Жұма қабыл болсын - қарапайым, өз сөзімен дайын тілектер

Жұма қабыл болсын

Жұма күні келгенде бір бірімізге жұма қабыл болсын деп, өз сөзімізбен айтқымыз келеді. Соғай орай дайын қарапайым тексттерді жариялап қойдық.


1) Құрметті мұсылмандар! Келіп жеткен жұма мүбәрәк болсын! Тілеген дұғаларыңыз бен ниеттеріңіз қабыл болсын! Алладан не тілесеңіздер де қабыл болып, періштелер әумин десін!

2) Қадірменді топ мүшелері! Бүгін міне күндердің сұлтаны жұма күніміз есік ашты. Ниет етіп тілеген дұғаларыңыз бен тілектеріңіз қабыл болсын!

3) Жаны жайсаң, мейірімді әріптестер! Жұма мүбәрәк болсын! Алладан не тілесеңіздер орындалып, жүздеріңізден нұр кетпесін!

4) Әрбір істеріне аса ұқыптылықпен қарайтын ардақты ұжымдастарым! Бүгін жұма қабыл болсын! Тілеген дұғаларыңыз қабыл болып, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын!

5) Әрқашанда жанымнан табылатын достарым! Бүгінгі жұма күні тілеген дұғаларың мен ниеттерің қабыл болсын! Жұмадан жұмаға жетуді Алла нәсіп етсін! Күндеріңіз қуанышқа толы болсын!

6) Алыс кетсек сағынып, біздің қамымызды ойлап жүретін Анашым! Бүгін жұма қабыл болсын! Жүзіңізден қуаныш кетпей, Алла жар болып әр жұмаға аман-есен жете беріңіз!

7) Асқар тауым Әкешім! Жұма мүбәрәк болсын! Бүгінгі күні жасаған дұғаларыңыз қабыл болып, амандықта әрбір таңның шапағатын сезіне беріңіз!

8) Әрқашанда қасымнан табылып, жайымды ойлап жүретін бауырым! Жұма қабыл болсын! Бүгінгі күні тілеген дұғаларың қабыл болсын! Алла амандық берсін!


9) Бүгін жұма жамағат, қабыл болсын! Жұмадағы дұғаларыңыз орындалып, Жаратқаным иеміз жар болсын! Еліміз аман, бауырымыз бүтін болсын!

10) Жұма мүбәрәк болсын, Қазақ елі! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Дұғаларыңыз қабыл, ниеттеріңіз асыл болсын! Әр жұманы көруді Жаратқан иеміз нәсіп етсін!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу