Қазақша Тәрбие сағат: Ана тілім-мақтанышым, мерейім » ZHARAR © 2016 | Ана тілім - мақтанышым, ана тілім ардағым тәрбие сағаты, ана тілім ардағым сынып сағаты, ана тілім ардағым тәрбие сағаты, ана тилим ардағым тарбие сагаты, ана тілім мақтанышым тәрбие сағаты, ана тілім мақтанышым,




  • »

Қазақша Тәрбие сағат: Ана тілім-мақтанышым, мерейім

Қазақша Тәрбие сағат: Ана тілім-мақтанышым, мерейім казакша Қазақша Тәрбие сағат: Ана тілім-мақтанышым, мерейім на казахском языке

Тәрбие сағат тақырыбы: Ана тілім - мақтанышым, мерейім
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Тәрбие сағат барысы:
1 - жүргізуші: Армысыздар! Құрметті ұстаздар, қонақтар, даярлаған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
2 - жүргізуші: Тілдер мерекесіне арналған 8, 9 орыс сыныптары даярлаған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
1 - жүргізуші: Мемлекетіміз егемендік, ана тіліміз қанатын жайып, көптен күткен арманымыз орындалды.
2 - жүргізуші: Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз - ананың тілінен бастау алады.

Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау – парызым бүгін менің,

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қазақ тілің - Атаң, Анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.

- Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін!
Тіл туралы Заңым енді күшінде,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!

- Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!
Халық жауы атандың - ау сол үшін,
Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.

Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп,
Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.
Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді
Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.

- Қуан балам! Туған тілдің киесі.
Жебеп сені болғаныңа иесі.
Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,
Дүниеде тіршіліктің күресі.

- Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.

1 - жүргізуші:
- Туып өскен Торғайдың даласында
Қайран елі - қазағы санасында,
Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен
Арысың кім, ойланбай табасың ба?
Оқушылар: Хормен Ахмет Байтұрсынов!

2 - жүргізуші:

- Алтын тілім деп соққан сом жүрегі
Біріксе деп армандаған түркі елі.
Жырлап өткен баба тілін, танытқан.
Ақынның есімін кім біледі?
Оқушылар: Хормен Мағжан Жұмабаев!

1 - жүргізуші: Қазақ халқының салт - дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол Бата беру рәсімі.
2 - жүргізуші: Халқымызда батаны әдетте жасы үлкен, көпті көрген ақсақал қариялар береді. Ақсақалдың біз бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін бейнеледік.

Бата беру.
Қатысушылар:
Ақсақал - Барақбаев Асылмұрат
Қария - Қысатай Әлібек
Бойжеткен - Аязбай Гаухар
Балалы келіншек - Айдана
Күйеуі – Ержан
Бірінші көрініс - алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған бойжеткенге берген батасы:
Талдай бой берсін,
Жақсы ой берсін,
Қардай жанар берсін!
Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын.
Нәзік жаны болсын,
Елінің ары болсын.
Басыңа өнердің бағы қонсын,
Ақ Орданың шамы болсын!
Әумин!

Келесі көрініс - жас балалы келіншек ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек:
- Армысыз, ата! Мына нәрестеге бата сұрай келдік.
- Ақсақал:
- Қолыңды жай, балам!

Нәрестенің бауы берік болсын.
Азамат болып ер жетсін.
Ақсақал болып төрлетсін.
Мінері болсын салмақты
Өнері болсын жан - жақты
Осы айтқанның бәрі кеп,
Алла берсін зор бақты!
Әумин!

Ана тілім - бақытым.
Ана тілім, дана тілім бақытым
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.

Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.
Қазақ болып қалу үшін түбінде.
Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам.
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.

Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,
Айтсаң оның тарихына сөз жетпес.
Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек,
Тіліміздің тарихы бар сан жетпес.
Тіл деген қасиетті ұғым екен,
Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,
Ұмытпайық тілімізді ешқашан.
Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.
Тілім саған әрқашанда бас иемін,
Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,
Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,
Ұмытпайық бабалардың өсиетін.

Мәртебесі тіліміздің биік екен
Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.
Тілімізді ұмытпайық әрқашан
Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.
Тілім саған арналады бар күнім
Сен арқылы таси түсті шаттығым.
Қазақ тілін білмесең сен егер де,
Онда сенің қазақ тілге жоқтығың.
Қазақ тілім сенсің бар гүлім
Арналады менің саған бар күнім.
Ана тілін ұмытпасаң ешқашан,
Жоғалмайды ешқашанда пәктігің.

1 - жүргізуші: Бәріңіз білесіздер. Астананың туған күнін тойлау дәстүрге айланып келеді. Сол Астананың құрметіне біздің 8 сынып оқушыларының орындауында «Астана» әні.

2 - жүргізуші: Келесі кезекте біздің оқушылардың қазақ тілінде мақал - мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқап көрейік.

Мақал - мәтелдер сайысы:
1 топ - 8 сынып оқушылары.
1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады,... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді,... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ,... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған... (оқпен тең).

2 - топ – 9 сынып оқушылары.
1. Бал тамған тілден... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар,... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер,... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы... (тілінді).
8. Көре - көре көсем боларсың, сөйлей - сөйлей... (шешен боларсың).
9. Тілден артық... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер,... (тіл жарасы бітпес).

Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік.

Викториналық сұрақтар:
1 - топқа:
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы - қарта, жал - жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
6. Үстеудің неше түрі бар? (7).
7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин).
8. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
9. «Орфография» қай елдің сөзі? (грек).
10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).

2 - топқа:
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
2. Абайдың туған жылы? (1845).
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А. Байтұрсынов).
6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т. б.).
7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
8. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
9. Алғашқы романист жазушы кім? (М. Дулатов «Бақытсыз Жамал»).
10. Қазақ халқының салт - дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т. б.).
Ән. 9 «г» сынып оқушыларының орындауында Абайдың әні: «Желсіз түнде жарық ай».
1 - жүргізуші Осымен 8 - 9 сыныптары оқушыларының даярлаған сыныптан тыс іс - шарасы аяқталды.
2 - жүргізуші Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет!



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы | | 12 380
Рейтинг:
(голосов: 18)

KZ портал » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы, Ана тілім - мақтанышым, ана тілім ардағым тәрбие сағаты, ана тілім ардағым сынып сағаты, ана тілім ардағым тәрбие сағаты, ана тилим ардағым тарбие сагаты, ана тілім мақтанышым тәрбие сағаты, ана тілім мақтанышым, , Ана тілім - мақтанышым, ана тілім ардағым тәрбие сағаты, ана тілім ардағым сынып сағаты, ана тілім ардағым тәрбие сағаты, ана тилим ардағым тарбие сагаты, ана тілім мақтанышым тәрбие сағаты, ана тілім мақтанышым, Қазақша Тәрбие сағат: Ана тілім-мақтанышым, мерейім сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат

.

. .