Тәрбие сағаттар


16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік ел тірегі - білімді ұрпақ)

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің
I cанатты бастауыш сынып мұғалімі
Саулебаева Ләззат Шәкиқызы


Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік ел тірегі - білімді ұрпақ
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
ә) тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.
Тәрбие сағаттар
Толық

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне - 25 жыл

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл».
Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: мақалдар, «Ел таныған Елбасы» газеті, слайдтар, желтоқсан.....
Тәрбие сағаттар
Толық

Тілдер күні (Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз)

Тәрбие сағат тақырыбы: Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.
Мұғалім: Ана тілі- адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Мейрам: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл.Қалай исең, солай иіле береді.Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалаңсаң,бұл тілмен сурет салуға, тас қашап,ағаш, текемет оюға болады-ау.Бұл тілден....
Тәрбие сағаттар
Толық

Әдептілік әліппесі

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік әліппесі
Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбие сағаттар
Толық

9 Мамыр - Жеңіс күні

Тәрбие сағаттың Мақсаты: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру
Тәрбие сағаттар
Толық

1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚ ЕЛІ)

Тәрбие сағат білімділігі: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Тәрбие сағат дамытушылығы: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбие сағат тәрбиелігі: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа....
Тәрбие сағаттар
Толық

1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Ақпыз, қара, сарымыз)

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Тәрбие сағаттың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.
Тәрбие сағаттың көрнекілігі: «Ынтымақ галереясы» атты плакат, тақырыбы, слайд - суреттер, балалардың әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері.

Тәрбие сағаттың барысы:
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар мен....
Тәрбие сағаттар
Толық

1 Қыркүйек - Білім күні («Қазақстан - 2050» стратегиясы, Бір халық – бір ел – бір тағдыр)

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»

Тәрбие сағат мақсаты: Білім күні мерекесіне орайластыра отырып Қазақстан – 2050 Стратегиясының мән-маңызын түсіндіру, ата-аналармен және оқушылармен ҚР саяси-экономикалық, әлеуметтік жетістіктері жайында ой қозғау, ҚР Конституциясының маңыздылығын көрсету, жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерімен таныстыру.

Тәрбие сағат көрнекілігі: Қазақстан 2050 стратегиясы. ҚР Констииуциясы. ҚР Білім туралы заңы.
Тәрбие сағаттар
Толық

Халықаралық отбасы күні (Отан - отбасынан басталады)

Тәрбие сағат тақырыбы: Отан – отбасынан басталады
Тәрбие сағат мақсаты: Ата-ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Нақыл сөздер.
Тәрбие сағатқа Шақырылды: ата-аналар мен оқушылар, психолог
Тәрбие сағат әдісі: тренинг, сауалнама
Тәрбие сағаттар
Толық