Информатика_5-сынып


Жиынтық бағалауға арналған

әдістемелік ұсыныстар

Информатика

5 сынып

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (орыс тілінде білім беретін) негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 5-сыныпта жиынтық бағалау барлық тоқсанда өткізіледі.

 Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

 Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

  

  

  

  

 Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

  

  

 

Мазмұны

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР4

«Компьютер және кауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау4

«Интернеттегі қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау7

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР10

«Ақпарат және оның өңдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау10

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР14

«Біздің өміріміздегі алгоритмдер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау14

«Талқылау және программалау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау18

4 ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ22

«Жобаны құру және таныстыру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау22

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Компьютер және кауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

5.4.1.1 Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамаудың салдары туралы талдау жасау

5.1.1.1 Процессор мен қатты дискінің қызметін қарапайым деңгейде түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қауіпсіздік техника ережелерінің бұзылуын анықтайды және салдарын сипаттайды
  • Қызметі бойынша құрылғыларды анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма

  • Мәтінді оқып, қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзылған тұстарының астын сызыңыз.

 Арыстан компьютерін ұқыпты ұстайды. Компьютер үстелінде монитор және тышқан бар. Әр күні кешке Арыстан 4 сағат бойы үзіліссіз компьютер ойындарын ойнайды.

1.1 Компьютер алдындағы жұмыс тәртібін бұзудың қандай салдары болуы мүмкін.

Салдары 1: ______________________________________________________________

________________________________________________________________________

Салдары 2: ______________________________________________________________

________________________________________________________________________

2. Берілген ақпараттан компьютерлік құрылғыларды анықтаңыз.

2.1 Бұл құрылғыны «компьютердің жүрегі» деп атайды. Оның негізгі қызметі болып ақпаратты өңдеу және есептеу жұмысы болып табылады. Құрылғының атын атаңыз- ________________________________________________________.

2.2  Бұл магнитті жазу қағидасына негізделген ақпаратқа еркін қолжетімділік қасиетіне ие құрылғы. Көптеген компьютерлерде мәліметтерді негізгі жинақтаушы болып табылады__________________________________________.

2.3 Ақпаратты сандық еске сақтау құрылғыларын таңбасымен белгілеңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Қауіпсіздік техника ережелерінің бұзылуын анықтайды және салдарын сипаттайды

1

қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзылу тұстарын анықтайды;

қауіпсіздік ережелерінің бұзылуының бірінші салдарын жазады;

қауіпсіздік ережелерінің бұзылуының екінші салдарын жазады;

1

1

1

Қызметі бойынша құрылғыларды анықтайды

2

ақпаратты өңдеуге жауап беретін құрылғыны анықтайды;

есептеуге жауап беретін құрылғыны анықтайды;

көптеген компьютерлерде мәліметтерді негізгі жинақтаушы болып табылатын құрылғыны анықтайды;

сандық еске сақтау құрылғыларын анықтайды.

1

1

1

1

Барлығы

7

«Компьютер және кауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика.

Білім алушының аты-жөні: ___________________________________________

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Қауіпсіздік техника ережелерінің бұзылуын анықтайды және салдарын сипаттайды.

Қауіпсіздік техника ережелерінінің бұзылуын анықтау және салдарын сипаттау қиындық туғызады.

Қауіпсіздік техника ережелерінінің бұзылуын анықтауда/ салдарын сипаттауда қателіктер жібереді.

Қауіпсіздік техника ережелерінің бұзылуын дұрыс анықтайды және салдарын сипаттайды.

Қызметі бойынша құрылғыларды анықтайды.

Қызметі бойынша құрылғыларды анықтау қиындық туғызады.

Қызметі ақпаратты өңдеу және есептеу жұмысы болып табылатын құрылғыны/

көптеген компьютерлерде мәліметтерді негізгі жинақтаушы болып табылатын құрылғыны /сандық еске сақтау құрылғыларын анықтау кезінде қателіктер жібереді.

Қызметі бойынша құрылғыларды дұрыс анықтайды.

«Интернеттегі қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

5.4.2.2 Құжатқа құпия сөз орнату

5.1.3.1 Ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Құпия сөз қою алгоритмін сипаттайды
  • Ортақ қолжетімді файлдармен жұмыс істеу алгоритмін сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма

1. Жұмыс үстелінде «Үй жұмысы» атымен сақталған файл тұр. Марат файлға құпия сөз қоямын деп шешті.

a) Құпия сөз орнату алгоритмін толықтырыңыз.

1

Мәзірден «Файл» → «Мәліметтер» таңдау

2

3

«Құпия сөзді шифрлеу» таңдау

4

5

Құпия сөзді растау және «ОК» батырмасын басу

2. Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумада «Құттықтау» файлы орналасқан. Көрсетілген бумадан файлды жүктеп алу алгоритмін жазыңыз.

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

2.1 Ортақ қолжетімді бумаға файлды орналастыру алгоритмін жазыңыз.

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Құпия сөз орнату тәсілдерін сипаттайды

1

құпия сөз орнату үшін екінші әрекетті жазады;

құпия сөз орнату үшін төртінші әрекетті жазады;

1

1

Ортақ қолжетімді файлдармен жұмыс істеу алгоритмін сипаттайды

2

түпкі буманы көрсетеді;

жүктеп алынатын файлды көрсетеді;

көшіру әрекетін орындайды;

файлдың орналасу (ретін) жолын көрсетеді;

алгоритімін жазады.

1

1

1

1

1

Барлығы

7

«Интернеттегі қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика.

Білім алушының аты-жөні: ___________________________________________

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Құпия сөз орнату тәсілдерін сипаттайды.

Құпия сөз орнату тәсілдерін сипаттау қиындық туғызады.

Құпия сөз орнату үшін екінші/

төртінші әрекетті жазу кезінде қателіктер жібереді.

Құпия сөз орнату тәсілдерін дұрыс сипаттайды.

Ортақ қолжетімді файлдармен жұмыс істеу алгоритмін сипаттайды.

Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлдарды жүктеп алу алгоритмін сипаттау қиындық туғызады.

Бастапқы буманы анықтауда/ жүктеп алуға арналған файлдарды таңдауда / көшіріп алу операцияларын көрсетуде қателіктер жібереді.

Жалпы қолданысқа рұқсат етілген бумадағы файлдарды жүктеп алу алгоритмін дұрыс сипаттайды.

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Ақпарат және оның өңдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

5.2.1.1 әртүрлі ақпаратты атап шығу және көрсету

5.1.2.1 «Программалық қамтамасыз ету» ұғымын түсіндіру

5.2.2.2 Растрлық кескіндерді құру және өңдеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ақпарат түрін формасына қарай анықтайды
  • «Бағдарламалық қамтамасыз ету» ұғымын анықтайды
  • Жағдаятқа сәйкес компьютерлік бағдарламаларға мысал келтіреді
  • Растрлық кескін құру (сурет салу) кезінде қолданылатын құралдарды анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Мысал қарастырыңыз және түрін анықтаңыз.

Ақпарат түрлері

Мысал

6.07.1923

353

123

  • Сәйкестікті орнатыңыз.

1. Бағдарламалық қамтамасыз ету.

Бұл бағдарлама есептерді немесе есептер класын шешу үшін арналған.

2. Компьютерлік бағдарлама.

Компьютер орындау үшін арналған нұсқаулықтар тізбегі.

3. Қолданбалы бағдарлама.

Бұл компьютерде ақпараттың өңделуін автоматты түрде жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы.

3. Берілген жағдайлар үшін компьютерлік бағдарламаларды ұсыныңыз. Атауларын жазыңыз.

Жағдаят

Компьютерлік бағдарлама

1. Ризат растрлік сурет құрады.

2. Динара растрлік суреттің құрылу үдерісін сипаттаймын деп шешті.

4. Берілген пиктограммалардың қызметін жазыңыз.

Пиктограмма

Қызметі

  • Медет Paint графикалық редакторының көмегімен сурет салды.

Берілген суретті салу үшін қолданылған үш құралды көрсетіңіз.

1. _______________

2. _______________

3. _______________

Бағалау

критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Ақпарат түрін формасына қарай анықтайды

1

 сандық ақпарат түрін анықтайды;

графикалық ақпарат түрін анықтайды;

1

1

«Бағдарламалық қамтамасыз ету» ұғымын және анықтамасын сәйкестендіреді

2

«бағдарламалық қамтамасыз ету» ұғымын анықтайды;

«компьютерлік бағдарлама» ұғымын анықтайды;

«қолданбалы бағдарлама» ұғымын анықтайды;

1

1

1

Жағдаятқа сәйкес компьютерлік бағдарламаларға мысалдар келтіреді

3

графикалық компьютерлік бағдарламаның атауын жазады;

мәтіндік компьютерлік бағдарламаның атауын жазады;

1

1

Растрлық кескін құру кезінде қолданылатын құралдарды анықтайды

4

пиктограммалардың қызметін көрсетеді;

1

5

1-ші құралды көрсетеді;

2-ші құралды көрсетеді;

3-ші құралды көрсетеді.

1

1

1

Барлығы

11

 «5.2А Ақпарат және оны өңдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні: ___________________________________________

 

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Ақпарат түрін формасына қарай анықтайды.

Ақпарат түрін формасына қарай анықтауға қиналады.

Сандық/графикалық ақпарат түрін анықтауда қателіктер жібереді.

Ақпарат түрлерін формасына қарай дұрыс анықтайды.

«Бағдарламалық қамтамасыз ету» ұғымын және анықтамасын сәйкестендіреді.

«Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Компьютерлік бағдарлама» және «Қолданбалы бағдарлама» ұғымын анықтауға қиналады.

«Бағдарламалық қамтамасыз ету» / «Компьютерлік бағдарлама» / «Қолданбалы бағдарлама» ұғымын анықтау кезінде қателіктер жібереді.

«Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Компьютерлік бағдарлама» және «Қолданбалы бағдарлама» ұғымын дұрыс анықтайды.

Жағдаятқа сәйкес компьютерлік бағдарламаларға мысалдар келтіреді.

Жағдаятқа сәйкес компьютерлік бағдарламаларға мысалдар келтіруге қиналады.

Графикалық/компьютерлік компьютерлік бағдарламаның атауын жазу кезінде қателіктер жібереді.

Жағдаятқа сәйкес компьютерлік бағдарламаларға мысалдарды дұрыс келтіреді.

Растрлық кескін құру (сурет салу) кезінде қолданылатын құралдарды анықтайды.

Пиктограммалар мен сурет салу кезінде қолданылатын құралдарды анықтауға қиналады.

Пиктограммаларды /сурет салу үшін қолданылған

құралдарды анықтау кезінде қателіктер жібереді.

Пиктограммалар мен сурет салу кезінде қолданылатын құралдарды дұрыс анықтайды.

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Біздің өміріміздегі алгоритмдер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаттары

5.3.2.2 Алгоритмді сөз түрінде ұсыну

5.3.2.3 Орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Орындаушы мен командалар жүйесін ажыратады
  • Сөздік алгоритмдер құрады
  • Командалар жүйесі көмегімен алгоритмдер құрады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Келесі жағдайлар берілген. Орындаушыны анықтаңыз.

Жағдайлар

Орындаушы

  • Ақиқат пікірлерді көрсетіңіз. белгісімен белгілеңіз.

Пікірлер

Адам алгоритмдерді құрастыра алады

Компьютер алгоритмдерді орындай алады

Тек қана адам орындаушы болып табылады

Орындаушы алгоритмдерді құрастырады

  • Төртбұрыштың периметрін табатын алгоритмді сөздік формада құрыңыз.

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

  • Командалар жүйесін қолданып, үйге жету жолының алгоритмін жазыңыз.

Ескерту*: бір команда –бір гүл.

Командалар алгоритмі

Команда №

Команда

1

Алға 2 қадам

2

3

4

5

6

7

8

9

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Орындаушы мен командалар жүйесін ажыратады

1

берілген 1- жағдаяттан орындаушыны анықтайды;

берілген 2- жағдаяттан орындаушыны анықтайды;

1

1

2

1-ші ақиқат пікірді анықтайды;

2-ші ақиқат пікірді анықтайды;

1

1

Сөздік алгоритмдер құрады

3

енгізілетін ақпарат үшін команда жазады;

периметрді есептеу үшін формула жазады;

шығарылатын ақпарат үшін команда жазады;

1

1

1

Командалар жүйесі көмегімен алгоритмдер құрады

4

командаларды қолданады;

әр командадағы қадам санын анықтайды;

командалар тізбегін құрады.

1

1

1

Барлығы

10

«Біздің өміріміздегі алгоритмдер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні_____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орындаушы мен командалар жүйесін ажыратады.

Орындаушы мен командалар жүйесін ажыратуға қиналады.

Берілген жағдаяттардан орындаушыларды анықтау кезінде/ ақиқат пікірлерді анықтауда қателіктер жібереді.

Орындаушы мен командалар жүйесін дұрыс анықтайды.

Сөздік алгоритмдер құрады.

Сөздік алгоритмдерді құруда қиналады.

Енгізілетін/ шығарылатын ақпарат үшін команда/

периметрді есептеу үшін формула жазуда қателіктер жібереді.

Сөздік алгоритмдерді дұрыс құрады.

Командалар жүйесі көмегімен алгоритмдер құрады.

Командалар жүйесі көмегімен алгоритмдер құруда қиналады.

Командаларды қолдану/әр командадағы қадам санын анықтау/

командалар тізбегін құру кезінде қателіктер жібереді.

Командалар жүйесі көмегімен алгоритмдерді дұрыс құрады.

«Талқылау және программалау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаттары

5.3.3.1 Ойын ортасындағы программалау кезеңінде (Лого, Scratch) нысандар мен оқиғалардың анимациясын құру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Орындалатын алгоритмнің соңғы нәтижесін анықтайды
  • Scratch ойын ортасының негізгі нысаналарын анықтайды
  • Бағдарлама кодын құрады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Қалам геометриялық фигураларды салуды жақсы көреді. Сызу бағытын және алгоритм орындалғаннан кейін пайда болатын фигураны анықтаңыз.

Ескерту: бір тор өлшемі 50×50 қадам.

2. Командаларды қызметімен сәйкестендіріңіз.

 

Команда тек қана шарт ақиқат болған жағдайда ғана команданы орындайды

Құрамына констукциялар енгізілген командалардың шексіз орындауына жауап беретін команда

Әрекетті берілген сан бойынша орындауға жауапты команда

3. Барыс Астананың көрікті жерлерін аралаймын деп шешті. Соңында барыс киімін ауыстырды.

Барыстың әрекеттерін орындайтын бағдарламаны тармақталу мен циклді қолданып құрыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Орындалатын алгоритмнің соңғы нәтижесін анықтайды

1

сызу бағытын анықтайды;

геометриялық фигураны анықтайды;

1

1

Scratch ойын ортасының негізгі нысаналарын анықтайды

2

«әрқашан» командасының қызметін анықтайды;

«егер» командасының қызметін анықтайды;

«қайталау» командасының қызметін анықтайды;

1

1

1

Бағдарлама кодын құрады

3

сахнаның фонын өзгерту үшін скрипт құрады;

барыстың көлденең жүрісін құрады;

бағдарламаның орындалуы соңында барыстың киімін ауыстыру командасын қолданыңыз;

«егер» командасын қолданады;

«қайталау» командасын қолданады.

1

1

1

1

1

Барлығы

10

«5.3В Әңгімелесеміз және бағдарламаны жасаймыз» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орындалатын алгоритмнің соңғы нәтижесін анықтайды.

Орындалатын алгоритмнің соңғы нәтижесін анықтауда қиналады.

сызу бағытын /геометриялық фигураны анықтауда

қателіктер жібереді.

Орындалатын алгоритмнің соңғы нәтижесін дұрыс анықтайды.

Scratch ойын ортасының негізгі нысаналарын анықтайды.

«Әрқашан», «егер» және «қайталау» командаларының қызметін анықтауға қиналады.

«Әрқашан» / «егер» / «қайталау» командаларының қызметін анықтауда қателіктер жібереді.

«Әрқашан», «егер», «қайталау» командаларының қызметін дұрыс анықтайды.

Бағдарлама кодын (скрипт) құрады.

Берілген тапсырмаға сәйкес бағдарлама кодын құру кезінде қиналады.

Сахнаның фонын өзгерту үшін скрипт құруда/ барыстың көлденең жүрісін құруда/ барыстың киімін ауыстыру командасын/ «Егер»/ «Қайталау» командаларының қолдануда қателіктер жібереді.

Берілген тапсырмаға сәйкес бағдарламаның кодын дұрыс құрады.

4 ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Жобаны құру және таныстыру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқыту мақсаты

5.2.2.1 құжатты баспаға дайындау (парақ өлшемдерін өзгерту, бет өлшемдерін қою, алдын ала көру)

5.3.1.1 Ойын ортасындағы программалау кезеңінде (Лого, Scratch) нысандар мен оқиғалардың анимациясын құру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Құжатты баспаға дайындау параметрлерін орнатады
  • Анимация мен оқиғаларды қолданып скрипт құрады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырмалар

1. Алтынай өз жобасын принтерде баспаға шығармақшы болды, бірақ хабарлама пайда болды.

Хабарлама

1.1 Құжатты баспаға жібергенде бұл хабарламаның пайда болуының бір себебін түсіндіріңіз.

1.2 Құжатты баспаға жіберу үшін қандай әрекеттер орындау керек?

2. Киімдер мен сахнаны қолданып, анимация және оқиғадан тұратын скрипт құрыңыз.

Киімдер

Сахна

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Құжатты баспаға дайындау параметрлерін орнатады

1

хабарламаның пайда болу себебін көрсетеді;

құжатты баспаға жіберу жолын анықтайды;

1

1

Анимация мен оқиғаларды қолданып скрипт құрады

2

сахнаны орнатады;

спрайттарды орнатады;

Спрайттарға киімдер орнатады;

нысандар анимациясы үшін командаларды қолданады;

оқиғалар анимациясы үшін командаларды қолданады.

1

1

1

1

1

Барлығы

7

«5.4А Жобаны құру және демонстрациялау» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ____________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Құжатты баспаға дайындау параметрлерін орнатады.

Құжатты баспаға жібергенде хабарламаның пайда болу себебін түсіндіруде және құжатты баспаға жіберу жолын анықтауға қиналады.

Хабарламаның пайда болу себебін көрсетуде / құжатты баспаға жіберу жолын анықтауда қателіктер жібереді.

Құжатты баспаға жібергенде хабарламаның пайда болу себебін түсіндіреді және құжатты баспаға жіберу жолын дұрыс анықтайды.

Анимация мен оқиғаларды қолданып скрипт құрады.

Нысандарды орнатуда, нысандар мен оқиғалар анимациясы үшін командаларды қолдануда қиналады.

Нысандарды орнатуда/ нысандар/оқиғалар анимациясы үшін командаларды қолдануда қателіктер жібереді.

Нысандарды орнатады, нысандар мен оқиғалар анимациясы үшін командаларды дұрыс қолданады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу