👈 қаріп өлшемі 👉

Ауылым - алтын бесігім

 Ауылым - алтын бесігім

Риддер қаласы
«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
11 «А» сынып оқушысы Аққазинова Назерке

Ауылын көріп,
Азаматын таны.

Қашан да халқымыз үшін ауыл-руханиятымыздың темір-қазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егісін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл- бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспеттес.

Осындай үлгілі де, қадірлі мекенге өзімнің аулымды еш ойланбастан жатқыза аламын. Менің туып-өскен жерім-Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Бурабай ауылы. Табиғаты өзге жерден тым ерекше, адамдары да ақкөңіл, үнемі тыным таппайтын еңбекқор, қонақжай , бір үйдің адамдары сияқты ынтымақшыл халық. Бірі үшін бәрі жүгіріп жүреді. Жаз болса өрісте мал жайып, күз келсе егін жиып, көктемде жас төлдерімен әлектенеді. Үлкендер қауымы жастарға бар білгендерін үйретіп, көмектесіп, кем-кетігімізді жөндеуге әзір. Бізге көненің көзімен көп нәрсе үйретеді.

Ауыл-қазақтың төл бесігі. Бұл да тарихтың бір қойнауы. Н. Ә. Назарбаев « Тарих-өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі»-деген болатын. Қазір қалада жүрсемде, бойымдағы ауылдың топырағынан сіңген, әжем мен анам үйреткен ізгі қасиеттерді ауылға тастап кеттім. Неліктен? не себепті туған ауылымды бір сәтке қаламен айырбастап кеттім? Себебі, біріншіден, шыр етіп өмірге келгеннен бастап мен туған ауылымнан жырақтап алыс жерге кеткен емеспін. Екіншіден, менің мінезім өте тұйық, жат елдермен араласуым отбасыма біраз қиыншылықтар әкелді және ата-анам менің болашағымды ойлап, қала тәртібін үйренуге, әр түрлі адамдармен араласуымды қалады. Үшіншіден ауыл мектебінде пән мұғалімдерінің жеткіліксіз болуынан ағылшын, орыс тілдерін меңгеру үшін, қалада оқуыма тура келді. Міне сол себепті ауылды қимастықпен артқа тастап, қазір Риддер қаласындағы «Шаңырақ» мектебінде биыл 11- сыныпқа аяқ бастым. Дегенмен ауылымды өте қатты сағынамын. Ауылдың иісі, түтіні, топырағы бәрі мен үшін аса қымбат. Қазақта « Баланың өскен бесігі- кең дүниенің есігі» деп текке айтылмаған. Менің балалық жүрегімде, ауылға деген-сағыныш, ыстық махаббат жатыр. Қанша алыста жүрсемде жүрегім тек ауыл деп соғып тұрады.

Қорытындылай келе, ауыл- тағылымы тәлім-тәрбиенің ордасы. Қазақы қасиеттер ауылдан бастау алады. Міне, сондықтан да ауыл қамқорлықтан, көмектен кенде қалмауы керек. Қолдан келсе ауылды көркейтіп гүлдендірейік. «Гүлденсе ауыл-гүлденеміз бәріміз» дейтін Бейімбет сөзі әлі де мән-мағынасын жойған жоқ. Ауыл ажарланса- қазақтың да маңдайы жарқырағаны.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы