Әңгімелер

Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.

Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді.

Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды.

Билетіңіз бар ма


(болған оқиға)

Бірде жол түсіп мешітке баруыма тура келді. Сыртқы дарбазасына ене бергенімде алдымнан жас шамасы төрт бестердегі бала жолықты. Маған:
— Əпкей, əпке тоқтаңызшы!-деп маған күлімсірей қарап тұр. Іштей неге тоқтатты екен деп таңдандым да:
— Йə балақай? Айта ғой!
— Əпке мешітке кіруге билетіңіз бар ма?- деді. Басында түсінбей қалдым. Бірақ бірден ойыма "Дəрет алдыңыз ба?" деп сұрағанын түсіндім.
— Əрине бар. Тіпті аспанға ұшып, қалықтауға да бар.
— Онда мені де ап кетіңізші! Аспанға менде ұшайыншы!
— Жарайды, жүре ғой!
— Жаныңызда өзіңіз сияқты əпкелер көп екен мен сиямын ба?-деді. Не деп жауап берерімді білмей:
— Ол жаққа кез келген адам ұша алады(намаз оқи алады). Мешіт бос, имамдардың қарасы да көрінбеді. Сол жерде дұға тілеп отырдым. Жаңағы балақай да жанымда отырған болатын.
Мешітке келген шаруам аяқталған соң, бала адасып қалған ба білгім кеп сұрамақ болған едім. Аяқ асты ғайып болды. Сол маңда біраз іздеп, маңайдан сұрастырдым. Көрген, білген адам табылмады. Бірақ, үйіме қуанышпен оралдым. Сол маңайдан өте қалсам балақайды ылғи іздеп тұрам. Бұл оқиғаны ешкімге айтып жеткізе алмасым анық! .....
Әңгімелер
Толық

Өмірмен күрес

Қатты шаршадым...
— Жап жас боп алып қайдағы шаршау?
— Іштей қатты өкпеледім.
— Кімге?
— Өмір бойы амандығын тілеймін деген жанға...
— Не үшін?
— Аяқ асты өзгеріп кетті... менікі орынсыз болар. Бірақ, соншалықты бұлай болады деп кім ойлаған...
— Уайымдама ақымақ қыз...сен оның амандығын тіле, оған тек жақсылық тіле! Өз қателігін түсінген кезде бармағын шайнары анық... Енді шаршадым деуші болма, көкем!

Түйін: ӨМІР АТТЫ РИНГТЕ КҮРЕСІП КЕЛЕМ, МЕНІ НОКАУТҚА ТҮСІРЕМ ДЕП ОЙЛАМАҢЫЗДАР! СЕБЕБІ МЕН ИМАН ДЕГЕН ДОППИНГ ҚОЛДАНАМЫН!

.....
Әңгімелер
Толық

Асел Бимырзаева | Өзіңде өткен балдәурен


(ойтолғақ)

Шіркін, ауылдың қыстауын, жаз жайлауын айтсайшы. Қаладағы машиналар мен зауыттардың будақтаған түтіне тұншыққан ауасынан жусан иісі аңқыған ауылым артық. Иә, мен ауылдың таза ауасын,ағарғанның дауасын, сылдырап аққан бұлағын, жағасында жайқалып өскен құрағын, қырында қашқан қу түлкісін, әпкелерім мен жеңгелерімнің күміс күлкісін, әке мен ағаның қадір-қасиетін сезініп, бар жақсылығын бойыма жиып өстім.

Әлі есімде, апам қалаға барып келген сайын айтатын: «Жүрегім қысылып келдім, ауасы басымды ауыртты», - деп. Ал мен болсам түсінбейтінмін. Неге? Неге ылғи апам қалаға барып, шаршап-шалдығып келеді деп ойлаушы ем. Бірде сәті түсіп мені апам қаладағы ағамның үйіне жіберді. Қалаға баратын автобусқа мінген сәттен-ақ бір түрлі,ауылға деген қимас сезімім оянғандай болды. Қаладағы ағамның үйіне де жеттім. Мүлдем басқаша, тіпті қала тұрғыны мен дала тұрғынының арасында үлкен айырмашылық бар екен. .....
Әңгімелер
Толық

Астана


Астанам – «Бас қалам»!

Астана бүгінде – Қазақстан жетістігі мен жеңістерінің символы.
Н.Ә.Назарбаев

Бүгінгі Астана – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар.

«Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді. .....
Әңгімелер
Толық

Қабылданған дұрыс шешімдерім менің өмірлік ұстанымым

Менің өмірлік ұстанымым-шәкіртіме шынайы білім мен тәрбие беретін ұстаздық мамандық. Бұл мамандық менің мойныма тағылған қасиетті тұмарым.

Шәкірт атаулыны өз жанына серік еткен маман иесін яғни, ұстаздарды былайғы жұрт қоғамдық ойдың көшбасшысы деп қабылдайтыны сөзсіз. Иә, шәкіртінің жүрегіне білім мен тәрбиенің ұясын сала білген қарлығаштардың қоғамдағы рөлі де өзгеше. Жұрт «шәкірттің санасына білім мен тәрбиенің шамын жағып, қараңғылықта жарық сәуле беруші күн» деп құрмет тұтатын оларды жақсылыққа жақ болып, жамандыққа қас болатын, әділдіктің туын көтеретін және сол жолда ұшқыр ойы, патриот мінезін қасқайып тұратын белсенді топқа қосып, оны өзінше қадір тұтады. Осындай ұстаз атты ізгіліктің иесі болу кез келгенге бұйыра бермейді. Білімді де тәрбиелі ұрпақты өсіру өзінің жүріс-тұрысымен , әдепті де сыпайы мінезімен ,сауатты сабағымен шеберлік таныту таудай талапты қажет етеді.

Менің өмірлік ұстанымым – таудай талапты қажет ететін мамандық , ұстаздық мамандық және осы мамандық бойынша шәкірт жүрегінен орын тауып тәрбие мен білімнің дәнін егіп көгерген жасыл ағашқа айналдыру,жақсы адам болып шығуға тәрбиелеу, өмірдегі қабылдаған дұрыс шешімдерімнің ең бастысы болып табылады. .....
Әңгімелер
Толық

Саяжан Тілегенова | Бала тілі бал


Барлық кішкентай сәбилердің істеген іс әрекеті үлкейген адамдардың жүзіне күлкі,қуаныш әкеледі. Олар ойнай бастаған сәтте қалай шаршап келкеніңді де ұмытып қалады екенсің. Әр бір сыңғырлаған былдырлағын сөйлеген үні де өзіңді еріктіріп әкетеді. Қазақ халқы бала тілі бал деп босқа айтпаса керек.Кішкентай сәбилер шаңыраққа олжа болып келген бақыт секілді. Бір шаңырақта бір емес,екі емес он бала келседе ата ана қуанышы сөзбен жеткізерліктей оңай емес.Баланың тілі бал болатыны рас екен ау. Баланың жасы жетіп,тілі шыққандағы ең алғаш айтатын сөзінің бірі «мама» болады. Сөйлеген бір сөзіне ана жүрегіде қуанып қалады. Оны қызық көрген тумаластары өз есімдерін қайталап айтқыза береді. Ия осыдан шығар баланың тілі бал болатыны.

Мен дүниеге келерде анам мені тоғыз ай құрсағында көтерген болатын. Кішкентай сәби үшін анада әкеде алаңдаумен болады. Бір күні кішкентай тентек жарыққа шыққысы келіп,анасын әбден әуреге салады. Жаңалықты естіген әке тұңғышын көруге асық болады. Не дегенмен қуанышпен қоса қорқынышта бірге жүреді емес пе? Бала мен ананың денсаулығын ойлап бірнеше сағаттар бойы дәрігердің жауабын күтумен болған әкенің басына келіп кетпеген сауалдары өте көп болды.

Дәрігер есікті аша салысымен қуанышты хабарды дереу баланың заңды тұлғасы туған әкесіне айтуды жөн санады.Сөйтіп мені отбасымның жанына апарды.Мені көрген ата анамда тумаластарымда мәз болған болатын.Ал мен басқа балалар секілді жылауық болмадым.Анам мен әкеме қолымнан келгенше көмегімді аямадым.Бір қызығы мен тұсауымды кескен кезде ғана жер басып жүргенмін.Тұсауымды кеспейінше өз еркіммен жүрмеген екенмін.Өзімнің кішкентай кезімді айта берсем өте көп қызықты оқиғалар мен іс әрекеттерімді айтып отыруға бір емес бірнеше күн керек.

Әр бір сәбидің өзінің тәтті тілі мен іс қимылдары бар. Сәбиді тек ана ғана жақын таниды. Оның оғаш қылықтарына да көнеді, оны тамақтандырып,киіндіреді. Бала анасыз ешқашан бірінші қадам жасамайды. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Биіктен құлаған бала

ДЦП дертімен ауыратын бала еді. Өз қатарынан жүруі де, сөйлеуі де кешеуілдей берді. Қалалық емханадағы емдеуші дәрігері балаға мейіріммен қарайтын. Ем-дом жасайды. Бір күні сол емдеуші дәрігері: «Үлкен қалада осындай науқас балаларды қарайтын арнайы орталық бар. Сол орталыққа апарып көрсетіңіздер», – деді. Ол жерге де алып барды. Ол жерде: «Осындай науқас балаларды зерттеумен айналысып жүрген Мәскеу қаласынан профессор дәрігер келіп отыр. Сол дәрігерден кеңес алыңыздар», – деді. Одан да кеңес алды.

Баланың жағдайы бірқалыпты еді. Енді тәуіп, бақсы-балгерлерге де көрсетуге көшті. «Пәлен жерде грек кемпір бар екен. Тіл-көз тиген баланы емдейді екен» десті. Тәуіп, бақсы-балгерлердің бәрінің айтатыны жалғыз-ақ ауыз сөз еді: «Сүп-сүйкімді-ақ ұл екен! Құдай балаға дертті өзі беріп отыр. Лайым, қаласа, шипасын да өзі берер. Балаларың әлі жақсы боп кетер», – дейді. .....
Әңгімелер
Толық

Сая Молдайып | Сұлтанмахмұт сүйген сұлу

«Кеудесі жақсылардың алтын сандық» дейді. Бұл сөз бабалардан қалыпты. Сол рас! Жақында редакцияға Баянауыл ауданы С.Торайғыров атындағы ауылдан ардагер ұстаз Шолпан Әбілғазықызы Жақыпова келді. Осы аймақтан өткен тарихи тұлғалардың жұрт біле бермейтін мәліметтер, фотосуреттер жайлы көрген-білгенімен бөлісті. Соның бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров сүйген қыз Мәлике Мұқтарқызы!

Өнер-білімімен асқан, ақын, алуан-алуан тақырыпқа қалам сілтеп, әдебиет пен мәдениетке толағай мұра қалдырып үлгерген Сұлтанмахмұт Торайғыров 28 жасқа қараған шағында өмірден «құйрықты жұлдыздай ағып» өтті, ол 1920 жылы 21 мамырда қайтыс болды.

Ақынның туып-өскен жері – Баянауыл ауданының Торайғыр ауылы. Сол ауылда жерленген. Басына белгітас қойылып, тоқсаныншы жылдардың басында кесенесі көтерілді. Бұған ұйытқы болған әйгілі қаламгер Әбіш Кекілбаев болатын. Сол ауылда мұражайы бар. Осыдан 3-4 жыл бұрын барғанымызда мұражай тым жүдеу еді. .....
Әңгімелер
Толық

Сая Молдайып | Аңызға айналып барады

Абай ақын: Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп қалай ғана нысанаға дөп тигізіп айтты екен?!

Белгілі қаламгер Қалмұқан Исабаев туралы жазарда ұлы ақынның осы өлеңі ойға оралды.

Рас, «артына өлмейтін сөз қалдырған» қаламгердің екінші мәңгілік ғұмыры басталды. Ол кеткен жоқ, «өлмейтін сөздерімен» қалың қазағының ортасында қалды. ...

Бірде Алматыдан қаламгердің қызы Баян хабарласты. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ақ тілек

(Аға-жеңгелер тілегі)

Екеуі де бірдей жоғары білім алып, екеуі де адам жанына арашашы болар мамандықты өз өмірлеріне серік етіп алған, Астана қаласында еңбек етіп жатқан ініміз бен келініміздің өмір жолға бірге қадам басқан тойларының да, міне, бүгін өсіп келе жатқан кейінгі ұрпаққа үлгі берер шамшырағы жағылған сәт. Алты ата Әлімнен өрбіген Асанның Баймырзасынан тарайтын осы үйдегі ағамыз бен жеңгеміздің, он екі ата Байұлының Жаппас атты іргелі бір елінен өрбіген құдаларымыздың көзінің қарашығындай қос перзенті бүгін бас қосты. Осынау Той иелеріне қуаныштарыңыз құтты болсын дей отырып, бүгінгі тойдың себепкері болып отырған екі жас – ендігі отағасы атанар ініміз бен Баймырзадай іргелі елге келін болып түсіп отырған келінімізге бүгінгі көтерген Ақ отауларың құтты болсын дейміз! Бүгінгі өздеріңе тапсырылғалы отырған .....
Әңгімелер
Толық