Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Анекдотшыл күйеулер

Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет |  Анекдотшыл күйеулер казакша Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет |  Анекдотшыл күйеулер на казахском языке


- Не анекдот?! Не анекдот?!

- Ау, айтайық та әуелі.

- Ал, айтшы арманда қалмай!

- Бір күні Брежнев Олимпиаданы ашып жатқан ғой. Содан сөзін бастап жатып "О" дейді. Жұрт ду қол шапалақтайды. Екінші рет тағы да "О" дейді. Жұрт тағы да ду қол шапалақтайды. Үшінші рет "О" дегенде, жұрт тым-тырыс. Сол кезде көмекшілерінің бірі жүгіріп келіп: "Леонид Ильич, сіздің оқитын текстіңіз төменгі жағында. Сіз Олимпиаданың эмблемасын оқып тұрсыз", - депті.

Бірақ Қалдыгүл Нағи айтқан бұл анекдотқа күлген жоқ.

- Құдай, сол мазақ қылғаның мен болсын! - деді.

- Не, сен Брежнев пе едің?

- Сол менің оқымағандығымды бетіме басып отырсың ғой. Сен оқыдың ғой, ал! Оқығанда, бірдеңе бітіріп жатсың ба?!

- Сені біреу оқымаған деп жатыр ма?

- Құдай, өзі біздің үйдің қыздарының бақытын ашпай қойған ғой бірақ. Сапагүлдің де, Тазагүлдің де. Сапабектікі не десейші, болмаса, өңкиіп алып. Күйеудің үлкенімін деп тұрған ол жоқ. Қит етсе, Брежнев жайлы анекдот айтады. Қайта біздің үйдің қыздарының ішінде оқығаны Сапагүл шығар. Сапагүлге не деп кінә тағады? Әкем деген қандай қылып оқытты Сапагүлді. Соны біліп отырған Сапабек бар ма?!

- Сапабекке не бопты? - деді Нағи. - Сапабек - ақкөңіл, әзілқой жігіт.

- Иә, қойшы! Нартайдікі не десейші, ал? Күйеудің кішісімін деп тұрған ол бар ма?

- Нартайға не болды?

- Өткенде мамамның үйіне ішіп барыпты. Әшейінде сау кезінде бармайтын еді сол үйге! Өткенде мамам деген жарты қап ұнды көтеріп қаламын деп, белі кілт ете қалыпты. Сол ұнды қойып беретін бала сол! Зіңгіттей неме, қайыры жоқ!

- Ау, айтса, қойып береді ғой.

- Несін қойып береді енді, кілт ететін жері кілт етіп болғасын?! Енді кете қоятын шығар десе... Жоқ! Кетудің орнына... Мамамның жанына жайғасып отырып алып... Құдай, төбеңді көрме, Нартай! Өй, ана сыйлап көрмеген неме!

- Ау, не істеген соншама?

- Не істейтін еді? Анекдот айтқан да!

- Не анекдот айтқан сондай-ақ?

- Не анекдот айтатын еді? Нартайдан бір жөні түзу сөз шығатын ба еді? Брежнев жайлы айтады да. Оны естіп мамамның түнімен жүрегі ауырып шыққан. Өзі жүрегі ауыратын кісі.

- Түк түсінсем бұйырмасын! - деді Нағи. - Ол кісінің Брежнев жайлы анекдотқа неменеге жүрегі ауырады?

- Соны бір Нартай жөні түзу оймен айтып отыр дейсің бе? Сен де сол құсап қартайғансың, алжыдың деп отырған жоқ па оңбаған Нартай.

- Өй, қойшы, сен де!..

- Не, қойшы! Сендерге салса, бір-бірлеріңді жақтап шыға келесіңдер. Оны естіп Сапагүл жылап. "Көгермегір Нартай, Тазагүлге айтқан анекдоттары аз болғандай, енді ылаңын мамамның үйіне барып салайын деген бе?" деп. Ол Тазагүлге звандап. Одан Тазагүл жылап. Ол Нартаймен ұрсысып. Әйтеуір, сол күні Тазагүлдің үйінде үлкен бір ұрыс болған. Нартайдікі не десейші осы?! Тазагүлді алғанша қандай болып жүрді, болмаса. Сол Тазагүлді алғасын шығар қайта бақыты ашылып отырғаны. Нартайды көрсем, ит терісін басына қаптайын деп едім. "Сен кімді басынасың осы? Адамы жоқ үй деп отырсың ба? Іздесе, табылады адам. Күйеусің бе, жөніңді біл, шырағым! Пайдаңды тигізбесең де, зияныңды тигізбей жүр жұртқа!"

Басым-ай! Басым! Екі шекем солқылдап кетеді осы, сөйлесем.

- Солқылдамай неғылады, сөйлей берсең?

- Сөйлейін деп, сөйлеп отыр дейсің бе?! Сен сөйлетіп отырған жоқсың ба адамды?!

Сен қызға бар деп отырмын ана жаққа! Бар деп отырмын ана жаққа! Неге сабағыңды оқымайсың?! Менің аузыма қарап әңгіме тыңдап отыра бергенше! Жинашы мына жерді! Сосын сабағыңды оқы! Алып кет ана баланы қасыңа! Кітап па, дәптер ме, бірдеңе беріп алдандырып қой. Осы телефон қайда? Тазагүлге звандап жіберейін. Әй, қыз, телефон қайда деймін саған?! Не мелшиіп тұр мына қыз?! Осы қыз өскен сайын жаман болып бара жатыр бірақ! Бар, қарашы ана бөлмені! Үстелдің үстінде қалды ма екен?! Әкел бері!

- Ал сөйлесіп алыңдар, - деді Нағи. - Мен ана бөлмеге шыға тұрайын.

Мына бөлмеден Қалдыгүлдің сыңқылдай күлген даусы естілді:

- Әлө! Қалайсыңдар? Өй, құрысын! Екі шекем солқ-солқ етіп... Не болатын еді? Сол байдың мырыңы да! Құдай, өзі біздің үйдің қыздарының бақыты ашылмай қойған ғой. Жұрттың үйінің қыздарының бақыты гүл-гүл жайнап ашыла қалады. Иә... Сол... Тағы да анекдот... Брежнев туралы.




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Ғабиден Қожахмет Анекдотшыл күйеулер туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ғабиден Қожахмет Анекдотшыл күйеулер на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Ғабиден Қожахмет Анекдотшыл күйеулер туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Ғабиден Қожахмет Анекдотшыл күйеулер на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арна, Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Анекдотшыл күйеулер ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер