілдехана тойы құтты болсын. Сендердің шаңырақтарыңды қуанышқа бөлеген дүниеге келген сәбидің бауы берік болсын, өмір – жасы ұзақ болсын. Ата-анасының үмітің ақтайтын, маңдайы жарқыраған ұл болып ер жетсін!
Жарық дүниеге шыр етіп келген сәбиімізге анасының көркін берсін, әкесінің бөркін берсін, әжесінің ақыл-ойын берсін, атасының абыройын берсін! Өссін-өнсін, жамандық көрмесін, өскен соң ерлесін! Қуаныш құтты болсын! Бәрімізге жұғысты болсын!
Алла баланы маңдайынан сүйсе – ол атақты ғалымға айналады екен, ернінен сүйсе – одан әйгілі шешен шығады деседі, аяғынан сүйсе – белгілі биші, қолынан сүйсе – керемет күйші болады-мыс. Алланың балаға көзі оң болсын, біздің тілегіміз сол болсын! Өмірі ұзақ, несібесі зор болсын! Қысқасы, күлейік, ойнайық, тойлайық – қоймайық!
Құтты болсын бесігің
Артық болып несібің.
Дастарханың жайылып,
Ашық болып есігің,
Өре берсін балалар.
Дұшпандарың болмасын,
Күншілдікпен табалар.
Алпамыстай тағы да,
Ұл артынан ұл тапқын.
Жарқыраған Шолпандай,
Қыз артынан қыз тапқын.
Құтты болсын бүгінгі,
Шілдехана тойларың.
Тілектерін қабыл боп,
Орындалсын ойларың.
Артық болып несібің.
Дастарханың жайылып,
Ашық болып есігің,
Өре берсін балалар.
Дұшпандарың болмасын,
Күншілдікпен табалар.
Алпамыстай тағы да,
Ұл артынан ұл тапқын.
Жарқыраған Шолпандай,
Қыз артынан қыз тапқын.
Құтты болсын бүгінгі,
Шілдехана тойларың.
Тілектерін қабыл боп,
Орындалсын ойларың.
Баламыздың бауы берік болсын! Дәулет-ырыс оған серік болсын! Маңдайынан жұлдызы жарқырап, елінің алға апарар уәзірі болсын, осынау жүкті мойнымен көтеруге өзі де әзір болсын! Дені сау болсын, шыққаны тау болсын!
Дүниеде тұңғыш перзенттің келуі әрбір отбасы үшін үлкен қуаныш. Өмірге жаңа келген сәби – кеше ғана үйлену тойын өткізген жас-жұбайларды «әке-шеше», ал олардың ата-анасын «ата-әже» атандырып, осы бір шаңыраққа ерекше бір мейірімділіктің нұрын сыйлайды. Олай болса өмірге келген жас сәбидің әке-шешесіне, атасы мен әжесіне мықты денсаулық тілеп, тұңғыштарыңыздың бауы берік болсын дейміз. Ал жас сәбиге тілеріміз: ата-анасының үмітін ақтайтын маңдай жарқыраған ұл болып ер жетсін! Өмірлі болсын!
Кішкентайыңыздың бал қылығын қызықтап, аналық мейіріміңізге бөлей беріңіз. Шаңырағыңыздан шаттық-қуаныш, жүзіңізден күміс күлкі арылмасын!
Екінші нәрестелеріңізбен! Бауы берік болсын. Өмірі ұзақ болып, папасы мен мамасын тек қуанта берсін. Бірінші мен екіншіден кейін десерт деген болады, соны ескерерсіздер.
екінші бала туылғанда айтылатын тілек
екінші бала туылғанда айтылатын тілек
Нәрестелі болған қуанышыңыз құтты болсын! Дүниеге шыр етіп келген алтын асықтай ұлыңыз келешекте қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет жігіт болып өсіп,әулетіңіздің жарқын жалғасы,шаңырағыңыздың лайықты иесі болар ерге,елінің арқа сүйер еңсесі биік азаматына айналуын тілейміз.
Жас сәбидің ата-анасы ретінде жұбайыңыз екеуіңізге деннің саулығы мен жанның жылылығын, таудан биік әкелік жүректің қамқорлығы мен теңізден терең аналық жүректің мейірімін тілейміз.
Шаңырақтарыңыз шаттыққа, құшақтарыңыз қуанышқа толсын!
Жас сәбидің ата-анасы ретінде жұбайыңыз екеуіңізге деннің саулығы мен жанның жылылығын, таудан биік әкелік жүректің қамқорлығы мен теңізден терең аналық жүректің мейірімін тілейміз.
Шаңырақтарыңыз шаттыққа, құшақтарыңыз қуанышқа толсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?