Ауызашар


1) Қабыл болсын дұғаңыз!


Барлықтарыңызды қасиетті Рамазан айының алғашқы күнімен құттықтаймын! Ұстаған Оразаңыз қабыл болып, бүгін міне алғашқы ауызашардағы ниеттеріңіз қабыл болсын демекпін! Жүздеріңіздегі қуаныш пен жүректеріңіздегі имандылық арта берсін! Ауызашардағы айтылғандұғаларыңыз қабыл болып, жандарыңыз жадырай түссін!

Қабыл болсын дұғаңыз,
Ауызашарда айтылған!
Орындалсын тілегің,
Жаныңызды жай қылған!

Аман болсын отбасы,
Ошақ қасы әрдайым!
Жүріңіздер күлімдеп,
Алаң қылар,жоқ уайым!


2) Ауызашардағы қабыл болсын дұғаңыз!


Барлық мақтау мен мадақ Әлемдерді Раббысы Алла Тағалаға болсын! Бүгін міне қасиетті Рамазан айында ауызашар беріп отырған шаңыраққа бар жақсылықты тілейміз! Бақыттың базарында, Алланың назарында болыңыздар!
Ауызашарға жиналған жұрт, ағайын! Дұғаларыңыз қабыл болсын! Отбасларыңызға амандық, саулық тілейміз!

Қабыл болсын жиылған жұрт, дұғаңыз,
Жаратқанға біз құлшылық қыламыз!
Ауызашарға ниет етіп кешкісін,
Ал азанда сәресіне тұрамыз!

Ауызашарда қабыл болсын тілегің,
Раббым Алла деп соғып тек жүрегің!
Бар жақсыны Алла сізге сыйласын,
Сүрінгенде болып сенің тірегің!


3) Ауызашарда тілеймін

Ортамызға қайта айналып келген Рамазан айына жеткізген Жаратқан иемізге сансыз шүкіршілік айта отырып бүгінгі ауызашарға жиналған қауымға дұғаларыңыз бен тілектеріңіз қабыл болсын деп тілеймін! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!

Ауызашарға тілеймін,
Қабыл болсын дұғаңыз!
Адалдықты, саулықты,
Жаратқаннан сұраңыз!

Ауызашарға тілеймін,
Үйіңізге бақ қонсын!
Ынтымақ боп, бірлік боп,
Уайым-қайғы жоқ болсын!

Ауызашарға тілеймін,
Бар жақсылық орналсын!
Ниетіңіз қабыл боп,
Қиындықтар болмасын!


4) Ауызашар қабыл боп

Құрметті Ораза ұстаған мұсылман қауым, ауызашардағы ниеттеріңіз қабыл болып, дұғаларыңыз бен тілектеріңіз орындала берсін! Жаратқан иеміз жар болып, әрбір отбасына бақ-берекесі мен ынтымақ бірлігін сыйлай берсін! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Бейбіт заманымыз жалғасын таба берсін, амандық пен саулық тілеймін!

Ауызашар қабыл боп,
Жадырасын жаныңыз!
Орындалып бар арман,
Әр күннен бақ табыңыз!

Ауызашар қабыл боп,
Көңіліңіз жайнасын!
Гүлдей жайнап бағыңыз,
Бұлбұл құстар сайрасын!

Ауызашар қабыл боп,
Кеш сыйласын ғажабын!
Қабыл болып дұғаңыз,
Аман жүрші Қазағым!


5) Жаратқаным жар болсын!

Құрметті Ораза ұстаған мұсылман қауым, ауызашардағы айтылған дұғаларыңыз қабыл болып, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Жаратқан иеміз жар болып, өмірлеріңіз жайнасын! Отбасыларыңыз аман болып, бақытты да шаттықты күндеріңіз жалғасын таба берсін!

Жаратқаным жар болсын,
Ауызашар қабыл боп!
Қуанышқа бөлесін,
Шырайлы атар таңың боп!

Жаратқаным жар болсын,
Оразаның айында.
Жадыраңыз жайнаңыз,
Салынбай сіз уайымға!

Жаратқаным жар болсын,
Өміріңіз жанданып!
Рамазанның күнінде,
Қуансыншы бар халық!


6) Ауызашар қабыл болсын Аташым!

Аташым, бүгінгі ауызашарыңыз қабыл болсын! Жасаған дұғаңыз қабыл болып, жүзіңізден күлкі кетпесін! Берген бата-тілектеріңіз қабыл болсын Аташым! Біздерге басшы болып, отбасымыздың тірегі болып аман жүріңіз аташым!

Ауызашар қабыл болсын Аташым,
Біздерге әркез беріп жүрер батасын!
Жаманшылық көрмесінші жаныңыз,
Отбасының тірегі боп, Аташым!


7) Ауызашар қабыл болсын, Әжетай!

Әжетайым, бүгінгі ауызашарыңыз қабыл болсын! Жүзіңізден күлкі кетпей, әр ауызашарға көңіліңіз тоқ болып, уайымыңыз жоқ болып аман жүріңіз Әжетай! Жаныңыз жаманшылық көрмесін! Жаратқан иеміз жар болып, бар дұғаларыңыз қабыл болсын!

Ауызашар қабыл болсын, Әжетай,
Ниетіңіз, тілегіңіз қабыл боп!
Ортамызда жүрші аман Әжетай,
Көңіліңіз көтеріліп, уайым жоқ!


8) Ауызашар қабыл болсын, Әкетай!

Асқар тауым әкетайым, бүгінгі ауызашардағы дұғаларыңыз қабыл болсын! Жаныңыз жадырап, көңіліңіз көтерілсін! Әр ауызашардағы тілегіңіз орындала берсін! Алла Тағала жар болып, өміріңіз жандана түссін!

Ауызашар қабыл болсын, Әкетай,
Орындалып дұғаңыз бен бар арман!
Жадырасын жайнап сіздің жаныңыз,
Қуанышты күндер күтіп тек алдан!


9) Ауызашар қабыл болсын, Анашым!

Асыл анам, асылым бүгінгі ауызашарыңыз қабыл болсын! Жаныңыз жадырап, көңіліңіз жайнай түссін! Әр ауызашарға аман-есен жетіп, жасаған дұғаларыңыз қабыл болсын! Жүзіңіз жайнап, аман болып ортамызда жүре беріңіз Анашым!

Ауызашар қабыл болсын, Анашым,
Орындалып дұғаңыз бен арманың!
Сәресіде қабыл болсын тілегің,
Қуанышта атып сәтті таңдарың!


10) Қабыл болсын ауызашарда дұғаңыз!

Құрметті мұсылман қауым, Рамазан айындағы ұстаған оразаңыз қабыл болсын! Ауызашардағы дұғаларыңыз бен ниеттеріңіз қабыл болсын! Жаратқан иеміз баршаңызға жар болсын! Әрбір ауызашардағы ниеттеріңіз қабыл болғай!

Қабыл болсын ауызашарда дұғаңыз,
Ауызашарға жиналған жұрт, ағайын.
Жаратқаным баршаңызға жар болсын,
Көңіліңде жаз орналып, жоқ уайым!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу