Жемқорлықпен күрес

 Жемқорлықпен күрес

Жемқорлық қазақтың жалпақ жерін жайпап келеді. «Жемқорлықпен күресеміз» дегендердің өзі жемқорлар қатарынан екені баршамызға мәлім. XXI ғасырда ақшаның мерейі барынша үстем болып отыр. Бір жапырақ қағазға адамдар неге мұнша құнықты екен? Ақша күрмеуі мол көп мәселені шешуге қауқарлы.

Жоғары лауазымды тұлғалар ақшаны оңды-солды шашып, мемлекетке сатқындық жасап отыр. Тамырын тереңге жіберген жемқорлықты түбірімен жою оңай болмай тұр. Тәрбие отбасынан басталады. Ата-анасының өз шаруасын пара беру арқылы шешіп отырғанын көріп өскен бала, ата-анасынан көргенін дұрыс деп түсініп, оны қалыпты жағдай деп қабылдауға үйренеді. Есейгенде ол бала қай жолды таңдауы мүмкін? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің қамын ойлайтын азамат бола ма? «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп, қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қайсар халықтың ұрпағы бүгінгі таңда әділдіктің не екенін ұмыта бастады-ау, шамасы. Қатаң шара қолданып, анық қолға алатын болсақ, жемқорлықты жоюға болады. Жемқорлыққа қатысы бар адамдарды мемлекеттік қызметтен алып, жаза қолдансақ, бұл басқаларға сабақ болады. Өзгенің шалыс басқанын көрген халық парақорлықтан бойын аулақ ұстайды. Көптеген мекемелерде жемқорлыққа қарсы шаралар өтсе, ол да септігін тигізер еді. Мемлекеттік мекемеде әділетті шешім шығаратын адал, жанашыр азаматтар болса, еліміздегі жемқорлық түбірімен жойылады. Әрине, бұның бәрі оңай шаруа емес. Ол үшін сылтау емес, әрекет керек.

Өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ. Сымсыз ұялы телефон, тұтқасыз есіктің боларын біздің аталарымыз білді ме? Бұл да бір кезеңдері мүмкін еместердің қатарында болған. Сол секілді жемқорлықпен де күресуге болады. Қашанғы үкімет басындағылардың миллион емес, миллиардтарды жеп отырғанына шыдап отырмақпыз? Өткен жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер министрлігі 36 миллиардты жоқ етті. Бұл бір мысал ғана, мұнан өзге қанша ақшаның жоқ болып жатқанынан бейхабармыз. Маң-маң басқан министрлеріміге ертеңімізді сеніп тапсырып, алаңсыз отыра берсек, болашағымыздың мәз болмасы анық. Сол себепті кеш болмай тұрып, ертерек істі қолға алу керек.

Өмірде жүйесі кеткен талай нәрсені жөнге салуға болады. Жемқорлықты да толықтай жоюға болады. Ең бастысы, ниет, сосын, әрекет керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл дерттен де арылуға болады. Қазақтың кең пейіл даласын жайлап, көк аспанын қара бұлттай торлаған «жемқорлық» атты дерттің қазақ жастары шипасын тауып, оны емдеп жазарына сенемін!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі