Қазақша Тәрбие сағат: Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі » ZHARAR © 2017 | ибалы ұл инабатты қыз тәрбие сағаты, ибалы ұл инабатты қыз өмір көркі тәрбие сағаты, ибалы ұл инабатты қыз-өмір көркі , ибалы ұл инабатты қыз-өмір көркі ашық тәрбие сағат, ибалы ұл, инабатты қыз, инабатты, қыз, ұл, ибалы, тәрбие сағат, тарбие сагат




  • »

Қазақша Тәрбие сағат: Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі

Қазақша Тәрбие сағат: Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі казакша Қазақша Тәрбие сағат: Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі на казахском языке

Тәрбие сағат тақырыбы: Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі
Тәрбие сағат мақсаты:
а) Ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың үлгісі мен ықпалы арқылы оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
ә)Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту.
б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
Тәрбие сағат көрнекілігі: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.
Тәрбие сағат барысы:
І. Сан сұраққа саяхат
ІІ. Өз өнерлерін көрсету
ІІІ. Сыңарын тап
а) ата-аналар үшін
ә) балалар үшін
IV. Тыйым сөздерді оқушыларға беру. «Ұрпақ үшін тыйым сөздердің пайдасы бар ма?» (ата – аналарға сөз беру)
V. Сіздің пікіріңіз.
Мұғалім сөзі:
- Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.
- Бүгінгі бас қосуымыз ата – ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту.
Отбасы мүшелерімен таныстыру. Топқа бөлу.
Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?
Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.
Бала тәрбиесіне арналған асыл сөздерге тоқталу.
Иә, сөз асылы- мақал деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныста- бала. Осы бала бағбаны кімдер?
Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашанда ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.
Құрметті көрермендер, мен сіздерден ата – аналардың, оқушылардың ұлттық салт- дәстүрден нені білетінін көріп, бағалар отыруларыңызды сұраймын.
І тур. «Сан саяхат»
Ата – аналарға:
1. Малдың 12 мүшесін атаңыз
2. «Елім-ай» әнінің шығу тарихын білесіз бе? (бір шумағын айтып беріңіз)
3. Ұлттық ойындарды атаңыз?
4. Нанға байланысты тыйым білесізбе?
Оқушыларға:
1. Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе?
2. Төрт түліктің пірлерін ата?
3. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)
4. Жылқы туралы мақал- мәтел айта аласыз ба?
(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы-малдың патшасы.)
5. «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші сазгер А.Қоразбаев)
Әдепті бала ата-анасын ІІ. Өз өнерлерін ортаға салу
ІІІ. Сыңарын тап
Ата –аналарға:
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
Балаларға:
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
IV. Тыйым сөздер
1. Оқушыларға тыйым сөздер туралы сөз кезегін беру
2. Тыйым сөздердің пайдасы туралы ата- аналардың пікірлерін тыңдау
V. Сіздің пікіріңіз.
Ата – аналармен өткізіледі.
1. Тәрбие ісінде отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз?
2. Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл бөлер едіңіз?
3. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолымен жасаған бір затын сыйлағанды жөн көресіз бе? Неліктен?
4. Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата- аналарға не айтар едіңіз?
5. Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге; « шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?
Қорытындысы шығарылып, сыйлықтар үлестіру.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі ата-ана сағатымызды аяқтаймыз.
Отбасылармен бірігіп «Ана туралы жыр» әнін орындау.
«Ақ сөйлеп адал күлетін бол.
Шындықты жақтап жүретін бол,
Сыйласудың сырын білетін бол.»



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы | | 19 527
Рейтинг:
(голосов: 13)

KZ портал » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы, ибалы ұл инабатты қыз тәрбие сағаты, ибалы ұл инабатты қыз өмір көркі тәрбие сағаты, ибалы ұл инабатты қыз-өмір көркі, ибалы ұл инабатты қыз-өмір көркі ашық тәрбие сағат, ибалы ұл, инабатты қыз, инабатты, қыз, ұл, ибалы, тәрбие сағат, тарбие сагат, ибалы ұл инабатты қыз тәрбие сағаты, ибалы ұл инабатты қыз өмір көркі тәрбие сағаты, ибалы ұл инабатты қыз-өмір көркі, ибалы ұл инабатты қыз-өмір көркі ашық тәрбие сағат, ибалы ұл, инабатты қыз, инабатты, қыз, ұл, ибалы, тәрбие сағат, тарбие сагат, Қазақша Тәрбие сағат: Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .