15 Қараша - Мұнайшылар мен газ өндірушілер күні

 15 Қараша - Мұнайшылар мен газ өндірушілер күні

Біздің ел байлығы көп, мұнайы көп,
Таңдай қаға көз салардай шұрайлы деп.
Ел байлығын еңсерген мұнайшылар,
Үлес бөлсе салмағын құрайды көп.
Бола берсін мұнайлар тартылмасын,
Денсаулық та дәл солай сарқылмасын.
Отбасы аман болсын, ұл-қызыңыз,
Бақыт құсы алтын бақта жарқылдасын.

Жас мұнайшы мейрамында қуанышты,
Көзінен, көңілінен шуақ ұшты.
Ортаймасын мәңгілік шатты күнің,
Жеңісін ал алтынды бар жарысты.

Дала төсін дүрілдеткен еңбекпен,
Ешқашан да достаспаған ермекпен.
Алға сүйрер ел үмітін, ертеңін,
Мұнайшылар құлаш ұрар сермеп кең.
Еленсінші еткен еңбек мерекең,
Арта берсін, аса берсін берекең.
Қиын, әрі, қызықты жол таңдапсың,
Мақтан етсін азамат деп ел ертең.

Құтты болсын мерекең бүгін сенің,
Кең даланың төсінде күлімдедің.
Бұрғылап мұнай құйып, қор еселеп,
Шаршаған күніңде де түңілмедің.
Зор денсаулық тілеймін, ауырмашы,
Әрқашан жігерлі боп дауылдашы.
Мұнайың еселенсін ел қойнына,
Байлық берсін еңбек деген жауын-тамшы.

Арта берсін мерейің,
Мұнайшы атың аспандап.
Көмегіңді көрейік,
Есімің асып- тасқан шақ.
Үйіңе құт әкелсін,
Бауырлай ұшып қасқалдақ.
Қызметің өссін тезірек,
Өмірдің өзі баспалдақ.
дереккөзі

Қазақтың сайын даласында еркін өскен бабаларымыздың заманында аспанға бұрқақша атқылап, әлемді тамсандырған қазақ мұнайына ғасырдан астам уақыт өтті.
Ата-бабаларымыздың «қара алтынды» қауғамен тартып, түйемен тасымалдаған әрі сапалы өнім жағынан әлем мұнайынан кейінгі жетекші орынды иеленген Қазақ мұнайы ғасырлық ғұмырының тек соңғы жиырма жылында ғана қарапайым халықтың игілігіне несібе болған қара алтынды игерген Мұнайшылар күнімен Сізддерді құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еліміздің баянды болашағы, игілігі жолындағы еңбектеріңізге үлкен жетістіктер мол табыстар тілейміз.
Сіздерге келешекте де Қазақстанның өсіп-өркендеп дамуына қосқан үлестеріңізге және де кен игеру саласындағы абыройлы істеріңіздің ырысы мен берекесін көруіңізге тілектестік білдіреміз .
Дендеріңіздің сау болып, жанұяларыңызға тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге тілектеспіз!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі