Құлақтан үні кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы
Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Каирова Айдана Арманқызы
Құлақтан үні кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау
Жүргізушілер:
1. Жансерік
2. Асылтас
1. Армысыздар құрметті, ұстаздар мен оқушылар!
2. Қайырлы күн қадірлі, ата-аналар мен қонақтар!
1. Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің айналайын халқым менің
2. Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Мадияр:
Ақылын тыңдадым
Сөзінде бөлмедім
Еңбегін жырладым
Ұстазым ол менің
Айбек:
Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз ғылым толастамас мәңгі ісін
Тыншымаймын асыл жандар қадірлі
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын
Егіс:
Тұрғандай сәуле шашып күн ішінен
Маңызды бір ісі асар бір дара шыңын
Жарасып сымбатына сәнді киім
Тәрбие берер жүріс тұрысымен
1. Мектеп ұжымын басқарып, ұйымдастырып отырған мектеп әкімшілігіне мыңда бір алғыс айтамыз.(открытка беру)
...................
Сүйіндік:
Әлі есімде әліппені ашқаным
Есімін де есте мәңгі сақтадым
Жүрегімде нұрын құйған жылылық
Көрген емес жүректерді тербейді
Махамбет:
Кеш бүгінгі жүректерді тербейді
Балалығым қайта айналып келмейді
Алғашқы ұстаз әліппені ұстатқан
Жүректерден есімдерің сөнбейді
2. Алғашқы ұстаздарымыз мыңда бір алғыс айтамыз (открытка беру)
Алмат:
Қош келдің, деп балдырғандар
Күліп шыққан алдыңнан
Ұстазыңмен алғашқы
Бірге асасың сан қырдан
1. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдеріне мың алғыс (открытка беру)
............
Ән: Мектебім (Айнұр Асел Елдана Еркегүл )
Би: Папури
Ержан:
Ұстаз деген ұлағатты бір сөзден
Жүрегіңнің жылылығын мен сезем
Ұстаз атын биік қойып иіліп
Қолға кітап қалам алған сол кезден
Күн нұрындай сәуле шашқан ғаламға
Ұстаз аты әрқашанда санамда
Мирас:
Сырыңа көз тастаған
Ізгілікке бастаған
Білім беру жолында
Қиындықтан қашпаған
2. Мектебіміздің жаратылыстану математика пәндерінен дәріс берген ұстаздарымызға мың алғыс (открытка беру)
Ақжол:
Ұстаздарым шақырар ұрандарым
Білем білім сіздерден құрылғанын
Кешегі ұстаз, үлкенге шәкірт болу
Ұстаз көрген үйретер ұлы арманым
1. Мектебіміздің қоғамдық гуманитарлық бағыттағы пәндерден дәріс берген ұстаздарға мың алғыс (открытка беру)
Ән: Аяулы Мектебім (ұлдар)
Диас:
Сабырлы, салихалы, жүзі жарқын
Гүл өсіп жатар басқа ізіне әр күн
Өзгелер ұрсар жерде оллар күледі,
Сақтап сан сағатта да ірі қалпын.
2. Мектебіміздің дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық, еңбек пәндерінен дәріс берген ұстаздарға мың алғыс (открытка беру)
ӘН: Алғашқы махаббат ( Егіс Назерке Мирас)
Асылбек:
Сыныпты келдің басқарып
Көрмедің ойлап бас қамын
Шәкірттер жатыр ұшқалы
Өмір деген қас қағым
Сынып жетекшіміз Айдана Арманқызына мың алғыс
1. Жақсылық атаулыға жаршы жандар
Жамандық атаулыға қарыс жандар
Баланы сусындатып өсіруге,
Бар жағдайды жасаған абзал жандар
2. Кемедегінің жаны бір деп ұстаздар оқу тәрбие берсе соған тазалықпен жылулыққа жағдай жасаған аға-әпкелерімізге мың алғыс.
ӘН: Ауылым (Диас Алмат Назерке)
Сахналық қойылым: Дениз
2. Ұстаздар қартаймасын, қажымасын
Әрқашан өмір жасы ұзақ болсын.
Немере, шөберелер бетін сүйіп,
Тәңірім бақтан бізді айырмасын.
1. Маған ыстық мектебім
Қалған бейне үйімде
Биыл соңғы бір жылым
Өзіңде өтті білінбей
Басталады өзіңнен
Болашақтың жол басы.
Ән: Мектебім (хор)
Би: Мектеп Вальсі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру