Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ана тілі

Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Ана тілі казакша Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Ана тілі на казахском языке

Жылы екенін сезгем осы үннің мен,
Сенің үнің, ана, мейірім білдірген.
Тербеткенде әлди айтып сол үнмен,
Бесігімде-ақ, ана, сонда күн күлген.

Сол бір үннен өмір сырын ұға алдым,
Содан білдім табиғатын жыр-әннін.
Оянсам да сол дауысты іздеппін,
Жыласам да сол үнді естіп жұбандым.

Оған әлемдегі бірде-бір тіл таныс емес еді. Тіпті ести қойса да, бөбек оған селт ете қоймайтын. Өйткені оған солардың бәрінен де жақын, бәрінен де ыстық, бәрінен де күшті бір тіл болды. Бөбек бұл тілдің өзінің ана тілі деп аталатынын білген жоқ. Тек бұл тілде өзінің анасы сөйлейтін еді - бөбекке бұл тіл сондықтан қуатты болды, сондықтан ыстық еді, сондықтан жақын болды. Осы тілде бір тұнып тұрған мейір бар еді. Бұл тілде барлық нәрсе түсінікті еді, түсініксіз ештеңе де болмайтын. Сондықтан бөбек ұйқысынан ояна салып, алдымен осы тілді іздейді. Оған әлемде бұдан артық тіл болуы да мүмкін емес.

Бұл тілдің бөбектің ана тілі екендігін анасы білетін. Анасы бұл тілдің киелі бабалардан жеткен тіл екендігін біледі. Әйел затына тән қасиетпен ант-су ішер. Бұл тілді бөбегіне бұзбай жеткізу - борышы. Өйткені бабалар бөбектің бабалары ғой. Оның бабалары күшті болған. Оны бөбектің өзі де сезеді. Егер олар күшті болмаса, осындай әуезді тілді мұраға қалдырып кетер ме еді.

Кеш бата бөбек ұйқыға жатады. Бірақ ол елегізіп әлденені іздейтін. Осы кезде қараша үйден ана әлдиі естіледі. Бұл бір ғажайып музыка еді. Бүкіл өн бойында Даланың үні жататын. Сол Даланың бояуын бар иіріміне, бар бойына сіңіріп алған саз еді. Ол күшті саз. Оның бойында бабалардың қуаты жатыр. Осы әуез бөбектің тіліндегі қасиетті сөздерді бөбектің құлағына жеткізеді. Ал қасиетті сөзде қасиетті кие бар. Ол бөбектің ана тілінде айтылатын сөздер.

Қараша үйдің сыртында - аспанда жұлдыз жымың қағады. Сұлу ай күлімдейді.

Қараша үйде гауһар жоқ еді. Бірақ онда ана әлдиі бар ғой. Онда бөбек ұйықтап жатыр. Мүмкін оның болашағы зор бөбек шығар.

Бөбек өсті. Енді оның жан-дүниесі білім іздеді. Айналада бөбекке таныс емес нәрселер көп еді. Ол жаратылыстың жұмбағын шешкісі келетін. Осы кезде оған ана тілі көмекке келді. Бөбек осының барлығын өзінің ана тілінде де ала алатындығына қуанды. Өйткені бұл тіл оған бесігінен таныс еді ғой. Бөбек осы тілде барлығын оңай ұғынатын, оңай қабылдайтын, оңай түсінетін. Бұл тіл оған ең жақын тіл еді. Ол осыған қуаныпты.

"Сен неткен қастерлі тіл едің! - деді бөбек енді өзінің ана тіліне. - Әлемде маған сенен асқан тіл жоқ! Сен бәрінен де күштісің!"



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Ғабиден Қожахмет Ана тілітуралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ғабиден Қожахмет Ана тілі на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Ғабиден Қожахмет Ана тілітуралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Ғабиден Қожахмет Ана тілі на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган интересные расск, Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ана тілі ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер