👈 қаріп өлшемі 👉

Бірлік күні құтты болсын!

Бірлік күні құтты болсын!

"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.
Қазақстанда, оның елордасы Астанада достық пен бірлікті нығайту сөз жүзінде қалмай. күнделікті іс-әрекетімізде басшылыққа алынған. Бүгінгі күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының, бірлігінің және бейбітшіліктің символы болсын.

Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке-брлігіміз арта берсін, ағайын!

Бірлік күні құтты болсын!


Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған Қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!


Пайдалы сілтемелер:


Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.


Бірлік барда, тірлік бар,
Дейді дана халқымыз.
Ынтымақта, бірлікте,
Арта берсін даңқымыз.

Халықтардың достығы,
Құтты болсын «бірлік» күн.
Сыйластықпен үн қатар,
Жалғассын тек бірлік бұл.

Әрбір ұлттың өкілі,
Тек бақытқа келесін.
Ынтымақ пен бірліктің,
Кемесінде тербелсін!
Жібек Искакова


Бірлік күні құтты болсын

Бірлік күні бүгін бұл,
Сыйластыққа бастайтын.
Халықтардың достығын,
Ұштастырып, растайтын.

Бірлік күні бүгінгі,
Құтты болсын ағайын.
Шын жүректен құттықтап,
Көңіліңді табайын.

Аман болсын халқымыз,
Сыйластықпен қыр асқан.
Әрбір ұлты елімнің,
Ынтымақпен жырласқан.
Жібек Искакова


  Бірлік күні бүгінгі

Бірлік күні бүгінгі,
Құтты болсын ағайын.
Сыйластықты ту етіп,
Әсем әнге салайын.

Әрбір ұлты елімнің,
Ынтымақпен үн қатсын.
Әуелетіп ән салып,
Жақсылыққа құмартсын.

Қазақстан елімде,
Бірлік болсын, ынтымақ.
Жүректерден мейрімді,
Тамыр жайсын гүлді бақ.
Искакова Жібек


Ынтымақ, бірлік күнінде,
Сыйластықтар артсын тек.
Әрбір ұлттың адамы,
Бар бақытын тапсын тек.

Асқар таудай әкелер,
Мәпелесін ұл-қызын.
Сыйластықпен үн қатып,
Жарқыратсын жұлдызын.

Әкелердің барында,
Жайқалар гүлді бағың да.
Тамыр жайып гүлдейсің,
Әкең болса жаныңда...
Жібек Искакова


 Анашым бірлік күнімен

Анашым менің ардағым,
Орындалсын арманың.
Бірлік күні құтты боп,
Шырайлы атсын таңдарың.

Ынтымақ пен береке,
Елімде мәңгі жасасын.
Аман болып анашым,
Беріп жүрсін батасын.

Ынтымақ, бірлік күнінде,
Жайқала түс анашым.
Шаттық әуен тербесін,
Қуантып сені анашым!
Жібек Искакова


 Бірлік күнімен

Бірінші мамыр бүгінгі,
Құтты болсын мереке.
Әрбір үйде лайым,
Арта берсін береке.

Ұлт бірлігі сақталып,
Тыныш болсын еліміз.
Абырой артып, ынтымақ,
Жандансын қазақ жеріміз.

Жүрегіміз шаттанып,
Арта берсін ақтаң бұл
Бірлігіміз сақталып,
Сәтті болсын әрбір күн.


Болмасын қайғы-мұңымыз,
Шырқалып ән мен жырымыз.
Құтты болып мереке,
Арта берсін құнымыз.

Бірінші мамыр бүгінгі,
Бар бақытын сыйласын.
Тату болып барлық ұлт,
Қуанышын жинасын.

Ұлт бірлігі артсын тек,
Елімізде көп ұлтты.
Жандана тек сыйластық
Қуандырып көп жұртты.
Жібек Искакова


Көп ұлтты Қазақстан,
Елім, жерім, Отаным.
Құтты болсын мереке,
Сәтті атып әр таңың.

Достығымыз жарассын,
Сыйластыққа бастайтын.
Бірлігіміз жарассын,
Мерекені растайтын.

Әрбір ұлттар өкілі,
Елімізде тұратын.
Артсын біздің сыйластық,
Ынтымақты ұғатын.
Жібек Искакова


 1 мамыр мереке

1—мамыр мереке,
Құтты болсын баршаңа.
Ынтымақ пен бірлікте,
Жүрейік тек шаттана.

Әрбір ұлттар өкілі,
Біздер үшін маңызды.
Құтты болсын мереке,
Жүрегі кең жан ізгі.

Жаратқаным жар болсын,
Қазақстан жеріме.
Бар жақсысын сыйласын,
Ынтымақты еліме.
Жібек Искакова


 Ынтымақты күн болсын!

Ынтымақты күн болсын,
Бірін-бірі іздейтін.
Бірінші мамыр мереке,
Бір-біріне сіз дейтін.

Ұлттар тату болсын тек,
Әр шаңырақ жанданып.
Көп ұлтты бұл еліме,
Жүрсін әлем тамсанып.

Уайым-қайғы болмасын,
Әр отбасы шаттанып.
Ұлт бірлігі сақталсын,
Жүретіндей мақтанып!
Жібек Искакова


  Құтты болсын Бірінші мамыр

Бірінші мамыр мереке,
Құтты болсын қазағым.
Ұлтаралық ынтымақ,
Жандана берсін қазағым.

Әр отбасы төрінде,
Тек қуаныш орнасын.
Қызыр баба жолдас боп,
Тек бақытын жолдасын.

Сыйластықта, бірлііте,
Тату болсын барлық ұлт.
Ынтымағы жарасып,
Аман болсын барлық жұрт.
Жібек Искакова


Бірліктің бұл күнінде,
Ашық болсын аспаным.
Бірліктің бұл күнінде,
Жандансын тек жастарым.

Бірліктің бұл күнінде,
Тек қуаныш орнасын.
Бірліктің бұл күнінде,
Қанатымыз талмасын.

Көпұлтты бұл жерімде,
Шаттық таңы атсын тек.
Қазақстан елімде,
Батсын күнім күлімдеп.
Жібек Искакова


Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!

Біз – қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз.
Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын ағайын!


Ұлы достық

Махмет Қажиахметов
Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы


Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Достық тапса діндер менен ділімді
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,
Бір туғандай ұлтаралық келісім
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.

Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда.

Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!


Арайлы атсын таңымыз,
Жанданып қолда барымыз.
Мерекеде бүгінгі,
Жынданып бұл жанымыз.

Бірінші мамыр мереке,
Қуанышын сыйласын.
Ынтымақ пен береке,
Бар бақытын жинасын.

Көп ұлтты қазақ елімде,
Бибітшілік орнасын.
Жаратқаным жар болып,
Раббым Алла қолдасын!
Жібек Искакова


Шаттығы мол күн болсын!

Қуанайық баршамыз,
Бүгін шаттық мереке.
Бірінші мамыр бүгінгі,
Сыйласын бақ береке.

Әрбір үйде орнасын,
Сыйластық пен ынтымақ.
Халықтардың достығы,
Мәңгі болсын жарқырап.

Көңілдерде мұң болмай,
Бақыт алдан тоссын тек.
Жүрейік тек гүл жайнай,
Әр күн сайын күлімдеп.
Жібек Искакова


Бірінші мамыр бүгінгі,
Бірлік күні бұл біздің.
Көп ұлттардың достығы,
Ынтымағы бұл біздің.

Халықтардың достығы,
Еліміздің бақыты.
Қанат жайып аспанға,
Биік самғар уақыты.

Ұлт бірлігі халықтың,
Басын қосар мереке.
Сыйластық пен бірлікте,
Артар елде береке
Жібек Искакова


1-мамыр мереке

Бірінші мамыр мереке,
Тойланады бұрыннан.
Халықтардың достығы,
Сыйластықта құрылған.

Бір отбасы достардай,
Арласамыз бәріміз.
Қазақ, өзбек, орыспыз,
Бірге атар таңымыз.

Көп ұлтты біздің еліміз,
Ынтымағы жарасқан,
Көп ұлтты біздің жеріміз,
Сыйластығы тау асқан.
Жібек Искакова


Бүгін шаттық мереке

Бірінші мамыр мереке,
Қуандырар елімді.
Халықтардың достығы,
Нығайтар азат жерімді.

Ұлттар тату болса егер,
Өркендейміз тамырлап.
Артып бақ пен береке,
Көш бастаймыз адымдап.

Уайым-қайғы болмайды,
Бірлік болса елімде.
Жаратқаным қолдайды,
Шаттық орнап жерімде.
Жібек Искакова


Бірінші мамыр мереке,
Тойланады жыл сайын.
Бұл бақыттың айнасы,
Шаттық болса әрдайым.

Ұлттар тату болса егер,
Жанданады жанымыз.
Бұл бақыттың айнасы,
Қуанамыз бәріміз.

Әрбір ұлттың баласы,
Сыйластықта болса егер.
Бұл бақыттың айнасы,
Шаттыққа орта толса егер.


Бірінші мамыр

Бірінші мамыр бүгінгі,
Ынтымақтың күні бұл.
Көп ұлттардың достығы,
Әні менен жыры бұл.

Бірінші мамыр бүгінгі,
Мерекенің үні бұл.
Сыйластықтар орналған,
Берекенің күні бұл.

Бірінші мамыр бүгінгі,
Көп ұлттардың сыры бұл.
Халықтардың достығы,
Қатынастың құны бұл.
Жібек Искакова


Қазіргі таңдағы бейбіт тірлігіміз ұзағынан болғай. Ең бастысы – көп ұлт мекен еткен Қазақ жерінің киелі топырағы, қойнауындағы қазынасы құндылығын айқара ашқан әрбір сәбидің бойында «Туған жер – Отаным» деген қасиетті ұран ана сүтімен бойына таралып, әке үнімен қайраттанып, білім нәрімен толысып жатса, жер, ел қадірін бағалау ойы мен санасының төрінен орын алып, ар-намысының алдында жауапты болып, ер жетіп жатса, көп ұлтты жеріміз, көп салалы, көп тілеулі көпшіліктің біртұтас мақсаты мен арманын нағыз жүзеге асыратын бір ғана арналы «Бейбіт әлемі» кәусар бұлағы болары анық.


1 Мамыр бірлік күні деп, ынтымақ күні деп мерекелейміз. Біздің мемлекетіміздің әрбір бұрыш-бұрышында бұл мереке күнделікті тойланып жатады. Себебі, елімізде ең бастысы - ұлтқа бөліп емес, адам деп сыйлау, барлық ұлттың құқықтарының бірдей болуы және қандай бастама, ізгі іс болсын басталуына қолдау жасалып жатқандығы, ұлтына қарап емес, іскерлігіне қарай бағаланып жатыр. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге атсалысайық.

Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл ағаш бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында біреуді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміздің тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.

Республикамызда тұратын түрлі ұлт өкілдерін бірлік мерекесімен құттықтаймыз! Ең бастысы, ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деп тілейміз.

Құрметті _________________!
Сізді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Туған Отанымыз – Қазақстанды гүлдендіріп, тұрақтылық пен бейбітшілік мекеніне айналдыру үшін Сізге және ұжымыңызға зор денсаулық, таусылмас күш-қуат, мол бақыт, еңбегіңізге жеміс, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілейміз.
Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігіміз нығая түсіп, республикамыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасай берсін!

Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамырҚазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Тәуелсіздігіміздің даңғыл болашағына түскен мемлекетіміздің экономикасы қарқынды даму үстінде. Біздің ең басты құндылығымыз-тәуелсіздік деп Елбасымыз ұлықтағандай сол құндылықты қастерлеу баршамыздың қасиетті парызымыз. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар. Осындай мол табыстарға қол жеткізуде аудан жұртшылығының да өзіндік үлесі бар. Себебі осындағы барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің арқасында баршамыз алаңсыз өмір сүріп, білім алып, еңбек етудеміз.
Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негізі бар. Еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгерілеу устінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сендіргім келеді.
Айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін.


Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір» бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы – ырысы, байлығы – берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады.

 


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Пікір жазу

Пікірлер 5

  1. 1 мамыр бірлік күні тілек
    1 + 0 -
    Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген “жат жұрттардың” бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған Қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!

    ***

    1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
    Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

    ***

    Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
    Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

    Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
    Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті.

    ***

    Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы. Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «өзге ұлт өкілдерінің» бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгінде көпұлтты мемлекеттің бірі болып отыр.

    Сіздерге шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбастарыңызға аманшылық пен шаттық тілеймін! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

    ***

    Мереке құтты болсын! Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негізі бар. Еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгерілеу устінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сендіргім келеді.

    Айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін. Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір» бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы – ырысы, байлығы – берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады.
  2. 1 Мамырға құттықтау
    0 + 0 -
    Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

    Тәуелсіздігіміздің даңғыл болашағына түскен мемлекетіміздің экономикасы қарқынды даму үстінде. Біздің ең басты құндылығымыз-тәуелсіздік деп Елбасымыз ұлықтағандай сол құндылықты қастерлеу баршамыздың қасиетті парызымыз. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар. Осындай мол табыстарға қол жеткізуде аудан жұртшылығының да өзіндік үлесі бар. Себебі осындағы барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің арқасында баршамыз алаңсыз өмір сүріп, білім алып, еңбек етудеміз.

    Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негізі бар. Еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгерілеу устінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сендіргім келеді.

    ***

    Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін!

    Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір» бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы – ырысы, байлығы – берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады.

    ***

    Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

    ***

    Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті.

    ***

    Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Біз – қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз. Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын ағайын!
  3. Оқырман Нурсая
    Оқырман Нурсая 29.04.2021 21:44
    0 + 0 -
    Мен бірліу құтты болсын
  4. Akzhaiyk
    Akzhaiyk 14.12.2020 19:32
    1 + 0 -
    Өте күшті екен. 👍👍👌👌☃️☃️❄❄🌨🌨➕➕
    1. Оқырман Нұрсая
      Оқырман Нұрсая 29.04.2021 21:44
      1 + 0 -
      Пртвет


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы