Қазақша тәрбие сағат: Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаздың ұлы келбеті) » ZHARAR © 2017 | 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаздың ұлы келбеті), Қазақша Тәрбие сағат: 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні, (Ұстаздың ұлы келбеті) казакша тарбие сагат, тарбие сагат на казахском языке




  • »

Қазақша тәрбие сағат: Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаздың ұлы келбеті)

Қазақша тәрбие сағат: Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаздың ұлы келбеті) казакша Қазақша тәрбие сағат: Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаздың ұлы келбеті) на казахском языке

1 сынып мұғалімі
Мұханбетжанова А.Ж.

Тәрбие сағат тақырыбы: Ұстаздың ұлы келбеті
Тәрбие сағат мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту. Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстаздың ұлы келбеті» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Тақпақтар:

1-оқушы:
Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен,
Сен ұялдың кір болса менің жейдем.
Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп,
Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең

2-оқушы:
Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.

3-оқушы:
Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.

4-оқушы:
Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.

Мұғалім: Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?

- Әрине Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.

Тақпақтар:

5-оқушы:
Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған

6-оқушы:
Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жаңа берем

7-оқушы:
Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Болған соң ойлайтыны-бала қамы
Баладан ұстазыма мың сан алғыс
Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.

8-оқушы:
Нұрын төккен көк аспан күмбезінен
Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.
Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,
Бар байлығын әлемнің бір сіздерге.

Мұғалім: Біз ата-анамызды қалай қадірлеп құрметтесек, ұстазды да солай құрметтеу -парызымыз.

Ән: «Білімнің бұлағы».

Нақыл сөздер:

9-оқушы:
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады»
Абай Құнанбаев


10-оқушы:
Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
С.Қожамқұлов


11-оқушы:
Мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.

Ы.Алтынсарин


12-оқушы:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.

Абай Құнанбаев


13-оқушы:
Қайратсыз ашу-тұл,
Тұрлаусыз ғашық-тұл,
Шәкіртсіз ғалым-тұл.
Абай Құнанбаев


14-оқушы:
Ұстаздық ету - өзінің уақытын аялау, өзгенің бақытын аялау.

15-оқушы:
Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді.
Д.Дистерверг


16-оқушы:
Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.
Ғ.Мүсірепов


17- оқушы:
Мұғалім - оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмтылмас із қалдырады.
Н.А.Добролюбов


Қорытынды: Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі тәрбие сағатымызды тәмәмдаймыз.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы | | 53 375
Рейтинг:
(голосов: 59)

KZ портал » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы, устаздар мугалимдер куни казакша, Қазақша Тәрбие сағат: 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаздың ұлы келбеті), Қазақша Тәрбие сағат, 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаздың ұлы келбеті), Қазақша Тәрбие сағат: 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні, (Ұстаздың ұлы келбеті) казакша тарбие сагат, тарбие сагат на казахском языке, тарбие сагаты мугалимдер куни, тарбие сагаты устаздар куни, Қазақша Тәрбие сағат: 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаздың ұлы келбеті), Қазақша Тәрбие сағат, 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаздың ұлы келбеті), Қазақша Тәрбие сағат: 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні, (Ұстаздың ұлы келбеті) казакш, Қазақша тәрбие сағат: Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаздың ұлы келбеті) сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .